Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13

Total number of words is 4215
Total number of unique words is 1984
33.5 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
білмесе, алым-салым үш есе көбейсе, мұжықтан теңдік ала алмаса бұл қала
салған қазақтың да күні қызық болмас.
Атам маған айтушы еді: «Ит тойған жерін іздейді, ер туған жерін іздейді?
Балам, халықты ұмытпа, ғылымыңа тойған соң, ақылды тоқтатқан соң елге
бір айналарсың» деп. Мен осы сөзді ұмытпай, елге қайырылдым. Екі жыл
болды туған жеріме, қалың қыпшақ еліме, ағайын ортасына келгеніме.
Келгенде не көрдім? Өзін-өзі түтіп, шайнап жеп жатқан бір халықты көрдім.
Баласын сатып тамағын асыраған халықтан бұл заманда не үміт? Ат –
биеден, ер – анадан тумай ма? Құлдан, күңнен қандай азамат туар деп үміт
қыламыз. Мешіт салыңдар, мектеп ашыңдар, тамыр дəрінің жуанын алмай,
жіңішкесін ала көріңіз, га зет-журнал алыңыздар, ғылым жарысын
жасаңыздар деп ақылымызды қазаққа аямай-ақ беріп жатырмыз. Бірақ мен
ойлаймын, адам сатып күнелтіп тұрған елде нендей дұрыс мектеп, нендей
дұрыс жақсы медресе, нендей ғылым жарыстыру? Мұны ақылды
құрбыларыма жазамын.
Қазақ халқының ауруы күшті. Бұл күшті ауруды күшті дəрімен емдемесе
құр медресе, мектеп, 15 десятина жерменен емдеп жазуға болмайды.
Көрініп тұр, қазақтың ауруы бір жерінде ғана емес, тұла бойында. Қазақ
халқы ішінен жамандатпаса да 1869 жылдан бері «Степное положение»
деген ауруды ішіп ауыра бастады. Бұл күнде өзінен-өзі жерініп тұр. Жерді
айтса жылайды, дінді айтса жылайды, малды айтса жылайды, жарқырап
күліп айтатұғын қазақ байғұста ұрлық пен өтірік қалды. Арымыздан,
жерімізден айырылып қалсақ та біздің қадірлі болыстарымыз осы екі
қасиетті нəрсені орысқа бермей-ақ келе жатыр. Ал енді қазақ халқының
тұла бойына тараған күшті аурудың аты не? Аты мынау: «Не нормальная
система управле ние и суда, отсутствие народного представительства в
законодательных учреждениях, нужда для изменение этой системы
сообразно требованиям времени и особенностям киргизского народа». Яғни
ел бағу тəртібі һəм суд тəртібінің халыққа жайсыздығы, закон шығаратын
мекемелерде қазақтың өз адамының жоқтығы. Егер өз адамдары болса,
айтылған жайсыз тəртіптерді заманға лайық, қазаққа тынышты қылып
өзгертуге себепкер болар еді. Ал енді бұл тұла бойымызды құрыстырып
тұрған ауруға дəрі бар ма? Күшті ауруға күшті дəрі: дəрінің аты – «сиез»
(съезд), бас қосып бір жерде жайымызды сөйлесіп заманға лайық құрал
табу. Бас қосылмай государственная дума һəм советке енді бізден адам бара
алмаса. Бұл екі мекемеде бізден кісі болмай тұрғанда қазақ халқын
чиновниктерге, мужикке талатпай адам есебіне кіргіземін деген судырдың
бетіне түкіруге болады. Ондай сөзді айттыратұғын надандық яки балалық,
яки шалалық, яки балтаға сап болып жүргендер айтады. Əрине сиезді
хакімнің рұхсатымен жинауға керек. Шала-шарпы закон білетіндеріміз бар
ғой.
1.Істің еңқиын жері рұхсат алу, іздену. Хакіммен үркітпей, шошытпай
жақсы қалыппенен сөйлесу. Бұл сиез турасында бөтен хакім қанағат
ететіндерден талапкер шықпаса, мен Аллаға сыйынып өз міндетіме алайын;
2.Бас қосу Орынбургта болсын;
3.Əр болыстан екі кісі сайланып келсін;
4.Нендей сөздер сиездің қарамағына түседі? (Бағдарлама). Əрине ол
программа хакімге көрсетіледі. Министр бекітеді, программаға жазылатын
лайық сөздерді əуелі «Айқап» һəм «Қазақ»-тың бетіне жазып салыстырарға
керек: «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп бабаларымыз айтып кетсе де,
ақылға ақыл қосылсын, сөзден сөз тусын;
5.Менің бұл жазған сөзімді мақұлдаған яки бұл турада айтатұғын ақылы
болған азамат, атқа мінген ел ағасы һəм халыққа сөзін тыңдататұғын молда,
хазіреттер болатұғын болса, олардың бəрінен өтінемін: маған хат жазып
білгенін айтсын;
6.Бұл басталайын деп тұрған халық ісіне тезінен жауап күтемін, шабылып
қалған тарландардан: Бақытжан Қаратаев, Бақыш Құлманов, Əлихан
Бөкейхановтардан, бұл үшеуінің өзі үш рулы ел болса да Алаш дегенде басы
бір жерге қосылса керек. Жəне бұлардан басқа: Райымжан Марсековтен,
Мұхамеджан Тынышбаевтан, Халел Досмұхамедовтан,
Əбубəкір Алдияровтан, Ахмет Байтұрсыновтан, Сералы Лапиннен,
Мұхамеджан Сералиннен, Жанайдаровтан, Батырша Есмахановтан,
Зұлхарнайын Сейдалиннен, Міржақып Дулатовтан, Барлыбек Сыртановтан,
Яқуп Ақбаевтан уа ғайри қазақ халқының халін көріп, жаны ашығандардан
хат күтемін. Сиезге келуге уақытыңыз бар ма? Қайсыңыз соған уағда
бересіз, қайсыңыз бере алмайсыз?
Болашақ сиезге программа жазуға, ошақ басын ұстауға күш-көмек бере
аласыз ба, жоқ па? Күні кеше бұл атын атап жазған он алты кісінің он
алтысы да қазақ дегенде бұлбұлша сайрайтұғын еді, бүгін бас қосарлық
дегенде не айтар?
7.Екі-үш айдың ішінде келген хаттар белгілі болса керек сиездің қандай
болатұғыны, кімнің келетін, кімнің келмейтұғыны білінеді. Сол уақытта
алған хаттан не тапқанымды жазармын. Хат жазуға адрес мынау: Троицк,
Оренб. Губ. Присяжному поверенному Сейдалину.
Жиһанша Əлмұхамедұғлы Сейдалин.
Шаруа жайынан
Қазақ жеріндегі шаруалық мал бағу мен егін егу. Мал бағу қазақтың көптен
істеп келе жатқан ісі, ата кəсібі. Мал бағу жайын ешкімнен үйренбей-ақ,
өзіміз де білеміз деп жүр. Қазақ мал бағу жайын білмейді деп, біз де
айтпаймыз. Бірақ білім дəрежесі неше қабат. Қазақтың мал ұстау
турасындағы білімі ең төмен қабатында. Қазақтың бұл білімі жердің
молшылығында ғана білім болып жүр. Жер тарылса бұл білімімен мал
бағып күн көруге болмайды.
Қазақ егін егуге кіріскелі де біраз жыл болды. Егін турасындағы білімді де
қазақтар біліп болдық деп жүр, егін жайында еш кімнен үйрене қоятын
емес. Біздің қарауымызша егін турасындағы білімі де мал турасындағы
білімі сияқты жердің молшылығында білім болып жүр. Жер азайса ол
біліммен алыс кетпейтін болар. Қазірінде қазақтардың сұрып жерлерді
еркінше жыртып, содан соныға түсіп отырғанда, мұжықтан егіні төмен
шығады. Ол жер дəрежесінің төмендігінен емес, білім дəрежесінің
төмендігінен. Қазақтар көбі егін жайынан: егін егуге жер жырту, тырмалау,
тұқым шашу керек екендігін ғана біледі. Осымен егін білімі тəмам деп
ойлайды. Қашан, қалай, һəм қанша рет жырту керек, қалай етсе шашқан
тұқымға жер жайлы болады, не нəрсе оған зарарлы, не нəрсе пайдалы,
пайдалы нəрселерден пайда тию үшін, зарарлы нəрселерден зарар келмес
үшін – не істеу керек, ол жағынан қазақтардың білімі тіпті нашар. Ол
білімнің нашарлығы қазір жердің молшылығында сезілмейтін шығар, жер
таршылыққа айналса, тез-ақ сезер. Аз жерді осы күнгі қалыбында тұтына
бастаса, жерін тез-ақ тоздырмақшы. Тозған жер жаңарып жетілуіне қазақ
даласында 15-20 жыл керек. Қала боламыз деп ер басына 15 тен жер
алғандар бұрынғы молшылық қалыппен ексе, оған өлшеулі жері шыдар ма?
Жерінің бəрін тоздырып алып ол жер түзеліп жеткенше 15-20 жыл жел оба
ма?
Бұл сөзді қала боламыз деп өлшеулі жер алған қазақтардың кейбір ісінен
хабар алып жазып отырмыз. Əуелі қала болудың мəнісі не екенін білмей,
көптің дүрмегімен кіріп қалып, енді не екенін көзімен көрген соң,
адасқанын біліп, қалай бетін түзерін біле алмай жатқандар бар көрінеді.
Қала боламыз десе де малсыз күн көре алмайтын болған соң, мал бағуға
қалаға деп өлшеп берген жер жетпейтін болған соң, істейін деп жатқан
амалдары мынау: екі-үш участке қосылып, жерлерін біріктіріп, бірін
қыстау, бірін жайлау істемекші-мыс.
Бұлары əншейін далбаса ғой. Адасқанын байқаған соң абдырағаннан істейін
деп тұрған іс қой. Əйтпесе он бес десятинадан алған ұлтарақтай жерлерді
құрастырып жайлау, қыстау дегенмен есебі баяғы бір он бес қой. Қалай
қарай тартсаң да жер созылып молаймайды ғой.
Əуелі малсыз күн көре алмайтын боғанда «сау басқа сақина тілеп алмасқа»
керек еді. Қала болу не екенін білмей барып, шорға түсіп қалсаң, ендігі
істейтін іс, біздің ойлауымызша: бұрынғы «жайлау» деген атты жоқтау
болмасқа тиіс. Өткен өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғаныңмен
жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс.
Ендігі істейтін іс: учаскелерді құрастырып, мынау жайлау, мынау қыстау
деп, ат қойып құр көңіл жұбату емес. Көрпең қысқа болса, көсілуге
жетпейді. Созғаныңмен молаймайды. Көрпең жетсін десең, істерлік
жалғыз-ақ амал бар: көсілуді қойып аяқты жию. Сондай-ақ аз жерге істер
жалғыз-ақ амал бар: жердің таршылығына істейтін амалға түсу керек. Ол
амал аз жерден көп жердің пайдасын шығара білу. Олай етуге бұрынғы мал
бағу мен егін егуге жарап жүрген білімдеріңнен басқарақ білім керек. Ол
көп малдың есесін аз малдың асылын ұстап толықтыратын білім, аз жерді
аздырмай, көп жердің орнына тұтынатын білім. Бұл екеуі де қазақ қолданып
көрмеген білімдер. Малдың асылын ұстау үшін қазақ қолындағы малын
асылдандыру керек, асыл малдың ішінде қазақ жерін жерсінетін,
жерсінбейтіндері болады, оны да біліп алу керек.
Аз жерді аздырмай, көп жер орнына тұтыну үшін асыл малға керек білімнен
де көбірек білім қажет: бірақ сол білімнің бəрі де білгісі келетін адамдарға
табылатын білім. Білу үшін əуелі керек қылу шарт, екінші – жыхад ету
шарт.
Бұл жоғарыда айтылған сөз қазақтың бəрі үшін, əсіресе арасындағы қала
боламыз деп, қамытқа басын сұғып қалып, қайта шығара алмай, абдырап
тұрғандар үшін. Аз жерге істейтін амал жалғыз-ақ осы.
Егін егу, мал бағу жайын жақсы білетін адамдардың сөздерін мұнан былай
əр уақыт газетаға жазып тұрамыз.
Тілшілер сөзі
Зайсан уезіндегі қазақ жерлері
1-Қара Ертіс болысы. Бұл болыстың Марқакөл қасындағы жайлауынан
Ақжайлау деген жерге мұжық келіп орнады. Қазақтар сұранса да,
жібермейді. Жəне осы ұлыстың Кендірлік өзеніндегі «Ер» деген өлкеге
мұжық қала салды. «Ер»-дің бір жағына 80 үй Қара Ертіс болысының
қазақтары қала салуға рұқсат алды.
2-Шілікті болысы. Зейнолла Бұтабай баласының қыстауын биыл қазына
өлшеп алды. Мөлшері 60 десятина: Мұны қазына Зайсан қаласының байы
Сорокинге берді. Сорокин генерал губернаторға арыз қылып еді: «Тақсыр,
мен мал өсіремін, қазақ жерінен маған лайықты жер берілсе екен» деп.
Зейнолла «ізденемін» деп Зайсанға келді, патшаға шейін барамын,
малымның бəрін саламын, жерімді бермеймін дейді. Сорокин мынаны
айтады: «Сен Зейнолла, менімен егеспе, біз елі бар, жұрты бар халықпыз,
сен жалаңашсың...» – деп. Бұл жер Шілік суының бойында. 3-Шорға
болысы. Шорға, Жетіарал деген астыққа тіпті аяулы жер, топырағы да
жақсы, ала-құла жері жоқ, негізі астық оңғыш. Мұны Зайсан қаласының
анасы деп айтса да болады. Ала қыстай мұнан Зайсанға мыңмың пұт астық
кіреді. Бұл ұлыстың қазақтары бəрі егінші, бай келеді. Жетіаралға мұжық
келіп орнап қала салып жатыр. Жетіаралдың бір жағында Шорға
болысының 8-нші нөмір қазақтары қала салуға тіленіп еді. Қысты күнгі
Зайсанда болған начальниктердің комиссиясы арызды мақұлдап, қазаққа
жер кестіріп, өлшетіп береміз деп рұқсат қылып еді. Бұл күнгеше жер
кесусіз, землемерді қазына шығарады деп қамсыз жүр. Партия советі
Тоғамның суына таласып, екі қазақ өзді өзі бірінбірі сойылдап ұрып жығып,
ат-шапан, түйе, ақша алысып жүр. Осылай шырылдасып жүргенде өзінікі
деген нəрселерден айырылып қаларлықтай жайлары бар.
4-Кендірлік болысы. Кендірлік суының бойында бір казак-орыс поселкесі
бар. Қаратал деген жерге мұжық орнады. Жерімізді бермейміз деп бір ұлыс
ел болып, ортасынан доверенный сайлап, адвокат жалдап қуса да еш нəрсе
өнбейтін болған соң «Қараталға»-ға хош айтып, жай жатқан күйлері бар.
5-Майтерек болысы. Бұған қараған 60 шақты үй Күршім суының Ертіске
құйған жеріне жақын, өз мекендерін сұрап қала боламыз деп Семей
переселен правлениесіне арыз береді. Арыз мақұлданып, қалалыққа рұқсат
қылып қайтар еді. Партиялық советі арызға қайтқан жауапты Майтерек
управителі 60 үй қазағына есіттірмей қалалыққа сендерді босатпаймыз деп
жауып қойды. Бұл 60 үйдің доверенныйсы қысты күні Зайсанға барып
начальникке арыз қылып, қолына қағаз алған. Қағазында «жаз землемер
шыққанда жерлеріңді кестіріп алыңдар, егіндеріңді салып, қамдана
беріңдер» деп жазылған.
Арысұлы
Төртінші дума һəм қазақ
19 нөмір «Қазақта» «Төртінші дума һəм қазақ» деген статья басылды:
«Степное положениенің 136 статьясында қазақ жүрген жерде бөтен
патшаның адамы һəм христиан дінінде болмаған адам жер сатып алмасын»
– деген.
Бұлай болғанда «Степное положение» арқылы да қазақ баласы жер сатып
ала алмайтын болды ғой. 19 нөмірдегі басылған 136 статьяның переводы
жаңылыс. Бұл 136 статьяның дұрыс переводы мынау: «Қазақ жүрген жерде
бөтен патшаның адамы һəм христиан мизаһибинде болмаған, қазақтан
басқа адам жер сатып алмасын», – деген. Сөйтіп күні бүгінге шейін қазақ
баласының өзінікі қылып жер сатып алатын жөні бар еді, 136 статьяда
жазылған. Жаңа шығатын закон осы қазақ баласының жолын – правосын
жоқ қылмақ.
18 июньде төртінші думада закон болып шықты, Самарқанд облысында
қазына су шығарып, арық тартқан, бұрын шөл, енді егін, мақта салатын
жақсы жер христиан дініндегі ғана адамға берілсін деп. Күні бүгінге шейін
қазақтан артық, қазына жері деп мұжыққа һəм шаруасы мұжық шаруасы
сияқты мещанға жер берілуші еді. Жəне переселенге жер алғандай кедей,
бишара, сорлы мұжық қайда барып күн көрер деп алушы еді. Енді бұл
бишара мұжық табағына орыс патшалығы христиан ортақ болды.
Өтірікшынды араластырып бетке перде ұстап жүрген, бишара мұжыққа
мұнша кісіні ортақ қылғаны қалай?
Думаға кіргізген закон жобасында жерді бермек еді, орыс облысына, мұның
ішінде православный діндегіге ғана. Қазына жері бишара мұжыққа берілуші
ед бұрынғы закон арқылы. Енді бишара мұжықтан алған жерді
православный ғана адамға беремін деген ғаділдікке дұрыс емес, дін
белгісімен жер алатын кісі бөлінбесін деп Волков, Виноградов думада
сөйлеп қарады. Бұл екі депутат сөзін демеген болып октябрист граф
Капнист закон жобасын түзеткен болып православный орыс баласы
христиан дініне айырбастады. Осыны дума көбі мақұлдады. Осылайша
бишара мұжыққа күндес молайып қалды. Бірақ бұл жер алатын право
бүгінгі жер иесі қазақта болмайды. Бұрынғы законда қазақ жерін бишара
мұжыққа деген еді. Енді неге православный орыс баласы деп закон
жобасына жазылған.
Түркістанда көп қызметтен қалған чиновниктер бар екен. Бұлар қазақ
жеріне ғашық екен. Закон жобасы осы бишараларды жұмбақтап
«православный баласы» қылып жерге бишара мұжықпен ортақ қылмақ
екен. Сөйтіп қазақ жері сияқты май көрінгенде Түркістан төрелері тонды
айналдырып киіп бишара мұжық болған екен. Хохол жұртының жақсы
мақалы бар, қай діндесің деп хохол жұртынан сұраса, бұл бишара жауап
берген екен: «Май берген діндемін», – деп. Закон жер христиандарға ғана
беріледі деп шыққан соң, Түркістаннан басқа жерден де май жейтін хохол
табылады ғой. Өткен жылы үшінші дума тарқады. Дума өз үйін түзетуге
ақша бермек болып, закон жобасы қаралған еді. Сонда қазақ депутаты
Мақсұдов сөйледі: «Сіздер думаның үйінің төбесін түзетеміз деп
отырсыздар, əуелі думаның өз төбесін түзетіңіздер. Түркістаннан қазақ
жерінен бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл
Мəскеу депутаты Шешкин осы жоғарыда жазылған закон қаралғанда
сөйледі: «Бұл қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзіне Забайқал, Харьков
депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь»
асқақ законын түзеу керек» деді.
Қыр баласы
Басқармаға хат
Жер жайынан
Біз Семей облысы: Павлодар уезі, Тереңкөл, Мұздыкөл атында екі ұлыс
халық бұрын Тереңкөл атында жалғыз ұлыс болып, жақында ғана екі ұлыс
болсақ та жеріміз бөлінбеген себепті жер хақында жұмысымыз да, бірімізде
сұрауымыз да бір. Қазір Мұздыкөл жағындағы тоғайлар дачаға,
араларындағы жақсы жерлер переселендерге кетті. Сондықтан Мұздыкөл
болысының халқы бек қиындықта. Тереңкөл ұлысының халқы жалаңаштау
болса да өздері күн көріп тұр. Бірақ Мұздыкөл халқы Тереңкөл ұлысына
барып орнасарға жетерлік орын жоқ. Жаңа крестьян правосымен жер
кестіріп, отырықшы болмаса, қазаққа деген жер де жоқ болса керек!
Переселенге қыстауы кетіп екінші жерге, екіншіден үшінші жерге шақты
құрылып жүрген бөдене-адамдарды көп көріп көңіл қайтпай бола ма?
Бұрын жердің байтақ – бос уақытында кейбір мұсылманша болса да газета
оқитын адамдарымыз: «жер осылай тұрмайды, арамызға басқа жұртты
түсірместей, бірыңғай жатуға қам қылып, жер алайық!..» десе де оған басшы
болған болса да арамыз болмаушы еді. Əсіресе Тереңкөлге қараушы бұрын
болса, бұл күнде қажы болған бір адам, тағы оның бір інісі: «кажит-мажит
сөзі не нəрсеге жарады, қала салсаң орыс болғандарың ғой!..» деп қала
салдырмады, қазаққа норма деген нəрсе шыққанда қала салып тұрмаймын
деп жер алуға бұл екі адамның көңілі болмады. Бұл екі адам бұл уақытта да
бар, басшымыз да осы екеуі.
Норманың да түбі бос секілді көрінеді: «Қазаққа мал оттайтын жер керек,
тəуір жерлердің артығын норма бойынша ала береміз, сонда да қазақтың
өзіне жер қалады» деп ара-арамыздан жер тілеп екі ауылдың арасы
мұжықпен толды. Бір анаған да, мынаған да көнбей жүріп мұндай халге
келіп жеткен соң бағанағы екі кісі онда-мұнда шапты. Бұл күнге дейін еткен
нəрсе жоқ. Переселенге жер алатын төре һəм бөтен бірнеше бастықтар:
«қазақша бұрынғы ескі түрменен тұруға жан басына 30 десятина жер беруге
облыста бітім жасалды. 15 десятинасы оңды, 15 десятинасы орташа. Тағы
бізге таңдап əлігі айтылған мөлшер бойынша жер кесіп бермей тұрып енді
бізден жер алмайтұғын болды. Бұл бітімді корпус та ұнатты. Губернатор
пəлен жұлдызда келіп орнастырмақшы..!» деп осы кісіміз айтып келіп
жұртты бірнеше қабат қуантқан еді. Бірақ бұл күнгеше губернатор келген
жоқ. Жыл сайын бірнеше участка алына береді. Біз енді осы «орнастырар,
орнастырар!» деген сөзге алданып жүріп ата-қоныс мекенімізден айырылып
жерсіз қалуға айналдық.
Міне осы 1913-ншы жыл февраль жұлдызында айтылмас басшымыздың
біреуі Петербургқа барған. Онда баяғы өзіміздің генерал губернаторымызға
жолыққан. Дума өз алдына тұрсын, мұсылман фракциясына барып не бір
пікір алуға, не бір пікір беруге қолынан келмеген. Бірақ генерал
губернаторды шақырдым, иншалла, «орнастырар» деп қайтып халықты
қуантқан еді. 14 ншы майда губернатор келіп, халық жиылды. Губернатор:
«мұжықша жан басына 15 десятинадан жер алыңдар, болмаса қазақша
байтақ жайлап тұруға жер жоқ» деп кетіп қалды.
Бұл күнде біраз күн көріп тұрған жерімізді гидро-техниктер бұрғылап
учаскеге лайықтап жүр. Мұжыққа беретін 15 десятинаға көнсек жер беретін,
көнбесек жер жоқ. Халіміз осы.
Ардақты білімір азаматтарымыз «Қазақ» газетасы арқылы бізге кеңес берсе
жарар еді. Кіндік кесіп, кір жуған жерімізді мұжықша отырықшы болып
қала салайық па, яки бір жаққа ауайық па? Əлде басқа сұрануға орын бар
ма?
Рахмет Ілиясұлы
Қала болған қазақтар жайынан
Қапал уезінде арғын қазақтарының ерге мұрындық болып, қала болуды
сұранып жүрген 64 үйі өздеріне «Қарамола» деген жерден жер кестіріп
алған еді. Инженерлер келіп қаланың орнын, һəм оның ішінде
мешітмедресеге деп біраз жер пішіп кеткен еді. Бұл қазақтар сонда егін
салып, тамдарын қалап, мұжықша Жаһудшыл – тірі боламын деп қимылдап
еді һəм мұжық тəртібінше старосталарын да сайлап қойған еді. Бірақ олар
қамданғалы үш жыл өтіп барады. Жөндігіп кеткен бір істері көрінбейді.
Қала болғаннан бері өз араларында дау-жанжал, араздасу көбейіп кетті.
Көзге толық там да салғандары көрінбейді. Бұрынғы лас тұрмыстың иісі
бұлардан əлі аңқиды. Мал қорасы, астық сарайы, қақпа секілді мəдени
тұрмыстың мың нұсқадан бір нұсқасы жоқ. Егінді де тек немқұрайлы
қалыбында салып жүр. «Жер тарылды, малдың өрісі құрыды» сондықтан
оңды жерлерімізге өзіміз «қала болайық, үйтпесек қазақ жұрт бола
алмайды...» деп жүрген қазақ жастары солардың халін тексеріп қарап тұрса,
мəдени тұрмыстың жайын айтса, олардың қаласына барып бес-он күн
жатып, ол бейшара бауырларына сөзбен болса да демеурін берсе, кім біледі,
олар мəдени тұрмысқа үйреніп кетер еді. Ə дегенде ескі тұрмыстан жаңа
һəм жат тұрмысқа жатырқамай үйрене қою оңай емес.
Енді үкімет кісілері бұларға өз беттеріңмен жеке қала болып отыра
алмайтын көрінесіңдер, дау-жанжалдан бір арылмадыңдар. Сондықтан
сіздерді құрдың боғындай бытыратып он үйден орыс қалаларына қосамыз,
яки орыстарды сендердің қалаларыңа орналастырып, соларды басшы
қыламыз. Сол уақытта сендер, олардан көріп дүниеде қалай тұру керек
екендігін үйренерсіңдер деп жатыр.
Бұлар қала болса да жаз жайлауға шығып жүр еді. Енді «мұжық болған
қазақтарға жайлаудың керегі жоқ, олардан жайлау алынады» деген сөз
шықаннан бері бұларды» салы суға кетіп сасып тұр. Кейбір шолақ
ойлылары қайтадан қазақ қалпына шығамыз деп қопаңдап тұр. Қала болған
қазақтардың жайы осы. Сондықтан бұл жақтағы қазақтарға қала болыңдар
дейтін болсақ: «Қала болған арғындардың да шекесі қызарған жоқ!» деп
жауап қайырады.
Қ.С.
Ішкі хабарлар
Көрген-білген
Ақмола уезінде аға сұлтан болған Ыбырай Жақбай баласы мен Арыстан
төре Құдайменде баласы Ақсүйектікке жазылып, екеуіне мəңгілік жер
бекітіп берген екен. Бұл кезде Ыбырай балалары атасынан қалған мирас
жерлерін пайдаланып отыр. Арыстан төренің балалары ақшаға қызығып
атасынан қалған 530 десятина жерін 1894 жылы Ақмолада Кудрин деген бай
орысқа 15000 сомға сатып жібереді. Жері Ақмоладан 55 шақырым, Нұра
бойында егіндік, шабындық аралас тəуір жер. Бұл күнде Арыстан төренің
бес баласы жерінен айырылып өздерінің ақымақтығына іштеріне удай
күйіп, кедейлік қамытын киіп жүр.
Қазақ өз билігіне тиген нəрсенің қадірін қалай біледі?
М.Д
Жауап хат
26 нөмірде «Қазақ» Семей облысы Павлодар уезі Тереңкөл һəм Мұздыкөл
болысының қазағының жер жайын басты. Хат иесі Рахмет Ілиясұлы
жаланың бəрін жұртты бастап жүрген екі қажыға жауып отыр. Бұлар жер
мол уақытта қала болып, мұжықша жер алалық деген адамдарға көнбей, 15тен ер басына жер алмай, қазақша көшпелі деп 30дан жер аламын деп арам
тер болып, енді тағы баяғы 15-тен қалды деп. Бұл екі қажыда жазық аз.
Бұлар қазаққа 30 емес, 300 жер тисе көп дей ме?
Тереңкөл һəм Мұздыкөлге ер басына 30 десятина шығарған орыс
производитель работы Заборовский. Бұл қазаққа 30-дан жер бермек
болғанда көшпелі норма қыстау жерінде ғана үй басына 150-190 десятина
еді. Айналдыра салса бір үйде 3 ер болады. Тереңкөл, Мұздыкөлде осы
нормамен деп көшпелі жер қалдырса, ер басына қыстау жерінен 50-60
десятина жер берілетін еді. Жайлауда үй басына 30 десятина өз алдында.
Тереңкөл һəм Мұздыкөлге шыққан Щербина нормасы деген осы еді. Қазақ
сыбағасына бұл жерді қалдырса, қазақты қыстауынан көшірмесе, қазақ егінпішенін алмаса, қазақты қуып тастайтын бергі жылда шықты. Мұжыққа жер
кесу қиын болды. Заборовский қазақ дауласпасын деп, жұмысты оздыру
үшін саған ер басына 30-дан жер бекітіп беремін деп жұртты бастаған екі
қажыға торғай байлаған ақсақ қарға қылып 30 десятинадан шырға тікті.
Бұған 6-7 жыл болды. Қазаққа 30-дан жер берілсін деген закон, жол жоқ.
Қазақ жерінен жанын жалдап, тамақ үшін жүрген орыс беремін дегенмен,
30-дан қазаққа жер беріле ме? Осы шарғыға екі қажы белдемшеден түсті.
30-дан жер алатын қазақ «өзге жерді не қылсаң о қыл» деп жер кесетін
төренің қолын босатты. Бұған қазақтың 30-дан жер алғаны, алмағаны
бəрібір. Омбыда генерал-губернатор, Семейде областная временная
комиссия қазаққа 30-дан жер беретін дос, екі қажыны алдап қойып, анаумынау деп жерді ала береді. Қазақтан бір дыбыс жоқ, қыстауға, егін-пішенге
Заборовскиймен ешкім таласпайды. Мұжық қолында не бар деген бір кісі
жоқ. Тереңкөл, Мұздыкөл уағы асатпайтын майға қақалып отырғанда жер
заманы өзгертілді. Қазаққа көшпелі деп шығарған норманы көпсініп, кесіппішіп қуартты, 15-тен талай қазақ жер алды, қазақтың қадірі кетті. 15-тен
жер алған қазақ көбейсе Тереңкөл, Мұздыкөл уағы 30-дан жер алатын
орыстың еркесі ме еді? 15-тен алып мұжық бол, əйтпесе бұрынғыдай жау
қолына түскен бойда отыра бер, жеріңді күн сайын тартып аламыз деп
отырған жай осы.
Бұл Тереңкөл һəм Мұздыкөл жері туралы екі қажының жазығы аз. Қанша
ұзын болдым десе де адамның бой шарығы белгілі. Бұл екі қажының
орнында өзге қазақ адаспас еді. Жалғыз жүріп өз басын қорғаса, кісі бəледен
құтылады. Көппен жүріп өз басын қорғаймын десе, көпті құдыққа тығады.
Көп мақсаты иін тіресіп, тізе қосып, бір жүрсе табылады. Жер дауы – тəмам
5 миллион қазақ дауы. Бір жерде қазақ 15-тен, бір жерде 30-дан алам деп,
əркім өз пайдасын қуып іс қылып, Тереңкөл һəм Мұздыкөл уағының кебін
киіп қалады. Қазақ ала, арамза, шабан болған соң шығынмен қылатын
жұмысын еппен қылып отыр. Қазаққа 15-тен жер берілсін деген закон жоқ.
Қазақ өзі егінмен шаруа қыламын деп, 15-тен алса, қазаққа мұнан көп жер
керек дегеннің жөні бар ма?
25 мартта 1891 жылы шыққан Степное положениенің 120 статьясына
қосымшасында қазақтан артық жерді алмақ. Бұлай болғанда əуелі қазақты
орнықтыру керек емес пе, қазаққа жерді белгілеу керек емес пе? 15-тен
алсаң жер белгілеймін, қазақ болып отырсаң, жерден күнде көшірем деп,
қазақты күнде көшіріп отыр. Өстіп жұртты билеген патшалық бар ма екен?
Біздің патшалық конституциялы емес пе, біздің патша қол астындағы
адамның бəріне бірдей əділ емес пе? Біздің қазақ жерінен күнде көшіретін
не жазып еді? Бұл жұрт жұмысын, жұрт болып іздемейтін бе еді? Əр жерде
əр қайсың аяғын ат басқан баладай шыңғырмай.
Енді бір-екі ауыз сөз көшпелі һəм отырықшы норма туралы. «Айқапты» һəм
«Қазақты» оқушылар көріп тұр, біз қазақ жұртына ақыл берушілер екі
бөліндік. Біріміз қазаққа түк те болса олжа, 15-тен жер ал дейміз, біріміз
бұған жуыма, түк олжа болып не болады дейміз. Сөз айыр шықты деп
əдепсіздік көрсеткен де бауырым бар. Талас дүние ғұмыр сипаты, таластартыс жоқ болса дүние абақты болар еді. Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға
саңырау да айып.
Қазақ 15-тен жер алып, қала болып отырса, ілгері басып, оқымысты болып,
шебер болып, Еуропа қатарына кетеді екен. Бұл Орал облысында һəм
уезінде Шідерті һəм Жымпиты болысының 15-тен жер алғандағы жұртқа
айтқан сөзі. Осы сөзді Рахмет Ілиясұлы теріс көрмесе керек. Шыңғыс хан
дүниені алды, артында түк белгі қалған жоқ, Ақсақ Темір дүниені алмаса да
артында Самарқанд, мешіт-медресесіндей белгі қалды. Шыңғыс көшпелі,
Ақсақ Темір отырықшы, енді бұған не дейсің, қазаққа 15-тің қамытына
жуыма деген мырзалар деп, біріміз айтамыз?
Бұрын адам аз, жер көп болған, мұны біздің қазақ өз көзімен көріп отыр.
Жердің көп-азына қарамай, жердің ауасына қарай адам баласы мал баққан
иə егін салған. Жер көп болып, мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен
бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің ауасы егінге қолайсыз болса, мал
шаруасын ұстап отыр, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған.
Бұған мысал Еуропада Швейцария жұрты, жері Түркістан, Алтай,
Алатаудай ғұмырында қар кетпейтін биік тау малға жақсы, егінге жаман,
адамы отырықшы болып қалада отыр, шаруасы мал бағу. Жер аз болған соң
малдың басын азайтып, сүйегін асыл қылып, мал бағып тіршілік қылып
отыр. Қадағын 80 тиын, бір сом 20 тиын біздің орыстың қаласында ірімшік
осы Швейцария шығарған болады. Австралия жері біздің қазақ жері секілді
шөл, топырағы жасық болған соң, Австралия жұрты қой бағып, мал
шаруасын қылып отыр. Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен
жүзіп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала
болып отыр. Самарқанда тұрған Заравшан өзенінің екі жағы биік тау, өзенде
отырған ел суға құлаған соң, малды тау белдеуіне жайлауға бағады, қар түсе
қайта малымен бауырға түседі. Мұнда да жеріне, жердің ауасына қарай
шаруа: сайда егін, тауда мал бағу.
Көшпелі деген сөз мал бағатын шаруаны түгел жаппайды. Қала болып
отырып мал шаруасын атқаруға болады. Көшпелі мен мал шаруасын бір
қылып қосақтап отырған үкімет осылай етсе, өзіне пайда шығатын болған
соң. Қазақ жері – мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан.
Ғұсмания түркі тарихынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы
ауасы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып өзге шаруаға
айналып отыр. Түркістанда өзен бойындағы қазақ өрік, алма, жоңышқа егіп
отыр. «Соқырмен оттас болсаң көзіңді қысып жүр» деген. Адам баласының
ғұмыры үшін қылған шаруасы жерге һəм жердің ауасына байлаулы. Қазақ
жеріне келген мұжық көрші қазақтан асырып отыр. Мұжық жаһитшыл,
мұжық көрші қазақ жеріне мал жаяды. Ақмола облысы, Ақмола уезінде,
Нұра болысында Ивановский деген мұжық қаласының мұжығы егінді
қойып, мал шаруасын қылып отыр. Бұлардың қала, егіні қайда деп
сұрағанда мұжық сөйледі: Егін шықса, астық тегін есебінде қалады, малды
қайда айдасаң да өз аяғымен барады, біз ақымақ па екенбіз, қазақтың
даласында отырып мал бақпай, егін салып, – дейді.
Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен
көп жылдарда ауырлайды. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс
15-тен жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тамақ емес, төре
келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап
жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады. Біз, қазақау, 15-тен жер алмай тұрып, жан-жағыңа қара дейтініміз, қазақ 15-тен алып,
осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды. Мен биыл 15-тен
жер аламын деген болысқа қазақтың орыспен арбасқан комиссиясын
көрдім. Орыс төресі сөйлейді: 15-тен жер алсаң, бекітіп береміз, қазақ
болып көшпелі нормада қалсаң бүгін де, ертең де жерді тартып аламыз, –
деді. Бұ қалай, біз қызыңның қойнынан шығып па едік деген бір қазақ жоқ.
Өзі 15-тен жер аламын деп отырып, маған мал бағуға ащы жер бер деп
сұрайды. 15-тен жер алу парқы егін салып күнелту емес пе? 15-тен жер
алғаның жарайды, отырықшы болады екенсің, Шыңғыс ханнан белгі
қалмаған екен, сен Ақсақ Темір болып белгі қалдырады екенсің, мұның бəрі
жақсы, талапты ерге нұр жауар деген, 15-ті алып отырып ащы жерге мал
баққаның қалай? Қалған ісіне қарағанда «жаман» Шыңғыс хан да, жақсы
Ақсақ Темір де өз заманында жүйрік болған еді, бұлар қазақтың 15-тен жер
алатынын қайдан білсін, 15 десятина үшін бұлардың əруағын қозғамайық.
Отырықшы жұрт шебер, отырықшы жұрт озық дейді, бұл қанша рас?
Міне, Қазан татары, Уфа һəм Оренбург башқұрты отырықшы, бұлардың
қазақтан несі артық тарқы жолында. Арабстанда көшпелі араб тілі неше
жұртқа өнеге. Мал һəм егін шаруасы отырған, көшкеннен болмайды, жеріне,
жерінің ауасына қарай болады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа
өзгертілді. Жапон жұрты бір үй болып шелекке дерттеніп, таң ата сатып
жібереді, бұл күріш егетін жерді қуаттандыруға керек. Жапонда адам тезегі
де ақша. Мұнда кісі қызмет қылмаған алақандай жер жоқ. Мұнда жаһитшіл
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.