Latin Common Turkic

Спартак - 30

Total number of words is 3974
Total number of unique words is 2262
31.9 of words are in the 2000 most common words
45.9 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
провинцияларды қалар екенсің? Соғыс шығынына қанша алым талап
етесің?
Aшy билеп кеткен Спартактың көздері ұшқын атып қоя берді, егер
ол өзін-өзі кілт тежеп ұстап қалмағанда, Крассқа не сияқты жауап
берері мағлұм емес еді. Ол аузынан ашулы сөз шығармайын дегендей,
сол қолын ерніне төсеп, оң қолымен маңдайын бірер сипап қойды да:
— Мен сенімен айтысайын деп, сөгейін немесе сенен сөгіс естиін
деп келгенім жоқ,— деп жауап берді.
— Сонда сенің, көтерілісші құлдармен жəне гладиаторлармен бітім
жаса деген ұсынысың рим халқының аруағын қорлау емес шығар? Бұл
сияқты ұсыныстың бойға қорлық екенін түсінбеу үшін Тибр жағасында
тумау керек те. Спартак, сен римлянин болуға лайық болғаныңмен
сорыңа қарай, олай болып тумағансың құдайға аяны осы! Сондықтан
мені қаншалықты кейіткеніңнің ауыр салмағын таразылай да
алмайсың.
— Жер жүзінің халықтарын адамнан да гөрі айуанға жақын,
жексұрын нəсілдер деумен, маған немесе менің қарулас жолдастарыма
болмағанымен, жаратылысқа жəне құдіреті күшті құдайға тілің
тиетінін сенің де түсінуіңе мүмкіндік бермей отырған, латын тегінің
сүйегіне біткен тəкаппарлық емес пе екен.
Бөлме іші тағы да тым-тырыс бола қалды.
Бірнеше минуттен соқ, Красс Спартакқа қарап:
— Сен əбден қалжырадың бұдан əрі қарсыласуға шамаң да жоқ,
сондықтан бітім тілейсің. Жақсы, қандай шарттар қоясың, айтып көр?
— Менің алпыс мың адамым бар, олардың қайраты мен ерлігін сен
де білесің, Рим де біледі... Италияда сендердің бұғауларыңда зар илеген
миллиондаған құлдар менің легиондарыма солдат болып қосылып
жатыр. Соғыс үш жылға созылып отыр, енді он жылға созылып, ол
Римді жалап-жұқтап қоятын өртке айналды. Мен жалықтым, бірақ
əлсіз емеспін.
— Серторийді жеңген легиондарын бастап Помпейдің Самниумға
келе жатқаны, ал Митридатқа қарсы шайқасқан легиондарымен
Лукуллдың бүгін-ертең Брундизиумге келіп түсетіні сенің есіңде жоқау.
— Тіпті Лукулл де келеді екен ғой!—деді Спартак.— Құдайға
құлдық. Гладиаторларға Рим қандай құрмет көрсетуде еді! Сол
гладиаторларға қарсы мемлекеттің барлық күшін төгуге душар болып
отырсаңдар да, олармен бітім туралы сөйлесуге арланады екенсіңдер
ғой?
Ол аз кідірістен соң, тағы да:
— Əйтеуір қандай да болса бір бітімге келетіндей ойын болса,
сондағы шарттарың қандай? — деді.
Сені жəне өз қалауың бойынша жүз адамыңды еріктеріңе жібереміз.
Басқаларын сөзсіз қолға беріледі; олардың тағдырын Сенат шешеді.
─ Аналар ше...— дей бергенде, Спартактың сөзін Красс бөліп əкетті:
— Немесе сен қажысаң, оларды таста да жайыңа кет. Сонда
азаттыққа, азаматтық правоға жəне біздің əскерлерімізде квесторлық
дəрежеге ие боласың. Олар сенің данышпан басшылығыңсыз
айтқанша-ақ торғайдай тозады жəне сегіз күн ішінде түгел
талқандалады.
Спартактың түгі сыртына шығып кетті. Қабақтарын тұнжырай
түйіп, Крассқа қарай айбарлы пішінмен бір адым ілгері ұмтыла түсті
де, өзін-өзі ұстап, ашумен:
— Бұл қаш дегенің ғой? Опасыздық істе дейсің ғой? Бұл шартты
қабылдағанша, мен өз жолдастарыммен бірге тізе қосып, қан майданда
жан беруді артық деп санаймын,— деді.
Осыны айтып, ол есікке қарай ұмтыла, былай деді:
— Қош сау бол, Марк Красс.
Табалдырыққа жете бере тоқтай қалды да, ол римляндердің
басшысына жалт бұрылып:
─ Алғашқы айқаста мен сенімен кездесе алар ма екем? — деді.
— Кездесесің.
— Менімен жекпе-жек шайқасасың ғой?
— Шайқасамын.
— Қош, Красс!
— Қош.
Ол вилланың қорасына шығып атына мінді,
соңымнан ер деді де, лагеріне қарай шаба жөнелді.
қосшыларына
Спартак лагерьге келе салысымен қос-қолаңды дереу жиюға, сөйтіп
Браданустан жүзе-жалдай өтіп, Петелияға бет түзеуге бұйрық берді;
онда кешке таман келіп жетті де, лагерь ашты.
Ертеңіне таңертең оның барлаушылары өздері тұтқынға алған
римдік бір декурионды алып келді. Бұл əскермен Брундизиумға келіп
түскен Лукуллден Крассқа хабар алып бара жатқан адам екен.
Жаудан аман-есен құтыламын деген үміттен Спартак ада-күде
күдер үзді. Ендігі қалған бірден-бір ғана жол — жан аямай соғысу, сəті
түссе — Крассты жеңіп шығу ғана; оның ендігі тағдыры осыған
байланысты.
Сондықтан ол Браданусқа қайтып келіп, оның сол жақ жағалауынан
бір мильдей жерден орын тепті. Осыдан бір күн бұрын өзі болып
кеткен он жақ жағалауда Красстың қолы тұрды.
Красс түні бойы тасынып, барлық əскерін өзеннің сол жақ қабағына
алып өтті де, гладиаторлардың лагеріне екі мильдей-ақ жерге келіп
орнады.
Таң сəріден римдік төрт когорта өз лагерін айналдыра ор қазып
жатты. Орманға отын ала бара жатқан гладиаторлар оларға батыл
шабуыл жасады. Қарулас бауырларының даусын ести сала жақындағы
римляндер легионының барлық, жауынгерлері тік көтеріле ұмтылды.
Лагерьдегі гладиаторлар да ұрыс қаруының сатырлаған даусын
естіп, ұрыс болып жатқанын көрді де, дереу өз жауынгерлеріне көмек
беруге аттанды. Көзді ашып-жұмғанша ұрыс басталды да кетті.
Спартак дəл осы сəтте, Валерияға хат жазған папирусын бүктеп
жатыр еді. Ол хатты балауызбен желімдеп, оған медальонның
таңбасын басты да, Валерия жіберген үш гладиатордың біреуіне
тапсырды:
— Мына хатты өздеріңнің жақсы көретін ханымдарыңа жеткізу
сендерге аманат...
— Біз сені де жақсы көреміз,—- деді хатты қолына алған гладиатор,
оның сөзін бөліп.
— Бұл ниеттерін үшін рақмет сендерге, мархаббатты бауырлар,—
деді Спартак.— Елсізге шығып, елеусіз жалғызаяқ жолмен күні-түні
бірдей сақ жүре отырып, осы хатты жеткізе көріңдер. Егер, жазатайым,
біреуің əлде неге тап бола кетсең, хатты екінші ал. Қалайда осы хатты
оның қолына тигізудің барлық шарасын істеп бағыңдар. Ал, енді
тұрмаңдар, жортқанда жолдарың болсын!
Үш гладиатор Спартактың шатырынан шықты, ол бұларды ұзатып
салып:
— Декуман қақпасынан шығыңдар...— деді.
Осы кезде ұрыстың дүмпулерін құлағы шалған Спартак не болып
жатқанын білейінші деп, жүгіре басып кете барды. Дұшпанмен ең
ақтық ұрысқа шығуға бел байлаған Красс та келіп жеткен еді.
Қолбасшылардың екеуі де өз легиондарын жауынгерлік сапқа қойды.
Спартак саптарды аралай жүріп, солдаттарға былай деді:
— Бауырлар, бүкіл соғыстың тағдырын осы шайқас шешеді.
Брундизиумға келіп түскен Лукулл соңымыздан келе жатыр,
Самниумға беттеп келе жатқан Помпей оң жақ бүйірден келіп килігу
қаупын туғызуда, ал маңдай алдымызда — Красс тұр. Дəл бүгін не
жеңу, не өлу керек. Іле-шала Помпейге тап беру үшін, алдымен
Красстың əскерін жою керек немесе римляндерді сан рет жеңген
батыр адамдарша ерлікпен өлу керек. Ісіміз ақ, əділ іс, біз өлгенмен ол
өлмейді. Қан кешпей жеңіс жоқ, жанкештілік көрсетіп, құрбандықтар
бермей ұлы идеялар салтанат құра алмайды. Итшілеген өмірден
қасиетті, ерлік өлім артық. Біз өлсек, кейінгі ұрпаққа өз қанымызға
боялған кек пен жеңіс мұрасын, азаттық пен теңдіктің туын
қалдырамыз! Бауырлар, бір қадам да шегінбеңдер! Ия жеңіс, ия өлім!
Ол осылай деді, осы мезетте төл аты— нумидий текті мақпалдай
қара арғымағын алдына əкеп тарта берген еді, ол қылышын суырып
алып, атты өкпесінен көрсеткізіп:
— Бүгін маған ат не керек: жеңсем жауымнан таңдап ат мінем,
жеңіле қалсам, маған енді қайтып аттың керегі де жоқ,— деді.
Спартактың бұл сөздері мен ісінен гладиаторлар бүгінгі ұрыстың ең
ақтық ұрыс болатынын аңғарды; олар басшысын қиқулай құттықтап
шабуылға тіленді.
Спартак ұрысқа белгі берді. Кернейлер боздап, дабыл қағылды.
Гладиаторлар жауға шапты.
Жаңбыр аралас қар суының таудан құлаған долы тасқыны айналаны
селдетіп, жолындағыны бұза-жара қалай кимелесе, гладиаторлар да
римляндерге нақ сондай долы екпінмен килікті.
Осындай жіксіз күшті соққының серпініне шыдай алмай, Красс
легиондары тайлығып, шегіне берді.
Спартак ең алдыңғы шептің нақ ортасында шайқасып, күш пен
ерліктің не кереметін семсер серпінімен көрсетуде. Дұшпан
легиондарының қобалжуын байқаған ол, Мамилийге уағдалы дабыл
белгісін беруді бұйырды. Сегіз мың аттыларымен жаяу əскердің
сыртында тұрған Мамилик, дабылды ести сала, гладиаторлардың сол
қанатын ала лап қойды. Оны орағыта екі стадиядай алға озып шыққан
соң, өз əскерінің сапын жазып, бетін онға түзей сала, римляндерге аш
бүйірден төтелей ұмтылды. Алайда майдан шебін жіті бақылап,
тайлыққан легиондарға дем берумен жүрген Красс, жаудың атты
əскеріне қарама-қарсы ұмтылу жөнінде Квинтке бұйрық берді. Он бес
мың рим атты əскерінің он мыңы айтқанша-ақ қанатын жаза, өте
ілкімді қимылдаған еді. Крассты оң жақ топшыдан ұрып, тұтқиылда
жəукемдеп тастамақ болған Мамилий, дұшпанның күші басым атты
əскеріне тап болып, онымен ұрыс ашуға тиіс болды.
Дəл осы мезетте, Муммий төрт легионды бастап, гладиаторлардың
оң қанатын орай ұмтылды. Грамиктың тұрған соңғы екі легионды
дереу ұрысқа шығарып, Муммийге қарсы дүрсе қоя берді.
Бұл сұрапыл күресте римляндердің сан жағынан басымдылығы
айқын көзге көрінгендей еді. Майданның нақ ортасында
гладиаторлармен ұрыс салып жүрген рим легиондары кері шегініп,
қашуға ыңғайланғанда, Красстың тұрған соңғы үш легионын алып
сонда кетті де қобалжыған əскерлерге орымды босат деп бұйырды.
Олар ширек сағаттың ішінде оңға жəне солға ығысып, жаңадан келген
тың когорталарға орын босатқанда, олар Красс пен трибун Мамерктің
бастауымен Спартакқа жабыла кетті.
Орталықта бұрынғыдан да бетер табан тірес сұрапыл ұрыс қайта
қызды; бұл екі арада рим аттыларының қалған бес мың адамы
Мамилийдің атты əскерінің сол жақ қанатын орай, оған ту сырттан
келіп тиісті.
Атты əскердің асты-үстіне келіп, ұйпа-тұйпа болды. Оң жақ
қанаттың ең шетіндегі Граниктің ұрысқа шеберлігі мен ерлік қимылын
ержүрек гладиатордың адам айтқысыз күш жұмсауына қарамастан,
бұл қанатты да Муммий орап алды.
Гладиаторларға ендігі дем беруші күш бас сауғалау жəне жеңіске ие
болу үміті емес, ашынған адамдардың жастықты неғұрлым мол ала
жатуды, кек қайтаруды аңсауы, жанкештілігі ғана болып қалды.
Гладиаторлардың дұшпан қоршай, тықсырған оң жəне сол
қанаттары бірсыпыра жерге шегініп кетті, тек Спартак жəне оған таяу
Арторикс шексіз ерлікпен ұрыс салып жүрген орталық қана дұшпанға
қарсы қимыл жасауда.
Өз легиондарының талқандалғанын көрген Граник, айқастың қалың
ортасына барып сүңгіп кетіп, бір трибунды, екі деканды жəне сегіз бе,
он ба солдатты өз қолымен өлтірген еді, жиырма семсер қат-қабат
тиген соң əбден қансырап барып жығылды.
Өнебойында жарадан сау жері жоқ оныншы легионның бастығы
македониялық Эростен де онымен қатар ерлікпен жан берді.
Талқандалған Мамилий отрядының аттылары өздерінің жауынгер
бастығына он оқ бірден тиіп, оның жығылғанын көрді.
Кеш батуға айналды. Бірақ жаралы болып қанға боялған,
қалжыраған гладиаторлар жаумен қарсыласуын тоқтатар емес, олар
ержүректі адамдарша да емес, ашулы аңдарша жұлқысуға көшкен.
Спартак бір қадам да кері шегінген емес. Қайта ол өзінің мың
солдатын бастап, римляндердің алтыншы легионына аш бөрідей
тиген еді, өзінің кілең ветерандардан жасақталғанына қарамастан, бұл
легион да оның тегеурініне төтеп бере алмады; фракиялық өзі жүрген
тұстан ұрыс жүргізуші Крассты үнемі іздеп, шақырумен болды.
Марий мен Сулланың бір топ қырбат жігіттерін бастап трибун
Мамерк Спартакқа тап берген еді, айтқанша-ақ оның қолынан өліп
тынды.
Майдан даласына түн де түнере түсті, бірақ римляндер біржолата
жеңгеніне қарамастан, ұрысты əлі де тоқтата алған жоқ. Қанды
қасаптың осы сияқты жаншошырлық көрінісін өзінің буалдыр сəулеге
бөлеп ай туды.
Кең алқапта отыз мыңнан аса гладиатор, он сегіз мың римлянин
жусап жатты. Қырғын ұрыс аяқталған еді, сегіз сағаттық ұрыста əбден
титықтап сілесі қатқан гладиаторлар үркердей-үркердей болып,
жақындағы адырларға бас сауғалап кетіп жатты.
Тек бір-ақ жерде ғана қантөгіс ұрыс болып жатыр.
Бұл ұрыс орталықта еді, онда Спартак бастаған мың жауынгер
қажымас күшпен сілкілесуде.
— Красс! Қайдасың?..— деп Спартак ауық-ауық қарлыққан дауыспен
айқайлаумен жүр.— Сен менімен жекпе-жек шайқасам деп едің ғой...
Красс, қайдасың?..
Осыдан екі сағат бұрын Спартак Мирцаны ұрыс басынан аулақ
əкетуді тапсырған-ды; оны ботадай боздатып зорға əкеткен.
Арада тағы бір сағат өтті. Қалқаны шұрқ-шұрқ болған Спартак, өзінің
ең соңғы екі жолдасының — Вибсальда мен Арторикстің құлап
түскенін көрді. Кеудесінен оқ тиіп құлап бара жатқан Арторикс досына:
— Спартак!.. Элизиумда... арасында... кездеселік...'— деп дауыстады.
Жан-жағынан қамаған жеті-сегіз жүз жаудың ортасында жалғыз
қалып, өнебойы жараға сыңсыған Спартак, қаһарлы семсерін
нажағайдай ойнатып, тап берген-ді баудай түсіріп тураумен жүр.
Ақырында он екі қадамдай жерден жіберілген сүңгі сол жақ
жамбасынан келіп тиіп, ол ауыр жараланды; тізесін бүгіп отырып
қалса да, жауға қалқанын төсей центаврлар қамаған Геркулесше
оларды оңды-солды тураудан танбады. Бір мезетте ту сырттан жетісегіз сүңгі қатарынан тиіп, құлап түскен оның тек жалғыз ауыз сөзге
ғана тілі келді.
— Ва... ле... рия...
Спартактың ұрыс басталғаннан соңғы минутқа дейін, нағыз көкжал
батырларша ұрысқанын өз көздерімен көрген римляндер, үн-түн жоқ
қайран болған пішінмен оның денесін қоршай қалды.
Өзін тарихтағы ең атақты қолбасшылардың санатына қосуға право
беретін барлық дарындылықты — ұлы сезім, өрісті ақыл, қажымас
қайрат, қырбат, қабілет, терең толғау осы қасиеттердің бəрін де бір
басына жинаған бұл ғажайып адамның өмірі осылайша аяқталды.
Екі сағаттан кейін римляндер шатырларына қайтты, буалдыр ай
сəулесіне шомған майдан даласының түнерген тыныштығын тек
жаралылардың жəне жанталасып өліп бара жатқан адамдардың
күңіренген үні ғана бұзып тұр.
Осы алқапта жусап жатқан денелерді аралай кезіп, əлдеқандай бір
көлеңке жүрді.
Ол жайымен жылыса отырып, майданның өте-мөте ұзақ, қатты
ұрыстар болған тұсына жақындап келеді. Тəрізі, жауынгер болуы тиіс:
басындағы дулығасы мен бойындағы қару-жарағы ай сəулесіне
шағылысып анда-санда жалт-жұлт етіп қояды. Ол Спартак жығылған
тұсқа жеткенше ұзақ жүрді. Жауынгер сол араға тоқтады. Бойы аласа
болғанымен, денесі сымбатты еді. Гладиаторлардың көсемінің
денесіне қашан кездескенше, өлі денелерге еңкейе төніп бірінен соң
бірін қараумен болды. Жауынгер өліктің алдына келіп тізерлей отыра
кетті де, оның ақшудан басын жерден көтеріп алып, сол арадағы
Спартак өлтірген рим центуриондарының бірінің өлігіне сүйеді.
Ай сəулесі гладиатордың жүзіне түсіп тұр. Кішкентай солдат
еріндерін жансыз бетке төсеп, егіліп сүйе бастады.
Əлбетте, оқушыларымыздың өздері де жорамалдап отырған болар,
бұл жауынгер — Мирца еді. Гладиаторлар біржолата талқандалып
болған шақта Мирца Спартактың тапсырған адамдарының қолынан
сытылып шығып кетіп, ұрыс даласына қайтып келген-ді. Ол Спартак
пен Арториксті тірі көруден күдерін үзген, тек өзіне қымбатты
жандардың бетінен ақтық рет бір сүйсем деген үмітпен келген
болатын.
— О, Спартак!.. Ағажан! — деп күңіренді қыз əлжуаз үнмен, оның
бетінен қайта-қайта сүйіп.— Мен сені мұндай күйде көрем деп пе ем!
Тұла бойыңда оймаққа құрам сау жер қалсашы... Сыңсыған жара
мынау!.. Қай қаншама аққан!..
Қыз тына қалды. Осынау өліктер дүниесі өңірінен естіліп тұрған
күңіренулердің бəрінен де гөрі айқын жəне таныс бір үн оның құлағына
шалынғандай болды.
Қыз табан аудармастан, Спартактың жансыз қалған бетінен сүйе
берді.
Ыңырсыған үн тағы да естілді, бұл жолы одан əлдеқандай бір сөз
сарынын аңдауға болғандай.
Ол өзіне өзі келе, құлағын түріп еді, əліп бара жатқан адам даусы
созалаңдап барып, мұның атын атады.
Қыз ұшып түрегелді. Өнебойы тітіреп кетті. Қыз маңдайынан
мұздай тер шып ете қалды. Кездері шарасынан шыға шатынап, не
айтып тұрғанын сезбестен, өзін əлдекім тыңдап тұрғандай, даусын
шығара:
— Құдай үшін!.. Кімсің!.. Мені шақырған кім?..— деп сұрады.
— Мирца!.. О, Мирца, қайдасын!..— деді бұл жолы, өлімші жан, апанық.
— Бұл не ғажап? — деп дауыстап жіберді қыз, тұтқиыл қуанышпен.
— Өңім бе, түсім бе? Арторикс?..
Жолшыбай өліктерге сүріне-қабына, ол өң жоқ, сұр жоқ, белшелей
қанға батып жатқан Арторикстің жанына жетіп келді.
Ажал суық шеңгелін салып, əбден кенеуі кеткен жан бірте-бірте
көзін ашты.
Оны құшақтай барып жығылған Мирца бетінен қайта-қайта сүйіп:
— Тірі екенсің ғой... Абзалым, сүйікті Арториксім! Мүмкін сені
сақтап алып қалармын... Лебіммен жылытайыншы... Жараларыңды
таңайын... Қауіпсіз жерге алып кетейін...— деп дауыстап жіберді.
Бұл сөздер, сүйген жанның жалынды лебі, өлім аузындағы адамның
есін жинатқандай болды. Жанары сенуге айналған көздерін ашып,
баяу үнмен:
─ Осынша тез?.. Табысып та қалдық па? Демек, біз Элизиумде екеміз
ғой... О, менің Мирцам екенсің ғой?.. Элизиум мұншама неге суық?..—
деп тіл қатты.
— Жоқ!—деді қыз асқан іңкəрлықпен.— Жоқ! Біз Элизйумда емеспіз,
бұл мен, мен—Мирцаң!.. Сен тірісің... өлмейсің... маған тірі қалғанын
керек... менің тілегім сол!..
Галл əлжуаз тартқан қолдарымен қызды мойнынан айқара
құшақтап:
— Осы айтқандарың шын ба? Мен тірі екемін ғой... өлім аузында...
сені сүйіп, шын бақытқа ие болған екем? — деп бану күбірледі.
— Солай, солай, Арторикс... Сен өлуге тиіс емессің... мен сенікімін...
бүкіл жан-тəніммен сендікпін.
— О, мен армансыз өлемін! Менің оқыған дұғаларым Гездің
құлағына шалынған екен...
Арторикстің үні төмендеп, тілі күрмеле берді, тап болған шексіз
қуаныш, сезім толқыны оны əбден меңдеткен еді;
— О, Мирца! — деді қызға, бетінен сүйіп.— Мен өліп бара жатқан
сияқтанам...
— Жалғыз кетпе... Тос мені... бірге өлеміз, Элизиумге бірге барамыз.
Көзді ашып-жұмғанша, Арторикстің белінде асулы жатқан
қанжарды ала сала, қатуланған қыз, өзін-өзі өндіршектен салып та
қалды. Сүйген жігітін қыса құшақтап:
— Сенімен бірге өлемін, иманды пəк жандардың жайына сенімен
бірге барамын! — деді қыз.
— Бұл... не еткенің? — деді үзіліп бара жатқан жігіт естілер-естілмес
үнмен.
— Сенің тағдырыңа ортақтастығым... сүйген жар...
Мұны айтқанда Мирцаның да тілі орамға əрең келді, өйткені оның
күре тамыры шорт қиылып қалған еді; жігітті бұрынғыдан бетер
құштарлана құшақтап, ерін оның ерніне апарып жабыстырды, сөйтіп
екеуі де ақтық рет осылайша құшақтасып сүйіскен күйі, жан тəсілін
берді.
Осы мезетте, өліктер даласын абаймен аралай отырып, Спартак
жығылған жерге екі гладиатор келді. Олар Спартактың өлі денесін
кебіндеп орап алып, кете барды.
Бұларды жол жиегінен екі мильдей жерде пар егіз жеккен арба
күтіп тұрды.
Олар Спартактың сүйегін арбаға салды да, оның үстінен арба
жанында жатқан қаптаулы астықтарды үйді.
Арба қозғалып жүре берді, екі солдат оның соңынан аяңдады.
Бұл екі жауынгер Валериянң Тускуландағы үй басқарушысы болып
істейтін Либедий қарттың егіз ұлы Ацилий мен Аквилий еді. Жеңген
жаудың айуандық қорлауына сөзсіз душар болғалы тұрған көсемнің
денесін масқаралатпау үшін, олар оның сүйегін сүйген жарының
вилласына əкеле жатты.
ТҮЙIН
Браданус жанында қырғын шайқастан соң, он бес күн өтісімен
гладиаторлармен соғыс аяқталды. Тауға сіңіп, бұл кескілестен бас
сауғалағанымен басшысыз қалған бірнеше мың адамды бір жағынан
Красс, екінші жағынан Помпей қыспаққа алып, бірнеше күннің ішінде
құртып тынды; тек алты мыңдай ғана адам тірідей қолға түсіріліп,
оларды римляндер Аппий жолының Капуядан Римге дейінгі ұзына
бойын қуалай асып кетті.
Браданус жанында қырғын тапқандардың арасынан Спартактың
сүйегін іздеп, римляндер текке əуре болды. Оны таба алмай қойды. Бұл
жөнінде шындыққа ешбір жанаспайтын əралуан жорамалдар да
айтылды.
Бұл тарихты осымен аяқтап, енді оқушыларды осы əңгімеге
қатысушы екі адамның жеріне бастап барып, олармен тағы
ұшырастыралық.
Төрт жылға жуық уақытқа созылған, онда гладиаторлар өздерінің
азаттықты жеңіп алуға, ұлы істер істеуге қабілеті жететінін асқан
ерлікпен көрсете білген бұл соғыс осылайша аяқталды.
Браданус жанындағы қырғын соғыстан кейін жиырма екі күн өткен
соң бірін-бірі көре алмай күндеп, көтерілісті басу абройын əр қайсысы
өзіне балап жəне консулдыққа таласқан Красс пен Помпей өз
армияларымен Римге таяп келген шақта, Валерия ару, қаралы стола
киіп, өзінің Тускуландағы вилласының конклавасында отырды.
Мессаланың қызы əбден жүдеген еді, оның жүзінен ізі суымаған
ауыр күйіктің белгісі сайрап көрініп тұр. Жас жуған көздері қызарып,
ісіп кеткен. Қарлығаштың қанатындай мақпал қара, толқынды қою
шаштары мүсінді иығын тарамдала жауып тұр, қарақат көздері мен
жүзінде жүректі жегідей жеген ауыр құсаның зілі жатыр. Ол жағын
таянып, кішкентай мрамор столдың жанында отыр, оның үстінде грек
зергері алтын жалатып қоладан соққан урна тұр.
Екінші қолымен ол папирусты қыса ұстап отыр. Қарақат көздері
урнаға қадалған. Жанға батқан зілді қайғы құшағындағы ару əйелді
қазір Ниобеямен салыстыруға болғандай еді, ол: «Көріңдерші, менің
қайғыма тең қайғы қайда бар!» — дегендей.
Сол столдың жанындағы орындықта, үстінде қаралы киімі бар,
аққұбаша келген, сүйкімді Постумия тұр.
Сəби өзінің жауқазындай қолдарымен урнаның оймыштарын, оған
қойылған гүлдерді аялап, шешесінің бұлайша үн-түнсіз ұзақ
отырғанына ашуланғандай, байсалды көздерімен оның бетіне қарай
түседі.
Бір мезетте Валерия есін жиғандай болды, қолындағы хатқа көзі
түсіп кетіп, оны тағы да оқуға кірісті..
Бұл хатта мынадай сөздер жазылған еді!
«XОРСЫМБАТТЫ ВАЛЕРИЯ
МЕССАЛАҒА СПАРТАКТАН СƏЛЕМ.
Хорсымбатты Валерия, саған деген махаббат үшін мен Марк Крассқа
жолықтым. Бұдан сен үшін жəне сүйікті Постумиямыз үшін көнген
едім, бірақ Сицилияның преторы маған тіршілік пен бостандықты
екіжүзді опасыздыққа сатып алуды ұсынды.
Мен бауырларымды сатып, мəңгілік қарғыс арқалағанша, саған
қайрымсыз, қызыма рақымсыз болуды артық көрдім.
Бұл хатты сен алған шақта, мен тірі де болмаспын: үлкен жəне
шешуші ұрыс қарсаңында тұрмыз, онда мен өшпес даңқпен жан
беремін.
Қасарысқан тағдырдың жазуы осылай.
Қадірлі Валерия, сені өзім душар еткен барлық қайғы-қасіреттер
үшін өлер алдымда сенен кешірім сұрауды қажет деп білемін.
Қайратты бол, өмір сүр, маған деген махаббатың үшін, сəби
қызымыз үшін тіршілік ет. Өлімге бел байлаған адамның тілегі осы.
Жасқа булығып, тынысым бітіп барады, мені тек бір ғана нəрсе —
сенің мəңгілік рухыңды мақшарда құшармын деген үміт қана жұбатуда.
Спартагің сені ақтық рет сүйіп, өзінің соңғы сезімін, жүрегінің соңғы
тынысын өзіңе жөнелтті».
Хатты оқып болып, Валерия оны ерніне басты да, ағыл-тегіл жылай
берді.
— Мама, сен неге жылайсың?—деп сұрады сəби.
— Сорлы балам! — деді Валерия. Постумияның ақшудан бұйра
шашын сипап.— Жай жылаймын... Ештеңе емес, мұңаймашы, қарағым!..
Қызын құшақтай алып, маңдайынан қайта-қайта сүйе түсіп, тағы да
жасын төкті.
— Саған ешкім тиген жоқ, ал сен жылайсың! —дейді Постумия.—
Мен жыласам, жексұрын дейсің. Қазір өзің жексұрын болдың...
— Олай демеші, жаным!—деді азалы əйел қызын баурына тартып,
жалындай сүйіп. Сенің сөздерің жаныма қандай бататынын білер ме
едің.
— Сенің жылағаның маған да батады.
— Өмірімнің бұдан былайғы бірден-бір жарық сəулесі, сүйкімдісің
де, қаталдасың-ay, өзің!
Валерия осыны айтысымен, хатты тағы да бір сүйіп, қойнына тықты
дат Постумияға қолын созды. Оны тесте отырғызды да, жасын тыюға
тырысып:
— Сен дұрыс айтасың, бөбегім, мен жексұрын болдым... бірақ енді
мұны қайталамаймын, əрқашан да жақсы боламын, есі-дертім тек сен
ғана боласың. Сен мамаң байғұсты жақсы көресің бе? — деді.
— Əрқашан жақсы көремін, мейлінше, мейлінше жақсы көремін!
Осыдан соң бала анасын құшақтап, сүйе бастады.
Анасының аялауынан босап шыққан сəби урнаны қолымен сипады.
Конклава іші бірсыпыраға дейін жым-жырт болды.
Бір мезгілде Постумия анасынан: - Мама, мынаның ішінде не бар,
айтшы? — деп сұрады.
Валерияның көздері жасқа толып кетті, күйініп, жоғары қараған ол:
— О, бейбақ шикі өкпе! —деді.
Сəлден кейін, өксігенін зордан басып, булыққан үнмен:
— Байғұс балам, бұл урнада сенің əкеңнің күл болған денесі жатыр,
— деді.
Бұдан соң ол тағы да жылауға басты.
БАСПАДАН
XIX ғасырдың орта шенінде Италияда ұлт-азаттық қозғалысының
күшті толқыны белең алды. Италияның прогресшіл адамдары
өздерінің туған елін австриялықтардың текпісінен, шеркеулердің
шектен асқан өктемдігінен азат ету күресіне бірікті.
Италияның азаттығы, тəуелсіздігі мен тұтастығы жолындағы
күресте жас Рафаэлло Джованьоли белсенді роль атқарды. Ол Папа
үкіметіне қарсы астыртын қозғалысқа қатысып, сол себепті Римнен
кетіп қалуға мəжбүр болды, ал кейінде Папа облысына жорықтар
жасағанда Гарибальдидің шын жауынгер серігі болды.
Джованьолидің жазған «Спартак» романы
көзқарастарының жарқын бейнесі болып табылады.
автордың
өз
Ерте заманғы Римде болған құлдардың ерлік көтерілісінің
көтерілісшілерге деген соншалық сүйіспеншілікпен баяндауын, онда
құл иеленуші Римнің саяси құрылысы мен салтының батыл сыналуын
Джованьолидің замандастарының Италияның езушілеріне қарсы
күреске шақырушы дабыл деп қарсы алуы өте орынды еді.
Джованьолидің романы кешікпей-ақ жастардың сүйіп оқитын
кітабы болып алды жəне дүниежүзілік əдебиеттің алтын қорына
қосылды.
Романның нақ төрінде көтеріліс басшысының азаттық үшін күрес
жолына жанын қиған фракиялық Спартактың образы тұр. Ол туралы
Маркс Энгельске былай деп жазған еді: «Спартак... бүкіл ерте заманғы
тарихтың үздік туған өрені еді. Ұлы генерал (Гарибальди емес), асыл
мінезді адам, ерте заманғы пролетариаттың шын мағынасындағы өкілі
болды».
Біздің заманға дейінгі 74 жылы гладиаторлардың Капуядағы
мектебінен 78 гладиатор қашып шықты. Бұл Спартак əзірлеп,
ұйымдастырған көтерілістің басталуы еді. 73 жылға қарай бұл
көтеріліс адам айтып жеткізгісіз болып өсіп ұлғайды. Спартактың
армиясына келіп қосылушы құлдар саны барған сайын өсе берді, оған
там-тұмдап азат жəне жартылап азат рим шаруалары да ұштасты.
Спартак шын талапты қолбасшы жəне ұйымдастырушы болды.
Іргелі рим əскеріне қарсы оның əрбір шайқасы — гладиаторлардың
көсемінің шексіз дарындылығының айғағы. Везувийда болған алғашқы
ұрыстардың өзінде-ақ, нашар қаруланған гладиаторлар тапқырлықпен
жасалған тактикалық əдіс-айлаға сүйене отырып рим преторы
Клодийдің үш мың кісілік əскерін жеңді. Рим легиондарын
гладиаторлар əскерінің бұдан кейінгі жердегі талқандап жеңуі құл
иеленушілер мемлекетінің астаң-кестеңін шығару қаупын туғызды.
Римде үрей басталды. Құлдар Римге төніп келе жатты.
Гладиаторларға қарсы Римнің аты шулы шонжары Марк Красс
бастаған қалың қол аттандырылды. Спартактың Сицилияға өтіп алып,
онда да көтеріліс туын тіксем деген талабы сəтсіздікке ұшырады.
71 жылы Брундизиум порты жанында көтерілісшілер мен Красс
əскерлері арасында шешуші шайқастар болды. Бұл ұрыстарда
көтерілістің тағдыры Спартак əскерінің жеңілуімен шешілді.
Бостандыққа ұмтылған құлдардың стихиялық қозғалысын рим
халқының басқа топтары қолдамаған еді. Құлдарда түбегейлі істің
дəйекті бекем программасы да болған жоқ.
«Құлдар... сан рет көтерілістер жасаған,— дейді Ленин құлдар
көтерілісін сыпаттай келіп,— жанжалдар шығарған, азаматтық
соғыстар ашқан, бірақ ешқашан да күреске басшылық етуші
партиялардың саналы көпшілігін жасай алған жоқ, қандай мақсатты
көздейтіндерін де айқын түсіне алмады...»
Көтерілісшілердің жеңілуінің негізгі себебінің өзі де осы болды.
Алайда, өзінің сəтсіздікпен аяқталуына қарамастан Спартак
көтерілісі құл иеленуші Рим республикасының құлауына себепші
болды, V ғасырда өздерінің «ортақ жауына қарсы бірігіп, Римнің астынүстіне келтірген» (Сталин) варварлардың міндетін жеңілдетті.
АТТАР МЕН АТАУЛАРҒА ТҮСІНІК
Аболa — еркектің сырт киімі.
Авгурлер — балгерлер мен бақсылар, олар римляндердің сенімі
бойынша, құстардың ұшысына жəне дауысына, жайдың түсіне,
құрбандыққа шалынған жануарлардың ішкі сарайына қарап, қандай
істің болсын жақсылықпен немесе жаманшылықпен тынарын алдын
ала болжап айтатын болған. Римнің билеп-төстеушілері барлық елеулі
оқиғалар кезінде де: əскер жорыққа аттанарда, халық жиналысын
өткізерде, тағы сол сияқтылар кезінде осы балгерлерге жүгінетін.
Олар жаманшылыққа жорыған бірде-бір істі бастамайтын.
Секстийск Аквасы — Рим қолбасысы Марий біздің заманымызға
(жыл санауымызға) дейінгі 102 жылы тевтондардың қалың қолын
талқандап жеңген жер.
Акведук — су түтігі.
Акрополь — ертедегі грек қаласының биіктетіліп, нығайтылған
бөлімі, қала халқы дұшпаннан сасқанда сол араға паналайтын болған.
Александриялық тіл (Александрияға тараған) — еврей жəне египет
тілдері мен шағыс грек тілінің диалектісі. Александрия (біздің заманға
дейінгі 331 жылы Египетте Александр Македонский орнатқан қала)
бірнеше жүз жылдар бойына (біздің заманға дейінгi III ғасырдан
бастап) оқу-білім ордасы болған. Александрияда сол заманда дүние
жүзімдегі ең ірі кітапхана болды, Александрияға тұс-тұстан келіп
жататын əр елдің көптеген ғалымдары, философтары жəне
жазушылары сол кітапханаға жиналатын болған.
Амфора — су немесе шарап құятын қос құлақты, ұзын мойын
құмыра.
Ангустиклава - жіңішке қып-қызыл матамен көмкерілген туника.
Антей — грек аңызы бойынша — алып, жер құдайының баласы.
Жерге табаны тиіп тұрғанда, оны ешкім жеңе алмайтын болған,
өйткені ол анасы — Жерден қуат алады екен. Геракл онымен көп
алысып ақыры жердей көтеріп əкетіп жеңген.
Ұлы Антиох — Сирияның күшті патшасы (біздің заманға дейінгі II
ғасырдың бас кезінде болған), ол Европаға да қол салмақ болған, бірақ
оны римляндер жеңген.
Дельфа Апполоны — грек пен римляндерше əн, музыка жəне
поззияны қолдаушы, күн мен сəуленің құдайы. Грек ертегілеpi
бойынша, Апполон Дельфада (Парнас тауында) шеркеу орнатып, онда
муптилер арқылы жұртқа құдайдың əмірін таратушы болған.
Аппий жолы — Римнен Капуяға дейін бapaтын белгілі соғыс жолы,
мұны біздің заманға дейін, 332 жылдарда рим цензоры Аппий Клавдий
салған. Жолдың өнебойына тақта тастар төселген, оның берік
жасалғандығы сондай, кей жерлерінің тастары біздің заманымызға
дейін сақталып келді.
Арелата — Галлиядағы қала (бүгінгі Арль).
Асс — Римнің ұсақ күміс ақшасы.
Атриум — Рим үйлерінің орталық бөлімі, оны айналдыра басқа
бөлмелер салынады. Атриумда пеш жəне ата-бабаның суреттері
тұрады.
Аттикалық — аттика халқына тəн деген мағынада, Аттика (бұрынғы
Грециядағы облыс аты, оның басты қаласы Афины болған) ғылымның,
философияның жəне искусствоның өркендеуімен аты шыққан. Ақылой, білім сергектігі, сөзге шешен тапқырлық белгілерін «аттикалық
тұздық» деп атау содан қалған.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 31
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.