Latin Common Turkic

Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10

Total number of words is 4053
Total number of unique words is 1871
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тройцкіден Ақмешітке бара жатқанымда Орынбор станциясында жанында
екі жолдасы бар, Атажан есімді бір қазаққа жолықтым. Көкшетау уезіне
қараған Жыланды болысының адамы екен. Аты-жөнін сұрағанымда берген
жауабы мынау: «Өткен жылы август ішінде біздің жақтан қырық шақты үй
мал-мүлкінің бірсыпырасын сатып, Бұхара қол астына қарай жер іздеп
көшіп кетіп еді. Ақпан-қаңтар кезінде бір айдан Артығырақ Ақмешіт
төңірегінде тұрақтап, кемпір шалын отарбаға мінгізіп Бұхараға қарай
жіберген соң, қалғандары азын-аулақ малдарымен арман қарай кештетіп
жөнеліпті.
Отарбаға мініп кеткендерінен хат алып едік: «Самарқаннан арман келе,
жайылымға шықтық. Жер кең, қысы жоқ көрінеді» деп жазыпты. Осы хатты
алған соң, елдегі жұртымыз да қобалжып, көшеміз бе қалай етеміз деп осы
үшеумізді жер қарап, анығын біліп қайтуға жіберді, «бара жатқан бетіміз
сол.» деп сөзін тəмəмдады. «Туып-өскен жерлеріңді тастап неге
көшесіңдер» деп сұрағанымда: «Ойбай! Қалай етіп отырамыз. Мұжық
жерімізді қоятын емес. Ұлықтарға айтсақ 15 десятинаға разы болып қала
бер, əйтпесе бір жаққа ауып, босатыңдар дейді. Қазақ мал бақпаса күн көре
алмайды ғой деп қорқамыз. Сондықтан көшпей шарамыз жоқ» деді. Енді
қазақтың бүйтіп Атақонысын тастап, сатынып, суынып жер іздеп қаңғырып
жүргені пайдалы іс емес. Осы күнде ерік болғанмен 10-15 жылда онда да
кісі барып толары белгілі. Сөздің келтесі мынау. Пəлен жерде бақыр бар
дегенді қазақ қойып, тобымызды, жігімізді ашпай, өзіміздің үйренген
жерімізде оңдысын алып қалайық. Мал асырап күнелту қиын болатын
болса, басқа кəсіптің жөнін табайық. Бір жағынан кейінгі жастарымызды
оқытып, ғылым, өнерге жармасайық.
Х.Лекеров
Мұсылман фракциясының хаты
Біз мұсылман депутаттары ретті орында шамамыз келгенше үшінші Думада
да қазақ қарындастарымыздың халдерін һəм қажеттерін баян қылып,
құқықтарын қорғап сөз сөйлеп келдік. Біздің қолымыздан келгені сол ғана
болды. Қазақтар өздері бізге жəрдем етерге керек еді, бірақ олар елдеріне
зарланып жатса да араларынан тура бізге халдерін түсіндіріп жеткізгендері
жоқ дерлік. Бірлі-жарымды бізбен хабарласқандары болса да, олар да
тұрмыстарына, шаруаларына келген кемшіліктерін дəлелмен көрсете
алмайды. Мысалы, айталық жер хақында. Түгел көрсетерге керек: алынған
жер қай облыста, қай орында, кімнің жері, қанша жер, ол жерді қай ретпен
һəм кім алды. Міне, осылардың толық дəлелін айтпаса, Дума мінберіне
шығып: «Қазақтардың қысып жатыр, жерлерін тартып алып жатыр...» деген
бос сөзден пайда шықпайды. Қазақ халқының керегіне лайық біздің
қолымызда мағлұмат жоқ. Ондай керекті нəрсені қазақтың басшылары
өздері жиып жіберуге тиіс еді. Білмейміз не себептен екенін, мұндай іске
артық мойын қоймайды, біз өзіміз қазақтың бағзы бір оқығандарынан қазақ
хақында керекті мағлұматтар сұрап қарадық, сонда да жөні келмеді. Енді
бұл кезде қазақ жері хақында һəм қазақты қазақты билеу тəртібін өзгертіп
крестьянский положениеге ауыстыру хақында министерство жағынан
тəртіп қылынып, даярланған екі закон проект бар. Тез арада бұл
проектыларды Думаға тапсырар, сонда біз мұсылман депутаттары зор
қиындыққа қалатын түріміз бар. Бағзы низамдар қазақтың зарарына болып
шықпасын деп ыждаһат ету өзіміздің борышымыз деп білген халде, соған
қарсы тұрып дəлелдер келтіру үшін қолымызда қазақ жайынан аз да болса
материал жоқ.
Қазақтардың жер мəселелері, қазіргі оларды қалай билеп тұрғандығы,
тұрмыстары һəм басқа қажеттері неден ғибрат екенін анық білмей тұрып
біздің қолымыздан не келмекші. Жоғарыдағы жазылған жөнше ретті һəм
дəлелді материал жіберушілер үшін біздің адресіміз мынау: С.Петербург,
Товарическая ул. Д.7. Кв. Мусульманская фракция гос. Думы.
Мұсылман фракциясының райысы
Мұхамед Тевкелев
Ел қамынан бір-екі ауыз сөз
Көкшетау уезіне қараған Атығай, Қарауыл деген екі тап ел бар. Бұлар
Атығай, Қарауыл атыменен екіге бөлінсе де түптері бір. Енді осы
халықтардың өткендегі тіршілігіне қарасақ, бұлар кең сахара, көкорайда
жайлап, мал бағып өскен бай халықтар. Осы халқымыз 7-8 жыл ішінде зор
тығыздыққа түсті. Мұның ішінде де ең ауыр тығыздыққа түскені Айыртау
болысы деп болады (екі мың үй шамасында). Бұлардың арасында бұл күнде
хахолдар толып, жерлерін алып бітіп барады. Жерлері қаратопырақ, егін
таранға қолайлы болғандықтан қазынаға да алынған. Бұрынғыдай бос жер
қайда? Тіпті жоқ деген де жарайды. Жайлайтұғын кең жерлері біткен ғой.
Ал енді бағды бір басшы адамдарымыз: Қала салайық, арамызға орыс
кіргізбейік, не қылса да жиналып отырсақ жақсы болар еді» – деп
қарадылар. Не болар? Əуелден бірлік, ынтымақ деген нəрселерден
алысырақ тұрған халықпыз ғой. Тіпті ынтымаққа келе алмады. Əуелдегі
тығыздық тығыздық па? Онан да гөрі тығыздық артқан соң «Ер сасқанда,
етегіне басқанда» деген секілді халыққа бір пікір туа бастады. Бұл тар жер
де қалай тұрамыз, кең жер Жиделі Байсынға барамыз деген болып жүре
бастады. Онда барса бұрынғы қалпынша күнелтпекші. Құдайдың сары
даласы ғой, онда барсақ рахат жасаймыз ғой деген пікір туады.
Бірақ онда барған соң жұрттың осы ойлағаны тура келсе жақсы. Тура
келмесе онда көшіп барып қалып, болады ғой деген нəрсе болмай шықса,
«Əй, əттеген-ай, ата-қонысың тоқымдай жер-ай» деп өкінбес пе? Ол жер
бос па, бос емес пе? Оны да ойлап қарау табысты емес пе? Жарайды, бірліжарымды адам көріп келген шығар, оны да ақылға салып қарау тиісті ғой.
«Пəлен жерде алтын бар, барсаң алтын түгіл мыс та жоқ» деген
бұрынғылардың мақалын еске түсіру керек. Алла тағала Құран Кəрімде
бізге ақылдасарға, пікір қыларға қосқан, солай болған соң ата қонысын
тастап кетпей, артын ойлап, іс қылуларын шын көңілімнен тілеймін.
(Абушаһме Бөкеев) Ертауи «Медресе Ғалие»,
Отырықшы қазақтар
Ақтөбе уезіне қараған Тұзтөбе болысында 10-нөмір ауылнайдың қазағы
егінге оңды жерін орысқа қимай, приговор қылып өздері отырықшы болуға
ізденіп еді. Былтыр соған землемер шығып «Күрбітау» деген сайдың
бойындағы мешіттері төңірегінен төрт жүз жиырма алты еркек жанға
удобный жер 15, удобный емес жерден 8 десятина, бары 23 десятинадан жер
өлшеп кесіп еді. Сол іс осы жыл январьда переселенчески комитетте
қаралып бекітілді.
Қорғанбеков «Уақыт»
5 мың десятина жер
Россияда құрт ауруға қарсы қару ететін жамиғат (общество) бар. Құрт
ауруларды дала қымызымен емдеу үшін қазақ жерінен қымызхана ашпақшы
болған. Қымызханаға керек 5 мың десятина жерді үкімет тарапынан сұрап
алмақшы болған. Бұ алатын жері Бершөгір станциясының қасындағы
Ырғыз уезінің Шеңгел болысының қарамағындағы қазақтар пайдасындағы
жер. Өткен жаз землемер шығып, жерді өлшеп, бороздасын тартып алуға
əбден даярлап қойса керек. Бұл бес мың десятина жерде 13 үйдің қыстауы
бар, басқа қазақтардың жайлауы бар. Ол қазақтар жерін алғанына разы ма,
жоқ па? Беймағлұм. Бұл жер мұжықтарға алынған сықылды зорлықпен
алынып жатқан шығар. Қазақтың жерін басқалар талап алып жатыр деп
біздің де талау жолымен алғанымыз лайықсыз. Басқалардан қазақтың жері
жылдан-жылға тарылып жатқанда біз де бір жағынан жырмалап жер аламыз
дегеніміз жарамайды деп жамиғаттың кейбір ағзалары қазақ жерін алуды
мақұл көрмеген. Бұл мақұл көрмеген жағы Мəскеудегі жамиғаттың бас
советіне қазақ жерін алу лайық еместігін білдірген. Жерді алу-алмасы талас
болған соң қай жағынан сөзі дұрыс екендігін ашу үшін Мəскеудегі бас совет
тарапынан Орынборға бір адам келген. Осы марттың алтысында
Орынбордағы ағзалардың жиылысы болады. Ішінде Мəскеуден келген адам
да болды. Осы жер туралы сөз болатын болған соң мен де барып едім. 5 мың
десятинаны алу-алмас турасында көп сөздер сөйленді. Біреулері бұл жерді
алу керек, мұнан қазаққа пайда болмаса зарар жоқ деді. Біреулері: «алмасқа
керек. Қазақтың іске асатын жақсы жерлерін мұжыққа беріп құртып жатыр,
оның үстіне біз сықылды жамиғаттар келіп тағы алса, қазаққа не қалады?»
деді. Ақырында көптің пікірі жерді алуға айналды. Мəскеуден келген адам
бұлардың сөзін тыңдап болып айтты: Сіздердің пікірлеріңізді естіп болдым.
Майдың 13-інде бұл турасында айтылған пікірді Мəскеу Советінің
жиылысына саламын. Мен жалғыз-ақ біле алмай тұрғаным бұл жер
турасында қазақ пікірлері. Жері алынатын қазақтардың пікірін білсем екен
деді. Орынборда «Қазақ» газетасы бар екен, сол арқылы сұрап білуге болмас
па еді. Газета арқылы сұрау керектігін мен де қуаттап, қазақтардан сұрап,
олардың газетамызға жіберген пікірлерін Мəскеу советіне жеткізу міндетін
мойныма алдым.
13 майға шейін бұл турасындағы пікірлер Мəскеу правлениесіне даяр болып
тұрарға керек. Сонда қаралып, əркімнің пікірі сыналып, жерді алар, алмас
мəселе бекіп тəмəм болды.
Енді біздің өтінетініміз: Сол Бершөгір станциясының жанындағы алуға
ыңғайлап қойған жерде 13 үйдің қыстауы болса, қыстап һəм жайлап отырған
қазақтар сол жерді алуға разы ма, жоқ па, осыны солар бізге білдірсе екен.
Білдіргенде сенімді һəм қуатты болуы үшін 13 үйдің адамдары тегіс қол
қойып я таңбаларын салып, ауылнай, би яки болыс сықылды адамдардың
бірі мөрін басып жіберсе екен. Жəне де пікірлерін жіберетін адамдардың
есіне салатындарымыз мынау: Бұл қымызхана салынғанда қазаққа болатын
пайдасы қанша, зарары қанша екенін салыстырып, өлшеп, жерді берубермес пікірді соған тіреп айтарға керек.
Пайдасы, зарары қанша екенін мұнан байқауға болады. Қымызхана жүз
ауруға шамаланып жасалады. Олай болғанда жүз аурулы адам қымыз ішіп
жатуы ықтимал.
Жүз ауруды бағатын доктор, фелдшерлері болмақшы. Ол қымызхана
үйлерін жуып, тазартып тұратын жұмыскерлер болмақшы. Ауруларға һəм
оларды бағатындарға қымыз керек. Олардың бəрін қазақтан алмақшы. Олай
болғанда биесі барлар 5 мың десятина жерге биесін бағып, сүтін сатпақшы.
Қой-қозысы барлар қойын сатпақшы. Малы жоқтар жұмыскер болып
жалданып мал таппақшы. Бұл кəсіп жағынан қазаққа боларлық пайдасы.
Мұнан басқа пайдасы болуға ықтимал: Жақын жердегі қазақтардың
ауруларына; құрт аурулы адамдарға жақын жерден дəрігерлер табылып
тұрмақшы. Мұның бəрі пайдалы жағы.
Енді зарарлы жағын алалық. Қазаққа мұнан зарар болады: Егерде қыстауы
бар қазақтардың қыстап отырған жері жақсы, шаруаға қолайлы болып,
көшіргендегі алатын жері бұрынғы жерінен төмен болса; Екінші жағы –
бұған кететін жайлаулық жерлер – суы тұщы, шөбі мол жайлауға қымбат
жер болса һəм оны жайлап жүрген елдердің мұнан басқа қолайлы
жайлаулары болмаса; Үшінші – ақша табуға қызығып, құлындарын
қатырып, биелерін жұтатып қысты күні қырып алып жүрсе. Мұнан басқа
қандай зарары болар қазақтың өздері шамалап білер. Біз сырттан қараған
боларлық зарарларын һəм пайдасын айтамыз.
Жəне де айтатынымыз: Бұл жер басқа осындай нəрселерге болмаса,
мұжыққа алынбайтын жер. Қазақ разы болмаса, жоғарыда айтылған
жамиғат халықты ренжітіп зорлықпен жер алмайды. Бұл жамиғаттың ішінде
сендердің ырзалығыңды керек қылатын адамдар көп.
Ахмет Байтұрсынов
Тұзтөбе қазағы
Ақтөбе уезіне қараған 14-ауылнайда 2-нші, 3-нші, 6-ншы, 7-нші, 12нші, 14нші ауылдардың жері бірінші дəрежеде оңды, егінге қолайлы, суы мол еді.
Өткен жылдың майында 8 землемер келіп, сол алты ауылнайдан он
крестиански участок тіліп алды. Басқа ауылдардың жері егінге қолайсыз
болғандықтан өздеріне қалды.
Ішкі хабарлар
Петербург
Сібір, Түркістан, Кавказ секілді жері кең өлкелерге бұрын егіншікрестиан
болған халықты ғана көшіруші еді. Енді крестиан болмаған халық та көшуге
мүмкін болыпты. Жаңа жерге көшем деген кісі крестианға тиетін пайдамен
пайдаланады. Жер бос беріледі, пойызда тегін жүреді, қора-қопсы салуына,
егін-құрал алуына қазынадан пособие беріледі. Бірақ егінменен кəсіп ету
шарт етіледі екен.
«Уақыт»-та жазған «Қазақ жігіті»-не
«Уақыт» газетасында1 Павлодардан «Қа зақ жігіті» жазды: «1911-нші жылда
Павлодар қазақтары жер хақында хүкіметке арыз берген халық
приговорымен Қабыш, Сағадат, Бекболат үшеуін Петербурға сайлап
жіберген еді. Бұ үш кісі Бөкейхановтың ақылын алмай Петербурға барып,
түк жұмыс бітірмей қайтты» – деп.
«Қазақ жігіті» жалған жазып «Уақыт»-ты адастырды. Қабыш, Сағадат,
Бекболат һəм Жармұхаммед Петербурға 1910 жылда менімен ақылдасып
барып, мен айтқан жұмысты істеп қайтқан еді. Ертіс уезінде «Он шақырым»
(10-ти верстная полоса) деген жерде қыпшақ, бəсентин 150 жылдан бері
отыр. Жер иесі казак-орыс осы жерден Ертіс қазағын (қыпшақ, бəсентин)
«көш, көшпесең күшке салып көшірем» деп қорқытқан еді.
Қабыш өзінің жолдастарымен «қазақ Ертістен кетіп ел болмайды, Ертіс
тұрған жеріміз, Ертісті бізге ұзақ жылда төлейтін қылып сатып, болмаса
Дума арқылы баға шығарып өмірлік арендаға бер, бұл екісі қабыл болмаса
қазақ, орысқа жазып Ертіске ортақ қыл» деп Столыпинге, военни министрге
һəм патшаға 4 мың үй қазақ мақсатын мəлім етті. Жер жұмысы базарға
барып алып қайтатын шай, қант емес қой.
Осы күнде білетін кісіге мəлім болды, ол Ертіс қазағын күні бүгін қуған
жоқ.
Қабыш, Бекболат, Жармұхаммед жазған еді: «13-ші майда 1904 жылда
шыққан патша указы арқылы біз бір жерге ортаспай Ертістен көшпейміз»
деп. Бүгінде естіліп тұр: «Ертіс қазағына осы Ертістен жер беріледі» деген
хабар. Аттанға шауып жау түсірген, жиылыста шуылдасып жол тапқан,
жұрт үшін жанын жалдап қызмет еткен кісіні қазақ жігіт деуші еді. Өсек,
жалған жазып «Қазақ жігіті» болғанды көргенім осы. «Уақыт» газетасы
менің осы жазған сөзімді көшіріп басуын өтінем.
Əлихан Бөкейханов
Қазақ
Біздің қазақ баласы орыс патшасының қол астында тоғыз болыс, бір
губернияда:
1– Семей облысында 655 мың 971 адам
2– Ақмола - ”- 484 мың 456 адам
3– Торғай - ”- 422 мың 401 адам
4– Орал - ”- 466 мың адам
5– Закаспийский – ”- 71 мың 367 адам
6– Сырдария - ”- 888 мың адам
7– Жетісу - ”- 844 мың адам
8– Ферғана - ”- 37 мың 981 адам
9– Самарқанда - ”- 79 мың 83 адам
10– Астрахан губерниясында –”- 213 мың адам
Бəрі1 - ”- 4 миллион 499 мың 664 адам.
1898 жылғы есепте қазақ затынан қазақ тілімен сөйлейтін адамның саны 4
миллион 84 мың. Бір жылғы адам баласының таза өсімі мыңға 15 адам. Он
жыл аралатып екі есеп алғанда Көкшетау уезінің қазағы мыңға бір жылда 25
адам қосылып өскен. Бұған қарағанда қазақ баласының өсімі өзге
халықтардан артық болмаса, кем емес, қазақ жұрты мыңға 15тен өсіп 1897
жылы орыс қол астындағы қазақ 4 миллион 84 мың деп есеп қылынса, 1913
жылда 5 миллион 64 мың болады. Бұл есепте Жетісу қырғыздары да бар.
Бұл қазақ һəм қырғыз Шыңғыс хан заманынан бері, 7 жүз жыл шамасында,
жоғарыда аталған 9 облыс жерінде жүріп тұрады.
Бұл жердің айналасы мынау: темір қазықта Жайық пен Тобыл, күншығыста
Ертіс, оңтүстікте Түркістан таулары, мұның ең биігі хан Тəңірісі,
күнбатыста Амудария. Осы облыс, бір губернияда 260 миллион десятина
шамасында жер бар. Бұл жердің көбі 10-20 жыл мұнан бұрын қазақ
пайдасында еді, соңғы 10-15 жыл Торғай һəм Ақмола облыстарынан қазақ
пайдасындағы жерден көп мұжыққа қазақтан алып берген жер 4 миллион
десятинадан аз артық еді. 1913 жылдағы есепте 1906-1912 жылдарда
қазақтан мұжыққа алынған жер 6 миллион десятина артық.
Қыр баласы
Үшінші дума һəм қазақ
Бірінші һəм екінші думада қазақ халқы облыс басынан бір депутат сайлаған
еді. Бұл екі думада бірі жетпіс екі күн, бірі жүз үш күн тұрып қазақ
халқының жұмысы кеңеске жетпей қуылды. 1907 жылы 3 июньде екінші
дума қуылып, енді келер думаларды сайлауға «3 июнь законы» шықты. Бұл
закон бойынша бүгін қазақ халқы депутатсыз қалды. Қазақ халқы надан,
думада депутаттық бұған қол емес еді.
Сөйтіп, өткен бес жылда думада қазақ ісі бөтен халық сайлаған депутаттар
қолында қалды. Осы бөтен халық депуттары қазақ жері туралы 3 думада не
сөйледі, не жұмыс қылды, осыны қысқартып жазалық.
Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һəм Орал облысына қараған қазақтарға
закон болып «25 март 1891 жылғы степное положение»1 шықты.
Бұл законның 119 статьясында айтылған: «Көшпелі қазақ отырған жер –
қазынанікі» деп. 160 статьясында айтылған «Бұл жер сроксыз көшпелі қазақ
пайдасында болып тұрады» деп. Осы 120 статьяның қосымшасында айтқан:
«Қазақтың пайдасынан артық жерді қазына өз керегіне алады», – деп,
жоғарыда айтылған бес облыста қазақ жерін мұжыққа алғанда осы
қосымшаға сүйеніп алатұғын.
Түркістандағы Самарқан, Ферғана, Сырдария облысының қазақтарына
шығарған закон: «21 июнь 1886 жылғы Түркестанский крайды билеу
хақындағы шыққан положение»2
Бұл положениенің 279 статьясында қазақтан жер артылса, қазына өз
пайдасына алады деген қосымша жоқ еді. Бұл закон бұрынғы күйінде тұрса
Түркістанда қазақ жері мұжыққа алынбайтын еді, үкімет 279 статьяға
қосымша деп 1911 жылы 3 думаға ұзындығы екі жол закон кіргізді.
«Түркістанда қазақ жерінен артық жер табылса қазына өз пайдасына алатын
болсын» деп.
Осы закон думада сөз болғанда қазақ пайдасына шыққан депутаты
Мақсұдов, Забайкал депутаты 2 Волков, Уфа депутаты Тевкелев, Тобыл
депутаты Дзюбинский сөйледі. Бұлардың сөзіне əбден миланып октябрист
депутаты барон Мейендорф та бұл законға тас салмаймын деп қарысты.
Думаның көпшілік жағы ортасынан шешендерін шығарып, бұл закон
халыққа пайдалы һəм бұлай болуы əділшілік деп таласқан жоқ, бəрібір
үндемей отырсақ та көптікпен бүктейміз ғой деп.
Дзюбинский: «тым болмаса қазақтың қазған арығы, салулы жоңышқасы,
алма-мейіз салған бақшасы бұл закон бойынша қазына пайдасына
алынбасын» деді. Думаның көпшілігі осы түзулікті бүктемеде қалдырды.
Сөйтіп, думаның көпшілігі көптігін қылып, жүйрік шешендері бүктеп 279
қосымшаны закон болсын деді.
Государственный Совет бұл законның хатында кемшілік бар деп, думаға
қайта қайырды.
7 декабрьде 1911 жылда дума əлгі законды екінші рет қарастырды. Кадет
партиясының көсемі Минюков Түркістаннан жер алам деген дұрыс емес
деп тағы сайрады. Астрахан депутаты Виноградов қазақ жыртқан жер
өзінде қалсын деп, законды Дзюбинскийше түзетпек болды. Көптігіне
сеніп, сөз тыңдаған 3 дума емес, екінші қайтара 279 статья қосымшасы
закон болсын деді.
Осылайша, Түркістан қазағына да Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һəм Орал
қазағының кебі келді. Енді Түркістанда қазақ жерін алғанда закон деп
алады.
«Əлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады» деген осы-дағы.
Думада қазақ сияқты жетім жұрттар жайынан екі-ақ орында сөйлеу реті
келді: «бірі депутаттар қазаққа баса көктеп, зорлық қылып отырсың» – деп
үкіметтен жауап сұрағанда, мұны орысша запрос дейді. Екінші қазақты
айдап бағып жүрген министерствоның бір жылғы расходын дума бекітерде,
мұны бюджет прениесі дейді.
1909 жылы бюджет прениесі болғанда һəм қазақ жерін мұжыққа алғанда
чиновниктердің законнан тысқары қылған жұмыстарын беттеріне басып
депутат Дзюбинский һəм Виноградов неше түрлі дəлел көрсетіп сөйледі.
Бірақ қанша алтын сөз сөйлегенмен, бұл сөзді тыңдайтын үшінші думада
құлақ жоқ, саңырау болып өте шықты.
1910 жылы бюджет прениясы болғанда қазаққа законнан тысқары зорлық
қылуды əлі қойған жоқсыңдар деп депутат Дзюбинский сөйлеп еді, бұған
үкімет мынадай жауап берді: бес-алты қазақты қыстауынан көшіріп, елуалпыс мұжыққа жер берсек, «қазақ, қазақ» деп құлақтың мазасын алады,
осы дума қазақтың думасы ма», – деп.
Дума қазақ пайдасын тағы жесір қалдырып шықты. Мұнан кейін екі бюджет
прениесі болғанда қазақ деп сөйлеген депутат жоқ. Бұларда не айып бар:
тасқа шапқан пышақ не өндірер.
1908 жылы 21 июньде кадет депутаты Виноградов бас болып запрос қылды.
Мұжыққа қала салуға Ускемен уезі, Куложин болысы, үшінші старшында
16мың десятина жер алып неше ауылды қыстауынан көшіріп, неше үйдің
арық, егін жайын алып еді. Бұл жері кеткен қазақтарда есеп алған
Щербинаның өлшеуі бойынша мұжыққа берілуге лайықталған 50 мың
десятина жер бар еді. Запрос қылған депутаттар сөйлейді: өз есептерінде 50
мың артық болса, мұның 16 мыңын ғана алғанда қазақты қыстауынан
көшірмей, арық, егін-пішеніне тимей неге алмайсыңдар, – деп.
Осы запростың дəлелі сондай күшті болып, 3 думада мұны запрос
комиссиясы мақұлдады.
Дума заңы (наказы) бойынша мұндай дума жарайды деген запросқа үкімет
бір айда жауап беруші еді. Осы қазақ жері туралы 5 жылда қылған жалқы
запрос үш жыл сүр болып жатып, 3 дума жоғалғанда 1912 жылы бірге
шіріді, үкімет жауап берген жоқ.
Тағы Ускамен уезінде Тарғын болысы 7” старшында3 Қошанай рулы
қазақтың мұжыққа жерін алған екен. Бұл жері кеткен қазақтар Тобол
депутаты Скалозубовқа: бізді мынау зорлықтан қорғаңыз деп хат жазды. Бұл
қазақтардың өз жері өз басына 63 десятина екен. Щербина бұларға үй
басына 115-ден жер берілсін деген. Бұл қазақтардың жүз алпыс тоғыздан
алпысы өз пішені жоқтықтан казак-орыстан пішен сатып шабады екен.
Қой, жылқы бағатын жерді жылқы басына он тиын, қой басына бес тиын
аренда төлеп, тағы көрші казак-орыстан сатып алады екен. Осы дəлелдерді
Щербина кітабынан алып депутат Скалузобов переселение бастығына
жазды: «Закон қазақтан артық жерді ал дейді, сіздің чиновниктеріңіз кезкелген жерді алады, бұл қалай» деп. Уезний комиссиядан өткен осы
Қошанай жері ақырында қазақ пайдасында қалды.
Қыр баласы
Жер мəселесі
Бұл күнде қазақтың қажеті һəм кемшілігі қай жағынан болса да көп,
солардың арасында ең біріншісі – жер мəселесі. Біз бұл туралы мұнан
бұрын жазған жоқ едік. Жазғанда ұмытып кеткендіктен яки керексіз деп
білгендіктен емес, əркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл
терең ойлап, тексере қарайтын іс, бұл күнде əркім өз істеген ісін ұнатып
жүр. Қала салғандар қала болуды, қала болмағандар көшпелілікті мақтап
жүр. Көлденең ақылшылар жай ақылға салып, қала болған жұрт қандай,
болмаған жұрт қандай, қазақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып
қалады, сондықтан осы күндері өздері жер кестіріп қала болу керек дейді.
Осы айтылғандардың бірі де қазақ жері турасында толымды дəлел келтіріп,
қазақтың халін һəм жерінің жайын жете білгендігін көрсеткен жоқ. Екі
жылдан бері «Айқап» журналы қазақ қала болу керек деп жазды. Қала
болған қазақ оған қарап қазақ болған жоқ, болмаған жұрт артық қобалжыған
жоқ. Егер біздің газетіміз əлгі айтылған екі ақылдың бірін айтқанда
қазақтың сүттей ұйып тыңдай қоюына біздің де көзіміз жетпейді. Сөйтсе де
істің асылын түсіндіру, түйінін шешу бір басқа, сол түсіндірген нəрсені
орындау бір басқа. Біздің мақсұдымыз, жер хақындағы ойымызды бастанаяқ түгел баяндап жазбақ һəм жазылған сөзді бекітетін толымды дəлелдер
көрсетпек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол,
оқушыларымыздың есінде болсын.
Басқармадан
Кабинет жеріндегі қазақтар
Кабинет жері дейтін жер – орыс патшасының өз мүлкі Том
губерниясындағы Алтай округіндегі кабинет жерінің ішінде.
Абылай хан жоңғарды шауып, Ертіс басына қуған соң, біздің қазақ Ертістен
өтіп, Ертіс пен Оба арасындағы далаға келіп орныққан. Абылай хан мен
Жоңғар ұрысы Европа есебінде 1750 жыл шамасында болған.
Қыпшақ Қошқарбай батыр 1755 жылы1 Жоңғарды Обтан өткізе қуған. Осы
Қошқарбай аулы бұ күнде Ақмола облысында, Омбы уезінде, Чарлак
болысында, Қараөзек деген жерде отыр2.
Қошқарбай батырдың жолдасы Қосайдар Қыпшақ Тілеуберді сонан бері
Құлынды, Қарасуық даласында қалған. Оған жүз елу жылдай болады. 1906
жылы сентябрьде патша указ шығарып, кабинеттің ағашынан һəм кеңінен
басқа жерін переселение мекемесі арқылы 49 жылда төлеп бітіретін қылып,
десятинасын 10 сом 78 тиыннан мұжыққа сатты. Өткен 3 дума 1911 жылы
əлгі 10 сом 78 тиынды патшаға қазына төлесін деп осы указ сөзін закон
қылып шығарды. Бұл кабинет сатып отырған жер əуелде кабинет жері емес,
қазына жері, қазына өз жеріне ақша беріп сатып ала ма, кабинетке
қазынадан ақша берілмесін деп Сібір депутаттарды Белоусов, Некрасов,
Скороходов һəм Дзюбинскийлер сөйлеп еді. Мұндай сөзге белгілі саңырау 3
дума кабинетке ақша берілсін деп, закон шығарды. 1899 жылы 31 майда
Алтай округіндегі бұрыннан отырған елге жер берілсін деген закон шыққан
еді. Осы закон бойынша Құлынды, Қарасуықта отырған Қосайдар
Қыпшаққа 15 десятинадан ер басына есеп қылып жер берді. Бұл қазақтар
күні бүгін Семей облысы, Павлодар уезі, Орық болысының жазуында. 1911
жылы кестіріп алған жері Барнауыл уезінде, Том губерниясында. Бұларға
жер кесіп берген төрелер өткен февральда көршілес мұжық старшыны
арқылы мағұлым қылған: жер қазақтікі деген акті қағазды (Землотводная
запись) қазаққа береміз, бірақ əуелі мынау қастарындағы көрші мұжық
болыстарына бөлек-бөлек болып жазылыңдар, егер жазылмасаңдар,
сендерге жер тимейді, Семей облысына көшеміз деген қазақтар бұрынғыдай
Семей облысында тұрып жер (надел) алмақ.
Бізге көрінеді: көрші мұжық болысында бөлек-бөлек болып жазыл деген
төрелер де Томда жер алып, Семей хатында боламыз деген қазақтар да
законнан шығып адасып, арам тер болып отыр.
Облыс пен губерниялар арасы законмен өзгертілді. Қазақ Том
губерниясынан жер алып, өздері Семей облысының жазуында қалуы үшін
Семей мен Томның шекарасы Дума һəм государственный совет арқылы
өзгерілсе керек? Қазақ үшін ешкім бүйтіп закон шығармайды ғой. Бұл күнде
қазақтың қадірін, қандай екенін көзі бар көретін, құлағы бар еститін қазақ
байқаса керек еді ғой. Осы күнгі қазақ Уəлихан, Бөкейхан, Шаншар төре
емес-ау, мешіт салып беріп, маңдайынан сипап отырған. Берген жерді
қазаққа бекітіп алуға бір-ақ жол бар, Том губерниясы, Барнауыл уезінде
қазақ болыс деген болыс3 болу керек.
190 статьяда айтылған, жер бекітетін актіге жазылады, губерна, уез, облыс,
селение. Қазақ алған жер Томда болып, өздері Семейде тұрса, бұл статьяны
орнына келтіремін деп жер берген төрелер қазақтарға Томның мұжық
болысына жазыл деп тұр. Қазақтар Томға жазылып болыс көрсетпесе, акті
қағазға бұл бейшара төрелер не жазады? Осы 190 статьяда «болыс яки
ведомоства» деп жазылған. Алтай округінде болыс орнына ведомоства
деген сөзді қолданып, Алтай тауында шорнова, татар, төлеңгіт, төлес деген
құрама елдер болады. Осы елдерді закон инородец дейді. Актіні
ведомоствосы бар жұртқа беретін болса, бір болыс болып Томға қараған
қазаққа да берсе керек, законның таза харпіне салмайақ жолына салса. Закон
адам пайдасына жазылады, адам закон үшін тумайды ғой.
190 статьяда жоғарыдағы жер бекітетін акті селениеге беріледі екен. Жер
беретін төрелер осы статьяны арқа тұтып, қазаққа қала сал деп отыр. Алтай
округындағы жоғарыдағы айтылған татар, төлеңгіт қыстауы Құлындыдағы
қыпшақ қыстауынан көп болмайды, бұлар қазақтан артығырақ көшпелі.
Құлындыдағы Қыпшақ жаз киіз үй тігіп отырғаны болмаса, жарытып
көшпейді. Бұл 190 статьяны төлеңгіт, татар қала салсын, жер акті сонда ғана
беріледі, деген жоқ. 190 статьяда егін, пішен өзге жері болса, жер акті һəм
мұнан көп селениелерге бір беріледі деген. 48-статьяның4 бірінші
қосымшасында жазылған, мұжықтың аз қалалары деревня – жер құрушы
болса бір сельский общество болады, егер адамы жиырмадан көп болмаса
деген. Қосайдар қыпшақ қыстауы 74 үйден, бір үйге үш еркек болады.
Законның ақ жолына салса, осы қазақ қыстауы 48 статьяның 1
қосымшасында жазылған мұжықтың кішкене қаласына пара-пар. Жоғарыда
жазылған 48 статья қазаққа шығарған степное положениенің 58
статьясымен бірдей, бірінде сельский, бірінде ауылнай общество аты ғана
бөлек, ал законда жолы бір. Құр закон, закон деп мазаны алмай, законның
құр бос харпін қумаса тиіс еді, мұнан адамға не пайда, адам жылап отырса,
орнына келген закон харпі кімге опа бермекші, законның ақ жолымен
Қосайдар қыпшаққа жер бекітетін жол бар емес пе? Қазақ қыстауын аз
деревня деп, бірнеше қыстауды сельское общество деп қазақты өз алдына
бір болыс қылып, землеотводная записка жазса, мұжық законның 49
статьясында қазаққа шығарған. Степное положениенің 57 статьясында
болсын, тұтас болса, біреуден аттас өтпесе жарайды, деген шартқа тура
келді. 4 статьяның 2 қосымшасында жазылған бір уез ішінде колонистер
болыс аттап өтіп болады деп. Колонист деп жұмық ішіндегі кемісті айтады.
Уфа, Оренбург, Самара губерниясында татар, башқұрт, неміс болыстары
аттап өтіп бір болыс болып отыр. Кабинет қазағын осыларша қылса, законға
да, һəм өздерінің тұрмысына қарсы болмас еді.
Осыны Том губернаторынан жұрт приговормен ауыл-ауылдан сұрауы тиіс.
Томнан жер алып, Семей хатында боламын деген, көпірсіз суға арба
салғанмен бірдей, мұнан түк пайда шықпайды, босқа арам тер болғаннан
басқа.
Қыр баласы
Қазақтан солдат ала ма?
Ақмола, Торғай һəм Оралда он бес десятинадан ер басына надел (үлес)
алған, кабинеттен жер алған қазақ қала салсақ, мұжықша біз де солдат
береміз деп қорқады: Переселен төрелері он бестен жер ал десе, қазақтар
əуелі «жер алсақ, солдат алмайсың ба?» деп сұрайды. Күні үшін жанын
жалдап, күнге пісіп, ащы суымызды ішіп, шаңдағымызға батып, тамақ үшін
жұмыс қылып жүрген төрелер солдат алмайды деп бір жапырақ қағаз берсе,
бишара қазақтар жаудан мал айырғандай қуанады. «Солдат алмаймын, –
дейді ғой, – солдат алмаса бо лады», – деп тоғытқан қойша ұйытқып барса
қайтпасқа кіріп кеп кетеді. Біздің Россия Еуропа патшалығы яки біздің
патшалық сияқты патшалықта не болса, закон арқылы болады, законсыз
жалғыз қылшық түспейді. 1905 жылғы 18 октябрьден бері бұрынғының
үстіне Еуропа болдық. Енді за коннан тысқары мұрнын қанатуға болмайды.
Бұрын қазақтан солдат неге алмаған? Қазақтан солдат алынбасын деген
закон бар, воинский уставтың 42 статьясында жазған: «Түркістан халқы һəм
Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары солдаттықтан азат»1 - деп.
1834 жылы Ақмола аға сұлтаны – сұлтан Қоңыр Құлжа Құдайменде
баласы2 Пе тербурға барған. Сонда Қоңырқұлжа айтқан: «Патша солдат
алады деп, қазақ халқы қорқып уайымдайды» деп (ол уақытта қазақтың
қадірлі күні) қазақтың қорқыныш жұмысын ашып бер деп сұраған соң,
правительство Қоңырқұлжаға қағаз берген: «Қазақтан бұл күнде солдат
алынбайды, келер уақытта да қазақ халқы солдаттан азат. Осы қалпымен
көшіп жүрсе де, егін, сауда ғып, өз еркімен кент қабына түссе де», – деген3.
Положение об инородцахтың (бөтен тектілер жайындағы заң) 26
статьясының қосымшасында айтылған: «Көшпелі инородецтер (яғни
көшпелі қазақтар) егін салғанымен өз ықтиярысыз сельс кий обыватель
болмайды, өзі сұрамаса, басқа (мұжық, мещан) сословиесіне
қосылмайды4,– деп.
Кабинет қазағына жер алдың, енді мұжыққа жазыл, жазылмасаң саған жер
жоқ деген төрелер осы қосымшаны судай кешіп айтып жүр. Законнан кешіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
  • Parts
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 01
    Total number of words is 3544
    Total number of unique words is 2018
    23.5 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 02
    Total number of words is 3589
    Total number of unique words is 1994
    27.6 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 03
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2121
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 04
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 1770
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 05
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 1909
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 1917
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 07
    Total number of words is 4235
    Total number of unique words is 2166
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 08
    Total number of words is 4124
    Total number of unique words is 2265
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 09
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2097
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 10
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 1871
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 11
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 1934
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 12
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 1815
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 13
    Total number of words is 4215
    Total number of unique words is 1984
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 14
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 1995
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 15
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 1951
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 16
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 1862
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 17
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2034
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 18
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 1947
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 19
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 1937
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 20
    Total number of words is 4169
    Total number of unique words is 1906
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 21
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2027
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 22
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2047
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 23
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 2027
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 24
    Total number of words is 3690
    Total number of unique words is 1822
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    34.0 of words are in the 5000 most common words
    40.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 25
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1900
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 26
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1955
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 27
    Total number of words is 3881
    Total number of unique words is 1654
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 28
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 1889
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 29
    Total number of words is 3806
    Total number of unique words is 1954
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 30
    Total number of words is 3720
    Total number of unique words is 1824
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 31
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 1998
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаш Көсемсөзі: Жер Мəселесі - 32
    Total number of words is 3369
    Total number of unique words is 1628
    23.2 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.