Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06

Total number of words is 4084
Total number of unique words is 1917
29.5 of words are in the 2000 most common words
41.3 of words are in the 5000 most common words
47.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қаралықшы. Япырмай, ойлап тұрсақ, бізің бұл екі жүз жылдық ғұмырымыз
бүтіндей босқа өтіпті. Өзіміздей халық өз біріктіріп ғылымды өнерді
асырмақ үшін басқа халықпенен таласқанда біз өзді өзіміз бір-бірімізбенен
үлкендікке таласып, барлық уақытты уə барлық малды бұған сарп етіп
масқара болыппыз.
Сөйтіп өнерден де, ғылымнан да мақрұм қалып, ақырында күнелтіп отырған
малдан да айрылып, зор қиындыққа ұшырап тұрмыз. Жетер енді таласу,
жетер! Ендігі ғұмырды бос өткізуден сақтаналық.
Енді бізге бұрынғы күн жоқ, бұрынғыша мал бағып көп ұзақ жасай
алмаймыз, оның үшін бұрынғыдай жер жоқ.
Өнерсіз адам яғни еш бір нəрседен хабары жоқ білімсіз адам бар затын
пайдаға асыра алмайды, міне, біз қазақ халқы барымызды ұқсата алмай,
жарлы болдық ғой, бай десең, бізде болды, не үшін бір ине қалмады,
барлығы надандығымыздан.
Енді бізге бала оқытуға, өнер үйренуге жабысу керек. Кəсіп етуге жабысу
керек. Бұларды біз бұлай отырып тіпті де үйрене алмаймыз, бізге енді онымұны қойып, ауыл-ауыл болып жиналу керек, сонда ортақ ұстаған бір
моллаға ауылдағы барлық бала оқып, тағылым алады, енді қазіргі халде,
яғни шашық отырғанда үй басына бір молла керек. Олай ұстауға əр кімнің
қуаты келе бермейді. Сондықтан көп бала надан қалады. Бұлайша ауылауыл болып жиналып отырудың жерге де пайдасы бар. Аз жерді тілкімдеп
əр кім өз алдына пайда лануға болмайды, сол себепті барлық ауылдың жерін
қосып жіберіп, бір жағын егіндік етіп, бір жағын пішендік етіп, енді бір
жағын жайылыс етіп ортақ пайдалану керек болады.
Басқа кəсіпке үйрене алмаймыз деп қорқу бекер, далада жүріп мал бағуды
оқымай-ақ үйрендіңіз ғой, сол секілді ауыл болып бір жерге жиналсаңыз,
сауда ғылымын да, яки басқа кəсіпті де еш кімнен үйренбейақ өздеріңіз
білесіз, қарттар айтады ғой басқа түссе баспақшыл деп.
Түрлі өнерге адам баласын мұқтаж үйреткен, бəрі бір бұ мұқтаждық бізді
бұлай қоймайды. Мұқтаждықтың əуелі бастап кірді ғой, енді бұның
жолында тұрмалық, екінші жаққа қарай бұлтарып қашалық, қашқанымыз
сол болсын, ауыл болып жиналып, өнерге, ғылымға, кəсіпке жаппай жабыса
басталық. Өгіз қарын майыңды өлгенде бастаймысың дегендей, ау,
білгіштер, жүйріктер, жазатын жерлерің, сөйлейтін, шабатын жерлерің, енді
келді, қарап тұра көрмеңіз, «Қазақстанға» пікірлеріңізді жаза көріңіз.
«Қазақстан»
Қалай мəслихат
Өзіңізге мағлұм, қазақ жері өлшеніп, артығы алынуға жатыр. Хəкім
тарапынан халыққа екі бағыт көрсетіліп тұр: қазақ бұрынғы күйінше
шашық отыруды тілей ме, болмаса ауыл ауыл болып жиналуды, яғни қала
салуды тілей ме деп. Егер бұрынғыша шашық отырып қаламыз десе, ол
күнде еркек-əйелге бірдей жан басына 12 десятинадан жер беріледі.
Қатеріңізде болсын, əйелге жер жоқ, əйелге жер уақытша беріледі. Əйелдің
жері қашан да болса қазынаға алынады. Бұ халде жер бүтіндей қазыналық
болады дейді.
Енді егер да қазақ қала салуға риза болса, ол күнде жан басына 10
десятинадан тек қана ер адамға беріледі, əйелге жер берілмейді, бұл ер
адамға берілген жер қазынаға кері алынбайды, басы бүтін өздерінікі болып,
сатып жіберсе де ықтиярлы болады. Бұл хəлде бұдұт мал есебіменен
алынбайды, десятина басына 10 тиын шамасынан жер есебіменен алынады.
Мысалы 10 десятина жерден 2 сом 20 тиын алынады. Бұл еркек басына
берілген 10 десятина жер пішендіктен, егіндіктен аспайды. Сол себепді
хəкімдер əр ауылдың тұсынан мал жайдыру үшін қазыналық етіп жер
алады, бұл жерге мал жаятын кісі аз-көп болса да қазынаға ақша төлейді.
Біздің білетін адамдардан алған хабарымыз осылай, халық дағдарулы, қалай
етерін бұл күнгеше біле алмайды: 12 десятинадан еркек-əйелге бірдей жер
алып, тəуекел етіп бұрынғыша шашық отырып қалуға ма, болмаса 10
десятинадан ер басына жер алып қала салуға ма, қара халық тəуекел білген
адамдар да əлі бұның хақында бір келісімге келген жоқ секілді көрінеді. Əлі
көп халық орнасқан жоқ, сөйлесуге енді уақыт.
Ау! Бас адамдар, оқыған тоқыған адамдар! Бұ халыққа бір бағыт сілтеңіздер,
сілтегенде тек солай керек демек жеткіліксіз. Себебін айтыңыз, мысалы, не
үшін 12 десятинадан еркек-əйелге бірдей жер алуды қуаттайсыз, уа не үшін
10 десятина дан ер басына жер алып, қала салуды қуаттамайсыз?
Пікірлеріңізді «Қазақстанға» жаза көріңіз.
«Қазақстан»
***
Халық жер тарылғансын, жиылып отырудың пайдалы екенін өздері де
сезетін көрінеді, бірақ 12 десятина менен 10 десятина жердің қайсысын
аларын білмейді.
Бұлай мəслихат
«Қазақстанның» 3-інші нөмірінде «Қалай мəслихат?» деп басталған бір
сұрау сөз басылды. Сұраушы бұ сөзінде «қазаққа тегіс (ерге-əйелге) 12
десятинадан уақытша алып, бұрынғыша көшпелікте қалуға ма, болмаса 10
десятинадан ер басына алып, қала салуға ма?» – дейді.
Яғни осы дүниа тарылып, жер-су шағындалған шақта, осы 20-ншы ғасырда,
осы баяғы жұрттар өнер-білім арқасында ілімдары қарайлас болып, бірбірімен аюдай алысып тіршілік етіп тұрған шақта, мидай араласа бастаған
біздің білімсіз, аңқау, жалқау, аяқты малды бағып, сауып сүтін ішіп, сойып
етін жеуден басқаны білмейтін қазақ жұртына осы күйше оларға жем болып
тұралғанша тұра беру тиіс пе? Болмаса 5-10 жылда қиындықты пида қылып,
замананың тілеуіне ұйқас жиналып, қала болып, кейінгі жас балаларды
өнер-білім жолына салып, түрлі кəсіп харекетке жасынан мойын қойдырып,
басқа жұртпен ағаласа – жағала күн көре аларлық шекке жеткізу тиіс пе?
Пішуі тиіс болған түйін осы бола ма деймін. Мен бұған иманыммен
былайша жауап беремін: Қазақтың хазіргі хəлін һəм келешектегі жайын
тереңірек ойлап қарағанда шүбə жоқ, еш бір тоқтаусыз жиылу, қала болу
керек. Қазақ жиылмаса, қала салмаса, бұ бытыраумен бəрінен айрылады,
қазақ азады, тозады. Мен мұны құр тəуекелменен сағымға жүгіріп, жə
болмаса пайғамбарлық сатып, əулиелік құрып айтпаймын.... «тіршілік»
деген сабанды сүйреуші екі өгіздің күші бірдей болмаса, əлсізі боразданың
ана басынан бір айлануға жарамай-ақ қара терге боялып, бүйірін соғып,
тұмсығымен жер тірей жығылатыны ашық белгілі болғаннан айтамын. Һəм
осы күнде «тіршілік» сабанына бір жағында орыс, бір жағында қазақ атты
екі өгіздің жегіліп тұрғанын «нужда» деген айдаушының білектей кендірден
есіп, ішіне қарыс-жарым қайыс байлаған өткір шыбыртқыменен дем алуға
да бермей үсті-үстіне əлсіз қазақты ғана шыбыртқылап тұрғанын
көргендіктен айтамын. Мұның мысалдарын өздеріңіз де тауарихтардан
оқып көрдіңіз ғой.
Дұрыс, қазақ жұрты мың аса жылдардан берлі осы көшпе халінде қалай
болса да тіршілік етіп келген. О күнде қазақ басқа жұртқа араласпай, тек
өздері ғана кеңшілікте тұра алған, қазір о қайда?! Қазіргі қарттар да сол
үйренген шаруасынан, үйренген тұрмысынан айрылғысы келмейді. Олар
айтады: қала болып отыру түгіл қалаға бір неме алуға барсақ, үйге
қайтқанша асығамыз, қалаң құрсын» деп. Емшек баласы 3-4 жасқа шыға
тұрса да жылап сықтамай емшегінен айрыла алмайды. Бірақ о баланы
жылайды екен деп жігіт болғанша сүтімен асыраған ананы көргеніміз бар
ма?!... Біздің қазақ да сол секілді природа, яғни кең сахара деген ананың
емшек сүтіндей ағып тұрған нығметін еміп, бұ шекке дейін келді. Енді ол
жастан өтті, бұдан соң керегін өзі əзірлеп дүнианың ащы-тұщысын былайғы
жұртпен бірдей тату міндет болған жасқа жетті.
Бұл себепті, жерді 10 берсін, 5 берсін, не берсе де қазақ жиылуға керек. 5-10
жылға дейін қиынырақ, елге шаруаға да жайсызырақ келсе келер – не
қылмақ керек, қиындықсыз рахат табылмайды. Аз уақыт дəрудың ашуына
шыдамай, ауру да шипа таппайды. Түпкілікті қазақ деген жұрт осы жиылып
өнер-білім үйрену арқасында ғана өмір сүріп қалар, қарттарға қиын болса
да, жастар тез үйреніп кетер. Бұл турада қысқа ойлау жарамаса керек.
Ғұмар Қараш
Қайсысы пайдалы
Халық қала салудан қашқанда малдан айрыламыз деп қорқады. Малдан
қаланы салсақ айрыламыз ба екен, салмасақ айрыламыз ба екен,
салыстырып қаралық. Мен сізге жерді түгел қиялменен бөліп көпақ берейін.
Мысал бір жерде 50 үй болыңыз, үй басына 50 қойдан 2500 қойларың
болсын. 40 сиырдан 2000 сиырларың болсын. 20 жылқыдан 1000
жылқыларың болсын. 10 түйеден 500 түйелерің болсын.
Үй басына 100 десятинадан жер алыңыз, сонда 5000 десятина жеріңіз
болады. Жə, енді осы 5000 десятина 6000 қараменен көшіп-қонып жүріп
мал бағуға жер болар ма? Меніңше, ол жер ол малменен жер болмайды,
болмайтыны – мал менен жердің есебінен-ақ көрініп тұр. Мал 6000 бас,
жер 5000 десятина, мал басына бір десятинадан да келмейді. Бұлай
болғанда мал өспейді, тез-ақ өшеді.
Егер бұ 50 үй сол 5000 десятинаның бір жағынан қала салып, барлық жерді
қосып жіберіп, үшке бөліп, бір жағын егіндік, бір жағын пішендік, енді бір
жағын жайылыс етіп, сай-саланы бөгеп алып, жерді қолдан суғарып, малға
тамақ болатын түрлі шөп егіп, малдың тұқымын түзеп, санын азайтып,
бұрынғыша мал баққанда 5000 десятина жер бұ 50 үйдің малына толық
жетер еді. Һəм бұлайша шаруа еткенде мал өсер еді.
Мəдени ғұмыр, яғни қала салып, жерді отан тұту – ғылым, өнердің негізі.
Бір жерді отан тұтуменен адам баласы ғылым-өнер үйреніп, таусылмайтын
азық табады.
Көшпелі ғұмырдың негізі жоқ, көшпелі халықтың байлығы өзіңізге мағлұм,
жерменен болатын болса, ол жер жыл сайын тарайып, азып-тоза барып,
тіпті мал жаюға жарайтын үй орнындай жер қалмайтын шекке жетеді.
Сонда көшпелі халық малдан айрылып, қолына əуелгі адамның таяғын
ұстап шыға келеді. Ғылым менен өнер көшпелі ғұмырменен əуелден жолдас
емес. Малдан айрылғанда көшпелі халықтың қолынан келетін бар өнері –
малайлық болады. Бұ көшпелі ғұмыр адам баласына не көрсетпеді, бір қатар
халықты мүлде жоқ етті. Бары да қазір ұқсап тұрған жоқ.
Сұлтан Бахытжан Қаратаев һəм Əндижан Жұбанəлиев Шідерті болысына
басшылық етіп, отырықшы болмақшы болып, алған жерлерінің мұқдары:
1.Қаратаевски участокте 55 үй қожалары бар екен. Бұл 55 үйде 491 еркек
жандары бар екен. Бұларға 6527 десятина жер берілген. Мешіт пайдасына
120 десятина жер қалдырылған. Мұның үстіне үш мың жарым шұбарлық
жер Қаратаевски паселскинің оброчный статьясы болған.
2.Əндижановски участоктегі 41 үйдің 129 еркек жандары бар екен, бұған
4792 десятина жер берілген.
Əндижановски паселскиге 1417 десятина шамасында оброчный статьялық
шұбарлық жер кесілген. Үй қожалары екі жүзге толмаған себепті мешіт
пайдасына жер берілмеген.
3.Зубировски участоктегі 17 үйдің 261 еркек жандары бар екен. Бұларға 7938
десятина жер берілген. Мешітке деп 125 десятина жер берілген.
4.Ақбұлақски участоктегі 78 үйдің 323 еркек жандарына 10425 десятина жер
берілген. Мешітке деп 120 десятина жер берілген. Оброчный статьялары
3297 десятина шамасында.
Шідерті болысы жамиғы 14 паселкеге бөлінген екен. Əр қайысында
жоғарыдағы көрсетілген шамаменен жер алған. Жан басына 35 десятинадан
42 десятинаға дейін жер берілген. Жəне бұлардың зор пайдасы сол – жақсы
жерлеріні өздері алып қойған. Бұлар айтады: бұрынғыдан жеріміз тар емес,
қайта қосып алдық деп.
Мұхтарам басқарушымыз, бұ жазғаныма газетаңыздан орын өтінемін
«Қазақстан» газеті 3-нші нөмірінде қазақ жері турасында екі түрлі жөнімен
отыруға қалдыңыз. Қазаққа қайсысы пайдалы уа қайсысы зарарлы, мұның
хақында тиісті дəлел көрсетіп, мəслихатыңызды «Қазақстанға» жазыңыз
деп азаматтардан ақпар сұраған екен. Қазақ халқы жиналып, отырықшы
есебіне кіріп, отырамыз десе жақсы жерден еркек жан басына 10
десятинадан жер беріледі. Шашық отырамыз деп сұраушыға еркек-əйелге
жаппай 12 десятинадан жер беріледі. Бірақ ол халде жер қазыналық бо лады.
Мəңгілік нəсіпке берілмейді деп, бұның хақында 4-нші нөмір
«Қазақстанда» білгіштеріміздің пікірлері көрінбеді. Бірақ халық
қайғысындағы миллет хадымлары ыхтыжарсыз қалдырмас, ақылын айтар
деген дəмеміз бар.
Мұның хақында пікірімізді ортаға салып, білгіштердің ақылын түртіп,
ояталықшы деген ниетпенен қаламға жармастым.
«Көп аламын деген аздан құр қалады» деген қарттарымыздың мақалы бар.
Біздің пікірімізше, əйел-еркекке жаппай 12 десятинадан жер алғаннан
еркекке 10 десятинадан алып, осыған қанағат етуіміз артығырақ көрінеді.
Қазақ жері уақытша деген законнан бұрын да тапқан пайдамыз жоқ. Енді
уақытша деген сөзден сақтаналық.
Əйел-еркекке 12 десятинадан берілгенде шашық отырғанға депті. Бұлай
болғанда дүниауи уа ахрауи басқа мақсаттарымызға да зиян келер.
Аның үшін өліп-талып мəденилікке кірісіп, қала болып, ғылым мен өнер
табамыз деп тұрған бір заманда қайтадан бадауилікке шықсақ, тағы да
надандық дариясына батқанымыз болар.
Хал-қадари біздің пікіріміз емес, басқалардың пікірін «Қазақстаннан»
қарсылап күтіп тұрамыз.
Жұбакен Тілеубергенов
Мұхтарам басқарушы!
Гурьев оязының Қызылқоға болысының қарамақы 12 нөмір, баршасы
Нұрмұхамедовтың ыждаһатыменен мəңгілік қылып жер алу үшін қала
салуға қасад қылып жатыр.
Бірақ біздің Гурьевтің қарамағында 1-2-3 сорт егінге лайық жерлер жоқ,
жерлеріміз құм болады, бұйдайық болмайды, сол себепті мал ұстаратұғын
паселкеге лайық бола ма – малдан айрылып қалмаспыз ба? Бұның хақында
білетін адамдардың пікірлері нешік?
Бұ жерлерімізді хүкімет жердің қай дəрежесіне қояды екен, мұның хақында
тасдиқ қылынбас 1909-ншы жыл 9-ншы саратанда жер хақында
инструкциясы туғры (тура) келе ме екен? Егіндік үшін жер берілмей ме
екен?
Екінші, 1-2-3-жердің тағрифлары қалай болады екен? Мұны һəм күтеміз.
Үшінші, малменен тірлік қылып отыратұғын паселкеге лайық закон бар ма
екен, əлхасыл Гурьевке лайық закон бар ме екен? Басқа оязға балкүл
мүхаллаф (бүтін) деп ойлаймыз.
Хасан Нұрмұхамедұлы
Қазақ жерін өлшеп жүрген чиновниктің біріменен Гурьев оязы əңгіме
болды
Гурьев оязы əлі жақсы қаралған жоқ, алайда өткен уақытта келіп қайтқан
тобоғрафдардың (жер қараушы) Гурьев оязында тəуір жер жоқ деп
қайтқанын білемін. Бұндай жаман жерлер бар халыққа скотовадишски
(скотоводческий) нормаменен жер берілсе керек, яғни мал жаюға жарарлық
етіп жер беріледі. Скотовадишски нормада пəлен десятина жер болады деп
айта алмаймын. Аның үшін бұл норма жердің жақсы-жаманына қарап,
болыстағы малдың есебіне қарап шығарылады. Жақсы жерден азырақ,
жаман жерден көбірек беріледі.
«Бірінші сорт» деп аталатын жерлер – су түсетін, тоғайлық һəм қырлықтағы
көлдер болады. 100 десятина жердің 70 десятинасы жақсы жер болып,
қалған 20 десятина жаман жер болса, оны «екінші сорт» деп атаймыз. Егін,
пішен шықпайтын, тек жайлаулық жерді «үшінші сорт» деп атаймыз дейді.
Бек мəслихат
«Қазақстан» газетасында 3-нші һəм 5-нші нөмірлерінде «Қалай мəслихат»
бұлай мəслихат азаматтарға деп айтылған сөздер сұлтан Бахытжан Қаратаев
һəм Ғұмар Қарашевтарды ң үгіт-насихаттары қазақ халқын қызғанып, түбін
ойлап айтулары «Қазақстан» газетасын оқушыларды оятып, рухын
шаттандырғандай сөз екені əр кімге де мағлұм. Тек біз ол айтылған бағытқа
түсініп жеткеніміз жоқ. Ол мұхтарам жазушылар қала болса, қазақ көшпелі
хəлін тастаса, əр ер адамға 10 десятина топырағымен өз мүлкі етіп жер
береді дейді. Бұдан бұрын 1909 жылда жүзден артық үй переговор жасап,
осы айтылған бағытпенен қала боламыз деп Астрахан губернаторына арыз
беріп едік. һəнуз ғабары жоқ. Сол себепті біз бұ «Қазақстан» газетасына
жазылған сөзге қалай ерудің мəнісі білмейміз. Бəлки бір адам бұ қызметті
бастап, қала бола қалса, қазақ халқы біріненбірі қалмайтұғын сықылды
көрінеді. Аның үшін қазақ өзінің хəлінің ең төмен хəл екенін неше надан
болса да білгендей болды. Біздің бұ көшпелі хəлімізде жүргенде қанша
жақсы жерді де тоздырдық. Жерді шағыл етіп, қазынаға милиондар ақша
шығаруға себеп те болдық. Біздің бұ көшпелі хəлімізде тұруымыз ол
жазушылардың айтқанынша бір мағынасыз жүріс-ау деп қазақты мыңнан
бір ойлаушы кісі де жоқ емес. Енді өзімізде бір ризық табарлық кəсіп
харекет де жоқ. Бір жылғы аштық болғанда былайғы жерді білмеймін,
Каспийски теңізінің бойындағы бір неше мың балық аулаушы қазақ
өздерінің не хəлде екенін білсе керек. Енді хəл-жай бұлай болды, жə, ол
жазушылардың ер адамға 10 десятина жер беріледі, қала болыңыздар де ген
сөзін топтап сұраймын? Ол патша ағзам тарапынан бекітілген хүкім бе?
Оны не жолмен іздеп тауып, қала боламыз? Иə болмаса түрлі жерде қазақ
көп Орынбор, Торғай, Орал уа ғайри Азиядағы қазақ хақында шыққан закон
ба? Не болмаса Европа һəм Азиядағы қазақ халқына бұ закон тегіс пе?
Бөкейлік қазағына да бұ закон бірдей ме? Əр кім қолданып отырған жерінен
қала саламын десе бола ма? Ол жан басына берілетұғын жер ақшаға ма, иа
ақшасыз беріле ме? Сонда не бағытпенен ол жөнді іздену керек? Бізге
айырым ашық бас хакімнен мағлұм болған жоқ, қала болсаңыз, 10
десятинадан ер адамға жер беріледі д еп. Өткен жылда «Уақыт» газетасында
бір жазу көрдік, Шідерті болысында сұлтан Бахытжан Қаратаев басшылық
етіп қала болған қазақтар бар деп. Рас болса қайырлы һəм дауамы болсын.
Өз көңіліміз ақыл қария болуды сүйгеннен қазақ пайдасына сөз сөйлеуші
ғылым иелері адамдарымыздан осы қала болу жайын, біздің қазаққа дұрыс
бағыттарын газета арқылы білдіруін өтініш етеміз. Надандыққа басылып
раситке пайдасыз, өз ризығын өнер-білімменен тауып, қатын баласын
асырай алмай, қойдай шулап, бас хакімнен жəрдем қашан келеді деп бір
жыл аштық болғанда волостной правлениелердің есігін тоздырып, тіленші
хүкімдерінде қалған қазақ халқын қызғанып, ғылым білген адамдарымыз
бір жөн-жосыққа салуға яғни бір ел етіп қалдыруға шын ықыластарыменен
қызмет етсе, ол мұхтарам ғылым иелері дүниаға босқа келмеген болар еді.
Ханым Закарин
«Бек мəслихат»-қа жауап
Степной облыстарда яғни Торғай, Орал, Семипалат, Семиреченскі,
Ақмолинскі уа ғайри орындарда переселенчески управление
(переселенческое управление) бар, бұ управление бұ жақтағы қазақты һəм
орысты жерге орналастырады.
Тап осындай, яғни орыс-казакты жерге орналастыратын управление
Россияда да бар, оның ішінде Астрахан губерниясында да бар. Тек бұл
управлениенің анау управлениеден атағы бөлек болмаса, бəрі бір деп айтуға
болады. Бұ Россиядағы управлениені землеустроительная комиссия атайды.
Енді солай болғансын жерді өлшеп беретін закон Бөкейлікке де бірдей
болады. Бұлардың қызметтері бек көп көрінеді. Қолдары тиіп үлгере
алмайтын көрінеді. Бұ қызметтің басындағы бір чиновник солай аңғартты.
Бір ширет жеткен күні Бөкейлікті де өлшеп, артығын алмақшы. Анау
Тарғын қисымындағы қала салып отырған көп хахол рұқсатсыз отырған
жоқ, һəм солар сол жерде қалады. Бұ жақтағы алдын алып, өзіміз отырықшы
боламыз деген қазақтар араларына орыс кіргізбей, тəуір жерлерді өздері
алып қалулы. Енді бұрынғыша отырамыз деген қазақтар тəуір жерлерінен
айрылып қалулы. Бөкейлікке де сол болуы хақ. Енді ең болмаса тəуір
жерлерді қорғап қалу үшін һəр бір тайпа ел өздері-ақ өз жерлерінен қала
салып отыра берсе де жарар еді деген білетін адамдардың пікірі бар. Аның
үшін əлгі жерге орналастыратын мекемелердің қолдары тие қоймайтын
көрінеді. Тек қаланы салғанда қазақшылық етіп, бірінің үстіне бірін
мінгестіріп, болмаса көше шығармай, көше шығарғанда да түзу шығармай
салу керек емес көрінеді. Кəдімгі усадьба-усадьба қылып бөліп, ені пəлен,
ұзыны пəлен сажыннан реттен үй басына жер алып һəр кім өз жұртын сол
өлшеулі усадьбаның ішінен салып алу керек көрінеді. Тек сонда ғана
хəкімдер қала деп есеп ететін көрінеді.
Жоғарыдағы айтылған управлениелердің қолында закондары бар, əр бір
законды тек патша ғана бекітеді. Сол себепті бұл патшадан шыққан закон
болады. Бұлайша отырықшы болғанда пұдұт малдан алынбайтын көрінеді,
десятина ба сына 10 тиыннан жерден алынатын көрінеді. Бұдан бөтен берім
ақша көрінбейді. ... низам болса, тағы жазармыз.
Станция Жымпиты (Оралски област)
«Айқап»-тың 1911-нші жылғы 11-нші нөмірінде біз айтып едік, Шідерті
болысының жоғарғы теріс түстік жағындағы Шідерті һəм Аңқаты
өзендерінің басындағы Қабанбай, Қақпақты жерін, Тасқұдық, Аққұдық,
Талдыбұлақ, Қарабұтақ, Ақбұлақ уа ғайри тарауларды отан еткен елдердің
қазақтары үш мың тоғыз жүз үш еркек жандар 1910-ншы жылы 14 қала
болып, 14 участок жер алдырып һəм еркек жан басына бір қалаларда отыз,
бір қалада отыз алты, бір қалада отыз жеті, бір қалада отыз сегіз, бір қалада
қырық екі десятинадан мəңгілік жер тиді деп, мешіт жері 120 десятинадан
болды дедік. 14 қалалардың 11 қалаларына сол есеппен 11 мешіттерге деп
жер берілді деп айттық. Қарұтшұбар һəм ащы жерлерден жеті казонный
оброчный статья ашылды дедік. Бұлдырты һəм Қарашығанақ болыстарымен
даулы жерлерден яғни волосымыздың шет жағынан переселенчески екі
участок ашылды дедік. Иəни айттық, 1911нші жылы тапографдар Шідерті
болысының төменгі қыбла жағындағы ауылдарының жерлерін өлшеді деп.
Һəм əзір бұл қазақтарды қала-қалаға бөліп, жерлерін участкелеп үлгерген
жоқ деп.
Енді айтылмай қалған бір сөзіміз бар еді, бұл сөз бұ-дүр: халқымыздың
ортасында мешіт салып кəсіп етіп жүрген Шарифолла есімді бір Қазан
ноғай бар еді, екі ұлы бар еді. Бұл үш еркек татар жандарды приомный
приговормен Аққұдық паселкесіне кіргізіп, жан басына жер өлшеп бердік.
Хəкімдер бұл амалымызды теріс демеді, законға муафиқ дейді.
Енді 1911-нші жыл ноябрь ішінде Шідерті болысының управителі Əндижан
Жұбанғалиұлы екеуміз Оралски, Торғайски партияның хəкімі Тсабл мен
производитель работ Зобир жанабтарына телеграм соғып едік. Шідерті
болысының қалған жерлері де өлшеніп бітті ғой. Енді қалған халқын да
қала-қала қылып, жерлерін участкелеп тəмам етсеңіздер екен деп бұ
телеграмға м уафиқ Зобир хат арқылы 26-ншы ноябрьде 1911нші жылда
былайша жауап берді: «Шідерті болысының жоғарғы теріс түстік
жағындағы ауылдардың жерлері жақсы еді, 1-нші дəрежелі еді. Егін
кəсібімен күн көруге лайық еді. Сол себепті Шідерті болысының бұл
тарапты отан еткен қазақтарына земледельческий норма бойынша жер
берілді. Бұл жерлерге қарағанда Шідерті болысының төменгі, яғни қыбла
жағындағы ауылдардың жерлері жақсы емес, һəм егін кəсібіне қолайлы
емес, көбіне шұбар қарот һəм құмақ болып тұр. Сол себепті бұл ауылдардың
қазақтарына жерді ер кек жан басына жоғарғы ауылдардың қазақтарымен
бірдей беру əділ болмайды, обал болады. Аның үшін төменгі ауылдар мал
бағып һəм мал өсіріп күн көрер, егін кəсібімен күн көре алмас. Бұл
ауылдарға скатоводчески норма бойынша жерді көбірек беруге тиіс.
Сонда аз-маз егін шығатұғын жерлері мал өсіретұғын кəсібіне қосымша
болып пайда берер, бірақ бұ скатоводчески норма турасында законда һəм
1909-ншы жылғы 9-ншы саратанда шыққан инструкцияда ашық айтылған
тəртіп жоқ. Сол себепті қазірде өз алдына бөлек жаңа инструкция жазылды.
Бұ инструкцияны тағин еткізбек үшін Тсабл жанабтары земледелиенің һəм
землеустроистваның главный управлениесіне жіберді. Бұл жаңа инструкция
кешікпей тағин болса керек, сол уақытта мен Шідерті болысының төменгі
жағы қыбла тарапындағы ауылдарына келіп жасалған қарта (карта) ға қарап
қала-қала қылып скатаводчески норма бойынша участкелеп ... 1912-нші жыл
жазғытұры бұл қалалардың жер шектерін жоғарғы ауылдардікі сықылды
тапографтар баразде тартып ашып берер, һəм қалалардың орнын планға
муафиқ усадьба-усадьба қылып бараздеменен тіліп берер» – қызметкеріңіз
Зобир.
Осы күнде жаңа инструкцияның жылдамырақ тағин болғанын тілеп һəм
Шідерті болысының қалалары һəм жерлері тұрасындағы əңгімелердің
жылдам тəмам болуын тілеп, халқымыз шыдамсызырақ күтіп тұрады. Енді
бұ Зобирдің хатын екінші бір хатын теңгеріп қаралық. Шідерті болысының
əуелгі өлшеп жатқан аз жерде біз Государственный Думаның члені
Владимир Виноградовқа сəлем хат жаздық. Қазақ халқының жері турасында
не ақыл айтасыз деп. Жерімізді государственный жер деп переселение
пайдасына жылма жыл алады да жатады. Тоқтайтұғын шамасы һəм тəмамы
көрінбейді дедік. Виноградов 3-нші Государственный Думаның кадетски
партиясының адамы болады. Жер əңгімесі кадеттер тарапынан осы кəсіпке
тапсырулы болады.
Виноградовтың жауабы бұлай болды:
«Суклу сұлтан Бахытжан Бисағлі ұлы Қаратаев! Ғафу етіңіз, Сіздің
хатыңызға көп уақыт жауап бере алмадым, өзімнің уақытым аз болды, һəм
шіркінді көруге мұрсат болмады. Солайынша уақыт өте берді. Енді іске
кіріселік. Сіз менің ақылымды сұрайсыз, қазақ қайткенде жерлі болады деп.
Мен ойлаймын, қазір қазақ халқының жер турасындагы хəлі бек нашар һəм
қиын болды. Сол себепті бөтен уақыттарда һəм бөтен ахуалдарда қабыл
етпейтін затты қазіргі уақытта қабыл ету керек һəм көніп келісу керек, мен
ойлаймын, 1909-ншы жылғы Ақмола облысындағы жер өлшеммен жерге
орналастыратұғын болса бұл өлшемге бек тез ыждаһатпен көну керек һəм
сол өлшеммен бізді жерлі қыл деп сұрау керек.
1909-ншы жыл Ақмола облысында қазақты мынадай өлшем жерге
орналастырмақшы еді: қазаққа мəңгілікке переселендерге берген өлшеммен
жер берілді. Земледелчески норма бойынша һəм жəне ...қазақ жерге
орналасатұғын уақытқа шақты бұл қазақтарға уақытша жер қалдырылады.
Бұл жердің өлшемі земледелчески нормаменен кузнетсовски, скатаводчески
аталған норманың арасындай өлшем болады. Осылайша жер алынса, менің
ойымша, қазақ еш нəрсе жоғалтпайды һəм ұтылмайды. Егін кəсібін етуге
лайықты жақсы учаскелер алып қалады.
Міне, менің қазіргі ахуалға қарап терең жəне шұғыл ойлап тапқан ақылым.
Шын ыхласа Сізге ... жақсылықты тілеп қалушы қызметкеріңіз Владимир
Виноградов.
Бұ Виноградов айтқан уақытша қалдырылатын жер Шідерті болысының
жоғарғы ауылдарында казонный оброчный статья деп аталады. Аның үшін
уақытша деген сөзден аузымыз күйген халықпыз ғой. Ашық сауданы жақсы
көріп оброчный статья дедік. Уақытша деп алсақ, хəкімдер алаң болып,
қазақта тағы да жақсы жеріміз бар деп жүре ме деп қауіп еттік. Бұ оброчный
статьялар қадірсіз жерден болғансын өзіміздің тегін сұрап алуымызға ...
сатып алуымызға оңайырақ болар дедік. Бұ оброчный статьялардың жік
араларын баразда тарттырып анықтап аштырдық. Хəкімдер əзір оброчный
статьялары қай ретпен қазақ пайдасына қалдыруды өздері де ойлап жеткен
жоқ. Он жыл, он екі жыл қазақ оброчный статьяларды ақша төлемей
пайдаланар дейді. Егер халық көбейсе, яғни осы оброчный статьядан надел
(надель) кесіп берілер дейді. ... оброчный статьялар переселен пайдасына
жарамайды, қазақтың мал бағуына күйсіз емес.
Енді депутат Виноградов айтқан Ақмола облысындағы 1909-ншы жылғы
жер өлшемінен яғни нормасынан Шідерті болысының нормасы жоғарғы
ауылдарымызда екі есе тіпті үш рет көп деп есеп етеміз. Егер Зобир айтқан
жаңа инструкция тағин болып төменгі ауылдарымызға скатаводчески
нормамен мəңгілік жер берілсе, мұны бек əділдік деп есеп етеміз. Һəм еш
кімге өкпеміз болмайды. Оның үшін ол уақытта ұлтарақтай жер артып
қалмайды һəм оброчный статья иа уақытша жер болмайды. Біз акроном
(агроном) емеспіз ғой, жер ғылымын оқығанымыз жоқ қой. Ойлаймыз,
Шідерті болысының жерінің түрі бөлек шығар деп. Сол себепті біздің
нормамыз көбірек болып жатқан шығар деп.
Зобир айтқан скатаводчески норма турысында уақытында арнап отчет
жазармыз.
Сұлтан Бахытжан
Бисəлі ұлы Қаратаев
Қазақты жерге орналастыру хақындағы законнан перевод етілді
Қазақтың өз күшіменен, өз расходыменен салынған бүкіл үйлер, егіндік һəм
пішендік жерлерге су жіберетұғын құралдар, қазақтың өздері отырғызған
жемісті һəм жеміссіз ағаштар, һəм бақшалар қазақтың өз пайдаларында
қалады.
Құмды, сорлы жаман жерлер қазақтың пайдасына жарайды деп есеп
етілмейді.
Қара халық тарапынан бір-екі ауыз сөз
Халық надан, халық жаман деп қит етсе барлық жаманатты барлық оқыған
адам болып халыққа аударасыз. «Бəлкім бізден де болар-ау» деп өздеріңізге
де бір көз жібермейсіз. Мысалы, бізге «мына жаңа шыққан газеттерге
жəрдем бермейсіңдер» деп өкпелейсіз. Жаным, қайсыңызға наналық,
қайсыңызға ерелік: оқыған ғылым иесі адамның біреуі келіп, газетті аса
мақтаса, екінші бір оқыған адам келіп, газетті іске алғысыз қылып
жамандайды. Надан халыққа қалам ұстағанның бəрі білгіш, қайсысының
біліп, уа қайсысының білмей айтатынын қайдан білсін?! Қайсысына
нанарын білмей ал-дал болып, өзіне-өзі мықты болып, тек жайына қарап
тұрады. Онан басқа жол деген жерден ат-айғырын аямайтын қазақ қой,
қозының бұлын аяйтын ба еді. Халық деген бір қой, басшылары қалай
айдаса, солай жүреді. Бұ тұрғыдағы жалқаулық халықтан емес, барлық
оқыған адам, өздеріңізден. Орал, Торғайда ишандар бар, солардың біреуі де
алып оқымайды деп есітеміз. Учительдер, болыстар һəм болосной писарлар
– бұлардан да алушылар аз деп естіледі. Көздеріңізге айталық, оқыған
адамдар, əуелі өздеріңізді оятуға кісі керек. Өздерің оянып болған
жоқсыңдар, халықты сендер қалай оятасыңдар? Танымасын сыйламас деген
сөз, қанша оқысаңыз да өздеріңді өздерің əлі таныған жоқсыздар. Сол
себепті өз жақсылықтарыңызды өздерің танымай, хат көрулеріңіз айып
емес.
Қай заманда да, қай жерде де қара халық – қара халық. Əр қашанда
оқытушы да, оқушы да (пионеры) тек қана оқыған адамдар болған һəм
қазірде де солай. Оқыған өздерің өз газеттеріңізді тегіс алып оқымайсындар,
оқымаған қара халық газетті не қылсын?!. «Ашқа тартқан кешке тартады»
деген осы, біз өз түбімізге өзіміз жетіп келе жатқан халықпыз. Жерден
айрылуға да себеп болған өзіміз, қазір біздің басар жеріміз, шығар тауымыз
қалған жоқ. Біреуіміз арақта, біреуіміз қарақта, жүзбе-жүз сөйлесуге
болмайды. Көрмесе жат болады деген осы, бірден бірге жат болып да бара
жатырмыз. Басымызды қосып, шаруамызды сөйлестіріп, бірімізбенен
бірімізді таныстыратын бір-екі газет бола қалып еді. Бұларды да
сүйемейміз, білмеймін, біздің кімге сенетінімізді. Ақыры надандығымыз-ау,
басқа халық жоқты бар етуге тырысса, біз барымызды жоқ етуге
тырысамыз. Бəлкім халықтың халін жақсы білмейтін боларсыз, енді бір
жаман жолды көтеретін халықта хəл жоқ. Малдарыңнан мал бөліп беріңіз
демеймін, барлық оқыған, оқымаған менен тоқыған адамдар болып бірігіп,
соғыңыз барабанды, оятыңыз мынау ұйықтап жатқан көп наданды,
жабыстырыңыз кəсіп пенен өнерге деймін. Бір адам дүниадан қайтса,
артындағы ұрсылары жылайды. Жылайда өлгенменен бірге уақыт жетпей
өлмек жоқ деп шаруасына кіріседі. Сол секілді жер-жер деп зарлағанменен
ол жер енді қайтпайды. Онан да бəріне риза болып, шаруаңызға кіріселік.
Ойласаңыз, кең жерден де еткен қайырымыз шамалы, кең жер тек
тамағымызды тоқ етті демесек, ғылым-өнер жолына ұмтылдырмады.
Ғылым, өнер жолы түгіл, малдан айырылғанда іліп алып жүре беретін етіп
екінші бір кəсіпке де əзірлемеді (подготовить). Қайта бесікке бөлеп, шайқап
ұйықтата берді. Енді қазір жер тарылғансын басымызды көтеріп, көзімізді
сипалап оянып, дүниадан бос қалғанымыз есімізге түсіп, бұрынғыша
тұрайын десек, заман өзгеріп, (условие), тұрмайын десек, заманға лайық
өнеріміз болмай, не қыларымызды білмей сасып тұрғанымыз мынау.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.