Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 2121
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.1 of words are in the 5000 most common words
49.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой».
Əрине, алыстан ойлап тірлік етпей, бір күндік пайдаға мəз болған қазақтың
бұл кер мінезі опық жегізбей қалмайды. Болғанбаев – публицист
мақаласында оны дөп басып, ашып көрсетеді: «Бүгін мешіт салам деп
ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын асырау үшін
елдің еркегі маңайындағы қара шекпеннің малын бағып, көшесін сыпыруға
кеткенде ол мешітке кім кіріп құлшылық қылмақшы. Мына сатқан жердің
бір шеті ауылдың іргесіне тиіп тұр. Жұрттың осы күні аз да болса, қарақұрасы бар. Бүгінге шейін сол аз малдарын осы сатқан жерлеріне жайып
отыратын еді, енді мұнан соң қозы-лағына шейін арқандап отырып бақпаса,
қалай бағады? Күн сайын орыстың егініне малын түсіріп потрав (айып С.Қ.) төлеп отырғанын көрерміз əлі. Міне, осы күнгі алған ақшаның
қызығын сонда көрер жұрт», - деген жолдар оқырманға ой салғаны анық.
Жерді кірмелерге жалға берудің болмай қоймайтын зардаптарын жалпақ
елге жария ете отырып, оны тоқтатуға күш салған Алаш публицистері
еңбектерінің тарихи маңызы орасан зор. Сонымен бірге өміршеңдік мəнін
де жоғары бағалауға тиістіміз. Тəуелсіз еліміздің жиырма жылдық
тарихында жерге байланысты мəселелер туындамай қалған жоқ. Жерді
жекеменшікке сату туралы заңның үлкен пікірталас туғызып барып
қабылданғанын білеміз. Оның дұрыс я бұрыс болғанының бағасын келер
ұрпақ берері хақ. Кейінгі кезде жерді қытайлықтарға жалға беру туралы
даулы мəселе БАҚ-тан көрініс тауып жүр. «Жел тұрмаса, шөптің басы
қимылдамайды» деген қазақ мақалына жүгінсек, оның бекер əңгіме емес
екенін бағамдауға болады. Осы тұста Алаш көсемдерінің ХХ ғасыр басында
– қазақ тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрған қилы кезеңде қаламдарын қару
етіп, ұланбайтақ даланы жаппай қоныс аударушылардан қорғап, сақтап
қалуға мұрындық болған публицистикалық мұраларын қазір де ел игілігіне
жаратар болсақ, көп ұтысқа шығар едік деген ой туады. Ол үшін Алаш
публицистерінің жер мəселесі туралы жазғандарын жиып-теріп,
құрастырып, жинақ етіп басып шығарып, жерге жауап беретін мемлекеттік
қызметкерлер қолына ұстатып, міндетті түрде басшылыққа алуын талап ету,
жалпы халықтың етене танысуына мүмкіндік туғызу ауадай қажет.
Тарихтан сабақ алып, қателікке бой алдырмай, болашаққа тұра жол табу
өркениетті елдің төл ұстанымы болуға тиіс. «Өткен жылдар шежіресін
үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі
тəжірибенің жақсысын үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін,
жаманнан жирену үшін қажет», - дейді бұл турасында Тəуелсіз еліміздің
тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаев «Жанымызда жатталсын, татулық дəйім
сақталсын» атты тарихи еңбегінде [«Егемен Қазақстан», 1998 ж. 16 қаңтар].
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Қазақстан Республикасы
Жоғары ғылыми техникалық Кеңесі бекіткен «Елдің интеллектік əлеуеті»
бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Алаш көсемсөзі – ел
интеллектісін көтерудің қайнар көзі» атты ғылыми жоба аясында
даярланған Алаш көсемсөзі тақырыптық көптомдығының бұл – бірінші
томы. Мұнда «Түркістан уалаятының газетінен» бастап «Жас Түркістан»
журналы аралығындағы Алаш басылымдарының жер мəселесіне қатысты
құнды материалдары топтастырылған. Жинақта осы күнге дейін əртүрлі
себептермен ғылыми айналымда болмаған тың дүниелер түпнұсқадан, яғни
мұрағаттарда сақталған газет-журнал тігінділерінен тауып алынып, қазіргі
жазуымызда тұңғыш жарияланып отыр. Мұнымен қоса осыған дейін жарық
көрген көптеген материалдар түпнұсқамен салыстырыла түзетілді жəне
оларға ғылыми түсініктеме берілуі, дау жоқ, жинақтың құндылығын
арттырады деп білеміз.
Алаш көсемсөзінің тақырыптық көптомдығын даярлаудағы мақсат айқын.
Еліміз Тəуелсіздігін баянды етудің бір тетігі болып табылатын ұлттық
мəселелердің оң шешім табуына Алаш көсемдері мен шешендері ойтолғамдарының, келелі кеңестері мен сындарлы пікірлерінің тигізер
пайдасы орасан зор. Əр сала ғалымдары өз бағыттары бойынша жинақтан
қажетті материалдар табарына, сөйтіп зерттеулеріне өзек етіп аларына еш
шүбəміз жоқ. Ал мамандар мен көзі қарақты оқырман қажеттілігін өтейтін
құнды жарияланымдар ел игілігіне жаратылып жатса, онда мақсатымыздың
орындалғаны болар еді.
Алда «Алаш көсемсөзі: тіл мəселесі», «Алаш көсемсөзі: дін мəселесі»,
«Алаш көсемсөзі: оқу-ағарту, ғылым мəселелері», «Алаш көсемсөзі:
мəдениет жəне өнер мəселелері» жинақтарын шығару жоспарымызда бар.
Сол мақсатымыздың орындалған күнін қалың оқырманмен бірге қауышуға
жазсын.
Қайрат Өмірбайұлы Сақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры
«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ»
(1870–1882)
«Түркістан уалаятының газеті» – қазақ журналистикасы тарихында көш
бастаушы басылым. Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы
болған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870-1882
жылдар аралығында Ташкентте шығып тұрды. Алғашында айына төрт рет –
екі нөмірі өзбекше жəне екі нөмірі қазақ тілінде жарық көрді.
Газеттің алғашқы редакторы – орыс жəне шығыс халықтарының бірнеше
тілдерінде еркін сөйлеген, башқұрт ұлтының азаматы Шаһмардан
Мирасұлы Ибрагимов болды. Омбы кадет корпусында білім алған
Ш.Ибрагимов Шоқан Уалихановпен жақсы таныс болған деген деректер де
бар. Қазақ халқының ауыз əдебиет үлгілеріне қызығушылық танытып,
оларды жинақтаумен де айналысқан ол басылымның биресми бөлімінде
бірқатар зерттеу мақалаларын жариялаған.
Ш.Ибрагимовтан кейін «Түркістан уалаяты газетіне» Хасан Жанышев
редактор болып бекітіледі.
Түркістан генерал-губернаторы Константин Кауфманның тікелей
басшылығымен дүниеге келген «Түркістан уалаяты газетінің» негізгі
мақсаты – патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, жергілікті басқару
органдарының шешімдері мен үкімдерін қарапайым халыққа өз ана тілінде
жеткізу еді. Бұл əрине патшалық Ресейдің отаршыл саясатын күшейту
мақсатында іске асырылғаны сөзсіз. Дей тұрғанмен, Ресей қарамағындағы
бүкіл түркі халықтары арасында ана тілінде шыққан алғашқы баспасөз
болып саналатын «Түркістан уалаятының газетін» қазақ халқының
мəдениеті мен əдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан басылым деп
жоғары бағалауға болады.
Газеттің ресми емес бөлімінде қазақтың ауыз əдебиеті үлгілері, ғылыми
жаңалықтар, шаруашылық жайы, мəдени хабарлар жəне əдеби туындылар
басылды. Сондай-ақ, білім-ғылым мен өнердің пайдасы, оқуағарту ісі, орыс
тілін үйренудің септігі жайындағы материалдарды да көптеп кездестіреміз.
«Түркістан уалаяты газетінің» бейресми бөлімінде – жазба публицистика
мен халықтың ауыз əдебиетін зерттеп-зерделеу ісі қалыптаса бастады, бұл
процесс – елдің қоғамдықəлеуметтік көзқарасы мен əдеби-мəдени ой-
пікірінің дамуына елеулі оң ықпалын тигізді.
** *
Алматы оязына қараған қазақтардың болыснайлары, билері жəне ауылнай,
старшиндері өткен октябрь айының 14 күні 1873 жылда Алматының оязнай
мекемесіне мəслихатнаме қағаз жазып беріпті. Бұл мəслихатнамеге жазған
сөздері осы. Жазғы жайлау, қысқы қыстау жəне егін егетұғын жерді бəріміз
бірдей ортақ болып пайдалансақ екен депті. Жəне осы күнгі арамыздағы
жер тақырыпты болған дау-жанжал салауат болып бітіп қалсын. Енді мұнан
кейін біздің арамызда ешбір жер дауы болмаса екен десіпті. Əрбір болыснай
менен ауылнай, старшиндердің қол астындағы жерде егер кім, ұрылар бола
қалса, ол ұрыларды жылдам қарап, іздеп тауып, ұстап алып, тиісті орынға
тапсырмақшы боламыз депті. Егерім бір болыснай жə ауылнай
старшиндердің қол астындағы жерде ұрлық тыйылмай, ұрылар бола берсе,
ұрылар үшін болыснайлар, билер жəне ауылнай, старшиндердің өздері
жауап бермекші болыпты.
Бұл болыснай, управительдерге, билерге жəне ауылнай, старшиндарға бүтіл
жұрт пайдасын ойлап, тыныштық үшін жақсы мəслихат қылғаны үшін шын
көңілімменен тəңірі жарылқасын деп айтамын.
Құрастырушыдан: Алаш басылымдарында басылған хабар-ошар,
мақалалардың біразы авторсыз жарық көрген. Оның əртүрлі себебі бар.
Біздіңше, олардың дені – басылым басқармасы даярлаған материалдар.
Сонымен бірге цензураның қатаң талабына, қаламақы жүйесінің
қалыптаспауына жəне алыс ауылдардан жазған авторлардың атыжөнін ұмыт
қалдыруына т.б. байланысты да болуы керек. Осыны ескеріп, жинақты
құрастыру барысында жарияланымдар газет-журналдарда авторсыз
басылса, солай беруді жөн көрдік.
** *
Ларионов деген майор шені бар бір төренің Жетісу жақтағы биік таулардың
бетіндегі тегіс қырларына егін өсер-өспесін білгелі, сынап көргенін
айтайық.
Жетісу облысына қараған жерлердегі қалаларда кісілер көбейіп бара
жатқаннан, таулардың етегіндегі жерлері егін егуге жететін болмады. Кейбір
жерлерде кісілер төмен етекке жақын қырларға, сумен суармастан, жаңбыр
суына егінді көп егіп, егіні жақсы болып жүр екен. Осыған қарағанда,
таулардың биік жерлеріндегі қырларына, жаңбыр суына егін ексе
болатындай көрініпті. Мұнан бұрын қазақтар таулардың биік жерлеріндегі
қыры мен даласына егін бітпейді деп, бітсе де егін пісіп жетілмейді деп
қорқып, егін екпей жүреді екен. Былтыр, 1881ші жылы, Жетісу облысының
уаеннай губернаторы қазақтардың егін өспейді деп жүрген жерлеріне егін
егіп, сынап көргелі Ларионов деген төреге бұйрық қылды. Осы төре
Алатаудың теріскей бетіндегі Алматы қаласына жақын қырларға жəне
Софийский, Лубоинский, Надеженский, Заисуский, Казанский, Бугурудский
деген қалаларға жақын қырларға əр түрлі егін егіп, сынап көріп еді. Жəне
əлгі төре Алатаудың теріскей беті мен күнгей бетіндегі егін бітетін
жерлердің бəрін де барып көріп, қағазға план қылып түсіріп еді. Жəне осы
қырлардың Алматы қаласынан қанша биік келетінін бараметр 544 деген
аспаппен өлшеп алған еді. Ұзынағаш деген өзен-судың күнбатыс
жағындағы қырмен Шелек деген өзеннің күншығыс жағындағы Алатаудың
қыры мен даласы он мың куадратнай шақырым болыпты. Осы жерлердің
ішінде сумен суармай, жаңбырға егуге жарайтын жерлер бес жүз он
куадратнай шақырым келіпті. Онан өзгесі егін егуге жарайтын емес дейді.
Осы айтылған жерлердің ішінде Үшқоңыр, Төре жайлау, Асының даласы
деген үш бөлек жерде сынап көргелі екен. Егіп көрілген егін онан басқа
қалған жерлердің топырағының қаралығы, қырларының биіктігі, өсетін
шөбі, оны осы үш жермен бірдей болған үшін, оларды сынап көрудің
керектігі жоқ. Сынамаса да болады дейді.
Үшқоңырдың даласы Лубоинский деген орыс қаласынан 31 шақырым
жерде, Казанский, Богродский деген қаладан 32 шақырым жерде тұрады.
Биіктігі 5500 футтан 6500 фут келеді (Фут дегені бір саржынның жеті
бөлгеннің бір бөлегі). Үшқоңырдың егін егуге жарайтын жері 50 куадратнай
шақырым келеді. Жəне оған жақын жерде, онымен бірдей, Шұбар ат деген
жер бар. Оның егуге жарай тын жері 50 шақырым. Кіші саз деген жер бар.
Оның егін егуге жарайтын жері 15 шақырым. Үлкен сазда 20 шақырым.
Шөл адырда 10 шақырым, Дулүн бұлақта 15 шақырым.
Төре жайлаудың даласы Михайловский деген қаладан 20 шақырым,
Малабоднай қаласынан 25 шақырым, биіктігі 5000-нан 6500 фут келеді.
Егін егуге жарайтын жері 40 шақырым Алматы қаласына, Софийский
қаласына жəне Надежинский деген үш қалаға жақын жерлердегі қырлардың
биіктігі де осы Төре жайлаудың жеріндей, егін егетін жерлері 200 шақырым
болады. Асының даласы Михайлов ский деген қаладан 60 шақырым,
Зайсуфскийден 40 шақырым. Оның биіктігі 7000 футтан 8600 фут келеді.
Егін егетін жері 90 шақырым. Онымен бірдей Қараш деген жер бар. Егін
егетін жері 5 шақырым. Тескенсуда 10 шақырым. Қырғабірақта 50
шақырым, Ойжайлау деген жерде 20 шақырым, Дала ашық пен Табан деген
жерде он шақырым.
***
Жетісу жақтағы қазақтардың жері бес мың-алты мың фут биік болатын.
Қырларда суарып, егілген егіннің дəмін тұқым қылып, жаңбыр суына ексе,
егіні болмайды деп айтады екен. Сөйтсе де Ларионов төре қазақтардың өз
іштерінен сайлап берген қадірлі, жақсы кісілерінің көз алдында судан
арылып егілген егіннің тұқымын сатып алып егіпті. Жəне осы жақсы кісілер
жерлерді тістірмемен жыртып, айдағанда да өскен егінді орақпен ұрып
бастырып, жанышқанда да үстінде көріп тұрыпты.
Үшқоңырда, Төре жайлауда, Асыда егілген егіндердің бəрінде Ларионов
төре орыс тістірмесімен жырттырып, еккізіпті. Жəне егін егілген жердің
бəрі 2500 куадратнай саржын болыпты. Бидай 1000 саржын жерге, үш пұт
арпа 600 саржын жерге, үш пұт сұлы 500 саржын жерге, үш пұт Көк найза
жерлерінен 300 саржын жерге бір пұт тары мен гречиха деген дəнді 100
саржын жерге екі қадақтан егіпті.
Үшқоңыр мен Төре жайлауға жиырма пұт тұқым егіліп еді. Осы екі жердегі
егілген егіннен алған 148 пұт 20 қадақ болыпты. Осы айтылған егіндерді
Төре жайлау мен Үшқоңырдың биіктігіндей өзге жерлерге қар кетісімен,
ертерек апрель айының жарымы болғанда егілсе, астығы жақсы болатын
деді. Жəне егін ерте егілгенде, күзді күні суық болмай, жауын-шашын
болмас бұрын, егінді шаншып жиып, алуға да болады деді. Былтыр осы
егілген егіндер соңырақ қалып, май айының бастарында, он бестерінде
егілген екен. Жəне тағы өткен жыл, өзге жылдарға қарағанда суық ерте
түсіп, күз болыпты. Сентябрь айының 17-ші күні қар жауып, биіктігі 6000
фут келетін қырлар түгел, 3000 фут келетін төмен жердегі қырлардың да
егіндері орылмай, жиып алынбастан қар астында қалды.
Асы даласының биіктігі 7000 фут келсе де, өзге жерлерге қарағанда оның
жерлерінің жақсы болғаны үшін жəне үлкен кең дала болғаны үшін, оған
майор Ларионов сынамақ үшін егін егіп еді, бірақ ол жердің өзі биіктік
қылып, егіні Төре жайлау мен Үшқоңырдағы егіндей өспейді. Жəне Асының
даласына егілген егіндер өсіп жарым фут болғанда, июннің жетінші күні
мұз жауып, бəрін ұрып кетіпті. Мұздан соң өскен егіндер жəне өсіп, дəн
беретін егін күз ерте болып, сентябрь айының оныншы күні қар жауып,
қардың астында қалыпты.
Майор Ларионовтың сынағанына қарағанда, Асының биіктігіндей жерлерде
жаңбыр аз болатын жылдары ғана жəне тағы биіктігі 5500 футтан төмен
жерлерде егін бітпейтін жылдары ғана егін бітсе керек деді. Ларионов төре
айтады. Жаңбырға егетін жерлердің биіктігі 5500 фут тан 7000 футқа шейін
болса, егіні болады. Егер жері қара топырақ болса жəне өзі күнгей жақта
болса, осы айтылғандай биіктердегі жерлердің топырағы қара болмаса,
сумен суарып ексе де егіні болмас деді.
Ларионов төре осы егіндерді еккен мезгілде тұқымдардың əрқайсысынан
жарым қадақтан алып қалған екен. Соңынан егіп өсірген астықтың дəнімен
салыстырып көремін деп жəне егін өсіп бас шығарғанда ол түрлі егіннен
жиырма-жиырма сабақ бастарынан алып қойыпты. Жəне тағы егін піскен
соң, онан піскендерінен бір-бір бау қылып алыпты. Дəндерінен жəне жарым
қадақтан алыпты. Осының бəрін 24 қалтаға, 21 қағазға орап, 11 бау қылып
байлап қойыпты.
Биылғы жылы майор Ларионов Түркістан генерал-губернаторы орнында
тұрған генерал Калпаковскийдің бұйрығымен Алматы оязына қараған
Қарқара деген жер мен Жалаңаш деген жерге егіп көреді.
«ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ» (1888–1902)
«Дала уалаятының газеті» – «Түркістан уалаятының газетінен» кейін
шыққан екінші қазақ тілді басылым болды. 1888 жылдың 1-қаңтарынан
бастап 1902 жылдың 12 сəуіріне дейін шығып тұрды. Дала генералгубернаторлығының ресми органы ретінде Омбыда жарық көрген
«Акмолинские областные ведомости» газетінің қосымшасы ретінде
«Особое прибавление к Акмолинским ведомостям» деген атпен басылды.
1894 жылдан бастап «Дала уалаятының газеті» болып шыға бастады.
Орысша нұсқасы – «Киргизская степная газета». Басылымға əр кезде
редактор ретінде қол қойып отырғандар – И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза,
А.Попов жəне Д.Лавров. Ал, қазақшасын тұрақты редакциялағандар –
Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазин. Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков жəне тағы
басқалар газетте аудармашы əрі əдеби қызметкер болып еңбек етті. Газеттің
таралымы туралы нақты бір ақпарат жоқ, дегенмен басылымның бір
мəліметінде 1332 деген дерек кездеседі.
Газеттің тұрақты авторлары қатарынан О.Əлжанов, Ш.Айманов,
Ж.Аппасов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, М.Ж.Көпеев,
А.Шонаев, Б.Əбдіков, А.Құрманбаев жəне Қ.Жаңатаевтың есімдерін
кездестіруге болады.
Сол кездегі өзге газеттер секілді бұл басылымның да ресми жəне ресми
емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің үкім- жарлықтары,
заң-закондары, жергілікті басқару əкімшілігінің бұйрықтары мен
шешімдері жарияланды. Оларды қарапайым халыққа түсіндіре отырып,
отарлық жүйені күшейтуді көздеді.
Ресми емес бөлімі түрлі тақырыптарды кеңінен қамтыды. Оқубілім
саласындағы мəселелер, шаруашылық жайы, ғылыми зерттеулер, қазақтың
халық ауыз əдебиеті үлгілерінен айтыс, мақал-мəтелдер, дастан-жырлар
басылды, сонымен бірге əдеби аудармалар мен этнографиялық мақалалар,
қоғамдық-публицистикалық жазбаларды кездестіреміз.
«Дала уалаятының газеті» – өз кезеңінде Ресей патшалығының жергілікті
басқару органдары тарапынан шығарылған басылым бола тұра, қазақ
халқының мəдени-əдеби, қоғамдық-əлеуметтік дүниетанымының жетіле
түсуіне əсер еткені өз алдына, елдің саяси сауаты мен көзқарасына да зор
ықпал еткен басылым болғаны сөзсіз.
Қазақ халқының тұрақ, мекендері
Бұ күнгі қазақ халқының үш түрлі мекені болады. Жайлау, күзеу һəм қыстау.
Жайлау – жаз күндерінде, май басынан июльдің жиырмасына дейін көшіп
жүретұғын мекен. Бұ мекендер баршаға бірдей. Біреуге меншікті болмайды.
Бұрынғы уақыттарда март басынан декабрьде ауылына қатар көшіп жүреді
екен. Бұ заман да неше себептен одан аз жүре бастады. Жамледан бір
себептер мыналар. Халықтарының өсуінен қысқы мекендеріне сыймағандар
жайлауларға қыстау салып һəм границияны сылтау қылып бағзы елдер,
ілгергі ғасырларша еркімен жүргізбей кейбір жерлерге қала салынып, онан
қоймаған бір түрлі теңсіздік болған. Жаһұдтарын жəне де пішендік, егіндері
қыстау тарапында болғандықтан июльдің 20-сынан былай күзеулеріне
қайтатын болды. Бұл күзеу деген мекен əркімнің меншігі. Ұзақ болады.
Август, сентябрь айларында отырады. Қыстаудан онша ұзақ жерлерде
болмайды. Ең алыс болғаны 1020 шақырымдай болады.
Жоғарыда айтылған мекеннің бірі қыстау . Мұнда қыс күндері бірнеше үй
бір жерге жиылып ағаштан яки тастан, болмаса кірпіштен өздеріне үй,
малдарына қора салып отыратын орын етеді. Бұл мекендерде бұ күндерде
октябрь басынан май басына қатар тұрады. Кешіккен замандарда декабрь,
январь айларында отырып, февральдің жиырмасынан былай көшіреді екен.
Келесі декабрьге шейін. Ілгергі халықтардың бай болуының себебі сол
болса керек. Мұның хақында «шаруа көшсе, дұрыс көшсе, байыпты» деген
мақал бар. Ол уақыттарда қыстау да меншікті болмай, қыс күндерінде қары
жұқа, мал өзіменен жеткілікті болып өнімін таба алғандай бұталы тау кез
болса, малының жайына қыстау қылады екен. Бұ дəуірлерде өзенді, қопалы
көл сияқты ағашты барып, сол жерлерін артық көріп барады. Себебі бұл
халықтарда пішен, егін шаруасына түсініңкіреп қол-қоңсылы жерлерін
пайдалы екеніне көз жіберіп, қыс қатты болса, малдарын пішенге асыруын
лайықтырақ көріп. Ілгеріден-ақ қазақ жерлерінің пішенді, ағашты, сулы
жерлерінің біразы қалаға алынып кеткен еді. Мысалы, Ертіс, Көкшетау
атыраптары, Баянауыл, Қарқаралы, Есіл жəне тағы басқа жерлер. Оның
үстіне Россиядан көшіп келіп жатқан мұжықтар ендігі қалған жерлердің
тəуірін алып барады.
Бұ бишара қазақтар көшіп-қонып жүрген жерлері тарылған соң, көшер
орын жоқтықтан ақыры аз уақыт ұзамай, амалсыз, көшуден тоқтаса керек.
Осы күнде де бұрынғыға қарағанда əлде қайда көшу азайды. Бұ Сібір
қазағы ақ патша ағзам хазіретіне қарап Россияға табиғ болғанына 60 жыл
шамасында болған екен. Бұрын 3 ай қыстауларында отырып тоғыз ай
көшетін халықтар енді үш ай көшіп, 9 ай қыстауларында отыра тын болды.
Бұл алпыс жылын екі бөлсек 30 жылдан келеді екен.
Бес мағлұм болды бір отыз жылда үш айдан отыруын арттырған екенбіз.
Бұған қарағанда, енді бір отыз жылға жетпей көшуді қойсақ керек.
Əй жарандар, пайдалы, тəуір жерлерімізден айырылып қу медиен, сусыз
шөлге қамалғанша, осы бастан шаруаға лайықты орындарға, шаһар
халқының жөнін қылсақ жақсы болмас па екен? Ойласайықшы («таз
таранғанша той тарқайды» болмасын), барда əлі талай уақыт. Пайдасыз
жұмыстарменен əуре болып жүрміз. Пайдамызды ойлап, жоғарғы
ұлықтарға мұң-зарымызды тигізіп ұқтырғандай ғылымды білімді
есімдеріміз аз, жоқ десе болады . Ұлықтардың өз көңіліне түсіп аямаса, бұл
бейшараларыңның шаруасына бек кең жер керек. Жерінен айырылса
малына нұқсан келіп, тозып, жоғалып кетеріне себеп болар деп.
Газеттердің жазуына қарағанда, Россиядан пересе ление жіберуінің екі
жағы болса керек. Бір себебі, Европа, Россия жерін мол етпек. Екінші, қазақ
жерін түзетпек. Егер Европа, Россиясының жерін мол етпек болса, бұған сөз
жоқ, бек мақұл. Егер қазақ жерін түзетпек болса, түземектен мұрат еткен
болса, жылдан-жылға қазақ өзі де молайтып келеді. Бұ биыл егін еккендер
астықты мол алып, екпегендер өкініште қалуына қарағанда, келесі жыл егер
халық егінге күтінсе керек. Яки өнер үйренбек мақсат болса, шаруа медресе
пайда емес пе, бір жерлерге салуға. Қаладан да бұл артық əрі пайдалы, үлгі
көрсетер еді. Қала тарапында жақын болған елге берген өнері көрінбейді.
Бəлкім, қайта жақын болғандарының алыс болғандардан кедейі көбейіп,
жатағы артпаса. Бұған қарағанда, артық жақын болғанының көшпелі
шаруаға онша пайдасы жоқ па деп ойлаймын.
Бұл біздің сібір қазақтары ақ патша ағзам хазіретіне бағыт етіп, Россия
уалаятына тақ болғалы неше-неше жақсы, атақты генерал-губернаторлар
келіп кетті. Мысалы, граф Сперанский, Казнаков секілділер. Олар да бұ
қаріп қазақ халықтарына ілтипат назарларын салып, пайдаларына жаһұт
етсе де, бұ өткен ұлығымыз Г.А.Колпаковский ұқсасты жеткер қылғандай
бірде-бірі ғылым өсірмек хақында шаруа қылған жоқ. Бұл мəртебелі дала
уалаятының бас хакімі деген атты кəміл орнына келтірген еді.
Талайымыз құрмет тұтамыз. Соңғы хакімдеріміз де ілгергінің жолында
болар деп. «Ілгергі қайдан жүрсе, соңғы сонан жүрер» деген сөз барлығына
қылса.
Осындай зор пайдаларына жаһұт етіп, себепші болған хакімдерін қазақ
əулеті көп-көп заманға қадірін ұмытпаса керек. Сондайын пайдаларына
ыждаһат еткен хакімдеріне алашбайдың баласы хош болып,
балашағаларының қызығын көрсін деп тілекте қалады.
Баянауылдан хат
Баянауыл тауының ұзындығы, қазақ есебінше, салт кісіге түстік жер. Олай
болғанда отыз-қырық шақырымнан ұзыны болмаса керек. Мойылды,
Қырықшыдан Жаман ауылға шейін əртүрлі салалы бұлақ басы. Бұлақ таудан
шығады. Аяғы жиылып саз болып шабынды шықпаққа себепкердей болады.
Өзінде айтулы төрт үлкен көл бар. Бірі Баянауыл дуанының қасында.
Сабындыкөл, Жасыбайкөл, Торыайғыр көлі жəне Жаман аулының көлі.
Үшбу көлдердің пайдасы тау қыстайтындарға аз. Себебі жан жағының
һəммесі тау-тас. Құр шабынды шығатын жерлерін алып жатқаннан басқа.
Не өздерінде балық жоқ.
Сол отыз-қырық шақырымдай күншығыс жағында неше мың қазақтардың
қыстаулары бар. Əрбір бұлақ айрығы қыстаулардан құр емес. Өзін қисап
қылғанда əрбір айрығына отыз үйден келеді. Бір айрықтағы
қыстайтындардың малын қисап қылғанда (отыз үйдің) һəммесінде ең
болмағанда 3-4 мың қой, 30-100 түйе, сондайын сиыр. Осындай мал,
жануарларға қорек болуға əр салалардан 300-400 көпне шөп шабады
шыққан уақытта. Кей жылы шөп шықпай қалады. Жылқы малын осы тау
қыстайтындар далаға шығарып жібереді. Даладан оттауға тауларына ешбір
жылқы мал алып қалмайды. Бір-бір ат болмаса. Егерде жылқы тауда бір ай
тұрса осындай аз жерден жалғыз көде қоймайды. Егер дала мұз болып
қалып, тауға келс е, жылқы малы бір күн отай алмайды. Боз отын қара ма лы
жейді. Таудың боз оты оған да аз. Жаз шыққанша əp қыстаудың малы
жалғыз көде қоймайды. Əгəрде дала мұз болып қалып жылқы тауларына
келсе, жылқы, сиыр, қойлары жүдеп қалады. Себебі шөп болмағаннан соң.
«Қой», «жылқы», «қоян» жылы дала мұз болып қалып жылқыларын
қыстауларына алып келеміз деп жер болмағаннан соң шөп жетпей жылқы,
қой үйдегі тұратын малдары жүдеп қалған. Сол жұтаған жылы неше мың
жылқылардан он-жиырмадан артық қалған жоқ. Жылдан-жылға қазақтар
жүдеп барады. Себебі жайлау, күзеулерін жаздай отырып, жеп қояды жəне
сол күзеу жайлауларына қысты күні жер болмағаннан соң жылқысын
жаяды. Жазды күні жеп қойған шөп қысты күні жылқыға қорек болмайды.
Осыдан қазақ шаруасы жылданжылға тарылып барады. Егерде егін сала
білсе қазақтар мал өсіру жаһудынан қалса керек. Баянауыл қазақ араларына
һəм қазынаға қарап кеткен жерлерден қазақтарға пайда жоқ. Тау
қазақтарында егін егетіндер өте аз. Себебі тауына егін деп бақша шығарлық
жер аз. Көбі құм, тас. Далаға жаздай өздері көшіп барып отырады. Онда
жəне мүмкін емес. Жер тарылады. Қазақ неге пайданы білмесін. Əр
нəрседен қолы шолақ болып, қысқа жіп күрмеуге келмейді дегендей болып
қалады ғой.
Аббас Айманов би Чонов
Баянауылдан хат
Құрметті Ақмола облысының газет басып шығарушыларынан өтінемін, осы
хабарлымыш хатының сөзін мүмкін болса, газеттеріңізге жазбақтарыңызды.
Осы заманда һəм келешек заманда біздің қазақ халқының ішіне қылып
тұрған залалдың орыс болсын, қазақ болсын жаман тəлім, адамдардың
тоқталып тыйылуына бір себеп болар ма еді. Ақкелін, Баянауыл,
Далбағатау, Қызылтау, Қалмаққырған, Атақозы, Қарамола, Шақшақ осы
сегіз болыс сүйіндік елдері Баянтау, Қызылтау. Қалмаққырған осы үш тау
ішіне сиып, қыс алты ай түтін түтетіп, жаз алты ай Өлеңті, Шідерті, Ащы
деген ұзын өзен бойларын жайлап, сентябрь жұлдызының ішінде қыр
тараптарына қайтқан уақытта жоғарғы есімленгіш сегіз болыс елінің
ортасында осы төрт жылдан бері Баянауыл дуанының ішінен 1-інші
октябрьде «Покровски» деген жəрмеңке ашылып, алыстан аты арып, тоны
тозып іздейтін базары жақыннан табылып, қазақ бишара бірді-екілі
малдарын сатып, түндік басына төлейтін алымшығынын даярлап, онан соң
киер киім, ішер тамақтан қалғанын қыс түтін түтетіп, баспана қылып
отыратын үйлеріне, қораларына керек ағаш, əрі мұқтаж болатын нəрселер,
ақша жақын жерден табылғанын тегіндей көріп, осындай алысты жақын
қылып, жəрмеңке ашып, бекіткен ұлыққа шын ниетімізбен тəңір
жарылқасын айтып. Құдайға шүкір, халқымыздың шаруасы түзелуге таман
айнала бастаған сияқты еді. Бірақ осы уақытта бұл біздің сегіз болыс
елдеріміз үлкен залал тауып тұрғанын жоғарғы ұлықтарымызға білдірмекті
лəзім көріп, халық ішінде болған залым адамдарды тоқтатпақты үміт етеміз.
Осы бірінші октябрьде болған, «Покров» жəрмеңкесі өткен соң қазақтар
тегіс таулар қонған уақытта Баян дуанының казак-орыстары өздерінің
артық жұмысы болмаған соң былтыр өткен жылдан бері пайдаланып,
қылып тұрған кəсібі артел болып төрт-бес кісіден ел-елге бөліп, казакорыстардың өзіне тиесілі болатын жерінен тысқары обласной жерде қырық
шақырым, елу шақырымдай қыстап отырған қазақ іштеріне топталып,
жиылысып келіп, біздер жоғарғы ұлықтар жарлығы бойынша бекітіліп
шыққан орман, ағаш бастықтарымыз деп қолдарына өздері шимайлап
жазған қарала қағаздары бойынша, бір ауылға келіп, ықтиярсыз тінтіп,
манағы, «Покров» жəрмеңкесінен ақшасына сатып ия билетімен алған қаю
біреулерден бірнеше қарағай ағаш ия қайың тал көріп тапса, дереу мұны
бізге құдай берді, іздеген қағаз алдымыздан табылды, акты қағаз деп жаза
бастайды. Үйіңді, қораңды бұзамыз, ұрлап алған дауаңа тарт деп өзіңді
жазаға кіріптар қылып, штраф бұйыртып, өз басының қалғанына риза
болып, жазған акты қағазға қолыңды қой деп қорқытып пəле қыла бастаған
себепті қазақ байғұс қыс паналап, бітулі тұрған үйін, қорасын қайдан
бұзсын һəм жазаға кіріптар штраф деген сөзді шын біліп, қорқып сасып,
бишара қазақ əлгі келген казак-орыстарға қолдарын қусырып, қой беріп,
сұраған ақшасын беріп, ақырында байғұс қазақ қолындағы малына шамасы
келіп, қазақ мақалы бар «бастан келген бəлеге бастан садақа» деген.
Онан шығып екінші ауылға барып қырып-жойып, ұрып-соғып, осы ұрысты
бекерден бекер қорқытып сұраған ақшасын, киізін əр нəрселерін беріп ала
береді. Баянауыл орыстарының тағы бір қазақтарға қылып тұрған зорлығын
кысқартып жазайын. Айтылмыш станицадағы почта ұстап отырған орыстар
қазақ қыстауларының бекеттен жиырмаотыз шақырым жерде шалғай
орналасқанына қарамастан, жерлерінің шұрайлылығына, тоғайлы-пішенді
екеніне қызығып: «Бұл жерлерді біздер алуға ықтиярлымыз» деп қыстап
отырған адамдардың разылығына қарамай, пішендерін тартып алып,
қаншама ағаштарын кесіп əкетіп, зорлық-зомбылық жасап отыр.
1888 жылы генерал-губернатордың жария бұйрығы болған еді бұл бұйрықта
почта ұстаушылар почтаның екі-үш пар атынан басқа артық мал ұстамасын
һəм өлшеулі жерден артық малы қазақтың жеріне залал келтірмесін деген.
Осы уақытта Баянауыл тарапынан əрбір бекет үстінде орта есеппен екі
жүзден артық ірі қара жайылып жүреді. Осындай залал келтіруші жаман
адамдарды əділшілік қылып тыюшы ұлыққа кəріжасымыз дұғада болар
едік. Қазақ қарияларының мақалы бар: «дұғамен ер көркейер, жаңбырмен
жер көркейер» деген.
Кереку уезінің Қамқорұлы
Павлодар оязынан
Қазақ халқына залалға себеп болып бара жатқан ушбу төменгі оқиғалар
орыс жағындағы қазақтар Маралды елінің һəм Ұрық елінің əр қайсысы
ауыл болып өздеріне тиісті жаз жайлап отыратұғын шабындық жерлерін
орыстарға егін салуға сатады, десятинасын елу тиыннан. Бұл сатқандарын
өзіне залал екенін білмей. Сонда да қайтсін амалы жоқ, февраль айында
тамақтары түгесілген соң керек-жарағын алуға ақша керек болады. Соның
үшін түбіндегі залалынан бұрын əзіргі пайдасын ойлайды. Түбіндегі залал
дегеніміз мынау: Қазақтар орыстарға жерлерін сатқан соң айтылмыш
жерлеріне барып жер жыртып, орыстар егін салады. Егіндері бас қаратқан
мезгілде күзетші қояды. Сонда манағы жер сатқан қазақтар басқа баратын
жерлері жоқ, егін маңайында жақын қонып отырады. Егін кəміл шығып
жеткен мезгілде жазатайым болып егінге қазақтардың малдары түсе қалса,
дереу көзінше қалаға алып барады. Барған соң егін иесі акты қылуға
қаладан бірнеше орыстар алып келеді. Акты қылады. Акты қылғанда қанша
болса, онша болсын егін иесінің пайдасына акты қылады. Мұнан егін иесі
акты бойынша арыз қылады, судияға бірнеше күннен соң. Судия повестка
жіберіп қазақтарды, егін иесін шақыртады. Кел деген күнінде судияның
хұзырына келеді. Судия барып акты қылған кісілердің актысында жұмыс
бар ма, законға тура болған соң тізім бойынша қазақтарға төлеуге бітім
қылады. Қазақтар судияның мұнысына разы болмай, апеляца алып
облысный правлениеден сұрайды. Сонда қазақтар орысша арыз
жаздыртады. Мысалы тіл білетін адамға қыстыгүні жер сатып алған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.