Latin Common Turkic

Спартак - 15

Total number of words is 3953
Total number of unique words is 2147
31.7 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
52.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
беткейінен ирелеңдеп төмен түсіп келе жатқан айдаһар сияқты еді.
Римляндар ойда жоқта жеңіліс тапқан бұл қысқа ұрыстың
ерекшелігі бірі қашып, екіншісі қуып келе жатқан екі мыңнан аса
адамның қару жұмсап белдесіп шайқаса алмауында еді. Римляндардың
кідіруге мұршасы жоқ, өйткені бұларды қуғыншы, ал бұлар алдағы өз
адамдарын тықсырып келеді, сол себепті гладиаторлардың да кідіруге
дəрмені жоқ. Жолдың қысылшаңдығы мен асудың тым биіктігі
адамдардың бұл тізбегінің көзталысын ықтиярсыз тездетті,
сондықтан да ол тасыған селдей-ақ етекке дейін тоқтамақ емес.
Айтқандай-ақ, ылдиға құлай кең жолға шығып, жер аяғы кеңіген соң
қашқан жау мандаты далаға, бау-бақшаларға тозғындай бастады.
Гладиаторлар да тек сонда ғана өзінің майдан шебін кеңейтіп,
легионерлерді оңды-солды шабақтап, турай беруге мүмкіндік алды.
Өзінің əбден қарлытып бітуге айналған даусымен барынша
айқайлап солдаттарын шақырған Сервилиан тоқтай қалып,
гладиаторларға табанды қарсылық жасамақ болды. Бірақ, мұны
есіткендер аз болды жəне оның төңірегінде жауға жан аямай қарсылық
көрсете қоярлықтай да жөнді ешкім қалған жоқ-ты. Үрей болып қымқуыты шыққан легионерлердің көпшілік тобы торғайдай тозды,
олардың əрқайсысының ойлағаны бас сауғалау болды.
Бір манинуладай гладиаторларды бастаған Спартак Сервилианды
жəне онымен тізе қоса шайқасып жүрген жүз жауынгерді тықсырып
келе жатты; қантөгіс қызу шайқас басталып, онда Сервилиан
Спартактың қолынан мерт болды. Гладиаторлардың саны минут санап
көбейіп, римляндар кешікпей-ақ тойтарыс тауып, күл талқаны шықты.
Екі бірдей когорта біржолата жеңілді: легионерлердің төрт жүзден
астамы қырылып, жаралысы бар, сауы бар — үш жүзден астамы қолға
түсті. Спартактың бұйрығы бойынша бұлардың қару-жарақтары
алынып, өз бастарына азаттық берілді. Жеңушілерден отыз кісі өліп,
елуге жақыны жаралы болды.
Жаудан түскен дулығалар мен сауыттарды киіп, толып жатқан қаружарақтар алып, олжаға шаш етектен батқан гладиаторлар Везувийдегі
лагеріне қайтып келді.

 
XII ТАРАУ. СПАРТАК ƏСКЕРЛЕРІНІҢ САНЫН АЛТЫ ЖҮЗДЕН ОН
МЫҢҒА ЖЕТКІЗДІ
Сервилиан когорталарының жеңілуі туралы хабар сол төңіректегі
қалаларға тарап, бүкіл Кампаньяда зор əбігер туғызды: легионерлерді
көтерілісшілердің қалай турағанын есіткендерде ес қалмады.
Нунерия, Нола, Геркуланум, Байи, Неаполь, Мизенум, Капуя, Кумы
жəне бұл құнарлы провинцияның барлық қалалары да қорғануға
əзірленді; қала адамдары қолдарына қару алып күндіз-түні бірдей
қақпалар мен бастиондарды күзетті. Сыртындағы қорғаны алынып
қалған Помпея, сан рет азық-түлік жинай келген гладиаторлармен
қарсыласуға бел байлай алмады; гладиаторлар өздерін аса тəртіпті
əскерлерше ұстаған еді, бұған қаланың тұрғын халқы қатты қайран
қалды.
Жеке қалалардың префектлері бүкіл сол провинцияның префекті
Меций Либеонға үсті-үстіне кісі шаптырып, күшейіп отырған қауіпке
қарсы шара қолдануға оны көндірмек болып баққан еді, байғұс Меций
Либеон Рим Сенатына шапқыншылар жіберіп, тезінен мықты көмек
жібере көр деп жалынды.
Алайда Римде гладиаторлардың жанжалына мəн беpіп, онымен
есептесе қоюға бейім Катилина мен Юлий Цезарьдан басқа бірде-бір
жан болған жоқ; құлдар көтерілісінің маңызы мен іргелігін тек солар
ғана бағалай алатын еді, өйткені бұлар оның негізін, шарқын, сондайақ оның көсемінің дарындылығын жақсы түсінді; гладиаторлар
кескілеп кеткен когорталар туралы да Катилина мен Цезарьдан басқа
бір де бір жан ойлаған жоқ, оның үстіне сол қырғыннан қашып
құтылған солдаттар оның егжей-тегжейін баяндай келіп, барлық
кінаны — бұл ішінара дұрыс та еді — трибун Сервилианның менменсіген надандығына аударды.
Ол кезде Рим халқы бұдан да гөрі басымырақ қауіпті соғыстармен
айналысып жатты; оған қарсы ақылға кемеңгер, ержүрек Серторий
бастаған бүкіл Испания көтерілді. Оның ақылы мен ерлігі жас Помпей
мен тактикалы қарт Метеллдің ерлігінен де басым түсті; сол уақыттың
ішінде аса күшті Митридат римляндарға қарсы тағы да соғыс ашып,
Луций Лукуллмен бірге осы жылы консул болған Марк Аврелий
Коттаның əскерін талқандап та үлгірді.
Митридатқа қарсы соғысқа шықпақ болып, өзіне тиген легиондарды
жинақтап, сол кезде Римде тұрған консул Лукулл Сенаттың
ұйғаруымен, алғыр жəне тəжрибелі жауынгер трибун Клодий Глабрды
гладиаторларға қарсы Кампаньяға аттандырып, көтерілісшілерге
қарсы күрес жүргізу үшін оның қарамағына алты когорта немесе үш
мың адамға жуық əскер берді.
Клодий Глабр гладиаторларға қарсы алып шықпақ болып өзіне
берілген когорталарды жабдықтап жатқанда, көтерілісшілер де
өздерінің өткендегі жеңісін өте тиімді пайдалана білген-ді: соңғы
жиырма күннің ішінде олардың саны алты жүзден бір мың екі жүзге
жетіп, бастан-бақай қаруланып алды.
Грек фалангасының, фракия милициясының, Митридат əскерлері
мен Рим легиондарының əскери жасану тəртіптерін жақсы білетін
Спартак соның бəрінен де гөрі Рим əскерлері сапын ұнатады, жауынгер
латын халқының тактикасынан өтер тартымды жəне жақсы тактика
жоқ екеніне оның көзі əбден жеткен-ді. Латындардың үздік жақсы
қаруланған жəне өлімнен сескенбейтін жаужүрек халықтарды
талқандаған сансыз көп жеңістерін ол Рим легионының тəртіптілігінің,
жауынгерлік сапы мен құрылысының арқасы деп білетін.
Сондықтан ол гладиаторлар əскерлеріне Рим əскерлерінің
жауынгерлік жасаныс құрылысын енгізуге тырысты, Тит
Сервилианды жеңгеннен кейін Помпеяға баруға мүмкіндік алысымен,
гладиаторлардың тұңғыш легионына арнап белгі жасауға заказ берді;
белгі сабына римляндарша бүркіттің емес əдетте құлға еркіндік
берерде оның басына иесі кигізетін қызыл тақияның суретін салуды
бұйырды. Тақияның астынан мысықтың қоладан жасалған кішкентай
бейнесі орнатылды, өйткені ол ең еркіндік сүйгіш жануар
болғандықтан, соның белгісі ретінде Бостандық бейнесі статуясының
аяғының астына қойылды. Сол сияқты ол əрбір центурияға да белгі
жасатты, белгінің сабына айқаса ұстасқан екі қолдың қола суреті
орнатылып, ал оның астын ала когорта мен легионның номерлері бар
тағы да кішкентай тақия тұрсын делінді. Спартак Италияның барлық
гладиаторлары тұс тұстан келіп өзін табатынына, сондықтан
қоластында көптеген легиондар, одан да кеп когорталар болатынына
ешбір күманданған жоқ.
Везувийдің жəне оның сілеміндегі өңірдің қожасы болған Спартак
қоластындағы отрядтарына күн сайын Рим легиондарының
тактикалық əдіс-айлаларын үйретті, қатарды топтау жəне жазу, белгілі
бір пунктке келіп түйісу, сырт айналу, оңға, солға бұрылу, сапқа жəне
жауынгерлік үш қатарға тұру, үшінші қатардан екінші қатар арқылы
біріншіге келіп орын алу, тағы сол сияқты жаттығулар жасатумен
болды. Сервилиан легионерлерінен түсіріп алған керней жəне
сыбызғы жұрнақтарынан Спартак шағын ғана кернейшілер оркестрін
ұйымдастырып, олардың таңертеңгілікте, жиын боларда жəне шабуыл
алдында берілетін дабыл белгілерін беруге үйретті.
Сөйтіп жаудың шабан қимылдауын шебер қолбасшыдай пайдалана
отырып, Спартак өз солдаттарын жауынгерлік тəртіпке төселдірді,
кешікпей шабуыл жасауға тиіс дұшпанға қарсы тұруға əзірленді.
Шынында да, Клодий Глабр көп кешікпеді. Өзінің когорталарын
жинап жіберіп, ол күн-түн қата гладиаторларға қарсы аттанды.
Жауынгерлердің арасында орнатылған қатаң тəртіптің арқасында
аз уақыттың ішінде-ақ, Спартак ол маңайдағы барлық ағаш кесушілер
мен малшы атаулының көңілін тапты; сондықтан да Клодийдің
жақындап келіп қалғаны былай тұрсын, оның тіпті қанша күшпен
шабуыл жасамақ екенін де Спартак бір күн бұрын білді. Бір мың екі жүз
шамалы кісімен үш мың кісілік Рим легионеріне қарсы алаң ашықта
бетпе-бет айқасуға болмайтынын түсінген Спартак Везувийдегі
лагерьге шегініп барды да, жаудың шабуылын сол арада күтіп алмақ
болды.
Гладиаторладың Везувийге келіп орнағанына жиырма күн толған
күні, түстен кейін шабуыл басталды. Жеңіл қаруланған жаяу əскерлер
манипуласы соқпақтың екі жағындағы орман ішіне бекінген еді, ептеп
жоғары ерлеп гладиаторладың лагеріне жақын келді де, оған
мыңдаған садақтан оқ жаудырды; мергендер алыстан атқандықтан
олардың оғы лагерьдегілерге оншалық зиян тигізе алған жоқ,
дегенмен бірнеше гладиаторлар, оның ішінде Борторикс жаралы
болды. Спартак лагерьіне шығып, дұшпанға қарсы баруға əзірленген
мезетте мергендер мен сақпаншылар тезінен кері шегініп кетті де,
шабуылды мүлде тоқтатты.
Сервилианның жеңілісінен римляндардың жаңа қолбасшысының
үлкен сабақ алғанын, өз лагеріне алғашқы шабуылдай шабуыл енді
қайталанбайтынын жəне Клодий гладиаторларды алаңнан қапылыста
шығарып алып, олармен римляндар үшін қолайлы жағдайда айқасу
тəсілін қолданбақ екенін Спартак түсінді.
Шынында да, Клодий гладиаторлардың өз лагерінде бар, жоғын
білу үшін жоғарыға жеңіл ғана қаруланған жаяу əскер жіберген-ді.
Гладиаторлардың өз лагерінде жатқанын осылайша əбден анықтап,
бұл араның жерлерін жақсы білген Клодий, екі қолына кезек түкіріп,
көңілі орнына түскендей миығынан күлді:
- Тышқан тұзаққа түскен екен! Бес күннен соң олар біздің қолда
болады.
Оның қасындағы центуриондар мен опциондар трибунның бұл
сөзіне түсіне алмай, бірінің бетіне бірі қарасқан еді, бірақ көп кешікпейақ оның бəрі де мəлім болды Клодий центурион Марк Валерий Мессала
Нигер бастаған мың адамды тау бауырындағы кең жолдың бойына
қалдырды; қалғандарға Везувийдің басына шығатын жолмен жоғары
өрлеп, орманның жəне гладиаторлардың лагеріне апаратын бірден-бір
өткел соқпақтың басталатын жеріне дейін баруды бұйырды. Ол əскерін
дəл осы араға тоқтатын, қолайлы орын белгілеп алды да, лагерь
ашуды бұйырды. Бұдан соң ол дереу центурион Валерий Мессала
Нигерге опционды жіберді де, оған алдын ала келісілген маневрді
дəлме-дəл орындауды тапсырды.
Біз баяндап отырған оқиғадан соң, тоғыз жыл өткеннен кейін
консул болған бұл Марк Валерий Мессала Нигер соғыста үздік көзге
түсуді аңсайтын, атаққұмар, жасы отыз үш шамасында болатын;
азамат соғысы кезінде ол Сулланың əскері қатарында болып, ерлік
көрсетті, ал одан кейін, біз баяндап отырған оқиғадан төрт жыл бұрын,
Македониядағы көтеріліс жасаушы бірнеше провинцияларға, атап
айтқанда, фракиялықтарға қарсы аттанған Аппий Клавдий Пульхрдің
соңынан барды. Родоп тауларында болған ұрыстарда өзінің ерлігімен
көзге түскені үшін ол азаматтық венокпен наградталып, центурион
атағын алды. Гладиаторлардың көтерілісі жөнінде Римге хабар
жеткенде, Валерий Мессала гладиаторларға қарсы жазалаушы
экспедицияға аттануға тілек білдірді, өйткені, бұл такаббар патриций
гладиаторларға қарсы соғыс десе тісін қайрайтындар санатына
жататын.
Алайда, Мессала Нигердің атаққұмарлығы бұл жолы тағы да бір
құпия себеппен — Спартакқа деген өттей өшпенділікпен ұштасты,
өйткені ол Сулланың жесір əйелі Валерия Мессаланың туысы болатын.
Қарындасының Спартакты сүйетіндігі туралы хабарды есіткенде
намыстанып қатты ашуланған ол, онымен енді қайтып көріспейтін
болған; өзінің əдепсіздігімен Мессаланың аруағын қорлаушы жексұрын
гладиатормен ол осылай өштесіп алған.
Трибун Клодий Глабрдың бұйрығын алған Мессала өзінің екі
когортасын бастап, Везувийді бауырлай, таудың Нола мен Нуцерияға
қараған беткейіне жеткенше көбелеп төпеді де отырды. Сол араға
барған соң когорталарын тоқтатып, лагерь ашты.
Біз екі бірдей Рим отрядының бас-аяғы екі сағат ішінде тау
беткейінен лагерьді қалай ашқанын сипаттап жатпай-ақ қоямыз. Бұл
лагерьлер əдеттегідей төрт бұрышты еді, айналасына ор қазылып,
топырақ үйілді, жоғары жағы қолдың саласындай қадалармен
қоршалды. Өз лагерлерін құруға келгенде римляндердің шапшаңдығы,
лагерлерінің беріктігі мен қауіпсіздігі тарихшылардың жəне соғыс
мамандарының суреттеуі, мадақтауы арқылы тым жақсы мəлім,
сондықтан біз оны сөз ете қалсақ, онымыз тек сол мадақтауды
қайталағандық болар еді.
Сонымен, бір жағынан Клодий Глабр, ал екінші жағынан Мессала
Нигер кешке қарай лагерін құрып алып, гладиаторлардың бекінісінен
шығатын екі ауызды бірдей тарс бекітіп тастады. Рим когорталары өз
басшысының бұл жоспарының мəнін түсінгеннен соң, қайткенде де
тышқан қақпанға шын түскен екен деп қуанды.
Алды болжай білетін жаза баспас жауынгерше, Клодий Нолаға қарай
шығатын соқпақ бойын күзетуге бір мыңдай ғана адам жіберді, өйткені
таудың бұл жағындағы асудың тым тіктігі гладиаторлардың түсуі үшін
нағыз табиғи бөгет болатын. Ол əскерінің басты бөлегін Помпея
жақтағы жолдың бойына топтастырды, өйткені бұл жақтағы асу
жадағайлау, сондықтан шабуылдың да көбінесе осыдан болуы
ықтимал деп күтуге болатын-ды.
Келесі күні таңертеңгі елең-алаңда өзінің дағдысы бойынша алаңды
байқап қайтуға шыққан Спартак, Нолаға қарай шыға берістегі
жақпардың бауырында лагерь ашып алып жатқан жауды көрді.
Жағдайды анықтау үшін ол қасына екі манипула алды да, Помпеяға
қарай шығатын жолмен төмен түсе бастады. Бірақ, екі мильдей де
төмен түспей жатып, оның алдыңғы адамдары дұшпанның
күзетшілерін көріп қалды. Спартак отрядын тоқтатып: өзінің алдыңғы
адамдарының барған тұсына келгенде, гладиаторлардың көз алдында
қуатты Рим лагері тұрды.
Спартак бет алдында жал болып жатқан бөгеттен көзін алмастан,
лəм-мимсіз, сілейіп тұрып қалды; тірідей көмілген адамға есін жия
беріп, өз табытының зілмауырдай жəне мұздай суық бет тақтайын
ұстай алу қандай сезілсе, Рим лагерінің Спартакқа да нақ сондай əсері
болды.
Римляндардың күзет адамдары гладиаторлардың алдыңғы
отрядын көре сала-ақ дабыл көтеріп белгі берді, сол-ақ екен бүтіндей
бір центурия əскер лагерьден шығып, Спартакқа оқ жаудыра ұмтылды;
қамауда қалып, біржолата мерт болдық деп уайымдаған Спартак
тұрған орнынан тұяқ серппеді жəне айналасына зуылдап түсіп жатқан
сүңгілерге де көңіл бөлген жоқ.
Алдыңғы отрядтың деканы оның ойын бөле, дүрсе қоя берді.
Спартак-ау!.. Не істеуіміз керек?.. Не алға қарай ұмтылып ұрысқа
шығайық та, не кері шегінелік.
— Дұрыс айтасың, Альцест,— деді рудиарий мұңайып.— Шегіну
керек.
Рим центуриясы гладиаторларды атқылап, біраз жерге дейін
соңына түскен еді, бірақ көп кешікпей-ақ берілген бұйрық бойынша өз
лагеріне қайтып барды.
Спартак алаңға қайтып келді де Эномайды, Борториксті жəне басқа
да батыл, өжет деген командирлерді жинап алды. Істің мəн-жайын,
өздерінің қандай ауыр жағдайда қалғанын баяндай келіп, Спартак
өзінің командирлерімен мұндай қиын-қыстау кезеңде нендей шара
қолданса болатынын ақылдасты.
Өлімнен қорқуды білмейтін, көзсіз батыр Эномай:
— Эринияларға аян!.. Рим лагерьлерінің біріне долы екпінмен тап
бергеннен басқа дəнеңе де қалған жоқ Мыңымыз өлсек те екі жүзіміз
бұзып-жарып шығамыз,— деп дүрсе қоя берді.
— Қолдан неге келмейді? — деп өзеуреді Эномай.
— Алғашта мен де осыны ойлаған едім, бірақ оным ұзаққа барған
жоқ. Сен жау лагерьлері тік жəне бұралаң жолдардың нақ жазыққа
шығатын жерін алып қалғанын ескердің бе? Екі жақтың қай-қайсын да
болсын, біз күшіміздің қанатын оң қатардан артық жаза
алмайтынымызды түсінемісің? Егер ұрысқа бір енгенде жиырмалап
болмаса, одан артығымыз кірісе алмасақ, біздің бір мың екі жүз
екенімізден не пайда?..
Спартактың болжалының дұрыстығы, ақиқаттығы сонша еді,
Эномай оған ешбір жауап қайтара алмады.
— Бес-алты күндік қана азық-түлігіміз бар,— деді Спартак, аз
үзілістен соң, сөз аяғын жалғай түсіп.— Ал... сонан соң?..
Спартактың төңірегіне жиналған командирлер көсемінің айтып
тұрған мəселесінің мейлінше қауіп-қатерлілігі даусыз екенін аңғарды.
Бұл арада жеті, сегіз, он күндей шыдап тұруға болар еді... Ал сонан соң?
Ешбір лаж жоқ, еді... Қолға түсу... немесе өлу...
Бұл ержүрек жиырма адам уайым соңында үн-түнсіз, ұзақ тұрды.
Жеңіс əзірленіп, оның салтанат құруы қамтамасыз етілді дерлік нақ
қазіргі кезеңде оның ақырының дəл осылайша қайғылы халге
ұшырауы оларға қатты батты!.. Бұл сияқты бақытсыздық жанында
өлім дегенін де түкке тұрарлық нəрсе ме еді?..
Мұндайлық шер буған тоңторыс меңіреулікті бірінші болып Спартак
бұзды:
— Менің соңымнан еріңдер. Мынау алаңды тағы бір шолып
өтелікші, бас сауғалауға ешбір жол қалмады ма екен, бұл мола
қаншалық қиын жəне қатерлі болғанымен, одан тірідей құтылып
кетудің амал-айласы жоқ па екен...
Өзінің қарулас жолдастарын бастап Спартак лагерьді айнала
бастады; ол темір шарбаққа қамалып, оны бұзып шығудың тəсілін
іздеп аласұрған арыстандай, теңселіп ауық-ауық тоқтай қалады.
Гладиаторлар шың басы мен аланды бөліп тұрған тікеден тік
жақпардың тұсына келгенде, Спартак найзадай шаншылған бұл
биіктің басына көз жіберіп:
— Бұдан ақ тиін да өрмелеп шыға алмас,— деп күбірледі. Аз
ойланған соң, ол тағы да:
— Ал, егер біз өрмелеп шыға қалсақ?., Онда жағдайымызды
нашарлатып алар едік,— деді.
Гладиаторлардың басшылары Суррентум жақтағы шыңырау
шатқалға келіп, оның тереңдігін көз таразымен өлшеу үшін алаңның
жиегіне тоқтады. Бас айналдырарлықтай бұл түпсіз шыңырауға
жүректері дауаламай, бəрі де теріс айналды.
— Мұның,— деді манипула басшыларының біреуі,— түбіне тек
тастаған тас қана əрең жетер.
Алаңнан анадай жерде галл ұлтынан шыққан он бес — жиырма
шамалы гладиатор талдың жуантық балғын шыбықтарын тоқып, оның
сыртын тілім-тілім жондық қайыспен қаптап қалқан жасап жатты. Əлі
де болса ауыр ой соңында тұрған Спартактың назары кенеттен осы
қалқандарға түсе кетті.
Өздерінің жұмысына Спартактың назар салып тұрғанын байқаған
галлдардың біреуі жымия түсіп, оған: Біздің лагерьдегі қалқан саны
жеті жүзден аспайды, бес жүз жолдасымызды қалқанмен жабдықтау
үшін оларға арнап тым болмағанда осындай қалқан жасауды ойладық...
Мұндай қалқандарды біз... терінің жетісіне қарай жасай береміз!— деді.
— Гез бен Тетуан қалған өмірлеріне сендерді желеп-жебей берсін!—
деді Спартак, бұл байғұс галлдардың езілгендерді азат ету ісіне
өздерінің барлық бос минуттарын, барлық күш-қабілетін сарп еткен
сүйіспендік ықласына риза болып.
— Терілерің көп пе? — деп сұрады, ол.
— Жиырма қалқанға жетеді!
— Бұл теріні соңғы саяхатымыз кезінде, Помпеядан алып
қайтқанбыз...
— Терісі түскір тал шыбық сияқты орманда өсер ме еді!
Галлдың соңғы сөздері Спартакты тебірентіп жіберді. Ол секіргелі
тұрғандай-ақ қомданып, жəуеттене қалды, сөйтті де еңкейіп жерден бір
уыс балғын шыбықтарды алды.
— Ах!.. шексіз қайрымды жəне ұлы азат етуші Юпитерге тəуба!—
деп дауыстап жіберді ол, қуанышты жүзбен.— Енді біз құтқарылдық!..
Бұл күшті айқай оның көкірегінің терең түкпірінен атылып шыққандай
болды.
Эномай, Борторикс, тағы басқа да центуриондар, опциондар мен
декандар Спартакқа жалт-жалт бұрылып, бəрі де оған таңырқаса
қарады:
— Сен не дедің? — деп сұрады Эномай.
— Біз қалай құтқарылмақпыз? — деп сұрақ берді Борторикс.
— Бізді құтқаратын кім? Кім айтты?.. Қалайша?..— деген сұраулар
естіледі.
Спартак көкөрім шыбықтарды əбден тексеріп көріп болды да,
жолдастарына қарап былай деді:
— Сіздер мына шыбықтарды көріп тұрсыздар ғой?.. Біз осыдан
шұбатылған ұзын саты тоқимыз да, оның бір басын мына жақпарға
бекітеміз. Сонымен қиядан біртіндеп шыңыраудың түбіне түсеміз де,
сол арадан ойда жоқта римляндердің ту сыртынан шығып, оларды
армансыз кескілейтін боламыз,— деді.
Əскербасылардың жүзінен бұған сенбеушіліктің нышаны байқалды.
Эномай үмітсіздене басын шайқап:
— Спартак, сен сандырақтап тұрсаң керек!— деді.
— Ұзыны сегіз жүз немесе тоғыз жүз фут саты дедің бе? — деп
сұрады Борторикс, сене алмай.
— Кімде-кімнің ықласы шын ауса,— деді Спартак,— оның қолынан
келмейтін іс болмайды. Біз мың екі жүз кісіміз, мұндай сатыны үш
сағаттың ішінде тоқып шығарамыз.
Осыдан соң Спартак өзіндегі бұл іске деген айнымас сенімді,
жалынды
сөздермен
басқалардың
зердесіне
құйды
да,
гладиаторлардың төрт манипуласы қолдарына балта алып, шыбық
қию үшін дереу осы мандаты орманға аттансын, ал қалғандары
манипулалар бойынша алаңға екі жар болып орналасып, өздері
жасамақ болған бұл ерекше сатының əралуан бөлімдерін таңуға
жарайтын жіп-шу, белдік, таспа атаулыны жинап алсын деп бұйырды.
Арада бір сағат өтпестен-ақ орманға жұмсалған гладиаторлар
біртіндеп қайтып орала бастады. Олар шыбықтарды буда-будасымен
топырлатып үйе берді, Спартак жұрттың бəріне де бүл жұмысқа
жаппай қатнасуды тапсырды: біреулер шыбықтарды əзірлеп беріп
тұрды, енді біреулері тоқып жатты, үшіншілері, өздерін ажалдан
құтқаруға тиіс бұл ғажайып сатыны, тоқылып болуына қарай
құрастыра беретін болды.
Гладиаторларға төнген қатер қандай зілді болса, жұмыс та сондай
күшті қарқынмен жүргізілді; мың адам бірден қиымылдаған алаңда
бекем тəртіп, тиыштық орнады.
Күннің батуына екі сағаттай уақыт қалғанда, ұзындығы тоғыз жүз
футқа жуық саты дайын болды. Оны өз көзімен көріп, мықтылығын
əбден тексеріп шығу үшін Спартак төрт гладиаторға сатыны жазуды
бұйырды.
Көз байлана Спартак лагерге үн-түнсіз көшуді бұйырды. Əрбір
жарты манипуланың гладиаторлары қару-жарақтарын өз алдына бірбір буда етіп таңды, өйткені сатымен төмен түсу жағдайы əрбір
адамды басы артық жүкпен машақаттандыруды көтермейтін еді: бұл
қарулар төменге шүберектен ескен арқанмен түсірілмек болды.
Спартак сатының бір басына екі үлкен тасты байлатып, сол басын
шыңыраудың түбіне саумалап түсіруді тапсырды.
Дуыр салмаққа сатының төтеп бере алатындығын фракиялықтың
тексеріп көргісі келді: сонымен бірге, ол тас шыңыраудың түбіне
барып түскен сол, бұл майысқақ құрылыстың толқуына мүмкіндік
бермей, оны керіп тура қалады деп түйді.
Саты əбден əзірленіп болған соң бұл қорқынышты сапарға ең
алдымен Эномай аттанды. Сатының бір басы байланған жақпардан
ұстап тұрып, қатердің түпсіз шыңырауына түсу сияқты бұрын өз
басынан кешіріп көрмеген кездейсоқ түрі алдында өңі сəл
бұзылыңқырап Эномай əзілмен:
— Əмірі күшті Вотанға аян, меніңше, тап осы сияқты биіктен төмен
түсу палькирийлардың ішіндегі ең елгезегі Геллияның өзіне де онша
оңай тимеген болар еді,— деді.
Осы əзілді айтқанда оның денесі шыңырауға төніп тұрған
жақпардың арасына еніп біртіндеп көзден таса бола берді. Аздан соң
оның төбесі де көрінбей кетті. Төмен түсіп бара жатқан жолдасынан
көз алмай, құздан түйіле қараған Спартак, саты қозғалған сайын
өнебойы тітіреумен тұрды. Өңі қашып кеткен оның жаны осы
былқылдақ сатыға таңулы тұрғандай.
Гладиаторлар алаңның шетіне үймелеген; олардың оны да, назары
да шыңырауға шұқшиған; кейінгі жақта тұрғандар саты байланған
жақпарға мойындарын созып асыла қарайды; түнгі меңіреу
тыныштықта бүкіл өмір мен дағдыры шыбықтан өрілген осынау
солқылдақ сатыға таңулы бір мың екі жүз адамның дем алғаны ғана
естіледі.
Сатының бұлғалақтап толқуы үш минуттан асқан жоқ, бірақ соның
өзі де байғұс гладиаторларға үш олимпиадай, үш ғасырдай болды;
ақырында сатының толқуы мүлде тоқталды.
Мақсаты, ойы бір алаңдағы мың адам құлақтарын шыңырау жаққа
түрді.
Бірнеше секундтан соң алғашта алыстан шыққандай талмау, көмескі
шығып, содан бірте-бірте күшейе түскен дауыс естілді:
— Тыңда!
Гладиаторлар: уһ!— деп есін жиғандай болды. Бұл берілген шартты
белгі еді—Эномай шыңыраудың түбіне барып түскен екен.
Сол мезетте, гладиаторлар бұл таңғажайып сатымен төмен қарай,
бірінің соңынан бірі түсе бастады, саты олардың бəрін де енді өлімнен
өмірге қайтаратыны, толық күйреуден даңқты жеңіске жеткізетіні
анық сияқты болды.
Сатылап төменге түсу отыз алты сағатқа созылды, тек келесі күні
таң сарғая гладиаторлардың бəрі де төмендегі жазыққа түсіп болды.
Гладиаторлардың өздерін өлімнен арашалап қалған Спартакқа
деген сүйіспеншілігі мен ықласын сипаттап айтып жатудың қажеті
жоқ. Бірақ, ол гладиаторларды тиыштық сақтауға шақырып, əрбір
манипулаға түнге дейін құз қойнында бекіне тұруды бұйырды.
Дағаты азайған жауынгерлерге бұл сағаттар өмірбақи өтпестей
көрінді; ақыры, бір заматта күң де батуға айналды-ау. Қас қарая
гладиаторлардыңі екі когортасы бекіністерінен шығып, сапқа тұрды
да, осыдан соң бірі Эномайдың басқаруымен теңіз жағалауына қарай,
екіншісі Спартактың басқаруымен Нолаға қарай беттеді.
Бұлардың жүріп баратын жер мөлшері бірдей болғандықтан, түн
ортасына жуықтаған кезде, екеуі де Рим лагерьлерінің ту сыртына өтіп
үлгірді.
Мессала Нигердің лагеріне сондай жақын келді де, Спартак
когортасын тоқтатты. Осыдан соң ол римляндар лагерінің
тосқауылына қарай беттеді.
— Бұл қайсысың? — деп күзетші дүрсе қоя берді, сол маңайдағы
жүзім ағаштары ішімен келе жатқан Спартактың сыбдырын естіп
қалып.
Спартак лəм-мимсіз тоқтай қалды. Сол төңіректе декан бастаған
шолғыншылар да жүрген еді. Күзетшінің даусын есіткен декан да, не
екенін білмек болып, солай қарай ұмтылды.
Түнгі тиыштық сондай ерекше еді, фракиялық дұшпанның, тіпті
сыбырласа сөйлескенінің өзін де естіп тұр.
— Не болды? —деп сұрады декан:
— Маған осынау жүзім ағаштары арасынан бір сыбыс естілгендей
болды.
— Өзін «бұл қайсысың» деп дауыстағаннан кейін ешнəрсе есіттің
бе?
— Жоқ, құлағымды қанша түрсем де ештеме естілмейді.
Онда ол тауық аңдып жүрген түлкі болды.
— Өзім де солай ма ден ойлаймын, түнде жортқан аңның сыбдыры
сияқты болып естілді. Гладиаторлар туралы сөз етудің де, əрине,
қажеті жоқ, олар сонау жоғарыда, одан ешқайда шығып кете де
алмайды.
— Шын, центурионның тышқан қақпанға түсті дегенін өзім де
естідім.
— О, былқ етпеңіз, Клодий Глабр — кексе мысық емес пе, Спартак
сияқты қаптесерлер оның бір тарпуынан шығар ма!
— Əлбетте, Статор Юпитеріне тəуба!
Аз үзілістен соң, декан тағы да:
— Жақсылап күзет, Септимий, бірақ түлкіні гладиаторлар екен деп
қалып жүрме,— деді.
— Гладиаторлар үшін ол да үлкен құрмет болмас па еді!— деп
əзілдеді солдат Септимий.
Айнала тағы да жым-жырт бола қалды.
Бұған дейін Спартактың көзі қараңғыға үйреніп болды, ол өзінің
ойға алған нəрселерін, атап айтқанда — рим лагерінің оры мен
тосқауылының қандай екенін ажырата бастады. Бұл араға келгенде ол
лагерьдің төрт қақпасының өте-мөте қайсысы жақын екенін білмек
болған.
Сол екі ортада, өзінің күзетіне қайтып келген күзетші, сөніп бара
жатқан отты қайта жаққан еді, лаулаған оттың жалыны қадаларға
түсіп, мұның өзі Спартактың ойлаған ісін тындыруына көмектесті. Ол
рим лагерлерінде, жау қауіп төндірген тұрғыдан жырақ тұратын,
декуман қақпасының қай тұста екенін əбден көріп алды. Мессала
Нигердің лагерінде бұл қақпа Нола жаққа қаратылған екен.
Тосқауылдың қалап қойылғанымен таныса сала, ол кері кайтты. Өз
когортасына келді де, Спартак оны асқан ептілікпен декуман
қақпасына қарай бастап алып жүрді. Лагерьге əбден қоян-қолтық
жақындап, аяқтың дүрсілі рим күзетшісінің құлағына қашан шалынып
қалғанға дейін, отряд ешбір сыбыс сездірмей жүріп келді.
— Бұл қайсының? — деп дауыстады легионер Септимий. Оның
дауысының сарынынан Спартак нақ бұл жолы легионердің түлкіні
гладиатор деп қателесе қоймағанын бірден аңғарды.
Сонша болған жоқ, ешбір жауап ала алмаған, саққұлақ Септимий
дабыл қағып қоя берді.
Бірақ лап қоя ұмтылған гладиаторлар орға барып түсіп, оның арғы
бетіне шықты да, бірінің соңынан бірі шұбай зыр қойған күйі, көзді
ашып-жұмғанша қада қорғанның арғы бетіне өтіп те кетті. Қолы əбден
айығып жазылған Спартак, мұнда ең алдымен келіп кірді; ол бас
сауғалауға кіріскен легионер Септимийге тап бере:
Тəлкекші сұм, сені бұл арада мен емес, өзің гладиаторлардан гөрі
артығырақ көретін түлкі қапса, əрине, тəуір болар еді...— деп ақырды.
Ол сөзін аяқтап жатпастан, легионерді есіп те жіберді.
Гладиаторлар төрт, сегіз, он адамнан топтана лек-легімен лагерьге
келіп араласты. Тұтқиылда басталған түнгі айқаста болатын əдеттегі
кескілес басталып кете барды.
Минут санап саны арта түскен гладиаторлардың уытты тегеурініне
қарсы римляндар да аянбай қимылдады. Гладиаторлар тұтқиылда
қолға түскен ұйқылы-ояу, қарусыз легионерлерді бас салып кескілей
берді. Қырғын адам айтқысыз болды.
Бүкіл рим лагері көзді ашып-жұмғанша астан-кестен болды да
қалды. Бұл ұрыс емес, қанжосық сабалас еді, жарты сағаттың ішінде
төрт жүзден аса легионерлер қырылып, қалғандары тоз-тоз болып
қашты. Тек Валерий Мессала Нигер бастаған ығай мен сығай қырық
шамалы адам ғана лагерьдің декуман қақпасына қарама-қарсы басқы
қақпаға қарай шегініп келе жатты, бұлардың бəрі дерлік сауытсыз
жəне қалқансыз, тығыз-таянда семсермен, найза жəне сүңгімен
қаруланған-ды. Ерлікпен шайқаса отырып, олар жауды бөгей тұруға
тырысты, өздерінің бұл қарсыласуы қашқандардың қайта оралуына
мүмкіндік береді, ұрысқа қайта кірерміз деп үміттенді.
Бұл жаужүректердің ішінде Мессала Нигер үздік көзге түсті; ол
табан серппей ұрысып, римляндарға дем бере жүріп, ауық-ауық
Спартакты ұрыста күш сынасуға шақырумен болды:
— Эй!.. Спартак! Қанқұйлы қарақшылардың зымиян көсемі!..
Қайдасың, сен? Жексұрын құл, бері кел, азат азаматтармен семсер
салысып кер!.. Қайдасың деймін, қарақшы, Спартак?
Лагерьді басына көтере ыңыранған, шыңғырған дауыстарға, қаружарақтардың ызыңы мен айқай-қиқуға қарамастан, римляннің өктем
даусын есіткен Спартак, өз жауынгерлерін омырауымен кие-соға
отырып, жекпе-жекке шақырушыны іздеп, атой берді:
- Əй!.. Римнің қарақшысы, қарақшының бел баласы, тонаушы, бұл
атқа сен-ақ ие бол, ол сенің еншіне тиген бірден-бір сыбағаң. Мен
мұндамын, римлянин, не істемек едің?
Осыны айтып ол Мессалаға кездесе кетті, анау да бұған асқан
жанкештілікпен тап беріп, деміге айқай салды!
— Мен сені... қуырдақтай турамақпын... Валерий Мессаланың
қасиетті семсерін сенің арам қаныңа батырмақпын...
Центурионның қорлау сөздері фракиялықты қатты ашуландырды.
Римляниннің екпінін тойтарып, Спартак енді шабуылға шықты. Бір
ұрғанда ол Мессаланың қал-қанының күл-талқанын шығарды, екінші
ұрғанда дұшпанның сауытын тесіп өңменінен ауыр жара салды, бұдан
əрі дулыға сыртынан тас төбеден бір көміп өтіп еді, анау мүлде
есеңгіреп қалды; оның бағына, Валерия Мессаланың есімі, ізгі
махаббатын еске түсіріп, гладиатор семсерін центурионға сала бере,
тежеп тұра қалды.
Құлап түскен дұшпанның көкірегіне семсері бірнеше дюймдей тана
қалған фракиялық:
— Бара ғой, бала, бірақ жексұрын гладиатор жанымды өзіме қиып
кетті деп айта жүргейсің!.. — деп айқайлап жіберді.
Ол Мессаланы сүйемелдеп тұрғызды да, екі гладиатордың қолына
берді.
Гладиаторларға қарсы шайқасқан бағанағы бір топ ержүрек адам
түгел дерлік мерт болған соң-ақ, бүкіл рим лагері жеңушілердің
қолында қалды.
Клодий Глабрдың лагеріне Эномайдың жасаған шабуылы да нақ
осылайша аяқталды. Бас-аяғы бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде
толық жеңілген легионерлер, өздерінің лагерін көтерілісшілердің
қолында қалдырып, үріккен қойдай дүркірей қашып отырды.
Сөйтіп, Спартактың ерлігі мен тапқырлығы арқасында бір мыңнан
сəл ғана артық гладиатор римляндардың үш мыңын жеңіп шықты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 16
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.