Latin Common Turkic

Спартак - 04

Total number of words is 3976
Total number of unique words is 2215
34.4 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дағарадай үлкен үй еді, тамаша коллонадамен қоршалған кең көлемді
орталық потриктан тұратын, ал одан бірі оңға, екіншісі солға қарай
бүйірден екі потрик тарайды.
Мұнда патрицийлер мен плебейлер, шешендер мен жылпостар, қала
адамдары, саудагерлер мидай араласып кеткен; бұлар шағын топтарға
бөлініп, өз істерінің жайын əңгімелеуде. Ерсілі-қарсылы сапырылысқан
жұрт айналаны айқай-қиқуға бөлеген.
Басқы портиктің түпкірінде дəл кіреберіс есікке қарама-қарсы, кең
жəне ұзын баллюстрада тұр. Ол портиктің бір бөлегін базиликаның
басқасынан бөліп айқай-шу есітілмейтін ерекше бір үйге айналдырған.
Əдетте, бұл арада соттар іс қарап, шешендер қорғаушылық сөздер
сөйлейтін. Тіреулерден жоғары, бүкіл базиликаны айнала салынған
галерея бар, ол ара төменде не болып жатқанын қарауға өте қолайлы
болатын.
Бұл күні үй қалаушылар, штукаторлар, ұсталар галереяны қоршаған
баллюстрада да жұмыс істеп жатты; олар оны сыртында Марийдың
кимврлармен болған соғыстағы ерліктері шебер бейнелеген қола
қорғауыштармен əшекейлеуде.
Эмилийдің базиликасын Марк Эмилий Лепидтің ата-бабалары
салдырған екен. Сол жылы Квинт Лутаций Катулмен бірге
консулдыққа сайланған Марк Эмилий Лепид Марий партиясына
жататын. Сондықтан оның ең басты мемлекеттік ісі — өзінің үлкен
атасы салдырған базиликаны оңдату, сөйтіп өзінің ержүрек жауына
ескерткіш есебінде салынған барлық арқалар мен ескерткіштерді
қаусатқан Сулланың жанына тию болды.
Сайрандаушы жұрттың арасында, жоғарғы галереядағы мрамор
жақтауға шынтақтап, төменде топырлаған халыққа көз қиығын салып
Спартак тұрды. Ол төмен, ерсілі-қарсылы тынымсыз жүріп жатқан
адамдарға селсоқ қарайды.
Спартак үстіне туника киген, оның сыртынан грекше тігілген,
шолақтау күрең, плащ салып, иығын күміс ілгекпен бекіткен.
Оған таяу үш азамат өзара əңгімелесіп тұр. Олардың екеуі
оқушыларымызға таныс адамдар: атлет Кай Тауривий мен Эмилий
Варин, үшінші адам ешнəрсе істемей, қандай да болсын бір
патрицийдің күнделікті қайыр-садақасымен күнелтетін, ас ішіп, аяқ
босатардың бірі; олар өздерін патрицийлердің қарауындағы
адамымыз деп санап, оларды Форумға ертіп барады, оның əмірімен
дауыс береді, оны мақтай сөйлеп жарамсақтық істейтін жəне өздерінің
тілемсектігімен мазаны кетіретін.
Ол Африка мен Азияда болған жеңістерден соң, Римге шығыстың
əуезе салты ене бастаған жəне Рим жорығының күшімен жеңіліс
тапқан Грецияның да шыбық тимес ғұрпының бұзықтығы
жеңушілердің назарын аудара бастаған кез болатын; қатары үздіксіз
арта түскен құлдар тобы барлық жұмыстардан Римнің ерікті
азаматтарының қолын босатқан, сөйтіп римляндар күш пен бақыттың
нағыз қуатты қайнар бұлағы еңбектен қол үзген шақ болатын. Көрер
көзге тек сырты ғана жылтыраған ұлылықтың, байлық пен күштің
көлеңкесі астында, төніп келе жатқан құлдыраудың асқынған болашақ
белгілері сезіле бастаған-ды. Біздің əңгімеміздің тұсындағы кезеңде
Римнің мемлекеттік ішкі сарайын азып-тозудың ең жоғарғы сатысына
бастаушы пəлелердің бірі нөкершілдік болды. Əрбір патриций, консул
атағы бар əрбір баққұмарлар бес жүз-алты жүздеп нөкер ұстады, ал
кейбір өте-мөте баққұмар адамдар да, олардың саны мыңнан да артық
болды. Өздерінің ата-бабалары баяғы заманда ұсталық, үйшілік немесе
етікшілік кəсіптермен қалай шұғылданған болса, еңбекке жарамды бұл
адамдар да нөкершілдікті тап сондай кəсіп еткен; жиренішті тога
киген қылмысты, сатылғыш қайыршылар дауыстарын сатумен, қайыр
тілеп, құлшылық етіп күн кешті.
Эмилий базиликасының галереясында Кай Таувирий мен Эмилий
Варинға аузына келгенін көкіп тұрған сұмырай Марк Красстың
жанторсықтарының бірі Апулей Тудертин еді.
Ауыздарына келгендерін көкіген бұл үш адам Спартакқа жақын
тұрған еді, бірақ ол бұлардың сөздеріне құлақ асқан да жоқ.
Қарындасын соншалық аянышты күйде кездестіргеннен кейінгі
жерде оның ынтызары оның жексұрын қожайынының қолынан
құтқарып алу болды. Айта кету керек, Катилия өзінің тұрпатына тəн
жомарттығымен, бұл жолы тым есепсіз болмаса да, ана күні
Долабелладан ұтқан ақшасынан қалған сегіз мың сестерцияны
қарындасы Мирцаны сатып алуы үшін күні кешегі гладиаторға
табанда ұстата берді.
Қатты разы болған Спартак ақшаны алып, оны кейін өзіне
қайтаруды Катилинаға уəде етті. Мұнан кейін Спартак қарындасын
сатып алмақ болып оның қожайынына жөнелді. Айтқандай-ақ,
Спартактың қайткен күнде де күң қарындасын азат етуді көздеп
соншалық қадалуын байқаған соң, анау қыз үшін шамадан тыс құн
сұрап отырып алды. Мирца маған жиырма бес мың сестерцияға түсті,
өзі əрі сұлу, əрі байсалды қыз, ол кейін де елу мың сестерцияға
тұрарлық жан деп соқты. Сөйтіп, ол бұдан бір сестерция да кем бағаға
бермеймін деп меркурийдің жəне Венера Мурсийскаяның есімін айтып
ант етті.
Мұны естігенде сорлы гладиатордың қандай күйге түскенін тек
оймен топшылап болмаса, ауызбен айтып жеткізу қиын еді. Адам тəнін
саудалаушы бұл жексұрынға Спартак қанша жалынып-жалпайып бақса
да, өз правосына жəне заң өз жағында екеніне сенімді ол, ешбір
қайыспады.
Қатты ашуланып кетіп жексұрынды кеңірдектен ала түскен
Спартак, оны сол секундта-ақ өлтіріп жібергендей еді, бірақ өзін ұстап
қалды. Бұл сұрқияның бағына Спартак Мирцаны, өз отанын, астыртын
істерін, оның басшысы өзі екенін, өзі мерт бола кетсе ол істің де
сəтсіздікке ұшырайтынын ойлады.
Спартак өзіне-өзі келген соң, Мирцаның қожайынын босатып қоя
берді. Оның жүзі талақтай көгеріп, көздері шарасынан шығып,
булығып кеткен еді, есеңгіреген күйі сілейіп тұрып қалды. Бірнеше
секундтай ойланған соң, ашу-ыза кернеген Спартак өңі қашып, өне
бойы дірілдеп кеткеніне қарамастан, оған баяу дауыспен:
— Сонымен сен... елу мың сестерция дəметесің бе?..— деп сұрады.
— Мен ешнəрсе де... дəметпеймін... Кет... тамұққа..« əйтпесе, мен... құл
атаулымды тегіс шақырамын...
— Ғафу ет... Кешір мені... Ашу билеп кетті... Менің кедейлігім...
қарындасыма деген туысқандық сүйіспеншілігім... Сабыр ет, əлі де
келісуімізге болады.
— Бір сөзге келмей тұра қылқындыратын адаммен бе? — деді
Мирцаның қожайыны есін жинай келе, мойнын сипалай түсіп.— Кет!
Өшір қараңды!
Алайда, Спартак бұл тонаушыны тоқтатып, мынадай келісімге
келді: Мирцаға өз алдына дербес бөлме тиіп, онда ол Спартакпен бірге
тұратын болса, Спартак бұған қолма-қол екі мың сестерция береді.
Егер бір айдың ішінде Спартак қарындасын толық сатып ала алмаса,
құл иесі бұрынғы правосына қайта ие болады.
Қожайын келісті: алтын теңгелер жарқ-жұрқ етіп көздің жауын
алып, келісім шарты тиімді болған соң не бар, ол бұдан ешбір еңбексізтолғақсыз, кем дегенде мың сестерция пайда көргелі отыр.
Мирцаның қолайлы шағын бөлмеге жайғасқанына көзі жеткен соң,
Спартак Требонийдің тұратын жері Субураға тартты. Ол көргенбілгенін оған баяндап, ақыл, көмек сұрады.
Требоний Спартактың көңілін аулауға тырысты. Оның ойлаған
мақсатына жетуіне: қарындасы біржолата азат бола қалмаған күнде де,
оның анау-мынау қорлаудан құтылуына көмектесетінін айтып уəде
берді.
Көңілі көншігендей болған Спартак, одан шығып Катилинаға барды
да, алғыс айтып, өзі де дəл қазір керегі болмай қалған сегіз мың
сестерциясын қайырып берді, тарпаң мінезді патриций гладиатормен
өзінің кітапханасында ұзақ сөйлесті; əңгіме тұсында өзіне ешкім бөгет
жасамас үшін Катилинаның істеген сақтануларына қарағанда, бұл
əңгіме аса елеулі іс жайында болуы ықтимал еді; сол күннен бастап
Спартак патрицийдің үйіне жиі келіп тұратын болды, мұның өзі
екеуінің арасында бірін-бірі сыйлау, дос тұту негізінде байланыс орнай
бастағанын аңлатқандай-ды.
Бұл уақыттарда ланиста Акциан Спартакқа қайта-қайта келіп, оның
халінің нашарлығын жəне өз тағдырын алаңсыз бір жолата, бекем
байлап шешуі қажеттігін айтып, оның құлағының етін жеумен болды;
сондағы Акциомның айтатын əңгімелерінің төркіні: мектебімді басқар
немесе қайтадан гладиаторлыққа сатылсаң, тіпті жақсы дегенгe келіп
тірелетін; сатыла қалған күнде ланиста Спартакқа тіпті азат туған
адам үшін де ешқашан ауызға алынбайтын мөлшерде қыруар сома
төлемек.
Соғыста қолда қалып басы саудаға түскен жəне гладиатор болған
құлдардан басқа, сот үкім етіп осы кəсіпке қосқан адамдардан "басқа
мұнда еріктілер де болатын. Əдетте, бұлар өздерінің тыюсыз кеткен
нəпсілерін тояттату қолынан келмеген жəне өмірге жиіркене
қарайтын, белшесінен борышқа батқан жұмыссыздар, бұзақы,
сотқарлар болатын: Олар ланистаға антпен сатылып өмірлерін
амфитеатр немесе цирк алаңдарында бітіретін.
Спартак өзінің бұрынғы ланистасының бірде бір ұсынысын қабыл
алмады, бірақ анау сонда да аруақтай айналсоқтап, қыр соңынан
қалмай қойды.
Бəлки, Спартактан келешекте үлкен үміт күткен де болар, əйтеуір
Требоний оны шын ниетімен жақсы көріп, Мирцаның тағдырын шешу
мəселесімен аянбай айналысты. Өзінің Квинт Гортензиймен ашынатаныстығы арқасында оның қарындасы Валерияға өзіңді күтуші
күңдердің бірі болсын, Мирцаны сатып ал деп ақыл берді.
Мирца тəрбиелі жəне білімді қыз, оның үстіне грекше жақсы сөйлей
білетін, атақты əйелдің таранып-сылануына керекті далаптардың,
əралуан хош иістердің жайымен де таныстығы бар.
Валерия қолайына жақсы, қызды сатып алуға ықылас білдіріп, оны
көрмекші болды; сөйлесе келе, Мирцаны ұнатқан Валерия, қырық бес
мың сестерция беріп, оны сатып алды да, өзінің басқа .күңдерімен бірге
Сулланың үйіне алып кетті. Валерия Суллаға өткен жылдың 15
декабрінде тиген-ді.
Қарындасымды азат етем деген Спартактың арманы толық
орындалмағанымен, істің бұлайша аяқталуы өз жағдайына қарағанда,
оның бұрынғы күйін əлде қайда жеңілдеткен еді, өйткені ол Мирцаны
азап пен қорлықтан құтқарды.
Қарындасын орналастырып көңілі орныққан Спартактың
Катилинамен жиі əңгімелесіп, Римдегі гладиатор мектептерін күн
сайын түгел аралауына, құлдар мен гладиаторлар қауымын өзінің
əрдайым іздеп табатын жерлері— Субурра мен Эсквилиннің
трактирларын, асханаларын кешкілікте сүзуіне қарағанда, ол əлде
қандай бір құпия жəне өте маңызды жұмыспен шұғылданғандай еді.
Оның арманы не? Қандай іспен шұғылданады? Ойында не бар еді?
Оқушы мұны енді көп кешікпей білетін болады.
Сөз жоқ, Эмилий базиликасының галереясында тұрған Спартак,
қазір аса бір елеулі ой соңында еді; сондықтан да ол айналасында
болып жатқан əңгімелерді естіген де жоқ, тіпті Кай Тауривий, Эмилий
Варин жəне Апулей Тудертиндер аузына келгенін көкіп, дабырласып
жатқан жаққа бір рет мойнын бұрып қараған да емес.
— Көрерсіңдер,— деді Варин қасындағыларға,— үстіміздегі жылы
құлақ естімеген бір сұмдықтың болғанын.
— Неліктен?
— Неге десең, Аримин округінде шынында бір ғажайып оқиға
болыпты.
— Онда не болыпты?
— Валерийдің мекенінде бір қораз айқайлап шақырудың орнына,
адамша сөйлеп қоя беріпті дейді.
— О, сұмдық! Егер
жаманшылықтың белгісі.
рас
болса,
бұл
шын
ғаламат
нəрсе,
— Рас болсаң не? Бұл туралы бүкіл Рим шулап отырса, өйткені бұл
хабарды Ариминумнан қайтып келе сала Валерийдің өзі, оның үй-іші,
адамдары, достары мен құлдары таратқан;
— Шынында да, ғажап нəрсе екен!— деп күбірледі, өте-мөте
діндəри, жоққа сене беретін Апулей Тудертин. Ол өзі кəміл иланып,
неғыса да құдайдың құдіретімен болған іс деп есептеген бұл оқиғаның
түпкі сыры неде екенін іздестіре бастады.
Осы сəтте, орта бойлы, денесі апсағай, ер пішінді, жылтыр қара
сақалы бар, қара көзді біреу сол қолымен Спартакты иыққа қағып
қалып, ойын бөліп жіберді.
— Сен өз ойыңа мықтап берілген екенсің, тесіле қарап тұрсаң да түк
көрер емессің?..
— Крикспе едің!— деді Спартак, ойдан сергиінші дегендей, оң
қолымен маңдайын сүрте беріп.— Сені байқамай да қалыппын.
— Сен өзіміздің ланиста Акциан екеуміз сонау төменде кетіп бара
жатқанда маған қарадың да.
— Қойшы, сол қарғыс атқанды... Ал, хал қалай? —деп сұрады
Спартак.
— Қайтып келгеннен кейін мен Арториксті көрдім.
— Капуяда болып па?
— Болыпты.
— Ешкіммен кездесіп пе?
Эномай дейтін бір германдыққа кездесіпті, өз жолдастарының
бəрінің ішіндегі ең қарулысы да, өжеті де сол екен.
Ал сонымен? — деп сұрады Спартак тынышсыздана түсіп. Оның
көздерінен қуаныш жəне үміт оты лау ете қалғандай еді.— Ал, сонымен
не болыпты?
- Біздің үміт жəне арманымыз сияқты іспен шұғылданушы сол
Эномай екен; сондықтан ол біздің жоспарымызды шын ниетімен
қарсы алып, біздің қасиетті идеямызды,— «сенің» деудің орнына
«біздің» дегенімді кешірерсің,— Лентул Батиат мектебіндегі ең өжет
деген гладиаторлардың арасына тарату жөнінде Арторикске ант беріп,
уəде байласыпты.
Шіркін,— деді Спартак, аса қанағаттанғандық сезіммен, баяу
күрсініп қойып,— егер Олимптегі құдайлар езілген сорлылардың ісін
қолдай қалса, құлдық атаулы жер бетінен жойылатын бақыт
күндерінің алыс еместігіне мен кəміл сенімдімін.
— Алайда, Арторикс,— деді Крикс бұдан əрі,— сол Эномайдың аса
өжеттігімен қатар, сөзге азғыш, аңғал, періп кетпе адам екенін де
ескертті.
— Геркулес сақтасын!.. Онысы жаман екен... Ол өте жаман нəрсе...
— Мен де солай деп ойлаймын.
Екі гладиатор біраз үн-түнсіз тұрды.
Бұл тыныштықты алдымен бұзған Крикс:
— Катилина ше? — деп сұрады.
— Оның,— деді Спартак,— біздің ойға алған ісімізді қолдап, бізбен
тізе қоспайтынына менің көзім жете бастады.
— Демек, оның жер жарған даңқы—жалғыз, мақтаулы адам екені
жай ертегі болып шықты ғой?
— Жоқ, олай емес, ол ұлы жəне ақылды адам, сонымен бірге өзінің
таза римдік тəрбиесінің əдет-ғұрыптары бойына мейлінше сіңген де
адам. Менің ойымша, ол біздің семсерімізді Рим қоғамының бүкіл
дүние жүзіне өктемдік жүргізуінің тірегі болып отырған заңдарды жою
үшін емес, мемлекетті басқарудың қазіргі тəртібін өзгерту үшін ғана
пайдаланғысы келетін сияқты.
Осыдан соң біраз уақыт үндемей қалған Спартак, тағы:
— Бүгін кешке мен оның үйіне барып, жалпы қимыл жайында
онымен жəне оның дос-жарларымен сөйлесіп көрмекпін, бірақ
ешқандай келісімге келе алмаймыз ба деп те шошимын,— деді.
— Онда, біздің сырымыз оған жəне оның достарына мəлім болды
ғой?..
— Сырды ашқан күнде де одан келіп-кетер ешқандай қауіп-қатер
жоқ: келісе алмаған күнде де олар бізді ұстап бермейді. Римляндар
бізден — құлдардан, малайлардан, гладиаторлардан оншалық қорқа да
қоймайды, бізді өздерінің өкіметіне елеулі қауіп төндіру қолынан
келетін адамдар деп те санамайды. Бізге қарағанда олар сириялық құл
Эвенің бастауымен осыдан он сегіз жыл бұрын Сицилияда көтеріліс
жасап, Римге қарсы аса қатты күрес жүргізген құлдардың өзімен де
көбірек есептескен болатын.
— Рас, олар— адам санатында болды.
— Ал, римляндар бізді адам емес, төменгі, жасық нəсіл деп
есептейді.
Крикстің көздерінен ашу оты ұшқындап қоя берді.
— Беу, Спартак-ай! Циркте өмірімді сақтап қалғаның үшін де емес,
өзін бүтіндей берілген қиын-қыстау істі табандылықпен атқарып шыға
қалсаң, тап соның үшін саған бір жанымды пида етермін-ау. Бұл əйгілі
қарақшыларға қарсы қару жұмсап, қан майданда бетпе-бет сынасуға
нəсіп болар ма екен, басташы бізді, ұйымдастыршы. Біз сонда оларға
өздеріндей адам екенімізді, төменгі жасық нəсіл еместігімізді
көрсететін болар едік...
— Ол не дегенің, ақтық демім біткенге дейін мен осы ісіміз үшін
күресемін не оны мызғымас табандылықпен, қайыспас жігермен
аяқтаймын да, не сол үшін күресте біржолата мерт болып тынамын!
Спартак бұл сөзді Крикстің оң қолын қысып тұрып, мызғымас
сеніммен жігерлене айтты, ал анау қолын жоғары көтеріп жүрегіне
басып:
— Мені ажалдан алып қалған қамқоршым, Спартак, сен ұлы істер
істеу ішін туғансың, сен сияқты адамдардан шын қас батырлар
шығады,— деді.
— Немесе азап шегушілер шығады десейші,— деп күбірледі,
Спартак мұңды пішінмен, басын төмен салбыратып.
Екі гладиатор əңгімелесе отырып базиликаның портигіне апаратын
сыртқы баспалдаққа қарай беттеп келе жатты.
Бұлар портикке жете бере-ақ əлде біреу фракиялықтың жанына
келіп:
— Сонымен, Спартак, сен менің мектебіме қайтып келуді қашан
шешпексің? — деді.
Бұл ланиста Акциан еді.
— Стикс сені тірідей жұтар ма еді!— деп дүрсе қоя берді ашулы
гладиатор, өзінің бұрынғы қожайынына жалт қарап.— Осы бір
жексұрын ызыңыңды тоқтатып, менің қыр соңымнан қалар күнің бар
ма сенің жоқ па?
— Мейлің,— деп Акциан көлгірлене майпаңдай сөйледі,—
тынышыңды алсам, ол сенің өз игілігің үшін: сенің келешегіңді ойлап
мен...
— Тыңда Акциан, жəне менің мына сөзімді жадыңа тоқы. Мен бала
емеспін, маған ешбір басалқаның керегі жоқ, тіпті керек бола қалған
күнде де, құдай саған күнімді салмасын. Жолымды тосып аяғыма
оралғаның осы болсын, мұны істемейді екенсің, бабаларымның
қолдаушысы Родоп Юпитері куə! Сенің анау құраған тақыр басыңды
жұдырықпен бірақ ұрып күйретемін де, жаныңды тұпа-тура тамұқтың
өзіне жіберемін, онда барғаннан кейін күл болмасаң, бүл бол.
Көзді ашып жұмғандай кідірді де, ол тағы да:
- Сен менің жұдырығымның күшін білесің, өзім гладиаторлыққа
үйретіп жүрген кезде, ағаш семсермен қаруланып, бəрі бірден
жабылған корсикандық он құлыңды осы жұдырықпен жайғағаным
есіңде,— деді.
Ланиста достыққа шақырып үсті-үстіне кешірім сұрай бастағанда
Спартак оған:
— Жоғалт, қараңды жəне енді қайтып көзіме көрінуші болма!— деді.
Екі гладиатор сасып жəне тоң-торыс қалған Акцианды тастай бере,
Форум арқылы Палатинаны бетке ұстап, Катилинаның Спартакпен
табыспақ айтысқан жері— Катуллдың портигіне қарай беттеді.
Катуллдың үйі Римдегі ең салтанатты, көркем үйлердің бірі
болатын. Бұл үйдің алдындағы əсем портигі соғыста кимврлардан
түсірілген олжамен жəне қоладан құйылған өгіз суретімен безелген,
Римнің бұл жаулары сол өгіз алдында ант беріп тұр. Бұл ара
римляндардың басқосатын жері еді — мұнда олар сейіл құрып,
кəдімгідей дене шынықтыру қимылдарын жасайтын; сондықтан да
Квириннің аяулы қыздарына көз салып қырындамақ болған бекзада
жастар, патрицийлер мен всадниктер осында жиналатын.
Екі гладиатор Катулл портигіне келсе, əйелдерді тамашалап
қараушы қалың топ оны қоршап алған екен, күн қар аралас жаңбыр
жауып тұрғандықтан олар бүгін мұнда əдеттегіден əлдеқайда көп
жиналған еді.
Шынында, да, осы жердегі биязы, асыл пеплумдардың, столалар мен
туникалардың алуан түстері арасында жарқ-жұрқ, еткен алтынның,
неше түрлі меруерт, маржан, асыл тастардың сəулесіне бөленген
омыраулар мен иықтар, сүйріктей аппақ қолдар қараса көз тойғысыз,
керемет бір көрініске айналған.
Катилинаның сүйгені ай мен күндей Аврелия Орестилла, сондай-ақ
жас та болса, асқан сұлу хор сымбатты Семпрония да осында жүр.
Семпрония басының парасаттылығы, үздік ойлылығы үшін əйгілі деп
атанып кеткенді, одан соң Пистория жанында болған сұрапыл соғыста
Катилинамен тізе қоса ұрысқа еніп, асқан ерлікпен қаза тапқан,
Цезарьдің шешесі Аврелия да, Сулланың жары Валерия, весталка
Лициния жəне Римдегі өте-мөте білікті адамдардың жүздеген əйелдері
мен қыздары да осында жүр.
Əсем жəне кең портиктің ішінде осы аталған патриций қыздарының
қайсы біреулері əткеншек теуіп жүр; енді біреулері доп ойнауда — бұл
римляндардың əр жастағы жəне əр:алуан жағдайдағы барлық ерəйелінің аса кең тараған жəне ең жақсы көретін ойыны.
Спартак пен Крикс, өздері дəрежелес адамдардың жорасын істеп,
патрицийлер мен всадниктер тобының сыртында анадай жерде
тұрып, Луцкий Сергий Катилинаны іздеп жан-жаққа көз жүгіртті.
Катилина кейінде өзінің заговорын ашуға себепші болған Квинт
Куреймен жəне сол заговорын ашылатын жылы халық трибуны
болған жас Луций Кальпурний Бестиямен бірге діңгек жанында тұр
екен.
Гладиаторлар атақты адамдарды қағып кетуден сақтанып, ептеп
жылыса отырып, тарпан мінезді патрицийға таяу келді. Катилина сол
минутта мысқылдай күліп, өзінің достарына:
— Мына жуан қарын Марк Красс жылышырай білдіріп жүрген
весталка Лициниямен танысып, оған мұның Эвтибиданы сүйетінін
айтсам ба екен,— деді.
— Дұрыс, дұрыс,— деді Луций Бестия,— бұл Эвтибидаға екі жүз мың
сестерция берген десейші.
— Əйелге екі жүз мың сестерция беретін Марк Красс па!..— деп
дауыстап жіберді Каталина.— Мұның өзі онда Ариминумда қоразға тіл
бітіпті деп жұрт айтып жүрген оқиғадан да асқан ғажайып іс болар еді.
— Оның өлшеусіз сараңдығына қарағанда, əлбетте, бұл
таңқаларлық-ақ нəрсе,— деді Квинт Курий.— Бірақ Марк Красс үшін
екі жүз мың сестерция дегеніңіз кербез Тибрдің барлық құмының бір
түйіршігіндей ғана нəрсе емес пе?
— Мынанікі дұрыс,— деді Луций Бестия сұқтанған пішінмен,
көздерін бадырайта түсіп.— Жеті мыңнан аса таланты бар Марк
Крассқа бұл бұйым ба?.
— Мұның өзі — бір жарым биллион сестерциядан асып жатыр деген
сөз-ау, сонда?
— Егер көз көріп, қол ұстамаған болса, бұл тіпті адам сенерлік сома
емес қой!
— Мінеки, осыншалық дұрыс басқарылып отырған біздің
республикада,— деді Катилина, зығырданы қайнап,— ақылы шолақ,
білімі тайыз адамның да даңққа, абыройға ие болуына кең жол ашық
екенін осыдан да көруге болады. Қандай соғысты болсын жеңіспен
аяқтарлық, күшім, қабілетім бар екенін сезе тұрсам да, менің
қолбасшылыққа ешқашан да қолым жетпек емес, өйткені мен борышқа
белшеден батқан кедей адаммын. Егер күні ертең өзінің
баққұмарлығымен Красс соғыс жорығы жасалатын бір провинцияға
тағайындалғысы келсе, бұл ойын ол табанда іске асырады. Неге
десеңіз соншалық байлықпен бақытсыз, аш-жалаңаш жай халық былай
тұрсын, тіпті жемпоз жəне бай Сенатынның өзін де аламайымен сатып
алады.
— Қарап тұрсаңыз,— деді Квинт Курий қостай түсіп, — оның сол
өлшеусіз байлығы түп-түгел арамнан келген жоқ па!
— Əлбетте,— деді жас Бестия іліп əкетіп,— соншалық байлыққа
оның қолы қалай жетті десейші! Сулла жасаған проскрипцияның
құрбандарынан хатталып алынған мүліктерді су тегінге алды-ау. Мол
өсім алып жұртқа қарыз берді. Бес жүзге жуық құл — архитектор мен
үйшілер ұстап, бір кезде қарапайым халықтың баспаналары тұратын,
бірақ олар қалың өрт кезінде күйіп кеткендіктен босап қалған
жерлерге солардың күшімен толып жатқан үйлер салдырды, бұл үйлер
оған су тегінге түсті...
— Енді міне,— деді Катилина, ананың сөзін бөліп,— Римдегі барлық
үй біткеннің тең жартысы соныкі.
— Осында да əділеттік бар ма? — деп сұрады Бестия қыза түсіп,—
осы да адалдық па?
— Бірақ, сиғылықты,— деді Катилина, мысқылдай езу тартып.
— Сонда шынымен-ақ осылайша бола бермек пе?— деп өзеуреді
Квинт Курий.
— Олай болмасқа керек,— деп күмілжіді Катилина,— бірақ
тағдырдың айнымас жазмышында не сызылғанын кім білсін?
— Талаптыға — нұр жауады,— деп жауап берді оған Бестия.— Егер
Римде тұратын төрт жүз алпыс үш мың адамның төрт жүз отыз үш
мыңының күнелтуге дəулеті, жамбас батар жері жоқ екен, онда қалған
отыз мың адам қолдарындағы байлықты арамнан жинап, заңсыз
иемденіп отырғанын оларға көрсететін бір батыл ұл табылар; сонда
аш-жалаңаш бақытсыз халықтың қанын сүліктей сорушы бұл
жексұрын қорқауларға несібесіз аналардың өз күшін көрсету жолын
табар-таппасын сонда көрерсің, Катилина.
— Дəрменсіз шағым, бос даурығумен шер тарқамас олар, шырақ.—
деді Катилина байсалды кейіппен.— Біз ол үйіміздің түндігі астында
істің кең жоспарын ойластырып, оны кезінде айнымас батылдықпен
жүзеге асыруға тиіспіз. Үндеме, шыда, Бестия, кім біледі, титығымызға
жетіп отырған бұл шірік құрылысқа аяусыз, батыл соққы беріп, оны
күйретер күніміз алыс та емес шығар. Сыртының жылтырағанына
қарамастан, ол бүтіндей шіріп, шытынап бітті емес пе?
— Қараңдар, қараңдар, шешен Квинт Гортензий бүгін көңілді екен!
— деді Курий, əңгіменің бетін бейнебір басқа жаққа бұрайыншы деген
адамдай.— Ол Цицерон кетіп қалған соң Форумдағы жиын емін-еркін
өз қолына тигеніне қуанатын болса керек!
- Қандай қорқақ неме десейші, сол Цицерон!— деді Катилина жұлып
алғандай.— Марийдің алдында жасаған албырттығы үшін Сулланың
қырына іліккенін сезе сала, кемеге мінді де Грецияға зытып отырды.
- Ол Римнен кеткелі екі айдың жүзі болды.
- Əттең, оның тілмарлығы маған бітер ме еді!— деп күбірледі
Катилина жұдырығын тас түйіп.— Екі-ақ айдың ішінде Римнің билеп
төстеушісі болар едім.
- Оның тілмарлығы саған, сенің күшің оған бітсе ғой.
- Оның бер жағында,— деді Катилина байсалды жəне ойлы
пішінмен,— егер біз Цицеронды өз жағымызға тартпасақ, оның
болжырлығына қарағанда, мұны істеу де оңай емес, күндер де бір күн
ол жауларымыздың қолына түсіп өзімізге қарсы жұмсалатын қатерлі
құралға айналуы мүмкін.
Бұл сөзден соң үш патриций үн-түнсіз тұрып қалды.
Дəл осы сəтте портикті қоршаған топты халық қақ жарылып ығыса
берген еді, Сулланың əйелі Валерия зерлі қызыл-күрең матамен
əшекейлеп тастаған күймесіне қарай беттеген екен. Оның қасында
бірнеше патриций нөкерлері бар еді, олардың арасында жуан қарын
Дедий Цедиций, Эльвий Медуллий қатпа мен Квинт Гортензий жүр.
Ал қаракөк шығыс матасынан тігілген көлемді асыл палла.
Валерияға табиғат аямай берген ажар-көрікті сұлулық десе сілекей
шұбырып қоя беретін сұқты көздерден тасалай қалыпты.
Оның шөлмектей болған жүдеу жүзі, аларыңқы тартқан үлкен қара
көздері əлденені аңсағандық шыраймен сазара қарайды, мұның өзі
күйеуге шыққанына бас-аяғы айдан жаңа ғана асқан жас əйелге
үйлесімсіз, ыңғайсыз нəрсе еді.
Патрицийлердің берген сəлеміне бас изеп ишарат білдірген ол,
жүзіндегі зеріккендік ізін. жылышырай күлкіге жөндіре тұрып, Элбий
Медуллий жəне Деций Цедиций сарбаздардың қолын ұстап қош
айтысты. Екі патрицийдің Валерияға талақтай жабысып соңынан
қалмағаны соншалық, олар оның бейне бір көлеңкесі сияқты болып
көрінді. Əрине, бұлар оны қошеметпен күймеге отырғызу сияқты зор
абройды басқаға қия қоймақ еместі. Валерия күймеге отырып, оның
пердесін түсірді де, қасындағы нөкер құлдарына жүр деп белгімен əмір
етті.
Каппадокийлық құлдар күймені көтеріп алып кете барды; күймені
əдейі форейтор міндетін атқаруға қойылған құл бастап бара жатты.
Күйме соңына алты құлдан құрметті күзет қойылған.
Өзіне көз қиығын салушылар тобынан сытылып шыға берген
Валерия, көңілі орнына түскендей бір күрсінді де, бетіне торын түсіріп,
айналаға, шылқып жатқан көшеге, одан жауынды бұлыңғыр аспанға
торыққан мұңды кейіппен көз жіберді.
Бағана өзіміз айтқандай, жиналған жұрттың сыртында Крикспен
бірге тұрған Спартак күймеге барып енген сұлу қарындасының қожасы
екенін таныды да, əлдеқандай бір көтеріңкі əсермен жанында тұрған
жолдасын түртіп қалып:
— Көрдің бе!.. Валерия, Сулланың əйелі!—деп сыбырлады.
— Арелатаның қасиетті тоғайына аян, мынауыңның сұлулығы
Венерадан бірде кем eмec қой!
Бақытты экс-диктатор жарының күймесі екі гладиатордың
жанынан өте берген еді, күйме есігінен самарқау қарап келе жатқан
Валерияның солғын көздері Спартакқа қадала кетті.
Матронаны əлде не бұрынғы жабырқаң селсоқ күйінен кенет
сергітіп жібергендей болды. Сұлудың жүзіне қан жүгіре қалды, от
шашқан қара көздерін гладиатордан аудармай, күйме қиыс өтіп
кеткеннің өзінде де пердеден басын сəл шығарып, оған мойнын соза
қарады.
— Міне қызық!—деді өзінің үзеңгілес жолдасына бұл атақты əйелдің
көңілі ауғанын аңдаған Крикс.— Қымбатты Спартак, мына көкдолы
сұрқия қатын Фортуна құдай, сені айдарыңнан алайын деген екен,
немесе, дұрысы, бұл тұрлаусыз құдайды бұрымынан сен ұстайтын
болдың! Айрылма, досым, серт ұста, тіпті сенен шығып кетем деген
күнде де құралақан қалмайтын бол.
Осыны айтып, Спартакқа қараған Крикс оның өңі қашып, тебіреніп
тұрғанын аңлады.
Өзін-өзі əрең ұстаған Спартак, езу тартқан болып жəне мұнысын
сездірмеуге тырысқан күйі:
— Өшір үніңді, есуас! Фортуна, айдар деп сандырақтап тұрғаның
немене? Геркулестің күрзісі куə,— сен андабаттан да өткен соқыр
екенсің,— деді.
Өзіне жағымсыз бұл əңгімені осымен бітірейін деген бұрынғы
гладиатор Луций Сергий Катилинаның жанына келді де, одан ақырын
ғана:
- Бүгін кешке сенің үйіңе келсем қайтеді, Катилина?- деп сұрады.
Анay жалт қарады да:
- Əлбетте. Бірақ, «бүгін кешке» деме— қазір түн болды ғой,
«кешікпей», дегін,— деп жауап қатты.
Спартак патрицийге иіліп тағзым етті де, Крикске қарай беттеді.
Бұлар əлдене туралы сыбырласа сөйлескен күйі Форум арқылы өтіп
Священная көшесіне қарай кетті.
- Платон куə! Бұл уақытқа дейін өзімді сенің жаныңның түкпіріндегі
шиырларға бастап алып барып жүрген ой сабағынан мүлде айырылып
болдым,— деді Бестия гладиаторды тең тұтып əңгімелескен
Катилинаға таңдана қарап.
— Е, не болды? — деп сұрады Катилина, ешнəрсе сезбегенсіп.
- Рим патрицийінің түкке тұрғысыз гладиаторларды тең тұтып,
достаса қалғанын айтам!
- Қандай масқаралық десейші!— деді патриций мысқылдай күліп.—
Сұмдық қой бұл, солай емес пе?..
Анадан жауап қайтуын күтпестен Катилина, əлгіден басқаша
сарынмен:
- Мен сені таңертең ертемен үйден тосамын: тамақтанып, көңіл
көтереміз, сонсоң... маңызды бір іс туралы сөйлесеміз,— деді.
Спартак пен Крикс Священная көшесінің бойымен Палатинға бет
алып келе жатқанда малынып киінген, сырт бейнесі көз тойғысыз бір
жас əйелге кездесе кетті; жанына орта жастағы бір күңді алып,
соңынан педиссек-құл ерткен бұл əйел екі гладиатордың беталып келе
жатқанға тұсынан шығып келеді.
Жирен шашты, теңіз суындай мөп-мөлдір үлкен көкшіл көзді, аққұба
келген бұл сұлуды кергенде Крикстің есі шығып кетті. Аңырып тоқтай
қалған күйі ол əйелге тамсана қарап:
Гезге тəуба! Мұндай да керемет сұлу жан бола береді екен! — деді.
Мұңды ауыр ой теңізіне шомған Спартак еңсесін төмен сала аяңдап
келе жатқан еді. Басын көтеріп алған бой да, ол қарсы алдында тұрған
қызды көрді. Крикстің ынтыға таңырқауына ешбір көңіл қоймаған сұлу
фракиялыққа тесіле қарады, оны бейнебір шырамытқан адамдай,
қайран болған пішінмен тоқтай қалып, кешегі гладиаторға грек
тілінде:
— Құдай мəртебеңді көтере берсін, Спартак!— деді.
Шын көңіліммен рақмет айтам мұныңа,— деді сəл қысылыңқырап
қалған Спартак,—рақмет сұлу, саған да Венера Книдскаяның рақымы
түсіп:
Қыз Спартакқа жақын келіп:
— Сəуле жəне азаттық, ер Спартак!—деп сыбырлады.
Бұл сөзді естігенде өнебойы тітіркене қалған фракиялық, қызға
таңдана қарап:
— Сенің бұл əзілмен нені ишараттап тұрғаныңды біле алмадым,
сұлу,— деді.
— Бұл əзіл емес, сен бекерге сақтанасың: бұл езілгендердің құпия
белгісі. Мен — бұрынғы күң, грек қызы куртизанка Эвтибида
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 05
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.