Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04

Total number of words is 4160
Total number of unique words is 1770
31.0 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
50.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ақшасын арыз жаздыруға береді. Мұнан соң облысной бұйрық қағаз келеді,
судияның бітімі бітім деп. Сонан соң, бұрынғы судияның бітімі бойынша
төлейді, қазақ бишараның білмей өзіне залал келтіретіні мынау: сол жер
сатып орыстан ақша алған уақытта өзінің, қолындағы қойларын яки
қаншаларын базарға сатса да орта бағаменен ақша болар еді. Қазақтар
ойлайды аз бір қолдағы малдарды сатқанша жарым бағасына жер сатып,
ақша алайық, дейді. Егер егін шыққан уақытта бір айғыр үйірі яки он шақты
сиырлары барып түссе егінге, манағы өздерінің жер сатып алған ақшасы
төлеуге жетсе жарар еді. Өз жанынан қанша ақша қосып береді. Пайдалы
болар еді, егерде осы қазақтар жерлерін орыстарға сатқанша, өздері сол
жерлеріне егін салса жəне оларға көрсетіп үйретіп, түрлі жұмысты жақсы
кісіні қарауға қойса.
Гамрохов, Павлодар уезі Урукков болысының қазағы
Қазақ жері
Патша ағзам хазіреттері мархабат етіп 1806-ыншы жылда Кіші жүз
қазақтарының бəріне тиісті һəм жеткілікті, мол қылып жер, су берген еді.
Олардың шаруаларына қатты керекті нəрсесі болғаннан кейін əр қайсы
тұқымды руларына қарай жан қисабы менен мал қисаптарына лайықтап
жер-су алысып отырса керек еді. Дəл осы айтылғандай рулары мен
тұқымдастар əуелгі 23 жылдың ішінде Орал жағынан қазақтардын өздері
Қамыс даласына ауып келген мезгілдерінде бұзылмай тұрысқандар еді.
Бірақ Кіші жүздің қазақтарына ең соңғы бас болған Жəңгір Бөкейұғлы
қазаққа тиісті жерлерді өзінікіндей қылып тұта берген. Сол жерлерден 400
десятина жерді өзіне қаратып алған, ғайри басқа жерлерді сыйлап берген
яки сатқан өздерінің туғандарына яки жақсы көретін адамдарына. Соның
үшін қазақтар өз жерлерін өздері арендаға алысып, пұл төлесе керек еді, сол
жерді алып қойғандарға. Сонан бері қарай жер-су деген нəрсенің өзі
қазақтың бір қатты қиын ісі-дүр. Дəл осы күнде сұрап тұрғандар еді,
қазақтарды бір түрлі төрге салмақшы болысып. Соның үшін тез уақыттар
ішінде болар-болмасы яки қашан рұхсат беріліп қалары анықталса керек.
Шаруа турасында
Жерінді сақта. Оны жаман етіп ұстама, сонда ғана көбірек, өсімтал болып
саған тауып береді. Көбірек жаһұт етіп жеріңнің үстін жұмыста, оны
тереңірек һəм қопсытып жырт, сонда ғана саған молырақ һəм маңызды егін
өсіріп, тауып береді. Егін егу үшін жақсы тұқымды таңдап ал, сонда ғана ол
өсімтал болады-дүр. Малыңды ая һəм асыра, сонда ғана ол саған ұзағырақ
қызмет қылады. Жұмысыңның бəрін де уақтысында істе, өзіңнің
уақытыңды босқа жібермес үшін. Тазалығыңды байқа, тазалықта тұрсаң
сау-саламат боларсың. Жерге егін салатұғын саймандарыңды күтіп тұр,
бұлар жерді жақсы жыртып һəм жұмысты оңай етеді. Өзіңнің қиналып
жұмыс қылып тапқан ақшаңды сақта, мұны бет алдыңа өзіңнің қызығыңа
зиян келтіретұғынға яки керегі жоқ қызық орындарға жұмсама. Ағашты
сақта, айналаңа ағаш ек. Ағаш құрғақшылыққа да болысады һəм отқа да
тоқтау қылады. Жаһұт еткен пайда келтіретұғындардың бəрінен де пайда
алмақты, шаруаның ішіндегі бір нəрсең тегін өлмесін, баршасы да бірі
болмаса біріне жарап тұрсын. Шаруа турасынан жақсы ақыл айтқанды
тыңда. Не үшін десеңіз, бұл айтқыштар саған жақсылық болсын деп
қамқоршылық етеді, сенің күй-жайың артылсын деп, сенің қылған
жұмыстарыңның түбі қайырлы болсын деп. Жақсылық үшін айтқан ақылды
тыңда. Мұның себебі бұ-дүр, «бір ақыл жақсы, екі ақыл артық».
Бұлайша деп мақалдар айтады.
Қазақ халқының арасында егін егіп тəрбие етпектің мəслихаты
Жыл сайын Дала уалаятының ішінде тұрған болыстарға Россияның ішкі
жағынан мұжықтар көп көшіп келіп жатыр. Бұл себептен оларды
орнықтырмаққа бұларға патшалық бос жерден һəм үшбу уақытта қазақтар
тұрған қазақтың жерінен жер бөліп берерге керек болады-дүр. Жаңадан
көшіп келген мұжықтарды орнатпақ үшін бұлардың шаруасына тиесілі
жақсы, сулы, ағашты, шөбі көп өсімтал жерді һəм ынғайлы жүретұғын жолы
бар орындарды оларға сайлап бөліп берерге қажет-дүр.
Дала уалаятының ішінде тұрған облыстарға көшіп келетұғын мұжықтардың
көп, аз мөлшерін күні бұрын болжап білуге болмайды. Ішкі
губерниялардағы адамдар өсіп көбейе берген сайын һəм бұл жақтағы
жерлер азая берген сайын олар ықтиярсыз, амал жоқтықтан Россия
патшасының қол астындағы бос жерлерге қарай ұмтылып, көшіп жүре
береді. Бұл себептен үшбу уақытта қазақтардың пайдаланып тұрған
жерлерінің азды-көбі ертелі-кеш көшіп келген адамдарға һəм мұжықтарға
бөлініп берілсе керек. Көшіп келген адамдарға бөлініп берілетұғын жерлер
қыр даласының кеңдігіне қарағанда онша көп емес. Сонда да мұншалық
азғана пайдалы жерлерін алған соң бағзы бір ауылдарға бұрынғысынан гөрі
қысылшаң болып қалады. Жақын арада Ақмола обласный мекемесінде
Тайынша болысының қазақтарының арызын тексеріп қараған екен. Бұл
арызды берген екен, көшіп келген адамдарды орнатпақ үшін біздің 78 354
десятина жерімізді алып қойды деп. Бұл арызын анықтап, тəптіштеп
қараған соң құрмет қылмай, аяқсыз қалдырыпты. Мұндай аяқсыз
қалдырғанның себебі бұлай еді: бұл қазақтардың қолында əлі де болса 327
177 деся тина жері қалады екен. Бұл қалған жердің 292 326 десятинасы мал
бағып һəм егін салуына жарайды екен. 12 940 десятинасында ағаш өсіп
тұрады екен. Енді тағы да былайша есеп қылғанда, үй басына 316
десятинадан, бір еркек адамға 100 десятинадан һəм бір малға 13 деся
тинадан келеді екен. Бұл айтылғаннан мағлұм болады, неше жылдай көшіп
жүріп үйреніп қалған жерін бөліп берген соң қазақтар аяп, қайғыланып,
қапаланып қалады. Енді не қыламыз, мұндай жұмыстарды халықтың
пайдасы үшін қылғаннан басқа, əр адам жай əділетшілік жөнінде ойласа
жарайды, бір патшаның қол астына қараған бағзы бір адамдар бір жапырақ,
кішкентай жерменен күнін көре алмай, қарекет етіп пайдаланып тұрса,
бағзы бір адамдардың кісі басына 100 десятинадан жері болып тұрса.
Қазақтар мал бағып өсіріп, көп жерлерді билеп үйреніп қалған-ды. Енді
қазақтардың жері азайса шаруасының реті де ауысса керек. Яғни аз жерден
шаруасына керекті көп пайдалар тауып, алса жарайды. Мұның екі жолы бар,
яки бұрынғы көп малдарын асырамақ үшін аз жерлерін өңдеп, өсімтал
қылса жарайды, яки аз малдарын жақсы өсімтал тұқымнан жинап алса
жарайды, аз да болса көп пайдалы болып өсіп-өніп тұрмаққа. Бұл жолдың
қай жолын қазақтар таңдап алса да, бір-бірлеп егін еккен шаруасына
үйренуі керек. Неге десеңіз, мұндай қылмаса жерді де, малды да жақсы
өсімтал қылып болмайды. Егерде егін екпекті көңіл қылсаңдар, мұның реті
оңай болсын десеңдер, күні бұрын қамдап қолға аларға керек. Неге десеңіз,
істі ұзаққа қалдыра берсеңдер қыр даласы тарыла береді, жақсы жерлерді
жақсы, пайдалы жұмыс қылған адамдарға беріп жібереді. Қазақтардың
«жерлерімді алып кетті» деп берген арыздары көңілді ерітіп, жібіте қоймас.
Неге десеңіз, егерде екі адам жермен харекет қылып тұрамыз десе, біреуі он
қабат аз ғана жер сұраса һəм жақсы пайдалы етіп тұрамын десе, онда бұл
адамға құрмет қылып көбірек ықтияр берсе жарайды. Жоғарғы айтылмыш
себептерге қарағанда қазақтар көбірек жаһұт етіп, аңдап байқаса жарайды,
егін екпек шаруасына үйренбекті, өзінің күй-жайының қамын ойлап,
арттырмақ үшін. Ноғай, сарт, дұнған, тараншылар көшпелі əдетінің бəрін
қалдырып, шаһарда тұрады. Мұның ішінде тұрып тыныштықтың, жылы
үйдің əр түрлі тамақтың, киімнің, денсаулықтың, ақылдың мəн-жөнін һəм
тиянақты хал-ахуалының рахатын көріп өмір шегіп тұрады. Дала
уалаятындағы қазақтар ғана көшпелі болып қалып тұрады. Қазірде бағзы
бір қазақтар сұранып арыз беріпті қала тұрғызбаққа жер бөліп бер деп.
Қазақ халқының кімде-кім егін екпекті, бақ, ағаш шарбақтың ішіне əр түрлі
нəрселерді һəм тоғай ағаштарды егіп, өсірмекті қаласа Дала уалаятына
тиесілі низамның 125інші статьясындағы айтылған бойынша ықтияр
болады-дүр. Бұл статьяда айтылған «кімде-кім жерлерді, өңдеп, жұмыстап
өсірсе һəм ағаш ексе ғұмыр бойынша өзінікі болып қалады» деп.
Қазақтардың ілгері басып көтерілуіне, гүлдеуіне əр бір жолдары бар, егерде
бұл халықтар өзінің жайбарақатшылық еріншектігін тастап, кейінгі
заманның қамын ойлап ұмтылып жаһұт етсе.
Қазақтардың жерлерін арендаға жалдаған хисасында Ақмола
облысының оңтүстік жағында
Соңғы жылдарда Ақмола облысындағы оңтүстіктегі екі ояздың
қалаларындағы тұрған халықтар жерінің қадірін бек жақсы білетұғын
болды, 189-інші жылы ашыққан халықтар үшін Ақмола оязында астықты
көп сатысып алған себепті. Əсіресе бұл ояздың жеріне егін жақсы болып
шығатұғын себепті. Қазақтар егінді онша көп екпейтұғын себепті,
жұмыскерлер арзан болған себепті жерін арендаға жалдағандар арзан
(десятинаның бағасы бес тиын) болған себепті, бұл жақта егін екпек
қарекеті көбейіп пайдалы болып тұрады.
Бір десятина жерін жыртқан, сепкен һəм арзан ақысы облыстың оңтүстік
жағында 20-25 теңгедей болады. Егін орта болып шыққанында бір
десятинадан 80-100 пұттан астық алынады. Егерде жақсы болып шықса,
əсіресе Ақмола оязында əр қашан 200 пұттан астық алы нады. Орта бағасы
бидайдың пұты 70-80 теңгедей болады.
Көбінесе тың жерін жыртып егін салады. Мұнан соң кейінгі жылы жерін
бекерге қалдырды. Арендаға жалдаған жерінің ақысы арзан болған соң бұл
шаруаның арасындағы өзге шаруадан гөрі пайдалы болып тұрады.
Əрине мұндай болып ұмтылып шаруа қылып тұрған соң жерін бек көп
қажет қылады һəм бұл себептен қазақтардың жерлерін көп уақытқа жалдап
алады. Қай шақта 30 жылға шейін жалдайды. Бағзы біреулер мың десятина
жерін жалдап алған-ды. Темір жол келген соң астықты өткізіп жіберуге оңай
болса керек. Бұл себептен қазақтардың жерлеріменен пайдаланып қарекет
қылғандар көбейсе керек һəм облыстың оңтүстік жағында өз алдына
жерменен пайдаланған көпестердің шаруаларындай шаруалар орнаса керек.
Қазақтардың жерлерін арендаға жалдап алмақ закон бойынша онша да оңай
емес. Сонда да ебі табылып келе жатқан еді һəм ебі табылар деп ойлаймыз.
Мұндай шаруаның жайы жақсы болған соң барша халықтың нəпсісі жерін
жалдап, егін салмаққа тілеп кетті. Енді өзінің жерлерін жыртпай кейінгі
уақытқа тың сақтап қоймақ үшін, мұжықтар да жерін жалдап алатұғын
болды. Тағы да шығарып сатпақ үшін бай казак-орыстарда егінін көбірек
ұмтылып егетұғын болды. Ең ақырында көпестер де, мещандар да,
чиновниктер де һəм өзге ғайри бөтен адамдар да егінші болып кетті.
Халықтың бұлайша қылған жұмысының ретін ұлықтар байқап, аңдаған екен
һəм үшбу жылы Атбасар оязының егіншілері жұмысын жұмыстамаққа
даярланып тұрғанының алдында қазақтардың жерлерін арендаға
жалдағанда законге муапиқ қылып жалдамайынша, қазақтардың жерлеріне
егін салмаққа деп барша егіншілердің қолынан подписка алыныпты.
Қырдан келген хат
Рас, өзімізге онша лайықты болмаса да, өз қазағымызды өзіміз кемсіткендей
болсақ та, біраз тиістісіне қарай пайда жүзінен айтқан адамдардың сөзін
жерге тастамасақ керек. Тастамағаннан мұрат құлақпен есітіп қана қоймай
қолдарымызбенен де істесек керек. Сол көмектес адамдардың айтуы
бүгінде теріс көрінбесе де, соңы теріс көрінбес. Оған дəлел болатұғын
істердің шетін көріп көбіміз мойынға да алып келе жатырмыз ғой. Біздің
қазақтың жақсы көретұғын сөзі малды бақ деген сөз болса керек. Бұл сөздің
өзін де онша жақсы көрмей бара жатыр. Жақсы көрмеген себебі пішен шап,
егін сал, сабанын сақта дейді. Жаз бойынша қызмет қылса керек, қалтасы
болса, ақшасы шығын болады. Мал шығыны қисап емес, қазақ газетіне
Василий Прокопович Михайлов деген жазды, анық көрсетіп. Ілгергі
уақыттарға да дүниеде неше түрлі нəрсеге қайла, машиналар бар адамның
ішіне, жан-жануардың ішіне машина қайламенен тамақсыз тойғызып
қоятұғын саймандарды жасалып біткен жоққа көрінеді. Малды қалайша
бағып өсіруге жазғандарды оқып, біздің қазақ халқының бағзылары малды
жұттан сақтамақтың амалы деп, қапылым газеттен көргенді шөпсіз,
тамақсыз қайла екен деп қуанып қалады, міне қызық.
Жоқ айтқан ақыл біздерге жалқау болмай шөп шап, егін сал дегені, өзімізді
бағаламаған соң үйреткені. Бұл турада бір мысал келтірейік, Омбы оязында
екі көл бар еді. Шарбақтыкөл, Қоскөл. Бұған панасынбай халық ішке өтуге
құмар болып кетті. Себебі іште шөп қалың шығып, шөптің бейпілдігінен
пішеннің ішінде көшіп əрлі-берлі жүрсе де, күзге шейін тез шауып алушы
еді. Ол көлдердегі қырмалау болып ұзақ жұмысқа кетуші еді. Қазірде
ерінбейтін ішкі Россия адамдары келіп, былтырғы жылы малдың басып
кеткеніне қарамай һəм шөптің аз шыққан жылына кез келгеніне қарамай,
пісіп тұрған құрақ шөптей көздеріне көрініп шабысып алып қысқы қалдарін
өткізеді. Біздің қазақ халқы шөптің қандайын шабуға, жердің қадірін біліп,
зəру еткен жоқ. Зəру етсе де қадір тұтпайды. Россияның ішкі тараптарына əр
елден бір-бір кісі барып көрсе, халқының қалай жаһұт қылғанын. Жерінің
тығыздығын көрсе. Сонда шүкірлік қылып, ілгері ұмтылар еді. Біздің қазақ
халқының тұрақ етіп тұрған жері үлкен жер һəм көп жер көрінеді,
моллаларының берген сан қисабына қарағанда. Ілгері Василий Михайлов
жазған газеттен оқыңыз, бір малға, бір адамға қанша жер келетұғынын.
Бұған қарағанда, əр болыс елге ішкі Россияда тығыздықта жатқан
адамдардың бір-бір қала салса да жарар еді. Жоғарғы айтылған мал, жер,
адам есебіне қарағанда, ақшаға салып бөлгенде, біздің қазақтан нашар
халық жоқ. Өзге халықтан нашар болатұғыны ғылым, кəсіп, өнер, егіншілік
қылатұғынымыз бек аз болған себепті. Тіпті нашар болып көзге көрінбейік,
азғана көтеріліп, малымыздың шын есебін айтысып, жерінің керек екенін
баян қылысайық, малдың жазғы қонысы күзгі қонысқа, күзгі қонысы қысқы
тебінге жарамайтұғынын айтайық. Осыған лайықты шабынды қыс қыстау,
жаз жайлау һəм қыс малға тебін керек дейік. Малдың жөнін айтсақ
жерлерімізге де қорғау болар еді. Біздің қазақты күнін көрмесін, қысайық
деп жатқан жоқ. Біз оңалсақ, патша ағзам хазіреттеріне өзге жұрттың
халқына қарағанда халқының өсіп-өніп, өнер тауып, байып жатпағымыз
қуаныштан есептеледі-дүр деп білсек керек. Қазынадан тегін ақша сұрап
жеп жатқанша, қорқып малды кем айтқанымен, аз айтқанымен
алымшығынды өз тиесіне тартпай қоймассың. Мал басына салынбайды, рас
мөлшерлеп қалге қарай салынып жатыр, бір болысқа өлшеуліден артық.
Алым-шығын малыңның анығы айтылса да салмайды. Сол уақытта біздің
қазақтың төмен нашарының қалі де екі-үш теңгеге, 4 теңгесіне де келеді.
Мұжық халқының қандай нашар-байлары да бірдей-ақ тартып жүр, төрт
теңге емес, бірнеше артығырақ тартысады. Рас, байлардың қорқуы да, бір
жағынан халықтың күйі де мен нашармын, кедеймін деп иек артып кетті.
Жаны бар адам 4 теңге таба алмас па, тіпті үйсіз-күйсіз, малсыз да үнсіз
дəптерні шығарады, ни зам бойынша байға артық салу керек деп. Сол
кедеймін дегендердің онда иек тартуы да жарамайды. Анық
тепіштемейінше, бұл сөзімнің ақыры бай мен нашарлауы жүзді жасырады,
кедейлерді 10 жасырады. Жоқ бұл жасырғанымыз көп залал. Жерден құр
қаламыз; қайда кетті үш мың, екі мың, бір мың жылқылы адамдарымыз.
Жоқ деп жоғалып қалмайық, атайтынымызды атап шақырғызбайық, күн
бұрын қимылдайық. Бұл жасырғанды ұлықтар білмейді демейік,
мыңмыңды біледі. Тіпті айтпағанда өз кінəсі өзінде деп, жерімізді алады да
қояды. Əне сонда қолменен буып берер едік, мал асыраудың күні өтіп кетеді.
Ғабдолла Шонанов
***
Павлодар оязы ның қазақтарының көбінің қыстап, күздеп отырған жерлері
бұл күнде қызметтен шыққан яки қызметінде тұрған бастықтардың жері
болады. Бұл бастықтардың қазақтардан қалайша хақы алып, рұхсат
қылатұғынын айтып, жазалық? Қазақтардың қыстап отырған үйлерінің
орнына 2 теңге 50 тиын алады, ғайри алатұғындарынан басқа бір шана тал
сатса, оған өзге 40 тиын ақша алады һəм бұларға ұқсас ақы алады. Енді
мұның хисасында бұрынғы Нагорной яғни Боз шөпті жер Тұз қаласындағы
жердің де иесі бар. Бұл боз шөпті жерге дауыл, жауында біреудің бір малы
ығып барып түссе, мал басына бір теңгеден алады. Бұзаудан 50 тиын алады.
Енді бұл Тұз қаланың жері Семейге қарай баратын қара жолдың үстінде
болады.
Қайғылы хабар, қыс қыстап отырған тоғайлы, талды жерлерді мүлдем кесіп
құртып барады. Қорадағы малдар панасыз жерде тұрғанда иықтан суық
өтіп, қотыр болып көп өледі. Əсіресе сиыр малдарымыз мүлдем азайып,
төмендеп кетті һəм Нагорной жерге ұстаған малдарға мал басына кесімді
хақы алады деп мағлұм қылса, қазақ байғұстарға бек қуанышты хабар болар
еді. Жалғыз-ақ қазақтарға тиісті жер даладағы жер. Бұл далаға қазақтар 4-ақ
ай отырады, мұнан соң қайтып келіп қазақ жерлеріне қонады.
Қорабай Жапанов
Қазақтардың жерін қалайша билеп, пайдаланып тұрғанының баяны
Орысқа қарамастан бұрын қазақтардың көшіп-қонып, қыстап жүретұғын
белгілі тиянақты жайлау, қыстаулары болмас еді. Жаугершілік, тынышсыз
заманда қорыққанынан қырдың ішіне қарай, яки шетіне қарай малдарымен
көшіп кетер еді. Бірақ оңтүстік пен күншығыстың арасындағы жайларда
жүрген қазақтардың қашан өзге бір күшті қазақтардың рулары тартып
алғанға шейін белгілі жайлау, қыстаулары болушы еді. Қазақтар кейін бірбірлеп белгілі орнықты белгілі жайларда көшіп жүретұғын болды.
Қазақтарды болыс-болысқа бөлгеннен соң бұлар өздерінің тұқымдас, рулас
аталастарымен бірге жақын тұратұғын болды. Бұл себептен бір оязда арғы
аталары бірге бірнеше халық тұрады. Бір болыста бірнеше аталас рулар
болады һəм бір старшында аралары жақын бір аталас бірнеше ауылдар
болады. Қай уақытта қай бір старшынның ішінде бөтен тұқымдас, бөтен
рулас елден келген адамдар да болады. Бұларды ел ішіндегі деп атайды. Ел
ішіндегі бөтен адамдар өзгелерден гөрі жерден һəм ұлық болудан
кемтарырақ болады.
Жылдың əр түрлі уақытына қарай көшіп-қонып жүруге өздерінің болысына
қараған жерін үшке бөледі: қыстау, жайлау, күзеуге бөледі. Өзге жай ашық
даладан гөрі жылы болатұғын себепті қазақтар өздерінің қыстауларын
таулы, ағашты, қамысты жайларға салады. Қыстау салған жерлерінің
шекарасын бек қатты қадағалап, белгілеп үй иелері бөлісіп алады. Ел
ішіндегі бөтен адамдарға жерді аз бөліп береді. Бірақ бұлардың айбынды
күшті бай адамдары бір аз ғана жер алып, өзге ел ішіндегілер қыстаусыз
қалады. Қыс жақындаған мезгілде бұл ел ішіндегілер қыстауы бар
адамдарға жағымпазданып əр түрлі сый беріп, малдарын бағып күн көреді.
Мұндай күйге байғұс пақыр ке дей һəм нашар қазақтар да түседі. Қыстаулы
жерді билеген кісілер жерді бүтін өзіне меншіктеп алып, бұл жерді жалдаса
да, сатса да һəм өлгеннен кейін балаларына қалдырса да ықтияры бар.
Мұның балалары жерді бөліп алып, əкесіндей болып билеп тұрады.
Қыстаулары бар қазақтар жерлерін қорып бөтен біреудің малдарын
жолатпайды, егін ектірмейді, ағаш тоғай, бақшаларының ағаштарын
кестірмейді. Бұл терең сайға, я ағаштың ішіне қыстауларын, үй-жай,
қораларын салып, құдық қазып, мүмкін болса айналасына ағаш егеді.
Бай, күшті қазақтар өзінің қыстау жерлерін үлкейтпек үшін өзінің кедей,
нашар қазақтарының жерін тартып алады, я болмаса болымсыз арзан бағаға
сатып ала ды. Кедей болған қазақтар əрдайым өздерінің қыстауларын
біреуге сатып жіберіп, қыстаусыз қалады.
Көшіп жүретұғын жайлаулар үшін шөп, сулары мол қыр, дала, таулы
жайларды таңдап алады һəм күзеулері мен қыстауының арасында болады.
Қыстау мен жайлау да бірнеше жайға бөлінеді. Қыстауды бір рулас бас
адамдары билейді һəм жайлауды бір атадан тараған тұқымдары 25 үйден 50
шамалы үйлі қазақтар билейді. Енді ел ішіндегі бөтен адамдар, байғұс кедей
қазақтар һəм күшті бай қазақтар да бəрі бірдей бөліп, жайлау һəм күзеуде
бірге қонып, бірге жайлайды. Бұлардың бəрі жайлау мен күзеуге бірге егін
салып, ағаш, тоғай, бақша егіп һəм ағаштарын кесіп алуға да ықтиярлы
болады.
Жоғарғы айтылғанға қарағанда, қазақтарды екіге бөлуге болады. Бірінші –
ауқатты, бай қазақтар. Бұлардың жайлау, күзеу һəм қыстауы болады. Екінші
– жатақ, жарлы байғұс кедей һəм ел ішіндегі қазақтар. Бұларға бір-ақ
жайлау һəм күзеу тиісті болады.
Кедей қазақтарды жатақ деп атайды. Кедей қазақты байғұс, мүсəпір, жарлы
деп атайды. Бұлар бар малдарынан айырылып, байға жалданып көшкенқонғанда байлардың, ат, түйесімен жалғасып бір жерде жатып қалмастан
бірге көшіп жүреді. Егерде кедей қазақтар бай қазақтардан бөлініп бірнеше
айдай бір жерде жатып қалса яки бір қаланың қасына орналасса, сонда ғана
бұларды жатақ деп айтуға болады. Бұл себептен қырдағы жатақ пен
қаладағы жатақтың арасының көп парқы бар.
Қырдағы жатақтар жайлауда яки күзеуде тұрып кіре қылып, егін салып күн
көреді, орысқа шөп шабуға, егін салып, егін оруға жалданады. Егерде бұлар
егін салып тұрса, егінші деп аталады. Бұлардың ыңғайлы жерге егін салып,
үй тұрғызып алуына ешкім тоқтау қылмайды. Бұл себептен қырдағы
жатақты жері жоқ деп айтуға болмайды.
Қаладағы жатақтар жұмыскерлікке жалданады. Егерде өз шаруасымен күн
көргісі келсе, онда мұжық пен орыс-казактан жер жалдап алады. Бұл
жатақтардың жері болмайды һəм қазақтарға барған күнде де бұларға жер
тимейді. Мұндай жатақтар жерсіз қалып əрдайым өзге адамдардың жерін
жалдап алып, күн көреді. Мұндай себептен жерсіз Омбы оязының қазақтары
казак-орыстың 150 мың десятинадай жерін жалдап отырады.
Үшбу жер турасынан жазылған сөздерді басып біз кейінгі нөмерде
қазақтарға жерді закон бойынша қалайша пайдаланатұғынының мəнісін
баян қылармыз.
Біз бұрынғы қазақтарға бөліп берген жермен қалайша пайдаланып һəм
қазақтардың өз араларында өздеріне меншіктелген жерлерін қалайша бөліп
алып тұратұғынын жазған едік. Бұл жазылған сөздерден көрінеді, күшті, бай
қазақтар жерді билеп алып һəм ел ішіне бөтен рулы адамдарға өзгелерден
гөрі жер аз тиеді екен. Жəне де мұндай əділетсіздік қыстауға тиісті меншік
жерлерді билеп пайдаланғанда көп болады екен. Бай қазақтар өздерінің
қыстауға тиісті жерлерін көбейтпек үшін өздерінің бір туыстас кедейлерінің
жерлерін болымсыз бағаға сатып алады екен.
Жерді əділетсіздікпен бірдей қылып билегендері соншалық болады екен,
орыстың қаласында тұрып қырға қайтып барған жатақтарға жер бермеген
соң бұлар жерсіз қалып, мұқтаждықтан барып біреудің жерін ақыға жалдап
алады екен.
Қазақ арасында жерді мұндай ретімен мұндай қылып билеп
пайдаланғандары Дала уалаятының низамының ішіндегі айтылған
закондарға ешбір дұрыс көрінбейді. Осы уақыттағы закон бойынша
қазақтарға тиісті жерлердің баршасын қай бұрын қалғандары билеместен
бүтін бір общество қазақтардың бəрі бірдей болып билеп пайдаланып тұрса
керек. Дала уалаятының низамының 120-шы статьясы бойынша,
пайдалануға тиісті. Бұларды көшпелі қазақтардың көшіп-қонып жайлап
жүрген жайлауларын кесімсіз уақытқа қазақ халқы өздерінің əдет, рəсімдері
бойынша һəм үшбу дала уалаятының низамының көрсетуі бойынша, билеп
пайдаланып тұрса керек. Енді 122-ші статья бойынша қыстаулық һəм
егіндік жерлер əр болысқа, əр ауылға өз алдына пайдала нып тұруға анық
пайдаланып тұрғанымен əдет, рəсімдеріне қарай уақыт кеспей беріледі.
Егерде бұл жерлер турасында ел арасында дау-жанжал шықса малдарының
һəм шаруаларының көбіне қарай өлшеп беріледі. Жоғары айтылған екі
статьяның мəнісі бойынша болса керек: жерлердің баршасы патшалыққа
тиісті болады. Бірақ жерлерді қазақтарға өздерінің əдет, рəсімдерімен
пайдаланып тұруға ғана берген еді. Бірақ бір бұрынғы уақытта
меншіктелген жердің билігі бір рулы халықтың ықтиярында болар еді һəм
жер турасындағы жанжалдың мəнісін бір рулас елдің бастықтары тексеріп
бітірер еді. Енді дала уалаятының низамын кіргізген соң жердің билігі бүтін
болыс халық пен старшындағы халықтардың ықтиярында болатұғын болды,
жердің дау жанжалын болысной съезі мен ауылнай съездері бітіретұғын
болды. Егерде əр үйлі адамға, өзіне қанша жер алып билесең де деп. Осы
уақыттағыдай қылып ықтияр берілсе, онда нашар кедей қазақтар өздерінің
қыстауларына ыңғайлы меншікті қылып жер алмай құр қалып, жердің бар
жақсысын бай қазақтар билеп кетер еді. Жерді бірақ бір адамың билеп
тұруына ықтияр бермей, бүтін старшындағы яки болыстағы халықтың
бəріне бірдей қылып билеуге ықтияр беріп, бұл себептен закон əр қазаққа
қыстауы үшін меншіктелген жер алуға ықтияр берген еді. 125-ші статья
бойынша əр көшпелі қазақтарға өздеріне меншіктеліп берілген қыстау
жерлерінде егін егін, бау, бақшалар, ағаштар орнатып өсіріп һəм əр түрлі
үй-жайлар тұрғызуға ықтияр беріледі. Мəзкөр егін бақша салған һəм үйжайлар тұрғызып, ағаштар еккен жерлер, бұ егін бақшалар һəм салған үйлер
бұзылып көздері жоғалғанша атадан балаға тұқым қуалап мирас қалып
отырады. Салынған үй-жайлар мұны тұрғызған иесіне тиісті болады. Енді
бірақ бұл үйді тұрғызған кісі бөтен елдікі болса, онда бұл үй-жайларды
бұзып көшіріп алып кетуге болады.
Бұл айтылған статья бойынша əр бір қазақтың қамын ойлап қыстауға тиісті
меншікті жерін де һəм бұл меншікті жерге тұрғызған үй-жайларын да билеп
тұруға ықтияр беріледі. Ешкім мұның қыстауы мен үй-жайына зорлық
қылмаса керек. Себебі сол-дүр, қыстауы мен үйі оның өзіне мүлдем тиісті
болып һəм бұларды оған мүлдем өзі билеп тұруға ықтияр беріп қойған еді.
Бұл себептен бұл турада мұның ықтияры соншалық зор. Мұның жерін
ықтияры бүтіл халықтың жер билеген ықтиярының ретіне қарсы болмаса
керек. Бұл айтылғаннан байқалады, əр біреуі өзге қазақтардың бəріне
берілген ықтиярдан артық қылып өзіне меншіктеп ықтияр алмаса керек.
Енді жер бүтіл общество халықтың бəріне бірдей тиісті болғанына қарай
закон сондай рет шығарды. Қазақтардың бəрі жерді пайдаланып бөлгенде
баршасының ықтияры бірдей болсын һəм жерді пайдаланғанда біреуінің
ықтияры зор һəм екіншісінің ықтияры кіші болмасын дейді.
Жер пайдаланған турада старшиналарға қараған халқы мен үй иелерінің
араларында болған дау-жанжалдарды болысной съезі яки ауылнай съезі
бітірсе керек. 124-ші статья бойынша, бір болысқа қараған старшын елдің
арасындағы жердің дауларын болысной съезі бітіреді һəм əрбір үй иелерінің
арасындағы дауларды ауылнай съезі бітірсе керек. Бұрынғы уақытта мұндай
старшиналар арасындағы жер дауларын елу басылар бітіруші еді һəм үй
иелерінің арасындағы дауларды он басылары бітіруші еді. Мұндай ретпен
жер дауларын бітіргенде елу басы мен он басылар өзінің руларындағы
жақын адамдарына жан тартып, қай шақта бұлардың ісі ақ болмаса да дауды
əділдікпен тексеріп бітірмес еді. Осы уақытта жер дауларын елу басы мен
он басылардың ықтиярынан шығарып, бұлардың орнына съездегі халықтың
өз арасынан сайланған құрметті адамдар бітіреді. Мұндай ретпен жердің
дау-жанжалдарын бітірген соң бұрынғы уақытта болатұғын əділсіздік
болмас деп ойлауға болады.
Дала уалаятының низамының көрсетуі бойынша, жоғарғы айтылған ретпен
жерлерін билесе керек. Бұл айтылған ретпен ушбу уақыттағы қазақ
арасындағы ретті салыстырып қарағанда əуелгі рет əділетті, ақылды һəм
қазақтарға пайдалы да болса керек. Əрине, мұндай пайдалы жақсы ретті
іштен тысқа шығарып шаруаға керекті қылып жұмсамақ қазақтардың өзінен
де болады. Бұларға пайда жақсылық һəм əділеттік ойлаған законный
көрсеткен реті бойынша жерді билеп пайдаланса жақсы болар еді.
Қазақ халқына атадан балаға мирас қалған жермен пайдалану
турасынан
Жоғарғы ұлықтарға барған қазақтардың дау-жанжалының ішінде көзге
көрінетіні халық пен жеке-жеке кісілердің арасында болатын ретсіздік,
жермен пайдаланудың тəртібін білмегендіктен болады. Қазақтар бір-бірінің
үстінен қыстауымды, жерімді тартып алды деп арыз беріп жатқаны.
Ұлықтарға берген арыздарының үштен екеуі жер турасынан. Зорлық
көргендер айтқанына қарасаң, бұлардың бəрі ұлықтар арқылы бітетін іс
емес, орыс низамының хакімі бойынша елу басшылар арқылы бітетін іс.
Елу басшылар көбінесе өздерін сайлаған күшті кісілердің хүкімінде болады.
Соның үшін істі адалына жібермейді. Адал істі арам қылады. Бұл қазаққа
да, орысқа да тынышсыз жұмыстар. Көшпелі халықтар өздеріне қараған
жерлерді пайдаланудың жөнін білмегендігінен өздеріне қараған облыс
мекемелері қазақтардың жерлерін жалға береміз деген приговорларын
көбінесе-ақ бекітпейді. Себебі олар əрқашан өз хүкімінде емес жерлерді
жалға береді. Қайсы бір қазақтар халыққа тиісті жерді өз пайдама
жалдаймын деп жаһұт етеді. Тағы да қайсы қазақтың облысной яки оязнай
мекемесі арқылы яки патша ағзам хазіретінің бұйрығымен алған жері бар.
Істен көрініп тұр, бұлар жерді низам бойынша пайдалануды білмейді.
Төменде қазақтардың жер пайдалануларының мəнісі айтылады. Дала
уалаятының низамындағы 1891 жылғы 120-статьяларында айтылған, жер
қазынанікі, күні кесусіз қазақ пайдасында қалады деп. Қазақ өз заңынша
пайдалана тұрады деп. Оның үшін егерде Дала уалаятында қазынаға бір жер
керек бола қалса, ол жерді пайдаланып тұрған қазаққа еш нəрсе төлеместен
жерін алады.
Дала уалаятының низамының 122-статьясында айтылған, қыстау һəм егін
жайы кесу уақытқа шейін əр болыстың һəм əр ауылдың қауымының
пайдасында болсын деп. Егерде жанжал шықса, жер малдың һəм
шаруасының көптігіне қарай бөлінеді. Осы 122-статьядағы за кон қыстау
турадан, 127-статьядағы қыстау, жайлау, егін жайы турадан болған
даужанжалдың бəріне тиянақ болса керек. Үшбу низамның хакімі бойынша,
қыстау, жайлау бөліп беретін бірді-екілі кісі емес, əмбе бір болыс ел яки бір
ауыл жиылып көп қауым бөліп береді. 125-статья бойынша, ауыл қауымына
яки бір болыс ел қауымына өздерінің пайдасындағы жерді жекежеке
кісілерге бұлардың сұрауы бойынша шақтап бөліп беруге мүмкін.
Сонда да бұл бөліп берген жерлер патшалық землемері бөлгендегідей
болып бекілмейді. Қай уақытта көп қауым бұзамын, азайтамын яки
көбейтемін десе ықтияр оларда болады. 125-статья бойынша жалғыз-ақ,
қора, егін салған, ағаш еккен, шарбақ салған жерлерді азайтуға, көбейтуге,
қайта бөлік қылуға қауымға мүмкін емес. Мұндай жерлер, салған егін, еккен
ағаш, қора-қопсының қашан көздері жоғалғанша атадан балаға мирас қала
береді. Қора, егін, шарбақ тұрғанда қысым қылуға ешкімге бұйырмайды.
Қайсы уақытта екі-үш үй иелері өз пайдасына алған жерлерді қауымнан
белгісіз бөтенге жалға береді. Мұны ұлықтар қауымнан рұқсатсыз болған
соң законнан тысқары деп біледі. Сол себепті бекітпейді.
126-статья бойынша жерді жалға беруді жеке бір кісіге бұйырған жоқ, көп
қауымға бұйырған. Жəне де жерді жалға алатын кісісі орыс болсын һəм
қыстаудан бас қа жалдамасын, жалдаған уақтысы 30 жылдан артық еш
уақытта болмасын. Мұндай жер жалдау болысной съездің билігімен һəм
облысной мекеменің бекітуімен болсын дейді һəм халықтың приговорында
айтылсын неге керек болған соң, яки жер жалдағаннан алған ақшаның неге
керек болғанын, жерді жалдағанын халықтың приговорында айтсын.
Жер жалдағаннан түскен ақшамен жерін жалға берген кісі пайдаланбайды,
қауымның пайдасында болады. Халық бұл ақшаны не кедей үйдің алымы
үшін қазынаға берсе керек, яки сусыздықтан құдық қаздыруға, я мектепке, я
молда ұстауға, көшуге керек жерден жол түзетуге, яки қауымның шығыны
үшін қазынаға беруге өз арасындағы біреу шамасы келмей, ақшаға мұқтаж
бо лып тұрса, соған беруге керек. Қауымға бұл ақша турадан өз мұқтажына
ұстауға көп ықтияр берілген.
Жеке үй иелеріне жалғыз өз пайдасына жерін жүргізуге ерік берілген.
Қора салған жерлер қора иесінің өзінікі. Қора тозғанша атадан балаға мирас
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.