Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24

Total number of words is 3690
Total number of unique words is 1822
23.7 of words are in the 2000 most common words
34.0 of words are in the 5000 most common words
40.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түзету курстарын ашу керек. Б) əр жерден кедейлердің жерсіз һəм аз жерлі
дихандардың ұйымдарын ашу.
В) Кедейлер надандығынан өздерінің тап мақсаттарын сақтау үшін əрекет
ете алмайтын болған соң, еңбекшілдер арасынан байларды, манаптарды
айырып, бір облыстан басқа бір облыска жіберу, керек болса Түркістаннан
шығару.
10.Көшпелі кедейлерді жатаққа айналдыру һəм олардың жаңадан
шаруашылығын пайдалы жолмен жүргізу үшін диханшылыққа жəрдем беру
керек.
11.Еңбекшілдерді егін комитеттері аз жерлі, жерсіз дихандармен кедейлер
ұйымдары арқылы көптестіріп мемлекет ұйымдарын шығару ісіне кірістіру
керек.
12.Еңбекшілдерге диханшылыққа жəрдем еткенде əртүрлі кеңес
шаруашылық ұйымдарынан мал, егінге керекті нəрселердің барлығын алып
беруге тиісті.
13.Қышлақ-ауылдарды шаһарлармен жақындастыру үшін ұлтшылдық
теңсіздігін жоғалту. һəм мұсылман кедейлерін Кеңес хүкіметіне сендіру.
Шаһар кедейлері мен қышлақ-ауылдардағы еңбекшілдер арасын
жақындастыру үшін партия өзінің ұйымдары һəм кəсіпұйымдары арқылы
оларға əртүрлі жəрдем етіп тұруы керек болады.
Ресми бөлім
Жетісуда жер Низамы
ТурЦИК президиумы бекітті:
Қожанов, Асфандияров, Сафаров Жетісудың областной төңкеріс
комитетінің ЖАРЛЫҒЫ
Түркістан Республикасы 9-шы Кеңестер съезінің қарарына муафиқ һəм
бірінші аймақтық қазақ-қырғыз еңбекшілер съезіндегі қарарға да муафиқ.
Жетісудың жергілікті халқын жуан жұдырықтардан құтқару үшін һəм
олардың Жетісуға правосын орыс қақымен теңгеру үшін, Жетісу төңкеріс
комитеті лайықтайды:
1)1916-1921 жылдың арасында қазақ-қырғыз, тараншы, дұнған еңбекшіл
халықтарынан ықтиярлы-ықтиярсыз кесіп тартып алған жерлерді өздеріне
қайтару;
2)Жер тартып алушыларды өздерінің бұрынғы 1916 жылға шейін тұрған
поселкелеріне қуу;
3)Өз ықтиярымен жер тартып алушылардың жерді босататын мезгілі осы
1921 жылда егін айдайтын уақыттан басталсын. Жерден көшірілетіндердің
еңбек нормасы мен мал-мүліктерін ала кетуге еңбекшіл һəм жарым
еңбекшіл шаруашылықтардан артылған мүліктері жерінен ауғандарға,
жəрдемге үйлестірілуге қазынаға түседі. Сөйтіп алдымен бұрынғы жер
иелеріне жəрдем беріледі.
Ескерту: бұған айтылғандар өте көп. Мүлкі, шаруашылығы бар жуан
жұдырықтарға бермей, олардың мүлкі тұтасымен қазынаға алынып, өздері
облыстан яки Республикадан қуылады.
4)Зорлықшылдар бұрынғы қаладағы мещаннан болса яки, жаңа
келгендерден болса, я қалаға қондырылады, я бұрынға поселкелеріне
қондырылады;
5)Зорлықшылдар айтылған мөлшерде көрсетілген орындарға көшпесе
барлық мүлкі қазынаға алынып, өздері облыс шегінен қуылады;
6)1916-1921 жылдардың арасында зорлықшылдар шыққан поселкелер,
станциялар, қалалар еңбек нормасымен жер беріп, 1916 жылға шейін тұрған
поселкелеріне қайтуға міндетті. Егерде еңбек нормасымен жер жетпесе, жан
басына тиген тиісті жерін береді. Ауыл ревкомдары (революция комитет)
зорлықшылдарға берілген жер көптің көмегімен айдалып, тұқым себілуіне
ыждағат етуі тиіс;
7)1916 мен 1918 жылдардың ішіндегі қазақтың қыстауларының көп
бұзылғандарын еске алып, зорлықшылдардың еккен егіні, қора-қопсы
жерінен ауған қазақтарға берілсін.
Ескерту: уез жер бөлімдері болыс һəм ауыл ревкомдері көшірілген
зорлықшылдардың үй салуларына һəм ғайыры басқа реттеріне болсын,
мүмкін қатарынша жəрдем беруге міндетті.
8)Зорлықшылдардың арасында еңбекшіл қызыл əскердің үй іштері
көшірілгенде, Республиканың қазынасынан оларға жəрдем беріледі. һəм
оларға жері көп поселкілерден толық еңбек нормасымен жер беріледі;
9)Жер көктеуі мен қазақтан басқа жатақ халықтарға қыстаулық, күзеулік
жерлерге мал жаю тиылады.
Ескерту: мал жайылатын жерлерде мал өсіретін артельдер белгілейді.
10)Əр түрлі поселкілердегі үй жуан жұдырық шаруашылықтардың есебін
алу; олардың əрқайсының өлі бұйымдары мен мал-мүліктерін қазынаға алу;
жуан жұдырықтардың өздерін Түркістаннан қуып көшіру. Бұл айтылған
мəселелер облыс жер бөлімі уездік жер орнатушы комиссияның көрсетуі
бойынша ғана шешіледі;
11)Қуылған жуан жұдырықтардың қалған шаруасын алдымен
қондырылатын зорлықшылдарға берілсін.
Ескерту: еңбегі сіңірілмеген шаруашылықтардың қыстаулары, алдымен
жуан жұдырықтардың малайларының шаруасын түзетуге беріледі. Мұндай
шаруашылықтарда бас қосып жер жырту мақұлданады.
12)Жуан жұдырықтардың қазынаға түскен мал мүліктері мен өлі
бұйымдарының барлық артқаны қазақтың шаруасын бекітетін қазынаға
алынады;
13)Жер жалдап алуды тыю, мұны бақылау уез жер бөліміне, қазақ кедейлері
мен малайларының ұйымына тапсырылады;
14)Еңбек туралы шыққан низамға қарсы ауыл-қалалардағы кедейлер мен
зорлықшылдар арасында болған əр түрлі шарттар: мəселен, жер жалдау,
алыс-беріс, малайлық сияқты істер дұрыстыққа есептелінеді. Бұларды
орнына келтіруді бақылау, жергілікті қазақ жарлыларының һəм
малайларының ұйым бөлімдері мен еңбек бөлімдеріне тапсырылады;
15)Орыс ауылдары мен қазақ ауылдары арасындағы суды пайдалану ретінде
айырым ашып қою. Бұл туралы істелетін іс 21-ші жылдың мартына шейін
орындалуы тиіс. Бұл жұмыстарды жүзеге шығаруды, поселкілер мен
жермен, я ғайыры (негізгі) алмасатын рет келсе, ол уақытта су жөнін облыс
ревкомы мен жер бөліміне һəм екі жақ уəкілдерінен құрылған комиссияға
тапсырылады;
16)Көшпелі мал шаруалығын ілгері бастырып, дұрыс қалыппен жүргізу
үшін, көшпелілерге тоқтау болатын жайлардағы жолға салынған əр түрлі
қыстауларды орыс ауылдары поселке ғайыры мекендеген жерлерді болса да
нығыздап, яки басқа жерлерге көшіріп болсын, көшпелілерге жол ашу
керек;
17)Жатақ егінші халықтар мен көшпелілер үшін, тезірек еңбек жер
нормасын шешуге кірісу керек. Бұл жұмыс областной жер бөлімінің
жанында болатын айрықша комиссияға тапсырылады.
Еңбек нормасы көшпелі қазақтардың шаруашылығына қарай, керегіне
жеткілікті мөлшер мен һəм нағыз егіншілерге (жатақ қазақтарға, қара
шекпендерге, дұнғандарға, бұрынғы казак-орыстарға, қаладағыларға) еңбек
нормасымен жасалуы керек. Қалада отырғандар 1916 жылға шейін түп
кəсібі ауыл шаруашылығы болса һəм жалдама еңбекпен пайдаланбаған
болса, жер ала алады.
Ескерту: осы жарлыққа муафиқ қалада отырғандардан алынған қала
айналасындағы 8 шақырымға шейінгі жерлер, алдымен қала
шаруашылықтарына, кооперативтерге, кəсіпшілер ұйымына, кеңес һəм
басқаша əлеумет ұйымдарына жазылғандардың шаруасын түзеуге беріледі.
18)Қара шекпендерге кесіліп пайдаланбаған жерлер айрықша учаскесіне,
оброчный статьялар, жергілікті халықты орналастыратын жер қазынасына
кіреді.
Ескерту: бұл жерлерге жергілікті халықты орналастырып болғанша, осы
жылдан бастап жергілікті халықтың жеке пайдалануына берілсін.
19)Областной жер бөлімдері барлық облыстағы мал-мүлік һəм өлі
бұйымдардың артылғандарын, жұмыс малдарын тиісті орындарымен қазақ
кедейлерінің жер жыртуға пайдаланып тұруын ескеріп, оларға өте қажет
болса артылған мүліктерді ықтиарсыз алып беруге болады;
20)Осы 21-ші жылдың ішіндегі кедейлердің қызыл əскерлерінің, үй
іштерінің һəм көшіріліп, қондырылған зорлықшылдардың жерін айдап,
егіндерін ору үшін жетілер жасау. Бұл туралы облыс еңбек қарызын
жүргізу.
Ескерту: осы жетілерде орыс халқының жері айдалғанда жергілікті халық
еңбекшілерімен пайдалану болмасын.
21)Кедейлер шаруасы үшін тұқым қазынасын ашу; мұның үшін алдымен
мемлекет тұқым қазынасын соған жарату. Облыста орыс пен жергілікті
халықтар арасындағы көрсетілген барлық жұмыс 21-ші жылдағы екпінді
жұмыстан саналады.
Һəм облыс жер бөлімінің нұсқауымен айрықша обкомның, орыс
ревкомының, облыс жер бөлімінің уездерде, уезком партияның ревкомының
һəм ТурЦИК-тың жерінен ауғандарға жəрдем беретін комиссияның
уəкілдерінен жасалған уез комиссиясымен жүзеге шығарылмай, бұл
комиссиялар өз алдарына жеке бір кеңсе жасамайды. Уез жер бөлімінің һəм
басқа кеңес мекемелерінің кеңселерінен пайдаланып, оларға жер орнату
жұмысына нұсқау көрсетеді.
Басқа кеңес мекемелерінің бөлімдері, жер орнату туралы өз алдарына
жұмыс жүргізбейді. Жүргізейін дегенмен мақсаттарын облыс жер бөлімі
арқылы һəм жер орнату комиссиясы арқылы жүргізеді.
Барлықкеңес партия һəмкəсіпшілік ұйымдары Жетісу облысында жер
орнату туралы жұмыстарға һəм оның ілгері басуына жəрдем көрсетуге
міндетті.
Қазақ-қырғыз жарлылары һəм олармен бірге ұйымдасқан жалшылықта
жүргендер бұл жұмысқа барлық күштерін салып, өздерінің съездегі
уəкілдерінің нығайтқан жұмыс жоспарын жандандыруға міндетті.
Облыс ревком бастығы О.Жандосов. Мүшелері: Позонишев,
Атабаев, Сыдықов, Куров, Розыбақиев, Бөрібаев, Липпа, Субботин,
Хожиқов, һəм Бурнашев. Облыс жер бөлімі: Балиев, Чимкот, Полочанский.
Ішкі хабарлар
Жер еңбекшілерге!
ТурЦИК-тің 18 февральдағы шығарған қаулысы бойынша, бұрынғы хүкімет
тарапынан тұқым шашылатын жерлер жерсіз һəм жері аз дихандарға
бөлініп беруі үшін, жергілікті жер бөлімдерінің ықтиярына берілетін болды.
Əлгі жерлердің барлық жұмысын жергілікті халықтың нағыз кедейлеріне
таралып беріледі.
Ресми бөлім
Жерсіз һəм аз жерлі дихандар ұйымдарының жобасы Ұйымның
мақсаты һəм міндетті істері
1.«Қосшы» һəм аз жерлі дихандар ұйымдарының негізгі міндетті ісі болып
табылады. Еңбекшілерді бірлестіріп, ұйымдастыру халықты бай-жарлыға
айыру, жолын қышлақ ауылдарда орындау һəм ауыл жарлыларынан
еңбекшілер ұйымдарын жүзеге шығару;
2.Ұйым міндетті жұмысым деп тұтады: а) еңбексіз, кісі еңбегімен күн
көруші шаруашылықтарды түбімен құртуды ə) азық-түлік һəм
шаруашылықтарынан өнетін нəрселерден пайдалану жолындағы тұтқан
жобасын жүзеге шығаруға б) еңбекші артельдер һəм ұйымдасып жер егу
жұмыстарын ашуды в) барлық мүшелерінің білім көзін ашу, өз міндетін өзі
түсінуді ұғындыру, ұйымдасу ниетін жүзеге асыруды г) əр түрлі кеңес
кеңселерінде құқықтарын сақтамақ үшін уəкілдер жіберуді;
3.Осы жоғарыда айтылған мақсаттарына жету үшін ұйым ұмтылады: а)
тиісті ұйымдар арқылы жер заңын жүзеге асырған уақытта ауылдардағы
еңбегі кісі пайдасына кетіп жүргендерді көзге көрсетуге ə) хүкімет
кеңселері арқылы бай, жуан жұдырықтардың жер-су һəм тірі, өлі мүліктері
пайдалану жолымен сол жердегі халықтың алдыңғы қатарына теңестіру
үшін айрықша шаралар табуға б) шаруашылық ұйымдары азықтүлік жинап
бөлген уақыттарда, азық-түлік салығын орындаған уақытта азық-түлік
ұйымдарына жəрдемдесуге һəм оның дұрыс орындалуына бақылаушы
болуға в) əр түрлі себептермен уақытында жерлерін айдап ала алмай
қалатын кем-кетік мүшелердің жерлерін айдасып, жəрдем беріп тұру үшін
көптің еңбегімен көмектесіп, айдалып жəрдем беруге г) ұйымның мүшелері
арасында шаруашылық білімін таратуға-тырысуға, ғ) мектеп, клуб,
қирағатхана, ауыл-шаруалықтарының курстары секілді хүкімет кеңселері
арқылы білім жұрттарының ашылуына жəрдемдесіп іске асыруға;
4.Ұйымға кіре алатындар: 1) ұйымға кіре алады а) ауыл шаруашылығының
қызметкерлері, ортақшылары, ауыл шаруашылықтарының жалшылары,
бағбандар еңбек-шіл серікшілдер, яғни «Қосшы» деп аталатындар ə) аз
жерлі дихандар, яғни қазына кесімімен жері аздар, алғы диханшылық
кəсібін қылатындар, көлік қамыт-сайман жоқтықтан кісіге жүріп, еңбегін
жегізіп отырғандар б) қол кəсібіндегілер, орта еңбекшілер, егер сол жерде
қол кəсіпшілерінің өз алдына кəсіпшілер ұйымдары болмаса, егер қол
кəсібіндегілердің көбірек істейтін жұмысы диханшылық болып, қол кəсібі
əшейін-ақ бір кəсіп болса, ол уақытта олар дихандар ұйымына кіруге
міндетті. Түркістандағы кəсіпшілердің екінші съезінің қаулысына муафиқ
кəсіпшілер ұйымдарының мүшелерінен орындауы сұралатын істерге қол
кəсіпшілерінің ұйымдарының мүшелері де қабыл болса керек.
Түркістан қазақ-қырғыз еңбекшілерінің тұңғыш съезі (Əулиеата, 20-30
январь 1921 жыл) 25 январь ерте мəжілістің аяғы Жер-су мəселесі
Жер-су мəселесі туралы Түркістан Республикасының аймақтық жерсу
мекемесінің атынан жолдас Аспандияров һəм М.Есполов баяндама қылды,
кешкі жиылыс сағат 5-те.
Жер-су туралы Қаулы
Жер мəселесі туралы Түркістан Республикасының жер комиссариатының
баяндамасын тыңдағаннан кейін Түркістан қазақ-қырғыз еңбекшілерінің
бірінші жалпы съезі бұл туралы Кеңес хүкіметінің жер саясатын мақұлдап
төменгі қарарларды шығарды:
Қазақ-қырғыз халқын жем қылған жуан жұдырықтармен аянбай алысуды
съезд серт қылып, Кеңес хүкіметінің жер саясатына қайшы келгендер
тартып алып отырған қазақ-қырғыз еңбекшілерінің жерін өздеріне қайтып
əпермесе, езілген, жаншылған еңбекшілердің ауыр халы жеңілденеді деуге
болмайды. Көктемнен бастап жер заңын тоқтаусыз өзгерту һəм іске асыру
үшін қолданатын негіздер мыналар:
Еңбек мөлшерінен артық иемденіп отырған, келген қара шекпендердегі һəм
казак-орыстардағы жерлерді алып, қазақ-қырғыз кедейлеріне еңбек
мөлшерін үйлестіру керек. Келген қара шекпендер һəм казакорыстар
зорлықпен орнап пайдаланып отырған жерлер қазақ-қырғыздың өзіне
қайтарылсын. Суды пайдалану жөні реттелсін! Қазақ-қырғызбен кел-гендер
сумен əділ тең пайдалансын! Шөлейт жерлер суарылсын! Жаңадан арықтар
қазылсын! Бұрынғы мемлекет һəм қазына жерлері қазіргі кеңесшіл
мемлекет һəм қазына жерлері қазіргі кеңесшіл мемлекет мүлкі саналып, бұл
жерлерге қазақ-қырғыздарды орналастырсын!
Көшпелі елдің мал айдап өтуіне көлік, жол ашылсын! Қазақ-қырғыз
еңбекшілеріне соқа-сайман, жұмыс көлігі берілсін! Бұлар мемлекет
қоймасынан һəм келген жуан жұдырықтардың, байлардың, манаптардың
қолындағы артықтарынан алынсын! Көшпелі кедейлерді орнықтыру
мақсатын көздеп, шөлейт жерлерді суландырудың қамына тез кірісілсін!
Жер заңын жүзеге асырудың тетігі, қазақ-қырғыз еңбекшілерінің бірігуінде,
ұйымдасуында. Сондықтан істеліп жатқан түрлі шаралардың қатарында
қазақ-қырғыз еңбекшілері арасында ұйымдастыру, түсіндіру жұмысын
тиісті ұйымдар, мекемелер тезінен қолға алу керек. Жер заңын көңілдегідей
жүргізу үшін қазақ-қырғыз еңбекшілерін жақсылап ұйымдастырып көзін
ашу үшін съезге келген уəкілдердің арасынан һəм бүкіл Түркістан
Республикасында таралып, шашылып жүрген қазаққырғыз еңбекшілеріне
жаны ашитын, азат болуына аянбай қызмет қылатын зиялы азаматтарды
тағайындау керектігін съезд лайық көреді. Съезд еңбекшіл казақ-қырғыз
халқының атынан бүкіл зиялы қазақ-қырғыз қызметкерлеріне, қан жылаған
халқына жаны ашитын азаматтарына ұран салып, қазақ-қырғыз
еңбекшілерін ұйымдастыруға һəм олардың жаулары жуан жұдырықтармен
бай-манаптармен алысуға шақырады.
Көшпелілердің мал шаруашылығы туралы қарарлар
Қазақ-қырғыздардың мал шаруашылығын сақтау, мал тұқымын өрбіту һəм
асылдандыру туралы съезд төменгі қараларды шығарды. Түркістан хүкіметі
тезінен мынандай шараларға кіріссін:
1.Көшпелілерге жеткілікті жер берілсін! Қолданатын негіздер жайлаулық,
қыстаулық, шабындық һəм өз ішіп-жеміне жетерлік егістік жерлер мол
болу. Жер лайықтанғанда халықтың өсімі ескерілсін! Малының өсуі, өрбуі
еске алынып, жайылым жолы су аты жеткілікті болсын!
2.Көшпелілердің шабындық жерлеріне мал асырайтын ғайыры ұйымдар мал
салу тоқтатылсын.
3.1916 жыл Жетісуда һəм Ферғанада генерал Ивановтың карательный
отряды ойран салғандықтан, һəм 1918-19 жылдардағы ішкі соғыстың
əлегінен малынанайрылған көшпелілерге мемлекет есебінен тұқым малы
берілсін. Лепсі, Қапал уездеріне тұқым, мал беру шарасына кіріскенде өте
сақтықпен, жай адамдар пайдаланып кетпейтін жағын ескеру керек;
4.Мұның үшін əскерлік керегінен шыққан тұқымдық иелерді һəм компрод
қарауындағы малдардан (сиыр, қой, ешкі) алыну жағы қаралсын.
5.Ескі переселен мекемелер мал бағуға деп алған жерлерді һəм жерсіздерге
үлестіргеннен артылып қалған жерлерді мал шаруашылығы үшін пайдалану
керек.
6.Көшпелілердің мал тұқымын өрбіту үшін 1 февральдан 1 майға шейін,
яғни түйе «шөгетін» мезгілде інгендер, буралар лауға алынбайтын болсын.
7.Көшпелілердің мал тұқымын кемітпеу үшін азық-түлікке қолдан келгенше
шет мемлекеттерден мал сатып алу шарасы қаралсын;
8.Қора-қопсы салу үшін ағаш, қамыс тегін берілсін.
9.Сақтық үшін əлеумет керегіне шығып отыратын пішен үюге, пішен
шабуды міндетті қылатын низам шығарылсын.
Жоғарғы қарарларды жүзеге шығару шаралары:
1.Көшпелілерге үйлестіру үшін мемлекет тарапынан асыл тұқымды малдар
өсіруге кірісу керек. Ондай тұқымдар: қалмақ сиыры, қойы, қырдың
құйрықты қойы һəм жылқылары, Дон жауміт малдары. 1-ші шарт,
көшпелілердің мал тұқымын асылдандыру болсын;
2.Көшпелілерге айғыр, бұқа, қошқарлар берілсін;
3.Орталық жерде мал жайылатын орын болсын;
4.Үлгілі қой өсіру орны жасалсын һəм мұнда тері иленетін болсын. Бұл
күнге шейін Түркістанда мұндай іс некен-саяқ болмаса, дағдыланбаған
жұмыс, көшпелі елдер мұнан тері илеуді үйрену керек;
5.Көшпелілер үшін ел аралап жүріп, пішен шабатын (əлеумет маяларын
даярлауға) шөп машиналары, тырнауыштары болсын;
6.Асыл тұқымды малдарды сатып алу үшін адамдар тағайындалсын;
7.Мал шаруашылық үйрететін шаруалық мектептер ашылсын;
8.Мал дəрігерлігі күшейсін;
9.Үлгілі қыстау, қора-қопсы салу шарасына кіріссін;
10.Көшпелі халықтың мал шаруашылығына зиянды аңдарды құрту үшін
аушылар ұйымдары құрылсын!
Жолдас Сафаров сөзі
Жер-су мəселесі турасындағы қаулы қабыл етілгеннен кейін жолдас
Сафаров сөз алып мынадай дейді:
Жолдастар! Қазір, жер-су хақында қымбат қаулыны шығарып отырсыздар.
Бірақ, бұл қаулыны жүзеге шығару сіздердің өз міндеттеріңіз.
Ішкі Россияда Кеңес хүкіметі құрылуменен, 17-18-ші жылдардағы жер-су
турасындағы əр түрлі заңдар шығарды. Ол шығарған заңқаулыларды Россия
еңбекшілері мекемелер құрып, барлық жер істерін өз қолдарына алды. һəм
іс жүзінде майданға шығарды.
16-шы жылдан 21-ші жылға шейін қазақтың жері таланудан тоқталған жоқ.
Бұл талану, тартып алу өздерің іс басына отырып, жұмысты өз қолдарыңа
алсаңдар ғана тоқталады.
Жер-су мəселесі турасында, ұлтшылдықты қолдануға болмайды. Заман
ұлттар күресінікі емес. Таптар күресінікі болып отыр. Қазір бізге езілген
таптардың күресі керек. Сол үшін Түркістан аймағында орыс халқының
еңбекшілерімен бірге өздеріңді құлдықта тұтып келген жуан жұдырық
мұжықтар, өздерінің зорлықшыл, атқа мінерлерінің төбесін тесіп,
араларынан жоқ қылулары керек.
Қожановтың сөзі
Онан соң жолдас Қожановқа сөз берілді. Қожанов: қазір, жер-су турасында
жақсы қаулыны қабыл алып отырсыздар. Мен бұл туралы біраз сөз айтып
өтпекшімін. Түркістанның топырағында, ондағы отырған халықтар сыры
белгілі. Бұл шығарылған қаулыға түсінбестіктер болып жүрмесін.
Шығарылған қаулыда қазақ-қырғыздан 16-шы жылдан бері қарата тартып
алынған жерлер қайтарылсын. Өз күшіменен бейнет қылмаған адамдардың
жерлері алтын һəм əркімге еңбек мөлшеріне ғана жер берілсін деген қаулы
болып отыр. Осы қаулыға түсінбестік қылып орыстың жерінің барлығы
алынады деп жүрмесін.
Қазақ-қырғыз кедейі өз ақысын өзі талап қылып өзі ұстануы тиіс. Қазаққырғыз кедейіне енді, «я өлу, я өлтіру» күресі кез келіп отыр. Бүгін
топтанып келіп, əр түрлі қаулылар шығарып, ертең қатын-баланың қасына
барып жатып алуға болмайды. Белсеніп істеу керек. Өткен күн
таңдайларыңа татыған шығар. Енді қазақ-қырғыз кедейіне таласу, тармасу,
талап қылу қалды.
Жолдас Сафаров сөзінің ішінде айтып кетті: қазақ-қырғыз кедейлері ішкі
Россиядағы еңбекшілерден үлгі алып, жер-су жұмыстарын қолдарына алуға
тиіс деп, қазақ-қырғыз еңбекшілеріне қимылдайтын кез жетті. Бұл турада
қарсылық көрсетушілердің төбесін тесу, қазақ-қырғыз кедейінің өз
мойнындағы жұмысы.
Елдегі молдалар, ғұламалар кісінің ақысын алуға жарамайды деп жұртты
азғырар, теріс үгіттер. Бірақ, қазақ-қырғыз кедейі бұл жұмыстың
барлығынан кешіп, мұнан соң алданудан сақтану керек.
Бұл істеріңде Кеңес хүкіметі һəм оның жол басшысы болған Ортақшылдар
партиясындағы азаматтар сіздерден бар жəрдемін, күшін аямайды. Егер осы
жұмыс іс жүзінде майданға шығарылмай қалса, оған қазақ-қырғыз
кедейінің өздері айыпты.
Мұнан соң бірнеше жолдастар жер-су мəселесі жайынан сөйлеп, осы
істелмекші болған шаралар 21-ші жылдың көктемінен қалмай басталса екен
деген тілектер айтты.
Жер мəселесі
Гавриловка-15. Жер бөлімдерінің съезі өтті. Жер-су комитеттері алдымен
жергілікті мұсылман еңбекшілеріне жер беру керек деген қаулы шығарған.
Қазақстанда
Қазақ Республикасында жер пайдалану тақырыпты уақытша жоба:
1-Жалпы халық съезінің қаулысы бойынша Семей, Ақмола, Орынбор,
Торғай, Орал, Бөкей губернияларындағы һəм Адай уезіндегі жердің бəрі де
– ол жерді кім пайдаланып отырғаны бəрібір – Қазақ Республикасының
жері деп саналады.
2-Еңбекші қазақ, казак-орыс, мұжық басқа еңбекші халық өзінің бұрын
пайдаланып отырған жеріндегі егіндік, шабындық, жайылым, суат, көш
жолы, мал айдайтын жолдармен пайдаланады.
3-Біреудің пайдаланып отырған егіндік, шабындық, жайылым, суат, көш
жолы, мал айдайтын жолына, басқа кісі өз бетімен барып ие болу закон
бойынша жаза салып тиятынбыз.
4-Ешкімге де (қазақ болсын, орыс болсын, мұжық болсын, артель
коллективі болсын) бірінен-бірі жерді сатып алып, я жалдап алып я күшін
сатып, жерді саудаға салып, түрлі шарттар жасауына болмайды.
5-Қазақ жерінде, казак-орыс жерінде, мұжықтың жерінде де отырып, жер
пайдалану уақытша, бұрынғы қалыпша һəм үшінші, төртінші статьялардың
қосуынша болады.
6-Егін егетін, бақша салатын жер, шабындық жайылымдарды (қазақтың
қысқы тебіні, жазғытұрым мал жаятын жері, жайлауы, күздігі) бесінші
статьяда көрсетілген жерлерден, пайдаланушылардың əрқайсына ауылдық
совет, поселковый советтер еңбекші шаруалардың ешқайсысы да
ұтылмайтындай қылып бөліп береді.
7-Артель, коллективтердің уақытша пайдалануы үшін егін егетін жер, бақша
салатын жер, шабындық-жайылымдарды (қазақ артельдері үшін – қысқы
тебін, жазғытұрым мал жаятын жер, жайлау, күздік) жергілікті болыс жер
бөлімі (уездзем – отдел), я станция жер бөлімі, бесінші статьяда
көрсетілмеген жерден, сол жермен пайдаланып отырған еңбекші
шаруаларға зиян тигізбей бөліп береді.
8-Қазына малы үшін уақытша жайылым, суат, мал айдайтын жолдарды
губерния жер бөлімі жергілікті жер бөлімімен бірігіп жергілікті еңбекші
шаруаға зиян тимейтін қылып алып береді.
9-Көштің жолы, жол бойындағы суат, жайылымдар уақытша сол жолмен
көшетін көшпелі елдің бəріне бірдей ортақ. Көшпелі ел ол жерді
пайдаланғанда 4-5 ші һəм 10-шы статьяларда көрсетілген тəртіптерді
бұзбай, отырықшы елдің шаруасына зиян тигізбеске керек.
10-Егінге, бақшаға, шабындыққа, мал бағатын шаруалардың тебінге,
күздікке деп қорып отырған жайылымдарына мал түсіру заң бойынша жаза
салып тиятын іс.
11-Потрава тақырыпты істер народный соттың қарамағына беріледі.
Мұндай істерді народный сот, басқа істерден бұрын жазу-сызуын көбейтіп
созбай тексеріп шешеді. Потрава мойнына қойылған кісіге (10шы статья)
жаза кесіліп, оның үстіне жер иесіне тиісті шығын төленеді.
Қазақ кіндік комитетінің председателі Сейітқали Мендешев.
Секретарь Смагұл Садуақасов. Орынбор, 1921 жыл, февральдің 7-сі.
Ресми бөлім
Жерсіз һəм аз жерлі дихандар ұйымының жобасы (басы 20-шы санда)
Ұйым мүшелерінің ақша жөнінен міндетті істері
1)Кіру салығы 50 сом болады. Оны кірген адам кірісімен төлеуі тиіс.
2)айлық салық əр айға 50 сомнан болады.
Ескерту: - ауылшаруашылыққа кəсіп қылып, қолында ақша ұстамайтын
мүшелер айлық мүшелік салықтардан құтқарылады.
3)3 ай мүшелік салықты төлемеген мүшелер ұйымнан шыққан есептеледі.
Ескерту: 3 ай мүшелік салықты төлемей шығып қалған мүшелер, хүкімет
жұмыстарын орындау турасындағы мүшелердің міндетінен құтыла
алмайды.
4)мүшелік һəм кіру салықтарының мөлшері жалғыз ұйымның аймақтық
съезінде ғана өзгертілуге болады.
5)Бір-бірінен жоғары дəрежеде тұрған ұйымның, ячейкаларының ақша
турасындағы аймақтық съезд, яки аймақ басқарманың қарамағымен
белгіленеді һəм кəсіпшілер ұйымдарының кіндік кеңесімен нығайтылады.
Бұйрық-жарлықтар
Жерсіз һəм аз жерлі дихандардың ұйымдарын ашу туралы жоба:
1.Аз жерлі һəм жерсіз дихандардың ұйымдарын ашу ортақшыл партияның
облыстық комитеттерінің қасында ашылатын облыстық ортақшыл партия
комитеті, облыстық жер су бөлімі облыстық кəсіпшілер кеңесі һəм ноғай
жұмыскерлерінің облыстық ұйымының уəкілдерінен құрылатын облыстық
комиссияға жүктеледі.
Ескерту: Комиссия өздерінің жұмысына керек адамдар үшін дихандар
ұйымының қаулы тезімен пайдалана алмайды. һəм оған сену керек емес.
Бірақ, ұйымның жалғыз мүшелерінен пайдалануына болады.
2.Облыстық комиссия осы бұйрықты алған бойда ашылады. Һəм іске
кіріскені туралы ортақшыл партияның кіндік комитетін һəм оның
ұйымдарын ашу нұсқаушы бөлімін хабарландырады. Соңғы айтылған бөлім
комиссияға əр уақытта нұсқау жолын көрсетіп, тұратын болған себепті,
комиссия ол бөліммен қолма-қол қызмет қылып нұсқаулар алып тұрса
керек.
3.Ашылған болыстық комиссия дереу істейтін істерінің жол-жобасын
түзетеді. Керекті кітаптарды, плакаттарын, жарнамаларын даярлап болып,
жер-жерде ұйым ашу жұмысына кіріспек үшін комиссияның мүшелерінің
көбісі уездерге кетеді. Комиссияның тұтқан жобасын орындамақ үшін əр
уезде айрықша дайындалған адамдары болады.
4.Айрықша дайындалған адам, яки облыстық комисcияның мүшесі
жіберілген жеріне келген соң ортақшыл уездік комитеттен өзіне үш адам
нұсқаушы алады. Бірақ, уездің жер су бөліміне адам бер, пəлен бер деп
айтуға ерікті емес.
5.Нұсқаушыларды уезге жіберместен бұрын облыстық комиссияның
мүшесі, яки айрықша дайындалған адам оларды ұйымның мақсаты, міндеті,
ісі мен һəм облыстық комиссияның қалай іс істеуі туралы салған жолымен
анықтап əбден таныстырады.
6.Нұсқаушыларға түсіндіріп, таныстырып болған соң облыстық
комиссияның мүшесі, яки айрықша тағайындалған адам өзінің барлық
нұсқаушыларымен бірге уез қол астындағы ауыл, қыстақ һəм поселкелерін
аралап, елге ұйымның мəн-жайын айтып, жобасын түсіндіреді.
7.Сол барған аулының адамдары ауыл дихандары ұйымының керектігін
түсінгендігіне сенген соң барып облыстық комиссияның адамы ұйымның
ауылдық бөлімшесін ашады һəм ұйымға мүше жаза бастайды. Əлбетте
ұйымның жобасынан қолын қойдырып алса керек.
8.Ұйымға адам жазып болған соң сол ауыл-қыстақтағы ұйымның бөлімнің
басқармасына бастық һəм оның мүшелері сайлауға кіріседі.
Бөлімнің басқармасына бастық екі мүше һəм бір кандидат сайланады.
Сайлау жалпы жоба бойынша болса керек.
9.Сайлау болған соң облыстық комиссияның мүшесі өзі арнайы сайланған
адамдардың жайын тексеріп қарап, жақсы білікті адамдар сайланғанына
сенгесін барып, тағы да 8, 9-шы бөлімдерде көрсетілген жол бойынша
ұйымның бөлімін ашуға һəм оның бастықтарын сайлауға кіріссе керек.
10.Уез қол астындағы ауыл-қыстақтардың бəрінде ашып болған соң
облыстық комиссияның мүшесі өзінің барлық нұсқаушыларымен уездік
қалаға қайтады. һəм онда ұйымның бөлімдерінің уəкілдері жиналып, уез
съезі болады.
11.Ауыл-қыстақтарда ұйымның бөлімдерін ашу жұмысын 10 апрельден
қалдырмай бітіру керек.
12.Облыстық комиссияның мүшесі уезкомның қасында тұрып өзінің
қолындағы нұсқаушылары арқылы уездегі бөлімдерді басқарып тұрады.
Һəм уез съезіне келетін уəкілдерді даярлайды.
13.Уездегі ұйымдардың съезін 1-ші майдан қалдырмай шақыру керек.
14.250-ден артық мүшесі болмаған бөлімдер уез съезіне бір адамнан
жібереді. Егер 250-ден артық болса, əр 250-ден бір адам жібере алады.
15.Ұйымның съезі біткесін 7 адамнан бөлімнің басқармасы сайланғасын һəм
əр болыстан облыс съезіне бір адамнан уəкіл сайланбасын. Облыс
комиссиясының мүшесі өзінің барлық нұсқаушыларын ұйымның уездік
бөлімінің басқармасына беріп, өзі обкомға қайтады.
16.Қайтқан бойда облыс съезін шақыруға даярланады.
Ескерту: егіншілік уақыты болып облыс съезінің жазылған уақыты
дихандарға қолайсыз болса, кіндік комитетке облыс съезін кешіктіруге
болады.
17.Ұйымның облыс съезі 9 адамнан басқарма сайланғасын облыстық
комиссия жұмысын бітіргенге есептеп қарауға болады.
18.Комиссияларға съезд шақырудың, ұйымдар ашудың барлық шығындары
жер-су комиссариатынан болады.
Ескерту: обкомдарға бұйырылады: ұйымның облыстық, уездік съездерінің
шақырылған уақыттарын Ортақшыл партияның кіндік комитеттеріне
білдіруге.
Түркістандағы Ортақшыл партияның кіндік комитеті
Жер мəселесі
Есепке қарағанда төңкеріс уақытында Жетісу облысындағы
жуанжұдырықтарының жері екі есе артқан. Жергілікті халықтар, еңбек
құқығын жермен пайдалану керектігін ашық айтпай болмайды. Бұл патша
хүкіметі тұрғын халық еңбекшілерінің жерін тартып алып, орыс жуан
жұдырықтарына берген. Қазақ, қырғыз, башқұрт һəм Кавказдағы ұлттарға
тегіс бірдей.
Қазір Түркістанда жер-сумен пайдаланудың жаңа заңы шығарылды. 16-шы
жылдан бастап келімсек жуан жұдырықтардың тартып алған жерлерін,
олардың қолдарынан алып, қазақ-қырғыз еңбекшілерінің өзіне қайтарылып
жатыр.
Жерге жайластыру жұмысы
Жер-сумен пайдаланудың жаңа заңымен байланысқан белгілі жерге
жайластыру жұмысынан өзгеше (отырықшы һəм көшпелі халықтарға жер
бөліп беру, тап теңсіздігі мен күресу һəм сол секілділер). Түркістанда ең
алдымен отаршылық саясатымен көшпелілердің қадірлі жер, жақсы
суларын тартып алған жауыздықтың тамырын кесу керек.
Өте-мөте отаршылдықтан һəм 1916 жылғы бүліншіліктен соңғы қырғын
талан-тараждан көп жəбірленген Жетісу облысында Қаракөл, Піспек һəм
Алматы уездері, Сырдария облысында Əулие ата, Шымкент һəм Ташкент
уезінің бір бөлігі Ферғана, Əндіжан һəм Ош уезінің бір бөлігі.
Қаракөл уезінде жұмыс көңілдегідей жақсы барады. Өз бетімен жер тартып
алушылар 5 апрельге шейін кешіріліп бітеді. Қазір барлығы 1200 жаны бар
14 поселкені көшіру жұмысы басталды. 15 мың десятина егінге шаруалық
жер босатылады.
Алматы уезінде зорлықпен келіп салынған 3 поселке көшірілуге тиісті.
Уезде зорлықпен салынған аз үйлі қыстаулар (займка) көп. Қыстауларға
жалшылар орналасып жатыр. Піспек уезінде жұмыс шабандау барады.
Зорлықпен салынған 26 поселкені көшіру тақырыпты жұмыс басталды.
Жұмыс жүрген сайын тұрғын халықтың белсеніп іске кіріскен, жігері
артып, отырықшылыққа көп талпынып жатыр.
Жерге жайластырумен қатар егін, пішен құралдарының артығы есепке
алынып жатыр. Олар нық кесімді бағамен алынады.
Қалған аудандарда жұмыс қазіріне жігерсіздеу барады.
Əулиеата, Шымкент һəм Ташкент уездерінде жерге жайластырушы
комиссиялар құрылып жұмысқа кірісті.
Жерге жайластырушы комиссарлар қолдануы үшін жер-су комиссариаты
нұсқау шығарды. Ол жер-жерге жіберіледі.
Нұсқаудың негізгі жобалары қысқаша: отаршылық мұжықтардың
тілегенімен болған жоқ. Орыс хүкіметінің дегенімен болды. Еңбекші орыс
мұжықтары тек қана Торғай еңбекшілеріменен жер-сумен пайдалану
құқығында бір тегіс етіледі. Еш бір зорлықшылық болмасқа тиіс.
Зорлықшылдар төңкеріс мезгілінде жер алып қалғандар болса да өз бетімен
тартып алған жерлерінен айрылады.
Барлық босатылған жерлер тұрғын халықты ең алдымен көшпелілерді
жайғастыруға беріледі. Жермен пайдаланушылардың қосымша пайда
шығару үшін ұстап отырған жерлері де алынып, тұрғын халықтың
пайдалануына берілуге керек.
Түркістанда кеңесшіл хүкіметтің мақсаты
Түркістан Республикасының 9-шы кеңестер сиезінен кейін хүкіметтің
жүзеге шығарған жұмысының ең екпіндісі Түркістан жер-суының түйінін
шешу еді. 9-шы сиездің бұл көрсеткен негізгі жолына муафиқ Түркістан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.