Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23

Total number of words is 3741
Total number of unique words is 2027
27.9 of words are in the 2000 most common words
40.2 of words are in the 5000 most common words
48.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мұжық орнамаған оброчная статья жерлер. «Жер мəселесін түпкілікті болып
тексерілгенше, уақытша қазақтың пайдасына болсын» деген əмірі бойынша
Делбегетей елінің пайдасына қалған еді. Осы əмір əлде болса əмір күйінше
қалуға тиіс деп жер комитетіне қазақ комитеті білдіріп отыр.
Басқарма: жердің сазайы кімге болсын батқан. Алыстағы ортақшылдарды
қоя тұрып, тұрғын жұртты тарықтырмайтын жер тапсақ та жетер. Кабинет
жерінде, казак-орыс жерінде ұлардай шулап, босып жүрген қазақтарды көре
тұрып, Николайдың шабындысынан қалған жерін енді қазақ ерулікке
оңайлықпен беріп отырмас. Еңбек сіңіргенге жер тиетін болса, жер –
қазақтікі.
Переселен тоқтатылды
3 марта Мəскеуден Ішкі іс халық комиссарынан телеграмм алынды: Сібірге
көшушілер көбейіп, жолдағы қалаларды басып бара жатқандықтан һəм
Сібір темір жолының переселен тасуға қазір мұршасы жоқтықтан қашан бір
бұйрық болғанша Сібірге переселен көшу тоқталсын деген.
Келімсектер туралы
Ішкі Россиядан көшкен, жерінен қуылған мұжықтар ай-күйге қарамай,
қазақ жеріне келіп орнай кететіні мəлім еді ғой. Бұл келімсектердің көбі өз
бетімен жерден мөңіреп қалғандар, кейі о жақтағы сұмдардың жер алып қой
деп жіберген жер қараушысы болатын. Бостандық болғаннан бері де жер
халықтікі, көптікі, еңбек қылған, егін салғандікі деген лақап талайдың
емешегін құртып, Сібірге қарай шұбаған реті болатын. Орал тауынан бері
асып, темір жолдан сап тимей, қамалып жатқан хохолдар аз емес болатын.
Семейдегі совет Мəскеуге осы келімсектер туралы телеграм берді: Сібірге
келетін переселендерді əзір тоқтат деп һəм кісілерін жіберіп, жер аламыз
дегендерге хат жазылды, тоқтат деп.
Ортақшылдар
Əнеугүні Семейге келген 2 жүздей ортақшылдар Зыряновский деген қалаға
Земейногорский уезіне жетті.
Жеріміз жоқ, қайтеміз?
Мұздыкөл болысының бір ауылнай елі 60 жылдан бері Том губерниясының
ішінде тұрақ жерімен пайдаланып отырушы едік. 30 үйіміз бөлініп,
Қызылағаш болысының бірсыпыра халқымен қосылып, 500 үй Қаракөл
деген болыс болдық деп отыр. Томскі губерниясында 500 үйге 175 мың сом
налог салынады десе басы үш сом төлейді дейді. Қаракөл болып отырған ел
«бізге қосыл, қосылмасаң жерімізден шық» дейді. Біз 6 ауылнайдың халқы
екі дəуіртай сайлап, Омбыға барып, «Үш жүз» партиясының басшысы
Мұқан деген кісіге арыз бердік. Мұқан айтыпты: «Жер арқылы сіздер бізге
қарайсыздар. Бізге налог бермесеңдер қызыл гвардиямен жерден
шығарамыз» деген.
Енді көшіп шығайық десек, баратын жеріміз жоқ. Егіннің уақыты болып
жатыр, тірі кісі тіршілік шаруасын істеп жатыр. Біз қайтеміз? Газет арқылы
жауабын берсеңіз екен.
Нұрмақан Алшымбайұлы
Басқарма: жерге еңбек сіңіріп, бейнет тартқан ие. Мал баққан қазақ жұрты
еңбегін емген бейнетқордың бірі. Мал шаруасы – мемлекет шаруасының
бір бұтағы. Николай заманы қайта келмесе (бастағы тұман тарқар, ештеңе
етпес) қазақ халқы осы күнгі отырған жерінен қалайда болса енші алады.
Бұган сену ке рек. «Жыламаған балаға емшек бермейді, шайнап берген ас
тамақ болмайды» дегендей, заман – талпынғандікі. Қазақ Россия жұртының
бір бұтағы. Бостандыққа, жер-суға елмен бірге біз де ортақпыз. Жер еншісі
үлесілмей ешкімді ешкім көшіре алмайды.
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ (1920–1926)
«Ақ жол» газеті 1920 жылдың 7-желтоқсанынан бастап 1926 жылға дейін
Түркістан республикасының кіндік өкіметі атынан Ташкентте аптасына үш
рет тұрақты шығып тұрды. Газет бетіндегі материалдар мазмұнына қарай
төмендегі айдарларда жарияланған:
1.Басқармадан;
2.Сыртқы хабарлар;
3.Ішкі хабарлар;
4.Бұйрық-жарлықтар;
5.Əйел теңдігі;
6.Жастар арасында;
7.Ресми бөлім;
8.Елден;
9.Басмашылар тарихы;
«Ақ жолға» əр кезеңде С.Қожанов, Қ.Құлетов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев,
Н.Төреқұлов, Т.Байқасқаұлы, М.Қайыпназар секілді Алаш азаматтары
басшылық жасайды. Газеттің 271–305 сандарын Түркістандағы жазушылар
ұйымы шығарады. «Ақ жолдың» орташа тиражы – 1800 дана.
«Ақ жол» газеті мен эмиграциядағы М.Шоқайдың «Жас Түркістан»
журналынан «ортақ байланыс» тапқан Сталин жорамалынан соң, РК/Б/П
ҚЫРӨЛКЕКОМНЫҢ 1925 ж. 10 маусымдағы Бюро мəжілісінің №69
хаттамасы бойынша «Ақ жол» газеті қайта ұйымдастырылып, редакциясы
Ташкент қаласынан Шымкентке көшіріледі.
1925–1926 жылдары «Ақ жол» газеті Сырдария атқару жəне партия
комитетінің органы ретінде Шымкент қаласында басылып тұрды.
Еңбекшіл, қазақ-қырғыз жұртына!
Қазіргі басымыздан кешіріп тұрған дəуір, жер жүзінің еңбекшілер табы мен
жер жиһангерлерінің талас-тартыс дəуірі. Ғасырлар бойына құлдықта,
қорлықта өмір сүрген еңбекшілер бүгін өздерін құлданушы таптарды
жоғалту жолында қол ұстасып, азаттық туын көтеріп тұрған дəуір.
Еңбекшілерді езген, қанын ішкен, құлданған қан ауыз патшамен, жауыз
хүкіметтің, жалмауыз байларын жарға құлатып, алдымен бас көтеріп
жанжал шығарған Россияның жұмыскерлері мен еңбекшіл крестьяндары
алдымен басшылық етіп жер жүзінің еңбекшілеріне ұран шақырған, аттан
салған, төнкеріс жасаған биілікті өз қолдарына алып, Кеңес хүкіметін
тудырған Россияның жұмыскерлері мен крестьяндары.
Жер жүзіндегі адам баласы екі ғана тапқа бөлуге болады. Ол екі тап:
құлданушылар һəм құлдықта жүргендер табы. Құлданушы таптың саны аз
да болса байлықты өндіретін құрал һəм билік өз қолдарында болған соң,
еңбекшілерді табанында басып, езіп, жаншып, айтқанына көндіріп,
айдағанына жүргізіп келді. Күшсіз, қорғансыз аз ғана нашар ұлттарды
бірте-бірте жоғалту жолына түсті. Шет уəлаяттарды қоныс қылып қожалық
жүргізіп, жұтуға, жоюға айналды.
Байлар, жуандар хүкіметінің қоныс алған уəлаятының бірі – Түркістан еді.
Мұнан бес жыл бұрын Түркістан орыс патшаларының отары болды. Патша
хүкіметі орыс байларының, жуандарының пайдасын көздеп Түркістанның
байлығын, жерін-кенін ескі иелерінің қолынан тартып ала бастады.
Жергілікті жұрттардың табан ақы, маңдай терімен солардың өздеріне
ектіріп, Түркістанның миллиондаған пұт мақтасын жыл сайын Мəскеуге
жөнелтіп отырды.
Ішкі Россияның өз ішіндегі крестьяндар құлдарға айналып, патша
хүкіметінің һəм оның шылауындағы байлардың, ақсүйектердің босағасында
көздері жылтырады. Олардың да жер-суын тартып алды. Өздерін «мынау
менің құлым, анау сенің құлың» деп, крестьяндарға ен салып, енші алысты.
Жақсы жерлерін губерниялардың бəрінде де орыс байлары, ақсүйектері
қожа болып, крестьяндардың қанын сүліктей сорды. Сондықтан, жыл сайын
крестьяндар арасында наразылық өсіп, күңкіл шыға бастады.
Патша хүкіметіне крестьяндардың наразылылығын кеміту, оларды жұбату
керек болды. Сол себепті, қынқыл шығарған жерсіз, сусыз крестьяндардың
бырсыпыра артығын шеткі уəлаяттарға көшіру саясатына кірісті. Ол
уəлаяттар хүкіметтің зорлығына қарсы тұра алмайтын қойдан қоңыр
Түркістан, Қазақстан далалары. Əсіресе, Жетісу секілді жерлер еді. Патша
хүкіметі бұл саясатын іске асыру үшін əдейі арнап переселен шенеуніктері
қазақ-қырғыздың ең шұрайлы қара топырақты, ағашты сулы жерлерін алып,
бұрынғы иелерін тауға, тасқа, тақырға айдап тастады. Бұлардың орнына
Россиядағы өз жерінен қуылып келген келімсектерді орнатты. Бұлар
əлсіреген. Сосын қонысқа орнаған соң, байи бастады.
Байыған сайын жергілікті жұрттарға қожалық, өктемдік жүргізе бастады.
Кембағалдардан, ақсүйектерден байлық жиып, қуылып, қаңғырып,
келгендерін ұмытты.
Патша хүкіметі мұндай саясат қолдану арқылы, екі түрлі мақсатына жетті.
Бір жағынан жерсіздіктен, наразылық шығарған крестьяндардан құтылып,
олардың мауқын басты. Екінші жағынан оларды жергілікті жұрттармен
жауластырып қойып, соның арқасында Түркістанды өзіндік қылып бекітіп
алды. Ақырында, мұнан келіп ұлт дұшмандығы туды. 1916 жылғы Жетісуда
болған қозғалыс еңбекшіл қазақ-қырғыз жұртының əбден жаналқымға
келген соң, қорлыққа шыдай алмай шығарған қарсылығы еді. Сол
қозғалысты патша хүкіметі крестьяндарды қазақ-қырғызбен өшіктіру,
жауластыру жолымен басты. Қанша қан төгілді. Бейшара қазаққырғыз жерсуынан, мал-мүлкінен айырылып жетім-жесір болып шулап қол ұстасып,
аш жалаңаш Қытай шегіне босып кетті. Қалған жерін жуанжұдырық
крестьяндар басып қалды. Сол, қазақ-қырғыздардың бұл күнгі халы да өте
аянышты.
Кеңес хүкіметінің бірінші жауы зорлық-зомбылық тұрады, я кеңес хүкіметі
тұрады. Сондықтан, Кеңес хүкіметі зорлық-зомбылықты негізінен құртуға
бар күшін салып һəм жаңа тəртіп шығаратындығын жариялап отыр.
Еңбекші қазақ-қырғыз, тараншы һəм басқа сондай елдердің зорлықпен
алынған жер-сулары бұрынғы иелеріне қайтарылады. Əсіресе, 1916 жылдан
бастап бұл күнге шейін жуан-жұдырық крестьяндар иемденіп отырған
жерлер қайтарылады.
Жер заңы негізінен өзгертіліп, крестьяндарға еңбек мөлшерімен ғана жер
қалдырылады. Артық жер мемлекет қарауында болып, жері, суы аз қазаққырғызға бөлініп беріледі. Жер бөлгенде сумен пайдалану жағы да теңеледі.
Кеңес хүкіметі езілген, жаншылған қазақ-қырғызды жақтағанда, бір
жағынан сол еңбекшіл жұрттың өзіне сүйенеді. Сондықтан, зорлықшыл
крестьяндар көшірілген яки олардағы артық жер алынғанда,
қазаққырғыздың өз арасынан оқыған жемтіктес байлары, манаптары
арамдық қылып крестьяндардың жерін, малын жасырып шатақ шығаратын
болса, еңбекшіл қазақ-қырғыздар көрсетулері керек. Ондайлар шыға қалса,
қазақ-қырғыздың жауы деп білу керек.
Ішкі Россияда, еңбекшіл крестьяндар өздерін құлданушы жуандарынан
құтылып отыр. Жұмыскерлер, фабрикант, зауытшыларының көзін жоғалтып
отыр. Қазақ-қырғыз еңбекшілері де солардан үлгі алып, өз араларындағы
аш пейілдерді ауыздықтау керек. Жер-суды еңбекшілер ғана иелену керек.
Жетісуда еңбекшіл қазақ-қырғызға жергілікті жуан жұдырық
крестьяндардың іс басындағы ескі төрелердің ініне су құйылғалы қам
қылынып жатыр. Жетісуды билеп отырған облревкомды жаңғыртып бояма
ортақшылдар қуылғалы отыр. Қазақ-қырғыздың қамын қарастыру үшін 15ші январьға қарсы Əулиеатада съезд болғалы отыр. Қазақ-қырғыз
жұмысына белсеніп кірісу үшін ТурЦИК қасында айрықша қазақ-қырғыз
бөлімі ашылды.
Еңбекші қазақ-қырғыз жұрты естеріңде болсын, Кеңес хүкіметі еңбекшіл
халықтың, кедейлердің хүкіметі. Кеңес хүкіметі езілген, жаншылған қара
бұқараның хүкіметі.
Кеңес хүкіметі жиһангерліктің тамырын кесуге ұран салып тұрғанда,
бұрынғыдай азды-көпке, нашарды жуанға жем қылғызып шыдап отыра
алмайды. Кеңес хүкіметі мұнан былай қазақ-қырғыздың мойнына шығып,
қанын сорып отырған залымдардың желкесін қияды. Ол жолда қандай
қиындықтар құрбандыққа ұшыраса да тоқтамайды.
ТурЦИК қасындағы қазақ-қырғыз
Бөлімінің бастығы Нəзір Төреқұлов
Мүшелері: Г.Сафаров,
Сұлтанбек Қожанов,
Санжар Аспандияров
Ресми бөлім
Жоба
Көшпелі халықтар келген мұжықтар һəм казак-орыстар жерлері жайынан.
Номері 264.
Түркістан кіндік атқару комитетінің 17 ноябрьде 163-ші нөмірлі қаулысымен
дайындалған жобаның қосымшалары.
1.Отырықшы болған һəм боламын десіп жүрген көшпелі халықтарға һəм
мұжықтарға һəр кімнің еңбегіне, мехнатына қарай жер беріледі.
2.Келген мұжықтардың һəм казак-орыстардың жерлері қайта бөлінеді деген
сөздерді, олардың еңбек сіңірмейтін артық жерлері алынады. Отырықшы
болмақшы көшпелілерге станция мен поселкеде кəсіп үшін, қалған
жатақтарға бөлініп беріледі деп ұғыну керек.
3.Станция, поселке, қышлақ болмаса, ауыл болсын тұрған жерінің
ынғайсыздығынан суат пен пайдалану реттеріне тəртіпсіздік келтіретін
болса, жұртшылық комиссариатының қаулысы бойынша, қайтадан реттеліп
салынады, болмаса, басқа жерге көшіріледі.
4.Осы жоба шыққанша келген мұжықтардың, казак-орыстардың, басқа сол
сияқты Европадан келгендердың өз ықтиярымен жергілікті халықтардан
алған жерлері жергіліктілердің өздеріне қайтарылады. Һəм мехнатына қарай
бөлінеді.
5.1917 жылдан бастап осы жоба шыққанша, қазақтардың, дүнгендердің һəм
тараншылардың жерлерін пайдалануға кеңес хүкіметінің Қытай
мекемесінен болса берілген мандат қағаздары, тəртіптері – бəрі де жоққа
саналады. Еріксіз алған жерлер, бұрынғы пайдаланушыларға еңбек негізі
бойынша қайтарылады.
6.Патша заманында жерінен қуылған, яки 1917-1918 жылдарда жерінен
айрылған көшпелі халықтар бұрынғы тұрғылықты орындарына
қайтарылады. Һəм оларға жер пайдалану ретіндегі жалпы негіз бойынша
жер беріледі.
7.Көшпелі халықтарға берілетін жерлер қазынаға кіретін жерлер: а) келген
мұжықтарға деп бөлінген, бірақ, келгендар отырып орнамаған жəне де
олардың тастап кеткен жерлері б) уезшіктердің һəм олардың меншіктеген
жерлері в) от арба жолының үстінде сауда жүргізіп тұратын поселкелерге
деп арналған жерлер г) егіндікке жарайтын айрықша қазынының иемденген
һəм сақтаған жерлері д) қала жерлерінің арықтары. Жерге өз еңбегін
сіңірмейтін һəм түпкі кəсібі жер кəсібі емес, қаладағы мешандардың
жерлерінің бəрі м) бұрынғы монастырылар, сопылары тұратын жерлер.
8.Еңбегі түгел һəм еш бір еңбек сіңірмейтін шаруасы бар мұжықтардың,
казак-орыстардың жəне де еңбек сіңірмейтін шаруасы бар отырықшы
көшпелілердің жерлері, жер пайдалану занының жалпы негіздері бойынша
басқаларға алынады.
9.Пайдалану үшін жерге қандай еңбек сіңіру керек екендігін жер
комиссиариаты белгілейді.
10.Алған жерлерінде шаруасын түзетуге, мұқтаждық көріп жүрген
көшпелілерге ақша һəм бұйым қазынасын ашып, мемлекет толымды
жəрдем береді.
11.Осы уақытқа шейін отырықшы болмаған көшпелілерге мал бағатын жер
беріледі. Жəне де əр кімнің өзі ғана пайдалануға мұқтаж егіндік беріледі.
12.Жайылым қазынасына кіретін жерлер: а) ағаш шықпаған айрықша
қазынаны сақтаған һəм иемденген жерлері; б) мал өсіруге арнаған жəне де
келген мұжықтардың һəм казак-орыстардың өз ықтиярымен жазылып алған
жерлері; в) пошта жолындағы станция жерлері; г) қалалардың жайылымдық
һəм пішендік жерлерінің артықтары; д) Түркістан Республикасында əуелгі
шаруаларға алынбайтын жерлердің бəрі.
Ескерту: ағаш ішінде мал бағу жер комиссариатының осы туралы шығарған
ережелері бойынша ғана мүмкін.
13.Көшпелілердің мал айдауына жол береді. Жолдың қалай түсуіне болатын
тетіктер: а) көштің жолы; б) мал айдалатын жолдың айналасындағы
шөбінің, отының шамасы; в) һəр жолмен айдайтын малдың шамасы; г)
көштің ұзақ, қысқалығы һəм жылжуының тездігі, жол сулы жерлермен
жүреді. Су болмаса, қазынадан құдықтар қазылады.
Түркістан Республикасының кіндік атқару комитетінің бастығы Нəзір
Төреқұлов. Хатшысы Юмакаев
Қазақ-қырғыз съезі
25 январьда Əулиеатада Түркістан республикасына қараған жалпы қазаққырғыз сеъзі ашылатын хабары «Ақ жолда» сан рет жазылып, газетіміздің,
осы санында сайлау ережесі де басылып отыр. Бұл съезде қаралатын
мəселелер:
1. Елде не болып жатыр. Сол туралы уəкілдердің баяндамасы.
2.Ұлт мəселесі һəм Кеңес автономиясы.
3.Жер мəселесі.
4.Ұйым мəселелері.
5.Қазіргі хал-жайы.
Съезде əлбетте тағы да көп нəрселер қаралып, шиеленіскен түйіндердің бəрі
де шешілер. Бірақ, жиналған өкілдер тойға барғандай құр қол келмей, қазаққырғыздың мұң-мұқтажын түгел баяндарлық болып, қамданып келулері
шарт.
Бұрын да талай съездер болып, есепсіз көп қаулылыр шығарылған. Бірақ, ол
қаулылардың көбі іске аспай, қағаз жүзінде қалған. Бұл жолы да ондай
болатын болса, қыстың көзі қырауда, əуреленіп, шаруадан қалып, ерсіліқарсылы шұбаудың қажеті жоқ. Соның үшін съезд жемісті болу жағын,
қаулылардың жүзеге асыру қамын да ойлау керек.
Қазақ-қырғыз қорлықта деп күніге зарланамыз. Бұл қорлықтан қайткенде
құтыламыз? Қайткенде теңелеміз? Соның қамын істеу керек. Қорлықтан
құтылудың, теңдікке жетудің тетігі еңбекшіл халықтың өз қолында.
Халқына жаны ашитын азаматтарын басшы қылу керек. Халықтың өзі
ұйымдасып, өз керегін өзі алуға, өзін-өзі билеуге тырысуы керек.
Қазақ-қырғыз жерінен, суынан айырылды тауға қамалып қалды деп
зарланамыз. Жер-су кімдікі? Мұні жақсы білу керек. Жер-су – еңбекшіл
халықтікі. Шалқасынан жатып малай жалдап, егін ектіріп, мал бақтырып,
кедейдің табан ақы, маңдай тері пайдаланушынікі емес. Сондықтан,
көршілес орыс жуан-жұдырықтарына, араларындағы болыс манаптарына
қарсы тұрып, сыбағаларыңды өздерің жағаласып жүріп алмасаңдар,
сендерді үнемі хүкімет күзетіп отыра алмайды. Байлар жуандар жаны
ашып, өздігінен сендерге жер-су теңдік бере қоймайды. Мұны жақсы білу
керек.
Кеңес хүкіметі ортақшыл партиясы кімді жақтайды, естеріңнен
шығармаңдар. Кеңес хүкіметі ортақшыл партиясы жер жүзінің
еңбекшілеріне ұран салып біріктіріп, жұмыскерлерді, қара бұқараны
құлданушы, қанды сүліктей сорушы дүние жиһангерлеріне үш жылдан бері
қарсы соғыс ашып, қан төгіп отыр. Сондықтан, қайраттанып, жігерленіп,
өздеріңді қорғаушы Кеңес хүкіметінің ортақшыл партиясына қолдарыңнан
келгенше көмек көрсетуге міндетті екендеріңді ұмытпаңдар! Кеңес
хүкіметінің ортақшыл партиясы күшейсе, сендер де күшейесіңдер. Теңдікке
жетесіңдер. Кеңес хүкіметі ортақшыл партиясы əлсіресе, жер жүзінің
еңбекшілеріне, əсіресе, қазақ-қырғыз, сендерге атар таң, шығар күн жоқ.
Еңбекшіл халыққа кім дос, кім қас екеніне көздерің жеткені рас болса,
мынау съезге еңбекшілер табын жақтайтын, жанын аямай қызмет ететін
жігерлі, ақ жүрек таза адамдарыңды сайлаңдар!
Азамат
Қазақ-қырғыз мəжілісі
19 декабрьде қазақ-қырғыз институтында Ташкенттегі қазақ-қырғыз
ортақшылдарының һəм əлеумет қызметкерлерінің мəжілісі болды.
Мəжіліске төбе басылық еткен – С.Қожанов, хатшысы – Мадалиев.
Қаралған мəселелер:
1.ТүрЦИК қасында ашылған қазақ-қырғыз бөлімінің мақсаты һəм міндеті;
2.Комисариаттың баяндамасы;
3.Ташкенттегі һəм басқа жерлердегі қазақ-қырғыз еңбекшілерін
ұйымдастыру;
4.Қазақ-қырғыз оқыған азаматтарын іске алу;
5.Əулиетада болғалы тұрған қазақ-қырғыз съезі жайынан һəм басқалар.
Баяншылар тыңдалып, шешендер сөйлеп, пікір алысқаннан кейін мəжіліс
төмендегі қаулыларды шығарды:
1.Алдымен Ташкентте, онан кейін басқа жерлерде еңбекшіл қазаққырғыз
ұйымдары ашылсын. Ұйым жұмысын жасауға 3 кісілік комиссия
тағайындалсын. Бұл үш кісі: Көшербаев, Аспандияров, Тынышбаев.
Комиссияның жобасы келер жұмаға даяр болсын;
2.Қазақ-қырғыз зиялылары ортақшыл болсын-болмасын есепке алынып,
мобилизация ретімен алдымен керегінше Жетісуға жіберілетін болсын;
3.Жетісу облысындағы жуан-жұдырықтардан зорлық көріп, жерсуынан
айырылып отырған еңбекшіл қазақ-қырғыздарды қорғау үшін, айрықша
қазақ-қырғыз азаматтарынан əскер жасалсын. Бұл тілекті іске асыру үшін,
тиісті махкамалармен сөйлесу міндеті қазақ-қырғыз бөліміне жүктелсін;
4.Əулие-ата съзінде əскерлік һəм əйел мəселелері қаралатын болсын.
Съезге əр бір комиссариат баяндама беруге міндетті болсын.
Жер мұңы
Ақмешіт уезіне қараған Шиелі дейтін жер бар. Шиелі – жері құс ұшса
қанаты күйетін, ат шапса тұяғы күйетін ұзындығы 100 шақырым. Көлденеңі
70 шақырым. Су жоқ, құдық жоқ жол болатын еді. Қаратаудан Сырға қарап
көшкен елдің адамы өліп, малы қырылып, Сырдарияға əрең құлайтын
күндері болушы еді. Сондықтан, ол «Шиелі» деп аталып кеткен.
1886 жылы халықтың қадірлі адамы Жүзбай деген ақсақал Жөлек
болысының адамдарын жинап, бастарын қосып, «Найман арықтан»
Сырдарияға саға шығаруға арық қазып, Шиеліге жеткізуге кеңес қылды. Ол
уақыт Шиелі аймағы Жөлек болысына қарайтын. Халықтың басты
адамдары Жүзбай ақсақалдың бұл сөзін ұнатып, үй басына ынтымақпен бір
адамнан арық қазуға кісі шығарды. Найман арықтан Сырдариядан саға
шығару 3 жылға созылды. Демек, 3 жылда арық қазылып, Шиеліге
жеткізілді. Бір жерден тоған байлап, ол жер тоған атымен «Ақ тоған»
аталды. Тоғанды бекітіп болған соң əр ауыл бөліп тауға қарай, тараутарауға
арық қазып, егін еге бастады. Арық суы мол, маңайы абат болды. Егінді
жұрт көп алды. Ішкен мас, жеген тоқ дегендай-ақ, жұрт алдына қой, түйе
салып малдана бастады. Əр жерде бақ, ағаш егіп там салып қышлақ қылды.
«Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды» дегендей, 1893 жылы ішкі
Россиядан ауып келген крестьяндарға Ақмешіт уезінің начальнигі арық, жер
суларыңды бересіңдер» деп əлгі жерге мекендеп қалған қазақтарға бір
бұйрық қылды. Тұрғын ел берместің лажын қарастырған еді. Ескі хүкіметке
қарсы шығып тұратын дəрмен қайда, арығын, жер-суын тастап босып
шықты. Еккен егінін ала алмастан, жоңышқасын ормастан, бау-бақшасын,
үй-мүлкін, егін-жайын бəрін де келгендерге тастап жұрт шұбырып кетті.
Жерінен айырылған елдің қатын-балаларының зарланып қарғап,
жылағандарын көрген адам аяушылық етіп, шыдап тұра алмады.
Крестьяндарға қалған егін, жоңышқа ағаш, тамдар үшін қазынадан ақша
береміз деген болып қазақты жұбатса да соңынан берілмеді.
Келгендер даяр соны жерге ие болған соң, байи бастады. Жерінен айрылған
сорлы қазақтар біреуі айлыққа, біреуі жылдыққа жалданып, орыстың егінін
егіп, күндерін көретін ғана болды. Қазақтан алынған тамдарды бұздырып,
дүкен қылдырып Шиеліге базар аштырды. Бауағаштарын кестіріп, қиратып
тамдарына салды. Жерінің шетіне қазақ малы келсе айдап барып, қамап
қойып ақша алатын болды. Егінін жинап алған соң, жерінің шөбін
шаптырып, ел қондыратын болды. Қысқы күні жеріне мал келсе, байлап
қойып ақша алады. Əр жылы арықты жаңалатып қаздырса, адам жалдап
қаздырады. Қазақпен ортақ су ішетін арықты қазақ қазады. Тіпті осы
уақытқа шейін қолына кетпен ұстап, арық қазатын қазақ, шөп шабатын –
қазақ. Сөздің қысқасы, крестьян – қожа, қазақ – құл.
Өзгеріс болғаннан бері зорлықпен тартып алған жеріміз не болар екен. Енді
бізге теңдік болса жеріміз қайтарылар деген кедейлердің үміті зор еді.
Шиелі аймағындағы жұмыскер тарапынан өкіл сайланып, 9-кеңестер
съезіне бардым. Ондағы керекті мəселенің бірі жер болған соң жер туралы
шығарылған қаулыларды елге барып, ескі хүкімет заманындағы күшпен
алынған жерлер қайтарыс болатын болды деп жарияладым.
Қуанғандарынан жылап, көзіне жас алғандар болды. Кеңес хүкіметіне алғыс
білдіргендер де көп болды. Бірақ, қарны жуан атқа мінгендердің біразы
қарсы келді. «Ей, бұл болмайтын жұмыс қой. Неше жылдан бері бауыр
басып қалған крестьяндар – қазаққа жер қайтып беруші ме еді?» деп, баяғы
патшаларының көзі тұрғандай-ақ, менің сөзімді өтірікке шығарып, жұрттың
көңілдерін суытты. Кеңес хүкіметі аман болса көзі жасты, көңілі жарым
қазақ еңбекшілеріне көзінің қырын салып жуанжұдырықтарға жем қылмас,
9-шы съездің қаулысын орындар деген үміттен айырылмаймыз.
ТурЦИК қасында айрықша қазақ-қырғыз жұмысын басқаратын бөлім
ашылды дегенді, «Ақ жол» көріп, жоғарғы жер мұңы деген жайды
қазаққырғыз бөлімінің құлағына саламыз.
Ғ.Берденұлы
Қапал уезі
Қапал уезіндегі Ақсу жағасында елу үйлік Абакумск деген казак-орыс
қаласы бар. Бұлар дəуірлеп тұрған Николай заманында жерлес отырған
қазақтың бəрін көшіріп, қыстауларын, егіндік тоғандарын тартып алған,
неше рет ел шауып, қазақтың көбін сотқа көгендеп, көздерін түрмеде
жылтыратқан.
Жер туралы қазаққа тісін қайрап «сені ме!» деп жүретін бұл орыстар 18
жылы Кеңес үкіметі құрылып, əскер басы Мамонтов, Иванов һəм
Петренкелер барғанда, қару-жарақ асынып, баяғы өштескен таныс
қазақтардың қыстау, қора-қопсы мекендерін өртеп жіберген. Малын,
нəрселерін талап алған. Бұлардың қолдарына түспеген елдер Балқаштағы
құмға қарай үркіп, көшіп кеткен. Нақ сол жылдың май айында Қызылқайың,
Діңгек, Жаман Ақсу деген жердегі қалың қазақ қыстауларын өртеп, жарақты
бұйымдарын кірелеп қалаға артқан.
Бұлар мұны істеп жүргенде, Қапалға жақын Арасан деген қаланың казакорыстары қоныстас қазақтарды шауып, сулы жердегі қыстаулардың бəрін
өртеп, елін бостырып, Қытайға қарай асырып жіберген. Абакумскінің
орыстары болса қарайған қазақ қыстауларын жоқ қылып, жиырма шақырым
шамасында отыратын қазақтың ұясы Қарағаш деген жердегі қалың қыстауға
кетіп, үйлерін талап, от қояды.
Мешітіне бір-ақ сіріңке (кеуірт) жағады. Ақырында бай-жарлының тамқораларын жоғалтып болғаннан кейін, керекті жиһаз-мүліктерді үлеске
салып, бөліп алады.
Сөйтіп, сол жердегі қазақтар орасан жəбір көріп, осындай дүниенің кемтар
кезінде мұқтаждыққа ұшырап отырған жайлары бар.
Ілияс Жансүгірұлы
Қазақстанда
Қазақстан Кеңесшіл Республикасының Совнаркомы мынадай қарар
шығарды:
Қазақ жеріне шеттен келгендер келуі, жергілікті халықтар өздері
орналасқанша тоқтатылсын! Бұл қарарды шығаруға себеп болған нəрсе,
жергілікті халықтың, қазақтың қала болып орнығып отыруға тілегі
көбейгендік. Əсіресе, Орал облысының қазақтары (адай, табындар)
отырықшы болу ойлары.
(Мəскеу газеттерінен)
Жер маңызын тексеру
Жақында біткен жалпы Россияның үшінші санатшылар съезі бүкіл Россия
жерінің маңызын тексеріп шығуды керек тапқан.
Мемлекет мақсаттарын орындау керек. Һəм еңбек қарызын өтеуге тиіс
кісілердің есебін алу турасында да сөз қозғалған.
Бұл өте керек. Һəм жаңа мəселенің бірі.
Жер мəселесі туралы Аспандияров һəм Паскуцкий ұсынған һəм
Түркістан аймақ партия комитетінде қабыл етілген жобалар
1.Түркістанда тарихи жер пайдалану əр түрлі халық шаруашылығына қарай
болып келе жатқан Түркістанның кəсібі. Жетісу һəм Сырдария
облыстарында осы күнге шейін жер пайдалану істерінде, ескі атамзаманның
тəртіп заңдары қалған. Сарт-өзбектердің бəрі жатақ болса да, қырғыз-қазақ
һəм түрікпен елдерінің көбі бұл күнге шейін көшпелі болып мал
шаруашылығында жүр.
Түркістанға келген орыс капиталы сауда істерін ілгері жүргізіп, қара халық
арасында көп жаңа саудагерлер туғызса да, халық шаруашылығы ішінде
ешбір өзгеріс етпеді. Халықтың көбі болған қырғыз-қазақ, түрікпен еңбекші
дихандары һəм саудагерлері осы уақытқа шейін байлардың, манаптардың
һəм атқамінерлердің құлдығынан, өздерінің қуатсыз болғандығынан босана
алмай келе жатыр. Ескі патша хүкіметі һəм орыс капиталы өздерінің сауда
һəм жер саясатымен кедейшілік көбеюіне себеп болып, қор болған ұлттар
арасында тап зорлығын күшейтті.
2.Ескі патша хүкіметі Түркістанды алғаннан бері ішкі Россиядан
мұжықтарды Жетісу, Сырдария, Ферғана һəм Закаспий облыстарына
көшіруменен болып оларға көшпелі халықтардың һəм кедей дихандарының
жерін тартып алып бере бастады. Ескі хүкімет келгендерінің жергілікті
кедейлер жері, кедейлер бейнетімен баюына жəрдем етіп, көшпелі
халықтарды жерсіз қалдырды. Сол себепті көшпелі халықтар жатақ болып,
диханшылыққа айналу емес бұрынғы мал шаруашылықтарын да алып жүре
алмады. 1916 жылда болған хүкіметке қарсылық оларды тоқтату үшін
жіберілген патша хүкіметінің əскерлері кедейлердің шаруасын бұзып,
олардың мал-мүлкін һəм жерін келгендерге талатып алып берген. Сөйтіп
кедейлердің өздерін талаған һəм басқа жұрттарға қашырған.
3.1917 жыл октябрьде Түркістанда болған төңкеріс, жер һəм істерде болсын
жаңартқан тəрбиелері болмады. Жергілікті кедейлер төңкеріс пікірімен, тап
тəртібімен таныс болмаған соң һəм ұлтшылдық теңсіздігіне үйреніп
қалғандығынан Октябрь төңкерісінің алғашқы кездерінде Түркістандағы
хүкімет істері азғана болған орыс еңбекшілерінің қолында болды. Олар ішкі
соғыс себепті кіндіктен ешбір жəрдем көре алмай, Түркістандағы
кедейлердің бастарын қосып, əртүрлі ұйымдарға жинап, жер мəселесін
шешуге жəрдем ете алмады.
Түркістандағы ішкі соғыс Россиядағы ішкі соғысқа ұқсамайды. Ондағы
ішкі соғысқа байлардан өздерінің жерлерін қорғау үшін, еңбекші дихандар
да араласқан. Түркістандағы ішкі соғыс шаһарлар, темір жол бойында
болып, кышлақ-ауылдардағы еңбекшілер арасында болмаған.
Кеңес хүкіметіне ескі түрлер һəм байлар араласып ұлтшылық теңсіздігіне
үйренген жергілікті халықтар ішінде тап тартысы болмағандықтан, оларға
бұрынғы келгендер зорлығын істей берген. Көп болған жергілікті
еңбекшілердің пайдасы үшін еш нəрсе істемеген Россия да жердің бəрін
еңбекшілерге беру һəм жер пайдалану туралы шыққан заң-закондарды
Түркістанда шешу үшін емес, келгендердің пайдасы үшін көшіріп алған.
Сондықтан Кеңес хүкіметін жамандап, қара халық арасында хүкіметке
қарсы үгіттеуге байларға, ғұламаларға жол ашық болған. Кедейлер ішкі
Россиямен қатынасу басталған соң Түркістанда ұлт-ұлтшылық мəселесін
шешуін қойса да, хүкімет арасында байлар, манаптар, ғұламалар кіріп
болғандықтан өздерінің тап мақсаттарын жеріне келтіре алмаған.
4.Жергілікті кедейлер шаруашылық бүліншілігіне һəм байлар зорлығына
көне алмай, Россия еңбекшілеріне қосылуға айналды. 5-Түркістан кіндік
партия желісі Түркістанда жер мəселесінің қандай ретпен шешілуін ашып,
9-Кеңестер съезінің жер мəселесі туралы шығарған қарарларының
жобаларын салып қойған.
Сонан кейін жатақ, көшпелі халықтармен келгендердің һəм казак-орыс
ауылдарының жер пайдалану туралы ТурЦИК-тің шығарған қаулылары
кедейлерді байлардың қысымынан құтқаруға бастаған.
9-съез болғалы жарты жыл өтсе де, осы уақытқа шейін жер комиссариаты
һəм оның бөлімдері қышлақ ауылдарда жер мəселесін шешуге еш нəрсе
істелмеген һəм істей де алмаған.
5.Осы уақытқа шейін жер мəселесінің шешілмегендігі, кеңесшіл хүкіметке
сенімсіздік туғызады.
Шаруашылық жағын тездету үшін хүкімет кедейлерді байлар мен
атқамінерлердің зорлығынан құтқару керек. Кедейлер жер пайдалану
істерінің өзгертілуін керек деп білсе де, өздері бұл істі өзгерте алмайды.
Жер мəселесі кімнің жəрдемімен шешілетінін ғана біледі. Мемлекетте
шаруашылық жайын түзету күн шығыста өзгеріс пікірлерін жүргізу зор
болғандықтан, Түркістанда жер мəселелерінің шешілуі өте керекті болуға
тиіс.
Түркістанда жер мəселесін шешуге кіріскенде алдыңғы ретке Жетісу,
Сырдариядағы қазақ-қырғыз кедейлерін орыс жуан жұдырықтарының
зорлығынан құтқару керек. Бұл туралы кедейлерге етілген жəрдем
жергілікті манап, байлар мен орыс қанішерлерінен босатуға себеп болады.
6.Жер мəселесін шешу үшін жер комиссариатын һəм оның түрлі бөлімдерін
жақсы іс білетін һəм партиядағы адамдармен толтырып, жер пайдалану
істері туралы жергілікті партия ұйымдарымен бекітіп, тексеріп тұруы керек.
7.Халық ішінде қышлақ-ауылдарда жер пайдалану мəселесі дұрыс істелуі
үшін, партия һəм басқа хүкімет адамдары жергілікті бөлімдерді тексеріп
тұрулары тиіс. һəм аз жерлі дихандарға хүкіметтің ілгергі шығарған
қарарларын һəм жер мəселесінің шешілуін білдіріп өздерін осы іске
кірістіру керек.
8.Жер мəселесін шешуге кіріскенде бай-манап, жуан жұдырықтардың өз
еңбектерінен артық пайдалана алмайтын жерлерін алғандықтан һəм жер
пайдалану істерін жергілікті халықтармен теңестіруге айналғандығынан
уақ-түйек дихандар саны бұрынғыдан да көбейді. Уақ егін шаруашылығы
мемлекетке де, дихандарға да пайдасыз болатындықтан, жерді күш
біріктіріп, көптесіп істегенде ғана пайдалы болатындығын уақ дихандарға
айтып түсіндіру. Олардың жерді жалғыз уақ шаруалық ретімен
пайдалануын тастатып, өз ықтиярлығынша көптесіп жер пайдалану ісіне
кірісуге əрекет ету керек.
9.Халықтың бастарын қосып ұйымдастыру. Һəм жер пайдалану істерін
жақсылап өткеру үшін керекті болған істер:
А) Кедейлер арасындағы жер пайдалану істерін ілгері бастыру үшін
кіндікте, облыстарда, уездерде, жергілікті еңбекшіл халықтар үшін жер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.