Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31

Total number of words is 3789
Total number of unique words is 1998
29.9 of words are in the 2000 most common words
42.0 of words are in the 5000 most common words
49.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
губерниясынан қосылған Изменогорскі уезі. Жерінің есебі 1398506
десятина, онда 35814 бөлек шаруа қоныстанған; екінші – өзіміздің
губернияның əр жерінде бөлек-бөлек болып қоныстанған 23958 бөлек
шаруа. Алып отырған жерінің саны 1564532 десятина. Барлығы 2963038
десятина жер, 59772 бөлек шаруа. Бұл аймақтағы шаруаның түрі жер жырту
һəм аздап мал өсіру.
Екінші буын қазақтың мал бағу кəсібі мен жер жырту ісі аралас жерлер.
Ондағы шаруаның саны 95176, алып отырған жерінің саны 25669419
десятина. Бұл аймаққа кіретін жерлер: Павлодар, Семей, Өскемен,
Бұқтырма һəм Зайсан уездерінің жоғарыда айтылып кеткен I буындағы
жерлерден басқалары. Мұның ішінен Кереку уезінің біразырақ жерін
үшінші бөлімге кіргізу керек еді. Бірақ жұмыстың жеңілдігі үшін екіншіге
кіргізуге тура келеді. Сондықтан біз де оны бөлмей екінші бөлімге кіргізіп
отырмыз.
3. Үшінші бөлім Қарқаралы уезі. Мұндағы шаруаның түрі жалғыз мал бағу.
Шаруаның саны 21904, жерінің есебі 19332000 де сятина.
Жоғарыда айтып кеткен кіндік комитеттің жобасы бойынша жерге
қоныстандыру ісіне бірінші буын кірмейді. Екінші һəм үшінші буындар да
бізге осы айтып өткен 10 жылдың ішінде қоныстандырып бітіруге керек.
т) Істі қай жерден, қай уақытта бастамақшымыз?
Əуелгі іс Кереку уезінен басталмақ. Оған себеп: Кереку уезінің бұрынғы
патша заманында орыстан таяқты көбірек жегендігі; екінші – биылғы
мемлекеттің жіберген қаражатының сол уезден бастасақ мол жететіндігі.
Сондықтан биылдан бастап Кереку уезінің жерін арнаулы мамандар шығып
тексеріп қарап, алғашқы істі істеп бермекші. Сол Керекуден басталған іс
бара-бара Зайсан, Бұқтырмадан барып шықпақшы.
Сонымен екінші буында істелетін істердің əзіргі жобасы бо йынша 19261927 жылдарда Кереку уезі бітеді; 1928-1929 жылдарда Семей, Өскемен
уездері бітеді; 1930-1931 жылдарда Бұқтырма-Зайсан уездері бітеді; 19321935 жылдарда Қарқаралы уезі бітеді.
Қарқаралының жалғыз өзіне 4 жыл кетіп отыған мəнісі – əуелі оның жерінің
үлкендігі, екінші ол туралы біздің ешбір мағлұматымыз болмағандығы.
Сондықтан əуелі жердің бағасын, ауданын білудің өзіне ғана екі жыл өтетін
көрінеді.
ж) Қанша қаражат пен күш керек?
Жерді өлшеп алып, елді қоныстандыру үшін бөлек-бөлек партиялар
жүргізіледі. Əрбір партияда 5 жер өлшегіш пен бір бастық болмақшы. Əрбір
екі партияға (10 кісіге) бір бақылаушы (қазақ қызметкері), бір агроном, бір
тексеруші болмақшы жəне əрбір партияда бір есепші болады.
Сонымен бір жылда шығатын 30 партияда 150 жер өлшегіш, 15 бақылаушы,
30 басқарушы, 15 агроном, 15 тексеруші, 30 есепші, 10 сүгіретші, барлығы
265 кісі болмақ. Он жылғы жерге орналастырушы қызметкерлердің саны
2650 болмақшы. Мұның үстіне жер өлшеушілерге алдын-ала қызметті
даярлау үшін жылына 6 кісі қызмет етеді. Бұлар 10 жылда 60 кісі, сонымен
барлық саны 2715 кісі губерниядағы қазақты жерге қоныстандырып
бітірмекші. Бұл жалғыз ғана елге шығып қызмет ететіндердің саны.
Енді бұл қызметке қанша расход керек? Қызметкерлердің ақысы мен уақ
расходының мөлшері 9094589 сом болмақшы. Екінші – керек
жұмысшылардың ақысы 1538560 сом; бұл тек хақының жартысын бергенде
қалған жартысы халықтың өз мойнына түспекші. Үшінші – жерге
жетпегендерді көшіруге берілетін қаражат 2341600 сомдай болмақшы.
Отырықшыға ауған халыққа берілетін қаражаттың саны 7505600 сом.
Мұндай есеп үй басына 400 сомнан салынды. 10 жылдың ішінде көп
болғанда 18764 шаруа отырықшы болады. Тағы да сол түрлі қоныстанған
халықтың расходына 3836200 сом керек болады. Бұлардан соңғы ақырғы
шығын кесілетін ағаштың бағасы, ол 2647317 сомға түспекші. Барлығы
4621206 сом.
Бұл соманы мемлекет жылма-жыл халы келгенше жіберіп тұрмақшы.
Əрине, мұның бəрін береді деп айтуға болмайды. Өйткені бұл əлі жоғарғы
орындарда неше сыннан өтіп қаралады. Мүмкін əлде де керексіз жерлерін
алып тастап, расходты жеңілтуге қамданар.
д) Болашақ қоныстандырумен шаруаның көтерілуі байлаулы
Бұл болашақта болатын қоныстандыру жұмысының бұрынғыдан тағы бір
артық жері бар. Бұрын ел жерін кестіріп алғанына мəз болып, жаман болса
да жақсы болса да өзінің ауданындағы жерін кестіріп алып отыра беретін.
Тегінде ол жердің көбі пайдаға көңілдегідей аспайтын. Бірақ оны айтып
ұғындыратын агроном болмайтын. Ол жерлердің көбіне шаруаға керекті
суы болмайтын, болса бірнеше сажын жер астында, қазған құдығы екі
жылдан соң апан болып құлап қалып, қайта тағы қазатын.
Болашақта жерге қоныстандырумен қатар сол шаруаға керек жермен
байлаулы басқа амалдар да көзделмекші. Əрбір əтіреттермен бірге агроном
жүріп, жердің топырағын қарап, еңбекке татитын жердің бəрін де
топырағын асылдандыру жұмысын істемекші. Жерді жақсыландырып егін
салуға жаратпақшы.
Екінші жағынан өзіне бөлек қызметкерлер жүріп, шаруаға ке рек суды
қарастырады. Мұндағы істелетін қызмет құдық қазу, оны жақсылап
құламастай қылып шеген салу, терең құдықтардан суды тартып шығаруды
түрлі машинамен жеңілту. Екінші жағынан өзендері, көлдері жақын
жерлерден арық шығарып, сусыз жерлерді суару.
Бұл арада өзіне бөлек ғылыми істер жүргізілмекші. Олардың бəрін жазып
отыруға мүмкіндік жоқ.
Осы су жағын қарастыруға 10 жылда 3500000 сом ақша керек. Сол
көрсеткен сома түгелімен берілсе, губернияда қазақ елінің шаруасы су
жағынан бірқатар түзеліп қалады.
Қысқасынан айтқанда, 10 жылғы қазақты қоныстандыру жоспары осы
болады. Бұл жұмыс ауыр, үлкен тарихи жұмыс. Өйткені болашақта
қазақтың шаруасының көгеріп, мəдениетке тегіс жетуі осы жерге дұрыс
орналасуымен байлаулы. Бұны дұрыс өткізу үшін тек басқарып жүрген
қызметкерлердің шын, адал қызметінен басқа, уа қытымен керек-жарақты
алып тұрудан басқа тағы бір үлкен шарт керек. Ол – ел шаруаларының
өздерінің екпін талабы. Олар мемлекеттің бұл ісін көңілді болып қарсы
алып, аянбай жəрдемдесуімен, ол жəрдем қазақтың осы жұмыстың негізіне,
керектігіне жақсы түсінуімен байлаулы. Бұрынғыдай жер өлшеушілерден ат
тонын ала қашып, кез келген жерде алдап, арбап құтылудың жабдығына
кіріссе, қызмет алға бармайды.
Рас, қазақ халқы бұрын патша өкіметінің арам пиғылын танып, еріксіз
істеген. Енді ел шаруасы сəбет өкіметінің ондай пиғылы жоқ екендігін
жақсы сезеді десек өтірікші болмаспыз. Сондықтан елден керек жəрдем
уақытымен беріледі деп сенеміз.
Ақырында тағы да айтып кететін бір керек мəселе – осы күнгі
жалғызжарым өз расходтарына жер өлшетіп, отырықшы болушылар
туралы.
Осы жалпы қоныстандырумен қабат бірлі-жарым қоныстандыру деген
мəселе азаймақшы. Əзірде Кереку құсаған уездерде болмайды. Оның себебі
жоғарыда айтылып өткендей ондай қоныстандыру ісі бұрында болды. Бірақ
олар ортадан ойып болғандар. Айнала көрші ауылдардың жерлері мен
қоныстары аралас деп сол сияқты болашақта да мұндай ортадан ойып
жүргізе берсек екі қызмет болады. Болашақ жалпы қоныстандыру жұмысы
ол ауылдардың аймағына келгенде оларды қоныстанған екен деп өтіп жүре
бере алмайды. Қайтадан тағы өлшеп, мөлшерлейді.
Мысалы, қоныстанған бір ауылдың жанындағы бірнеше көрші ауылдардың
жерін өлшеп беріп келгенде оларға я жер жетпей, я артық қалуына мүмкін.
Ол уақытта еріксіз келіп, баяғы ауылдың жерін де өлшеп, жетпесе артық
жерден жер беріп, жетіп артық қалса жетпеген айналадағы ауылдарға беру
керек болады. Сондықтан бұл жұмысқа керекті жерде тоқтатып тұруға тура
келеді. Əрі жер бөлімдері орындары да ондай уақытта бұл істі жақсылап
қарастырулары керек. Мүмкін отырықшы боламыз деп келген ауылдардың
жерінің есебі, жатқан жері болашақ іске бөгет болмайтындары бо лар. Бұл
ретте болса жіберу тиіс, екінші жағынан бірнеше ауыл, болмаса бір
старшын ел қоныстану ісіне кіріссе, олардың жерлері көп болашақта іске
кесел болмайды. Сондықтан жерге орналастыру ісін жылдамдату үшін əлі
келетін, қоныстары, жайлаулары бір ауылдарды қоныстандыра беру өте
керек. Тек əлгі жалғыз-жарым бір атаның ұлы болып, ортадан жер ойып
алып отырам деген іске жіберуге болмайды деп санаймын.
Бұдан басқа алдымызда əлі талай қиыншылықтар болар. Ел де, дау да
көбейер. Уақытпен пайдаланып жерді қамтып алып қалу үшін бұзықтардың
істері де кездесер, бұлардың бəрін де сезімі мол азаматтары, елдің шаруа
еңбекшілері бақылап отырып, əр уақыт мемлекетке жəрдемге келулері аса
қажет. Келер деп сенеміз.
Шайқы
Жер заңын кедейлерге жақындату керек
Сəбеттер өкіметінің кіндік комитеті соңғы уақытта бұрынғы алпауыт
помещиктердің бұдан былай жермен пайдалану жайында бір заң шығарып
отыр. Ол заңда алпауыттардың жерге иелігі бар ма, бар болса қандай түрде
болу керек деген мəселені шешеді. Жаңа заң бойынша бұрынғы
помещиктердің көбінің жерге иелігі болмайды. Олар бұрын тек өздері қожа
болып отырса, енді одан айырылды. Бұл айырылу мəселесі өзіненөзі
октябрь төңкерісімен шешілген. Бірақ оған тиісті шек қойылмаған еді.
Бұрын олар еңбекшіл қара шаруалардың жерін тартып алып, дүниенің
рахатына батса, енді теңдік заманы туған уақытта кімнің кім екенін
білгендей болып отырса керек.
Мұндай заң біздің қазақ ішінде де керек болар еді. Қазақтың өмірін
білмейтін, білсе де өзінше түсінетін бірқатар адамдар қазаққа əкеліп, ол
заңды жүргізу ұят болар еді дейді. Ондағы айтатын себебі – қазақта кісі
хақын жеген бай жоқ, помещик жоқ дейді.
Осы мəселені қарастырып көрейік.
Капитализм дəуірінде көпті аздың құл етуі арқасында сол аздың шаруасы
өсіп, тасып, көптің шаруасы күннен-күнге азайып жоғалып, тұрмысы еріксіз
қиындайды.
Ресейде əуелі помещик дүниеге шыққанда осы жолмен шығып барып, барабара күшейді. Мемлекет оларға барлық күшін салып жəрдемдесті. Өйткені
ол күндегі мемлекет сол дүниеге шығып келе жатқан сауда капиталы мен
жер құдайлары алпауыттардың адамдарынан құралған. Мемлекеттің
жəрдемімен шаруасы сол бағытпен өскен. Ақырында келіп тұрмыстың
талқысымен халықтың көбі байлардың езгісіне түскен. Жерінен, малынан
айырылған. Өмірдің тірегі - жер. Ол жерден айырылған соң, əрине, күшіңді
арзанға сатып, құлдыққа айналасың.
Біздің қазақ өмірін алып қарасақ, онда да осы бар деп айтамыз. Бұрынғы
заманда ел көшіп-қонып, сары далада еркін малды күңірентіп айдап,
ешкімнен таршылық көрмей жүргенде қазақ ішінде біреудің біреуге зəбірі
аз тиетін. Қазақ орыстың байлар өкіметіне бағынып, олардың таршылығына
ұшырағаннан бері хал екінші болады.
Отаршыл патша өкіметі көшіп, еркін жүрген қазақтың пайдаға асатын
жақсы жерлерін орыстарға тартып алып беріп, өздерін сусыз, шөпсіз далаға
қаңғытқаннан соң шаруалары күнбе-күн кеми бастады. Патша өкіметі өзінің
Ресейдегі көпті құл ету саясатын жүргізді. Крестьянский начальник
правитель арқылы елдің ақсақал пысықтары бұзықтарымен араласып,
оларға қазақтың момын шаруаларын қалай бағындыру істерін үйретті.
Ондағы берген сабағы – Ресейдегі помещиктердің саясатын үйретті.
Сонымен барып қазақ ішінде де көпті аз жеу, құл ету мəселесі айқындап
туды. Біз бұл арада тек жер мəселесіне байлаулы істерді ғана айтпақпыз.
Сауда капиталы арқылы істелген істер өз бетінде бір зор мəселе
болғандықтан оған бұл жерде тоқтаудың қажеті жоқ. Біреуді жеп баю деген
мəселе күнбе-күнгі іс болды, шаруасы құлап кедейленген адамның тұрмысы
көршісіндегі баймен байлаулы болды. Байбұзық кедейдің ешқайда кетпесін
білгеннен кейін оған бұзауға өсімге ақша беріп, алымсағын көбейте берді.
Кедей қыс түскен уақытта қарны ашқасын, бұзауды сойып, жеп, төлей алмай
келесі жылы баспақ беретін болды. Өсімге алған ақшасы тағы бар. Күннен
күнге шаруасы кейін кетіп бара жатқан соң уақытында берімсегін де төлей
алмайды. Оның үстіне қарны ашқан соң тағы алады. Сонымен бір-екі
жылдың ішінде байға бір өгіз, екі өгіз берсе де құтыла алмайтын күйге
келеді. Бұзауды тауып бере алмаған кісі өгізді сонақұрым тауып бере
алмайды. Сондықтан байдың ақысын төлеу үшін үй ішімен келіп, сол байға
қызметшілікке қалады. Бірақ борыштануын қоймайды. Өйткені тамақ керек.
Сонымен өзі болып, үй іші болып, өмір бойы байдың аласысын өтей
алмайтын болғасын ата-бабасынан қалған мирасы аз тана шабынды жерін
байға «борышы» үшін береді. Құл болудың аяғы (помещичья ка бала) осы
болады. Сөйтіп байдың бақыты жылдан-жылға асты. Асқан сайын
бұрынғыдан да байығысы келіп, айнала мұқтажданған адамдардың бəрін
борышқа іліктірді. Ақырында бəрінің жерін өзіне қаратып алған уақиғалар
көп болады.
Міне, осындай күйде кедейдің халі нашарлап, байдың бақыты тасып тұрған
уақытта октябрь төңкерісі келді. Дүниеге туып келе жатқан қазақтың
помещиктерінің басына да орыстікімен қатар қайғы түсті.
Помещик деген сөзді қазақтың шаруасының жалпы түрімен
байланыстырып, соның ғана аумағында алынған сөз деп ұғыну керек.
Байлардың бақытын сақтаушысы білгіштер де байлардың өзімен бірге
октябрьден соң құлады. Ол білгіштер орыстың сауда капиталы мен
помещигінің туғызған көсемдеріндей болып өмір сүре алмады. Өйткені
дүние жүзінің, қала берсе Ресейдің жалпы шаруа, саяси түрлері оларды жеп
қойды. Сонымен қазақтың көсемдері тек бір тарихтың бетінде жөндеп
қалмайтын бір уақиғамен ғана өтіп кетті.
Октябрь төңкерісі – еңбекшілердің еншісіне тиген іс. Олай болатыны – олар
еншісін мықтап алу деген мəселе өзінен-өзі туып келіп, помещиктердің
жерлерін Ресейде еңбекшіл ауыл халқы алғаны болып шықты. Сол сияқты
біздің қазақ ішінде де болу керек. Байлардың бұрынғы «сатып» алған
жерлері кедейлерге қайтулары керек.
Осы күнде жалғыз-жарым кедейлер сондай жерлерін танып, қайтарып бер
деп арыз ете бастады. Бірақ біздің жер комиссиялары кей уақытта ол жерді
өзіңнен тартып алған жоқ, бұрын ата-бабаңнан «алашағы» үшін алған
көрінеді деп кедейлерді жылататындары бар. Бұл дұрыс емес, үлкен қате.
Октябрь төңкерісінің негізіне түсінбегендік. Өйткенімен «ештен кеш
жақсы» дегендей əлде де осы негізді дұрыс жүргізсек, уақыт өткен жоқ.
Бұны жүргізу кіндік комитеттің шығарған заңымен жеңілденеді.
Бұны тек қазақтың барлық жерінде бір ретте дұрыстап жүргізу үшін сол
заңды қазақтың өмірімен байланыстырып, қазақ кіндігінің заң шығаруы
керек. Оның үшін жоғарыда айтылып өткен қазақтың шаруа жəне саяси
жалпы түрлерінен туа бастаған қазақтың помещиктері айырылуы керек.
Шайқы
«ЖАС ТҮРКІСТАН» ЖУРНАЛЫ (1929–1939)
«Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылдары жарық
көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тəуелсіздігін ту етушілер, еліміздің еркі
жəне жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күресеміз!» деп өзінің
күрескерлік бағытын жариялады.
Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін күрескерлік
рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси қуғын-сүргінде жүріп
шығарған «Жас Түркістан» журналы халықаралық деңгейдегі басылым
болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді журналдың 1931 жылғы 25санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түркияның белгілі
жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан, Қытай, Жапония,
Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында ғана біз Хижазда тұрушы
жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта Еуропада өз ана тілімізде
Түркістан ұлттық тəуелсіздігі міндеттеріне сай келген бір журналдың
шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра алмаған. ... Москва, Тблиси
сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас Түркістан» абоненттері» – деген
жазбалар айғақтайды.
«Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері мен оларға
қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл сынады. Өзінің
отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік мақалаларын
жариялады.
Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың қоғамдықсаяси хəлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршылдық ұстанымы
мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабарлары да тұрақты
беріліп тұрды.
Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Əдеби бөлім», «Хабарлар
бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге топтастырылды.
Советтік Россия «қылмыстан» аулақ
Екінші Екатерина Алман үкіметіне өтініш айтып, орыс мұжығына өнеге
болу үшін алман диқандарынан Россияның түрлі жерлерін көшіп
отыруларын өтінген еді. Міне, сол кезеңде, 1772-1780 жылдар арасында он
мыңдаған алман диқандары Россияға келіп жерлескен болатын. Бұлар
Россияда далаларды гүлстанға айналдырған, орыстарға өнеге боларлық
дəрежеде шаруашылық қожалықтарын жаратқан əрі мұнымен орыс
мұжықтарына дəріс берген еді. Россияда болған əрбір кісіге мəлім алман
диқаны істеуде, қожалық жүргізуде, үй шаруашылығы мен тазалықта орыс
мұжығымен салыстыруға келмес деңгейде жоғары əрі алда. Олардан
ажыратылып əрі көзге көрініп тұрады.
Россияны дүние пролетариатының «қағбасына» жəне «кісілік жаннатына»
айналдырмақшы болған қызыл орыстардың бес жылдық қожалық жоспары
бойынша арнайы шаруашылық қожалығы таратылып, орнына коллектив
қожалығы құрылмақшы, мемлекет индустрияланбақшы əрі бес жылда
Американы басып озбақшы.
Қағаз жүзінде коллективке кіру ерікті деп жазылған болса да ақиқатта
коллективке кірген диқандар ешбірі өзі қалап емес, тарлық көріп, басқаша
тіршілік көру мүмкін болмағандықтан жалғыз қарын тойғызу үшін ғана
кіреді.
Бес жылдық жоспар бойынша салынып жатқан қазіргі салық түрі əскери
коммунизм уақытындағыдан Prodraswjorstka ешбір парқы жоқ. Ол
уақыттағы Prodraswjorstka түрі диқан қожалығын құлатуға таяғанда 1921
жылы 12 марттағы Ленин жарлығы НЭП бойынша бұл түр алынып
тасталған еді. Қазіргі жүргізіліп отырған астық салық түрі шаруашылық ісін
тағы көз аузына таятты. Бір жағынан диқандарды коллективке айдап кіргізу,
екінші жағынан диқандар қолындағы мал-мүлікті тартып алу мақсатымен
ауыр салықтар салынуда.
Қызыл орыстардың, міне, осы саясаты астында жоғарыдағы жазған
еңбекқор, тырысшаң алман диқандары ғасырлардан бері жиналған
малмүліктерінен ажыратылды əрі істеуге жол қойылмады. Кісілерді
«азаттыққа» алып шығушы большевиктер бұларды мал-мүліктерінен «азат»
қылды, рахым, мейір деген нəрселерді ойламады. Тамырларында герман
қаны болғаны үшін орыс мұжығы сияқты мойындарын жерге салып,
жылап-сықтамастан: «біз зұлымдардың мұндай қорлауына төзе алмаймыз»
деп, аш, жарым жалаңаш хəлде Россияның əр бұрышынан я өлім, я шетке
көшу деп Москваға жиналуға бастады. Бұлардың саны аз ғана уақыт ішінде
13 мыңнан асып кетті жəне Россияның барлық жеріндегі алман диқандары
көшуге ниеттеніп қалды. Бұл көшу қозғалысының жалпылық түс алуынан
қорыққан орыстар жер-жерлерге хабар жіберіп, алман диқандарының
көшулеріне тиым салуға пəрмен берді.
Москвада жиналған бұл алман диқандарының 400 кісіден құралған бірінші
тобы Канадаға кету үшін рұқсат алған еді. Бұл бірінші топ ноябрь басында
Ленинградтан кеме арқылы Алманияның Кил қаласына келіп түсті. Ауа
көшкен диқандардың жандарындағы соңғы жармақ тиынды да
большевиктер қалдырмастан қағып алған. Жолақы мен жатақ жерлері үшін
көп ақша алғандары үстіне өтуге рұқсат үшін деп оларды қақсатып,
əрбірінен 220 сомнан алып болып та қалған ақшаларын шекарада алып
қалған.
Россиядағы туғандарының талану, қиналу мен қорлануларын көрген
алмандар табиғи көздерін жұмып жата алмады. Алман халқы мен үкіметі
оларға көмек қолын созды. Алман үкіметі өзінің 18 ноябрьдегі болған
отырысында олар үшін 9 миллион марка белгіледі əрі жерлестіруге арнайы
бір кісі тағайындады.
Бұл арада бүкіл дүниеде шерменде болуға көзі жеткен большевиктер
Москва төңірегінде жиналып тұрған алман диқандарын зорлап вагонға
отырғызып, «қай жаққа?» деген сұрақтарға: «на произвол судьбы»
(«тағдырдың үкіміне») деп Сібірге жібере бастаған еді. Алайда мəселеге
алман үкіметі қатысып қалғаны үшін тағы рұқсат ету мəжбүрятында қалды.
Россиядан қашқан бұл алман диқандарының бір бөлегі Алманияның
солтүстік пен солтүсік шығыс уалаяттарына жерсіндірілмекші. Басқа бір
бөлегі Канада мен Бразилияға жол тартпақ. Демек, алман үкіметінің тығыз
əрекеті арқасында алмандар қандас бауырларын «орыс қылмысынан»
құтқара алды.
Қызыл орыстардың диқандарға қарсы жүргізіп отырған саясаты тек ішкі
Россияда ғана емес. Бəлки сүйікті жұртымыз Түркістанда одан да ауыр.
Алман диқандары арасында орыс зұлымдығынан қашып Түркістаннан,
Кавказиядан келулері бұған айғақ.
Орыс зұлымдығы мен қызыл орыстың Түркістан диқандарына қарсы ашқан
күресі мен соғысы Түркістан тұрғылықты диқандары арасында табиғи
қатты жəне ащы. Ескіде тіпті патшалық Россия заманында шаруашылық
билігі диқандардың өз қолында еді. Міне, бұл билікті қазір қызыл орыстар
өз қолына алған. Демек, орыстар Түркістан диқанына: «жеріңе мақта егіп,
маған берсең, саған нан, су беремін, болмаса аштықтан өлтіремін» деп
кісілік дүниесінің казірге шейін көрінбеген əрі естімеген бір зұлымық
жасайды. Оның үстіне рухы, тіршілігі мен харекеті мүлдем басқа болған
мұжықтарды апарып, Түркістан диқандарының рухани, дүняуи жақтан
азаптайды. Түркістандықтар, міне, бұл қызыл орыс зұлымдығына қарсы
тыныш қана мойнын иіп тұрды ма? Жоқ, жоқ. Олардың қызыл зорлыққа
қарсы күрес пен соғысы он жылдан артық жалғастыруда. Бұл арада
мыңдаған Түркістан диқанының қаны төгілді əрі төкпекші. Отбасылардың
көз жасын ағызды жəне ағызуда. Оны аштықтан қырды жəне қыруда...
Мұншама зұлымдық астында Түркістан диқаны жерінен ажыраса да ата
жұртын тастап, шетке көшуді, əрине, ойламас. Оның мақсаты қымбатты
алтын жерін сұғанақ орыс аяғынан кұтқару əрі жеріне, суына өзі ие болу.
Міне, осы үшін ол күреседі, қан төгеді.
Алтай Ноян
Түркістан хабарлары
Қазақстанда
Совет үкіметінің патшалық Россия үкіметі сияқты Түркістанға эмигранттар
əкелу саясатын жалғастырмақшы болғаны айқын бір нəрсе. Бұл
эмигранттар ағыны Қазақстан топырағын басып етуде. Смағұл Сəдуақасұлы
бас болып, қазақ коммунистерінен көп кісілер кеңестік Россияның бұл
эмиграция саясатына күшті наразылықтарын білдірді.
Сəдуақасұлы Москвада шығатын орысша «Большевик» журналының 1928
жылғы январь нөмерінде басылған мақаласында тек Түркістанда
қылмыстық жасап жүрген Зеленский мен Голощекиндерге емес, Калинин,
Риков жəне ауылшаруашылық комиссары Смирновтарды да
отаршылдықпен айыптайды. Табиғи түрде Сəдуақасұлы қазақ бай жəне
буржуйларының мүддесін жақтаушы, уланған ұлтшыл ретінде жарияланды.
Осыдан соң большевиктер қазақ коммунистерінен ашық шығуларын талап
еткен болды. Ұзақ бір тым-тырыстықтан соң Құрамысұлы «Еңбекші қазақ»
газетасының отызыншы октябрьдегі санында көлемді бір мақаласын
жариялады. Аталмыш мақалада Қазақстанда «қазақтардың орыстармен
барабар «құқыққа» ие болғандықтарын» көпке пысықтап, кеңестік
Россиясының эмиграция саясатын түсіндірмекші болады.
«.... Патша үкіметі ішкі Россиядағы жақсы жерлерді байларға алдырып,
орыс мұжықтарын Қазақстан сияқты шет уалаяттарға айдап жібереді əрі
тұрғылықты халықтың (қазақтың) ең жақсы жерлерін күшпен тартып алып,
орыс мұжыктарын орналастырар еді. Енді бүгін патша заманы мен совет
үкіметі арасында «аспан мен жердей» парық бар.
Мысалы, қазір жер егесі байлар жоқ. Ол байлардың жерлері орыс
мұжықтары қолында. Алайда ішкі Россияда халық көптігінен жерге
сыймауда. Ал Қазақстанда болса пайдаланылмай жатқан артық жерлер бар.
Міне, осы себепті бос жатқан жерлерге кеңес үкіметі ішкі Россиядан жерсіз
мұжықтарды көшіріп əкеліп жатыр. Бұның аты бұрынғы сияқты
«Қазақстанды отарлау», «қазақ жерлерін күштеп орыстарға алып беру»
болмастан, «Совет Одағының халық қожалық мəдениетін күшейтпек
жолындағы шараларының бірі болады».
Қазіргі большевиктер дəуірі мен патшалық Россия дəуірі арасындағы
«қазақтардың орыстармен барабар құқықты» болулары турасындағы
айырмашылығын көру үшін «Еңбекші қазақ» газетасының 30 октябрь
нөмеріндегі бір жазбаны оқып көріңіз:
«Біз Түркістан-Сібір темір жолының оңтүстік бөлігінде екінші бөлім
сегізінші топта август айынан бері істеп келеміз. Қызметтегі жүз адамнан
бірқаншалары тұрмыс нашарлығынан шығып кетті. Қазір сексен шамалы
жалданушы бармыз. Тұрмысымыз нашар, жататын жеріміз (квартиріміз)
суық, үйлерімізге қазірге шейін пеш қойылмаған. Бұл жайды іс басындағы
«Шебелков» деген кісіге (орыс) бірнеше мəрте арыз да бердік. Ешбір
тыңдалмастан қалды. Мұнда біздермен бірге істеп жүрген бір группа
(артель) орыстар бар, бұлардың үйлеріне əлдеқашан пеш қойылған. Біздерде
жатқан үйлеріміздің суықтығынан ауырып жатқандарымыз тағы бар. Осы
күнге шейін біз монша көрген емеспіз, монша алыс. Əр апта моншаға барып
келмек үшін көлік сұраймыз, бермейді. Бірақ орыстарға əр апта көлік
тағайындалған, олар апта сайын моншаға түсіп тұрады.
Қызмет аспабын (құралы) беріп тұрушы орыс Шинкаровтан керек болған
аспапты сұрасақ, аспап беру жерінде бізді балағаттап, айдап шығарады.
Кооператив дүкенінде екі орыс қызмет етеді. Біздерге жақсы мəмілемен
қарамайды. Керекті нəрселерімізге мүлде қажет болмайтын бұйымдар
қосып береді. «Бұлардың бізге керегі жоқ» десек, «шық» деп айдап жібереді.
Шай, шекер бермейді. Кооперативке ағза болмаған орыстарға керекті
нəрселердің əр-бірін беріп тұрады. Кооперативке ағза болған қазақтар
дүкенге барса: «сені ағзалықтан өшіріп қойдық, пəлен-түген деп ешнəрсе
бермейді. Берген уақытта да бір-екі күн кейін беріледі.
Істей бастағанымыздан бері (демек август айынан бері) екі-үш мəрте ғана
есеп алдық. Жалақы кешіктіріліп беріледі. Алған ақшамыз соңғы есеп
уақытына жетпей қалады, ол үшін жұмысшылардың кейбіреулері əр ауылға
тентіреп қарыз іздеп кетеді. Жиырмасыншы октябрьде берілетін ақшамыз
бұл күнге дейін берілмеді. Ақша сұрасақ «есебің жазылып бітпеген» деп
қайтарады.
Дүкенде ақылы шикі азық (нан) сатылады. Оны жеп ауырып жүргендер де
көп.
Екі-үш мəрте алған есебімізде отыз сомға жеткізіп ақша алғанымыз жоқ.
Қызмет ақы аз.
Арамызда мұғалім жоқ...
Жалпы жұмысшылардың арызы:
Бірінші, моншаға барып тұрсақ еді;
Екінші, істеген қызметіміздің тиесілі ақысы берілсе, Үшінші, орыс, қазақ
деген парық болмаса; Төртінші, бір мұғалім жіберілсе екен.
Қол қоюшылар: Қыпшақбайұлы, Қарақожаұлы, Əбуұлы, Құлбекұлы,
Тоқтарбайұлы, Сəуірұлы.
Америка, Еуропа жəне Африка жұмысшыларын төңкеріске шақырушы
«Еңбекші қазақ» газеті басқармасы көз алдындағы қазақтардың орыс
«пролетариат» қорлауына қарсы ол бейшаралардың құқығын қорғау үшін
бір ауыз сөз жазудан да қашқан.
Өзбек Шайыры
Түркістан хабарлары
1.
Өзбекстан жəне Тəжікстан арасында жер мəселесінде жанжал шықты.
Тəжікстанның талабы бойынша Ходжент аймағы Өзбекстаннан
ажыратылып, Тəжікстанға қосылған еді. Бұдан соң Тəжікстан Самарқанд,
Бұхара, сондай-ақ Сурхандария округтерін де өз ішіне қосуды талап етті.
Өзбек жəне тəжіктер арасындағы «жер мəселесін» шешу үшін Москвада
əйгілі чекист Петерис төрағалығымен бір комиссия құрылған болатын. Бұл
комиссия 12 февральда өз қарарын шығарды. Бұл қарар негізінде
Сурхандария Тəжікстанға беріліп, Самарқанд пен Бұхара Өзбекстанға
қалдырылды.
Түркістандықтар арасында жанжал қаншалықты көп болса, Москва үшін
соншалықты жақсы.
2.
Түркістанның Қазақстан бөлігінде көптен бері көшпелі, жартылай көшпелі
шаруаларды отырықшыландыру мəселесі айтылып келді. Мəлім
бөліктерінде отырықшыландыру ісі іске асырылған да. Түркістанның
Қазақстан бөлігіндегі жақсы жерлердің көп бөлігі патшалық жəне советтер
Россия тұсында орыс эмигранттары үшін зорлықпен тартып алынған еді.
Сол үшін қазақтарды отырықшыландыру мəселесінің ортаға қойылуымен
қазақ коммунистерінің басым бөлігі орыс эмиграциясын тоқтатуды талап
етті. Совет үкіметі мұнымен санаспады əрі орыстардың жұртымызға көшіп
келуін тоқтатпай жалғастыра берді. Енді қазақтардың отырықтануы мен
орыстардың жұртымызға көшіп келуі екеуі қатар жүргізілуде. Бұл мəселенің
бір жағы.
Мəселенің екінші бір жағында отырықтануды қалаған қазақтардың
барлығының коллективтендірілуі тұр.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің соңғы сессиясында Орталық
Атқару Комитеті төрағасы Ерназарұлы қазақтардың отырықтануы
турасындағы төмендегі мəліметті береді: 1932-1933 жылдарда 808 мың
қазақ қожалығы отырықтанбақшы жəне бұлардың 567 мыңы
коллективизацияланады.
1930 жылы ішінде 141 мың қазақ қожалығы коллективтендіріледі.
Ерназарұлы орыс эмигранттары жағынан қазақтарға берілетін жəрдемге
үлкен үміттер артады. Ерназарұлы жаңадан отырықтанған қазақтарға
жолбасшылық жəне көмек көрсету үшін «орыстардан шептер ұйымын»
құруды сұрайды...
Бұның шаруақор қазаққа бөріні шопандыққа ал дегеннен басқа не мазмұны
бар?!...
Орыстардың Түркістандықтарға қандай жəрдем беретіндігін төмендегі
мысалдан аңғарамыз.
Түркістан-Сібір темір жолы қазақ пролетариаттарын дайындайтын ісханаға
айналды. Бұл жолда жұмыстар азаюымен жұмысшыларды босата бастады.
Бірінші кезекте қазақ инженер жұмысшыларын босатты. Инженер қазақ
жұмысшылары орыс жұмысшыларының жүзден бесін ғана құрайтын еді.
Түркістан-Сібір темір жолында қазақтар жалпы жұмысшылардың 20%
құрайтын еді... «Советская степь» газетасы 13 январьдағы нөмерінде «қазақ
жер қазушы жұмысшыларына қызмет ақысы дұрыс төленбегендігі
себебінен 200 қазақ жұмысшысы жұмыстарын тастап кетті... » деп жазады.
Бұл газетаның өзі «партия ұйымдары мен кəсіподақтар қазақтарды темір
жол жұмыстарынан шығарып тастауға көмектесті» деп шағым айтады.
Түркістандықтардан мүмкіндігінше көп жерлерді тартып алуға жантəнімен
құлшынатын орыс мұжықтарының қазақтарға қай үлгіде «көмек» беретінін
аңдау қиын емес.
Басқармадан
Қазақстанның он жылдығына
Қазақстанның он жылдығы орайымен Түркістанның бұл аймағындағы
советтік Россия саясатынан қысқа ғана болса да мағлұмат беріп өтуді қажет
санаймын.
Большевиктер билік басына келер-келместен Ұлттық Істер Комиссарлығы
жанында қазақ бөлімшесін құрып, бұл бөлімшенің басына ескі Торғай
уалаяты уəлиінің тілмашы əрі Орынбор охранкасы қызметшісі Мұхамедияр
Тұнғаншинді өткізді.
... Қазақ халқы болса не октябрь төңкерісіне, не совет үкіметінің шөлдерде
орнығуына еш қатыспаған. Қазақтар жəне бүкіл Түркістан халқы ендіге еш
тоқтамастан Москва диктатурасына қарсы күресті əрі күреседі.
1919 жылы 10 июльде қазақ уалаятына билік етпекке төңкерістік комитетін
құру əрі 1920 жылдың 26 августында «Автономиялы Қазақстан Социалистік
Совет Республикасын» жасау декреті шықты. Бұл Республикаға Семей,
Ақмола, Торғай, Орал уалаяттары, Астрахан уалаятының бір бөлігі (Бөкей
ордасы), Закаспий уалаятының Манғышлақ орны мен Орынбор уалаятының
бір бөлігі кірді.
Қазақ халқы жоқ дерлік болған Орынбор шаһарын Қазақстанның орталығы
етіп сайлады. 1924 жылы Түркістанда ұлттық шекараларға айыру деген
саясат мақұлданып, осы жылдың декабрінде Қазақстан қазіргі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.