Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18

Total number of words is 4096
Total number of unique words is 1947
31.2 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
49.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
губерниясының құм тоқтатуын басқарушысы екеуі Хан ордасында болып,
Ішкі ордалықтағы жеті қисымның екеуінен, құмды қисымдардан 494 мың
десятина жерді уақытша қазынаға жер мекемесі билігіне алынатындығын
мағлұм етіпті: Нарын қисымынан 234 мың, Қамыс-Самар қисымынан 260
мың десятина. Осылай болуын министерства бекіткен екен. Мағлұм ету
үшін жер кететін екі қисымнан шақырылып барған бас адамдарға
губернатор жерлерінің құмын тоқтату үшін уақытша ғана
алынатұғындығын, құмын тоқтатқан соң, қазына шығарған расходын
қайтадан толтырған соң жер қазақтың өзіне берілетінін сөйлепті. Жердің
контрактымен һəм төмендегі екі шарттың қалауын əлгі шақырылып бас
адамдарға беріпті. Шарттары мынау:
1-нші, егер де құм тоқтату үшін шығарылатын расходтың төрттен үш
бөлімін жері қазынаға кететін қисымдары өздері төлесе, қазақтар
əрқайсысы өзінің мекен еткен жерінде отыра бермекші, тек бақ деген жерге
мал бағып, тыйыл деген жерден тыйылсын.
2-нші, егер де бұл шартты қазақ қабыл етпесе, расходтың бəрін де қазына
өзіне алады, қазынаға алынатын жердің бəрін қазақ босатады, көшіп
шығып, басқа қалған жерге сыйысады.
«Таңғы тамақ тəңірден» деп бүгінгінің ғана қамын жеп, қазынаға алатын
жерін босатып, қалғанына өздері сыйыспақ болып ел адамдары соңғы
шартты ұнатып, қабыл алысыпты. Қамыс-Самардан Бақытгерей Құлманов
əуелгі шартты қуаттаған екен, оған серік болмапты.
Қай шартпен болса да қазынаның расходын қазақ өзі төлемей, түбінде кім
төлейді? Ертең штрафты жауған қардай боратып, қазақтан алмай қазына
кімнен алады? Бұ күнгі өзінің айырылайын деп жатқан қызыл құмына
шыққан сток-сток пішеніне үш күн қатарынан қыс болған күні қазақ өзі
мұқтаж болмай, кім болады? Олай болса, қазаққа керегі əуелгі шарт емес пе
еді? Қой шетінде нашарлауда болса қойша жүрсе, қасқыр қойдың құйрығын
жесе де, кеудесін қалдырмайтын ба еді? Қарасын бөліп жүрген қойшы
қойдан кісі көрінім жер алыс қалса, сол қойдың кеудесіне де қорқыныш
кірмей ме? Жиырманшы ғасыр өзгелер үшін жиырмасыншы ғасыр
болғанымен біздің қазақ үшін айтылған сөзге, айтылған сертке тергеп
сенетін ғасыр болып тұр ғой.
К.Сəлиманов
Жер мұңы
Асыл түбінің өзімізге қырсыздығы сезілген һəм арамызда бола да бастаған
ыңғайсыздау бір істің жайын жазып, жұртқа таныстырғым келеді. Ол іс
мынау: біздің Петропавл уезі, Пресновскі болысының тоғызыншы ауылына
қараған 13-нші район, 151-нші бөлімдегі Түлкібай ақсақал Қатақ баласының
25 үйінің жерінен Кузнецов нормасы бойынша 2188 десятина жер артылған
еді.
1911-нші жыл июнь жұлдызының ішінде қазақ шаруасынан түк білмейтін
производитель работ келіп əлгі артық деген жерді участокқа алып кете
барған.
Бұл күнде осы жері участокқа алынған ауылдардың төрт жағында айнала
орыс қалаларымен қоршаулы тұр. Түн жағында «Семиполоски» деген
мұжық қаласы, күнбатысы –манағы жаңа участок, оңтүстігі – «Қоскөл»
деген қала һəм күншығысы – Мыңгесер елінің ішегіне түскен жəне бір жаңа
қала.
Міні айнала қалалардың арасында қалған соң Түлкібай ақсақалға қараған 25
үй тоңмойын хахолдың тепкісінен қорқып, өткен жаз 24- жайлауға
қыстамақ үшін көшіп кетті, қалған ауылы тағы сонда көшейін деп жатса
керек.
Бұл оқиғаның былайша болуының себебі, жер төрелерінің қазақ шаруасы
жайынан еш нəрсе білмеуі һəм инструкциясының 7-нші бабын анықтап
қарамағандығы болса керек. Өйткені қанша артық болғанмен, бұл сияқты
айналасындағы елге тегіс тығыздық келетіндей болса һəм ондай жерінің
иелері Түлкібай, Шожан ақсақалдар сияқты бар адамдар болса, ол секілді
аз-кем артықта алмай кетуге инструкцияның 7-нші бабы жол тастап
отырған жоқ па.
Тағы да Түлкібай ақсақалдың ауылына еріп, сол маңайында 24-нші
жайлауға көшіп қыстамаққа бет алысып жатқан елдер көрінеді. Мұның
себебі мынау: 13-ші район 152-нші бөлімдегі Пресновски болыс, 4-нші
ауылдың қазақтары Өмірбай, Көшер, Сəрсембай һəм Самай ақсақалдарға
қараған 69 үйдің жерінен Кузнецов нормасы бойынша 877 десятина жер
артық болып табылған. Осы артықты баяғы производитель работ 1912 жыл
август жұлдызында келіп, тағы да алып кете барған. Алғанда, қалай алған?
69 үйдің ортасындағы артық деп табылған 877 десятина жер үшін Өмірбай
ақсақалға қараған 27 үйдің қыстауын ойып алып участокке аударған. Осы
күні бұл 27 үй қалған жеріне күн көре алмайтынын біліп 24нші жайлаудың
жиегіндегі Сарыоба деген жерді сұрап қопақтасып жатыр. Егер Өмірбай
ақсақалдың ауылы көшетін болса, Көшер, Сəрсембай һəм Самай
ақсақалдарға қараған 42 үй де 24-нші жайлауға көшпей отыратын түрі жоқ.
Жоғарыда төрт ақасақалға қараған 69 үй бірден жерлерін мұжыққа ерулікке
тастап, жайлауға қарай шұбырып жөнелетін болса, 150-нші бөлімдегі Ораз,
Жақсымбет ақсақалдарға қараған 13 үйдің ата қонысында жылжымай
отыруы оңай болмаса керек. Неге десеңіз, төрт ақсақалға қараған ел бірдей
босып жөнелген соң, айнала қаланың ортасында нағып қалсын. Оның үстіне
Ораз, Жақсымбет ақсақалдардың нормадан артық тұрған 1 мың 267
десятина жерін қырағы П.Р.Даркурмей тастап кетер ме? Бірақ осы екі
ақсақалдың қасындағы 149-ншы бөлімде отырған Абылай, Омар, Алпысбай,
Жəнібек һəм Жайсаңбай ақсақалдарға қараған 69 үйдің нормадан 1 мың 678
десятина жерлері кем болған тұрады. Осы кемді 150-нші бөлімдегі Ораз,
Жақсымбет ақсақалдардың 1 мың 267 десятина артығын алып һəм 152-нші
бөлімдегі Өмірбай, Самай, Сəрсембай һəм Көшер ақсақалдардан артық
шыққан 877 десятина жерінен алып толтырғанда, 151 үйдің ортасында 466
десятина-ақ жер артық болып шығады. Осы 466 десятина артық жер үшін
151 үйдің шаруасын күйзелтіп, алдын көшіріп, артын қобалжытып қойған
түрі мынау.
Жер төрелерінің мұндай жолсыз ісін, қазақ шаруасына көлденең саясатын
қанша мінесек, алды-артына қарамай табансыздық көрсетіп шошаңдаған
жер иелерін сонша сөгуге лайық. Осындай артықты алғанда производитель
работтар жер иесі ақсақалдарды шақырып, ризалықнаразылықтарын
сұрамай қоймайды. Риза болмағандар «временный комисиеге арыз беріп
сұраңдар» дейді. Ақсақалдар сұраса жазған постановлениесінен копия беріп
те кетеді. Оның үстіне жері алынған елдің болыс арқылы комиссиеге екі
өкіл сайлап жіберуге ерік те білдіреді. Өкілдер жер жайын білген намысты
кісілерден болса, комиссиеге жолдасады. Дауы дəлелді болса, комиссия
жерін босатып береді. Егер ол комиссиеде қолы теңдікке жетпесе, областное
присутствиеден сұранып көрініп, онан қалса жер министріне һəм Думаға
шейін толық дəлелдермен ізденуге жол бар. Бірақ іс былай созылып кетсе
кім болса соның қолынан келетін партия жанжалы емес, мұндай берекелі
даудың соңына жарық алып түсуге жер мəселесінде білімі толық, берекелі
кісілер керек һəм дауына керекті дəлелдер тауып беріп отыруға жер иесінің
де ерінбейтін өте көкселі керек.
Міне, осы бейнеттердің тым болмаса бəрін атқармай жатып талтүсте аранға
шапқан елдің ісі нағып оңсын! Переселен чиновниктерінің осындай
қабағының асты, қаламның ұшынан ығып законға сыйымды жолмен
айтыспай мекендерін тастап бір-екі жылда шаңы шығатын жайлауды
қыстау қылған елге, ол жер, əрі қыстау, əрі жайлау, əрі күзеу, əрі егін-пішен
болып асырар ма? Ондай жердің ертең күні ине жасырынарлық көдесі
қалмай, біздің сорлы қазақ қайда барарын білмей алақтап отыруы көзге
елестегендей жақын тұр. Мұндай мысал бұл жақта болды. ЖиделіБайсынға
ауып жүрген қарауылдар да солардың бірі.
Міне, біздің көзсіз көбелектей отқа өзі барып түсіп, онан құтылуға
жұмсайтын білімін, байлығын партияға жұмсап, миы ашып тұрғанда, бұл
жұрттан не үміт күтуге болады, қайткенде бұлар қатарға қосылады?
А.Жанталин
Закон жобасы*
Ақмола, Семей, Орал һəм Торғай облыстарындағы отырықшы һəм көшпелі
қазақтардың соты, хүкіметке қарауы һəм басқа жұртшылық жұмыстарын
орналастыру турасындағы
Положение
1-нші статья. Ақмола, Семей, Орал һəм Торғай облыстарындағы отырықшы
һəм көшпелі қазақтары селски обитатель (қара халық) правосында болады.
Басқа қалыпқа тиісті право һəм артықшылықты общий закон бойынша
алады.
2-нші статья. Шоқынған қазақтар қалаға һəм шаһарға жазылғысы келсе,
обществоның ризалығынсыз һəм уволнительный приговорсыз жазылады
һəм жəне де өмір бойыша солдаттықтан азат болады. Қазыналық һəм земски
недоимкалары жаңа жазылған жеріне ойысады.
3-нші статья. Жер кестіріп алған яки отырықшылыққа дағдыланып егін,
сауда иə басқа түрлі қала кəсібін істеп отырған қазақтар отырықшы қазақ
деп есептелмекші.
4-нші статья. Отырықшы қазақтардың есебіне казенни палатаның бұйрығы
бойынша областное правлениесінің общий присутствиесі постановление
жасап шығарды.
1-нші бөлім
1-нші тарау
5-нші статья. Отырықшы қазақтардың соты, хүкіметке қарауы һəм басқа
жұртшылық жұмыстарын орналастыруы мұжықтар турасында шығарған
общий положениенің жолдарынша болады (Особ. Прил. Т.ІХ Зак. Сост. Кн.
І, 1902 г. И по продол.).
2-нші тарау
Көшпелі қазақтардың соты, хүкіметке қарау һəм басқа обществалық
жұмыстары турасында.
6-нші статья. Көшпелі қазақтар болысқа бөлінеді. Һəр болыста бірнеше
ауылнай общества болады.
7-нші статья. Қазақтарды болысқа һəм обществоға бөлу, болыс һəм ауылнай
обществаның саны қанша болу жұмыстарын, ауылдың һəм жердің
ыңғайына қарай, областное правлениенің общий присутствиесі істейді.
Бөлер шақта əуелі жер өлкесі бірге қазақтар (үй иесі) бір обществаға кіруін
көздеу. Екінші, болыстардың адамының саны, жерінің ауданы ел бағу ретіне
ықшам болуын көздеу.
1-нші қосымша. Үй иесі деп өз алдына киіз үй, жер үйі бар қазақ саналады.
2-нші қосымша. Ел қонысы алыс, бытыранды болғандықтан бір болыста
бірнеше ауылный общества жасау қиыншылық келтіретін болса, Орал,
Торғай облыстары туралы Ішкі істер министрі, Ақмола, Семей облыстары
степной генерал-губернатор бір аулный обществадан болыс істеуге
ықтиярлы. Ондай болған кезде ауылный староста һəм ауылный сход
жұмыстары волостной старшинаға һəм волостной сходқа міндет етеді.
Мұндай обществаның ісі Ішкі істері министрі һəм степной генерал
губернатор шығарған инструкциялары бойынша істеледі.
8-нші статья. Ауылный обществаны екіге бөлгенде жерлерінің бөлігі қоныс
өлкесінің ыңғайына қарай общий положениенің 52, 53, 54, 55нші статьялары
бойынша ашылады1. Онда болыста: дағдылы қонысы, қыстауы бір жердегі
қазақтар бір қала есебінше шағылады.
9-нші статья. Əр үйдің иесі қазақ өз ауылына обществаның санағындағы
право, міндеттерінен қол үзбей тұрып басқа ауылный обществада отыруына
ауылный сходтық рұқсаты қажет емес. Басқа обществаға мүлде кіруіне
бұрынғы общества жерінен безу керек һəм кіретін обществадан приемный
приговор алу керек. Кірген уезіндегі крестианский начальниктердің
уездный сиезі кіргендігіне постонавление жасайды һəм кіргендерін
казенный палатаға білдіреді.
10-нші статья. Бүгін ауылный обществаны бір болыстан екінші болысқа
облысты правлениенің общий присутствиесі шығарады. Болысты бір уезден
екінші уезге Орал, Торғай облыстарында Ішкі іс министрі шығарады,
Ақмола, Семей облыстарында Степной генерал-губернатор шығарады.
11-нші статья. Көшпелі қазақтар басқа уездердің жеріне жайлауға барған
шағында иə басқа уезд, басқа облыс жерінен өтіп бара жатқанда полиция ісі
туралы сол жердің хəкіміне қарайды. Патшалық һəм земски зборлары уə
ғайри сондай міндеттері өз уезінде атқарылады. Өз уезінен көшіп шығарда
волостной старшина һəм ауылный старосталар көшіп шыққан үйдің санын
білдіріп хəкімдерінен куəлік қағаз алады. Бөтен уезд һəм облыс жеріне
жайлап, иə қыстап отырарында ауылный һəм волостной лауазымдағы адам
сол жердің бастықтарына жерінен алған куəлік қағаздарын көрсетіп, мəлім
болады.
2-нші бөлім
1-нші тарау
Отырықшы қазақтарды жерге орындастыру
35-нші статья. Отырықшылыққа жазылған һəм жазылуға тіленген
қазақтарға қазақ пайдасында тұрған жерлер мен қазына жеріне көшіру
туралы переселендерге шығарған правилалар бойынша участкелер беріледі.
(Св. Ок. Особ. Прил. Т. ІХ, кн. VІІІ ст. 124-154). Олай болған күнде əр
ақсақал тұтасымен, иə, бөлектеніп, яки жеке үйлеп, осы 35-нші статья
бойынша отырықшы болып жер алып, көп болса өз алдына қала болып, аз
болса, мұжық поселкелеріне кіріп орналасуына болады.
36-ншы статья. Отырықшы болып (35-нші статья бойынша) жер алғанда
артылып қалған жерлер қазақтарды түпкілікті орнастырғанша обществаның
пайдасында бұрынғыша қала тұрады.
37-нші статья. Отырықшы қазақтарға қараған жерлерде ақысыз мал айдап
өтерлік мөлшерлі енімен жолдарға жер шығарылады.
Қосымша: Жолға мөлшерленген жердің мал оттауға шөбі кем болса,
отырықшы қазақтардың жеріне мал иелері Ішкі іс министрі шығарған такса
бойынша, иə жер иелері мен мал иелерінің келісуінше от ауыздық төлейді.
2-нші тарау
Көшпелі қазақтарды жерге орналастыру
38-нші статья. Көшпелі қазақтарға қараған жерлер, көшпелілердің бұрынғы
қалыпты пайдалану рəсімінше һəм осы положениенің жолы бойынша
сроксыз пайдасында болады.
1-нші қосымша. Көшпелілерден артыларлық жерлер жер министрінің бас
мекемесінің қарамағына алынады.
2-нші қосымша. Оренбург казак-орысына тиісті Новолинейни район
жерінде отырған көшпелі қазақтардың пайдасында болатын жерлер 1878нші
жылы 23-нші майда патша бекіткен Г.Советтің мнениесі бойынша беріледі.
38-нші статья. Көшпелі қазақтардың пайдасындағы жерлер үшке бөлінеді:
қысқы қоныс (қыстау), жазғы қоныс (жайлау) һəм егін-тарандық жерлер.
Қосымша. Торғай облысындағы тегіс ағаш біткен, шоқ-шоқ ағаш біткен
жерлердің ағашы өсіп ұлғаярлық болса, яки ағаш ексе өсерлік жерлер болса
һəм ондай жерлер қазақ қыстауынан бос болса (38-нші статьядағы 1-нші
қосымша бойынша) қазына қарамағына алынады. Онан кейін ол жерлер
қысқы иə жазғы қоныстықтан шығады. Қазақтар қыстау салып отырған
жерлерінде ағашты жерлерді алуға тиісті болса қыстау иелерінен ризалық
алып келісіп, ағаштан тысқарғы жерге көшіріп, жер министрінің бас
мекемесінің лайықтауы бойынша шығынын өтеу һəм жаңа орында қорақопсы салуына ағаш беру.
40-ншы статья. Қыстаулық һəм егін-тарандық жерлер қазақтарды жерге
түпкілікті орналастырғанша қазақ обществаларының сроксыз рəсім
бойынша пайдалануында тұрады. Жер таласы бола қалса малының санына,
шаруасының мөлшеріне қарай бітім болады.
41-нші статья. Ауылный обществалардың, ақсақалдардың арасында болған
жер дауларын судебно-полицейский закон бойынша крестьянский
начальниктер бітіреді. (153-196 и 440-443 ст. Пол. Об. Уст. Завед. Крест.
Делами, особ. Прил., зак. Сост. Изд. 1902 г. Кн. ІІІІ по прод.)
42-нші статья. Бір ауылный обществаның ішіндегі, яки бір ақсақалдықтың
ішіндегі қазақтардың арасындағы жер дауын қазақтың волостной соты
бітіреді.
43-нші статья. Əркім сходпен бекітіп үй басына қыстаулық үшін алған
жеріне егін егуге, басқа салуға, ағаш отырғызуға, қора-қопсы үй салуға
ерікті. Егілген һəм қора-қопсы салған жерлер ата мүлкі есебінде болып
атадан соң баласы иемденбекші.
44-нші статья. Əр ауылный общества, яки ақсақалдық өздеріне тиісті
қыстаулық жерлерін орыс текті адамдарға егін егуге, иə басқа кəсіп істеу
үшін 36 жылға жалдауға ерікті. Ондай жалдаулар обществоның яки
ақсақалдықтың сходтары жасаған приговорларымен болады. Əркім (43-нші
статья бойынша) өз иемденген қыстаулық жерін жалдауға ерікті. Жалдау
шарты жоғарғыша, бірақ ондай жалдауға сход рұқсат қажет емес.
45-нші статья. Жайлаулық жерлер (39-ншы статьяда айтылған) көшпелі
қазақтардың рəсім бойынша пайдалануында тұрады.
46-нші статья. Қыстаулық, жайлаулық жерлерден обществаның
ынтымағымен егіндік һəм пішендік участкілер шығарылмақшы.
Участкілерді үлесу жолы тиісті скодтың приговорлары арқылы.
Қосымша. Торғай облысындағы қазыналық ағаштардың ішіндегі пішендік,
жайылым һəм ағаштарменен пайдалану туралы лесной устав законының
(1905-нші жылы шыққан) 350 һəм 351-нші статьяларында айтылған
жолдардан шықпасқа тиіс.
47-нші статья. Қыстаулық иə егістік жерлерден кен қазушылар тиісті
обществамен келісуі тиіс. Жайлаулық жерден кен қазу қазынаның бос
жатқан жерінің жолынша істеледі.
48-нші статья. Көшпелі қазақтардың пайдасындағы жерлерден мал
айдайтын жолдар туралы закон шыққанша мал жаюшылардың мал айдап
өтуі ақысыз, бірақ егін иə пішендік жерін бүлдірсе жазықты.
Жер жалдау
Қазақ жеріне сеңдей ағып қара шекпен келе бастағалы халық дағдарып,
қайтеміз, бұрынғыдай отыра береміз бе, жоқ, 15-тен кестіріп алып
атамекенімізге түпкілікті ие боламыз ба деген ойға қалып еді. Бұл туралы
басшы пікір де екіге айырылды. Бұл екі пікір енді қазаққа таныс, қайсысын
таңдау еркі өзінде еді. Қала болушылар ер басына 15 десятинаны
бұрынғыдан еркін, пайдалы деп алған жоқ, аз да болса, атамекенін
қимағандықтан алған секілді еді. Бұлар адасты ма, жоқ дұрысы осы ма, ол
хақында əзір ешнəрсе айтпаймыз, не де болса, қала болған, ел болып қалды,
қайырлы болсын.
Жер кестіріп алғандар маңайындағы оброчный статья жерлері қазақ
пайдасынан кетеді дегенде қамығып, жығылғанның үстіне жұдырық болды,
ізденсек қайтер екен деген көңілде жүр еді. Енді бүгін көріп отырмыз, 15
десятинаның аздығын білсе де амалсыздан қала болғандар һəм соңынан
оброчный статьядан айрылғандар, сүйтіп өрісі тарылғандар бір күндік
ақшаға қызығып жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа
15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жалдап жатыр деуіне
дəлел үшін бе, жоқ, құдай береке беріп, жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі.
Бұл келіспеген істен өзге қала болғандар да сақтансын деп басқармаға
келген мына бір хатты басамыз:
Ақтөбе уезі, бірінші Бөрте болысы 3 ауыл отырықшы болғаннан кейін екі
жыл толмай-ақ, дешовый жерлерін жалдай бастады. «Ауру қалса да əдет
қалмайды» деген ғой. Бұрын кеңшілікте жер жалдап жаман үйреніп қалған
отағасылар бүгін жер тарылды екен, жұрттың тамақ асырап отырғаны
жалғыз сол екен деп, ескі мінездерін қалдыра алатын көрінбейді. Былтыр
осы ауылдың атқамінер отағасылары мен бірсыпыра ілкімді жастары мешіт
салуға жаратамыз деп 300 десятина жерді бір орысқа арендаға берген еді.
Бірақ, одан бері бір жыл заман өтті, не ақша, не мешіттің қайда жүргенін
білген кісі жоқ. Бұл былтырғы іс.
Енді биыл тағы да əлгі отағасылар мен ілкімді мырзалар мешітті сылтау
қылып, жұрттың ризалығынсыз 250 десятина жерді арендаға беріп отыр.
Бұған риза болмаған бірсыпыра адамдар бастапқы кезде олай қыламыз,
бұлай қыламыз деп жүр еді, бір күні əлгі атқамінерлер бір мал сойып, етке
тойғызған екен, қарқындары сонымен басылыпты. Сорлы қазақ бір күн етке
тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой. Бұл енді биылғы іс.
Міне, біздің ауылдың отағасылары мен ілкімді ел бастайтын жастардың
қимылдары.
Дүние жүзінде тамақ асырап күн көру үшін жалғыз-ақ қарап отырған
ұлтарақтай жерлерін сатып еліне мешіт салып бергелі жүрген ілкімді
мырзаларға да бəркелді! Бір тойғанына алданып, қолындағы жерінен
айырылып қарап отырған елге де бəрекелді! Бүгін мешіт салам деп
ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын асырау үшін
елдің еркегі маңайындағы қара шекпеннің малын бағып, көшесін сыпыруға
кеткенде ол мешітке кім кіріп құлшылық қылмақшы. Мұндай бір күннің
келуіне шек қылуға жарамайды. Бүгін жердің кеңдігі арқасында аз-кем
астық шашып, сонымен тамақ асырап отырған, онан басқа ешбір кəсіпті
білмеген бір жұрттың қолындағы жері бітсе, əлгідей болмай, не болмақшы?
Осы күні орысқа жалдап тоздырып алған жерді соңынан өңдеп іске жарату,
екі бастан, біздің қазақтың қолынан келмейді.
Онысы əлі тұра тұрсын, мына сатқан жердің бір шеті ауылдың іргесіне тиіп
тұр. Жұрттың осы күні аз да болса, қара құрасы бар. Бүгінге шейін сол аз
малдарын осы сатқан жерлеріне жайып отыратын еді, енді мұнан соң қозылағына шейін арқандап отырып бақпаса, қалай бағады? Күн сайын орыстың
егініне малын түсіріп потрав (айып – құр) төлеп отырғанын көреміз əлі.
Міне, осы күнгі алған ақшаның қызығын сонда көрер жұрт. Бұл ілкімді
мырзалар жұрттың алақандай жерін сатып қызмет көрсеткенше, оларға
маңайындағы қара шекпендерден өрнек алып, жерлерін өздері пайдалануға
үйрену керек еді. Қара шекпен жерін жалдамақ түгіл, басқадан жалдап
салатын жер табылғанда, өзі де екпейді. Олар бүгінгіден артық ертеңгіні,
ілгеріні көп ойлайды.
Бейшара қазақ, өзіңді-өзің қыспаққа салып, кең жеріңді тарылтып алған
соң, сол қыспақтың əдісін де үйрену керек еді. Сен ондай əдістің мыңнан
бірін білмейсің. Жалғыз-ақ қарап отырғаның сол бір алақандай жерің. Сауда
қылуды білмейсің. Аулыңдағы дүкен я орыс, я ноғайдікі. Өнер білмейсің.
Үйіңді салып жатқан əлгі ноғай, ең ақыры, киіміңді де өзің тігуге үйренбей,
ноғай тігушіге ақша беріп отырсың. Қысқасы, не керек болса, өзіңде бірі де
жоқ, бəрі басқанікі. Ең аяғы моншаға шейін.
Бортаң
Ішкі хабарлар
Елден
Жаңа бағынған қазақтар
Өскемен уезіне қараған Алтай ішіндегі Шыңғыстай елі (қаратай руы) 1870нші жылы Русиаға бағынып жатқан уақытта сол елден 30-40 үй орысқа
қараймыз деп арғы Қытай гранына, Қобда бетіне 1871-нші жылы көшіп
кеткен. Сол көшіп барған жерлерінде 14-15 жылға шейін не онда, не мұнда
жоқ, яғни орыста да Қытайда да жоқ болып, өз еркімен жайлап, қыстап
жүрген. Сонан оларға одан қашқан, бұдан қашқан бірлі-жарымды ауылдар
қосылып, бірте-бірте көбейіп бірталай ауыл болып, жоғарғы айтылған
Қытай гранынан бері қарай ауып, Томскі губерниясына қараған «Шүй»
деген жерде қалқа (қалмақ) лардың қасына келіп, қалқалармен араласып,
бірге ауылдас болып мекендесіп отырған.
Бұл жер ол уақытта орыс меншіктеген жер болса да, отырған қалқалар
билеуші еді. «Мұнда жер бар, ол жерде ел бар» деп орыстар ескермейді екен.
Орыс жағынан ескерусіз жүрген қалқалар сондықтан қазаққа бел көрсетіп
қожаңдаған. Қазақтар бағынудан қашып жүрген көшпелі ел болғандықтан,
қалаларды ықтап, олардан недəуір қаймығып жүріпті. Сөйтіп қалқалар
патшалы жұрттай-ақ қазақтан алым алып, шығын төлетіп тұрыпты.
Қалқалар алым алғанда «шөп ауыз – шөп басы» деп алады екен. Онда да көп
емес: жыл сайын алатыны үй басына бір сом-бір жарым сомдай нəрсе алады
екен. Осылайша біздің бұл жердегі қазақтар неше жылдай қалқаларға қарап
тұрды. Ал енді қалқалардың өздерінің орысқа қарағандағы положениесі
бұлай екен: қазынаға жыл сайын төлейтін алымы кісі басына 7 сом 50 тиын
(бір үйде нешеу болса да). Бірақ 15 жастан кем, 55 жастан асқан еркектерден
һəм əйелдерден алым жоқ. Мұндағы 4-5 мың үйдей қалқалардың ең алғаш
орысқа қарағаннан тап осы күнге шейін төлеп отырған реті осы. Мал, түндік
алымы есеп емес.
Қалқалардың өздері де біздің қазақ сияқты киіз туырлықты, көшіпқонып
жүреді екен. Бұл жақта егін, пішен жоқ. Қалқалардың да кəсібі мал
асыраудан басқа емес. Біздің бұл бөлек жасаған саяқ қазақтардың Алтайдан
шығып, Қытай гранынан айналып қалқаларға қосылуы 1881нші жылдарда
болса керек. Осы 1881-нші жылдан 1913-нші жылға дейін қазақ қалмақ
(қалқа) бірыңғай, қонысы аралас, қойы қоралас болып, жер иесі қалқалар
болуы себепті қазақты билеп тұрады. Қазақ бұлардың ішінде кірме есебінде
жүрді. Қалқалардың байлығы қазақтардан артық болып, біздің қазақтар
кірме болса да олардың байлығынан пайдаланып, бұлар да əбден байып
кеткен. Қазақтың білімі де, ептілігі де қалқадан ілгері болған. Сөйтіп келекеле қалқаны қазақ билей бастаған қалқалардың управлениесіне билікті
қазақ айтып, қалқа даулы болса, қазаққа жүгінетін болған. Қазақтың
«Шүйге» (Қосағаш) алғашқы келген кездегі саны мағлұм емес. Осы уақытта
300 үйден артығырақ. Қалқаның қазақтың алатын жер алымы бастапқы
кезде жылына үй басына 1 сом-1 сом 50 тиын болса да келе-келе 10 сомнан
болған. Енді бізге білінеді, Шүйдегі қазақтардың қазақ болғалы орысқа
қарамағандығы.
Осы қазақтарды өткен 1913-нші жыл август басында қалқадан айырып өз
алдына жеке бір болыс қылды. Болыс сайланғанда бұрынғы қазақтар сияқты
степное положениемен емес, крестьянский положение ретімен сайлаған.
Онда қазақтар төрелерге айтқан екен: «Біздің степное положение бойынша
орнықтыр» – деп. Төрелер қабыл қылмаған. Егер де крестьянски
положениеге көнбесеңдер, бұл арадан жер бере алмаймыз деген. Сонан соң
қазақтар басқа барар жері жоқ болғандық төрелердің айтқанына көніпті.
300 үйге бір волостной староста, 4 народный судья, 4 сборшик, бірнеше
онбасы һəм жиналған ақшаны сақтайтын 1 казнашей тағайын қылынған. Ел
ортасына волостное управление бар. Билер кезекпенен управлениеде он
күннен тұрады. Қазақ крестьян болып жазылса да, алым-шығынды
қалқаларша төлемекші (қалқаның алым төлеуі жоғарыда жазылды). Қазақ
билері билікті қазақ жолы мен законнан тым шетке кетпей, управлениеде
халық алдында айтады дейді. Барлық қазақтарға осы істер туралы қол
қойдырып, ризалық алыпты.
Бұл Шүйдің жазы салқын, қысы есепсіз суық болса керек. Осы Шүй Қытай
жерінің омақасына 15 шақырым ғана болғандықтан Гран деп айтсақ та
жарайды. Шүй Семейден Алтай арқылы 800 шақырым. Биіскі 600
шақырым. Томскідегі мың шақырым жақтықта болып, Биіскі уезінің 4-нші
участкасы атанады. Бұл жаңа бағынған қала ішіндегі қазақтардың адам
есебі қағаздаған уақытта 1 мың 410 болыпты. Мұның ішіндегі 15 жастан кем
һəм 55 жастан артық еркекті шығарғанда жəне əйелдерді шығарғанда
басқаларына айтылғандай 7 сом 50 тиыннан түседі.
Осы 300 үйдің шығыны һəм жұмыстары мың жарым – екі мың үйлі елдің
шығынынан кем емес көрінеді.
Бұл жер тым шетте болғандықтан мұнда нəрсе əбден қымбат. Бұл жақта егін
болмайды. Ұнның пұты 2-3 сомға шейін бар. Тұздың пұты ұнның пұтымен
бірдей. Бұл елдің ішінде моңғол арасында сауда қылып қайтатын жігіттер де
көп. Моңғолдардың арасында дүние арзан. Есебін тапқан кісілер бір сомға
2-3 сом тұрғызса керек. Мұндағы аз ғана қазақтарда қарап жүрген бір кісі
жоқ. Бай-жарлысы тегіс кəсіп қылады. Мұндағы қазақтар біздің басқа
қазақты ешбір естімеген, білмеген моңғолдың қала деген тобының
арасында күнелткен бір ел екен. Екінші рет бұлардың ғылымға, оқу-оқытуға
жайлары қандай екенін жазармын.
Ғайса Тоқтарбеков
Он төрт тоғыз бола ма? *
Он төрт тоғыз бола ма?
Бұл өтірік пе, жала ма?
Жабыла қол қойғанмен,
Ақ іс қара бола ма?
1909 жылы Сералы, Елжан екеуі мұсылман депутаттары арқылы Г.Думаға
қазақ жері туралы закон жобасын кіргізген екен. Осы жоба законға айналса,
жұртқа белгілі «9 июнь 1909 жылғы министр советі насихаты» толықтап,
мұжық алып жатқан қазақ жері біздің жұрт пайдасына қалмақ екен. Мен
болмасам, Сералы мен Елжан закон шығарып алып, қазақ жерін қорғамақ
екен1.
Бұларың жөн-ау, бірақ Сералы мен Елжан закон жобасы Г.Думаға 1909
жылы 14 июльде кірген еді2.
Он төрт тоғыз бола ма?
Бұл өтірік пе, жала ма?
Соңғы бес жылда біздің қазақ жерінен 8 миллион десятина жер алынды. Ол
8 миллион десятина жер, мен болмасам Сералы мен Елжан тапқан олжа
болып, қазақ пайдасына қалмақ екен.
Туысыңнан айналайын, тусаң осы екеуіндей болып ту!
«Осы Жамантай ханды жаратқан құдайдың көзі шаңырақтай шығарау» деп,
Жамантай төренің ісіне риза болған бір надан шал айтқандай, Сералы мен
Елжанды жаратқан құдыреттен айналса болмас па!
9 облыс бір губерния қазағы мекендеген жер 240 миллион десятина 1914
жылға дейін қазақтан мұжыққа алынған жер 12 миллион десятина. Бұл
əрбір жүзден 5 десятина ғана болады. Əлі де болса, құдайға шүкір, қазақ
қолында ер қызметіне тұратын жер бар. Жаза менен болса, мен жаңылдым,
жаздым. Сералы, Елжан екеуің өнерлеріңді бүгіп жатпай, бастаңдар,
етектеріңнен ұстайын. Жүзден 95 аз олжа болмас!
1909 жыл саясат жолы закон шығарып алуға оңай болса, 1914 жыл онан
қиындаған жоқ. Бұл күнде саясат жолы ондағыдан тар да, кең де емес.
Өткен жылы «Қазаққа» басылған «А.Б.» «Қыр баласы» мақалаларын
оқушылар Г.Думадағы партиялар пікірін, закон жобасы законға не шартпен
айналатынын, үшінші Г.Дума қандай Законда хош келдің деп күтіп
алатынын біледі. Бұл туралы тереңге кетуге уақыт ыңғайсыз, сөз
қысқартайық. Үшінші Г.Дума өзі 3 июнь сейсенбі сəтсіз күні туған жоқ па?
Біз сонда депутаттан айрылмап па едік. 120-статьяның қосымшасын
Түркістанға шығарған үшінші Г.Дума емес пе еді? Үшінші Г.Дума арқылы
қазаққа пайдалы закон шығарып алам деген соқырлық, саясат жолынан
амандық деп жазуға қалам шіркін мүжіп тұрған жоқ па?
Сен қозы текке қарап жүре алмайсың?
Соқтықпа маған десем тіл алмайсың,
Мойныңды қазір жұлып алайын ба?
Суымды неге былғап лайлайсың3,
– бола ма деп, саясат жолына еркін кіре алмай, қор болып тұрғанымыз жоқ
па? Бұлт айығып, күн шығар, сонда тірі болсам, Сералы, Елжан екеуінің
закон жобасы законға айналмаған себебі менен бе, жоқ сол уақыттағы саясат
ауасынан ба, көрсетермін.
1909 жылы үшінші Г.Думаға қазаққа пайдалы закон жобасын кіргізіп мұнан
қалған үміт «Осынікі қалайша үзіліп түспес екен» деп қошқарды күзеткен
түлкі үміті емес пе еді. Адам баласы істеп жүрген ұсталықтың ең оңайы етік
тіккен, міне бұл да кім болса соның кез-келгеннің қолынан келмейді, бұл да
етікшіні күтеді. Саясат ісі адам баласы істеп жүрген ұсталықтың ең қиыны,
етікке қылатын амал тарамыспен бітеді. Саясат жолында тарамыс орнында
адам баласы. Тарамыс та шеберді күтеді.
Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір ауыз бұтып-шатып.
Елді алып, Еділді алып есіреді.
болып біз қаңғып жүрміз...
1909 жылы Петербургте Сералы мен Елжан маған келіп жолыққан еді, біз
мынадай закон жобасын Г.Думаға кіргіземіз, сен де бізге қосыл деген еді.
Мен бұларға қазақ жері туралы өз пікірімді баян қылған едім. Осы закон
жобасы туралы 1909 жылғы мұсылман депутаттарының секретары
Ғалимарданбек Топшыбаев квартирасында Сералы, Елжанмен екінші қайта
айтысқан едім. Бұл закон жобасы уақытсыз, саясат жолында бұл болмайтын
іс деген едім. Сералы мен Елжан құр үміттен басқа ешбір дəлел айтып, мені
жыққан жоқ сияқты көрініп еді. Мен Самараға кеттім. Сералы мен Елжан
елде шұбалып ишан жиған Бақытжанды күтіп Петербургта қалды.
Бақытжан бұл закон жобасына қол қоймағаны қалай? Осы жолы «15-тің»
етегіне намаз оқып келген жоқ па еді. Жолдасы Сералы, Елжан «9 июньді»
жоқ қыламын деп əдіс қылғанда, Бақытжан бұған намаз оқып еді. Енді
жаланың бəрін менің мойныма аудармақ. Бақытжан аға-ау, балаларың ер
жетпей ме, бұл мінезіңізді көре тұра бұл балалар қайда жасырынып күн
көреді. Ұят қайда? Бір жылдан кейін 1910 жылы жазғытұры депутат
Қ.Тевкелев мені шақырып, бізде қазақ закон жобасы бар, бұл туралы сіз не
айтасыз деген соң, мен мұсылман депутаттары арасында қазақ жері туралы
доклад қылдым. Бір жылдың ішінде бұл туралы менің саясат жолына
пікірім бұзылатын не болды. Мен мұсылман депутаттарына былтырғы
Ғалимарданбек алдында айтқанда айттым. Мəжілісте Қабыш, Сағадат
болған. Саясат мынау, осы закон жобасын законға айналдыратын не
үміттерің бар деп, мұсылман депутаттарынан сұрап едім, Кавказ депутаты
Хайдаров бұл саясат жолындағы бір əдіс дағы дегенді айтты.
Г.Дума қарайтын закон жобасы екі жерден шықпақ: бір закон жобасын
үкімет жазып кіргізеді, бір закон жобасын депутаттар жазып кіргізеді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.