Latin Common Turkic

Спартак - 26

Total number of words is 4066
Total number of unique words is 2114
33.0 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
отағасылардың шындап талқылайтын болып отырғанына қынжылды;
енді біреулер гладиаторларға қарсы мемлекеттің барлық күшін тік
көтеретін уақыт жетті деп кеңірдектеді.
Бұрынғы
екі
консулдың
Спартактан
масқара
болып
талқандалғанын, ал ендігі жылға сайланған екі консулдың бірі
көтерілісшілерден жеңіліп, екіншісі өзінің соғыс орашолақтығы себепті
күдерді мүлде үздіріп отырғанын еске ала келіп, Сенат бұдан былай
бұл соғысты басқаруды консулдарға емес, ысылған қолбасыға
тапсырып, оған күшті армия, шексіз өкілдік беру жөнінде арнаулы
декрет шығарды.
Сөйтіп, Спартакқа қарсы жорық сол қарсаңда сайланғалы отырған
Сицилия преторына тапсырылды.
Сенаттың бұл ұйғарымын естісімен-ақ Сицилия преторлығына
бұрын кандидатпын деушілердің бəрі де бұл соғыстың
ауыртпалығынан қорқып, тайып шыға берді.
Юлий Цезарьдің достары оны сен өзіңді ұсын, біз саған Сенат пен
халықтан сегіз легион сұрап əперейік деп ұйтқытты. Бұл
легиондармен сен гладиаторларды жеңіп шығасың деп дəлелдеді олар.
Бірақ, Помпейдің атағы мен жеңістерінен ұйқысы шайдай ашылып
жүрген Цезарь бұдан үзілді-кесілді бас тартты. Бұл соғыс Кней
Помпейдің қолын даңққа жеткізген соғыстан оңай да емес еді, бірақ
Спартакты жеңушінің даңқ ала алмайтыны былай тұрсын, керек десе
оған ешкім қолшапалақтап қошемет те көрсетпек емес, өйткені Рим
даңқы сорлы гладиаторларды өзімен терезесі тең жау деп санауды ар
көреді.
— Егер мен соғыс жүргізуге бел байлайтын болсам, өзіме даңқ
əперетін соғысты ғана жүргіземін, бұл даңқ менi консулдыққа
жеткізетін болуы тиіс.
Цезарь өзінің дос-жарларына осылай деді. Бұлай деуге оның мұнан
да күшті себептері бар екені жəне оған бас тарттырып отырған солар
болуы да ықтимал еді. Қолдарына қару алған гладиаторлар, оларға
қосылған құлдар жəне солардың шылауына ерген Самниумның
малшылары — олигархтардың озбыр өкіметін біржолата талқандау
үшін күндердің күнінде өзіме таяныш етсем деген езілген жəне кедей
үш таптың өкілдері екенін Цезарь жақсы білді. Цезарь
гладиаторлардың қанын судай шашушы жендет ретінде көрінумен бұл
сорлы таптардың ықласына ие бола алмайтынын да түсінді.
Комиция болған күні, үстінде ақшаңқан тоғасы бар Марк Лициний
Красе Форумға келді, ол Сицилия преторлығына өз кандидатурасын
ұсынған болатын; оның бұлайша қадам басуына аса ықпалды
сенаторлар өзінің толып жатқан клиенттері, ал бəрінен де бұрын бақ
құмарлығы себеп болған еді; оған өзінің дəулеті мен ықпалы аз көрінді,
Помпейдің атағын лезде аспанға шығарған соғыс істерінде бұл да зор
даңққа не болуды арман етті.
Марк Лициний Красстың жасы сол кезде қырыққа жуықтаған
болатын. Сулланың қоластында итальян соғысында, азаматтық
бүліктер кезінде сан рет ұрыстарда болып, қайраттылық жəне
батырлықпен қатар тапқырлық жəне күрделі соғыс шараларын
жүргізуге қабілет тілік көрсеткен адам.
Сондықтан, оның преторлық қызметіне кандидаттық киімін киініп
шыққанын көргенде, халық оны ұзақ қол шапалақтап қарсы алды.
Мұнысымен олар дəл қазіргі үрейлі қорқыныш кезінде, оған үлкен
сенім білдіріліп, гладиаторларға қарсы алдағы соғыста зор үміт
артылатынын білдірген еді.
Красс Сицилияның преторы болып бірауыздан сайланды. Оған
тиісті мөлшерде қосалқы əскерлерімен алты легион құрап алуға право
берілді. Оның үстіне Лентул Геллийдің əскерлерінің қалдықтарынан
тағы да төрт легион құрастыруға рұқсат етілді. Сонымен, Красстың
қарамағына бас-аяғы сексен төрт мың адамы бар аса үлкен армия
берілді. Мигридатқа қарсы Сулланың соғысынан кейінгі жерде мұндай
қалың қол құрастырылып көрген емес-ті.
Өзі сайланған күннің ертеңіне Красс үндеу жариялап, азаматтарды
қару ұстап, Спартакқа қарсы соғысқа аттануға шақырды. Сенаттың
декретінде Сулла мен Марий əскерлерінің бұл жорыққа қатысуға
ризалық білдірген ветерандарына сыйлық беруге уəде етілді.
Бұл декрет пен Красстың үндеуі сары уайымға салынып
онжорғалаған азаматтарға дем берді; асқан білікті тұқымның жастары
арасында игі бəсеке пайда болып, олардың бəрі де Красстың
легиондарына жазылуға асықты.
Красс əскерлерді жасақтау ісіне құлшына кірісті, əлеуметтік жайына
да, шыққан тегіне де қарамастан, соғыс ісінде ең тəжрибелі деген
адамдардан квестор мен трибундар сайлап алды.
Квестор қызметіне ол Публий Злий Скрофаны тағайындады, бұл
Тибурдың егіншісі еді, он бір соғысқа жəне жүз отыз ұрысқа
қатынасқан, жиырма екі жердей жаралы болып, сан рет наградалар,
веноктар
алғаннан
кейін
бейбіт
тіршілікке
көшкен-ді.
Гладиаторларды біржолата талқандау үшін Красс оған барып,
қоластыма қызметке кір деп сұрауды ар көрген жоқ. Красстың өзі
қалай келгеніне риза болған Скрофа, оның əскерінде квестор болып
қызмет етуге шын ықласымен ризалық білдірді, Тибур жоталары
қойнауындағы өзінің жайлы тұрмысын тастап, оған ерді де, Римге
келді. Өзін претор етіп сайлағаннан кейін, он бір күн өткен соң, Марк
Лициний Римнен жəне онымен жапсарлас облыстардан жиналған
бұрынғы даңғайыр солдаттардан жасақталған төрт легионды бастап
эквандар мен умбрлар жерінің жапсарындағы Отрикулум қаласына
аттанды. Онда Красстың орынбасарларының бірі Авл Муммий тағы да
екі легион жəне қосымша əскер бөлімдерін құрап алды.
Красс Римнен аттанарда оны претордың лагерь ашқан жері —
Ратумен қақпасына жиналған бүкіл халық қошеметтеп құттықтады.
Преторға əр таптың адамдары ғана жол болсын айтып, тілек тілеп
қойған жоқ, сонымен бірге бұл жорықты мақұл көрген құдайлар да оны
желеп-жебейтінін алдын ала білдірді: құрбандыққа шалынған
жануарлардың ішек-қарнына қарай бал ашқан сəуегейлер осыны
айтты.
Бірінші легионда жай солдат болып Красстың соңынан еруге тілек
білдірген тектілер тұқымынан шыққан кілең жас жігіттер болды.
Бұлардың арасында Марк Порций Катон, Тит Лукреций Кар, Кай
Лонгин Кассий, Сулланың баласы Фауст, консулдар мен всадниктер
əулетінен шыққан басқа да жүздеген жастар бар.
Бұл жастардың барлық туыстары, дос-жарандары мен клиенттері
Красстың легиондарын Мильвий көпіріне дейін шығарып салды.
Арада төрт күн өтісімен, Отрикулумға барып жеткен Красс, сол арада
əскерлерін үйретпек болды да, бекіністі тұрғыдан лагерь ашты.
Сонымен қатар бұл арадан — гладиаторлар мейлі Умбриядан тіке
тартсын немесе пицендер облысы арқылы шықсын, қайткенде де
Римді солардың шабуылынан екі бағытта бірдей қорғап тұрамын деп
ойлады.
Красс Отрикулумде, Спартак Арециумда тырп етпестен бір айдай
жатып алды, бұл уақыттың ішінде олар тек соғыс қимылдарына
əзірленумен, жаңа жоспарлар жасап, дұшпанға жаңадан қақпан құруды
ойластырумен болды.
Өз ойынша, қолайлы кезең келді-ау деген Спартак, бір лайсаң түнде
легиондарына ешбір шыр-шусыз лагерьден аттанып кетуді бұйырды.
Мамилий бастаған жеті мың атты əскер лагерьде қалды да, мың атты
əскер барлаушы ретінде алға жіберілді. Екілене соққан дауылды
пайдаланған Спартак түні бойы, ертеңіне күні бойы үдере тартып
Игувиумға келіп жетті де, Красска сездірместен, Камеринумды,
Аскулумды, Сульмоны ..басып, Фуцин көлі мен Субиак арқылы Римге
тартпақ болды.
Арециумдағы лагерьде қалған атты əскер, сол уақыттың ішінде
əдеттегідей барлау жүргізіп, маңайдағы қалалардан жетпіс сегіз мың
гладиаторға жетерлік азық-түлік қорын жасаумен болды. Спартактың
топшылауы бойынша, бұл қалалардың халқы гладиаторлар əскері өлі
де Арециум маңында екен деп ойлауға тиіс еді де, бұл хабар Крассқа
жетсе керек еді.
Апеннин тауын бауырлай, аса қиын жолмен шыққан Спартак,
əскерлеріне күніне кем дегенде жиырма бес— отыз миль жол жүргізе
отырып, Римге пицендердің жерін баса-көктей келе жатты, жазмыш
егер Спартактың жоспарын Крассқа ашып қоймағанда бұл қаланын
іргесіне ол ойда жоқта сап етіп жетіп келгендей еді. Гладиаторлар
əскері Арсииумиян кеткеннен кейін үш күн өтісімен, дұшпанның өз
бекінісінен шықпастан тым-тырыс жатқанын көрген Красс, бүкіл
соғысты бірден аяқтап тынатын үзілді-кесілді шайқасқа Спартакты
шақырмақ болды да, оған барлық мүмкіндікті төге шабуыл жасауға бел
байлады.
Ол Отрикулумнан аттанып кетіп, төрт күндік суыт шерумен, демек,
Красс Спартакты тек оның өз тактикасын қолдаумен ғана жеңуге
болатынын түсінген еді, Арепиум түбіндегі лагерьдің атырабына келіп
жетті. Рим əскерінің жақындап келіп қалғанын білген Мамилий,
Спартактың бұйрығы бойынша, түнде лагерьді тастап, жылысып
шығып кетті. Сонымен келесі күні алакөбеде көтерілісшілердің
лагерінің жұртына дейін келген Красстың барлаушылары, Спартак
əскерінің лагерьді тастап кетіп қалғанын көрді.
Бұл хабарды естіп қатты қайран қалған Красс, Спартактың қай
бағытпен кеткенін таба алмай дал болды. Ол өзінің атты əскерін дереу
аттандырып, оларға Арециумнан шығып жан-жаққа тарайтын
жолдардың торабын шолып, айнала төңірекке отыз мильдей
қойнаулай барлау жасауды бұйырды.
Көп кешікпей-ақ ол, көтерілісшілердің бұлар жақындап келгенде,
Арециумнан шығып кеткен аттылары Игувиум арқылы Камеринумға
қарай кеткенін, ал Спартактың өзі бүкіл əскерімен осыдан бірнеше күн
Камеринумды басып өткенін естіді.
Тəжрибелі қолбасы Красс гладиатордың ойлаған тəсілін бірден
түсіне қойды да, Спартактың жолын кесіп алу үшін өте ұтымды жоспар
жасады, Спартак Апеннин тауының шығыс жақ сілемін қуалай
шыққанда, ал Красс Римге бұл таудың батыс жақ сілемін ала суыт
тартуға белбайлады. Осылайша Спартакпен жарыса шыққан Красс,
төте жолмен тартты да, Спартак бұрыс жолмен жүруге мəжбүр болды;
осы себепті Красстың жүрісі фракиялықтікінен үш есе ұтымды келді,
бұл гладиатордың пайдасында кеткен уақыт пен жер танабын ұтпақ
болған Крассқа ең қажетті шарт еді.
Бескүндік тынымсыз жүріспен Красс Реагеға келіп түсті де, мұнда
келген соң əскеріне бір күндік демалыс берді.
Бұл уақыттың ішінде өте-мөте суыт жүрген Спартак Фуцин көлі
жанындағы Клитернумге жеткен еді, бірақ нөсер жауыннан кейін
қатты тасыған Велинус өзеніне келіп, ойда жоқта, тіреліп қалды.
Өзенге жүзбелі көпір салу үшін екі күн, ал əскерін арғы қабаққа өткізу
үшін бір күн бөгелуге тиіс болды.
Спартактың Клитернумға келгенін Красс өзінің барлаушылары
арқылы білген еді. Ол Авл Муммийға екі легион жəне алты мың адамы
бар көмекші əскер бөлімдерін алып, Велинустың Реаге тұсынан əрі
өтуді, одан кейін өзеннің сол жақ жағалауын қуа төпеп
Альфабуцеллиске жеткенде, сол арадан оң жақ жағаға өтіп алып,
Клитернумге дейін баруды бұйырды. Сонымен қатар ол Муммнйге
Спартакқа қарсы ұрыс ашушы болма деп ескертті, қайта оның
керісінше, қашан мен келіп Спартакқа ту сыртынан тап бергенше,
шегіне бер деп бұйырды.
Красстың берген бұйрығын Муммин екі етпестен орындады.
Апеннин аңғарынан асып, Субиакқа дейін келді де, құз қойнауынан өте
қолайлы жерге орналасып, бұл арадан келесі күні аттанармын деп
жорамалдады.
Алайда, трибундар Муммийді дұшпанынан тайлығып шегінбей-ақ
тағдыр қолға берген қолайлы жағдайды пайдаланып, Красстың
көмегінсіз-ақ Спартакты талқандай салмассың ба деп азғырды; мұндай
құздардың қоршауында гладиатор өзінің сан жағынан басымдылығын
бəрібір пайдалана алмайды десті; олар Муммийге Спартакты осынау
өткел бермес құз қойнында тосып алайық, деп жігі-жаппар болды;
трибундар тамаша жеңіске ие болуды легиондары атынан уəде етті.
Оп-оңай болып көрінген екі ойсыз жеңістен Муммий мейлінше
үміттенген еді, келесі күні Спартак көрінісімен-ақ онымен ұрыс
бастады. Өзі не болған қазіргі тұрғыда ешқандай табысқа жете
алмайтынын фракиялық түсіне қойды. Сондықтан он үшінші, он
төртінші легиондар жаумен соғысып жатқан кезде, басқа
легиондардың велиттері мен мергендерін бір корпусқа жинады да,
оларға жоталардың басына шығып алып, римляндердің ту сыртынан
шабуыл жасауды бұйырды.
Жеңіл қаруланған отрядтар бұйрықты құлшына қарсы алды, ұрыс
басталғаннан кейін үш сағат өтісімен, римляндер төніп тұрған
биіктердің басын қаптап кеткен дұшпанның сақпаншылары мен
мергендерін көріп қайран болды, олар əуеден нешетүрлі снарядтар
жаудыра отырып, биіктерден төмен жылыса римляндерді екі
бүйірден, ту сыртынан қоршап қусыpa бастады. Мұны көрген
римляндер, қарулары мен қалқандарын тастап, жөнкіле қашты. Бұл
арада олардан жеті мыңнан аса адам қырылды.
XX ТАРАУ. ГАРГАНУС ТАУЫНДАҒЫ ШАЙҚАСТАН КРИКСТІҢ
ЖЕРЛЕНУІНЕ ДЕЙІН
Субиак жанындағы шайқас римляндерді келістіре талқандаумен
аяқтала тұрса да, Спартак одан ешқандай пайда таба алмады. Красс та
Спартакты бұл арада қолға түсіре алмады. Спартактың атты
барлаушылары Красстың армиясының басты бөлімдері өзеннен
өткенін хабарлады. Соңына түсіп келе жатқанда Римге аттанудың енді
ешбір мүмкін емес екенін ол бірден түсінді. Сондықтан нақ сол күні
кеште Субиактан аттанып кетіп, Лирис өзенін басқы тұсынан кесіп
өтті де, Кампаньяға тартты.
Муммийдің талқандалғанын Красс келесі күні кешке білді.
Муммийдің бұл шалағайлығына, оның легиондарының есуастығына
претор қатты ренжіді. Муммийдің армиясынан қашып құтылғандар
Римге барған еді, бұл жеңілісті есіткенде, онда бұрынғыдан да бетер
үрей туды. Красс өзінің жіберген мəлімдемесінде оншалық
айтарлықтай ұрыс болған жоқ, ол қорыққандардың сөзі деп
хабарлағаннан кейін ғана Сенаттың көңілі дауа тапқандай болды.
Өзінің
сол
мəлімдемесінде
претор
Сенаттан
Муммийдің
легиондарынан қашып барғандардың бəрін де дереу өзіне қайта
жіберуді сұрады. Арада бірнеше күн өтісімен салдары суға кетіп, еңсесі
түскен қашқындар лагерьге қайтып келді.
Красс өзінің əскерлерін преторийды айнала алқа-қотан тұрғызды да,
қақ ортаға қарусыз қашқындарды қойып сөз сөйледі. Ол өте сөзуар,
тілді адам еді. Красс аса зілді сөздермен, бұлардың қорқақ қатындарша
босаңдық істеп, қаруларын ата-бабалары бұдан да ауыр жағдайда,
бұдан да қауіпті сындар үстінде дүние жүзін аузына қаратқан қаруды
тастап, қашумен өздерінің абройын түсіргенін айтып жер-жебіріне
жетті. Ол гладиаторлар ерлігімен емес, бір кездерде өзінің жеңілмейтін
қуатымен əйгілі болған, ал бұл күнде айдай əлемге мазақ болып
отырған рим легиондарының жүрексіздігі арқасында мықты болып
отыр деп дəлелдеді.
Бұдан былай бұл сияқты масқара болып қашу дегенге ол ешбір төзе
алмайтынын, ерлік іс істеп, атағы асқар таудай жеңіске жететін күн
туғанын, ал егер бұл үшін кімде-кімнің өз намысы жəне Рим аруағы
жеткіліксіз соғатын болса, онда жеңіске күшті тəртіп орнатып, аяусыз
қатты жаза қолдану арқылы жететінін айтты.
— Мен,— деді Красс сөзін аяқтай келіп,—ата-бабаларымыз
əлдеқалай уақыттарда ғана қолданған децимацияны — айыпты əрбір
он адамның бірін дарға асу шарасын қолданамын. Бұл сияқты азалы
жаза екі ғасырға жуық уақыттан бері қолданылмаған еді, бірақ сендер
болымсыз жаудың алдында қаруларыңды тастап, масқара болып
қалғандықтан, құдай атымен ант етейін, сендерге осы жазаны
қолданамын. Міне, дəл бүгіннен бастап, мына араларында өтер іс өткен
соң, кешірім сұрап еңіреп тұрған тоғыз мың қорқақ осы жазаға
тартылады.
Оның лагеріндегі ең беделді деген трибундар мен патрицийлердің
көбінің қиылып сұрауына қарамастан, бұл қаһарлы үкімінен ол
қайтпады жəне кешке дейін орындалсын деп бұйрық берді.
Сол арада үкім айтылғандар зереб ұстаса бастады. Əрбір он
солдаттан зереб шыққан бір солдат ликторлардың қолына берілді.
Ликторлар оларға алдымен дүре соғып, содан кейін бастарын кесе
берді.
Ерлікпен соғысқан жолдастарының қашқаны үшін ешбір жазықсыз,
бірқатар нақақ адамдарды да өлім құшағына ала кеткен бұл қаһарлы
үкім римляндар лагерінде зілді, ауыр əсер туғызды. Муммий
легионерлерінен ерлігі жұрттың бəріне мəлім болған ең таңдаулы бес
немесе алты адам басқалардың қорқақтығы үшін өліп кетті. Бұл батыр
адамдардың арасында Эмилий Глабрион дейтін жиырма жастағы жас
жігітке жұрттың жаны қатты ашыды. Субиак түбінде болған соғыста
ол гладиаторлардың тегеурініне қарсы ақырына дейін төтеп беріп, екі
жерден жаралы бола тұрса да, ұрыстан шығып кетпеп еді, бірақ
қашқандар оны да өздерімен бірге ала кетті. Оның мұнысы жұртқа
мəлім еді, бұл туралы жанның бəрі шулап айтып та көрді, бірақ тағдыр
зеребі іздеп тапқан соң, ол өлуге тиіс болды.
Жүзі құп-қу болып кеткен бұл жас жігіт, жаппай жылаған жұрттың
арасынан шыға келіп, Муций Сцевола мен Юний Брутқа тəн сабырлы
қажырмен претордың алдында тайсалмастан:
— Сен қолданып отырған децимация республиканың игілігі үшін
пайдалы жəне қажет екендігімен қатар, біздің екі легионның соңғы
шайқастағы масқаралық ісіне қарай орынды да жəне əділетті де жаза.
Тағдыр маған қарсы шыққан екен, мен өлуге тиіспін. Бірақ, менің
майданда қорқып қашпағанымды менің қарулас жолдастарым қандай
білсе, Марк Красс, сен де сондай білесің, сол себепті менің сенен
өтінішім бар: арқамды ликторлардың дүресіне остырма, олар мені
ұрып өлтірсін, онда да балтамен шапсын,— деді.
Жас ұланның бұл сөзін есіткенде өңі сұп-сұр болып кеткен претор:
— Сабаз жігіт, сенің тілегіңді беруге мен əзірмін: өміріңді қиюға
лайық бола тұрсаң да, ата-бабаның қатыгез заңының мұны істеуіме
жол бермейтініне қатты күйініштімін...— деп жауап қатты.
— Ұрыста жау қолынан жазым болайын немесе осы преторийде
ликтордың балтасы астында тұрып өлейін — мен үшін мұның бəрібір,
өйткені менің өмірімнің иесі отаным, менің қорқақ емес екенімді бəрі
де біледі, менің анам біледі, халық естиді, Сенат естиді, мен үшін осы
да жеткілікті... Өз арымды сақтай білген соң, өлім дегенің маған дəнеңе
де емес...
— Жас батыр, сен өлмейсің! — деп дүрсе қоя берді, Муммий
легиондары қатарынан бір солдат шыға келіп:
Ол претордың жанына жетіп келіп, көз жасын ірке:
— Айбынды Красс, мен рим азаматы жəне үшінші легионның
үшінші когортасының солдатымын, атым — Валерий Атал. Субиак
түбінде болған соғыста мен мына көкжал жігітпен бірге болдым жəне
жаралы болғанына да қарамай, асқан ерлікпен ұрысқанын өз көзіммен
көрдім, бірақ біз қашқан кезде мұны да дүрмекпен қаумалап ала кеттік.
Ликтор қашқан əрбір он адамның бірін əйтеуір өлтірмей қоймайтын
болса, онда өзін асыл текті рим ұлдарынша ұстай білген мынаны
емес... қашқан мені өлтірсін! — деді.
Майданда үрейшілдікке беріліп қашқан солдаттың, енді өз кінəсін
ашық мойындап бұлайша дегдарлық көрсетуі көпті бұрынғыдан бетер
тебірентті. Атал мен Глабрионның арасында: адамның сайсүйегін
сырқыратқандай ізгілік тайталасы басталды: екеуі де мені шап дейді.
Бірақ безбүйрек Красс қайыспады, Глабрион ликтордың қолына
берілді.
Жазаға душар болған екі легионның арасында аяныш дауыстар
естіліп тұрды. Көптеген мың солдаттар көздеріне жас алды. Глабрион
өзінің серіктеріне қарап:
— Сендер менің жазықсыз өліп бара жатқаныма шын сенсеңдер,
маған тап болған бақытсыздыққа қабырғаларың қайысып, менің
жаным пəни дүниеден рақат тапсын десеңдер, жексұрын
гладиаторларға енді қайтып ешуақытта да сырт бермей, белдесін
өлеміз деп құдай атымен ант беріңдер! —деді.
— Ант береміз!.. Ант!..
— Құдай куə, ант етеміз!—деп алпыс мың дауыс бірден күндей
күркіреді.
— Римге ұлы құдайлар пана болсын! Мен қуанышпен өлемін!—деп
дауыстады, шаһит жігіт.
Сөйтіп, ол ликтордың балтасы астына жалаңаш мойынын тосып
тұра қалды. Ликтор оның ғазиз басын лып еткізіп қағып түсірді. Қанға
боялған бас домалап түскенде аяныш пен сескеніс аралас дауыс
дүрліге қалды.
Марк Красс, бетін жуған көз жасын жұртқа көрсетпес үшін сырт
айналды.
Жазалау біткен соң, Красс Муммий легиондарынан қашқындардың
қолына қайтадан қару берілсін деп бұйырды да, өзінің қысқаша
қайырған сөзінде бұдан былай енді қайтып жаудан тайлығып
қашпассыңдар деген сенім білдірді.
Қолдан өлтірілген тоғыз жүз адамды жерлетіп болған соң, ол келесі
күні қолын жиды да, Спартактың соңынан қуды. Римге шабуыл
жасауға болмайтынына көзі жеткен Спартак өте суыт жүріп, Кампанья
мен Самниумды басып өтті де, Крассты да солай қарай еліктіріп ала
кетермін деген үмітпен, өз əскерін қайтадан Апулияға бастап келе
жатты. Спартак дұшпанмен Римнен мойны алыс жерден зор майданға
шығып, оның легиондарын түгел құртқан соң, Тибрге қайта оралмақ
еді.
Спартак қаншама суыт жүргенімен айтылмыш жазалау күшті əсер
еткен Красс легиондарының жүрісі де одан кем түскен жоқ. Он бес күн
дегенде претор Сипонтум тұсындағы дауылдар жерінде лагерь ашып
жатқан гладиаторларды қуып жетті. Красстың мұнда келгендегі
мақсаты гладиаторларды теңізге жаныштай қыспаққа алу
болғандықтан, лагерін Арпа мен Сипонтум аралығынан ашты да,
Спартакқа қарсы ұрыс салудың сəтті сағатын күтті.
Екі бірдей қалың қол осылайша орналасып, арада үш күн өткен соң,
түннің бір тыншу мезгілінде шатырында ұйықтап жатқан Крассты
кенеттен контуберналийлерінің бірі келіп оятты. Ол бір елші
гладиатор келіп тұрғанын, сөз саптауы, аса бір маңызды іс жөнінде
претормен сөйлеспек екенін хабарлады.
Красс ұйқыдан оянып, оған азғантай ғана уақыт бөлетін еді,
төсегінен тұрды да, гладиаторды алып кел деп бұйырды.
Гладиатор үстіндегі сауыт-сайманы тым əсем, аласа бойлы ғана
адам екен. Бетінде пердесі бар. Ол Крассқа жақындай келіп бетіндегі
пердесін көтерді де, өзінің қағылез əйел жүзін көрсетті.
Бұл өзінің қарулас бауырларын сату мақсатымен Крассқа келіп
тұрған Эвтибида еді.
— Марк Лициний Красс, сен мені танымассың?
— Ия, ия... Əрине, түсің таныс сияқтанады...— деп күбілжіді претор,
есіне түсіре алмай.
— Ешбір еркек есінен екі елі тастап көрмеген Эвтибиданың сүйісін
сен тым тез-ақ ұмытқан екенсің!
— Эвтибида! —деп дүрсе қоя берді, таң-тамаша қайран болған
Красс.— Юпитердің найзағайына тəуба! Сен мұнда қайдан жүрсің?
Мезгілсіз уақытта?.. Мына сияқты қару-жарақпен?
Көңіліне кенеттен бір күдік кірген ол, бір адым кері шегініп, екі
қолын кеудесіне айқастыра ұстап тұра қалған бойы, ұшқын атқан
сарғыш қоңырқай көздерімен тесіле қарап, орнықты жəне зілді үнмен
күбірлей тіл қатты:
— Егер сен мені торға түсірмек болып келген болсаң, пила текке-ақ
əуре болғансың, өйткені мен Клодий де, Пириний де, Анфидий Орест те
емеспін...
— Аздап топас бола қойсаң да, бұдан саған зиян жоқ, байғұс Красс,—
деді өзіне біткен тарпан мінезбен езу тартқан грек қызы, зəндем от
жанған көз жанарын преторға аударып.
— Ия, Красс,— деді ол тағы да сəлден кейін,— сен римляндердің
ішіндегі асқан байы екенің рас, бірақ асқан ақылдысы емессің...
— Өзіңнің не бұйымтайың бар? Көмейіңде тұрған не?.. Тоқ етерін
айтшы.
— Олимп Юпитерінің аруағына аян,— деді қыз,— Мен саған жеңіс
ала келген едім, бірақ мені тап бұлай қабылдар деген үш ұйықтасам
ойымда болған жоқ! Осыдан соң пендеге жақсылық істеп көр! Құдайға
аян, келістіріп сыйладың!..
— Сен өзің неге келгеніңді айтамысың, жоқ па? — деп сұрады, əлі де
көңлі дауалай қоймаған Красс.
Сол кезде Эвтибида өзінің Спартакқа неліктен өте ыстық екенін
Крассқа баяндап берді, он мың германдықтың талқандалуына өзінің
себепші болғанын жəне сол шайқастан соң, кек құдайы
Зринниялардың жəрдемімен, өзін гладиатор еркек басты батыр əйел
атап, содан бері қарай бұған толық сенетін болғанын айтты. Ақырында
ол өзіне көрсетілген осы сенімді пайдаланып, гладиаторлар əскерлерін
римляндар талқандап, үзілді-кесілді жеңіске ие болуына көмектесу
үшін Крикске контуберналий болып орналастым, деді.
Красс Эвтибиданың сөзін байыппен, күдіктене тыңдады. Қыз сөзін
бітірген кезде, асықпай-саспай:
— Ал, егер сенің былшылдарың — мені Спартактың құрып қойған
қақпанына апарып түсіру үшін істелген айла болып жүрсе қалай
болады? Мұныма не айтасың, Эвтибида сұлу? Сенің сөздеріңнің шын
пиғылдары, дұрыс екеніне кепіл болатын кім бар? — деп жауап берді.
— Уəделерімнің шындығына айғақ ретінде өмірімді өз қолыңа
беремін де, мына мен өзім кепіл боламын.
Красс, əлде қалай ойланып қалғандай болған еді, сонан соң:
— Ал, егер осының өзі де қулық болып жүрсе ше?.. Құлдардың ісінің
салтанат құруы үшін сен өз өміріңді құрбан ететін болсаңшы?..— деді.
— Красс, желеп-жебеуші құдайларыңа аян, сен тым күдікшіл болып
алған екенсің!
— Ал сен,— деді Сицилия преторы сыздай сөйлеп,— күдікшіл болу
тым сенгіш болудан жаман деп ойлаймысың?
Эвтибида Крассқа сайқалдана қарады да іле-шала:
— Кім біледі?.. Сенікі дұрыс та шығар. Не дегенмен де, Марк Красс,
сен маған құлақ сал. Спартактың, Крикстің жəне гладиаторлардың өзге
бастықтарының да маған кəміл сенетінін айттым ғой. Мен оңбаған
фракиялықтың сені құрту үшін не ойлағанын да білемін,— деді.
— Өтірікті соғып тұрған жоқпысың?—деп сұрады Красс əрі шынға,
əрі əзілге сүйей.—Ал, оның ойлағаны сондағы? Айтшы, тыңдап
көрелік...
— Ертең түс кезінде Спартак бастаған қырық мың адам, мүмкін
саған тезірек хабар жету үшін əдейі дабыра көтере, Сипонтумнан
шығып, бейнебір пецентандар жеріне өткен болғансып Барлеттаға
қарай аттанады, ал Крикс өзінің отыз мың кісілік корпусымен, Спартак
екеуміздің арамызда бітіспестей алалық туды деген жалған лақап
таратып, Сипонтум жанында қалып қоймақ. Спартактың кеткенін
естіген соң-ақ сен Крикске шабуыл жасайсың, ол сенімен соғыс
бастаған кезде, сол жапсардағы орманға жасырынған Спартак қайра
келіп, сенің ту сыртыңнан түре тиіседі, бұдан соң сенің əскерің
қаншалық керемет болса да, түп-түгел кескіленеді.
— Па, шіркін! — деді Красс.— Олардың сондағы əдіс-айласы осы ма?
— Ия.
— Көрерміз оны, мен де қақпанға түсе қоймаспын!
— Маған илан, Красс, егер мен сақтандырмаған болсам, қақпанға
түсіп-ақ қалар едің. Өзің менің тілімді аламысың? Олардың əдісайласынан құтылып қана қоймай, саған құрған торына өздерін түсіргің
келе ме? Крикстің отыз мың солдатын талқандап жойып, содан
Спартакқа тиісемісің?
— Ал, солай-ақ болсын!.. Ол үшін мен не істеуім керек, сонда?
— Онда, ертең алакебеде осы арадан Сипонтумға аттанасың: онда
сен Спартак он бес немесе жиырма мильдей ұзап шыққан кезде барып
жетесің. Сенің аттанысың жайында оған хабар жеткізу маған
тапсырылады. Ал, мен оған, сені орнынан қозғалған жоқ деп қоямын.
Содан соң Крикске қайтып келемін де, Спартак саған Гарганус тауына
баруды жəне жау шабуыл жасаған күнде, табан тіреп қорғануды
бұйырды, деймін. Крикс Спартактан мойны ұзап Гарганус тауының
бөктеріне іліге бергенде-ақ, сен оған шабуыл жасайсың да, Крикстің
халі мүшкіл екені жайында қандай жолмен болсын хабар алып,
Спартак оған жəрдемге келіп жеткенше, оның легиондарын мұмпаздап
та үлгіресің.
Красс өз басы қанша ойланып таба алмастай, шайқастың бұл сияқты
ақмылтық жоспарын ұсынып отырған бұл залым əйелді тыңдады. Екі
бетінің ұшы ду етіп қызара қалған куртизанкаға көз алмастан қараған
Красс бір мезетте:
— Азаттық құдайы Юпитер куə, барып тұрған сұрқияның өзі екенсің!
—деді.
— Мені мұндай күйге түсірген еркектер,— деді қыз мысқылмен езу
тартып.— Оның несін бықсытып жатамыз. Менің жоспарым,
топшылауым жөнінде не айтасың?
— Тамұқтың зəндемі түбінде де нақ бұдан асқан сұмдық, бұдан асқан
ақыл-айла ойлап табуға болмас...
Бірақ, айттым ғой, мен саған сенбеймін...
— Жақсы, сөз тос. Ертеңгі шаңқай түстен екі немесе үш сағат бұрын
аттанып кетіп, асқан абаймен Сипонтумға барлаушыларыңды жібере
отырып жылысқанда, сенің иең кетеді? Тіпті мен саған опасыздық
жасаған күннің өзінде де сен, азар болса, гладиаторлардың бүкіл
əскерімен бетпе-бет кездесіп қаларсың. Сен мұнда сол үшін емей не
үшін келіп едің? Əлде сенің шешуші айқаспен мауқың жоқ па? Мен сені
алдаған-ақ болайын, ал, сонда ген, жалғыз Крикспен емес, Спартакпен
де кездеседі екенсің, одан қорқатын не бар?
Красс тағы да аз ойланды да:
— Жарайды, мен саған сенейін... немесе дəлірек айтқанда, сенуім
керек дейін. Егер осының бəрі нақ сенің айтқаныңдай бола қалса,
менен үлкен сыйлық аласың, ал Сенаттан одан да зор сыйлық
көретініне де мен кепіл, өйткені сенің рим халқына сіңірген аса елеулі
еңбегіңді оған мəлімдеп қоямын,— деді.
— Маған сендердің сыйлықтарың не керек! Менің рим халқында не
жұмысым бар!—деді көздерінде ашу оты лаулаған грек қызы тепсіне
түсіп.— Мен сенің қолыңды жеңіске жеткізем десем, оным — сен үшін
де, римляндер үшін де емес, өзімнің кек алуым үшін!.. Дүниеде кек
алудан асар рақат жоқ екенін, сен түсінер мен едің. Қырылған
жолдастарының өліктері арасында жатқан Спартактың өлер алдында
қорқыраған үнін естіп, тек кеудесіне тізерлей бір мінсем, арманым жоқ.
Сенің сыйлықтарын маған не керек! Сенаттың наградасы не керек!
Дəл осы кезде Эвтибиданың пішіні бұзылып кеткен еді, мұны
көрген Красстың төбе шашы тік тұрды.
Эвтибида атына қарғып мініп, римляндердің лагерінен аяңдап
былай шығып алды да, гладиаторлардың лагеріне бетін түзеп, желе
шоқытып кете берді.
Красс таңертеңгі елең-алаңда қос-қолаңды жығуға бұйрық берді.
Тоспада жатқан жауға кездесіп қалмас үшін, бес мың аттыға жолжөнекей атырапты барлап сүзе отыруды тапсырды да, оларды басқа
легиондардың алдынан үні мильдей көсемдеп салды. Сөйтті де ол өзі
Сипонтумға қарай аттанды.
Бұл уақытта Спартак, сегіз легионмен атты əскерлерін бастап,
Барлеттаға қарай келе жатты. Ал, Крикс өзінің алты легионымен
Сипонтумда қалып қойды. Көтерілісшілердің қолы, Спартак пен
Крикстің арасында болған күшті жанжал салдарынан екіге бөлініпті.
Олардың бір бөлігі Арпа жайында жатқан рим легиондарын бөгемек
болған екен, ал екіншісі — Беневентум арқылы — Римге тартуға бел
байлапты, деген лақап айналаға тарап жатты. Бұл лақапты Красстың
барлаушылары да оған айтқанша-ақ жеткізді.
«Бұған қарағанда, - деп ойлады римляндердің басшысы,— Эвтибида
бізді алдамаса керек. Мұның өзі біз үшін жақсылықтың белгісіне
ұқсайды».
Келесі күні түнде, Красстың əскері Сипонтумнан төрт мильдей
жердегі Гарганус тауының шатқалындағы қалың орманға келіп
жасырынғаннан кейін, Барлеттаға баратын жолмен Эвтибида
барынша төпеп келе жатты. Ол Спартакқа Крикстің дұшпан Арпадан
шығып келіп қақпанға түсті: сен дереу Сипонтумға аттан деген
хабарын алып келеді.
Салып ұрып Спартакқа келген грек қызы, оның күдікті сұрағына:
— Красс Арпадан əлі шыға қойған жоқ: ол Сипонтумға өзінің
бірнеше мыңдаған барлаушыларын жібергенімен, біздің шпиондар
Криксті рим легионына аттанысқа əзірлену жөнінде əлі де бұйрық
берілген жоқ деп сендірді.
— Құдая тоба! — деді фракиялық.— Мына Красстың менің
ойлағанымнан ақылды да, айлалы да болып шыққаны ма?
Аз ойлаған соң, ол Эвтибидаға:
— Сен Крикске қайтып бар да, оған ешуақытта да лагерьден табан
аудармасын де, ал Красс жақын келіп, онымен ұрыса бастағандай
болса, маған тезінен, əр қайсының арасы ширек сағаттан, бірінің
соңынан бірін үш шапқыншы жіберсін: ең болмаған күнде, үшеуінің
бірі аман жетер. Крикспен екеумізді жеке-жеке талқандауға қолайлы
жағдайды Красстың пайдаланғысы келмеген, меніңше біз үшін
жақсылықтың жорасы емес,— деді.
Спартак, жабырқаң ойды серпілткісі келгендей, оң қолымен
маңдайын бірер сипап қойды да, Эвтибидадан:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 27
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.