Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09

Total number of words is 4018
Total number of unique words is 2097
31.8 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қолында болса да, Абылай өлген соң ол да Россияға бағынған. Сол заманда
басталған алалықтың ақыры əлі үзілмей келе жатыр. Бұл айтылған сөздер
істің саяси жағы. Алалық бір саяси жақтан ғана емес, шаруашылық жағынан
да кірген. Қазақ мекен еткен Оральск, Торғайск, Акмолинск, һəм Семипа
латинск облыстардың жерінің қалыбы... Темірқазық жағы жақсы қара
топырақты боз, құбыла жағы майқара жусан секілді қара от бітетұғын жер
болады. Қазақ бұрынғы көшпелі қалыпта, темірқазық жақтағы боз жусан
бітетұғын жерде жайлап, мал семіртіп, өзі қоңыр салқын ауада бой жазып:
қысқа қарай құбыла жақтағы қара отты жылы жерлерге барып қыстап
жүрген. Көшу-қону ол мезгілде бет-бетімен болмай, əркім өз руластарымен
бірігіп, бір шөлменен көшіп, Арқадағы жайлауына, іштегі қыстауына
барған. Жаугершіліктің көп заманы, жау келсе ел болып, күш біріктіріп,
малын-басын қорғаған. Əр елдің көшетұғын жайлауы, қыстауы өзінікі
болған, оған басқа ел кірмеген. Көшпелі халықтың тіршілігі малдың
арқасында, малы өссе көшпелі бай, тамағы тоқ, малы жұтаса кедей һəм аш.
Барлық тіршілігі малға бай ланған соң, көшпелі шаруа малын
жайластырмай тұрып, өзі тамақ ішпейді. Малдың тіршілігі жерменен, мал
өсірген шаруаға дем алатұғын ауа қандай керек болса, малы үшін жақсы
жайылымды жер де сондай керек. Малының қамы үшін көшпелі мың
шақырым жер лерге көшіп, жазға самал ауасы бар, оты, суы мол... бозға
шығып жайлап, мал семіртіп, қысқа қарай түстік жақтағы жылы Сырдың
бойы, Үргеніш, Қолтығы, Маңғыстау, Шу секілді жерлерге барып қыстап
жүр. Бас өспек, мал өспек жаратылыстың бір заңы-жолы. Адам өседі, жер
өспейді. Мал өсіп көбейген сайын оған жайылым жер де көбірек керек.
Баяғы қазақшылық заманда жайы лым тарылса, көршілес басқа жұрттың
жерлерін қазақ жұрты тартып алып иеленген. Тартып алар жер біткен соң
мықты атаның балалары нашар елдердің қонысына көз салған. Бір-бірімен
тең елдер қоныс үшін өзара жауласа бастаған. Қонысы тарылған нашар
елдер қысы қатаң жылдарда малдарын жұтатып кедейлікке айналған. Бұл
кедейлер тамақ асыраудың қамы үшін əрі тыныштық үшін Россияның жиек
қалаларына жақын жерлерді азғантай жұттан қалған қара-құрасыменен
қоныс қылған. Суық жерді қоныс қылған ел малына жылы қора, өзіне жылы
істеуді, қысқа қарай малы үшін аздап пішен шабуды əдет еткен... Малдың
сүті қолға түсе беру қиынырақ болған соң, қазақ нан жеуге, нан жеген соқ
астықты өзі егуге үйренген. Сөйтіп Арқадан қоныс алған қазақ шала
көшпелі, шала отырықшы қалыпқа айналған. Бұл əркімге де белгілі жұмыс.
Бұл алынған қоныстар бүкіл қазақ баласына əдет бойынша бірдей ортақ
жайлау, жер болғанын қоныс алған атақ бұл қонысты көшпеліден қорыған.
Жайлау көптің жері көшпелі ел күшке салған. Жатақ орыс заманына
сүйенген. Сөйтіп шаруашылық бабында жер туралы жатақ пенен
көшпелінің арасынан талас шыққан. Бұл таласта жатақ көшпеліні жеңген.
Мінеки, бұл айтылған сөздерден көрінеді, шаруашылық туралы қазақ
арасына екі түрлі жөнменен алалық кірген. Біреуі көшпелі күшті атаның
баласы, нашар атаның баласының жайылымын тартып алған. Екіншісі,
Арқадан қоныс алған жатақ көшпелінің жайлауын тартып алған. Осы екі
түрлі зорлықтан туған алалықтың ақыры əлі күнге шейін үзілмей келе
жатыр. Көшпелі менен жатақ арасындағы жер таласы əсіресе 1868-інші
жылы уақытша жағдай (временное положе ние) жүргізілгеннен бері өте
күшейіп кетті. Себебі, уақытша за кон бойынша қоныс иесі бар болысқа
қараған ел болған, бұрынғы рудың жеке иелігі қалған. Бұл қалып
көшпелінің жайлауын бұрынғысынан да жаман тарылтуға себеп болған.
Көшпелі менен жатақ арасынан бұл туралы шыққан жанжалдар кейбір
жерлерде өте күшейіп кетіп, кісі өлімдері де болған.. Хакімдер 1880-інші
жылдарда айрықша сияз жасап, əр уездерден, əр облыстардан адамдар
шақырып, жай лау, қыстаудың шегін айырттырған. Көшпелі менен жатақ
арасындағы бұл жайлау таласы əлі бар. Өткен 1913-інші жылы Сырдария
облысы Қазалы уезіне қараған көшпелі қазақтар, Торғай облысы, Ырғыз
уезіне қараған елдер «Əуез бұтағы» деген жайлауды қыстауға айналдыр деп
хакімдерге арыз беріп, жүргендерін өзім көрдім.
Жер жанжалы қазақтың рулас, ағайындас қалқын ұмыттырды. Жерісуы бір
атаның баласы өз ағайындарымен дауласты, ағайыншылық былай қалды.
Жерлері переселен пайдасына алынып, өздері жері кең ағайындарынан жер
ауыстырып ала алмай, сорлап, хакімдердің есігін тоздырып жүрген қазақтар
толып жатыр. Қазақтың ала болушылығының үшінші себебі де бар.
Мұнысы қазақтың ру-руға бөлінуінен туған алалық.
Мұны орысша айтқанда «Социальный устройстводан» келген алалық деуге
болады. Арабша айтқанда «əжітмағы» қалпынан туған алалық. Қазақ болған
жерде қазақ жігітіне өз жұмысынан соң өзінің руласының, жүздесінің
жұмысын жұмыстамақ əдет бойынша міндет. Кісі өлтірсе құн алмақ, құн
бермек, əйелдің байы өлсе жақын ағайындысына жесір бо лып үлеске
түспек, қалың малы төленіп қойылған қыз сүйгеніне кетсе «жесір» кетті деп
ел болып намыстанып атқа мінбек, жиын-той, асқа барғанда ақсақалдар
арашаларына қарай сый құрмет көрмесе ашу жанжал шығару секілді толып
жатқан неше түрлі əдетттер қазақтың арасына түскен жікті күшейтпесе,
қазақтың басын біріктіретін қалыптар емес. Қазақта намыс деген бір жаман
əдет бар. Баяғы қазақшылық заманда талай атыс шабысқа, тала қырғынсүргінге себеп болған, бұл күнде бұл əдет біткен жоқ. Сайлау
жұмыстарында намыс үшін шашылған пұл... əр алты миллион қазақты
мүлдем жұртшылықтан шығарып бара жатыр.
Мінекей, ардақты оқушылар! Жоғарыда жазылған көп сөздерден көрініп тұр
қазақы алалықтың саяси, экономикалық, социальный деген үш түрлі
жолмен кіргендігі. Бұл үш түрлі себепке қосылған қосымша болса, ол
жанып тұрған отқа бір құшақ қамыс тастау секілді ғана. Соның үшін
Шардай Сарт баласының бүкіл айыпты ауру бастан сау басқа аударуының
жөні келмесе керек.
Қазақемес
Ашық хат
Біздің қазақ деген сахарада мал бағып, ақыл-ойымызды сол малға жұмсап,
қайда соны жер, қанық су болса, сонда кіре қыстап, шыға жайлап жүрген бір
ел едік, сол қалыппен өнер-білім судай тасыған жиырмасыншы буынға
келіп, оқулы-білімді ел надан халықты басып-жаншып, жерінсуын алып
жатқан бір заманға кез болдық. Сол біздің ұлықтарымыздың да көкірегіне
кіріп кетіп, бұл жиырмасыншы буын да көшпелі халықты сақтау зор күнə
деген фітуəні шығарып жер-суымызды мұжыққа алып беріп, қазақ
атаулыны əбігершілікке түсіріп жатыр. «Мал баласы, жер анасы» дегендей
жер тарылған соң, қазақтан дəулет те ақырындап кеміп, жылдан жыл
төмендеп, барған сайын штат-партияшылық жəне де зорырақ дəулетті
мырзаларымыздың карта ойнап, түрлі ішімдікке салынуы жақсы ырым
емес. Бақ, дəулеттің ең зоры һəм анасы жер-егіншілігін неше жылдан бері
татар қарындастарымыз һəм өзіміздің оқыған білімділеріміз газет арқылы
сөйлеп, заман бұл қалыпша тұрмайды ұлықтан жерлеріңді сұраңдар!
Ізденіңдер, абзалында көшпелі қалыппен алуға сұраңыз, реті болмаса,
отырықшы болып болса да еркінірек уақытта қай жақсы деген жерлеріңмен
кестіріп алып қалыңдар деп кеңесті бере келді, һəм кейбір жерде отырықшы
болып, əр тарапта жатыр еді, іликин əлгі надандықпен халықтың көбі не
қылуға білмей сасып, кімнен толық ақыл сұрап, жерінің түріне қарай
қалпынша жер алуды біле алмай тұрған уақытта мен қазақтың көз жасын
есіркеп, құдай тағала білімділеріміздің көңіліне салып əуелі Троицкіден,
екінші Орынбордан басшы шығарды. Құдай, енді осы қуанышымызды
ұзағынан сүйіндір дені екеуінде, əрбір шыққан нөмірін төрт көзбенен күтіп
алып, жазылған сөздерді періште келтірген «Қасиетті» көріп, оқып, қуанып
тұрған бір заманда манағы бағымыздың кемуіне қарай ма?! Білімді
мырзалар арасында тағы партиялық намысы кіріп бірі: – Ау, алаштың
азаматы, біздің қазақтың жерін өлшеп, артығын мұжыққа алып беруге
ұйғарылды. Енді көшпелілік қалады. Жақсы көрген жерлеріңізге жиылып,
учаске болып, өзіңізге һəм мешіт-медресеңізге де жер жырттырып алып
қалыңыз, – деп кеңес берсе, екінші мырза:
– Ойбай, қазақ, жерді жиылып ала көрмеңдер, қалайда болса, бұрынғы
көшпелі болып, жер алып қалуға іздене көріңіз. Учаске болып алсаңдар
малдан айырыласыңдар, – деп əуелгі кеңес мəслихаттың терісіне сілтейді.
Жəне бір білімпазымыз хат-газетпен сөйлесіп, іс жүргізу қиын, бір жерге
бас қосып сөйлесуге, сияз ашуға ұлықтан рұқсат сұрап көрелік, – деп ең
керекті істен сөз ашып еді, оған тағы біреу түрлі дəлелменен рұқсат
берілмейтінін көрсетіп, қашанғы əдетінше ұлықтардан бұрын өздері тырп
етпестен жатыр. Сұрасайықшы, іздесейікші бермесе қалады ғой демейді.
Үшінші, бір керекті болған жұмыс мүфтиге қарау еді, енді оған тағы екі
түрлі кеңес беріп, біреуі əзір құрулы тұрған дүкен татар
қарындастарымыздың муфтилігіне қаралық деп жол көрсетіп еді,
екіншілері, алты-жеті мың мехаллаға жетсе Уфа Собраниясына жəне онан
артық жүк артып не пайда етеміз, не көрсек те өз алдымызға мүфти алып,
татар қарындастырымыздан бөлек тұралық – дейді. Міне, басшы болған һəм
қаламымен қызмет еткен білімділеріміздің көрсетіп жатқан өнерлері
бұрыннан миы ашып, басы қаңғырған надан халқымызды онан жаман
басын қаңғыртып тұр. Істің алдына, келешегіне түсінбеген соң, қай жағына
ауысуға білмей дағдарып тұрған жайы бар. Енді уақыт таянды, білім
таластырмай, сөз жарыстырмай, ұлт пайдасын ойлап біз пақырға бір тура
жол көрсетсеңдерші, бауырларым. «Қазақ» пен «Айқаптың» келген
нөмірлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді. Егерде бұл кеңес
бітпесе, бұларды алатын оқушылар азая ма деп қорқамын. Кейбір
мырзаларға, мына екеуінің біреуін алыңдар, – деп айтсаң: – Қой, ақша
беріп, бірталай егес, уайым сатып алар халымыз жоқ. Газет-журнал алмай
да, дау-жанжал сөз күрестіруден құры емеспіз, – дейді. Міне, осындай
сөздерді тəуір, көзі қарақты, дəулеті бар мырзалардан өз құлағымменен
естідім. Кейбіреулерінің осы тақырыпқа тоқтағандары да бар. Енді білімі
көп, ақылы толық, жазғыш-білгіш бауырларым, əрқайсыңыздан
төменшілікпенен өтінемін. Алаауыздықты қоя тұрып, бізді бір жарыққа
шығара көріңдер.
Құлмат Бектұров
Топырағымыз алтын
Біздің қазақта бір жаман мінез бар, мал болса болғаны сол малдың
төліменен байимын дей, діңкесі құрып жүргендері, бұл кəсіптің де пайдалы
екенін білмей ме? Болмаса, біле-көрсең кəсіп істегісі келмей ме? Болмаса,
баяғы белгілі ата-бабасынан қалған сүйекке сіңген жалқаулық па?
Сол өздерінің жақсы көретін малы қайдан шығады екен. Ойлап келгенде
мал да сол кəсіптен шықса керек?! Қаншама көп жерге ие болып, ен даланы
меңгере алмай жүрген уақытта жалғыз малдың артынан кетемін деп қанша
мың миллион пайдадан құрып қалған, əрі айт та, бері айт баяғы надандық,
жалқаулық. Аяғының астыңда жатқан алтынды алып, пайдалана
білмегендері, міне осы күнде кім пайдаланып отыр. Бір қарасыз неше мың
шақырым жер ден шұбырып келіп, жерге ие болып, бір-екі жылдың ішінде
соқалық өгіздер, сауын сиырлар һəм мінер аттар тауып алып отырған жоқ
па? Осы қайдан шығып отыр, əлбетте топырақтан шығып отыр. Енді
топырақ алтын емей немене? Мен мұнан бұрын да бірлі-жарым айтқан
сияқты едім. Жер бір десятинасынан əр жыл жақсы істелгенде елу сом, жүз
сом табуға болады деген едім. Бұл сөз жалғыз өзіміздің халдарымызға қарап
айтылған сөздер ғой. Бірақ басқа жұрттар біз айтқан дəрежеден артығырақ
пайдаланады. Анығын айтқанда мұнан бірсыпыра жылдар бұрын ƏулиеАтаға сапар қылғаным жолда бір мұжық саудагеріне түсуге тура келді. Ол
орыс бір иен даланың ортасында өте əдемі үйлер салып һəм бақшалар егіп
тұрады екен. Көп малы һəм көп жылқысы бар. Бұларға дөңгелентіп қоралар
жасатып қойған. Мұнан басқа не керек саймандардың бəрі де даяр. Мен бұл
орыстың мұндай иен жайылымда қанша ақша шығарып, отырғанын көріп,
əлбетте бұл бір үлкен шəһəрден келіп, асқан байлығымен бұл жерге сайран
қылу үшін жаз ғана келіп, отырып кететін шығар деп ойлап едім. Бұл ойым
шүбəлі ой болғандықтан өздері жақын арада кетпекші болса да оларды біз
екі күнге дейін өтініп, танысып сөйлесуге кідірттім. Мен өздерімен əрден
танысып болған соң, орыстан қағылшан шөл далаға қаншама шығын
қылудан не пайда шығады деп сұрадым. Орыс:
– Əй, господин! Біз бұл ақшаны жанымыздан шығарғанымыз жоқ, ақшаны
осы жердің өзінен шығарып, өзіне жұмсадық. Біз бұл жерге келгенімізде атарбадан түк те жоқ еді. Мен бұл жерге келгеніңізге неше жыл болды? Қанша
ақшаларыңыз һəм мынадай мал-мүлік, үй-үйлеріңіз бар ғой», – дедім.
Орыс:
– Бұл жерге келгенімізге тоғыз жыл болды. Келгенімізде бұл жерде еш пана
жоқ еді. Бізді бұл жерге хүкімет алып келіп, бір пар өгіз, екі жүз сомға
жақын ақшамен тастап кетті. Біз содан соң бұл жерге қос тігіп (балаған)
отырдық. Бізге хүкімет он бес десятинадан жер беріп еді. Біз келіп сол жерді
алғанымыздан бері қарай, жеріміздің он десятинасына тұқым шаштық. Ол
жылдар жаңбыр болмады. Жылдың реті солай болса да екі жүз пұтқа жақын
тұқым бидай алдық. Жаңбыр жақсы болғанда бидайды мұнан да мол алар
едік. Екінші жылы өзіміздің жерімізге һəм жанымыздағы қазақтардың жерін
жалдап алып бидай шаштық. Екі десятина жерді үй салуға, бақша егуге
қолайладық. Ең əуелі бидай салатын амбар салдық. Неге десеңіз, біздің
əдетіміз егінімізді қырманға салып басып алған соң, жылдам басылысымен
базарға апарып сатамыз. Сатылғаннан қалғаның амбарға салып қойып,
базардың пұлды кезін байқаймыз. Сондықтан бізге ең əуел амбарымызды
жақсылап салып алдық, – дейді. Мен биыл қанша бидай алдыңыз? – деп
сұрадым. Орыс биыл өзіміздің һəм қазақтардан жалдаған жерлерден бес жүз
батпанға жуық бидай алдық. Ұзын сөздің қысқасы мынау:
– Қазірде əр жыл бес жүз, алты жүз пұттан астық аламыз. Һəм бақшамызда
егілген жемістерімізден мың сомдық жеміс сатамыз. Жəне бұлардың үстіне
алпысқа жақын қара мал, жиырмаға жақын аттарымыз бар, күнелтуімізден
он есе артық дейді.
Сонымен сөз бітіп, біз ол жерден қозғалып жүріп кеттік. Кешке жақындай
бергенде бір қазақтың үйіне қонуға тура келді. Манағы мұжықтың малын
қазақтар қайдан көрсін. Бір үлкен ауылда дəнеме жоқ, ауылда кедейлік,
ластық соншама дəрежеге жетіпті. Бұл халдарды көрмеген адам нанбас еді.
Сол ауылда біраз кідіргендігімнен қазақтың халдарынан бірсыпыра
сұрастырып білуге тура келді. Маған танысып сөйлескен қазақтың, сөзіне
қарағанда олар сол жерде жиырма-отыз жылдан бері қарай тұрады екен.
Салған əдемі үйлері жоқ. Қыста бір кішкене ғана землянканың ішінде
ғұмыр өткізеді екен. Қазақтан сіздің жерлеріңіз қанша деп сұрадым. Қазақ:
– Даланың барлығы біздікі, – дейді. Мен:
– Қанша астық егіп, қанша бидай соғып аласыз? — деп сұрадым. Қазақ:
– Кей жылы егеміз, кей жылы тіпті екпейміз. Еккен жылдарымызда бір-екі
батпан тұқым шашамыз. Он бес-жиырма батпан бидай аламыз, – дейді. Мен
бұлардың, мұндай қайғылы халдарын көріп қапа болдым.
Бір кісі
Қала болушылар
Томск губернияда Кайнск оязға қараған, бұрыннан бері жер алып отырған
жеті аймақ (бараба) деген халық бар еді. Солдат бермейтін праволары бар
жерлері кең, қазақша мал ұстап, кəсіпсіз жатқан бір халық бар еді. Бұлардың
жері аса көп болған соң землемер шығып өлшеп, артығын участік қылып
қазнаға алған еді. Сонан соң бұл жерде тұрмаймыз деп, бірсыпыралары
өзіне тиісті жерін, малын, үйін, нəрселерін арзанға сатып, Стамболға көшіп
кетті. Онда барған соң, сұлтан бұларға «Анатолыдан» жер беріпті, мұндағы
салқын жер, жақсы ауада түзулікпен күн көріп жүре алмайтын бараба онда
барып не оңсын! Көп тұра алмай, қалталарындағы барын түгесіп, қанша
бейнет, азап көріп, шулап-шұбырып қайтып келді. Бұрын бұлардың жерінде
қырық-отыз жыл дан бері «Мұзды көл», «Терең көл» һəм Омбыға қараған əр
болыстан жиналып күн көру үшін аренда алып, кəсіп қылып отырған көп
қазақтар бар еді.
Бұлар жердің, қадірін біліп, һəм бұл күнгі білімділеріміздің газетжурнал
арқылы айтысқан сөздеріне түсініп, бұл жер қолымызда тұрмас, біреу келіп
алып кетер деп. Барабадан алынған Мачалинск деген жерге қала болып
отырамыз деп, ақсақалы Мұстафаұғылы, Мəмбет Қаратайұғылы, Асан
Меңдібайұғылы һəм басқалары кеңесіп, Құдабай Меңдібай баласын
давернай сайлап, 1912-інші жылы Томскіге барып инородец правосымен
жер сұрап еді. 1913-інші жылы қала болып отырсаңдар да яки қазақша
отырсаңдар да ықтияр өздеріңде деп жеті мың десятиналық, Мачалинск
деген участікті сендердікі деп кесіп берді. Бұл жер бірсыпыра жерден тəуір.
Егінге де, шабындыққа да нағыз тəуір жер. Балықты көлдері бар, жаңбыр
болмай құрғақ болған жылдары да бұл жерлерге шөп шығады. Өткен доңыз
жылдарында бұлар шөпті көп сатты. Станция жақын, саудаға да қолайлы.
Бұл жердің пайдасы аса күшті. Бұл жердің шетінде, шекараға жақын жерде
патшалық курортбақша бар. Жаз күні барып көруге көңілді. Бұл араға басқа
облыстан да кісі көп келеді, һəм онша шифа суы бар. Ауру адамдар келіп
түсіп, саламаттанып қайтады, һəм неше жүздеп кісі түсетін нөмірлер бар.
Қымыз, ет һəм басқа жақсы нəрселер де даяр. Көңіл көтеруге əркімге көруге
лəзім жер. Біздің Сібірде, үлкен курорттарда мұндай жер жоқ болса керек.
Осы жерге түсеміз дегенде, ол уақытта қырдағы əйелдер бұл Мачалинскінің
қазағымен қайдағы сұмдықты бастайсыңдар деп араз болып еді. Енді осы
1914-інші жыл, жиырма сегізінші майда Землямер шығып, бұлардың
жерлеріне діңгек қағып, бекітіп берді. Сонан соң бұлар көлдің балығын
аулап, шөбін шауып, пайдаланып жатқанын көрген соң, бұрын бұларды жек
көріп, араз болып жүретіндер «енді бізді де қос, бізді де қос» деп өздері
келіп тығылып жатыр! һəм бұлар қабыл қылып алса, келетіндер де көп
көрінеді. Бірақ бұлар жер тығыз болады деп алатын емес. Бəлки көңілдегі
жерін алған соң, қала бол деушілердің сөзі дұрыс деп, оларға көп рахмет
айтады. Бұл жақта бұларды көріп, төртбес жерде қазыналық жерден
сұранып, жер алып, қала болып жатыр. Басқа қазақтар қала болудан қорқып,
ата-бабасынан қалған, кір жуып, кіндік кескен жерлерінен айырылып қалып
жатқанда, бұлардың бөтен жерге келіп орнығып, айтқандарын қылдырып,
ортадан ойып жер алып жатқаны – адамшылық-ақ деп естіген құлақ
сүйсінерлік іс. Бұлар бір жерге жиылып қаласын салған соң, ортадағы жерсудан артық пай далы нəрселерін сатып һəм зекет, ғұмыр, підия, садақа
сықылды нəрселерді бір жерге жинап, мешіт-медресе салдырамыз ба деген
де ойлары бар.
Мейрам Ысқақов
Қапал жағында болған уақиғалар
Жас адвокаттарымыздан Көлбай мырза Төгісов жанаптары Түркістан
жағына бара жатып басқармамызға түскенде жақсы жерлерін мұжыққа
беріп, һəм өздері сол мұжықтан көрген қоршылықтарын, һəм кісі өлімі
болған уақиғасын үш бөлім қылып бізге жазып тастап кетті. Көрген
уақиғалары мынау: Сарқа деген станцияның маңайында Матай деген ел
көшіп-қонып жүруші еді, жайлы ғана жерлері бар еді. Бұлардың бақытына
қарай мұжықтар келіп, жақсы жерлерін алып, қала болған еді, қаланың аты
Покровский. Қазақ биінен бұл қала жақын болғандық себепті қазақ қалаға
қатынаспай тұруға мүмкін емес қой. Бір күні сол қаланың қасынан өтіп бара
жатқан үш-төрт қазақты мұжықтар ұстап алып: – Сендер ұрысыңдар, – деп
волостной управителіне алып келіп, неше түрлі қинауменен қазақтың
біреуін өлтіріп, қаладан екі шақырым Қарагөз деген жерге апарып тастапты.
Бұл үлкен кісінің қанын іздеп Қанабек деген бір жақсы адам тиісті
орындарға арыз беріп, ақырында мұжықтардың управлениясынан кісінің
қанын тауып, судья он шақты мұжықтарды абақтыға алған еді ақырында
бұлар өлтіргендіктерін мойнына алды.
Қазақтың бір биі Лепсі шаһарынан үйіне қайтып бара жатып, бір мұжықтың
қаласының қасынан өтіп бара жатқанда мұжықтар биді жабыла қуған еді.
Би қорқып қашса да мұжықтар қоймай, ұрысың деп ұстап алды. Ұстап алған
соң, би қорыққанынан мойнына знагын сала қояды. Көзі қарауытып келген
мұжықтар бидің знагын не қылсын? Сол жерде биді жабылып ұрып
өлтіреді.
Бұл мұжықтардың да сегіз-тоғыздайы түрмеге алынған еді, судьясына
жолығып едім, оның сөзіне қарағанда жоғарғы айтылған мұжықтардың
бəріне де сегіз жылдан каторгіге хүкім қылыныпты.
Қазақ аттарын орыстар ұрласа төлетіп беретін ұлықтар жоқ, мұжық аттары
жоғалса, қазаққа төлететін төрелер бар ғой. Өскемен уезінде Троицк деген
бір мұжық қаласы бар. Бұл қалада бір мұжықтың аты жоғалған. Екінші
участоктегі крестьян начальнигі Өскеменге қарайтын Ұлықман Боздақовқа
мұжықтың атын тауып беруге не бағасын төлеуге бұйрық берген.
Крестьянск начальнигінің бұйрығы дəлелсіз болған соң волостной
управитель бұйрығын орнына келтірген жоқ еді. Сонан соң, Троицкіден
жиырма мұжық жиылып келіп, қалаға жақын жердегі бір қазақ ауылын
атқылап, қатын-баланы қыран жапқандай қылып, ауылды шапқан. Сөйтіп
ойран-топан болып жүргенде бір қазаққа оқ тиіп, оқты доктор сырып алған.
Бұл іс турасында жоғарыда айтылған мұжықтарды Өскеменнің судьясы
абақтыға алған еді. Прокурордың бұйрығы бойынша бəрін залокқа
шығарды. Мұжықтардың қазақтардан тонаған жасаулары һəм ауылда атқан
он бес мылтығы Өскеменнің уезной управлениясында қоймада тұр.
Біз ғажапланамыз, мұжықтарға осынша кеңшілік кімнен берілді?
Əлбетте, ұлықтар бұларға қазаққа қарағандай қараса, бұлай болмас еді,
бейшара қазақтардың қатын, бала-шағалары жетім қалмас еді, һəм
мұжықтар қазақтарды қойша бауыздап өлтірмес еді...
Көлбай Тоғысов
Қазақтардың діні, хұқық һəм жер хақындағы өзара кеңестерінің
қорытыңдысы (Вывод частного сообщения киргизов по
религиозноправовому и земельному вопросам)
Петербордағы мұсылман сиязына барған қазақ мырзалары өзара бас қосып,
кеңес мəжілісіне сөзді бір жерге қойып бару үшін кеңесілді. Əрлі-берлі
сөйлесіп келгенде барлығының сөзді қорытып істеген қаулылары мынау
болды: Біз Орал, Торғай, Семипалат һəм Сырдария облысының қазақтары
осы 1914 жыл, июньде Петерборда бас қосып өзара сөйлескен кеңесімізде
мұң-мұқтажымызды һəм қазақ тұрмысының, керекті жұмыстары хақында
сөйлестік. Ынтымақтасып, бірыңғайласып Петербордағы мұсылман
сиязында қаралатұғын мəселелерге қатынаспақ үшін (15-25 июнь, 1914 ж.)
біздің бұл өзара кеңесіміз 14 июньнен 25 июньге дейін созылды. Сондағы
анықталған іс мынау болды. Бірінші, дала облыстарының (Орал, Торғай,
Ақмола, Семипалат һəм Түркістанский край, Сырдария, Семиреченск,
Самарқанск һəм Ферғана) қазақтар Орынбор, Закавказия һəм Таурчиск
муфтиліктерге қараған басқа мұсылмандар секілді бір ислам дінін
ұстайтұғын халық тіршіліктің ыңғайына қарай һəм қазақтардың пайдасы
үшін дала облыстарындағы қазақтарды Орынборск духовный собрание
қарамағына, Түркістан крайындағы қазақтарды Түркістанск мұсылмандар
духовный собраниясының қарамағына тапсыру керек деп табылды.
Бұлайша тапсырылудың Керекудегі қазақ халқын діңи хұқық турасындағы
былықпашылықтан құтқарудың керек мезгілі əлде қашан болғандықтан
қазақ ішінде халық əдеті деп жүргізілген сот-закондарының əлдеқашан
мезгілі өтіп кеткендіктен. Бұл турадағы Əлихан Бөкейхановтың қазақ үшін
қазақтың əдет-ғұрпын сақтау керек деген пікірін жерин-тересін қорғауға
бар жалғыз ғана бір себеп өз өзінен бітірілді. Əуел мезгілдегі политиканың
ыңғайына қарағанда жоғарыда айтылған закон жобасы – закон бо лып
шыққандай реті бар еді. Осындай қалыпта қазақтарды 1909-ыншы жылғы 9
июнь инструкциясы бой ынша отырықшылыққа айналдыруға зорлады
(мəжбүр ету). Үшінші, қазіргі күнде переселендер үшін учаскеге алынайын
деп жатқан жерлердегі қазақтардың ешбір тоқтаусыз переселен нормасы
бой ынша жер алулары керекті. Неге десеңіз, хүкімет переселениені ешбір
тоқтататын емес һəм қазақ пайдасындағы ыңғайлы жерді алудың, шегі-шеті
көрінбейді. Сол себепті қазақ халқының егінге қолайлы барлық жерінен
айырылып қалу хаупі бар.
Отырықшылыққа айналғанда көп болып айналу керек, бір болыс елден кем
болмасқа керек. Азғантай үйлерге һəм егін, һəм шаруашылығын істеуге
жеткілікті жер тие қоймайды. Көп болып отырықшылыққа айналғанда қалақалаларға жан басына берілетұғын он бес десятина қолайлы жерлердің,
арасында егінге қолайсыз, мал-шаруашылығына қолайлы жерлер көп тиеді.
Соның, үшін кеңес мəжілісі көшпелі қазақ болыстары уезден яки мүлдем
отырықшылыққа шығамын деушілер болса, бір тоқтаусыз приговорменен
шығарып жіберулері, жартылай отырықшылардың приемный приго вор
алулары тиіс. Сөйтіп өздерінен қай қалыппенен болса да артылып
қалатұғын жерлерге оларды ие қылу керек.
Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газетінің, отырықшы нормадан көшпелі
норманың артықтығы турасындағы пікірілер қазаққа біле көре болса да яки
аңғармағандықтан болса да, залал келтіріп тұр. Неге десеңіз, көшпелі норма
болған уақытта қазақ жері патшалыққа керек болғандай болса алдына
береді. Талассыз тыныш иеленуге жол бермейді.
Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газеті көшпелі норманы мақұлданды һəм
көшпелі болғанда, қай жерге қонып, көшіп жүруді көрсетпейлеріменен
бадырайып баттиып түпкілікті жер иесі қазақ халқының пайдасыда биігірек.
Переселен пайдасын қорғаштағандай болып көрінеді. Сол себепті қазақ
халқының бытырап қалу қаупі бар. Егерде олар Бөкейхановпенен «Қазақ»
газетінің сөздеріне еріп көшпелі қалыпта қала берсе, арты не болмақ?...
Төртінші, қазақ халқы тап осы күнде жерге орналасы туралы болсын, дініне
қауіп туралы болсын, екі талай жерде тұр. Осының барлығы һəм қазақ
халқының отырықшы тұрмысқа үйір болып жетпегендігі. Кеңес мəжілісі
осы айтылған жұмыстарды бір қалыпқа келтіріп, дұрыс қылып ашпақ үшін
қазір ақ хүкіметтен рұқсат алып жаңа ғана жабылған мұсылман сиязі секілді
бір қазақ сиязын жасау керек деген пікірге келтіреді. Ол сияз бола қалса,
бұрын сиязға қарсы болып жүрген Əлихан Бөкейхановтың болуы да керек.
Сұлтан Бақытжан Қаратаев,
Ж.Ш. Сейдалин, С.Лапин,
Досан Аманшин, А.Нарынбаев
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1913–1918)
«Қазақ» газеті – отандық журналистика тарихында айрықша орны бар,
халықтың «көзі, құлағы һəм тілі» болған жалпыұлттық тəуелсіз басылым.
Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта
Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 2 рет шығып
тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 данамен таралды.
Басылым басқармасы 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10
облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса
«Қазақтың» Уфа, Қазан, Петербург, Мəскеу, Орынбор, Томск қалаларында,
сондай-ақ Түркия мен Қытайда да өз оқырмандары болды.
«Қазақ» газетінің бірінші бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы
«Азамат» серіктігі болды. А.Байтұрсыновтан кейін «Қазаққа» алаш
қайраткерлері Міржақып Дулатов пен Жанұзақ Жəнібеков басшылық
жасады.
Орынбор губернаторы Ресей Жоғарғы баспасөз басқармасына газетті мына
бағыттар бойынша шығаруға рұқсат бергенін мəлімдеді:
1.Үкіметтің бұйрық-жарлықтары. 2.Мемлекеттік Дума, мемлекеттік Кеңес
жұмысы. 3.Ішкі жəне сыртқы хабарлар. 4.Қазақтың тарихы мен тұрмыс
жайы. 5.Этика, тарих, этнография жəне мəдениет мəселелері. 6.Экономика,
сауда, кəсіп, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы. 7.Халық ағарту,
мектеп, медресе, тіл жəне əдебиет мəселелері. 8.Тазалық, денсаулық жəне
малдəрігерлігі жайы. 9.Фельетондар. 10.Корреспонденциялар мен
жеделхаттар. 11. Жергілікті хроника. 12.Суреттер. 13.Почталар (хаттар).
14.Құлақтандырулар.
«Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңнің айнасы іспеттес. Сол
кезеңде қазақ халқының ең маңызды өткір мəселелерінің бəрі де газет
беттерінде батыл жарияланып тұрды. Елдің зарына айналған жер мəселесі
«Қазақта» үздіксіз көтерілді, оқу-ағарту ісі, дін жайы, өнер-білімнің құны
хақындағы материалдар көптеп басылды. Алты жылға таяу ғұмырында
қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады. Əлеуметтік салада елді өрге
сүйреді, қазақ халқының өзге елдермен тең болуын көкседі, өз билігі өзінде
болуын мұрат тұтты. Мақсатқа жету үшін қазақты өнер-білім, ғылым
жолында еңбектенуге шақырды.
«Қазақ» газетінің айналасына ұлттың озық ойлы зиялы азаматтары
шоғырланды. Сол тұста қаламды серік еткен Алаш азаматтарының барлығы
дерлік «Қазақ» газетінің тұрақты авторлары болып табылады.
Ішкі хабарлар: *
Жер министрінің сметасынан көрінеді. Бұ 1913 жыл қазақ пайдасындағы
жерлерден мұжыққа қанша жер кесіліп берілетіні.
Торғай облысынан кесілетін жердің есебі 135000 (жүз отыз бес мың
десятина). Мұның бəрі Қостанай уезіндегі Қомақ, Обаған, Арақарағай
волостары қараған жерден кесіледі.
Ақмола облысынан 125000 (жүз жиырма бес мың) десятина жер
кесілмекші. Бұл жерлер Омбы, Қызылжар, Көкшетау уездерінен кесілмекші.
Семей облысынан 50000 (елу мың) десятина жер кесіледі. Олар Кереку
(Павлодар), Семей, Өскемен уездерінен кесілмекші. Бұрын мұжыққа кескен
жерлерге жалғас жерден кесіледі. Бұлар һəм Зайсан уезінде Ертіс
бойындағы жерлерден кеспекші.
Жетісу облысында екі уезге қараған жерден кесіледі. Бұл уездер Лепсі мен
Пішпек уезінен 40000 (қырық мың) десятина, Пішпек уезінде төрт волосқа
қараған жерден 80000 (сексен мың) десятина жер алынады. Бұл волостар:
Қалғожинск, Ырғайтинск, Жомишовск, Шамеинск.
Сырдария облысында – Шымкент пен Əулиеата уездерінен қыбыла
жағындағы жерлерден кесіледі. Ташкент уезінде Ғайыбата, Маңдайтал
волосындағы жерлерден кесіледі.
Ферған облысындағы – Андыжан уезіне қараған жерлерден кесіледі.
Сырдария һəм Ферған облыстарынан барша кесілетін жердің саны 90000
(тоқсан мың) десятина.
Тобыл губернесінде – «Қорған» мен Тоқалы уезіндегі обырощнай статьяға
шығарған жерлерден кеседі. Бұл екі уезден 20000 (жиырма мың) десятина
кесіледі.
Томск уезінде мұжыққа кесілетін жердің саны 90 000 (тоқсан мың), бұлар
Алтай округындағы кабинетски жерлер. Томск, Маринск уездеріндегі
қазыналық бос жерден де кесіледі.
Отырықшы болатын қазақтарға кесіп беретін жердің есебі *
1913 жыл қазақтарға түпкілікті етіп кесіп беретін жердің баршасы 400000
(төрт жүз мың десятина). Мұның 180000 (жүз сексен мың) десятинасы
Торғай облысында, Қостанай уезінде Арақарағай волосында кесілмекші.
Бұл жерде қазақпен қатар мұжықтарға да жер кесіп береді. Ақмола
облысында – қазаққа кесіп беретін жерлер Омбы, Көкшетау, Қызылжар
уездерінде. Бұл үш уезден қазаққа 90000 (тоқсан мың) десятина жер
кесіледі.
Семей облысында – Кереку (Павлодар), Семей, Өскемен уездерінде... 60000
(алпыс мың) десятина жер кесіледі.
Жетісу облысында төрт болыстың қазағына жер кесіп бермекші. Бұл төрт
болыстар: Қалғожинск, Ырғайтинск (Восточни), Жомишовск, Шамеинск –
төртеуінен қазаққа кесілетін жердің саны 50000 (елу мың).
Мұнда да қазақтан артылған жерді мұжыққа береді.
Сырдария облысында – Шымкент пен Əулиеата уездеріндегі қазақтар жер
кескізіп алады. Екі уезде қазаққа кесіп беріледі 20000 (жиырма мың)
десятина жер.
Жер іздеген қазақтар!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.