Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20

Total number of words is 4169
Total number of unique words is 1906
33.9 of words are in the 2000 most common words
46.6 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
нормасымен жер кесіп бере сала қазақтың қалпы, салты, рəсімі, тұтынған
шаруасының түрі өзгере қала ма? Өзгере қалмаса, қазақты мұжық
нормасына қамап, мұжық положениесіне кір деу жөн бе? Мұжық нормасын
алғанмен де, қалпы-салты мұжыққа жанаспайтын қазақ мұжық заңына
түсуге міндетті ме? Қазақ пен мұжық салт-рəсімі бірдей деп ешкім айта
алмас. Үйдеп ешкім айта алмаса, қазаққа мұжықша жер алдың, мұжық
положениесіне түс деу жөнсіз. Жер нормасымен ел билеу жұмысы екі басқа
нəрсе. Жер қарасы өзгергенмен ел рəсімі өзгермейді.
Біз, Кеңарал қазақтары, мұжық положениесіне түседі екенбіз. Жанжағымыздағы сыбайлас болыстар степной положениеде қалады екен.
Олармен қыз берісіп, қыз алысып отырмыз. Солармен арамызда жесір дауы,
қалыңмал дауы бола қалса, мұжық салтында жоқ мұндай дауды мұжық
положениесімен қалай тындырмақ. Осындай істер туралы қандай шатақ
болмақ! Міне, жер нормасы мен халық билеу жұмысының екі басқа нəрсе
екендігінің іспеті. Сондай-ақ осы күнге шейін мал бағумен күн көріп келген
қазақ мұжықша жер кестіріп алып, мұжықша егінші бола қоймайды.
Түбінде қазақ мұжықтай бəлкім егінші де болар. Бəлкім мұжық салтына да
түсер. Бірақ оған уақыт керек. Ондай өзгерістер бірден болмайды, біртебірте аздап өзгеріліп барып болады. Мұжықша жер алып, мұжықша егінші
болмайтындығымызды үш жыл байқағаннан кейін анық біліп отырмыз. Біз
малсыз күн көре алатын емеспіз. Мал асырауға Оброчный статьядағы
жерлер мен жайлауық жерлер өзімізге қалмаса, тағы болатын емес. Егін
нормасымен берге жерге мал жайғанда өзі тар жерді онан жаман тарылтып
тұрған тағы бір нəрсе бар. Жер кесушілер қолайсыз кескен. Қазақ
участкаларының орталарында қазына ағаштары бар. Жəне егін егетін
жерлеріміз жанында сондай ағаштар бар. Жұмысқа мінген малдарымыз
жайылғанда я болмаса суатқа барарда ағашқа түспей тұра алмайды. Ағашқа
түссе, ағаш күзеткендер ұстап, потрава төлеткізіп, əуре қылады да жүреді.
Сөйтіп, қазына ағашының жақындығы мал жаюымызға зор тығыздық
келтіріп тұр.
Землемер Кеңарал болысының жерін бас дəрежелі жер деп көрсеткенмен,
жеріміз ондай жақсы емес. Егін еккенде тез тозады. Төрт жылдай бидай, екі
жылдай сұлы егілгеннен кейін істен қалып, қайтадан егуге жарағанша он
жыл тынығу керек. Жерді жаман дейтін жалғыз біз емес, мұжықтар да
жаман деп отыр. Олар егін сала білмегеннен кейін жерді жамандайды деп
ешкім айта алмас. Қазірінде олардың тарықпай қатты байып отырғандары
қазақтың артық егіндік, пішендік, жайылымдық жерлерін жалдағаннан.
Қазірде олар да жалғыз егінмен болмай, малды көп асырап отыр. Енді қазақ
мұжық нормасымен алған аз жерін жалдай алмайды. Сондықтан олар да
зарлап отыр, қазақта артық жер болмаған соң бізге де қиын болды, өзімізге
берген жермен күн көре алатын емеспіз деп. Қазақ жеріндегі мұжық солай
деп отырғанда қазақ қалай жалғыз егінмен күн көрер? Малдан қол үзсе,
қазақтың жұмысы біткені. Бір жыл егін шықпаса, аштан қырылады. Мал
шаруасымен тұрғанда, қазақ нақ сондай күйге түсе қоймайды. Қанша
қырғын жұтшылық болғанмен, бірекі сиыр, бір бие, бір ат, бір-екі ешкі, 5-6
қойы болса, солармен бір үйлі жан жаз тамағын асырауға да, ірімшік, құрт,
май алып, қысқы азығының да бірсыпырасын сайлап алуға да болады.
Сондықтан қазақ жалғыз егінге сеніп, малдан қол үзбеске керек. Малдан қол
үзбес үшін оброчный статьядағы һəм жайлаудағы жерлер қазаққа берілмесе
болмайды. Мұжық нормасымен жер алған қазақтарға оброчный статьямен
жайлаулық жер бермеске болмайтын тағы бір мəнісі бар. Қазақ денсаулыққа
керек істер жайынан хабарсыз. Үйін таза тұту дегенді білмейді. Қысы-жазы
қазақ қыстауда отырса, ол қыстау неше түрлі аурудың ұясы болмақ. Қазақ
аурудан өліп құрымақ.
«О басында неге мұжық нормасына риза болып, қол қойдыңдар» деушілер
болар. 1911 жылы бізге производитель работ келіп, үкімет қазақты мұжықша
отырғызатын мезгіл болды деп, енді отырықшы қылмақ. Қостанай уезінің
Меңдіқара болысынан бастап, 3-4 жылдың ішінде Қостанай уезінің қазағын
тегіс мұжықша орналастырады деді. Меңдіқарадағы жұмыс бітті, енді кезек
Кеңаралға келді деді. Жəне де осы күні мұжықша жер алып қалу 2-3 жыл
кейін алудан гөрі пайдалы, өйткені қазір мұжықша жер алатындарға толық
15 десятинадан егіндік жер береді. Оның үстіне, мал жаю үшін еркек басына
тағы 9 десятинадан оброчный статья есебінде жер қалдырылады. Қазір
мұжық нормасын қабыл етпегендерге 3-4 жыл өткен соң олай беру жоқ.
Онда ер басына 7-12 десятинадан артық берілмейді. Оброчный статья оларға
тіпті жоқ. Мал нормасында қалған қазақтар уақытша пайдаланып отырғанға
саналып, олардың пайдасында тұрған жерлер переселенге беріліп, өздері
Торғай уезінің қыбыла жағындағы һəм Сырдария облысына көшіріледі деді.
Біз қысылдық. Лажымыз құрыды. Ойласып-ойласып, жалғыз біз емес қой,
3-4 жылдың ішінде бəрі де мұжықша орналасатын болса, қайсысы жерін
тастап, Сырға көше қояр, көппен бірдей көрерміз дедік те егін нормасына
риза болдық. Производитель работ тарапынан басқа да тəсілдер болды.
Мысалы, ол ақсақалдармен сөйлескенде, қай бұрын ырза болғандарыңа, қай
жерден де болса, қалаған жерін береміз деді. Жері жақсы адамдар жерімізді
бұрын ырза болғандарға беріп қояр деп, ризамыз деп өздері бұрынырақ
айтуға асықты. Жəне де производитель работ көп нəрселер беріледі деп
жұртты қызықтырды. Оброчный статьялар тегін болады, жайлау жерлер
көпке шейін пайдаларыңда қалады, мешітмедреселер үшін участка басына
120 десятинадан жер беріледі, қорақопсы салуға ағаш беріледі, үй басына 82
сом ақша беріледі деді. Бұл беретін нəрселері бізге көп көрініп қызықтық.
Қанша нəрсе беріп қарық қылатынын енді ғана білдік. Айтуы көп, беруі аз
болып шықты. Бұл бергенімен біз күн көріп тіршілік ете алатын емеспіз деп
келіп ақырында сұрайтындары мынау:
1)Осы 15 десятинадан берген жерде-ақ қалайық, бірақ бізге осы күнге
пұлсыз пайдаланып отырған оброчный статьядағы жерлер һəм жайлаудағы
жерлер берілсе екен, түбінде туған балалардың сыбағасына саналатын
шартпен.
2)Қазақ участкасының ортасында қалып, мал жаюымызға тынышсыздық
етіп тұрған қазыналық ағаштар бізге берілсе екен.
3)Қостанай уезінің һəм Торғай облысының басқа қазақтарымен қатар біз де
степной положениеде болсақ екен дейді.
Тілші
Башқұрт жері
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Самара губерниясында біраз башқұрт бар. Бұлардың жері өзінікі. Əр үй
иелері өз жерін сатам десе ерік. Мұжық башқұрт жерін сатса ерік деген
белгілі 9 ноябрь 1906 жылғы указ шықты. Өз жеріне өзі қызмет қылмаған
башқұрт, сонан бері жерді сата бастады. Самар губерниясында Николай
уезінен Кузебай болысында башқұрт жерді десятинасын 13-16 сомнан
сатты. Базар бағасы 80-100 сом болып тұрғанда. Мақсат қаласы 11 мың
десятина жерінен 6 мың яғни 54 проценттен артық сатылды. Кузебай қаласы
10 мың 500 десятинадан 5 мың 800 яғни 55 проценттен артық сатты, Акир
қаласы 6 мың 675 десятинадан 4 мың яғни 60 процент кем сатты, Абдолла
қаласы 5 мыңнан 2 мың 200 яғни 44 процент сатты. Жалғыз Кузебай
болысы 75 мың десятина жерінен 40 мың яғни 53 проценттер артық сатып
жіберген. 15-ке жақын отырған қазақ осы башқұрт ағайын аяғын құша ма
деп қорқам. Əуелі жер бергенде қалаға деп беріп, аз уақыт өткен соң 14
июнь 1910 жылғы законды жүргізсе, біздің қазақ ана башқұрт артынан
кетеді. Бұл законда қаладан жерімді бөліп алам десе ерік. Қазақта үй басы
45 десятинасын тіліп алып, сатып жіберер. Қала болған қазақ законда
мұжық тонын киіп тұр. 14 июнь 1910 жылғы закон мұжыққа шыққан.
Қыр баласы
Əскер алса
Қазақтан əскер алу хақында «Қазақтың» 171-172 нөмерлерінде Петроград
хаты айтады: «Казак болу қазақ тұрмысына жақын екенін, мұны қазақтар өзі
көріп отыр. Əйтеуір əскерліктен қазақ бас тартпайтын болған соң, бізге
казак болудан басқасы жоқ. Егер кезінен қалғып-мүлгіп кеш қалсақ кейінгі
ұрпақтарымыздың көз жасына қалғанымыз, онан соң көрде тыныш жату
болмас» деп қайғысын қосып. Қара қазан, сары баланың қамын айтып кім
қайғырмаған. Мұндай жолға уайым, қайғы артық па? Егер аңдап осы уақыт
жақсы жол тапсақ, күндердің күнінде арттағылар бабаларымыз бас қосып,
кеңесіп қалап алған жолы осы екен, бұған түсіп патшамызға мақтаулы əскер
бір болдық жəне жұртымыз азбайтозбай қатарға кіріп, екі болдық деп.
Алғысын тарих бетіне алтынмен жазбай-ақ сиямен жазып қойса, арман не?
Егер асығып жаза басып, шатақ жолға салсақ, бабаларымыз əрі патшалыққа
қалаулы əскер бола алмай, əрі жұрт қатарлы шаруаларын арттыра алмай,
азып-тозып, бізді осындай сергелдеңге салып қойған аталарымыз ғой деп,
көрінгенге зарлап шағып жүрсе, онан артық ұят не? Қатеден қашып, қам
қарастыру бар адамзаттың намысы еді. «Қазақ» газеті жұрты үшін осы
қарызын өтеуге жарқын бетіне «не істеуге?» деп отырған да, мынау жері
былай емес пе деген сырды ашып, ағайын алдына салу, сондықтан кімдекім көңілдегін айту орынсыз болмаса керек. Қазақ қазақ болғалы бұл басқа
келуге тұрған бір мықты кезек қой. Бұл туралы өз пікірім, қазаққа казак
болушылық артық ауыр жұмыс, себебім сол, 1895-1903 жылдарда Орынбор
казактарының арасында тұрғанымда олардың тұрмысын нашар екен деп
білдім. Казак тобының жайшылықта шаруасы тəуір болса да, қалай баласы
21 жасқа толса, оны əскерлік қызметіне жасаймын деп байла ры болмаса,
басқалары шала шабылып қалады екен. Оларға бір баланы əскерге жасап
беру сол арзаншылық уақытта 200-300 сом тұратын еді, ат, ер-тұрман,
киім-кешегі бар. Қазынадан берілетіні бұларға тек винтовка мен найза.
Тақыр кедейлердің баласына берілетін 60-70 сомдап қазынадан жəрдем бар,
бірақ мұны көмек деп малдануға болмайды, не үшін? Ол ақшаны кейін
қазына қайта өндіріп алады.
Казак ер басы 30 десятина жақсы жер ала ды. Жəне жері ағашты, сулы
болса, одан да пайдаланады. Бұл аз қалыңмал емес. Бірақ алмақтың да
салмағы бар. Казактың алатынын қашанда салатыны басып отырады екен,
себебі жалқау жұрт жердің бар байлығын шығара алмайды. Сондықтан əлгі
айтқан 20-30 сомға көбінің шамасы жетпей, үйлерін, малдарын, үй
құралдысының бір сыпырасын торгпен саттырып қатты əбігер тартады
екен. Осыдан қашып крестьяндыққа шыққан казактарды көп көрдім.
Əсіресе 1896-1897 жылдарда сол уақыт крестьян табына шығамыз деушілер
өте көбейіп, оларға ақырында əмір де болған: «енді сұраушылардың тілегі
алынбасын» деген.
Баста болмаған пəленің қандай ызғары барын кім біліп болған. Бұл
казактықтың жайсыз жағы толып жатыр, бірақ қазақтың шаруасына казак
болу қолайлы болар ма деп салыстыруымызға осы алған үлгім де жетсе
керек еді. Ендігі сөз сол, казак ер басы 30 десятина жақсы жер енші алып
отырып, ол жердің суынан, бұтасынан аз да болса пайдаланып отырғандығы
тұрмысын жаңа мен айтгым ғой. Бұл Орынбор казактарының жай-қалпы.
Орал, Сибирьдің казактары бұлардан тоғырақ тұрады дегенді айтысады.
Ғажап емес. «Жері байдың елі бай» деген. Оралдың ағып жатқан балығы
бар, Сибирьдің шашылып жатқан байлығы бар ғой. Бұларды біз жатсақ
түсте көрерміз бе? Қазақтың көбінің отырған жері қызыл топырақ, ақ сор.
Анау Бөкей ордасы, Орал дың оңтүстік жағындағы бүтін Ырғыз, Торғай,
Қазалы, барша Бетпақ даласы, Балқаш сықылды қазақтардың отырған
жерлерінің берекесі бəрімізге мəлім. Сол қазақтар казак болса, жерлеріңде
отырып бола ма, жоқ іргесін басқа жайлы жерге аударып бола ма? Егер сол
жерлерінде отырып қалса, адам басы үлесіне 30 алмай 100 алсын, жоғарыда
айтылған салмақты қызыл шақа кедей қазақ көтере алмай мертігеді. Жоқ,
жақсы жер береді ғой делік. Жоқ жерді бізге аспан тастар ма? Болмаса
мұнда жақсы жер бар деп, қазақты миллионный отвотқа апарып қондырар
ма? Рас, ертеден іргесін жайлы қонысқа бекіткен қазақтарға казак
болушылық аса ауыр болмасты, онда да ұйқыны тастап, белсеніп еңбек
қылса. Бірақ ондай жақсы жерді иеленген қазақ тіпті аз ғой. Айдың-күннің
аманында үй басы 6-7 сом алымды ауырлап бере алмай жүрген қазаққа 21жасқа балалары толғ ан сайын 200-300 сом расходпен əскерге беріп
отыруды қандай жер, қандай кəсіп көтереді? Бүйтіп зарланғанша крестьян
болып, қай күні кезек келсе, сол күні баламызды шығынсыз солдатқа беріп
отырсақ болмас па? Крестьяндық оқу-өнерге əрі жайлы, əрі жақын жол.
Халықты алға бастыратын оқу. Қазақ оқу-өнер тапса не түрлі шаруасы
тəртіпке кіреді. Тəртіпті шаруа жоқты бар қылып, барды екі етіп отыр.
Патшалы жұрттың бəрінің де берекесі крестьяндармен. Қазақ табы оқуөнерге де, жақсы шаруаға да жағымды мінез, халыққа д а бек тапшы
болады. Бұған себеп бұлардың бастапқы мақтаусыз ата мирастары. Біздің
қуғанымыз шын жақсылық болатын болса, азға қанағат қылып, жақсыға
сыбай болсақ қайтеді.
Солдат болмақ, казармада тұру қазақ баласына ауыр, себебі оқыған балалар
аурудан қырылып жатады деу қате. Оқу мен солдат қызметін салыстыруға
болмайды. Бұрынғы бекер айтпаған, «оқу инемен құдық қазудан қиын» деп.
Оқуды аламын деп қазақ баласы қызығына түсіп, үйде сарғайып отырып,
денсаулыққа ең қымбат таза ауаны аз жұтады. Солдат ка зармада тек
жатқаны болмаса, қызметтің бəрі ашық далада болады, қайта қазақ солдат
болса, көп қозғалып, саламат бо лады. Жаяу жүріс үйрену əдет қой. Қазақ
естек-ноғайдан шабан емес. Олар да жаяуға солдат болып көндіккен.
Петроград хаты ақырында асықтырған, соғыс кезінде закон жобасы
Думадан тез өтіп, тез закон болып шығады, сол себепті қазақ казак болуды
тілесе, тезірек тілегін сходпен приговор қылып беруді қажет деп. Бұл соғыс
емес пе? Бүтін халықты бір тапқа айдап салу оңай ма? Көшпелі халық
туралы Россияның мына законы бар ғой: «Көшпелі жұртты өздері тілемесе,
еріксіз басқа сословиеге кіргізуге болмайды» деген . Бұған тұрсақ бір ауыз
сөз сұрамай, қалай басып көктер екен. Егер закон жобасы ол законды
аттаған болса, алдымызда Дума бар ғой. Қолына берген жобаны жонған
таяқтай қылып отырғанын көз көріп жүр емес пе? Əлі де асықпай анық
қарастыралық, əскерліктің қай түрі шаруаға жарамды болар. «Кеңесті азбас,
кең тозбас» деген.
Қайсысы пайдалы?
«Қ» мырза «Қазақтың» 177 нші нөмірінде басылған мақаласында əскер алса
қазаққа казак болу емес, солдат болу пайдалы дейді. Петроград хатында
пайдалы жағын жорта ішке бүгіп отырып, тиісті жағын ғана айтып өткен
едік. Олай еткеніміздің мəнісі мынау еді: мемлекетіміздегі пайда-залалға
мемлекеттегінің бəрі ортақ болмақ. Қазақтың мүліктенген жерін
басқалардыкі ортақтығы бар деп үлеске салып отырған жоқ па? «Қ» мырза
қазақ жерін азсынып, мұнан басқа табарлық жеріміз жоқ деп отырғанда,
қазақ жерін көпсініп, казак болса, жер біткен өзінде қалады. Басқаға жерді
қайдан алып береміз деп, дауласа тұра келейін деп отырғандар бар. Оның да
ұшығын Петроградтан естіп келіп отырмыз. Егер қазаққа казак болудың
мынадай-мынадай пайдасы бар, сол үшін казак боламыз десек, саған
пайдалы екені рас, басқаға қалай болар? Россия мемлекеті жалғыз қазақ
үшін жасаған мемлекет емес, сіздерден де басқалар бар. Жіліктің майлы
басы саған тигенде, майсыз басы басқаларға тимек. Оның болмайды десе,
біз не демекпіз. Бұл жағын жауып қойып, істің табанын қазаққа тиісті
жағына тірейік. Біздің ат үстінде өсіп, ат пен қоса қайнап, пісіп қатқан жұрт
ешкім бекер деп айта алмас. Біздің далада өсіп, шаһар əуесіне шыдай
алмайтынымызды дəлелдейтін ыспаттар келтіріп отырсақ, онымызды да
ешкім бекер деп жыға алмас. Пайдасын ішіміз білсін, мынаны жүргізейік
деген оймен қазаққа пайдасы қандай екенін баяндамай, тиісті-қолайлысы
осы деп қана халыққа сездіріп өтпекші едік. «Қ» мырза жақыннан қайырып,
мəселені қамауға айдап, пайдалы-пайдасыздыққа салып, сөз ашпаққа отыр.
Солай болған соң, енді қайсысы пайдалы екенін ашып айтпасақ болмайды.
«Қ» мырза қазаққа жақсы жерді қайдан алып береміз деп қайғырып отыр,
басқалар қазаққа осы жерін қайткенде өзіне алып қалады деп қайғырып
жүр. «Қ» мырза қазақ жерін жаман дейді. Сол жаман жерде мұжық бол
дейді, өйткені мемлекетті нанымен асырап, берекесін кіргізіп отырған
мұжықтар дейді. Бізде айтармыз: Қазақ жері жаман, жаман болғанда егін
шаруасына жаман, мал шаруасына жарайтыны баяғыдан бері қазақтар осы
жерінде мал бағып, күн көріп келе жатқанынан көрініп тұр деп. Азын
қойып, көбін алғанда қазақ жері – мал жері. Қашан адам баласының ақылы
аспанға жетіп, əуеге дегенін істеткенше, иə жердің бəрін арықпен жүріп,
ұластырып сумен молайтқанша, қазақ жері осы күйі болған күйінде
қалмақшы. Қазақ жері мал жері екендігіне таласпасақ, мал шаруасына
жердің көп керек екендігі де талассыз нəрсе.
Енді қарайық: казак болу ма? Солдат болу ма? Қазаққа қайсысы пайдалы
болар? Солдат болу мұжық дəрежесінде болу. Мұжық сыбағасы жақсы
жерден 15 десятина, казак сыбағасы жақсы жерден 30 десятина. Жер жаман
болса сыбаға десятина артпақ. Онда да мұжық сыбағасы мен казак
сыбағасының арасындағы айырмасы сақталмақ. Мұжық сыбағасы бойынша
30 десятинаға келетін жерден казак сыбағасы бойынша аз болса 60
десятина келмек. Жерді көктен іздемей-ақ, осы жеріміз жеткенше жақсысын
алып, жетпеген жаманынан көп етіп алсақ, сонан артылып қалған жаман
жерімізге ешкім қызығып келе қоймас. Солай болған соң қазақ жері өзінде
қалды деген һəм іргесі ыдырамаған тұтастық деген осы болмақшы. Бұл
тілегіміз орнына келсе, қалай күн көріп жұрт боламыз деп қайғырмас едік.
Енді солдат болып, мұжық есебіне кіргенде не болмақпыз? Солдат болу
мұжық болу деп жоғарыда айттық. Мұжық нормасымен жер алып, қазақ
жерінде егінші болып, мемлекетті нанмен асырап «берекелі мұжық» бола
алмаймыз. Қазақ жерінің жаман екенін «Қ» мырзаның өзі де айтып отыр.
Мұжық нормасымен қазақ жер алғанда, жері көп артылмақ. Қазақ басына
екі орыстан əкеліп отырғызамын десе де жеткілікті болмақ. Қазақтың
қайғылы мəселесінің алды жерінен айырылу, арты бір қазақ екі орыс болып
отыру емес пе еді? Басқасын қойып осы екі негізгі мəселе жағынан
қарағанда да казак болу мен солдат болу екеуінің қайсысы пайдалы екендігі
анық-ақ көрініп тұрған жоқ па? Казак болудың расходы көп-ақ болсын. Көп
расход көп жер алуға дəлел. Солдат болып отырып солдат болып отырған
мұжықтан артық жер алам деп, дауыңа не дəлел жүргізесің? Жалғыз «Қ»
мырза болмаса, иə хат арқылы иə ауыз сөйлесіп, ешкім казак болудан солдат
болу пайдалы деп айтқан емес. «Қ» мырзаның көрген казагы мен мұжығын
басқалар да көріп жүрген шығар дейміз. Казактан мұжықтың асып отырған
артықшылығы болса, олар неге айтпай отыр? «Қ» мырза сияқты халыққа
пайдалы ақылын осындай керек кезінде неге айтып қалмайды?
«Қ» мырза солдат болуды қолайлаған соң, асыққанымызды да ұнатпайды.
Қазақ туралы закон шығаратын болса, қазаққа ақыл салмай істемес дейді.
Қазақ туралы шығатын законды, қазақпен кеңеспейді шығармайды деген
сөзді естіп отырғанымыз осы. Закон шығару жұмысына 1 нші, 2 нші Думаға
қазақтан адам шақырылғанын білеміз. 3 нші июнь законына кейін қазақты
закон шығару жұмысына Кеңеске алды деп естігеніміз жоқ 3 нші, 4 нші
Думада қазақ депутаттары жоқ екенін анық білеміз. Закон кеңеске
салынатын орын Г.Дума. Онда қазақтың кеңесін керек қылмай отырғанда,
қазақ кеңесін қай жерде керек қылып, онсыз закон шығара алмай жүргенін
біле алмадық. Керегінде кеңеске алған болса, қазақтың 5-6 депутатының
жалованиесін ауырлап, Думаға шақырмай қойған жоқ шығар, кеңесін керек
қылмағандықтан шығар дейміз. Сөйтіп отырғанда бізсіз закон шығара алмас
деп, қарап жатуымыз дұрыс болар ма екен?
Жаңа да «Қ» мырза айтады: қолына берген жобаны жонған таяқтай қылып
шығарып отырған думаны көз көріп жүр емес пе деп. Закон шығарып
отырған Думаны көріп отырғанымыз рас. Бірақ онан шыққан законның бəрі
жонған таяқтай қазақтың қолына жағымды тие берер деп айта алмаймыз.
Степное положениеде қазақ пайдалануынан артық жер алынады деген закон
жолы бар. Түркістан положениесінде ондай закон жолы жоқ еді. 3 ші Дума
Түркістан жерінде артық деп осы закон жолын шығарды. Дума шығарған
бұл закон Түркістан қазақтарына «жонған таяқтай» жағымды болып тимеді.
Олай болса, Думадан шыққан законның бəрі бізге жағымды болып шығады
деп, қарап жата беруіміз тағы дұрыс болар ма екен?
«Қ» мырза жəне де айтады: «Көшпелі жұртты өздері тілемесе, басқа
сословиеге кіргізуге болмайды деген закон бар, ол закон тұрғанда қам жеп
қайғыру асығыс» деп. Біз де «Қ» мырза сияқты қазақтың солдат болуын
тілесек, қам қылуымыздың қажеті жоқ. Біз солдат болу емес, казак болуды
тілеуші. Сондықтан басымызды солдатқа байлап қоймай тұрғанда, казак
сословиесіне кіруге қам қылып, асығуымыз тиіс деп əлі де айтамыз.
Ата қонысынан айрылған қазақ жайы
Ата қоныстан айрылып, барарға жер, басарға тау болмай, далырып отырған
жер иелерін көзіміз сан көреді. Мұндайға қазақтың қылған айласы, тапқан
ақылы болмай жүргенін тағы көреміз. Осындай жайға ақыл табылары бар
ма? Табылғандай болса, біздің қолымыздан келер ме? Қай елдің басына
болса да, осы мəселе келіп тұр һəм күн сайын келетіні анық. Семей облысы,
Павлодар уезіне қараған Басқұдық елінің 299 үйінің жері 1911 жылы
«айрықша қазына пайдасына ағаштыққа» деп алынды. Қыстау болсын,
шабынды болсын бəрі қазынаға алынып, қыстау иелеріне 12 мың 140 сом
ақша берілмек болған (үй басы 40 сом неше тиыннан). Бұл 299 үйден 120сы ақша да алмай һəм көш десе көшпей бес жылдан бері ізденіп келеді.
(Бұлардың жерін алмаққа 1911 жылы уезный комиссия қаулы қылған)
көшпесеңдер күшпен көшіремін деп ұлық тұр. Жеріміз жоқ, мұнша үй қайда
барып сиямыз деп сандалып не қыларды білмей бұлар отыр. Не жерін
айырып қала алмай, не басқа жақтан орын ала алмай Басқұдықтың 120 үйі
жатыр, бұларға не қылмақ керек?
Степное положениенің 120 статьясының бірінші қосымшасында айтады:
«Көшпелі халықтан артыларлық жер болса, ол жерлер диханшылық
жайымен жер жұмысын басқаратын бас мекеменің (осы күнде
министерствоның) еркіне тапсырылады» деп. Бұл қосымшаны қалай ұғуға
лайық? «Артыларлық» деген сөздің мағынасы не? Мұнда «артылған жер»
деп айтпай, «артыларлық» дейді. Бұл арада біздің абайлауымызша,
артатындығы анық болған жер деп ұғыну керек. Өйткені, жер өлшенбей
тұрып артылар-артылмасына кімнің көзі жетеді. Əрине ол арасын ешкім
айыра алмайды. Бұлай болғанда қандай жерді анық артық деуге болады?
Қыстауды, егіндікті, шабындыны, күзекті артық деуге асылы болмайды.
Жайлаудың да бəрін артылатын жер деп санауға жəне келмейді. Жайлау өзі
көп дала болса, ондай жайлайтын ел аз болып, малы шағын болса, міне
сонда «артыларлық» деп айтуға келеді. Ұзын сөздің қысқасы, «артық» деген
əр уақыт пайдаланудан асқан нəрсені айтады. Бірақ осы «артық» деген
сөздің өзі бүгінде бір жұмбақ болып тұр. Бұ жұмбақты шешетін кім? Осы
араға келгенде низамның бізге тауып берері жоқ, мұжық төрелері
артыларлық десе, артылған болады. Өстіп бар низамның тетігі кішкене ғана
төрелердің қолында болып, ол тетікпен уезный комиссия жүреді, мұның
соңынан өзге мекемелар барады. 121-статьяның қосымшасында айтылады:
Торғай облысында ағаш заты бар жерлерді қыстауы болмаса, ол маңайдағы
аумалы құмды тоқтатып өзге жаққа аумастық қылу үшін диқаншылық ісі
мен жер жұмысын басқаратын бас мекеменің қолына алуға болады.
Қыстаулары бар жер аса қатты керек болғандай уақытта жоғарғы айтылған
мекеме басы қыстау иелерімен шығын турасын келісу лайық өзі баға кесіп
һəм оларға басқа жерге қыстап орнауға ағаш беріп. Бұл низамның Торғай
жағында ғана шыққандығы, өзге жер мұнда айтылмағанынан көрінеді һəм
бұл облыста аумалы құм болғандықтан, ол құм бір жерден ұшып
таралмасын көздеуге Торғай жағының жерін қазынаға алуға үкіметке ерікті
низам көбірек берген. Осындай зор себеп «құм» болғанда, қыстауды алуға
болады екен, онда да қыстау иелеріне лайықты шығынын беріп, жаңа жерге
орналасуына ағаш беру тиіс екен. Осы статьяларға Басқұдық елінің 299
үйінің қыстауларын ұлықтың алып отырғаны қанау емес пе? Біздің
білуімізше, əбден қанау. Алынған жерде «артыларлық» жер жоқ һəм артық
екендігін ыспаттауға жер өлшеушілердің қолындағы бір күшті дəлел
болушы еді, «қазақ өзі көшуге риза болып қол қойып ақшасын алды» дейтін.
Өйткені əр уақыт қазақ ақша аларында да һəм өлшеушілер де кейде
кесілетін жер иелеріне қол қойғызатын еді, «ризамыз, ақшамызды алдық,
көшеміз» дегізіп. Əріне, қазақ риза болса қандай жер болса да, «артық»
болады. Ондай дəлел бұ жолы жоқ. Низамды біз бұлай ұғынсақ та, ұлық
Басқұдық елінің қазақтарына көш деп жатыр, осыларға не ақыл табылады?
Бұған бұл сағатында ақыл табылар деп білмейміз. Табылса табылар, Г. Дума
бір қайран қылса. Сөз құлағына жетсе, жайды əбден біліп түсінсе, Дума бұл
турада бір жоба көрсетудің жолына да түсер еді. Думаға сөзімізді кім
жеткізеді деген мəселеге тағы келіп шығамыз. Бұл тақырыпты сөз газетке
күнде жазылып жатыр. Оны қайта айту да қажеті жоқ. Думаға бізден
депутат алуды сұрамай жатпау керек, біз туралы зор мəселелер сөйлегелі
тұр. Біз бір жыламаған бала болғанымыз лайық емес деп білеміз.
Ром
Қостанай уезінен
(Жер мəселесі)
1913 жыл жаз күні Қостанай уезі Құмақ болысына производитель работ
Авдократов деген келіп ақсақалдарды жинап алып жер туралы үгіт-насихат
айтады: «Сендерге менің жаным ашиды. Тілімді алсаңдар 15-тен жер
беріледі, əр участок қасынан оброчный статья шығарылады, бұлармен
алғашқы 3-4 жыл ақшасыз пайдаланасыңдар. Сонан кейін бұл оброчной
статья торгпен сендерге ғана сатылады. Жиылып қала болатын жерге
көшуге қазынадан жəрдем беріледі. Қала болмай көшпелі қалыпта
қалсаңдар қазір тəуір болғанмен де түбінде зиянда қаласыңдар. Қазір
сендерге еркек-əйелге 15 тен берілгенмен, бұл уақытша, керек күні жақсы
жерлеріңді мұжыққа алып береді һəм қала қылмай қоймайды. Сонда жерден
тіпті айырыласыңдар» деп айнала қамайды. Ақсақалдар сөйлесіп, пікірлері,
екіге бөлінеді. Бір сыпырасы, қала боламыз, бір сыпырысы болмаймыз
деседі. Қала боламыз деушілер 2,7,9 ауылнайдың ақсақалдары һəм 4
ауылдан 21 үйдің ақсақалы. Ауылнайдың 145 үйі Қарабұтақ деген Құмақ
өзінінің бір саласын 7 участок, 7 ауылнайға қараған 140 үй Қарағанды
бойына (бұ да Құмақ саласы) 4 участок, 9 ауылдың 111 үйі Құмақ бойына, 4
ауылдың 21 үйі Қимаға бір участок боламыз деп қолдарынан таңба берген.
Соңынан қала боламыз деген ақсақалдар біз қате істедік, күн бұрын қала
боламыз деуіміз орынсыз екен, енді мұнан қалай құтыламыз деп жүргенде,
1914 жыл крестьянский начальник шығып, қала боламыз деулерің дұрыс па
деп сұраған. Жұрт айтқан, біз қала болмаймыз, ақсақалдың айтқанын
разылығымыз жоқ дескен. Ақсақалдар да қайталаған. Начальник өзге
елдерден өзі сұрап, 2 ауылдың 43 үйінен сен сұра деп болысқа тапсырады.
Бұл 43 үйдің ақсақалдары, былтырғы айтқанымыз айтқан қала боламыз
деген. Біраздан кейін переселен мекемесі қала боламыз деген 43 үйдің
ақсақалдарының сөзін қабылдадық деп естірткен. Мұны естігеннен кейін 43
үйдің адамдары арыз береді: «Біз қала болмаймыз, ақсақалдың сөзіне
разылығымыз жоқ ақсақалдарымыз кедей, малы жоқ адамдар, оларға қала
болып отырған жақсы» деп. 1915 жыл декабрь ішінде переселен мекемесі
жауап береді: «Арыздарың аяқсыз қалды» деп. Сонан кейін 43 үй
губернаторға арыз береді: «бізді қала болудан босатыңыз» деп. Арызға
жауап қайтпаған соң, өткен февраль аяғында телеграммен де сұраған. Бұл
күнге шейін жауап жоқ. 43 үйдің жайы осы, өздері сасуда. Алаш
азаматтарынан зор өтініш, бұл 43 үйге не ақыл, қалай һəм қайдан іздену
керек, «Қазақ» арқылы білдіріп болмас па екен?
М. Шағырша
«Жоқшы» жазады:
Қазаққа казак болу жайсыз, рухын «жоятын ауыр жұмыс, өйткені казак
болғанда қазақ баласы 18 жасынан бастап 33-ке шейін 15 жыл (3 жылы
даярлану, 12 жылы анық кызмет) əскерлік əбігерінде сандалып жүреді,
жылдың 3-4 айын ойын үйренуде өткізетін болған соң былайғы уақытының
көбінде соған бару-қайту қайтысына шығын етіп, көңілі бөлініп шаруасына
төселе алмайды. Бұл онсыз да жалқау, надан, кедей біздің қазақ жұрты үшін
қырсыздыққа үйретуге үлкен себеп.
1894-1900 жылдарда Орал облысына қараған Сломухин станциясында
тұрып едім, ондағы орыстармен араласпасам да, мұсылмандарымен
араластым, жай-жапсарына қандым. Онда екі тап ноғай бар еді. Бірі сол
жерлік ноғайлар, атты казак қызметкеріндегі «Орал ноғайы» атанады,
екіншісі келімсек ноғайлар, солдаттық қызметінде «қазандық» деп атанады.
Бұл екі табын салыстырып қарағанда Орал ноғайы қазандықтан сан
жағынан екі есе көбірек, оқу-өнер, шаруа кəсіп, мінез-қалып жағынан екі
есе төмен.
Кемдігіне себеп, Орал ноғайы кедей, надан, жас жігіттері шаруаға қырсыз,
аталары ержеткен балаларының ат-тұрманын жетістіру қайғысында жүріп
жас балаларын оқытуға өрелі болмайды. Сондықтан балалары надан
қалатыны белгілі. Қазандықтар шаруасына айналуға да, балаларын оқытуға
да уақыт табады, балалары тегіс солдатқа алынбайды, алынғаны да 3-4
жылда қайтып келеді. Келген соң шаруасына кіріседі, киім-тамақ қазынадан
болған соң, шығынға ұрынбайды, борышқа батпайды.
Қазақта байдан жарлы көп. Сол жарлылардың балалары 18-21 жасқа
келгенде ойынға шығатын ат-тұрман түзеуге міндетті болса, ол өзі мұндай
қымбатшылық есепте 4-5 жүз сом тұрады, кедей мұны қайдан табады. Бір
баласына тапсын, 2-3 жылдан кейін екінші, үшінші балалары тұр, оларға не
жеткізеді. Казак болу қазақ шаруасына ауыр дейтініміз осы. «Қыр баласы»
айтады: «казак мұжықтан правода артық, ерке, оған себеп тарих жолы,
мұжық құл болған, казак бостандық, құрдастық жолында болған» деп.
Правосы артық болғанымен адамшылығы кем, ерке болғанмен бағыты,
жолы теріс. Бұған се беп надандығы, надандыққа себеп кедейлігі,
кедейлікке себеп бос уақыттарының кемдігі. Еркелік правосы жақсы, бірақ
адамшылықтың ақ жолын құрбан етіп барып, қолға түсеме деп корқамын.
«Алтынды ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ» дейді қарттар.
Солдаттық жолы əркімге белгілі, анық жол. 21 жастан бастап 3-4 жыл
белсеніп қызмет етеді де елге қайтады, мұның шаруаға, оқу-өнерге анадай
бөгеті жоқ, шығын қазынадан. Қазақ баласы казармада жата алмайды, жаяу
жүре алмайды деген сөз де қате. Жасы жетіп, қабырғасы қатып, қан-сөлі
толып болған 21 жасты жігіттердің денсаулығын 8-10 жасынан сарғайып
тар ауада шықпай отырған балаларға қияс ету шалғай.
Енді жер жайынан бір-екі сөз. 179 нөмер «Қазақтың» бас мақаласында
айтады: «Солдат болу – мұжық дəрежесінде болу. Мұжық сыбағасы жақсы
жерден 15 десятина, казак сыбағасы жақсы жер ден 30 десятина» деп. Біздің
түсінуімізше, жер мəселесі бір басқа, əскерлік мəселесі екінші басқа. Сен
сол дат болдың деп алты миллион мал бағып, көшпелі күйде күнелтіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.