Latin Common Turkic

Спартак - 08

Total number of words is 3953
Total number of unique words is 2199
33.5 of words are in the 2000 most common words
46.9 of words are in the 5000 most common words
54.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көркем қала Кумы жұрттың көбірек келетін жері. Шомылу маусымы
кезінде көптеген Рим патрицийлерін де осында кездестіруге болатын.
Олардың жағалауда өз виллалары бар, күз бен көктемнің
бірсыпырасын осында өткізеді.
Сондықтан Кумы да Римнің өз ішіндегі байлар мен атақты
адамдардың ғана қолынан келетін барлық салтанатпен көрікке ие
болған-ды. Кумыда портиктер де, базиликалар да, форумдар да,
цирктер де, үлкен амфитеатрлар да (жұрнағы қазірге дейін жатыр)
бар, ал Акропольде, тау басында — Италиядағы ең салтанатты əсем
шіркеулердің бірі — Аполлон құдайдың шеркеуі тұр.
Кумыға таяу, қолтық пен жағалаулар аяқ астында көрініп тұратын
биік жотаның үстінде, Луций Корнелий Сулланың аса бай салтанатты
вилласы бар.
Сулла сияқты адамның қиялға бай, сирек кездесетін тыраш
ақылына не сыйса, соның бəрі осы виллаға жиналған-ды. Вилла
теңіздің дəл жиегіне тиіп тұр, ол арадан Сулла қолға үйреткен күтулі
балықтарына арнап бассейн жасауға, оларды сонда күтуге əмір берген.
Үйдің өз басын, тіпті Римдегі ең салтанатты үй десе болғандай.
Оның ішінде ыстық, жылы жəне салқын ванналар үшін жасалған елу
бөлімді, түп-түгел мрамордан соғылған монша бөлмесі бар. Дача да гүл
егілген, құстар тұратын оранжеялар, айналасы қоршалып тасталған
жыныс ағаштар болатын. Онда бұғы, тау ешкі, түлкі жəне əралуан дала
құстары жүреді. Өз алдына дербес бұйығы өмір сүргісі келген Римнің
қаһарлы жəне құдіретті диктаторы бұл сияқты Жерұйыққа баяндалып
отырған оқиғадан екі ай бұрын көшкен.
Ол мұнда сол кезде Митридатпен шайқасып жатқан бай жəне атақты
адам Луций Лициний Лукуллға арналған өзінің «Коментариялар»
шығармасын жазумен уақыт өткізді. Лукуллдың атағын шығарған
ерлік пен жеңістен де гөрі, əсіресе оның асқан байлығы жəне өз
айналасындағы керемет сəн-салтанаты бола тұрса да, ол даңқы үрімбұтаққа тараған адам болды.
Сулла түнгі уақытын өз вилласында дыр-думанды, үздіксіз сауықсайранмен өткізіп, күн шыққанша өзінің ішкіліктес жолдастарының —
ойыншылар, күлдіргіштер тобының арасында, стол басында мас
болып қылжиып жатып қалып жүрді.
Кітапта осының алдындағы тарауының аяқ шенінде баяндалған
оқиғадан үш күн кейін, Сулла мраморлы бұл кең сарайдағы төрт
триклинийдің ең үлкені жəне сəулеттісі Аполлон Дельфийский
триклинийінде кешкі тамақ əзірлеуді бұйырды.
Дəл осында, бұрыш сайын қойылған шырағдандардың жарық
сəулесіне бөленген гүлдердің жұпар иісі арасында, сиқырлы əсем
күлкімен делебе қоздырғандай жалаңаш жалпы биші ханымдардың
нақ ортасында, сыбызғының лир мен цитралардың тамылжыған
көңілді үні жайлаған кешкі тамақ лезде-ақ нағыз тиымсыз
бейбастақтық дырдуға айналып кетті.
Бұл аса кең залға тоғыз ас ложасы қойылған еді, стол басын айнала
сауық-сайранның иесі жиырма алты адам отырды. Тек бір ғана орын
— Сулланың сүйікті досы мұнда əлі келіп үлгірмеген Метробийдің
орны боп тұр.
Стол басына киетін аппақ шаңқан киімдерін киіп, гүлге оранған
бұрынғы диктатор ортадағы столдың ең төрдегі ложасында, осы
думанның патшасы, өзінің таңдаулы досы — актер Квинт Росцийдің
жайында отыр. Сулланың көңілді күлкісіне, əлсін-əлі айтылған
саңлақты сөздері мен шарап көтерісіне қарағанда, экс-диктатор шын
ықласпен көңіл көтерейін деген екен, оның көңілін алаңдатарлық
ешқандай кірбең жоқ екен деп түюге болады.
Бірақ қадағалап байымдаған адамға төрт айдың ішінде оның
соншалық, қартайып, реңі қашып кеткенін аңлау қиын да емес еді. Бетіжүзін қаптаған қанды-сар сулы бертпелері өршіп, шаштары əбден
ағарған, оның бүтін сырт келбетіндегі торығу, əлжуаздық пен күйзеліс
ізі жегідей жеген дерт салдарынан көптен бері ұйқы көрмегендіктің
белгісі болатын.
Осының бəріне де қарамастан, оның өткір қоңырқай-көкшіл
көздерінде əлі де болса күш-қайраттың оты жанып тұр. Ол өз
басындағы жан төзгісіз азапты басқаларға сездірмеуге күш салады.
Сондықтан да кейде, əсіресе ішкілік үстінде, өз науқасын мүлде
ұмытып кетуге тырысады.
- Ал, сөз сенікі, айта бер, Понциан,— деді Сулла Кумыдан келген бір
патрицийге қарап,— Гранин не деді, соны айтшы.
- Мен оның не дегенін есіткенім жоқ,— деді кенеттен өңі қашып, не
дерін білмей қалған патриций.
- Менің құлағым сақ, өзің де білесің, Понциан,— деп, қабағын қарс
жауып алған Сулла.— Сенің Элий Луперкке не айтқаныңды да естігем.
- Атай көрмеңіз,— деді Понциан сасқалақтап,— сене беріңіз маған,
бақытты, құдіретті диктатор.
- Сен оған мынадай сөздер айтқансың: «Кумының қазіргі эдилі
Граний өзіне Сулла салған айыпты төлеуден бастартып, былай деді...»
Дəл осы шақта маған қарадың да, сөзіңді менің естіп қалғаныңды
байқаған соң, қол қойдың. Сондықтан мен саған қазір Гранийдің
сондағы айтқан сөздерін маған бажайлап дəл айтып беруді
бұйырамын.
- Пұрсат етіңізші маған, римляндардың ішіндегі ардагері Суллеке...
- Маған сенің мақтауларыңның қажеті жоқ! — деп Гума отырған
ложасынан көтеріле бере, столға қойып қалып.— Жалғаншы залым!
Мен өзіме деген консулдық шежіреге ерліктеріммен, даңқты өзіммен
бірге жазып қалдырғамын, енді оны сенің қозғап жатуыңның маған
керегі қанша, тантық құздағы Гранийдің сөздері — маған керек нəрсе,
осы ғана жəне сен оны маған дəл баяндауға тиіссің, ал олай болмайды
екен онда, қолдаушы ием Аполлонның арфасы сенің өлексеңді
бақшама көң етпесем, менің Луций Корнеллий Сулл атым өшсін.
Осыдан көптеген жылдар бұрын ерекше желеп-жебеушім деп өзі ен
тағып иемденген Аполлонның аруағын аузына алғанда, Сулла бұл
құдайдың алтын статуэткасын оң қолымен бір ұстап қойды. Мұны ол
Дельфийский шіркеуінен алып келген еді, алтын шынжыршыға
байлап, үнемі мойнына тағып жүретін.
Əбден қорыққан Понциан байғұс тілі күрмеле дереу жауап қатты:
— Граний онда: «Мен енді төлемеймін: Сулла кешікпей өледі, сонсоң
айып төлеуден мүлде босаймын»,— деді.
— Солай ма! — деп бұрқанды Сулла, aшу кернеген шақта қып-қызыл
шиедей жүзі қуарып кетіп.— Солай ма! Граний менің өлуімді асыға
күтеді екен ғой... Жарайсың, Граний! Оның ойы, оның ойлағаны...—
Көзінде ұшқын атып тұрған ашу ізін жасыруға тырысқан Сулла қалшқалш етті...— Ол алдағыны болжампаз екен! Ол нағыз көріп кел екен!
Осыдан соң Сулла сəл тына қалды да, аздан кейін, саусақтарын
сыртылдата шертіп:
— Хризогон! —деп дауыстады.
Зілді дауыспен ол тағы да:
— Оның өз есебінен сүрінбей кеткенін көрерміз,— деді.
Сулланың өзі азаттық берген, сенімді адамы Хризогон эксдиктатордың жанына жетіп келген еді, диктатор оған сабырлы
дауыспен жарлық берді, оның бұл тапсырмасын Хризогон басын иіп
құп алды да, есікке беттеді. Сулла кетіп бара жатқан Хризогонға:
— Ертең! — деп дауыстады.
Осыдан соң ол қонақтарына шырайлана қарап, фалерн шарабы
құйған ыдысын көтере беріп:
— Кəне!.. Сендерге не болған? Осыншалық маужырап,
өнжорғаларыңның түсе қалғаны несі?.. Олимптің барлық құдайлары
куə, қоян жүрек қорқақтар, дəуде болса, менің бата оқырымда отырмыз
деп ойлайтын боларсыңдар? — деді.
— Құдай сақтасын, қайдағыны айтпаңызшы!
Юпитер саған рақымын төгіп, Аполлон желеп-жебей берсін!
— Құдіретті Сулланың өмір-жасы ұзақ болсын! — деп қонақтардың
бірсыпырасы бірден қосыла дауыстады, көбік атқан фалерн шарабын
көтерісіп.
— Бəріміз де Бақытты Луций Корнелий Сулланың денсаулығы,
даңқы үшін ішіп жіберелік!—деді Квинт Росций, қоңыраудай
сылдырлаған ашық дауыспен, шарапты көтере ұстап.
Жұрттың бəрі де бұл хошеметті қолдап ішіп-ішіп салды, ал көрер
көзге көңілі жадырап, серпіле қалған Сулла Роцсийді құшақтап сүйді
де, оған алғыс айта отырып, цитристер мен күлдіргілерге:
- Ей, алакүліктер, онда неғып байланып жатырсыңдар? Сендердің
білетінің менің фалерн шарабымды ішу ғана екен ғой... Табанда
бықпырт келіп, мүрдем кеткір сұмпайылар! — деп дауыстады.
Сулла өзінің тежеусіз кеткен боқтық сөздерін айтып жатқанда,
əрқашан боқауыз араластырып, тұрпайы сөйлейтін музыканттар да
музыканы дереу аңратып, ойнаушылармен, бишілермен бірге биге
араласып, қолдарын ербеңдете неше алуан күлкілі қимылдарға басты.
Би аяқталып келгенде, Сулла мен Росций шынтақтай жатқан
ортадағы столдың үстіне, кəдімгі тірі құстан айнымайтын қауырсынды
бүркіт əкеп қойылды. Бүркіт тұмсығымен лавр ағашының бұтағынан
жасалып, алқызыл таспамен буылған венок ұстап тұр, лентаға алтын
əріппен мынадай сөздер жазылған: «Sulla Felici, Epaf-radito», мұның
мағанасы: «Венераның сүйген ұлы Бақытты Суллаға» деген сөз.
«Эпафродит» деген ат Сулланың құлағына өте-мөте жағымды
аттардың бірі болатын.
Қонақтар сатырлата қолшапалақтап тұрған шақта, Росций бүркіттің
тұмсығындағы венокты алды, да оны Сулланың азаттық берген адамы
жəне өзінің дəл жанында отырған Аттилия Ювентина сұлуға берді;
Кумыдан келіп, қазір еркектермен аралас ас ішетін ложаларда
шынтақтап жатқан басқа əйелдермен бірге ол да осы думанның
көзтартар қызыл гүлдерінің бірі болатын.
Аттилия Ювентина лавр венокты Сулланың басына жарасып тұрған
роза гүлді веноктың үстіне қойды да, биязы үнмен:
- Құдайдың шын сүйікті пендесі, жеңімпаз император, саған бұл
лаврларды бұл ғаламның сүйіспеншілік ықласы бұйырған,— деді.
Сулла пышақпен бүркіттің мойнын осып, ішін жарып еді, одан
сансыз көп жұмыртқа сау ете қалды, ол жұмыртқалар қонақтарға
үлестірілді. Олардың əрқайсысы жұмыртқа ішінен, тұздықтап қуырған
бекас алып жатты. Рудан соң үлкен бір пирог келтірілді, бал қатып
қамырдан жасалған оның сыртқы қабыршағы дөп-дөңгелек күмбез
сияқтанып тұр. Пирогтың қабыршағын ақырын тіліп қалғанда одан
қонақтың саны қанша болса, сонша торғай ұшты. Əрбір торғайдың
мойнында лентасы бар, лентаға əрбір қонақтың аты жазылып, оған
арналған сыйлықтар байлаулы жүр.
Сулланың асқан өнерлі аспазы дайындаған бұл тамашаны көрген
қонақтар қолшапалақтап, мəз-майрам болды; сыртқа шығар ешбір
саңлаусыз зал ішінде айнала ұшқан құстарды қуған жұрттың айқай-
қиқуы көпке дейін басылмады. Бұл айқай-шуды Сулланың өзі
тоқтатты. Ювентинаның аялауынан сəл босай бере:
— Жарандар!.. Дəл бүгінгі кеште мен өте көңілдімін жəне өзімді де,
сендерді де мұндай думандарда көрсетіле бермейтін шын тамашаға
кенелткім келеді... Сүйікті достарым... тыңдаңдар... Осы залда
гладиаторлардың сайысын көргілерің келе ме? — деп дауыстады.
— Мақұл, мақұл! — деп елу адам бірден дауыстап қоя берді, өйткені
бұл тамашаға тек қонақтар ғана емес, музыкашылар мен бишілер де
ынтық. Сондықтан бұл сұрау өздеріне арналмағанын ескерместен,
бұлар да дақпыртпен «мақұл» деп жауап берісті...
— Мақұл, мақұл, гладиаторларды!.. гладиаторларды!.. Сулла
жасасын!.. Жомарттығы жаннан асқан Сулла жасасын!
Айтқанша-ақ, он гладиатор залға жетіп-жетіп келді. Олардың бесеуі
фракиялықтарша, ал қалған бесеуі — самниттерше киінген.
— Спартак қайда? — деп сұрады Сулла, Хризогоннан.
— Оны мектептен таба алмадық, қарындасының үйінде болса керек.
Сол мезетте Спартак триклинийге ентелей кіріп келді. Ол екі
иығынан демін ала, қолын аузына төсеп, Сулла мен оның қонақтарына
сəлем берді.
— Спартак,— деді Сулла рудиарийге,— сенің найзагерлікке үйрету
шеберлігіңе баға бермекпін. Шəкірттеріңнің не үйреніп, не білгенін
көрейік деп отырмыз.
— Олардың найзагерлікке жаттыға бастағанына екі-ақ ай болды.
Менен үйрене қойғандары да шамалы.
— Көрелік, неде болса көрелік! — деді Сулла.
Бұдан соң ол қонақтарға қарап:
— Кумының ұлдары, той үстінде сіздер үшін гладиаторлардың
сайысын ашумен салтымызға жаңалық енгізейін деп отырғаным жоқ,
осы атырапты ең алғаш мекен еткен кампанья халқының айбынды
ата-бабаның бұдан ғасыр бұрын өз күшінде болып келген салтын
жаңғыртпақпын, - деді.
Осыншалық ашық-ашық жəне соншалық шімірікпес, тағылықпен
айтылған бұл көлгір варварлық, алдын ала ойластырылған
қатыкездік, бұл қанқұмар есуастық Спартактың зығырданын
қайнатып, жүрегін астан-кестең етті; азат елдерінің еркін азаматы
болып өскен біріне бірінің өшпендігі жоқ, ешбір кінəсіз өндірдей
жастардың көптің қалауымен емес, бірдің қырсығымен қырқысуға,
сөйтіп жазмыш мерзімінен бұрын, масқаралықта өлуге үкім етілуі
оның қабырғасына қатты батты.
Қанды қайнатқан жалпы себептермен қатар, тағы бір нəрсеп
рудиарийді онан бетер ызаландырды, атап айтқанда, ол өзі өте жақсы
көретін, жан біткеннің сұлуы жас галл Арторикстің көз алдында өлім
қатерінде тұр еді.
Спартак сайысшыларды сапқа қойып жүріп, Арторикстен ақырын
ғана:
Сен мұнда неге келдің? — деп сұрады. Бұдан ертеректе,— деді
Арторикс баяу ғана,— өлімге қарсы ең соңынан қайсымыз
баратынымыз жөнінде зереп ұстасқан едік, сонда ұтылғандардың бірі
мен болдым. Сулланың бір-біріне қарсы сайысатын алғашқы он
гладиаторының бірі болуды маған тағдырдың өзі қалаған болып
шықты.
Гудиарий қайтып ешнəрсе айтпады, тек аздан соң Суллаға қарап:
Рақымы күшті Сулла, мынаның орнына қою үшін мектептен басқа
бір гладиатор алдыруыма пұрсат беріңіз,- деп Арториксті нұсқады,—
мұның өзі...
- Aл, мұның сайыса алмайтын не ауруы бар? — деп сұрады
эксдиктатор.
- Оның себебі бұл басқалардың бəрінен де күшті, сондықтан ол
сайысқа түсетін жақтың — фракиялықтардың күші екінші жақтан
əлдеқайда басым түсейін деп тұр...
- Сол себепті сен бізді тағы да күттірмек екенсің ғой? Жоқ, мынаның
өзі сайыссын: біз күтіп отыра алмаймыз, самниттерге онда тіпті
жайлы тимейтін болады!
Бағанадан бері тықыршып отырғандардың арасынан сайысты
бастауға Сулланың өзі белгі берді.
Сайыс онша ұзаққа барған жоқ: арада жиырма минут өткен соң бір
фракиялық, екі самнит əлді самниттердің ауыр жаралы болған басқа
екеуі бір шыбындай жандарын сұрап Суллаға құлдық ұрды. Сулла
олардың жандарын өзіне қиды.
Тірі қалған жалғыз самниттің жайына келсек — ол
фракиялықтардың төртеуіне қарсы жанталаса қорғанумен болды,
бірақ өне бойында жарадан сау жері қалмаған ол, жылтыр еденде сел
болып ағып жатқан қанға тайғанап барып мұрттай ұшты. Көзіне жас
толып кеткен Арторикс — өзінің досын өлім алдындағы жанталас
азабынан құтқару үшін оны семсермен есіп жіберді.
Шапалақтаған қолдың сатырлаған даусы триклинийді басына
көтерді.
Мұны тек мас Сулланың былай деген айқайы ғана бөліп жіберді:
— Көне, Спартак, осылардың ішіндегі ең күштісі сенсің ғой,
өлгендердің біреуінің қалқанын, фракиялыктың семсерін алда, төрт
кісіге қарсы жалғыз сайысып, өзіңнің күшіңді көрсет!
Сулланың бұл ұсынысын қолдап жұрт ду ете түсті. Мұны естігенде
рудиарий байғұс төбесінен біреу қос қолдап ұрып кеткендей болды.
Қағыс естідім бе немесе есімнен танып қалдым ба деп ойлаған ол,
жүзі құп-қу болған күйі, Сулладан көзін алмай оған тесіле қарап тұрып
қалды.
Спартактың терісіне симай тұрғанын байқаған Арторикс оған
ақырын ғана сыбыр етті:
— Тайма!.
Бұл сөзді құлағы шалған рудиарий селк етіп, айналасына бір қарап
алды да, сонан соң Суллаға қарай бұрылып:
— Жалғыз-ақ— бақытты ұлы диктатор... мен сіздің назарыңызды
өзімнің гладиатор емес екеніме аударғым келеді: мен — басым бос
адаммын, рудиариймін, сенің қолыңда тек гладиаторлардың ұстазы
міндетін ғана атқарушымын.
— Ха... Ха!.. ха!..— деп Сулла мастық жəне тəлкек күлкіге басты.—
Сен кəдімгі батыр Спартакпысың? Сен де өлімнен қорқады екенсің
ғой!..
Гладиаторлардың
жексұрын
сілімтігі!..
Осыдан
сені
сайыстырмасам, мені Геркулестің күрзісі ұрсын!— деді Сулла тағы да,
аз кідірістен соң, сүйтті де жұдырықпен столды қойып қалып, өктем
үнмен:— саған өміріңді еркіндікті қайтып берген кім еді, қоян жүрек
варвар? Сулла емес пе еді?.. Сол Сулла саған сайысуды бұйырады... Сен
сайысасың!.. Олимптің құдай атаулысы куə... сені сайыстырмай
қоймаймын!— деді.
Спартак өлгендердің бірінің семсерін ала сала, жолбарыстай
атылып барып Сулланы турап-турап тастасам ба екен деп бірнеше рет
оқталды. Бірақ соның бəрінде де өзінің əлдеқандай бір кереметпен
күштеп ұстап қалды.
Ақырында ол, не істеп жүргенін өзі де сезбестен, жердегі қалқан мен
семсерді алды да, aшу қысып булыққан қатты дауыспен:
Мен қорқақ та, варвар да емеспін, Лудий Сулла, мен сенің лəззат
алуың үшін сайысқа шығамын, бірақ сенің барлық құдайларың куə
болсын, осыдан бақытсыздыққа тап болып, Арториксті жаралай
қалатын болсам...
Əлдеқайдан шыққан əйелдің ащы даусы гладиатордың ашумен
айтып тұрған сөздерін бөліп жіберді. Отырғандардың бəрінің де
назары дауыстың шыққан жағына ауды.
Сулла сыртын бере отырған түкпірдегі есіктің кіреберіс:
табалдырығында Валерия тұрды, оның жүзі шөлмектей болып қуарып
кеткен еді.
Сулла жіберген құл іздеп барғанда Спартак Валерияның бөлмесінде
болатын. Мұндай бейуақыттағы шақыруға рудиарий қайран қалып,
Валерия да қатты қорыққан-ды. Спартакқа өткен жолғыдан да бетер
қатерлі қауіп төнген екен деп түйген ол. Сондықтан фракиялыққа
деген сүйіспеншілік билеген Валерия əдеп сақтау, сақтану жəне
ұстамдылық ережелері атаулыны былай тастап, сол күнгі кеште
ішкілік болып жатқан триклинийге тартқан-ды.
Матрона есік алдында портьераны бетке ұстап, гладиаторлардың
жаншошырлық сайысын, Спартак пен Сулланың арасында болған онан
соңғы оқиғаларды бастан мін көріп тұрған еді.
Сулланың Спартакты сүйген досы Арторикске қарсы сайысқа
шығуға зорлауын көрген, Спартактың Суллаға, күш көрсетіп, лағнат
айтумен тынатыны күмəнсіз, алғашқы қызу сөздерін естіген Валерия
бұл іске дереу өзі арпаласпайынша, Спартактың мерт болатыны сөзсіз
екенін түсінді.
Сондықтан ол дауыстап жіберіп Сулла мен оның қонақтарының
назарын өзіне аударып əкетті.
— Валерия! — деді таңданған Сулла, отырған ложасынан ұмтыла
түсіп, бірақ оған денесін тəтті-дəмді тағамдар мен фалерн шарабынын
буы сол араға шегелеп қойғандай болып сезілді.— Валерия! Сенбісің!!
Бұл арада... мезгілсіз уақытта қалай жүрсің?..
Жұрттың бəрі де орындарынан тұрып немесе бойын билей
алмағандықтан тұруға тырысып жатыр, əркім хадери-халінше
матронаға құрмет көрсетіп, бірақ үн-түнсіз амандасқан болып жатыр.
А деген бетте жүзі берендей қып-қызыл, ал одан кейін өлердей
қуарып кеткен Ювентина ложадан ептеп сырғып барып, столдың
астына лып беріп кіріп кетті де дастарханға орана қалды.
— Бəріңізге де сəлем, Сулла мен оның құрметті қонақтарына құдірет
жар бола берсін! —деді Валерия арада бір минут өтісімен жəне сол
уақыттың ішінде өзіне-өзі келе кең залдың ішін көзбен бір шолып өтіп.
Бұл екі арада ол Спартакпен де өзара түсінісу ишаратын білдіріп қабақ
қағысып үлгірді. Рудиарий ұрысты бастамай, назарын Валерияға
аударған күйі қалшиып қарап тұрып қалды; оның мұнда келуі
Спартакқа құдайдың жазымыштан тыс төтенше жіберген рақымындай
көрінді.
Аң-таң болған Сулла матронаға қараған еді, Валерия жымия күліп
тұрып, оған:
— Сулла, сен мені сан рет думанға шақырдың, бүгінгі кеште мен өз
төсегімде өзім ұйқтай алмай жəне осы залда болып жатқан көңілді
дауыстарды естідім де, дастархан басына киетін киімдерімді киіп,
осында келіп достық шарабын көтермек болдым, сонымен бірге сенің
денсаулығың үшін қам ойлап түнгі сағат бірден қалмай өз бөлмеңе
қайтуға сені көндірейінші дедім. Бірақ мен мұнда келіп жалақтаған
семсерлерді, жерде жатқан өлі денелерді көрдім. Мұндай сұмдық бола
ма екен? — деді матрона назалы, күйінішті кейіппен. — Цирктер мен
амфитеатрлардағы қисапсыз көп кісі өлімін азырқанып, адыра қалған
варварлық салтты тағылық шабытпен қайта құрмақ пе едің? Көңіл
көтергенде өлім аузындағы жанның тартқан азабымен сусындап, құса
жəне күйінішпен ышқынып шыққан жантəсілі — сандырақ сөздерді
шараптың уыты жайылып күрмелген тілмен қайталағыларың келе ме?
— деді.
Жұрттың бəрі бастарын төмен салып, үн-түнсіз қалды. Алғашқы
кезде бірнеше сөздің басын құрамақ болған Сулланың өзі де
айыптаушысы қылмысын мойнына қойған адамдай жақ жаза алмады.
Тек гладиаторлар ғана, əсіресе Спартак пен Арторикс, Галерияға
шын сүйіспендік, алғыс сезімін білдіріп, сүйсіне қараумен тұрды.
— Кəне, сендер,— деді бір минуттан соң Сулланың əйелі құлдарға, —
мынау өліктерді дереу жинап алып, жерлеңдер; еденді жуыңдар да,
оған хош иісті əтір, май себіңдер, сонсоң Сулланың мурриндық кесесіне
фалерн шарабын құйып, достықтың белгісі үшін оны қонақтарға
жағалай қыдыртыңдар.
Құлдар Валерияның əмірін қолма-қол
гладиаторлар да жай-жайына кетті.
орындауға
кірісті,
Сонымен, санаулы ғана қонақтар роза гүлінің жапырағын салған
достық кесені лəм-мимсіз думанда отырғандарды бір айналып шықты;
бұдан соң отырғандардың бəрі де тым-тырыс үндемей, бірінің соңынан
бірі аяқтарын тəлтіректей басып триклинийден шыға бастады;
олардың кейбіреулері осынау үлкен кең сарайдың, қонаққа арнаған
бөлмелеріне тарап, енді біреулері көршілес Кумыға қарай кетіп жатты.
Сулла ложаға қайтадан құлай кетіп, əлдеқандай бір терең ойға
кеткен кісіше үн-түнсіз жатты, ал шын мəнінде ол мастықтан есі-түсін
біле алмай қалған болатын. Валерия оны жұлқылап:
— Таң сарғайып атып қалды; сен өз бөлмеңе бармаушы ма едің? —
деді.
Осы сөздерді естігенде Сулла басын əрең көтеріп, көмейіне кептеліп
қалған сөздерін біртіндеп тасымалдап былдырақтай бастады:
Сен... триклинийді... ойрандап мені... сауық-сайранымнан... айырдың,
Юпитер Статор куə... бұл оспадарлық... Эпафродиттің... диктатордың,
Бақытты Сулланың, аруағын қорлау... құдіреті күшті құдайға аян... мен
Римде... бүкіл дүние жүзін билеп-төстеушімін... сондықтан маған
ешкімнің де қожалығының керегі жоқ... керегі жоқ...
Валерия оған аянышпен, сонымен бірге жеккөрушілікпен де қарады.
Сулла сөйлей берді...
— Метробий... қымбатты Метробийім, сен қайда жүрсің... Маған
келіп қол ұшын берсейші... Қуып жібергім келеді... маған мұның керегі
жоқ... ішінде баласымен кетсін... ол баланы өзімдікі дегім де келмейді...
Валерияның қарақат көздерінен aшу ұшқыны жарқ ете қалды. Ол
жұдырығын түйіп қолын қатулана сілтеп, жиренішті кейіппен:
— Ей, Хризогон, құлдарды шақыр да мына қожайыныңды
ұйықтайтын үйіне алып баруды тапсыр, өзі мас, өлер-тірілерін білмей
қабыршыдан бетер атау кересін жеп əбден күпті болыпты! — деп
дауыстады.
Сулла түске жақын оянды. Соңғы күндері ол жаратын, келер күннің
бірсыпырасын ұйқымен өткізді. Валерия кірпік ілген жоқ.
Сулла түске жақын оянды. Соңғы күндері ол жараның зардабынан
бұрынғыдан бетер азап шегуде болатын. Жара сыздай қышып жанына
сая таптырмады. Ол төсегінен əрең тұрып, көйлек сыртынан кең
тогасын жамылды, өзін күтуге қойған құлдарын ертті де өзінің жан
досы Хризогонның иығына асылып, дори үлгісіндегі тамаша
бағаналармен безенген кең атриумды бойлай, моншаға беттеді.
Сулла термдер мен күту залынан етіп, шешінетін бөлмеге
қабырғалары мрамордан соғылған, едені əшекейлі шағындау əсем
залға келіп кірді. Бұл залдан шығатын үш есіктің бірі — суық сулы душ
бөлмесіне, екіншісі — жылы сулы бассейн залына, үшіншісі — ыстық
булы бөлмеге алып баратын.
Жастық төселіп қызыл матамен қапталған мрамор орындыққа келіп
отырған Сулла, құлдары шешіндіріп болған соң ыстық булы бөлмеге
келіп енді.
Ыстық булы бөлме де мрамордан жасалған-ды, оның еденінде
бірнеше тесік бар, олардан бөлмеге қызу беретін ыстық ауа келіп
тұрады.
Он жақта мрамордан жартылай дөңгеленте жасалған, ішінде мрамор
орындықтар қойылған отауша, ал оған қарама-қарсы ыстық сулы
шағын бассейн бар.
Сулла отаушаға кіріп отырысымен əртүрлі мөлшердегі темір
гирлерді алма-кезек көтере бастады, бұл гирлер моншаға түсушілердің
гимнастикалық əралуан қимылдар жасап, сол арқылы бусанып терлеуі
үшін қойылған. Отаушадан шыға сала ол ыстық сулы бассейнге түсті.
Мрамор орындыққа жайғасып отырып алған ол, жүзінің
жадыраңқылығына қарағанда, өзің соншалық сергітіп жіберген ыстық
судың игілігін мейлінше көріп отырғандай еді.
- Айқай-қай... Көптен бері көрмеген рақатты жаңа көрдім-ау... Диодор
қайдасың, тез, тезірек,— деді ол, ысқылаушы міндетін атқаратын
құлдардың біреуіне,— ысқыны ал да, мына бөртпелі жерлерімді ыса
көрші.
Бұдан соң Сулла Хризогоннан:
- Сен менің осыдан үш күн бұрын жазып болып, кеше өзіңе табыс
еткен «Комментарияларымның» жиырма екінші томын қызыл
пергаментпен мұқабаладың бa? — деп сұрады.
— Əлбетте, қайрымды мырзам, тек сіз берген данасын ғана емес,
көшірмеші құлдар жасаған он дана көшірмені де мұқабалап қойдым.
— Жарайсың, Хризогоным... сен, демек, он дана көшірме жасату
жөнінде де қам ойлаған екенсің ғой? — деп сұрады, Сулла шын риза
болып.
— Əрине, солай, тіпті көшірмені тек соңғы томнан ғана емес, барлық
томнан да жасаттым, өйткені бір дама осы вилланың кітапханасына,
екінші дана Римдегі үйіңнің кітапханасына, үшіншісі — менің
кітапханама қойылсын, ал əрбір томның басқа қалған даналарын
Лукулл мен Гортензийге сыйлайын деп ойладым. Мұншама дананы əр
жерге таратқанда, мен мұнымен сенің шығармаңды өртеніп немесе
жоғалып кетуден сақтауды көздедім.
— Тезірек барып байқашы, анда не болып жатыр? Шешінетін үйден
əлдеқандай бір қаңқу естігендеймін бе, немене,— деді Сулла
Хризогонға.
Хризогон ванна бөлмесінен дереу шығып кетті.
Кеше кешкі ішкіліктен бе, кім білсін, жүзі бұрнағы күндердегіден де
бетер қуарып, реңі қашқан Сулла жанға батқан ауруға шыдай алмай,
кенеттен бебеу қаға бастады. Ол бұрынғысындай, кеудесі қысып бара
жатқанын айтты. Сондықтан Диодор ысқылауды тоқтата салып,
Сулланың азаттық берген адамы жəне дəрігер, оның ізімен бірге жүріп,
бірге тұратын — Родос адамы Сирмионды шақыруға жөнелді.
Ұйқы меңдеген Сулла басын бассейннің жиегіне сүйей, ұйқтап
кеткен кісіше қылжиды да қалды.
Бірнеше минут өткен соң Хризогон қайтып келген еді, Сулла селк
етіп басын жұлып алды.
— Саған не болды?—деп сұрады абыржыған Хризогон бассейн
жанына жүгіріп келіп.
— Түкте болған жоқ... əлдеқалай бір ұйқы... Тыңдап тұрмысың, мен
бір түс көрдім.
— Не көрдің?
— Өткен жылы қайтыс болған сүйікті əйелім Цецилия Метелланы
көрдім, ол мені өзінің қасына шақырды.
— Бұл сияқты жалған нəрсеге көңіл бөлме...
— Жалған нəрсе? Түс туралы бұлай ойлап не керек, Хризогон? Мен
əрқашан да түске өте зор иланыммен қарадым жəне қашан да болса
түсімде алла өзіме не бұйырса, соны істедім. Ешқашан одан опық жеп
те көрген емеспін.
— Сен бұл арада жорықтарың туралы айтқың келетін болса, онда
жеңіске, түске сену арқылы емес, өзіңнің ақылың мен ерлігің арқылы
жетіп отырдың.
— Ақылым мен алғырлығымнан да гөрі, маған күле қараған
тағдырдың көмегі көп тиді, сондықтан да мен тек соған ғана сендім,
Хризогон. Маған сенер болсаң, бəрінен бұрын, менің ойланыптолғанып жатпай, уытты жасаған жорықтарым өте-мөте нəтижелі
болып шығып отырды.
Көбісі қаныпезерлік болғанымен, бірсыпырасы шынында да ұлы
жəне даңқты істердің еске түсуі Сулланы тыныштандырып, оның
ажарын енгізгендей болды. Сондықтан Хризогон Суллаға, өзінің əмірі
бойынша Кумыдан Граний келіп, бұйрық күтіп отырғанын хабарлауды
лайық көрді.
Гранийдің атын құлағы қалай шалды, солай экс-диктаторды
кенеттен ашу қысып, əні бұзылып сала берді көздері шатынап,
қарлыққан дауыспен езеурей:
— Дереу... осында... алып кел, ол арсызды... менің əмірімді қорлап...
өлімімді тілеген бүкіл дүние жүзіндегі бірден-бір адам сол,— деп айқай
салды.
Осыны айтты да ол арбиған, саусақтарымен бассейннің ернеуін
қалшылдай, бүре түсті.
— Алдымен ваннадан шығып алып, сонан соң шақыртсаң қайтеді?..
— Жоқ... атама... тез... осында... алдыма алып кел...
Хризогон шығып кетті де, айтқанша эдил Гранийді ертіп қайта кірді.
Граний жасы қырықты қусырған, алпамса денелі зор адам еді;
қарапайым жəне суық жүзінен көлгірліктіп, ашудың нышаны білініп
тұратын. Бірақ ванналы бөлмедегі Суллаға келгенде сұры мейлінше
қашып, өзіндегі қорқыныштың ізін жасыра да алмады. Қайта-қайта
тəжім етіп, Сулланың қолын үсті-үсті сүйе берген ол, үрейлі
қалтыраған дауыспен:
Мархабатты ұлы Сулланы құдай мəңгі бақи желеп-жебей берсін!—
деді.
Осыдан үш күн бұрын сен бұлай деген бе едің, екі жүзді сұм!
Мемлекет қазнасына айып төлеуге өзіңді əділеттікпен міндеттеуші
менің үкімімді тəлкек етіп: айыпты төлегім келмейді, енді бірер
күннен қалмай Сулла өледі, сонан соң мен айып төлеуден босаймын,
деп өңештеген едің ғой.
- Атай көрме, бұлай деген жерім жоқ мұндай жалаға ешуақытта да
илана көрме...— деп күбілжіді зəресі ұшқан Граний.
— Қорқақ, енді міне құрдай жорғалап, қалтырап тұрғаның? Жұрттан
асқан ең құдіретті, ең бақытты адамға тілін тигенде неге
қалтырамадың... Қорқақ!..
Ашу кернеп кеткен Сулла осыны айтып, жазықсыз адамды беттен
пəрменімен қойып кеп жібергенде, ол рақым сұрап зар илеген күйі,
бассейннің жанына құлап түсті.
— Рақым ет... аясайшы... кешіре гөр!..— деп жалынды бейбақ жан.
— Рақым дейді!— деп ақырды ашулы Сулла.— Ауыр дерттің азабын
тартып жатқан күнімде өзімді балағаттап, даттаған саған қандай
рақым керек? Сен қорқақ қазір табанда, менің көз алдымда өлуге
тиіссін... сенің ақтық рет жантəсілім бергеніңді, қорқырағаныңды
көруге ынтықпын.
Сулла жынданғандай өзін-өзі ұмытып, екілене дауыстап:
— Ей... жалқаулар қайда жоғалып кеттіңдер... Ұстаңдар мынаны,
сілейтіңдер, менің көзімше... өшіріңдер үнін... өлтіріңдер!..— деп
құлдарын шақырды.
Бұған құлдардың бірден белбайлай қоймағанын сезген соң, ақтық
күшін салып жантүршігерлік дауыспен:
— Өлтіріңдер деймін мынаны, əйтпесе, Эриннийдің шырағы мен
жыландары куə, бəріңнің де қол-аяқтарыңа қазық қақтырып өлтіремін!
—деп ақырды.
Құлдар эдил байғұсқа жабылып кетті, еденге алып ұрып,
жұмарлаған күйі күрсілдетіп ұрып, тепкінің астына алды, ал Сулла,
қызыл көрген жыртқыш аңша аласұрып, есі-түсі қалмай:
— Бəрекелді!
Қаттырақ!
Ұрыңдар...
тепкілесеңдерші!
Буындырыңдар малғұнды!.. Өлтіріңдер... тамұқтың барлық құдайлары
үшін буындырыңдаршы!..—деп айқайлayмен болды.
Тегеуріні басым төрт құл бірден жабылған Граний, оларға қарсы
қару жасап, қорғанумен болды.
Құлдар алғашқы бетте, самарқау араласып, тиіп-қашып қана ұрған
еді, бірақ өздерін Граний де ұра бастаған соң, олар ашына қимылдап
кетті де, байғұс эдил тұяқ серпе алмай қалды; сол мезетте құлдардың
бірі оны қос қолдап кеңірдектен алды да, кеудесіне аттай мініп, басаяғы бірнеше секунд ішінде демін бітіріп тынды.
Ал, көздері шарасынан шығып, аузынан ақ көбік атқан Сулла, сорлы
жанды азаптаудың қызығына түсіп, жемтік қолына түскен жыртқыш
аңдай қатыгездікпен мейірі қанып, əлсіреген дауыспен əлі де:
— Бəрекелді!.. Қаттырақ... жанышта... буындыр! — деп айқайлаумен
болды.
Бірақ Граний жан тəсілім берген мезетте, езеурей айқайлап өлердей
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 09
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.