Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29

Total number of words is 3806
Total number of unique words is 1954
30.0 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
49.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өскендіктен деп қазақтар дұрыс айтады.
Жер бұрынғықалпында, халық күненкүнге өскендіктен, шаруашылықтың
бөтен түрін табуға тура келген. Ол түрі əрине, жерге отыру болған.
Бұрынғы кезде жұрттың жатақтыққа қалып алып көрмеген кезінде жалғыз
кəсіп – мал өсіру, көшпелілік болған! Қысқа қарай сақтаған пішен, шөбі
болмаған соң, қолындағы жайылым жердің аумағына қарай мал ұстаған.
Өйткені, жайылымына малы шақ болмаса, қысты күні малы жұтап қала
берген. Көшпелінің жандары 50 жылда екі есе өсіп тұрған. Жан өсе-өсе жер
тарылып, шаруасы күйзелген кезде, көшпелі халықтарға шаруасын жөндеу
үшін 3 түрлі жол болған: 1) Қонысының жерін жаулап, тартып алу; 2) Аз
малымен күнелтуге көну; 3) Жерге отырып, отырықшылықа айналу.
Бұрынғы кезде де жерге, малға таласып, көшпелілердің өзді-өздерінің
ыңғай жауласа беретіндігі осы реттен еді.
Көшпелілердің жауласуы Азия мен Европаның арасында соңғы 2000
жылдардың ішінде біраз өзгерістер жасады. Халықтарды бірден бірге
асырды. Толқындары Карпат, Франция, Испанияға шейін барды. Осы
сықылды аударыс, төңкерістің уақыттарында көп малдар қырылып, жұрт
жұтқа ұшырады. Көп рулар малдан айырылып, кедей жарлы болды. Жаудан
жеңілген рулар малдан айырылған соң, я жеңген рулардың құлдығына кетті,
я жерге айналып, жер кəсібімен күнелтті.
Мəселе осы күндері қазақтан жерге отырып, жатақ болғандардың барлығы
да аз аталықтардан.
Кешегі орыстардың орамы болып, қазақ жерлеріне ішкі Россиядан орыстар
келгенше, қазақта жауынгершілік қалған жоқ. Орыс үкіметінің əдепкі қазақ
жеріне қол сала бастаған кезінде қазақты бағындырып, біреуге жəрдемші
болғандар қазақтың өз араларынан шыққан, жерленген жатақтар болды.
Орысқа бағынғаннан кейін қазақ даласында жаугершіліктер қойылды. Жұрт
иелене бастады. Уезд-уезд, ауылнай, болыстарға бөлінді, жік ашылды.
Бірақ, көшпелі тұрмыстарға бұл жіктердің дін қолайы жоқ болды. Шу деп
жер ала бастағанда, жақсы жерлерді ұстап қалған қазақтың байлары,
атқамінерлері оларға оған ол кездегі хүкіметте жəрдем болды. Осының
арқасында қазақ ішінде жерсіз жүргендер де болды. Жері жоқ жандар
əсіресе, Ертіс пен Оралдың сол жақтарын алды. Қазақтарға алып бергеннен
кейін көбейді. Осы ретпен ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ жерін орысқа ала
бастаған кездерде көп жандар жерсіз қалды.
Ол кездерде де əсіресе көп зəбір шеккен – көшпелілер, өйткені, жерінен
айырылған отырықшылар да көшпелінің жайлаулық жеріне қол салды. Жер
жетпеген келімсектерге де хүкімет көшпелілердің артық жерінен берді, жер
азайған соң, көшпелілер малды көп алмады. Сонымен соңғы жылдары мал
да азайды. Жиі-жиі мал жұты да бола бастады. Бұрын зор жұттар 13 жылда
бір болушы еді. Енді 3 жыл сайын болып тұрды. Сөйтіп, малдан айырылған
көшпелілердің бірте-бірте аяғы қысқарды. Көше де алмай, иеленіп отыруға
жер де табылмай, ақырында бұрынғы отырғандарға қонақ есебінде ғана
болып отырды. Орныққан жатақ байларына арзан жұмысқа жалданды.
Сонымен, жерсіз шұбырынды болып жүргендер ел ішінде осы күні 10 %дей бар, барлығы 500.000 шамасында. Жалғыз малдан айырылған
көшпелілерді ғана емес, келімсек орыс байлары жатақ жарлыларын да
жұмысқа салды. Сол сықылды жерсіз, малсыз кісінің жұмысында жүрген
жарлылар һəр районда 20-35%, Ілбішін уезінде 7%-тей бар. Осы ретпен бірбірден барлығы да бір түрдегі көшпелі қазақ халқы тұрмыстарын өзгертті.
Бай, жарлы таптарға бөлінді. Əрине, мұның барлығының түпкі себептері –
хүкіметтің қазақ жерін отарға айналдырғандығы еді.
ІІІ Көшпелілерді жерге орналастыру жайы
Түркістан һəм Қазақстан халықтарының біз өзіміз жерге орналасып
болғанша, жеріміз алынбас деген тілектері, орынға халықтардың өзін-өзі
басқарушылық көзімен қарағанда, кімге де болса түсінікті шығар десең де,
əлі күнге дейін оған қарсылар табылады. Баяғыдай «Түркістан мен
Қазақстанда бос жер көп, алу керек, алынсын» деген тілектер əзір қалған
жоқ. Бұл тілектер бұрынғы отаршылдардан қалған, құйрықтарынан
болмаса, билеп қалған ұлттардың ұрпақтарынан шыққан сөз екенін
ойлайтұғын уақыт жетті.
Бұрын келімсектердің ¾ бөлімі Украина мен Белоруссиядан шыққандар еді.
Енді қайта бұрынғы келгендердің қайтқысы келмесе, ол жерлерден қазақ
жеріне келемін деушілер жоқ. Бұрын келімсектер ішкі Россиядан да көп
шығатұғын еді. Енді Россияның бұрынғы жерсіз һəм аз жерлі крестьяндары
помещиктердің жерін алып, молайды. Соның үшін де енді оларға жер керек
емес. Жер саймандары, жұмыс көліктері һəм тұқым керек. Өз жерлерін
тастап, қазақтың шығымы аз, сорттап татыр жерлеріне келетұғын ол жақтан
ешкім де жоқ.
Алдағы 15-25 жылдардың шамасында ішкі Россиядан қазақ жеріне көп-көп
крестьяндар бара қояды екен деп, оларға жер бөлемін деп бұрынғы
автономиялы халықтардың құқықтарына зорлық қылуға жарамайды.
Қазақтың қолындағы жерлері əуелі өздеріне жетпей отыр. Аз жерлі, жерсіз
жүргендер олардың араларында өте көп. Əуелі өздері жерге жайласып
орындалып алсын.
Соңғы ескерерлік нəрсе, қазақ даласы темір жолы қалалы жерден жырақта
болғандықтан, елдегі өлі-шикі заңдар пайдаға асырылынбай жатыр. Енді
оның үстіне, тек жерге бола сонша алысқа тағы да қолдан халық жіберіп,
пайдаға аспайтұғын заттарды көбейткізіп керегі жоқ.
Кіндік үкіметтің өзіне де һəм көшпелілерге де пайда келтіретұғын іс
бұрынғы келімсек орыстарға көшпелілердің жерін алып беру саясатын
тоқтатып, қайта көшпелілердің шаруасына жəрдем көрсету керек. Ол үшін
көшпелі халықтың тері-терсек, жүн-жабағы сықылды шикі заттарын
фабрика, заводтарға жеңіл жеткізіп беріп, болмаса орын орынның өзінде
істеп, тіршілікке асыратұғын ретін істеу керек. Ондай ауыр жұмысқа керек
тамақ, əр жұмыскер һəм көлік қазақтың өзінен де табылады. Тек бірліжарым басқаратұғын битуғандар болса болғаны.
Асылы, сірə, қазаққа жəрдем қылу үшін қазақты жерге орналастырып,
артық жеріне орыс алып келу емес. Қазақтың темір жол жүргізіп, ортасына
кəсіп орындарын орнату: Үлкен кəсіпорындарында қазақ арасындағы
жарлы-жақыбайларға бір жағынан жұмыс табылса, екінші жағынан,
олардың бірігіп бас құрап өздерінің бай-билеріне қарсы тұруына құрал
болады. Соның үшін де қазаққа жəрдем, қазақты жерге орналастыру
жұмыстары алдымен оларды кəсіпке үйретіп, шаруашылығын жөндеуден
басталуы керек. Оның үшін қазақтың тұрмысын, тіршілігін, жер суының
шегін қай жағын да қарап, толық тексеріп, біліп қалай істі бастап апару
пландарын жасап алу қажет.
План жасап алудың қазірде артық қиындығы жоқ. Өйткені, орын- орынның
кейбір жұмыскерінің ол туралы бастап жүргендері бар. Үкіметтің міндеті –
тек сондайларға жəрдем көрсету.
Көшпелілердің тұрмыстарын тексергендегі еске алатұғын нəрсе:
1)Көшпелілерді бұрынғы көшпелілік тұрмыстарын қалдырмауының түпкі
себебі не екен һəм оның өздеріне, болмаса мемлекетке қандай пайдасы бар
екен?
2)Сол көшпелі тұрмысты дұрыстау үшін не істеу керек? Көшпелілердің
тұрмысын бөтен ретпен біліп, жəрдем көрсетеміз. Болмаса, олардың
шаруашылығын бөтен түрге (əлгідей қылмастан) бұрын саламыз деу ретсіз.
Отаршылдық халықтың қамын ойламағандық. Ол реттен көшпелілердің
көретұғын кемдігі көп:
1)Орнығып кеңселерде отырған отырықшылардан кеміс болады;
2)Көшіп жүре алмайды, жерінен айырылады; 3) шаруашылығына мəдени
түр кіргізе алмайды.
Ең əуелі «20-ғасырда көшіп жүруді қою керек» деген құрғақ, жел сөзді қою
керек, Америка мен Австралиядағы көп мал өсірушілердің де шаруашылық
түрінің қазақтан артық жері шамалы.
Өздерінің отырықшы ағайындарын да орыстың крестьяндарында
көшпелілер жетектеу келеді. Оның үстіне осы күні əлсіреп тұрғаны
болмаса, көшпелі халықтар бұрынғы кіл жауынгерлердің ұрпағы.
Көшпелілердің отырықшылардан көрі Еуропаша оқығандарының аздығы,
олардың оқуға салқын қараған талаптарының жоқтықтарынан емес.
Тұрмыстарының ретінен, егерде жоғарғы һəм орта дəрежелі шаруашылық
школдарын көшпелілердің тұрмысына лайықтап орнатып көшпелілердің
балалары оқитұғын қылса, олардан өте жақсы оқығандар шығар еді.
Көшпелі тұрмысты таза жолға салып, түзеушілер солар болар еді.
Егер де көшпелі халықтың ортасына келіп, орнатып жер шаруашылығын
жөндеген кезде де, барлық жерінің 10%-бен артығын өңдей алмастай,
сондай болған соң, қазақ онымен тағы да тегіс күнеліте алмайды.
Онан да көшпелі жүріп, бетінше мал өсеріне пайдалы. Сондықтан, қазіргі
көшпелі тұрмыс қайта керек, оған жерін алып зəбір салуға жарамайды. Ол
болмасын үшін істейтұғындар:
1. Көшпелілердің жерін азайтпау; 2. Көшпелілердің жерінде шөп сақтаудың
қамын қылу; 3. Қысқа шөп шауып алуының ретін істеу.
Жеті көшпелі халқы бар жерлерде түпкілікті істейтұғын нəрселер:
1.Жалпы жер реттеу жұмыстарының ереже пландары, су шығару
жұмыстары, жер бөлігінің шамасы. Кімде-кімге жер беру жұмысы қай
автономиялы республикада болса да, орнығы көшпелі-отырықшы
халықтарынан хабарсыз істелмесін.
2.Жер жұмыстарын шешуге көшпелілер уəкілдері жалпы жиылыстарында
сайланатын болсын һəм сондай жиылыстарда алдағы қаралуға тұрған жер
жұмыстарын жер комиссарлығының өкілдері барып баяндасын.
3.Орнығы отырықшы һəм көшпелілердің жер жұмыстарына көзқарастарын
біріктіру үшін екеулерінің жиылыстарда бір жерде істеп, жер жұмысы
қайткенде дұрыс шешілетіндігі тегіс тексерілініп өтілсін.
4. Жер мөлшері талассыз бөлінуі үшін отырықшы халық бар жерлерде əуелі
отырықшы халықтардың есептері алынып, олардың өздерінен артылған
жерге ғана келімсектер жіберілсін.
5.Бұрынғы отырықшыларға тиісті жер мөлшерленіп берілгеннен қалғаны
таратылып берілсін; 1) бұрынғылармен бірдей шамасында қонақтарға
берілсін, 2) көшпелілерден отырып қалушылар үшін қалдырылсын, 3)
көшпелілерге шөп зəру болған кезде берілетұғын пішен əзірлейтін
шабындыққа қалдырылсын 4) көшпелілерге егіндікке, 5) көшпелілерге
жайлауға қалсын.
6. (5, 4, 3, 2, 1) бөлімдердегі айтылған жерлердің барлығы да шаруашылығын
сақтау үшін көшпелілердің пайдасында болады. Көшпелілікті қосып
отырып қалғандар болса, алған жерлерінде отырып қалады.
7.Көшпелілердің жазғы жайлауларында құдық қазылып қойылсын.
8.Көшпелілердің жүретін жолдарында құдық қаралсын.
9.Жарты көшпелі жерлерде шөп болмаған жылдары, тарығып қалмау үшін
өз алдына жайылым болып қою керек.
10.Жер реттеу жұмысына толық кіріскенге шейін осы көктемнен бастап
істеп қоятын: жер-жердегі көшпелі отырықшылардың есебін алу, оларды
орындау үшін керек жердің шамасын білу, оларға керек кезінде пішен, шөп
жəрдемін көрсететін ретті істеу.
11.Көшпелілердің қыстау, жайлау һəм көшетін жерлерін тексеру үшін өз
алдына экспедициясына шықсын.
12.Ішкі Россияның мал шаруасын оңалту көшпелі халықтардан жəрдемсіз
болмайтұғын болған соң, көшпелілердің тұрмысын жеңілдетуге Кіндік
хүкімет тегіс көзін салсын.
Бұл жұмыстар федеральный комитеттің ісінің ішіндегі ең еңбектісі деп
саналсын.
Т.
Орта Азия
Орта Азиядағы Совет республикаларының жер ауданы төмендегі түрде:
шаршы саны:
Бұхара Республикасының
жері ------------------271.674.
Түркістан ----------- 1.324.294
Хорезм -------------54.690
Барлығы--------------1.597.358
Үш республиканың халқының саны 7.969.518 адам, оның 1.440.567
шамалысы қалада тұрады. Басқа 6.528.951 дейі ауыл қыстақтарда тұрады.
Əр республиканың өз алдына жан есептері
Орта Азия республикаларының халқының тамырлысы Иран һəм Түрік
тұқымдарынан болады. Түрік тұқымына жататындар: қазақ-қырғыз,
қарақалпақ, өзбек, түркімен, сарт, қыпшақ, тараншы, Иранға жататындар –
тəжіктер, бұлардан басқа ұлттардан да бар. Олар – жөйт, орыс, армян,
ауғандық парсылар.
Орта Азия республикаларындағы түрік тұқымының барлық саны –
5.939.652 жан. Бұл, барлық халқының 74,5% болады.
Тəжіктер 1.206.330 жан (15,1%), орыстар 605.102 жан барлық халқының 7%
болады. Тағы басқа бұратаналар 3-4% -дай бар.
Бұхарада түрік тұқымы 1.156.704 адам, тəжік 802.632 адам, бөтен уақ ұлттар
70.179 адам.
Хорезмде түрік тұқымы 663.200 адам. Тəжік 7.644 адам.
Түркістанда, түрік тұқымы 4.149.648 жан. Орыс 605.102 жан. Тəжік 403.698
жан, басқа уақ ұлттар 140.614 жан. Орта Азиядағы халықтардың жалпы
түрін төмендегі ретпен көрсетуге болады.
Шаруашылық жаны
Орта Азия республикаларының шаруашылығының жаны судың қолында.
Ортасынан ағатын дариядан арықпен су алып ішіп күнелтеді.
Бұрынғы халық өз қолдарынан келетін арық – атызын қазып, пайдаға
жаратып болған. Енді дұрыс техника жұмсалмаса, диханшылық жұмысы
қиын күйге түсетін түрі бар.
Орта Азия республикаларын сумен пайдалану тəртіптеріне қарап, мынадай
аудандарға бөлуге болады.
1.Ферғана – Сырдария
2.Самарқанд – Бұхара
3.Бұхара – Хиуа, Амудария бөлімі
4.Закаспий
5.Жетісу
Орта Азия халқының көп пайда көретін суы – Амудария. Амудария
Түркістан республикасының шегінен басталып, Бұхара, Хорезм шектерін
жарып жүреді.
Түркістан дарияларының басының таудан шығып, суының шілде түскен соң
еритін қар суымен көбейе тұғындығының халық шаруасына керекті сөлді
деген зəрулі кезде, тамызда тигізу үшін көп артықтығы бар.
Жалғыз-ақ Амудария бас жағының (сулы жағы да) елсіз мəдени кəсіпке
жарамайтын тастақ жерлермен жүретіндігі болмаса, Шерада, Қашқар,
Заравшан дариялары сықылды құйылыстары (Əсіресе Бұхара
республикалары үшін) Орта Азиядағы үш республиканың да шарушылығын
жандандыруға бас себептес, һəм үшеуінің тіршілігін бір-біріне
байланыстырып, тұтастырып тұрады. Сусыз бұл республикалардың күні
қараң болады. Бар суын ептеп жаратып һəм су сақтап ылғал шақыратын
тоғай шыққан ағаштарын сақтамаса, жерінің көбін басқан көшпелі құмнан
қорғанбаса, бұл жерлерде күн көрушілік өте қиын.
Орта Азия республикаларының көп жері құм, кебу, тастақ, тақыр.
Күншығыс һəм оңтүстік жағы таулы болады.
Ағаш байлығы
Түркістан тоғайлы жерлерінің 41%-ақ көрілді. Бұхарадан 7½% Хорезмге
тəндік жерлерде қанша бары белгісіз.
Түркістанда осы күні 29,6 миллион десятина тоғай бар деп саналады.
Бұл айтылғандардан кəсіпке жарайтын сүйектілері Бұхарада 490.880
десятина, Түркістанда 15.7000,00 десятина.
Келесіде Орта Азия өнімі өсіп гүлденуі үшін тоғайлардың көп қызметі
болуы керек. Сондықтан, барлық тоғайдың алдымен есебін алып, басқару
жұмыстарын дұрыс тəртіпке салу қажет əйтпесе кəсіп үшін де, отын үшін
де, жеміс үшін де керекті ағаштар пайдаға аспай қалып өз өзінен құрып
кетуі мүмкін.
Орта Азиядағы көп көшпелі құмдарды орнықтырып тұрған да осы тоғайлар
деп түсіну керек.
Өткен жылдарғы үлкен соғыспен өзгеріс оқиғалары Орта Азия
республикаларының шаруасын жүдетіп кетті. 1917 жылмен 1920 жылдың
арасында халқы да азайды.
Түркістан республикасынан 20%, Бұхарадан 25%-дай, Хиуадан өте көп жан
кеміді. Түркістанда əсіресе, халқы кеміген орындар Жетісу мен Төрткөл
облыстары болды.
Бұл республикалардың бұрынғыға қарағанда кəсіп реттері де кеміді. Малы
да азайды. Мəселен, Түркістан республикасының басты малы бұрынғыдан
58% кеміді деуге саяды.
Мұның барлығына себеп əлгі айтылған соғыс һəм өзгеріс оқиғаларынан да
басқа үш республикадағы да соңғы жылдардағы үдеп кеткен басмашылық.
Қазір басмашылық басылды. Дегенмен, бұзылған шаруашылық жуық маңда
оңала қоюы оңай болмай тұр.
Аз да болса бұрын мəдени кəсіпке қол жалғап қалған Түркістан крайынікі
бір сара, Бұхара мен Хорезм республикасының шаруашылық жұмыстарын
жөнге сал, өте қиын болып тұр. Бұл екі республикалардың да тағдыры
хандардың қолындағы кезде мемлекет басында отырғандар күллі надан
заманның ағымынан артта қалған, еш нəрсені аңғармайтұғын адамдардың
қолында болған. Іс басында отырған ханға қараған ақсүйектің ұрпақтары,
«бектер», мырзалар мемлекеттің табиғи байлығын бір иеленсе, əр түрлі
ауыр салықпен жиып халықтың қанын екі сорған. Жердің бар шұрайы һəм
көбісі осы сабаздардың иеленуінде болып, кейінгі қара халық жай-жай
дихандар ұлтарақтай жерден ылаждап күн көріп келген.
Сауда-саттық жұмыстары да тəртіпсіз болған. Неше жүз жылдардан бері
хандық құрып, өз алдына ешкімге қарамай келген хүкіметтің елінде өз
халқының керек жарағын бітіре тұғын бір өнім орны болмаған. Болғандары,
Россия хүкіметінің ақшасына орнатылғандықтан бұрынғы халық
қамқоршылығын қылмаған.
Бұхара мен Хорезм республикасы, өзгерістен кейінгі хүкіметтің қолына
тиген. Осы сықылды қараңғы халық қаралмаған шаруа жемтіктері болды.
Неше жылдан бері үлгерілмей жатқан істерді аз жылғы өзгеріспен орындата
қоюға болмағандығының үстіне, өзгеріс қаскүнемдері көп кіріс көрсетті.
Күні кешеге дейін басмашылдық басылғанша, жаңа хүкіметтің күшінің көбі
өзгеріс арқасында алған еңбекшілердің хұқығын сыртқы һəм ішкі
дұшпандардан қорғауға жұмсаумен болып, шаруашылық жұмыстарына
оңды көзқараста болмай келді.
Бұхарада осы күндері ғана хүкімет құрылыстары оңдалып болды деп айтуға
болады (жалғыз шығысындағы Ауғанға шектес жағы болмаса).
Шаруашылық жұмыстарына мұнан былай кіріспекші. Тиісті пландары
белгіленіп болған.
Хорезм республикасы əлі кешелдеу. Ондағы кемшіліктің мықтысы іс білетін
адам жоқ. Мемлекет жұмыстары бұрынғы сəлде салған молдалардың
қолынан бөрік кигендерге көшті демесе, көбінше, білімі бір қалыптас
кісілердің қолында.
Хорезм, Бұхара республикалары өз алдына ақша шығарып келді. Бұхара
мемлекет қаражаттарының 70-80% өз ақшасымен өтейді, Хорезм 90%
қаражатын өз ақшасына қаратқан жай салықтан жиылатұғын сомасы 5%-ақ.
Бұл күйде тұрғанда, бұл республиканың өз беттерінше отырып, шаруа
күйзелісін кетіруіне өте қиындық болатұғын болды. Сондықтан, Түркістан,
Бұхара, Хорезм, Орта Азиядағы үш республика шаруашылық үшін
жұмсайтын күштерін қосатын болып шаруа бірлігін жасады.
Түркістанда жер алынудың қысқаша тарихы
1. Əскери отаршылдығы
Патша хүкіметі Түркістан топырағына аяқ басқаннан бастап Түркістаннан
жер алу жұмысына кірісті. Мұның екі түрлі мəнісі бар еді.
Біріншісі патша хүкіметі Түркістанды аттың күші, найзаның ұшымен қан
төгіп, бағындырып алды. Түркістанның екі мұсылман жері Орта Азиядағы
мұсылман мемлекеттері һəм күн шығыста Қытай мемлекетімен шектес.
Сонымен, Түркістан кіндік Россияның оңтүстік-күншығыс жағындағы
оқшау жатқан бір шет аймағы болды. Білектің жуандығымен бағындырған
Түркістан жергілікті халықтарына сенбеді. Бұл сенбестік орынсыз да емес
еді. Жердің шалғайлығы, күшпен төбелеп қаратып алғандық. Түркістан
топырағында орыс бəлесінің аздығы. Сондықтан, хүкімет жергілікті
халықтар хүкіметке қарсы бас көтереді деген ойдан шықпады. Егер де орыс
хүкіметіне қарсы жергілікті халықтар жанжал шығара қалса, Азия бойын
бермей, Россия уысынан шығып кетіп қалса, жоқ жерде əбігершілік
шығарып, хүкіметті забитаға ұшырата ма деген қауіп еді жəне ол заманда
Түркістанда темір жол жоқ. Жанжал шыға қалса, жуырда ішкі Россиядан
əскер жеткізуі де оңай емес еді.
Сондықтан, патша хүкіметі Түркістанды уыстан шығармай, жергілікті
халықтар қылық етіп, бас көтерсе төбесінен тоқпақтау үшін хүкіметке
Түркістан топырағында сенімді əскер ұстауға тура келді.
Мінекей, алдымен Түркістанға ала келген əскер солдаттарынан əр жерге
қала қылып, орналастыра бастады. Бұлар жаңа қосынға алаңсыз түпкілікті
орналасулары үшін хүкімет олардың қатын-балаларын да алдырды.
Осы ретпен Түркістан алынудан бастап, Түркістанның əр жерінде орыс
(қазақ-орыс) қалалары пайда болды. Əскер бірте-бірте ілгері қарай
жылжып, Түркістан жерін алған сайын сол келе жатқан жол бойында əскер
тұратын орындар түзеліп отырды. Соңынан, Түркістан тегіс Россия қолына
кіріп болғанда ғана басында əскери орны болған жерлердің бір парасы орыс
қалаларына, қалғандары ауылдарына айналып кетті.
Осы күні Түркістанға қарайтын жерге орыс баласының бірінші аяқ басқаны
1831 жыл. Сол жылы Жетісу облысы Шұбар ағаш (Лепсі) уезі еді. 1831 жылы
Семейден шыққан Аягөз өзенінің бойында тоқтап, сол жерге əскер тұратын
орын салды. Ол орын осы күнгі Аягөз (Сергипополь) қаласы.
Орыс əскері ілгері жылжыған сайын жүрген жол бойына казак-орыс қызыл
үйлерін (бекеттерін) түзеп отырды. Ондағы мақсат: алған жерлерді сақтау,
артындағы жортуыл басшыларымен ат салысып тұру.
Осы күнгі Жетісу облысының Семей жақ шетінен бастап, 1853 жылға шейін
Сырдария облысына келген жол бойына тізілдіріп əскер қызыл үйлерін
түзеп отырды. 1846 жылы Талдықорған (бұрынғы Қапал) қаласы, 1854
жылы «Алматы қамалы» салынды. 1862-1864 жылдарда Пішпек, Тоқмақ
қалалары да алынды. Сол жылдарда Əулие-ата, Шымкент қалалары да
алынды.
1868 жылы Пішпек уезінің оңтүстік жағымен Қарақұл (бұрынғы Прежевал)
уездері, қырғыздың Алатауы алынды.
1871 жылы Іле уезінің алабы алынды.
Міне, сонымен осы күнгі Түркістандағы қазақ-қырғыз аудандарын біртебірте алып, Орта Азияға аяқ салып орыс хүкіметі қамаулар салып, күшін
жинап туын тігіп, орныға бастады.
Жоғарыда айтып өттік. Қан төгіп, қара күшпен Түркістан жерін орыс
хүкіметі өзіне қарата бастаған. Бір жағынан іргелес Қытай мемлекеті
орыстың жаңа қонысына көз алартпас, екінші жағынан жаңа ғана
бағындырған жергілікті халықтарды айдап өргізіп, еріп-жусату, бұлардың
арасында өзінің заң түрлі тəртіптерін жүргізуге орыс хүкіметіне Түркістан
топырағында əскер ұстауға тура келді деп 1847 жылы Жетісуға Семей
арқылы Сібірден келген «Сібір казак-орыстарына» «Жетісу казакорыстары» деп азан шақырып ат қойды. Оларды Жетісу топырағына
түпкілікті отырықшы қылып орналастырды.
1847 жылдан 1868 жылға шейін – 20 жылдың ішіндеЖетісуда 14 казакорыс
қаласы, 5 мыңдай жаны бар пайда болды. Мұнан кейінгі жылдарда казакорыс қалалары да, олардың жаны да, жерлері де көбейіп кетті.
Россияда казак-орыс тобы патша хүкіметінің сүйеніші, тіреуі болған
хүкімет оларға неше түрлі жеңілдіктер, басқа қаражатынан оларды өзгеше
қылып ұстады. Бұрынғы жер-суың аз еді дегендей, 1914 жылы олар
пайдасына тағы да қазақ-қырғыз халқының жерлерінен жер алып беру үшін
заң шығарды. Бұл заң бойынша, казак-орыстардың пайдасындағы жер
мөлшері мынадай болмақшы еді. Əр еркекке жақсы жер-судан 30
десятинадан, шіркеуі үшін 300 десятинадан. Егер де орта есеппен əрбір
казак-орыстардың үй басына 3-тен 4-ке шейін еркек жаны бар десек, үй
басы 90-нан 120 десятинаға шейін жері болмақшы. Осы есеппен Жетісу
казак-орыстары пайдасына жаңадан 345 мың десятина жер алынбақшы еді.
Бұл заңды жүзеге шығармаққа жұмысқа да кірісе басталған еді. Сызық
жүргізіп, шек тартудан басқа тиісті жұмыстары бейнетіне қалған еді. Енді
сызық жүргізіп, жерді кеспекші болып жатқанда 1917 жылғы үлкен өзгеріс
сап ете түсіп, жұмысы тоқтап қалып, ана 345 мың десятина жер алынбай
қалды.
«Қайтсын, алса да байғұс, атын атап алды ғой» дегендей, қазақ-қырғыз
жерлеріне алуға көне хүкімет жол-жөн таба берді. Əрбір қара орыстың үй
басына 90-120 десятинадан жер беріп, жарылқаудан басқа да қазаққырғыз
жеріне ие болушылар табыла берді.
Əскері һəм хүкімет қызметінен белгілі уақыты толып, қызметтен шығып,
үйде жантайып жатып, ас ішетін əскербасы төрелерге хүкімет өлгенінше
айлап, жылдап беріп тұратын жəрдемі (пенсия) дейтіні болатын.
Бұл жəрдемдер хүкімет тарапынан көбінесе ақшалай берілетін. Патша
хүкіметі Жетісуда ондай жəрдемге «ақша шығын қылмай-ақ», баяғы «тегін
жатқан» қазақ-қырғыз жерін беретін еді.
1915 жылғы санақ (статистика) мағлұматына қарағанда, қазақ-қырғыз
жұртынан Жетісу казак-орыстар пайдасына 667.157 десятина жер алынған
екен.
Басында əскер жүретін, жол бойына таяқ тастам қылып тізілдіріп салған
қызыл үйлер, казак-орыс ауылдары бертін келген соң бір сыпырасы
қалаларға айналып кетті. Бұл қалаларда тұрушылардың бір парасының
(мещандар), қала халқы бола тұрып егістік, мал жайылымдық, шабындық
жерлері болды. Жетісуда осындай қалалардың жерлерінің шамасы 36,947
десятинадай. Түркістан топырағындағы басқа орыс қалаларының
Жетісудағыдай емес жерлері жоқ.
1.Келімсектер отаршылдығы
Жоғарыда қысқаша əскер отаршылдығын айттық. Яғни, патша хүкіметінің
Түркістанда отаршылдық саясатының бірінші дəуірін, енді, келімсектер
отаршылдығы, яғни, патша хүкіметінің Түркістандағы отаршылдық
саясатының екінші дəуіріне келелік.
Түркістанға іштен қара шекпенділерді алып келіп, оларға қазаққырғыз
халқының іске татар, тəуір жер-суын алып орналастырудың екі түрлі себебі
бар:
1.Ішкі Россияда жерсіз, жері аз қарашекпенділер көп. Онда жердің көбі
маңыздысы байлар, ақсүйектер қолында, жерсіз, жері аз қарашекпенділер
ана байлар жеріне көз алартты, аламыз деп дəме қылды.
Соның үшін жерсіздерді Россияның Түркістан сияқты шет аймақтарына
жіберіп, көзден таса қылу.
2.Хүкімет бұл ниетті, сырды жұртқа екінші түрде көрсетпекші болды. Шет
аймақтарда жер көп. Ондағы жергілікті жұрттар еңбек сіңіріп, жерде жатқан
тегін алтынды тауып, мемлекет байлығын асыра алмады. Ішкі Россиядағы
қарашекпенділер жерді жыртып, жергілікті «жобасын» халықтарға үлгі,
өнеге көрсетеді деп сылтау қылды.
Түркістан, Қазақстандағы тіршіліктің негізі – мал шаруа болған. Қазаққырғыз ертеде алапты қыстау, ойпаңды күзеу, төскейді жайлау қылып,
«көшерімді жел, қонарымды сай білсін» деп жүрген дəуірлері бар еді. Неше
ғасырлардан бері ата-бабасынан бері қарай өсіп-өніп, кір жуып, кіндік
кескен, іркіп ішіп, шайқап төгіп жүрген, асқар тау, айдын шалқар көл,
мөлдір сулы өзен, бетегелі биік бел, нулы тоғай, тамылжыған қонысында
төрт түлік мал айдап, май шайқап жүрген қазақ-қырғыздың күні болған.
Оның бер жағында, оянса өңінде, ұйықтаса түсінде көрмеген жаңа жұрт.
Жаңа көрші пайда болды. Ит арқасы қияннан келіп 2030 жылдың ішінде
құдайдан соңғы қожа өзім деп жүрген қоныстың ортасынан ойып олар орын
алды, қала салды. Жердің бетін айғыз-айғыз қылды. Тіршіліктің текпісінде,
өмірдің соқпағында жаңа келген жұртпен тағдыры байланды.
Бұл жұрт қайдан қазақ-қырғыз ортасына қалай, неге келді? Мұны
білетіндер де бар шығар. Сонда да жалпақ жұрттың барлығы тегіс біледі деп
айтуға болмайды. Соның үшін қазақ-қырғыз даласына келген
қарашекпенділердің жайынан олардың басынан кешірген түрлі ауыр
халдеріндің жайынан, бұл жаққа келуінің себептерін қысқаша жазып
отыруды ылайық көреміз.
Орыс патшалығының Европадағы, оның ішінде əсіресе, оңтүстік пен
оңтүстік күн шығыс жағындағы жерлері жақсы егістік.
Россия мемлекетінің негізгі шаруасы ауыл шаруа яғни, диханшылық.
Халқының көпшілігі де егінмен тіршілік қылатын қара шекпендер, сандары
жүзден 85.
1861 жылға шейін ішкі Россияда жердің көбі, маңыздысы патша хүкіметінің
тіреуі болған патшаның өзінен, тұқымынан бастап, ақсүйек, аруақ қонып,
нар шөккен шонжар қатар жуан тұқым, төрелер, алпауыттар, байлар, жуан
жұдырықтар қолдарында болатын. Россия халықының көпшілігі болған
қара шекпендердің жастары байлаулы, аналардың құлақ кесті құлдары
болатын. Қара шекпендердің басында ерік жоқ, қожаларының мүлкі болып
саналып, сатса да, шапса да, өлтірсе де, тірілтсе де, итке, құсқа айырбастаса
да ерікті еді.
Қара шекпендердің ері құл, қатыны күң болып, байлардың жерін айдап,
жұмысын істеп, табан ақы, маңдай терімен табылған пайда байлардың
кеңірдегіне түсетін. Қарашекпендер еңбегіне аштан өлмей, көштен
қалмайтын азық-түлік ғана алатын.
Қарашекпендер байларға құл болып жүргенде, көрмеген қорлық, ұрлық,
жемеген азап, тартпаған қасіреті жоқ. Орыс қара шекпендерінің құлдық
заманы орыс жұртының тарихында ең қараңғы дəуір. Бұл турасында
уақытында орыс халқының өз арасында жазылған қорлық кітаптар да көп.
Адам баласының адамшылық сезімін сыртқа теуіп шықпай, көрген қорлық,
зорлығы елеусіз ешуақытта өнбекші емес. Бұл табиғаттың жалпы заңы.
Россия байлары қара шекпендерді тіске жұмсақ, тілге тəтті хайуан есебінде
ұстаса да, өздерінің байлар сияқты бір басты, екі аяқты адам екендіктерін
көрсетіп жүрген байларға қарсы талай бас көтерген. Жанжал шығарған, қан
төккен. Жалпы жұрттың надандығы, əсіресе, əскер қызметінде жүрген сол
қара шекпендердің балалары надандық арқасында патша хүкіметіне тілсіз
құрал болып азаттыққа, бостандыққа, теңдікке ұмтылған қара шекпендерді
қынадай қырған, қандарын селдей ағызған, күлін көкке ұшырып басатын.
ХVІІІ – ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында құлдықта жүрген
қарашекпендердің ауыр халдері орыстың ақсүйек – адал ниет, елін –
жұртын сүйетін, ұлтшыл азаматтарын ойға қалдырады. Бұл кемшілікті,
масқарашылықты жоғалту керек. Қара шекпенділерді «азат» қылу керек
деген орыс майданға шығады. Оқыған зиялылар арасында пікір жүзінде
үлкен қозғалыс басталады.
Бір жағынан заманның ағымы. Тіршіліктің тепкісі, жұрттың талқысы.
Екінші жағынан қарашекпендер кескекті болса да, арсылдап хүкіметтің
тақымынан алуды қоймай, шыдатпайды. Ақырында, патша Александр ІІ 19
февральда 1861 жылы «Россияда құлдық жоқ, қарашекпендер азат» деген
Жарлық шығарды.
Бірақ, қарашекпендер «азат» болғанмен, төрт құбыласы сай болып, қой
үстінде бозторғай жұмыртқалай қоймады. Дүниеге келген адам баласының
тұрмысында тесік тамақ текпісі күшті. Тесік тамақты бітеу үшін түрлі
қаражат, түрлі əрекет керек. Осылар арқылы адамдар баласы дүниеде
тұрмыс үшін тіршілік майданына белсеніп түседі.
Александр қарашекпендерге «азатсың» деген құр қағаз бетіндегі қуарған қу
сөзден басқа «азат» болған қарашекпендерге еш нəрсе бермеді.
Азат болған қарашекпендерге өз бетімен тіршілік қылу үшін егістік жер, ол
жерді жыртатын көлік, аспап, сайман керек. Азат қылғанда,
қарашекпендердің бір парасына ғана аздап жер берілді. Көбіне жер де
берілмеді. Аспап, сайман, көлік бұлай тұрсын.
Қарашекпендерді құл кезінде асырау қожаларының міндеті еді. «Азатсың»
деген Жарлықтан кейін байлар енді бастарың бос, «біздің жұмысымыз жоқ»
деген күйге түсті. Барар жер, басар тау жоқ, дəмдес, тұздас болып едік ғой,
бізді өлтірмессің деп қарашекпенді жалынтты, жалбартты. «Сен маған басқа
да керегің жоқ еді, қайтейін, сені тал түбіне аштан өлтірейін бе? Қайтадан
бұрынғы орныңа бара ғой» деген болып, байлар бұрынғыдан жаман
қарашекпеннің қанын соратын жолға түсті. Байлар енді, қарашекпендерді
құл күнінде тамақ, киім беруге міндетті болса, енді ол міндеттен құтылып,
өзінің мейірімділігімен ғана қарашекпендерді алып отырған болды.
Қайтадан байларды паналаған қарашекпендердің күні бұрынғыдан да
жаман болды. Өз алдына тіршілік қылмақшы болған талапты
қарашекпендер байлардан жер, көлік, аспап жалдап алып бақытын сынады.
Бірақ жалдап алған жер, аспаптың шарттары ауыр болып, талаптының
таудай жігері құм болып, ілгері басқан аяқ кейін кетіп, шаруасы оңала
алмады.
Уақытында байларға жалақыларын төлей алмай кешіккенге байлар өсімді
жалғап сала берді. Сонымен, байлар малын балалап өсіруде, қарашекпендер
борышқа белшеден батып шырмала берді.
Азат болған қарашекпенділердің екінші бір парасы құлақтары салбырап,
қайтадан «мені қайтсін» деп байларына бармады. «Бадырақ көз, сенен мен,
менен сен аулақ» дегенді сарғайтып келген «бостандық», «азаттық» екпіні
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.