Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19

Total number of words is 4128
Total number of unique words is 1937
31.4 of words are in the 2000 most common words
43.6 of words are in the 5000 most common words
49.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Депутаттар жазған закон шарты 30 депутат қол қойғаны. Бірнеше депутат
жиылып закон жобасын кіргіземін десе, қолда 30-ға толтыру қиын емес.
Есікте отырып, төрдегі тілмəшқа таңбаңды сала сал деген қазақша,
депутаттар жолдастық хақы үшін закон жобасына қолды қоя салады.
Мына мұсылман депутаттары кіргізген қазақ закон жобасына қолды қоя
салады. Мына мұсылман депутаттары кіргізген қазақ закон жобасына 60
депутат қол қойған. Оның ішінде Маликов, Гушков бар. Дума
комиссиясының жиылысында закон жобасын қорғау міндеті алдымен қол
қойған депутат мойнында. Сералы, Елжан закон жобасына қол қойған
Қ.Тевкелев, Г.Думада һəм мұның комиссиясы закон-жобасын қорғау оңай
жұмыс емес. Қ.Тевкелев қазақ жерін қазақ өмірін ізденіп, оқып, тоқып
білген жүйрік емес. Закон жобасын Г.Думаға кіргізгенде, қазақ жабысқан
соң, біз қол беріп бұларды тартпасақ, кім тартадыны ойлаған. Закон
жобасын тілеген қазақ өзі дəлел тауып берер деп, Сералы мен Елжанға
сенген. Бұлар жүкті мұсылман депутаттарына аударып тастап, «елді алдап,
Еділді алдап, есіріп» үйге қайтып, үш жыл тыңқиып жатып, «он төртті тоғыз
қылып отыр». Комиссияда осы қазақ жобасы қаралатын кезең үш жылда
неше рет келгенде, Қ.Тевкелев бармай, амалсыз бұғып қалатын. Үшінші
Г.Дума тарағанда Дума қарайтын закон рəсімімен біздің закон жобасы
шіріген. Мұндай закон жобасы көп болады. Еврей депутаты Неселевич 166
депутатқа қол қойғызып 3 Г.Думаға закон жобасын кіргізді. Еврей жұртын
қамаудан шығарамын деп. Бұл да Г.Дума тарқағанда шіріді. Бұл законды
саясат жолындағы əдіс қана деп Г.Думаға кіргізген. Мұны бір еврей закон
болады деп ойлаған емес. Олар біздей қап, қағанға соқыр емес.
Сералы, Елжан закон жобасы мен себеп болып законға айналмаған екен.
Г.Дума закон шығаратын кілті менде екен. Үш жылдың ішінде
шырақтарым-ау, өздерің қайда едіңдер? Жеті тиындық хатпен неге
сұрамадыңдар? Біздің закон жобамыз қайда жатыр деп. Сералы Петроградта
тұрады, телефонмен Қ.Тевкелевтен біздің закон жобамыз қайда деп сұраса
қиын ба? 1911 жылы қысты күні Бақытжан Петроградта Фонтанка мен
Морская орамдағы үйге қақы кесе бармап па еді. Петроград мешітіне негіз
салғалы барған мұсылман депутаттарын сонда көрмеп пе еді? Сонда біздің
жоба қайда деп сұраса болмай ма еді? Осыны білуге мұсылман сиезіне бару
керек пе? Үстіп те дені сау кісі қалжырай ма екен? Адасқанда менің
етегімнен ұстамадың деп мені кінəлайсыңдар. Мен қазаққа қызмет
қылғанда соқырға еремін деп уағда беріп пе едім. Кісі өз басына істеген іске
шеберлік шарт, жұрт үшін істеген іске ақкөңіл, кір жұқпайтын мінез шарт.
1908 жылы мен абақтыдан шығып, үйге қайтқанымда маған марқұм
Ерахмет Алдабек баласы бір қағаз көрсетті. Бақытжан Қаратаев Сералы
Лапин «Алаш» атты қауым жасап қазақты біріктірмек болыпты. Мұның
ішінде сен де бар деп жазып отыр, бұл рас па? – деді. Мен мұны білмеймін,
мен мұнда жоқпын дедім. «Алаш» деген баспа жүз сомның қағазы Рахмет
қолында көрінді. 1910 жылы «Жалғыз сен жұрт үшін қызмет қылдың» деп,
Бақытжан маған хат жазды.
1913 жылы «Бір көргенде сөзіңе риза болып, үміт етіп едім» деп Жиһанша
маған хат жазды.
Мұсылман сиезіне Бақытжан мені мұқатамын деп, ыстықта жүк артып
қуған сиырдай болған. Бұл Əлиханға аз болды деп, енді он төртті тоғыз
қылмақ болдыңдар. «Борыш көркі төлеу» деген орыс мақалы бар.
Қоянды базарында бір топ кісі саулап келе жатыр едік. Тəтжан атты бұтқа
салып жіберіп, ұн сатқан хахол арбасын шыр айналды. Мұның қалай
дегенде, мынаның қарамай шалбарынан үркіп жүрмін деді. Мен сендердің
қарамай шалбар сияқты мінездеріңнен үркіп жүрген жоқпын ба?!
Қашқаныма шимайлы ғұмыр жолы қоймай түзде сендерге жолым кез
болып, қайынмал інген қуғандай болғаным жоқ па? Х.А.Бақытжан, Сералы
«Алаш» деп бұлдыратып жүргенде, мен абақтыда жатып қазақ жері туралы
жазған мақалаларым «Сибирские вопросы» деген орыс журналының мына
нөмірлерінде: 16, 17, 18, 21, 22, 27, 28, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 45, 46, 47, 48, 1908
жылғы деп қол қойған. Орысша хат білетінің оқып қара.
«Айқап» басқармасына: «Айқаптың» 14 нөмірінде Сералы, Бақытжан һəм
жолдастарының хаты басылды. «Астары мен үсті бірдей болсын» деген
француз жұртының жақсы мақалы бар. Мынау мақаланы «Айқап» көшіріп
басар деп үмітім бар.
Жұртқа белгілі 9 июнь 1909 жылғы совет министрінің насихаты 9 июньде
шықты. Сералы, Елжан екеуінің закон жобасы Г.Думаға 14 июньде кірді.
Əлихан
Басқармадан
Бұ қалай?
Бақытжан Қаратаев қаласында 4-5-тей-ақ үй қалды. Өзге қазақ көшіп кетті
деген біз хат алдық. Қаратаевты тастап кеткен қазақ жері мұжыққа беріліп,
енді Бақытжан хахолға ақсақал болды дейді. Жымпиты, Шідертіге бас
болып Бақытжан 1910 жылы 15-тен жер алғанда бұларға (Бақытжан
қаласына) таңдама жақсы жер, өзгеден артық енші берді деп еді. Жер аяулы
жақсы болса, Бақытжан қаласынан бар қазақ неге үрікті Бұл хабар рас
болса, Бақытжаннан ауған қазақ қайда кетті? Осыны біздің «Қазаққа»
жазатын тілші табылар ма?
Ішкі хабарлар
Елден
(Өскемен уезі, Шыңғыстай болысынан)
Бұл Шыңғыстай елі Алтай тауының салаларына шашылып, көшпелік
қалпында тіршілік етіп отырған мың жарымдай үй. Болыстары һəм
қазақшылық жөніменен де билеушісі Ғабдолкəрім мырза Ережепов дейтін
ашық пікірлі, заманға қарасы түзу бір адам. Бұл жерде басқа ішкерірек
қазақтардан гөрі, білім-ғылым қонысы шалғайырақ қалған. Ғабдолкəрім
мырзаның саңылаулылығы арқасында орысша-қазақша училище һəм
ауылный школ көптен ашылған болса да, оқушының берекесі аз. Екі класты
школдарына қазақ баласы аз түсетін болғандықтан, даяр стипендияға орыс
балалары алынып тұр.
Екі жол
Бұрынғы ескі тарихты оқығандар біледі: адам баласы біріне-бірі хүкімет те,
біріне-бірі қолдау да болған. Құранда бір ер құны 2 əйел құны, кісі өлтірген
адам бір құлды азат қылсын, дейді. Екінші қатын орнына қатын дəрежесінде
əйел алмай, ат шалдыру үшін күң ал деген. Бұрын адам баласы қазына, мал
есебінде болған. Біздің қазақ төрелері, атақты бас адамдары баласының
қалың малына, қызының отауына құл, күң тіркеп берген. Орыстың
дворяндары да 1861 нші жылға шейін мұжықтарды мал есебінде, бұйым
есебінде тұтынған.
Əр заманның рəсім, өз салты бар. Адам баласы құл кезінде салтында құқы
үшін таласа-тартысу болмайды. Құқы үшін таласу-тартысу орнында жылау
болады.
Бұл бір жол.
Ғұмыр сапары қанша жанды келтіретін шабан болғанмен беті тарқы
жолында. Жаңа тарихқа көз салғандар біледі: құлдық жоғалды, адам
құрдастығы теңелді. Тұрмыс жүзінде құлдық иісі мүңкіп тұрса да, (мысал:
сары түйме көргенде қазақ пен мұжықтардың басты шұлғып, құрдай
жорғалайтыны) жазылған закон жүзінде адам баласы – құрдас. Біздің
замандағы салт, əркім хұқына таласу, хұқына тартысуы болды.
Жылау салты артта қалды. Ендігі рəсім, хұқы үшін жылау емес, хұқын
талас-тартыспен қорғау.
Міне, бұл екінші жол.
«Заманына қарай амалы» деген, бұл заманда жылап мұратқа жетемін деу аш
түйенің күйсеуі болады. Атқыштың асығы түгел деген. Талас, тартыс, ақыл
мен шешен сөзбен. Көлденеңнен келген көк атты құлағына тағарлық
дəлелмен жарыс. Жарыс, күрес байымы бəйге, мұның гүлі хұқ. Хұқ
құрдастығын алатын өзге жол жоқ.
Ертіске біздің қазақ Түркістаннан қайта келгені 18-нші ғасырдың бас
жағында. Бұл «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін болар.
Қайта келді дегенім: «Қазақ Шыңғыс хан жорығында Ертістің күншығыс
жағынан Түркістан, Еділ, Жайық өткен. Арғын, қыпшақ, уақ, керей айтып
жүрген тарих сөзіне қарасақ, Ертіске алдымен қанжығалы, бəсентиін,
қыпшақ келген. Бұл қазақ айтып жүрген сөз Ф.А.Щербина
экспедициясының кітаптарында табылады. 1864 нші жылы Г.Н.Потанин
Омбы абақтысында отырып, Омбыдағы западный Сибир генералгубернаторларының мекемесіндегі архивті (ескі қағаздарды) қарастырған,
Потанин сонда қазақ тарихы туралы тапқанын Карл Риддердің «Азия» деген
кітабына қосымша қып басқан. Осы «Азияда» көрінеді: Қыпшақ Қошқарбай
батыр 1735 нші жылы Ертістің күншығысындағы жоңғарды Об өзенінен
өткізе Алтай тауын асыра қуған. Қошқарбайды мақтаған сөз осы күнге
шейін Об өзені бойында Алтай тауында орыс мұжығы ішінде орыс тілінде
сөйленіп жүр. Қошқарбай ұрпағы Омбы уезі, Шарлақ қаласының аузында
Қараөзек деген жерде. Ақмола округінде аға сұлтан болған. Ыбырай атасы
Жайықбай Қошқарбайға келіп паналаған. Есілге Қараөзектен ауған башқұрт
болар. Қазақтың Ыбырайды естек дейтіндері де содан.
18-нші ғасырдан бері қазақ Ертісті күншығысына өте жайлап, мекен қылған.
Барнауыл уезінде кабинеттен енші алған қосайдар қыпшақ, мұның көршісі
бəсентиін сол кезде Об өзеніне барып қалған жұрт. Ертістің күн батысы
қазақ қонысы болған. 6-ншы мартта 1802 нші жылы біздің патша бəсентиін
төресі сұлтан Шаншар сұлтан Мəмет баласына (мұның атасын Шаһкерім
шежіресінен қара) грамота қағаз берген. Осы грамотада Ертістің
күнбатысынан Шаншарға өзіңе қараған қазағыңмен мекен қыл деп,
қаншама жер атаған. Бұл күнде ол көп жер түгел Шаншардың өз орны
Подпускной қаласына жақын казак-орыс офицерлерінің пайдасына участке
болып кетті. Шаншар қыстауы Кереку мен Семей арасындағы пошта
жолында болады. 1908 нші жылы март ішінде осы жолмен өткенде таудың
бетінде Шаншар ұрпағының сырлы бейіті һəм Ертіс қабағында боп тұрған,
қазына ақшасына салынған шаншар мешіті көрінді.
Шаншар төре 1819 ншы жылы опат болған. Қазақ жерінде жатам деп тілеп,
Ертістің күнбатысына қойылған. Бейіті жер боп кеткен. Жер Шаншар тамы
аталады, қыстауынан көрініп тұрады. Шаншар төренің грамотасы
молдасының қолында кетті деген өсек бар. Шаншар о бастан-ақ молдаға
жарыған емес. Бұрын Шаншар қолында Тобыл ноғайы Тасболатбек Болат
баласы болған. Бұл Шаншарға имам болып жүріп, ақша алып, шпион
(тыңшылық) іс қылған. Ана молда алып кеткен грамота сөзі белгісіз
Мына закон грамоталар законге бір жазылады. Құралына жазылған Шаншар
грамотасында жер аты жоқ. Аталған жерде отырады деп бітеу айтылған.
Бірақ мұнда тозбайтын бір сөз: патша келешек опатта қорған болам деген1.
Семей, Кереку уезін жазған Щербина кітабынан көрінеді: Ертісте бір-екі
қазақ патшадан план арқылы жер алған. Осы жерлер бəрі Ертістің
күншығыс жағы болады. Күнбатыс ғұмыр жүзінде қазақ жері. Күнбатыс
қазағы Ертіс бойындағы казак-орыс қаласының малын қуып алып,
тынышсыз болған соң, Ертіс бойындағы қалалардан қазақтар он шақырым
жырақ жүрсін деген жарлық шыққан. Бұл жарлық қазаққа онда қысым
болып көрінген жоқ. Жарлық құр қағаз бетінде қалды. Қазақ бұрынғы бойда
Ертісте отыра берді. Ғұмыр жүзінде жанаспаған жарлық пен закон салдары
осы. 1839 ншы жылы жер өлшеуші жүріп, Ертістің күнбатысынан қала-қала
тұсына он шақырым қылып, десятиверстная полоса деп жер кесті. Бұл да
қазақты қысқан жоқ. Қазақ бұрынғы ата қонысында отыра берді.
Бірақ мұнан кейін қазақтан казак-орыс пайдасына аз алым алатын болды.
Ертіс көп, жұрт казак-орыспен жақын отырып бірге төлейтін ақша аз болған
соң, шаруа мұны елеген жоқ. Онымен он шақырым Ертісті қоныс қылған
қазақ 19 ншы ғасырдың аяғына келді. Жылдан жылға қазақ орысқа беретін
алым көбейіп, шаруаға зор салып болды.
Щербина кітабына қарағанда он шақырымда отырған жалғыз Кереку қазағы
жылына жер үшін казак-орысқа 90 мың сом шамалы алым төлейді. Бұл
шығын қазақ шаруасын қысты. Бірлі-жарым қазақ арыз қылып, алым
жеңілдетуді ізденді. Военный министр Куропаткин 1900 ншы жылы Ертіс
қазағына Д.И.Левкин деген офицерді жібереді. Он шақырымнан казак-орыс
қалпына түсіп, қызмет қылып қазаққа енші ал дейді. Солдат болмаймыз деп,
қазақ мұнан қашты. Оренбург казак-орысында казакорысқа жазылып, жер
алған татар бар. Бұларды ұтылды деуге болмайды. Біздің қазақ əуелі бастан
солдат берген болса, біздің жұрт кім біледі, мəдениет жолында ілгерірек
болар ма еді.
Мен білетін де, жалғыз Кеңтүбек волосының қазағы Левкин сөзін жарайды
десті. Қазаққа казак-орыс болуды жеңілдетем деп, Левкин законнан кейін
ғана туған балалар казак-орыс болып, қызмет етсін дейді. Мұнысы аз болса,
21 жылдық бостандық емес пе? Ертістен жер алып қалған ұрпаққа қанша
пайдалы екеніне ондағы ақсақалдардың көзі жетпеді.
Төрт жыл өткен соң белгілі, жапон соғысы болған. Соғыста қан төккен
казак-орыстың қадірі өсті. Патша 31 пайда 1904 нші жылы жарлық пен он
шақырым жерді Сібір казак-орысына берді. Мұнан бұрын бұл жер қазақ
жері сияқты қазына мүлкінде еді. Енді орыс жері болып кетті. Бірақ бұл
жарлықта айтылған он шақырымда отырған қазақ өзге түрмен орнасқанша,
бұрынғы күйде төлеп отырған алымын үзбей отыра береді деп. Ғұмыр ісі
закон қынына қашан сыйған? Қазақ орысқа төлейтін алым күн сайын өсті.
Көнбіс мойын мұны көтеріп еді, бұл араға баяғы саясат тілегі келіп,
қармақтай жайыла кетті.
1904 нші жылы 31 нші майда патша бекіткен Г.Советтің ұйғаруында
жазылған еді: «Қазақтар өзге салтпен енші жер алғанша қазақ орысқа ақша
төлеп, он шақырымда отыра береді, бірақ төлеп отырған ақшасы
өзгерілмейді» деп. Осы указ жария болғанда, қазақты қала қылып жерге
орнастыру тиіс деп ішкі іс министріне тапсырылған еді. Бұл туралы Семей
облосной правлениесінде, Омбыда генерал губернатор алдында мəжіліс
жасалып еді. 1909 нші жылы июль басында Степной край бастығы генерал
губернатор алдында переселен мекемесінің бастығы Глинка бар он
шақырым қазағы туралы тағы сөз болды. Енді анықталды; он шақырымда
қазақтарды орнастыратын жер жоқ, Сібір казак-орыстарының өзіне де 300
мыңнан астам десятина жер кем болып тұр. Солай болған соң қазақтарды он
шақырымда қалдырамын деген сөз емес, он шақырым қазағын
орнастыратын жол бар, оларға қыр қазағының жерінен енші алып беру
деген. Генерал губернатор алдында Семейде соңғы болған мəжілісте осыны
ұнатқан. Он шақырым қазағын орнастыру үшін мынаны істемек болды:
1)Бұл қазақтар өз еркімен қала болуды қаласа, мұжықпен қатар қырдан 15
десятинадан надел алып, отырықшы болады;
2)Бұл бірінші бап ақылын ұнатпаған қазақтар өз волосынан жер алады; өз
волос өз уезінде жер жоқ болса, басқадан алады. Осы кезде артық жер
Кереку уезінде Ақкөл, Шақшан, Ақкелін, Алексей һəм Баянауыл
волостарында бар.
3)1 нші 2 нші баптағы ақылды алмаған қазақтар 31нші май 1904 нші жылғы
закон жоқ болған соң тиісті хүкімет жарлығы арқылы өз волосына көшуге
міндетті. Он шақырымдағы қазақтар осы айтылған көп ақылдың қайсысын
ұнатқандарын, осы жарнаманы алып қазақты аралаған қазақ орыс
мекемесінің төресіне білдірсін. Мұның басында Семей облысының
хəкімдері тарапынан уəкіл төресі болсын. Əйтпесе қырдағы переселен
төрелеріне білдірсін.
Сібір қазақ орысының войсковой хозяйственный правлениесінің
председателі генерал майор Вологодский.
Міне осы жарнамада 1909 ншы жылы июль басында шыққан. Мұнда 9 июнь
1909 ншы жылғы насихат бұйрықтың иісі аңқып тұрғанын оқушылар
аңғарды-ау деймін. Ертісте қазақ отырған жердің малға жайлысы Кереку
уезінде. Ертісте мекен еткен қазақтың көбі де осы уезде. Кереку қазағы бұл
жарнамада айтылған көп ақылға қанағат қылмады. Ертістен көшпеді.
Хүкіметке жайын айтып, Ертісте ғұмыр жүзіндегі дəлелге сүйеніп, жер
алмақ болды. Патшаға, министр советінің басына, военный министрге
ауылный-ауылный жұрт болып, закон жолына тиісті жол мен приговор
жасап, 4 мың үй мақсатын айтты.
Бұл Кереку қазақтарының дəлелі мынау: Біз Ертісте жүз елу жыл отырмыз.
Ертіс тоғайының аты қоныс алған кілең бабамыздың аты, Ертісті өрлей,
қуалай жүрген адамдар біледі; он шақырым жерде қазақ бейіті қала сияқты.
Ертіс бізге ата қоныс болған жер. Біз Ертісті жоңғарды күшпен қуып қоныс
қылғанбыз; алғашқы 70 жылда ешкімге алым төлемей
пайдаланғанымыздың жөні осы еді. 1839 ншы жылғы бүліктен кейін де
жарытып ақша төлеген жоқ едік. Əр қазақ руы мен бұрынғы ата қонысында
отыра беріп еді. Қазақ орыс пайдасына аздап ақша төлеп, Ертістің бар
пішенін біз шауып алушы едік. Малды Ертіске бағушы едік. Атамұрасы
болған жеріміз еді. 31 нші майда 1904 нші жылғы патшамыз жарлығы мен
он шақырым Сібір казак-орысына берілді. Мұнда отырған қазақ өзге түрмен
орнасқанша, төлеп отырған ақша өзгермесін деген закон болмады. Осы
кейінгі он жылдың ішінде қазақтың жерге төлейтін ақшасы төрт есе
көбейді. 1897 нші жылы Щербина жазғанда қазақ үй басына казак-орысқа
10 сом жылына төлеуші еді. Енді осы 10 сом 2040 сом болды. Пайдаланған
жер баяғы он шақырым, біз осыған қарамай Ертіс бойында отырмыз. 40 сом
үй басына төлеу оңай емес. Барар жер жоқ, қан төгіп кір жуып, кіндік кескен
ата қонысымыз Ертіс; мұнан кетсек, мұнан неше есе бақытсыздыққа кез
болуымыз анық. Биыл бізге Вологодский жар қылып айтып отыр: Ертістен
250-400 шақырым қырдағы ащы, тастақтан 15 десятинадан жер алмасаң,
күшпен Ертістен қуылсын деп. Біздің төреміз сұлтан Шаншарға берген
грамотада патшамыз айтқан жоқ па еді: Мына берген жерде өз қазағыңмен
отыр деп, келешек замандарда мен сендерге қорғанмын деп, бізге ақыр
заман туды білем: 150 жыл тұрған жерден бізді кет дейді, осы жер үшін біз
қанша жыл қазынаға, казак-орысқа ақша төлеген жоқпыз ба? Бұл жерге
неше атадан бері қарай бабаларымыздың, өзіміздің еңбегіміз, теріміз,
кіріміз сіңген жоқ па? Біз жайымызды патшамызға, Г.Думаға, Советке һəм
хүкіметке білдіргенімізді мақұл көрдік.
150 жыл бұрын біздің аталарымыз Ертіске келгенде ғұмыр салты көшпелі
еді, баққаны, айдағаны мал еді, пішен шықпайтын жерде жүрген соң,
асыраған малы жылқы, қой еді, бұл екі түлік мал шөпті қар астынан қазып,
тебінмен шығушы еді, қазақтың көшуге құдай қосқан киіз үйі панасы еді,
арба, шана жоқ, жолаушы сияқты артқаны түйе, мінгені ат еді. Бұл салт қыр
қазағында əлі де бар. Ертіс бойына келген соң, 150 жыл ішінде шаруа
салтымыз өзгерілді, Ертіс пішенге бай, осы кезде үй басы орта есепте үш
мың пұт пішен шабады, қырдағы қазақ баққаны жылқы мен қой болған соң
тышқан қорығын қанағат қылады. Біз пішен арқасында күн көретін сиырға
құл болдық, қыстың 8 айын кірпіш үйде өткіземіз, көшуіміз шала, біздің
шаруамыз салтымыз жарты отырықшы мал бағу, мінгеніміз арба мен шана,
үйіміз толған шкаф, шаңырақта ілмелі лампа, жаздыкүні мал оттатпайтын
Ертістің шыбыны болмаса, біз көшуге құмар емеспіз. Біздің шаруамыз Ертіс
пішенінің арқасында сиырға сүйенеді. Шыбын кезінде қырға шығып,
шыбыннан қашып, жұрт аударып жүріп, пішен кезінде тағы Ертіске
құлаймыз. Малымыздың 70% - (жүзден 70-і) сиыр, жылқыдан мінерлік ат,
сауарлық бие ғана ұстаймыз, сиыр базарда пұл, Ертіс бойында білген адам
сиыр шаруасын ұстамай болмайды.
Біз Ертістен көшсек, осы 150 жылдан бері елі шынығып қалып алған шаруа
һəм ғұмыр салтымыз бүлінеді. Шаруаны аз күнде аман күйінде өзгертуге
бола ма? Мұны ғылым иесі адамдар білер. Шаруа қалыбын, ғұмыр салтын
өзгертуге неше ата, неше баланың ғұмырындағы жаһидімен болады. Біз
шаруамызды бір күнде өзгертпек болсақ, қатын бала бишара болып,
қаңғырады. Отырықшы болып, мал бағып, шаруа қылып тұрған бізді қырға
шығып көш деген, біздің көзімізге 9 ншы июнь 1909 ншы жылғы министр
Советінің насихат бұйрығына қарсы көрінеді. Қазақтың біріне отыр деп,
біріне көш деп айтылған бұл қай ақыл екенін біз надан қазақ ұға алмады.
Бізге надел бермек болған волостардың жақсы жері 150-200 жылдан бері
қоныс қылған қазақтардың қыстауы, одан басқа іске татар жер мұжық
пайдасына алынды. Вологодскийдің мұнысына рахмет. Мұны 1904 нші
жылғы 31 майдағы патшамыз айтқаны бойынша орнастыру деп білеміз. Бір
қырда ащы тастақта үш мың пұт орнына үш пұт шөп таппаймыз. 150 жыл
Ертісте отырған ескі жұрт бізді ащы тастаққа көш дегені бізге мазақ
көрінеді. Ертістің екі қабағында 15 мың үй төрт уезден болса керек. Мың
шақырым Ертіс бойының пішенін қазақ шабады. Жүзден астам жыл казакорысқа төлеген біз, Ертісте шаруа ісін жүргізетін қазақ, Ертісте төрт уез
қазағы жылына казак-орысқа ең кем болса жарты миллион сом алым
төлейді. Мұның 40% (жүзден 40-н) біздің Кереку қазағы төлейді.
Осыған адал көзбен қарағанда шөлге, тастаққа қуу, бізді сорлы, бишаралық
жолына орынсыз айдау болады. Біз Ертістен қуылсақ, салулы үй, қорақопсыларымызды тастап, қайтадан салу шығыны аз болса, үй басына 300
сомға түспек, бұл қазақ шаруасының 25% (жүзден 25-і) болады, Мұнан
артық бізге не жұт болады?
Хүкімет һəм басқа жұрт қамын ойлайтын жұрт емес мекемелер біздің мына
тілегімізді мəжіліске алса дейміз:
1)Біз казак-орысқа жылына алым төлеп, Ертісте қаламыз; бірақ бұл алым
закон арқылы кесілсін; Анау 1904 нші жылғы 31 нші майдағы законның
аяғын құшпасын.
2)Ақшасын көп жылға бөліп төлейтін қылып, он шақырымды біз сатып
аламыз.
3)Сібір казак-орысына жазылып осылармен қатар жер аламыз.
Ертіс қазағының бұл дəлелді таласына хүкімет не айтқаны маған мəлім
емес, бірақ осы күнге шейін Ертістен қазақ көшкен жоқ.
1910 ншы жылы Министр Советінің басы, һəм Жер министрі мен Сібір
барып, қайтып патшаға құлдық ұрған кітабында он шақырым қазағы туралы
мынаны жазған:
4 мың үй қазақ он шақырымнан сатып жер аламыз дейді, бұл туралы біз не
айтарымызды білмей тұрмыз, казак-орыстың ақысы кетпесе болады ғой,
бұл істі закон арқылы өткізу жол-ау дейміз2 деп. Хүкімет əлі бұл туралы
закон жобасын Г.Думаға кіргізген жоқ. Жақын күнде кіргізуі мүмкін.
Хақына таласу жолы осы-да. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.
Енді оқушы еңбек өз мойныңда. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей» деп, Абай айтқан сөз ғой.
Əлихан
Қала болудан қайту
1910 жылы Меңдіқара болысына шыққан переселен чиновниктері, бастығы
производитель работ Даркешевич болып, отырықшы нормасымен жер алуға
үгіттеді. Қала болсаңдар айрықша үкімет тарапынан сіздерге болатын
жақсылықтар бар: Жан басына 15 десятина қалаған жерден аласыңдар,
жерлерің 2-дəрежелі болғандықтан 2-3 сыбаға бірге есептеледі. Оның үстіне
9 десятина жер тұрмысқа үйренгенше асса 12 жылға, қалса 6 жылға
оброчный есебінде пұлсыз беріледі. Онан əрі пұлмен, бірақ торгсыз
беріледі. Оның үстіне, поселке басына 120 десятинадан медресе үшін жер
беріледі. Орыс переселендеріне беретін ақша һəм ағаш көмектері беріледі
деді. Егерде тілімді алмай, көшпелі нормада қаламын десеңдер Меңдіқара
болысының жеріне келіп мұжықтар қала салады. Сендер сыр жағындағы
көшпелі қазақтарға қарай көшесіңдер деді. Мұны естіген соң Мендіқара
болысы болып кеңестік. Неше жүз жылдан берлі ата-бабамыз кіндік кесіп,
кір жуған жері – Мендіқараны тастап, қайда барамыз? Барғанда жақсы
боларымызға көзіміз жете ме? Жер 2-дəрежелі кем қол болғандықтан екі
есе, үш есе көп беріледі деп тұр. Оброчный статья əуелі пұлсыз, сонан соң
пұлмен болса да, торгсыз беріледі деп тұр. Оның үстіне, беретін көмектері
де көп көрінеді. Жəне де қала болу тақырыбындағы басқа тілектерің болса
да қабыл алынады деп тұр ғой дедік те, қала боламыз деп мəлім еттік. Сол
1910 жылы октябрьдің 12-14 һəм 16 күндерінде Буровой поселкесінде
комиссия болды. Комиссияда Переселен районының бастығы Тасəбіл
председатель болды, крестьянский начальнигіміз Таскен, лесничий баяғы
Даркешевич һəм Мендіқара болысының өкілі Бəті мырза Қосылбаев болды.
Комиссияда біздер манағы беріледі деген нəрселерді бер деп сұрадық:
беретін ақша, ағаш қашан беріледі дедік, сусыз поселкелерге құдық қашан
қазылады дедік. Оброчный статья 30 жылға берілсін дедік, жерімізді
топографтар дегендей қылып бермегенін айттық. Кейінгі туатын
жандарымызға запас жер қалдыр» дедік. Душевой надель беріліп, оброчный
статьяны бес жыл пұлсыз пайдаланудан басқа тілектерімізді комиссия
жылжытпаға салып, жер министріне жеткіземіз, комиссияның оларды
беруге қолынан келмейді деді. Олай деулері құр жылжытпа екендігін ол
кезде білмесек те, енді түсіндік. Сұрағанымызды береді деп дəмелі болып,
күте-күте шаршадық. 1911-1912 жылғы қыс қатты болып, еліміз жұтап,
бұрынғыдан нашарлап, мүлкін көшіріп, қалаға арнаған жерге жаңадан
орналасуға мұршасы болмай қалды. Шамасы барлары ғана арнаған жерге
барып орнасты. Береміз деген көмектер берілмеді. Бұл үш жылдың ішінде
егінмен күн көре алмайтындарына да жұрттың көзі жетті. Сөйтіп,
қарқынмен қала орнына барып қалғандар болмаса, басқалары қала болудан
көңілі қайта бастады. 1913 жылы крестьянский начальник көптен келіп,
беріледі деп дəмелі қылған нəрселер туралы түк сөз жоқ, қалаға арнаған
жерлеріне барып орнығыңдар, əйтпесе Сырға көшесіңдер деді. Поселка
болғандарды крестьян положениесіне түсіріп, поселка басына староста
сайлай бастады. Өткен жылы август басында Мендіқара қазағы 2150 үй
болып приговор жасап, қайтадан степное положениеге кіруге тіленді. 1914
жылы 19 декабрьде 1088-нөмерлі обласное присутствие ол приговордағы
тілекті қабыл етпей босқа қалдырған. Осы 1915 жылы Мендіқара болысы
бұл жұмыс туралы жоғарғы жақтан іздеуге бес кісі довереной сайлады.
Сайлаған адамдары: Иман Аймурзин, Молдаш Нуржанов, Алмұхамед
Нұралин, Қашымхан Əйтенов һəм Мұса Жаналин. Осы февраль ішінде
бұлар Торғай губернаторына арыздарын ауыз айтып, халықтың тілегін
білдірді. Губернатор қайтадан степное положениеге қайтару қолымнан
келмейді, ішкі іс министріне тілектеріңді жеткізейін деді. Крестьянский
положениемен сайлау жағын тоқтата тұруға крестьянский начальникке
бұйрық берді. Істің мəнісіне жерінде қану үшін Мендіқара болысына
непременный членді жібермекші болды.
Мұса Жаналин
Қазақ жері туралы закон жоба
Ертіс бойіндағы он шақырым (десятиверстный полоса) жер туралы үкімет
закон жобасын жасап государственный думаға кіргізді. Бұл туралы соңыра
«Қазақта» жазылар.
Елден
Жер туралы
Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысының 1- һəм 7 ауылдарына
қараған елге 1911 жыл жаздыкүні жер өлшеуші – землемерлер шыққан.
Бұлардың бастығы – делопроизводитель работ Критик деген адам. Бұлар
жер өлшеуге кірісе бастаған соң, 7 ауылнайға қараған 158 үйден 33 үй өздіөзі сөйлесіп, міне, орыс жерді кесіп жатыр, осы жерде қаламыз ба, я
өзіміздің ағайын-туғанымызды табамыз ба десіп, ақырында əлгі 33 үй
атақонысын тастап, ағайын-туған табуға мəслихат етісіп, сол жаз
переселенчески правлениеге арыз берген. Бұлардың барамыз деген
ағайындары Дамбар болысының 1 аулында. Берген арызына қоса 7 ауыл
қазақтарының ризалықпен алдық деген приговорын тіркеп берген. Бұлар
арызында 1 ауылнайға шыға қалсақ Көрсай деген Тобольдың жел жағында
бір саласын мекен қылсақ екен деп сұраған. Бұл қазақтар осы арызды
берейін деп тұрғанда производитель работ Критикке не қылғалы тұрған
жайларын айтқан. Критик бұларға: «Сендердің арыздарың қабылданып, ана
сұраған жерлерің берілетін болғанда бұрынғы жерлеріңде 3 жыл тұруға
болады» деген. Бірақ бұлардың Критиктің бұл сөзінен алған қағаздары жоқ.
Сол 1911 жылы қыстыкүні 33 үйдің 1 ауылнайға шығамыз деп Көрсайды
сұраған тілектері қабылданып, келіп естіртілген. Осы күнгі отырған
жерлеріңнен 3 жылдың ішінде көшіп ана алған Көрсайға барасыңдар деген.
Қазақтар соңынан білді сол 1911 жыл жаздыкүні əлгі уəде берген Критик
Көрсайды мұжыққа деп кесіп кеткен. Мұның не мəнісі бар екенін қазақтар
білмейді, əйтеуір 1913 жыл Көрсайға келіп қала түсті. Қазақ тым-тырыс
жата берген.
1914 жыл қыстыкүні 33 үйге естіртеді, сендердің бұл отырған (бұрынғы жер)
жерлеріңде енді отыруға болмайды, сроктарың толды, сендер 7-ден
шықтыңдар, қалаған 1 ауылдарыңа барыңдар деген. Сонан бері бұл 33 үй
ауылнай санағында болып, алымды соған төлеп отыр. Бұл қазақтар осы күні
бір қызық, егер қызық деуге болса, халде отыр. 7 ауыл қазақтары айтады,
сендер енді көшіңдер, бізден шықтыңдар дейді. 1 ауыл қазақтары айтады,
аламын деген Көрсайларың мұжыққа кетті, енді сендерге берер жеріміз жоқ,
қайда барсаң, онда бар дейді. Бірі қуып, бірі жолатпай, 33 үй бұ күнде не
қыларын білмей сасуда. 33 үй осы қыс Торғай губернаторына арыз беріп,
бұрынғы отырған атамекенімізді өзімізге қалдырсаңыз екен, еш қайда
бармаймыз, барар жеріміз де жоқ. Бұл туралы қысылған алаш азаматтары
«Қазақ» арқылы білетіндерден ақыл сұрайды. «Суға кеткен тал қармайды»
деген, қайтсін!
М. Есболұлы
Мал нормасына һəм қазақ положениесіне қайту
Егін нормасымен жер кестіріп алған Қостанай уезінде Кеңарал болысының
қазақтары ол норма бойынша берілген жермен күн көре алмайтындарын
байқап һəм крестьян положениесі қазаққа жанаспайтын қолайсыздығын
білгеннен кейін, қайтадан мал нормасына һəм степной положениеге кіруге
сұраған екен. Оған облостной правлениенің общий присутствиесі бұл
сұрауларыңның мəнісі һəм жөні жоқ деп, тілектерін қабыл алмаған. Мəнісі
жоқ дегені, басында егіс нормасына разы болып, енді қайта
сұрануларыңның мəнісі не деген сөз. Жөні жоқ дегені крестьян
положениесіне кірген қазақтар қайтадан қазақ положениесіне кіруге болады
деп законда айтылған жоқ екен деп түсіндірген.
Сонан соң Кеңарал қазақтары жоғарғы орыннан ізденуге орталарынан екі
кісі доверный сайлаған. Бұлардың бірі – Елжан мырза Оразов, екіншісі –
Есмұхамет мырза Оразбаев. Бұл екеуі Орынборға келіп, общий
присутствиенің постановлениесінен копия алып, 19 мартта сенатқа арыз
жолдайды. Арыздағы сөздерінің көшесі мынау:
1)Кеңарал болысының қазақтары егін нормасына разымыз деп құр ауыз
айтқаны болмаса, əлі күнге я крестьян положениесі жазылып, я қала болып
отырған еш нəрсесі жоқ. Олай болса, əңгіме степной положениеге қайтуда
емес, Бұрынғы степной положениеде қалдыру турасында ғана. Общий
присутствиенің көрсеткен закондарын біз де көрген едік, сол законның 26
статьясындағы қосымшада айтылған емес пе: «көшпелі бұратана жұрттар
егін егуін көбейткенмен еріксіз селский абсотелдікке жазылмайды һəм
қашанда болса, өздері тілемейінше өзге сословиеге (тапқа) кіргізу жоқ» деп.
Қазақ – крестьянмен терезесі тең өз алдына бір топ жұрт, билеу законы
қазақтың қалпына қарай крестьян турасындағы закондардан өзгеше өз
алдына басқа. Қазақтар кей жерде крестьян положениесіне түскен-ақ
шығар. Сонымен қайтадан степное положениеге қайтуға жолы қырқылып
қалды деуге бола ма? Законда қайтуға болады деп айтпапты деп, сонымен
жұмыс тынғандай көреді. Қайтуға болады деп законда айтылмаса, қайтуға
болмайды деп те айтылған жоқ. Законның тыймаған нəрсесі қалайша тыюға
жорылады?
2)Біздің мал нормасында қалдыр деп сұрауларымыздың мəнісі – егін
нормасымен жер алып алып, қазақ күн көре алмайтынын үш жыл байқап,
көзбен көрдік. Малдан қол үзсе, қазақ күні қараң. Оны жалғыз біз емес,
крестьянский начальник те айтып отыр. Қазақтың егін нормасымен күн
көре алмайтынын крестьянский начальник облосной правлениеге ұсынған
докладында айтқан жоқ па? Біздің айтқанымызға нанбаса да, үкімет
тарапынан қойылған крестьянский начальниктің сөзіне общий присутствие
қалай нанбайды?
Қазақ пен крестьян – екеуі екі басқа жұрт. Екеуінің қалпы да, салты да,
рəсім жолы да басқа һəм біріне-бірінің тұтынып келе жатқан шаруасының
түрі де жанаспайды. Күні бүгінге шейін бірінің күн көргені – мал. Мұжық
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.