Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12

Total number of words is 4197
Total number of unique words is 1815
33.8 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
деп, қала боламын деген қазақтың жанында болса, оны қазақ пайдасына
беруші еді. Орал уезінде Жымпиты һəм Шідерті болысының бұрынғыдай
көшіп жүргені осы еді. Енді оброчная статья қазақ жері қазақ қолынан
шығып, орыс байына жабысады. Қала боламын деп он бестен жер алған
сорлы қазақ оброчная статья деп жерден айырғанын, сорлы болғанын көрер.
Бұл болып жатқан жаңа законның тағы бір құлаққа тағатын статьясы бар.
Орыс байлары өзінікі қылып алатын жерді қазақ сатып алып, өзінікі қылуға
болмайды. Осындай жер əлдеқалай қазақ баласының қолына түсе қалса, бұл
жерді қазақ баласы законда көрсетілген уақытта орысқа сатады. Степное
положениенің 136 статьясында: «қазақ жүрген жерден бөтен патшаның
адамы һəм христиан дінінде болмаған адам жер сатып алмасын» деген.
Осылай етіп қазақ өз жеріне өзі бөтен патшалықтың кісісімен бірдей
болмақ. Қазақ жүрген жерді кім болса сол болсын, қазақтан басқа сатып
алып, сұрап алып, мирастан алып өзінікі қылмақ, жалғыз-ақ бұл жол –
қазаққа жоқ. Бұл жасалып жатқан жаңа закон арқылы қазақ байлары мен де
оброчная статьяны арендаға аламын, сонан соң сатып алып, балама мирас
қыламын десе, бұл закон қарсы болады. Закон жұрттың бəріне бірдей
болмақ, ғаділ болмақ. 1905 жылғы 17 октябрьде орыс патшалығының
панасындағы жұрт құрдас болмақ еді. Қазаққа құрдастықтан келгені осы
дағы!
Қыр баласы
Көшпелі һəм отырықшы норма
Біздің басқармамызға əр жақтан хаттар келді: қай нормамен жер алғанымыз
жағымды деп. «Біреулеріміз көшпелі норма көп болған соң, мұны
алғанымызды жағымды көреміз. Екіншілеріміз отырықшы норма түпкілікті
дегенге оны алғанымызды қолайлаймыз. Соңғыларымыздың сөзін
переселен чиновниктері де қуаттайды» деген хаттар көптен-ақ келіп жатыр.
Бірақ біз жер сөзін ашып айтарлық қолайлы мезгілге қаратып жүр едік. Бұл
мəселе турасында қазақтың білемін деген адамдарының пікірлері екіге
бөлінуші еді. Бірі отырықшы норманы ұнатушы еді. Отырықшы нормамен
де болса жер алып қалғанымыз дұрыс; жақсы жерді алып кетіп, жаман
жерге қамалып қаламыз деген пікір. Бұл пікірді ұнатушылар жұртқа басшы
болу үшін əуелі өздері отырықшы норманы қабыл етіп, жер алды. Жұрт
тоғытатын қой сықылды. Серкесі суға түссе, топырлап бəрі тоғытқа түседі.
Атақты, біледі деп жүрген адамдар алып жатқан соң, ол білмей алып жатқан
жоқ шығар деп, отырықшы норма сұраушы қазақтар көбейді. Сол жылы-ақ
переселен правлениясының хабарына қарағаны да, отырықшы нормамен
жер сұраушы қазақтардың саны Торғай мен Орал облыстарында 16 мың 441
үйге толып қалған. Оның 11 мың 490 үйі Орал қазақтары. Осы пікірді
қазақтың орысша, мұсылманша оқыған жастарының көбі қуаттады. Бұлар
қуаттағанда көбінесе шаруадан бөтен жағын ойлап қуаттады. Мəселен қазақ
отырықшы нормамен жер алып, қала салып отырса, қазақ арасына ғылым,
өнер таралуына жақсы болады деген ой. Бұл пікірдің дұрыс-бұрысы тағы
бірде айтылар. Енді екінші пікірге түселік.
Екінші пікір қазақ отырықшы нормамен күн көре алмайды дейді. Қазақтың
жеріне келіп мұжықтар күн көре алмай, көбіне патшалықтың асырауымен
ғана жан сақтап отыр. Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек нағыз
жері жақсы қазақтар я жерді арықпен суаратын қазақтар. Ондай жері жоқ
қазақтар я олай дəмелі болмайтын қазақтар отырықшы нормамен күн көре
алмайды. Онымен жер алдым деп жаман атты болғанша, қарап отырған
жақсы дейді. Бұл пікірді қуаттаушылар айтушы еді: Отырықшы норма қазақ
сонымен күн көреді деп көзі жеткендіктен шығарған норма емес, қазақтың
жерін көбірек алу үшін шығарған һəм көбірек алғанда қазақтың
ырзалығымен алдық деп көрсету үшін шығарған норма деп.
Осы екі пікірдің бастапқысын көбі қолайлап, соңғысын əншейін
наразылықпен айтатынға санайтын қарайтын еді.
Өткен 11 июньде думада айтылған сөздерден мағлұм болды: қай пікірдің
дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде,
переселен управлениясының бастығы Глинко қазақ жерін жолмен алып
жатқандығын көрсетуге отырықшы норманы қазаққа не үшін
шығарғандарын жасырмай ашып айтып берді. Ол айтты: «Біздің қазақ
турасында істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз екеу-ақ. Бірі –
қазақтан артық жерді алу. Екіншісі – қазаққа тиесілі жер беріп орналастыру.
Қазақтың артық жерін алып жатырмыз – артық жерді алсын деген закон
бойынша, қазаққа жер беріп орналастырып жатырмыз өздерінің тілегі
бойынша. Қазақққа істеп отырған жолсыздық емес ебіміз, əдісіміз бар:
қазаққа тиісті жер беріп орналастыру турасында думаға закон жобасын
кіргізбей отырмыз. Кіргізбей тұрғанымыздың мəнісі мынау: Көшпелі
қалпында жер беріп орналастырсақ қазаққа көп жер тиеді; Артылатын жер
аз болмақшы. Оны дума арқылы законмен бекітіп қазаққа берген соң ала
алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу үшін, яғни
переселендерге қазақтан жерді көбірек алу үшін біз əдіс істеп отырмыз.
Əдіс қылу жолсыздық емес, ептілік. Біз министр советінен ептілік етуге
рұқсат алып, қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік,
топ-тобымен топырлап түсіп жатыр. Ол істеген ебіміз мынау еді. Қазаққа
отырықшы болып жер алуға ырза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар
15 десятинадан еркек басына жер береміз деді. Айтуымыз мұң-ақ екен,
қазақтар отырықшы нормамен жер береді деп жабыла сұрап жатыр. Өткен
жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік...»
Міне, переселен управлениясінің министрден соңғы бастығының сөзі. Бұл
құпиялап қана досына айтқан сөзі емес, государственный думада күллі
депутаттардың алдында айтқан сөз. Соның айтқанын шылғи өтірік деп айта
алмаймыз.
Жоғарыдағы сөздің қорытқандағы қысқасы мынау: Переселен управлениясі
қазақ жерін жолмен алып жатқан болады: Артық жерді алсын деген закон
бар. Қазақтан жер көп алынып жатқаны – ол қазақтың өзінің тілегі бойынша
болып жатыр. Қазақтан отырықшы нормамен жер алушы неғұрлым көбірек
болса, солғұрлым жер көбірек артылмақшы һəм переселендерге көбірек
алынбақшы. Отырықшы нормаға қазаққа не үшін шығарғандығын,
отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чиновниктері не
үшін қуаттайтындығын, қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар. «Тісі
шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Тісі шыққан адамдарға
айтылып отырған сөз ғой. Переселен чиновниктері алушы, қазақтар беруші.
Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ
əуелден осыны ойлау керек еді. Олар өзіне жағымды жағын көздегенде
қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеу тиіс. Құр пəленше пəлен етіп
жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек. Көшпелі һəм
отырықшы норма турасында біздің естіген, білгеніміз осы. Ендігісін өздерің
білесіңдер. Отырықшы нормамен күн көрерлік болсын, болмасын отандас
орыстарымызға қарасалық десеңдер, отырықшы нормамен алып,
жерлеріңді орысқа көбірек қалдырыңдар. Жоқ оны алып күн көре алмаспыз
десеңдер, көшпелі нормасын алыңдар.
Берушілер бес көп, алушыға алты да аз. Жағымдысын ойлаңдар.
Біздің мұнан соң айтатынымыз, қазақтың бас адамдары! Əуелі сіздер
адаспаңыздар. Адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс істеңдер.
Екінші қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларыңды
жермен теңгеріңіздер. Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе
солардан болады. Үшінші – алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді
адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар Алаш аттарыңмен адасады.
Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.
Бас қосу турасында
Бұрын қазақ бөтен жұртты шабамын деп жорыққа аттанса, хан сайласа
жиылатын еді. Бұл екі есеп орыс патшалығы панасына кірген соң жоққа
шықты. Бөтен жұрт шабам десе де, төрені хан қоямын десе де, бұл
жиылысқа келген ақсақалдар, билер сиезде не қылатынын үйде анықтап,
илеп пісіріп келетін. Бұл жиылысқа келген ақсақал, билер елінің мынаны
қыл деген сөзін ұстап келетін. Осы күнгі сөзбен жазсақ, бұл жиылысқа
келген ақсақал, билер ел сайлап жіберген депутаты болатын. Солай етіп
жиылысқа қазақ əр жерінен, əр руынан келген депутаттар əрқайсысы өз
жұртының мынаны қыл деген, пісірген жарлығын алып келіп ортаға салып
жұртының айтқанын, тапсырғанын тəмам қазақ атынан көпке мақұлдатып
аламын деп дауласатын еді.
Біз бұл күнгі Еуропа жұртының бас қосқанына, жиылысына қарасақ,
бұлардың жиылысы да бұрынғы біздің қазақ жиылысы сияқты. Жиылысқа
келетін кісілер бұл жиылыста болатын сөзді анықтап, үйінде пісіріп келеді.
Жиналысқа келетін адамдар – депутаттар жұрт сайлаған не оқымысты, не
жұртқа істеген ісі белгілі кісілер болады, жиналысқа барып жұрт мақсатын
орнына келтіремін деген жігіттер, жұрт жиып жиналыс қылып, мынаны
қыламын деп сөйлеп, қара жарыс қылады. Осы ауылдағы қара жарыста
үлкен бəйгеге баратын сөз əбден сөйленіп, пісіп болады, осы жұрт
мақұлдаған сөзді жиылыс ортасына сал деп жұрт қара жарыста озғанды
депутат сайлап жиылысқа жібереді.
Əр жердің əр рудың мақсаты əр түрлі, мұның бірін мінеп жойып, бірін
түзеп, бірін өсіріп, жұрт жігіті бас қосқан жиылыс жұрт мақсаты осы деп
сөз шығармақ, бұл сөзді байламақ, сөзіміз осы деген жұрт бұл сөзді айтып
тастамай, орнына салмақ, мұны іс қылмақ. Біздің осы күнгі қазақ «бас
қосамын» дегенде, елде, жұрт арасында не піскен сөз бар? Үйінде отырып
қай сөзді қазақ баласы ортасында бір ауыл болып, бір болыс болып, бір ру
болып салып пісіріп отыр?
Тезек тере барсаңда қап керек, жұртқа пайда қылатын жиылыс болса, қазақ
баласы бас қосуы оңай емес. Құр қазаққа ел сайламай, жұртқа қызмет
қылмай, өз-өзінен басшы болып жүрген кісілер бір қалада бас қосса, бұл бір
қысыр жиылыс, өзі оп-оңай. Бірақ бұл Петербург бас тартатұғындай,
Петербургқа тоғыздап ишан барған сияқты болады. Қазақ баласы бас қосқан
жиылысқа əкеліп ортаға салатын, жиылыста сынға түсетін сөз ел арасында
сөйленіп, жазылып, сынға салынып, иі болып пісуі керек қой. Біздің ел
мынаны мақұлдап тұр деп ел сайлап жіберген депутаты қазақ бас қосқан
жиылыста дауласады. Бұл жиылысқа баратын сөз не сөз екенін əр жерге
жұрт не екенін біледі ғой.
Біздің бишара қазақ «жер, жер» дегенде мұжық алған жерді қолға ала
жылайды. Мұжық қазақ жеріне келмей тұрып, жерді тып-тыныш əділдікпен
пайдаланып жүргендей. Мұжық һəм бұдан былай мұжықтан басқа орыс
байлары алатын жер дауы тұра тұрсын. Мұның жөні бір бөлек. Қазақ жұрт
болатын болса, өз ішіндегі екі қазақ жер дауын құрту керек қой. Бұрын аға
сұлтан уақытында қазақ жерінен оброчная статья деп жер кескен, бұл жерді
біреуге жалдап, хақысын аға сұлтанға беретін еді. Осы оброчная статьяны
бишара соқыр аға сұлтандар өздерінің партия дұшпанының жерінен
кестіреді. Аға сұлтандық жоғалған күні, бұл оброчная бəрі қазынаға кетті.
Жұрт пайдасын білсе, жұртқа қамқор боламын десе, аға сұлтандар мұны
қыла ма, оброчная статья хақысымен күн көремін дейтұғын аш емес қой.
Семей уезінде, Аршалы елінде 7 ауыл жүз елу дауы. Жүз үймен сайлауда
жықтым деп алым-шығын ақшаның бəрін елу үйге салады1. Болыс, би
ауылнай өз жағымызда деп елу үйді ұрлайды, пішенін тартып шабады,
жерін тартып алып мал жаяды (қырда осы сияқты елу дауы кісісі қорлықтан
басқа түк көрмейді). Сорлы болған елу дауы қазағы бөктемеде қалса, ақыл
сұрай қасындағы көршілері мұжыққа барады. Мұжық бұларға ақыл береді:
«Сендер қала болып, біздің болысқа жазылсаңдар, бұл қазақ қылып отырған
кемшіліктен құтылсаңдар» деп, елу дауы қазағы Семей жандаралына арыз
береді; «мұжық болып тəмам қазаққа мұрындық болайық, бізге жер бөліп
беріп, бізді қазақ ауылына шығар» деп. Жер өлшеуіш барғанда елу үй кісісі
жау қолына түстің бе деп, жүз үйдің бар пішен, егін жайын планға
салдырып алады. Мұжық қазақ жерін алмай тұрып-ақ, жер осылай бітпес
дау басталған. Осы жұмысты қылып отырған жүз үйі де, елу үйі де қалайша
жұрт болмақ. Осы керейдің қылып отырған ісі əр жерде, əр елде бар емес
пе?
Ақтөбе уезінде Тұзтөбе болысында мұжық боламын десек, төренің жақсы
жерін аламыз деп қазақ арыз беріп қала болмаққа бастап еді. Бұлай етіп
жүріп бишара қазақ не жұрт болар?
Орал уезінде жерден кемшілік көрген төлеңгіттер «мұжық боламын» деп
сұранып жүр, қазақ бишара мұжық қазақ жерін алмағандағы жер туралы
қылған адамшылығың қайсы?
Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар пішен шабатын жерге, егін
жайға, жаз қонысқа, қыс тебінге зорлық қылады. Кемшілікте жүрген бишара
сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орын беретін он бес
десятина болса да ие болалық деп сұрап отыр. Қазақ бас қосқанда
жиналысқа иі қылып, пісіріп əкелетұғын жұрт сөзі осы қазақтың өз ішіндегі
жер сөзі қайтсе қалай қылып пайдаланса, халық, жұрт пайдасы шығады?
Жерден не қылса пішенге, арыққа, егін жайға, суатқа дауласқан құриды?
Жұрт болып осыны кеңесу керек қой. Осы үй арасындағы жер дауына жұрт
не дер?
Мұжық бір қаланың жерін жақсы, жаман, тастақ, шөл деп бірнеше бөледі,
осының əр бөлігін бір сыбаға жер пайдаланады. Ер басына бұл бөлек бес-он
жыл ғана тұрады, бұл уағдалы күн біткен соң қайта бөледі. Себебі, өткен
бес-он жылда біреу бай, біреу кедей болады, осыны теңгермек. Бір қалатын
мал бағатын жері бір болады. Мұнда үй басында бағатын мал саны белгілі.
Мысалы екі ат, бір бұзаулы сиыр. Мұнан артық мал бағамын деген кісі
айрықша артық қара басына алым төлейді. Оны жұрт жиылыс қылып
бекітеді.
Жұрт əділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды, өзін-өзі қасқырша шауып
отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды. Орыс патшалығының адам болып
отырғандығы мұжықтың ғаділдігі. Орыс патшалығының бар адамының
күнелтіп отырғаны мұжықтың жаһитшілдігі.
Бүгін осымен сөзді қысқартайық. Жерден басқа бас қосқандағы
сөйлейтұғын сөзді келер хатқа жазамын.
Қыр баласы
Ішкі хабарлар
Күншығыс Жетіөгіз болысы
– Пржевальски уезі Жетісу облысында 1912 жылы апрель айында
Мазуренко атты производитель «Бақетер» деген көрші мұжық қаласына
қосымша қылып «Жеке пар» деген жерді кесіп береді. Бұл «Жеке пар»
күншығыс Жетіөгіз болысына қараған 99 үй қырғыздың жері еді. Осы 99 үй
қырғыз жерден айырылып, сыпырылып қалды. Қайда барары беймəлім.
Өткен қыс жұт болып, жұрт жүдеп шығып, өткен жазғытұры бұл қырғыздар
«Жеке пардағы» қыстауларында болған ағаш үй һəм қораларын тез көшіріп
ала алмады.
Осы жабдықтарын күзете бір үй қалдырған еді. Күзетшіні ұрып-соғып, үйді
жығып, бағанағы жер алған көрші мұжықтар нəрсені, қоймаларды
барымталап кетті. Қалаға барып лайықты орнына арыз беріп еді. Қырғыз
сөзі құлаққа тағылмады. Осы жазылған сөз бəрі рас болар ма? Біз Думасы
бар, закон арқылы патшалық панасында емес пе едік? Тал түсте барымта
бола ма екен? Мұны жоғарғы ұлықтар білмес, білсе аяқсыз қалдырмас.
Қырғыз законынан тысқары болмас.
-16-ншы июньде Құсмұрын болысының (Петропавл уезі) 3-нші аулының
қазағы Əбдірахман Көшекұғлының қыстау жерлерінде болған шабындарын
көршілес Қарасу қаласының бірнеше орыстары келіп ұрлап шауып
жатқандары хабарланып, Əбдірахман Көшекұлы орыстарға барып:
«Шаптырмаймын, рұқсатсыз біреудің үйін, шабынын неге шабасыңдар!» –
деген екен. Орыстардың біреуі мылтықпен осы сөзді айтушы Əбдірахман
Көшекұлын атып өлтірді. Орыстардың көбі қашып кетіп, төрт орыс
қазақтардың қолында ұсталып қалды. Сол турада Құсмұрын болысының
управителі Түзбаев һəм пристав дознание қылып тексеріп жатыр.
Кəшімолла Сəлім Жауаров
Ішкі хабарлар
- Мұжық «жұтадым» деп қазақ жерінің ең жақсысынан қашып жатыр. Біз он
бестен ер басына жер алып «мұжықтан жаһитшіл, өнерлі боламыз» деп
жатырмыз. Бұл қалай?
– «Приишиме» деген Сібір газетасы жазады: «Көкшетау уезінде Жыланды
болысында қазақтар қыстауынан елу шақырым, жүз шақырым далаға көшіп,
ащы-татырға жаңа қыстау салып жатыр. Үндістан, Ауған патшалығына
көшпек болып тағы Көкшетау қазағы қоныс қараушы жіберіп отыр» депті.
Қазақ баласы жүрген жерде Көкшетаудан жақсы жер жоқ. Он бестен жер
алып, қазақ баласы адам болатын болса, осы Көкшетаудан алу керек,
Көкшетау қазағы мұжық тепкісіне шыдамай, ащыға көшсе, Ауған
патшалығына барамын деп сандалса, өзге жердің қазағы он бестен жер алып
шаруа қыламын деген адасқандық. Қазақ баласы көшіп баратын Бұқарада,
Ауғанда, Үндістанда, Монғолияда артық жер жоқ. «Қазақ»-та бұған дəлел
айтып жазармыз. «Мұжық ортасында қалдық» деп қара топырақ қыстауды
тастап, ащыға көшкен жетпегендік. Қыстаудан көшпеу керек, осы қыстауды
олар да он бесті қыстаудан алып, өзім отырамын, мұжықпен ауыл үй
боламын деу керек.
Қазан, Сібір, Уфа, Самара, Оренбург губерниясында ноғай, башқұрт
мұжықпен аралас отыр. Мұжық бұларды жеп қойған жоқ. Мұжық бай,
ноғай, башқұрт кедей болса, мұжықтың жаһитшіл, бейнетшілдігі. Ноғай,
башқұрттың жалқаулығы олақтығы.
Оқшау сөз
Тіршілік жайынан
(басы 20-ншы нөмірде)
Бірақ əттең бөтен халықтардың əлемісінің көзіне түскен, өзіміздің де көз
алдымызда күнде көрініп тұрған халықтың жалқаулығы-ай, жаңа
тəрбиеліктен пайда болған, атадан келе жатқан ұйымсыздық,
ынтымақсыздық, алауыздық мінездері-ай! Осы құрғыр мінездер халықтың
түбіне жетіп, бөтен халықтарға олжа қылып жібермесе жарар еді!..
Жоғарыда аз ғана заграницадағы халықтардың істерін айттық. Енді
өзіміздің ісімізге қарайық: қазақтың жеріне қатар орыстар егін салса
бұлардың егіні қазақтікінен көп артық болады. «Бұл не себептен» – деп
қазақтан сұрасаң, «бұл дүниеде орыстарға тілегін берген ғой» деп жауап
береді.
Өзінің тілегін қабыл болуын, кісінің оңып, бай болуын ол дүниаға қаратып
қояды. Мұның барлығы да қараңғылықтан шығатын кеңес. Дұрысы бұл
дүниаға істің оңып, адамның көңіліндегі мəдісі қабыл болуы үшін орыс
болуы керек емес. Ойлап тұрсаңыз мынау тілегім... теміржол, күніне
пəленше мың пұт егін соғатын машина, күніне пəленше мың пұт бидай
тартатын диірмен, осы уақытта шығып жатқан көкке ұшып, аспан ауамен
жүретін машиналар. Бұлардың бəрі де өнер-біліммен шығып жатыр.
Осылай секілді ол уақытта шаруашылықты қалай істеуге керек екенін
үйрететін-оқытатын орындар бар.
Жоғарыда айтылды... «Барша мақұлықтың күн көретін азығы жерден
табылады» – деп. Соның үшін жер барша мақұлықты асырап тұрған анасы
секілді, бірақ ананы бала еме берсе ананың өзі ешқайдан азық алмас, əрине
ақырында ананың да сүті таусылып, баланың да азығы болмаса керек. Жер
һəм сол секілді.
Жер шені, шеті жоқ дала болмаса, əр кімге күн көруге лайықтап, өлшеп
берген шамалы ұлыс болса, ол аз ғана жерден жыл сайын егін егіп, керекті
азық алынып тұрса, бұл жердің өзіне еш қайдан қуат берілмесе, ол жердің
қуаты жылдан жылға кеміп, ақырында еш нəрсе ол жерге шықпаса керек.
Мінеки, жоғарыда айтылған кəсіп істеу жайын оқытатын орындар да
үйретеді: жерден өсіп шыққан нəрселердің бірсыпырасы өзінің азығын
жердің үстіңгі қыртысынан алады. Бірсыпырасы онан тереңірек алады,
үшінші түрлісі азығының біразын жер астынан алып, біразын мынау
адамның дем алатын ауаның ішінен алады. Адамның дем алғаны секілді.
Жəне де бидай, рис, сұлы секілді нəрселер жерден біртүрлі азықты молырақ
алады, ғылымда «фосфорная кислота» деп аталады. Картоп, капуста,
жоңышқа секілді нəрселер екінші түрлі азықты мол алады, «калинный соль»
деп аталатын. Басқа мал асырайтын шөптер жерден үшінші түрлі азықты
алады, темірмен заттас жəне де бір түрлі жерден өсіп шығатын нəрселердің
жерден алатын азықтарын екінші түрлі өсіп шығатын нəрселер өздері жерге
береді. Мысалы, жерге бидайды, рис, сұлы егіп, жердің қуаты кеміп, осы
егіндерді егуге жарамайтын болса, бұл жерге бірнеше жыл жоңышқа ексе,
жердің ақау бидай, егіндерге берген қуаты жаңадан өзіне қайтпақшы.
Жəне де белгілі бірнеше жыл егін егіп, қуаты таусылып, еш нəрсе шығудан
қалған қысыр жерлерге сол қуатын жаңадан өзіне қайтаруға малдың тезегіқиы ем болады. Егер мал болмаса, тезек-қи болмаса оған ғылымда
айтылады: «Пəлендей жерге пəлен түрлі дəріні пəлендей қылып қалыппен
қосса, ол жердің қуаты жаңадан өзіне қайтып, тіпті бұрынғысынан да артық
егін беруге шамасынан келеді» – деп.
Жəне осы егін шығаратын адамның пайдасына керек егіндердің əр қайсысы
қандай жерді жаратады, қандай уақытта, қандай ауаны жаратады һəм суы
мол жерді сүйеме, құрғағырақ жерді жарата ма, құмдау жерді жарата ма
жəне жоғарыды айтылғандай əр қайсысы жерден нендей түрлі азық алады,
өздері жерге нендей түрлі азық береді.
Жəне де малды нендей тамақпен асыраса сүті артады, нендей тамақпен
асыраса майы молайып семіреді. Нендей тамақпен асыраса жүні өскіш
болады. Осылардың бəрі де өнер-білімді халықтарға белгілі.
Осылайша шаруашылық істеудің ғылымын үйреніп, біліп алып,
заграницадан ғылымды халықтар халқы өте көпшіл болып, жері өте тар
болса да жерден көп пайда шығарып, күнін көріп байып жатыр.
Бірақ сонда да егін кəсібін мың жылдан артық замандардан бері қарай хатта
осыбіздің уақытымыздағы өнерпаз заграница халықтарға шейін
дүниежүзінде əлі күнге шейін бір халық қытай халқынан арттырған жоқ.
Қытай мен біздің патшалығымызды салыстырып қарасақ көреміз,
Қытайдың жері біздің патшалықтан жартысынан да кем. Қытайдың
халқының есебі орыс патшалығындағы халықтардан үш есе артық. Солай
бола тұра орыс қол астындағы қазақ баласын, мұжық болсын осы күні
жердің аздығынан қысымшылық көріп, мұнан былайғы замандарда тамағын
асырап, күнін көру де жылдан-жылға қиын болып бара жатыр.
Қытай халқы үш мың жылдан бері қарай халықтық есебінен қарағанда аз
жермен күн көру түгіл, сол аз жерінен екі рет егін жинап алады. Һəм жерді
жылдан-жылға қуаты кемудің орнына жылдан-жылға егінді артық беріп,
жылдан-жылға өсіп келе жатқан артығымен асырап келеді. Бұл не ғажап?
Мұның себебі не деп ойласақ, тағы да жоғарыда айтылғандай Қытай
халқының миһнатқорлығы, ыждаһатшылдығы, бəрінен де жерді қалай
тəрбиелесе, егінді мол беріп, қуаты кемімейтін ғылымды өте жетік
білгендігі.
Енді бұлай болса халық көбейіп, жер жылдан-жылға тарылып, заман
қиыншылыққа қалып бара жатқаннан біздің қазаққа да əрине қарап жатуға
рет келмейді. Егер бүтін бір тайпа елдігінен, халықтығынан, бұрынғы
бабаларынан келе жатқан тілі, дінінен айырылып, быт-шыт болып бытырап,
əр кенттің малайлығында тозып кеткісі келмесе, мұнан былай басқа қолдан
келер іс болмаған соң біздің халыққа да ұмтылып оқып, ғылымның
арқасында аз жермен күн көрудің жайын үйренуге ыждаһат ету керек.
(Былайғысы бар)
Əбубəкір Бірмұхамедұғлы
Жауап хат
Жиырмасыншы нөмір «Қазақта» басылды, Қостанай уезі, Кеңарал
болысында қазақтар бірі он бестен надел аламын деп, бірі қазақша отырып
жер аламын деп артыс-тартыс ынтымақ жоқ, бұған не ақыл деп?
17-нші октябрь 1905-нші жылда патшамыз өз еркімен əділ боламын деп
шығарған манифестің 3-ші бабында жазылған: «Енді мұнан былай ешбір
закон Думада қаралмай, Дума дұрыс демей, закон қуатына кірмесін» деп.
Қазақ жұртының жері туралы шыққан закон «Степное положение» 25нші
мартта 1891-нші жылда шыққан. Мұнда қазақ көшпелі. Осы Степное
положениенің 120-нші статьясының қосымшасында қазақтан артылған
жерді қазына пайдасына алады деген сөзге сүйеп переселен, мұжыққа,
хахолға қазақ жерінен алмақ болып, қанша жер көшпелі қазақ шаруасына
керек, осыны білеміз деп Щербина есебі деген қазақтан есеп алған. Осы
есеппен қазақты көшпелі шаруа деп, қазаққа енші жер қалдырып, қалған
артық жерден мұжыққа, хахолға участке жер көрсетеді. Қазаққа қалдырған
Щербина нормасы қазаққа көп жер қалдырды, қазақ ұтып кетті деп, қазақты
қайта жазды. Бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен қалған жерді мінеп,
неше қайтара кішірейтіп шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа норма
шығарды. Ол нормасы аңшының екі сартпен олжа үлескені секілді.
Бисмилла, безгелдек,
Бұлай жатса дуадақ,
Сыбағама қоңыр қаз,
Үлесіме үш үйрек,
Екі сартқа бір татар,
Аққуды пақырың артар –
дегенде, сарттар: «Қайтсін, атап-атап алды ғой» деген екен. Сол сияқты
қазақ саған нормамен жер қалдырдық десе қайтсін, атап-атап алды ғой деп,
мінеп тастаған жерде отыра беретін еді. Қазақ жеріне телміргендерге бұл
закон арқылы қазаққа жер беретін көшпелі норма жолы тар болды. Көшпелі
деп қазаққа жер қалдырса арамза көзге қазақ ұтып отырғандай көрінеді. 9ншы июньде 1909-ншы жылы министр Советіне мақұлдатып, қазақ он
бестен жер аламын десе надел мұжықша жер берілсін деп шығарды.1
Бұл закон емес, 17-нші октябрь манифесінен бері законды Г.Дума һəм
Г.Совет, патша үшеуі шығарады. Осы министр Советі мақұлдаған жолда не
жазған?
Қазаққа көшпелі шаруасы тойғандай жер берілсін, бұл қазақ сыбағасы тиген
жерде таза болсын, ащы, құм, сор болмасын деген (6-ншы бап). Қазаққа
көшпелі деп жер бергенде нормамен есеп қылған, жер бағып отырған малға,
қылып отырған мал шаруасына аз болатын болса, нормамен беретін жерге
бай қазақ малдары сыймаса, осы қазақ сыбағасы деп нормадан артық қазақ
пайдасына жер қалдырады деген (7-нші бап). Осы 7-нші бап арқылы қазақ
нормадан артық жер алды деп естілмейді.
Бұл бап жазылып, бос жадағай-жайдақ қалған бір жақсы сөз сияқты
көрінеді.
Қазақтың көшпелі шаруасын тояттататын жер қалдырғанда қыстау болсын,
жайлау болсын, тұрған қазақтан басқа осы жерге көшіп келетін бөтен қазақ
пайдасына норма арқылы жер сыбаға қалдырады (8-нші бап).
Қазақтан артық жер алғанда бұл қазына жері қазаққа қалған жерді екі бөліп
жолкесті қылмасын. Қазаққа қалған жердің арасында болып, қазынаға
алынған жер қазаққа жол тоқтау қылмасын (9-ншы бап), қазынаға артық жер
алғанда қазақ пайдасына қалатын:
1-нші – қазақтың қорасы, үйі тұрған жер;
2-нші – қазақ қазған арық, бекіткен тоғам байлауы;
3-нші – қазақ бақшасы, алма, мейіз ағашы еккен бағы, егіп шығатын ағаш;
4-нші – егінжай, пішендік, суарып егін-пішен оратын жерде (мысалы,
Жетісуда), сол шығатын жерден егін, пішен орны деп переселен
нормасымен жер беріледі. Осы айтылған жер, салып отырған егінжай,
шауып отырған пішендіктен беріледі, бұл жерді қазақ біреуге жалдамай,
майын сатпай, өз еңбегімен пайда шығарып отырса;
5-нші қазына аламын деген уақытқа шейін өлік қойылып тұратын бейіт,
жұрт қасиеттейтін бейіт, закон арқылы салынған мешіт (10-ншы бап).
Переселен мұжыққа жер кескенде малды суға айдайтын жолда болса,
мұжық қаласына су беруге қарсы болса, қазынаға алынған екі бөлек жерді
(через полосная дейді) айырып тұрса, 10-ншы баптың 1, 2, 3 һəм 4-нші
бөлімінде жазылған сөздер босқа шығып мұндай айтылған жер қазынаға
кетеді. Үйіне, қорасына, бау-бақшасына, тоғамға ақша төленіп, 4-ші бөлекте
жазылған жер орнына өзіндей өз болысынан жер беріледі (11-нші бап).
Қазақ өзі аламын десе ер басына он бестен артық емес жер берілсін, осыны
отырықшы жұрт нормасы дейді. Осылай отырықшы жұрт нормасымен жер
алған қазақ сайлауы билігі мұжықша болады. Алым жерге салынады, қазақ
хатынан шығады. Сельский обитатель қатарына кіреді. Қазақ ер басына
душевой надел, жер алған соң қазақ пайдасына асып қазынаға қалған жер
уақытша мұжықша жер алған қазақ пайдасында тұра тұрады, өзге тəмам
қазақ біткенді жер беріп орналастырғанша (20-ншы бап). Қазақ он бестен
жер алсын деп закон жоқ, жоғарыда жазылған министр советі шығарған жол
закон орнына айырбас болмайды. Бұл жолдың да 20-ншы бөлігінде қазақ өзі
өз еркімен сұраса, мұжықша ер басына он бестен артық емес надел жер
алады екен. Қазақ өзі сұрамаса, көшпелі қалпында тұра бермек, закон закон
болатын болса, біздің қазақ законнан тысқары болмаса. Біз Думасы бар,
Советі бар, əділ патшасы бар мемлекет панасында емеспіз бе? Законнан
тысқары қалған іс жұмыс жүрмейтін жөні бар емес пе?
Үндістан жұртының бала оқытқан молдалары жер есебінің жұмбағын
тақтайға кестелеп салып, мынаны қара дейді екен.
Қазақ жері туралы шыққан закон, закон емесін шимайлаймын, оқы да
ақылын өзің тап, қазақ! «Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас»
деген.
Тəмам қазақтың алдыменен мұжықша ер басына он бестен надел алған
Ақмола облысында Петропавл уезі Тайынша болысында 200 үй еді. Бұлар
қазақ хатынан шықпаймыз, қазақ хатынан шығарып надел беретін болсаң
қайта қазақ қалпына қайтамыз деген соң переселен мекемесінің төрелері
бұл қазақты өзге қалған қазаққа мұрындық болсын деп еркелетіп, бес жылға
қазақ қалпында тұра тұр деді. Тағы бишара сорлы қазақты осылай сипап
жетелемесе болар ма?
Бұл 1910-ншы жылда болған еді. Бұл қазаққа қылған төрелердің кеңшілігі
жоғарыдаайтылған министр советімақұлдаған жолдың 20-ншы бабына
қарсы еді. Қазақты шырғаға шақырғанда өздері жасап отырған жолдан да
шығарды. Міне, екі жыл өтті. Мұжықша надел аламын деген қазақ көбейді,
қазақ қадірі кетті. Торғай облысында Қостанай уезінде надел алдың деп
Сарыой болысының бірінші ауылын хахол болысына жазып жіберген2.
Мұнысы 20-ншы баптың қамыты, надел алған соң бұл қамытты кигізбей
қоймайды. Қазақтың он бестен ер басына надел аламын дегенде жұртқа
айтатын сөзі мынау: «Надел алмай қайтелік, қыстаудан көшіргелі жатыр,
надел алмасақ» дейді. Көшпелі қазақты қыстау жерінен қуатын себебі 9ншы 1909-ншы жылғы министр советі мақұлдаған закон емес, ереже
бабында11-нші бөлекте жазылған емес пе? Осы тəмам киіз туырлықты
қазақтың бəрінің қыстау, егін-жай, пішенді, арық, бау-бақша, бекіткен
тоғамы мұжықтың суатының аузында ғана ма? Өз мұрнының үстіндегіден
басқа түк көрмейтін, жалғыз өз пайдасынан басқа жұрт пайдасымен
жұмысы жоқ соқырлық, арамзалық айдаған бишаралық емес пе? Осы
қазақтың көбінің өзі барып отқа түсіп отырғаны. Қазақ жүрген жердің
ұжмағы Көкшетау уезі, Көкшетау қарауылы мұжық тепкісіне шыдамай
Жиделі-Байсын қашса, қазақ 15-те отырып шаруа қыла ма? Қазақ 15-тен
надел алмаса қыстау, егін-жайы, пішендік, арығынан қу, айда деген закон
қайда? Қазақ баласы законнан тысқары қашан болып еді?
Жүз түйені бір бұралқы ит құйрығына тіркесе, осы ит Ташкент барса, жүз
түйе Ташкент кетеді. Итте не жаза бар? Түйенің жетекшілдігі емес пе?! Өзің
түйеден жетекшіл болсаң, саған не ақыл керек? Ашылып ақыл жазатын
хəлім бар ма? Көкіректе сайрап тұр. Қолыңды заман байлап тұр. Біздің жай
мына ақын жайыма емес пе: «Байеке-ау, сіздің қызда жаман бар ма?
Қызыңызды жамандарға заман бар ма? Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ,
қылған соң Құдай қанша амал бар ма?» – деген бес тиындық қыздарды
жазуға хəлім мүжіліп тұр ғой.
Қыр баласы
Азып-тозып кетпеске не амал бар? *
«Айқап» 11 нөмір
Қазақ халқы азып-тозып барады: Жердің жақсысын мұжық алды; жаманы
да қазақ пайдасына қалмайды. Үкімет мұжықтан қалған жерді арендаға
сатайын деп жатыр. Кешікпей бұл законы да шықса керек. Аз да болса 15
десятинадан жер алып жатқан бауырларымның не боларына көзім жетпейді,
жаным ашиды... Бұларды бытыратып мұжық болыстарына қосақтады. Бұл
қосақтау бірінші февральда басталды. Қостанай уезі, Сарыой болысының 1
ауылы мұжықтың болысына кіргізілді. Суды, хакімі мұжық болса, тіл
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.