Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08

Total number of words is 4124
Total number of unique words is 2265
33.3 of words are in the 2000 most common words
47.7 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бар: біреуі – жер тарылған жердегі елдің бірсыпырасын кең жерге көшіру.
Екіншісі – егін шаруашылығын бұрынғы қалпыменен жүргізбей, өнерлі
(неміс, француз) елдер секілді жаза тəртіппен жүргізу. Міне, осы айтылған
пікірлерді орнына келтіру үшін бас хакімдер мұжықтарды қазақ сахарасына
көшіре бастады. Бейғам жатқан қазақ жеріне көршілес болып мұжықтар
қоныс ала бастаған соң жер тарылды. Жер тарылғанда қалайша күн
көрермін деп ойға қалған қазақ осы күнде қайтерін білмей дағдарып тұр.
Жер тарылғанның үстіне биылғы жылдың қолайсыз келуі қазақтың баяғы
ескі дұшпаны «жоқшылық, ашаршылықты» есіне түсірді. Енді қалай күн
көреміз? Деген сауал біздің қазақтардың басына да кіре бастады...
Ойшылдардың терең ой жүргізетұғын мəселесі де осы «қалай күн көреміз»
мəселесі əлбетте, халық құр дағдарып қарап тұрмас, ойланар да бір жағына
бет алып, жөн тартар, бұл табиғи болған бір іс. Іликин, халық үшін пайдалы
жөнді сілтеу ойшылдарымызға зор міндет. Мен терең ойшы болмасам да,
ойыма келген бірнеше пікірлерімді көптің, ортасына салғым келеді. Менің
ойымша, бұрынғы шаруа халымызда аталарымыз малын жұтатып,
ашаршылыққа қалған кезде қорықпайақ, үрікпей-ақ, арланбай-ақ егін
кəсібіне жармасқан һəм сол кəсіптің арқасында ашаршылықтан құтылған.
Аталарымыздың, осы істері бізге зор үлгі емес пе? Олар заманыңда өлмес
амалын істеді ғой. Бізге неге заманымызға муафық өлмес амалымызды
істемеске? Мал шаруашылығы мен егін кəсібін біріктіріп, жарым көшпелі,
жарым отырықшы болып күн көретұғын заманымыз өтті, енді қайтып
келмейді. Ол заманды сағынбасқа да һəм қумасқа да керек. Енді тар жерде
қалайынша күн көрудің жайын қарастыру керек. Мұнан былай біздердің күн
көруіміз үшін ең алдымен қала болып отыруымыз тиіс. Қала болып отырған
соң, қалалы жұрттық істеген кəсіптерін істеу керек.
Менің бұл сөзіме қарсы қалалы халықтың да биыл оңып отырған жері
шамалы ғой: деушілер болар. Оларға айтатын жауабы: Қонысынан ауып
келіп жаңа қонысқа орныға алмай жатқан халықты үлгі қылу керек емес,
біздің құдайға шүкір, қазірге сыйымыз бар. Сыйымыздың барында қала
салып, ертерек қалалы халықтың кəсібіне бойымызды үйрете берелік.
Балаларымызды заманға муафық оқу оқытып, таршылықта күн көруге
лайықты адам етіп шығаруға тырысалық, бұрынғы таршылықты,
сыпалықты, жалқаулықты тасталық. Қазақ қала салуға мойын қойса, қай
халықтан кем күн көрмесіне менің көңілім иланады. Себебі, Ақмешіт,
Түркістан, Ташкент, Самархан, Қоқан маңайындағы қазақтарға көз салсам,
зор-зор бақтарға ие болған, күріш егуге, мақта егуге кірісіп, жапжақсы
күнін көрген қазақтарды көремін. Астрахань жағында, теңіз жағасында
балықшылықпенен, Троицк, Атбасар, Петропавл, Омск, Семей, Заречный,
Қараөткелдегі қазақтардың саудагершілікпен күн көргендерін оқыған
жастарымыздың приказчик, переводчик, писар, писмоводитель, учитель,
фельдшер, доктор, адвокат, судья, инженер болып күн көріп жатқандарын
көремін. Соның үшін ойлаймын бізге қазіргі қалыпта екі түрлі қауіп бар.
Біреуі надандық пен жалқаулық, екіншісі, қала сала алмай, көп мұжық
қалаларының арасында тілкім-тілкім жерде бытырап қалушылық. Екі
қауіптен құтылсақ, иншалла, біздерде сүйікті Отанымыз болған ұлық
Россияның граждандары есімін көтеруге ылайықты болар едік деп.
Біздер жақсы яки жаман болушылығымыз өз иждаһатымызға байланысты.
Россия мемлекетінің ғаділ низамының арқасында, біздер нендей дəреже
іздесек те табамыз. Келіңіз, жігіттер, жалқаулықты тастап, жұрт қатары
ғылым-өнерге талпына жармасалық! Егін шаруашылығын өнерлі
жұрттарша жүгізудің реті қалайша болатындығын екінші бірде кеңесерміз.
Сақыпжамал Тілеубайқызы
Жер мəселесі
Ішкі Россиядан бұлттай көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды
үйреніс қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды. Бұрынғыдай көшіп жүру
керек пе, 15 десятинадан ер басына жер кестіріп қала болу керек пе?!
Мəселесі көптің көңілінде һəм тілінде ойнай бастады. Қазақ халқының
келешектегі халін қайғырушы оқығандар һəм ноғай туғандарымыздың
білімділері газеттерде жазып, мүмкін қатар тезірек сұранып, жақсы жерге
орнығып отыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты 2 дума члені
Сұлтан Бақытжан мырза Қаратаев өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін
кестіріп алып, қала болды. Басқа жерлерден де мұндай хабарлар естіледі.
Енді жұрттың қала болу жағына шығып мəслихат тасып сөз байласа, іс
біткен болар еді, бірақ халықтың арасынан шыққан бағызы оқыған
білімділерімізден қала болу пікіріне жан-тəнімен қарсы тұрушылар бар.
Бұлардың бір кемшілігі əлі пікірлерін əуелгілер секілді пайдалы болса алып,
залалы болса, қалдырарлықтай газет-журналға жазып, көптің сынына
салмай тұр. Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі
(көшпенділіктен отырықшылыққа, отырықшылықтан көшпенділікке
шыққан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғылым тəуіп қанша керек
болса, бұл мəселенің түйінін шешуге де сонша білім керек. Өлгенді тірілту
мүмкін болмаған секілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірменен болса, түзетуге
болмайды. Қате деген нəрсе əр уақытта əрбір іс туралы əр адамда болады.
Соның үшін жоғарыдағы пікірлерде бір жақсылық болмасқа, екеуі де қатар
салыстырылып тексерілуі тілеулі. Қазір алдымызда 4-5 айлық қыс тұр.
Осындай еркін уақытта қазақ халқы журнал үстінде кеңесіп, жазға шейін я
қала болуға, я бұрынғыдай көшпелілікте қалуға тізгінді мықтап қоярға
керек. «Айқап» журналы жер сөзін мұнан бұрын да аз жазбаған болса да,
бұл күнгі керегіміздің бірі һəм біріншісі болғандықтан төмендеп екі түрлі
жобаны оқушылардың сынына қатар салып баян етуді артық деп білемін.
Қала болу керек деушілердің пікірі
Рас, қазақ халқының жер-суға ие болып, жаз-жайлау, күз күзеу, қыс
қыстауда тарлық көрмей төрт түлігі сай болып, тай құлындай, тоқты қоздап,
қосты жылқы, желілі түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, еріккеннен бірінің малын
бірі қуып, кең далада құлан-киікше сайран етіп жүрген күні болған, ол
күндер енді көздерінде ғана елестейді. Мұның себебі не, халықтың өсіп,
жердің өспеуі һəм тозуы. Қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті
миллиондап жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл
тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, атамекеннен ірге
қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, 1520 жылдан бері бұл көшпелі
мұжықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз жылда
қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі
ықтимал. Жер көп-аз болса да бұл заман өнер-білім заманы болған шақта əр
жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық білімді
халықтардың қасында өзінің дінін, хақын сақтай алмай дүниеден ақыры
есебін бітіруі ықтимал.
Жер жүзіндегі халықтардың һəммесі бір аз ғана болмаса, қала болып отыр.
Мал бағып көшіп жүрмегендіктен қырылып қалғаны естілмейді. Қайта бұл
күнде көзіміз көріп, ғақылымыз жетпей тұрған не түрлі тамаша нəрселерді
отарба, те леграмм шығарып ... солар. Олар бізден кедей емес, бізден өнерсіз
емес, бізден аз емес, бізден күшсіз емес. Бұларды көре тұра, біз қазақтарда
қала болып, малдың санын кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып, сауда
қылып, оқу оқып, өнер тауып өзіміз де алдағы жұрттың істегенін істеп
солардың жолына түсейік, сол уақытта ғана қатардағы халықтардың бірі
бола аламыз.
Көшіп журу керек деушілердің пікірі
Қазақ халқы көшейін деп жүрген жоқ, жерінің ауасына (климатиче ская
условия) қарап көшіп жүр. Адам тұрған жерінің ауасының құлы. Қазақ
отырған жер егіншілікке жарамсыз. 12-15 жыл егін салған жер тозып шаңы
шығады, тағы да жаңа жерге салу керек болады. Əлгі тозған жер егіндікке
жарауына 20-25 жыл тынығуы керек. Қазіргі қазақ жеріндегі хаколдар неге
байып кетті десеңіздер, бұлар қазақ жерінің ең тəуірін таңдап алған, алған
жері тозса, қазақтан жерді арендіге алып, өз жерлерін тың сақтап отыр.
Жақсы деп орныққан жерлері нашар шығып, көшіп кеткен яки жаңа жер
кестіріп алған мұжық көп. Самар губерниясында ну ұзын уезінің жері мұнан
20-25 жыл бұрын мұжықтардың ұжмағы деуге болатын еді. (Қазір
Қостанай, Ақтөбе уездері секілді) осы күні Орал тауынан бел асып келіп
жатқан көшпе мұжықтың жүзден тоғызын Самар губерниясы шығарып тұр,
қазақ жері де сол секілді. Қазақ жерінің алабы кең болса да пайдаға
жарарлығы аз. Жалғыз Балқаш көлі менен Бетбақтың шөл даласы елу мың
шаршы шақырым орын алып жатыр. Бұлардан басқа да таулар, тастар,
шөлдер, көлдер, сорлар аз ба? Қазақ көшпенділікті өзі тастамаса, хүкімет
еріксіз қала болғызбайды. Қазақ халқының егіншілікке айналмай,
бұрынғыдай мал өсіру кəсібінде болғанда, бірінші өзіне, екінші мемлекетке
зор пайда келтіреді. Россияның базарына жүн, жабағы, қыл, ет, тері, май
жеткізіп тұрғанның көбі қазақ малы емес пе? Оның үстіне ғаскерге арзан
һəм көнбіс аттар қазақ жылқысынан шығатынын ес ке түсірсек, мал
шаруасының патшалыққа келтіретұғын пайдасын санап бітірерлік емес.
1901 жылы 27 сентябрьде Петербургте болған «Антропологическое
обществоның» бір мəжілісінде көшпелілік жайын жақсы білетұғын
Клеменц деген ғалым айтқан: «Бұл күнгі егін салып, қала болған халықтар
бұрынғы мал өсіру кəсібін басқалардың міндетті қылуымен тастамаған, һəм
міндетті болудың жөні жоқ еді. Қазіргі Европада мысалы, мəдени
Швейцарияда сүттен май, ірімшік алу үшін мал өсіріп көшушілер бар.
Жаңада ғана Норвегияда қой етінің бағасы көтерілу себепті егін салу, көшіп
жүріп қойды ащылы жерге бағып өсіру мəслихат көрілген». Қазақ жері
егінге жарамсыздығын, мал өсіруге ғана лайық екендігін профессор Винер
қазақ тұрмысынан ашына хаттар жазған һəм жазбақта. Қазақ мал баққан
халық. Қазіргі бағып отырған малына ылайық жер қалдырмай тастауын
ақылға сыйдыруға болмайды. Халықтың ғұмыры 20-30 жылдығына емес,
дүние тұрғанша тұруда үміт бар. Соның үшін түбін ойлағанда қазіргі
тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек.
Ақырғы сөзім: қала болуды құптаушылар (өзімді де солардың, бірінен
санаймын) пікірі де көптен халыққа еткен пікір һəм етіп келеді. Ендігі менің
бұл кеңесті жаңғыртудағы мақсатым, өзіме мағұлым, қазірше көшпелілік
тараптарының пікірін халыққа паш етіп, өздерінің сүйенген дəлелдерін
бекітуін күтуде дүр. Өзі қайда барарын біле алмайды, адасып тұрған
халықты бұрынғыдан жаман адастырып, басшыларымыздың екі жаққа
тартуына қайғырып, тездетіп бір ынтымаққа келуін тілейміз.
Азамат Алашұлы
Қазақ халқы жайынан
Түркістан уалаятында қазақ ішінде орнығып жаңадан қала салып отырған
қара шекпендер көбейді. Жақсы жерлер қара шекпенге кетті, қазаққа шөл,
қыр дала қалды. Ойлап тұрсақ, қазаққа обал болды. Амал жоқ, қазақтың
жеріне тиме дегенмен жердің алынғаны алынған. Ұлықтар ойлайтын
шығар, жерсіз жүрген қара шекпенді орналастыралық, патшалыққа пайда
келтірерлік һəм қазақ халқын егінші қыламыз деп.
Бұдан не шығады, бұл кімнің пайдасы: кімнің залалы? Ойлап тұрсам, жер
қазаққа да һəм патшалыққа да жақсы болып шығатын көрінбейді. Қазақ
байғұс жері кеткен соң қалайша күн көріп, тамақ асырауға һəм былайғы
елден қалыспай ретке кірмекке керек. Жерімізге тиме дегенмен патшалық
пайдасына алынады, - деп тыңдамады. Бұл бір сөз.
Жер. Жер тарылған соң, қазақтың шаруасы кемиді. Бұл екінші сөз. Біреулер
айтады: «Көшпе! Қала сал, сен жақсы ел боласың» – деп. Қош! Мен қала
салайын, ал енді қалада мен не істейін айтыңызшы? Бір адам қалада тамақ
табады, бір жыл табады, екі жыл табады. Мен бір адам емеспін. Мен сансыз
жүрген арғы шеті Қытай, бергі шеті Еділ-Жайық, аяғы Ақпанға (Ауған)
шейін тарап, тарау-тарау болып жатқан қазақпын, мен қалаға сиып жүре
алармын ба?
Мен базарға барсам, ноғай бір алдайды, сарт екі алдайды. Петерборда
айтысады: «Қазақ егін салды, енді қала салуға қалды» – деп. Қазақты білмей
айтады. Қазақ ішіне қара шекпендердің жақсысы келіп жатқан жоқ көбірегі
тынышсыздар, олардан қазақ не үлгі алады? Жалғыз-ақ қазақтың шаруасы
тарылып, қала болуға үйрене алмай, халық жарлы болып бара жатыр. Өздері
арасынан дұрыс старшина, болыс қоя алмаған обалы өздеріне ол былай
тұрсын, бұрын Мəскеуге... қазақтан тері, жүнжабағы алып тұратын еді,
жайылыс кеміген соң мал кеміді, бұл керегін патшалық қайдан толтырар
екен? Жайылыс болмаған соң жылқы азаяды, ғаскерге ат керек, бұл керекті
қайдан алар екен?
Бұл сөзім қазақ болып қалаға жуыма, дегенім емес, қазақ жерсіз қалып
жатыр. Қазақтың қамын ойлаған адамдар не ойларың бар дегенім. Менің
ойым бұдүр, айтып қалайын: Қазір құдай берген қазақта мал бар, малсыз
қазақ күн көре алмайды, бірақ көп малға жер азайды. Малы көп болғанымен
тұқымы нашар, бағасы арзан, сол себепті жер тарылғанға қарай малдың да
санын кемітіп, саны аз болса да жақсы, қымбат тұқымнан өсіріп, бағасын
арттыру қазаққа жақсы болар еді деймін.
Өзге патшалықтарда өздері зор патшалық болғанмен баршаның мал
шаруасын тастандырмай, ілгері жүргізуге, малдарының тұқымын
тазарттыруға халыққа көп жəрдем береді. Сол малдың тұқымын тазарттыру
қазаққа да керек ғой.
Бекимов (Жəркент)
Баянауыл жайынан
Павлодар уезі бұрын екі учаскеге бөлініп, бірінші учаскесі уақ, бəсентин,
найман елдері еді. Кейбіреулері бұрыннан Ертістің екі жақ арнасында, ...
кейбіреулері «кабинетная земля» жерінде отырып... өздерінің ата-қоныс,
айырым жерлерінде отыратын еді. Бірақ соңғы жылдарда сол жерлерге
хақолдар көшіп келіп, орналасу себепті бұрынғы бір учаске бұ жылы төртке
бөлінді. Кейбір учаскеде бірақ болыс ел қалғаны да бар. Баянауыл
станциясы маңайындағы бұрынғы екінші учаске аталған. Мейрамсопы
балаларының бірі Сүйіндік елі бұ жылы бесінші учаске аталып қалды. Бұл
елдердің қыс болса Баянауыл, Қызылтау, Далса тауларында қыстап, жаз
болса, Ащы, Шідерті, Өлеңті басып, Аюлы, Нияз, Ереймен тауларынан
асып, Есіл өзенін жайлап, сол таулардың құбыла жағына биелерін байлап,
дүние-ақиреттен хабарсыз көшіп-қонып жүргеніне ұзақ уақыт озған жоқ.
Көшіп жүру қанына, жанына сіңіп қалған жұрт қанша көшіп-қонуды
қалдырмайын десе де қалу белгілері көріне бастады. Кейбіреулер таудың
айналасында жатақ боп отырып қалады. Көкшетау ояздарында Уəлихан
балалары жайлауға барғанда бір орында жаз бойына шаң-топырақта
отырады. Бұл Сүйіндік елінің бірінші кəсібі мал бағу, шаруашылық,
егіншілік төмен ретте. Саудагерлік те артық емес. Қолөнері жағынан қазаққа
қарағанда төмен деуге болмайды. Бұл елдің қысқы орны мал шаруасына
жаман болмаса да, отырықшылыққа оншама қолайлы болмағандықтан
басқа жерлерге қарағанда қала аса көп орналасқан жоқ десе болады. Бірақ
бұ болыс елдің ішінде Ақкелін елінің жері қара топырақ болмаса да
ұнамдырақ болғандықтан бұл елдің жеріне 6-7 қала түсті. Басқа алты болыс
елде қала жоқ...
Жерлері отырықшылыққа ұнамсыз болса да отырмай шара жоң деп
ойлаушылардан қала болып отыруға арыз бергендер де болды. Замананың
жайына қарағанда отырықшылыққа қолайлырақ орындағы, жұрт, уақыт
оздырмай отырып қалғаны ұнамды болмас па еді? Біреулер солдат алады
деп қорқады. Көшіп жүргенде аламын десе күші жетпей ме? Солдат
қызметін өтеуші жұрт биден төмен бе? Қайта солдат алса, өнерлі
жұрттармен араласып, көңіл көзі ашылуға себеп болмас па еді. Қазақтың
қимайтыны көкорай шалғын, тұнық су еді. Енді оларды түсінде көрмесе,
өңінде көру мезгілі озған. Жасаған бау-бақшаны көруге жазсын. Тарих
кітаптарына көз салынса көрінбейді, жұрт өспек, жер тарылмақ, қыстақ
салмақ, сонан соң қала шəһəр болмақ. Бізге де осы құдайдың бұйрығынан
бойсұнып, көшпенділікті тастап, отырықшы болу мезгілі жеткен жоқ па?!
Отырықшы жұрттардың тіршілігіне қарасақ, олар бізден əлденеше қабат
жоғары. Енді біздің отырықшылықтан бұл қорқуымыз, өнерден білімнен
қорқу болмай ма?! Ысмағылбек Гаспринский жəнаптары «Тəржіман» газеті
жарыққа шыққаннан бері қарай қазаққа «Қала бол, сол уақыт өнерге аяқ
басарсың» деп неше түрлі сөзбенен артықшылығын көрсете келді. Құлаққа
алған болды ма? Жиылған қала жоқ, ретті мектеп, медресе жоқ, жата бердік.
Біздің кейбір ескі ойлы адамдарымыз төте оқудан қорқады, бұ қорқу да
ұнамсыз деп түсінеміз. Бір шəһəрге екі жол болса, қай төтесімен барамыз.
Бұл үйрену жолы да «білім» жеріне баратұғын жолдар. Не үшін төтесімен
бармаймыз. Біздің қазақ жұрты жаңа заң болғалы партия деген бір бəлеге
кіріптар болып, əр ізгіліктен төмендеуімізге сол бəле себеп болды.
Абыройдан айрылдық, дəулеттен айрылдық, пайдалы іске кірісуге
қолымызды, көңілімізді босатпады. Досқа күлкі, дұшпанға таба болдық.
Хүкіметке – патшалыққа аямай, жанымыз ашымай, құдайдан қорықпай,
пендеден ұялмай түрлі жаламенен білгенімізше жамандадық. Патшалық
қасында ағым, арымыз жоқтығынан депутаттықтан құр қалдық. Бұл
қараңғылықта жүре берсек, бұнан артық тағы ғажап таңдары бар дегендей
алдымызда нендей қорқынышты істерге кез келмеспіз дейсің.
Бұл сайлау белесі біздің сүйіндікке де кіріп, байлар кедейленіп, тоқтау
айтқан кісі болса, қас көріп елге үлкен бүліншілік кірген еді. Құдайға шүкір,
соңғы сайлауда Семей облысында болыстыққа орысша білмеген адам
сайланбағандықтан, сол себептен бе яки халық ынсапқа келді ме, əйтеуір
сайлау талассыз өтті. Иншалла, біздің жұртта малын, жанын салып, атқа
мінуді, союды тастап, білім, өнер сүюге жабысса бітпес көптің бірі боп
дүниеде тіршілік қылар. Бірақ осы қазақтың ынта көңілін алған атқа мінуді
сүю қалса екен.
Бір қазақ мырзасына айттым: «мына қазақша журнал шықты. Жұрт
пайдасын ойлағандар сіз бен біз оқып, білімді болсын, ғибрат алсын, жақсы
іске кіріссін дейді. Болмаса кəсіп үшін айтпайды. Біз екі-үш теңгені
ауырлаймыз, бір өліп қалған малдың терісі. Олар біз үшін, жұрт үшін
барлық байлығын салады. Бізге оның қадірін біліп, жəрдемдес дейді емес
пе? – деп. Бұл мырза өзі сайлау жолына 20-30 мың жұмсаған еді. Ол маған
«Ақша жоқ қой, болса, сіз айтқан соң аяймыз ба?» деп жауап берді. Міне,
осыдан көрініп тұр, қазақ халқының... құмарлығы қай дəрежеде екендігі.
Партия үшін отыз мың ауыр емес, журнал үшін үш теңге үлкен, ауыр. Міне,
қандай біздерді қаптап тұрған қараңғылық. Оқу, білім жолына бермейді,
бере қалса, менің сөзімді сыйлап бермек... Жасаған артта қалған алашты
қараңғылықтан шығарып, тура бағытқа бастасын.
Сəдуақас Шорманов
Ат үстінде көрген түс
Отағасы былтырдан бері қарай қаратақым болып, жерді іздегеніміздің
қаруы бүгін қайтты білемін, сірə. Құдайға шүкір, манағы өлшегендердің
ішінде тəуір жерлер келді ғой. Əйтеуір құдай қайырымен берсін, тіпті
өзіміздің ойламаған жерлер де ішіне кірді ғой. Бізге берген жердің тəңірі
жарылғасын производитель работаға былтырдан бері созып-созып
қорыққан көңілімізді бүгін тындырды. Осылайша деп күн батардың
алдында екі салт атты кісі қалың ағашқа кіре берді. Бұлар кірген ағаштан
бес-алты шақырым жерде үй тіккізіп жатқан землямерге барып, онда бір
жұмадай əуре болып жүріп, ақырында, əйтеуір, бұлар жер өлшетіп алып
қайтқан беттері еді. Бұл екеуінің бірі Қақсал деген (отағасы), екіншісі
Мұқыл деген жоғарғы сөздерді айтқан жігіт еді, бұлардың қалың ағашты,
жұғымды шөпті, тұщы сулы жерлері мұжыққа кетіп, өздеріне жаңадан
ағашсыз, ащылы жер кесіліп беріліп қайтып келе жатқан күйлері еді.
Отағасы: «Əй, шырағым, манағылардың да іштерінің ашығанын байқадың
ба? Планды құрып қоя бергенде түстері бұзылып жүре береді ғой». Бұл
екеуі осылай кеңесіп келе жатып, ағашқа да келіп кірді, сол уақытта
Мұқылдың манағы шат көңілі бұзылып басқа бір ойға түсіп тұнжырап кетті.
Не себепті өзгергенін кім білсін? Ғажап емес, бұрыннан шөбін шауып, егін
салып малы оттап жүрген белгілі мекенін көрген соң көңілі бұзылмады ма,
жоқ, даладан тоңып келіп ағашқа кірген соң кетейін деп тұрған ағашының
үй секілді панасын көріп, көңіліне қайғы түсті ме? Осылай сөз тоқталып,
бұлар ағаштың орта кезіне де келді. Мұқылдың көзіне жыл сайын шөп
басына қос теңдеп жүрген жері де көрінді. Бұрыннан тұратұғын бір үлкен
жапырағы мол, жаңбырда пана болатұғын... көлеңке терек ағаш та көзге
түсті. Ағаштың ішінде жел аз, ешбір дыбыс жоқ бек үлкен тыныштық еді.
Көлеңкеде тұрып, пісіп толған жидектердің хош иістері де мұрынға
келмекте еді. Бұлардың астындағы аттары да осы хош ауаға қаңғыркүңгірдің қайран қалып пысқырмай кісінемей бір əсем жүріспен аялдамақта
еді. Мұқылға белгілі теректің жапырағы, желі азғантай болса да бір
қайғылы даусыменен зарлаңқырап тіпті былайша деп сөйлегендей болып та
көрінеді: «Мұқыл, біздерден айырылатын күн де жетті ме? Неше жылдан
бері сенің бабаларыңменен бірге ғұмыр сүріп, олар жыл сайын біздің
көлеңкемізге шыққан бүлдірген, жидекті ерінбей-ақ теретұғын едің.
Балалықпенен біздің жапырақтарымызды да сындырып алатұғын күнің
болушы еді. Енді бұл соңғы уақытта бізден күллі мұқтаждарың табылып
тұрушы еді. Шөбіміз болса шауып алып, маңдайымыздағы тəуір
топырақтарға егін салып, күн көріп тұрушы едіңдер. Енді осының бəрін де
ұмытып бізден айырылғанда, басқа ағайындарыңды іренжітіп, жер
алғандарыңа мəз болып келе жатқаның ба?
– Шіркін бұрынғы иеленген адамдарымыз-ай! Мал жайып көркейтетұғын қайран елдер-ай. Аз да болса бірге шаттықта ғұмырөткізіскен,
біздің аралымызда жазғытұры рахаттанып жататұғын малдар. Қой-қозы
қайтып көргенше саламат болыңдар».
Алдында қуанып сөйлеп келе жатқан Мұқыл мынадай қиял көңіліне түсіп,
көзінен жас ағып, жанындағы отағасына сөз сөйлемей үйіне келіп жатып
қалды.
Жұмағали Тілеулин
Болған іс
Міне апрель жетті, жаз болды, күні кеше қалың қарменен қапталып жатқан
жер, өткір күннің көзіменен қар кетіп, қарайып жыбырлаған жанды
жəндікке – «жайылыңдар еркін жеңдер қалаған шөптеріңді!» деген
секілденді, суық қыстың ызғарымен жер өзінің түрі кеткендігін біліп,
қарағанға көңілді қылу үшін ойын, қырын қызғалдақпен безей бастады.
Алты айғы қыс жер үйде жатып күн өткізген қазақ байғұстар да таза жерге
шығып рахаттану үшін киіз үйлерін тігіп қырға шықты. Күнде шомның
басында тұратын Қажыбай ақсақал, бүгін үйі қырға шыққандықтан
молдасын қасына ертіп, ауылдың қасындағы бір биіктеу жерге шығып
отырып: «баяғыда біздің бала күнімізде ана жерлерде қала жоқ еді, анау
көрінген қара қоғаның басында талай асық ойнап едік-ау» деп қысыр
кеңеске кірді.
Міне сол уақытта ауылдың шетінде: «Қайдан əңгіме табылады» деп алаңдап
тұрған Жанпейіс, молда мен байдың қырға шыққандығын көріп, қуанған
кісідей-ақ жүгіре басып жетіп келді.
Жанпейіс. Ассалаумағалейкум.
Қажыбай. Əліксалам, аман ба, Жанпейіс.
– Шүкір, жақсы, мал-жан амандық па?
Қажыбай. Жанпейіс, бүгін қайдан келдің?
Жанпейіс. Қаладан, өткен сəрсенбіде барғанда Андрей «Жексембіге кел!»
деп қалып еді. Неге шақырды деп барсам, кəдімгі Андрей, барған соң-ақ
өзімді айналдырып, «тамыр-тамыр» деп шайын қайнатып сыйлап: «бидай
шабуға азырақ жер керек еді, сізден жер табылар ма?» деп құлаққағыс
қылған соң дəулеті бар адам ғой, зияны тимес деп төрт-бес жер бердім.
Одан шығып қайтып келе жатқанымда ...» дей бергенде Қажыбай ақсақал
сөзін бөліп: сені бір ат алды деп естідім, жерге алдың ба, ақшаға ма? –деп
сұрады. Жанпейіс. Жерге алдым. Түнеу күні барғанда 40 жерді өз аузынан
сұрап тұр еді, соңы бүгін 38 жерге əкелдім.
Қажыбай. Жарайды, жерге алған нəрсенің қымбаттығы жоқ, бірақ,
Жанпейіс, сен бұрын да жер саттың, бəріне жерің толар ма екен?!
Жанпейіс. Күн ерте ғой əлі, есебін табармын, не бəрі 70-ақ жер.
Қажыбай. Сен, Жанпейіс, ертең қалаға барсаң, жайлау жақта менің 4050
десятиналап жерім бар, соны ептеп орысқа өткізе аласың ба? – дейді.
Жанпейіс. Əбден болады, жер алатын орыс көп, мен өткізермін, – деп
кеудесін көтеріңкіреп қойды. Бұл екеуінің сөйлесіп отырған сөздерін
жандарында тыңдап отырған молда жаратпаған қияпатта бір күрсініп: «Бай,
бұл жер сатқандарыңыз қалай? Жакең болса жарлымын деп сатады, сіздің
құдайға шүкір, жақсы дəулетіңіз де бар, жайлаудағы жерді саттырайын деп
отырсыз, күні ертең өздеріңіз көшіп барсаңыздар, малдарыңызды ұстап
күнде потраба қылмай ма?» – дейді.
Жайбарақат сөйлесіп отырғанда жандарында отырған молданың кенеттен
айтқан бұл ақылы, Қажыбай ақсақалға ұнап жетпеді, ішінен: «Мұның да
ақыл үйреткісі келеді» деп қойды.
Жанпейіс жəне бір сөз бастай берейін дегенде, бір бала келіп: «Ата, шай
пісті» деген соң орындарынан тұрып тарады.
Майдың ішіндегі жылы күндердің бірінде бай қолына таяғын алып, қотанда
жатқан қойын аралап жүргенде, соқашы жағынан шабуылдаған бір салт
атты кісі көрінді: «мезгілсіз уақытта шабуылдап жүрген бұл кім өзі?» деп
тұрғанында: ол кісі Жанпейістің інісі болып шықты.
Қатты келген бойымен сəлемді де ұмытып: «Ағайды Миколай ұрып жатыр,
соған сізден ақша сұрай келдім» дейді.
Қажы. Миколай кім? Не қылған ақша?
Кісі. Миколай түнеукүні бізге атын сатқан орыс, сол ағама: «Жерімді
толықтырып бер, болмаса ақшамды бер!» деп қысым қылып жатыр. Соған
сізден 20 сом ақша сұрап əкел деп жіберді, – дейді. Белгілі, бұл ақша деген
сөздің байға ұнамсыз тиетіндігі бір тиынды бір сом орнына жұмсайтұғын
кісіге, қолақпандай қылып 20 сомды Жанпейіске беру оңай ма? Түсі
бұзылып ашуланып: «Сендерге жер сатқызған мен емес, жерді жеткізе
алмастарың бар, неге саттыңдар? Беретін ақшам жоқ, тарт!» деп ақырып,
зəре, құты қалмай тұрған жазғанның бұрынғыдан жаман зəресін алып, қоя
берді.
Ал енді соқашыға келсек, күні кеше, күрең атына мініп алып былғақтап,
көрінгенге «Жер алмайсың ба?» деп жүрген Жанпейіс, бүгін қақпанға
түскен қасқырдай екі көзі жайнап, тамырының берген «сыйының»
күштілігінен есінен де танып еді, басына нендей уақиға келгендігін білмей
меңіреу адамға ұқсап тұрғанында, інісінің шауып келіп: «ақша жоқ» деген
сөзінен шошып кетіп, ұйқысынан оянған адамша көзін ашты.
Енді не қылмақ? Басқа ақша табылардай орын жоқ, амалсыздан тамырына:
«Миколай, күнде көріп жүрген таныс адамбыз ғой, мені қинама, соқаның
алдымен салған екі жер бидайым (осы күнде көктеп те қалған) бар, соны
алып біт!» деп жалынды. Бұл сөз Миколайдың о басында-ақ ойында
болғандықтан бір ауыз сөз де айтпай, жерді алып бітісіп, қаласына қайтты.
«Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа» дегендей-ақ,
Жанпейіс мырза Миколайдан өлмей қалғанына қуанса да Қажыбай
ақсақалдың 20 сом ақша бермегеніне қатты ренжіді. Қалай ренжімесін:
Жанпейістің қылған қызметінің ұшықиыры жоқ, баласы ауылнай боларда:
«Əйтеуір ауылдағы бір мырзамыз ғой» деп штат уақытында ауылдан-ауылға
шауып көрінген кісіге бас иіп жалынып, «шар» салынғанша бір мырза үшін
жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Оның бер жағында қырық-елу десятиналап
жерін де сатып берді. Міне, бұл қызметін Жанпейіс өзі де ішінен ойлапойлап: «Қой, бұл Қажыбай жақсылық қылғанды білмейді, амандық болып,
ел жайлауға барғанда, орыстың егініне жылқысын бір айдап түсірсем кегім
бітер» деп кіжініп күрең атына мініп алып ауылға жөнелді.
Жоғарыдағы айтылып келе жатқан Қажыбай ақсақалдың ауылы, жайлауға
барып, Қостұмарына қонғанына ай-жарымдай болып еді. Кеше кешке бай,
бəйбішесіне (ауыл маңайы тозған соң): «Көшу керек еді, ауыл маңайында ат
арқандайтын да қылтанақ жоқ, һəм орыстың егіні де жақын, аман-есен
тұрғанда жаңа жұртқа қонған дұрыс болар» деп кеңесіп отырып қымызды
көбірек ішіп жібергендіктен, бүгін сəске түске дейін ұйықтап жаңа ғана
оянып, маужырап жатқанында дүрсілдеген аттың дыбысы білінді. «Бұл не
қылған дүрсіл» дегенінше болмады, жылқышы жетіп келіп: «Жылқыны бай
орыс айдап кетті» деп хабар берді. Тамақтың күштілігінен көп ұйықтап
ұйқысын аша алмай жатқан байды – «жылқы жоқ» хабары секіртіп
тұрғызды. Бай. Қайдағы егінге түсті? Жылқышы. Жалтыр көлдің басындағы
өзіңнің сатқан жерің. Бай. Япырмай, шырағым, бір күнше ұйықтамай-ақ
қойсаң болмай ма?! Бүгін өзіміз де көшейік деп отыр едік, не қылса да зор
шығын болды ғой, жылдам ат əкеліп жексін!» – деп молдаға кісі жіберді,
жаңа ғана тұрып, баласына сабақ беріп отырған молда байдың бұйрығын
орнына келтіру үшін баланы тастап тысқа шықты. Даяр тұрған атты жегіп,
бір-екі меске қымыз толтырып алып бай мен молда қалаға асты.
Бұл байдың жылқысын ұстаған қаладағы бір осал орыс болмағандықтан
сарша атамыз ыстықта күнге күйіп келіп тұрған байды, онша елей қоймады,
«шығыным көп, үш жүз сом беріп малыңды əкет!» дегенді шығарды.
«Өзіміздің жерге салынған егін ғой, тым теріс кетпес, 20-30 соммен бітір»
деп келген бай, үш жүз сомды есіткен соң есінен тануға жақындады, қымыз
беріп сыйлап, «тамыр-тамыр» деп жалынғанмен де жөнге келмеді. Енді не
қылмақ керек? Амалсыздан қос атпен приставқа шапты. Ол екі арада төртбес күн өтіп кеткендіктен қамауда тұрған жылқы аштыққа шыдай алмай
бұралып екі ту бие, бір ат өлді. Қалған жылқысын келген пристав аман-есен
алып берді. Мінеки, Қажыбай ақсақал жер сатуды əуес көргендіктен бе,
болмаса, бес-он тиын болса да пайда қылып қалайын дегендіктен бе,
əйтеуір жайлаудағы бос жерді сатамын деп, «бес тиын қоян, он тиын зиян»
дегеннің кебіне ұшырады.
Қазаққа алалық қайдан келді?
Жиырмасыншы нөмір «Айқапта» Шардай Сарт баласы қазаққа алалық
қайдан келді, - деп біраз кеңес жазыпты. Сөзінің ақырында Ғалихан
Бөкейхановқа да біраз өкпе-наз айтыпты. Бұл кеңестегі пікірлердің көбін
мақұлдап жете алмаған соң өз білгенімді ортаға салдым.
Қазаққа алалық Екатерина заманында оның құпия жазған инструкциясынан
келген жоқ. Бұл қате пікір. Қазаққа алалық ол заманнан көп бұрын келген.
Қазаққа алалықтың алғаш кіруі үш жүзді билеп тұрған Тəукехан опат
болған күннен басталады. Үш жүздің басын біріктіріп билеп тұрған хан
кеткен соң əр елдегі сұлтандар бас-басына хан болған. Бірі мен бірі жауласа
бастаған. Жұрт кезінде ханның ықпалы түсіп, қадірі кеміген. Ханның
ықпалы түскен соң, қара бұқараның арасында да алалық басталған.
Барымта, зорлық-зомбылықтың базары қызып, «батырлар» көбейген.
Мықтылар нашарды жарып алған.
Сөйтіп қазақ өзара бытырап жүргенде қалмақтың Қалдансерен деген ха ны
қазақты неше қайтара шауып, тынышын кетірген... Орта жүз бенен кіші жүз
Сырды тастап Арқаға көшкен. Кіші жүзді бастаған Əбілхайыр хан, Орта
жүзді бастаған Сəмеке хан Россияға бағынған. Бұған шейін қазақ ара сында
алалық əбден тамыр жайып орналасып болған еді... Сөздің қысқасы қазаққа
алалық үш жүздің басын біріктіріп хан болып тұрған Тəукедей дана хандар
өліп, жұрт пайдасын ескермей бір ғана қара басының қамын ойлайтұғын
хандарға жұрт тізгіні тиген соң кірген. Сол алалықтың салдары
Əбілхайырды кіші жүздің балаларымен Россия қойнына, Ұлы жүзді
Жоңғария қойнына тыққан. Жеке қалған орта жүз Абылай заманында тізгін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.