Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28

Total number of words is 3834
Total number of unique words is 1889
30.6 of words are in the 2000 most common words
44.0 of words are in the 5000 most common words
51.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шикізаттарды мұнан Россияға артып барып онда үлгертіп, Түркістанға
қайта келтіруден гөрі Түркістанның өзінде зауыт-фабрикалар ашып, осы
жердің өзінде шикізаттарды үлгерту пайдалы болатыны анық. Түркістанда
зауыт-фабрикалар ашылса, қырғыз-қазақ кедейлері де зауытфабрикаларда
қызмет етіп, ұйымдастырып кеңестер хүкіметіне сүйеніш болатыны да
ашық.
Ескі хүкімет тұсында шаруа күйсіз, жайсыз тіршілік шарттары қырғызқазаққа өте тиімсіз болды. Қырғыз-қазақ ең əуелі байлығынан айырылды.
Сондықтан, саясат жағынан да ақсады. Салақтық қылса, сол хəлге қырғызқазақ кедейлері тағы түседі.
Саяси азаттық жерге иелену, мал шаруасын аяқтандыру, өнімді молайту
майданында бəйге алуда қалды. Азаттықтың жолы енді осы.
Тіршілікті орнықты жолға құрмай алған саяси азаттықтың жұғымы аз
болады.
Шаруашылық бөлімі
Көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру керек дегендер туралы
Соңғы жылдарда қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мəселелер туып
жүр.
Əрине, дұрысына қарағанда, келесіні көздегенде, қазақ халқының қазірден
бастап жер иеленуі қажет. Қысы-жазы дамылсыз салдырлап көшіп қонудан
қолы тимей, тіршіліктің тізгінін табиғаттың таңдауына беріп жүргенше, бір
жерге орнығып, шаруашылықтың өнімді жағымен алмасқаны жақсы.
Шарушылықтың өнімді түрі табиғатты өзіне қаратып, бағындырып алса
ғана болады. Сондықтан, табиғаттың күшімен пайдалану үшін мына
істермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек. Тіршілікті тұрақты
күйге салып, боран соқпайтын, жүн жемейтұғын орнықты кəсіппен
айналысуы керек.
Көшпелі қазақтардың көрген күндері күн дерлік емес, олар қолдарындағы
баққан малдарының игіліктерін өздері тегісімен көреді деуге болмайды.
Малдың санына шағып, жиған жүні бар, малы сиярлық бір жерге қысқы
малдың өмірі, тегімен табиғаттың қолында болады.
«Айдаса желдікі, соқса сайдікі» дегенді көшпендінің қонысы оң болып,
малының аман шығуы, жүрген жердің отынан, қарынан, суығынан болады.
Халық қар жауып, мұз болса, боран соқса, қазақтың күні қараң, малдан
айырылғаны бұрынғы байлығында. Барлығы да көрген түстей болып,
көзден бірақ өшеді. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде
ғана айта алады. Қыстап қалған малды иеленеді.
Көшпендінің көрген күні құрысын. Оларға өмірінше тыныштық жоқ,
салдырлап қысы-жазы көшумен жүргені.
Қысы қызылға кетеді. Бұқара, Үргеніштің қолтықтарына шейін барады.
Одан қар кеткесін қайта кейіп көшеді. Қарақұмды, Шу бойын жайлайды,
алды Арқаға да барады. Ну-Қостанай, Троицкі қолтықтарына да
баратұғындары да аз емес. Міне, осымен 12 айдың ұзын бойына жержердің
сонысына 10 шақты күннен ғана отырмаса, кіл көшумен жүреді. Өмірін
осымен өткізеді, сөйтіп, жүрумен бір жерде боранға ұшырап, суыққа
шалдықса, малдан айрылады. Көше алмайтын жатақ болып қалады.
Қазақтың осы күнгі отырықшыларының көбісі осындайдан отырған деуге
болады. Онымен, олар дұрыстап мерзімді жер иеленіп, мəдени кəсіпке
айналысып жерінің игілігін еміп отырған жоқ болса, бір жерде қозғалмай
тұрған қыстауы бар, аздап пішен шабар егінмен де айналысуы аз өлместің
күнін көріп отырады.
Міне, осының барлығы да қазақтың қазіргі кəсібінің күн көруі үшін керексіз
екендігін көрсетеді. Тіршілікке төзбейтұғынын, рахатсыз екендігін
аңғартады. Ол онымен тұрсын, ендігі ескеретұғын мəселе – қазақ осы
тұрмысты тілеп алды ма болмаса, оларды осындай болуға итеретұғын
табиғи реттер бар ма? Енді осыған келейік, адам баласының өсіп өнген
тарихына көз салсақ, біздің қазақ түгіл қай халықта əуелгі осылардай
кездерінде көшпелі болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Осы күнгі
кент болып отырғандардың қай қайсылары да жер айдау кəсібін үйреткен
соң ғана барып жерге отырып қала болған. Ал мал шаруашылығынан
олардың қол үзгендері кешегі жақында ғана. Олар білімін күшейтіп жерді,
суды, тауды, тағы да сол сияқты табиғатқа тəндік заттарды адамның
пайдасына жарата білген кезден бері қарай.
Біздің қазақта ол өнерлердің ұрпағы да жоқ. Мал бағудан басқа кəсіп қазір
де қазақтың қолынан келмейді. Содан соң мал өсіреді. Малдың жайын қылу
үшін шөптің сонысы керек. Қоныс аударып тұру қажет. Өйткені, үнемі бір
жерде отырса, шаруашылықтың жайы болмайды. Сондықтан, қазақ
амалсыздан күн көрген малын сақтау үшін соның қамына көшеді. Осы
айтылған аз əңгімелердің өзінен қазақтың көшпелілігінің кəсібі мал өсіру
екен. Сол үшін де қазіргі һалде көшпелі тұрмыстың керектігі көрініп тұр.
Бірақ, қазақ қалпын өзгерткен жоқ екен. Кəсібі, күнкөрушілік əдеттері баяғы
бойдан бұлжымай тұр екен деп қарап, ізінше тұрған бөтендер жоқ: күннен
күнге заман өзгерілуде, алға басуда, тіршіліктің талабы да күн санап
қиындап барады. Енді бұдан былай дəуірде сүру үшін мəдени талаптар
керек. Былайша айтқанда олар білімнің көрсеткен қол кəсіптерін
табиғаттың кəріне қарсы жұмсап, күнелтпесе болмайтұғын болды. Жұттан
қаншасы қалады деп көзін жұмып, қолды қуысырып отырудың реті жоқ.
Онан да малды жұттан аман алып қалудың лажын істеу керек. Ол үшін
малға шағып шөп шабу, жанға шағып егін салу қажет.
Көшпелілерге шөп шауып, егін салу үшін бір жерге орнығып жерге отыруы,
жер кəсібіне айналуы керек. Қазақтың жерге отырғызу керек деген соңғы
кездердегі сөздер осыдан шыққан. Бірақ ол үшін жерлігіп отыруға төзімді
жер қазаққа табыла ма? Оған келсек, Түркістан Республикасында, көпшілігі
көшетұғын Ақмешіт һəм Қазалы уездерінде, Қазақстанда Ырғыз, Торғай
һəм Адай уездерінде, Ақмешіт пен Қазалы уездерінің көшпелілерінің
қоныстары Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Шу, Сарысу бойлары.
Қызылқұм деген жеріне сексеуіл һəм ақшөптер шыққан сусыз шөл құм: Ел
мұнда қысқа қарай қар түскеннен кейін қарап келеді. Болмаса, құдығы да
сирек һəм терең 30-40 құлаштан болады. Қызылда жылқы, мал күнелте
алмайды. Жері аз, оның үстіне жылқының шөбі жоқ. Қызыл көшетұғын
елдің мал еткендері, қой мен түйе болады. Жердің сілесі бар ғана уақытта,
қыстың 2-3 айында болмаса, қызылда жаздыгүні ел отыра алмайды.
Өйткені, судың тапшылығынан жəне күннің ыссылығынан жаз бұл
жерлерде мал ұстап, берекет қылып отыруға мүмкін емес.
Егіншілік қылуға екі бастан мұнда тіпті болмайды. Қарақұмды алсақ, бұл
Арқаға тəндік жер қызылдан. Мұның күні салқын. Қай түлікке болса да
шөбі дайын, құдығы таяз. Бірақ, бұл да қыстау мен егіншілікке кем. Шабын
шығатын жері жоқ. Шығатұғын шөбі: томар жусан, ақ жусан, сілеу, айғыр
үйірі қияқ һəм ой, ой баттауық, бұлар басыбайлы шабын болуға жарамайды.
Таңдап жүріп шұңқыр-шұңқырға бір пұт, жарым пұт сеппесе, Қарақұм
егіншілікке де кеміс. Шуасары су бойларын алсақ, оларда жаз жайлауға
болмаса, қыстауға, егіншілікке жарамайды. Қазақстанның да жалғыз өз
алдына жүретұғын Адай уезі болмаса, көбінесе, көшпелілердің келіп
кететұғын жерлері осы аралар. Адайлардың да жүретұғын жерлері тақыр,
құм, тастақ болса керек.
Осы айтылған жерлердің қай-қайсысының да маңызын қарасақ, екіүш
айлық мазасы болмаса (онда да мезгілді уақытта), табан теуіп өне бойы
отыруға қол бере алатұғын емес. Өйткені, жоғарғы айтылғандардан бұл
жерлерде отырықшы болып, ылаж қылуға болмайтындығы көрініп тұр.
Мерзімдеп жер иеленіп отырса да, болмаса бұрынғы бойымен көшіп жүрсе
де қазақтың күн көретұғыны – қолындағы бар жерлері табиғи түрде мал
үйіруге болмаса, жер шаруашылығына қолайсыз жерлері жоғарыда
айтылған Қызылқұм, Қарақұм сықылдылар. Сондықтан, ол сықылды
жерлерде көшіп қана жүріп күнелтпесе, отырықшылықтың мүмкін еместігі
көрініп тұр.
Біз көрген жерлердің қазақтарының жатақ дегендерін де тақадымы жоқ қара
сирақ кедейі болмаса, жарты көшпелі деуге болады. Өйткені, қысы-жазы бір
жерде қозғалмай олар да отыра алмайды – қырға шығып мал жайып
қайтады. Қырды жерленгендер қысқа қарай малдарын ішке айдап, Сырды
жерленгендер жаз қырға жіберіп отырады.
Бұл айтылғандардан көшуден қол үзсе, қазақтың күн көре алмайтындығы
көрініп тұр.
Осының барлығынан аңғаратұғын көшпелілікті қайта жамандап қол
көрмегенмен, қазақ жерінің табиғи əрекеттерінің өзінің керекті қыла
тұғындығы. Қазақ бар жердің көбінде көшіп жүріп күнелтпесе
болмайтындығы сондықтан. Қазақты тегіс жерге айналдырып,
отырықшыландырамыз деушіліктер қате. Біздің өмірімізге көшпелілік
қойылмады.
Темірбек
Қырғыз-қазақ шаруасы
Еуропадағы мемлекеттердің ең мықтылары – Англия, Франция, Германия,
Италия жəне басқалар төрт жылдай соғысып, есепсіз қан төгіп, дүние
шашып, енді осы күндері конференциядан конференция шақырып, бірінебірі ант беріп, серттесіп «Бұдан былай кімде-кім соғыс шығарса, пəлен
болсын, түген болсын» деп қарғаса да, үлкен Еуропа соғысының олжасын
қалай бөлу туралы əңгімесін əлі шеше алмай келеді.
Жер жүзін қанға бұлғап, Еуропа соғысынан кейін 14-15 конференциялар
шақырылды. Бұлардың барлығында да сөйленіп келе жатқан бір əңгіме,
шешілмей келе жатқан бір мəселе: Еуропа соғысында жеңілген
мемлекеттерге соғыс шығынын қалай төлету жəне келешекте соғыстан
тартыну.
Соңғы 3-4 жылдан бері бүкіл Еуропа аузынан түспей келе жатқан осы екі
əңгіме, жіліктің майлы басы осы екі мəселе болғандықтан, құлағын түріп
тыңдамаған, өзіне қарай тартпаған жалпы Еуропада жан жоқ.
Соғыстан тартыну керек деген сөз əдемі əңгіме, жақсы ниет, бірақ Еуропа
сұмдары сол əдемілігін пайдаланып, ішкі сырын жасырып, теңдік,
бостандық деген құрғақ сөзге бірін-бірі малдандырып жатыр. Еуропа
мемлекеттері астыртын соғысқа тағы дайындалып жатыр.
Жауыздық қанына сіңген зорлықшыл əлсіздердің дүниесін талауды əдет
алған Еуропаның мəдени жұрты соғыссыз тіпті тұра алмайды. Жақсылық
іске еш бастамайды.
Түрік мемлекеті бұзылды я, болмаса, қырғыз-қазақ жұрты ел болудан кетті,
халық болудан қалды деп қайғырмайтыны анық.
Еуропаның қай мемлекеті, қай жұрты қайсы мəселеде болса да
жауыздықтың қандай жолын, зорлық-зомбылықтың не түрлі əдісін қолданса
да өз үстемдігін жүргізу, бұны, өзіне мақсат көрген жалғыз-ақ патшашыл
Россия емес еді. Əзіргі Англия, Франция, Жапония, Америка «мəдениетті»
аталған жұрттардың барлығының да мақсаттары осы болған. Сондықтан,
14-15 конференция түгіл, күніне жүз ант берсе де, олардың өзара таластары
бітпейді, талас түбі келіп соғысқа тіреледі.
«Мəдениетті» жұрттардың көзіне ылғи қан толып, колонияны іздеп
таласқанда мақсаты не екен?
Еуропада көптің көбі завод-фабрика, Еуропада миллион завод болса да,
тоқталмай өне бойы толассыз жүруі тиіс. Өйткені, іс тоқтаса, заводта істеп
жүрген жұмыскерлер қаражатын завод иесі яки болмаса өкімет беруге тиіс.
Заводта істі тоқтатып, жұмыскерлер қаражатын өз мойнына алатын завод
иесі жұмыскерлерменен пайда сирек емес. Завод иесі өз пайдасын көздейді.
Басқаға тіпті қайырымы болмайды. Заводта іс тоқтаса, заводта істеп жүрген
жұмыскерлер қаражатын өкімет мойнына ала алмайды.
Сөйтіп, завод тоқтап қалса, завод жұмысында жүрген жұмыскерлер далада
қаңғырып қалмақ.
«Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады» деген сияқты, жұмыссыз
қаңғырып жүрген аш жұмыскерлердің бүліншілік шығаруы мүмкін.
Бүліншілік шыға қалса, оны басу өте қиын.
Сондықтан бір жағынан өкімет, екінші жағынан завод иелері завод жұмысы
тоқтап қалмай, жүруінің қамында болады.
Фабрика, завод жұмыстары тоқтаса, капитал өсуі де тоқтамақ. Капитал
негізіне сүйенген мемлекеттерде қай жағынан қарағанда да завод жұмысы
тоқтамай, ылғи жүріп тұруға тиіс. Фабрика – завод жұмысы аңырмай жүріп
тұрса, үнемі жер көкке сыймайды. Оған алушы керек, тағы да завод жұмысы
аңырмай жүруі үшін шикізат, отын керек.
Капитал негізіне сүйенген мемлекеттер капиталын ылғи өсіру жолында
болады. Ойлаған ойы, баққан қойы сол. Сондықтан, аты шыққан
жауыздыққа бай болған капиталшы мемлекеттердің іздегені – шикізат,
отын, аңқау алушы колония.
Завод жұмысының аңырмауын, оның өнімі көп болуын, капиталы өсуін
көздеген капиталшы өкімет колония іздемей, тілегін тіпті жарыққа шығара
алмайды.
Колония – шикізат аңқау алушы жалғыз Франция, Англияға керек болып
тұрған жоқ.
Барлық капиталшы негізіне сүйенген байлардың жеке байлығын қуаттаған
капиталшы өкіметтердің барлығына да тегіс керек. Сондықтан, капиталшы
мемлекеттердің көздеген мақсаттары бір-біріне ылғи қайшы келіп, өзара
таластары бітпей, Англия мен Франция, Жапония мен Америка күндесті
əйелдей күнде аңдысып отыр.
Қазіргі Лозанна конференциясында ресми ретте бітім хақында əңгіме болып
жатса да, шымылдықтың арғы бетінде отын туралы сөз болып жатқаны да
анық.
Мақсаттары бір-біріне ылғи қайшы түсіп, барлығы да колония іздеу
жолында жүріп, соғыстан тартыну керек деген сөздері тіпті ем болмайтын
əңгіме. Еуропа соғысында жеңілген мемлекеттерде соғыс шығынын қалай
төлету мəселесі де түйіні зор сөз.
Сұлу сөз, əдемі əңгімелерді қозғап жүргенде, барлығының да түпкі
тілектері, теріс айналдырып сөйлеп жүргендері – біздің мəселеміз. Колония
– шикізат, аңқау алушылар мəселесі. Солай екені «Лозанна»
конференциясында белгілі болды.
ІІ
Патшашыл Россия алғашқы Түркістанға қол салғанда көздеген мақсаты –
Түркістанды колония ету болған. Сондықтан, Түркістанда жүргізілген істің,
қолданған саясаттың бағыты ылғи сол болып келді.
Түркістанда қай шаруа негізін алсақ та, отаршылдық салқыны тимегені жоқ.
Отаршылдықтың талай түрі жүргізілді. Ол туралы жазылып та, айтылып та
келді. Отар, отаршылдықтың ең мықтысы, ең басы – жерсудан басталады.
Əсіресе, жылдың осы түрі жергілікті жұрттардың жанына батып, қырғызқазақ шаруасын қатты күйзелтті.
Түркістанның жер шаруасы өте зор. Хиуа, Бұқараны қосып санағанда
Түркістанда 152.288.331 десятина жер бар. Бірақ оның көбі үлгертілмей
жатқан шикі жерлер.
Шаруа керегіне асу жағынан қарағанда барлық 152.288.331 десятина жердің
түрлері мынадай;
1.Егістік – 3.288.331 десятина яки 2%
2.Мал жайылымы – 64000000 десятина – 42%
3.Тоғай – 6000000 «дес» -3,57%
4.Үлгіртілмеген жерлер / тау-тас, су-құм/ 79000000 «дес» -515 % Барлығы:
152, 288, 331 десятина.
Жоғарыдағы мағлұматқа қарағанда, ұшы-қиыры жоқ Түркістанда пайдаға
асатын игерілген жер ауданы 13288331 десятинадан асатын емес. Даңқы жер
жарған Түркістанның жұрттан асқан байлығы осы 13288331 десятина жері.
Түркістанның бар байлығы осы. Қызыл алмадай Түркістанға əркімдерді
қызықтырған да осы. Жоғарыда көрсетілген жерді əзір Түркістанда
пайдаланатын жұрттар мыналар:
1.Өзбек /сарты аралас/ - 2.500.000 жан -37%
2.Қырғыз-қазақ - 2.400.000 жан – 35%
3.Түрікмен - 500.000 жан -7%
4.Орыс - 600.000 жан -8%
5.Тəжік - 500.000 жан – 7%
6.Дүнген -120.000 жан
7.Араб, қытай, қарақалпақ жəне басқалары – 360.000 жан Барлығы: 498000
жан.
Тіршілік көркеюі бір жағынан, жердің топырағына қарай болса, екінші
жағынан, судың көп-аздығымен байланысады. Əсіресе, Түркістанда
тіршілік негізі қолдан шығарған су болады. Қай шаруа болса да, қолдан
шығарған суменен көгереді.
Түркістанда қолдан су шығарылмаған жерлерде тіршілік құру мүмкін емес.
Онда тіпті жан болмайды. Сондықтан, Түркістанда халықтың ең қалың
жері, тіршіліктің ең үлгілі жолға құрылған орны суы мол аудандарда. Тау
арасы, жыралар, су бойлары. Сондықтан, Түркістанда кейбір ауданда жан
басына 10 десятинадан артық жер келіп, кейбірі Ферғана сияқты қолдан су
шығарылған абат ауданда 1 десятина жерге 20 жан келеді.
Жоғарыдағы көрсетілген сандарға қарағанда, 2 десятина үлгіртілген жерге
бір жан, яки болмаса үлгертілген жермен үлгіртілмеген бірақ, пайдаға
асатын жерді қосқанда 19 десятина жерге бір жан келеді екен. Сонда, бір
үйде 4 жан болса, 8 десятина жер тиеді екен. 8 десятина қолдан су
шығарылған жері бар шаруа кедей бола ма?
Шаруа басына 8 десятина жер қалай қылғанда тиеді? Түркістанда
кейбіреулер 20-30 десятина жерге ие болып келсе, кейбіреулері жері
көптерге жалшылық етіп келді. Өйткені, жоғарыда айтылған 3 млн 288 мың
331 десятина үлгіртілген жер дегеніміз – қолдан су шығарылған жерлер еді
жəне сол қолдан су шығарылған жерлер дұрыс бөлінбей келді.
1915-1919 жылдар арасындағы мағлұматқа қарағанда, ол жерді пайдалану
реті мынадай екен: 1900000 десятинасы /5880/ аймақтағы 1941 орыс
қыстақтарының пайдасында болған. Қалған 1.388.331 десятина /4770/ жер
6380000 жан жергілікті жұрттарға берілген. Сөйтіп, іштен келген
отаршылар жан басына 3 десятинадан артық жер алғанда, жергілікті
жұрттың 7 жаны 1 десятина жерге зорға иеленген. «Жеті үйге бір қазан» деп
осыны айтады.
Жер-су жағынан Түркістанның жергілікті жұрттары жауыздықты жалпы
көрсе, əсіресе, басынан тоқпақ түспеген қырғыз-қазақ болды.
Өйткені, отаршылдар пайдасына берілген 1900000 десятина жердің 607
десятинасы Сырдария, 1200000 десятинасы Жетісу қырғыз-қазақтарынан
алынған жер еді. 1.807.007 десятинадан басқа 1915-1919 жылдар арасында
жəне отаршы өз бетінше қырғыз-қазақ жерін есеп-қисапсыз тағы талап
алған. Сондықтан, ішкі Россияда маңдайына тіпті жер бітпеген, бір ат, 2 өгіз
есігіне өмірінде байланбаған отаршылар Түркістанға келіп, байлығы
жылдан жылға зорайып, күннен күнге молайып, ақырында өз байлығына өзі
ие бола алмағандықтан малай салып, жалшы жалдайтын болды.
1915 жылдары Ферғана жəне Сырдария ауданындағы 119 отаршылар
қыстақтарында жалшы еңбегіменен пайдаланушылардың саны 23% 56ға
жетіп, қырғыз-қазақ арасында жерсіз-сусыз қаңғырып қалғандардың саны
52% ке толды. Сөйтіп отаршылдық саясаты арқасында жергілікті жер иесі,
қырғыз-қазақ ішінен келген отаршыларға жалшылық етіп күн көріп,
тіршілік құрып келді.
Диханшылыққа сүйеніп те қырғыз-қазақ жұрты ілгері басудан қалды.
Қырғыз-қазақ жұрты ел болып, есін білгелі қолданып келе жатқан шаруасы
– аяқты мал еді. Бірақ, оның да өрісі тарылып, жолы қысқарып, жайы кетті,
күйі қашты. Сондықтан, аяқты мал шаруасы да əр 2-3 жылдың ішінде жұтқа
ұшырап, індетке душарланып, ақырында төмендей-төмендей түрі мынадай
болды:
1911жыл
1.Ірі-қара – 2430000 бас
2.Жылқы – 2291000 бас
3.Майда қара (ешкі, қой) – 19310000?
4.Түйе ................?
5.Сиырдың майдасы .......?
Барлығы: 2420700 бас
1915 жыл
1.Ірі-қара – 2399500 бас
2.Жылқы – 2224000 бас
3.Майда қара (ешкі, қой) – .............?
4.Түйе 715400 бас
5.Сиырдың майдасы 17028900 бас
Барлығы: 22457800 бас
1919 жыл
1.Ірі-қара – 110100 бас
2.Жылқы – 666400 бас
3.Майда қара (ешкі, қой) –................?
4.Түйе 270500 бас
5.Сиырдың майдасы 870500 бас
Барлығы: 6881800 бас
Сөзден гөрі мына көрсетілген цифрлар соқырға таяқ ұстатқандай аяқты мал
шаруасы жылдан жылға түрлі себептермен нашарлап келе жатқаны осы
көрсетілген цифрлардан сезіліп тұр. Бұл бетімен, бара жатқанда аяқты мал
шаруасы тез түзеліп, беті бері қарайды, молаяды деуге сөз бармайды, үміт
аз.
Диханшылық пен аяқты мал шаруасы бірдей нашарлап, қырғыз-қазақ
шаруасы күйзеліп, берекесі қашты. Аяқты мал шаруасы мен диханшылық
осы күйінде тұрғанда қырғыз-қазақтың тамағына талқан, жүрегіне жалғау
болатыны көрінбейді.
ІІІ
Патшашыл өкімет тұсында салынған отаршылдық жолы Октябрь
революциясының əуелгі жылдары өте тездеп тамырын жая бастағаны
жоғарыда айтылған сөздерден, сандардан белгілі.
Бұрын отаршылдық не түрі, жауыздықтың қандай үлкені болса да «законге»
сыйыстырылатын еді. Революцияның бастапқы жылдары əркім өз тонын өзі
пішіп, өз бетінше адасып, законы жұдырығы болды. Күштілердің үстемдігі
жүрді. Орнықпай тұрған заманды пайдаланып, кісі дүниесін талауды əдет
алған отаршылар қырғыз-қазақты бұрынғыдан да жаман талады.
Сондықтан, 24207000 бас аяқты малдан 6881800 басы-ақ қалды. Соңғы
жылдары жер-суға қырғыз-қазақты отаршыларымен теңгеру ісі басталып
еді. Түрлі себептерменен ол аяқталмай қалды. Сонда да болса жер-су
реформасы кезінде істелген жұмыс нəтижесі жəне қырғыз-қазақ кедейлерін
жерге орналастыру үшін берілген жер ауданы мынадай:
Октябрь революциясының беті өзгеріліп, жер-су реформасы жүргізілгеннен
бастап 1922 жылы 1 январьға дейін қырғыз-қазақ кедейлерінің қолына анық
берілген жер шамасы осы болды. 1922 жылы 1 январьдан июльге шейін жер
реформасы жүргізілді. Бірақ, ол арада қырғыз-қазақ кедейлеріне берілген
жер шамасы 1922 жылдағыдан аз емес болса да, қолымызда толық мағлұмат
болмағандықтан жүргізген жер-су реформасы нəтижесімен
оқушыларымызды таныстыруға болмай тұр.
Патшашыл Россия колониясы болған Түркістанда ескі өкімет тұсында
жүргізілген саясатты кеңестер өкіметі жақсы түсініп, ақсақты айыра қумай,
қырғыз-қазақ кедейін отаршылдармен жер-суға шын теңгеру үшін екі
жылдай Түркістанда əсіресе, Жетісуда жер-су реформасы жүргізіліп,
нəтижесі жоғарыда айтылғандай болды. Бұл аз жұмыс емес жəне
революцияның қарқынды кездерінде істеліп қалған іс.
Қырғыз-қазақ кедейлерін жер-суға отаршылармен теңгеру үшін салынған
бұл бір мықты жол еді жəне қырғыз-қазақ кедейлеріне үлкен бір сын болды.
Жер-су реформасы тұсында алған аяқты малды олжа деп түсініп, берілген
жерді бұрынғыдай бос тастап, салақтық қылса, қырғызқазақ кедейлерінің
басына бұрынғы қараңғы күні қайта орнауында тіпті талас жоқ. Ол айдан
анық, күннен жарық.
Ескі əдетті тастамай, алған жерді үлгертпей, берілген малды өсірмей, тегін
тамақ денені таза қылады деп атып ауызға ұра берсе, қырғыз-қазақ
кедейлерінің тінбесін «тегін тамақ» жаңа шаруа саясаты һəм еңбек
мөлшерімен жер пайдалану заңы тесіп шығатыны да анық.
Еңбек ұраны шақырылып, алдыңғы істің алдына бейнет салынып отырған
дəуірде «еңбек қылмай емемін» деген ой тəтті қиял, құрғақ дəме болады,
жер сусыз құр алақан қалады.
Сондықтан, əрбір бір жер иесі, қырғыз қазақ кедейі алған жерін өз
еңбегімен үлгіртуді өзіне міндет біліп, жаңа шыққан еңбегімен жер
пайдалану заңының қырғыз қазақ кедейлері арасында мынадай көздеген
мақсаты, іс жүзінде жүргізу жолында болуы қажет:
1-Жатақ болуды ыңғайлаушы көшпелілерді жерге орналастыру;
2-Көшпелі һəм мал шаруасын қолданушылар ауданында жер істерін
жөндіктіру.
Осы екі жұмысты басқару, екпінді етіп жүргізу үшін Түркістан жер-су
комиссариаты жанында əдейі де бір кеңсе ашылды. Ел болайын, халық
қатарына енейін, жерге иеленейін деген əрбір адал ниетті қырғыз-қазақ
кедейі жоғарыда айтылған екі жұмысты ескеруі қажет.
Қайғышыл
Түркістанда жер мəселесі қайдан шықты?
( бір-екі сөз)
Түркістанның тіршілігінің негізі – ауыл шаруасы: диханшылық, мал
шаруасы, мұнда, түрлі кəсіптер де нашар. Патша өкіметі Түркістанды өзіне
қаратып алғаннан соң, мұндағы ауыл шаруасынан шығатын заттарды ішкі
Россияға тасумен болды.
Россияның басқа жерлеріне қарағанда, Түркістанда ауыл шаруасының дүмі
күшті, бағасы артық. Мұнда Россияның басқа жерлерінде шашылмайтын,
шашылса да шықпайтын, шықса аз шығатын нəрселер бар: мақта, күріш,
жеміс, жібек сияқты. Мал шаруасынан шығатын заттар: жүн, тері, ет, май,
бұлар Еуропада алтын орнына жүрілетін заттар. Міне, Россия Түркістанды
өзінікі қылғаннан кейінгі жерде осы нəрселерді ішкі Россияға тасуменен
болды.
Түркістанның топырағы тіршілік құруға қолайлы, сіңірген еңбек жанады.
Бірақ, мұның бір мықты шарты бар. Ол жерді қолдан суғару, жер, су, күн
тіршіліктің тұтқасы, табиғаттың бұл 3 күшінің тепкісі əсіресе, Түркістанда
күшті. Бұларсыз еңбек еш, күн кем. Түркістанда сумен жерді айыруға
болмайды. Осылардың ғана арқасында, табан ақы маңдай тері жанады.
Судың мол жылдарында 1 жаздың ішінде бірнеше рет оратын өсімдіктер
бар.
Түркістан табиғатының Россияның басқа жерінен өзгеше байлығы патша
өкіметінің аузынан суын ағызып, аранын аштырған, тез байығысы
келгендер бейнетсіз, машақатсыз пайда іздеушілер Түркістанға келіп отар
ашқан.
Түркістан жерінің мөлшеріне келсек, үлкен: осы күнгі күнбатыс
Европадағы үлкен мемлекеттердің бірнешеуі сиып кеткендей. Түркістан
жерінің мөлшері мынау: 166 миллион десятина, бірақ, жер көп болғанымен
оның əр түрі бар, жақсы да, жаман да, табаны күректей 69 миллион
десятина жер ешбір тіршілік қылуға жарамайтын қолайсыз жер (таудың
бастары, мұзды, қарлы тау бастары, шақпақ таулар, бетпақ шөл далалар). 20
миллиондай десятина жер ағаш, 2 млн. Жарымдай ғана қолдан суғарып егін
шашатын жері бар. Суғармай қардың, жаңбырдың суыменен егін шығатын
жері тіпті аз, бірақ оның есесіне мал жайылымдығы мол. 64 млн
десятинадай тау жайылымдығы, даласы бар. Бұл мал жайылымдығынан
жаңадан 5 млн-дай десятина жерді қолдан суарып, егіндікке айландыруға
болады. Одан басқа тау етегіндегі мал жайылымдықтан 5 млн десятина
жерді егіндік қылуға мүмкін секілді. Бірақ, онда Түркістанда мал шаруасы
құрымақшы. 10 млн десятинадай жер егіндікке айналдырылса, 50 млн
десятинадай мал жайылымдық жер мал өрісінен шығып қалмақшы.
Сонымен, Түркістанның толып жатқан жерінің егіндік пен мал шаруасына
жүзден 42-ақ жарамды. Мұның жүзден 3-і егіндік, мал жайылымдығы 39,
бұған сексеуілі бар жер қосылуға тиіс. Оны ағаш деп əлде қандай қылып
мал жайдыртпайды. Сексеуілі бар жерді қоссақ, Түркістанның жалпы
жерінен жүзден 14-і мал жайылымдығына қосылмақшы. Енді Түркістанда
бұл жер қалай бөлінген? Ол жерде қалай тіршілік қылатынына келелік.
1915 жылғы алынған есептің мағұлыматына қарасақ, 1345000 түтін
түтететін үй бар екен. Мұның 6400000 үй жер-суы бар отырықшылар,
115000 жерсіздер, 5900000 көшпелілер (1916-1918 жылдардағы
оқиғалардың əлегінен көшпелілердің саны көп кеміген халықтың қайсысы
болса да соңғы жылдарда кеміген, кеміген реті төменде көрсетілер, сонда да
көшпелілердің қалғаны менен ана жерсіздерді алсақ, əлде де түпкілікті жер
орнықтыратындар саны көп).
Түркістанның өткен тарихы, тағдырына көз жіберсек, неше түрлі ауыр
оқиға, əңгіме, ұрыс-қағыс, жанжал керісті көргендігі көрінеді. Түркістанда
тұрушы ұлттардың арасында зор дұшпандық болған. Барлығын туғызған
жер мəселесі. Тіршілік қылуға жердің тарлығы, аздығы, жетпейтіндігі –
жанжалдың көп тамыры осы.
Түркістанның өз ішіндегі жəйді-күйді анық түсіну үшін онда тіршілік
қылып отырушы ұлттардың санын көрсетейік.
1915-ші жылғы есептің берген мағлұматына қарасақ, Түркістанда 76900000
мың жан бар екен. (1920-шы жылғы есебіне 502310963 жан бар, бес
жылдың ішінде 20,4680,037 жан кемігенін көреміз). Мұның ішінде
3,800,000-дай жан отырықшы сарт, өзбек, тəжік сияқты жұрттар (1920
жылғы санақта бұлардың саны 20450,667 жан, бес жылдың ішінде кемігені
1,349,333 жан). Қазақ-қырғыз 2,400,000 жан (1920 жылғы санақта 1,696,609
жан, бес жылдың ішінде кемігені 7030391 жан). Түрікпендер 4000,000 жан
(1920 жылғы санақта 266,681 жан, бес жылдың ішінде 133,319 жан кемігені).
Басқа жергілікті түрлі ұсақ халықтар 1600000 келімсектер 9300000 жан
(мұның ішінде таза орыс баласы 600000 дай жан, 1920 жылғы санақта
5522,292 бес жылдың ішінде кемігені 73,329 жан).
Түркістанды меңгерген үркердей өрістің жуан жұдырықтары кешегі күнге
шейін қайта 1920 жылға шейін жуан көкіректің, менмендікпен келді.
Жергілікті халықты адам баласы емес деп қарағандай болды.
Кеше тақтан құлап, су түбіне кетердің алдында ғана патша үкіметі
Түркістанға сауын сиырдай қарай бермей, Түркістанның жергілікті халқына
аз да болса бұрынғы көзқарасты өзгерту керек дегендей пікір қолданғансып
еді. Оның бер жағында, Октябрь өзгерісі болғаннан соң, кеңестер өкіметі
жан-жақтағы жаудан құтылып, Октябрь өзгерісінің негіздерін сөз-сөзіндей
емес, іс жүзінде жүргізбекші болып, ұлт автономиясын жөндеп түзеу
жұмысына кірісті.
Түркістанда кеңестер өкіметіне Октябрь өзгерісінің негіздерін жарыққа
шығару үшін алдыменен жұмысты келімсектер менен жергілікті халықты,
əсіресе, қазақ қырғыз жұртын шын теңдестіруге өзгеріс жолыменен кірісуге
тура келеді. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен, Түркістанда бар шатақтың
тамыры болған жер мəселесін бір жөнге салмасқа болмады, соңғы
жылдарғы дабылы жер жарған «жер мəселесі» дегендер осыдан туды.
М. Шағырша
Ескерту: Бұл мақаладағы көрсетілген сандар 1920 жылғы санақтан
алынған - оның анықтығына күмандаумыз.
Көшпелі халықтарға қараған жер жұмысының түпкі негізі
Патша заманында орталық һəм күнбатыс губерниялары жермен пайдалану
жұмыстары дұрыс түрге салынып, əсіресе, халық қалыңдаған сайын ол
шаруашылықтарға айналдырылып жатқан кезде, бір оңтүстік жəне шығыс
жақтағы көшпелілердің жерлері хүкіметтің отарына айналдырылып
алынумен болғаны барлығымызға да белгілі.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Ресей хүкіметі мемлекет құрған
жұмысын жеңілдету үшін халықты жерлендіру жұмысына кірісті: Əскерде
қызмет қылып, болмаса жай жұмыспен үкіметке жаққандарға жер бөліп
беріп, олардың жұмысына жерсіз крестьяндарды қалдырды. Күндердің
күнінде əлгі жер қожасының қолындағы крестьяндар үкімет салығынан бір,
өз қожасының салығынан екі зəбірленіп, күн көре алмасқа айналған соң, бос
жерлерге қаша бастады. Ол кезде бос жер жалғыз көшпелі халықтарда
болғандықтан, əлгі ішкі Россиядан ауғандардың барлығы да сол
көшпенділердің ішіне келіп, орын алып, жер иеленген. Соңғы кезде бұған
қайта үкімет те жəрдем қыла бастады.
Үкімет саясаты ол кездегіден бұл күнде басқа бет алса да, 1920-21
жылдардағы ашаршылықтың шұбырындылығы, бұратана халықтардан жер
алудың олардың өздерінің жерімен пайдалану талабына көп қиғаштық
көрсетіп отыр.
Өзгеріске дейінгі жүргізіп келген саясаттың түрі (осы күнде де бітіріле
қойған жоқ) орыс халықтарының шаруасына, пайда-зиянына қарамай тек
əйтеуір жер алу еді. «Өзіміз тегіс жерлерге орналасқанша, жеріміз шетке
алынбасын» деген халықтардың арыздарын үкіметтің ісіне қарсылық деп
санады. Ондай қылушыларды жазалаған жерлер де болды. Сол кездегі
жүріп тұрған законында бұрынғы халықта өздерінен артылмаған жерді
иеленуге болмайды деп көрсетушілерді де жазалады. Ол кезде ішкі
Россияда жер жетпегендіктен халық арасында көп шатақ, қозғалыстар
шығып жатқандықтан үкіметте отырғандардың ойлары – жерге
наразыларды бұратана көшелі халықтың жеріне аудырып, ызаландырып,
тыныштандыру еді.
Қазақтың жерін аларда үкімет «өздерінің пайдаға асырағандарыңнан қалған
артығын аламыз» десе де, ыңғай жердің шұрайлы-шабындық, егіндігін
алды. Отырған елдің өздеріне ең қайдағы жаман жерлер қалдырылды. Тіпті,
кей біреулерді қыста үйінен қуып жіберілгендер де болды.
ІІ. Көшпелілерден де жатақ болғандардың шаруашылық себептері
Бірқатар осы күнгі көшпелі халықтың шаруашылығына «жетіктер»
Государственный Думада «жиырмасыншы ғасырда көшіп жүру деген ұят»
деген князъ Уəлиевтің ақылсыз ойынан əзір асқан жоқ. Дұрысында, əзір
күнге халықтың көшіп жүруі ұят емес. Оның көшуінің себебінің неден
екендігін білмеу ұят. Білген адамға қазақтың не себептен көшетұғындығы
таң қаларлық нəрсе емес.
Осы күндері нағыз (еш жерде де тұрақтап отырмай тұғын) көшпелілер кем.
Қазақ-қалмақ көшсе, тек малының жайына жұрт аударып көшпесе, көбісіне
белгілі жазғы, қысқы, күзгі, көктемгі қоныстарында отырады.
Қалмақ пен естектердің жерге отыра бастағанына 17-19 ғасырдан қарай
қазақтар жаңада ғана жерге айнала бастады. Оның себебі жер өспей, халық
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.