Latin Common Turkic

Спартак - 28

Total number of words is 4014
Total number of unique words is 2109
35.3 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жері арқылы Консенцияға өтпек болды
Пандузияға келгенде оны Красстың шапқыншысы қуып жетті.
Эвтибиданы қолға түскен жүз патрицийге айырбастауға бұған дейін
көнбей келген Красс, енді сол жүз патрицийді Грументум жанында өзі
тұтқынға алған мың екі жүз гладиаторға айырбастауды ұсыныпты.
Граникпен, легиондардың бастықтарымен ақылдаса келіп, Спартак
бұл айырбасқа көнді: сөйтіп адамдарды үш күн өткен соң Росцианумде
ауысуды елшімен уағда етісті.
Красстың елшісі аттанып кеткеннен кейінгі жерде, Спартактың рим
қолбасшысы мұны əдейі гладиаторлардың ілгері қарай баруын бөгеп,
сонымен уақыт ұту үшін істеп отыр екен деп ойлауы негізсіз де емес
еді. Сондықтан ол жүз патрицийді, екі мың төрт жүз атты мың жүз
əскердің қолына беріп, Росцианумге жөнелтпек болды. Бұл істі
басқарушы Мамилинге ол мынандай қатал бұйрық берді: жүз римлянді
қашан мың екі жүз гладиаторды қолыңа алған соң барын бер, сонан соң
оларды жетектегі аттарға мінгізіп ала сала, төпеп отырып Темзаға кел,
төрт күн ішінде мен де бүкіл əскермен сонда жететін боламын.
Римляндер тарапынан зəредей болсын жалғандық немесе алдау белгісі
сезіле қалғандай боса, патриций əулетінің мына жүз бөлтірігін сол
apaға қырып тастап, өздерің армияға қайтып келіңдер, тұтқындағы
гладиаторларға не істеймін десе, істей берсін.
Пандузиядан шығып, Темезаға қарай келе жатқан сапарында
Спартак қарулы отрядқа кез болды. Бұл Кай Ганник басын қосып
үйреткен бес мың құлдың отряды екен. Бұдан бұрын Спартакты
ренжітіп кеткеніне қатты өкінген Ганник, өткендегі сол айыбын
дегдарлық ісін жуу үшін көтерілісшілерге осындай қосымша күш
жинап алып келген екен. Ол тəртіпті бұзбасқа ант берді.
Самнит пен оның солдаттарын Спартак бауырмалдықпен
қабылдады: Ганник қайтадан легиондердің біреуінің бастығы болып
белгіленді.
Арада бес күн өткен соң, римляндер тұтқынынан босаған мың екі
жүз гладиаторды алып Мамилий де келіп жетті.
Спартак бүкіл əскердің алдында олардың шымбайына батыра сөз
сөйлеп, өздері тірідей жау қолына түскен гладиаторларды өз өмірлерін
айырбас етумен құтқарып қала беретін жүз патриций үнемі табыла
бермейтіні сияқты сəтті жағдай тап болмағанда бұлардың бəрі жол
бойындағы ағаштарға асылып, қазір Апеннин орманында қарға,
құзғынға жем болып жататынын айтты. Жау қолына түсіп
масқаралықпен дарға асылғанша, қан майданда алысып жүріп өлген
артық, деді ол.
Красс Темезаға келмек болған мерзімнен жиырма күннен аса
кешігіп қалды. Бұл уақыттың ішінде ол Луканиядан, Апулиядан,
Мессапия мен Япигиядан үздіксіз қосымша күштер алып жатты.
Бұл кезде оның армиясы жүз мың адамға жетті. Спартак сол уақытта
Тиррен теңізінде жүрген киликиялық қарақшылармен келіссөз
жүргізді: қарақшылардан əскерімді Сицилияға тасып өткіз, бұл
қызметтерің үшін отыз талант төлейін дегенді айтты; гладиаторлаға
ел талау жөнінде көптеген жала жабылуына қарамастан, олардың
бүкіл қазнасының өзі де осы болатын.
Бірақ, Спартакпен келісіп жəне келіссөз жүргізген Граниктен кепілге
он талант ала тұра, қарақшылар римляндердің кектенуінен қорықса
керек, гладиаторлар кемеге мінбек болған күннің алдындағы түнде
жасырын түрде Темезадан қашып кетті.
Гладиаторлар жағадан ұзап бара жатқан қарақшылар кемесінің
желкеніне қарап тұрғанда, барлаушылар манипуласы Марк Красстың
лагерьге таяп келіп қалғандығы туралы хабар жеткізді.
Гладиаторлар жалма-жан қаруланып, жауынгерлік сапта тұрды.
Дұшпанның легиондары сап түзеп ұрысқа əзірленгенше, Спартак
əскерінің алты легионнан құрылған бірінші шебі римляндерге уытты
шабуыл жасап, олардың сапын бұза, тықсырып əкетті.
Спартак екінші қатарға төрт легионды орналастырды да, оның екі
жақ қанатының ұшын ала төрт мыңнан атты əскер қойды.
Жеңіле қалған күнде барлық əскермен барып, бас сауғалап жəне сол
арада дұшпанға қарсы қайта ұрыс салудың сəтті кезеңін күту үшін,
Спартак Темезаға легион əскер қалдырған-ды.
Əскерді ұрысқа бастамас бұрын, Спартак бірінші саптағы алты
легионның бастықтарына шегіне қалғандай күн болса, екінші шептің
сыртына қарай шегініңдер деп ескерткен болатын.
Шайқас бірнеше сағатқа созылды. Түс еңкейе ұрысқа тың күштер
əкеп салып, өзінің майдан шебін оңға да жəне солға да кеңейте түсті.
Сол шақта, ұрысты басқарып жүрген Гранник, əскердің екі қанатын
жаудың орап əкетуінен сақтау үшін, шегінуге бұйрық берді:
командирлердің қадағалап, жігерлі күш жұмсауы арқасында бұл
шегіну əскер саптарының болар болмас бұзылғаны болмаса, өте тез
жасалды: шегінген бірінші шеп екінші шептің ара-арасымен өтіп, оның
ту сыртына шығып алды.
Гладиаторлар қашты деп ойлап қалған дұшпан оларды соңынан
түре қосылған еді, бірақ гладиаторлардың тұрған екінші шебіне тап
болды, бұлар екінші қарама-қарсы шабуыл жасап қоя бергенде,
римляндар шығынға ұшырай отырып, кері шегінуге мəжбүр болды.
Марк Красс бұларды амалсыздан кері қайтарып ұрысқа жаңа
легиондар жіберуге дабыл қақты да, бұрынғыдан да бетер қатты ұрыс
ашуға бел байлады. Ол бірін оң қанаттан, екіншісін сол қанаттан тағы
да екі легион шығарып, гладиаторлар майданын орап алмақ болды,
бірақ Спартактың атты əскері екі жақтап бірдей қарсы шабуыл жасап,
рим қолбасысының бұл ойын іске асырмай қойды.
Бұл екі арада Граник бастапқы алты легионды жинап, қайтадан
жауынгерлік сапқа тұрғызды, ал Красс өзінің атты əскеріне алға
ұмтылуға бұйрық бергенде Спартак өз əскерінің сапын бұза бастаған
рим легиондарымен қайта ұрысқа əзір тұрған бірінші шептің сыртына
шегінуге мүмкіндік алды.
Сонымен, майданда екі шеп құрып, оларды алма-кезек ұрыстыра
жəне шегіндіре отырып, гладиаторлар кешке таман Темезаның
іргесіне қарай етті, Марк Красс легиондары сан жағынан көп бола тұра,
гладиатордан басым түсе алмады. Енді оған ұрысты тоқтату жөнінде
дабыл қағудан басқа ештеңе қалған жоқ, Темезаны қоршай жатқан
адырдың сілеміне келіп тоқтап, ол өзінің, квесторы Скрофаға:
── Спартакты қарғыс атқан гладиатор, жексұрын гладиатор де,
мейлің, кім десең ол де... Бірақ бұл сұмда ұлы қолбасыға тəн қасиеттер
түгел екенін мойындау керек, - деді.
─ Турасын айту керек қой,— деді Скрофа, мысы құрып,—Спартакты
шын ержүрек, тапқыр, сезсіз үздік қолбасы десе болады.
Жеті сағаттан аса созылған бұл ұрыс осылайша аяқталды. Мұнда
гладиаторлардан алты мың, ал римляндерден жеті мың адам
қырылды.
Алайда Спартак шегініп, Темезаға барып бекінгендіктен Красстың
өзін жеңушімін деп есептеуіне бұл бөгет бола алған жоқ. Ол Сенатқа
соғысты жиырма-отыз күн ішінде аяқтаймын, гладиаторларды қамап
қойдым, енді олар ешқайда құтылып кете де алмайды, деп жазды.
Қаланы айнала алдын ала үлкен орлар қазып тастаған Спартак,
қорғанудың барлық шараларын қолдана берді. Бірақ бұл қыспақтан
құтылып кетудің тəсілін де іштей ойластыруда болатын.
Қала халқының қандай сылтаумен болсын қаладан сыртқа шығуына
ол үзілді-кесілді тиым салды. Қаланың қақпалары мен қорғандарын
гладиаторлар тапжылмастан күзетті.
Бұл əмірден Темеза халқы қатты шошынды: ұзаққа созылатын
қоршаудың ауыртпалығы мен қаупын олар алдын ала сезді, төніп
келген ашаршылық азабы көз алдына елестей бастады.
Қала халқының бұл қорқынышын пайдаланған Спартак қаланың
өкметіне қамау мен аштықтың ауыртпалығынан құтыларлық мынадай
бір ғана жол бар екенін, ол: өздеріндегі барлық үлкенді-кішілі
балықшы барқаларын, кемелер мен қайықтарды тез жинау, қаланың
кеме жасайтын шеберлерін түгел жинап, əскерді Сицилияға өткізетін
кішігірім флот жасау үшін, оларды ағашпен барынша қамтамасыз ету
болып табылатынын айтты.
Темеза халқы бұған көнді, көп кешікпей-ақ, жүздеген жұмысшылар
мен мыңдаған гладиаторлар тізе қосып, теңіз жағасында кіші-гірім
болғанымен, сансыз көп кемелер флотын жасауға кірісті.
Гладиаторлардың бұл сияқты жаңа əрекетінен бейхабар Красс
Фурияға, Метапонтумға, Гераклияға, Тарентум мен Брундизиумға кісі
шаптырып, олардан тезінен қаланың бекініс қорғанын бұзатын
құралдар жеткізуді талап етті. Ол таран, катапульт, баллист
құралдарынсыз қаланы алу ұзаққа созылатынын түсінді.
Темеза түбіндегі ұрыстан кейін бірнеше күн өткен соң, Эвтибида
рим лагерін жапа-жалғыз кезумен жүрді. Бір мезетте оған қала
төңірегіне өтіп, мүмкіндік болғанша, дұшпанның шеткі күзетіне жақын
барып байқайыншы деген ой келді: қала қорғанына баратын саңлау
жоқ па екен, сөйтіп ойламаған жерде қалаға кіріп кетуге əрекет жасап
көрудің жайы қалай болар екен деп үміттенді.
Тарантумда сатып алған екі күніне қоңырқай бояу дайындатып
алды да, Эвтибида сонымен, бетін, қолы мойнын бояды, осыдан соң ол
адам танығысыз болып өзгеріп эфиопиялық əйелге ұқсады да қалды
.Осыдан соң күң киімін киін, жирен шашын жалпақ қара орамалға
бастыра тартып алып, қолына құмыра ұстап, таңға жақын лагерьден
жолға қарай беттеді. Оның төскейінде бұлақ бар болатын.
Қараңғыда ептеп жылыса отырып, дəл бұлақтың тұсынан келіп
шыққан жалған эфиопиялық əйел, болар-болмас сыбыр сөздер мен
қалқанға тиген бірнеше семсердің сатырын есітті. Ол осы бұлақтың
басында, дəуде болса, гладиатордың кагортасы күзетте тұр екен, деп
түсінді. Сондықтан солға қарай бұрылды да, жер жағдайымен танысу
үшін жонды бауырлай жүрді.
Жарты мильдей жер жүрген соң, Эвтибида қарауытқан қалың
ағаштардың арасынан бір үйдің төбесін көрді. Байқастай келе мұның
шеркеу екенін аңғарды.
Ол тоқтай қалып, сəл ойланды да, сонан соң аяқтарын тездете
басып, шеркеуге тура тартты, оның ойынша қала қорғанына недəуір
шеткері тұрған бұл үйде гладиаторлардың болуы мүмкін емес еді.
Көлемі шағын болғанымен, бұл дори үлгісімен сом мрамордан
салынған өте əсем шеркеу екен. Эвтибида Геркулес Оливарийға
арналған шеркеуде гладиаторлардың күзеті жоқ екенін білген соң,
ішіне кірмек болды.
Шеркеу іші бос екен, Эвтибида одан енді кете берем дегенде,
қазіретше киінген бір шалды көрді: ойға шомған қарт құрбандық
сəкісінің, жанында тұр, оның алдында қолына шынардан шоқпар
ұстаған Геркулестің мрамор статуясы көрінеді.
Грек қызы қазіреттің жанына келіп, шала-шарпы латын тілінде
былдырақтатып: соғысушылар жақындап келгенде, осы мандаты
сайлардың біріне барып жасырынған жергілікті егіншінің күңі едім, ол
арада бір ұрттам су жоқ болған соң, осы шеркеуден су алғалы келіп
едім, деді.
Қазірет Эвтибиданы суға бастап келе жатып, онымен қазіргі
соғыстың салдары туралы, əсіресе халықтардың өркендеуінің бірденбір қайнар бұлағы — діннің беделі түсіп бара жатқаны жайында əңгіме
қозғады. Прэдарлық, құдайға құлшылық егу бағы заманғы
итальяндарға тəн ерекше бір қасиет болған еді, сондықтан да құдайым
олардан бар жақсылығын аямай, əрдайым шылауына алып, желепжебеп келген екен, енді міне, бұл заманда эпикуризм тарап, құдай
жолынан таюшылық, қазіретті тəлкектеу əдет болып кетті, сондықтан
да осы сияқты дозақылықтар үшін назаланған тəңірі өзінің орнында
жəне зілді қаһарын аямай төгіп отырған жоқ па, Италияны қайғықасіретке бөктірген соңғы жылдардың ішіндегі жанжалдар мен
соғыстардың бəрі де — алланың қаһарлы ашуының нышаны екені
шексіз.
Шал өге-мөте қоршаудың ауыр салдарын, Темезадан ешқайда
шығармай қойғанын айтып қатты кейіді: бірде-бір жан құдайы садақа
əкелуден қалды, басы ашық құшыр-зекетін беруге жұрттың мұршасын
келтірмей қойды. Шалдың бұл үшін неліктен қайғыратыны түсінікті
де: Геркулеске садақа беру əрқашан сауық-думан болып ететін де,
құдайы, зекет қазіреттерге қалатын ғой.
Қысқасы, барлық замандардың, барлық діндердің, барлық
халықтардың діни-ғұрып жолындағы адамдары сияқты, Геркулес
шеркеуінің қазіреті де алданған жəне топас адамдардың дінге деген
ынтасын олардың храмға əкелетін құдайыларының саны мен сапасына
қарап бағалайтын.
— Лукандар мен брунтардың осынау жалпақ өңірі төбесіне іштерген
Геркулес Оливарий шеркеуінің есігінен бірде-бір пəнде қарамағалы,
міне нақ жиырма күн болады,— деді қазірет, ауыр күрсініп.
— Жарайды, мен өзімнің қожайыныма қора-қопсық мал-дəулетін
пəле қаладан қақас болу үшін осында келіп. Геркулес Оливарийдің
аруағына құрбандық шал немесе зекет бер деп айтайын,— деді күң
латын тілінде былдырақтап, құдай жолына берілген момақан жапсын.
— Пəле-жаладан сені Геркулес сақтасын, қызым, дей сала қазірет
тағы да былай деді: — алланы хақ дін білушілік көбінесе əйелдің
жүрегінен табылады. Мен əлгінде ғана саған соңғы жиырма күн ішінде
біздің құдайға құрбандық бере бір де бір жан келмеді деген едім ғой.
Мұным ағаттау екен, неге десеңіз гладиаторлар лагерінен бір қыз
құрбандық шала осында екі рет келді, өзі құдай деген, нағыз инабатты
бала екен.
Мұны естігенде қуанышы қойнына симаған Эвтибиданың көздері
оттай жайнап, өнебойы шымыр-шымыр етті.
— Апырай, ə! — деді Эвтибида, қуанышын сездірмеуге тырысып.—
Жаудың лагерінен бір кеп келіп кетті дедің бе?
— Ия, үстінде сауыт-сайманы, белінде семсері бар қыз, екі ретінде
де оның жанына сен сияқты бір негр қызы еріп келді... бірақ өзі мылқау
екен, бейбақ ханымы тілін кестіріп тастапты.
Эвтибида бұған қасақана тітіркенген болды да, аз oйланған соң,
бейхабар, жай адамсып:
— Көрдің бе жау екеш... жау да құдіреті күшті тəңірге ғибрат етеді...
Айтпақшы, мен мұнда ертең... таңға жаңын тағы да келемін... өйткені
мен гладиаторлардан қорқамын... жеңімпаз Геркулес Оливарийге
құдайы беруге қожайынымды көндіре алмасам, мұнда өзімнің теңгетебенімді əкелемін,— деді.
Қазірет мұнысы үшін қызды мақтап, саған Геркулестің шапағаты
тиеді деді, ал қоштасқан жерде оған көзге түспей кетуі үшін, елеусіз
бұқпантайлы соқпақты мезгеді.
Опасыз грек қызының қуанышында шек жоқ еді, ол өзіне
ойлағанынан да гөрі жақсы серік тапты. Қазіреттің тұрлаусыздығы,
обырлығы көрініп-ақ тұр: оны оп-оңай сағып алуға болатындай жəне
оның көмегімен бəлки, қаланың қорғанына өтуге бір астыртын саңлау
табылып қалуы да ықтимал. Тым болмағанда,— оның жүрегін аттай
тулатқан да нақ осы болатын,— бұл қазіреттің арқасында ол,
Спартактың қарындасын өлтіріп, оның басына арылмас қайғы салатын
болды.
Грек қызы келесі түні бір қозы, екі торай, аппақ қардай төрт кептер
алып, тағы да лагерьден шықты, ол қазірет көрсеткен соқпақпен
жоғары өрлей отырып, Геркулес шеркеуіне келді. Қазірет есік ашып,
байғұс күңнің əкелген тартуларын алды.
Келесі бес-алты күн бойы Геркулес шеркеуіне серуендеп келе жүріп,
Эвтибида Аий Стендидийден (қазіретті осылай деп атайтын) саумалап
сыр тартумен болды жəне өз ойындағы ұсынысын оған қабылдату
əрекетін жүргізді.
Ақырында, ол өзінің күң емес, римляндердің қызметіндегі адам
екенін мойындап, егер қызметтері жақса, Красс бұған жəне басқа
қазіреттерге де зор сыйлық беретінін айтты. Оларға қойылатын талап:
тек қалаға тұтқиылдан шабуыл жасау үшін қорғанның ең бір осал
жерін көрсетіп берсе болғаны.
Осындай əңгімеге алдын ала əзірленген қазірет, а деген бетте бұған
түсінбей таң-тамаша қалған адам бола кетті.
— Сөйтіп, сен эфиопиялық күң емес болдың ғой? Римляндердің
мүддесін көздеуші... грек қызы едім дедің бе?. Қулыққа тым шебер
екенсің!
Бұл соғыс айласы...
— Мен сені кінəлайын деп отырғаным жоқ. Құдай жолынан
жазбаумен даңқы шыққан римляндердің ісіне құдіреті күшті тəңірім
жар. Геркулестің қазіреттері, біздің құдайымыздың шын берілген
құлдары оның құрметіне өз қалаларында алты бірдей тамаша зəулім
шеркеу соқтырған римляндерді жақтауға тиіс.
— Демек, сен Красстың ойға алған ісін жүзеге асыруға көмектесесің
бе? — деп сұрады грек қызы қуанып.
— Қолымнан не келсе... соның бəрін де істеуге тырысып көрейін,—
деді қазірет.
Бұлар айтқанша-ақ тез келісті. Қалаға енуге əрекеттенумен қазірет
өзінің зор қауіпке ұшырайтынын, бірақ сонда да, онда əлде қандай бір
елеусіз сылтаумен баратынын айтты. Оның қолдар деп сенгені Мирца
еді: ол күмбезге қалай келді, солай қазірет онымен бірге қалаға
барады. Бұдан қос қазірет жарлауыт тепсенді басып өтіп, қала
қорғанының құлап жатқан бір осал жеріне алып баратын жалғызаяқ
жол бар екенін жəне сол арадан, гладиаторлар оны бекітіп тастаған
күннің өзінде де, қалаға оп-оңай лап қоя енуге болатынын баяндады.
Эвтибида қазіретке, іс орнынан шыға қалған күнде, Красс бересі мол
сыйлықтың есебінен он талант бере тұруды уəде етті.
Келесі түні бетіндегі қара қошқыл бояуын əрең жуып кетірген
Эвтибида, əскери киімін киіп, Геркулес шеркеуіне келген еді, бірақ Аий
Стендидийді кездестіре алмады: Мирцаның сол күні күндіз Геркулеске
құдайы бере келгенін, Аий Стендидийдің сонымен еріп қалаға кеткенін
сондағы басқа қазіреттерден естіді.
Үміт пен қорқыныш тартысында жүрегі тайдай тулап, қобалжыған
Эвтибида күмбезге бекініп отырып, қазіреттің қайтып келуін күні
бойы сарғая күтті. Кешке жақын қайтып оралған қазірет қорғанның
құлаған жерін Спартактың қайта қалатып қойғанын айтты. Көреген
қолбасы болғандықтан ол қорған біткеннің бəрін əлдеқашан зерттеп
көріп, осал жерлерін тас табандатып бекітіп тастаған екен.
Қазіреттің бұл хабарын естіп, Эвтибида қатты ренжіді. Тұлданып
Спартактың көреген сақтығын қарғап-сілеумен болды.
Ойға шомып ұзақ отырғаннан кейін бір мезетте қазіреттен:
— Гладиатордың қарындасы Мирца, мұнда енді қашан келер екен?
— деп сұрады.
— Нақты... біле алмадым,— деп сүлесоқтау жауап берді қазірет,—
бүрсігүні... Геркулестің құрметіне өткізілетін антимахия күні, келуге
ықтимал, бұл мереке кезінде, əйел киімін киіп алып, Қос аралынан
қашуын есте қалдыру үшін біздің құдайға сыйлыққа, əдетте, əйел
киімдері əкелінеді. Фракиялықтың қарындасы маған көтерілісші
құлдардың, əсіресе, өз ағасының мерейі үстем болуы үшін бүрсігүні
келіп құдайдан рақым тілеп, құдайы берермін деген-ді!
— Юпитер-ай, əділсің-ау! Геркулес, сен де əділ екенсің ғой! Олимптің
ұлы құдайлары, сендер қандай əділ едіңдер! — деді грек қызы, назалы
қуанышпен көкке қарап.— Мен енді бұған дейінгіден де аяусыз кек
аламын. Бұл нағыз қанды кек болады.
— Сенің бұл айтып тұрғаның қандай кек? — деп сұрады қазірет
таңырқаған пішінмен.— Кек қууды тəңірі ұнатпайтынын жəне оған
рақманын салмайтынын білмейтін бе едің?..
— Солай ғой, бірақ ол кек намысқа тиіп қорлаудан пайда болса, ол
қорлау ешбір жазықсыз жасалса ше...
О, онда кек қууды тамұқтың құдайлары да мақұлдап, қолдайтыны
анық,— деді Эвтибида. Ол сабы асыл тастармен əшекейленген
кішкентай семсері асулы тұрған иығындағы жуантық алтын
шынжырын ағытты да, бəрін де Стендидийге ұстата берді.
— Əділетті кек алу,— деді ол тағы да, қазірет қолына тиген мол
сыйлыққа сұғына қарап жатқан тақта,— көк тəңірісінің өзіне де жат
нəрсе емес. Солай емес пе, Стендидий?
— Əлбетте... əділетті кек болған соң.... жазықсыз қорлап тұрса,—
деді анау жұлып алғандай, жəне осы кек алу құдай қуанышы
делінбейтін бе еді, бір кезде?
Эвтибида көз орнына баданадай екі гауһар тас салынған кішкентай
алтын жыланмен төбесі жұрындала көмкерілген күміс дулығасын
басынан шешіп алды да, оны да қазіретке ұсынды.
Қымбат бағалы бұл жаңа сыйлықты қазірет тағы да сұғына, ішіпжей қарап жатқанда, Эвтибида сөз аяғын сабақтай түсті:
— Бұл азын-аулақ заттарымды жеңімпаз Геркулеске ұсынамын, ал
ертең жеңімпаз Геркулеске... тағы да он талант əкелемін. — Ол
төмендегі мына сөздерді əдейілеп нақтап айтты:— Мен мұны оның
қазіреті, сен кек алуыма көмектеседі деп əкелемін.
— Кастор мен Поллукс куə! — деді қазірет...— Əділетті кек
болғаннан кейін не сөз бар оған, əлбетте, менің саған көмектесуім
керек! Прозерпина скипетрі куə!
— Сен ертең түнде сақадай екі жауынгерді осында жасырып қоюың
керек.
— Осында?.. шеркеудің ішіне ме?.. Құдіреті күшті Геркулестің
шарапатты орнын былғатып па? Егер сенің екі жауынгеріңді бұл
арадан зəулім шайтан тауып ала қалған күнде, гладиаторлар мені асып
өлтірсін дейсің ғой? — деп қазірет екі адым кері шегініп кетті.
— Сенің кек алуыңа көмектесем, деп əлгінде ғана өзің айтпадың ба,
— деді Эвтибида.
— Қой, мен... өз құдайымның шеркеуіне келгенде... Оны, Мирцаны...
өлтіре алмаймын... Бұл қазіретке құдай қоспаған іс... Егер əңгіме оны
ұстап тұтқынға алып... сонан соң саған беріп жіберу туралы болса, ол
бірсəрі...
Эвтибиданың жайнаған көкшіл көздері түнере шатынап, жүзінде
əлде қалай бір жұмбақты күлкі нышаны көрініп кеткендей болды.
— Ия, өзі де солай,— деп ол дауыстап жіберді. - Тұтқындап... менің
қолыма бересің... өйткені... Спартак қарындасының орнына өз басын
қимаған күнде, Мирцаны мен өз қолыммен өлтірмекпін!
— Сен оған не істейсің... онда менің жұмысым жоқ... Тек айтып
қойғаным, қанды қылмысқа мен қол сұқпайтын боламын... Кісі өлтіруге
қатыспаймын,— деді қазірет жампарсып.— Мен сенің сенімді
жауынгерлеріңе жасырынатын жерін көрсетейін... Осы арадан алыс та
емес... нақ жолдың жиегіндегі ағаштың іші, өзі де тіпті нақ осындай іс
үшін жаралғандай десе болғандай.
— Ол араға Мирца соқпай кетіп жүрмес пе екен?
— Ол ағаш, бұлбұл торғайларды торға түсіруге бейімделіп, əдейі
егілгендей деген жоқпын ба, мен саған...
— Қойшы, енді, жарайды... сенің айтқаның-ақ, болсыншы... Сен-ақ
дегеніңе жет,— деді қыз мысқылмен, сөйтті де іле-шала:
— Маған бір тамаша ой келіп тұр,— деді.
— Ол қандай ой?
— Сен өзіңнің екі жолдасыңа, қазіреттерге ештеме демей-ақ,
менімен бірге ылдиға түсіп жылы-жұмсақты дастарқан басына
отырсаң деймін... Геркулес Оливарийдің қазіреті болғандықтан ғана
емес, сонымен бірге адал адам жəне нағыз азамат екенін үшін де, саған
сондай бір ерекше құрмет көрсеткім келеді.
— Құдая тоба!—деді қазірет қасақана шамданғансып.— Демек,
маған сенбегенің ғой?
— Жоқ, бұл сенбегендік емес... өз арам ойымның азабына
шыдамағандық...
— Бірақ, біле алмай тұрғаным, оның жөнінің қалай боларын...
— Сенімен еріп баруымның жөні бар ма дейсің ғой?!
Əбден бар. Айтылмыш он бес талантты осында алып келуіме
көмектесуің қажет... Айтпақшы, алғашта он талант деген едім-ау?
— Он бес, он бес деген болатынсың!—деп бастырмалата жөнелді
қазірет.
— Алда-жалда мен тіпті он деген-ақ болайыншы сонда да оным қате
айтылған... өйткені мен өзімнің кегім үшін құдайға он бес талант
айтамын! Жүр менімен бірге, адал ниетті Стендидий, бүгінгі күн сенің
есіңнен қалғысыз күн болады.
Қазірет Эвтибиданың дулығасы мен семсерін қалтарыстау жерге
тықты да, оған еріп римляндердің лагеріне беттеді.
Марк Красс грек қызы жалғыз немесе өзінің қалауы бойынша
қасына кісі ертіп алып, лагерьге емін-еркін келіп-кетіп жүруіне бөгет
болмас үшін, оған мейлінше сенген еді.
Лагерьге келген соң, Эвтибида Стендидийге мол қонақасы берді,
қазірет те тамаша шараптың сегіз немесе он керсенін бірдей құлатып,
куртизанканың өзіне сенбегендігінен пайда болған шерді сонымен
басты.
Бұл уақытта грек қызы өзіне сенімді Ксенократты шақырып алды
да, онымен əлде не жайында сыбырласып сөйлесіп жатты.
Түн ортасы кезінде, Эвтибида басына болат дулығасын киіп,
қылшылдаған кішкентай семсері байлаулы белдікті оң иығынан асыра
асынды да, мастықтан буынын баса алмай, тəлтіректеген қазіретті
ертіп алып, лагерьден шықты.
Эвтибида мен Аий Стендидийдің, соңынан бірнеше қадамдай
кейінде Марк Лициний Красстың мұздай қару-жарақтанған
каппадокиялық екі құлы келе жатты.
Бұлар əзірше Геркулес Оливарийдің шеркеуіне қарай аяңдай
тұрсын, бұл екі ортада біз Спартак үш күннен бері көп кемелі
флотилия əзірлеп жатқан Темезаға көз жіберейік. Он бес мың
гладиаторды арғы бетке өткізу үшін ол түннің болуын күтуде еді,
өйткені одан-бұдан жиналған кемелер адамды көптеп мінгізуді
көтермейтін болды.
Аспанды қоюлана торлай түскен қара бұлттың тасасынан күні бойы
шыға алмай қойған күн батысымен-ақ, Спартак жағада тұрған үш
легионға қос-қолаңды ақырын жинап, кемеге түсуге бұйырды: бұдан
соң Граникке тиісті нұсқаулар берді де, ымырт жабыла бере-ақ жүзуге
бұйрық берді.
Гладиаторлардың флотилиясы ашық теңізге қарай бет қойып,
Темезадан шықты.
Бірақ, Африка жағалауларынан соққан қатты жел теңізшілердің
қисапсыз күш жұмсауына қарамастан, оларды Сицилияға қарай
бастырмай қойды.
Гладиаторлар жан сала есіп, аз да болса бірнеше мильдей алға
басты, бірақ бұрынғыдан бетер теңіз тулап, толқын күшейіп кеткен
соң, Граник жағаға бұрылды да, он бес мың гладиаторды Никотера
тұсындағы иесіз жағаға түсірді. Бұл арадан оларды дереу тау ішіне
алып кетті де, центурион бастаған он солдатты жеңіл кемеге мінгізіп,
Спартакқа хабар жеткізуге жұмсады.
Қазірет пен Эвтибида Геркулес Оливарий шеркеуіне жақындай
бере, каппадокиялық құлдарды қаладан шығып, шеркеуге келетін
жолдың жиегіндегі емен ағаштары ішіне қалдырып кетті. Осы ағашқа
жақын тұрған виллаға гладиаторлардың ең бергі шеткі күзеті
орналасқан болатын. Каппадокиялық құлдардың құлағына анда-санда,
өздеріне қарай жел екілене соққан мезетте, дүрсіл жəне сыбырласқан
дыбыстар шалынып қояды.
— Ей, Ерцидан,— деді құлдың бірі екіншісіне өз тілдерінде
сыбырлай,— сөйтіп, тотыдай таранған жас қызды тірідей қолға
түсірудің барлық шарасын қолданып бағу керек.
— Əлбетте, Аскубарий,— деді Ерцидан оған,— сəті түсе қалса.
— Мен де солай дедім ғой... сəті түсе қалса деймін.
— Өйткені шынын айтқанда, ол қыз семсермен немесе қанжарымен
қорғанатын болса, мен оны екі-ақ ұрып серейтемін: гладиаторлардың
сыбырласқан дыбыстарын осы арадан естіп отырғанымыз мынау, егер
ол бақырауық қыз аттан салса, олар естіп қоймай ма?
— Əрине, естіп қояды да, бізге тап береді... біткеніміз де, онда.
— Юпитерге аян, сенікі рас... солай бола ма деп мен де қауіптенемін.
Бұдан соң екеуі ауыр ойға шомып, үн-түнсіз қалды.
Бір мезгілде олар жел тербеген жапырақтардың сыбдыры ішінде,
бұталардың арасында келе жатқан əлде кімнің тысырын естіді.
— Кімсің? — деп сұрады Аскубарий, төмен үнді дауыспен семсерін
қынабынан суыра беріп.
— Кімсің?—деді Ерцидан да жолдасымен қосарлана.
— Шығарма, үндеріңді!—деді əйел даусы.— Бұл мен, Эвтибидамын...
Төңіректі шолып келемін... Арт жақтарыңда не болып жатқанына
алаңдамай, жолды бағыңдар. —Осыны айтты да, грек қызы қалың
бұталардың арасына еніп кетті.
Аскубарий мен Ерцидан көпке дейін үн шығармастан жатты,
ақырында, Аскубарий жолдасына сыбырлап тіл қатты:
— Ерцидан!
— Немене!
— Жон теріміз сыпырылмасын десек, осы істен масқара болмай,
аман құтылудың жолын ойластыру керек.
— Өте дұрыс! Сен оның тəсілін тапқан боларсың?
— Зады.
— Айтсайшы тезірек!
— Кішкентай ару таянып келе берген шақта, екеуміз де
садағымызды қатар кезеп, он екі немесе он бес қадамдай жерден
біріміз өндіршекті, екіншіміз нақ жүректі мезгеп екі оқты бірден
тартамыз... Сонда оның дыбыс шығара алмасына мен кепіл. Мұныма не
дейсің?
— Табылған ақыл, Аскубарий! Мұның дұрыс.
— Ал анаған, өзіміздің қызға, қарсылық жасады дей саламыз.
— Дұрыс-ақ!
— Осылай болсын ба?
— Болсын!
Каппадокиялықтардың екеуі де садақтарын серт ұстап, зəредей
болсын сыбысқа құлақтарын түре, үн-түнсіз, тұяқ серіппестен тұр.
Эвтибида айналаны тынымсыз кезіп, таңның атуын дағаты қалмай
құштарлана күтумен жүрді. Бір сағат оған бір ғасырдай көрінді. Ол сан
рет орманның шетіне дейін, тіпті гладиаторлардың алдыңғы күзетіне
дейін барып, қайтумен болды.
Бір мезетте ол түні бойы соққан қатты желдің біртіндей баяулап
барып тынғанын аңғарды. Көкжиекке, Апеннин тауының жоталарына
көз жіберіп, ондағы шоғырланған бұлттардың сарғыштана бастауын
таң белгісі деп ұқты да, көңлі тыным тапқандай бір күрсініп қойды.
Сол мезетте, Эвтибида виллаға баратын жолдың бойына шығып,
ептеп гладиаторлардың алдыңғы күзетіне қарай жүрді, бірақ екі жүз
қадамдай жүрмей-ақ.
— Бұл кім? — деп күж еткен күңгірт дауысты естіп, кілт тоқтады.
Бұл таң атқанша айналаны шолмақ болып, алдыңғы күзеттен
шыққан гладиаторлардың сақшысы еді.
Эвтибида лəм-мим деп жауап қатпады. Жалт бұрылып орманға
қарай жүгіре жөнелді.
Жауап ала алмаған соң, күзетші де оның соңынан тұра қуды.
Қашқан қыз, оны қуған сақшы тоғайдың шетін ала жасырынып,
садақтарын кезеп тұрған каппадокиялық екі құлға айтқанша-ақ
жақындап келіп қалды.
— Естимісің дүрсілді? — деп сұрады Аскубарий Ерциданнан.
— Естіп тұрмын.
─ Əзір бол.
— Мен əзірмін.
Таңның алғашқы құланиек сəулесі қою қараңғылықты ыдырата
бастаған еді, сондықтан екі құл өздеріне жақындап келіп қалған
кішкентай жауынгерді көріп тұр. Бірақ оның жүзін ажырата қою қиын.
— Мынау соның нақ өзі болды...— деді естілер-естілмес дауыспен,
Аскубарий қасындағы жолдасына.
— Солай болды... үстінде кіреукелі туникасы... басында дулығасы
бар... жəне өзінің бойы да жатаған... шүбə жоқ, бұл əйел.
— Сол ғой... соның дəл өзі...
Кезеніп-кезеніп тұра қалған каппадокиялықтардың екеуі де садақты
бірден тартты. Зулай ұшып оқтардың бірі Эвтибиданың мойнына,
екіншісі күміс сауытты жарып өтіп, дəл кеудесіне барып қадала кетті.
Шыңғырған ащы дауыс естілді. Аскубарий мен Ерцидан жүгіріп
келіп қалған бір топ адамның дүрсілін естіді.
— Қаруларыңа ұмтылыңдар! —деген қатты дауыс та шығып қалды.
Сонша болған жоқ, екі құл рим лагеріне қарай зытып берді, ал
барлаушылар: декан мен төрт гладиатор тілі орамға келмей, ыңырана
қорқырап жатқан Эвтибиданың жанына келіп тұра қалды.
Гладиаторлар Эвтибиданы жолдың жиегіне алып шығып, бір емен
ағашқа сүйеді де, оның басындағы дулығасын шешті. Иығына төгілген
жирен шашын көріп, таңырқап:
— Əйел ғой! — деп шу ете қалды.
Барлаушылар əйелдің өлер алдындағы қансыз қалған жүзін айқын
көрмекші болып, үңіле бере-ақ оның кім екенін тани кетті.
— Эвтибида ғой?..
Нақ сол мезетте, гладиаторлардың манипуласы да емен жанына
жақын келіп, жаралы адамды қоршап тұра қалды.
— Бұл қыз жараланған екен, демек, онда жаралаушы біреулер бар
болды ғой,— деді центурион.— Мұны өлтірушілер ұзай қойған жоқ,
елу жауынгер барыңдар да, ұстап əкеліңдер.
Елу гладиатор Геркулес Оливарийдің шеркеуіне қарай ұмтылды.
Қалғандары өлім аузында жатқан қызды ортаға алып, өздеріне
қисапсыз көп зиян шектірген, бұл бақытсыз жанның жан таласына
лəм-мимсіз тұнжырап қараумен тұр.
Жүзі қуарып, көзін бір ашып, бір жұмған куртизанка жанталаста
басын бұлғаңдатып, бір нəрсе ойына келгендей, ышқынып аузын
əлсін-əлі малжаңдатып қояды.
— Эвтибида! Екі жүзді сұрқия! - деді аз тым-тырыстан соң
центурион қаһарлы дауыспен.— Бұл арада мезгілсіз уақытта не
істемек болып жүрді екенсің? Сені жаралаған кім екен? Менің
ешнəрсеге көзім жетпейді... Бірақ сенің тарапыңнан тағы да бір
жауыздық əрекет тасалғаны, ақырында сенің өзің сол əрекеттің қапыда
құрбаны болғаныңды сезіп те тұрмын.
Еріндері көгеріп кеткен Эвтибида, қатты бір ыңыранды да,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 29
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.