Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07

Total number of words is 4235
Total number of unique words is 2166
33.0 of words are in the 2000 most common words
46.0 of words are in the 5000 most common words
53.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Қаперге алалық, адам баласын артық байлыққа жеткізген жер емес, ...
ғылым менен өнер. Орта ғасырда (среднии век) барлық халық егінші еді,
яғни көбірек жер жыртып, егін егіп, кəсіп етуші еді. Сол күнде адам
баласында артық байлық жоқ еді. Қазірде жаңа ғасырда (новый век) ғылым
өнер артып, халық өнерге түсіп еді, мұғадарсыз байлыққа жетті. Қазірде
жерменен кəсіп етуші 100 үйден 10-20 үй қожалар, яғни басқа патшалықта
жүз үйден 5-10 үй ғана. Басқалары өнер сатып кəсіп етеді. Енді жазып келе
жатқан бағытыма қайтамын. Ашуында ала ауыз болғанменен, мұндай
жақсылық іс тұрысында бірігіп кету лайқат еді. Ау, оқыған адамдар, ел
үшін, күн үшін, дін үшін өздеріңді біріктіріп, мынау жаңа шыққан газетжурналдарыңды халыққа тегіс жайыңдар. Сұлтан Шəңгерейдің, қажы
Тағиевтің уа ғайри қызмет етіп жатқан азаматтардың жігерін құм
етпеңіздер. Қайта Құдайға көп шүкір етелік, мұндай адамдарымыздың
барлығына. Бізде бір мінез бар, бізде деймін-ау, өзіңізге мағлұм надан
уақыттары нда əр халықта да болған ғой. Ол мінез сол: «маған үйрететі н
сол ма еді?» деп ұрсып кетеміз. Мен бір ішіме білігім сыймай айтып
жатқаным жоқ. Тек тыңдап жатып жанып, əр жерден хабар алып айтып
жатырмын. Қара халыққа тіке айтуға болмайды. Онысын ол ерісіп кетеді.
Оқыған адамдарға кісі батыл айтады, неге? Сенің ойлағаныңды əр бір
оқыған адам ойлап жүреді, бірақ салақтықпен жүре береді. Біреу айтса,
естеріне тү сіп қайғыланады, мен тек сол өздеріңіздің ойлап жүргеніңізді
ойларыңызға саламын.
Құрметке лайық Ғабдрахман Иусуфов деген азамат «пұлменен жəрдем етуге
мен даярмын, тек бірер кісі басшы болса» дейді. Басшы болды ғой – хан ұлы
сұлтан Шəңгерей менен генерал Тағиевтан артық басшы неге керек, бұл
биік адамдар пұлменен басшылық етті ғой. Ғабдрахман мырза соларға
қосшы бола қойсын, һəм лайығы сол болар.
Үйде жатқан қарт Ғабдолла Көпжасаров
Көшпелі адайдың жайынан бір-екі ауыз сөз
Көшпелі адай екі облыс қол астында болып саналады: Закаспийски,
Оралски: Закаспийски облысында Маңғышлақ оязында тоғыз болыстың елі
бар һəм Краснаботски оязында екі болыстың елі бар. Орал облысының
Темір оязында үш болыстың елі бар, осы 14 болыста жетпіс екі мың сегіз
жүз (72800) жан бар екен. Осы адамдарда ұлтарақтай жер жоқ. Қыс болса
жылы жақ деп Хиуа тарапына көшіп барып, жаз шықса Орал, Торғай
облыстарына көшіп келіп, аспан менен жердің арасында жыл құсыменен
бірге күзді күні ұшып кетіп, жазғытұры қайта ұшып келіп жүреді. Бұл
адайлар үш орынға ақша төлейді: əуелі отанымыз Россияға төлейді, екінші
қыс күнінде Хиуа ханына төлейді, үшінші Орал, Торғай облыстарындағы
жер иесі қазақтарға төлейді.
Бұл көшпелі ғұмыр адай халқын аздыратын, тоздыратын шамасы бар. Енді
жерлері кең Орал, Торғайдағы ағайындардан өтінеміз, бізді қалайда болса
іштеріңізге кіргізіп алыңыз деп.
Қырымгерей Үсенов
Һəр кім өз жүрісінен құл болады
Осы күнгі жылма-жыл бұрын мұсылмандардың қажы етіліп тұратын Мекке
шаһарындағы құлдардан күңдерден көп ғибрат алуға болады. Бұлар
өздерінің бір ала-бөле жауыздықтарынан Құдайдың иə Пайғамбардың
қарғысына ұшырап, құл болып кеткендер емес. Бұлар сол жердің, судың ең
əуелгі түп қожалары, енді қалайша бұлай болды, жазықтары не деп
сұрасаңыз, жазықтары мынау: ол күнде адам баласы бірі біріне қара күш
жұдырық жұмсайтын еді. Қай халықтың жұдырығы қатты болса, сол халық
жердің де, судың да қожасы еді. Тып-тыныш отырған халықтың үстіне бір
жауынгер халық келетін еді де соғысатын еді. Жеңсе, сол жерге өздері қожа
болып қалатын еді де, соғыста жеңілген бұрынғы жер қожаларын құл етіп
жіберетін еді. Осы күнгі Мекке жерінде қожа болып отырған халық сол
соғыста жеңгендер. Енді құл болып, малша сатылып жүргендер сол соғыста
жеңілген бұрынғы жер қожалары тап осындай соғыс, осындай жауласу, тап
осы күнде де бар. Тек бұрынғыдай бірінің бірі шоқпарменен тық еткізіп
басына салып қалмайды. Бұ күнде бірін бірі мақтаменен бауыздайды.
Қайтіп жанының шығып кеткенін білмей қалады. Мұның мағынасы сол, бұ
күнде адам баласы бірінен бірі көріне тартып алмайды. Қару орнына өнер
менен ғылым жұмсап барлығын айыппенен жаулап алады. Бұрын
жұдырығы қатты халық қожа болатын еді, бұ күнде өнерлі, білімді адам иə
халық қожа болады. Өнерсіз надан адам, надан халық құл болады. Мұның
мысалы сол: бір Ибан қазақтың қалың жерінен лəфке ашады. Келген қазаққа
шайын беріп, арағын беріп, сыйлайды. Қазақ сонсын Ибанды дос көріп,
керек нəрсесін сонан алып жүреді. Сөйтіп жүріп Ибаннан несие сұрайды.
Ибан затының екі иə үш бəсіне несие береді. Борыш бастан асады. Берейін
десе, мал жетпейді. Ибанға сонсын бірнеше жыл срокке жерін береді. Жəне
ол жерді өзі жыртып, өзі егіп, өзі бағып, өзі орып беруге міндетіне алады.
Ибан əзірлеп берген бидайды тиірменге алып барып, тарттырып ұн етіп
алып қайтадан байға жер иесінің өзіне бұлдап тұрып сатады. Өз ақшасы
болмаса, несиеге береді.
Əйтеуір, соны борыштан арылдырмайды. Сөйтіп, ана байғұстың Ибанға
қызмет етуменен өмірі өтеді. Енді бұның аты құлдық болмай, не болады.
Жаным, қарасаңызшы, мынау қатар отырған халыққа, осылар ұйықтап
жатса, біз де ұйықтай берелік. Аның үшін екі ұйықтап жатқан халық бірін
бірі алып кете алмайды. Жоқ, енді олар қару-жарағын түзеп жатса, яғни
ғылым менен өнер үйреніп жатса, біз ұйықтап жатуға келісі келер ме. Олар
ертеңі күн сол бар қаруын бізге жұмсайды ғой, құр қол оларға біз не
бітіреміз? Біз барымызды өтірік дауға жұмсап тырс етпей қарап жатырмыз
ғой. Бұ былайғы халық бізше неге қарап жатпайды, осыдан қорқу керек. Біз
қарап жатқанда былайғы халықтың ғылым-өнер үйреніп жатқанын көресіз
бе? Осы біздің сорымыз, ертең барып соң аузына түсеміз. Біз малды
машақаттанып сол өнерлі халықтар үшін жинап отырмыз. Анау ел ішіндегі
лəфкелер – ол бір құрып қойған қақпан. Барғанда беретін ет пенен шəй – ол
қақпанның тіліне байланған қызыл жем. Дүниада біздің ас тастамайтын
мінезіміз бар. Сол мінезімізді біліп алып, құрғырлар əуелі асын береді, ас
берсе-ақ болды, Ибан орыс та болса қазақ, табиғатта бір жақсы кісі болып
шығады. Қазақ ішінде лəфкесі бар бір адам айтады: «Қазақ ет-шəйді тегін
берді деп кетеді, біз оны зат алғанда есепке саламыз» дейді. Жəй мəнісі
солай, талауға түскің келмесе талап ет.
Ғабдолла Көпжасаров
Қалай орнасу керек?
Орал облысының Гурьев ... ояздарындағы қазақтардың жерлері бегірек
жаман деп жүрген чиновник орыстардың өздері де айтып жүр. Һəм
бұлардың бұ күнде жаз уақытында көшіп барып бұрынғыдай жайлайтын
жерлері де жоқ. Орысқа кетулі. Артық кəсіп де болмаса керек. Жер жоқ, өнер
жоқ, кəсіп жоқ, осы лар қалай күнелтеді. Көзіміз көріп тұр, орыстар жер
үшін 1000 шақырым, онан да артық жерден көшіп келіп жатыр. Міне тұрған
Торғай облысының жерлері шетінен жақсы һəм кең, осы екі ояздың халқы
неге қарап отырады. Неге сол жақсы һəм кең жерлерге орнасып қалуға талап
етпейді? Бір жерден екінші жерге қоныс аударып көшудің тəртібі қазақ
хақында мынау: орыстар қазақ жеріне қазақ тарапынан бір ауыз сөзсіз
орнасады, себебі қазақ жері қазына мүлкі деп саналғаннан.
Енді қ азақ жеріне орнасам десе оған əр екі тарапында обществасынан
рұқсат ке рек. Онан басқа орнаса алмайды. «Бірлік болмай, тірлік
болмайды» деген қазақтың мақалы бар, қазақтың енді бірігетін жеріне келді.
Қазақ қазақтан жер қызғану жол емес, оның үшін бəрі бір кететін жер, онан
да қазақ елі орнасып қалсын.
Ғабдолла Көпжасаров
Мұхтарам «Қазақстан» газетасын басқарушы
Газетіңізге басуыңызды һəм жауабын да күтеміз.
Жерлеріміз бірінші 2-нші сорт болғанда, бір жерге жиыламыз деп жан
басына яғни ер адамдарымызға жер сұрағанда нендей ретпен уə нендей
орыннан сұрауға тиіс болады.
Бір болыстан 50-60 шамалы үй сұрағанда мүмкіндігі бар ма, иə болмаса
мұндай аз үй сұраушыға болмай ма? Қаратаев уə ғайриларының əзіріне жан
басына алған жерлері уақытына көре жарарлық көрінеді. Сұрағанда соларға
берілген жердің десятина есебіменен атап сұрауға ма, иə болмаса қалай
анық ашық жазуыңызды өтінеміз.
Ғабдолла бин əл-Камали
Ғабдоллаға жауап
50-60 үйге бола хүкім расход етпейді дейді қала салу үшін жер бө лдіріп
алушылыққа аз болғанда бір қисым керек (болыс). Білем деген адамдар
бұлай дейді: аз үй болсын, көп үй болсын, жақсы жерлеріне
үндемейтүндемей өздері-ақ қала салып отыра беру керек дейді. Қала
салғанда план таяқтан өлшеп алып, көше шығарып, ол көшені түзу
шығарып, кəдімгі қала етіп салу керек. Тек бір жер ге ұйлығып жиналуды
хəкімдер қала деп танымайды дейді. Һəм ол қаланы жақсы жерге жақын
салу керек дейді.
Отырықшы болудың бір пайдасы
Өзіңізге мағлұм, жер тарылды, бара бара мұнан да тарылмақ. Мал бағу, егін
салу тек уақытша кəсіп. Түпкілікті кəсіп, егер ілгері басатын халық болсақ,
біз үшін де сауда сату уə өнер болуында шек, шүбə жоқ. Бізден ілгері кеткен
халықтың жолы осы. Біз де осы жолменен бармақпыз. Дүниа қусаң сауда ет
деген пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу ғалейһи уассаламның хадис
шəрифінде бар.
Саудагер халқының бір сүйеніші болады, ол – қарызға ақша беретін банк
деген мекеме. Қандай бай адамдардың да зор іс жүргізуге бір өзінің қуаты
келмейді. Бұлар бойлай банктан қарызға ақша алып, соныменен іс етеді.
Ұңғыт саудагерлер былай жасайды: Алты яки он екі (6-12) ай срокке пəлен
мың сом банктан ақша алып, Мəскеуге яки Макаржиге барып, бір
фабриканттан (тауарды өз қолымен жасататын бай) тауар алады. Мінеки,
айталық ол фабриканттар он мың (10000) сомның тауарын саф ақшаға алса
жəне он мың (10000) сомның тауарын несиеге алады. Сөйтіп 20 мың сом
ақшаның тауарын елге алып келіп, борыштың срогі толғанша, яғни, 6 яки 12
айдың ішінде сатып үлгеріп, банкінің де, фабриканттың да өз ақшаларымен
абарод (айландырып) жасап, пайдасын көріп, өз ақшаларыменен өздерінің
борышын төлейді. Жə, бұ банк яки фабрикант қандай кісіге сеніп ақша иə
тауар береді? – Қандай бай болса да банк иə фабрикант бір жерде тұрағы
жоқ кісіге, иə халыққа инабат ете алмайды. Тұрағы бар адам деп саналады,
қалаларда үйлері бар адамдар.
Соның үшін саудагер халқы борыштанып, қарыштанып ең əуелі үй салады.
Неге десеңіз, саудагер халқының банксіз яки кредитсіз (несие) мүлде күні
болмайды. Енді банкпенен жалғасу үшін үйсіз болмайды.
Газета мұндай сырдан хабар беріп, қазақ байларының қаперіне салады: «Əр
кім өз тұсындағы сауда жақсы болатын қалаларға ең болмаса бір-бірден үй
салып тастаса, отырықшы тұрақты адамдардан саналып, сауда етуге ақша
керек болса жолдары ашық болар еді» деп. Ел ішінде де тəуір үйлер бар.
Бірақ даладағы үй қаладағы үйдің орнына жүрмейді.
Жаман жерде қалу жоқ
Қазақтар орыстарша қалаған жерінен жер ала алмайды. Жаман, жақсы болса
да бұрынғы отырған жерлерінде қалады. ... бірігуменен бір жерден екінші
жерге көшуге болады. Жерлері жақсы қазақтар отыра берсінші. Жерлері
жаман қазақтар қалай отыра алады: Жаман жерге егін еге алмайды. Кəсіп
жаман жердің айланасында қашан да болмайды. Əзірге күнелтер-ау, бірақ,
əзірден соң да ғұмыр ету керек қой. Жер əлі кең ғой. Осы жер кең тұрғанда
жерлері жаман қазақтар əр болысқа бытырап, болмаса бірігу бірменен
жақсы жерлерге орнасып қалуға болмай ма? Орыстар тəуір жер іздеп неше
мың шақырым жерден де көшіп келіп жүр ғой, бір болыстан екінші болысқа
яки бірінші ояздан екінші оязға көшу бұның қасында ешнəрсе де емес қой.
Бірқатары ойлайтын болар, ағайын-тумадан айырылып, бөтен елдің ішіне
неғып баралық деп. Ол бөтен ел дегеніміз кім? Баяғы қазақ баласы. Тек аты
яки руы басқа болғанға бөтен көреміз. Екінші малдан айырылған күні
ағайын-тума деп отыра аламыз ба? Тозып кетеміз ғой, сонда ағайынтума
қайда қалады? Өзіңіз білесіз, мəслихатқа түссін деп газета тек сөз қозғайды.
«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ (1911–1915)
1911 жылы 10 қаңтарда Тройцкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш
«Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы
жəне редакторы – М.Сералин. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан
1915 жылғы қыркүйекке дейін əуелгіде айына бір рет, 1912 жылдан соң
айына екі рет, 12-24 бет көлемінде шығып тұрды. Барлығы 89 нөмірі жарық
көрді, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
Троицкіде шығаруға рұқсат беру туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген
куəлікте басылымды төмендегі бағдарламамен басу көрсетілген:
1.Бас мақала. 2. Шет ел хабарлары. 3. Мұсылман өмірінен мəселелер. 4.
Хроника. 5. Фельетондар мен өлеңдер. 6. Библиография жəне ғылыми
мақалалар. 7. Əртүрлі хабарлар мен редакцияға хат.
«Айқаптың» бірінші бетінде елдегі жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші
жəне үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттары
басылып тұрды. Төртінші, бесінші, алтыншы беттерінде проблемалық
мақалалар берілді. «Фельетон», «Хабарлар» айдарлары журналдың орта
тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма ескертулері мен
рецензиялар соңғы жағынан орын алды.
М.Сералинмен қатар Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың
рухани жетекшілеріне айналды. 1911–1912 жылдары Ə.Ғалымов, 1913–1914
жылдары С.Торайғыров журналдың жауапты хатшысы болды. Басылым
бетінде М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.Кемеңгеров,
М.Ж.Көпеев, А.Мұсағалиев, Б.Сыртанов, С.Лапин, Н.Манаев, С.Дөнентаев,
С.Сейфуллин, С.Көбеев, Ж.Сейдалин, Б.Бекжанов сынды тұрақты
авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
Қазақ өкпесі
Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа
келген нəубəттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, əркімнен
көріп өкпелейді. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп
үкіметке өкпелейді. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген өткендерге
өкпелейді. Төменде қазақ өкпелеушің жөн бар ма, жоқ па – соны
жазбақпын. Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның
атасы. Атад ан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта
тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық əулиелік қажет емес.
Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бəрі қарайлас тең заманда қазақ та қалтқұлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым, өнерді
керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған.
Өзге жұрттар ілгері басқанда қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан
жұрты мықты мемлекеттің жаныңда өз алдыңа хан болып тұруға көп күш
керек екен; ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын
қарашаға теңгеру жеңіл болмаса да, өз алдыңа жұрт болып тұра алатын
болмаған соң, хандарымыз халқыменен Россияға қосылған. Қазақ жерінің
қазыналық болғанына өкіну – білмегендік. Əуелі – қазыналық етемін
дегенде көнбеске шара жоқ. Екінші, жер өзінде болса қазаққа пайдалы емес,
бəле болар еді. Жер өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз бе? Жері
көп, малы көп естек, көрінбейді ғой. Шаруа жерімен бай, жерден айрылған
соң, жұмыс біткені. Естекті жерінен жұрдай ғып түбіне жеткен надандық
пен жалқаулық. Шай, шекер, шүберектей болмашы нəрсеге сатып, естектер
жерін тауыпты. Жерден айырылып, шаһар-шаһарға тозып тентіреп кетті,
кетпегені кедейліктен жүре алмайды. Тұрған шаһарының көшесін
сыпыратын, қорасын тазалайтын, отынын жаратын, боқтығын таситын
ғайри қара жұмысын қылатынның бəрі болмаса, көбі естек (башқұрт).
Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі
болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар? Айтатын адам
болса, тыңдауға бармын, істемейді деп айтуға жоқпын. Қазақтың əлі күнге
жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін
тойғанына мəз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып,
ертең тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жерді жалдаудан
тартынбағандар сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата
алмады, жалдаудан тартынып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ
облыстарындағы мұжық қалаларының көбін хакім қондырған жоқ, қазақ өзі
қондырған. Естектер сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, жер жалдап
мұжықты ішіне кіргізген өзің емес пе? Өзің қондырсаң, дұрыс та, хакім
қондырса бұрыс па? Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе
түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұртиғаннан
ешнəрсе өнбейді. Іс оңға басарлық қылығыңжоқ. Амалыңды түзет,
түземесең ешкімге кінə қойма? Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе?
Ниеті жа манның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол бір
халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім
жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да
қабыл көрер ме? Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Т
елміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды. «Қараған қарап қалар»
деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескертетұғын қазақ жоқ.
Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер баршасы қазақта болар еді.
Олардың бірі де көрінбейді. Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақтан
айырылатын емес. Надандықтың, кесапаты əр жердеақ маңдайымызға тисе
де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай-ақ келеміз. Олжалы
жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жер де орыннан қағылғанымыз,
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бəрі надандық кесапаты. Сонда да
соны ғылым, өнерден артық көреміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін
қазақ ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар? Дүниеде теңге
теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге
теңгеретін жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ
аз. Теңдікке қолы қалай жетсін! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге
өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.
Ахмет Байтұрсынов
Тағы да жер жайында
Қазақ осы күнде қалың орманға кіріп, адасқан адам секілді, қалай жүрсе
жөн боларын білмей дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді жол табылмады.
Енді тоқтап тыңдап-тыңдап, қандай-қандай дыбыс шығар деп құлағын
салып тұрған əркім шама-қадарынша адасқанға айғайлап дыбыс берген
сықылды үнін шығарып, ойын айтуға міндетті.
«Айқапты» басқарушы мырза өз ойын жұрт алдына салды, мақұлдағандар
нешік мақұлдап, мақұлдамағандар не жөнменен мақұлдамайды, ашып
айтуға тиіс. Қазірде аяулы жерді алып қалудың қайласы жалғызақ сол
жақсы жерге қала салу, бұл қала салу деген сөз қазақтың бəріне айтылған
емес, егін салып, күн көрерлік жері бар қазақтарға айтылған сөз, мұны
мақұлдамайтұғын адам аз шығар. Талас болатұғын «Сұрап салалық» деген
сөз. Сұрап салғанды қолдайтындар да бар, қолдамайтындар да бар.
Сондықтан сұрамай салғанда қандай залал болса, сұрап салғанда қандай
пайда бар?
Осыны тексеріп, қарастырып, екеуінің біріне сөз байлансын. Əуелі сұрап
салу жайын қарастыралық, осы күнде екі түрлі сұрау болып жатыр, біреулер
баяғыдан бері қыстау салып отырған жерлерін алып бара жатқан соң
мұжықпен қатар жан басына он бес десятинадан жер кесіп беріп, орнымнан
қозғама деп сұрап жатыр. Біреулер өзгелердің жерін алып жатқанда біздің
жеріміз де аман қалмас деп алдын ойлап, қала салуды сұрап жатыр. Бұларға
жер қарастыратұғын мекемелердің айтатұғын жауабы «жерлерін алуға кесіп
жатқан жердің жанында болса, жер кесушілер сендерге де жер кесіп береді,
жанында болмаса, сендер үшін арнап жер кесуші шықпайды. Жер
өлшейтұғын, кесетұғын адамды өздерің жалдап апарып істетіңдер» – дейді.
Солай болған соң мұжыққа кесетұғын жерге жері жақын қазақтар жерін
кескізіп алып жатыр, жақын еместерінің берген арыздары үйіліп босқа
жатыр. Пəлен жерде пəленше пəлен еткен дегенге сырттан құры дыбысына
құмарланбай, жанына жақын барып қарап, көзімен көріп, қызығарлық іс
болса, құмарлансақ екен. Əуелгі істеген істің қатесі көп болатұғын, қатесін
көріп кейінгілер істемес үшін. «Орынборская» газетаның биылғы
отызыншы нөмірінде біреу жазыпты: «Орал мен Торғай облыстарында
мұжыққа жер алып беруге істелген жұмыстар зор, қолайлы іс болып
байқалып тұр. Мұның, қолайлы болған себебі, қазақтар мал шаруасының
қалып мөлшеріменен орналасқан жоқ. Мұжық ретімен орналасты (еркек
басына он бес де сятина), қазақтар көшкін қалыптан тұрғын қалыпқа
шығуға бек ықыласты болды. Мал шаруасының мөлшеріменен жер алуда
мұжықпенен қатар жер алуды артығырақ ұнатты. Тұрғын болған қазақтың,
ішіндегі малы көп байлардың шаруасын шайқалтпас үшін қалалардың
оброчной статья ретіндегі жерлер қазірге хақысыз беріліп тұр. Осы реттің
қолайлы болғандығынан неше мың көшкін қазақ мал шаруасынан қол үзбей
тұрғын-егіншінің қалыбына кірді. Қазақты риза қылып орналастырғаннан
кейінгі артық қалған жерге екі жүз мың мұжық келіп ор наласты. Бұл сан
қазақтар тұрғын қалыпқа шықпағанда орнарлық мұжық санынан талай он
мəрте артық. Бұл істің, əсіресе, көңілді қанағаттандыратұғын жері қазақтар
осыған бек риза болып жа тыр һəм хал-ауқаты артыла бастағанын көзіміз
көріп тұр», – депті. Орынбор газетінде жазылған сөз осы, бұл сөздің
қаншасы рас, қаншасы өтірік əуелі құдай, екінші ризалықта мəз болып
жатқан қазақтар біледі. Бізге расынан өтірігі көп көрінеді. Сұрап қала
салудың осындай өтірік сөзді «құт» деуге керегі болмаса, өзге пəлендей
қажеті бар деп өз басым айта алмаймын.
Степной положенияның, жүз жиырмасыншы статьясы бойынша жердің
басы патшалық болғанмен шөбі, суы қазақтікі, қазақ жерді патшалықтан
сроксыз арендаға алған қисабында. Жалдап алған жеріне үй сал, қора сал,
мал жай ықтияр өзіңде емес пе?! Өз қолында тұрған жерге қала салам деп
өзгеден сұраудың не жөні барын ұқпаймын. Қазақ ісін нық істейтұғын
халық болса, қазақ қолындағы жерге қала салуға ұрықсатты өзгелер
сұрайды. Қазір де қазақтан жерді ұрықсатсыз алып жатса, жол мен
жолсызды араластырып, жол сықылды көрсетіп алып жатыр. Əуелі үлкен
ауылдағы бар күшті ауыл жеріне келіп басып қонғанда нашар ауыл оған не
істейді? Мал-мүлкі түгіл, жан-жамағатына ие бола алмайтұғын жамандар
дүниеде аз ба? Екінші жоғарыда айтылмаш жүз жиырмасыншы статьяның
приминаниясында қазақ жерінің артығы болса, артық жер деп алып жатыр.
«Жеріміз ортақ» деп көрсетіп отырған қазақтың өзі. Қазақтың жер жалдауы
– жеріміз артық дегені емес пе?! Мұжықтарға қарасақ, олар жерін мал
жаюға жалдаса да егін салуға жалдамайды. Егін салатұғын жерді өз жері
болса да қазақтан жалдайды. Неге олар жерін мал жаюға жалдайды да, егін
салуға жерді өзгеден жалдайды? Əуелі өз жерін тың сақтау үшін «Жер
өзгеден табылып тұрғанда өз жерім тың жатсын» – дейді. Екінші мал
жайылған жер тозған жер болса, жаңарады, жаңа жер болса семіреді.
Мұжықтардың ісі ақылға да, есепке де тура келеді. Қазақ жалдағанда не ой,
не есеппен жалдайды, ұғып боларлық емес.
Жалдау жайын сөйлеп сөзді көбейтпейін «Айқаптық» орны тығыз. Сөз
санаулы боларға керек, жоғары айтылған сөздерді қорытып айтайын егінге
жайлы жерді алып қаламын дегендер қала салу керек. Қала салуға бел
байлағандар сұрап əуре болмасқа керек. Жақсы жерге жиылып қала салсаң,
сен неге салып жатырсың, дейтұғын ешкім жоқ. Қазақ қалаған жеріне қала
болып отырса, мешіт медресе салса, қаланың маңайындағы егіндік жерлерді
өлшетіп планға түсірсе, өлшеген жер артылмастай көп болып жиылып
отырса, қалаңды бұзып, мешітіңді қиратып, жеріңді ала қоймас, аламын
десе, сонда ізден. Қала салуға қазақ мойын қойса, баяғы тіленгіш ғадетін
істемегенде басы ауырмайтын болса, қала салам деп сұраудың, орны жоқ.
Қазақтың, жерін алғанда жалғыз-ақ артық деп шығарып алып отыр, қандай
өлшеуменен, қалай өлшеп артық дейді, ол бек қараңғы нəрсе. Аларман жағы
аларлық артық бар дейді, алдырман жағы сен өлшесең, мен де өлшедім
артығы жоқ деп көрсетерлік дəлелді қолында нəрсесі жоқ. Бұл қазақтың
баяғы қай ісінде болса бос ұстайтұғын ғадеті, жаманды ретін тауып еш жем
қылмайды.
Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың Сарыарқа деген жайлары...
Қазақтың Сарыарқа деген жайлары жер мөлшерін айтатұғын жағырафия
кітаптарының айтуы бойынша бір миллион алты жүз алты мың, алты жүз
сексен жеті ( 1 606 687) төрт бұрышты (шаршы) шақырым бір сахара. Ішінде
арғы заты Түрік нəсілден қазақ тайпасы төрт жүз жыл шамасынан бері
қоныс қылып келген.
Мың сегіз жүз алпыс сегізінші жылда жаңа закон шығып, заң өзгерілді.
Көбінесе осы кейінгі он бес жыл ішінде Орал тауының ар жағынан
Қарашекпен келіп, қала сала бастағаннан кейін қазақтың жері тарылды.
Терең, мөлдір суларынан, көкорай көк шалғын жайлауынан, ойып шабатын
шабындысынан, қыс пана, жаз сая ағашынан айырылып, көшпес кент,
ұшпас тауыққа айналып бара жатыр. Оның бер жағында соққыға жығылған,
таланған, жараланған... бейшаралар көбейіп тынышы кетіп тұр.
Ары-бері айтылған сөзі тыңдалмаған соң жұрттың көңілі суып, ықыласы
қайтып тым-тырыс жатып алды. Сөйтсе де менің ойымша қазақ баласы
өзімізде көп кемшілік, жетпей жүрген нықсандық бар деп білемін. Қалай
десеңіз, ең əуел мұның сұрауы жеткен жоқ. Бұрынғылар білмей айтып па:
«Сұрай білсе, бермейтін нəрсе болмайды, сөз жүйесін тапса, мал иесін
табады» деп Екінші түгел үш жүздің баласы «ау» десіп ынтымақ қылып,
сөздің түйінін бір жерге байлап, осы жұмысқа ынта көңілімізбен
кіріскеніміз жоқ. Құры анда-санда:
Айқай заман-ай,
Кеттің қайырылмай.
Көрсеттің жапанды,
Тартқыздың қапаңды.
Сұм-дүние жалған-ай! –
деп заманға тіл тигізіп, онан қалса: «Қайтерсің бұл қарашекпенді алды
жерді-суды түбімізге жетті. Сорды ғой қанды, алды ғой жанды», - деп
хақолмен ұрсып жүрсек те əлі де көзін ашқан, ғафл ұйқысынан оянған қазақ
баласы жоқ. Заманымызда өлдім-талдым дегенде сағынып көрген «Айқап»
журналының екінші нөмірінде осы турада сөз жазылған соң біразырақ
мұңды, көңілдегі қамшерді жаздым. Егерде көп болып бұл іске шын
ниетпен кірісіп жоғарғылардан сұранамыз деген күнде тəртібі былай болса
керек. Əуелі əрбір болыс басына бір инабатты доверни сайлап, бұлар
үстінен ояздан бір өкіл сайлауға керек. Оязный өкілдер облыстан екі жағы
бірдей суға салса батпайтын, таудан, тастан жүрегі қайтпайтын, көп үшін
жанын қиятын депутат сайласын, бұл депутаттар əр уақыт Петерборда тұру
керек, расходтары көптен болсын. Үй басы он тиыннан... Кейінгі болыс,
довернилер жиып, тапсырып тұруға тиісті. Екінші бұл төменгі өкілдер
қарап жай жатпай патша ағызам есіміне, жер министрі һəм министрлер
бастығы есіміне арыз беріп... көнгендей қылып сұрау керек. Ең болмағанда
жаз жайлау, қыс тебінгіден басқа ер басына отыз десятинадан сұрауға тиісті.
Бұл екі жағына да жеңіл, содан кейін қала салу қашпайды ғой. Міне, осы
ретпен сұраған күнде асса бес жыл, қалса екі-үш жыл ішінде қазақ баласы
бірыңғай болып қалу орайлы. Не қылса да жатқанмен іс бітпейді, жата
берсек, қазақ атымыз жойылып, кейінгі сорлы əулеттеріміз байлардың
қорасын, көшесін тазалайтын, малын бағатын... екі көзі төрт болып... не
тұқым жұрағат жоқ, күйген үйдің орнындай болып қалуы шексіз-дүр. Оның
бер жағында əр жерде қала саламыз деген ауыздарында бар көрінеді,
меніңше, бұлардікі асығыстық. «Көппен көрген ұлы той», «он бес
десятинадан жер алып қала салғанмен жұрттан асып кетпейді, бірақ
ұлықтың көзіне түседі, закон жыл-жыл сайын өзгеріп тұрады. Білген
адамдар мемлекеттің əр жағына бірдей қарарға керек. Дүние құбылмай
тұрмайды «бірде к.... бірде бетін береді» деген сықылды. Неше түрлі уақиға
болып өтер.
Шаһмардан Əлжанов
Біздің бұрынғы һəм қазіргі халымыз
«Заманың түлкі болса, тазы болып қу»
(Қазақ мақалы)
Біздің бұрынғы өткен аталарымыз кең сахараның бір жағынан екінші
жағына көшіп жүріп, мал бағып, шаруашылықпен күнін көрген. Ол уақытта
қысқа қарай мал шаруасы үшін шөп шабу, жылы қора істеумен, өзі үшін
жылы үй əзірлеу, егін егумен жұмысы болмаған. Тек табиғаттың даяр
дəулетін пайдаланып жүре берген. Бірақ сондағы өз заманыңа ылайықты
шаруашылықты түгел жеріне жеткеруге тырысқан. Жаз болса, жазық
сахараға жайлап, көкорай шалғынға мал жайып, айдың көлден суғарып,
маса, сона, шыбын-шіркейден аман болып күнін көрген. Қыс болса қалың
паналы һəм қысы жұмсақ болатұғын жерлерді сағалаған. Осы заманымызда
кенет соғып кететұғын сұрапыл боран, жел, жауын, ағын, сүргіндер ол
заманда да болып тұрған. Сол сұрапылдарда шаруа бар малынан айырылып,
ақ сирақ болып жұтқа ұрынған. Бар күн көрген тіршілігі малдың арқасында
болған үшін ондай жалпақ жұрт қазақ үшін тым-ақ қатты соғылған.
Мінетұғын көлігінен, сауатұғын сиырынан айырылған жұрт шұбырып
тамақ асырау үшін шəһəрлерге келген, Араларында тамақ асыраулары
қиындыққа қалған соң, өздерінің ғазиз балаларын бір пұт ұнға сатушылар
да көп болған. Кедейшілік деген тас бауыр пенденің еркелігін көтере ме?
Құр ат мініп, қазы-қарта, жал-жая жеп, қымыз һəм айран ішіп, шайқалып
мас болып, нанды «шөптің басы» деп менсінбей жүрген мырзаларды
ашаршылық деген дұшпаны қара жерді тырнап, əлгі менсінбей жүрген
«шөптің басын» іздеуге желкеледі. Шара жоқ, аштық не жегізбейді, қазақ
ашаршылықтың арқасында егін егуді үйренді. Егін егіп, тамағын тойдырып,
артылғанын сатып малға айналдырған шаруа малын қатты қыстарда аман
сақтау үшін шөп шабуды үйренді. Сұрапыл дауыл боран соқса, малын
паналату үшін қора-қопсы салуға, өз бойын да жылы сақтау үшін жылы үй
салудың пайдалы екендігіне де түсінді. Мінеки, осылардың бəрі «жұт
тышқан», «жұт қоян» жылдарының қазаққа үйреткен сабағы, бұрын табиғат
не берсе, тіл қайырмай жүре беретұғын бейшара қазақ, енді сол мейірімсіз
табиғатқа қарсы тұрып алыса бастады. Қазақтың иждиһатымен сахараның
байлығы бірге қосылып алған соң табиғаттың оқтын-оқтын жіберген
сұрапылдары елге бұрынғысындай қатты болып соғыла алмады.
Осылайша етіп өзін-өзі жұртшылық һəм ашаршылықтың тырнағынан
құтқарып алған соң, жұрт дамыл алған секілденіп, өзін-өзі ілгері сүйреуге
ұмтыла қоймады. Қолындағы бар дəулетіне мəз болып жата бергендей
болды. Орыстардың бір мақалы бар: «пока гром не грянет, мужик не
прекрестится» (күн шартылдамай тұрып, мұжық шоқынбайды) деген. Сол
секілді қазақ халқы жұтшылық һəм ашаршылық деген екі жауынан
құтылған соң, енді қайтіп дүние керек емес, ісі біткен адам секілді, көрпесін
қалың жамылып, ұйықтап жатып алды. Ашаршылық деген жау кімге дос
болсын, біздің қазаққа болған «жұт қояндар» ішкі Россиядағы мұжықтарды
да аман қойған жоқ. Оларға «жұт қояннан соң да жылдар жайсыз соғып
халықты жұтықтырды. Егін егіп, шөп шауып, ғайыры əртүрлі... Өздерін
өздері табиғатқа қарсы тұруға үйреткен бұл халықтың бұлайша
ашаршылыққа жолығуы, жұрт-тың бас адамдарын ойға қалдырды. Егін,
шөп неге шықпайды деген сауал əрбір адамның пікірін қозғауға себеп
болды.
Ойшылдардың тапқаны мынау болды. Ішкі Россияда мұжық қолында жер
аз, халық жылдан-жылға көбейіп артып барады. Соның үшін аз ғана жер
көп жанды асырай алмайды. Бұл қиыншылық халден құтылуға екі түрлі жол
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.