Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16

Total number of words is 4134
Total number of unique words is 1862
32.1 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
гөрі қиынырақ болар, оның есесіне шоқындырдық деп мақтануға
сиымдырақ болар» деп.
Осылардың бəрі де жарлы қазақты шоқындыру оңай, бай қазақты
шоқындыру қиын екендігін көрсетеді һəм сенаттың қазақ күні мұжыққа
түссе, христиан дінін қабыл етеді деп топшылауы құр оймен бал ашу
еместігін көрсетеді. Қазаққа мал бағуды тастап, он бес десятинадан жер
алып, қала бол дегендер: Əуелі, переселен чиновниктері, екінші, ноғай
бауырларымыздың газеталары, үшінші, қазақтың оқығандарының
кейбіреулері. Переселен чиновниктері қазаққа қала бол дегенде, қала болып
15-тен жер алса, жер көбірек артылады; Көбірек артылса жерді көбірек
алып, жеген нанын ақтамақ үшін қазаққа қала болыңдар деп ақыл берді.
Оларға қазақтың күл болғаны, бұл болғаны бір есеп. Ноғай
бауырларымыздың газеталары қазақ жерінің жайын білмегендіктен
переселен чиновниктерінің сөзін қостап кетті. Олар ойлады: қазақ 15-тен
жер алмаса, құрып жоқ болады да, 15-тен жер алса, мəдениет туын тіккен
жұрттың бірі болады деп. Бұл қазақ жерінің жайын жақсы білмегендік.
Қазақ жерінде мал бағумен күн көре алмайтын болса, 15-тен жер алып, егін
салумен де күн көре алмайды. Жаманнан жақсыға түсуде мағына бар.
Жаманнан жаманға түсуде не мағына? 15 десятинамен күн көреді деушілер
я өздері қазақ жерін білмейтіндер, я біле тұра басқаларды адастыру
ниетіндегілер. Туралығын айтатын адамдардың қазақ жерін білмейтіндері
қазақ даласы малдың жері дейді. Шудалы түйе, жабағылы қойдың жері деп
профессор Вернер айтады. Көктің дымын жерге түсіру амалын тапқанша,
қазақ даласы егін жері бола алмайды деп профессор Богданов айтады. Оның
айтуынша, қазақты алақандай жерге арқандап отырғызамыз деген
адасқандық. Қазақты егінші қылып жарытпас малынан айырып кедей кебін
кигізер дейді. 1910 жылы Г.Думада Кавказ депутаты Хайдаров та,
Петербург депутаты Миликов та қазақ жері турасында сөз болғанда екеуі
бірдей айтқан: Қазақты қала қылып отырғызғандар бағып отырған малынан
айырар, мал шаруасын төлеуіне тұрарлық ешнəрсе тауып бере алмас деп.
Қазаққа 15-тен жер алып, қала бол деп ақыл беретіндер переселен
чиновниктерінің сөзіне басқалардың да айтқанына құлақ салу тиіс еді.
Қазақ жерінде малды тастап, жалғыз егінмен күн көруге болады, 15-тен жер
алып, қала бол деп айтуға біздің аузымыз бармайды. Рас, қазақ жерінің
жақсысы да бар екені. Бірақ ондай жерлер тіпті аз һəм ондай жерлердің
көбін алып та қойды. Бұл күндегі жақсы деп жүрген жерлердің жақсылығы
шамалы. Ол жерлерден 15 десятинадан жер алып, қала болып күн көру
қиын, бұл күнде қазақ жерінде қазағы бар, орысы бар егін салып, байып
отырса, оған қарап топшылап егінмен күн көруге болады деп айтуға
болмайды. Жердің қазіргі молшылығында жүздеп, екі жүздеп егін
салғандар, əрине байыр. Қазақтың да, мұжықтың да күні 15 десятинаға
түскенде байымақ түгіл күн көретініне көзіміз жетсе, біз де қазақтарға қала
бол деп ақыл берер едік. Оған көзіміз жетпейді, 15-тен жер алып, қала болса,
кедей болатынына көз жетеді. Жердің молшылығында жан-жағындағы
қазақтың жерін еркінше жалдап отырып, мұжықтар егіні шықпаған жылы
қазынаға қарап, балапандай аузын ашып, асыра деп шулайды. Сол шулауға
қазақ та түседі: егін егу жайын қазақ мұжықтан артық білмейді. Өз
ауқатымен тамағын асырай алмай, басқаның қолына қарап телмірсе қазақ
жұмысы біткені. Өлімтік аңдыған қарақұс пен қарғалар қазақ үстінде тойын
сонда тойлайды.
Қала бол деушілердің көбі: қазақ көшуін қойса қазақ даласына мəдениет
туын тігіп орнар еді дейді. Мəдениет деген жақсы. Бірақ жақсы нəрселердің
қолға түсуі оңай болмайды. Мəдениетке жетіскен жұрттар переселен
чиновниктердің қала-қала қылып отырғызуымен жетіспеген, кеңінен
толғанып бірте-бірте жылжумен жетіскен. Оны эволюция жолы дейді. Қазақ
та мəдениетке сол жолмен жетіседі. Оған жалғыз тысқы қалыбын өзгерту
шарт емес, іші-тысы бірдей өзгере барып жетіседі. Біз қазаққа 15-тен жер
алғызып, малын сатқызып, қала салғызып отыртайық. Қазақтың білетіні –
мал бағу, шала-шарпы егін егу, сауда істеу, бұнан басқа білер өнері я кəсібі
жоқ. 15 десятинаға мал жайып мəз бола алмайды, сауданы бəрі тегіс істей
алмайды. Олай болса, азы саудагер, көбі егінші болмақ. Егін қазақ жерінде
жылда шығып тұрмайды. Бір жыл шықса, бір жыл шықпайды. Тіпті екі жыл,
үш жыл ұдайымен егін шықпайтыны бар. Сонда қазақ немен күн көреді?
Малдан айырылса, кəсібінің зоры егін болса, ол егін қазақ жерінде бірде
шығып, бірде шықпайтын болса, егін шықпағанда күн көрерлік басқа кəсіп
һəм өнерді қазақ білмесе, қазақ кедей болмай, кім кедей болмақшы? Кедей
болса малайлыққа жалданудан басқа не келер өнері тағы жоқ. Əркімнің
есігінде қорлықта жүргенде онда не ұлт намысы, не дін намысы қалар?
Миссионер отчеттарында айтылған христиан дінін қабыл еткіш кедейлер
мен малайлар сонда көбейер.
Қазаққа қала болсаңдар мəдени жұрт боласыңдар деп ақыл берушілер,
əуелі, қала адамына тиісті кəсіпті үйреніп алып яки ғылым өнер үйреніп,
жаман жерді жақсы жер орнына, аз жерді көп жер орнына тұтынарлық
дəрежеге жетіп алып, қала бол десе, оған біз де қол қояр едік. Оны айтпай,
переселен чиновниктері 15-тен жер кесіп беріп, қалақала қылып отырғызса,
мəдени жұрт болып дүрілдеп кетесіңдер деген сөз – қазақ қазір Европаша
киініп ала қойса, Европа адамдарының істегенін істеп кетер еді деген
сияқты сөз. Еш нəрсені үйретпей, Европаша киіндіріп, Лондон я Парижге
қазақты апарып қоя берсе, тапса малай болар, таппаса аштан өліп қалар.
Үкімет біздің 20 ғасырда көшіп жүргенімізге ұялса, бізге жаман жерді
жақсы жер орнына тұтынарлық ғылымын үйретіп, білдіріп алып, қала бол
десін. Сонда қала болмасақ, біз үшін ұялсын. Оны істемеген үкімет өзінің
істемегенінен ұялмаса, қазақ көшіп жүруінен ұялатын жөні жоқ. Қазақ
көшіп жүрсе, еріккеннен көшіп жүрген жоқ, мал баққаннан көшіп жүр. Жері
малдың жері болған соң мал бақпасқа шарасы жоқ, жаман жерді жақсы жер
орнына тұтынарлық амалын тапқанша. Қазақ жеріне жалғыз егін кəсібі күн
көрерлік сенімді кəсіп деп айтуға болады. Олай болса, қазақ көшпелі
болсын, отырықшы болсын малсыз күн көре алмайды. Мəдени боламын деп
15 десятина жерге қамалып, малдан айырылып, егінмен күн көре алмай,
судың бір жиегінен алыс кетіп, екінші жиегіне жете алмай суға
батқандардың күйіне түсіп, бітіретініміз аз болар. Мəдени болғың келсе,
мал бағудың тоқтаушылығы жоқ. Қала боламын десең, мал бағудың
тоқтаушылығы жоқ. Мал баққан Швейцарияның мəденилігі һəм қалалары
ешкімнен кем емес. Переселен чиновниктерінен бата алып, 15 десятина жер
алса, сонда ғана қала салып отыруға болады деген қате пікір.
Сенаттың айтып отырған бір қазаққа екі мұжық келсе дегені бір қазақты екі
орыс ұстап отырып шоқындырады деген сөз емес. Тіршілік шаруасы
жүзінен қазақ мұжықтан төмен болып əлсіреп барып, христиан дінін қабыл
алады дейді. Олай болғанда қазақ жарлы болмас жағын көздеу керек. Қазақ
телміріп басқалардың қолына қарайтын күйге жетпеске керек. Оған жетпес
үшін оқу, өнер, кəсіп үйрену керек. Мəдениетке біртебірте сол жолмен
жетісерге керек. Оны істеуге мал бағу жағынан оралғы болатын ешнəрсе
жоқ.
Қысқасы, біздің қазақ жерінің жұмысына дін жұмысы қосылуы күтілмеген
жұмыс еді. Қазақ ісіне миссионерлік қыстырылмайтын орны қашаннан-ақ
аз болатын. Қазақ жарлыланып, жасымаса, миссионерлік ешнəрсе қыла
алмас, жарлылыққа айналса, айналдырушы көбейетіні шексіз. Жұрттың
тірлік күйде я өлімтік күйде өмір шегуі өзінің жігерінен болады. Сол
жігердің өзінде барлығын білгенше, өзі істерлік істі өзгеден күтіп жұрт
алаңдайды. Өзгелер де оны жұлып алып, ауызға сала қоятын жемістей
көреді, біздің қазақ осы күнде сол күйде тұр. Өзі істейтін істі өзгеден күтеді.
Өзгелер де сол күйін біліп, қазақ жұмысына əкеліп, орынсыз нəрселерді
қыстырмалай береді.
Ноғай бауырларымыздың газеталары бұрын қазақтың ол жайын білмей,
енді ғана байқап, бұрынғы жөнінен бет бұрып, шықтық деп тұр.
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң».
Аш, жұтаған, ауған қазақ
Өткен жылдарда Есіл1 деген судың бойындағы ата-бабамыздан бері мекен
етіп отырған қыстаулық, жайлаулық, егіндік жерлерімізді жер өлшеуші
төрелер мұжықтарға алып беріп, өзімізді тақыр далаға айдап шығарғаннан
кейін ол жерде малымыз, жаз жайлау, күз күзеу болмай арық болып, қыстан
қырыла бастады. Екінші жағынан хахолдар жайылып жатқан
малдарымызды өз жеріне айдап барып, жерімізге түсті, пəлендей ақша
бересің, болмаса малыңызды бермейміз деген соң, амалсыз өз малымызды
өзіміз сатып алатын болдық. Оларға қарсы келуге біздің шамамыз келмейді,
бірлі-жарымды жүруге қорқатын болдық. Мұңымызды шағатын кісі таба
алмадық. Хахолдар бір ағайындарымыздың 3 адамын өлтіріп, ақшасын
алып кетті. Басымызға да, малымызда да осындай таршылық келген соң,
Бұхара жағында Жиделі Байсын деген бос жер бар деп ұзын құлақтан
естуімізше 1912-нші жылы жаз күні 33 үй көшіп, декабрь жұлдызында
Сырдария облысы, Ақмешіт уезінде Шиелі деген жерден құлап, дариядан
өттік. 6 үйіміз түйелері өліп, көше алмай, əлгі Шиеліде қалды, 27 үйіміз
дариядан өтіп, қыс көшіп, Самарқанд облысы, Жызақ уезі, Қызылқұм
волосына қараған ауылға жеттік. Мінген ат, артқан түйе, айдаған
қойларымыз мезгілсіз көшуге шыдамай арықтап, Қызылқұм ішінде
жұтадық. Малымыздан айырылған соң, ішуге азығымыз болмай, сатып
алуға пұлымыз болмай ашаршылыққа дұшар болдық. Біздің мұндай
таршылық халімізді көріп тұрған Қызылқұмдағы арғын, тобықты деген
халықтың басшы адамдары əр үйден азық жинап, сауынды қой жинап беріп,
күн кешірдік. Жұрттың «жұртыңда қал» деген сөз рас екен, Құдай тағала
ауыл жұртына рахым ойласын деп дұғадамыз.
Əлгі тобықтылар айтты: əуре болмаңдар, Жиделі Байсында ауыл сиятын бос
жер жоқ деп. Соның үшін біз Сырдария бойына қайтпақшы болдық, себебі:
Қызылқұм деген жер – тегіс құм болады екен, егіндік жер жоқ, ауыл жазықысы 15-20 құлаш жерден құдық қазып су алып ішіп отырады екен, 13
үйіміз көше алмай сол Қызылқұмда қалды. Басқаларымыз жаяу-жалпы
шұбырып Сыр бойына құладық. Бізбен бірге 3 үйдің адамдары көшіп еді,
олардан еш бір дерек жоқ, өлі-тірісін білмейміз. Үстімізге тігерлік үйіміз
болмаған соң жер қазып, соған паналап отырмыз. Осы күнгі отырғанымыз
Ақмешіт уезі, Скоболовский ұлысы, бірінші ауылға қараған арғындық жері.
Асап ішер ауқатымыз осы халықтың адамдары қарасып жинап бергені.
Мұнан былай нешік күн көруімізге көзіміз жетпейді. Осы мұңдарымызды
жəне көрген қорлықтарымызды қай орынға айтарымызды білмейміз. Мұңзарымызды, көз жасымызды патшамызға, государственный думаға һəм
басқа жерлерге шағуға айқайласақ даусымыз жетпейді, барып айтуға
аяғымыз жетпейді.
Досмұхамед Қылышбай қажы баласы
«Аңдаспаған мəселе» турасында
Ноғай бауырларымыздың арасында қазақ жайынан көбірек көңіл һəм орын
бөлетін «Уақыт» газетасы.
Қазақ туралы естілген хабарлар, істелген істердің көбі «Уақыт» газетасына
басылып һəм олардың ішіндегі маңыздылары турасында газета пікірін де
айтып тұрады. Сондықтан «Қазақ» газетасы қазақ мəселесі турасында
«Уақыт» газетасымен бір жөннен сөз шығаруға, арадағы аңдаспаған
мəселелерді ашып, саралап анықтауды өзінің міндетінің бірі деп біледі.
Қазіргі қазақ мəселелерінің ең зоры жер мəселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі
болу мəселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға
салғанымыз, 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз.
Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз, қазақ та һəм басқалар
дақате ұқпастай етіп, анықтап ашып сөйлегеніміз абзал. «Уақыттың» 1397
нөмірінде Ф.К. əпенденің жазған сөзінде аңдаспай жүрген нəрселердің көбі
анықталды, ашылды. Əлі де болса бүркеуірек, көмескі тұрған бір сауал бар.
Соны ашсақ, арада аңдаспаған мəселе аңдалып жетер еді. «Уақыт» қала бол
дегенде қай түрлі қала болу жайын ашып айтпайды. Ол ашылмаған соң
қазақтар қала болды 15 десятинадан жер алып, егін нормасымен қала болу
деп ұғады. Егерде «Уақыт» 15 десятинадан жер сұрап алып, егін
нормасымен қала болуды айтса, онда азырақ сөйлесуге қажет болады. Олай
болмай жердің түріне қарай мал бағарлық жерде мал бағатын, егін жақсы
жерде егін егетін қала болуды айтса, онда олай қала болуды біз де ұнатамыз
һəм «Айқап» журналының 1911 жылғы 4 нөмірінен бастап айтып һəм
«Қазақ» газетасы жүзінде тұтынып келе жатқан жолымыз. Біз қазаққа қала
болма демейміз. Жақсы жеріңе жиылып қалаңды сал, мешітіңді орнат,
мектепмедресеңді аш, рұхсатсыз неге қала болдың деп ешкім айтпайды
дейміз. 15 десятинамен қала боламын десеңдер, күн көре алмайсыңдар
дейміз.
Қазақтар һəм біздер қате аңдамас үшін «Уақыт» газетасынан өтінеміз,
қазаққа қала бол дегенде қай түрлі қала болуды айтады. Мүмкін болса,
ашып айтса екен.
А.Б
«Ашық хат»
«Речь» газетасының 1914-нші жылғы 23-нші январьда шыққан 22нші
нөмірінде Əлихан Бөкейхановтың Дума депутаттарына жазған ашық хаты
басылып шықты. Сол хатты тəржіме етіп қалыбынша басуды тиіс көрдік.
Хат сөзі мынау:
«Г. Думадағы депутаттарға ашық хат
Переселен управлениесі жері аз кінəз Кошубей, Касаткин-Ростовцев, граф
Медим уа ғейриларына қазақ даласындағы қазына жерін үлестіріп берумен
ғана болып жатқан жоқ, православный христиан дінін қазақ жұрты қабыл
ету қамын да жеп, даярлап жатыр. Жер жұмысының шенеуніктері
қазақтарға егін нормасымен жер бөліп бергенде, жоғарғы хəкімнің
бұйрығын дəлме-дəл орнына келтіру үшін, адаспасқа алдына ұстайтын
қағазы мынау:
«Торғай-Оралдың переселен жұмысының бастығына.
Светейши синод1, осы жыл 5 (26)-ншы апрель 3067-нші нөмірлі қолайлаған
ережесі бойынша бұлай етуді жаратты: мұсылман қазақтарды жəне
православный қазақтарды орыс мұжықтарымен бірге қосып қала қылуды.
Олай еткенде де – шаруа, мұқтаждық, онан басқалар жайындағы не түрлі
мəселелерді қарастырған кездерде православный адамдар жағы басым болу
үшін, мұсылман қазақтардың саны, православныйлардың санының
жартысынан аспасын дейді. Синодтың ойлауынша, солай еткенде Дала
облыстарының жəне Түркістан уалаятының қазақтарына православный
христиан дінін қабыл еттіруге мүмкін болмақшы.
Жер жұмысының бас мехкемесі қазақтардың арасына православный дін
таралып, орнығып беку үшін, Дала облыстарындағы халықтарды орыс
патшалығына тезірек жақындатып, жұтқызып сіңіру үшін, орыс
мəдениетіне қосылып, олар орыспен бірдей орыс болып бірігу үшін,
қазақтар мен орыстарды бірге қала қылып отырғызуды ұнатып,
жаратқандығын һəм солай айтуды тілейтіндігін хабар қылып, білдіріп отыр.
Осы хабарды сізге де жеткіземін, өз тарапыңыздан тиісті бұйрық жолдап
орнына келтіру үшін (қол қойылған). «Құрметті подрайон бастықтарына
жəне крестиански начальниктерге.
Орал облысының военный губернаторының православныйлар мен
мұсылмандарды бірге отырғызу турасындағы осы жыл 12-нші июньде
11400 нөмірлі жазған мəлімнамасының копиясын сіздерге жіберіп тұрмын,
қия баспай орнына келтіру үшін. 27-нші июнь 1912 жыл, 9373-нші нөмір.
Переселен жұмысының бастығы орнына Константинов Секретар
міндетін атқарушы Н. Арсеньев»
1905-нші жылғы 17-нші апрельден соң да басқа діндегілердің дін жұмысына
кірісу үшін, 5 миллион қазақтың тіршілік шаруасын қосумен дініне қол
салуға болады деп отырған синод мынау. 1904-нші жылғы 12-нші
декабрьден соң да синодтың қолайлаған жолсыз ережесін қия баспай
орнына келтір деп переселен шенеуніктеріне тапсырып отырған переселен
мехкемесінің ісі мынау.
«3-нші июнь законы» қазақ жеріне жерік болған кінəздардың, графтардың
тілегі қабыл болып Думада дауысымызды шығармайтын қылып, үнімізді
өшіріп қойды.
Құрметті, Дума депутаттары! Законды тас-талқан қылып жолсыз іс ету
деген осы. 35-нші жəне 58-нші стаьялардағы айтылған жолға тиісті іс қылар
деп үміт етемін».
І-нші Думаның депутаты
Əлихан Бөкейханов
Жауап хат
Өскемен уезін қайта жазған кітап қолыма жаңадан түсті. Бұл жауап осымен
кенже болып тұр.
1900 жылды Щербина есеп алған соң, екінші норма жазған Лев Карлович
Чермак еді. Бұл біздің қырға Абайдың досы, жаңадан опат болған Михаэлис
жолымен барған кісі еді. Бұл алдына Алтай тауындай алтын қойсаң иə
патша Ескендір бұлай қыл десе, ғылым жолынан, өз пікірінен қия
баспайтын кісі еді. Осы Чермак Өскемен уезінде бір қазақтың үйінде он
сегіз ірі-қара, есеп қағазында, единица – лощадь1 енші болса, қазақ азбас
еді.
Үкімет 1908 жылы Ақмола облысы қайта жазған, мұрыны тескен
тайыншадай көнбіс Кузнецовқа Өскемен уезі қазағының еншісін қайта
піштірді. Кузнецов байдың пікірін орнына салып, қазақты пұштитып 18 ірі
қараны он екі қылды. Қазаққа қалатын жерді малға шағады, малды үштен
бір есе азайтқан соң, бұл азайтқан мал сыбағасы қазақтан артық болып,
есепші тілінде «излишка» қазынаға ауды. Чермак есептегенде қазақ ұтып
кеткен деп, қазаққа көп енші қалған екен деп, Кузнецов қайта есептеп,
қазаққа қалатын жердің үштен бір мүшесін қазынаға алатын қылды. Бұ да
қазаққа көп болды, тағы осы қазақта артық жер деп, 1911 жылы Өскемен
уезін қайта жазды. Осы қайта есепті алған А.Б.Переплетчиков Өскемен
уезінің қазағының бір үйіне он алты ірі қара (единаца – лощадь) енші кесіп
отыр. Сөйтіп осы он алты дұрыс болса, Кузнецов есебі – он екі өтірік болды.
Бұл өтірікке сүйеніп қазақтан алған жер қазынаға нақаққа кетпек болады.
Үкімет өз қол астындағы жұртқа өтірікті жүргізген ұят, бірақ қазақ жеріне
жерік болғанда қызаратын бет бар ма? Ал бізде мұның қалай дейтін тіл бар
ма?
Өткен он жыл ішінде Өскемен уезінде əрбір жүз қазақ өстіп жүз он алты
болған. Бір жылға адам өсімі бір жарымнан аз артық болғаны. Жылына жүз
адамға бір жарым, екі жүз адамға үш адам өсімі болса, мұны халықтың
ілгері басқаны деп ғылым сөйлейді. Сөйтіп біздің Өскемен найманы өскен,
ілгері басқан халық дəрежесінде болды. «Қазақ, надан, қазақ көшпелі, қазақ
мəдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді. Бұған жер не керек» деп оттаған дұшман
да бар. Жоғалатын халық өспейді. Қысы, жазы қыстаудан көшпейтін
Өскемен найманы осы соңғы есепте 1151 үй. Бұл жүзге есеп қылсақ əрбір
жүзден алты жарымнан аз артық. Мал шаруасымен көшіп-қонып жүрген
Өскемен найманы əрбір жүзден тоқсан үштен астам. Өскемен уезінде
көшуден ақсаған, сөйтсе де көшуін қоймаған жатақтықты күткен 1408 үй,
əрбір жүзден сегіз болады. Өскемен уезінде жатақ һəм шала жатақ үйлер
ретімен 6 жəне 8, сонда əрбір жүзден он төрт болады. Щербина есеп алғанда
бұл екеуі əрбір жүзден он еді. Жатақ осы күнгі тілімізде отырмақшы, он
жылда əрбір жүзден төрт үй, мұны өзге сөзбен айтсақ, он жылда жүз
көшпелі үйден төрт үй жатаққа айналған. Өскемен уезінің қазағы ғұмыр
жолыменен, мұны ғылым «эволюция» дейді. Қоя берсе көшпелі халық
ақырында бір отырмақшы десек, 250 жылда бəрі жатақ болмақ. Міне,
эволюция жолының шабаны, жер жүзінде қанша отырған мəдени халық осы
ғұмырдың шабан жолымен отырықшы болған. Бұл шабан жол қағазға
жазылып, он бестен жер белгілеп алғанға бұзылмайды. Мал бағып, шаруа
қылып отырған халық қағазбен он бестен жер бергенге егінші болып
кетпейді.
Үкімет біздің қазақ халқының пайдасын ойласа, сен қазақ бір күнде мал
шаруасын тастап егінші бол демейді. Шаруа қиындықпен, зор
шабындықпен өзгеріледі. Орыс мұжығының біздің қазақтың даласына
қашып жатқан себебі ол мың жылдан бері ұстап келе жатқан жерді үшке
бөліп егін салатын, мұнысы «трехполье» атанды, шаруаны өзгерте
алмағанның азабы. Мемлекет қазақты өзінің баласының бірі қылса қазақты
осы тұрған шаруасын бұзбай орналастырар еді. Сонда қазақ неше жылда
эволюция жолымен бірте-бірте отырықшы болар еді. Шаруасы мал бағу
болса, он бестен жер алғанмен отырықшы мəдениетке көше алмайды.
Мынау Оренбург һəм Уфа губерниясында он бес емес, отыз десятина ер
басына қара топырақ жері бар башқұрт қала болып отырғанмен, əлі осы күні
көшкен болып, мал баққан болып, егін жөндеп сала алмай əуре болып отыр.
Өскемен уезінде жүз үйден жетпіс екі үй, егін салады, үйдің егіні бір
десятина, бір ширектен астам. Егін салған əрбір жүз үйдің жетпіс
тоғызының егіні бір мен екі десятина арасында. Бұл найманды егін шаруасы
хақында бел байлаған деп айтуға тіл бармас.
38 нөмір «Қазақта» Ғабдолкəрім жазған еді, Шаңгістай (Шыңғыс емес,
Шəңгіс ағашынан аталған) болысында тоғызыншы һəм он екінші ауылдың
жерін біріне қала саламын деп, біріне айғыр заводын саламын деп кесті деп.
Егер қазақ өзі болса, жерді қазақ пайдасына қалдырамыз деп. Щербина
жазғанда Шыңғыстай болысы он ауыл еді. Он екінші ауыл тоғызыншы
ауылдан бөлінген болса керек. Бұл екі ауыл Жəнібек, екі жазуда да 214
топта, жер еншісі бір бөлімде, есеп тілінде «группа». Щербина есебінде бұл
группа 22 бөлікте. Есеп тілінде «район» еді. Чермак есебінде бір үйге бұл
районда 115 десятина еді. Солай қазаққа енші берсе, бұл бөліктегі
Шыңғыстай Нарым болысынан 73 мың 182 десятина кем еді. Қазақ жері
өзіне аз еді. 214 группа найманға өзге жерден; міні жоқ жерден жер тауып
беру керек еді. Енді жаңа жазуда Переплетчиков нормасымен 214 группа 144
районда, қыстау жерінен 16 қараға 10 айға жетпіс десятина тағы бір
ширектен астам жер керек, жайлаудан 22 десятина тағы үш ширектен
азырақ жер керек. Бір үйлі жанға төрт десятина егін жай керек, бəрін жисақ,
бір үй еншісі 98 десятина азырақ астам болады. Осы 214 группаның бар
қыстау жері 51 мың 649 десятина жарым, шаңырақ 1147, бір үйге 45-ақ
десятина жер келеді. Əрбір үй мұнда 54 десятина кемде отыр. Жерін
алғызып отырған 9 һəм 12 ауылда Шаңгістай болысы 250 үй, қыстау жері 14
мың 211 жарым десятина. Бір үйдің пайдасындағы жер 56 десятина,
бұлардың өзіне 43 десятина үй басына жетпей отыр2. Осы районда қазақ
сыбағасының кем жері 21 мың 213 десятина. Шаңгістай болысының
қалғаны 15 районда. Бұлардың сыбағадан кем жері 33 мың 14 десятина3.
Осы райондағы қазаққа жетпей отырған жер 54 мың 227 десятина. Бұл бес
жүз қырықтан аса үйдің енші жері. Əрбір жүз үйден 21 үйдің түк жері жоқ.
Осы найманнан жер алса артық деп алмайды, зорлығым де алады. Тоғыз һəм
он екінші ауыл 1910 жылы мұжық пен казак-орыс жерінен 3500 купе пішен
сатып алып шыққан. Сол жылы 2001 купе шөп тағы солардан қосымша
сатып алған. 60 үй 775 сом 10 тиын төлеп осы екі ауыл үй басына екі
десятинадан артық егін салады. Өскемен уезінің өзге бар қазағына
қарағанда екі есе егінші, өйткенімен бір үйде жатақ жоқ. Осы егін салатын
жердің əрбір жүзінен 29-ын мұжық пен казак-орыстан сатып алып жалдап
салып жүр. Əрбір жүз үйдің 42-сі егінжай жалдайды. Өстіп отырған
халықта артық жер бола ма? Не заманнан бері Шаңгістай болысының
найманы Шабамбай деген жерді жайлады. Бұл қытаймен шекарадағы талас
жайлау еді. Кабинет, қалам өзінікі болған соң, менікі қылып жазып алған.
Осы Шабамбай қайта жазған есепте 799 үй жайлайды, кабинетке ақша
төлеп. Жері 34 мың 368 десятина. Жері артық халық мұны қыла ма? Осы
Шабамбай (Шаңгістай болысы) 19 сентябрь 1906 жылғы патша указына
сүйеніп пайдасына қалатын жер-ау деймін.
Тоғыз һəм он екінші законге салып жолдаса, онда орысқа жер тимейді.
Жолдасбай жер берсе бұл кейінгі балалардан ұят, осы жер үшін
жолдаспаған жігіт, жаулық салып тезек теретін көп арқалап күң болса,
құдай қосқан іс қылған болады. Осы сарымсақты бұқтырма, кəдімгі
Швейцария Альпісі, 250 жылда да отырықшы жұрттың салтымен шаруа
қыла алмайды.
Қыр баласы
Ішкі хабарлар
Өскемен
Өскемен уезі Тарғын болысы 8 ауылының қазақтары басында
партиялылықпен бүлініп ана жағынан кек аламыз деп қала болуға сұранды.
15 десятинадан жерлерін өлшетіп алып, ал енді қала бол дегенде, бəрі де
айнып шыға келді. Мұнан кейін елге төре шығып, əрқайсысын сұрай
қылғанда, 30 үй не де болса жерден айырылмас үшін қала боламыз деді, 50
үй көнбей қайта қазақ жазуына шықты. Бұл 50 үйді жерінен айдап
шығарды. Бұларды малына, шаруасына жетерлік жерге орналастырмаған
соң ағайын, құдандаларын сағалап отыр. Қала болған 30 үй қазаққа 20 үй
орыс қосты. Осы күні орыс пен қазақ оттаса алмай отыр. Старосталары
орыс, қазақтар орыстардан ренжу көріп тұр. Енді қазақтар өз алдымызға
бөлек қала қылмасаң, қаланың керегі жоқ деп ізденіп жүр, не боларын
білмейміз.
Мұғалім Нұрахмет Ақылбеков
Жаңа закон жобасы
Ақмола, Семей, Торғай һəм Орал облыстарына Степное положениені
өзгертіп, жаңа закон шығару үшін Ішкі іс министрі мен Сот министірінің
жасаған закон жобасын Думаға кіргізбекші деп, газетаға бұрын жазған едік.
Қандай өзгеріс болатындығын əлі біле алмай тұрғанымызды да өткен
нөмірде жазып едік. Бұл күнде ол жоба турасынан білген хабарымыз мынау:
Жоғарыда айтылған төрт облыстың қазағын закон жобасы екі айырады:
отырықшы деп, көшпелі деп. Отырықшы қазақтары – переселен ретімен
қала боламыз деп жер алғандар. Бұлардың соты, бағу-бақылау реті
общекрестианское положение бойынша болмақшы.
Көшпелі қазақтар бұрынғыша болысқа, ауылға бөлінбекші. Жермен
падалануы осы күнгі қалыпша болмақшы. Болыс басы – волостной
старшина деп аталмақшы. Оның помощнигі болмақшы. Ауыл басы –
ауылный староста деп аталмақшы. Үй иелерін ауыл члені деп атамақшы.
Ауылнай старостаны ауыл члендері үш жылға сайлайды. Волостной
старшинаны һəм оның помощнигін выборшиктер сайлайды.
Выборшиктерді ауылнай сход сайлап шығарады. Старостаны да,
старшинаны да лауазымға крестьянский начальник бекітпекші.
Отырықшы қазақтар мұжықтар сияқты оброчный алым ақша төлейді.
Көшпелі қазақтар алым ақшаны түндік басынан төлемей, мал басынан
төлейді: түйе басынан – 75 тиын, жылқы һəм сиыр басынан – 40 тиын, қой
һəм ешкі басынан – 5 тиын. Мал саны екі жылға бір қалыпта есеп
етілмекші.
Көбірек өзгеріс билік жағынан болмақшы. Бір болыс ел – бір судебный
участок деп саналады. Билік сот деп аталады. Һəр болыстың өз алдына
волостной соты болады. Волостной сотта бір председатель, екі член һəм екі
заместитель (орынбасар) болады.
Сот адамдары сайлаумен қойылмақшы. Һəр ауылнай общество өз
ортасынан екі кандидат сайлау шығарады. Кандидаттар орталарынан
судьяларды шармен сайлайды. Судья сайлауларын крестьянски начальник
бекітеді.
Председатель жалованиесі 200 сомнан, судьялардың, яғни члендердің
жалованиесі 100 сомнан артық болмайды. Волостной соттың айтқан билігі,
бітімі окончательный емес (тұжырулы емес).
Əр крестьянский начальниктің участкісінде қазақ судьяларының
участковый сиезі болмақшы. Ол сиездің председателі крестьянский
начальник. Судьялары волостной соттың председательдері. Бұл қазақ
сотының екінші инстанциясы (екінші дəрежедегісі). Мұның айтқан билігі,
бітімі окончательный (тұжырулы). Участковый сиезді керек болған кезінде
крестьянский начальник шақырып, жасап тұрмақшы. Волостной сотта
істерді тез һəм дұрыс тексеру жағын бақылаушы крестьянский начальник.
Қазақ сотының үшінші инстанциясы (үшінші дəрежедегісі) крестьянский
начальниктердің сиезі болмақшы.
Народный соттың қуаты жаңа жоба бойынша бұрынғыдан көп кемімекші.
Уголовный істерден жеңіл ғана істер қазақ сотына түспекші. Ұрлық
жағынан 30 сомдық қана істер қазақ сотына түседі. Гражданский істерден
қалың мал, жесір дауы, енші турасындағы істер, қанша сомалық болса да,
қазақ сотында қаралады, басқа гражданский істерден 100 сомдық қана
істер. Вексел уə ғайри общий закон бойынша куəланған документі бар істер
һəм қала шегінде болған іс туралы даулар қазақ сотына түспейді.
Бұл жоғарыда айтылғандар Ішкі іс министрінің жобасы бойынша.
Сот министрінің жобасы бойынша: участковый сиезде председатель
мировой судья болсын, үшінші инстанция – окружной сот болсын деген.
(Аяғы тағы болмақшы)
Қазақ һəм жер мəселесі
Газет болған соң, оның əр мəселесі турасында ұстанған белгілі жолы
болмақшы. Қазақ туралы мəселелердің ең зоры – жер, муфти, билік, мектеп
мəселелері. Бұлар туралы «Қазақ» газетасы талай жазса да, əлі тұтынған
жолы не екенін түсініп жетпегендер бар көрінеді. Мəселен, «Айқап»
журналы «Қазақ» жер жайынан не істеу керегін ашып жазбайды деп отыр.
Біз мүмкін қадірінше ашып жазамыз, осыған түсінер дейміз. Осыған
түсінбегендер үшін алысқа кете алмаймыз. Жоғарыда жазылған
мəселелердің əр бірінің жайынан біздің қуаттайтын пікіріміз мынау деп
тағы бір-бірі рет айтып өтпекшіміз.
Жер мəселесі туралы «Қазақ» газетасының пікірі қазақ жерін жөнімен,
жолымен алу жағында. Жөнімен алу дегеніміз – қазақтың осы күнгі істеп
отырған шаруасын тас-талқан қылып қиратпай алу, яғни қазақ егінмен күн
көріп отырса, мал нормасымен қазаққа жер қалдырып, сонан артылғанын
алу. Жолымен алу дегеніміз – қазақ жерін алғанда мынадаймынадай жолмен
алу керек деп переселен чиновниктері бетімен жайылмас үшін шығарған
жаман-жақсы болса да саған жол бар. Переселен чиновниктері қазақ жерін
алғанда сол жолдан шықпай алу тиіс.
Үкімет орындары қазақ жерін алу үшін тəсіл қолданады. Қазақ жерін
жөнімен аламыз деп, қазақтың жанын, малын есептеп, норма шығарып
отыр. Жолмен аламыз деп 9 июнь инструкциясын шығарып отыр. Норма екі
түрлі: бірі – мал нормасы, екіншісі – егін нормасы. Мал нормасы дегені –
орта ауқатты шаруасы бар пішкен мөлшер. Орта ауқатты шаруа деген
қандай шаруа? Щербина есебінше, ондай шаруаның малдан басқа кəсібі
жоқ болса, 24 аттық малы бар үйлер – кілең жылқы қылып санағанда 24 ірі
жылқысы бар үйлер. Кілең түйе қылып санағанда 24 ірі түйесі бар үйлер.
Кілең сиыр қылып санағанда 29 ірі сиыры бар үйлер. Кілең қой я ешкі
қылып санағанда 144 қой я ешкі бар үйлер. Ат басына жақсы жерден 6
десятина, орта жерлерден, нашар жерлерден онан да көп жер керек деп
Щербина мөлшер жасап еді.
Ол есеппен қазаққа көп жер қалатын болған соң, қайта есеп еткізіп,
Щербина нормасын кішірейтіп отыр. Сылтауы орта шаруасы бар үй 24
аттық малы бар үй емес, 10 ат пен 15 аттың арасындағы шаруасы бар үйлер
боларға тиіс. Өйткені қазақ жалғыз ғана мал бағып отырған жоқ, егін де
салып отыр дейді. Осылай есеп етіп еркегі бар, əйелі бар жан басына нағыз
жақсы жерлерден 12 десятинадан, онан төменірек жерлерден 15
десятинадан, онан төмен жерлерден 18-ден, 20-дан, 25-тен жер арнап отыр.
Бұрынғы Щербина нормасы дұрыс, бұл соңғы жасаған норма жарамай ма,
ол басқа сөз. Осы кеміткен аз норма мен егін нормасын, яғни мұжық
нормасын салыстырып қарайық, қазаққа қайсысы пайдалырақ екен.
Қазақтың адамдарының санын қосып санап, үйлерінің санына бөлгенде,
яғни орта санын алғанда, үй басына алты жаннан келеді. Оның үшеуі –
еркек үшеуі əйел болады. Мал нормасымен жан басына 12 десятинадан
беретін жерден егін нормасымен ер басына ғана енді 12 десятинадан береді.
Мал нормасымен жан басына 15 десятинадан беретін жерден егін
нормасымен ер басына ғана 15 десятинадан жер береді. Қысқасынан
айтқанда, мал нормасының жері егін нормасының жерінен екі есе көп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.