Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15

Total number of words is 4036
Total number of unique words is 1951
31.2 of words are in the 2000 most common words
43.1 of words are in the 5000 most common words
50.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Қазақ жері өзінде қалуға жол тауып бермейсіңдер деп өкпелегендер, жұртты
айтқанымызға көндіріп отырып өкпелесе екен. Біз көргенбілгенімізді аяп
қалмай халыққа айтамыз, оған құлақ салмай, жұрт өз білімінше істесе, оған
біз не істерміз? Қазақ пен мұжық бірігіп іс қылғанда Калпаковский бұйрығы
да далада қалған. Осы күнгі қазақ жеріне орналасып жатқан мұжықтарды
хүкімет келтірмеске бұйрық шығарса, бəрін болмаса да көбін қазақтың өзі
шақырып қоныс берер еді; өйткені мұжықтарға жер керек. Қазақтарға
еңбексіз тегін табылатын мал керек. Екі жақтың керегі бір жерден табылған
соң, қазаққа мұжық қоңсы қонбай тұрар ма? Əркім жалғыз өзім демей,
өзгелер жайын да ойлап, бейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы
түзелмейді. Жұрт пайдасын аяғына басып бетімен жайылатындарын
қайырып үйірге кіргізіп отырмаса бір қойдың қотыры мың қойға жұққан
сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші.
Арендаға жер сату
5-нші октябрьде басқармаға Ақтөбе уезінің, Борлы болысының қазағы Ешім
Табынбай баласы екі кісі жолдасымен келіп, газета алмақшы болып,
жазылып отырып мынаны айтты: Жер чиновнигі келіп, көшпелі күйде
қаласыңдар ма, əлде отырықшы боласыңдар ма? Көшпелі күйде қалсаңдар,
қалаған жерді алып, қалғанын сендерге тастаймын, отырықшы болсаңдар
қалаған жерлеріңді беріп, қалаған артығын аламын деген соң, отырықшы
боламыз деп приговор беріп едік. Биыл келген жер чиновнигі жерлес 48 үй
бізге тиісті жердің шамасы қанша һəм қандай жерлер екенін, боразда
тартпаса да планда белгілеп, көрсетіп еді.
Сол 48 үйге деп арналған көпке тиісті жерден 60 десятина жерді Борлы
болысының 8 нші аулының қазағы Бəкіш Дүйсенбаев Бузулук орысы
Сомоилов дегенге үш жыл арендаға 500 сом алып, сатып отыр. Бұрынғыдай
молшылық емес, өлшеп берген жерді сатуына риза болмай, сол жерді
сатқызбасқа ізденіп келіп жүрміз, деді.
Бұл қалай сату екенін біле алмадық. Степной положениенің 126 ншы
статьясы бойынша қазақ жері арендаға волостной сиездің приговорымен
берілмекші; Ол приговорды облостной правление бекітпекші. Сол
статьяның қосымшасында жаңа айтылған: арендадан алатын ақша,
обществоның не керегіне жаратылатыны приговорда айтылуы тиіс деп.
Бұлай істелді ме? дегенде мұның бірі де болған жоқ деді. Мұнысы рас
болса, іс жолсыз істелген болады. Жолсыз істелген іс қуылса, іс болып
шықпас ғой: 48 үйдің бірі ғана жалдап, басқалары риза болмаса оқшау
жайылғанда үйірге қайтарып қосар; біздің ренжіп ішіміз ауыратыны: қазақ
жерінің түбіне жеткен аренда еді, сол арендадан жұрт тыйылмаса іс жаман.
Бас қосуға рұқсат берілмепті
«Айқап» журналының 16 нөмерінде Жанша мырза Сейдалиннің Қостанай
уезіндегі қазақтардың басын қосып, болашақ сиезге программа жасаймын
де ген сөзін оқып едік. Сол айтуы бойынша Қостанай шаһарында октябрь
басында болатын Покров жəрмеңкесіне барып, көшпелі я отырықшы болу
жайын кеңесу үшін ақсақалдардың басын қосуға деп Жанша мырза
Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұраған екен. Рұқсат берілмепті.
Біз бұл хабарды «Уақыттан» оқып, онымен қатар алынған «Айқап»
журналының 17 нөмерінде бұл туралы ешбір сөз болмаған соң, түбі бос
хабар бола ма деп, «Уақыт» басқармасынан қайдан шыққан хабар екендігін
сұрастырып едік. Олар бұл хабарды «Русское сло во» газетасынан алған
екен. «Русское словоның» хабарлары ұшқалақ болушы еді деп, оған
қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұрап, əбден анығына
жеттік. Рұхсат сұралғаны да, рұхсат берілмегені де рас екен.
Сиез деген сөз басталған кезде заманның түріне қарап, тынымы осылай бо
лар дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр əншейін сары уайым, сары
қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп. Бірсыпыралары құр алауыздық,
уайым бұзарлық, сөз жарыс, ерегес деп, кейбіреулері жұрттан сиезді біз
бейне бір қызғанатындай көріп еді. Біздің онымыз бұл айтқандардың бірі де
емес еді. Сиез жақсы нəрсе, керек нəрсе, бірақ жақсы нəрсенің жасалуы
қиын болатындығын айтып едік. Біздің сөзімізді жұрт теріс түсініп,
ойымызды қисық жорып, қыңыр қарап, алауыздық, құлауыздыққа санап
бара жатқан соң, біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды
айттық, мойыннан борыш түсірдік, алмаса, жұрттың өзінен қалар, сиез
болса, соқырдың тілегені екі көзі, болмаса жұрт болмағанын көрер,
айтқанымызды алмаса, біз-ақ жұрт ауанымен бола қоялық деп, сөз көбейтіп
бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де сиезшілерге қосылып, қолдан
келген көмегімізді істеуге бел байлап едік. Он облыс қазақтың жиылысы
түгіл, бір уез қазақтардың бас қосуына рұқсат берілмей отыр. Бұл екі сиез
арасы жер мен көктей. Облыс жиылысы айтқан ауызға оңай, жылында,
айында, күнінде болып жатқан қазақтың ауылной, болосной сходтарындай я
черезвечайный сиездеріндей-ақ көрінеді. Істей бастасаң, бұлардан он облыс
түгіл бір уез жи ылысы да бөтен болып шығады. Бас қосу жақсы нəрсе
(жұрттан ондай жақсылықты неге қызғанайық), бірақ жақсы нəрсенің қолға
түсуі жаман нəрседен гөрі қиынырақ болады. Біздің айтқанымыз да сол
қиындығы еді.
Жауап хат
Зейнолла Бұтабай ұлына
1899 жылғы Щербина есебінде Зейнолла Бұтабайұлының қыстауы
«Қайшыбұлақ» деген жер. Бұл қыстау Зайсан қаласына елу шақырым1.
Тұрған жері Қызыл шілік өлкесі Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ арасында. Бұл
Қандысу, Шілікті өзенінің басы. Карл Риттеннің «Азия» деген кітабына
қарағанда, бұл өлке бұрынғы уақыттағы көл асты болады. Шілікті өзенінің
ащылы жері бұл күнде жоғалған көлден қалған, көл суы кеткен соң,
мұндағы тұз қаңсып жер ащы болған. Шілікті – мал кіндігі. Бұл жерде
Еуропаның Альпі деген тауындағы Швейцария жұрты болса, мал шаруасын
іс қылып, сиыр сауып, мал алып, ірімшік қайнатып, жүні жақсы шұға
болатын қой бағып дүрілдетер еді.
Зейнолла Бұтабайұлының қыстау 9 үй, руы бөрімбет, көп жұрт жайлауында.
Щербина кітабында 24 нөмір жайлау. Мұнда жылда көшіп келіп отыратын
рулар: бөрімбет, төлебай, қайқы, дəулетбай, қараша, есенғұл, жұмық;
Шілікті болысынан: байбол, айтқожа, алпар; Маңырақ болысынан: бəрі 1099
шаңырақ. 54 нөмірде жылда 64 күн отырады2. 29 һəм 30 «Қазақта»
басылған еді, қазақтан жер алғанда не жолмен алатыны. Қазақта мал
шаруасының сыбағасы – норма деп жер тастап, артығын қазынаға алады.
Зейнолла Бұтабайұлы ауылымен отырған жер» 36 районда. Мұнда отырған
қазақ мал бағып, тымақ киіп, киіз үй тігіп бұрынғы қалыпта тұрса, қазақтың
бір шаңырағы бес бас болса, бұған 15 ірі қара тамақ асырайтын мал болады
деп есеп қылған. Бұл 15 ірі қараның 7-і жылқы, 3-і сиыр, 1-і түйе, 30-ы қой,
2-і ешкі. Бір жылға үйірге қосылатын төл 2 құлын, 2 бұзау, 10 қозы, лақ.
Мұндай үй жылына 2 жылқы, 2 сиыр, 10 қой ұстаса, мал тұяғы жетпейді.
Мұндай үйге 16-20 пұт ет керек бір жылда. Бұл бір жылға бір сиырдың еті
болады. Қалған бір жылқы, бір сиыр, 10 қой базарға сатылады3.
Бай қазына көбейсе, бұл қазақ һəм мұжық ісі емес, бұлар норма қамытын
киіп қаңтарылып тұрады, бұларды нормаға байлап өзге бай болатын, қазына
көбейтетін аты терістер артық (излишки) деп жер алады. 36 районда бір
қараға бір айға 3 ширек десятина деп есеп қылған, 12 айға 1 қараға 9
десятина жер келеді. Нормаға ноқталанған қазақтың 15 қарасына бір жылға
135 десятина жер керек. Зейнолла Бұтабай баласының 9 үйіне 1215 десятина
жер норма – сыбағасы болады. Бұл 9 үй отырған 54 жайлауы 14 мың 210
десятина болса керек. (Зайсан уезі деген Щербина кітабында 1 мың 421
десятина, бұл жаңылыс болуға лайық, жоғарыда көрсетілген 174-бет). Бұл
есептен 54 жайлау Зейнолла Бұтабайұлының ауылының ғана пайдасында
болса, 995 десятина нормадан артық болады.
Жоғарыда жазып едім, 54 жайлауға əр атадан 1 мың 99 үй жайлап келіп, 64
күн отырады деп. Мұнда бір қараға 3 ширек десятина бір айға деп есеп
қылған. 1 мың 99 үйге 54 нөмірден 26 мың 376 десятина жер керек. 54
жайлаудың бар жері 14 мың 210 десятина, мұнан 9 үй Зейнолла
Бұтабайұлының қыстауының нормалы жері 1 мың 215 десятинасын алсақ,
қалғаны 12 мың 995 мың десятина болады. Бұл 1 мың 99 үй сыбағасы 26
мың 376 десятина ішінде кетеді. Себебі, жайлап келетін 1 мың 99 үй норма
сыбағасы, бұларға тағы 13381 десятина бір жақтан кесіп берсе толады.
(Баяғы көрсетілген 184-бетте бұларға жайлауға 22 мың 420 десятина
жетпейді деген, бұл жаңылыс болса керек, хатта басылған).
Закон жолына салса, 54 жайлауда артық жер жоқ. Мұнда күнелтіп жүрген
қазаққа норма жолымен 13 мың 381 десятина жер сыбаға керек. 54
жайлаудан қазынаға жер алынбайды. «Балуан алып та жығады, шалып та
жығады» дегендей, күшке салса, онысын өзі біледі.
Шілікті болысындағы 4 ауыл Бөрімбеттің қалған 16 қыстауы 55 жайлаумен
бөлектес. Осы қыстау жерінде 19 мың 332 десятина нормадан артық жер
бар. Зейнолла Бұтабайұлының алдырып отырған жалшы шілігі 144
нөмірдегі қыстау жерінде болса, 9 июнь 1909 жылға Министрлер Советінің
насихат бұйрығына сүйеніп қыстау тұрған жер – қой өрісі, көктеме,
пішендік деп жолдасуға ғана болады. Бай орысқа жер аренда берем деп
қыстаудан көшіретін закон жоқ.
«Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», қараша, қожан, саты, жұмық –
Байжігіт емес пе? Бұл жалғыз Зейнолла ауылының жұмысы ма? «Қазақтың»
алғашқы бір нөмірінде мұсылман депутаттарының хаты басылды. Бұлар
қазақтан дəлелді сөз сұрады. Осы жер дауын Министрлер Советінің
насихаты жолымен іздеп көрген-білгенді толымды қылып жазып мұсылман
депутаттарына тапсырса, міне дəлелді сөз.
Қыр баласы
Айналма
Бұрын қазақ жерін артық-излишка деп алғанда, егін салатын ғана жерді
алушы еді, кедей, бишара, аш мұжықтар қайда барар деп. Қазақ жерінде егін
жері қара һəм қарасұр топырақ Ақтөбе, Қостанай, Қызылжар, Омбы,
Көкшетау уезінде ғана. Мұндағы егін жері мұжыққа беріліп болды.
Законда мұжық сыбағасы – надел ер басына он бес десятинаға шейін деген
сөзге сүйеніп, мұжық сыбағасын бұрын беретін он бесті 7-8-10 десятина
қылып пұштитып, бұрын екі мұжыққа берілетін жерге 3-4 мұжықты тығып
отыр. Міне, бір айналма.
Қазақ жерінде мал бақпаса, пайда бермейтін көп жер бар. Жақсы жерді
мұжық алған соң, қазақ мал жеріне қысылған соң, бұл мал жері деп қазақ
пайдасына қалдырған жер кескен, кесілмеген оброчная статьялар пайда
беретін болып тұр, бұл жерлерді мал бағамын деп сұраушы бар. Кедей,
сорлы, қаңғырған жетім-жесір мұжықпен басқа қосақ түртінген, қазақ
жеріне телмірген, жерге еңбек сіңірмей, мал бақпай, егін салмай, құр жер
менікі деп ат қойып, жерді еміп отырмақ болған жетім ұлықтар бар. Бұлар
қазақ жеріне мал бағамын, мұжық пен қазаққа өнер үйретемін деп əуелі
аренда, мұнан кейін мүлде өзінікі қылып алмақ.
Мал бағатын жерден мұжықтан басқа орыс баласына қазақ жері берілсін
деген закон жоқ. Орыс мақалы бар: «заң – арба жетегі, қалай қарай бұрсақ,
сол жақта болады», – деген. Жер министрінің мекемесі Министрлер
Советіне мақұлдатып, патшаға қол қойғызып алып отыр. Сібірде, Степной
облыстарда һəм Түркістанда мал бағамын десе, отыз алты жылға торгсыз
арендаға мал бағатын жер берілсін деп1. Оброчний устав деген закон бар.
Мұның 93-101 статьяларында айтылған, қазына жері торгсыз арендаға
берілмейді, қазына жері арендаға торгсыз берілетін мұжық обществосы
деген. Жер министрі осы жаңа айтылған законды аттап өтіп, судай кешіп
отыр. Бұл бір айналма.
Павлодар уезінде қала саламын деп кескен «Ертіс», «Ермак» деген екі жер
бар. Бұл жер Ертістің күнбатыс қабағында қазақ жақта.
Осы қалалар жері арендаға беріледі орысқа ғана, орыс дініндегі адамға2
ғана. Өзге орыс патшасының панасындағы жұрт жер арендаға алатын
жолынан – правосынан шығып қалған. Закон арқылы орыс патшасының
панасындағы адам правосынан сот тергеп, айыпты деп тапса, айырылады.
Не жұрт правосын мінесе, Г.Дума, Г. Совет һəм патша үшеуі мінейді. Жерді
орысқа ғана беремін деп жұрт правосын Министрлер жоғалтып, законды
аттап өтіп отыр. Міне, тағы бір айналма.
Осы айналмаларды орнына жүргізуге ақша керек. Жер министрі осы он
бесінші октябрьде жиылған төртінші думаның бюджетная комиссиясынан
ақша сұрап отыр. Переселен управлениесінің сметасын қарайтын
депутаттар кеңесіп, үкімет жоғарыда жазылған законнан тысқары
айналмалардан қайтпаса, ақша берілмесін десті. Осы депутаттардың пікірін
Г.Дума қолдаса, дума арқылы жолды, əдепті талас-тартыс деген осы.
Думаны халық сайлап еді, дума пікірі – халық пікірі, біз адастық,
айналмадан қайттық десе, біздің правительство Еуропа болғаны. Құдірет
қылса екі басты бұзау туып қалады. Айналмадан қайтарда.
Қыр баласы
Жерін алдырған қазақтардың жауабы
Біздің Шыңғыстай елінің жері көптен тар болушы еді, оның үстіне биыл
өткен жаз еліміздегі ең жақсы жеріміз 9-ншы ауылдікі Маймыр деген жерде
арғымақ зауытын ашамыз деп жер төрелері кесіп кетті. 12нші ауылдың
жерін қала түсіреміз деп кесті, егер қазақ өзі қала боламын десе ол уақытта
қалдырамын десті. 17-нші августе производитель работ келіп, ақсақалдарды
жиып алып жауап сұрады. Ақсақалдардың берген жауабы мынау:
1.1900-ншы Щербина есеп алғанда, қазақтың малы мен жанын есептеп,
əуелі қазақтың өзіне жетерлік қалдырып, артығы болса ғана мұжыққа
береміз деген. Сол ізбен бізге əуелі жеткілікті жер қалдырыңыз да артық
болса алыңыз, біз жерсіз қалуға риза емеспіз.
2.1911-нші жылы Щербина есебінен қазаққа жер көп кетті деп біздің елден
қайта есеп алған, осы соңғы есептері бойынша-ақ бізге əуелі лайықтап жер
беріп, артық дегенін алыңыз.
3.Патшаның низамында қазаққа алақандай жер қалдырмай қуып шығар
дегенді естігеніміз жоқ, төмендегі ұлықтарымыз біздің мұңымызды елең
қылмаса біз патшаға дейін ізденеміз.
4.Ұруға жақындап пісіп тұрған егіндерімізді жер есебінен қосып кетті,
мұны да əділдік деп білмейміз.
5.Тіпті болмаса бар жерімізді қазынаға алып, өзімізге ғұмырлық арендаға
берсін, мұнан басқа барар жеріміз жоқ, зорлықсыз шыға алмаймыз.
6.Ағашты жерімізді қазына пайдасына лесная дача деп кесті, жазық дала
жерді переселенческий участок деп кесті. Ағашты жеріміздің кеткеніне риза
болалық, оның айырбасына дала жерді өзімізге қалдырсын. Өлшеген үшін
қазынаның шығарған шығынын бір болыс ел үстімізге алалық.
7.Бір болыс ел елімізде 25 мың жылқы, 80 мың қой, 5 мың сиыр, 5 жүздей
түйеміз бар. Осы малдың үштен бірі өз жерімізге сыймайды. Кабинет жерін
де, Томский губерниясының мұжықтарының жерін һəм Семей облысының
казак-орыстарының жерін арендаға алып отырмақ бар ұлықтарымызға
мəлім.
8.Бір болыс Шыңғыстай елінде крестьянское положениеге кіре қалсақ, бізге
150 мыңдай десятина жер керек. Қазірге жеріміз 2-3 мың кісі ғана сыярлық,
4-5 мың жан мүлде жерсіз қалады. Сол себептен біз крестиянское
положениеге кірмейміз, басқа жерге бармаймыз, бірімізгебіріміз жалғасып,
қазақша күн көріп отырмыз.
9.Бұл жерге арғымақ зауыты ашылады дейді, оның орнына бір болыс
елімізге қазынадан 3 арғымақ айғыр берсін. Сонан өскен соң жақсы аттарды
арзан бағамен қазынаға сатып тұралық.
10.Жерімізден ықтиярымызбен шықпаймыз, патша хазіретлінің өз алдына
шейін арыз беріп ізденіп, біржолата қоя берсе сонда шығармыз. Временная
уезная комиссияда да һəм басқа областное присутствиеге де сентябрь
ішінде елубасылары жиылып, ортасынан бір кісіні доверенный сайлап, сол
жерін іздеуге жібереді. Доверенный болған кісі патшаға, Советке, Думаға
арыз беріп істі қозғай бастады. Бұрын жеріміз тар, кабинеттен жер сұрап
аламыз деп 6-ншы жылдан бері ізденіп жүруші едік. «Тоқал ешкі мүйіз
сұрап, құлағынан айырылды» деген секілді болып тұрмыз, алла жерлі
қылсын.
Енді бұған білгіштер не айтады, əсіресе Қыр баласының қарауына
тапсырамыз.
Өскемен уезінен Шыңғыстай елінің қазағы Əбдікəрім Ережеп ұғлы
Қапал
Осы күздігүні бір жұмыспен Аягөз жағына барып едім, сонда көргенім
мынау. Аягөз қасында Найман руынан Сыбан деген ел болады. Бұл
туғандарымыздың өсіп-өнген жерлері: Күйікадыр, Берікқара, Сарымсақты,
Нарын. Бұлардың жайлау-қыстауы бəрі сонда. Жердің ұзыны – 15,
көлденеңі – 10 шақырым, бұл алақандай жерді мекен етіп отырған Ақшаулы
болысына қараған 2-нші ауылнайдың 140 үйі. Осы жерді бұл күнде Аягөз
казак-орыстары байыған үстіне байимыз деп, алмақшы болып тұр екен. Жер
иелері не қыларын білмей сасып жүр. Мұндай хал жалғыз Аягөз қазағында
емес, бүтін Жетісуда бол са керек. Жылда Аягөз казак-орысының жерінде 65 жүз қазақ жер жалдап жеп отырады екен, олардың жері жоқ болса қазаққа
қайдан арендаға артық жер тауып беріп отыр? Ақшалы қазақтары тиісті
орындарға арыз беріп, жерлерін өздерінде қалуын сұранып тұр, не болар
көрерміз.
К. Наймански
Сусағанның түсіне су кіреді
Орал қазағы 300 жыл бабаларын патшалық қылды деп, патшаны құттықтап
телеграмма беріп, депутат, мүфти һəм қазақ жерін сұраған екен. Осы
телеграмаға Ішкі істер министрі жерге мұжық жіберме дегенің дəлелсіз
болғандықтан аяқсыз қалды деп мағлұм қылып, мүфти һəм депутат деген
тілекті жым-жырт қойған.
«Неше кісі оқып бір кітаптан əркім өз пікірін табады» деген француз
жұртының жақсы мақалы бар. Орал қазағы хүкіметтің жым-жыртынан өз
пікірін жорып, депутат һəм мүфти алмақ болып отыр. «Шөлдегеннің түсіне
су кіреді» деген осы. Бұл түстің қанша растығы бар?
17-нші октябрь манифестінің 3-нші бабында айтылған екен, ешбір закон
Г.Дума дұрыстамай закон қуатына кірмейді деп. Осы 3-нші бап 86ншы
статья болып закон құрамасы кітапқа басылып еді1.
17-нші октябрь манифесті2 шықпай тұрып Г.Думаны ақыл серікке алмай
тұрып, біздің патшалық орыс тілінде неограниченная монархия еді, мұның
мағынасы қазақша қағусыз хүкімет, патшаның атымен қошқар мүйіз салса
дегені болушы еді. Закон арқылы іс қылатын, законнан өтпейтін патшасы
бар мемлекетті конституционная монархия дейді. Біздің патшалығымыз
Г.Дума шығарып, Думасыз закон жоқ дегеннен бері осы законнан аттап
өтпейтін патшалық болды.
3-нші июньде 1907-нші жылы 2-нші Думаны тарқатып, қайта Г.Дума
депутаты сайланатын закон шығарды. Сол жолы, біздің қазақты
Г.Думадан шығарып тастады. Баяғы қағусыз-қайырусыз, үйреністі ескі
жолмен 3-нші июнь Г.Думасыз шықты. Əй, законнан аспағаның қалай,
мұның қалай, дейсің бе, оқушылар?
Германия жұртының шешені марқұм Лассал айтқан: «Бір тайпа жұртқа ескі
ғұмыр, ескі жол жақсы, бір тайпа жұртқа жаңа ғұмыр, жаңа жол жақсы. Осы
екеуі таласар, тартысар, жұлысар, осы екеуінің күресінің шарты – ғұмыр
законы. Қағазға жазған закон, мына талас-тартыс, күшқуат мінген закон
келсе, сыпырылып шыға келетін». «3-нші июнь» келгенде «17-нші октябрь»
мойнына су құйылып шыға берген.
«3-нші июньнен» бері 6 жыл өтті. Осы 6 жыл ішінде ғұмыр законы қалай
қарап саулап тұрғаны біздің қазаққа да мағлұм. Біздің қазақ осы 6 жылда
ұтылды ма? Ұтты ма? Орыс ішінде «3-нші июнь» жақ «17-нші октябрь»
жақты шалқасынан салып тырп еткізбей басып отыр. Біздің қазақ сияқты
жетім-жесір нашар жұртқа құрдастық-теңдік «17-нші октябрь», «3-нші
июнь»-ді жықса келеді. Жақын арада біздің ат бəйгеден келеді деуге
болмайды.
Қазаққа депутат беретін екі жол бар: бірі Г.Дума шығарған закон арқылы,
бірі хүкімет баяғы қағусызға салса. Осы екі жол осы күнде қандай? Г.Дума
депутаты Орал қазағының түсі туралы үшке бөлуге болады: оң жақ, сол жақ,
орта. Сол жақтың пікірі орыс патшалығының панасындағы жұрттың бəрін
теп-тегіс құрдас қылмақ. Оң жақ – «3-нші июнь» атасы, орта – «3-нші
июнь» кіндігін кескен шешесі. Сол жақ – 130, қалғаны – 312 депутат.
Мұның да ортадағы 100-ден астамы хүкімет жер бол десе жер, көр бол десе
көр болады. Бұларды октябрист партиясы дейді. Бұлар «3-нші июнь»-ді
жарайды деп қол қойып отыр. Осы октябристің сол жағында көршісі
«Тарақки» партиясы 40-тан аса, мұсылман депутаттары мен осы Тарақки
партиясы қазаққа депутат бер деп Г.Думаға закон жобасын кіргізбесе, өзге
қалған сол жақтың депутаты «3-нші июнь»-ді аман қойып Г.Думадан, осы
«3-нші июнь» көлеңкесіне қазақты кіргіз деп өздігінен сұрамайды. «3-нші
июнь» өзі законнан тысқары, некесіз туған, бұған қазақты кіргіз десек, «3нші июнь»-ді мақұлдағанымыз болып көрінеді деп. Қазаққа депутат бер деп
закон жобасын Г.Думаға мұсылман депутаттары яки Тарақки партиясы
кіргізсін, Г.Думаның бар сол жағы бұларды тартсын, сонда бұл 130 депутат
312-ге күл шаша ма?
Қол ағашы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді, «17-нші октябрь»
манифесін баса көктеп «3-нші июнь» шыққан. Мұны қолдаған орыстың
дворян қауымы. Орал қазағы осы орыстың дворянының күшіне сала ма, жоқ
аш қасқырдың қошқардан дəме етуі сияқты, Орал қазағының түсі бос түс
пе? «3-нші июнь» қазақ жұртын надан деп депутат жолынан тысқары
қалдырған. 1907-нші жылы біз надан болсақ, 6 жылда хүкімет көзіне бір
сондай жетілдік пе?
Кісі өз басына тіленіп кішірейсе, кемісе өз олжасы. Бес миллион қазақ тілегі
кемшілік жолына сыймайды. Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену мақсат.
Қыр баласы
Бас қосу туралы
Троискіде шығатын орысша «Степь» деген газета 5-ші декабрьде 763нөмірінде «Қазақ істері» деп бастаған мақаласында бас қосу жайынан
төмендегі сөздерді басып шығарды, біз арттырмай һəм кемітпей тəржімə
еттік.
30-ншы ноябрьде1 құрметті Торғай губернаторы қазақтың бас қосу мəселесі
туралы адвокат Жаһаншаһ Сейдалинді қабыл етті. Сонда 4-нші октябрьде
Покров жəрмеңкесінде Қостанай шаһарында қазақтарға бас қосуға рұқсат
берілмегендігі туралы сөз қозғалды.
Губернатор айтты, жəрмеңкеге əлдеқалай жиылған қазақтарға хусуси кеңес
ашуға рұқсат беруге мүмкін емес. Қазақтардың жер мұңы закон бойынша
ауылнай һəм волостной сиездерде тексерілерге керек. Ал қазіргі
қазақтардың білгісі келетін мəселе: көшпеліктің иə қалалық болушылық
пайдалы ма деген. Мұны əрбір үй иесі өзі шешерге керек. Байларға көшпелі
қалып пайдалы, өйткені олар малын қайда болса сонда елге ортақ жерге
өрісін аударып бағады. Кедейлерге отырықшы болу пайдалы, неге десең
олар 15 десятинадан ер басына жер өлшетіп алып, байлардың зорлығынан
құтылады, – деді.
Сейдалин өз пікірін дұрыстауға тырысып губернаторға əуелгі мəселесі
хақында айтты: қазақтың жер мұңы ауылнай һəм волостной сиездерде
тексеріледі дегеніңіз Степное положениенің 123 һəм 124-нші статьялары
боларға керек. Бірақ ол статьялар да жер туралы мұң-мұқтаждар емес,
жалғыз-ақ жер туралы дау-жанжалдар тексеріледі деген, сондықтан жер
нормасын тексеру ауылнай сиездерінің ғана жеке меншігіне тиген нəрсе
емес, бұлай 4 март 1906-ншы жылдың законы бойынша ашылатын
сиездерде қаралуға да болады.
Қазақтардың Қостанайда бас қосуға рұқсат сұраған себебі осы деген.
Қазақтардың Ішкі істер министріне һəм жер істерін билеуші жоғарғы
мекеме бастығына 10 облыс Дала һəм Түркістан уəлаятының қазағы бас
қосуға рұқсат сұрап берген арызына қалай қарайсыз деп сұраған сөзіне
губернатор айтты: «Егер сіз жоғарғы хəкімдерге арыз берсеңіз, мен
ойлаймын, олар сізге нендей жауап беруден бұрын менен сұрар. Білмеймін,
бұған басқа облыстардың губернаторлары не айтар, менің жауабым баяғы
сіздің телеграмаңызға берген болар», яғни рұқсат бермеу жағында.
Мұнан кейін губернатор сұрады, қазақтардың сиезде қолданатын
программасы қандай болмақшы, күллі қазаққа ортақ мəселелер бар ма деп.
Бұған Сейдалин жауап қайырды: қазір қазақтың басынан қиын іс кешкелі
тұр, көшпеліктен отырықшылыққа айналғанда халықтың тұрмыс һəм шаруа
жағынан көп жаңа нəрселер көрінеді, мысалы: сиезде народный сот туралы
еш нəрсе айтпасқа мүмкін емес, сиезд ашарға керек отырықшы болған
қазақтарға қандай сот болу керек екендігін, оларға орыс тілінде тексеретін
волостной сот шығарар ма яки бұрынғыша қазақша тексеретін сотты
қалдырар ма? Жұрттың дау-шарын бітіруге бір белгілі закон шыға ма, жоқ
бұрынғыдай еш жерде жазылмаған ғұрып бойынша кете бере ме?»
Губернатор айтты: Бұл мəселелер Петербургте шешілген енді тез арада
қазақтың соты хақында Государственный Думаға закон жобасы кіреді. Бұл
закон жобасы бойынша қазақтарға қазақ тілінде тексеретін волостной сот
беріледі, егер отырықшы қазақтар бірыңғай өздері болса. Орыс пен қазақ
аралас жерлерде орыс тілінде болады».
Тəржімə еттім М.Д.
Орыс-қазақ ауылдары
«Уақыт» газетасының 29 декабрьде шыққан 1378-нөмірінде «Орысқырғыз
ауылдары» деп басталған бір мақала басылып шықты. Қазақ туралы өте
керекті мəселе болғанға, біз де көшірдік.
Соңғы 10 жыл ішінде хүкімет, саны 7 милионға жеткен қазаққырғыздарды
көшпелілік халінен шығарып ауыл-ауыл (қала) болып отыруға көп тырысты.
Бірақ бұл тырысу мəдени бір жолмен емес еді, яғни Қазақстанда жолдар
салу, қазақтарға өнер, білім үйрету, олар арасында қала болып отыруды
көшпеліліктен пайдалы жəне рахат ететін тадбирлер қылу емес, қайта
тезірек қала болып жан басына 15-20 десятина кестіріп қалмағандардың
іске жарақты барлық жерлерін кесіп алып, ауып келген мұжықтарды
орналастыру еді.
Міне соның үшін бір жақтан мұсылман матбұғаты (газет, журналдары),
екінші жақтан əділдік тараптары болған орыс матбұғаты бұл переселениені
тым ұната қоймаушы еді. Бірақ бара-бара мұсылман матбұғаты хүкіметтің:
«20-шы ғасырда көшіп жүру ұят. Русиада халықтың тауық бағатын жері
болмағанда, қазақтардың жан басына жүздеген десятина жерге ие болып, ол
жерді пайдаға жаратпай текке жатуы патшалық шаруасына кемшілік
келтіреді. Қалайда болса қазақтарды отырықшы қылып мəдени бір халық
қатарына жеткізу тиіс, мұның үшін қазақтарға уақытша көп зиянды болса
да, жоғарыда көрсеткеннен басқа амал жоқ» деуіне қосыла қоймаса да,
бірінші, патшалық пайдасы, екінші, қазақтар білімді жұрт қатарына кірер
деп, хүкімет тадбирлерін қуаттап, қазақтарды тезірек ауыл-ауыл (қала)
болып отыруға үндей бастады. Мұсылман матбұғатының жəне бұлармен
бірігіп үгіттеген қазақ оқығандарының еңбектері босқа шығады, қазір қала
болып отырған қазақтар жүз мыңдарға жетті.
Соңғы хабарларға қарағанда Қазалы, Əулие-ата, Ақмешіт уездерінде ұлысұлыс қазақтардың қала болуға қаулы қылысып, тиісті орындарға арыз беріп
жүргендері, біраз күннің ішінде матбұғат жүзінде көрінді.
Міні мұнан кейін бұл переселение мəселесіне мұсылман матбұғаты бірде
қосылмас жəне бұлардың пікірінше «патшалық үшін пайдалы» болмайтын
жаңа бір хал бастайын деп тұр, себебі: бұл мəселе миссионер мақсұты келіп
қатысуы. 1912 жылда 5-26-ншы апрельде болған жиылысында Свиатейши
сенод (дін істерінің бас мехкемесі) қазақтар арасында миссионерлік
мəселесін қарап, мынадай қаулыға келген:
«Қазақтарды ауыл-ауыл қылып отырғызғанда, бөлек мұсылман ауылдары
қылмай, мұжықпен бірге қосып отырғызуы тиіс, бірақ əрбір ауылда
қазақтың саны орыстан аспасын, яғни ең көп болғанда екі орысқа бір қазақ
тура келсін; бүйткендік ауыл расходтарында һəм болыстарында халыққа
керекті нендей мəселе қаралса да, орыстар орыс еместерден үстем болып
тұрсын».
Сенодтың пікіріне қарағанда, мұндай тадбирі арқасында Дала уалаяты жəне
Түркістан қазақ-қырғыздарын православие (орыс діні) мазхабын қабыл
еттіруге жақындастыруы мүмкін. Сенод – дін мехкемесі, православие дінін
тарату оның міндеті. Сол себепті сенодтың мұндай план құруына қарсы
сөйлерге ешбір жол жоқ. Бірақ жер істерін қарайтын бас мекеменің мұндай
пікірді қабыл етуіне жəне өз қол астындағы мекемелерге: «Қазақтар
арасында православие һəм орыс мəдениетін тарату үшін қазақ пен орысты
аралас отырғыз» деуіне ешбір мағына беру мүмкін емес. Оның міндеті таза
шаруа жағы. Ол бір жақтан жерсіз орыс христиандарын шетке көшіріп
орналастыруға қызмет етсе, екінші жақтан қазақтарға жер кесіп беріп,
оларды ауыл-ауыл қылып отырту, яғни араларына таза мəдениет кіргізу
оның мойнындағы борышы еді. Егерде бұл мехкеме қазақтарды шын
шүбһаландыратын жоғарыда айтылған Сенодтың тадбирін қолдана бастаса,
қазақтар көшпелікте қалғанда əлек болатындарына көздері жетіп тұрса да,
қала болудан безе бастайды. Бұл тадбир арқасында переселен управлениесі
өз міндеті, өз мақсатына қарсы қызмет еткен болар.
Жер жұмысына дін жұмысын қыстырмалау
Қазақты отырықшы қылғанда, христиан діні түбінде қабыл етерлік жағы да
көзделсін деген сенат жиылысы ұнатып, жер министрі қабылдаған бір істі
өткен нөмірде «Уақыт» газетасынан көшіріп бастық. Сенат мақсұты табылу
үшін: Əуелі, қазақтарды мұжықтармен біріктіре отырғызу керек. Екінші,
қазақ саны орыс санының жартысынан аспасқа керек. Солай етсе
орыстардың сөзі де, тіршілік ісі де басым болып, қазақтар христиан дінін
құл етпек.
«Уақыт» газетасы айтады: Қазақтың отырықшы болғаны үкіметке пайдалы,
қазақтарға зарарсыз іс қой деп бұрын біздер, яғни ноғай газеталары,
қазақтар қала болыңдар деп ақыл беруші едік һəм соңғы жылдарда: əуелі,
переселен чиновниктерінің айтқан ақылы, екінші ноғай газеталарының
берген ақылы, үшінші, қазақ оқығандарының айтқан сөздері қамшы болып,
қазақтардың көбі отырықшы болуға сұранып, бірсыпыралары отырықшы
боламыз деп мұжық нормасымен жер кестіріп те алып еді дейді. Мұнан
былай біз ноғай газеталары қазақтың жер туралы ісіне тіл қатып,
кіріспейміз, өйткені жер жұмысына тиіссіз басқа жұмыс кірісіп тұр. Ол
миссионерлік жұмыс деді. Өлексе табылса, қарғалар, қарақұстар
табылатыны, ноғай бауырларымыздың газетасының есіне жаңа түскен
көрінеді. Сенат айтуынша, қазақ христиан дінін мұжыққа қарап телміргенде
қабыл етпек. Оны құр ойларымен бал ашып, айтып отырған жоқ, іс жүзінен
көріп айтып отыр. Алтай һəм қазақ миссиасының 1893 жылғы отчетында1
айтады: «1893 жылы қазақтан шоқынған еркекəйелі бар 69 кісі. Христиан
дінін оңай қабыл еткіштер жарлылар; Қалың қазақтың ішінен шығып,
қалаларға келіп малайлыққа жалданғандар; бұлар бірте-бірте орыс тілін
біліп, орыстың ғұрпымен, дінімен танысады. Сонан соң христиан дініне
икемдеп бұрмалаушы əуел бастап тұрған қожалары болады» деп. «Новое
время» газетасының 7643 нөмірінде осы туралы жазды. Ол жазады: «Біздің
миссионеріміздің шоқындыратындары қазақтың сорлылары, жарлылары. Өз
жұртының ішінде теңдікке қолы жетпей, малайлыққа жүріп, жарық сəуле
көрмегендер жаңа дінге кіріп, жаңа дін қарындас тауып, жақсылыққа
толымсыз жетер ме деп дəмелі болатындар» деп 1892 жылға Қоянның
ашаршылығында Қостанай уезінде бір ауыл қазақ шоқынып кеткен жоқ па?
Бай қазақта бір адам шоқынды деп миссионерлер де, газеталар да жазған
емес. Сондықтан Алектров айтқан2: миссионерлер пəлен етіп жатыр деп
газеталар жыр қылады. Ондағы шоқындырдық деп мəз болатындары өңшең
тамағын асырай алмай есікте жүрген малайлар; Жоқшылықтың зарынан
неге болса да көнетін шарасыздар. Миссионерлер қазақтың ішіндегі қарны
тоқ, қадірлі адамдарын шоқындырса екен. Оларды шоқындыру жарлыдан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.