Latin Common Turkic

Спартак - 27

Total number of words is 4070
Total number of unique words is 2082
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Өз лагерьлеріңнен бері қарай неше сағат жүріп келдің? — деп
сұрады.
— Екі сағатқа жетпейді.
— Сен қатты құйғытып отырдың ба?
— Атымды көрсең өзің де иланасың.
— Ендеше қайтарыңда да солайша, барынша құйғыт.
Эвтибида, Спартакпен қош айтысты да, атының мойнын бұрып
алып, Сипонтумға қарай құйғыта жөнелді.
Крикске келе-ақ ол Спартак Сипонтумнан Гарганус тауының
сілеміне қарай шықсын жəне сол арадан берік тұрғы алуға тырыссын
деп бұйырды дегенді айтты.
Таң атуға дейін əлі де екі сағат уақыт бар еді. Галл солдаттарына
қос-қолаңды біртіндеп жинауға бұйрық берді, сөйтіп Крикстің қолы
күн шықпай Гарганус тауына баратын жолдың бойына шықты.
Арада төрт сағат өтісімен сол биік таудың етегіне келіп ілікті, одан
ары, ылдида. шалқып Адриатика теңізі жатыр. Толқындардың
арасында балықшылардың желімдері ағараңдайды. Гарганус тауының
дəл теңізге төнген тұмсығына келген соң, Крикстің бір қолайлы
жабыңқы жерден лагерь ашуға бұйрық бергені сол еді, тұтқиылдан:а
— Римляндер!.. Римляндер келіп қалды!.. — деген аттан естілді.
Бұл екіжүзді сұрқия қыздың сілтеуі бойынша келіп жеткен Красс
легиондары еді. Крикс мұндай тұтқиыл шабуылда ешбір асыпсаспастан, «оңға ұмтыл» деп команда берді де римляндердің оң жақ
қанатына бейімдей, өз əскерін жауынгерлік тəртіпке келтіре бастады.
Ол төрт легионды жауға қарсы қанаттастыра орналастырды да,
майдан шебін ұзарту үшін, оны өзі лагерь ашпақ жəне оны қорғауға
тиіс бесінші, алтыншы легиондар тұрған төбе жағына қарай соза түсті:
ал майданның сол жақ қанатын ол теңіз толқындары шуылдап келіп
соғып жатқан өткел бермес құз жартастарға дейін апарды.
Айтқанша болған жоқ, римляндердің алты легион, гладиаторларға
жұбын жазбастан келіп айқасты. Ұрыстағылардың еһелескен айқайы
мен семсер, қалқандардың сарт-сұрт дауысы ғасырлар бойы құлазып
жатқан орманды өңірдің тыныштығын бірден бұзып, бұл сияқты
тосын ызы-шулы жаңғырық үңгірден үңгірге, жартастан жартасқа
кетіп жатты.
Крикс те, Красс та өздерінің əскері саптарын арасында оларды
ұрысқа шақырып дем берумен жүр. Ұрыс сұрапыл қатты еді, екі
жақтың бірде-бірі жарты қадам шегінбестен шайқасты.
Римляндер
саптарын
жазбай
қимылдағандықтан
Крикс
легиодарынын сол жақ қанаты қоршаудан аман еді: сол себепті
төртінші легионның үш мыңнан аса адамы ұрысқа қатыспай тың
тұрды. Мұны байқаған легион бастығы самнит Онаций сол арада үш
мың адамды дереу өзі бастап, «оңға ұмтыл» деп команда берді де,
римляндердің оң жақ қанатына барып тиді: əскердің сол қанатындағы
римляндер легионы, аш бүйірден жəне ту сырттан тықсыра қыспаққа
алған шақта, үріккен қойдай ығы-жығы болып араласып кетті.
Бірақ бұл ұрыстың өмірі ұзақ болмады, осы қанаттағы əскерлердің
қолбасы квестор Скрофа тың тұрған рим атты əскерлерінің басшысы
Кней Квинтке жетіп келіп, гладиаторлардың қорғаусыз қалған сол жақ
қанатына алты мың атты əскерді жауып жіберуді бұйырды. Кешікпейақ ту сырттан тиіскен рим аттылары үшінші жəне төртінші
легиондардың апшысын қуыра түскен еді, гладиаторлардың сапы
бұзылып, десі қайта бастады.
Онымен қатар Красс Криксті он жақ бүйірден орағыта қоршап, бүре
түсу үшін екі легион əскер мен алты мың мерген текті: өлшеусіз уытты
екпінмен гладиаторлардың тың күші тұрған төбенің желкесіндегі
биікке барып шыққан римляндер, төбені баса-көктей өтіп, бесінші
жəне алтыншы легиондарды қоршауға ала, ылдидан төмен лап қойды:
аналар да жер жағдайының мүмкіндігіне қарай, өзінің оң қанатын жая,
жауынгерлік жаңа шептерге сапталды: сонымен, гладиаторлар
майданының қарсы беті тау, ал екінші жағы теңізге келіп тірелген екі
қанаты үшкіл босаға сияқты болып қалды.
Жантүршігерлік, сұрапыл қырғын ұрыс түтеп сала берді.
Гладиаторлардың оң жақ қанатын қоршап ала алмайтынын білген
соң, Красс Онацийдің Скрофадан ұтылып қалған шалағайлығын
пайдалана қойды, ол дұшпанның сол жақ қанатын қоршап алу
мақсатымен онда өзінің аттыларына қоса тағы да екі легионды
аттандырып, оларға гладиаторларды ту сырттан орағыта қусыруды
бұйырды.
Ақыры, бұл ұрыста сексен мың адамға қарсы отыз мың адамның
қисапсыз ерлік көрсетуіне қарамастан, тұс-тұстан қоршауға алынған
Крикстің алты легионы бас-аяғы үш сағатқа жетер-жетпес уақыт
ішінде қынадай қырылып тынды.
Ұрыстың ақырына дейін, Крикс Спартакты келеді деп үміттенген
еді. Жолдастарының көпшілігі қырылып қалғанын көрді де, ол атының
басын тартып алды, бұл оның үшінші аты еді, бұған дейін оның
астынан екі ат өлген болатын, сұрапыл қанды қырғынға ауызбен
айтып жеткізгісіз торығу пішінімен қарады. Оның көзінен оттай ыстық
жас парлап қоя берді. Спартак келеді-ау деген жаққа тесіле қарап
тұрып, елжіреген аянышты үнмен:
— О, Спартак! Бізді қорғауға да, біз үшін кек алуға шынымен-ақ дер
кезінде келмегенің бе?.. Отыз мың жүрек жолдастарыңның мынау
қапыда өткен қырғынын көргенде не күйге түсер екенсін!
Сол қолымен көз жасын сүрте сала, өзінің контуберналийлеріне
қарап, ұрыстың басынан бері-ақ Эвтибида олардың арасында жоқ
болатын — сабырлы, ашық дауыспен:
— Бауырлар!.. Өлер уақыт жетті! — деді.
Ол римляндердің қанымен боялған семсерін жарқ еткізіп көтеріп
алды да, бірнеше жерден шабақталып, кескіленгеніне қарамастан, əлі
де ұрысып жүрген бірнеше гладиаторларды алып, аман қалған жаудың
жаяулар манипуласына атты қойып кеп қалды. Ол қылышын оңдысолды үйіріп, күндей күркіреген дауыспен:
— Уа, жаужүрек римляндер! Сендер — үшеуің бір адамға
жабылғанда ғана ерсіңдер-ау! Қайтпаңдар! мен өлім тілеп келемін! —
деді.
Крикспен оның төрт контуберналийі жау шебіне еніп, римляндерді
аттың баурына алып, семсермен турап кеп бергенде, олардың бұл
долы соққыдан тек бас сауғалауға ғана мұршасы келді. Жұбы жазыла
ығы-жығы болып кеткен легиондар алғашқы кезде шегінген еді,
көмекке тың күштер келіп қосылған сайын бірте-бірте есін жиып, ат
төбеліндей бес гладиаторды тұс-тұсынан қамалап, барған сайын
қусыра түсті. Гладиаторлар аттан түсіп қалған еді, жаяу да болса асқан
жанкештілікпен шайқаса берді. Бірақ құмырсқадай жабылған
римляндер қойсын ба, кешікпей-ақ оларды түгелдей жайғап тынды.
Крикс те құлап түсті, оның өнебойында оймаққа құрам сау жер
қалмаған еді, құлап бара жатса да, өзін ту сырттан ұрған римлянинді
ол да есіп жіберіп, жастығын ала кетті. Бес қадамдай жердей атылған
садақ оғы келіп тиген соң, легионердің кеудесіне қадалған қылышын
суырып алуға шамасы келмеген Крикс баяу үнмен:
— Жұлдызың оныңнан тусын... Спартак... Жеңіске сен жет...— деп
күбір етті.
Бұдан əрі оның тілі орамға келмеді. Екінші бір легионер оны
саутамтығы жоқ кеудесінен сүңгімен атып:
— Оған дейін сен ол дүниеге бара тұр! —деді.
— Құдайға аян! — деді бір ветеран.— Сулланың сан соғыстарына
қатысып жүріп, нақ мұндай жаны сірі көкжалды көрген емен!
— Ананы қарашы,— деді екінші біреу, Крикстің айналасында жусап
қалған римляндердің өліктерін нұсқап,— қаншама адамдарымызды
жайғаған десейші, бұл жанын жаһаннамға кеткір!..
Гарганус тауында болған шайқас үш сағаттың ішінде осылайша
аяқталды, онда он мың римляндер өліп, отыз мың гладиатор
қырылды.
Сегіз жүздей гладиатор тұтқынға алынды, оның да дені жаралы еді.
Бұл адамдар Красстың бұйрығы бойынша, өткен түнде римляндердің
өздері жүріп келген жолдың бойында креске керіп өлтіруге үкім етілді.
Түстен кейін Красс өлген римляндердің сүйектерін өртеуге, одан
соң сол арадан орын теуіп, оның айналасын ор қазып, нығайтуға
бұйрық берді. Ол трибундар мен центуриондарға түн ортасына дейін
əскерді аттанысын əзірлеп қоюды тапсырды.
Спартак Крикстің хабар жеткізуге тиіс контуберналийлерін бір күн,
бір түн дағат таппай күтумен болған еді. Ешкім келмеген соң, ол таңға
жақын, əрқайсысының жанына жүз атты əскер ертіп, өзінің екі
контуберналийін Сипонтумға аттандырды. Оларға дұшпан жайында,
Крикс жайында мағлұматтар алып қайтуды жүктеді: оның бұлай
етуінің тағы бір себебі, солдаттары лагерьден аттанып кеткен бетте
үш күндік қана азық-түлік алып шыққан болатын: демек, бүгін кешке
азық та таусылады.
Спартактың бірінші контуберналийі Сипоңтум жанындағы лагерьге
келіп, оның тек жұртын ғана сипалап қалғанына қатты қайран болды.
Бұдан əрі не істерін білмей, ол екінші контуберналийдің келуін тосты
да, онымен ақылдаспақ болды. Бұлар аңырысып, қайтерін білмей
тұрған шақта, Крикстің римляндердің қарасы алғаш көрінгенде-ақ,
Спартакқа жіберген екі контуберналийі аттарын басқа көзге төпеп сол
лагерьге келді.
Бастары қосылған төрт контуберналий, Эвтибиданың сұрқиялық
əрекетінің байыбына барып, Крикстің аса аянышты халге ұшырағанын
білгенде өлердей қатты күйзелді. Олар барлық пəрмендерімен
Спартакқа төпеді.
Бірақ не пайда, олар барып жеткен шақта Гарганус тауындағы
қырғын ұрыс аяқталуға жуық қалған-ды.
Сұрқия қыздың екіжүзділігі жөніндегі хабарды есіткенде-ақ, оның
ақыры жантүршігерлік жаманатпен тынатынын бірден сезген
Спартак:
— О, тамұқтың құдайлары, неңді алдым! — деп күңіренді, қанын
ішіне тартып.— Аттаныңдар, жорыққа! Тартыңдар, Сипонтумға!
Ол атына міне бере Граникті шақырып алды да, жасқа булыққан
үнмен:
— Сегіз легионды суыт жүріспен бастап алып жүруді саған
тапсырамын. Əрбір солдаттың аяғына қанат бітсін... Əрқайсыңның
жүрегі алмастан да берік болсын!.. Ұшыңдар! Жете көріңдер! Крикс
аранның аузында қалды! Рақымсыз кескіге душар болып, қайран
бауырлардың қырылғаны-ау!.. Ал, мен кеттім, атты əскерлермен
тездетіп ілгері тарта берейін!.. Ең қасиетті іс үшін, ұмтылыңдар,
ұшыңдар! — деді.
Осыны айтты да, ол сегіз мың атты əскерді Сипонтумға баратын
жолмен өзі бастап, тарта берді.
Барлық пəрмендерімен төпеп отырып, олар аттарын əбден
болдыртып, бір жарым сағатта келіп жетті. Нақ сол күнге дейін Крикс
лагерь ашып жататын тұсқа келгенде, Спартак ойда жоқта бас сауғалап
құтылған бірнеше гладиаторды ұшыратты.
— Талқандалдық... қырылып қалды... Біздің алты легионнан тамтық
та қалған жоқ!
— О, бақытсыз бауырларым! Қайран Криксім! —деп еңіреп қоя берді
Спартак, екі қолымен бетін басып.
Атты əскердің басшылары мен Спартактың контуберналийлері бұл
сияқты ізгі жəне қасиетті азаңы көргенде, лəм-мимсіз сілейіп-сілейіп
тұрып қалды. Жантүршігерлік жаманатты естіп салы суға кеткен жұрт,
ержүрек қолбасының көз жасын көргенде, бұрынғыдан бетер
дегбіреді.
Спартактың соңында тұрған Мамилий жыламсыраған сыпайы
үнмен қашан оған тіл қатқанша, дел-сал меңіреу тиыштықтың шырқы
да бұзылмаған еді:
— Бекін... абзал Спартак... Ер басына күн туса, етігімен қан кешер
деген...
— Криксім-ай!.. Қайран да менің Криксім!..— деп күңіренді азалы
фракиялық он қолымен Мамилийді мойнынан құшақтап тұрып, сөйтті
де, оның көкірегіне бетін басып, тағы да еңреп қоя берді.
Сəлден соң ол басын көтеріп алды да, ағыл-тегіл болған жасын сол
қолының алақанымен сүрте бастады.
— Сабыр ет, Спартак!.. Қалған сегіз легионды аман алып қалудың
қамын ойластыралық,—деді Мамилий.
— Дұрыс айтасың. Төніп келген апаттан аман құтылып, мына
əзəзілдің екіжүзділік əрекетінің зілін жеңілдетудің жолын іздеп табу
қажет. Шегіну керек. Мұндай қырғын ұрыстан соң, Красс
легиондарының енді сегіз, он сағаттан ерте Гарганус тауынан
қозғалуға мұршасы келмейді, өз жағдайымызды түзеу үшін, біз осы
уақытты пайдалануымыз керек.
Осыдан соң контуберналийінің біреуіне қарап:
— Сен Граникке төпе, ол легиондарымен кейін қайтсын,— деді
тағы.
Контуберналий құйғытып кетіп қалғаннан кейінгі жерде ол,
Мамилийге:
— Минервиум мен Венузия арқылы, тау ішімен күніне отыз миль
жер ала отырып, біз бес-алты күнде лукандар жеріне ілігеміз, онда
барған соң, бізге жаңа құлдар келіп қосылады: Красспен шайқасуға
күшіміз жетпеген күнде де, біз ол арадан қашан да болса, бруцтар
аймағына өтіп кете аламыз, одан Сицилия барамыз да, құлдар
арасында көтеріліс жалынын қайта тұтататын боламыз,— деді.
Аса қатты жүрістен соң, қалжырап қалған аттарды жарты сағаттай
тыныстатып алғаннан кейін, Спартак аттыларына ізімен кері қайтуды,
Гарганус тауында болған қырғыннан құтылып келген əлжуаз сегіз
гладиаторды өздерімен бірге ала жүруді тапсырды.
Спартак өзі Крикстің сүйегін тауып алып қайту үшін, қасына үш жүз
атты əскер алып, Гарганус тауына бармақ болды.
Граник Спартакқа сыбай-салтаң адам емес, қасиетті жəне қиынқыстаулы істің көсемі, жан-жүрегі болғандықтан, оның өз басын
қатерге байлауға правосы жоқ екенін айтып, бұл сапардан оны
тоқтатуға тырысты. Бірақ Спартак бұған көнбеді.
— Мен өлмеймін, сендерді үш күннен соң Апеннин жотасында қуып
жетем, бұған кəміл сенімдімін, тіпті мен жазатайым болып кеткен
күнде де, ержүректі, айбынды Граник біздің езушілерге қарсы
соғысымызды тайынбай, тайсалмай жүргізе беруге, сенің тəжірибең,
беделің жəне алғырлығың жетеді,— деді.
Сөйтіп, Граник қаншама қиылғанымен Спартак бұл бетінен
қайтпады.
Қасына бір топ аттылар ертіп, ол Гарганус тауына қарай салып ұрып
кете барды. Тауға жақындап келгенде, жер жағдайын жəне дұшпанның
беталысын барлау үшін, аттылардың бір тобын ілгері жіберді.
Тиыштық деген хабар алған соң, ол солдаттарына аттарынан түсіп,
сулығынан ұстап, жаяу жетелеп алуды бұйырды. Олар Сипонтумнан
шығып, Гарганус тауы арқылы теңізге қарай кететін жолдың
сағасындағы орманға келіп кірген еді. Жан баспаған қою орманда
ағаштарды семсермен қырқып, тыңнан жол салуға тура келді. Арада
екі сағаттан аса уақыт өткен соң, бұлар емен жəне шырша
ағаштарының қоршауындағы бір кішкентай алаңқайға келіп шықты,
ол арада жылдың бірсыпыра мезгілін сонда өткізетін ағаш
кесушілердің бірнеше күркелері тұр.
Спартактың бəрінен де бұрын қадағалағаны, өзінің бұл араға
келгенін римляндерге хабарлап қоймас үшін, осы ағаш кесушілерді
ұстап бақылауға алу болды. Бұдан соң ол, ағашшыларға дұшпанның
көзіне шалынатын мына оттарыңды сөндір деп бұйырды.
Гладиаторларға тиыштық сақтап, тың тыңдауды тапсырды.
Спартактың айтқанындай-ақ, Красс өзінің легиондарын бастап,
Сипонтумға қарай тартты. Таң сарғая гладиаторлар атты жəне жаяу
адамдардың дүрсілін, жол бойымен қаннен-қаперсіз келе жатқан
римляндердің даусын естіді: жеңіске не болып дес алған римляндер
дұшпанның алыста екенін де білетін еді.
Рим əскерінің соңғы манипуласының қарасы үзіле берген мезетте,
өзінің үш жүз аттыларын бастап, құйғыта шапқан Спартак, Гарганус
тауынан теңізге дейін созыла жатқан ұрыс даласына келіп жетті.
Қан сасыған қырғын ұрыс даласын көргенде Спартактың жүрегі
сыздап, көз алды тұманданып кетті. Таутөбе болып қалған өліктерден
аяқ алып жүргізгісіз, ол атынан түсе қалып, оны контуберналийлерінің
біріне бере салам да, жанды жеген азалы ашумен жаншошырлық ұрыс
даласын кезе бастады. Аяқ басқан сайын, басы-көзі мылжаланып
қалған достарының күлдей қуарған сиықсыз пішіндерін көріп жасын
төгеді.
Бір жерден ізгі жəне дарқан мінезді эпикурлық Фессалонийді
ұшыратты: өнебойында сау тамтық қалмаған ол қырынан келіп
жығылған екен, сонда да қылышын қолынан шығармай, қысып ұстаған
күйінде жатыр.
Спартак Брезовирды зорға таныды, оның кеудесі сан жерден
шабақталып, басын аттардың тұяғы таптап жаншып кеткен екен. Енді
бір жерден алтыншы легионның бастығы шайлықпас жүректі, өжет
Ливий Гранденийді кездестірді, ол өз қолымен өлтірген
дұшпандарының өліктері астына бастырылуға жақын қалыпты: бұдан
əріректе самнит Онацийдің сүйегін, одан өте бере бірнеше жерден
жаралы болған, бірақ əлі де өле қоймаған үшінші легионның бастығы
Кастты тапты. Ол əлжуаз үнмен дыбыс беріп, жəрдем сұрайды. Бұлар
оны тік көтеpiп алып, аялап қамқорлық көрсете бастады.
Жаны жаралы Спартак жусап жатқан өліктер даласын екі сағаттан
аса уақыт бойы кезіп, ақырында қан−қан боп, боршаланып қалған
Крикстің денесін тапты, оның тек бет-бейнесі ғана аман екен, ол өзінің
тіpi шағындағы сесті жəне ерлік пішінін əлі де жоймапты.
Өліктің үстіне құлап түскен Спартак, досының бетінен қайта-қайта
сүйіп:
— Бауырым Крикс, қапыда рақымсыз опасыздықтың құрбаны
болдың. Менсіз жерде өлдің! Дер кезінде көмекке келе алмадық!
Қапыда кеттің! Ардагерім, қайран сүйікті Криксім!..— деп күңіренді-ай
келіп.
Ол өлген падиатордың қолын көкірегіне басып тұр.
Аздан соң ол лағнат қарғысын жаудыра азалы назымен:
— Бауырым, сенің қазаң үшін, қара ниетті опасыз сайқалдан, мейлі
ол түпсіз теңізге немесе Тартардың барсакелмес зынданына түсіп
кетсін, қанды қанмен жуып, кек алмай қоймайтыныма, сенің жансыз
өлігің үстінде, көк пен тамұқтың барлық құдайлары алдында, кек иесі
Фуриялар мен əзəзіл Геката алдында ант етемін!..— деді.
Қанталаған көздері от шаша, ұшып түрегелген Спартак көкке қарап
қолдарын жайды, сонан соң, Крикстің денесін көгеріп алды да,
солдаттарын ертіп, теңіз жағасына келді. Досының үстіндегі қанға
боялып өрім-өрімі шыққан сауыт-сайманы мен киімдерін шешті де,
оның денесін толқынға салып əбден жуды, үстіндегі қоңыр тогасын
шешіп, өлікті соған орады да, тосып тұрған аттыларына қарай алып
жүруді бұйырды.
Халі əбден нашарлаған Кастты ойлы-қырлы қиын жолда атпен алып
жүруге болмады, сондықтан Спартак, оны көтерілісшілерді шын
ниетімен жақтайтын сол маңдағы бір патриций вилласының
басқарушысына жақсылап күт деп табыс етті. Крикстің ақ жуып
аруланған сүйегі фракиялықтың өз жетегіндегі атқа таңылып болған
соң, аттылар тобы кері қайту сапарына аттанды.
Арпаға келген соң, Спартак Красстың əскерін бастап Каннаға қарай
кеткенін білді. Сондықтан ол Арпаға аялдамай Гердонеяға тартты.
Арпадан бір мильдей ұзап шыға бере-ақ, ол тағы да бір жантүршігерлік
қанды қырғынға тап болды: Гарганус тауында болған шайқаста Красс
тұтқынға алған гладиаторлардың өлі денелері жол бойындағы
ағаштарға асулы самсып тұрғанын көрді: өңі бұзылып, көздері ұшқын
шашқан Спартак, əрбір ағаш бас сайын өлік асулы тұрған осы жолдың
бойымен жүрді: олардың ұзын саны сегіз жүз еді.
Осы ағашқа таңылғандардың ішінде Спартак, денесін сыңсыған
жара, қан жапқан өзінің ержүрек жерлесі фракиялық Мессемберийді
шырамытты. Мұны көргенде көзін қолымен баса қалып тісін
шықырлата қайрап жіберді.
─ Е, Марк Красс,—деп айқайлады ол,— тұтқындарды да асатын
болдың ба! Жарайды, Марк Красс! Жорық үстінде аяғыма шырмау
болмасын дейсің ғой! Құдайға аян, соғыс ісінде даңқы күшті
римляндер, сендерден бəрін де үйрену керек екен. Мен үйренген де
едім... Ендігі үйренетінім осы болғаны да!
Осыдан соң ол күндей күркіреп, тағы да:
— Демек, римляндер бізді адам санатына алмайды екен! Солай ма!..
Сонда біз аң, жорғалаған бақа-шаян, қасаптың малы болғанымыз да?
Тартардың жаланған жалымы куə, солай-ақ болсын! Бірақ гладиатор
біз де римляндерді заңнан тыс санайтын боламыз. Жасты жаспен,
қанды қанмен жуамыз,— деді.
Қиын-қыстау жолмен түні бойы үдіре
легиондарына келесі күні түсте келіп жетті.
тартқан
Спартак
Гладиаторлар қолы Сатриан Аскулумы жанында лагерь құрып
жатқан еді.
Нақ сол күні түнде Спартак солдаттарын суытбастан, Венузияға
қарай əкетті. Қала маңында лагерь ашып жатпастан, əскерін шың
басына алып шықты. Красстың қарпуына түсіп талқандалып қалмас
үшін, жайсыз жерден орын теуіп, суыққа жəне жоқшылыққа шыдауға
тура келеді, деді ол.
Бұл уақыттың ішінде римляндердің қолбасшысы Рубаға келді де,
өзінің басты салығын сонда орнатты. Квестор Скрофа бастаған төрт
легионды, оның үстіне көмекші он мың солдат пен бес мың атты
əскерді Андрияға аттандырды. Красстың жоспары бойынша, Скрофа
Венузияға бір жолмен, ал оның өзі екінші жолмен бармақ болды.
Сонымен қатар Красс, Гарганус тауында болған ұрыста қырылған он
мың адамының есесін ішінара болса да, толтыру мақсатымен тағы да
бір легион жасақтап алу үшін Бариумға Брундизиумға жəне сол
жапсардағы қалаларға кісі жіберді.
Претор өзінің жеңісі туралы Сенатқа хат жіберіп, онда бұл жеңістің
маңызын асыра дəріптеді, жүні жығылып, еңсесі түскен гладиаторлар
лукандар жеріне қарай шегінуде, оларды енді екі корпус əскеріммен
қоршап, тарпа бас салуға əзірленудемін деп хабарлады.
Спартак екі күндей тыныққан соң, дұшпан жөнінде мағлұматтар
əкелуге атты əскерін жұмсады, сөйтіп нақты мəліметтер алғаннан
кейін, екі күн өтісімен, түн ішінде тік көтеріле Венузиядан шығып
кетті. Келесі күні жəне түні бойы тынбастан тартып отырып, ойда жоқ
жерде Руба түбінен келіп бір-ақ шықты. Онда келген соң, мықтап
бекініп алды да, солдаттарына дамылдауға бас-аяғы алты сағаттай
ғана уақыт берді. Ал, нақ шаңқай түсте Крассқа тұтқиылдан шабуыл
жасап, үш сағаттық ұрыста, оның легиондарын талқандады да салды.
Бұл ұрыста римляндердің алты мыңы қырылып, үш мыңы тұтқынға
алынды.
Арада сегіз сағат өткен соң, Спартак бетті Метапонтумға түзеді, Руба
жанындағы ұрыста қолға түскен римляндерден екі мың алты жүз
солдатты жол бойы дарға асып отыруды жəне Римнің патриций
тұқымдарына жататындардан төрт жүздей адамды алып жүруді
бұйырды.
Рим басшысының қатыгездік өнегесінен тағылым алған Спартак,
тұтқындарды дарға асқанын жəне бұдан былай да солай істейтінін
Крассқа хабарласын деп, тірі қалғандарының біреуін босатып қоя
берді. Сонымен бірге бұл жас патрицийге Спартактың атынан Крассқа
тірі қалған төрт жүз адаммын, бір жүзіне грек қызы Эвтибиданы
айырбастауды ұсынуды тапсырды. Ол қыздың римляндер лагерінде
жасырынып жүргендігіне Спартак ешбір күмəнданған жоқ.
Төрт күннің ішінде Спартак Метапомтумға барып жетті де, одан
Фурияға тартты. Ол қаланы кие соғып алды да, құлдардан іріктеп жаңа
легиондар құруға бел байлап, сонда бекініп жатып қалды.
Сегіз күн ішінде оған он алты мыңнан аса құл келген еді, Спартак
бұларды жеделдетіп, тез үйретуге күш салды. Бұдан соң өзінің сегіз
легионының əрқайсысынан екі мың адамнан бөліп шығарды, олардан
жаңа төрт легион құрып, сонымен легиондардың жалпы санын он
екіге жеткізді: ал жаңадан келген он алты мың жауынгерлерді теңбетең бөліп, бүкіл он екі легионға таратты. Оның қоластындағы
жауынгерлердің ұзын саны тағы да өсіп, елу алты мың жаяу əскерге
жəне сегіз мың атты əскерге жетті.
XXI ТАРАУ. СПАРТАК ЛУКАНИЯДА. ӨЗ ТОРЫНА ӨЗІ ТҮСКЕН
АУШЫ
— Мирца, сен маған жөніңді айтуға тиіссің, менен екі жыл бойы
осыншалық жасырын келген уайымды сырыңды ашатын уақытың
жетті, Мирца! Мені зəредей де болсын аяйтының рас екен, сұлулығына
сай дегдарлық пен ізгіліктің иесі екенсің, онда бұл сырды маған aшуың
керек. Түсін мені, Мирца, мен сені жан-тəніммен сүйемін!
Криксті жерлегеннен соң жиырма күн өткеннен кейін, Спартактың
шатырының есігі алдында Арторикс осылай деген еді.
Бұл кезде гладиаторлар лагері Луканияда болатын, жаңадан
көптеген құлдар келіп қосылуы себепті, Спартактың жаяу əскерлерінің
саны жетпіс екі мыңға жетті. Ұзын құлаққа қарағанда, Красс жетпіс
сегіз мың римляндер қолымен бұларға қарсы аттанып келе жатты.
Шатырдан шығып келе жатқан Мирцаның алдынан Арторикс
кескестей тұра қалғанда, қыздың үстінде ұзындығы тізеден келетін,
денесіне құйып қойғандай, күмістей жалтыраған болат сауыты бар еді:
аяқтарына темір қоныш, қолына темір жеңдік киіп, сол қолына
дөңгелек, шағын қола қалқан ұстаған: оның əсем белбеуінде кішкентай
семсер асулы тұр, басында— күміс дулыға. Мирцаның бұл қаружарақтары Эвтибиданың қару-жарақтарынан айна-қатесіз еді,
бұларды Равенна түбінде лагері ашып жатқан кезде, ағасы жасатып
берген болатын.
— Бұл не дегенің, Арторикс! — деп ол бозбаланың қиылған
сөздеріне бодау дүрсе қоя берді.
— Не дегені қалай? Мен айтпадым ба саған əлгінде? — деді жігіт
биязы үнмен, қызға елжірей қарап. - Мені сен жек көрмейсің, мұны мен
білемін. Сүйген басқа ешкімің жоқ, бұл жөнінде сан рет ант-су ішкенсің.
Бірақ, менің жалынды махаббатыма жауап беруден ат-тоныңды неге
ала қашасың, неліктен?
— Ал, сен,— деді қыз əсерлі дауыспен,— сен мені несіне тори
бересің? Мұншама неге əурелейсің? Мен еш уақытта да сендік бола
алмаймын, ешуақытта...
— Мен оның себебін білгім келеді? — деді Арторикс бұрынғыдан да
бетер сұрланып,—Бақыттың шыңына шығам деген адам, оның орнына
мехнат зынданына түсіп кетіп бара жатса, мұның неліктен екенін
білуге оның пұрсаты бар емес пе?
Арторикстің бұл сөздері жүрек түкпірінен қайнап шыққандай еді,
бұл сөздердегі сезім мен күштің басымдығы соншалық, Мирца
жеңілгендей мойып қалды, ашналығы да арта түсті.
Қыз көзінен махаббат отының ыстық лебі ескендей...- жігітке
кіршіксіз махаббат сезімімен қарайды.
Бұлардың екеуі де, өнебойлары қалтырай, бір-бірінен көз алмай
қарап, бірнеше минут бойы лəм-мимсіз, сілейіп тұрып қалды. Бірінші
болып, Арторикс тіл қатты:
─ Мирца... Мен қоян жүрек қорқақ емен... Мұны өзің білесің...
Ұрыстарда үнемі алдыңғы сапта боламын, шегіне қалсақ, ең
соңғылардың қатарында жүремін. қауіп-қатер алдында бүгіжектеп
өлімнен қорыққан емен... енді міне, өзің де көріп тұрсың, мен жас
баладай жасымды төгудемін. О, хорсымбатты жан-сəулем? Сені
сүйемін, деші... Сиқырлы көз жанарыңмен бір қарап қуант мені...
Осынау бір бақыт сəулесі көз алдымнан мəңгі-бақи кетпесінші, қишы
осыны маған.
Арторикс Мирцаның қолын ерніне апарып, үсті-үстіне жалындап
сүйе берді, буындары қалтырап, қыз баяу үнмен еріндерін
қыбырлатты:
─ Тимеші маған, Арторикс... кетіп қалшы... Сенің сөздерің басыма...
қандай қайғы салатынын білер ме едің... қандай азап десейші...
─ Егер сенің жылышырайлы жүзіңде жалғандық болса... айт маған...
Тартынба... айт, маған: «Үмітіңді үз, Арторикс, менің сүйгенім бар...» де.
─ Жоқ... Менің сүйгенім жоқ, ешуақытта сүйген де емен,- деді, қыз
жүрегі алып-ұшып,— мен ешқашан да сенен басқа ешкімді сүймек те
емеспін!
- Аһ!..— деді Арторикс жүрегі жарылғандай.— Сен мені сүйеді
екенсің! Жаратушы құдай да нақ мендей қуанышқа бөлене алмасты!
- Аһ, құдай ма! —деді қыз, жігіттің құшағынан босай бере.— Құдай
қуанышқа ие болып қана қоймайды, сонымен оған асып-тасып
мастанады да... ал сені мен біз бір-бірімізді жасырын ғана сүюге душар
болып, махаббат құштарлығын шекер-балдай сүйіспен тарқатуға да
батылымыз бармай, құсамен күн кешеміз...
─ Сонда бізге бөгет жасайтын кім?
─ Бұған бөгет жасаушыны сұрамай-ақ қой, - деді қыз мұңды
дауыспен, - оны іздеп əуре де болма... Екеумізді қосылуға тағдыр
жазбапты... Ауыр... сондай-ақ, қайыспас... қатал тағдыр деген сол...
бұдан əрі ештеме сұрамашы...
Осыны айтты да қыз еңіреп қоя берді.
Сасып қалған Арторикс оны жұбатып, тағы да қолынан сүймек
болды. Бірақ қыз оны сыпайыгершілікпен жеп, сонымен бірге үзілдікесілді:
— Менің қасымнан тез кетіп қал, Арторикс, адал жəне ізгі жан екенін
рас болса, кете гөр,— деді.
Ол басын көтере бере, қасынан өтіп бара жатқан нумидий күңі
Цетулды көрді. Бұл қыз бұдан жиырма күн бұрын, бейпіл сөйлегені
үшін өзінің ханымы тілін кесуге бұйрық берген күні, Тарентумнан
қашып шығып, гладиаторлар лагеріне келген болатын. Көргеннен
кейін Мирцаны өзіне шақырды:
— Цетул! Цетул!
- Ол жігітке тағы да:
— Көрдің бе, анау осында келе жатыр... бүгін жейтін болсаң да, енді
кетерсің, Арторикс,— деді.
Галл оның қолын алып құшырлана сүйді.
─ Не дегенмен де, бұл құпияны сен маған бірде ашатын боласың.
─ Ешқашан да!
Осы сəтте Цетул де Спартактың шатыры алдына келген еді, тəтті
сезімдерге бөленіп, жабырқаңқы көңіл күйі тербеткен Арторикс,
аяқтарын санай басып, преторийде кете барды.
— Барасың ба, ананы Лукания Марсына құрбандыққа шалып
қайталық? — деді Мирца нумидийкаға, шатырдың діңгегіне байлаулы
тұрған ақ тоқтыны нұсқап.
Тағы мінезді ханымы тілін кескен бейбақ күн, басын изеп ризалық
білдірді.
Көп кешікпей екі қыз лагерьдің Акрис өзеніне қараған декуман
қақпасынан сыртқа шықты. Лагерьден бір мильдей ұзақ шыққан соң,
олар Лукания Марсының шеркеуі тұрған кішкентай төбенің басына
шықты. Гректің салты бойынша, Мирца гладиаторлардың қолын
желеп-жебей көр деп, соғыс құдайына құрбандыққа шалуға тоқты
əкелді.
Мирца шеркеуде жүргенде, таңертең барлауға кеткен Спартак та
құйғытқан бойы лагерьге келіп түсті: барлауда жүргенде дұшпанның
сақшыларының үстінен түсіп қалып, жеті римлянді тұтқынға алған
Спартак, олардан Красс өзінің бүкіл қолымен Грументумға беттеп келе
жатқанын естіді.
Арада екі күн өткен соң, шаңқай түсте, претор бүкіл қолымен келді
де, оларды жасантып гладиаторларға қарама-қарсы қойды.
Екі жақтан да дабыл қағылды. Əскерлер түйісіп, сұрапыл қырқыс
басталды. Ұрыс төрт сағаттан аса созылды: екі жақ та теңбе-тең
белдесіп, асқан ерлікпен ұрысты, бірақ күн батуға таяған кезде,
көтерілісшілердің Арторикс бастаған сол қанаты ығыса бастады,
өйткені гладиатор легиондарындағы көптеген жаңа солдаттарда
римляндердің тегеурінін тежеуге тəжірибе жетіспеді.
Aшy қысып, шауып келген Спартак:
Бұған дейін өздерін жеңіп келген римляндер бұны айбатты арыстан
болып, сендер шынымен қорқақ қоянға айналдыңдар ма?..
Гиперборейский Марсы үшін тоқтаңдар!.. Еріңдер маған! Өздеріңнің
жаужүректіліктеріңді көрсетіңдер, сонда біз бұларды бұрын қалай
қуған болсақ, бұл жолы да, тап солай түріп айдап шығамыз! — деп
ақырды.
Осыны айтып, ол қалқанын қаптап келе жатқан жауға қарай
лақтырып жіберіп, сол қолына өлген гладиаторлардың бірінің семсерін
ала сала, гладиаторлар мектебіндегі əдетінше, римляндерге қос
семсермен тиіп кеп берді. Осылайша құйындай ойнап бір айналғандаақ легионерлер баудай түсіп жусап қалып жатты: римляндар сапы
қобалжып, шегіне бастады. Мұны көрген гладиаторлар рухы көтеріліп,
ұрысқа араласты.
Бірақ осы мезетте гладиаторлар қолының орта шені римляндердің
бет қаратқысыз күшті тегеурініне төтеп беpe алмай, ыдырап шегіне
бастады, өйткені Красс кілең Дарий мен Сулланың ветерандарынан
құралған легионын өзі бастап, нақ сол тұсқа əкеліп салған еді.
Спартак орталықтағы əскердің нақ ту сыртында резервте тұрған
аттыларға келді де, оларды он екі сапқа қойып жіберіп, жауынгерлік
екінші шеп құрды: сапы бұзылып қобалжыған легиондар осы шептің
аралықтарымен лагерьге қарай өте аларлықтай болды.
Бірақ бұл да орталық пен сол қанаттағы легиондардың көп шығынға
ұшырап, бейберекет кері шегінуіне ара тұра алмады. Тек Граник
бастаған оң жақ қанат табан тірекен ұрыспен шегініп келе жатты.
Жеңушілердің тегеурінін бөгеу үшін Спартак бастаған атты əскер
долы екпінмен рим когорталарына келіп арласқан еді,
гладиаторлардың аттылары біржолата кескілеп кетпес үшін олар
шұғыл тоқтап, жұбын жазбай топтана қимылдауға мəжбүр болды;
дегенмен аттылардың бұл шабуылы римляндерді кеп шығынға
ұшыратты.
Красс атты əскерін əкеп салмақ болған еді, бірақ түн боп
кеткендіктен ол мұны істей алмады. Екі жақ та ұрысты тоқтатуға
дабыл беріп, армиялар өз лагерьлеріне шегіністі.
Ұрыс аяқталды. Римляндар бес мың адамынан айрылды, ал
гладиаторлардан сегіз мың адам жау қолында қалды.
Спартак түн ішінде Грументумнан жылысып шыға кетті. Бруттар
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 28
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.