Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21

Total number of words is 4108
Total number of unique words is 2027
30.9 of words are in the 2000 most common words
44.1 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
отырған жұртты, өздері тілемесе, зорлап крестьяндыққа кіргізіп 15-ке
қамамайды. Мемлекетке мал керек, малдың сүті-еті керек, жүні, терісі
керек. Малдың азаймай жетісіп тұруы үшін жайлы қоныс керек һəм ол
малды бағып өсірудің жай-жапсарын жақсы білетін ел керек. Бұл шаруаны
түгел басқаруға біздің мемле кет ішінде қазақтай лайықты ел жоқ екені
талассыз. Солай болғанда, солдат болдың деп қазақ біткенді мұжық жасап,
15-ке қамап қоюға реті келмейді. Осы күнгі қазақ жерін тілімдеп алып
жатқаны біздің казак болмағандығымыздан емес, қазақтың қалған жері де
мал бағуына жетеді деп бастықтардың түсінуінен, болмаса өгей балаға есеп
етіп, күшке таянып, жолдан секіруден келіп тұрған іс, оған амал не?
Жауап хат
181 нөмерде М. Шағырша хаты басылды. Қырық үш үй қазақ өзі болмаймын
деп отырғанда, зорлықпен отырықшы бола ма, жоқ па дейді. Біздің қазақ,
əділ ақ патша қол астында, біздің мемлекет 17 октябрь манифесінен бері
«Конституциялы» мемлекет, мұның қазақша мағынасы Законға құл болады.
Үкімет Законнан шыға жайылса, бұл қалай деп адасқан үкіметті қақпалап,
түзу закон жолына салатын бізде Г.Дума бар. Бұл Г.Дума күзеті саясат
тілінде «запрос» яғни «бұл қалай?» деген мағынада.
43 үй ісі туралы қазаққа шығып жүріп тұрған законды қарастыралық,
законда не бар екен?
«Көшпелі бұратана егін салғанмен өзі сұранбай еріксіз мұжық болмайды
һəм өзге сославиеге де, тапқа да жазылмайды»1.
Бұл закон 1822 жылы шыққан, жасы 94-те. «Мұжыққа жазылған қазақ қайта
қазаққа жазылайын десе, бұған бөгет жоқ»2. Бұл закон 25 мартта 1891 жылы
шыққан, жасы 25-те, осы күні қазақ даласына жүріп тұрған закон осы.
Мұның жолынан үкімет шықса, Г.Дума жақтан бұл қалай, аттан шықпақ.
Г.Думада запрос қылу шарты – тамам қисық іс туралы үкімет қызметкері
атқарғанын дəлелін түгел қылып депутаттарға жеткізу. Депутаттар
Г.Думада сөйлейтін сөзде қылшықтай өтірік бол маса, жақсы болады. Жерін
алғанда зап рос қыл деп дəлел беріп, бұл қалайға үкімет жауап бергенше,
қорықтым деп, қайта алатын қазақ бұл қалайға кірсе, Г. Думада
депутаттардың беті қайтады. Мұны қолдан келмесе, қылма. Өскемен уезі
Құлшын болысы 3 ауыл жері тура лы 3 Г.Думада бұл қалай болды. Бұл
қалай дəлелі маңызды болған соң, үкімет екі жыл жауап қайырмай, законда
бұл қалайға бір айда жауап бермек, қашып отырды. Бұл екі арада қазақ
бытырап, қорқақтар «өзіміз тіленіп болдық» деп отырықшы болды, қоқанлоқыға көнді. Г.Дума комиссиясында үкімет 3 ауыл қазағы, «өз
ризалығымен» отырықшы болған қағазды бұл қалайды шығарған кадет
депутаттарының алдына жайып салды 3 Г.Дума. Белгілі жетекшіл
Г.Думаның мəжілісінде жығылатын болғ ан соң, бұл қалай қайтып алынды.
Аттанға шапқанда бəйге атына мінбей, үкілі найза қолға алмай, қойшы
торыға мініп, көсеу алып шапты деген осы болады. Бұл итке мініп жүріп біз
қашан жаудан мал айырып едік?
10 декабрьде 1896 жылы Сібір теміржолы комитетінің мəжілісі болды.
Патша ағзам басында болды. Сонда көшпелі қазақ тұрмыс жайы сөзге
алынып, патшамыз айтты: «Көшпелі қазақ қалайша отырықшы болу жөнін
қарастыру керек екен» деп.
Жұртқа белгілі 9 июнь 1909 жылғы ми нистр кеңесінің насихаты шықты.
Министр насихаты закон емес. Законды анықтаған, законге қарсы, қайшы
насихат сөзі болмақшы емес. Ана 9 июнь насихатында 20 бапта жазған:
«Қазақ өзі сұранса отырықшы болады» деп.
Бұл законға қайшы емес. Өзі сұранбаса, қазақ закон жолында отырықшы
болмақ емес (Шаруаң отырықшыға ыңғайлы болса, отыр). Ана М.Шағырша
хатындағы Авдокат айтқаны саяси əдіс. Шөк, шөк десе, түйе шөгеді, адам
жүк артады. Шу-шулесе, тұрады, жетелесе Ташкент барады. Түйеге мұнан
қанша пайда бар? Авдокат жетеледі, жүрдік, түйедей жетекшілсін.
Авдокатта не жазық бар. Бұл бейшара байдың тұзын ақтап жүр. Мұның шушуы законда жоқ, міне, осы бұл қалай жемі. Үйде отырып қомпиып ісіпкеуіп партия бо лып, шаруа күйзелтіп, жұртты сергелдеңге салып, бойлауық
боласыңдар! Құрық əкететін күшті жұрт үшін закон жолымен неге
пайдаланбайсыңдар? «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!».
Қыр баласы
Петроград хаты
Оқушыларға белгілі 20 июньде Г.Дума тарқады.
Мұсылман фракциясы һəм мұның қасындағы бюро келер уақытта не
қылатынды мəжіліске алды. Күз Г.Дума бірінші ноябрьде жиылады. Осы
жиылысқа мұсылман туралы не даярлау сөз болды. Біздің қазақ тұрмысын
білетін Г.Думада депутат жоқ. Г.Думада қазақ үшін сөйлегенде бұл тұрмысғұмырды білмеген зор кемшілік келтіреді. Қуатты дəлелді қуатсыз қылады.
Мұны мұсылман депутаттары анық біледі. Мен мұсылман депутаттарына
айттым, сіздердің біріңіз біздің қазақ жерін аралаңыздар, қазақ болмысы –
тұрмысымен танысыңыздар. Осы күнгі қымбатшылықта депутаттарға қазақ
жерін өз қаражаттарыңмен арала деген оң болмас. Депутат қазақ жерін
араласа, шығынын бір қазақ болып орнына салармыз дедім. Бұл шығын
бола қалса, ана мұсылман фракциясының бюросына баратын кісі қаражаты
деп жиналған ақшадан берілер деп едім. Менің бұл пікірім жұрт пікіріне
қайшы болмас. Мұнан басқа қазақтың ақша тауып беретін орны жоқ қой.
Бірақ қазақ жерін аралауға депутаттар шабан соқты. Сонда да Жағыпаров
қолым тисе Каспи суын өтіп, Түркістан аралайын деп олқысолқы уəде
берген болды. Табылса қазақ жерін орыс депутаты араласа да көп пайда
болар еді. Бұған да шығынын біздің төлегеніміз оң. Бұл туралы да жұрттан
мен бөлінбеспін. Бірақ жұрт қай көзбен қарар деп, мен орыс депутатына
біздің қазақ даласын арала деп айтқаным жоқ. Алдыңғы бір хатта жазылған
еді, мұсылман фракциясы мұжық байлауын шешу закон жобасы қаралғанда
біз Г.Думаға бұратана шешуі закон жобасын кіргіземіз дегені. Осы закон
жобасын мұсылман депутаттары, мұның бюросының кісілері мүшелеп
бөліп алысты. Қазақ байлауын шешу закон жобасы маған қалды, Кавказдікі
Ахметбекке қалды, Сібір татарын Шəкір алды, Түркістан сартын Садыр
алды, Қырым ноғайын Смағұл алды. Он жылдан бері белгілі Ақмола,
Семей, Орынбор муфтилігіне кірмек. 1912 жылғы мұсылман съезінде бұл
екі облыс пікіріне Орал, Торғай қосылған. Осы съезде Түркістан өз алдына
муфтилік алмақ болған. Ана төрт облыс тілегі осы күз закон жобасы болып,
Г.Думаға кіргені жөн дестік. Мұны мен жазбақ болдым. Бөкейлік – Ішкі
Ордалық жері қандай күйге түсіп тұрғаны оқушыларға белгілі. Бөкейлік
жері біздің өзге қазақ жеріндей емес. Өзге қазақ жерін өзі қайрат қып алған.
Жұрт патшаға қарағанда жерімен қараған. Қазақ жері патша жері дегенмен
(120 статья степное положение, 270 статья Түркістан положениесі), қазақтан
«артылған» жерді қазына алады деген. Мұжыққа жер алғанда «артық» деп
алып отыр. Қазақ жұрты бұған дауласу керек. Маған беретін жерді,
сыбағаны бер де «артығын ал» деп. Осы «артықты» оңайладым деп, қазаққа
«өзі сұранып» 15-ті ал деп отыр. Біз осы өлі баспақты бұзау деп, өзіміз
сұранып отырмыз.
Бұл біздің соқырлығымыз.
Бөкейлік жері қазына жері, қазаққа уақытша берілген, келер уақыттағы
жарлыққа шейін. Келер уақыт жарлығы деп бөкейлік жерін Орал атты
казагына берген, келер уақыт жарлығы деп, ағаш егуге алған, енді құм
бекітем деп алғалы отыр. Тағы Астрахан атты казагына жер алып бермек.
Бүйте берсе, бөкейлікте түк жер қалатын емес, жерді ала берсе, бұл жазулы
законға шек келмес. Қазына жаңа жарлықпен өз жерін алады.
Бірақ бұл жерде бөкейлік жылдан аса жыл отыр. Неше ата кір жуып, кіндік
кескен. Мемлекет болмысында қашан болса, бұл сияқты жер еншісіз,
мемлекетінен жер алмай қалған емес. Енді ұйықтап жатпай жұрт болып, 335
мың жан, бізге жер енші белгілеп бөліп, кəсіп бер деп сұранған оң.
Бас министрге бөкейліктен Петроград барған Ғұмар Қарашұғлы белгілі
қазақ ақыны, қағаз берді, Астрахан атты казагына алатын жерді, бізге
қазаққа тиісті жер еншісі, бөліп беріп ал деп. Бұл Ғұмар тілегі аз бөкейлік
бір бөлімі тілегі. Бөкейліктің бəрі қылатыны осы. Қазақ жұрт болып мұны
қылғанда мұсылман фракциясы, мұның бюросы бөкейлікке жер берілетін
закон жобасы Г.Думаға кірсін десті. Мұны тірі болсам мен жазам. Біз ананы
жазамыз, мынаны жаздық десек, біздің қараңғы жұрт мұны іс болды қылып
ұғынады. Бұл адасқандық! Закон жобасы жазылғанмен Г.Думаға кірер-
кірмесі келер уақыттағы саясат ауасына байлаулы. Закон жобасы Г.Думаға
кіргенмен неше толғақпен неше кедергіден өтіп, законге айналады.
Г.Думада көп жақтың аты бəйге алады. Біз көпте де жоқпыз, атымыз жүйрік
те емес, мұны қазақ ұмытпасын! Жақсылыққа оңайлықпен қол жететін
көрінбейді.
Бөкейлік қазағы бұл закон жобасы туралы өздерінің тұрмыс-болмыс жайын
маған ашына қылғаны оң болар еді. Мен бөкейлік қазағын, қалай тұратынын
білмеймін. Менің бұл туралы білімім кітап сөзі. Кітап арқылы білген жұрт
тұрмысы шала болады.
Мұны бөкейлік көзі ашық бауырыма жаздым.
Əлихан
Ішкі хабарлар
Қазынаға кеткен жерлер
«Туркестанский ведомости» дің 185 нші нөмерінде генерал-губернатор
Куропаткин «Түркістанда орыс қаны төгілген жерлер қазынаға алынады»
деп еді. Сол айтқаны келді, қазынаға алынатын жерлер:
1)Самарқанд облысы Жызақ қаласының түземный (сарт) халқы мекендеген
800 десятина жерлер.
2)Жызақ уезіндегі Замин селениесі һəм ормандығының 400 десятинасы.
3)Есеп ала жүрген 12 регистратор үлкен Таукент базардың 400 десятина
жері.
4)Қолтай селениесінен 100 десятина жерлер.
5)Сасық селениесінен 100 десятина.
6)Сибиритсов деген писмоводитель үлкен жаңа қаладан 100 десятина.
Барлығы қазынаға кеткен жер 2100 десятина.
Бұл жерлердегі түземецдер егіндерін жинап алып, нəрсе-қарасын көшіруге
рұқсат етілді. Бірақ еккен бақшалары қазына пайдасына қалады. Үймүліктерін көшірісуге қолғабысшы хабарламақ. Жаңа жерден қорақопсы
салуға арзан бағамен ағаш берілмек. Өте кедейлеріне үлестіру үшін 2 мың
сом жəрдем бермек.
Т.К
Тілшілерден
Темір уезінен
1909-1910 жылдарда біздің Темір уезінің Темір Орқаш болысының 8
ауылына 2 участка мұжық орнады. Жер кескенде екі ауылнайдың ортасында
болған Қаракөл деген үлкен көл қазақ жерінде қалады. Орыс жерінің шегі
Қаракөлдің шет жағасыменен жүреді. Мұжықтар қаласын көлдің жағасына
салып, кел ген жылы-ақ шөмелелеп қойған қазақтардың шөбін тасып ала
бастайды. Бермеймін дейтін қазақта əл жоқ. Ақыр аяғында қызығын, «қазан
түбінде шеміршек қалды» деп, қазаққа қимай арыз беріп өзіне қаратады.
Қаракөлдің бір десятинасына басқа жерден 4 деся тина жер бермек болып
маңайынан бір қатар жер қосып 877 десятина жерді кестіріп алады.
1912 жылы күзді күні производитель работы келіп жерді белгілеп, бір
жетіден соң землемер 877 десятина жерді қазаққа өлшеп береді. Қаракөлдей
4 есе берем дегені қайда десе, білмеймін дейді. Сорлы қазақ көкіректе
сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр дегендей, тіліне түсініп, ойына келгенін
айта да алмай, көзі жасаурап қала берді. Онан бері біраз жыл болды. Бұл істі
қуған адам жоқ. Бірін-бірі қаралағанда бəрі законшы, адвокат болса да
мұнда ешнəрсе білмеді. Қаракөл – əуелде участканың ішінде емес,
айырбастап алыстырған жер. Біздің тəуір атымызды алып, жаман мəстегін
берді. Үстеуін бермеді. Мұны зорлық дейміз. Осыны запросқа бергіміз
келеді. Керекті дəлелін бізден сұрап білсе екен.
Шекті
Жер комитеті
Жаңа үкімет жер мəселесін шешуге амал қыл деп, жер министріне
тапсырған. Сондықтан жер министрі бұл мəселені қарауға жеке бір
комиссия сайлады. Мұның басшысы IV-ші Г. Дума члені, бұрыннан аты
шулы «Русские ведомости» газетін басқарушы, жер оқуына қанық
профессор А.С.Посников болған. Посниковтың комиссиясы жер мəселесі
туралы бір бас комитет һəм жергілікті көп комитеттер болсын деп жоба
жасады.
Осы комитеттер жер жұмбағы Учредительное собрание шешуіне дəлел
даярлайды. Сайланған жергілікті комитеттер жұрттың пікірі болады, жер
жұмағы бізге бұлай шешілсе қолайлы болады деп бас Комитетке жеткізіп
тұрмақ. Heшe түрлі жер ден неше түрлі пікірмен байыған жергілікті
комитеттер жіберген дəлелдеуді сынға салып сұлулап бас комитет
Учредитель ное собранияға тапсырмақ.
Мұжық, қазақ, казак, бурят, башқұрт өз арасында жасалған жергілікті
комитетінде жер туралы өз пікірін айтып қалмақ.
Өлеңші болсаң, міне той!
Біреудің əуел бастан жері жоқ. Бұлар мұжық. Біреуде жер бар. Бұлар орыс
дворяны мен қазақ. Осы болып тұрған бостандықтан бұрын біздің
мемлекетті дворян биледі. Біздің өз қолымызда болғандықтан мұжыққа өз
жерін бермей, қашыртпа қылып мұжықты сауырға бір сипап қазақ жеріне
айдады, жайды. Тамағы үшін күшін жалдаған қазақ жерін алушылар қазақ
жұртына талай қисынсыз іс қылды: қазақты қорасынан, пішенінен, егінінен,
суатынан көшірді. Мұжықты да алдап тастағаны болмаса, жарытқаны жоқ.
Жер жақсы деп бұрын мұжық алатын сыбағаны 15 тен кемітіп, 7-8 қылды.
Бұл бір мұжық орнына екі мұжық отырғызғаны. Бұлардың іздегені мұжық
пен қазаққа жаны ашып істеген іс емес, мұжық дворяннан жігін бөліп аулақ
қонсын деп істеген амал.
Қаңғырған, құдай соққан бұрынғы түбірімен құлаған ескі хүкімет жоғарыда
айтылған саяси амалын жүргізіп мұжық пен қазақ арасына от жақты: қазақ
болсын, мұжық болсын жер десе дір ете түседі.
Жергілікті комитеттер жер туралы күнде болатын ұрыс-талас, жанжалға бас
алқа етіп жердің зор мəселесі Учредитель ное собраниеде шешілгенше екі
жақты татуластыра тұрады.
Бостандық, кұрдастық, туысқандықтың екі зор жауы бар: бірі біздің
мемлекетпен соғысып жатқан сыртқы жау. Бұл біздің əскерді жықса, бізге
Николайды қайта қояды. Біз сонда баяғы таз қалпымызға түсеміз. Екінші
жау майданда əскер сыртқы жаумен алысып жатқанда, арттағы жұрттың
таласып-тартысып бүлінгені. Арттағы ел бүлінсе, əскер тамақсыз қалады,
жау біздің əскерді қайыруға жұрт бүлігі себеп болады. Жұрт бүлінсе де
Николай қайта қайтпақ.
Жер, жер дегенде мұжық та, қазақ та ішкен асын жерге қояды. Жер туралы
көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мəселесі
негізгі өмір мəселесінің ең зоры. Жер ісін ала қашты, тартып алды, тиіп
кетті қылмай, ақылмен, сабырмен атқарған оң. Учредительное собраниеге
шейін жұрт шыдап татулық қылған ғұмыр жұртымыздың ілгері тілегіне
жөн.
Қыр баласы
Жерді қалай бөлу
Ескі құлап, қираған соң бəрі жаңармақ. Бəрі жаңа негізге құрылып, бəрі
жаңадан жасалмақ. Кеңшілік, теңшілік, ағайындық – осы күнгі уақытша
үкіметтің тұсындағы ұстап жүрген тудың бір жағындағы жазу. Екінші
жағындағы жазылған əр партияның ұраны болған сөздер, ту көтергенде
əркім өз ұранын тауып һəм басқалар да ұраны ұнаған туға ермек. Россияда
түрлі партиялар бар. Олардың түрлі тұтқан туы ұстаған программасы бар.
Əр партияның мұраты сол тулары мен программаларында жазылған. Тудың
қайсысына қанша жұрт еруі туына жазылған мақасатқа қарай. Россия
өнеркəсіппен көгерген мемлекеттердің дəрежесіне жетпеген қара
шаруашылықпен ауқат еткен мемлекет. Халқының көбі қазақ, казак,
қарашекпен сияқты қара шаруа. Мал асырап, егін егіп, өз шаруасын өзі
істеп, өзі айналысып күнелтеді. Азы сауда, əртүрлі өнеркəсіп (завод,
фабрикалар сияқты) иесі халық. Соңғы топтағы адамдар малды қолдың
күшімен таппай пұлдың күшімен табады. Бұл таптағылар аз, бірақ
Россияның байлығының һəм жерінің көбіне солар ие. Олар аз болса да
бүгінге дейін көпке татып келе жатқаны Россияны ескі үкімет тұсында
билейтін адамдар солардан еді. Хаким өз табынан болған соң, өзгеге теңдік
бермейтін енді оларды сүйейтін ескі үкімет жоқ. Мемлекет билігі жұрт
қолына ауды. Кім көп болса, күш сонда. Аз қанша алдап билегенмен
ақырында көп жеңді. Енді елді елдің өзі бақпақ, жұрт өзін-өзі билемек.
Елдің өз тізгіні өзіне тигенде көп ел азға көптік қылдырмайтын жалғызақ
нəрсе бар. Ол нəрсе əділдік. Істің бəрі əділдікке тіреліп істелсе, көппен аз,
күшті мен нашар бəрі тең болмақ. Өзі əділдік қылмайтын, өзі теңдікті
білмейтін басқадан қалай əділдік көнбек.
Россияда бостаншылық болды. Орыс, қазақ басқа бұратана болып айырылу
жоқ, бəріміз теңгерілдік деп отырмыз. Орыс көп бола тұра азды өзіне теңеу
əділдік жолы. Күштің тоқтайтын нəрсесі əділдік. Əділдікті қуаттап
қолымызға нық ұстасақ, күш тоқтамақ. Əділдікті өзіміз аяққа басып, таптап
отырсақ, өзгеге əділдік қылмадың деп не бетімен айтармыз.
Россия халқының көбі қара шаруа деп жоғарыда айттық. Россиядағы
жұрттың жүз шаруадан 85-і шекпен. Олардың кəсібі егін. Егінге жер керек.
Жер қара шекпенде аз. Бостандықты алуға себепкер болған орыстың
«социалист» деген партиялары һəм болған бостандықтың бұл күнде сүйеніп
тұрған күші əскерлер. Ол əскерлердің көбі жері аз қарашекпендер.
«Социалист» партияларының тұтқан туы, ұстаған программасы жер берудің
мүлкі болмай, жұрт мүлкі болсын. Еңбек сіңіріп жерден кім мал шығаратын
болса, жерді сол пайдалансын. Өзі əлдеқайда жүріп, малай жалдап,
басқалардың күшімен жерден шығарылған пайдаға ие болушылық мұнан
былай жойылсын.
Жер-жерден күн көретін адамдар арасына керегіне қарай істеп отырған
кəсібінің ретіне қарай, тауып отырған пайдасына қарай, еңбекпен керегіне
қарай тең-тең бөлінсін. Жер тапшылығының зарын тартқан қалың
қарашекпен осы туға еретін түрі бар. Кеше Орынборда болған Торғай
облысының қазағы мен қарашекпендінің сиезінде жер мемлекет мүлкі
болсын. Жаңа үкімет жарлығымен мемлекет пайдасына шыққан патшаның
мүлкінде болған кабинетский һəм удельный жерлерден басқа жəй жер иесі
адамдардың да меншіктенген жерлері ақысыз алынып, мемлекет мүлкі
болсын деп қарар береді. Біздің қазақ жері қашаннан-ақ мемлекет мүлкі деп
қойған жер. Жер біткен мемлекет мүлкі болсын деген сөзге қазақтың
қабырғасы қайыса қоймайды. Жалғыз-ақ қалай теңгерер, қанша жер берер
деген жұмбақ ойға қалдырады. Ол жұмбақтың шешуі оңай жұмыс емес.
Жердің түрін де, ауанын, қалпын да, ел шаруасының салтын да – бəрін еске
ала отырып, шешетін жұмбақ. Оның бəрін біліп отырып шешуге əр жердің
табиғаты жайынан, істеп отырған кəсіптері жайынан, толып жатқан
мағлұматтар керек. Сол мағлұматтарды жиып, реттеп, өңдеп, жер мəселесін
шешетін орынға түсіруге жер комитеті деген ашылғаны һəм басына жер
ғылымын жақсы білетін адам қойылғаны өткен нөмірде басылды. Ол
комитетке керек мағлұматтарды беріп тұратын губернский уезной,
болосной жер комитеттері ашылса керек. Бас комитетке керек
мағлұматтарды беріп тұруы үшін əуелі ол мағлұматтарды өзі жимақ керек.
Газет хабарына қарағанда жер комитеттерінің жыятын мағлұматтары мынау
түрлі көрінеді. Жерді жұрт осы күнде қалай пайдаланып отыр? Жер
жағынан мұқтаждығы қандай? Учредительное собрание жер мəселесін
шешкенше жер туралы дау болса, бітіре тұру. Губернский уезной, болосной
жер комитеттері біздің қазақ жерлерінен де ашылмақшы. Қазақ жерді қалай
пайдаланып отырғаны, жер жағынан қандай мұқтаждығы бар екендігі
айтылмақшы. Жоғарғы айтылған партияларға мұжықтар еріп, жері
мемлекет мүлкі болып саналып, əркімге еңбек һəм керегіне қарай
шамаланып, теңгере жер берілетін болса, іс негізі əділдікке құралып,
жермен күн көрушілер ортасына жер үлеске түспек. Қазақтың бүгінге дейін
жер пайдалану жүзіндегі ісі əділдікпен істелген емес. Əділдікпен бөлінген
емес. Қазақ əділдікпен бай, жарлысы теңгере бөлгенде жерді қалай бөлер
еді? Осы турасында жобаларын, пікірлерін білдірулері керек қой.
Торғай облысының мұжық-қазағының сиезі
20-апрельден 28-не шейін Орынборда Торғай облысының мұжыққазағының
сиезі болды. Бұл сиезге ауылный, поселковый, волосной һəм өзге
комитеттерден, əр қайсысынан ағзалары 15 шейін болса, бір өкілден,
ағзалары 30 болса, екі өкілден шақырылған еді. Мына жаңа болған
бостандық, құрдастық, туысқандық уақытта шалғай ауылнай, болыс, уезд,
крестьянский начальниктер, губернатор мойнына қосақ, көтіне тіркеумен,
құдай беріп, барса келмеске кетті.
Сақалға ақ кіргені – жас ұлғайғаны, жұрт əкімшіл болса, кемелдікке
жеткені. Бұрынғы жұртты жеген əкім, мекемелер өшті. Бұлардың орнына
жұртқа пайдалы əкім, мекемелер мақсат.
Торғай облысының мұжық-қазағының сиезі осы жұртқа жайлы, жаңа жақсы
уақытқа дұрыс əкім сайлау, мекеме шығару тəртібін жасамақ еді.
Сиезге үздік-создық 300 дей өкілдер жиылды. Сиезге келген қазақтың бəрі
кіргенде, мұжықтың комитеттері өкілдерін түгел жібергенде сиез адамдары
мұнан да көп болатын еді. Адасқан, қаңғырған сорлы қазақ баласы партия
болып, ауылнай, би, болыстықтан қалсам, енді комитеттерге председатель
болам деп, бұрын жұртты жиып үйреніп қалған байғұстар елді бүлдіріп,
ауылды, болысты бөліп, тəрбиелі комитет сайланбаған.
Осымен талай қазақ өкілі сиезге кірмей қалды. Мұжық егін салып
жатырмыз, алысқа қайдан барайық деп, Қостанайдан келмеген.
Мұжық комитетінде партия жоқ. Мұжықтар ерік жұртта болса, жұртқа
пайдалы жақсы адамдарды сайлаймыз, бұрын крестьянский, уезный
начальниктерді арқалап жұртқа жебір болған адамға енді жол бермейміз
деп, комитеттеріне таза азаматтарын сайлап алып, шаруаға кірісіп отыр,
қыдырып қой жеп, шаруаны қаңтарып тастап қалаға шауып біздің қазақ
əлекте жүр.
Қазақ-ау! Оян! Мұжық көшіп жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық
көрші отырып, бостандық, құрдастық, туысқандық шарапатын
пайдаланғанда ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін
қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы құл қылып беріп,
жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме!
Бұрын қазақ қатын басты, асулы тұрған қазанды балама құлатты, қорамды
өртеді деп жала жабатын еді.
1905 жылдан бері қазақ баласы ілгері басқаны да тыңшы болып, келмеске
кеткен патшаны қолдаған болып, партия дұшпанын патшаға ананы қылып
жатыр, мынаны қылып жатыр деп жақты.
Енді жаңа бостандық, құрдастық, туысқандық күні туғаннан бері дұшпанын
мұқатам деген құдай оңғандар бұрынғы патшаның жолында еді деген
шағым шығарды.
Патшаны түсірген орыс жұртының жұртқа жайлы, жақсы жол табам деген
ерлері. Қай қазақ патша жоқ болсын деп еді? Қолыңа жақсылықты əкеп
берді. Рахмет деп, қолға түскен асылды пайдаланбай, алаштың баласы-ау,
«иттің боқ жемесе басы ауырадыны» неге бастайсың?
Сиез ашылған соң жұрт сиездің басқарушы адамдарын сайлады. Бұларды
Европа сиездің президиумы дейді. Председатель агроном Сириус, мұның
жолдастары адвокат Матвеев, Ахмет Бірімжанов болды. Хатшылары
Шуланов, Лобанов, Серов болды. Сиез Торғай облысының комиссары
Əлихан Бөкейхановты құрметті председатель етіп сайлады.
Сиезде қаралатын істі комитет жер, оқу, сот һəм өзге неше комиссияға
таратып бұл комиссияларға ағзалар сайлап, бірінші күні сиез тарқады.
Ана комитет комиссиясы ауылный, поселковый, волосной, уезный,
облосной комитет сайлау тəртібін қарастырды. Бұл турада сиез 2-8 апрельде
болған қазақ сиезі ауылный, волосной комитеті сайлау туралы жасаған
қаулы қабыл болсын деді. Осымен қазақ сиезі шығарған ауылнай, волосной
комитет жасайтын тəртіп уақытша закон болды.
Уезный, облосной комитетте мұжық, қазақ аралас болған себепті өзгеріс
бар. Бұл өзгерістер тағы өз кезегінде жазылады. Бірақ сиез əділдік жолын
көздеп, уезный, губернский комитеттерде ағзалары көптеп көп, аздан аз
болсын деді. Мысалы, Қостанайда орыстың 2 жүз мыңы артық, Ақтөбеде 4ақ мыңы қазақтан орыс артық. Уезный комитетте Қостанайдан орыс ағзасы
артық. Ақтөбеден қазақтан һəм орыстан ағза бірдей болмақ.
Ырғыз, Торғай таза қазақ, бұлардың ағзалары қазақтан болмақ, орыс
ағзалары орыстың санына кіріспек.
Орыс, қазақ бас қосқан жерде жер мəселесі қызық, сұлу болып тарқады.
Кейбіреулер ойлаған еді, мұжық пен қазақ жерге күндес, жер десе бұлар
жұдырықтасып кетеді деп. Осы пікірді жамылып, кейбіреулер мұжық пен
қазақ арасына шоқ тастамақ болды. Мұжықпен төбелесіп кетсе, Николай
қайта тұғырына қонуға бір себеп табылады.
Сиез жер қазақ пен мұжықтікі, егін салған, мал баққан адамдікі, жер
мəселесін Учредительное собрание шешсін деді. Жер сатып пайдалану
болмасын, барлық жер мемлекеттікі болсын деді. Жер туралы қазақ сиезі
жасаған қаулыны қабыл алды. Сиезде отырған мұжық пен қазақ қол
алысып, бауыр болып құшақтасты. Бізді іріткен, шіріткен, барса келмеске
кеткен айуан атты үкімет еді. Енді мұжық-қазақ дос болайық, шекарадағы аз
таласты мəмлелесіп, комитетіміз арқылы бітірейік десті.
Қазақ пен орыс арасы осылай болды деп, жаңа үкіметке, бостандық алып
берген ерлердің басы Брешко-Брешковская ханымға сиез телеграм берді.
Міне, ғұмыр жұмбағы тамаша. Айуан жоғалған үкіметтің саяси əдісімен
қазақ пен мұжық біріне бірі жау болды. Өткен қыс қазақ жеріне əскер
шығарып, қазақты шапты. Міне, жұрт өзі бас қосып, айтысып еді, əділ жол
туысқандық шыға келді.
Мұжық қазақ жерін жерсінбей көшпек екен. Бұл туралы сиез көшкен
мұжыққа ерік деді. Мұжық Торғай облысынан көшсе қазынадан көмек ақша
берілсін деді.
Мақала ұлғайып кетті. Сиездің қалған ісі тағы келер нөмірлерде жазылып
тұрар, сөз қысқартайық.
Қыр баласы
Жер комитеттерін жасау керек
Жер мəселесі Россияда жеңіл мəселе емес. Кең жерді пайдаланып отырған
помещик сияқты байларды да, жеңіл-желпі жерлерге ие болған
мұжықтарды да қалай шешіледі екен деген қауіпке түсіретін жұмбақ жер
мəселесі. Жердің тарлық-зарлығын көріп, қашаннан бері тілегіне жете
алмай, қашан құдай берер деп, жері я аз, я тіпті жоқ мұжықтардың аңдып
көздерін сүзіп күтіп отырған дəмелі нəрсесі де жер мəселесі.
Кең жерде отырып сия алмай жер үшін қазақ төбелесіп, қырылысып қалады.
Ол үйткенде жері аз, я тіпті жоқ мұжықтар амалсыздан болмаса, қалай қарап
отырар. Аш қасқырдай жалақтап, босанса болғаны бос тұрған жерге тап
береді. 1905 жылы бостандық бола бастағанда мұжықтар қасындағы
байлардың бос тұрған мол жеріне қол сала бастаған еді. Ол кездегі үкімет
басындағы адамдар өздері сол жері көп помещик байлардан болған соң, ол
кездегі əскерлер үкімет бұйырса əкесін атудан тартынбайтын қараңғы надан
болған соң, əскерлердің күшімен мұжықтарды басып-жаншып тоқтатып еді.
Биыл да мынау бостандық болған соң сондағы мінезін қазір де шығарып
жатқан хабары əр жерлерден естіледі. Уақытша үкіметтің уақытында тəртіп
арқасында ондай тəртіпсіздік бірен-саран аз жерлерде ғана болды. Аш
қасқырдай жалақтап жер деп отырған жері аз, яки жерсіз мұжықтар
мейлінше жер жыртып, егін егу үшін жер министрі бос жерлердің бəріне
бірге мұқтаж мұжықтар биылша егін егіп пайдалансын деген тағы бір
шешім шығарды. Мұнысы əуелі жерге мұң болып отырған мұжықтардың
мұңын жоғалтып, бүліншілік болмасқа кіріп себепкер болды, екінші, азық аз
жылы жер жоқтықтан егін сала алмаушылар болмайтын етіп, егін молайту
жолы болды. Мемлекет басына ауырлық түскенде менікі-сенікі деп таласып,
мемлекет пайдасын тоқтату болмайды. Мемлекет керегі үшін адам еріксіз
жұмсалғанда, мал еріксіз сатылғанда, астық қазынаға салынғанда, жер
менікі еді деп жерден шығар пайданы тоқтатып қоюға болар ма? Уақытша
үкіметтің егуші табылса, егілмеген бос жер қалмасын деп татбір етуінің
асыл мағынасы осы. Егуге жер табылып тұрған соң жерсіз мұжықтар
қысылып, амалы құрып тарылмай жер мəселесінің шешуін тыныштықпен
учредительное собраниеге жеткізу. Жер мəселесінің шешуі учредительное
собраниеге де оңай жұмыс емес. Жер мəселесі түйіншігі көп мəселе. Осы
оңай шешіле қояр деп айтуға ауыз бармайды. Түйіні көп мəселе турасында
түрлі пікірлер де көп болады. Жер мəселесін шешу туралы түрлі
ғалымдардың жазған пікірлері бар, түрлі партиялардың тұтқан жол, ұстаған
программалары бар, түрлі съездердің жасаған қаулылары бар. Қазір əскерді
ішіне тартып, əскер күшіне сүйеніп отырған партиялар бұзып-жарып
омыраулап іс қылғандай ойы бар. Жалпақ жұрттың қазіргі мына қонбаса да,
көңіліне жарарлық пікірлерді жүргізіп халықты ертеміз деген партиялар
бар. Немістердің соғыста тұтқан əдістері сияқты алғанын бөліп алып, əрі
жылжуы сияқты саясат жолын тұтқан партиялар да бар. Учредительное
собраниеден қай жолда, қай пікірде қуаттаушы көп болса, сол жағының
дегені болмақ. Учредительное собрание – Россия халқының істияр болғанболмағанын сынға салатын бір емтихан. Миға қонымсыз, көңілге қонымды
ғана жолға ерушілер көп шықса, Россия халқының əлі де есейіп жетпегені.
Көңілге қарамайтын, миға қонымды жолға ерушілер көп болып шықса,
жұрттың естиярлыққа жеткені. Немістердің дүние жабылып соғысқанда да
жеңілмей жатқаны көңілдің дегенін қылмай, мидың дегенімен
болғандығынан.
Жер мəселесі турасындағы ғалымдардың пікірлері, Россиядағы саяси
партиялардың түзген программаларының көбі, бостандық болғаннан бері
жиналған съездердің қаулыларының көбі-ақ Россиядағы жердің бəрі отан
мүлкі болсын. Яғни жер бетінің иесі жалғыз ғана мемлекет болсын,
мемлекеттен басқа жерді иеленуші болмасын дейді. Бұлай еткенде біреудің
сатып алғанда жерлері, біреудің еншіге алған жерлері, біреуге мирас қылған
жерлер, халықтың, қауымның, жай адамдардың мүлкіндегі жерлер бəрі де
жұрт ортасындағы ортақ мүлік болып, кім өз еңбегімен жерден пайда
шығарамын десе, соған жер берілмек. Бергенді қай түрмен беру – бұ да
даулы мəселе. Біреулер мемлекет мүлкіндегі жер пайдаланамын деген
адамдарға əркімнің істеп отырған кəсібінің түріне, тұрмысының ыңғайына,
керек-жарағының шамасына қарай өлшеліп берілсін дейді. Біреулер
мемлекет мүлкіндегі əркімге аренда түрінде берілсін дейді. Екеуін де дұрыс
деп жақтаушылар бар. Ең шешуі қиын мəселе – жер біткенді мемлекет
мүлкіне қалай аудару мəселесі. Біздің қазақ жері бұрынғы үкімет тұсында
əлдеқашан мемлекет мүлкі делініп қойылған. Жері мемлекет мүлкіне
аударылмағандардың жерлері қалай мемлекет мүлкіне айналдырмақ. Бұл
жер мəселесінің нағыз даулы жағы. Біреулер мемлекет жер иелеріне əділдік
пен жерінің толық бағасын төлеп алуы тиіс деді. Бұл һəм шешуі шиеленген
жер мəселесінің қиын түйінінің бірі. Бұл қазаққа керексіз мəселе.
Басқалардың жанына тиетін зəрлі мəселе. Жер иелері мүлкіндегі жерін
мемлекет аламын дегеніне таласып, тартыспақшы. Екінші, алатын болғанда
тегін аламын дегенмен таласып, тартыспақшы. Үшінші бағасының қымбатарзанына дауласпақшы. Қысқасы, жер деген толып жатқан. Қып-қызыл
даулы мəселе. Оны шешуге толып жатқан мағлұматтар толып жатқан
қарарпікірлер жию керек. Жер мəселесі учредительное собраниеде
шешілерде оған керек болатын нəрселердің бəрі даяр тұрарға керек. Соны
даярлау үшін жер комитеттері ашылайын деп тұр. Соған қарап қазақтар
болосной жер комитеттерін тез ашып, жер мəселесін ертерек қолға алу
керек. Петроградтағы жер турасындағы бас комитетке жер мəселесіне жетік
адамдарын жіберулері керек. Қазақтың шаруасы, тұрмысы, жерінің түрі,
ауасы жағынан басқалықтары бар. Сол басқалық жағынан толық
мағлұматтар берерлік бас комитетке қазақтан адамдар бармай болмайды.
Тағы жалпы қазақ съезі
Өткен нөмерде жалпы қазақ съезі қашан һəм қайда болатын мəселесін съез
бюросы қалай шешкенін жазып едік. Енді сол бюроның съезде қаралатын
мəселелер турасында жасаған қаулысын жазамыз. Бюро ұйғаруынша жалпы
қазақ съезінің программасы мынау болмақ:
................................................................ *
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.