Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22

Total number of words is 3973
Total number of unique words is 2047
30.9 of words are in the 2000 most common words
43.6 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
2) Жалпы қазақ съезінде қаралады жер мəселесі. Жер мəселесі
учредительное собраниеде қалай шешілері белгісіз. Қазақ мемлекеттік
автономия болса жер-суының билігі өзінде болып, жер мəселесін өздері
шеше жатар. Мемлекеттік автономия бола алмасақ жер мəселесін қалай
шешу керек? Жер жалпы мемлекет мүлкі болса, қазақ қай түрмен де болса,
тиісті үлесін алмақ. Сол тиісті үлестің өлшеуі не болмақ, өлшеуді неден
шығармақ? Үлес өлшеуі қазақтың осы күнгі істеп отырған шаруасының
түрінен алынбақ? Егін егіп, жер пайдаланып отырған қазақтарға егінші
шаруасы үлесі өлшеу болмақ. Егін мен мал екеуін бірдей кəсіп қылып, жер
пайдаланып отырғандарға егінші мен мал бағатын елдің шаруасы үлес
өлшеуі болмақ. Малмен ғана шаруашылық етіп жер пайдаланып
отырғандардың үлес өлшеуі мал шаруашылығы болмақ. Осы үш түрлі
өлшеумен қазаққа жер берілмек. Сонда өлшеу қайсысына да болса, жер
түріне қарай бір жерде аз, бір жерде көп болмақ. Осыны əр облыс, əр уез
жер түріне қарай шамалап өздері тиісті дəлелдерімен даярлау керек.
Учредительное собрание дəлелсіз құр бізге пəлендей жер керек дегенді
тыңдамайды.
Жалпы қазақ съезіне келетін өкілдер елімен кеңесіп, өз облысынан учреди
тельное собраниеге жіберуге ұйғарған адамдарын жалпы қазақ съезіне
салып, съез ұнатқан адамдарды əр облыстың елі сайлап шығару жаһұтында
болуы жөн. Əйтпесе, біздің жұрт ескі үкіметтің кысымынан жаңа ғана
құтылып, есін жаңа жиып тұрған күйінде саясат жағынан хабардарлығы аз
болып, аздырушыларға алданып, жалпы қазақ пайдасын көздерлік
адамдарын жібере алмай өкініште қалуы ықтимал. Орынбордағы съез
бюросы жоғарыда айтылған мəселелер турасында съезге доклад етпекші.
Бірақ жалғыз бюроның докладына қарап тұрмай əр облыс һəм əр уезден
келетін өкілдер де барша көрсетілген мəселелер турасында елдің пікірін
білдіргендей докладтар жасап келулері керек.
Европа жұртында съезге келген өкілдер елден шығарда елмен кеңесіп, ел
болып қорытқан пікірлерді съез кеңесіне салады. Сондықтан олардың
съездері 2-3 күнде тəмам болады. Жалпы қазақ, съезіне келетін өкілдер де
жоғарыда айтылған съезде қаралуға тиісті болған мəселелерді жерінен
қорытып, съезде құр көптің алдына салып, бата қылдыруға алып келулері
керек. Əр уез жіберетін өкілдеріне пікірлерін айтып, доклад түрінде съезге
салуын міндет қып артып жіберу керек. Əр жерде болған облосной
съездердің ісінен көрінеді. Съезге келушілердің көбі съезге құр келгені
болмаса, съездерде қаралатын мəселелер жайынан доклад етпек түгіл еш
уақытта ойланбаған адамдар болғандығы. Жал пы қазақ сьезі қазаққа
пайдалы іс істеуін тілейтін халық ол сияқты адамдарын жіберіп əуре
болмасқа керек. Ондай адамдардың келгенінен қазаққа келер түк пайда жоқ.
«Алаш», «Ұран», «Сарыарқа» газеттері олар да жоғарыда айтылған
мəселелер туралы пікірлерін білдірсе екен.
Жалпы қазақ съезінің қаулысы
Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 июльде жабылды.
Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана
облыстарының өкілдері болды.
Съезд председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: Ахмет
Байтұрсынов, А.Көтібаров. Секретары: Міржақып Дулатов, Ақылбек
Сейітов.
Съездің программасы:
1)Мемлекет билеу түрі;
2)Қазақ облыстарында автономия;
3)Жер мəселесі;
4)Халық милициясы;
5)Земство;
6)Оқу мəселесі;
7)Сот мəселесі;
8)Дін мəселесі;
9)Əйел мəсселесі;
10)Учредительное собрание сайлауына даярлану һəм қазақ облыстарынан
депутаттар;
11)Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам);
12)Қазақ саяси партиясы;
13)Жетісу облысының оқиғасы;
14)Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне һəм
Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Қаулылар:
.........................................................*
ІІІ. Жер мəселесі
1)Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге
берілмесін.
2)Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан
алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын:
«Дворянский скотоводческий промышлений курортный, монастырский
переселен орнықпағандар, отрубтар оброчный статьялар жай адамдарға
показательное поле» деп берген, бірақ расында жоқ нəрселер һəм
горнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан
кейін босаған жерлер.
3)Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын.
4)Переселен орныққан учаскелерді олқы бос тұрған сыбаға жерлер
қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын.
5)Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары əлі көшпеген болса, қазақтың
өзінде қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан бөліс қылып, өзге
учаскелерден жер əперілсін.
6)Айрықша қазына мүлкінде деген тоғайлардағы қазақ шабындығы өзіне
қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының белгейіне жайылуға рұқсат
болсын.
7)Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство
қарауын берілсін.
8)Жер хақындағы қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.
9)Жер мəселесі туралы басқа саяси партиялар мен келісу еркі
учредительное собраниеде қазақ депутаттарына берілсін.
10)Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу һəм
егін салу үшін лайықтаған норма алынсын, əр жердің ретіне қарай.
11)Бөкейлік қазақтарға басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған норма
бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.
12)Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті сауда берілсін.
13)Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып) яғни
земельная община болсын. (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ
пайдалануға қарсы болды, əркімнің жер еншісі бөлек болсын деді).
14)Земельная община яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қадір кішкене
болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері (землеустройтельное
учреждение) еркінде болсын.
Мен кадет партиясынан неге шықтым? *
Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің
қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, бір аз
жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып,
ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һəм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молла үкіметтен ақша
алса, сатылып кетеді.
Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекші
болып еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыздың ісін көркейтетін болсақ, үкімет
ісінен бөліп қойған оң болады. Оны орысша «отделение церкви от
государства» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үш жол айрылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш
партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпы қазақ сиезінде
айтқан едім.
Ə.Бөкейханов
Офицер даярлау
Россия мемлекетінің қазіргі бей тəртіп, бүліншілік кезінде қазақ басын
бағып, аман қалайын десе, істейтін шаруасы – тез милиция жасау. Ол
милиция қазақ автономия болса да керек, болмаса да керек. Майданда соғыс
тоқталғанына көп болды. Майдандағы əскерлер қайтқаны үйіне қайтып,
қайтпағандары большевиктерге қосылып елмен соғысып жатыр.
Большевиктерге қосылып жатқандар оңай олжаның адамдары. Шаруасы бар
солдаттар ел соғысына қатыспаймыз деп екі жаққа да болыспай, үйіне
қайтып жатыр. Қайтқан солдаттар қару-жарағымен келеді. Майдандағы
солдат қолында не қару жарақ болса, сонысымен келеді. Орыстың
поселкесінде адамы солдатқа бармағаны жоқ. Əр поселкеде майданға
барып, қайтқан адамы біреу-екеу емес, бірнешеу. Солай болған соң, орыс
поселкелерінде соғыс əдісін үйреніп, соғыс қаружарағын асынған бойында
еліне келген адамдардың басы құралмақ. Олар қолында қару тұрған соң
өзінің күшті екені біледі, олар зорлық қылайын десе қолынан һəм келеді.
Солдаттардың бұзықтары большевиктерге қосылып, елге келген түзіктері,
бұлар күштімін деп, себепсіз зорлық қылмас деп жұбануымызға бола ма?
Болмайды. Екі-үш айдан соң жаз келеді. Мұжыққа жыртатын жер керек
болады. Қазақ арасында отырған орыстар керек болса, қазақтан аламын
демей, кімнен аламын дер? Жері бар помещиктердің, көпестердің жерлерін,
малдарын, мүліктерін ішкі жақтың мұжықтары қалай алғанын майданнан
қайтқан солдаттардың көргені көріп, көрмегені естіп келіп отыр. Жерге
менікі, сенікі жоқ. Жер құдайдікі, онан соң еңбек сіңіріп, пайда шығарса
сонікі деген сөздер қайтқан солдаттардың да, мұндағы мұжықтардың да
құлағына бостандық болғаннан бері сіңіп болған.
Ішкі жақтағы мұжықтардың ісін көріп отырған адамдар шошитын түрі бар.
Əлі жетсе мұжықтар ақылды керек қылмайтын көрінеді, мұнымыз жөн бе,
жоқ жөн емес пе деп ойлану деген мұжық деген халықта тіпті жоқ көрінеді.
Қысқасы мұжық əлі жетпейтін жерде ақылды керек қылып, ойланады. Əлі
жетіп тұрған жерде ақылға салып, алды-артын тексеріп іс қылады деп
ойламасқа керек.
Осы жағынан шошығаннан милиция мəселесі автономиядан бұрын
қозғалған. Милициямызды жасамай, жайылып, шашылып отыра берсек, жаз
болысымен жер тақырыпты талай шатақ шығатыны шəксіз. Сонда мұжықты
қазақ ақылмен тоқтата алмас, айбынмен тоқтатар. Сол айбын милиция
болар. Қазақ милициясы бар деген соң, қазақты басынып, басып, көктеп іс
қылудан, кім де болса, тартынар. Осыны ұғыну керек. «Тісі шыққан балаға
шайнап берген ас болмас» деген. Өте баптап, баяндап айтпай-ақ осылай
ұғындырса да, түсінерлік нəрсе ғой. Шынын айтамыз деп, сырын айту
болып кетеді.
Қазақ басын қорғауға милиция керек. Милицияны үйрететін офицерлер
керек. Ол екеуі де қазір жоқ. Милицияны қалай жасау жағы декабрь сиезінің
қаулысында түгел айтылған. Енді айтайық деп отырғанымыз офицер болуға
қандай білімі бар адамдар алынатын жағы.
Юнкер школының бастығымен сөйлесіп, бұл мəселе мынаған келіп тіреліп
тұр: Юнкер школына кіруге атты қазақтарға деген толып жатқан шарттары
бар екен. Олардың бəрін қазақ туралы тексермейтін болды. Қазақ жастарын
өзі үшін оқытпақшы. Жақсысын берсе, жақсылығын өзі көреді. Қазақ
жаманын бермес, жақсысын берер дегенге келтіреді. Сондықтан
бергендеріңді аламыз дейді. Бірақ орысша жақсы «грамотный» адам болсын
дейді, яғни орыс тілін һəм жазуын жақсы білетін адам болса болғаны дейді.
Өлшеуі осы, осы өлшеумен емтихан етіп аламыз дейді. Əлгі айтылған екі
білімінің кіретін адамда шамасы қандай екенін байқамай алуға болмайды.
Алып қойып, орысша оқу-жазуды басынан үйрену мүмкін емес дейді.
Ал, Алаштың азаматтары! Юнкер школына кіру өлшеуі осы. Айтылған
шама қадарлы орысша білімі барларың һəм ұлтын қорғау жолында қызмет
етуге талабы барларың Юнкер школына кіру ниеттерің болса, «Қазақ»
басқармасына кешікпей білдірулерің керек. Қайдан оқығандарыңды да
білдіру абзал, бір рет алатыны 24 кісі. 1 февральда оқу басталады. Оқу
ойында барлар 1 нші февральға келіп кіруге оған дейін ниеттерін
басқармаға білдіріп, басқарма школ бастығымен сөйлесіп, жұмыстың бəрін
бітіру керек.
Юнкер школына жастар кіруге əзіріне ең аз болса, 30 мың сомдай қаржы
керек. Ол ақшаны Алаш ордасы жастар школға кіруден бұрын даярлау
керек. Қазірінде Алаш орданың қолында сиез тарқарда берген Отарбай
қажы Қондыбай баласы ұлының 12 мың 500 сомынан басқа ақша жоқ.
Елден ақша тез жиылмайтыны мəлім. Солай болған соң байлар Отарбай
қажының істегенін істеп, Алаш автономиясын əуелгі кезде көтермелеп
жіберуі тиіс еді. Ноғайлар автономия болса, ұлт қазынасына деп
байларынан ағыл-тегіл болып құйылып қалады. Біздің байлар да əуелі
өздері үшін екінші ұлт игілігі үшін шабандық қылмай, Алаш ордасына ең
болмағанда қарызға қаржы беретін жөні жоқ па?
«САРЫАРҚА» ГАЗЕТІ (1917–1919)
«Сарыарқа» газеті 1917–1918 жылдары Семей қаласында шыққан. Газетке
Х.Ғаббасов басшылық жасады.
Жалпы, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген материалдардан оның «Қазақ»
газетімен үндес, сарындас бағытын аңғару қиын емес. Олай болатыны,
«Сарыарқа» газеті де Алашорда үкіметін құруды, қазақ елінің өз алдына
автономия болуын тіледі. Басылым беттерінде Алаш партиясының
бағдарламасы, Алаштың гимні, алашорданың Семей тобының саяси
бағдарламасы жарық көрді, сондай-ақ қазақ құрылтай съездерінің
бағдарламалары мен қаулылары басылды.
Алаш қозғалысының ұйытқысы, жиырмасыншы ғасыр басында
халқымыздың шын мəнінде «көзі, құлағы һəм тілі» «Қазақ» газетінің
ұйымдастырушылары – А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатовтың,
«Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлері – Р.Мəрсековтің,
Х.Ғаббасовтың, Ə.Ермековтің, М.Малдыбаевтың, Ж.Ақбаевтың,
М.Жұмабаевтың жəне тағы басқа алаш азаматтарының құнды
материалдарын «Сарыарқадан» көптеп кездестіреміз.
Саяси бағыт ұстанған «Сарыарқа» газетінен халықты теңдікке жетелеген
ой-пікір, тұжырымдар мен қазақ съездерін шақыру, ондағы қаралатын
мəселелердің жоспарлары мен шешімдері жайлы, сайлау хақында, ұлттың
ең өзекті жер, тіл, оқу-ісі, дін, басқа да шешімін күткен əлеуметтік
мəселелері жайлы терең танысуға болады.
Жер заңын аттаушылармен алысу
Жер заңын бұзуды тиюға кідірмей қам қылу керектігін Уақытша Хүкіметке
Ішкі іс министрі жеткізіпті.
«Жер иелерінің құқықтарын бұзатын жергілікті əлеумет ұйымдарының
барша қаулыларын заңынан тыс орындауға болмайды» депті министерство.
Кісі мүлкіне қызығып, сотқарлық шығарған, жоғарыда айтылғандай қаулы
жасап таратқан адамдарды тергеуге тапсыру міндетін жергілікті хəкімдерге
артады.
Орыс пен қазақ арасы
Өскеменнің оңтүстік жағындағы Шар өзенінің бойындағы мұжықтардың
«Қазақтан зиян шегіп жатырмыз» деген арыздары жаңбырдай жауған соң,
П.Кольцов пен екеумізді 6 июньде орыс пен қазақ дауын бітіріп,
ажыраластыру үшін облосной қазақ комитеті мен орыс комитеті шығарды.
Ұзын аққан Шардың бойын өрлей жүріп, мұжық пен қазақ арасындағы
дауларын сұрадық. Мұжық қалаларының көбі дауымыз жоқ дейді. Арыз
берген қалаларға келіп қарасақ, сөздің көбі жалған, егін-пішен аман,
желінген жоқ. Жалғыз-ақ өксікті: 1916 жылы қазақ жерін ойып алып,
мұжықтарға беруге уəде қылған землемер биыл бара алмай қалғандықтан
мұжықтар алмақ болса да, қазақтар бермейді, қонып отырады, қыстауларын
бұзбайды. Бұл орындарға қазақтар ерегісіп отырған жоқ. Не жаз қонарға, не
қыс қорасын аударып саларға жер жоқ болған соң отыр екен. Жəне де
мұжықтарға қисынсыз көп кесіп жер берген. Қазақ жайлау, шабынды,
күзеуден айырылып, ірге салар жер таба алмай, тау араларында шошиған
қораға ғана ие болып қалған.
Мұжықтар жерді көп алып отырса да, мал өсірген қазақтан қара озып, асып
кеткені көрінбейді. Бəрі де «Жеріміз жаман. Ең көп алған жылы
десятинасынан 35-40 пұт қана аламыз» деп зарлайды. Шар бойындағы
мұжықтардың бəрі бір халда, бір тұрмыста, айырмасы жоқ. Соның үшін
бəріне үлгі етіп Таубин қаласы жайынан жазамын.
Делбегетей тауының күнбатыс жағында Шардың жағасында Таубин деген
мұжық қаласы бар. Бұл қаланың орнағанына 30 жылдай болған. Əуелде
бұған арналып кесілген жер Теріскен, Тума, Ұзынжал, Итқара, Шар екен.
Жоғарғы жағында Суықбұлақ деген жерден жоғары бір жерді неміс
орнайды деп бөліп қойған. Немістен кісі келіп көрген соң жерді ұнатпай,
қайтып ол орынға келмеген. Таубиндер бірнеше жыл отырып байқаған соң,
жеріміз жаман деп көшуге айналған. Таубин мұжықтарының қайта көшеміз
дегені переселен мекемесіне өте батып, не қылса да тоқтату қамына
кіріскен. Неміске арналған Ортақарауыл, Салықбай, Шұңқырсыз деген
жерлерді Таубиндерге беріп, көшуден тоқтатқан.
1911 жылы Таубиннің сол жағындағы Үшқұдық, Жайма, Қиғанқұдық, Елдей
деген қазақ жерлерін оброчная статьяға кесіп алған. Оброчная статьяны
қазақтар арендаға алып, пайдалана бастаған екен, мұжықтар күндеп, шатақ
шығарып төбелесе берген. Аяғында қазақтар ол жерден безіп, арендаға
жоламайтын болған. Оброчная статьяны мұжықтан арзанға алып,
қазақтарға қымбатқа жалдайтын болған.
Осы күнде ол жерді орыстар біржола иемдендік деп, неміске арналған
бөлімнің жартысын Русско-Азиатский товариществоға бір жылға 1500 сом
алып жалдап отыр. Басқа жерлердегі өзінен артылған ағын-көгін қазаққа
сатып пайдаланып тағы отыр.
Таубин қаласы 63 үй. Иемденген жері 17 670 десятина. Үй басына бөлгенде
285 десятинадай келеді. Бір үйде 4 еркек бар деп есеп қылсақ, ер басы 70
десятина жерге ие болған болады. Мұжық басы 15 десятина жер берілді
деген сөз қайда?
Бұл жердің бəрі Делбегетей болысы 8-ші ауылдың жері. Олар 100 үй іргесін
батырар жері, үйіріп шабар шалғыны жоқ. Таубиндер бізге 8-ші ауылды
шақты. «Жерімізге баса қонып, егін-пішенімізді жеп қойды» деп. Біз барып
қазақтарды тексеріп қарасақ, егін-пішен аман, жерге өздерінен сұрап қонған
болып шықты. Таубиндер ұялып қалды, отырған орындарынан қоныс берді.
Шар өзенінің бойы жылқы, сиыр, қойға лық толы. Бəрі мұжық қалаларынікі.
Мұжықтардың егін салудан гөрі мал өсіру жағы ұлғайған көрінеді. Мұжық
қалалары көбінесе қазақтармен өріске таласып отыратын көрінеді.
Мұжықтарда бір жаман мінез – əдет болған: бұрын малы жоғалса, мал
ұйысып оттаса, қазақтарды тарпа бас салып алады екен, Күштері жетпесе
қалаға шауып, уезіне арыз қылып, урядник алып шығып, білгенін істейді
екен. Сол жаман əдетін қалдырғысы келмей, əлі де болса да аңсап, өте
сағынатын көрінеді. Мұжық пен қазақ арасындағы даужанжалды тексеруге
барған бір орыс, бір қазақ екеуміздің білгеніміз осы. Сондықтан қазақты
шағып, «қырғалы, жойғалы жатыр, зорлық қылды» деген мұжықтардың
телеграмдарына, арыздарына хəкімшілік басында тұрған адамдар тезінен
сене қалмай, толғап, тексеріп орындау керек деймін.
Мəннан Тұрғанбаев
Жер туралы
Жерсіз кім болса да өмір сүріп, күнелте алмайды. Жерден айырылған жұрт
жұрттығын жойып, өшпей қалмайды. Сондықтан адам баласы жер дегенде
өзгеден гөрі таршылық қылып, жанын салады. Қай заманда қандай соғыс
болса да, түп себебі жер молайту болған. Мына болып жатқан қиямет
қырғын соғыс жер үшін болып жатқан соғыс. Бұ да ақырында жер алмай,
жер бермей бітпейді.
Адам көбейіп өсе бермек, жер өспек емес, бір қалыпта қала бермек. Сөйтіп
адам өскен сайын тұрмысы өзгеріп, қиындала бермек. Тұрмыс қиындығы
жеңілдік іздетпей қоймақ емес. Тұрмысты жеңілдету үшін, я тарылған
жерге жер қосып молайту, я тарылған жердің өзінде отырып, шарасын табу
керек. Жер молайту үшін біреумен соғысып, жеңіп жер алу керек. Соғысып
жер алудың қатері көп: ала ма, алдыра ма, бұл - бір.
Екінші, соғысып біреудің жерін алу – зорлық, бұзақылық, адамдық жолын
аттап, қан төгіп, айуандық жолына түскендік.
Соғысып жер қоспай, тар жерде отырып, тұрмысты жеңілдету үшін ғылым,
білім, өнер жолына, қысқаша тəррақи жолына түсу керек. Тəррақи жолына
түсу – аз жерден көп пайда шығаратын əдіс табу. Ол əдіс мал тұқымын
асылдайтын, жердің күшін молайтатын тілін, оқуын білу. Адамдық
жолымен тұрмысын түзетем деген жүрт жердің тамырын ұстап, тіл білерлік
ғылым үйренбек.
Біз ежелден мал баққан, кең жердің өзіне сия алмай келе жатқан жұрт едік,
біразырақ жерімізді мұжық алып еді, күйіміз кете бастады.
Мемлекет негізін құратын кеңесте жұрттың айтысып, тартысатын ең зор
мəселесі жер болмақ. Бұл тартысқа күтіндік пе, күтінген ел бар ма?
Əнеугі Семей облысының қазақтары сиезінде «жер мал бағып, егін салып,
еңбек сіңіргенге берілсін» деп қаулы қылынған еді. Бұл қаулы Россиядағы
казактан басқа таптың бəріне ұнайды.
Казактар: «Қан төгіп, соғысып алған жерімізді ешкімге бермейміз. Тарих
жүзінде хұқығымыз бар» деп қаулы жасап отыр. Казактың бұл қаулысы
өздерінен басқаға жақпайды. Өйткені əділдікті ойлап жасалған қаулы емес.
Тарих жолына келгенде казактан қазақ халқының хұқығы көп. Өйткені қазақ
жері талай соғысып, қызыл қанға боялып алынған жер. Казактар дайын
тұрған жерге келіп орнай кеткеннен басқа кіммен соғысып еді?! Енді жерді
босқа жатып пайдаланамын деу жоқ һəм тарихи хұқығын бетіне ұстап жер
алам деп отырған жұрт жоқ. Қазақ ата-бабамның қонысы еді деп жерге ие
болмайды, мал шаруасын дəлел қып алады. Біз казакша «мұжықтан басқаға
жер бермейміз» деп айтпаймыз. Əуелі өзімізге жетерлік, өсіп-өнуге
тарықпастық жерді алып, артылғанын жері жоқтар алсын дейміз.
Жер туралы көп мағлұмат керек. Əр ел өз облысындағы жер жайынан
мағлұмат жинаушыларға отырған жерлері туралы мағлұмат бере жатар, біз
Семей облысындағы казактар мен кабинет жерінде һəм басқа жерлерде
отырған қазақтардан мағлұмат сұраймыз: қай жерде неше жылдан бері
қандай шарттармен, қанша кісі, қанша мал, жер шамасы кандай һəм қалай
тұрады – анық, толық мағлұматтар берілсін деп.
Жер туралы мағлұмат жинаушы обласной қазақ комитеті
Жер жаманын жаңа білген
Павлодар уезі Соколниский поселкесінің мұжықтары ұйым жасап:
«Таврический, Донский, Екатеринславский губернияларына қайта көшеміз,
ондағы шаруамызды түзейміз, мұндағы жеріміз жаман, егін салып, кəсіп
қылуға жарайтын емес» деп жүргенін күндеуші Семейде шығатын «Дело»
газетіне жазыпты.
Жер комитеттері
Мемлекет негізін құратын кеңеске депутаттар жиылып, бас қосып,
түпкілікті заң жасағанға дейін жер жұмыстарын басқарып тұруға жер
комитеттері ашылды. Бас комитет Петроградта. Одан төмендері бірбірден
əр облыс (губерния), дуанда. Болыс сайын да осындай комитет болмақ. Кіші
комитеттің хүкіміне разы болмағандар сатылап отырып, үлкен комитетке
арыз бермек.
Жер комитеттерінің түп мақсұты: жер туралы мағлұмат жинап,
алдымыздағы мемлекет кеңесіне тапсыру; қазіргі уақытта жер туралы даулы
сөздерді бітіру; мал бағып, егін егіп, еңбек қылғандарға, жерсуынан
айырылып, шаруасы күйзелгендерге жері жетпесе, артық жер болса алып
беру.
Жер комитеттері біздің ұзаққа қатты керек мекемелер. Бұрын переселен
мекемесі қазақ шаруасының жайына қарамай, жерін кесіп мұжыққа, мал
өсірушіге, ешкім алмаған жерді жалдап қазақтың өзіне я болмаса кім кез
келсе соған берді. Мысалы, Зайсан үйезінде Сорокин деген орыс неше
болыс ел жайлайтын Шілікті деген ең аяулы жақсы жерді жалға алып отыр.
Мемлекетке қазақтың малы, қазақтың шаруасы керек екені даусыз. Бір
Сорокин мал өсіреді екен деп қанша елдің шаруасын күйзелтуге болмайды.
Сорокин секілді жерді бостан-босқа құр орыс едім деп ие болып
отырғандар аз емес.
Бұрын жер əпергенде жолсыз жасалған уағда-шарттарды бұзып, жұрт
шаруасына қолайлы етіп шешуге жер комитеті ерікті. Бірақ жер
комитеттерінің əмірі негізгі закон шыққанша уақытша ғана жүріп
тұратынын қазақ халқы ескерсін. Бүгін жерім өзіме тиді деп қанағат кылуға
болмайды, түбін ойлау керек. Іс ақтығына көз жіберген кісі бүгінгі берген
шолақ арызбен қоймай, шаруасы жайынан толық баяндама жазып беріп
отыру тиіс.
Жазғанда жер мөлшері, мал мен жан есебі, кесілген һəм қалған жер қанша,
жердің топырағы қандай, өсетін шөп не түрлі, егінге яки мал бағуға қолайлы
ма, суы қалай, ащы ма, тұщы ма, өзені бар ма, құдық па, жері таулы ма,
сортаң ащылы ма; кесілген жер мұжық қолында болса, мұның шаруасы
қандайлық, тақтасынан неше пұт астық алады, жоқ мал баға ма, жер
жарамсыздықтан көшкені яки көшем дегені бар ма екенін айту керек.
«Сарыарқаның» 7-ші нөмерінде осындай мағлұмат обласной қазақ
комитетіне жазылса екен деп едік. Қазақ комитеті мен жер комитетінің
екеуінің қайсысына жазылса да, түбінде бір жерге қойылады. Сондықтан
жазушы қай комитетке жазуды қаласа, соған береді.
Бейқам жатпай жер жайын ойлау керек. Жерсіз жарық күн қараңғы түнмен
тең.
21-26-шы июльде Орынборда болған жалпы қазақ сиезінің қаулылары
Сиезде бүкіл Россия мемлекетіне қараған Ақмола, Семей, Торғай, Орал,
Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасы қазақтарының
өкілдері болды.
Сиездің президиумына кіргендер: Халел Досмұхамедов (председатель),
Байтұрсынов, Көтібаров (орынбасарлар), Асылбек Сыдық, Міржақып
Дулатов (секретарьлар).
Сиез қараған мəселелер:
1)Мемлекет түрі қандай болу;
2)Қазақ өз тізгінін өзі алу (автономия);
3)Жер;
4)Əскерлік;
5)Земство;
6)Оқу;
7)Дін;
8)Сот;
9)Əйел;
10)Учредительное собрание сайлауы кезінде жүргізетін əдіс;
11)Қазақтан баратын депутаттар;
12)Шорай ислам;
13)Қазақтың саяси партиясын жасау;
14)Жетісу облысындағы оқиғалар;
15)Киевте болатын жалпы Россия федералистерінің (өз жұмысына келгенде
бөлініп, мемлекет жұмысына келгенде бірігетіндер) сиезі мен
Петроградтағы жалпы жұрт оқуы комиссиясына кіру.
Жер мəселесі *
Қазақ халқы түпкілікті етіп жер алып орныққанша қазақ жерінен жер алу
тоқтатылсын. Қазақ облыстарында жарамды жердің кемдігінен
ақсүйектерге (дворяндарға) мал өсіруге, сауда-кəсіп қылуға, орыс ауруы
ішетін қымыз дайындауға, софыханаға алынған, мұжық келіп орнамаған
оброчная статьяға кесілген, басында қазынаға алып, үлгілі шаруа жүргізем
деген жай адамдарға берілген, күзетші əскер пайдасына алынғанмен əскер
кетіп, яки азғантай қалса да қайтпай тұрған жерлер – түгел қазаққа қайтсын.
Қазынаның ерекше билігіне дача етіліп алынған қазақтың шабындылары
қайтсын. Келісіп бос тұрған жерлерге мұжықты орнату тоқтатылсын деп
дереу Уақытша Хүкіметтен сұралсын. Отырған мұжықтардың саны арнаулы
санға толмаса, артық жер қазаққа қайтсын. Мұжықтар орнаған жерде
қыстауы бар, əлі күнге көшпеген қазақтың қыстаулық жері өзіне тиілсін.
Орналасатын мұжыққа жер жетпейтін болса, қайтадан бөлік жүргізіліп,
басқа кесілген жерден жер берілсін. Қазынаның ерекше билеуіне алынған
дачалар (ағаштар) бүкіл мемлекетке пайда келтірмейтін болса, земство
қарауына алынсын.
Жер мəселесі туралы қазақ өз алдына программа (жоспар) түзсін. Жер
мəселесі туралы учредительное собраниеде қай партияға қосылуды қазақ
депутаттары өздері білсін.
Қазақ жер алып орнығарда тұтынатын норма (мөлшер) жер ыңғайына қарап,
жасаған жерінің малға һəм мал мен егін араласқан шаруаға деген нормасы
болсын.
Бөкей ордасының қазақтары отырған жерінен қасындағы қазақ облыстары
алған мөлшерімен жер алсын. Түркістан қазағына жерден басқа жеткілікті
су да берілсін.
Қазақтың жер иелену жөні меншіктемелі болмай, жалпы иелену (община)
болсын (Ферғананың екі өкілі жерді жеке иелену жолына дауыс берген.
Өйткені олардың жері арық қазып, ағаш, бақ өсіріп, көп еңбек сіңіріп
тастаған жер). Община неғұрлым кіші болғаны тəуір һəм құрамының қандай
болуын жер-жердегі орналастырушы мекемелер білсін.
Қамсыз ел
Өткен 8-ші августе Өскемен уезі Нарын өлкесінде инструктор шығып, жан
қисабынша сайлайсыңдар, деп бұйрық беріп, 4 поселке қазақ, 6 мұжық
қаласы, 5 болыс қазақ бір районға бірігіп, районный жер комитетіне һəм
районный продовольственный комитетке делегат сайлады. Он қала орыстан,
5 болыс қазақтан делегат болды. Адам санына қарай болса, орыстан қазақ 5
есе көп еді, қисабына қарай сыбаға ала алмады. Жоғарғы алтыдан қорынып,
жер комитетіне бір қазақ, продовольственный комитетке бір қазақ əрең
кірді. Дауысы аз сөзде дауа жоқ екені жұртқа мəлім. Бұл екі комитет алтай
елінің тіршілігінің жан комитеті десе болар. Жер туралы ата қонысынан
айырылып, малдың өсімі жебір майына таусылып, қалған басы расходына
ұсталып, жылдан жылға құрып бара жатқан ел – осы. Азық-түлік комитеті
туралы айтып та керек емес.
Мына құдайдың ғадалат күні туған заманда теңдікке жетіп, ата қонысына
енісіп, еңбек етіп қалалық деген бір адам жоқ. Болысной комитетте кім
жеңіпті, кім болыпты деп ежірейіп, құлағы ербиіп, жер-су түгіл, иманды,
жиғанды ұмытып жүрген бір ел. Əттең, ата қоныс малдың қыдыры алтыбай
өзгемен ісі жоқ, өзегіңде өзді-өзімен жауласып, жақ-жақ боп, қырқысып
жатқандардан денең жиіркеніп, тітіреп, сілкініп, үстіне құлап кетер ме едің!
А.Ж.
Ақыл сұрайды
Ертіс бойында қазақ əскері мен төрелері жерлерінде шөп шауып қыстап,
боздығын мал оттатуға жалдап, он шақырымдықта отыратын қазақтардың
жалын жаңалап, қайта алатын мезгілі таянып қалды. «Жер керек болса,
қазақтар, алыңдар, болмаса басқаға жалдаймын» деп жер қожалары айтып
жатыр. Бұл туралы білетін, азаматтар, не айтасыздар? Жылдағыдай
ақшамызға жалдап аламыз ба, жоқ сабыр қылып тұрамыз ба? Газет арқылы
жауап күтемін.
Білəл Маңсин
Басқарма: жер жалдау шарттарын жер комитеттері жасап, баға кесіп, жер
жалдайтын кісінің алыпсатарлық қылмайтынын айырып, кəсіп қылатынын,
шаруа жүргізетінін біліп бермек еді. Бірақ осы күні хəкімшілік жоғалып,
жер комитеттері де қолданатын заңдарын іске асыра алмай отыр. Сондықтан
қазақ жер иелерімен келісіп, шарт байласып, жалдап ала берген жөн.
Жер мəселесі
Петроградтағы кіндік переселен мекемесінің бастығынан Семейдегі
переселен мекемесіне һəм советке келген телеграмға қарағанда ішкі Россия
жақтан крестьяндар біздің жаққа көше бастаған көрінеді. «Бұларды
орналастыруға тезірек қам қылыңдар жəне де осы жұмыс үшін переселен
мекемесінде қандайлық өзгеріс болуға мүмкін, соны тоқтаусыз телеграф
арқылы бізге білдір» деген бас мекемеден осындай əмір келіп отыр.
Бостандық туғаннан бері қай жерде болсын, переселен мекемесі қазақ,
крестьяндардың сиезінің қаулысы бойынша өлген еді. Енді мына телеграмға
қарағанда бұл мекеме қайтадан тірілмекші. Осы сөз Семейде болып жатқан
обласной крестьян сиезіне түсіп, мейлінше қағылды. Сөз тартысында
төмендегі дəлелдер мəлім болды:
Бұрынғы Уақытша Хүкіметтің, осы күнгі совет хүкіметінің шығарған заңы
бойынша переселен мекемесінің мойнына алайын деп отырған мына
жұмыстары жер комитеттеріне тапсырылған. Сондықтан бір жұмысқа екі
мекеменің ортақ болып мінгесуі қандайлық қажет?
Семей облысында қанша жер бар, түсі, түгі қандай, бір облыстың
шаруасына қарсыластырғанда артық жер бола ма, жоқ па – бұл əлі бізге
мəлім емес екен. Қазақ жерін алғанда артықтығын біліп алмайды, тек
келгендерді отырта беру үшін ғана алыпты (бұл сөздер Семейдегі переселен
мекемесінің бастығының сөздері).
Переселен мекемесінің бұрынғы істеген жұмысы қазақ пен крестьян
ортасына кемпірназ өкпе кіргізіпті.
Переселен мекемесі бетімен келген крестьяндарды орналастыра берсе,
бірінші, тұрған жұрттың шаруасын күйзелтпек, екінші, жер мəселесін
құрылтайдан бұрын өзіміз шешкен болып табылмақ.
Осы айтылған дəлелдер бойынша крестьян сиезі қазақ комитетінің ұсынған
жобасын өткізді:
1.Жер əбден өлшеніп, топырағы, түгі байқалып, тұрғын жұрттың шаруасына
лайықты жер тигенше сырттан крестьяндар алынбасын.
2.Осы қаулы телеграм арқылы Петроградқа білдірілсін.
3.Бірен-саран келіп қалған крестьяндар болса, олар артық жері бар крестьян
қалаларынан енші алсын.
4.Переселен мекемесі обласной жер комитетіне бағынсын.
Ортақшылдың жұмысы
Ішкі жақтан Семейге 2 жүз ортақшылдар келді. Бұлардың мақсұты – Семей
маңайынан бір жақсы жер алып, орнап, ортақтасып, шаруа жүргізбек.
Семейге келген соң ортақшылдар қолдарындағы бар пұлын, мүлкін ортаға
салып, 20 мыңдай қазына жасапты. Осы қазынадан біреудібіреу қақпай,
əркім өз керегін ала бермек.
Көшіп келген ортақшылдар бізге ерулік айтатын түрі бар көрінеді.
Семейдегі жер комитетінен біздің Делбегетей елінің Өгізшапқан деген
жерін сұрапты.
Бұл жер былтыр жер министрінің бұрын қазақтан тартып алынған, əзір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.