Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17

Total number of words is 4173
Total number of unique words is 2034
30.7 of words are in the 2000 most common words
44.8 of words are in the 5000 most common words
50.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болмақшы. Мəселе, егін нормасы мен 3 еркекке 15 десятинадан санағанда
үй басына 45 десятинадан келсе, мал нормасымен еркек, əйел жан басына 15
десятинадан санағанда үй басына 90 десятина келмекші. 45 көп пе, 90 көп
пе? Кейбіреулер мал нормасы болса, жаман жер қалдырып, жақсы жерді
алмақшы деп біледі. Бұл дұрыс емес. Кілең малға деп шығарған Щербина
нормасын, яғни 24 аттық малды егін салады деп 12 аттық малға түсіріп
отыр. Ол егінді салуға жақсы жер керек емес пе? Олай болса егін егіп
нормасымен жер алмасаң жақсы жеріңді аламыз дегендері жолсыз. Жəне де
осындай малды азайтып норма жасап, қазақты түбінде егіншілікке түсіреміз
деп отыр. Олай болса, ер басына 15-тен жақсы жер түпкілігіне деп
қалдырулары тиіс һəм солай етіп отырмыз деп жазып та отыр. Егін
нормасымен алсақ, жерді оңашалап бірыңғай аламыз дейтіндер бар. Мұны
айтушылар не жөнмен айтатындарын білмейміз. Инструкцияда айтылған
қазаққа қалдыратын жерлер болмай, бірыңғай болсын деп. Олай болса,
қазақты орынсыз бөліп, орыс арасында қалдыру жолсыз. Ал тіпті қазақ пен
орыс жанаспай, оңаша жер алады деу, ол да бекер сөз. Бір болыс елде мың
үй болса, үй басына алты адамнан алты мың адам болады.
Алты мың адамға мал нормасымен 15 десятинадан 90 мың десятина жер
тиеді. Егін нормасымен 45 мың десятина жер тиеді. Олай болса, мал
нормасымен жер алғанда қазақтан бір жүз үй орысқа жер артылса, егін
нормасымен алғанда қазақтан екі жүз үй орысқа жер артылмақшы. Бұлай
болса егін нормасымен жер алса, қазақ арасына орыс екі есе көп кіріспекші.
Переселен чиновтиктері егін нормасымен жер алсаң, жеріңді алмаймын,
əйтпесе, аламын десе, онысы жолсыз, қазақ ешнəрсені білмейді деп істеп
отырған қиянаты, законы бар, жолы бар мемлекеттің ішінде отырмыз,
жолсыздық істейтін чиновниктер болса, жолға жүгіну керек демей,
зорлығына көн деп қалай айтармыз? Мал нормасымен күн көргіш малға
есептеп шығарып отыр. Ол жерден бір қойлық жер ауыстырып жолсыз алса,
бір қойын ауыстырып алғанмен бір есеп. Бір қойыңды біреу ауыстырып
алса, іздемейсің бе? Ауысқан малын іздей алмаған адам, малға ие бола ала
ма? Рас, переселен мекемесінің бастығы Глинко өткен жаз думада айтты: Біз
қазақ жері туралы екі жолмен іс қыламыз. Бірі – закон жолы, екіншісі – еп
жолы. Ебімізге көнсе, арамсынбаймыз деп. Ол ебін инструкцияның 20
пунктында айтқан: қазақ өзі он бестен жер аламын деп тілесе, тілегін қабыл
ету керек деп. Соны жамылшылап қазақтың бəрін де өзі тіледіге
келтірмекші. Переселен чиновниктері қазақтың мойынын иіп, басын сол
ноқтаға іліктіру үшін мұжық нормасымен аламын десең жеріңді өзіңе
қалдырамын, əйтпесе жеріңді аламын деп қазақты жарға қамайды. Оларға
біздің «Айқап» журналы һəм ноғай бауырларымыздың матбұғаты көмекші
болды. Бұлар қазаққа қастық ойлап емес, достық қыламыз деп көмекші
болды. «Айқап» істің негізі не екенін түсініп жете алмай қателесті. Ноғай
бауырларымыз, қазақтың жер мəселесін жақсы білмегендіктен қателесті.
Қазақтың жер мəселесін ноғай бауырларымызға жер мəселесі күйінде
айтып түсіндіру қиын. Сондықтан қазақ пен ноғайға бірдей мəселені
мысалға алып айтып көреміз. Алалық, мəселе, транскрипция (хəріп)
мəселесін. Барша мұсылман жұрттарының тұтынып келе жатқан харпі араб
харпі. Россия мұсылмандарына араб харпін тастатып, орыс харпін
алдырамыз деушілер болды. Оқу министрі акция шығарса, Россиядағы
мұсылмандардың мектептерінде оқу араб харпімен оқытылсын. Өздері
тілесе, орыс харпімен оқуға да рұқсат деп. Оқу министрінің чиновниктері,
қазақ ешнəрсе білмейді деп қазақтың өзі тіледіге келтірмек үшін сендер
орыс харпімен оқу үйреніңдер, əйтпесе мектептеріңді жауып, тіпті оқытпай
қоямын десе, ноғай бауырларымыздың матбұғаты не айтар еді? Қашаннан
бері тұтынып келе жатқан араб харпін тастап орыс харпімен болса да, оқу
үйрену үшін чиновниктердің айтқанын қылыңдар дер ме еді? Болмаса,
мұнысын жолсыз, жолға жүгін дер ме еді? Жер мəселесі – харіп мəселесінен
де көрі салмақтырақ, маңыздырақ мəселе. Харіп түрін алмастырудан шаруа
қалыбын алмастыру оңай емес. Салмақты мəселеге салмақпен қарау тиіс
шығар дейміз. Қазақ жері туралы «Уақыт», «Тəржіман» газетасы пəлен
депті дегенді бізге көрсетеді. Бұл екеуі де мұсылман матбұғаты ғаламында
белгілі газеталар. Бұлардың басқа біліміне біздер таласпаймыз. Бірақ қазақ
жері турасында біліміне таласамыз. Ноғай бауырларымыз қазақ жайын
қазақтан артық білетін болса, думада қазақ жайын жақсы білетін депутат
жоқ деп біз неге айтып жатырмыз? Думадағы ноғай бауырларымыздың
депутаттары қазақ жайын білмейміз деп неге айтып жатыр?
Сөздің қорытуы мынау: осы күні егінмен күн көріп отырған қазақ егін
нормасымен жер алсын. Малмен күн көріп отырған мал нормасымен жер
алуы тиіс. Жолсыз бір қойлық жерін ауыстырып алса: бір қойын алғандай
іздеу керек. Нормаға ұстап отырған малы сыймайтын болса, инструкцияның
жетінші пунктінде айтылған жолға жүгіу керек.
Жауап хат
Өскемен уезі. Тарғын болысы 8-нші ауылда 30 үй қазақ мұжықша 15-тен
надел алып, 20 үй мұжықпен оттас болып, қала бол ған. Қостас орыспен
келіспей, қайта қазақ боламын деп сол 30 үйдің қайталап жатқаны 52-нші
нөмір «Қазақ»-та жазылды. Оқушыларға біздің «Қазақ» газетасының пікірі
мағлұм. Мұжықша надел алып, қала болу керек, егінші болсаң, егінмен
таласып, мұжыққа бəйге бермейтін болсаң, 15- те отырып егін шаруасын
атқарып, осымен күнелтетін болсаң.
Өзге жолмен надел алған қазақ адасып, қаңғып қалады.
Осы күнгі істеп отырған шаруасына қарасақ осы жоғарыда жазылған
қазақтардың надел алып мұжық шаруасына айналуына қанша дəлел бар?
Осы қазақтар қанша егінші екен?
1911-нші жылға қайта жазған жазуда Тар ғын болысы 8-нші ауыл, 6 қыстау
74 шаңырақ. Мұның жүзден сегізі жатақ, уезде жатақ һəм шала жатақ 14,
егін салатын үй жүзден 21, уезде – 72. Сөйтіп мұжық боламын деп əуре
болған қазақтар шаруа жолына салса, Өскемен қазағының аяғында надел
алып, мұжық қамытын киетін жөні бар.
Мұжық болмай қайталаған қазақты қуып тастап, 30 үйге жерді кесіп берді
деп тілші жазып отыр.
1911-нші жылғы жазуда осы 8-нші ауыл Қожамбет 5-нші бөлімде (район),
екі жазуда да 131-нші тапта (группа). Қайта жазған 1911-нші жылғы есепте
5-нші бөлімде бір үйдің жер еншісі мынау:
Қыстау жері 43 десятина бір ширектен артық, жайлау 35 десятина үш
ширектен артық, күзеу 10 десятина жарымнан аз-кем. Егінжай 4 десятина,
пішендік – 2 десятина, бəрі – 95 десятина жарымнан аз артық. Орыс, 30 үй
болса да, мұжық боламын десе, жер кесіп беремін деп отырғаны осы 95
емес пе? Бір үйде 3 ер болады, бұларға 15-тен надел берсе, енші 45
десятина, қалған 50 десятина кінəз Кошубей, граф Мидем олжасына
қалады. Қазақ-ау, сені мұжық болсаң кел мұндалап шақырған жұмбағы осы
мал баққан шаруамен ұтып отырған 50 десятина емес пе? Осы жерге кінəз,
графтар жерік емес пе? Надандық, арамзалық, партиялық, соқырлықпен
аранға өзің барып шабыңнан жарылып жатқан жоқсың ба?
Қайта жазғанда 131-нші тап жерін 129-ншы тап жермен бірге көрсеткен.
Осы екі таптың жері 10 718 десятина үй 365, бір үй еншісі қыстау жерінде 29
десятина тағы үштің бірінен артық. Жоғарыда жазылған қыстау жер еншісі
43 десятинада бір ширектен аз артық деп. Сөйтіп бұл екі тапта қазақша да,
мұжықша да жер еншісі кем. Соңғы қайта жазған планға қарасақ осы екі
таптан көп жер алынған, қазақ соқырлығымен кемде қалған. Қыстау жері 29
болса, мұжық боламын деген үйге 45-ті кесіп берсе, қазақ шаруасында
қалған үйлер қуылмасқа бола ма. Бірақ бүйтіп қисық іс қылатын закон жолы
жоқ. Жерден қуылған, жерсіз қалған қазақ өзге жерден енші жер алатын жол
бap. Мұжыққа кесілсе, қазаққа өзге жерден енші сыбаға беріледі деген 5, 8
һəм 11-нші пункт 9-ншы июнь 1909 жылғы Coвет министрдің насихатын
қара, бұл 29 һəм 30-ншы нөмір «Қазақ»-та басылып шыққан.
Партия болған момынды пысық жеген, түптен келе жатқан ескі мінез,
ноғай-қотыр оңайлықпен шықпайды. Надан азайса, жаһатшыл көбейсе,
жалмауыз сонда азаяды. Бұл неше түрлі қиын əдіспен орнына келеді. Адам
баласының қызметі араласпай қазына табылмай, жер көп өлік қазынаның
бірі. Қызмет қылмаса, жерден қу қағазбен пайдаланғанға қазына шықпайды.
Міне, орыс дворяны қызмет қылмаған соң қанша тістеп тырысқанымен
жерінен айырылатын жолға саулап түсіп отыр. Құлды аз да қылғаннан бері
өткен 50 жыл ішінде дворян жерінің үштен екісі мұжық қолына сатылып
кетті. Біздің қазақ жеріне кінəз Кошубей, граф Мидем көшіп жатқаны
өлердегі ұлақтың бақырғанындай, жерден қаймақ жалаған сорлының жан
айласы.
Қыр баласы
Қоныс жайынан
Біз Қостанай уезіне қараған Жағалбайлы деген 5 болыс ел боламыз.
Осы 5 болыстың біреуі Жетіғара болысы. Осы болыста Тобыл бойында,
Жетіғара деген таудың тұрысында отырған екі ауылнай елміз.
Жанжағымызда жағалай отырған 22 мұжық қаласы бар, егінге жарамды
жерімізді мұжық алып болды. Қалған жері күнелтіп тұрарлық шамамыз
болса да осы жаз землемер келеді, жерлеріңді өлшеп артығы болса тағы
алады, он үй, он бес үй болып өлшеп алған жеріңде қала бересің деген сөзді
естіп, енді мұнан бұлай қала-қаланың арасында қамалып қалсақ көрген
күніміз де қызық болмас дегендер болды. Осы қалыппен біз 7-нші ауылдың
адамдары болып Тобылдың күнбатыс жағынан көшіп жиналмақшы болдық.
Тобылдың осы күнбатыс жағы Бозбиенің тарауына шейін ұзыны 80,
көлденеңі де 80 шақырым ашық, айналасы өзен.
Бізді көріп Жетіғараның екі жағындағы елдер де айтылған жерге орындауға
мəслихат қылысты. Землемер келіп, «қала бол, əйтпесе жақсы жерді алып
жаман жерді қалдырамын» десе, əуелі қала болмаса қазаққа жаман жер
берілсін деген законыңды көрсет. Екінші, қала болу мақсұт болса, біз өзіміз
де қалаша жиылып отырмыз. Бірақ егін нормасы жер алып қала болмаймыз.
Біз малмен күн көріп отырған халықпыз. Қала болсақта, малдан қол
үзбейміз. Түбінде егінші болсақ боламыз, нақ осы күні малды тастап, бірден
егінші болып күн көре алмаймыз. Малымыздың саны мынау. Мал басына
өлшеулерің неше десятина? Сол өлшеумен қазіргі бар малымыздың санына
есептеп жер қалдырып, артығы болса ал. Түбінде малды азайтып, егінге
түссек, егін нормасымен бересіңдер. Қазіргі бар малымызды сатып, иə
сойып көре біле жарлылық күйге түсе алмаймыз. Бұл айтқанымызды
тыңдамасаң, тыңдарлық орын іздейміз деп айтамыз.
Алдақуат Жасаров
Жетісу қазақтарының жайынан*
Мұнан бұрын жазып едім: Жетісу қазақтары елу жыл бұрын аса бай болса
да, 25 жылдан бері қарай қазақта малдың бұрынғыдай өршіп, көбеюі
тоқталды. Шаруа кейіндей бастады. Əсіресе соңғы он шақты жылдың
ішінде қазақты өте кедейлік басып кетті деп. Дүниеде себепсіз ешнəрсе жоқ.
Байлықтың да, кедейліктің де бір себебі бар. Тағы қай кəсіп болса да оның
ілгері басуы һəм пайдалы болуы үшін жерінің, орнының жаратылысында
сол кəсіпке қолайлы болуы шарт. Мысалы: сауда кəсібінің ілгері кетуі үшін
жерінің қара топырақты яки арығының мол болуы шарт. Мал шаруасы үшін
де малдың еркін қоныста айтшайтсыз емін-еркін өрістеп жайылуы шарт.
Бұл кəсіптердің қайсысы болса да шарты табылмаса ілгері баспайды. Ал
шаруасының шарты табылып: қоныс кең, жайылым мол болса қазақтың
тайы құлындап, тоқтысы қоздап, жыл сайын тұяққа тұяқ қосылып төрт
түлік мал бірбірімен күндескендей болып жарысып өседі, өршейді,
көбейеді. Сол себепті қазақта мал шаруасының төмендеуі, кейіндеуі
қазақтың жалғыз надандығынан көрі жолды емес. Кедейліктің ең үлкен
себебі: мал кəсібі үшін керекті болған жоғарыда айтылған шарттардың
табылмағандығы – қоныс, жер, судың тарайғандығы. Əйтпесе қазақ бұрын
білімділігімен байып, енді надандығынан кедейленіп отырған жоқ.
Мұжықтар астық шығатын жердің жайын қандай білсе, қазақтан да қандай
жердің көктем, күзек, жайлау, қыстау үшін малға қолайлы, қай жердің
суының, шөбінің малға жұғымды екендігін, қай шөпті жесе тоқтының бірі
қалмай қашып қоздайтұғынына шейін сондай жақсы біледі. Қанша надан
десек те қазақтар бұл тураға аса жетік. Сондықтан қазақ баласы егін үшін
емес, бəлки ата-бабасынан қалған мал кəсібі – мал шаруасы үшін қолайлы
болған ен даланы тау, құм деп талғамай иемденіп, мекенденіп келе жатқан
бір халық. Жетісу қазағын басқа, кедейліктің де зор себебі қоныстың
тарайғандығы. Қоныстың тараюының себебі мынау: алпысжетпіс жыл
бұрын бұл жерге орыстар келіп орнасқан соң бастап таудағы жасыл
жапырақтарымен бүркеніп, əдемі жас келіншектерше тамылжып тұрған
орман һəм ағаштарды бүтін аймағыменен қазынаға алған. Таудың, етектің
егін үшін жарамды жерлерін ойып-ойып казак-орыстарға кесіліп берілген.
Төрелерге арналып участоктар кесілген. Енді бұлардан қалған бар іліп алар
жақсы жерлер он шақты жылдан бері қарай Ішкі Русиадан көшіп келген
мұжықтарға беріліп жатыр. Тау арасындағы қоңырлық жайлаулар, қазақтың
тау һəм етектегі көп қыстаулары, мың азаппен қазып шығарған арықтары,
егіндік-пішендік жерлері бəрі де қолдан кетті. Қазір Қапал, Лепсі
дуандарына қараған бар тəуір жер алынып бітті деуге жарайды. Сонда да əлі
əр жерге ағаштар қадап, тастар шошайып белгі салып жүрген шолақ киімді
төрелер қазақ ішінде толып жүр. Жерге оймайтын шын жалмауыздар казакорыстар. Бұлар əр төрт, бес жылда бір қайта «жанымыз көбейді, жеріміз
азайды» деп қазақтың көзге ілінер тəуір жерлерін ойдырып-ойдырып
кестіріп алып тұрады. Бұлар қазақ атаулының қолында пайдалы жер қоймақ
емес. Орыстарға кеткен бұл жердің көбі тау жайлап, етек қыстап жүрген, ...
белгілі қоныс болмаған қазақтардың жері. Нағыз қиюы кетіп, кедейлік
басқан қазақтар да осылар. Бұлар кедей болмағанда кім кедей болсын?
Бұларда дəл осы күнде бұрынғы қоныстың мың да бірі жоқ. Алдында қарақұрасы бар қазақтар осы күнде де тауға шыққан болады. Шыққанмен не
пайда? Жолшыбай орыстың егіні мен пішендігі. Жуықтап кетсе қазақтың
малын ұстап, өзін сабап, айдап алып қырып, жойып өлтіре жаздайды.
Сондықтан қазақтар бұрынғыдай əр жерге ерулеп малын жая алмайды,
қыстан шыққан арық кебімен шұбыртып тауға шығады. Тауда кеңшілік тағы
жоқ: бір жақ орман ағаштық, бір жақта орыс жерлері, мал өрістей алмайды.
Олардың маңайына баруға закон жоқ. Қазақтар таудың қуыстарына малды
ай жарым-екі ай айырып бағады да, шұбыртып жəне етекке түседі. Етек
тағы тар: егін-мегін арасына кемді күн жайып үлкен байлар құмнан яки
басқа бір алыс жерден қоныс алып малын іріктеп сонда отар жібереді.
Алысқа көшу де оңай емес: жүк артатын түйе, қойға мінетін өгіз керек.
Құмда да бос жатқан жер жоқ. Біреудің жеріне, меншіктеген қорасына ақша
төлеу керек. Сондықтан шағын малды кісілер қыстауын, жиған аз ғана
пішенін тастап шетке көшіп кетуге батыршылық ете алмайды. Етекте
қалады. Жердің шөбі азайып, күз жақындаған сайын қазақтар ызғарлы
қыстың жуықтағанын сезіп, көңіліне қорқу түсіп, ішкен асы бойына
тарамай тастайды. Мііне тап осы мезгілде казак-орыс жерінің базары
көтеріледі. Қазақтар жабылып орыс жеріне ақшамен мал өткізеді. Байлар да
отардан қалған ақсақ, тоқсақ һəм саулық қойларын сонда апарып тығады.
Қазақтың көбі күзді де, қысты да сол казак-орыс жерінде өткізеді.
Кейбіреулері жаз тақырлап кеткен тауының қар түспейтін күнгейіне тағы да
қыстайды. Қыс ең жақсы деген жылдарда мал өзінің жазғы майын жеп
қыстан əрең деп, құр жаны шығады. Бұрынғыдай малдың күзгі еті жазғы
етіне барып қосылмайды. Қоныс тарайған сайын малдың күйі табылмайды:
азады, тозады. Қыс болса арықтап, қотырдан көзі ашылмайды. Бие
құлындамай, тоқты қоздамай мал жылдан-жылға кемиді, құриды. Жердің
тарайғандығы осы емес пе? Мінген аттарын жемсіз міне алмайды.
Сентябрьден бстап жайлауға шыққанша ат жем жейді. Мен мұны жалғыз
Жетісу қазағында көріп отырмын. 500 жылқысы бар байлардан жақсы деген
жылдарда жүзден артық бие құлындамайды. Үш елі шығатын соғым бие
табылмайды.
Қазақта жер кеткен сайын мал азаяды, кедейлік артады, оның үстіне шығын
азаймайды, бəлки көбейеді. Қазақ осы күнде астық, шай, қантсыз тұра
алмайды. Малы пішенсіз қыстан шыға алмайды. Мінген атқа, семіртетін
малға жоңышқа, сұлы тағы керек. Казак-орыстар жер көп: пішенді де, астық
сұлы, жоңышқа, жайылыс бəрін де қазаққа солар сатады. Қазақтан шыққан
ақша бəрі де солардың қалтасына барып түседі. Сондықтан даланың
байлығы қалаға, қазақтың байлығы казак-орыстарға көшеді. Сол себепті
қазақ байғұс бір жағынан жер, судан, бір жағынан таланып, күн санап
төмендеуде, құруда. Мұның аяғының қайда барып тірелерін əзірге бір адам
да болжарлық емес.
Дүниеде адам балаларының істеп жүрген кəсіптері толып жатыр: біреу мал
бағады, біреу сауда қылып, біреу өнер үйренеді. Міні, осы айтылған
кəсіптердің бəріне де адам баласын үйреткен нəрсе – мұқтаждық. Дүниедегі
тоқсан түрлі кəсіптің барлығы да сол мұқтаждықтан басталған, бəрі де сол
мұқтаждықтан туған. Тамақ асырап, жан сақтау үшін адам балалары
шарасыздан сол кəсіптерге үйренген. Біздің қазақтар да қоныс тарылып, мал
азайып, ата-бабасынан бері қарай азық-қорек қылып келе жатқан айран,
құрт, майдан айырылып, аузы аққа жарымай бастаған соң нан жеуге мұқтаж
болды. Нанға мұқтаждық қазақ баласын да егін кəсібіне үйрете бастады.
Жетісуға казак-орыстар келіп, əр жерге қала тұрғыза бастағанын көріп, бұл
жақтағы қазақтар да: «Орыс аяқ басқан жер суық болады деуші еді, рас екен
ғой. Күн ызғарлы, қар қалың бола бастады-ау» деп əр жерге балшық үйіп,
там-қыстау сала бастаған. Бастап қыстау салған қазақ марқұм Тұрысбек
қажы Маманов болатын. Оған қазір 35 жыл. Бəлки Жетісуда мұнан бұрын
қырда қыстау салушы қазақ болмаған да шығар. Міні осы 35 жылдан бері
қарай тау-етек қазақтары арасында қыстау салушылар бірте-бірте көбейіп,
осы күнде бəрі де қыс там қыстап, жаз бір-екі ай тау жайлайды. Тау етек
қазақтарының жерлері егінге жарамды. Арықпен суғарылатын жер
болғандықтан, бұлар орыстар келмес бұрын да аздап-аздап тары себетін
болған. Орыстар келіп қазақ жерінде көбейген сайын қоныс тарылған, мал
азайған, қазақтар нан жеуге мұқтаж болған. Нан жеу, нан табу үшін Жетісу
қазақтары да егін кəсібіне кіріскен, азаптанған, арықтар қазған. Бірақ
байғұстар егінді бір пайдалы кəсіп деп ойламаған, оның ретін де жақсы
білмеген, күтіп-бағып уақытында суғара алмаған. Ағаш соқамен жердің
бетін жырғалап, бірліжарым десятина егін еккен. Мақтағаны төрт-бес қап
астық алған. Солайша тау-етек қазақтары бұл уақытқа шейін жə мал баққан
нағыз көшпелі емес, жə егін салған нағыз егінші емес, екі арада ит əуре
болып келген. Соңғы жылдарда казак-орыстардың үстіне мұжықтар тағы
келіп, қазақ жері ойдан да, қырдан да мүжіліп, өте тарылып кеткен соң
қазақтар еш қайда тыпыр ете алмайтын болды. Қолдағы мал бітті,
шарасыздан шыдап егін кəсібіне мойын қойды. Анығына келгенде егіншіотырықшы болуға бетін түзеді. Ескі ағаш соқаларды отқа жағып, темір,
сабан-темір соқамен жерді жыртып, егін салуға кірісіп, егіндері де тəуір
шыға бастады. Сонда да əлі біздің қазақ бұл кəсіптен мұжықтар яки казакорыстар сияқты байып кете алмайды. Оның да себебі мынау: бізде егіншілер
екі түрлі, біреуі, алдымен азды-жоқты малы бар, үстінде бүтін күркесі бар
қазақтар. Бұлар жазғытұры жерін соқалатып, егінін ектіріп, біреуге
тапсырады да, өзі аз ғана қарасымен бір жаққа көшіп кетеді. Өзі артынан
зейілдеп жүрмесе, өз көзімен қарап істетпесе, өзі тырыспаса, кісі қай
кəсіптен пайдаланады. Кісінің қай шаруасы оңалады. Өз көзі
болмағандықтан мұның егіні көтерілмейді, бағуынан да, суынан да кем
болады. Құдай беріп шыға қалса, бір-екі қап астық алады. Шықпаса,
«еңбегім аққұла кетті» деп тағы да ренжімейді. Бұлар бастан-ақ: «Шықса
əне, шықпаса əне, нем кетті, жұрт қылып жатқан іс қой» деген оймен салған
қазақтар. Мұндайлар онша көп емес.
Енді біреуі алдына салып жайлауға айдап шығатын малдан айырылған.
Үстіндегі күркесінің керегесі сынып, киізі тозып, көшіп жүріп мал бағудан
мəңгілік үміт үзген қазақтар. Бұлар табиғаттың өз жолы, өз законы, өз
қолымен отырықшылыққа даярлаған қазақтар. Бұлар: «Енді бізге егін
салып, тамақ асыраудан басқа көрерлік жол қалмады ғой» деп егінге
кіріскен шын егіншілер. Егіншінің дені 30% осындайлар. Бірақ əлі де болса
бұлар өздерінің еңбегіне сіңген іске жалқаулықтарын сынамайды. Өздерінің
бұрын қандай болғандықтарын, қазір қандай күйге көшкендіктерін əлі де
болса байқамайды. Тыным таппай егіндерін бағып-қағып қарайтындары аз.
Тегінде бұлардың көбі мал тұқымынан айырылып, байлықтан бет сипап, бір
бұзаулы сиыр мен бір шолақтың құйрығын ұстап қалғандар, кедейліктің
қырына шыққандар. Көбінің егінсаймандарын алуға қолдары жетпейді. Аты
барының соқасы, соқассы барының аты жоқ. Бір-бірімен жалғасып,
ортақтасып егін салып, күздігүні біраз астық алған болады. Бірақ бұл
сорлының керегі жалғыз астық па? Оған бастап жерге себетін тұқым керек,
ішетін шай, қант керек. Үстіндегі жыртықтарын да бүтіндеу керек. Берім
ақшаны да кешіктірмей төлеп, жасауылдың қамшысынан шапшаң құтылу
керек. Міні, толып жатқан керектер. Ол керектердің бəрі де уақытынан бір
минут те кешіктірілмейтін керектер. Бұларды уақытында төлеп жіберуге
қалтада даяр ақша жоқ, сататын мал тағы жоқ. Өңшең керектің бəрін
«жоқпен» өтеуге тағы болмайды. Керектерді өтеу, олардан құтылу үшін
тағы қалай болса да бір жол табу керек. Сорлы кедейлер – егіншілер
өздерінше бір жол табады. Өздеріне зиянды, мезгілше мұқтаждан құтылу
үшін өздерін өмір бойынша ділгерлікке түсіретін жолға кіріседі. Несиеге,
байларға белшесінен борышқа батады. Бастап жерге себетін тұқымды, онан
қала киетін киім, ішетін шай, қант бəрін де жаздан күзге шейін сомына елу
тиын несиемен алады. Сөйтіп күз алған аз ғана астығы борышқа жетпей
қалады. Ала жаздағы маңдайдың тері, табанның майы босқа кеткен сияқты
болады. Қылған кəсіптен қалтада бір тиын да болса қалып тұрған соң
егіншілердің қылған кəсібінен жігері қайтып, үміті үзіліп, салы суға кеткен
кісідей салбырайып дүние-тұрмысынан үміт кетеді. Бұл үмітсіздік, бұл
жансыздықпен егіншілер не қылып алға кетсін, яки олардың қылған
кəсіптері қалайша оңсын, қайтып пайда берсін.
Егіншілердің басын келген ауырлықтар мұнымен де бітпейді, таусылмайды.
Олардың көбі аяғында қатын-баланың қорек қылатын жалғыз сиырдан,
мінетін жалғыз шолақтан да айырылып қалады. Байлардың көңілдері қара
темірден де қатты, олардың жігіттері кісі етін жеуден де тартынбайды. Бір
үйлі жанды шулатып, жалғыз сиырды алдына салып мөңкілдетіп, жалғыз
шолақты оң жағына жетелеп алып барған жігіт байлар қасында ең пысық
кісіден саналады. Енді барлық малдан, байлықтан айырылған бұл кедей
қайда барады, қайтып күн көреді?
Жетісуда күндіктеп ақша тауып, тамақ асырайтын жұмыс табуға болмайды.
Зауыт жоқ, фабрик жоқ. Жүз мың кісі кіріп, іс істерлік іс еш табылмайды.
Кедей сорлыға екі-ақ жол бар: қатын-баласын шұбыртып бір станцияға
барады яки бір қазақ байына малшы болады. Станцияға барғанда бір казакорысқа жалданып малын бағып, қорасын тазартып, жылға 20-30 сом ақша,
бірер десятина егін шаштырып алады. Аштытоқты солай жүріп, бара-бара
мұсылманшылықтан да, қазақшылықтан да айырылады. Жалшылықтан
өмір бойы құтыла алмайды. Қазақ байына жалданғандықтан айына төрт сом
алады. Тамақ байдан, киім өзінен. Төрт сом киімге жетпейді, үсті-үстіне
борыштанып, байға өмірлік құл болады. Қатыны қысы-жазы байдың
сауынын сауып, баласын көтеріп, аяқ-табақ жалап күн көреді. Бұған
бəйбішенің жылында бір қайта берген бір көне кимешек пен тыңдау
көйлектен басқа ақы жоқ. Мұндайлардың елдегі жер-суын байлар, болыс,
старшин яки елінің бір пысықша адамы иемденіп кетеді.
Міні Жетісу қазақтарының қазіргі халі. Бір жағынан қоныс тарылғандық
себепті көшпелі қазақтар малдан айырылып, кедейленіп барады. Екінші
жағынан сол кедейлер мал шаруасын тастап, егін кəсібіне кіріссе
бұрынғыдан да жаман бір халге түсіп барады. Мың айт, бір айт баяғы
надандық, білімсіздік, өнерсіздік, жалқаулық, надандық себепті көріп
жатыр. Қазақты надандықтан аман-есен алып шығу оңай болмас. Не қылсақ
та сол надандықпен күресіп, соны жығып жеңудің амалын табу керек.
Ғ.Мұса
Орал қазақтарының тілегі
Орал облысының қазақтары 7-нші майда мұсылман фракциясына төмендегі
өтініштерін жіберген: «Төменде жазылған 6 бап тілектерімізді
Государственный Думада қорғауды һəм тиісті орындарға жеткізуді
мұсылман фракциясынан кішілікпен сұраймыз.
1)Біздің тіршілігіміз, рəсім һəм жеріміздің жайына қарай мал баққанда күн
көруіміз мал етімен. Сондықтан Г.Думаға 66 депутат кіргізген мал бауыздау
хақындағы закон жобасына қатты ренжідік һəм ол депутаттарға кейідік.
Өйткені бұл жоба закон болып шыға қалса, біз тіпті жеуге иə аштан өлуге
қаламыз. Жобада көрсетілген ретше мал бауыздаудың шариғатша
арамдығын жазу да қажет жоқ. Бұл туралы фракцияның өзінде жетерлі
дəлел бар шығар. Жалғыз біздің тілегіміз сол, жоғарыда айтылған закон
жобасы закон болмасына фракция бар күшін жұмсаса екен. Закон болып
шыға қалған күнде риза болып қабыл ете қоймайтынымызды тиісті
орындарға білдіртсе екен.
2)Бұл күнге шейін біздің дін істеріміз хүкімет төрелерінің қолында болып
келді. Бірақ төрелер шариғат хүкімін жақсы білмегендіктен,
тұрмысымыздан хабардар болғандықтан хүкімет үшін де, қазақ халқы үшін
де бапсыз жұмыстар болып келді.
Енді мұнан кейін сондай көңілсіз, жайсыз уақиғалар болмас үшін қазақ
халқын Оренбург мүфтилігіне қосса екен яки өзімізге жеке мүфтилік
берілсе екен.
3)Қазақ жері тегіс егінге жарамсыз болғандықтан қазақ халқы мал бағып
тіршілік етеді. Бірақ соңғы жылдарда мұжықтарға ең жақсы жерлеріміз
кесіліп беріліп, мал бағуымыз қиыншылыққа айналды. Қазақ халқы
пақырлыққа ұшырады. Соның үшін қазақ жеріне мұжықтар жіберуді енді
тоқтатса екен.
4)Орал облысының қазақтарынан кей облыстар қала салып отыруға риза
болып еді. Бірақ хүкімет төрелері оларға «Екі орыс, бір қазақ болсын» деген
саясат жүргізе бастады. Біз бұл саясатты дін һəм ұлт істерімізге зиянды деп
білеміз, сондықтан бұл саясаттың жоғалуын тілейміз.
5)Біз мəдени тұрмысқа, орыс һəм басқа халықтармен қатар тіршілік етуге
жаңа ыңғайланып келеміз. Соның үшін біздің дін һəм дүниялық
жұмыстарымыздан кемшіліктеріміз бек көп. Бірақ бұл керектерімізді халық
өкілдері де хүкіметке жеткізіп, хұқымызды қорғарлық ешкіміміз жоқ.
Соның үшін бізден Г.Думаға депутат алынса екен.
6)Бұл күнге шейін қазақ арасында бір сыпыра орысша бастауыш школдар
ашылды, бірақ бұл школдарда дін, ана тілі һəм ұлт əдебиетінен еш нəрсе
оқытылмағандықтан, школдан оқып шыққан балаларымыз өзімізше оқужазу білмейді, дін білімдерінен тіпті надан қалады һəм халық арасында
қызмет етуден мақұрым болады. Сондықтан халық мұндай школдарды
артық жаратпайды. Сол себепті қазақ арасына ашылған һəм ашылатын
школдарда бастапқы 3 жыл ана тілінде оқытылуды, соңғы жылдарда
лайықша деп үйретіп һəм ұлт əдебиетінен сабақ берілуді тілейміз.
Бұл тілекке өкіл болып қол қоюшылар: Хамидолла ишан Тəржіманов,
Дəулетбай ишан Айсарин, Сұлтан ишан Көркенбаев, Əндіжан Жұбаналиев,
Бақытжан Қаратаев, Тақтабай Толаев, Ғабдолғани ишан Қонаев, МұхамедСүйінғалыи Ишан ұғлы, Өтеш Дүйсембаев, Хасен Жиеналиев, Ғабдолла
ишан Досжанов, Нағман Байтоқов, Сүлеймен ишан Есенғалиев, Айтас ишан
Далақов, Хасен ишан Нұрмұхамедов
Жер мəселесі
Көшпеліліктен отырықшылыққа айналу өте қиын мəселе һəм тіршілік
мəселесі. Бұл мəселе əсіресе қазақ даласына ішкі Русиадан мұжықтар ағыла
бастағаннан бері қиындады.
Переселен управлениесі бар ыждаһаттан мұжықтарға жер кесіп беруге
жұмсап, қала болған қазақтарға аз ілтипат бөлетін болды. Қазақ
арыздарының көбінесе 3-4 жылға шейін жауап ала алмай, сенделіп
жүргендері аз емес.
Рас, кей уақытта мұжықтар қатарында 15-тен жер алып, «қала боламын» деп
арыз берген қазақтар арасында қайталап, бұрынғыдай көшпелі күйде мал
шаруасымен тұра береміз деушілер де болғаны бар, бірақ бұған қарап
переселен управлениесі қала боламыз деген қазақтың тілегіне сенімсіздік
көрсетіп, арыздарын жауып тастаудың орны жоқ еді.
Қала боламыз деген қазақтардың тілегін қабыл алып, жер өлшеп берерде
көзге түсірерлік бір ісі бар. Бұл көшпеліліктен отырықшылыққа айналатын
рет де түбін ойлағанда өте шатақ мəселе. «Қала боламын» деген қазақтар
арыздарында отырғысы келген жерлерін көрсетті. Көбінесе олар бұрыннан
мекенденіп келген жерлерін сұрайды. Мұның үстіне кейбіреулері алатын
жерінің аймағын кеңейтуге тырысады, сондықтан көрші жер иесі қазақтар
арасында ренжулер, тіпті жер дауы пайда болады. Мұндай орында қазақтың
өзді-өзі алакөз болуын сылтау қылып, жер кесуші төрелер талас жерді қазақ
пайдасынан шығарып, участокка айналдырып жібереді. Сөйтіп осындай
болмашы сылтаумен қала болуға ең лайықты жерден қазақ бос қалады, өз
тілегі арқасында өз жерінен айырылып қалмасына ешкімнің көзі жетпейді.
Жер кесуші төрелерде тағы да бір үйреніс бар. Олар қазақ жерінің ең
қоңдысын мұжықтарға һəм қазынаға алады да, қазақтарға ең нашарын
қалдырады. Көбінесе қазаққа жер кескенде олардың тілектері тыңдалмайды,
сұраған тəуір жерлерін бермей, төрелер өз ұнатуынша шетке шығарылған
жерлерді ғана береді. Мұндай халді көрген қазақтар соңында өздерінің
мұжық қатарында қала болуға, 15-тен жер сұрағанына өкінеді. Мысал үшін
Өскемен уезі; Айыртау елінің 2-нші ауылын көрсетеміз. Бұл қазақтар қала
болуға жер сұрап, арыз бергелі жылдан асты. Бұлардың арыздары
қабылданып, жері өлшеніп, жоба лайықтанып временный уездный
комиссиеде бекіп те шықты. Бірақ қазақтар өздеріне қандай жер
лайықтанғанын білмеген.
Бұл туралы ең қызығы сол, производитель работ «А.» қазақтардан күн
бұрын ризалық білдіріп, қа ндай жер болса да біздің лайықтаған участокке
отырамыз деп қолдарыңнан қағаз беріңдер деп бұйырған. Бұған қазақтар
көнбеген. Соңынан қазақтар өздеріне беруге лайықтанған участоктің шегін
білгенде, не қыларын білмей ренжуге қалған. Оларға тау, тас, шөлді кесіп,
жердің ең тəуір бөлімін қазына участогіне қалдырған екен. Мұны білген соң
қазақтар областное комиссиеге арыз берген: «Біз қала боламыз деп жер
сұрағанда егіндікке жарамды жер аламыз деп үміт етіп едік, мыналардың
бізге беріп отырған тау, тасына не егін егіп, тіршілік қылуға, не мал бағып
күнелтуге болмайды» деп.
Біз ойлаймыз қазақ жерінің топырағы һəм ауасының шартына қарай егін
кəсібіне лайықты орындарда қазақтың қалағанын беріп, риза қылу тетігі
Переселен управлениесінде. Егер П.Управление бұл жолсыз ісін тоқтатпай,
ескі күйіне баса беретін болса, қала болып мəдениетке қадам басамын деген
қазақтың жолына бөгет болуында, тіпті өткен 1911/12 жылғы жұт доңыздан
қалған шаруасын онан жаман күйзелтуінде шек жоқ. П.Управление бұл
саясатымен қазақ шаруасын түзеу орнына бүлдіруі анық.
Бұл көңілсіз оқиғаға Переселен управлениесі тізгінін ұстаушылар көптен
көзінің қырын саларға керек еді.
Ром
Ішкі Ордалықтан уақытша қазынаға жер алыну
Биыл хамалдың 20-нда Астрахан губернаторы һəм Астрахан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.