Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27

Total number of words is 3881
Total number of unique words is 1654
29.3 of words are in the 2000 most common words
40.5 of words are in the 5000 most common words
47.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жалпы Россияның кіндік атқару комитеті шығарған бұл заңы мен жер
реформасы жоғалтылды деген неше түрлі өтірік хабарларға ешбір орын
жоқ. Бұрынғы қалып қайта айналып келмейді. Жаңа законнан жұрттың көбі
қорқады. Қорқатұғын ешбір орын жоқ. Олар жаңа законды тіпті оқымаған,
болмаса оқып тұрып түсінбеген.
Жер реформасы енді һəм оның нəтижесін, жалпы Россия кіндік атқару
комитеті бекітіп отыр. Ескі дəуірге қайту жоқ һəм қайташақ та емес,
орыстың қара шекпендеріне жиырма екінші жылдың күзінде (ол закон
шыққан күніне дейін) қолындағы жерлері солардікі болып саналып
тағайындалды. Қазақ-қырғыз халқына барлық алған жері бекітіліп отыр.
Жер хақында жұмыстың қиынырақ болып тұрған жері, бір жағынан,
диханшылық, екінші жағынан, мал шаруасыменен тіршілік қылып отырған
аудандарда. Жетісудың көп жері һəм Сырдария облысының Темірқазық
жағындағы жергілікті халықтардың осы күнгі тіршілігі сондай түрде –
қыстауының кəсібіне егінін шашады һəм екінші жағынан мал
шаруасыменен тіршілік қылып көшеді.
Міне, осындай жерлерде жер мəселесін түпкілікті қылып шешу қажет.
Ауыл-ауылдың осы күнгі егін шашып пайдаланып отырған жерін ғана
оларға қалдыру мүмкін емес. Себебі, қазіргі күнде олардың тіршілігінің көбі
мал шаруасы, диханшылық кем, əшермендік қана шешеді. Ол, азғантай
егіндік жермен оларды қалдыру дұрыс емес. Соның үшін Түркістан кіндік
атқару комитеті шығарған қаулысында ауылдардың осы күнгі диханшылық
қылып отырған жерлерін оларға қалдырып отыр. Егерде, бұлардың жер
мəселесін түпкілікті қылып шешкенге шейін, бұл ауылдар диханшылық
қылып жыртқан жерін кеңейтіп көбейткен болса, жер мəселесін шешкен
мезгілде сол қалпының өзі жүріп кеткен жердің барлығында, сол ауылдарға
түпкілікті болып шешкен уақытында бір белгілі мөлшерінен жер
берілмекші. Сонда бір ауылдың жері мөлшерден кем болып қалса, онда
мөлшерге жеткізіліп беріледі. Екінші бір ауылдың жері мөлшерден артық
болса, артығы алынбастан сол ауылға түпкілікті беріліп тағайындалады.
Бұған өте сақ болу керек Заң əрбір ауылға шамаменен келгенінше,
диханшылық қылатын жерін көбейтуге кең жол ашып отыр. Мұныменен
халықтың пайдаланып қалуы тиіс. Жатсаң да, тұрсаң да егін шашқан
жеріңді көбейтуің дұрыс. Бұл ретте дихан менен мемлекеттің көздеген
мақсаты бір болып отыр.
Ең ақырында, диханшылық пенен һəм мал шаруасымен тіршілік қылып
отырған аудандарда қашан жер мəселесі түпкілікті болып шешілгенше əр
ауылдың жалғыз ғана егіндігі емес, мал жайылымдығы олардың пайдасына
қалдырылып отыр. Қашан жер мəселесі түпкілікті шешілген уақытта, бір
ауылдың мал жайылымдық жерінен мөлшерменен сол ауылға берілген
уақытында артық жер шықса, ондай артық жерге басқаларды əкеліп
орнатады. Бірақ, жаңа заң һəм Түркістан кіндік атқару комитетінің
шығарған қаулысында ондай артық жерлерді түпкілікті жер мəселесі
шешілгенге шейін ешкім сұғанақтық қылып ала алмайды. Сол жергілікті
халықтың пайдасында болады.
Осы күнде əр жерде уездерде, облыстарда һəм кіндікте жер жанжалын
қарайтын һəм шешетін комиссиялар түзіліп жатыр. Ол комиссияда жер
бөлімінің бастығы жер мəселесін шешетін мекеменің уəкілі су бөлімінің
адамы, заң бөлімінің бастығы һəм қосшы ұйымының бастығы бар.
Осы комиссияларды күшейтіп дем беру керек. Бұлар ешкімнің өз бетіменен
ұнаған жерді бас салып иемдене кетуді жоғалтулары керек. Бұл комиссиялар
өзінің жұмысына, іске батыр жақсы азаматтарды бауырына тартуы керек.
Бұл комиссиялар жер мəселесін түпкілікті қылып шешу жобаларын қарап
бекітуге беріліп отыр. Қазіргі күнде бұлар өткен заманда жер реформасын
жүргізген үш адамнан құралған комиссия қандай мықты болса, бұлар да
сондай мықты. Мұны əрбір партия һəм кеңес қызметінде жүрген азаматтар
ұмытпауы керек.
Екі түрлі тіршілігі бар 1) аудандарда түпкілікті қылып жер мəселесін шешу
жұмысы белгілі ретпен жүргізілмекші. 1923-ші жылға Түркістан уезімен
һəм Əулиеата, Шымкент уездерінің бітпеген жұмыстары белгіленіп отыр.
Шығашақ низамының қысқаша қорытындысы: мөлшер белгілеу əр ауылдың
егіндігін сол ауылдың пайдасына түпкілікті қылып бекіту. Жерсіздерге
мөлшерменен жер беру ауылынай-болыстардың арасындағы шекті түзету
жер мəселесі түпкілікті шешіліп, жергілікті халықтарды орналастырғаннан
кейінгі, қанша артық жер бар екендігін білу. Бұл жерлерге жері кем тарлық
көріп отырған аудандардан болмаса, өте жері кемдіктен таршылық көріп
отырған орыстың поселкелерінен көшіріп орындалулары айтылмақшы.
Таршылық көріп отырған орыстың поселкелеріне түпкілікті жер мəселесі
шешілгенге шейін мөлшерменен жер кесіліп берілуі мүмкін. Бірақ өте
мұқтаж болғанда һəм жер комиссариятының рұхсатымен ғана, еңбек
мөлшеріменен жер пайдалану шығып отырған негізгі заңда диханшылық
шаруасына малайды жалдау реті белгіленген. Заң бойынша жалдаушы кісі
өз малайы қатар қызмет қылатын болса, болмаса шаруасы кері кеткен болса,
(егіндік шықпай қалу, өрт, шегіртке, ауру һəм басқа осындай қырсық кез
келсе) һəм жері аз аудандарда жұмыстың уақытында, мысалы, егіннің
уақытында, малай жалдауға болады. Жаңа жерге орнаған уақытында
жұмысын тездеп бітіру һəм егіндікке берген жерінің барлығын уақытында
шашу үшін малай жалдауға болады.
1) Ескерту: көшпелі аудандарда түпкілікті қылып жер мəселесін шешу
хақында қосымша низам түзіліп жатыр. Ең ақырында, жерді уақытынша
беру ретінде жаңа заң бойынша берілетін жер еңбек мөлшерінде болуы
ғана керек.
«Ешкім уақытша өзінің жерінің үстіне өзінің күшіменен еңбек қылып,
шашылмайтын артық жер ала алмайды» жаңа сол уақытында жерді
уақытша бергенде үш жылға дейін ғана береді. Һəм уақытша шаруасы
бұзылған кезде (жоғарыдағы малдар турасындағыны қара). Болмаса, үй
иесін əскер қызметіне алмаған болса, болмаса Кеңестер мекемесінде қызмет
етіп жүрген болса.
Сонымен, жер хақында шыққан жаңа заң, жалғыз ғана жер реформасының
нəтижесін ғана бекітпей, əрбір түрлі шаруа менен тіршілік қылып отырған
ауылдардың жерін сақтау, ұзақ уақытқа жер беруді тоқтатып, еңбек
мөлшерінен артық жер бергізбей, яғни жуан жұдырықтарға малай жалдап
қанын сорғызбау жағын ашып отыр. Сонымен, айыптап көзге түспей
қараңғы жолмен өткен лағынат екі дəуірге қайтадан жетеміз деуге еш орын
жоқ.
Жер пайдаланып отырған жұртқа жаңа заң жерді қай түрімен пайдалану
ретінде кең жол беріп отыр, (көп ортасында үй басына) (һəм басқаша) қай
қалаған түріменен.
Мемлекет керекті мал бағатын жайылымдық басқа да түрлі жерлерді бүкіл
ауылға беріп отыр. Онан əрі, жер мəселесіне мемлекеттің қатысы жоқ.
Сосынғы əңгіме халықтың өзінде ауыл ішінде һəм, қала ішінде жер
мəселесін шешу жұмысы халықтың өзінің тілеуіменен, һəм шығынын
көтергеннен ғана болады.
Жер пайдаланушыларға түпкілікті жер беріліп, біреу алып кетпейтіндікке
көзбен жеткізіп, олар ол жерде ұзақ уақытқа өздерінің тіршілігін түзеу түгіл
олардың өз ықтиярында қай түріменен жер пайдаланамыз десе де. Көп
ортасындағы жерден пайдаланушы əркімнің өз ықтиярында көптен
ұлтарақтай жер тисе де, өзіндікі қылып бүлдіріп алуына. Ұмтылу, ыждахат
қылу, ілгері басудың санасы.
Диханшылық шаруасының кең жолменен ілгері басып дəуірлеуіне
жоғарыда айтылғандар да жеткілікті болар еді.
Бірақ, жалпы Россияның Кіндік атқару комитеті жер хақында шығарған
заңынан басқа, екінші бір низам шығарып отыр. Ол, низам бойынша жаңа
орынға ауып қалғандар болмаса, ештеңе тимеген жаңа жер алғандар əскер
қызметінен де, һəм азық-түлік салығынан да, көшкеннен кейінгі жерде он
жылға азат. Ал, жаңа жерде жыртылған жер алғандарға, бұл жеңілдіктер бір
жылға беріліп отыр.
Соңғы низамменен Кеңестер хүкіметі бөлінген диханшылық шаруасын
түзету, екпінді һəм, негізгі мақсат деп көрсетіп отыр.
Қайткен күнде де, егінді көп шаш һəм аз уақыттың ішінде көп шаш дегенді
Кеңестер хүкіметі орын қылып отыр.
Бірақ, əрбір диханның да мақсаты сол екеуін бір жолға қосып отыр, енді
шаруа түзелуге тиіс.
Сол заң, жалғыз ғана жер реформасының нəтижесін бекітіп қоймай, бізді
баяғы ескі обыр отаршылдық болмысынан сақтап отыр.
Ескіге орын жоқ бірақ, əрбір қызметкер есінен шығармауы керек.
«Жылытқан жастық астынан су да ақпайды» дегендей.
Аскалов
Бұйрық,-жарлықтар
Түркістан Кіндік атқару комитетінің, 1922-нші жыл 5-нші сентябрьде
шығарған ІІІ-нші нөмірлі қаулысы:
Түркістанда еңбек мөлшеріменен жер пайдалану туралы бүкіл Россиялық
кіндік комитетінің төмендегі негізгі заңы Түркістан аймағында
қолданылсын.
Түркістан Кіндік атқару комитетінің бастығының орынбасары:
С. Қожанов
Хатшысы: Юмакаев
Түркістанда еңбек мөлшеріменен жер пайдалану негізгі заңы: Бүкіл
Россиялық Кіндік атқару комитеті жанындағы жер істері, құрама
комитетінің һəм Түркістан Кіндік атқару комитетінің барлық мүшелерінің
2-нші жалпысы жиналысында қабыл етілген, жергілікті шарттарға қарай,
еңбек мүшелеріменен жер пайдаланудың негізгі заңына кіргізген
Түркістанда еңбек өлшеміменен жер пайдалану туралы өзгертулерін қарап
һəм Россиялық Кіндік атқару комитетінің бас құрамасының автономиялы
һəм, ортақтас Республикаларда жер дауларын шешушінің тəртіптері туралы,
30-нші июльде 1912-нші жылда шығарған қаулысы бойынша, Түркістанда
төмендегі ретте еңбек мөлшеріменен жер пайдалану негізгі заңын,
Россиялық Кіндік атқару комитеті қабыл етеді:
1-бап
Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың тəртіптері туралы:
1) Осы заңның 5-нші бабына ылайық пайдалану үшін бекітіп жер алған
əрбір жер ұйымының жасы толған мүшелерінің (еркек-əйел демей тең 18
жастағылардың) көпшілігінің қарары бойынша, жер пайдалануды қайсы
түрін қолданамын десе де ықтияры бар.
Жер ұйымының ішінде жер пайдалану түрлері мынадай болса керек: а) Көп
арасындағы жерді үй басына кезінде бөліп алу реті;
б) Белгілі бір аудан жердің ішінде əр үйдің өзіне тиісті жерді бөліп жəне де
меншікті жері бір ауданда болса да аудан ішінде əр жерде яки бөлек-бөлек
болу;
в) Көш бір кетіп жерді үлкейтіп, ортақтық ретіменен жерді пайдалану жолы;
г) Бір аудандағы əр жердің ыңғайына қарап, түрлі-түрлі ретпенен аралас
пайдалану жолы;
д) Бұрынғы дихандардың һəм байлардың мүлік етіп алынған жерлерінде
отырған диханшылық ұйымдарында, ол жерлер уақытында жер
бөлімдерінің яки, кеңестер сиездерінің қарарыменен берілген болса, жер
пайдаланудың қандай түрін қолданса да ықтияр беріледі;
Диханшылық ұйымынан шығамын дегендер диханшылық ұйымының
хүкіметтен қарызға алған ақша яки, мал жəрдемінің өзіне тиісті сыбағасын
қайтып беріп кетуге міндетті.
Ескерту: Халық арасына бөлінбей, түрлі мекеме ұйымдарына берілген
жерлерге орнаған диханшылық ұйымдарының бітуі шарт. Тəртіптері, əдебі
өз алдына шығарылатын нұсқаларменен белгіленеді.
4)Срогы толып, жерді қайта төлеуде көпшіліктен шығамын дегендер болса,
көпшілік ықтияр. Бермесе, шығуға ықтияр көпшіліктен айырылып
шығушылардың бір орнынан өздеріне тиісті жерлерін алуға ықтиярлы
бірақ, жер берілгенде жердің маңызы еске алынып, бөлініп шығушыларға
жер пайдаланудың керекті түрін қолдануға ықтиярда берілмейді.
5)Срогы толмай-ақ, көпшіліктен шығамын дегендер болса, көпшіліктің
ыхтиярыменен шығуға ерік беріледі. Уақыты толмай-ақ көпшіліктен
шығамын дегендерге, көпшілік ықтияр бермесе де, көпшіліктен шығуға
ерікті. Бірақ, барлық шығушылардың саны, барлық Россиялық Кіндік
комитетінің қасындағы жер құрама комитеті менен ТурЦиктің
Түркістанның һəр ауданына белгіленген санынан кем болмауы тиіс.
Бос һəм бөлек жатқан жерлерге бөлініп шығамын деушілерге əр уақытта
ерік беріледі. Бірақ, көпшіліктен шығамын деушілердің шығатындығынан
көпшіліктің арасында жер қайтадан бөлінбейтін болуы шарт.
Қосымша: Барлық Россиялық Кіндік атқару комитетінің жанындағы жер
құрама комитеті менен ТурЦиктің һəм ауданға лайықтап көпшіліктен
шығамын деушілердің санын белгілегенше, көпшіліктен шығамын
деушілер болса, олардың саны көпшіліктің жалпы санының бестен бірінен
кем болмауы яки, 250 үйлік диханнан көпшіліктен шығатындар 50 үйден
кем болмасқа тиіс.
6)Көпшіліктен шығудан ілгері барлық халыққа арналып жерді бөлу мөлшері
белгіленеді. Соның ішінде, егін һəм шабындықтар да тең бөлініп,
көпшілікте шығушылар санына қарай, жұрттың бəріне тең мөлшерменен
тиісті сыбағасы беріледі.
Қосымша: Үй арқасындағы һəм үй салынған жерлерменен пайдалану үшін
өз алдына тəртіптер шығарылады;
7)Жерді бөлуде шығушылар, һəм қалушылардың пайдасын тең ойлап,
жердің берекесін алмас үшін жерді бүйректесе арасына кісі жері қосылып
бөлшектенбей жер арасы қашықтанбай су һəм жолдарменен пайдалану
жағы тағы бұзылмай, һəм жердің шекарасы қисаймай осылар сияқты
басқаша реттерде еске алынып бөлінуі тиіс.
Жер бөлініп шығудың жолдары осы қаулының ІІ-нші бөлімінде көрсетілген;
8)Көпшілік жер пайдаланудың бір түрінен екінші түріне өтіп, оның үстіне
бөлініп шығатындарды шығарып болған соң, тағы бөлінушілерді бөліп
жердің тиесі болса тағы бөлінушілерге ерік беріледі. Бірақ, ауыл үшін
Совнаркомның 30-апрель 1920-нші жылда шығарған қарарындағы
шарттарын орынға келтірулері міндетті;
9)Жергілікті шарттарға һəм шаруаның ыңғайына қарай һəр облысқа яки
ауданға лайықтап, өз алдына жер мөлшерін белгілеу үшін облыс жер
бөлімдерінің ұсынысы бойынша, облыс исполкомдарға ықтияр беріледі.
Бірақ жер мөлшерін белгілеу үшін жер комиссариаты менен жер
комитетінің разылығы болуы шарт.
Облыс исполкомдары жер мөлшерін белгілегенше, дихандар ұйымының
мөлшерінің көпшілігінің қарары менен қабыл алынған жер мөлшері
қолданылады.
Облыс исполкомдардың шығарған мөлшері бойынша, дихандар ұйымының
белгіленген мөлшері менен бөлінген жерлердің уақыты бітпей қайтадан
бөлінуі міндетті емес.
10)20–ншы апрель 1920-ншы жылғы Совнаркомның қаулысына лайықтап
жерді қайта бөлгенде, бөлінетін көпшіліктің жері менен жалғас еңбекшіл
жеке мүлікті дихандардың жерлері жылжып жеті кесіліп яки, өзі бөлініп
кетпесін;
11)Осы қаулыға лайықтап жер пайдаланудың бір түрінен екінші түріне өту
үшін жерді қайта бөлу һəм көпшіліктен шығушылар қолдану үшін
төмендегі тəртіпті амалдану керек.
а) Əуелі мəселелер тиісті көпшіліктің мүшелерінің жалпы жиылысында
қаралып өтеді.
б) Дау яки, наразылық болмаса көпшіліктің қарары уездік жер бөліміне
білдірілген соң, тіршілікке жүргізіле беріледі. Бірақ уездік жер бөлімі ондай
жұмыстарды бір айдан қалмай қарап отыруы тиіс.
в) Дау шықса, наразы жағы жер дауларын шешу үшін арнап шығарылған
тəртіпке лайықтап ізденуге ерікті. Дау ашылып жұмыс шешілген соң, жер
мекемесі тиісті тиянағын жазып қояды.
г) Осы законның 5-нші бөлімінде айтқан реттерменен көпшіліктен
шығамын деушілер болса, олар да осы «Б» һəм «В» бөлімшедегі
жолдарменен қаралып тіршілік жүзіне шыға береді.
2-бап
Жерді еңбек мөлшеріменен пайдалану жолы.
12)Законда көрсетілген жолдардан басқа ретпен пайдаланушының жерін
қайтып алуға болмайды. Жалғыз-ақ, жер пайдалануды жалпы тəртіпке
келтіру жұмысы болып яки, болмаса ортақшылық жолдарыменен
пайдаланып отырған көпшіліктерде жерді қайта бөлетін ретте болса ғана
жер ауданының орнын, аймағын һəм шекарасын өзгерту үшін басқа ретпен
алыну мүмкін.
13)Жер пайдаланушы жер пайдаландыру шартынан мынандай реттерде ғана
айырылады:
а) Үй ішінің барлығы түгелімен өз ықтиярларыменен пайдаланудан кетсе;
б) Үйдің өз алдына егін егуі түгел тоқталса;
в) Үй іші өліп бітсе;
г) Бір жерден екінші жерге өтіп, ескі орында өз алдына шаруашылық
жүргізуі тоқталса;
д) Закон бойынша жаза тартып, сот арқылы жер пайдалану құқынан
айрылса;
е) Жол салу, яки болмаса, кен қазу сияқты мемлекеттің һəм көпшіліктің
керегі үшін жер алынса;
14)Үй ішінің кейбіреуі əскерлікке алынып яки, болмаса сайланып көпшілік
жұмысында кеңес хүкіметінің ісінде жүрсе, ондайлардың тиісті сыбағалы
жері өзі босағанша өз үйінің қолында болады. Сыртқа кетіп
жұмсаушылардың жері екі ораққа шейін өз үйінің қолында болады. Бірақ,
екі орақтан кейін келгендерге артық жерден беріліп, артық жер жоқ
жерменен жаңадан бөлінген көпшіліктің басқа мүшелеріменен қатар жер
беріледі;
15)13-нші бөлімшеде айтылғандай жерді көпшіліктен яки болмаса мемлекет
керегі үшін жері алынған кісілерге, бөтен жерден жер беріліп барлық зиялы
тиісті жолдарменен түгелденеді;
16)Орынсыз дəлелдер менен жерін істетпей тастап яки болмаса, 3-нші бапта
айтылған законға қарсы келетін жолдарменен жердің майын сатқан жер
иесі, жер дауларын шешу тəртіптері бойынша бір жылға шейін ол жерден
пайдаланудан айырылады;
17)Пайдаланудан босанған жергілікті артық жатқан жерлерге қосылып сол
диханшылық ұйымның жерге мұқтаждарына беріледі;
18)Жерді сату, һəм сатып алу, алып сату, беру, өткізуге қою тіпті болмайды.
Жоғарыда айтылған реттерменен жердің бір қолдан бір қолға өтуі законға
қарсы болып табылады. Жерді қолдан қолға өткізушілер жаза тартып һəм
қолындағы жерінен де айырылады.
3-бап
Жер жолдары туралы
(Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың құқықтарын уақытша басқаға
беру)
19)Егін бітпегендіктен, өрттен, жұттан, көлік кемдігінен, қолдың аздығынан
яки болмаса, (сол сияқты апаттардан істеу үшін шетке кетіп, əскер
қызметіне шақырылып, сайлау менен əлеумет яки, Кеңес қызметінде жүріп)
уақытша нашарлаған дихандарға, барлық жерін яки болмаса, бір бөлігін
басқаға жалдауға ықтияр беріледі. Жерді жалдаушылар арасында жасалатын
шарттар бойынша, жерді жалдау ақына ақша, түрлі бұйымдар яки, ұйымның
бір бөлімін беруге де болады. Бірақ, төмендегі шарттарды қолдану тиіс.
20)Жер жалдаудың уақыты бір орақтан артық болмайды. Бұл орақтың
мерзімі белгісіз жерлерде 3 жылдан артық болмасын.
21)Кейбір дəлелді себептері бар жерлерде жалдаудың уақыты екі ораққа яки
болмаса, үш жылдың орнына алты жылға созылуы мүмкін.
Көрсетілген жердің жалдау уақыты өткеннен кейін жер иесі өз қуатыменен
жерін қайтарып алып, еге алмайтын болса, жері жергілікті диханшылық
қолына өтіп, сол ұйымның жерге мұхтаж басқа дихандарына беріледі.
22)Жалғыз-ақ, өз қуатыменен еге алатын шамада ғана, өз жеріне қосымша
қылып басқадан жер жалдауға ықтияр беріледі.
23)Жалданған жердің шамасы майын берушінің барлық жерінің үштен
бірінен ары болса, жергілікті ауыл кеңесіне беріледі.
Төрттен үшінен артық болса, Ауыл исполкомда қатталған соң, жер майын
алушының арасында жасалған шартта міндетті саналады.
24)Жер майын беріп алудың шарттары ауызекі болмаса, қағаз бетінде
жасалуы мүмкін. Ауызекі жасалған шарт Ауыл исполкомның яки болмаса,
ауыл кеңесі мүшесінің қасында айтылып шарттар үшін арналған кітапқа
жазылып қойылады.
25)Көпшіліктен шығып басқа жерге кетпекші яки, диханшылықты қойып
басқа кəсіпке кіріспекші адамға жерін біреуге жалдауға ықтияр берілмейді.
26)Жер жалдаушы жер иесі сияқты жалдап алған жерін жақсылап егуге
міндетті. Һəм майын алған жерін, басқаға бере алмайды.
27)Жер беруші диханға түсетін түрлі салық алымдарды алған жерінің
шамасына қарай жер жалдаушы төлеуге тиіс. 26-ншы бөлімшедегі міндетті
істерді жер жалдаушы орындамай, жер жалдаушылар арасындағы істелген
шарт бұзылуы мүмкін. Шарттың бұзылуы, һəм одан шығатын алыс-беріс
нəтижелері жер дауларын қарау тəртіптерімен шешіледі.
28)Жалдаған срогы біткеннен кейін жер иесіне қайтіп беріледі. Жерден
ажырамайтын һəм ажыратқанда жерді егу, зиянды болатын жерді үлгірту
үшін істелген жаңалықтар ескі жер иесіне өтеді.
4-бап
Еңбекшіл дихандар шаруаларына жəрдем үшін керекті жалшылар қолдану
туралы.
29)Аспап-құралдарының жетпестігіне яки, күш кемдігіне мезгілінде егін
істерін бітіре алмайтын дихандарға жəрдем үшін, жалшылар жалдауға
ықтияр беріледі. Бірақ, жалдаушылар үйіндегі барлық іске жарайтын
кісілері жалшы қатарында өз диханшылық жұмыстарын істейтін болу керек.
30)Жері аз болып, һəм шаруасы нашарлағандықтан жерін жалдауға ыхтияр
берілген дихандарға өзі диханшылық жұмыстарына кіріспесе де, барлық
жерін жалшы күшіменен істеуге ықтияр беріледі. Диханшылықта орақ яки,
айдау сияқты уақытта мезгілді жұмыстар үшін жалшы жалдау басқа
дихандарға да болады. Жері көп аудандарда яки, жерге жаңадан орналасып
жатқан уақытта, барлық егістікті қалдырмай, тездікпен пайдалану үшін
керегіне қарай жалшылар жалдауға болады.
31)Бейнет бақылау һəм жалшылардың ақысын дұрыс беру тақырыпты
шыққан қарарларды, һəм заңдарды орнына келтіріп тұру шартыменен
жалшы жалдауға ыхтияр беріледі.
5-нші бап
Еңбекшіл мөлшеріменен жер пайдаланудың һəм жерге орналастырудың
нығайтылу реті.
32)Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың түрін белгілеу, нығайту үшін
сиездер қаулысы мен яки, жер бөлімдерінің тиісті тəртіптері мен берілген
отырықшы болыстардың, ауылдардың һəм басқа диханшылық
ұйымдарының қолындағы осы күнде пайдаланып отырған жерлері, осы
қарар шыққан күннен бастап олардың еңбек мөлшеріменен түпкілікті
пайдалануында қалады.
Қосымша: Екі диханшылық ұйымының арасындағы шекарасы белгісіз
даулы жерлер жер даулары ретінде қаралып, екі жақтың халқының санына
һəм жерінің аздық көптігіне қарай шешіледі.
33)Отырықшы шаруасы бар болыс һəм ауыл араларында бұдан былай жер
теңгерілу жұмыстары тоқтатылады. Дихандар арасында жердің
бөліншектігін, һəм қашықтығын жойып, жер пайдалануын ыңғайластыру
үшін өз араларында жер орналастыру жұмысы жүргізіле беру мүмкін.
Қосымша: Жер бөлімінде қабыл етіліп, жүргізіліп жатқан жер орналастыру
істері бұрынғы шыққан заңдар бойынша аяғына жетіп, бітіп тоқтатылды.
34)Жер, су комиссариаты, ғылым, оның бөлімдері мемлекет қаражатымен
жұртты жерге жөндеп жайластыру жұмысына мынау реттерде ғана кірісуі
міндет:
а) Болыс, һəм ауылдар арасындағы қиынсыз жер араластық ыңғайсыз
бөлінектерді жою үшін; б) басы артық бос жатқан жерлерді тауып, анықтау
үшін; в) бұрын көшпелі болған жергілікті жұртты, жер иелендіріп өз жеріне
тегіс орнаттыру үшін, басқа реттерде жалпы міндетті. Жер орналастыру
жұмысы тоқтатылады. Бірақ, халықтың өзі сұрауы бойынша, өз арасындағы
жер орналастыру жұмыстары қаражатын халық өзі көтеріп жүргізіле
беріледі.
35)Түркістанның мал шаруасы бар көшпелі аудандарында жер менен
пайдаланудың һəм жерге орналастырудың тəртіп жолдарын, Түркістан жер
комиссарлығының əдеті, сол аудандарға арнап жасап, жер құрама комитеті
барлық Россиялық Кіндік Атқару комитетіне кіргізіп бекітілген жобамен
белгіленеді.
36)Араларында жер дау-шатағы жоқ қыстақтарда, һəм диханшылық басқа
ұйымдарында, халықтың пайдаланып отырған жерлерінің шамасы,
шекарасы белгіленіп, жердің есепке алыну жолыменен жер иесіне ресми
қағаз беріліп, жер иесінің қолындағы пайдаланып отырған жері өзінікі
болып бекітіледі.
Соңғы қаулы
37) Түркістан жер, су комиссарияты Кіндік жер құрама комитетіменен
келісіп, осы заңдарды жергілікті жер бөлімдену туралы нұсқаулар шығарып
тəртіптер беру тиіс.
Барлық Россиялық Кіндік комитетінің бастығы: Калинин хатшысы:
Энукидзе
Саясат бөлімі
Азаттықтың жолы осы
Россия тарихи колонияны молайту əңгімесінен жасалған деп профессор
Клушевский айтқан сияқты, баяғыдан бері патшашыл Россияда үлкен
мəселелердің ең зоры – жер мəселесі. Һəм Россия ішіндегі
зауытфабрикаларға керек шеге заттарды шет аймақтардан алу жолдары еді.
Біреулердің үстемдігі жүріп, ел билеуіне, біреулердің қол беріп құлдар
хəліне түсіп, жауыздық көруіне себеп болған осы екі мəселе.
Аяқты мал шаруасынан өтетін шеге заттар Россия зауыт-фабрикаларына
керек болғандықтан қазақ-қырғызды орыс халқы билеген. Ішкі Россияда,
жер мəселесі дұрыс шешілмегендіктен, Түркістан, Қазақстан сияқты шет
аймақтарға келімсектер келіп, отаршылық саясаты жүргізілген.
ХХ ғасырда күнбатыс Россияда халықтың саны өте өсіп, диханшылық
үлгілі жолға құрылған соң жерге мұқтаждық, туған-жері жоқ кедейлер
талай бөліншектер жасаған. Жерсіздерге жер тауып беру үлкен мəселе
болған. Оларды орналастыру үшін патшашыл хүкімет жер іздеген. Орталық
Россияда ең жақсы жерлер помещик ақсүйектер қолында болғандықтан,
жерсіз кедейлерді орталық Россияға көшіруден патшашыл хүкімет
тартынған. Сондықтан, күнбатыс һəм орталық Россиядағы алғы жерсіз
кедейлерді патшашыл хүкімет Россия колониясы болған Түркістан,
Қазақстан сияқты аймақтарға тығып, Қазақстан, Түркістанды келімсектерге
толтырып еді.
Ішкі Россиядағы алғы тентірегендерді Түркістанға көшіруде ескі хүкіметтің
көздеген мақсаты екі түрлі: 1) жергілікті жұрттың жерін іштегі жерсіздерге
беріп, бүліншілікті тоқтату. 2) келімсектерге сүйеніп, жергілікті жұрттарды
өз дегеніне көндіру еді.
Ескі хүкіметтің көздеген мақсаттары орындалмай қалған жоқ. Патшашыл
хүкіметтің тұсында Түркістанға жүздеп, мыңдап келімсектер келді. Келген
келімсектер алғы ғана қазақ-қырғыздарды айналдыра қоршалай, қазаққырғыздың көшіп, қонып жүрген ең жақсы жерлеріне, тау арасындағы
орларға орналасты.
Баяғыдан бері күн көріп, тіршілік құрып келе жатқан атамекенінен қазаққырғыз жұртының іргесі көтеріліп, ел бір көшірілгенде екі-үш көшіріліп,
сөзсіз шөл биік таудың басына шығарылды. Қазақ-қырғыз шаруасының түп
қазығы аяқты мал шаруасы, диханшылық болса, ол екеуінің де көркейюі –
жер, су еді.
Қазақ-қырғыздың өзінің жылдан-жылға саны өсіп (əр жүз кісіге бір жылда
екі кісі қосылмақ, яки елу жылдың ішінде жүз кісі екі жүз болмақ). Оның
үстіне, іштен сансыз келімсектер келген соң, Түркістан жұрттары өзгеріле
бастады.
Түркістанда жалпы шаруа шарттарының өзгерісі ең əуелі қазаққырғыз
шаруасын күйзелтті. Жаз жайлау, қыс қыстау, өрісі тарылып, көшіп қонатын
жолы байланып, қазақ-қырғыз су ішетін суатынан да айрылды. Қазаққырғыздың аяғы қысқарды. Аяқты мал шаруасы төмендей бастады. Біздің
қазақ-қырғыз шаруалары малға қолдан шөп беріп əдет алған жоқ. Аяқты
мал шаруасы аяғынан жүріп күнелтіп келеді. Өрісі тарылған соң аяқты мал
шаруасы талай індеттерге ұшырап бітуге айналды. Төмендеген шаруаны
əсіресе жүдеткен іштен келген бұйымдар, түрлі аспап құралдар, кездемелер
өте қымбат болып, аяқты малдан өнетін шикізаттардың (тері, жүн, жабағы)
арзан саналғандығы еді. Сондықтан, қазақ-қырғыз қаражаты аяқты малдан
өнетін өніміне жетпейтін болды. Аяқты малдың өзінің саны жылдан-жылға
азая бастады. Аяқты мал арқылы күн көріп тіршілік құру қиындыққа
айналғандықтан, қазақ-қырғыз халықтарының бірсыпырасы жатақ болып,
диханшылық кəсібін қолданды. Жер иелену жолына түсті. Бірақ,
диханшылық та қазақ-қырғызға жұғымды болмады. Түркістанда
диханшылық суменен байланысқан. Сусыз жерде диханшылық
қылғанменен еңбек қайтпайды. Қазақ-қырғыздың арасындағы сулы, ең
маңызды жерлер іштен келген келімсектерге берілген. Қалған жерлердің
жақсысын өз арамыздағы «белгілі атаның балалары» алған. Келімсектерден
жер артылмай, қырғызқазақ келімсектеріне жер жетпей, тау басына сусыз
шөлге еккенменен егін бітпей, қазақ-қырғыз кедейлерінің диханшылығы да
алға баспады. Сонда да болса, қазақ-қырғыз тіршілігіне назар салмай,
шикізаттарды Россияға арттырумен отаршылық саясатын жүргізуден қолы
босамай хүкімет жергілікті жұрттың тіршілік тілегін, мұң қайғысын ескере
алмады.
Біздің, қазақ-қырғыз жұртының бұрын көрген жауыздықтарының ең үлкені,
отаршылдықтың ең зоры – шаруа шарттарының Россияға пайдалы, қазаққырғызға жағымсыз болғандығынан басталып еді.
Енді тіршілік құрып халық қатарына енуіне де зор себептердің зоры, осы
аяқты мал шаруасы менен диханшылықты аяқтандыру. Жерге иелену де
қалды. Алдымыздағы он бірінші Түркістан сиезінде де, əңгіменің үлкені
осы болды. Шаруаны көркейту, тақырыпты сөзден іске көшу қамына
кірісудің жолдары қарастырылады. Өйткені, коммунистер партиясы
кеңестер хүкіметінің қолға алып, керекті істердің алдына салып, қарқынды
істердің ең қарқындысы санап отырған ісі ішкі, һəм сыртқы соғыстың
кезінде күйзелген шаруаны көтеру, байлықты молайту.
Енді кімнің болса да істеген ісі осы жағына қарай саналып, қайсы жұрттың
болса да революциядан алған жемістері жұғымды болып орнықты. Жолға
қойылуы шаруаны көркейту, жаңа шаруашылық саясатын жүргізу хақында
ұсталығына келіп тоқтамақ.
50-60 жылдан бері қарай, Түркістан тағдыры, қазақ-қырғыз тарихы
Россиямен байланысып келеді. Кеңестер хүкіметі құрылғаннан кейін Россия
мен Түркістан арасында жақындық күшейді. Бірақ, қай дəуірде болса да,
Россияда жүріліп жатқан саясат, істеліп жатқан істің бағыты Түркістанда,
қазақ-қырғыз ішінде істің жөнін өзгертпей қалған жоқ. Тіршілікке
Түркістан қарсы бола алмайды. Əзіргі шаруа сақтығы да Түркістанды өз
жолына салады. Сондықтан, салтымызға тəртіп шабан қимылдап шаруа
сақтығына жеміс болмай, шалт қимылдап, шаруа майданында «озған алды»
болып жатқан дəуірде, қазақ-қырғыз өз сыбағасына ие болмаса, келешегі
қауіпті. Бірақ, кеңестер хүкіметі тұсында болмаса, қазақ-қырғыз
кедейлерінің тілегі алғы орындалмай келді. Сонда да болса «иманға үш
дауыста» деген.
Өткен жылы Еділ бойында аштық басталғанда Кіндік газетажурналдарында мақалалар жазылды Түркістанда астық тегінінің аз-ақ
алдында, бос жатқан жер тіпті көп екен деген дəлелсіз сөздер айтылды.
Соған істеніп Түркістанға іштен өте көп келімсектер келді. Кеңестер
хүкіметі тұсында Түркістанның еркі өзінде тұрғанда келген келімсектер өте
қауіпті болмаса да қатері болады.
Күнбатыс Россияда халықтың төрттен үш есесі патшашыл хүкіметтің
тұсында Қазақстан, Түркістанға келген. Сондықтан қазір онда жер көп,
халық аз.
Орталық Россияда Октябрь революциясынан кейін помещик-ақсүйектер,
һəм шіркеу пайдасындағы жерлер бос қалған. Сондықтан, бүкіл Россияда
тұқым асбапқа мұқтаждық болмаса, шіркеу мұқтаж кедей жоқ.
Россияға Түркістан, Қазақстаннан көшірілетін халық болмаса, Қазақстан
мен Түркістанға ішкі Россиядан келетін халық жоқ. Сонда да болса, барлық
Россияның Кіндік комитеті жанындағы құрама жер комитеті, Түркістанда
бос жатқан жер көп деп түсінеді. Реті табылып келушілер болса, ішкі
Россиядан Түркістанға келімсектер келтіру əңгімесін де қозғағысы келеді.
Бұл сөздің қозғалуының тіпті орны жоқ. Қозғала қалса «ауру қалса, əдет
қалмайды» деген осы болады. Аурудың алдын алу керек.
Қазақ-қырғыз ішінде табан ет, маңдай тері арқасында күн көріп тіршілік
құрып келген жерсіз, сусыз қарақасқа кедейлер, жер берілмеген жалшылар
аз емес. (Ілгергі санға қарағанда 20-30 проценттей келетін еді). Еңбек
мөлшері менен жер беріп, əуелгі істің алдыменен соларды орналастыру
қажет. Диханшылық үшін керекті асбап құралдар тауып беріп, солардың
шаруа шарттарын орнықты жолға құру керек. Еңбек мөлшеріменен
үйлестірілгенде қырғыз-қазақ кедейлерінен жер артылып қалып, ішкі
Россияда жерге мұқтаждар көп болса, əрине, іштен келімсектер келуіне
қарсылық болуы жөнсіз. Бірақ, біздің қолымыздағы мағлұматқа қарағанда,
Түркістанда артық жер жоқ. Һəм іштен өз еркіменен келетін келімсектер де
жоқ.
Түркістанда байлық мол, əсіресе, қазақ-қырғыз арасында, қырғызқазақтың
өзі қадірлемейтін заттар – байлық тіпті көп. Патша хүкіметі тұсындағыдай
ол байлықтарды, шикізаттарды аяқасты қылып қадірін түсіре бермей,
орныменен жұмсап, оның орнына бұйымдар жер үлгертетін асбаптар,
құралдар алу керек. Тіпті, Түркістанның өзінде де зауытфабрикалар ашып,
шикізаттарды үлгерту мүмкін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.