Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14

Total number of words is 4130
Total number of unique words is 1995
32.2 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
52.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болмасаң аштан өлесің. Жаз болса қыдырып қымыз ішкен, көрші ауылдың
түтінін күзеткен біздің қазақ жігіті. Бізге бұл жұрт тіршілігі мысал бола ма?
15-те отырып, тамақ асырайтын болсаң, 15-тен жер ал, 15-ке мал бақпақ
болсаң адасқаның, қаңғырғаның. Міне, біздің білгеніміз.
Қыр баласы
Оренбург, сентябрь 14
Ішкі Россиядан ауып келген мұжық қазақ жеріне қара ағаштай қаптады.
Бұларға неге келді деп өкпелеуге болмайды. Басы артық жерге ақ сүйектер
мен байлар ие болып, қатын баланың күн көруі қиынға айналып, бұзауын
арқандап бағатын болса, пəлен жерде жақсы жер бар деп қуса, мұжық
сияқты қазақ та аумас па еді. Мұның шет жағасы Жиделі Байсынға көшіп
жүрген қарауылдар көрсетіп тұр емес пе? Ал, бұлай болса қазақ жеріне
келдің деп мұжықпен араз болмайды екен, бірақ бұл кезде мұжықтың
қазаққа қылып тұрған дұшмандығы, жері жылдан жылға артып бара жатыр.
Қит етсе, жанжал, төбелес, байлап тастау, хатта кісі өлтіру. Мұндай
оқиғалар қазақ пен мұжық араласқан жерде тым-ақ көбейіп барады. Мұны,
біздің басқармаға жаңа да келген бір хатта Ақтөбе уезінен Досмұхамед қожа
бай баласы жазады:
«Өткен августың 28-ншы күні түс мезгілінде Жусалинский деген мұжық
қаласының 5 орысы жоғалған екі атын іздеп Арал төбе волостына қараған
Қазмұхамед деген кісінің ұлына келіп, атымызды сендер алдыңдар деп екі
кісісін ұстап алып кетеді. Сол күні кешке екі жүздей орыс жиналып, қаружарағымен, манағы ұстап əкеткен екі қазақты арбаға отырғызып, күндізгі
келген ауылға сау ете түседі. Сол арада арбадағы екі қазақтың бірін түсіріп
мылтықпен атып өлтіреді; бірі қашып үйге кіріп кетеді. Мұны көріп сол
елдің ауылнайы Жүніс Қарабала оғлы мойнына знагын салып орыстарға
қарсы шыққанда, орыстар ауылнайды да, ауылнайдың қасындағы інісін де
мылтықпен атып салды, екеуі де сол арада жан берді. Өлтірген үш кісіден
басқа 7 кісіні атып жаралап, төртеуі өлім халінде жатыр. Бұл іс туралы
прокурор һəм докторға хабар беріліп, осы күні тексеру болып жатыр».
Бұл қалай арзан қан! Мұжықтың екі мəстегі жоғалды, кім ұрлағаны белгісіз,
оның үстіне сен қазақсың, сенен басқа ешкім алмайды деп ел шауып,
кісілерін шегірткедей қырады. «Қазақтың» өткен нөміріндегі Семей уезі,
Сейтен ауылының қазағын мұжықтар қалай өлтіргенін оқушылар əлі
ұмытпаған шығар. Сонда мұжықтар айтыпты ғой: «Қазақ өлтіргенге не жаза
болушы еді» деп.
18-нші нөмір «Қазақ»-та Ақтөбе уезі, Теректі ұлысында дəл осындай оқиға
болғаны жазылып еді, оның қысқа мағынасы мынау: Жəнібек деген елге
көршілес Бозтубинский деген мұжық қаласының бір аты жоғалса, мұны
сендер ұрладыңдар деп жүздей орыс ауылды қамап алып, жанжалдасып
жылқышыны атып кеткен. Орыстар қару-жарақ асынып сайланып келген
соң ешкім қарсылық қыла алмаған; бала-шаға, қатынқалаш үрей ұшып,
далаға қашып көп əбігер болған. Жоғалған ат сатып алған ат екен, аяғынан
қашып бара жатқанда қазына заводындағы полковниктің кісілері ұстап алып
мəлім қылған соң ғана орыстар ашуын басты.
Ат аяғынан табылып қандай жақсы болған! Тоңмойын Арал төбе мен
Сейтен елінің қазақтарына қылғанын қылмай ма?
Мұжықтың қазаққа істеп тұрған зорлықтарына қарағанда, патшаға
бағынбаған, законге мойынсұнбаған жұрт секілді: не нəрсенің бəрін қол
іспен береді, қазақты ауыл екен демейді. Егер соңғы 5-6 жылдың ішінде
мұжықтың қазаққа заңсыз қылған зорлықтарын жинаушы болса бір кітап
болып...
Көзім көрген оқиғалардан бір-екеуін жазайын. 1906 һəм 1907-нші жылдар
Зайсаннан көшкен ауылмен Алтай тауына екі аз жайлауға шықтым. Үш
ұлысты ауыл (Қара Ертіс, Қалжыр, Кендірлік) Ертістен өтіп, Алтайдың
тауына асады. Бұл екі арада үш мұжық қаласы бар. Алдыдан Алтайға асып
шығатын Дерелі дейтін жалғыз асу бар, сондықтан көшкен ауыл амалсыз
мұжық қалалары арқылы қара жолмен асады; мұны біліп алған мұжық дəл
жолдың үстіне соқалап, шықпаса да егін салған үш волост қазақтарына
егінімді басасың, пішенімді жапырасың деп сылтау қылып, мал басына,
шаңырақ есебіне 30-40 тиыннан ақша алады. 1906 жылы жазды күні ауыл
əлгідей жайлауға көшіп бара жатқанда қазақ пен орыстың арасына тілмаш
болып сөйлестім; амал жоқ қазақтар сұрағанын беріп көшті. Ертеңіне қалың
елден, малдары жоқ болып, 5-6 ауыл еру қылған. Түстен кейін үдере
көшейін десе, мұжықтар тағы да ақша сұрайды, бермесең көшірмейміз деп.
Өңкей тіл білмейтін қазақтар дағдарып ілгергі ауылмен кеткен маған шауып
келді, кешегі ақша берген орыстарың бəле қылып бүгін де ақша сұрап
жатыр деп. Мен бұлармен бірге орыстардың қаласына келіп сөйлессем,
мұжықтар шуылдап сөз бермейді. Қазақтарға қолдан берген қорлықтан,
жолдан алған зорлығы артық, көше беріңдер дедім. Малды ауылдар еді,
айқай-қиқу, ың-шың болып қоралы қой, қосты жылқы көшпен араласып
тауға тырмысып асып жатыр. Орыс жоқ. Күн батып, қас қарайды. Бір кезде
ағаштың арасынан мылтық, сойыл асынған 40-50 орыс шыға қаптады.
Қазекеңде үрей қалмады, атқа қамшы басып, тауға қарай жөнелді.
Мұжықтар келді де мені ұстап қаласына алып келіп, қазақтарға ақыл
үйретіп ақша бергізбей көшкен сен деп каталашкасына жапты да тастады.
Ертеңіне менен ешнəрсе өнбейтінін көрген соң босатып қоя берді.
1907 жылы май айында тағы да Алтай тауының ішіндегі Ақ жайлау деген
жайлауына қара Ертіс ауылы көшіп келсе 70-80 мұжық келіп ұлықтан алған
рұқсат жоқ, шатыр тігіп, əр жерге егін салып тастапты. Қазақтар əдетінше
жайлауына келіп қона бастайды, мал кетеді бытырап. Мұжықтар егінге
жақындаған малды шетінен мылтықпен атқылай бастайды.
Мұның қалай деп алдынан қазақтар шықса, бір төртуыл жігітті атып
өлтіреді.
Былтыр Қарқаралы уезінен учитель имам Алимбеков маған жазған бір
хатында айтады, көрші мұжықтары жоғалған малымызды тауып бер деп
ағайындарын ұстап əкетіп қалаларына апарып неше түрлі ретпен қинаған.
Табанына темір қыздырып басқан, екі аяғынан жоғары көтеріп асқан...
үрпіне шөп жүгірткен.
Тағы да былтыр Павлодар уезі һəм волостының үш қазағын (мұның бірі
Жұмақожа Əти оғлы деген ауылнай) қасындағы көрші мұжықтар жоғалған
атымызды сендер ұрладыңдар, ұрламасаңдар ұрладық деп айтыңдар деп
ұрып, соғып қорқытып өтірік мойындарына алғызған.
Бұл үшеуін абақтыға əкеліп жапқаннан кейін, мұжықтың қысымынан
абақты кең көрініп есін жинап жараларын докторға көрсетіп арыз беріп
нақақтығына көз жеткізіп шығып кетті (Ақ жайлауға сол мұжықтар осы күні
қала салып отыр).
Осы нөмірде Зайсаннан жазған мұғалым Хафиз Сəрсекеевтің хаты бойынша
мұжықтар Қара Ертіс ауылының тағы да бір қазағын қалай һəм не үшін
өлтіргені басылып отыр.
Бере берсе мұндай есімдер толып жатыр. Мұжықтың қазаққа қылып
отырған қиянаттары көп, бұларға тоқтау қылған кісі кім, ретті жолмен
олардың законсыз істерін көрсеткен қазақ та жоқ. Осы кезде орыстан тек
мал жоғалса қазақтан көреді. Келеді де қол іс қылады.
1910 ншы жылдан бері мал ұрлығының жазасын ауыр қылып (3-4 жылға
шейін Арисантский рота) хүкімет закон шығарды. Анық айғағы болса
белгілеп сол ұрының өзін судқа берсін; закон бойынша малын алсын да,
жазасын тартқызсын.
Мұжықтың қазақтан көбірек дəндеп тұрған бір ісі, егінімізді жидың деп мал
айдап алу. Бұл туралы да мұжықтың дегені болады. 5-6 сомдық егінге зиян
келсе, 50-60 жылқы иə сиыр байлауда болады. Көп жерлерде жеріне түспей,
тек жақын келген малдарды қаласына айдап алатын үйреніс бар. Қазақ
барып малын сұрайды, орыс бермейді, сонан жанжал шығады. Қазақтар
орысқа қарсылық қылар шама жоқ, ақырында тоқтының өлімінен де оңай
қазақ өледі. Егінге мал түскен болса, екі жағынан панетой барып
дұрыстықпен сөйлесіп егінді көріп кесім қылса, бермеймін деген қазақ
тентек, үшеуден артық аламын деген орыстікі теріс емес пе? Екі жағы келісе
алмаса протокол жазып жоғарғы ұлыққа арыз беріп законмен іздеу керек,
қолмен алу жол емес. Əр жердің мұжықпен аралас қазақтары, егер
көршілерімен тату бола алмай жоғарыда айтылғандай зорлық-зомбылық
көретін болса, ұлықтарға білдіріп қазақты мұжықтың жерінен құтқарып
тоқтау салуын тілеу керек. Мұжық орынсыз ақша төлетсе, қазақ үй басына
40-50 тиыннан бөліп салады да, көппен көрген ұлы той болғанша шығын
деп азсынып жүре береді. Мұның түбі үлкен шығын екенін қайдан білсін.
Егер қазақ жылына үй басына балаларын оқытуға 40-50 тиын ақша
жұмсаса, біраз жылдың ішінде қазақтың оқымаған жан қалмас еді; қазақ
тегін оқыған болса қазіргідей басқаларға құл болып отырмас еді. 40-50
тиынның аз-көбін осыдан байқауға болады.
Орыс пен қазақ көрші жұрт болған заманда араларына мұндай дұшмандық
кіру жақсы емес. Көрші елдер тату болса екі жағына да пайдалы. Мұжықтар
қазаққа қылып тұрған бұл қиянатын тоқтатпаса, екі халықтың арасы
ашылып қан дұшманы болып кетуі ықтимал. Қазақтың мұжықтан көріп
отырған зорлығы, нахақтан төгілген қаны көпке шейін жүрегіне шер болып
байланып ұмытылар ма?
Мұны хүкімет те, жұрт та ескеретін жұмыс.
М.Д.
Ішкі хабарлар
Зайсан
Көшкен елмен Алтай тауына шыққанымда мұжықтардың қазаққа қылып
отырған зорлықтарының шет жағасын көрдім.
Қара Ертіс елінің болысы Ахмеди саржан ұғлының ауылдары жайлаудан
қайтып келе жатып Балақажыр деген мұжық қаласының жанына қонды.
Ауылдың келіп түскені сол-ақ еді, əлгі қаланың мұжықтар «8 атымыз
жоғалып еді, ізі осында келді» деп сап ете түсті. «Атымызды тап, болмаса
ізімізді шығарып бер» деп отырып алды. Қазақ пен мұжық барып қараса із
ескі, мұжық жаңа келген із деп бой бермейді. Сөйтіп тұрғанда мұжықтар
жабыла атқа мініп, қалың халыққа жөнелісті. Барысымен шетте жатқан
Іштікбай дегеннің бір айғырының үйірін айдай жөнелді. Іштікбай
жылқысының соңынан шапқанда мұжықтар сол арада жұрттың көзінше
мылтықты басып салды. Іштікбай опат болды. Бұл іс туралы қаладан судья
мен доктор келіп өлген кісіні сойып, дознание қылып кетті. Іштікбайды
өлтірген мұжықты абақтыға жапқан жоқ, кепілге берді.
Мұжықтардың түрі жаман болған соң қазақ өте қорқады. «Ақпыз, бізге не
қылады», – деп отыра алмайды. Бұл жақта мұжықтың малы жоғалса
болыстар қазақтың қолынан тауып беруге подписка алады екен. Бұлай етпей
амал да жоқ: малдан бас қымбат қой.
Мұғалім Хафиз Сəрсекеев
Қазақ жерін алу турасындағы низам*
Қазақ пайдасындағы жерлерді алады. Қыстауларынан көшіріледі. Қай
жөнмен алып, қай орында көшіреді, оны қазақ білмейді. Жоғарғы
хəкімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да,
ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтірмейді. Қазақ жол
ретін білмейді дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып бетімен кетеді.
Мынауың жолсыз ғой деп қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бəрі
жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз жəбір көріп, əуре
болып жүрген қазақтар көп. Қыстау салған жерінен айырылып,
қыстайтұғын жаңа жерді общество бермей, жер алып беріп орналастыруға
міндетті мекемелер оған қабырғасы қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл,
төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай, отырарға жер таппай
сандалып жүрген қазақтарды көз көріп тұр. Қазақ жерін алу турасындағы
низам бұйрықтарды қазақ білсе, осындай жəбір көрушілер азаяр еді деймін.
Жол бойынша қазақты қыстауынан көшірмей тұрып, жаңа жерден орын
сайлап беруге міндет, қазақ көшкенде даярлап шығарып, белгілеп берген
жерге көшпек, жаңа жер бергенше орнынан қозғалмасқа. Бұл жолды білмей,
«мұжық қуып шығарды, пəлен қуып шығарды, отыра алмадық» дейді.
Мұжық болсын, басқа болсын низамнан күшті емес. Жолды іске көнуге,
жолсызға көнбегеннен ешкім айыпты болмайды. Үй-мүлкімізді көшіргенде
дұрыстықпенен кеспеді, арзан бағалады деп жүрген қазақтарды да көреміз.
Осылардың барлығы да қазақтың жол білмеген нашарлығының кесапаты.
Жалпақ жұрттың барлығы болмаса да жалғыз-жарым, аз да болса
пайдаланар деген ниетпенен қазақтың жерін алу турасындағы шыққан
низам, бұйрықтарды аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым
бар.
Қазақ пайдасындағы жердің артығын алу турасында шықан
низамбұйрықтардың ең əуелі білуге керек: 1909-ншы жыл 9-ншы июньде
министрлердің советі ұнатып шығарған низам-бұйрық. Бұл бұйрық қазақ
жерінің артығын қарастырып шығаратын мекемелерге көрсеткен көшесі,
жолы. Мұның бойынша істеген істер жолсыз болсын деп 9-ншы июньнің
бұйрығы 12 пунктке бөлінеді. Қай пунктте, қалай етпек жол деп айтқанын
төменгі жазылғандардан қараңыздар. Түсініксіз жері болса əркім сұрасын.
Отан мұжықтарды қондыру үшін һəм мемлекеттің басқа керегіне қажет
орындар үшін Ақмола, Семей, Торғай һəм Орал облыстарындағы жерлердің
шамасын білмекке.
Жасалып 1909-ншы жыл 9-ншы июньде министрлердің советі ұнатып
шығарған инструкция, яғни насихат-бұйрығы:
1-пункт. Қазақ пайдасындағы жердің артықтарын мұжықтарға патшалық
керегіне шығару жолы Тоболск, Томск, Енисейск һəм Иркутск
губернияларында жер кесуге шығарған низамның1 24-127, 129-130, 134154нші статьяларының жөнімен болып, осы насихат бұйрықтардың 2-нші
пункттен бастап 19-ншы пунктына шейін айтылған жолдардан тысқары
кетпеске.
2-пункт. Қазақ пайдаланып отырған жердің мемлекет билігіне жер
шығарғанда, қазақтардың қазіргі күн көрмес халіне қарай, шаруасына
жетерлік жер қалдыруға. Қазаққа қалғанда жететұғын жердің шамасын,
өздерінің жерлес отырған ыңғайына қарап, тап-табына бөлек мөлшерлеуде.
3-пункт. Қазаққа жетерлік жер деп шамалағанда өлшеуіш болатұғын сол
жердегі қазақтың тəуір, ауқатты деген үйінің шаруасына жетерлік жер.
Бұлай еткенде жердің қай шаруасына жарамды һəм қазақтың шаруасы қай
қалыпты, яғни отырықшы болып мал бағудан нағыз егінші болуға тұрмысы
қанша жақын иə алыс. Қыстаулық, жайлаулық жерлерін қазаққа бөлек
қалдыру керек орындарда қыстаулығын өз алдына, жайлаулығын
мөлшерлеп қалдыруға: жайлауда аз-көп отыруына қарап.
4-пункт. Қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін жер
министрінің əмірімен əртүрлі жұмыстар болады: жердің түрін, түгін, елінің
ыңғайын, жігін, малын, шаруа қалпын білуге. Мұныменен көрінеді: а)
қаралмыс жерді шаруасы бар қанша үй пайдаланып отыр, арасындағы
қонақтарды басқа көрсеткенде; б) бағылатұғын малы бар; г) жыртатұғын
жері қанша, шабатұғын шөбі қанша; д) мал, егін, пішен елдің ауқатына
қарай бөліп, тартқанда қаншадан келеді; ж) қандай шаруаға, қанша жер
қолайлы екендігі; з) судың даяр, даяр емесі; к) бір бас малды асырауға қанша
жайылым, қанша шабын жер қажет һəм орта, ауқатты шаруашылықпенен
күн көруге қанша мал жеткілікті.
5-пункт. Қарастырып, сұрастырып, есептеп білгеннен кейін жерді қай
шаруаға жарамды, түріне қарап тілім-тілім бөледі һəм əр тілімге өз алдына
норма, яғни пəлен десятина жер шаруа басына иə жан басына деп мөлшер
істейді. Жасалған норманы генерал-губернаторға қараған облыстарда
генерал-губернатор, ол жоқ облыстарда областной правлениелер жер
министрінің бас мекемесіне тапсырады, өз ойларын қоса айтып. Оны жер
министрінің мекемесі министрлердің советіне кіргізеді, бекіту үшін.
6-пункт. Қазаққа мөлшерлеп қалдыратұғын жердің есебіне қолайсыз жерлер
кірмейді. Мысалы, сулар, құмдар, ащы көлдер, керуен жүретін, мал
айдалатұғын жолдар. Бұл жолдардың ені жайлаулық жерде шықырым
жарымнан аспайды, қыстаулық жерде иə қазынаға алынған жерлерде жүз
саженнен аспасқа.
7-пункт. Жер ыңғайыменен бөлген жерлес ауылдардың шаруасына
жеткілікті деп қалдырған жер жеткіліксіз болса, араларына малдары көп бай
болғаннан һəм егетұғын егіні шабатұғын пішені көптіктен ол ауылдарға,
мұқтаждығына қарай шамалап 5-пункт бойынша қалдырған сыбағалы
жердің үстіне қосымша артық жер қалдыруға болады. Мұндай артық жерді
қалдырар, қалдырмас билігі министрлердің советінде.
8-пункт. Қазаққа жеткілікте жер қалдырғанда (5-нші пунктте айтылған) көп
ортасындағы жайлау жерді, иə қыстау қасындағы жайылым жерді, сол
арадағы жер кіндік елден басқа, көшпе, келімсек елдерде пайдаланып
жүрген болса, сол жердегі шаруа қалып етілмес мөлшерменен көшпелілерге
де жер қалдыру керек. Олардың отыратұғын уақытына қарап һəм соңғы
жылдарда көшіп келіп жүрген үйлердің санына қарап.
9-пункт. Қазақтан артылған жерді патшалық керегіне алғанда бұл алатұғын
жерлер қазақпенен аралас болып, араларын үзіп, қатынастырмастай
болмасын.
10-пункт. Патшалық алатұғын жер мен қазақ пайдасына қалатұғын
жерлердің жігін ашқанда 11-нші пунктте айтылған орындарда болмаса,
сөзсіз қазақтың өзінде қалуға тиіс нəрселер: а) қазақтардың орнығып, қорақопсы, үй салып, қыстау еткен орындағы жер; б) қазақтардың өз күшіменен
қазылған арықтары, істелген бөгеттері (байланған тоғамдары); в) жеміс
ағашы егілген жерлер; г) егіндік, пішендік жерлер, егінге иə пішенге қолдан
суарғандықтан жарап тұрған жер, қолдан суарса жарағандай жерлер, қазақ
пайдасын сол жердегі мұжыққа берген мөлшерменен қалынады. Бұл ретте
қазақтың жалға бермей, өз еңбегі сіңген жерлердің бəрі де ықтималынша
қазаққа қалатұғын жер есебіне кіруге керек.
д) адам қойылып келе жатқан зияраттар, халық қадірлейтін молалар, низам
жолымен салынған мешіттер.
Танбие: Шаруа керегіне иə өздері тұрған, қазақтың уақытша салынған қора
қонысы, үйлері тұрған жерлерді алуға, бұл уақытша салынған нəрсе тоқтау
болмайды.
11-пункт. Мұжық поселкелері сусыз иə мұқтаж болатын жерлерді, яки
мұжық жерлері мен қазақ жерлері аралас, аттамалы (через полость)
болатұғын орындарда, жоғарыда 10-ншы пунктте А, Б, В əріптерінің
тұсында айтылған жерлердің айтылған еңбегіменен істелген нəрселерінің
бағасын төлегеннен кейін алу тиіс.
12-пункт. Қазақтың егін еккен иə егін егейін деп даярлаған жері патшалыққа
алынатұғын болса ол жерлер егінін жиып алынғанша бұрынғы иесінің
қолында бола тұрады.
13-пункт. Жерінен көшірмекші болған қазақтарға: көшкен шығыны уə ғайри
10-ншы пунктте А, Б, В əріптерінің тұсында айтылған жерлері
алынғандықтан көрген зарары үшін осы насихат бұйрықтың 14-16-ншы
пунктерінде айтылған жол бойынша көшіруден бұрын ақша төлеуі тиіс.
14-пункт. Көшірмекші болған мүліктерді, алынбақшы болған жерлерді, су
үшін жасалған нəрселерді, еккен ағаш, егіндері жер жұмысына
чиновниктері (производительные работы) қағазға тіркейді. Ол қағазға
жазылады: а) үй иесінің есімі; б) жерінің түрі, үстіне салған мүлкі, еккен
ағаштарыменен; в) үй иесі, білім иесі адамдар, қазақтың жер жұмысының
чиновнігі бəрі қосылып мүлікті жаңадан берген қонысқа көшіруге шығатын
расходы; д) бұзу расходы, қайтадан орнату расходы, сынатын, бүлінетін
шығындарымен; и) су үшін қазылған арықтардың, байлаған тоғандардың
(бөгеттердің), егін шығарған ағаштар уə ғайри егумен шыққан жер түгінің
бағалары бұл қағазға басында болған мүлік иесі, жер жұмысының
чиновнигі, басында болған қазақтың білімді адамдары қол қояды.
15-пункт. Бұл тіркеу қағаз, алынатын жердің жігін ашқан планымен мүлік
иелерінің сұраған ақысы шығыныменен, бəрі мезгілгі (временный)
комиссиеге түсіп, сонда переселенческий правиланың 145-149-ншы
статьяларының жолымен қаралады. Егер жер жұмысының чиновнигі
тіркеген мүліктің кескен бағасының дұрыстығын анықтау қажет болса,
мүліктің басына барып қайтадан қағазға тіркеп, қайтадан бағалайды.
16-пункт. Мезгілгі комиссиенің кескен бағасына риза болмаған мүлік иелері
областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді. Оның айтқан
хүкімі бітім.
17-пункт. Жер жұмысының чиновнигі жері алынатын қазақтарға: үй басына
бір адамнан шақырып, волостной управитель һəм ауылнай старшинаның
алдында жер алатын жобасын айтып естіртеді. Естірткеніне протокол
жасалады. Оған шақырылған қазақтардың лауазым иесі адамдардың,
чиновниктің қолдары қойылады протоколға жазылады: а) чиновниктің
істемекші болған планы; б) Оның планы турасында қазақтар айтып
чиновник қабылдаған, қабылдамаған арыздары; в) қазақтың қабылданған
арызы бойынша түзетіліп шыққан жердің планы, граница жүретін жерлерін
қалдырмай түгел тіркеген.
18-пункт. Мұжықтарға алатұғын иə патшалық запасқа шығаратын жерлер
планы переселенческий правиланың (Свод законов, Том ІХ) 145146-ншы
статьяларының жолымен қаралып бекітіледі. Мұны қарайтын мезгілгі
комиссиенің ішінде, жері кететін волостной сиезбен сайланған дауыс иесі
бір өкіл болады.
19-пункт. Қазыналық жерге салынған қалалар қазақтарменен суды қалай
пайдалану реті, переселенческий правиланың 145-149-ншы статьяларының
жолы бойынша мезгілгі комиссие айырады. Комиссиенің хүкіміне риза
болмаған жағы обласный правление общий присутствиесіне арыз етеді.
20-пункт. Отырып, қала ретінде боламыз деген қазақтарға жер бөліп
беретұғын партиялар қазақ пайдасында қалатын жерден 5-нші һəм 9-ншы
пунктерде айтылған. Ауғын мұжықтармен теңгеріп, жан басына 15
десятинадан асырмай жер кесіп береді. Олардың хүкімет билеу
турасындағы һəм сот реті общий крестьянский положениенің 47-112 һəм
154-229-ншы статьяларының жолыменен болады. Бұлайша орындалған
қазақтарды казенный палата үйі алымнан шығарып, оброк алымнан
түсіреді: ауыл мұжықтармен қатар алым салып, сол казенный палатаның
билігінде, областной правление қала ретіне шыққан қазақтардың жерін
жеткізгеннен кейін оларды қазақ есебінен шығарып мұжық есебіне жазу.
21-пункт. Қала ретінде боламыз бүтін ауылный обществаның бəрі иə бір
парасы ғана, иə жалғыз үй иесі сұраса да, аз-көбіне қарамай 20-ншы
пунктте айтылған ретінше орналасады. Обществаның болып, үй болып,
мұжықтардың қаласына кірісіп иə өз алдына басқа қала болып.
22-пункт. Жер үлесін жан сыбағасыменен алғандықтан (20-21-нші
пункттердегі) артылып қалып патшалыққа кететұғын жерлері. Қазақты тегіс
орналастырып, жер ретін əбден түзегенге шейін жерлес үйлердің,
ауылдардың пайдасында болады.
А.Б.
Егін егу
Осы күнгі егіп жүрген астық шөптері, мысалы: бидай, тары, қара бидай,
арпа – бəрі де бұрынғы кезде ешкім екпей өздігінен шыққанымен бұл күнде
өздігінен еш жерде шықпайды. Екпей шығатын тұқымдары таусылып бітіп,
ексе шығатын тұқымдары ғана сақталған. Бұлар егуге сүйеніп дағдыланып,
екпесе шықпайды да һəм еккенде өсуі көп күй талғайды. Жерді жыртпай,
тырмаламай егін егуге болмайтынын əркім біледі. Тұқым шашатын орын
даярламай, сұрып жерге ешкім тұқым шашпайды, Бірақ егіншілердің көбі
жыртса, тырмаласа сонымен егін жұмысы тəмам деп біледі. Қандай жерге
қай астықты егу, қашан һəм қанша рет жырту, тырмалау, қысқасы егін
жақсы шығуына жырту мен тырмалаудан басқа қандай білім керек – оны
егіншілердің көбі білмейді. Ол білім: еккен тұқымға не керек екендігін білу,
оған не нəрсе пайдалы, не нəрсе зарарлы екендігін білу. Шашқан тұқым жас
бала, малдың жас төлі сияқты. Орны жайлы, тамағы тоқ болса жайлы өседі.
Жерді жырту, тырмалаудағы мақсат тұқымға орын жайғастыру, неғұрлым
жақсы жыртылса, тырмаланса соғұрлым шашқан тұқымға жайлы
болмақшы. Өйткені тұқымның тамыры таралып, бойы көтерілу үшін
жолында бөгет болмасқа керек. Олай болу үшін жер қатты болмай босаңқы,
болбыр болуға керек. Жердің босаңқы, болбыр болуы жақсы тырмалаудан.
Тұқым түскен жердің ас болатын заттары табыларға керек. Ол заттарды
жібітіп ас қылатын топырақтың ішінде ылғал болуы керек. Яғни тұқым
шашатын жердің топырағы дымқыл боларға керек. Егін еккен жерде басқа
жат шөптер болса олар егіннің жерден алатын тамағына ортақ болып, егінді
ашықтырады. Олай болмас үшін егін еккен жерді жат шөптерден ада қылу
керек. Тұқым жиі шашылса тамақ жетпейді, онда егін ашығады. Олай
болмас үшін əр жердің түріне қарай мөлшерден тысқары жиі шашпасқа
керек. Тұқым толық, жақсы болса егін де толық жақсы шықпақшы. Олай
болған соң тұқымның таңдап жақсысын алып шашу тиіс. Егін жақсы
шығуға осындай шарттар бар екенін егушілердің көбіақ білетін болар, бірақ
ол шарттарын орнына келтіріп егін егушілер аз. Сондықтан жері бірдей
бола тұрып егіндері бірдей шықпайды. Мысалы қазақтармен қатар еккен
орыс егіндері көбінесе қазақ егіндерінен жақсы шығады. Ол əуелі
орыстардың қазақтардан гөрі егін жақсы шығатын шарттарын артық
білгендігінен, екінші ол шарттары қазақтардан гөрі көбірек орнына келтіріп
еккендігінен. Түрлі жерге, түрліше егін шығу жеріне қарай бірдей жерге,
бірдей егін шықпай əрине егуден болмақшы. Егін жақсы шығуына керек
шарттар көп. Олардың ішінде шаруаның қолынан келетіндері де,
келмейтіндері де бар. Келмейтіндерін істе деп ешкім айтпайды,
келетіндерін істеу егін егушілердің əр қайсысына тиіс. Мұнан былай егін
жақсы шығуына нені біліп, не істеу керек екендігін егін ғылымында
айтылған сөздерден теріп алып жазып тұрмақшымыз.
Жер жалдау жайынан
Басқармаға келген кейбір хаттардан: қазақ жері алынбасқа амал
таппағандарға өкпелеушілер бар көрінеді. Жер жайынан айтарлық сөздің
бір сыпырасы айтылып болып еді. Сөзімізге түсініп, ақылымызды алатын
қазақ болып, сол айтылғандарымызды істесе, іргесі ауып, табаны көтеріліп
жерінен айырылып боспас еді дейміз. Айтқан сөзді түсінбесе, иə түсінсе де
айтқанды істемесе, біз айтып жазсақ жұрт оны істемей, өз ұнатқандарын
істеп отырса, оған айтар не амал бар? Жұрт істеп отырған ісін қисық, иа
түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей тоқтату қолымыздан келе
ме?
Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар.
Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Əркім өз жерін
ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп, іс
қылып, жұрт пайдасы мен сорына тіпті қарамайды. Жұрт жері кетпесе,
менің де жерім кетпес: жұрт жерінен айырылса мен де жерімнен
айырыламын ғой деп, еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп
ортасындағы жер ғой деп, сатып пайдаланып қалайын деп ойлайды.
Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған əуелде де осылай
ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ.
Қазақ жеріне мұжықтарды шақырып кіргізген хүкіметтен бұрын,
қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақты бағып тұрған хакімдердің көбі келген
мұжықтарды орнықтырмай көшіргендері де болған.
Дала уалаятының генерал губернаторы Калпаковский қазақ жері өздеріне де
тар: мал жаюға жер жетпеген соң қазақ орыстардан һəм Тобыл
губерниясындағы орыс жерлерін жалдап мал жайып отыр деп көрсеткен.
Бірақ қазақтардың өздері келген мұжықтарға жерін беріп құшағын жайып,
қойнын ашып қабыл алып отырған соң, Калпаковскийдің қазақ жерін
қорғап қызғанғаны босқа қалған. 1882 жылы Жалғыз-көл деген жерге
түскен қаланы рұқсатсыз отырсың деп Калпаковский көшірген; 1888 жылғы
17 мартта шыққан генерал губернатордың бұйрығында Семей облысында
еш жерге мұжықтар қала салушы болмасын деген. Бұл бұйрықтардың бəрі
де орнына келмей құр қағаз бетінде қалды. Өйткені мұжықтарға жер керек
болды. Жұрт қамын ойлайтын қазақтың бас адамдарына жұрт пайдасынан
гөрі өз пайдалары жақынырақ болды. Жұртқа келер зарарға қарамай,
өздерінің жер сатып, байып алғанын артық көрді. Бір жағынан хакімдер
қазақ жерін қорғап бұйрық шығарып жатқанда, бір жағынан мұжықтар мен
қазақтар хакімдерден жасырып, жерді бірі сатып, бірі алып жатты.
Мұжықтар жиылып, қала болып көбейіп көзге түсерлік болған кезінде ғана
хакімдер біліп қалатын болды. Переселен законы шықпай тұрғанда қазақ
жерінде мұжық қаласы жоқ па еді? Өзі шақырып қоңсы қондырған
қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақтың көбі жер сатуды кəсіп қылып алған
жоқ па? Қазақтың ауыл ағасы болған, атқамінер пысықсынған адамдарының
жер сатуды кəсіп қылмағандары бар ма екен. Болса ауылнайлардың жұртты
сыртынан сатып іс қылатындарын былай қойып, жай қазақтарды алғанда да
жер сатпайтындары аз болса керек. Жер сату қазаққа əдет болып кетті.
«Ауру қалса да, əдет қалмайды» деген, сол жер сату əдетін жер мол болса да
жер тар болса да тастамайтын көрінеді.
Қостанай уезінде Кеңарал ұлысында Щербина нормасы бойынша
«излишке» (артық жер) жоқ еді. Артық жер болмаған соң жер жалдау
болмасқа керек еді. Қазақтар жері артық болмаса да жалдаудан тоқталған
жоқ. Щербина есебінше бір мұжық қондырарлық жер болмасқа тиіс, қазақ
ол жерге екі поселка қондырып отыр. Камински һəм Белоярски поселкелері
Щербина есебі бойынша артық жер жоқ кезінде келіп түскен. Оған орын
тауып беріп, қондырып отырған переселен чиновниктері емес, қазақтардың
өзі. Камински поселка болған жерге 1891-нші жылы бір үй орыс қазақтары
жер жалдап келіп отырған. 1894 жылы жаңа бір үй келіп қосылған. 1897-нші
жылы бұрынғыларға екі үй келіп қосылған. 1899-ншы жылы 24 үй келген;
1900-ншы жылы 179 үй келген. Белоярский поселка тұрған жерге 1899-ншы
жылы 10 үй келіп қазақтан жер жалдап орныққан, 1900-ншы жылы 63 үй
келіп қосылған. Осы күнде сол поселкелерде 700 шамасы үй бар, бұлардың
бəрі де «излишка» жоқ кезінде келіп орнағандар. Переселен чиновниктері
бұларға жер кесіп берерде қалай берерін білмей қысылған. Мұжықтарға
беруге норма бойынша «излишка» жоқ. Излишке болмаса қазақ жерін алуға
жол жоқ. Орнығып алған поселкелерде 700 үйді көшіру ретін тағы
табалмаған. Ақыры жолдан тысқары жан басына 5 десятинадан жер кесіп
берген. Қазақтар өздері қондырмаса, сол екі поселкеге берілген жерлер
даусыз қазақта қалатын жерлер.
Қостанай уезінде Мыңдығар Меңдіқара ұлысында да норма бойынша
«излишке» жоқ еді. Оған да орыс заемкалерін қазақтардың өздері түсірді.
Мысалы Грибянкин заемкасы уə ғайрилары. Оларға да жоғарғы екі поселка
сияқты жер берілді.
Мінеки біздің қазақтың ісі! Хатта переселен чиновтиктері, артығы жоқ
қалай аламыз деп қысылып, қызаратын жерлерден қазақтар ұялмай,
қызармай жер сатып отыр. Осыны істеп отырып жеріміз аз, мұжыққа
берерлік артық жер жоқ деп, ұялмай қызармай, дауласпақшы. Ол дауды кім
тыңдамақшы? Қазақтың ондай дауын тыңдар еді, қазақ арыз ететін
мекемелер қазақтың жоғарыда айтылған сырларын білмесе. Оны білмейді
деп айта аламыз ба, осы хабарлардың бəрін сол мекемелерден алып отырып.
Бұлардың бəрі өткен іс. Енді оларды түзету болмайтын жұмыс. Болары
болып, бояуы сіңіп қалды. Бұларды қопарып жазып отырғандағы мақсат:
өткен істің қатесін байқап ілгергі істерде істемесін деген. Қазақ көшпелі
нормамен болсын, отырықшы нормамен болсын қайсысымен жер алса да,
бұрынғыдай кеңшілік болмайды. Кең жердегі əдетін тар жерге де істеп,
сатудан тыйылмаса қазақтың күні қараң: жерден айырылады. Кең жердегі
əдетін тар жерге істегенін жоғарғы екі поселка турасында айтып өттік. Онан
соң сорақы істі тағы істеп отырмыз. Ақтөбе уезінің Борлы ұлысының 8-нші
үйінің қазағы Бəкіш Дүйсенбай баласының 15 десятинадан алған жерден
арендаға жер сатқанын төменде газетаға жазып отырмыз. Жер сатып
əдеттенген бір Дүйсенбай баласы емес, неше мың Дүйсенбай балалары бар
шығар. Бəрі де əдетін тастамай нормамен өлшеп берген жерге де істей
бастаса қазақ жерден айырылмай кім айырылады. Артығы жоқ тар жерге
орнаған орыстарды көшірмей сол жерден жер кесіп берген жайын жоғарыда
сөйледік қой. Өздерің шақырып қондырған орыстарға ортаңнан ойып,
өлшеп алған жерлеріңнен жер кесіп береді. Бір жағынан 15 десятина аз, ...
онымен күн көре алмаймыз деп зарлап жатып, бір жағынан 15 десятина көп
деп артығын сатып жатса, 15 десятина да көп екен деп оны да кестірер. Ол
кеміткен жерді қазақ тағы сатар. Солай болған соң қазақ жері қалай өзінде
қалар?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.