Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25

Total number of words is 3799
Total number of unique words is 1900
31.1 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
50.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Республикасының кіндік атқару комитетінің өткен жыл 17 ноябрьде һəм
14 декабрде 353 һəм 364-ші нөмірлі ережелері үстіміздегі 1921 жылы
жерсудың түйінін шешу үшін жер комиссариаты жиылыс жасады. Халық
Комиссарлар Кеңесі мен Түркістандағы комиссиясы һəм Əулиеатада болған
қазақ-қырғыз кедейлерінің жиылысы мақұл тапқанды, жыл жобасын
Жетісуға жүргізу үшін Жетісу облысының төңкеріс комитеті июльде 21
жылы шығарған Түркістанның кіндік комитетінің президиумы бекіткен.
Жер-судың түйінін шешудің негізгі мақсаты екпінді ретте осы үстіміздегі
1921 жылдың ішінде патша хүкіметінің отаршылдық саясатының қалдырған
шатағын тамырымен жоғалтып, 1916 жылдан бері мал-жаны тарауға түскен
жергілікті еңбекшіл бұқараны жалпы енбекшілдер қатарында жер-суын
пайдаланып теңдікке жеткізу еді. Міне, осы мақсатты көздеп, 9-шы сиездің
көрсеткен жолдары:
1) Өткен заманда отаршылық саясатымен іштен жіберіліп орналастырудың
орыстардың қолынан іс келетіндерін пайдаланып, оларды жергілікті
халықпенен бірдей теңдікке жеткізу керек.
(12-ші бап)
2) Келгендерге енбек мөлшерімен ғана жер қалдырып, артық жердің бəрі
бұрынғы иелеріне берілсін.
(13-ші бап)
3) Патша заманында бас көтергені үшін бүліншілікке ұшырап, жерінен
айырылған жергілікті халық бұрынғы мекендеріне қайтарылсын, жəне 19161918 жылдарда келгендердің өз бетімен иемденген жерлерін алып,
үйлестіріп, жуан жұдырықтардағы еңбек мөлшерінен артылған жерлер
қайтарылсын.
(14-ші бап)
4) Түркістан жеріне сырттан келімсек келу жəне де республиканың ішінде
өз бетімен жерге ие бола кетуге еш рұқсат жоқ.
(15-ші бап)
Бұл қаулыларды орындау үшін Түркістанның кіндік атқару комитеті 14
декабрде 1921 жылы 364-ші санды ереже шығарған.
Жер мəселесін екпінді жұмыстар қатарында жүзеге шығару үшін Түркістан
Республикасының жиылысы сол екпінді жұмыстың қойылатын
аудандарына келейік.
Патша заманында іштен келген келімсектің қат орнаған жерлерінде жұмыс
басталады. Сонымен қатар республиканың қалған жерлерінде өзі еңбек
істемей жатып, ішерлердің шаруалықтарын еңбекшілердің қолына аудару.
Төңкеріс жолымен 1916 жылдан бері кеңес хүкіметінің рұқсатымен орнаған
келімсектерді көшіріп, бұрынғы орындарына һəм ескіден орнап келгендер
жерлеріне таратылады. Бұлардың орнына бұрынғы иелері жергілікті
еңбекшілер орнығады.
Жуан жұдырықтардың мүліктері қазынаға салынып, өздері Түркістан
топырағынан айдалады. Бұлардың ішіндегі шын еңбекші кедейлері осы күні
қызыл əскерде қызмет қылып жүргендерге, соғыстан мешел болып
қалғандарға жаңа орнайтын жерінде алдымен еңбек мөлшерімен жер
беріліп, жаңа жерге орналасуға қазынаға алған жуан жұдырықтардың
мүлкінен һəм қазынадан жəрдем беріледі.
Көшпелілерге жол ашпақ үшін жолда кедергі болып отырған ескі
келімсектердің қалалары болса да, басқа жаққа аударылмайынша, бұлардың
еңбекшілдері көшкенде, мүліктерін ала кетеді. Міне, бұл жұмыстар
жазғытұрым егін айдардан бұрын бітуге тиіс.
Жаз бойынан қар жауғанға дейін болатын жұмыстар келгендердің жерлерін
аудара қарап, ақтара тексеріп, топырағына қарай еңбекшілдеріне еңбек
мөлшерімен жер қалдырады. Артығының бəрін алып, жергілікті халыққа
көшіргендерді жайластыру. Көшіргендердің орнына басқаларды
орналастыру. Жаңадан отырықшы халыққа шығамыз деуші жергілікті
халықты қалай қылып отырғызу. Бұл жұмыстарды жүзеге шығару үшін жер
өлшеушілер топтары түзілмекші.
Екпінді жұмыс жүргізілетін аудандар:
1.Жетісу облысында Алматы, Қарақөл, Піспек уездері.
2.Сырдария облысында Əулиеата, Шымкент, Ташкент уездері.
3.Ферғана облысында Əндіжан, Ош уездері.
Жетісуда бұл жұмыс болатын келімсектердің қаласының саны 600дей.
Пайдаланып отырған жерлері 1 миллион 200 мың десятинадай (бұл 17
жылғы есепке қарағанда онан кейін жерде көп өзгерістер болды. Сондықтан
дұрысында пайдаланып отырған жері артық).
Сырдария Əулиеата уезінде 87 орыстың һəм немістің қалалары, жері 231
мың десятинадай. Шымкент уезінде 95 қала, жері 174 мың десятинадай.
Ташкент уезінде 25 қала, жері 52 мың десятинадай. Барлығы Сырдарияда
207 қала, жері 560 мың десятинадай. Ферғанада 50 қала, жері 79 мың
десятинадай. Бүкіл жұмыс болатын қаланың саны 850, жері 1 миллион 800
мың десятинадай.
Міне, осы жерден еңбек мөлшерімен келімсектерге жартысын қалдырғанда,
қазақ-қырғыз халқы үшін 900000 мың десятина жер алынып, үй басына
орта есеппен 15 десятинадай жер берілгенде 60000 мың үй орындамақшы.
Мұнан басқа екінші бапта көрсетілген жұмыстардан Түркістанда 120 мың
десятина жер алынбақшы. Бұған 10 мыңдай үй өзбек, түрікпен еңбекшілері
жайғаспақшы. Сонымен, биылғы жұмыста 1 миллион десятина жер алынып,
70 мың үй орналастырылмақшы.
Түркістанда сусыз жердің құны жоқ. Су мен жер бір-біріне байланған.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қатар, сумен пайдалану
жайын реттеу жұмысы. Осы көрсетілген жұмыстар үстіміздегі 1921 жылы
жүзеге шығуға тиіс. Соның үшін жер-су түйінін шешетін мекемелер əскер
мекемелерінің қатарына қойылып отыр.
Жергілікті еңбекшілдер жер-судың түйінін шешу үшін іштен келген
келімсектермен сөз жүзінде емес, іс жүзінде теңдікке қол жеткізіп, жалпы
еңбекшілдер қатарына кіргендігінің белгісі. Езілген еңбекші таптың күні
туып, кедейдің қолы теңдікке жетуі екенін ұмытпауымыз керек.
М. Шағырша
Жер заңы
Басқа заң қарарларымен қатар ең əуел заң жердікі болды. ТурЦИК-тің
назарын аударған мəселелер де осы болды.
Бұрынғы переселен мекемелерінің ісі есебінен алған материалдардың өзі
бұл Жетісудың жаңа жер заңы еш бір негізсіз жасай салған жұмыс емес
екендігін сипаттайды. Бұл Жетісудың тұрмысына һəм келген халықтарының
шаруашылығына тіршілігіне қайшы келмейді. Қайта сол тіршілік жұмысын
нығайтады.
Қазақ-қырғыз бөлімі
Жер заңын жүзеге шығару ісінде түрлі шаралар істелді. Мұның ең зоры –
ТурЦИК жанындағы қазақ-қырғыз бөлімін жасау. Хəм Əулиеатада тұңғыш
қазақ-қырғыз еңбекшілерінің сиезін шақыру болды.
Онан басқа жерге жайластырушы үш кісілік комиссиялар құрылды. Оған
Түркістандағы қазақ-қырғыз қызметкерлері мобилизовать етілді. Мұнан
шыққан нəтиже: жуан жұдырықтардан 67 мың десятина жер алынып, қазаққырғыз һəм тараншы кедейлеріне берілді.
Түркістан Республикасы кіндік атқару комитетінің һəм халық
комиссарлар кеңесінің низамы 21 жыл 14 апрель 45-ші сан шаһар
Ташкент
Өз күші, өз əрекетімен диханшылық қылатын еңбекшілерге берілетін
азықтық. Қышлақтағы диханшылық шаруалығының ұйымын көбейту
дихандарды өнер, бау-бақша істеріне ынталандыру мақсатымен Түркістан
Республикасының кіндік атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің
1920 жылы 27 майда шығарған низамына муафиқ мынандай қаулы
шығарды:
1.Жерді бөлген уақытта өз күші, өз əрекетімен кісі жалдамастан еңбек
қылып келген дихандардың өз жерлері өзіне қалдырылады. Егер ол
жерлердің саны мөлшері өлшеуден артық болса да.
2.Мұндай дихандарға есеп етілетін дихандар: а) мақта, пісте, күнжұт егетін
жерлер. Бірақ бұл егіндер жер иесінің сулы жерлерінің үштен бір есесіне
егілсе керек; ə) жүзім егетінде. Сондай шартпен егер жер иесінің сулы
жерлерінің үштен бірі болып табылса.
3.Жер бөлетін комиссарлар уездердегі жер-су бөлімдері осы низамға
муафиқ бөлінбейтін жер иелеріне дəлел мен хат беріп, облыс жер-су
бөлімдері арқылы халық жер-су комиссариатына тапсырылады.
4.Осы низамның күші барлық еңбекшіл дихандарға өтеді. Қандай жер
пайдалануға қаралмастан (қауым, серіктік, жеке- жеке қожалықтар).
Жетісу облысы Əулиеата, Шымкент һəм Ташкент уездері һəм Ферғана
облысының Жалалабад, Мархабад деген аймақтары басқа Түркістан
Республикасының барлық уезіндегі еңбекші дихан шаруалықтарына жүреді.
Осы айтылған уездерде отаршылар отырғандықтан, іс екпінді болып
жарияланды.
5.Жер-су комиссариатына осы низамды үлкейтіп, таратып шығаруға ықтияр
беріледі.
ТурЦИК бастығы: Төреқұлов
Хатшысы: Юмакаев
Түркістан отаршыларына сот
25 апрельде Ташкент қаласында кеңестер үйінде 30 шақты қара
шекпендердің ісі тексерілді. Айыпкерлердің бəрі де Ташкент уезіндегі
Новопокровскыдегі селоның тұрғын кісілері. Бұларға қойылатын айып
орасан. Ұлтшылдыққа беріліп, қазақтарға қастық ойлап, жұрт сотқарлығын
кигізген. Ақырында 3 кісіні тірідей тұтқын қылып, оның ішінен біреуін
ажалынан бұрын қой бауыздағандай оңай өлтіріп тастаған. Бұл уақиға 1920
жылдың 1 ноябрінде болған. Орыс жанжалы темір жолы мен қазақ
ауылдарының арасынан белгіленген орыс жерінің шегіне таласқаннан
шыққан. Азуы арадай орыстардың араны ашылып, қазақ жерін иемденіп
кеткісі келген. Ол жердің қазаққа тиіс жер екені, жəбірленген қазақтардың
ата-бабаларының талайы шашын ағартып, тісін сарғайтқан жер екендігін
сот əбден тексеріп анықтады.
Селоның өзі де 1918 жылы бостандық һəм октябрь төңкерісінің артынан
орнаған екен. 20 шақты мешеу солдаттар барып, мына жерді біз қалаймыз
деген. Сонымен сөз біткен. Қысқасынан айтқанда: селоның пішіні белгілі.
Бұл селоны қазақтар бұлжытпай тани кетсе керек.
Отаршылардың сот тексеруінде берген өз жауабына қарасақ, бəрі де «түк
көрмеген» кісі секілді: бəрі де біз төбелескеміз жоқ құр арашашы болдық.
Қолымызда бір кішкентай қамшы мен таяқша болды. Төбелесті алдымен
қазақтар өзі бастап, қайта өзіміз таяқ жеп қалдық, жəбірленген бейшара өзі
болып көрінеді. Алайда болса, отаршылар қолына алған таяқшаны кішкене
қамшы қылып, «арашалап» өзін-өзі «қорғап», қолын сермеп жүргенде, бір
қазақтың бас сүйегі жеміріліп, миы ақтарылып, бір көзі ағып түскен.
Қазақты сабаған отаршы өзінің емес, қамшының есі шыққанша сабап,
қамшының пара-парасы шыққан қазақта онша «рахаттана» алмаған шығар
дейміз. Кейбіреулердің жауабына қарасақ, төбелеске əшейін қызыққа,
ойынға қосылған сияқты. Қазақтан орыстың үстемдігі «лаухыл махпузда»
жазылған емес пе деген ойы беп-белгілі тұр. Бұл орыстың неше жылғы
шіріген, жуық арада тазармайтын сүйегіне сіңген белгілі мінезі.
Бұл бізге таныс əн, таныс жыр. Бұл бізге патша заманынан қалған мирас.
Бұл айтылғандармен патша заманының жалғыз-ақ айырмашылығы бар;
патша заманында отаршылықты хүкімет өзі қолдап, өзі жүргізуші еді.
Бостандық октябрь төнкерісінің артынан бассыз, жүгенсіз кеткен
отаршылар қазақтың жерін қолымен ала бастады.
Атын естігенде бүкіл алаштың жүрегі дүпілдейтін, қазақтың тұрмысын,
жəйін, білгіш атақты Əлихан Бөкейханұлының патшашыл хүкіметтің
қазаққа тұтқан саясаты туралы жазған сөздерін сот тексеруінде
отаршыларды айыптап тұрып кітаптан оқып келтірді: «патшашыл хүкімет
қазақ жерінін бəрінде мемлекет жері қылып заң шығарған, меншіктеп жер
берілсе, арнап белгілі жуан жұдырықтарға, байларға ғана берілген. Егіндік
һəм шаруаға, тіршілікке жəйлы жердің бəрін қара шекпендерге əперіп,
переселен мекемелерінің меншігіне шығарып жіберген. Үй салып
орныққан. Қазақтарды көшіргенде қағаз жүзінде ақша берілетін болса да, іс
жүзінде былай болған: хүкімет қазақ жерін айнала пішіп, мінеп,
қазақтардың сулы жерін қара шекпендерге жіберіп, қазақтарды шөл аралға
қамаған. Ақырында жемқорлардың өртінің құрсауында қалған қазақта
«ақылың болса, ала байтал суға шаптың» мүшкіл халіне түскен. Өз жерінен,
жұртынан өздері безе бастаған. Переселен чиновниктерінің «əділдігі» һəм
«қамқорлығы» əсіресе қазаққа келгенде осындай болған. Сөйтіп, ақша
берілмейтін жолда оп-оңай табыла қойған.
Бұл көріп отырған уақиғамыз 1920 жылы бостандық, октябрь төңкерісінің
артымен болғанмен де, патша заманынан мұның несі кем деп айта аламыз?!
Біз баяғы ақысына таласып, айқаса кете алмайтын «құдай салды, біз көндік»
қазақты көріп отырмыз. Олардың арын арлап, намысын намыстап, қазақтың
қамын жеп отырған еш кімге қазақтың ақысын жібермейтін хүкімет кісілері
болып отырғандардың да түрін көріп отырмыз. Новопокровскы селода
исполком деген болмаған. Барсуков жолдас старста есебінде жеке билігін
жүргізіп тұрған. Оның хатшысы Шушенко деген болған. Қалмен куəнің
айтуы бойынша, Барсуков жолдас «түк көрмеген»-мен де, қазақтарды
мұжықтар демін алып-алып сабағанның ден ішінде болып, «борсықтық»
мінездерін өте көрсетсе керек. Шушенко өзі ортақшыл, өзі исполкомның
хатшысы, протоқол жазғыш кəдімгі Арскы закончиктердің өзі болса керек.
Барсуков жолдасқа да Некеннің тұзы көп сіңсе керек-ау дейміз. Протоқолды
нығырақ жазып, қазақтарды абақтыға жаптыру турада жанын аямай көп
еңбек сіңіргеніне қарағанда, бұл екі жолдас əлеуметшілік төңкеріс жолында
жан-тəнімен қызмет етіп, қазақ халқы бұл жолда құрбан болып кетсе де,
əуелі күншығыста əлеуметшілік төңкерісін жасап, күнбастысқа үлгі болу
керек. Һəм кəсіпшіл жұмыскерлері көп күнбатыстың үлгілі мемлекеттерін
ұялтып кету керек деген шын туған. Төңкерісшіл бір ер болса керек дейді.
Бұл чиновниктер борсықтың баласы болса, патша заманының шенеуніктері
қасқырдың баласы деуге болады. Екеуінің арасында қасқыр мен борсықтың
арасындай-ақ айырмашылық бар. Бұл кезге шейін біздің қазақ-қырғыздың
жайы осылай болып келді. 1916 жылдан бері қарай, əсіресе Бостандық
октябрь төнкерісінің артынан лай толды заманда Жетісу сияқты жерлер
шынымен езілген халықтардың «түрмесі» болып кетті.
Біз бұл күні не көріп отырмыз?
Бүгінгі күні Жетісуда октябрь төңкерісі жаңа шынымен туып отыр.
Отаршылардан қазаққа жерін қайтып əперіп отыр. Енді «Шушенқолар»
қазақ жерін қайтару туралы заңды ешкімге білдірмей отыра алмайды.
Ондайлар енді сотқа беріледі. Тонын теріс жамылып жүргендерді кеңесшіл
хүкімет сотқа тартып отыр. Бұл отаршыларға сот емес, кеңесшіл хүкіметтің
өзіне сот. Бұл тарихи сот. Енді қара тұман серпіліп, теңдік туысқандық күні
шынымен туып, арамдар азайып, əлсіздер күшейіп тұр. Зорлықшы
жемқорлар, отаршылар ұялып, еңбекші кедейлер оянып, ұйымдасып
хүкіметті қолға алуға тұр. Кеңесшіл хүкімет жергілікті халықтарға шын
жақын. Ең түсінікті хүкімет екендігін жаңа көзге көрсетіп отыр. Теңдік,
əділдік күні жаңа туды. Бұл күнді туғызып отырған Түркістан
Республикасының шын кеңесшіл хүкіметі. Бұл біз көзімізбен көріп,
құлағымызбен естіп, газетімізге жазып отырып, дос сүйінетін,
дұспандарымыз күйінетін жұмыс.
Ақмола, Семей облысындағы қазақ жерлеріне бұл тағы қара шекпендер
келіп орнайтын болса, Суворовко ол екі облыстың жеріне 164 мың 645 қара
шекпен жазып қойған болса, Қазақстанда да осындай «төңкерісшілдік»
мінездері сезілсе, мұның аты əлі ол жерлерде октябрь төңкерісі туған жоқ
деп білу керек. Бұл сияқты арсыздықты əлі күнге шейін істеп отырған
отаршылық мінезі сүйегіне сіңген хүкімет басында отырған «борсық»
балаларының көптігі деп, оларға қарсы тұратындардың мойнына су кетіп
«жылағысы келген бала əкесінің сақалымен ойнайды» дегенді ойлап оқып
отырғандығы деп ойлау керек!
Үстіміздегі Түркістан Республикасының кеңесшіл хүкіметіне қошаметтей
құтты болсын айтамыз!
Жасасын Түркістан Республикасы!
Шеген
Шымкент уезінің қазақ-қырғыз еңбекшілеріне (жер-су кеңсесіне)
Тарихқа қарасақ ілгергі заманда қазақ-қырғыздың ата-бабалары өздеріне
жетерлік қоныс, өріс алып қалғандықтарын көреміз. Бірақ ол кездерде
шабуылшылық, жауапкершілік көп болып, күштісі күшсізін қысып
отырғандықтан қызыл қарын, сары баланың қамын ойлап қаныс жер алып
қалу үшін Əбілхайыр ханның тұсында орыс патшалығына келіп бағынған.
Орыс патшалығының заңы жылдан жылға өзгеріп, біз сияқтыларды қыса
бастаған еді. Біздің көзімізді ашып, білімге үйрету былай тұрсын, помещик
(жері көп), көпес (пұлы көп), дін бастықтарының ғана пайдаларын көріп, біз
сияқтылардың, біздердің мал-дүниемізді, қанымызды сору, жер-су, қазған
арық, тоғанымызға шейін, қаныс, өріс, жайлау-қыстауымызға шейін алып
тұрған бір заманда кеңес хүкіметі майданға шықты. Кеңес хүкіметінің
сəулесіне араласып, көзімізді ашып қарасақ: біздің қазақ-қырғыздан басқа
халықтың барлығы да жер-суға ие болып, шаһар, қышлақ салып, өнер-
білімге жабысып жатыр. Біз болсақ жер-суымыздан айырылып, кілең жұтқа
ұшырап, малымыздан ажырап, аштан нан таба алмай, шаһар, қышлақтарға
тентіреп, жалшылықтан шыға алмай жүрміз. Бұл күнгі адам баласының
тіршілігінің бəрі де жер тарапынан шығады. Адам баласының тіршілігі де
сол жер арқасында ғана болады. Сондықтан сендерді өлгенше асырайтын,
сақтайтын – жер. Тіпті өлгеннен кейін де тəніңді ит пен құстан сақтайтын –
жер. Соның үшін де жерді шын қамқор ана деуге болады.
Енді осындай ана есебінде болған қамқор жерден пайдалану турасында
кеңес хүкіметі қазақ-қырғыз еңбекшілерінің қамын жеп, қолынан келгенше
жақсылығын аямай, кең жол ашып отыр. Сондықтан бізге бұрынғыдай
қалғып, ұйықтамай, төңірекке ғибрат көзбен қарау керек. Ол қарайтын
жұмыстар мынау. Жер жүзіндегі əрбір білімді, мəдениетті (ағарған), өнербілімімен өрге жүзген халықтардың барлығы да орнығып, отырықтанып,
шаһар болып, қышлақтар салып, өнер-білімге ұмтылып жатыр. Өздеріне
тиісті меншікті жер арқасында қарындары тоқ, қайғылары жоқ болып отыр.
Бастарына түсе қалған іс болса бір жерде отырғандықтан тез ұйымдасып,
бас қосып ақылдасып қандай қиын іс болса да, шешілу оңай болып отыр. Біз
болсақ əр сайда, əр төбеде, əр таудың етегінде 3-4 үйден бытырап
кеткендігімізден, бала оқытып, мектеп ашуымыз да қиын болып отыр.
Сондықтан балаларымызды мектепке беріп, ғылым-білім жолына түсуіміз,
бір керекті істерде басымызды қосып, жиылып ақылдаса қоюымыз, сөйтіп
барып тиісті мəселені оңайлықпен шешуімізде қиын.
Қазақ-қырғыз отырықшы болсын деген пікірде кейбір адамдар «біз
көшпелілікпен жан сақтап, мал бағып келе жатқан халықпыз, əлі де болса
сол қалыппен жүре берейік» дейді. Бұл пікірдегілерге біздің айтатынымыз
мынау: мұны айтушылар дүние-ғаламнан хабары жоқ, көздері ұйқыда,
көңілдері соқыр болғандықтан айтады. Екінші, хабары болса да, қазаққырғыздың ел қатарына кіріп, адам болып кетуін көре алмай айтады.
Енді бұрынғыдай мал айдап, тіршілік ететін қазақ-қырғызда қоныс,
жайылыс, өріс қалған жоқ. Мал жерге бітеді. Жер бұрынғыдай емес,
тарылды. Мал болмаған соң, халықта аштық, жалаңаштық көбейеді. Ол
көбейіс осы күнде де болып тұр. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген
бабаларымыздың үлгілі сөздерін ұмытпай, мына жерге ие болып, жерден
пайдалану үшін отырықшы болып, бір жерге бас қосу, қаныс тебу керек.
Өйтпей біз оңалмаймыз-ау деймін. Бұған мысал үшін кешегі ашжалаңаш
боп келген мұжықты алайық. Кеше аш-жалаңаш, ішкі Россиядан шұбап
келген мұжықтар бұл күн қазақтан тоқ. Бүгінде қазақтан бай.
Неге? Себебі - олар отырықшы болып, жерден пайдалана білді.
Бұл күнде өздеріңіздің іштеріңізден шыққан оқымысты, заманына муафиқ
көздері ашылған зиялы балаларыңыз қазақ-қырғыз бауырларының табан
ақы, маңдай терлерімен күн көретін енбекшілеріне бастық болып, барлық
ғылым-білімдерін сарп етіп, қазақ-қырғыздың көзін ашуға, бұрынғы атабабаларынан қалған қонысты жерлеріне өздері егін отырғызуға, өздерін ие
қылуға тырысып жатыр. Бұл пікір жалғыз өз туғандарыңыздікі де емес,
бүтін кеңес хүкіметінің пікірі һəм қаулысы. Кеңес хүкіметі қазаққырғыздың ішіне адамдар шығарып, оларды отырықшы қылуға, жерге
жайластыруға бар күштерін, ақшасын аямай жатыр. Мұны біздің қазаққырғыздың еңбекшілері жақсы түсініп қарсы алулары, өздерінен келетін
жəрдем көмек болса, аямай сарп етулері керек. Соның үшін де Шымкент
уезінің жер-су бөлімі уездегі барлық еңбекшіл қазақ-қырғыз халқына
тездікпен іске кірісуді өтініп, осы үндеуді жариялайды. Енді осы істерге
еңбекшілер аянбай кірісердеп, жер-су бөлімі қатты ашыныштықпен сенеді.
Жер-су бөлімінің бастығы: Садық Баймуратов
Төңкерісшіл сот Отаршыларға сот Жоғарғы трибунал сотының кезекті
жиылысында
25 апрельде кеңестер үйінде Ташкент уезіндегі Новопокровскы селоның
тұрғыны 20 шақты қара шекпендерінің ісі тексеріле бастады. Олардың
айыбы орасан ұлтшылдыққа беріліп, қазаққа қастық ойлап, жорта
сотқарлығын, бұзықтығын тексерді. 3 қазақты тірідей тұтқын қылып, оның
ішінен біреуін өлтірген.
Айыптаушылар: Турккомиссия мүшесі жолдас Сафаров һəм Түркістан
ортақшыл партия кіндік комитетінің жауапты хатшысы, жолдас Семенов,
ақтаушы жолдас Болонин.
Істің реті:
Тағылған айыптың қорытындысы мынаған келіп тоқтаған: Қылмыс 1920
жылы 1 ноябрьде Келес станциясының қасында темір жол мен қазақ
үйлерінің арасына Новопокровскы селоның тұрғын мұжықтарына деп
арнап кесілген егіндік жерде болған.
Əділбековтың сөзіне қарағанда, ауылға бір топ орыс келген. Сендердің
жерлеріңді аламыз деген. Орыстың біреуі су сұрағанда, Данагүл деген қазақ
қатыны су бермейді. Сол кезде барып жəбірленгендердің сөзіне қарағанда,
су сұраған орыс Данагүлді қамшымен салып кетіп, төбелес басталған.
Біраздан соң тағы бір топ орыс келіп, алдыңғыларға қосылып, соларға
болысып кеткен. Қазақтар үйді-үйге ыдырап қашып кеткен.
Төбелес барысында төбелеске кіріспеген Тихон Грибановты таяқпен салып
қалады. Сол қазақты Тихон Грибанов барып бір жуан таяқпен салып
қалғанда, қазақ алай-түлей басы қан болып құлап қалған. Ертеңінде өлген.
Сонан соң төбелес шыққан жерге Прокоф Грибанов келіп, «төбелесті
бастаған» қазақтарды исполкомға апару керек деген бұйрығын орындаған.
Үш қазақты айдап, соларға жиналған топ исполкомға қарай жөнелген.
Жолшыбай Фортонатов деген орыс қазақтарды еш себепсіз таяқпен ұрып
барған. Исполкомға келген соң, қазақтарды уақытша сақтай тұруға
Абдуалиевке берген. Сонан соң оларды исполкомның хатшысы Россия
ортақшыл партиясының мүшесі Шушенко жолдас тұтқын есебінде өз
қолына алып, ертіп əкелгендердің көрсетуі бойынша протоқол жасаған.
Айыпкерлердің тексерілуі:
Сот тексеруінде айыпкерлердің бəрі де бұл турада өзімізді айыптымыз деп
танымаймыз дейді.
Тихон Грибанов бұл туралы істің ішінде чекада городовый болып еді деп
көрсетілген деген жерлер бар (Тихон Грибанов қазақты өлтіруші бас
айыпкер) өзі городовый болғам жоқ дейді.
Трибунал айыпкерлерді тексеруге кірісіп, олардың ішінен 5 кісіні тексеруге
уақыты жетті: Тихон Бретель, Иван Айселянов, Алексей Барсонов, Дмитрий
Промиткин һəм Петр (?).
Бəрі де өтірікке ұстанып дұрыс жауап бермейді. Алексей Барсоновтан ешбір
жауап алуға да болмады. Өтірігін шығарып алмас үшін үндемей құтылуды
тəуір көрсе керек. Əсіресе Брегельдің берген жауаптарынын белгілері
қызық. Екі сөзінің бірінде жаңылып, ақырында трибуналдың һəм Сапаров
жолдастың сұрақтарына жауап бере алмай жəне үндей алмай қалды.
Отаршылар поселкісі:
Тексеріс уақытында Новопокровскы селосы туралы неше түрлі қызық
əңгімелер белгілі болды.
Бұл поселке нағыз «құдай қосқан» обыршы – отаршылардың поселкесі
екен. Поселке 1918 жыл октябрь төңкерісінің артынан орнаған. Бір топ
мешеу солдаттар келіп 100 десятинадай жерді өздері ұнатып, сол уақыттағы
жер мекемелері арқылы барып алған. Айыпкерлердің айтуы бойынша, бір
ағайынды төрт сарттың жері дейді. Айыпкерлер жер ешкім еңбегін сіңірмей
бос тұрған жер еді дегісі келеді. Сондадағы Сафаров жолдастың
сұрауларына берілген жауаптарға қарағанда, поселке жергілікті
халықтардың басқа жерлерін де жанап кеткен сияқты көрінеді.
Осы тексеріп отырған уақиғаны туғызуға себеп болған егіндік жерді
поселке өз жеріне қосып алғысы келген. Қолдарында көк қағазы болмаса да,
жер-су бөлімінің сондай қаулысы болыпты-мыс деген хабарларға сүйеніп,
күн ілгері жерді алу жұмысына кірісе бастаған. Бірақ бұл жұмыс біраз
дихандарға тиімсіз болған болса керек.
Новопокровскы поселкіні билеуші хүкіметтің бір түрлі болған. Ауылни
исполкомда олардың ешбір уəкілі болмаған. Өз алдына ешкімге бағынбаған.
Хүкімет болмай, поселкіде исполком да болмаған. Арсонов деген бір
жолдас староста есебінде билігін жүргізіп тұрған. Оның Чученко деген
секретары болған.
Тексерістің екінші күні:
Айыпкерлердің берген жауабына қарасақ, Новопокровскы селоның
иемденгісі келген жер қазақ, өзбек һəм орыстарға бəріне бірдей жер екен.
Бірақ орыстар ол жерді екпей жүрген. Жерді алу үшін ізденушілердің ең
басы Фортонов деген. Сафаров жолдас жерді еңбекшіл мұсылмандардың
өздеріне қайтару туралы заңды білмейсіңдер ме десе, білмейміз, бізге
Түркістан ортақшыл партиясының мүшесі хатшы Чученко бұл турада
ешнəрсе деген жоқ. Тексерістің бірінші күні сұралған бес айыпкердің үстіне
14 кісіден жауап алынды. Келесі кезекке қазақты өлтіруші айыпкерлердің ең
басы Тихон Грибанов қалды.
Айыпкерлердің көбі қазақтарды ұрған һəм тұтқын қылған. Ешкім жоқ
дегенмен тұрмай, «орысты қазақтар алдымен бастап жəбір жасаған.
Бейшара болған орыстар болды»- дейді. Бірақ сұраған сөздерге əр қайсысы
əр түрлі жауап беріп, істің шынын айтпай тұрғандықтары бепбелгілі тұр.
Айыпкерлердің өз сөздеріне қарағанда, қазақтармен тату едік дейді.
Айыпкер Тихонов əуелі орыстар төбелеске кіріскен жоқ десе де, трибунал
мүшесі Вихоров һəм айыптаушы Сафаров жолдастың сұраған сөздеріне
жауап беріп тұрып, «Фортонов қолын сермеп жүр еді». «Тихон Грибанов
таяқпен бір қойып қалып еді». «Бір кішкентай таяқшаны алып қолымен
сермеп жүр еді-дейді».
Тихон өзі туралы біреумен төбелеспек түгіл, қайта өзімді сілейтіп тұрып
ұрды, басым жаралы болып қалды дейді. Қорғаушы фельдшердің куəлігін
көрсетті. Куəлік 1 ноябрьде уақиға туған күні берілген. Трибунал куəлікке
сенбей, тексере бастағанда мынадай əнгімелер ашылды.
Брегель əуелі айтады: Таяқ жегеннің артынан 2 күн ауырып үйден шықпай
жаттым деп, тағы да айтады 2 күні фельдшерге куəлік алу үшін барып едім
деп. Бірақ куəлік уақиға туған күн берілген сияқты. 1 ноябрьде берілген.
Айыпкерлер қазақты тұтқын қылған адам жоқ деген болады. Бірақ бір
айыпкердің жауабына қарағанда, «шығыңдар, енді ұрмаймыз» деп жалынып
шығарды дейді. Сафаров үйден шыға бергенде, қазақтарды ешкім
желкелеген жоқ па деген сұраған сөзіне, жоқ деп жауап бергенменде,
қазақтар үйден шыққанда, жылаған балалардың даусын естіп едім дейді.
Айыпкерлердің көбі қазақтарды ешкім айдаған жоқ дейді. Бірақ тексеріп
келгенде, қазақтардың бөлек алда, қара шекпендердің артта отырғандығы
белгілі болды.
Айыпкерлердің кейбіреуі сөздің шынын айтқандай, төбелесті бастаушы
Прокоп Грибанов орыстар қазақты ұрды дейді. Жəне мен төбелес
бастағандарды алып жүру керек дегенім рас дейді. Қазақтарды қамағанда,
орыстарды неге қамамадың деп Сафаров жолдас сұраса, Прокоп Грибанов
үндемейді. Поселкінің секретарі Түркістан ортақшыл партиясының мүшесі
қазақтарды абақтыға қамаған Шушенко өзімнің де исполкомның де
қазақтарды қамауға дəлелім жоқ еді дейді. Бірақ қазақтардың қамалуы рас
екендігін айтады.
28 апрельде екі жағынын талас сөздері басталды. Айыптаушы жолдас
Сафаров, қорғаушы жолдас Болонин.
(аяғы бар)
Төңкерісшіл сот Отаршыларға сот тексерісі (1) (3-ші күн, 28 апрель)
Тихон Грибанов жауабы
Ең соңында Ерғашты өлтірген Тихон Грибановтан жауаптар алынды.
Айыпкерлер: «Төбелеске кіріскенім жоқ. Төбелесті бастаған тұрғын
орыстар емес, қазақтар. Солардан қорғанамын деп жүріп болмаған соң
Ерғашты иығына бір салып кетіп едім»,– дейді.
Істің ішінде Грибанов жолдастың Жапониямен соғыс артынан Читала
городовой болғаны туралы қағаздың барлығын еске алып, Грибановтың кім
екендігін білуге шұғылырақ қарады. Жолдас Грибанов полицияда қызмет
қылғаным жоқ, 1908 жылдан 1920 жылға шейін Самарқан темір жолының
үстінде жұмыс қылдым дейді. Трибунал бастығы Воковнев жолдас өзі темір
жолда қызмет қылған, соның үшін Грибановты емтиханға келген балаша
тексерді. Грибанов темір жол үстінде болған бір сыпыра ұсақ жұмыстарды
білгенмен де, құлақ естірлік ірі уақиғалар туралы еш нəрсе білмейді екен.
Темір жолда жұмыс қылмағандығы белгілі болды.
Сотта тексерген куəлар: жəбірленуші кемпір Данагүл, оның байы Байболат
Баймет ұлы, Қалмен һəм төбелестің басынан аяғына шейін болып көрген
балалар Əділбек ұлы, Иванов һəм қазақ əйелі Жасай, Егемберді баласы.
Данагүл жауабын жүрексініңкіреп, ұялыңқырап берді.
Жəбір көрген Байболат пен Қалмен жауабын қалдырмай толық беріп,
өздеріне-өздері беріліп сөйледі.
Балалармен Егемберді баласының жауаптары сілейіп тұрып таяқ жеген
қазақтар мен Дəмегүлдің айтқан сөздерін толықтырды.
Уақиғаның жөні мынау сияқты:
Уақиға туған күні бірнеше орыс Байболаттың үйіне келіп, Брегель мен
Барсаков су сұраған. Байболат үй қасындағы құдықты көрсетті. Су
сұрағандар əуелі құдыққа барса да, артынан Данагүлге тисіп су сұраған.
Данагүл су бермеген. Өздері суды 3 шақырым жердегі құдықтан керегінде
алып тұрады екен. Сонан соң Брегель Данагүлді таяқпен салып кеткенде,
қатын есінен айырылып барып жығылған. Байболат қатынына болысқан.
Брегельмен екеуі біраз уақытқа шейін ұстасып жүрген. Сол арада отырған
Байболаттың жақыны Қалмен һəм Иван Айсилианов деген орыс екеуін
айырып екі жаққа алып кеткен. Қызыл шалбарлы бір орыс Григорий
Айсилианов Қалменді келіп ұра бастады. Қалмен қашып кеткен. Байболат
үйде қала берген. Орыстардың ішінде келген бір ноғай Уалиев
төбелеспеңдер, қойыңдар деп, Байболатты қорғанышқа алып кетті.
Куəлердің жауабына қарағанда орыстар көп, қазақтар төртеу-ақ болған.
Оның біреуі өлген. Ерғаш төбелеске кіріспей аулақ отырған. Куəлер оны
неге өлтіргенін білмейміз де, түсінбейміз де дейді.
Жерден қуамыз деп орыстар қорқытты. Дегенмен де Данагүл мен Қалмен
айтады: «су бермеген соң орыс шала қазақшасына орыс сөздерін қосып
шатып, бəлдір-батпақ тілмен бұл жерден сендерді қуамыз, мұнда тұрғындар
орнайды», – деп айтты дейді.
Төбелестің себебі:
Трибуналда һəм Сафаров жолдаста төбелестің шын себебін білгісі келеді.
Қалмен куəнің жауабына қарағанда төбелестің һəм мұжықтардың қызуы
көтеріңкі болуы қазақтарды жерінен қуып басқа жаққа аударғысы келген
шығар деймін дейді.
Қамау, айдау һəм қинау
Байболатты қорғанышқа əкеткеннің артынан біраздан соң Григорий
Айсилианов қолына таяқ алып үйге кіріп, Байболатты қолынан алып,
исполкомға барасың, артымнан жүр дейді. Сонан соң қазақтарды бірінің
артынан бірін тізбектеп, артына қаратпастан қуып айдаған.
Мұжықтар əуелі əйелдерді де əкетіп еді. Бірақ қорғаншыға жақындаған соң
оларды қоя берген.
Байболат пен Қалменнің жауабына қарағанда, қазақтарды артынан сабап
қуып ұрған. Өз көздерімен көре алмаған соң кімнің ұрғанын біле алмайды.
Ақырында Новопокровскы поселкіге əкелген. Барсоков «старстаның»
қолына тапсырған. Біраздан соң баяғы Григорий тағы келіп, бір сарт
қамшымен сабаған, Брегельді келіп сабаған. Жəне «староста» да келіп əуелі
қамшымен, сонан соң таяқпен сабап, ақырында аяғымен кеудеге тепкен.
Байболат Қалменнен көрі таяқты көбірек жеген. Есінен айырылып, бірнеше
күн жатқан.
Қалменнің айтуына қарағанда, тұрғын орыстар қазақты демін алып сабаған.
Бұл «сүйкімді» жұмысқа шұғыл тірелгендер баяғы сол Григорий һəм
Барсаков қыстауларыңды тастап кетесіңдер сендерге жаман болады деген.
Егер кетуге риза болсаңдар сендерге тимей қоя береміз деген. Барсаковтың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.