Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26

Total number of words is 3888
Total number of unique words is 1955
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үйіне келген мұжықтар қазақтың жерін бөліп, талапқағаз тастап, бөріктерін
көкке лақтырып, у-шу мəз-мəйрам болып отырған. Қинаудан құтылу үшін
Қалмен мен Байболат поселкенің тұрғын ноғайына Уалиевке жалынған. Ол
қазақтарды кепілге алып, үйіне апарып жай берген. Сонан соң қазақтарды
исполкомға жөнелткен.
Егіндік жер кімдікі
Сафаров жолдастан сұраған сөздеріне Қорғаншы төнірегіндегі жер
қазақтардың ата-бабасының мəңгілік егіліп келе жатқан жері деп куəгерлер
солай жауап берген. Ол жерлерде сарттын һəм орыстың жері болғанмен де,
Қорғаншыдан аулақ болған.
4-ші һəм 5-ші күн
Куəлер сұралып бітуге жақындады. Комоның 2 ту қылушысынан жауап
алынды. Олар Новопокровскы мұжықтарына жер əперуші комиссияда
болған.
Ең аяғында Титердуятникова деген куəнің айтуы оның байы Тихон
Грибановпен бірге полицияда қызмет қылған.
Екі жағының сөз таласы
Екі жағының сөз таласы 28 апрельдің кешінде болды. Халық көп жиналды.
Сафаров жолдас айыптау сөзін толық ұзақ етті. Сөзі келесі сандарда
басылады. Қорғаушы жолдас Болонин.
Айыпкерлердің ақырғы сөзі
Ақырғы сөзінде Брегель мен Фортоновтан басқалары ешнəрсе айтқан жоқ.
Айыпкерлердің бəрі де жуан жұдырық емеспіз, патша заманында өміріміз
кедейшілікте, мұқтаждықта өтті. Қайта кеңесшіл хүкімет уақытында жер
алып, оңалып қалдық дейді.
Трибунал екі жағының сөз таласына кірісті.
(аяғы бар)
Сырдария облысының кеңестер сиезі
Жер мəселесі һəм облыстық жер комитетінің істері туралы баяндамаға
шығарылған қарар:
Сырдария облыс һəм қала кеңестерінің сиезі жер мəселесі туралы
баяндаманы һəм облыс жер бөлімінің қосымшасын тыңдап, жер заңын
жасалған жоба бойынша тез, жылдам орындауды өте керекті тауып һəм
облыс, уездік жер бөлімдерінің уақытында жəрдем-демеу болмағандығын
көзден өткізіп ұйғарады:
1)Жер заңын, бірінші екпінді мəселе есебінде көріп тайсалмастан, тездікпен
орындауға ауыл, қыстақтардағы жуан жұдырық һəм кісі жалдап, егін егіп
жүрген шаруашылықтар жоқ қылынуға тиісті.
2)Облыс, қала исполкомы һəм жергілікті исполкомдар жер бөлімдерінің һəм
жерге жайластырушы комиссиялардың істерін күшейтуге міндетті; барлық
күштерімен олардың істерін жылдамдатулары тиіс. Оларды орындамақ
үшін барлық ысылған, білікті кісілерді һəм бұрын жер-су бөлімдерінде
қызмет қылған кісілерді жерге жайластырушы комиссияның жұмыстарына
кірістіру керек.
3)Облыс азық-түлік комитетіне бұйырылады жер бөлімдерінде қызмет
қылатын кісілерге белгіленген мөлшер бойынша азық-түлік беріп тұруға.
4)Жергілікті хүкімет ұйымдарының, жер бөлімдерінің қызметіндегі
кісілерін орындарынан шығарып, басқа жұмыстарға жіберулеріне тыю
салуға; егер кейбір кісілерді орнынан шығару саяси жақтан өте керекті
болса, облыс мекемелері арқылы басқа аудандарға жіберуге болады.
5)Жер заңын орындау туралы кіндік хүкіметтің көрсетіп берген жолымен
уездік жер бөлімдерінің істеп жатқан істеріне қатысып, жол байлау
қылмыстық туралы басқа облыстық бөлімдер өздерінің уездік бөлімдеріне
жарлық берсін.
6)Жер заңының орындалуының кешігуі облыс һəм уездік жер бөлімдерінің
кінəсі болып табылады.
7)Жерге жайластырушы комиссияларға, исполкомдардың басқармасы
арқылы жер заңының орындалуына қарсы келіп жол байлау болғандарды
жазаға душар қылуға құқық беруге.
Түркістан Республикасында əсіресе Сырдария облысында жер қолдан
суармалы болған себепті сиез су мəселесін екпінді мəселе деп тауып
ұйғарады:
1)Су заңын һəм су мəселесі турадағы нұсқауларды орындауға.
2)Осы уақытта арық қазу, жер суару жұмыстарын өз үстіне ала алмайтын
болған себепті жергілікті халықты арық қазу жұмысына салу керек деген
заңды жүзеге шығаруға.
3)Арық тазалау жұмысын тездікпен хүкімет уəкілдері һəм арық қазу, жер
суару жұмыстарының дихандарымен бірлесіп еңбек мейрамдарын жасау
керек.
4)Қолдан жер суғару жұмысында халықтың өз жігерін көтеру үшін арық
қазу, жер суару жетілерін жасау керек.
5)Еңбек мейрамдары уақытында балалар һəм үлкендердің жəрдемімен
арықтардың жағасына ағаштар отырғызу керек.
6)Комиссариат арқылы бұрынғы ескі арық қазу, жер суғару жұмыстарында
хүкімет қылып келген білікті шеберлерді алмастырып, олардың
орындарына басқа жаңа адамдар қою үшін сол жұмыстарға шебер, білікті
адам табу керек.
7)Арық қазу, жер суғару істерінде қызмет қылатын қызметкерлерге басқа
екпінді кеңселер қатарында азық-түлік беріп тұруға керек.
Жаңа егіннің шығысы
Жер-су комиссарының орынбасары Осинко жолдас орталық
губерниялардың бір сыпыраларын аралап келіп, жаңа егін жайынан
мынандай мағлұмат береді:
Орталық губерниялардың күзгі егінінің шығысы жақсы. Жалпы республика
қол астында күзгі егін қар астынан жақсы болып шықты. Былтырғыдан көп
ілгері, орташа шығыстан артық болар деп бағаланады.
Жазғы егінге жаңадан болған жауындар өте қолайлы болды. Татарстан һəм
Əзірбайжан Республикаларында егін тіпті жақсы болып шығуы күтіледі.
Ел шаруашылығының қамы
Жалпы мемлекет шаруашылығының күйзелгені туралы газеттерде
жазылады. Көп айтылады. Елге ол күйзелістің себептері де белгілі. Біздің
қазақтың көзімен қарағанда европа соғысын бастап «бір теңге беріп
жылатып, мың теңге беріп қойдыра алмай» жүрген үлгілі азаматтардың өзі
сияқты «тілеп алған аурудың емі жоқ» сияқты. Оның себебі
шаруашылықтың түзелуінің кілті үлгілі ұлттардың өз қолында ұста
шеберлері бар. Ел шаруашылығының кұралдары мол, өнер-білімі артық,
мəселе тек жалпы еңбек майданына шығып, жұмысқа жұмылуда қалып
отыр. Соғыс болса енді бітті. Үлгілі ұлттар шаруасын қалай түзетемін десе
де жолы даңғыл, жұмысы сара.
Біздің қазақ-қырғыздың шаруашылығы қалай күйзеліп отыр?
Ол күйзелісті қалайша түзетеміз? 1919 жылдары Австралия мен
Аргентинадан соңғы малды жер біздің қазақтың даласы деп мақтануға
болатын еді. Енді тек 2 мың жылқысы барлардың 3-4-ақ жылқысы қалды
деп Қазақстанның əр жерінен хат алып отырмыз.
Россияда болған ішкі соғыстың өртіне аздап шалынғаны болмаса біздің
қазақтың өз арасында ел соғысы бола қойған жоқ еді. Қазақ-қырғыз халқы
бір жылдың ішінде малдан таза қылып отырған биылғы жылдың
қаттылығы, биылғы жылдың жұты. Сыр бойының 1917-1918 жылы бастан
кешкен жұты, ашаршылығы енді Арқаның басына келіп тұр.
Қазақ былтырғы жылы терлеп ішетін шай жоқ. Жарық қылатын жер май
жоқ. Киім қылатын мата жоқ деп зар жылап отырушы еді. Биылғы жылы
аққа аузы тие алмай, шөлін қандырып құмардан шыға алмай, былтыр
қорасына симайтын өз малының сүтіне өзі зар болып отыр. Малының
жүнінен тоқитын шекпеніне, майынан жасайтын білте шамына, былғары
орнына етік қылып киетін қайысына зар болып отыр.
Былтырғысы еріккендік, еркелік екен. «Жаяудың аттыға еріп таңы
айырылыпты», – деген кейіп екен. Қазаққа орыстың өзі таба алмай отырған
матасымен, жер майын іздемей қолындағы малын, оның етін, сүтін, терісін,
жүнін апаттан аман алып қалу үшін бір шөмеле де болса шөбін шауып
қорландыра беру керек екен.
Мұның бəрі не көрсетіп отыр?
Мұның бəрі қазақтың мал бақтым, кəсібім мал өсіру деп мақтанғаны бекер
екендігін көрсетіп отыр. Қазақтың түсуінше малының қырылуы құдіреттің
қарғысына тура келгеннен болды деп отыр. Қазақтың малын бағушы
құдірет болып қалып отыр. Қазақтың кəсіп қылмайтыны да рас. Біреуге
сиынуды қоймайтыны да рас.
Осының бəрі бір жұтқа шыдамаған байлықтық байлық емес екендігі қазаққырғыз шаруашылығының маңызсыздығын, тұрақсыздығын халықтың
үлгісіз надандығын һəм жалқаулығын көрсетеді.
Құдай біледі. Қазақтың өзі қырылып жатқан малын «көзін көріп тұрып
жануарды қолымнан қалай бауыздаймын», – деп семіз күнінде қырып алуға
да ақылы жетпеді ғой!? Олай болғанда адам аштан қырылмас еді.
Жанымыз ашығаннан шыдай алмай айтамыз. Болмаса өзіміздің
надандығымызға өкпелемесек өзін-өзі қастық ойлайтын халық жоқ шығар.
Біздің қазақ-қырғыз халқының шаруашылығының өзінің түрі осындай
болып отырғанда енді хүкіметтің қандай жəрдемі, қорғанышы болуы керек?
1)Жұтқа ұшыраған жерлерді, егер ондай жер болмаса, қазақ-қырғыз халқын
тегіс үстіміздегі 1921 жылғы салықтан мүлдем азат қылу.
2)Малдың өсіп-өнуіне керек, əсіресе төлдерді, тұқымдық жас малдарды
сақтау.
3)Малдың тұқымын жақсылау үшін елге таза тұқым жіберіп, қазақтың
малын сол таза тұқымдармен араластыру.
4)Халық арасына ел шаруашылығына жетік, білгіш aгрономдар тарату.
5)Европа халықтарының ғибратына қарап шөп шабудың үлгілену һəм
міндетті жұмысы болу жағының шарттарын қарастыру.
6)Ол шабылған пішенге өрттің де, адамның да тимейтін жағын сенімді
қылу.
7)Отырықшылардың жұттан қашқан көшпелілерді жеріне жібермей қууын
қойдыру.
8)Қазақ-қырғыз халқын отырықшы қылу, егін кəсібіне жұмылдыру
шарттарын қарастыру.
9)Жерінен айрылып шөлге, тауға қамалған қазақтардың жерін өзіне қайтару
жəне олардың жер пайдалану құқығын отаршылар һəм басқа жерлермен
теңестіру.
Тағы да біздің есімізге келмегені болмаса бұл айтылғандарға қарсы келу
мүмкін емес.
Сонда дағы қазақ халқын отырықшы қылу мəселесі туралы біраз сөйлеп
кетсек артық болмас.
Меніңше біздің қазақ-қырғыз халқы отырықшы болып егінге жұмылса,
тіршілігінде бір түрлі өзгеріс, октябрь төңкерісі сияқты төңкеріс болар еді
деймін.
Осы күні қазақ-қырғыз жерінде болып жатқан «əлеуметшіл» төңкерістен де
осы мен айтып отырған төңкерістің мəні күштірек болар еді деймін. Оның
себебі тіршіліксіз саясат жоқ. Төңкеріс, өзгеріс əуелі тіршілік тұрмыс
жүзінде болуы керек. Сонан соң барып саяси өзгеріс болуға мүмкін.
Əлеуметшіліктің, ортақшылдықтың түпкі мақсаты жақсылыққа жақындау,
əдемі, көркем тұрмысқа ұмтылу, алға басу болатын болса осы айтылып
отырған өзгеріс сол алға басудың бір мықты белгісі.
Қазақ халқының тіршілігінің өткен тарихынан білеміз. Ең алғаш дөңгелекті
арбалар шыға бастағанда тіршілікте едəуір өзгеріс болған. Бұрын мың
шақырымдап кезіп көшіп жүрген уақытта тіршілікке керек үй мүлкін һəм
басқа керек бұйым заттарды өзімен бірге қиратпай бүлдірмей көп қылып
түйеге артып алып жүруге болмайтын болған. Бұрын қазақтың бір жыл қыс
қатты болып, жұт болса қырылып қалатын айдап жүрген малы болмаса
мүлік дегенде ісі болмаған. Көшу кеміп, əлгідей жылжу құралдары
үлгіленген сайын халық мүлік шығаруға жұмылып, шын мағыналы байлық
бір нəрсені өзімсініп меншіктеушілік деген сонда ғана бола бастаған.
Мекенсіз кезіп жүрген уақытта халықта ертеңгіні ойлаған бір түпкілікті
негізгі ісі болмаған. Қазақтың мал байлығын байлық деп білуге
болмайтындығына, бұрынғыдай көшіп жүріп мал бағып күн көре
алмайтындығынан қазақтың өзінің де қазақтың жайын білмейтін
əлеуметшіл ортақшылдардың көзі енді жеткен шығар.
Былтыр жылқысы қорасына симай отырған қазақ баласы биыл жорға
жүйрік міне алмай, аяқ лауға зар болып отыр. Осы сияқты да байлық бола
ма екен. Енді біреуін ала, біреуін құла, мынау бай мынау кедей деп қазақтың
қайсысын бөлеміз. Сол ғайып болған малдың бəрі ұлт қазынасына түссе
арман болмас еді.
Қостанай уезі мен Торғай уезі (бұрынғы Торғай облысы) екеуі көрші уез
болады. Қостанай уезінің халқы отырықшы, кəсібі егін болады. Қала
болғандары да бар.
Торғай уезі көшпелі, кəсібі мал бағу, өмірінде арба дегенді көрмегендері
бар.
Қостанай елінің көк арбасына, пар өгізіне Торғай елі күлуші еді. Қостанай
елінің белдеуінде жалғыз бұзауы бар жыртық-жыртық қараша үйіне кіріп
барсаң үйдің іші көрпе жастық. Үй иесінің омырау қалтасында сағатшасы
болады деп «мазақ» қылушы еді. Екі елдің қыстауын салыстырсақ та
Қостанай елінің қыстауы мəңгілік қыстау сияқты. Торғай елінің қыстауы
түкке тұрмайды. Пішен шықпаған жылы қыстауын тастап басқа жаққа
көшіп кеткен Торғай қазағына «əй қыстауың қымбат еді-ау!»,– деп өкінуге
болмайды. Қостанай қазағында жылжымайтын (бір орыннан бір орынға
қозғауға һəм тастап кетуге болмайтын) мүлік бар деп айтуға болады. Торғай
елінде мұндай мүлік жоқ. Қостанай қазағында ел шаруашылығының да
құралдары көп болады. Осының бəрі де Торғай елінің кəсіпке жұмылып
тұрақтамай, көшіп қонуды тастамай жүргендігінен болып отырған нəрсе.
Егер қазақ халқы отырықшы болса халық шаруашылығының һəм ел
билігінің қай саласында болсын алға басушылық болар еді. Халықтың да
мемлекеттің де пайдасы бірдей болар еді. Мемлекетте де жанын сол
шаруашылыққа тіршілікке сүйеніп сақтайды. Ел шаруашылығы, мемлекет
шаруашылығы мінеки ел шаруашылығына мемлекеттің жəрдемші,
қорғаушы болуы керек екендігін осыдан білуге болады. Елге соқа-сайман,
шөп машина, бел орақ, ағаш-тас, есік-терезе беру хүкіметтің міндеті.
Əр нəрсе өзінің уақытына, лайығына қарай істелу керек. Менің бұл
отырықшылықтың беретін өзгерістерін, біздің қазақ-қырғыз халқына
əлеуметшіл төңкерісінің берген өзгерістерінен артық болады деп
отырғаным осы.
Бұл жұмыстың пайдалы жұмыс екендігін хүкімет халықтың өзіне көрсету
керек. Онан шыққан жемісті, пайданы біреу жеп кетпейтіндігіне халықты
сендіру керек. Сонда ғана бұл жұмыс халыққа қызғылықты болады. Сонда
ғана мақсатқа ие болады. Сонда ғана қазақ-қырғыз халқы тұрмыстың қай
қиындықтан да болса алға басып жоғарылап негізді һəм маңызды істер істеп
гүлденіп, жемісті, қымбат дəуір сүрер.
Үстіміздегі хүкімет ескі патшашыл хүкіметтің «қазақ халқында еш бір алға
басушылық көрінбейді, қазақ халқы өзінен жоқ болуға тиіс», – деген
отаршыл саясатын жойғандығын халықтың көзіне көрсету керек.
Шеген
Қазақстанда
Қазақ жерінен патша хүкіметі (1) Сібірдің казак-орысына һəм (1)
Оралдың казак-орысына алып берген жерлерді еңбекші қазақ халқына
алып берген жерлерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру
тақырыпты заң
1.Семей губерниясының Өскемен, Семей, Кереку уездеріне қараған һəм
Ақмола губерниясының Омбы, Қызылжар уездеріне қараған; Ертіс өзенінің
сол жақ (оңтүстік) жағасындағы жəне Бағыланнан Қызылжарды басып
Омбыға баратын ескі почта жолының оңтүстігіндегі көлденеңі он
шақырымдық жер 1907 жылғы майдың 31 де министрлер Советі ұсынып
патша бекіткен жарлық бойынша Сібірдің казак-орыстарына беріліп еді;
бұл жерді баяғыдан бері еңбекші қазақ халқы Сібірдің казак-орысынан
жалдап алып пайдаланып келеді; енді бұл жер түгелімен еңбекші қазақ
халқына қайтарылады.
2.Патша хүкіметі 1882 жылы еңбекші қазақ халқынан Оралдың
казакорысына алып берген. Орал губерниясындағы Жайық өзенінің сол жақ
бетіндегі жер Қазақстан кіндік комитетінің 1 жиылысының ұйғаруы
бойынша, еңбекші қазақ халқына қайтарылады.
3.Көлденеңі 10 шақырымдық жердегі 1 статья офицер учаскесі һəм
учаскілерге түпкілікті ие болып Якубқа жалданып күн көріп отырған
шаруалар, жер мəселесі социализм жөнімен шешіліп болғанға шейін
уақытша сол бетімен пайдаланып тұра береді. Бірақ бұлардың қолындағы
жер жақын жердегі көрші казак-орыстар пайдасындағы жердің мөлшерінен
артық болмасқа тиіс.
4.Жоғарыда айтылған (1-2 інші статьялар) жерлердегі тұз шығаратын, балық
аулайтын орындар, диірмендер уақытша жер мəселесі социализм жолымен
шешіліп болғанға дейін сол жерде тұра береді; оларға кəсібіне лайық жер
қалдырылады.
5.Артық жердің (3-4 інші статьялар) бəрі де қазақ халқына қайтарылады.
6.Қазақстан жер-су комиссариаты қазақтың кедейін орналастыру
тақырыпты ең алдымен істейтін жұмыстарының жоспарына көлденеңі 10
шақырымдық жермен Жайықтың оңтүстік бетіндегі жерлерде істелетін
жұмыстарды кірістіру керек.
7.Көлденеңі 10 шақырымдық жермен Жайықтың оңтүстік жағасында
отырған қазақ халқына сол жерді бөліп беру тақырыпты Қазақстан жерсу
комиссариаты жергілікті жер бөлімдеріне арнап ереже шығарсын.
8.Жоғарыда көрсетілген (1-2-ші статьялар) жер мəселесі социализм жөнімен
шешіліп болғанға дейін ондағы шаруаға керек жерді (алап, егіндік
жайылым, суат) онда отырған елге болыс жер бөлімдері мұны істегенде
алдымен еңбекші қазақ халқының пайдасын көздеп істейді. Болыс жер
бөлімдерінің бұл жұмысын уездік жер бөлімдері бақылап отырады.
9.Бұл заң радио арқылы, жергілікті губерниялық қалаларда қазақша,
орысша газеттерде жарияланған күннен бастап күшіне кіреді.
Қазақстан кіндік комитетінің төбе басы: Бөкейханов. Хатшысы:
Шафранов.
«ШОЛПАН» ЖУРНАЛЫ (1922–1923)
«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып
Ташкент қаласында басылды. «Шолпанның» 1-санының мұқабасында
«саясат-шаруашылық, білім-əдебиет туралы айында бір шығатын қырғызқазақ журналы» деп жазылған. 1922 жылдың қазан айынан 1923 жылдың
маусымына дейін барлығы 8 саны жарық көрді. Шығарушысы əрі бас
редакторы – Иса Тоқтыбаев.
«Шолпан» журналының маңайына Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов,
Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Мағжан Жұмабаев,
Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар Əуезов, Міржақып Дулатов, доктор Халел
Досмұхамедов, доктор Иса Қашқынбаев, этнограф Əбубəкір Диваев,
Мырзағазы Есболов, Кəрім Жаленов, Аққағаз Досжанова, Əбдрахман
Оразаев, Сара Есова жəне тағы басқа қайраткерлер мен алаш ардақтылары
шоғырланып, əртүрлі тақырыптарға қалам тартқан.
«Шолпанның» алғашқы саны ғана жеке басылған, кейінгі сандары 2-3, 4-5,
6-7-8 болып бірге жарық көрген.
1-санының мазмұны:
1.Саяси һəм жалпы бөлім;
2.Шаруашылық;
3.Партия тіршілігі;
4.Білім бөлімі;
5.Бұйрық-жарлықтар
Мақалалар осы айдарлары аясында жарық көреді. 1,3-сандарында «Білім
бөлімі», 4,5-сандарында оған қоса «Ағарту бөлімі», ал 6,7, 8-сандарында
«Оқу бөлімі» жəне «Тарихи бөлім» атты жаңа айдарлар қосылған.
Журналдың тоқтап қалу себебі «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» 4томында: «... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлтшылдық қате
тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8саны шыққанан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды» деп
көрсетілген.
Шаруашылық
Түркістанда мал шаруашылығының осы күнгі жайы һəм оның ілгері
басуы турасында
Орыс хүкіметі 1821-ші жылы осы күнгі Түркістан топырағына аяқ
салуыменен-ақ, уысынан шығарып жібермес үшін отаршылдық саясатын
жүргізе бастады.
1889-ншы жылы Еділдің бергі бетіне, іштен қара шекпендерді көшіру
хақында шығарған жалпы заңына шейін, Түркістанға іштен келген
келімсектерді орнату реті Түркістанда тұрған хүкіметтің тəртібімен болып
тұрды. 1905-ншы жылы қозғалыс болғанда көбірек дем берген ішкі
Россиядағы жерсіз һəм жері аз қара шекпендер болған. Ол қозғалысты
патша үкіметі басқаннан кейінгі жерде бұл пəлелерден құтылу қамына
кірісіп, Россияның шеттегі аймақтарына топ-тобымен көшіре бастаған. Сол
қатарда Жетісуға да қара шекпендерді орнату үшін əдейі арнап жергілікті
халықтың жерін алатын ана келгендерді орналастыратын мекеме ашты
(переселенский организация).
Отаршылдық саясатының бастапқы кезеңде Петроградтағы біреуден алып,
біреуге екіншіні орнататын мехкеме Түркістандағы қара шекпендер
пайдасына алынатын жердің көбін суғармайтын телім жер деп санаған.
Шынында, ол облыста телім жерде егін шашып, тіршілік қылушылар
азайды. Себебі, жылдан жылға телім жердің егіні аз һəм кем шығуы: соның
үшін, іштен өз беттерімен ауып келген һəм хүкімет көшіріп алып келген
келімсектер өтірік, айла, күш барлығын араластырып, жергілікті халықтың
не заманнан бергі табан ақы, маңдай терін сіңіріп суғарып, диханшылық
қылып отырған жерлеріне келіп орнаған. Іштен келушілерді қызықтырып
көбейту үшін, бір жағынан хүкімет «аузыңды ашсаң алма түседі» деп
дақпырт шашқан.
1908-ші жылы Жетісу облысына хүкіметтің һəм іштегі жерсіздердің өте
назары түседі. Оның есепсіз көп байлығы, «жерінің жақсылығы көп еңбек
сіңірмей оп-оңай байып кетеді» деген хабарлармен іштен қара шекпен леклек болып ағылады.
Жергілікті халықтың жерін алып, келімсектерді орнататын мекеменің аз
уақытта істеген ісін көрсету үшін оқушылардың алдына тартамыз: Облысқа
қарайтын жер 36.139.535 десятина, пайдаға аспайтын қоласты жер 4.786,669
десятина. Жергілікті халықтан іштен келген келімсектердің пайдасына
тартып алған жер 4.193.56 десятина, жергілікті көшпелі халықтың
пайдасында 27.159.346 десятина, жоғарыдағы есептің көрсетуіне қарағанда,
Жетісу облысындағы пайдаға аспайтын қолайсыз жерді шығарып
тастағанда, жүзден 87% қазақ-қырғыз пайдасында, 13% іштен келген
келімсектерге алынған болып көрініп отыр. Бірақ бұл санның көрсетуімен
білмеген адам адасуы мүмкін. Қазақ-қырғыздан алып, келімсектерге берген
жердің көбі бұрыннан мехнаттанып, суғарып, тіршілік қылып келе жатқан
жерлерді һəм суғаруы үшін көп мехнат керек емес жақсы жерлер алынған.
Қазақ-қырғыз пайдасында қалған жерлердің ішінде көбі тіршілік қылуға
жарамайтын бетпақ жол дала, һəм қарлы таулар.
Келімсектердің орнаған жерлерін қарасақ мысалы, Ташкент уезіндегі
керуен жолының бойын қуып, Алатаудың етегіне қуып орнаған
келімсектердің қаласы біріне-бірі жалғасып Əулие-ата уезіндегілеріне
барып қосылады. Екінші бір тобы Шу бойының алабына орнаған, үшінші
тобы Ыстық көлдің Темірқазықпен күн шығыс жақ жағасын алған.
Сонымен, келімсектердің орнаған жері – Алатаудың етегі. Өзендердің
алабы, көлденеңі 15-тен 20-ға шейін жер алып шегін тартып алып, мал
шаруасымен тіршілік қылатын көшпелі қазақ-қырғыз халқының бір
жағынан ауыз суға, екінші жағынан мал жайылатын жайылымдарына бөгет
болыпты. Күн көретін жерден айырылып, жаздың уақытына қарай жайлаукүзеу деген сияқты жайылым өрісі тарылып, ата-бабасынан бері қарай өру
болып меншіктеп келе жатқан қоныстан айырылып нашар күйге түсті. Өріс
тарылғанның зардабынан, мал жұтқа, түрлі дертке, аштыққа ұшырап
ұсақталып кемуге айналды.
Бұрын қоныстасы ретпен, бір ру екінші руға жəрдем қолын созып ата
көршілік борышын өтеу деген жоғала бастап, жұқа дəулеттілері малдан
айырылып тамақ асырауы үшін қасындағы келімсектердің қаласына
жалданып малай болып кетті. Тіршілік жүзінде мұндай хəлге түсу күйінің
күн көргіштік дəулеттен айырылуы, қазақ-қырғыз халқының өсуі тоқтап
кемуіне себеп болды.
1898-нші жылғы есепке қарағанда, əр үйде 5,5 жан келетін еді. 1907ншы
жылда 4, 75 жан, 1916-ші 3, 5 жан келетін болды.
Осы күнгі есепте мұнан да кем болуы тиіс. Сонымен 18 жылдың ішінде үй
басына екі жаннан кеміген, болмаса 520 мың үйден 1.180 мың жан кеміген:
20-30 жылдың ішінде қазақ-қырғыз халқын Европаның «мəдениеті һəм
тарихы» жолына түсіп зулап кеткендігін көрсетеді ғой!
Патша хүкіметінің Түркістанға аяқ салып орнағалы 50 жылдай болып
қалды. Сол 50 жылдың ішінде Түркістанда шаруа, кəсіп басқа да түрлі
істеген ісін алып қарасақ, бір негізді пəленмен жүрген ісі жоқ, бір жұмыс
реттеліп аяғына жеткен емес. Жергілікті халықтың жерін алып
келімсектерді орнату, отаршылдық саясаты, диханшылық шаруасы болсын,
қай қайсысында болса да бұрыннан көздеп болжанған жол жоқ.
Бүйтіп алып істеген жұмыстың бірі халықтың шаруасының екінші бір
түріне зиян келтіреді. Болмаса халықты жоғалтып жібереді. Міне, осы
халық əсіресе, жергілікті халықтың мал шаруасына кесірі тиіп отыр.
Фабрика, заводқа көбірек Россия жалмауыз байларының қалталарын
толтыру саясаты жолына түсіп кетіп, жергілікті халықтың тіршілігіне
назарын салмады. Түркістанда мақта шашу жұмысына шұғыл кірісіп,
Европаның капитализм ретімен жергілікті халықтың шырынын сору үшін,
неше түрлі тұзақтар құрып, мал шаруасымен тіршілік қылатын халықтарды
өлмесең тұр ма деген күйге ұшыратты. Түркістанда мал шаруасы не хəлде
екендігін мына төмендегі сан көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген екі саннан көрініп отыр: Түркістанның бүкіл жерінің
мал жайылыс һəм шабындығы 95.5 %, егіндік жері 4.5 %, екінші санда мал
шаруасымен күн көретін һəм жерсіздер 53%, жерге қожа отырықшы
аудандары 41%. Сонымен, ана 53 % көшпелі болып саналып жүрген мал
шаруасымен тіршілік қылатын һəм жерсіз 53% үйді жерге орналастыру –
осы күндегі екпінді жұмыстың бірі.
Жерсіздерді һəм жері аздарды орнату үшін пайдаға аспай жатқан жерлерді
су жіберіп орналастыруға тура келеді.
Мал шаруасы мен тіршілік қылатын көшпелілерді осы күнгі малынан
айрылып қалмайтын, һəм оны ілгері бастап өсіру үшін, қазірден оларды
атамекен жерлеріне түпкілікті орналастыру қажет. Ескі замандағы жер
қазынанікі, уақытша көшпелілер пайдалана береді. Хүкімет керек күні
сырғанатып айдап жіберіп, тау – тасқа, бетпақ шөл далаға қаңғыратын
қылып қарасы өшкен күні хүкіметпен бірге жер астына көмілді деп санап,
бұлар орнығып отырып тіршілік қылатын жерлері түпкілікті болып
белгіленуі керек.
Жоғарыдағы санға қарағанда, Түркістанда мал шаруасы халықтың
тіршілігінің бір мықты тіреуі. Əсіресе, Жетісу онан кейін Сырдария һəм
Түрікпен облыстарында бұл облыстарға қарағанда, Самарқанд пен
Ферғанада диханшылық тіршілігіне мал шаруасы жəрдемші ғана ретінде:
алдыңғы 3 облыста мал шаруасының басымдылығы жерінде жайылымдық
пен шабындықтың молдығынан.
Бұл көрсетілген пішен мен малдың барлығын қолдан шөп беріп асырағанда
720.000 жылқыны асырауға болады.
Жоғарыдағы ж) һəм д) сандарынан көрініп тұр. Малды жайып бақпаса шөп
жетпейтіндігі, жиған шөп мінген қолдағы ат жер жыртатын көлік һəм жүк
таситын көлік пен жұтшылық заманға деп сақтауға ғана жететіндігі.
1911-нші жылғы есепке қарағанда, Түркістандағы бар малды жылқыға
айналдырсақ, 7.861.000 бас жылқы болмақшы. Күніне жылқы басына 30
қадақтан шөп берілгенде, бір жылқы 1.965.260.000 осындай пішен керек,
қолдан асырағанда ай сайын 163.770.333 пұт пішен керек. Міне, бұл есепке
қарағанда бар малды шөппен асыраймын дегенде, Түркістанның барлық
пішенін бергенде бір-ақ айға жетпекші. Сондықтан, ілім жөнімен таппаса да
тарих жүзінде тіршіліктің текпісінде мал шаруасымен күн көретін көшпелі
халықтар, ата-бабасынан бері қарай бір жылдың ішінде тебін, жайлау,
күзеу, көктемде малынан қалмай жылжып көшіп жүруге тура келеді.
Сондықтан, Түркістанда мал шаруасын ілгері бастыруға болады. Барлығын
қолдан асыраймыз деп, қазіргі күнде қол жетпейтін нəрсеге пышақ
ұрмайық.
(аяғы бар)
М.Шағырша
Жер хақында шыққан жаңа заң
(қазақ-қырғыз облыстарының болашағы)
Шын ортақшылдық дəрежесіне жетпеген жұрттың тіршілік жүзінде
шаруасының ілгері басуының негізгі шартының бірі сол – күн көріп
пайдаланып отырған жері оның түпкілікті пайдасында болуы.
Бұл қалып тіршілігі мал шаруасы болған жұрттарда да бар. Егерде, малдың
жайылымдығы кем болғанда да олар өз аралары ру-ру болып, ауыл-отан
болып бөлісіп алысады.
Түрікпен облысында қара құмда əр ру болып алып өздеріне бөлгенде тиген
жер құдықтарын қазып тіршілік етіп отыр. Өйтсе де, ондай мидай далада
күн көру мүмкін емес. Осындай қылып Жетісуда да бар жайлаулар һəм тау
беткейлері бөлініп алынған, мал шаруасы мен тіршілік қылынған халықтың
əрбір руы болмаса, əуелі малын бағып, оны асырап өсіру үшін белгілі
қоныссыз болмайды. Егерде, рулардың я ауылдардың малдары өсіп-өнгенде
жайылымы тарылғандықтан, бірінің бірі жайлы қонысын тартып алып,
түпкілікті өздерінікі қылып меншіктеу үшін жанжалдар тартыс-таластар
шығады. Əркімге өзіне меншіктеген қоныссыз бомайды. Белгілі жері
болмаған соң, ол малды көбейту, өсіру мүмкін болмайды. Себебі, бұл күнгі
пайдаланып отырған жер ертең келешекте өзінікі болып қалатындығына
көзі жетпегендіктен, бұл қалып пен егіп тіршілік қылатын дихандардың
басында да бар. Құр жерді айдап тастау жетпейді. Сенің көзің жетуі керек.
Ендігі жылда осы жер өзіңде қалатынына. Сонда ғана табан ақың, маңдай
терін сіңіріп еңбегіңнің жақсы жануы үшін жақсылап істемекші. Мұндай
күйде сол жерге қатарынан он жыл бидай шашпайсың, себебі жер аз,
шығымы кем басқа жерге аударып шашатын жері жоқ. Келесі жылы осы жер
өзінде қалуына көзі жетпесе, иесі көңілсіз болып жерді аздырмайтын қамын
жемейді. Жоңышқа, бақша шашу жұмыстары берекелі болады. Егер де
дихан ол жерді бір-ақ жылдық болмағанда орнықты егіндер егер еді.
Ортақшылдық дəрежесіне жетпеген, надан бұхараның арасында
диханшылық тіршілігі белгілі бөлініп берілген жер болмаған жерде, ілгері
басуы мүмкін емес.
Егерде, дихандардың ұйымдары болса (артель, тауар іштуа, коммуна) тиісті
жерлерін жатпай істейтін болса, онда екінші қалып, егерде жер көптің
ортасында болса, үй басына бөлінбеген ол жерді жыл сайын шекпен бөліп
шашатын болса, дихан көңілсіз болып істемекші. Себебі, бүгін бұл жер
менде, ертең басқа біреуге кетеді, деп бұл ретпен жер тез азбақшы. Осындай
қалып Түрікпен облысының көп жерінде һəм кіндік Россияда бар.
Өзгеріс уақытында ішкі Россияда қара шекпендер байлардың жерін аламыз
деп, мұнда Түркістанда əсіресе, Жетісуда, жуан жұдырық отаршылдардан
жерді тартып алу күресі болып жатқанда, дихандардың көбінің отырған
жері өзінде қала ма, болмаса алып кете ме деген сенімсіздік болды.
Жетісудағы орыс дихандары отырған орнымыздан көтеріп тастап, екінші
бір жаққа айдап жібере ме деген, отырықшы болған, қазақ-қырғыз патша
хүкіметінің зорлық-зомбылығын көріп қалған өзгеріс арқасында тегін үлес
уақытша ғана ма деген екі ойлылық көп болды. Жетісуда да һəм
Ферғананың күн шығыс жағында да тоқсан түрлі өтірік хабарлар, қозғап
қалған халықты шошыту үшін неше түрлі өтіріктерді таратып, мысалы: жер
реформасын жоғалтпақшы, бұрынғы дəулер қайта орнамақшы деген сияқты
жиырма екінші жылдың күзіне қарай екпінді өзгеріс жолыменен жүргізілген
жер реформасының көбі тіптен қалды. Өз бетіменен түскен жүгенсіз де
көшіріліп орыс жерінің артығы алынып жергілікті еңбекшілерге берілуі, өте
мұқтаж көшпелінің жолындағы орыс қалаларының көшірілуі бітіп қалып
еді. Ішкі Россияда болсын мұнда, Түркістанда да Кеңес хүкіметі халық
шаруасын түзетіп, ілгері бастыру керек деген мақсатты қойып отыр.
Қайткен күнде де, бүлініп жарылған халықтың шаруасын аяғынан бастыру
жұмысы өткен уақыттағы қызыл əскерді сұрыптау һəм бар күшті майданға
салу керек дегенменен бірдей болып тұр.
Бұл жұмыстың ішкі Россияда да һəм Түркістанда да нəтижелі болып шығуы
үшін халықтың тіршілігінің негізі болған диханшылық шаруасын аяғынан
бастыру, əрбір диханға еңбек қылып отырған жерін сенікі, көпке дейін сенің
мүлкің деу керек болды. Міне, соның үшін жалпы Россия кіндік атқару
комитетінің еңбек мөлшерінде жер пайдалану хақында шығарған жаңа
заңының негізгі баптары ашық айтып отыр. Əрбір диханшылықпенен
тіршілік қылып орныққандардың, заң жүзінде оларға берілген һəм осы күні
пайдаланып отырған жерлері түпкілікті солардікі болып қалады. Еңбек
мөлшерінде жер пайдаланып отырған ешбір диханды билеушілер отырған
жерлерінен ешқайда айдап жібере алмайды. Оның жерінің шегі жер
жұмысының артында ғана өзгерілуі мүмкін. Түркістанның кіндік атқару
комитеті жалпы Россияның кіндік атқару комитетінің жаңа жер хақында
шығарған заңы Түркістанда жүргізу ретінде қаулы шығарып отыр. Бұл
қаулыда заң ретіменен берілген жер алдымен Кеңес хүкіметінің берген жері
һəм ескі хүкіметтің берген жері болып саналады. Егерде, ескі хүкіметтің
берген жерін Кеңес хүкіметі өзгертпеген болса.
Сонымен, жаңа жер хақындағы заңда өте ескеретін нəрсе мынау: өткен
уақыттағы істелген жер реформасының нəтижесі бекітілген. Дұрыс, деп
тағайындалған.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.