Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32

Total number of words is 3369
Total number of unique words is 1628
23.2 of words are in the 2000 most common words
33.1 of words are in the 5000 most common words
38.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
территориясын алды. Жоғарыда көрсетілген өңірлерге қоса бұрынғы
Сырдария, Жетісу мен Амудария уалаяттарының қазақтар тұратын бөлігі
қосылды. Қазақстан астанасы Ақмешіт шаһарына көшірілді1.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының кеңдігі 2 миллион 960 мың шаршы
километр. Яғни қазіргі Англия, Франция, Алмания, Италия, Швейцария мен
Норвегия мемлекеттері тұтастай алынғанда да Қазақстан үлкенірек.
1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6 миллион 503 мың халық
жасайды.
Бұл көрсетілген шаманың мөлшермен жүзде 30-ы орыс жəне украин
эмигранттары. 540 мыңдай көрсетілген қала халқының көбі (шамамен
жүзде 53-ы) орыстар.
Орыс диқан эмигранттары өлкенің ең құнарлы жерлеріне жерлестірілді.
Олардың көпшілігі Қостанай, Ақмола округтері мен Семей, Жетісу жəне
Сырдария округтерінің суғарылатын аймақтарына орнықтырылған.
Жалғыз Қазақстанның емес, бүкіл Советтер Одағының ең құйқалы
жерлерінен саналған Қостанайда, Ақмола округтеріне орыс эмигранттары
барынша көп орналастырылған. Бұл жер ауып келгендер Қостанайда
халықтың жүзде 62 жарымын, Ақмолада жүзде 54 жарымын құрайды.
Советтік Россияның Қазақстандағы ұлттық саясаты характері бұл арада
егжей-тегжейіне жете айтудың керектігі шамалы. «Жас Түркістанның»
дерлік барлық санында, бұл совет ұлттық саясатының көрінісін жетерлік
дəрежеде жазудамыз. Осы арада Советтік Россияның эмиграция саясаты
жайлы бірнеше сөз айтып өтеміз. Осы эмиграция саясаты орыс əкімдігінің
Түркістанда не ойлайтындықтарын ашық түсіндіріп бере алады.
1924 жылы Совет Одағы Орталық Комитеті Қазақстанның көшпелі,
жартылай көшпелі аудандары үшін жер заңын қабылдады. Бұл заңның 14
тармағы «Көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандарда жергіліктендіруге
жер беру істері бүтіндей аяқтағанша эмигранттарға да, жат жұрттықтарға да
жер берілмейді» дейді.
Еңбек жəне əскери кеңестің 1924 жылы 17 октябрь күнгі тарихи қарарында
«Совет үкіметінің төңкеріске дейінгі орыс эми грация саясатын бүтіндей
терістейтіндігін, тұрғылықты халық жермен түгел қамтылғанша, ешбір
жерде эмигрант орналастыруға рұқсат берілмейді» делінген.
Қазақстан Атқару Комитеті осы заңға сүйеніп, 1925 жылы бір қарар
шығарды. Аталған қарар бойынша Қазақстан топырағына өз еркімен келіп
жатқан эмигранттар жер алу құқынан мақұрым етіледі. Тек бұл қарар
Москва қайраткері Голощекиннің талап етуімен күшін жойды. Голощекин
бұл бұйрығын орындату үшін қазақ коммунистеріне орыс қызыл əскерінің
күшімен доқ көрсетті2. Мұндай жолдармен Қазақстанға ағылып жатқан
орыс мұжықтарының қазақ жеріне ие болулары жалғасты...
Қазақ коммунистері арасында наразылықтар басталды. Атақты
коммунистердің көбі оппозицияға қосылып кетті. Смағұл Сəдуақасұлы
«Большевик» деген Москва журналына көлемді бір мақала жария етті (1928
жыл, январь). Смағұл Сəдуақасұлы ол мақаласында Риков, Калинин,
Зеленский, Голощекин жəне өзге басты-басты Москва коммунистерін
колонизаторлық əрі империалистігі үшін айыптады.
Совет үкіметінің «көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандарда жергілікті
халық жермен толық қамтылғанша эмигранттарға жер беруге шектеу
салған» заңын қорғаумен ғана бой көрсеткен қазақ коммунистерінің бұл өре
түрегелулеріне Совет Одағы Атқару Комитеті жаңадан қабылданған
«эмиграция комитетіне» (ескі шар Россияда «эмиграция мекемесі») жаңадан
салынып жатқан «Түрксиб» темір жол төңірегіне эмигранттар
орналастыруға жарарлық «қанша жер барлығын белгілеу» əмірін берумен
жауап берді.
Бұл əмірден бір ай кейін «эмиграция комитеті» 1928 ден 1933 жылға шейін
«Түрксиб» темір жолы маңайына 400 мың орыс мұжығын орналастыру
мүмкін болғандығын көрсетті. 1928 жылдың 27 апрелінде ауылшаруашылық
комиссары эмигрант əкелу үшін Қазақстанда жедел шаралар қабылдауға
бұйрық берді.
Міне, осы арқылы Совет үкіметі өз қарарынан айныды. Түркістанның қазақ
бөлігіне де орыс мұжықтары сел есебінде ағылып келіп жатты. Бұл орыс
мұжықтарына көбірек жер басып алып беру, онымен қоса орыс
мұжықтарын Түркістанға барынша орнықтыру үшін совет үкіметі өзінің
«көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруаларды орналастыру» заңын
орындаудан бас тартты.
Соңғы айлардағы қазақ газеталары қазақ халқын орналастыру ісінің жол
ортадан жоқ болып кеткенінен жасаған шағымдарымен толы. Орыс
эмигранттары күн сайын қара құрттай қаптап барады...
Қазақстан он жылдығын мерекелейтін түркістандықтардың совет үкіметі
саясатын, онда да эмиграция саясатын зерделей тексерулері керек.
Түркістанның жер асты байлықтары
(І)
Түркістанның кен тарауларында вулкан тастар көп кездесетіндіктен ол
жерлердің түрлі элементтерге бай екендігі бұрыннан белгілі жағдай еді.
Өткен замандарда Түркістандағы алтын һəм тас тұзы кендерінен
айтарлықтай көлемде алтын жəне тұз шығарылғандығы тарихтан белгілі.
Самарқанттан өтетін өзеннің «Зарафшан» (алтын шашушы) аталуы да
бұрындары оның сағасында алтын кені бар болғандығын айғақтаса керек.
Бірақ ескіде ол кендер жергілікті халық тарапынан қарапайым əдістер
арқылы игерілді.
Түркістан жер асты байлықтарының ғылыми барлануы өткен ғасырдың 80жылдарында Мушкетов есімді зерттеушінің саяхаттарынан басталды. Бұл
ғалым Түркістанды шарлағанда ең бастысы көмір мен жермайы (мұнай)
кендерін іздеген еді. Мушкетовтан кейін бірнеше орыс һəм Еуропаның
ғалымдары Түркістанда кəсіби зерттеулер жүргізумен болды. Жиналған
мəліметтер бойынша біраз еңбектерді жарыққа шығарды. Қазірге дейін
жүргізілген тексерістердің нəтижесі əрі жинақталған мəліметтер
Түркістанда төмендегі элементтердің кендері барлығын көрсетеді: алтын,
тірі күміс (сынап), бақыр, тотияйын, күміс, қорғасын, темір, манган,
антимун. Тас көмір, ас тұзы, глаубер тұзы, күкірт, ашутас, мұнай, мəрмəр,
қалыптас, т.б.
Бұлардың əрбірі хақында бұл мақалада толық мəлімет беруге мүмкіндік
жоқ. Алайда олардың ең негізгі əрі маңыздылары туралы қысқаша жазып
өту пайдасыз болмаса керек.
Ac тұзы. Түркістаннан табылатын элементтер ішінде ас тұзы молдығы
жағынан бірінші орында тұрады. Ол таулы жерлерде жəне далалардағы тұз
кендерінен тас тұз күйінде жəне бірнеше тұзды көлдерден майдамайда көл
тұзы күйінде шығарылады. Ең ірі тас тұзы кендері мыналар: Ыстықкөлдің
батыс жағындағы «Қошқар» кені, Ескендір тауының солтүстігіндегі
«Наурыз» өзені жанында «Наурыз» кені, «Бардынкөл» кені («Ақ шеке»
саласында), «Қос Қаранар» кені, «Шелекен» тұз кені (Каспий (Хазар)
теңізіндегі Шелекен жағасы), «Бала есім» кені т.б. Ең маңызды тұзды көлдер
«Жақсы қылыш» (Қазалыға жақын), «Арыс» (Ақмешіт жанында), «Тұзхан»
(Нұра тауының етегінде), «Қарикен» жəне басқалары.
«Бұл кен жəне көлдерде барланған ас тұзының көлемі жүз миллион
тоннадай болып, барлығы дерлік ел ішіне жəне көрші мемлекеттерге де
шығарылып сатылады. Түркістанда ас тұзынан басқа химия өндірісінде
маңызға ие болған Глаубер тұзы да бар. Каспийдің (Хазардың) «Қара
бұғазында» бұл тұздың қоры бір миллиард тонна. «Глаубер тұзы» табиғатта
мұншалықты көп көлемде дүниенің ешбір жерінде бұған дейін кездеспеген,
«Қара бұғаз» жағырапия тарихында сирек бір оқиға.
Мұнай. Түркістанда қазірге дейін табылған мұнай кендері екі сағада: Хазар
теңізінің шығысында жəне Ферғанада.
Бірінші сағаның мұнай қорлары «Шелекен», «Нефтетау», «Бала есім»
станциясы жанындағы «Шығыстардың» атырабында. Бұлардың ең
маңыздысы – «Шелекен» кендері. Түркімендер бұл кендерден (құдық
қазып) ескі замандардан бері мұнай шығарар еді. Бұл жерде шығарылатын
мұнайлар Баку мұнайынан да жақсырақ.
Ферғанадағы мұнай элементтерінің ең маңыздылары «Майлысай» мен
«Чимиян» кендері. «Чимиян» Ферғана мұнай өндірісінің орталығы
саналады. Бұл кендердегі мұнай қорлары 45 миллион тонна.
Бұл мұнай кендерімен бір қатарда азукерит, асфальт кендері де бар.
Таскөмір. Тас көмір ескіден бері «Қаратаудың» батыс сыртында, «Ойғам»
сайында, Ташкент пен Ходжент қалаларының атырабында, анығы, «Боуам»
жеріндегі кендерден шығарылады. Бірақ техникалық жағы жетерлік
болмағаны себепті ол кендердің жұмысы тоқтап қалған еді. Бірақ кейін
мемлекетте темір жолдар салынып, көмірге қажеттілік артқаннан соң көмір
кендерінің маңызы да артты, əсіресе, Ферғана көмір кендері назарды аудара
бастады. Дүние сұранысына сай Ферғанада қолайлы бір шарт-жағдай
астында 20 жерде көмір кені жұмыс істеуде əрі бұл кендердің барлығынан
жылына 40 мың тоннаға дейін көмір шығарылуда еді. Ходжентте, əрі
Əулиеата маңында «антратиет» (көмір жынысы) кендері табылған болса да,
ол кезде бұл кендер игерілмеген еді.
Түркістанда өткен жылдың соңына таман мағлұм болған барлық көмір
көздерінің қорлары 400 миллион тоннаға жуық деп есептелінген. Бірақ
совет профессорларынан Мухинның осыдан екі ай бұрын совет мамандары
құрылтайында жасаған баяндамасында Орта Азия кендерінде барланған тас
көмірдің мөлшері – Орта Азия тау-кен мекемесі (СаГРУ) тарапынан
жаңадан жасалған есеп бойынша 2 миллиард тоннадай болып, бұл
мөлшердің жүзден тоқсаны Ферғанада, қалған жүзден ондайы басқа сағада
екендігі айтылған. Бұлар Ыстықкөл (2,5 миллион тонна), Ташкент,
Түркіменстан жəне Маңғышлақ мекендері (бұл есепке қазіргі
Қазақстандағы көмір кендері кірмейді).
Күкірт. Түркістанда көп күкірт кендері бар. Олардың көбінен таза күкірт
құрамы алынады. Ең маңызды күкірт кені «Қарақұм» даласының
орталарындағы «шейх» құдықтарының төңірегінде. Бұл кендерді тапқан əрі
тексерген Коншин деген ғалымның есептеуінше, бұлардың біреуінің күкірт
қоры миллион тоннаға жуық. Күкірттері жақсы сапаға ие (80% таза күкірт).
Екінші бір маңызды күкірт кені Ферғанада – Ходженттің батыс оңтүстігінде
«Шор-су» сайында. Қоқан хандары бұл кеннің күкіртінен порох (мылтық
дəрісі) жасатар еді.
Темір. Түркістанның бірнеше нүктелерінде түрлі жынысты темір кендерінің
бар екендігі көптен бері мағлұм еді. Бірақ бұлардың ешбірінің темірге бай
болуы назарды аудармайтын. Ең маңызды темір кендері «Қойбин»
тауларының оңтүстік етектерінде, «Іле» өзенінің сайында жəне
«Піскен» өзенінің жоғарғы ағыстарынан табылған еді. Өткен ғасырдың 80жылдарында ғалым Мушкетов «Құрама» тауларында, «Қара мазар»
мекенінің шығыс сағаларында, Наманган атырабында бірнеше темір кенін
ашқан əрі бұларды байлығы жағынан Орал темір кендерімен теңдей қойған
еді. Мухинның баяндамасына қарағанда, Орта Азия байлығы – совет
мамандарының жаңадан жасаған тексерісі мен есептеулері бойынша тіпті
Оралды да артта қалдырды. Қазіргі Тəжікстанның оңтүстігіндегі
Қызылтемір кендері байлығы жағынан Орал тауларындағы «Благодать» пен
«Магнитті тау» кендерімен теңестірерлік дəрежеде.
Алтын. Мақаланың басында айтылғанындай Түркістанда алтын кендерінің
барлығы бағзы замандарда-ақ мағлұм еді. Үлкен Ескендірдің Түркістан
жағы да Түркістан алтынының сол кездегі қайнары болған. Орыс
императоры Дели Петрдің Түркістан алтындарына қызығып, арнайы бір
тексеруші топ жібергені де мағлұм бір ақиқат. Осымен бірге Түркістандағы
алтын кендерінде барланған алтын қорлары хақында зерттеушілердің
пікірлері түрліше болған. Қазірге дейін Түркістанның ешбір жерінде
алтынның төл ана тамыры табылмаған. Ендігі маңызды алтын кендері
Жаркент өңіріндегі «Кетпен» өзенінде жəне шығыс Бұхараның бұрынғы
Белжиуан бектігіндегі «Иехсу» өзенінде. Бұл кендерде алтын көп емес əрі
өндіріліп жатқан алтын да өте аз мөлшерде.
Мыс. Түркістанның мыс кендері алтынға қарағанда көбірек маңызға ие.
Бұлар көбінше Жоңғар Алатауында, Ферғана мен Самарқанд тауларында
кездеседі. Соңғы тексерулерге қарағанда Ферғанадағы (Жаңамарғұлан) мыс
кендерінің құрамы үлкен көлемде «радиум», «уран» жəне «ванадинді»
қамтиды. Медицина, химия жəне үлкен маңызға ие өте қымбат бұл
«радиум» элементінің бір грамын саф күйінде алу үшін мыс көздерінен
алты мың пұттан (97 тонна) артық қажет емес. Орыстар бұл көздерді
Ленинград қаласындагы фабрикаларға тасуда.
Күміс-қорғасын. Түркістанда күміс-қорғасын құрамды кендер де бар. Бірақ
бұрынғы тексерістерге қарағанда олардың мөлшері аз жəне өндіріс
тұрғысынан маңызы кем. Олардың ең көрнектілері: Жұмғол тауларындағы
қорғасын кені, Шаршық өзенінің Көксудағы күміс-қорғасын жынысы. Бұл
кендерден шығарылатын мөлшер айтарлықтай аз.
Қорғасын-тотияйын. Тотияйын Түркістанның бірнеше жерлерінде
қорғасынмен барабар ортақ көздерден табылуда. Түркістан қаласы
жанындағы Милисай жəне Ходжент қаласының солтүстігіндегі Қарамазар
кендерінде совет мəліметтеріне қарағанда мол құрамда кездеседі. Мұндағы
кендердің жалпы саны 250 шақты болып, бұлардан 14-ы қорғасын мен
тотияйын өндірісінде айырықша маңызға ие.
Арсеник пен антимун. Жоғарыдағы тотияйын кендерінің орнында арсеник
кені де табылған. Большевиктердің биыл бұл кеннен де пайдалану ойы бар.
Ферғана (бұрынғы «Жаңамарғұлан») қаласынан оңтүстікке таяу антимун
кені бар. Бұл кеннің байлығы 53 мың тонна шамасында. Антимун құнды бір
элемент. Совет үкіметі осы уақытқа дейін мұны шетелден алып келген еді.
Сынап. Антимун кенінен оңтүстікке қарай тірі күміс-сынап табасыз. Мұның
барланған қоры 16 мың тонна шамасында. Тірі күміс Түркістанның басқа
бөліктерінде, əсіресе, Түркіменстанда мол.
Түркістанда жоғарыда жазылған құрамдардан басқа химия өндірісіне іске
асатын төмендегі металдар да табылады:
Ажутас (Наманган өңірі), қалыптас, пирузе (Қарамазарда), құрылысқа
істетілетін құрамынан Түркістанда көп мөлшерде симан, əк, мəрмəр, харсан
жəне əртүрлі топырақтар бар. Қызылқия жүлгесінде отқа шыдамды топырақ
түрі бар. Мұндай топырақтар Сорап, Көкжаңғақ, Хингранда да бар.
Арасан жəне ыстық бұлақтар. Түркістанның таулы жоталарындағы
арасандар мен ыстық бұлақтар көбінесе халық бұқарасы тарапынан емге
пайдаланылады.
Жоғарыдағы мағлұматтардан байқалатыны – сүйікті жұртымыз Түркістан
өзінің дамуы мен өркендеуіне қажетті болған нəрселердің көбін өз
қойнауында сақтап келген жəне қазірге дейін сақтауда.
Өкініштісі – оның осы қазынасы да басқа байлықтары мен өнімдері тəрізді
Россияның абаттануы мен орыстықтың пайдасы үшін бауырынан қазылып
алынуда.
Шағатай
Түркістанның жер асты байлықтары
(ІІ)
«Жас Түркістанның» 18 санында жоғарыдағы тақырыппен берілген
мағлұматқа қосымша, мұнда, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі дала
уəлаяттарының жер асты байлықтары туралы қысқаша мəлімет беріп
өтпекшіміз.
Сөз басын өлкенің өзі жайлы əңгімеден бастадық.
Орыстар Түркістанның бұл солтүстік сағасын жаулап ала бастаған соң
басқару мақсатымен оны Ақмола, Семей, Орал, Торғай деген төрт уəлаятқа
бөлді де, Түркістанның басқа өңірлік құрлымға қосып жіберді. Уыстарынан
шығып кетер деген үрейімен өлкенің күншығысына Сібір казактарын (2),
күнбатысында Орал казактары үшін арнайы жерлер бөліп, оларды осы
өлкеге сіңістірді. Бұдан бөлек орыс үкіметі жүйелі түрде орыстар əкеліп
қоныстандырып, түрік халқына қарсы пайдаланды.
Орыс патшалық билігі құлап, орнына орыс большевиктері келгеннен кейін
большевиктер басқа өлкелердегі істегеніндей бұл жерде де бірнеше мəрте
өзгертулер жасап, автономиялы Қазақстан кеңес республикасы айдарын
тағып, өлкені басыбүтін Россияға тəуелді етті.
Тікелей Россия кеңес республикасына тəуелденген «автономиялы
республика» қазіргі үлгісінде Ақтөбе, Ақмола, Се мей, Жетісу жəне
Сырдария атындағы алты уəлаяттан, Адай үйезі, Қостанай округінен жəне
Қарақалпақ автономиясынан құралады.
2960000 шаршы километрі аумақты алып жатқан елдің жан саны
статистикаға сүйегенде 6591700 адам болып, мұның 539300-ы (8,3 пайызы)
қала халқы, қалғаны қыстақ пен ауылды аймақтан. 1930 жылғы совет
баспасөзінде 1928 жыл басында бүкіл халық саны 6667400-ге жеткенін
айтады. Ұлттық құрам бойынша халықтың жүзде 62,2-ін түркілер, жүзде
18,1-ін украиналықтар мен басқалар, жүзде 19,7-сін орыстар құрайды.
Бұл кіріспеден кейін негізгі тақырыбымызға қайтып ораламыз.
Өлкенің бірнеше жеріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған ескі мұралар
– көне заманның өзінде мұнда өмір сүрген халықтардың таулардағы
металдарды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұл металл кендері қазір де
маңыздарын жоғалтқан жоқ. Бұрыннан-ақ табылған металдар мыналар еді:
алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын мен бірнеше түрлі реңді тастар. Бұдан
кейін сапасы жоғары тас көмір мен мұнай барлығы да белгілі болды.
Алтын. Ең көп алтын табылатын жерлер – Калбин, Нарын, Күршім таулары.
Қарқаралы өңіріндегі Қарасу мен Көкшетау маңайы Сары мен
Қожыкөлбұлақ өзендерде жұлдыз типтес алтынның бар екендігі көптен
мəлім еді. Егер өлкеде негізгі жəне толыққанды тексеріс жүргізілсе, жұлдыз
типтес алтынның тағы басқа жерлерде де көптен табылуы мүмкін екендігі
алға қойылуда. Шығарылатын алтын əдетте өте кішкене, мөлшермен 4,5
қадақ ауырлығында болған алтын тамырлары да кездеседі. Мұндағы
кендердің алтын қоры əртүрлі. Калбин мен Күршім кендері ең бай
саналады. Бұл жақтағы 123 кеннен 1897 жылы 32 пұттан артығырақ таза
алтын шығарылған еді. Көкшетау өңірінде де бірнеше алтын кені бар.
Алайда ол кендер қоры жағынан онша бай емес.
Күміс. Бұл металл, əсіресе Қарқаралы тауларынан шығарылады. Таза қоры
аз. Көбінесе қорғасынмен барабар тамырласқан. Ең ірі күміс кені –
Қозыадыр. Бұл кеннен шығатын күміс-қорғасын түйінінің əр пұтында 4
мысқалдан 12 мысқалға дейін күміс, 20-25 қадақ шамасында қорғасын
құрамы алынады.
Қызыласып. Қосқопқыр мен Диян кендері де солай. Бірақ Диян кенінің
күміс құрамы жоғарырақ (əр пұтта 25 мысқал күміс). Бұлардан басқа тағы
бірнеше кішкене кендер де бар (мысалы, Торғай уəлаятындағы Қорғаш,
Обалыхал кендері).
Мыс. Мыс құрамдар да біршама көп жəне əдетте күміс-қорғасын
түйіндерімен бір жерде кездеседі. Мыс кендері əсіресе, Қарқаралы таулары
мен Көкшетау, Павлодар өңірлерінде. Екінші дəрежеде маңызды болған мыс
кендері төмендегілер: Мұржық, т.б.
Темір құрамдары салыстырмалы аз. Бəлкім, бұл өңірлерде темір де көп
болуы мүмкін, тек əліге жергілікті тексерілмеген. Отқаған тауының
жанында (Семей уəлаятында) табылған темір тасының ішінде титан атты
құрам бар екені мəлім болған. Қу тауының солтүстігіндегі Ақжеке
жақтарында темір құрамдары (59 пайызы темір). Кентөбе қызыл
темірқұрамы (60 пайызы темір) мен Жалпас тауында магнитті темір тастары
ұшырасады.
Манган. Бұл элементтің құрамдары əлі жүйелі түрде тексерілмеген.
Сондықтан бізге тек бірнеше манган кені белгілі. Ең əйдік əрі маңызды
манган кендері Мұржық, Ұзын жəне Арқалық тауларындағы кендер.
Бұлардың барлығынан жылына тек 5 мың пұт шамасында манган құрамы
шығарылды.
Тас көмір. Дала уəлаяттарының бірнеше жерлерінде үлкенді-кішілі 35 көмір
кені бар. Көмірге ең бай болған өңірлер Павлодар, Қарқаралы, Ақмола жəне
Зайсан. Павлодарда төрт ірі көмір кені бар:
1) Қызылтау кені. Өз кезінде көмірдің ерекше сапалы болуымен мəшһүр бо
лды. 2) Қарағанды кені. 3) Жамантұз кені. 4) Ақжеке кені. Бірақ Қужеке мен
Екібастұз көмір кендері одан маңыздырақ. Қужеке көмір қоры 20 шақырым
кеңдіктегі бір тереңді құрайды. Оның көмірлі орнының үлкендігі нақты
түрде өлшенбеген болса да ішінде кейбірі аршын қалыңдықта көмір
қаптары кездескен. Шығарылған көмірлердің сапалы екендігіне мамандар
пікір білдірген (Семенов Тянь-Шаньскийдің жағырапия кітабы).
Екібастұз кені осы аттас шағын бір көлдің төңірегінде бо лып, өлкенің басқа
кендері арасында айырықша маңызды жəне өзі де бірнеше шахтадан
тұрады. Семей уəлаятында Павлодар қаласының 140 километр
қашықтығында болған бұл Екібастұз көмір құрамының қоры жарты
миллиард тонна шамасында. Қазір де бұл жерде совет билігі жағынан
дүниежүзілік соғыстан бұрынғы көлеммен салыстырғанда 50 пайыз артық
көмір шығарылуда.
Соңғы совет мəліметіне сай Қарағанды көмір кенінің көмір қоры 5
миллиард тонна шамасында. Демек, өлкенің ең бай көмір кені саналады. Бұл
қордан тиімді пайдалана білу үшін совет үкіметі Қостанай – Ақмола –
Қарағанды темір жол жобасын құрды жəне үлкен электронды станциясын
салу ниетінде.
Бұлардан басқа Түркістан – Сібір темір жолында істелген Тоқтанай мен
Тарбағатай көмір кендері де зор маңызға ие. Қостанай өңірінде бірнеше
жерде тас көмір кендері де бар.
Мұнай. Дала уəлаяттарында Ойыл, Сағыз жəне Эмба (Жем) өзендерінің
сағаларында мұнай қорларының бар екендігі 1850 жылы-ақ білінген еді.
Кейіннен мамандардың жүйелі тексерістері нəтижесінде бұл мұнай
қорларының түзілулері мен мөлшерлері нақты анықтала бастады.
Бұрындары ең ірі мұнай алабы «Қарашөңгел» тұзды көлінің тереңдігінен
Қарашөңгел кені еді. Бұл қордың мұнайы химиялық түзілісі жағынан ең
сапалы əрі Баку мұнайынан да таза құрамды саналар еді.
Кейінгі кездерде Эмба (Жем) өзені сағасындағы жəне Орал өңіріндегі мұнай
қорлары ерекше маңызға ие бола бастады. Эмба қорының мұнайы жеңіл, ал
Орал қорының мұнайы ауыр болып келеді.
Орал – Эмба мұнай алабы Каспий теңізі бойында болғаны үшін маңызы
жоғары. Бұл алаптан 1915 жылы 263 мың тонна мұнай өндірілген еді. Одан
кейін өндіру көлемі кеміді. 1919 жыл тек 26 мың тонна мұнай шығарылды,
алайда кейіннен тұтыну артып, 1927 жылы 253 мың тоннаға шықты. 1930
жылы болса 260 мың тонна мұнай шығарылды.
Тұз. Өлкеде ең көп болған нəрсе – ас тұзы. Ас тұзы өлкенің əртарапындағы
санақсыз тұзды көлдерден алынады.
Дала өлкелерінің басқа жер асты байлықтарынан ақ тасы мен кесек тасты
атай аламыз. Бұл тастардан құрылысқа керекті болған əк жəне кесек
пісіріледі. Сонымен қатар осы аймақтан тапшы ақ топырақты да табуға
болады. Бұл топырақ 1500 градуста жұмсалып иленеді. Бірнеше жерлерде
ақ бор, диірмен тасы, құм тастар сияқты құрамдарды да кездестіре аламыз.
Көкшетау мен Қарқаралы аймағында əр түрлі реңді тастар да табылады.
Бұл мақала үшін төмендегі еңбектер пайдаланылды: 1. Семенов
ТянъШанъскийдің «Киргизский край»; 2. 1930 жылы жарық көрген «Наш
Союз. Казахстан и Киргизия»; 3. 1929 жылы басылым көрген «СССР по
району Казахстан» В.В. Вощинин; 4. 1928 жылы жарық көрген «Атлас
СССР».
«Түркістан уəлаяты» («Туркестанский край») кітабының жазушы князь
Масалский «Жетісу уəлаятына қоныстандырылған казактар Сібір
казактарынан сайланып алынған ең жаман элементтерден» дейді (Кітаптың
321 бетіне қаралсын).
Ескерту: Түркістанның Қазақстан бөлігіндегі жер асты байлықтары
хақында айтқанда алтын, мыс, қорғасын һəм тас көмір сияқты құрамдарға
бай болған Қарсақбай, Жезқазған, Риддер жəне Байқоңыр кендерін атамай
өте алмаймыз. Бұл кендермен де «Жас Түркістан» оқырмандарын
айырықша мақала арқылы таныстырамыз.
Шағатай
Түркістанның жер асты байлықтары
III
(Қарамазар металл кендері)
«Жас Түркістанның» 18 жəне 21 сандарында Түркістанның жер асты
байлықтары хақында берілген жалпы мағлұматқа қосымша боларлық бұл
жерде (уəдеміз бойынша) Қарамазар кендері жайлы біраз жазып өтпекшіміз.
Қарамазар металл кендерінің бірнеше жүздеген түрлері Ходжент қаласынан
40 шақырым солтүстік батысындағы Қарамазар тауларында кездеседі. Бұл
кен орындарында жиі табылатын элементтер – қорғасын, тотяйын жəне
мыс. Десе де бұлардан бөлек күміс, қалайы, алтын, уран, сурме, арсеник,
радюм, уолграм, мо либден, кадмюм, уисмот һəм ғимарат тастары т.б.
элементтер бар əрі біршама мөлшерде шығарылды.
Қарамазар кендерінің пайдаланылуы тарихы біршама ұзақ. Мысалы, батыс
Қарамазар кендерін оныншы, тіптен жетінші ғасырлардың өзіндеақ адамдар
қазып пайдаланғаны белгілі болуда жəне қазіргі кезде табылған мыңға жуық
ескі қазба іздері бұл тұжырымның дұрыстығын растайды. Ол іздердің
кейбіреулері қазірге дейін де жақсы сақталған жəне араларында 30-50 метр
терең болғандары да бар («Правда Востока», 23.09.31).
Қарамазар кендерінің байлығы мен маңызы айрықша жоғары. Қорғасын мен
тотияйын қоры жағынан Қарамазар осы реттегі ең үлкен кендерден
саналатын Риддер мен Гурман кендерін де артта қалдырады. Оның
Алмалық деген мыс кені соңғы зерттеулерге қарағанда Кеңес Одағының ең
үлкен мыс кендерінен саналған Қоңыраттағы Арал теңізінің оңтүстігінен де
бай. Қарамазар кендері қолайлығы жағынан пайдалануға басқа кен дерден
де ұрымтал. Ташкент, Ходжент сияқты үлкен қалалар мен Ферғана уəлаяты
орталығында орын тебуі, солтүстіктен Пингран, Шыршық сулары,
оңтүстіктен Сырдария өзенімен қоршалған əрі бір автомобиль жолымен
Ташкент – Ходжент жолына жалғанған болуы һəм жақында жасалып бітетін
Ташкент – Мельников темір жолына жақындығы Қарамазардың маңызын
тіптен арттыра түсті.
Қарамазардың ең үлкен жəне маңызды кендері төмендегілер:
Алмалық. Қарамазар тауының солтүстік сыртындағы бұл мыс кендері
ескіден-ақ мəлім еді. Тек соңғы жүйелі зерттеулер нəтижесінде байлығының
молдығы мен маңызының үлкендігі анықталды.
Тəкелі. Құрама тауларының оңтүстік батыс ауданына тəн бұл кендерде
күмісті қорғасын – тотияйын көздері мен арсеник табылады. Бұл жерлерден
тек тотияйын шығатын көздер де бар болып, тазалығы 40-50 пайызды
құрайды. Аталғандардан бөлек аз көлемде күміс-қорғасын мен темір
көздері, түрлі-түрлі реңді тастар кені де бар.
Бор. Тəкелінің шығысында жатқан бұл өңірде ескі жəне жеке кендердің
көптігі жағынан бүкіл Қарамазарда алғашқы орынды иеленеді. Осы
алқаптан 150 километрлік шалғайда 800-ден артық пайдаланылудағы
кендер жəне жүз шақты металл көздері бар. Аталған өңірдің шығыс
жағындағы 12 кенде бағалы элементтерден болған радиоактивті уран қоры
бар. Мұндағы бұлақ сулары да радиоактивтік қасиетке ие.
Кенсай. Табаширдің оңтүстігіндегі бұл өңірдің кендерінен жоғары пайызды
қорғасын-тотияйын элементтері табылады. Екеуінен тыс мыс күміс пен
кадиюмдердің де қоры бар. Осы Кенсайда Оңтүстік дарбаза, Окуртау,
Кентас (темір) құрамды кендер мен Таскескен сынды ғимарат кені де
маңызға ие.
Бұлардан басқа Қарамазардың оңтүстігінде қорғасын, тоти яйын, уран,
радиум жəне темір элементтері шығарылды əрі бұлар тұтас Қарамазар
қорының 88 пайыз үлесін құрайды.
Масалский Қарамазардың көнеден əйгілі кен орны болғандығы жайлы
жазған əйгілі кітабында жоғарыда айтылған кендерден басқа фирузе
тасының да барлығын айтады.
Большевиктер кейінгі уақыттарда Қарамазар кендеріне аса үлкен мəн беріп
келеді. Əсіресе, соңғы айларда олардың Қарамазармен айналысулары
төтенше арта түсті. Түркістан совет баспасөзінің барлық дерлік санында бұл
туралы мақалалар жариялана бастады. Ходжент қаласында он күнге (1929,
октябрь) жалғасқан Қарамазар құрылтайы өтті. Бірнеше баяндамалар
оқылып, кен қайнарларына кəсіби зерттеулер қорытындысы бойынша
қарарлар шығарылды.
Россия большевиктері Қарамазар кендерінің ең жоғары шекте игерілуі үшін
саналарына сыйған барлық шаралар мен əдістерді қолданып бағуда. Осы
мақсат жолында олар «Қарамазар строй», «Алмалық строй» аттарымен мекемелер құрып, жоспарларын бекітуде. Осы жоспарға сай Қарамазар
кендерінен шығарылған тотияйын көздері Ярослав қаласындағы бір
фабрикаға тасылып, ол жерде өңделмек жəне қолданылмақ. Совет үкіметі
осы арқылы шетелден сатып алу мəжбүрлігінен құтылмақ ниетте. 1932
жылы Ходжент қаласында қорғасын фабрикасының құрылуы Кенсай мен
Текелі кендері жанында кеншілер үшін 15 мың мен 2 мыңдық екі түрғын үй
салу көзделген. Тіпті, осы фабрикада істемекке Россиядан 200 «арнайы
жұмыскердің» əкелінуі хақында қазірден-ақ орталықпен (Москва) келісімге
қол қойылған («Правда Востока», 17.09.31).
«Келісімге» қол қоюды қажетсінбей-ақ Түркістанға ағылып жатқан орыс
«арнайы жұмысшыларының» санын кім білсін, қанша мыңға жетерін.
Орыстар бір оқпен екі қоян атуда һəм Түркістанды орыстармен толтыруда,
оның табиғи байлылығына қол сұғуда. Түркістанның ұлттық күшін
арттырып, мемлекетке ұлттық пайда əкелуі қажет болған Түркістан жер
асты бйлықтары жұртымызда орыстардың көбеюіне жəне орыс пролетариат
диктатурасының күшеюіне себеп болуда.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.