Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05

Total number of words is 4149
Total number of unique words is 1909
33.4 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қала береді. Қора иесі басқа қауымдыкі болса, салған үйін, қорасын алып
кетуге ықтияры бар.
Баз рет қазақтардың атадан балаға қалып келе жатқан жерлері бұрынғы
окружной приказ, яғни оязной мекемесі оларға бұйырып берген жерлер.
Бұларға берілген жерлердің қанша екенін білуге жəне қалай олардың
пайдалану жолдарын білмекке 1869-1870 жылдарда Ақмола, Семей
облыстарындағы жер иелеріндегі бұйрық қағаздарды жиып алып, күнбатыс
Сібірдің главный, ең үлкен мекемесінде қараған. Мұнан білінді, Ақмола
облысындағы қазақтардың жерге алған бұйрығы көп-ақ, бұрынғы окружной
приказдан облыс бастығының, бұйрығымен жер, егін салуға берілген екен.
Бұл жерді атадан балаға қалуға приказдағы қызметкерлер яки халықтың
приговоры бекіткен екен. Жəне бір қыдыру бұйрық қағаздарды қағаз иесінің
жеріне өзге қазақ қол сұқпасын деп беріпті. Бұл қағаздардың ішінде
билердің, судьялардың кесімдері бар, қай жер кімдікі екенін көрсеткен.
Оның растығына болыснойлардың һəм халықтың куəлік қағазы бар. Бұл
қағазбен бірге біреудің-біреуге татулықпен яки талас жердің бітімінен
берген қағазында күнбатыс Сібірдің главный мекемесіне қараған 1869-1870
жылдарда болған кеңестің бұл қағаз турадан қылған кесімі 12 февральда
1871 жылғы газетте шыққан. Ол кесімде айтқан, мұнда түсірген қазақтардың
бұйрық қағаздарының бəрі ескі низамның 10-томының 1-ші бабындағы 513статья һəм 673-статья бойынша жерге ие болатыны жоқ деп. Патша ағзам
берген бұйрық қағазы болса, яки өзге жөнімен низам бойынша бекітіп алса,
сонда жер мүлде бекиді.
172 һəм 178 параграфтың низамына тиісті орынмен бұрын болған окружной
приказдан алған қағазы бар кісілер-ақ жерді, мүлде алады. Онда да 176статьядағы айтылған қағидаларды орнына келтірсе. Бұл 176-статьяда
айтылған, егерде бұйрық алған жерге қазақ үй, егін салмаса, жер көп
халықтың пайдасына кетеді деп.
Ақмола облысының мұндай қағазы низам қуатына кіріп, мүлде өзіне тиісті
қылып жер алған кісі жоқ. Се мей облысынан ғана бірлі-жарым табылды.
Бұйрығы низам қуатына кірмеген кісілердің жерлерін халықтың пайдасына
жіберді.
Өзге жердің бəрі де 1868 жылғы положенияның 212-243 параграфы
бойынша халық пайдасына кетеді. Жалғыз-ақ егін салған жерлерімен ғана
иеленеді. Күнбатыс Сібірдің главный мекемесі 1891 жылғы шыққан «Дала
уалаятының» низамын сонда ниет еткені мұнан байқалады, мұндай болмағы
уақытша 1868 жылы шыққан низамның жөнінше кеткен. Сол низамда да
жерді қауым бөліп пайдалансын деген еді. Жəне де білу керек жеке жер
пайдалануды не патшадан сыйға алмаса, не сатып кеңестің хакімі қоспады,
байқасақ бүйтіп жер алған ешкім жоқ екен.
Сібірдің хабарлары турасынан
(1894-інші жылы шыққан «Сельский вестник» газетіне қосымша)
Жаңа кітап
«Сельский вестник» деген газетпен бірге бұл газетті алып тұрған адамдарға
сібірдің хабарлары турасынан деп жазылған кітаптар таратылып
жіберіліпті. Бұл кітаптарда Россия мемлекетінің алыс шеттегі жайлардың –
Амурски һəм Приморски облыстарының һəм біздің жаққа тиісті Ақмола
облысының да шаруа турасын баян етіп жазып шығарыпты. Бұл облыстарға
ішкі Европалық Россия губернияларынан көшіп келіп жатқан адамдардың
көп екені мағлұм-дүр. Бұл газетке қосып жіберілген кітаптар шаруалар
халықтың арасында көбірек əшкере болғанына қарай, жоғары айтылған
облыстарға талап қылып, көшіп барамыз деген адамдарға анық хабарларды
білгізеді. Көп адамдар көбейтіп айтылған жалған хабарлардың мəнісін біліп
көшіп бара мыз деп ойлағандарынан да айныр. Өзге адамдар бұлардың
алдында не болатұғынын күні бұрын біліп, жаңадан орнаған жайына
мықтылап орнығар. Бұл облыстардағы шаруалардың бұрынғы хабарлары
жазылған үшбу кітаптар ақыл беріп, өсиет айтады. 1860-ыншы жылдарға
шейін Ақмола облысында егін шаруалары болмаған еді. Омбы һəм
Қызылжар ояздарының казакорыстары астықты қазынадан алып көбінесе
сауда қылар еді. Қашан казак-орыстарға мұжықтарды жазған соң казакорыстардың қазынадан берілетұғын сыбаға астықтарын алып қойған еді.
Бұл себептен бұлар да еріксіз соқа алып, егін сала бастаған еді.
Бұлар кісі басына 30 десятинадан жер алып, жерлері өсімтал болған соң,
егінші казак-орыстар тез бай бола бастаған еді. Бірақ өкінеміз, жаңа
жерлерде шаруаны ретсіз қылып істегеніне қарай ақыры қайырлы
болмайды. Шаруаны мұндай жөнмен істеген соң, жер өсімтал болғанша
ғана жыртып, егеді, мұнан соң жерлері ескірген соң бекерге тастайды.
Осылайша егін салып казак-орыстардың бөліп алған жерлері де таусылды
һəм бұрынғы жаңа жерге шыққан егіндерден гөрі қазірде бұл жерлерде егін
бек аз шығады. Жерлері жақсы Көкшетау оязы да мұндай күйге түссе керек.
1880-інші жылға шейін Атбасар оязында егін салмаушы еді. Енді орыс
губернияларынан мұнда көшіп келген адамдар бұл жайда егін шаруасын
көбейтіп көтеріп жіберді. Ақмола облысындағы жердің таусылған қайғықасіретінің басқа түскені жаңадан көшіп келген егіншілерге шаруасын
ақылмен жөндеп қылуға үйретер деп ойлаймыз. Егін шаруасын қылған
қазақтарға өзінің жерлерін күтіп сақтауға тиісті-дүр. Егерде жерден
əрдайым бір қалпымен жақсы пайда алайын десең, əуелі жерді күтіп
ескертуге керек, немесе мұның үшін жердің мəнісін һəм шаруаны ақылмен
біліп істеу керек. Егерде осы уақыттағы қазақтар мұның турасын онда тəуір
білмесе, онда қазақтың қырындағы ұлықтардың əмірімен бекілген шаруамедресесінде оқыған балалармен бірігіп үйренер. Қазақтар өздерінін
жерлерін жалдауға берген ықтиярына қызығып жерлерін болымсыз арзан
ақыға бермесе болады. Неге десеңіз, егіншілер бұл жерлерді алған соң біраз
уақытта оның дəнін сығып алуға жаһұт етеді, һəм ескірген жерді бекерге
тастайды.
Ертелі-кеш қазақтарға да өзінің егін шаруасымен айналысуға уақыт жетер.
Адамдардың күн көретұғын жақ сы амалы болғаны себепті.
Россия ішінен мұжықтардың қыр уалаятына келген турасынан
Россиядан мұжықтардың келе бастағанына аз-ақ болды. Ақмола облысына
келе бастағаны 1878 жылдан еді, Семей облысына 18921893 жылдан бері
қарай, Жетісу облысына 1860 жылдан бермен келіп жатқан. Патшалықтың
бөлігін күзетпекке Сібірдегі орыс-казак əскерін апарғанда бұлардың ішіне
Россиядан келген мұжықтар да кірген. Бірақ бұл кейінгілер əскерге керек
кісіден көп болған соң, сол облыста қала қылып отырғызған. Ғайри қалалар
осы күнге шейін бар. Осы нəсілді болып Семей, Ақмола облыстарында да,
Ертіс бойына қала салынды, бірақ бұл қаладағылардың бəрі казак-орыс.
(Үшбу қалаларды бұрын «Форт» деп атайтын еді, онан кейін станица деп
аталды). Бұрында Семей облысында 1876 жылы біржолата бес қала ашылған
еді. Олар осы күнге шейін бар, олар мұжық емес, казак-орыс еді мұжыққа
жазылған. Сол себепті мұжықтар келіп орнай бастаған жылын 1892 жыл деп
айту керек. Бұл жылы ұлықтардың ұлықсатымен мұжықтар қала салып
орныға бастады. Мұжықтардың көп келген облысы Ақмола. Мұнда осы жүз
жылдың басында келіп орныққан казак-орыстардан басқа Томскіден,
Тобылдан, Орынбордан мұжықтар да келіп егін салуға ыңғайлы жер яки
өзге кəсіп іздеп облыстың бас-аяғын қыдырып көп уақытқа шейін низам
жөнімен орныға алмады. Себебі онда мұжықтар қала салуға бұйрық
берілген жоқ еді. Бұл мұжықтарға қазақтардың өзі болысты. Қазақтар өз
жерін орысқа майлауға бұрын мүмкін еді, сонымен пайдаланып көбі жерін
орысқа майлады. Оның үшін 1870 жылдары Көкшетау оязында көп
мұжықтар қазақтан жер майлап алып орныққан. Майлаған уақыты көпке
екен, оларын ұлыққа куəландырмаған. Қазақтар пəлеге қаламыз деп майлап
алған мұжықтар уағдасын орнына келтірмесе де арыз қылып айтуға
ұлықтардан қорыққан. Ұлықтар қазақ пен мұжық арасында жанжал
болмасын деп 1878 жылы бұйрық қылды. Келген мұжықтар қала салып
орнықсын деп. Осылайша болып Ақмола облысына мұжықтар бекілді.
Мұнан кейін мұжықтардың келуі саябырланды. Сөйтсе де келіп тұрды,
мұндағы мұжықтардың бұл жақты мақтап шақыруымен Россия ішінен
мұжықтар 1888-1889 жылдан бері қарай келе бастады. Əсіресе көбі-ақ 1891
жылғы ашаршылықта, 1892 жылы жазғытұрым келді. Сібірге теміржол
салынғаннан соң, əсіресе, мұжықтар мінетін əдейілеп отарба жасаған соң
жылдан-жылға келуі көбейді. Олардың мұнда келіп жатқан жері жоқ.
Қағаздан һəм айтудан есітеміз, Россия ішінде кісі басына десятинаның төрт
бөлігінен бірі келмейді дейді. Кісі қалайша тұрады мұндай жердің азында?
Олар оның үшін жер аз дейді, шаруамен айналыспақ түгілі бала-шағасын
асырауға болмайтын болған соң. Оларға ол жақтан бөліп беруге де жер жоқ.
Бұрын осы мұжықтар бай орыстардың, қолында тұрған құлдықта,
құлдықтан, азат қылған, жері болмаған соң. Олар ондай болып жатқанда
қыр даласында мұндай егінге жарайтын үлкен, кең жер бар əлі соқа тимеген.
Мұжықтарға күн көрмекке бірдеме тауып беруге айла ойлап жүргенде
ұлықтардың ойына түсті мұндағы қазақтардың бос жерін оларға беру. Сол
себепті 1893 жылы егінге ыңғайлы жерді өлшемекке қырға жер
өлшеушілерді шығарған Ақмола облысына һəм биыл екінші партия жер
өлшеушілерді жіберді. Сол 1893 жылы кел ген мұжықтарға жер өлшеп беріп
жүрген кісілер Томск губерниясына кетті. Мұжық қалаларын орнатуға
түзулеп жер даярлағалы һəм кейінгі патшалыққа керек болатын жерді
даярлағалы 1893 жылдан бері қарай басталды. Бұл екі жөнге де егінге
жарайтын бос жерден алды. Мұжықтарға деп бөлген жерлерге халық келіп
түсіп жатыр, себебі күнде Россиядан партия-партия бо лып келіп тұр,
оларды қалай болса да орнықтыру керек. Бұл орнықтырған мұжықтардың
қайсы біреуі берген жерге разы болмай, өзге жақтан іздеп жеріне қайтып
жатыр. Мұнда келген мұжықтардың бəрі кедей, өздері егінші болып, жері
жоқ болған соң олар кедей болмай қайтеді. Бай мұжықтар бөтен жаққа
бармайды, оларға өз жерінде де жақсы, баратындары кедейлері, бұларға
бəрібір. Ашаршылықты онда да, мұнда да көреді. Ұлықтардың оларға
болысып, ақша беріп жатқанын мұнан білуге болады. Бұларға болыспауға
болмайды, болыспасаң жол жүріп бар малын ұстап келген адамдар
қаражатты адамдардың көзінше аштан өледі. Өлтіріп қою законге де,
шариғатқа да сыймайды. Əрине, қазақ арасында да нашарлар көп, бірақ
оларда аз да болса мал шаруасы бар, жерді аса таңдап керек қыла
қоймайтын, су мен шөп боса, малға бола береді. Сөйтсе де үнемі малға
жайлы көп жер болып тұра бермес, жер тарылар, мал шаруасымен тұруға
қиын болар. Россия ішінде де һəм патшаларда да қазақ малынан да көп мал
ұстап тұратындар бар, бірақ оларда сондай үлкен жер жоқ, олар да түрлі
айла қылып шөп егіп шығарып, соны орып малына шөп тауып береді.
Мұнысына қарай малдары қасқыр, ұрыдан аман болады, қолға сақтаған соң.
Мұндай малдар аса қымбат тұрады. Қазақтар оларға алатын бағаны есіткен
де жоқ. Базарға сол малдарды сатқанда, мыңдап, жүздеп əр қайда алады. Біз
қазақтарға ақыл қылып айтамыз, шөп шығар шықпасы белгісіз, жаңбыр
болса шығады, əйтпесе жоқ, оған қарамай шөп егіп шығарып, сонымен
малды асырау керек. Жылында не жұт, не аяз, не боран мың сан малды
қырады. Қазақтың пайдасында тұрған патшалық жер бұл күнде тарылды,
мал шаруасымен тұрғандар жер тарылған соң өздері де егінге мойын қояр.
Бұл турадан тағы бір сөйлерміз.
Степан Артеменко
Александр екіншінің тұсындағы қазақтар
Россияның ұлғайып, өсіп-өнгенін сөйлейтін шежіресіне қарасаң көресің,
қазақтың Россияға қараған себебі, Россияның күштілігінен екенін. Қазақ
ордалары жеке өз алдына патша болып, сондай қуатты жұртпен тұруға
мүмкін болмады. Қазақты өзіне қаратуды Россия ақырындапақырындап
қана бұрды бұларға тыныштық түсіріп, Россия халқының низамының
жөнімен тұрғызу үшін, қазақ халқының өзінің түзу жөнімен өсіп-өнбек
үшін. Мұны орнына келтіріп һəм бітірген осы ақ патшамыздың əкесінің
əкесі – Александрекінші. Мұның шығарған тиістінизамдары қазаққа да
тиген. Қазақтарға Александр екіншінің тұсында низам шыққан орыс
қалалары еркінде болып, болыс, би, старшындарды өзінен сайлап, өзін-өзі
билеп тұруына ықтияр беріліп. Ұлықтардың ойлағаны тезінен бола қойған
жоқ. Қазақтар ұқпады ұлықтардың пайдалы ойын. Ұлықтарға қиын, ал
қазақтарға көп залал болды, ұлықтардың жаңадан шығарған низамын
қазақтар ұққанша. Шамасы келгенше қазақтардың өсіп-өніп халық
болмағанына бар айласын жүргізген ұлықтар. Александр екіншінің қазақ
халқына шығарған заңының бағасын білуге олар бұрын қалай һəм орыспен
қалай тұрғанын байқау керек. Қазақтың бұзыла бастағаны орысқа қарамай
тұрып, 1700 жылдар кезінде үш ордаға бөлініп, Ұлы жүз қырдың оңтүстік
жағын, батысты Кіші жүз алып, Орта жүз күншығысты алып тұрған һəм
тыныштық араларында болмай, жауласқандар өзді-өзі бірін-бірі қырыпжойып, шауып, күл қылып қолға түскенін. Ондай күл қылған адамдарда еш
ықтияр билік болмай, қатты қысымда тұрар еді, кішкентай жаза қылса да
өлтіріп.
Орта жүз бен Кіші жүз 1734 жылы орысқа қараған еді, сөйтсе де, орысты
һəм орысқа қарап тұрған халықтарды шауып, бір уақыт Қытайға қарап, бір
уақыт жоңғарға қарап тұратын, бірден-бірге кіріп. Қазақтардың жылда шаба
бергені орыстарға Ертістің өн бойын, Омбыдан Өскеменге шейін қамал
салғызған еді, Петр бір деген патшаның тұсында. Оның артынан горькая
линия қосылған. Жоңғариядан сақтануға Бұқтырмадан қамал тағы салды
орыс. Ол қамалдар осы күнге шейін көп пайдалы бола қойған жоқ.
Қытайлардың, Қоқанның, Тəшкенттің үйреткенімен қазақтар орысты
талауын қойған жоқ. Тəшкент, Қоқан жиі шабатын болды біздің бөлікке
өтіп. Түркістан уалаятын қаратып алғанша солар қоймады шабуын. Оны
қаратпай тұрып қазақтармен көп жұмысты орыс, қанша өлім болып, өзіне
қаратып алмаққа. 1822 жылы қазаққа «Сібір законы» деген низам шығарған.
Сонан бері қазақ ішіне орыс законы жүре бастаған. Қырды жеті аймаққа
бөлді, əр аймаққа бастық қойып. Аймақты болысқа, болысты ауылға бөлген.
Қазақтың ісін қарайтын Омбыда бас кеңсе болған. Түркістан уалаятын
қаратқан соң қыр уалаятын екі бөліп, облыс қылған: Ақмола, Семей
облыстары. Сол күндегі екі облысты билеп тұрған чиновник судья да һəм,
билеуші де өзі болған, əділдік болмаған. Александр екінші таққа мінгенде
қыр сол түрде еді. Қазақ халқының жүріс-тұрысына əуелгі рет түсіре
бастағаны, ескірген законды қайта шығару болған. Сол себепті 1865 жылы
қырдағы қазақтың жүрістұрысын үйреніп келуге қырға өзгеше комиссия
жіберілген. Бұл комиссия үш жылдай қазақтың жүріс-тұрысын көріп, жазып
түсірген ондағы бұрыннан келе жатқан законы ескірген, казак-орысты һəм
қазақты екеуін екі басқа билетіп қойғаны жараспайды екен, казак-орыстар
қазаққа теңдік бермейді, күш қылып, аймақ бастықтарының кеншісі
халыққа əділдік көрсетуге шамасы жоқ, сайланып болатын қазақтардың бəрі
төрелер һəм өзге бай адамдар. Бұлар қара қазақтың пайдасын ойламайды
дегенді айтып.
Мұнан кейін жаңа закон шығарып, областной кеңеске берген халықты
билеуді. Облыс, ояз-оязға бөлініп, əр қайсыларына военный бастықтар
қойылған, облыс бастығына қаралынып. Өз араларындағы ұсақ дауды
бітіруге болыс-биді сайлап қоюға қара қазақ та кірісетін болды.
Бұрынғы чиновниктер орнына ояздарда судья тіркейтін болды. Бұрын 1897
жылға шейін судья қазақ түгіл Сібірдегі орыстарда да жоқ болатын. Жəне де
онымен бірге өз жұмыстарын қазақтар өздерінің рəсіміне қарап тергеуіне
ықтияр берген, бұрын чиновниктер білгенін қылып, халықтың заңын
жаңылдырған еді. Сол законымен алым-шығын жөнінде түзеткен, қайсы
шығарғандарды қалдырып. Бұрын қазақ басақ төлеген уақытында биболыстар артық жиып, халыққа көп зəбір қылатын еді, артынан алым
түндікке алынатын болды. Қазақ пен орыс арасындағы таможный саудаға
бөгет қылатын, қойғызған. Жəне де қазақтар казак-орыстар жеріне мал
жайғанына ақша төлейтін еді, оны да қойғызған. Қырда егін шаруасын
ұлғайтуға 1880 жылдан былай мұжықтарға қала салғыза бастаған.
Халықтың шаруасына керегін де алып тұруға касса ашылған. Мұнымен
бірге қазақтар мұжықтар балаларымен бірдей орын алып тұр. Мұның
пайдасы оқып шыққан қазақ аз болған себепті көзге көріне қоймайды, оқып
шыққандар көбейгенде білінеді. Қалайда болса, қазаққа тиімді халықтың
жүріс-тұрысын оңартқан низамдардың көбін Александр екінші бастап
кеткен.
В.Д
Қазақтың қала салып тұру жайы
Европадағы ғылымды халықтың бəрі əуелден сондай болған емес. Олар
неше түрлі тұрыс-жүрістің күйіне түскен. Бір уақытта көшпелі халық та
болып тұрған. Көшуден қалған соң халық егінге айналысады. Дүние
жүзіндегі халықтың бəрінің ұмтылғаны екен. Қала салып тұрған соң егін
салмасқа болмайды. Ғылымға мұнсыз кірісе алмайды. Мал шаруасымен
тұрып, малын бір жерден оттатуға бір ондай қылуға болмайды. Бұлар
малының ықтиярында, өзінің ықтиярында емес. Шөбін жеген жерді көшпелі
адам тастап, өзге соны жерге көшсе керек. Шөп шықпаған, жұт болған
жылы үлкен байларды қайыршы қылып кетеді. Көшпелі адамға тоғай ішіне
барып тұруға мүмкін. Көшпелі адамның малын өз еркімен көбейтуге
шамасы жоқ, көбейту, азайту көшпелі адамның малын дүниенің көзсіз
қуатында (ыстық, суық, шөл, су, жаз, қыс – дүниенің қуаты дегеніміз).
Егін салатын адам астық қымбат болатын болса, егінді көп егіп, артығын
сатқанын сатып, қалғанын кейін жоғында жеуге қалдырады.
Көшпелі халық малдың төлі қандай пайдалы болатынын, болса да өз
еркімен көбейте алмайды, азайып бара жатса, оған ешбір айла қыла
алмайды. Жəне де сол мал үшін қазақ көп қауым болып, шаһарлы жердей
тұра алмаған соң білімді адамнан жөн-жол, өнер, білім үйреніп, ғибрат
алуға қиын. Көшпелі халық арасында бəрінің бір барып білім үйреніп
қайтатын, тоқтау, жиналыс қылатын жері де жоқ. Сол себепті көшпелі
халық ғұмырында ғылым-білімге кірісе алмайтын жайда қалып тұрады.
Қайсы бір халықтар бар, амалсыздан ащылы шөп жақсы өсіп, астық
шықпайтын жерінің жайы солай болғаны үшін көшіп жүрген.
Қыр уалаятында қазақтарға қарайтын жер егін шықпайтын емес, салса
бейнетін артығымен өтейтін жақсы аралар. Жылында мыңдап ауып
мұжықтар қырға келіп, егін салып, астықты көп алып жатыр. Үй салып
алған, тамақтары тоқ. Олардың қасында қазақтар құр шұбап көшіп жүреді,
жазғытұрым. Күздігүні көргені аштық, қыс үйінде адам тұрғысыз суық
жерден қазып алған сиыр қорадан жаман. Қазақтың көбіақ мұжықтардың,
казак-орыстардың үйлерін көрген шығар, өз үйлерімен салыстырып
қарасын. Мұжықтардың қандай болып келгенін көрген шығар. Аштықтан
жүдеген, шаршап-шалдыққан, бір-екі атымен келген. Бұлар қалай келді, егін
салуға ұмтылды. Қазақ, əуелі мұжыққа жиреніп, жатырқап қарайды. Бір-екі
ай өтеді, аш, суық, қыс келеді, сол жиреніп насаттанып қараған қазақ
бейнеттеніп шығарған астығы жоқ болған соң арықтап қалған малын
арзанға сатып, қаңғып келген мұжықтан астық сатып алады. Қазақтың
мұндай болғанына ешкім жазалы емес, өздерінен бəрі. Ұлықтар һəм
əншейін адамдар қанша айтса да «егін сал, қала салып ал» деп, отырмады.
Қа зақ жылдан-жылға құри береді, қала салып алып, егінге айналғанша.
Сөйтеді. Бұрынғы көшіп-қонып жүретін заман қазақтан кетті, енді қайтып
келмейді. Енді көшкен уақыты кетіп, залалынан басқа пайдасы жоқ. Бəрі не
заманнан үйреніп қалған рəсім.
Бір заманда қазақтар оңтүстікке жақын жылы жерде тұрып, малы қысыжазы далада оттайтын еді. Себебі онда қар түспейді, не жауған күні еріп
кетеді. Ол жақта қазақтан күшті көбірек халықтар қазақты ығыстырып,
солтүстік жақтағы суық жаққа шығарып жіберді. Бұл жақта жалғыз мал
шаруашылығыменен күн көріп болмайды, қысы қатты, алты ай болады.
Жақсылық жылы болмаса, жаманшылық жылы мал шөп алып жей алмай,
қырылып қалады. Мал қалың қардан алты айдай тамақты өзі алып жей
алмайды. Сол себепті қазақ пішен шаппаса болмайды, аз да болса. Сол аз
шапқаны көшпелі халықты егін салып, қалаға жақындатқаны.
Қазақ малын жақсы көреді. Онан айырылып орыстардың, егіншілеріндей
жер жыртатын ғана малы бар, егіншісі болып кетуге бек ауыр, мұндай
болып кетудің керегі де жоқ. Бірақ малымен бірге егінді қатар салу керек,
бірінен-бірін айырмай. Егер ауып келіп жатқан мұжықтарға сол қазақтың
малындай мал берсе, бір-екі жылда-ақ бай болар еді. Қазақтың малы һəм
егінге жақсы жері – бұлар ілгергі қазақтың байлығы.
Бірақ ұғу керек даяр дəнеме табылмайды, бейнет қылмаса. Мұны қайсы бір
қазақтар ұқты, аз да болса егін салып жүр. Өзгеден жақсырақ тұрады (бірақ
түзеле бастаса, қазақ егінді тастап қырға көше жөнеледі). Біз нанамыз, осы
айтқанымызды ұғып қазақтар көшуді қойып, қалалы халық болып, егін
салып отырар деп.
В.Иванов
Қазақтардың жер бөлулері
Қазақтардың тұрған жерлері мемлекетке тиісті мүлік жердей-дүр һəм
оларға пайдаланып тұрмақтары үшін ықтияр беріп қойылған.
Олар өз араларында қыс тұратұғын жайларын бөліп қойған (қыстау) һəм жаз
тұратұғындарын «жайлау» ғып.
Солардың қай-қайсысымен болса да пайдаланысып жүреді,
атабабаларының рəсім жөндерімен.
Əрбір үй иелері жерлерімен пайдаланып, ие болып тұрмақтары үшін оларға
бөліп береді губернай съезд қып. Əр қай үй иелеріне жер бөліп берсе керек
малдарының қисабтарына қарай. Əркім тиісті болған жерлерімен еркінше
қысымшылық көрмей пайдаланып тұрулары үшін, жақын тұрған бір-біріне
ауыл иелері араларынан подписка қылып қойса керек, мұнан басқа жер лері
үшін ұтыс-талас, жанжал болмас үшін əумелесіп, жерлерінін шекараларына
белгі «знак» яғни «оба» секілді белгі қып қойса керек-дүр.
Əрбір жер қисасында болған жанжал таластары болса, бұларын бітіреді
выборнойлар. Қайсы жанжал болған жұрттың анығынша кімге тиісті екенін
біліп шығармақ үшін қайбір уақыттарда дауласқандардың бір жағына антқа
жібереді.
Дүйсенби Тұранов
«ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ (1911–1913)
«Қазақстан» – Бөкей Ордасы мен Орал қаласында 1911–1913 жылдары
барлығы 18 нөмірі жарық көрген газет. Редакторы – Елеусін Бұйрин.
«Қазақстанның» 1911 жылы наурыз, мамыр айындағы 1, 2-саны Көпшілік
одағы мүшелерінің көмектесуімен ұйымдастырылған А.Н.Щелкованың
меншікті баспаханасында басылып шығады. Яғни басылымның алғашқы екі
саны Орда қаласында жарық көреді. Бұдан кейін газет авторлары патша
əкімшілігінің қуғындауына ұшырап, редакция Орал қаласына көшіріледі.
Орал қаласында газеттің кезекті саны қайтадан №1-ден бастап шығарыла
бастайды.
Басылым 1912 жылғы 4 ақпандағы 6(8)-санынан өз баспаханасынан
басылып шыға бастады.
Газеттің əр санының маңдайшасына: «Газеттің асыл мақсұды – кəсіп ету,
ғылым-өнер турасында», – деп жазылыпты, яғни басылым заман өзгерісіне
сай елді кəсіпкерлік пен ғылымға үйретуді мұрат тұтты.
Газет бетінде елдің ішкі саяси оқиғалары, шаруашылық жайы, өнер-білім,
мəдениет мəселелері жəне ғылыми жаңалықтар сөз болды. Сыртқы
хабарлар жəне тілші хаттары тұрақты жарияланып тұрды. Фельетон,
жолсапар очерктері мен пікір-талас, диалектикалықфилософиялық
мақалалар да көрініс тапты. Сондай-ақ, оқырмандарына кітап шығару
жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты тиімді жүргізу жөнінде
кеңестер басылды. Газеттің кейбір сандарынан орыс, қазақ, татар тілдерінде
жазылған материалдарды да кездестіруге болады.
Хал жайымыз
Халық, біреу ақшасын аямай, біреу қызметін аямай, Алла деп бұл газетті
жаңа шығарып алып тұрмыз, сондағы мақсат – сіздерменен бір шаруа
сөйлесу еді, келіңіз енді сөйлеселік.
Біз жылдан жылға жарлы болып барамыз, жылдан жылға надан болып
барамыз. «Не болсақ уа о болайық» деп осылай жүре береміз бе, болмаса біз
де бір тірлік етеміз бе?! Бұрын біз малға бай болып едік. Бай күнде
байлықпен еш нəрсе ойламаған болармыз, қазір жарлы болдық қой, енді не
деп ойламаймыз?! Келіңіз, біз де бір шаруа жөнінен кеңесіп қаралық.
Пайғамбар əлейһи уассалам үмбеттеріне айтты: «бадиғу йа мен Алла
тарапынан ахрет үшін жіберілдім, дүниа ғылымын менен де өздерің артық
білесіз» деп. Сол себепті бізге дін хақында Құранға таяну керек те, дүниа
хақында тауарихты иғтибарға (назарға) алу керек. Тауарих деген – адам
баласының кішкентайдан үлкейгені секілді, яғни сəбиліктен балиғ болғаны
(кəмелетке толғаны) секілді, халықтың шаруа қуып мақсат һаддаріне жеткен
жолы. Сол тауарихта айтқан екен: Түрлі-түрлі заман болады. Сол түрлітүрлі заманда адам баласына түрлі-түрлі кəсіп ету керек болады. Мұның
мағынасы сол, «заман тұра-тұра өзгереді, сол заман өзгергенде адам баласы
кəсібін де өзгерту керек, яғни сол заманға лайық кəсіп ету керек» деген екен.
Егер заман өзгергенде адам баласы заманға қарай кəсібін де өзгертпесе,
жаңа заман ме нен уақыты өткен ескі кəсіп екеуі шалыс келіп, шаруаның
жөнге бақпайтын мəнісі сонан болады деген екен.
Адам баласы ең əуелі көшіп жүріп мал бақты, берігірек келгенсін ауыл
болып бір жерге жиналып егін екті, енді онан да берігірек келгенсін қалада
тұрып сауда етті, осы кəсіптердің бəрін оларға кім еткізді; заман еткізді: мал
бақтырған да – заман, егін ектірген де – заман, сауда еттірген де – заман.
Мал бағу үшін байтақ кең жер керек екен, əуелде адамның аз уақытында
жер кең болды, кең жерде мал бағу пайдалы болды, соның үшін жұрттың
бəрі ең əуелі көшіп жүріп мал бақты, бұл мал бағу заманы аталды
(Пастуческий быть). Берігірек келгенсін адам көбейе бастады, жер тарыла
бастады, жер тарыла бастап еді, халық жарлы бола бастады. Бұл жерден
баяғы мал бағу заманы өтіп, екінші бір түрлі заман басталды. Керек еді сол
сағатында-ақ заманның түріне қарай айланып (айналып) екінші бір кəсіп ете
қоюға. Бірақ адам баласы үйренген кəсібін қапелімде қоя алмай, баяғы бір
мал бағып бай болғаны есінен кетпей, заманның өзгергеніменен ісі болмай,
бұрынғыша малын бағып отыра берді. Арада көп жылдар өтті, шаруа
жылдан жылға азаймаса, көбеймеді, ақырында бұлар жүдда жарлы болды.
Бұрынғы мал бағудың заманы емес екенін бұлар тек сонда білді.
Сол уақытта бұлар өзді-өзі сөйлесіп, көшіп жүруді тастап əр жерде бір құр
босқа жер алып тұрған шашық қыстауды бір жерге жинап салып еді, жер
тағы да кеңейді. Сонсын бұл жерлерінің бір жағын егіндік етіп егін екті, бір
жағын пішендік, бір жағын жайылыс етіп, қызметтің сауындық мал ұстады,
сөйтіп енді бұлардың шаруасы тағы түзелді, бұл егіндік заманы деп атанды:
(Земледельческий быть).
Тағы бір-екі заман бар, оны екіншіде жазармыз. Хан Бөкей 1801-нші жыл
10000 үйменен бері өткен екен, патша ағзам хазіреті бұны хош алып, ЕділЖайық арасынан жеті (7000000) миллион десятина жер берген екен. Бұ
жерді үй басына бөлгенде бір-бір үйге 700 десятинадан келеді екен. Байғұсау, енді бұ қадарлы жерменен ол күнде біз бай болмай кім бай болсын?!
Бұған таң тамаша қалу керек емес, ол күнде біздің тіпті бай болмайтын
ретіміз жоқ.
Енді ашып айтып қаралық, қазір бізде үй қанша екен, жер қанша екен?!
Қазір ішкі ордалықта 100000 үй бар екен. Соған қараған пайдалы жерден
тек қана екі (2000000) миллион десятина жер бар екен. Жеті миллион
десятина жердің үш миллионы қызыл шағыл болып кетіпті. Жартысы
қазынаға алынды, жартысы алынған жоқ. Бір миллион Оралға кетіпті, енді
бір миллион десятинадай жерге Тарғын қисымында орыс қарашекпендері
күтір (хутор) салып отыр. Сөйтіп, бес миллион жер қазақ пайдасынан
шығулы. Енді барлық ішкі ордалықтағы қазақтың пайдасына тек екі
миллион десятина жер қалып тұр. Сол екі миллион жерді жүз (100000) мың
үйге бөлгенде, бұрынғы үй басына жеті (700) жүз десятинадан келетін жер
қазір үй басына тек 25 десятинадан келеді екен. Жарлы болдық дейміз, енді
біз жарлы болмай кім жарлы болсын?!. Əлі біз бұлай отыра берсек, мұнан да
жарлы боламыз. Оның үшін бірден бірге адам көбейеді, жер тарылады. Хал
жай, халық, солай.
Еңбек етсең емерсің
«Қазақстанның» əуелгі нөміріндегі айтылған түрлі түрлі замандар, сол түрлі
түр замандағы түрлі түрлі кəсіптер тек ғана жалғыз кентті жұртқа хас
демеңіз, заман ортақ əр кімге де келеді, бірақ мұның келгенін яғни: ескі
заманның өтіп жаңа заманның келгенін бір халық ерте біледі, бір халық кеш
біледі, ерте білген халық ілгері кетті, кеш білген халық кешігіп соңға қалды.
Сол заман бізге де көптен келулі, бірақ біз мұның келгенін қапелімде анық
ашық көре алмай біле алмай тұрмыз, əйтеуір жылдан жылға жарлы болып
бара жатқанын халық жақсы біледі, бірақ ол жарлылықтың неден болып
тұрғанын біреу біледі, біреу білмейді, бұл жарлылық бізге заманның
өзгеруінен болып тұр.
«Қазақстанның» əуелгі нөмірін оқыған кісінің қаперінде қалған болар, жер
менен үй ішкі ордалықта бұрын қанша болған, қазір қанша? Бұдан толық
аңғарылады: бұрын біз бай болғанда жерменен бай болыппыз, енді ондай
кең жер бізге жоқ, патшалықта жер көп демеңіз, жер жетпей жатыр, енді аз
жерді күтіп берекетті етіп ұстайтын кезге келді, тар жер көшіп жүруді,
шашық отыруды көтермейді жəне көшіп жүрген халықтың мынау менікі
дейтін бір заты бұрын да болмаған, қашан да бір жерге мекен тиіп, жерге
еңбек сіңірген халықтың еңбегін патшалар жемеген, күндердің күні
болғанда жерге еңбек сіңірген халық сол жердің иесі болып қалған, бұлайша
көшпелі болып жүрумен біз жер суға қожа бола алмаймыз, бұл күнге дейін
бізде мынау менікі дейтін бір нəрсе жоқ екен, ол не үшін жоқ, барлығы
көшпеліліктен; мысал: мынау ішкі ордалық біздің жүз жылдан артық
құлданған мекеніміз екен, қане – сонда бұл жерге де бір талай еңбек
сіңірген екен бұл еңбекті жіберіп болмас дегендей не затымыз бар?... Бір
затымыз да жоқ, біз жерге еңбек сіңірмедік, бір қазық шанышпай бос
қойдық, сол себепті жер өзіміздікі емес, өнерлі халық тəуір жерімізді
алайын десе бізден қашан да алады, (Құдай тағала Өзі Құран Кəрімде айтып
еді ғой: «Əн илə риз-ирасһə ғибади ас-салихин» яғни жерге əуелі жерді
ғимарат етуге салахитті болған құлдарым ғана қожа болып қалар деп,
мұның көз алдымыздағы бір ыспаты сол, Тарғын қисымының қазақтарының
бірталай жерін орыс қарашекпендері алып мекендеп отыр, ойламаңыз олар
рұқсатсыз отыр деп, олар рұқсатпен отыр.
Егер бізге де жер су құжат болса бір жерге мекен теуіп жерге еңбек сіңіру
керек.
Енді қалай тұрмақ керек?
Қазақтың жау жарағын тастап, момын болып, шаруасына қарағанына екі
жүз жылдай болған екен, бұл екі жүз жыл он сегізінші-он тоғызыншы
заманға тура келеді екен (əр бір жүз жылды бір заман деп атайды). Бұл
айтылған екі заманда адам баласы бегірекде ілгері кетті, ол ілгері кетуге
себеп болған нəрсе – ғылым менен өнер. Бұл екі заманада отарба, откүйме
шықты, телеграм, телефон шықты, зауытта, фабрикада түрлі затты өзі
ұстайтын машиналар шықты.
Бұл шыққан өнерлер адам баласының тұрмысын бүтіндей өзгертіп жіберді,
бұрынғы амалсыз бір жерде отыратын, яки амалсыз өне бойын бір кəсіпті
ететін заманды артта қалдырды, отарба, откүйме, телеграм, телефон адам
баласын бірі-біріменен мидай араластырды, не істеймін десе де қолын
жеткізді.
Сол күндегі яғни екі жүз жыл шамасындағы бізбенен баяғы білімі өнері
бірдей қатар халықтардың бəрі де бұл күнде ғылым иесі, өнер иесі, удүлат
иесі болды. Аның үшін бұл халықтар жоғарыдағы айтылған өнерлерден
қашпай, пайдаланды.
Енді бұл екі жүз жылда біз не бітірдік екен, өзімізді өзіміз бір байқап
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.