Latin Common Turkic

Спартак - 22

Total number of words is 3927
Total number of unique words is 2157
33.3 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
53.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Мен бе?.. Не дедің сен?..— деп күмілжіді сасып қалған Лафрений,
ені қу шүберектей болып.
— Кеше Азеллион станциясындағы құдық басында тұрып, мен бəрін
де естідім, мен бəрін де білемін қара ниетті жетесіз сұм. Алғаш
кездескен қалада сені тұтқындауды бұйырамын.
Лафрений атының басын кілт іркіп алды, Рутилий де тоқтай қалды.
— Мен ешнəрсені де мойындамақ емеспін,— деді босап шыққан
адам, зілмен,— өйткені мен өлімнен қорықпаймын.
— Креске керуден де қорықпаймысың?
— Одан да қорықпаймын... Мен бас сауғалауды да білемін.
— Ал, сонда қалай
таңырқаған кісі болып.
сауғаламақсын?—деп
сұрады
Рутилий
— Сен сияқты хабар жеткізушіні өлтірумен сауғалаймын! — деп
ақыра қоя берді Лафрений, аткежімнің астына тыққан келтек, темір
шоқпарын суырып алып. Бірақ ол атын тебіне Рутилийге ұмтылғанда
анау қарқылдап:
— О, туысқан сауға!.. Тұрақтылық жəне...— деп күліп қоя берді.
Лафрений оң қолындағы шоқпарын жоғары көтерген бойында
атының басын тартып тұра қалды.
— Жəне?..— деп сұрады Рутилий Лафренийден парольдің жауап
бөлімін айтуды талап етіп:
— Жəне... жеңіс! — деп міңгірледі ол, əлі де болса ақыл сабасына
түсе қоймағандай.
Сол уақытта Рутилий оған қолын ұсынып, оң қолының сұқ
саусағымен ананың сол алақанына үш дүркін түртіп, өзінің кім екенін
білдірді; ал, өз басы қасындағы сапарлас жолдасын езілгендер
одағының мүшесі деп түсінді де, ол жөнінде ешқандай бөтен ойда
болған жоқ.
Түн болды.
Құшақтасып табысқан аттылар біріне бірі бастан кешкендерін
айтып, үзеңгілес келеді.
− Еркіндікте туған менің, − деді Рутилий, − ланистаға өзімді
гладиаторлыққа қалай сатқанымды айтсам, сен қайран қалар едің; мен
туғаннан ақ молшылыққа бұла болып өстім. Дыр думан ішкілікпен
шұғылданып, дүниені судай шашумен жүргенде, əкем өзінің бар
дəулетін құмар ойнап ұттырды. Жасым жиырма екіге келгенде, ол
қайтыс болды; əкеден қалған барлы жоқтың бəрі борышқа кетті де,
шешеміз екеуміз тентіреп қайыршылық күйге түстік. Жоқшылық
менің өз басымды қорқыта алған жоқ, бірақ уайымым шешем болды.
Бұрынғы ескі қордың жұқанасы – он екі – он бес мың сестерцияны
қосып, байғұс анамды өле-өлгенше кемтарлық көрместей тұрмыспен
қамтамасыз еттім...өз басымның бостандығын сатуыма тек осы ғана
себеп болған еді, енді міне, сегіз жыл бойы ауыр азаптар мен қауіп
қатерлерді бастан кешіріп келгеннен кейінгі жерде сол бостандыққа
қайта ие болу жолына басты тігіп жүргенім.
Соңғы сөздерді айтқанда Рутилийдің көңілі босап, даусы қалтырап
шықты да, өңі қашқан бозарыңқы жүзін жас жауып қоя берді.
Аттылардың екеуі де бірсыпыра уақытқа дейін тым тырыс жүріп
келе жатты. Жаңа туған ай сəулесімен жол үстіне түскен ағаш
көлеңкесінен үрікті білем, бір мезетте Лафренийдің аты осқырына
қарғыған бетінде бетінде жол жиегіндегі орға барып құлады.
Лафренийдің даусын ести сала Рутилий атын бір бұтаға байлай
тастап орға құлаған досына көмектесуге ұмтылды. Алайда, істің жайкүйін біліп үлгіре алмаған Рутилий, жотасынан келіп соққы тигенін
бір-ақ сезді. Рутилий құлап түсті, ұрғанның кім екенін біле алмай
жанталасып жүргенде, екінші соққы оның иығынан келіп тағы тиді.
Екіжүзді адамның құрған торына түскенін сонда білген Рутилий
туникасының ішіндегі қанжарын суырып алып, жауына тап беріп:
− Жексұрын, екіжүзді қарақшы! Бетпе бет ашық шайқасқа батылың
бармас еді ау! – деп ақырды.
Осыны айтты да ол Лафренийдің кеудесіне қанжарын салып кеп
қалды. Бірақ анау туникасының ішінен сауыт киген еді. Осының
соңынан өлімші болып жараланған Рутилий мен еш жеріне дақ түспесе
де, өзінің дұшпанының ерлігінен ығып қалтыраған Лафренийдің
арасында аз уақытқа созылған жан талас қырқыс басталды: айқай,
ыңырсу, қарғап-сілеген сөздер естіледі.
Бір минуттай уақыттан соң əлдекімнің денесінің күрс етіп құлағаны
естілді.
Осыдан соң меңіреу тыныштық бола қалды.
Демнің біткен-бітпегенін анықтап білу үшін Лафрений жүгініп
отыра қалып, өлі дененің кеудесіне құлағын төсеп тыңдады; сонан соң
орнынан тұрып жол үстіне шықты да, əлжуаз үнмен əлденелерді
айтып күбірлей түсіп, Рутидийдің атына қарай жүрді.
− Геркулес сақтай гөр! − деді ол ышқынып, есінен танып бара
жатқанын сезген соң...—Бұл не ғажап?..
Ол теңселіп кетті.
— Мына бір жерім əкетіп барады...— деп күбірледі ол əлжуаз үнмен,
сөйтіп оң қолын маңдайына қарай апарды да, ыстық қанға былш еткен
соң қайта тартып алды.
— О, құдайларға тəуба!.. Тұла бойымда сауыт жаппаған жерім осы
ғана еді... ол нақ сол арадан салған екен ғой.
Ол тағы да бір теңселіп барып, қызыл қанға боялған күйі құлап түсті,
Рутилий оның күре тамырын қиып жіберген еді.
Сөйтіп, елсіз-күнсіз жол үстінде, меңіреу түн құшағында,
Эвтибиданың кек алу жолына жұмсаған жексұрын қолшоқпары
Лафрений аталмыш адам ауыр азапты жанталас үстінде өзінің ақтық
демін бітірді. Одан бірнеше қадамдай жерде, сегіз жерден жаралы
болған байғұс Рутилийдің өлігі жатты.
XVII ТАРАУ. АРТОРИКС СИҚЫРШЫ
682 жылдың январь календарлары алдындағы он төртінші күні
(681 жылдың 19 декабрі) римляндардың сауық-сайранды, зор мерекесі
болды, көңілді, шат-шадыман тобырлар көшелерді бойлай жосылып
Форумға, күмбездерге, базиликаларға, тағам дүкендері мен
асханаларға лық толы емін-еркін думан құрды.
Бұл сатурналий күні – Сатурн құдайдың құрметіне өткізілетін үш
күндік мереке еді. Ежелгі салт бойынша, осы мереке күндері малайлар
мен құлдардың кейбір еркіндік болмыстарымен пайдалануына пұрсат
берілетін. Олар да сенаторлармен, всадниктермен, басқа да
азаматтармен қатар, жалпы дастархан басында болып, осы үш күн
бойы сайран салады.
Егіншілік кəсібі құдайы Сатурнның құрметіне өткізілетін бұл
мереке, шынында село адамдарына жəне малшыларға тəн болатын;
құлдарға берілетін үш күн еркіндік қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған Сатурн заманында құлдық дегеннің атымен
болмағанын, барлық адамзат тең жəне азат өмір сүргенін бейнелейді.
Римде кем дегенде екі жарым миллиондай құл тұрады, мұның
үстіне қала маңындағы деревняларды мекендейтін халық сатурналий
күні Римге ағылатын. Шектен шыға сайран салған адамдар дүрмегі
көшелерді кезіп, бірауыздан қосыла:
− Jo bona Saturnalia!8 – деп төңіректі дүрліктіре айқай салды.
Сатурналийдің алғашқы күні арқасында бірнеше арқанша жіптер
байланып, əртүрлі көлемдегі темір шығыршықтар өткізілген
кішкентай қол сатысы бар, сол қолына кішкентай маймыл ұстап,
қасына ит ерткен бір сиқыршы жігіт, Эсквилин қақпасы арқылы Римге
келіп енді.
Бұл сиқыршы Арторикс болатын.
Ол қалаға келіп кіргенде қақпамен жапсарлас көшелердің бойы
иесіз, жым-жырт еді. Бірақ араның үлкен үлкен ұясындай ызыңдаған
көмескі үнді есіткенде, көлемді қаланың орталығында əлдеқандай бір
зор думанның болып жатқанын сезгендей болды. Эсквилиннің қисыққисық көшелерімен неғұрлым ілгері басқан сайын, алыстан келіп
жатқан айқай-қиқу сарыны Арторикске бірте-бірте айқын естіле
бастады.
Карин көшесіне іліге бере-ақ, ол музыканттар мен цитристер
бастаған қалың топты көрді. Олар Сатурнның құрметіне бар
дауыстарымен гимн шырқап келеді.
Римляндардың киім үлгісімен таныс Арторикс, бұл дүрмектің
ішінде əртүрлі күйдегі адамдар бар екенін байқады: всадниктердің
киетін киімдерімен қатар праводан жұрдай болғандардың қоңырқай
туникалары, матроналардың аппақ столасымен қатар — құлдың
қызыл пешпеттері де көрінеді.
Сиқыршы жөңкіп келе жатқан халықтың жойқын тобын өткізіп
жіберу үшін қабырғаға қарай ығыса берді; оның халық көзіне түскісі
келмеді, өйткені ойын көрсетуге жəне белгілі мақсатты көздеп шыққан
сапарынан бөгелуге зауқы соққан жоқ.
Бірақ оның дегені болмады, оны топ ішінде кейбіреулердің көзі
шалып та қалды. Оның сиқыршы екенін жазбай таныған олар алда
кетіп бара жатқандар мен соңында келе жатқандарды тоқтату үшін
жамырап:
− Сиқыршы жасасын, жасасын! — деп айқайға басты.
− Бізге ойын көрсет! – деп өзеурейді біреу.
− Сатурннің құрметіне! — дейді екінші біреу.
− Көрелікші маймылының не өнері бар екенін! – деп үшінші біреу
дауыстады.
— Секіртші, итіңді!
— Маймылыңды ойнат... маймылыңды!..
— Араны ашып, жазыла беріңдер!
— Өзіне орын беріңдерші!
— Дөңгелене алқа қотаң тұрайық...
- Маймылы неткен сүйкімді еді!
−Эпир тұқымды төбетін айтсайшы!
Бірақ айқай-қиқу үстінде, бірде-бір жан тұяқ серппей, жұртты
бұрынғыдан бетер ентелеп, бірін-бірі басып-жаншуы Арторикстің
мазасын əбден кетірді; ақырында ол:
— Жарайды, жарайды, ойын көрсетейін, өзім де жəне мына
жануарларым да қолдан келгенімізді аямай, Сатурнге құрмет
көрсетелік. Бірақ бұл үшін маған орын керек,— деді.
— Мұнысы рас!
— Дұрыс айтады!
— Дөңгелене тұрып, ортадан оған орын берелік!
— Шегіне беріңдер!
Жұрт қаншама шулап даурыққанымен бірде-бір жан тұрған
орындарынан тапжылмады.
Бір мезетте əлде біреу бар даусымен:
— Мұны Карин куриясына алып баралық та!—деп айқай салды.
− Дұрыс, дұрыс, Карин куриясына алып жүріңдер! – деген он, одан
жиырма, одан соң жүз дауыс бірден шықты.
Карин куриясына бару керек деп жұрттың бəрі соншалық
қиқулағанымен, ешбір жан тұрған орнынан тұяқ серпер болмады.
Ақырында, сиқыршыға жақын ішкері тұрғандар оны айнала қоршай
ортасына алған күйі, əлгінде ғана осы дүрмектің келген жағына қарай
бұза-жара бет түзеді; сонымен көп кешікпей-ақ бүкіл қалың дүрмек
Карин куриясына қарай қозғалып берді.
Жол жөнекей қомақтала түскен тобыр, Римдегі отыз үшінші
курияның үшіншісі Карин деп аталатын курия тұрған кең алаңға келіп
тірелді; көбейе түскен қарақұрым топ мұндағы дастарқан басында
түрлі тағамдарды алдарына алып, арақ-шарап сіміру соңында
отырғандардың мазасын əбден кетіріп, бейнебір тасқындай кимелей
түсті.
Алаңда тəртіпсіздік күшейіп, боқтасқан, бірін бірі қарғап-сілеген
дауыстар естіледі. Тек осы алаңның нақ ортасында сиқыршы ойып
көрсетеді деген хабар тарасымен-ақ боқтасу тыйылды. Көптеген
адамдар алаңның ортасынадағы шеңберге қарай кимелейді,
орындыққа, столға көршілес үйлердің төменгі қабатындағы
терезелердің темір қоршауларына шығып кеткен. Бір мезетте
жұрттың бəрі де, ойын көрсетуге əзірленіп жатқан Арторикске
көздерін тесе, тыныштала қалды.
Өз кəсібінің əртүрлі жабдықтарын жерге жайып салды да, галл жігіт,
көп ішінен біреуге келіп, оның қолына піл сүйегінен жасалған бір
допты ұстатты да:
− Осыны айнала тұрған көпке жағалат,— деді.
Сонан соң oл екінші бір допты, аздап ішіп, қызара бөрткен
қуанышты жəне одан да күшті қуаныш күткендей адам кейпіндегі бір
құлға ұстатты да, оған:
− Мынаны қолдан-қолға қыдырт,— деді.
− Сөйтті де ол алаң ортасына, өзіне босатылып берілген жерге
шықты, тұмсығын көтере иесіне қарап отырған ағы мен қарасы аралас
үлкен эпикур төбетіне:
- - Эндимион! — деп дауыстады.
Құйрығын бұлғаңдата орнынан ытып түрегелген төбет əмірді
орындауға əзірмін дегендей, иесіне тесіле қарай, тұра қалды.
— Бар, ақ допты іздеп көр...
Ит дереу, ақ доптың қолдан-қолға өтіп жүрген жағына қарай
ұмтылды.
— Жоқ, қызыл допты тап! — деді оған Арторикс.
Эндимион, қызыл доп өткермеленген жаққа қарай жалт бұрылды да,
жұрттың аяғының ара-арасымен, нақ сол минутта допты ұстап тұрған
адамға қарай өтпек болды.
Бірақ Арторикс, солдаттар манипуласына команда бергендей, оған:
— Тоқта! — деп дауыстады. Ит төбеге ұрғандай тұра қалды.
Бұдан ары сиқыршы жұртқа қарап:
— Қолдарында доп бар адамдар, енді оларды басқаға бермей ұстап
тұрсын итімнің өзі іздеп табады.
Көптің арасында бұған таңырқаған жəне сенбеген дауыстар естілген
еді, көп ұзамай тына қалды. Арторикс екі қолын айқастырып тұрып,
итіне.
— Бар, ақ допты маған алып кел,— деп əмір берді.
Эндимион жұрттың ара-арасымен өтіп, сол арада тұрғандардың
біріне жетіп барып, екі аяғын оның омырауына артты да, байсалды
көзін төңкере түсіп, допты бер деп сұрағандай болды.
Ол адам үстіндегі туникасына жарасып тұрған алқызыл таңлақтарға
қарағанда, патриций екені анық еді, тогасының ішінен допты алды да,
итке берді, ит оны тicтеп алып иесіне əкелді.
Ит тағы да сондай сезімталдықпен қызыл допты жасырып тұрған
адамды іздеп барып тапқанда, мұны қостаған дауыстар күңіреніп,
жаңғырыққан айқайға, одан сатырлата қол шапалақтауға ұласты.
Арторикс қол сатысын жазып, оны жерге қадады. Үш үлкен темір
шығыршықты жіпке өткізіп, бір ұшын сатының жоғарғы басына
байлады, екінші ұшын өзі ұстап, сəл кері шегініп барды да, жіпті жер
бетінен төрт футтай жоғары керіп тұрды. Маймылын осы жіптің үстіне
шығарды да.
— Психея, Квириннің мына тұрған айбынды ұлдарына өзіңнің
ептілігің мен шеберлігіңді көрсет,— деді.
Маймыл артқы аяқтарымен жіптің бойын қуалай жүріп кеткен
мезетте, Арторикс итіне қарап:
— Қане, Эндимион, сен Марс қаласының білікті тұғындарына
өзіңнің қол сатыға мінетін өнеріңді көрсет, - деді.
Маймыл жіптің бойымен жүріп бара жатқанда, ит те сатының бір
басқышынан екіншісіне бірте-бірте зор күшпен қарғып шыға бастады;
маймыл темір шығыршықтың алғашқысына барып, оған асыла қалып
бірнеше айналды, одан жіпке қайта шығып, екінші шығыршыққа
барды, онда да əлгісін қайталап, əрі қарай беттеді.
Бұл уақыттың ішінде ит те сатының ең басына барып шықты.
Арторикс итіне:
─ Байғұс Эндимион, енді жерге қалай түсер екенсің? – деді.
Ит иесіне қарап, құйрығын бұлғаңдатты.
─ Бұл араға, еңбекпен болса да, бір шығуыңа шығып алдың, ал енді
төмен түсу үшін не істер екенсің? – деді Арторикс, маймылы соңғы
үшінші шығыршыққа барып əткеншегін теуіп жатқан шақта.
─ Бұл қиыншылықтан сен қалай құтылып шығар екенсің? – деп
сұрады Арторикс тағы да Эндимионнан.
Ит сатының басынан жерге секіріп түсті. Мұнысы үшін жұртқа
масаттана қарап қойды да, жайымен шоқиып отыра кетті.
Есті Эндимионның осыншалық қиын-қыстаулы міндетті шешу үшін
қолданған бұл оңай тəсілін жұрт жаппай қол шапалақтап қарсы алды.
Жұрт қиқулап тұрған нақ сол шақта маймыл да сатының ең жоғарғы
басқышына барып отырған-ды.
─ Шляпаңды маған берші, - деді Арторикске бір всадник топтан
шығып келіп, - өзің үшін болмаса да, мына тамаша айуандарың үшін
ақша жинап берейін.
Арторикс шляпасын шешіп, всадникке ұсынды, шляпаға ең алдымен
оның өзі бір сестерция тастады да, дөңгелене тұрған жұртты жағалай
бастады. Ассалар, жарты ассалар мен терунциялар шляпаға тұс-тұстан
жауып жатты.
Бұл уақыттың ішінде Арторикс туникасының ішінен екі кішкентай
сүйек пен ағаш кружканы алды да:
─ Эндимион мен Психея, енді екеуің бір дүркін құмар ойнап, мынау
тұрған махаббатты, ізгі адамдарға қайсыңның епті екендіктеріңді
көрсетіңдер, - деп дауыстады.
Жұрт жамырай күлісіп жатқанда, ит пен маймыл біріне бірі қарамақарсы отырып алып, ойындарын бастады.
Сүйекті алдымен Эндимион лақтырды: иесі алдына алып келген
кружканы аяғымен қағып жіберіп, төңкеріп түсіргенде, сүйектер
алысқа, жағалай тұрған адамдардың аяғының астына дейін домалап
барды. Эндимионның ұпайының қанша болғанын көру үшін еңкейіп,
аяқтарының астына қараған кейбіреулер қолдарын шапалақтап:
— Венера!.. Венера! Жарайсың, Эндимион!—деп айқай салады.
Ит ұтымды
бұлғаңдатады.
ұрғанын
түсінгендей,
құйрығын
саңлақтана
Арторикс сүйектерді жинап, оларды қайтадан кружкаға салды да,
Психеяға берді.
Маймыл кішкентай кружканы алды да, оны əрлі-берлі мықшия
шайқап тұрып, қатты шиіріп қалғанда сүйектер жерге ұшып түсті.
— Венера!.. Венера!.. Мұнікі де Венера болып шықты!— деп шуласты
көптеген адамдар.— Психея жасасын! Жарайсың, Психея!
Маймыл артқы аяқтарымен шоқиып тұрып, алдыңғы екі аяғымен,
жиынға алғыс білдіргенде, жұрт ішек-сілесі қатқанша күлді.
Сиқыршының пайдасына ақша жинаушы всадник оған ұсақ теңгеге
лық толы шляпасын əкеп тапсырды: Арторикс бұл ақшаларды беліне
байлаулы былғары дорбасына салды да, патрицийге алғыс айтты.
Галл өзінің хайуанаттарын тағы да сүйек лақтыруға жұмсаудың
қамына кірісе бергенде, жұрттың назары кенеттен басқа бір айқайқиқуға ауып кетті. Ғажайып маскалар киген немесе соншалық шебер
боянған күлдіргілер мен ойыншылар тобы, соңынан қалың дүрмекті
шұбырта, керней мен гитар даусына ілесе асыр салып билеген бойы,
Карин куриясына беттеп келеді екен.
Сол-ақ екен, сиқыршыны қоршап тұрған қалың жұрт маскалыларға
қарай толқыды. Музыкашылар кернейлетіп, Сатурн құрметіне деген
айқайлар күшейе түскен еді, галл алаңда жалғыз қалып қойды. Ол
бұйымдарын жинап, маймылын көтеріп алып, курияға таяу жердегі
трактирге барып кірді. Мұнда келген соң ол қалың тобырдан
құтылайын деген оймен бір ішім шарап алдырды.
Шынында да нақ оның ойлағанындай болып шықты: алаңға жұрт
қайта толды. Актерлер курияның баспалдағына шығып алып,
пантомим ойынын көрсетіп, көптің шек-сілесін қатырумен болды.
Мұндай қолайлы жағдайды пайдаланған Арторикс, қабырғаның
бойын қуалай отырып, қалың топтан сытылып шығып келе жатты.
Арада ширек сағат өткенде, үлкен циркке бастап баратын көшенің
бойына зорға шықты.
Ол сауық-сайранды жиынға, көңілді қиқуға лық толы осы көшемен
əзірше аяңдай тұрсын, біз Арторикстің сиқыршы болып, Римге неге
жəне қалай келгенін, қысқаша баяндап өтелік.
Байғұс Рутилий өлген күннің ертеңіне, гладиаторлардың атқа жем
іздей шығып, Бариумға дейін барған аттылар тобы, Гнат жолының
бойында астыртын жасалған кісі өлтіру оқиғасын, жол үстінде біріне
бірі жақын жатқан — белгісіз екі адамның сүйегі табылғанын естіді.
Гладиаторлар өліп жатқан екі адамның бірі өздерінің əскерінің
легион бастығы алғыр Рутилий екенін танып, қайран қалды, ол апулий
шаруаларынша киініпті — мұны оның не үшін істегеніне де бұлар
түсіне алмады.
Бұл қайғылы хабар Спартакқа жетті. Ол лагерьдің өз ішінде, менің
жоспарларыма қарсы шығушы əлдеқандай бір екіжүзді адам
жасырынып жүр екен деп күдіктенді. Алайда, Рутилийдің ажалы оған
əдейілеп құрған қақпаннан немесе дұшпанмен арадағы кездейсоқ
егестен болғанын анықтай алмады.
Не дегенмен, өлікті салтанатпен құрметтеп жерлегеннен кейін,
Римдегі Катилинаға басқа елші жіберу туралы ойласу керек болды.
Əскер басылардың кеңесі елші жіберуді ұйғарып қойғандықтан
Спартак бұл сияқты қиын-қыстау міндетті тындырып қайтуға кімді
жіберу керектігін басқа ешкіммен де ақылдасып жатуды қажет деп
санамады. Ол аса қатаң құпиялықты сақтай отырып, бұл қиын істі
өзінің жақсы көретін адамы Арторикске тапсырды.
Кездесуі мүмкін кедергілерден оңай өту үшін Арторикс сиқыршы не
істейтінін үйренуге бел байлады.
Осы мақсатпен ол нағыз бір сиқыршыны тауып алды, одан əртүрлі
фокустар үйренді. Арторикс одан ит пен маймыл сатып алды да, фокус
өнеріне жетілу үшін, августан ноябрьге дейін солармен шұғылданды.
Осыдан кейін ол гладиаторлар лагерінен астыртын кетіп қалып, одан
əбден ұзап шыққан соң қару-жарағын тастап, басқа киім киінді де,
жолшыбай əрбір қала мен деревняға тоқтап жыла-қона отырып, Римге
келді. Өзінің фокусқа шеберлігін оның тұтқиылда қайрымды
квириттер алдында көрсетуіне тура келгенін оқушылар бұдан
бұрынырақта көрген болатын. Енді үлкен циркке апаратын көшенің
бойымен жүріп отырып, көп кешікпей-ақ, Салий куриясына барған
өжет жігіттің соңынан еріп көрелік. Ондағы əралуан күйдегі жəне
мəртебедегі көптеген адамдар дастарқан басында көңілді айқай,
үздіксіз дырдумен ас ішіп отыр.
Сатурналий кезінде əртүрлі тағам жасалатын кəделі тамақ шошқа
еті болатын.
— Сонымен, Сатурн жасасын!—деп айқай салды, еңгезердей бір
каппадокиялық құл, Арторикс жанына келін тұра қалған шақта.
— Сатурн жасасын жəне шошқа етінен тағам əзірлеуде ешкімді
қапталына алмайтын аспаз Курнонның əзірлеген тамаша
сосискаларына құдай береке берсін!
— О, құдайым мені бұл үшін мақтандырмай-ақ алсын! - деді, аласа
бойлы, ұзыны мен көлденеңі бірдей, іркілдеген семіз Курион,— бірақ
үйімнің желеп-жебеушісі Юнонаның мақпал қара шашына аян, меңдеп
сосиска, желін мен жылы-жұмсақ ішек-қарын Лукулл мен Марк
Красстың дастарқанынан да кездеспейтінін естір құлаққа жар салып
айта аламын!
— Сауық-сайранды
Сатурналияға
ура!—
деп
өкірді,
бəтелкелестердің бəрінің стол басында бас қосуының ұйтқысы
болғансыған бір мас құл, шарап толы ыдысын жоғары көтеріп.
Отырғандардың бəрі шараптарын бірден көтеріп салды.
— Сатурн патшалығы қайта орнап,— деді капиадокиялық,—
құдайым жер бетінен құлдық ізінің жойылуын нəсіп етсін!
— Бірақ сен онда Курионның мынау тамаша сосискасын жеп, мына
сияқты цекуб шарабын іше де алмас едің!
— Онда қайтер еді? — деп ақырды ашулы каппадокиялық құл.—
Дүниенің тұтқасын ұстап тұрған цекуб жəне фалерн шараптары ма
екен? Азат адамның шөлін қандыру үшін менің туған жерімнің
тауларындағы мөлдір бұлақтардың суы жеткіліксіз болып па?
— Жуыну, шомылу үшін су жақсы-ақ нəрсе ғой,— деді екінші бір құл
мысқылдай езу тартып,— ал, шөлді қандыру үшін цекуб шарабына не
жетсін!
— Оған түрмешінің дүресін де қос!— деді каппадокиялық.— О,
Гинезий, азып-ақ туған афиндықсың-ау, мойныңнан түспей қойған
құлдық қамын сені мұншалық тұралатар ма!
Тускулан шарабынан бір стакан ішпек болып тұра қалған Арторикс,
əңгімеге байыптап құлақ асты.
− Оһо!..— деп дүрсе қоя берді бір азамат каппадокиялыққа қарап.—
Оһо!.. Шырағым Эдиок, менің байқауымша, сен сатурналияны бүркеніп,
құлдар арасында Спартакты жақтап, революцияны насихаттамақ
екенсің.
− Бұзақы гладиатор Эребке кетсін!—деп ақырды бір патрициий, бұл
есімді құлағы қалай шалды солай, қатты ашуланып.
− Минос оны Эрикнийге қосақтап тамұққа жіберсін! - деді бір азамат.
- Лағнат түссін, оған!—деп айқайлады, каппадодокиялықтардың
столында отырған алты-жеті адам.
- Оу, ержүрек алғыр жандар!— деді каппадокиялық байсалды
кекесінмен.— Мойны алыста жатқан бұзақы гладиаторға сүңгілеріңді
текке безеп қайтесіңдер!
— Римнің желеп-жебеуші құдайларына аян! Мына жексұрын құл
бұзық ниетті варварды жақтап, біз сияқты Рим азаматтарын даттамақ
екен!
- Зіркілдемеңдер!— деді Эдиок.— Мен ешкімді, оның бер жағында,
білікті патрицийлер мен азаматтар, иттерді даттайын деп тұрғаным
жоқ, оның үстіне сендердің араларыңда өз қожайным да отыр. Мен бұл
уақытқа дейін Спартактың соңынан ерген емеспін, ерейін деп те
отырғаным жоқ; оның ісінің сəтті аяқталуына мен сенбеймін де,
өйткені құдай сүйген Рим алапаты — оған қарсы, бірақ мен оның
соңынан ермегеніммен де, өзіне жəне жолдастарына азаттық алуға
талпынып, рим легиондарына қарсы асқан ерлікпен алысқаны үшін
оған сендерше өшпенділікпен лағнат-қарғыс жаудыруға өзімді
борыштымын деп санамаймын. Мен мұны, сатурналий салты
бойынша, осы үш күнде бізге, құлдарға берілген іс жəне сөз
бостандығын пайдаланып айтып тұрмын.
Каппадокиялықтың сөзін ұнатпаған үндер естілді, тап бұрынғы
қожасы болған азамат, қатты ашумен:
− Ақниетті құдайдың ақ шалмасы куə, мен мұндай сөзді естіп тұра
алмаймын! Қазанбұзар сен құл, мені, əйелімді, үйімнің аруағын
сыйласаң маған мұншалық тіл тигізбес едің! Нақ осы айтқан есуастық
сөздерін сатурналийден соң менің есіме түспесін, құдайыңнан осыны
тіле! - деп дүрсе қоя берді.
— Гладиаторды қорғайды!
— Оның бұзақылық ісін мадақтайды!
— Қаныпезер қарақшыны дəріптеуін!
— Кастор мен Поллукс сақтасын!
− Геркулеске аян! Бұл неткен басбұзарлық!..
— Онда да нақ бүгін, оның көтерілісінің ойсыратпа рияны
қабырғамызға батып отырған күні!—деп өрекпіді Эдиоктың қожасы.—
Соның кесірінен циркте Сатурн құдайдың құрметіне шалатын Римде
жүз де, тіпті он шақты да гладиатор қалмай отырғанда, оны дəріптеуін
көрдіңдер ме!
«Неткен бақытсыздық!» - деп ойлады, қолыңдағы туекулан
шарабын сыздықтата жұтып отырған Арторикс.
- Ал оның бержағында,— деді патриций.— Сатурнға адам құрбан ету
жөнінде баяғы заманнан бері сақталып келе жатқан қасиетті салт бар,
өйткені ол өзінің тегі жағынан көктің емес, тамұқтың құдайы.
— Сатурн бұл сияқты бақытсыздық үшін бірден-бір кіналы
қаныпезер Спартактың күлін көкке де ұшырмайды-ау!—деді шарапты
іше-іше екі беті талаурап кеткен, бір басы бос азамат.
— Жоқ, барлық құдайларға аян,— деп ақыра түрегелді патриций,
мұндай масқаралыққа біз жол бере алмаймыз!
— Рақымды құдай Сатурнға адамнан құрбандық берілу керек! Ең
алдымен өз басым үлгі көрсетіп құдай жолына шалу үшін əулиеге бір
құл айтамын, менің істегенімді істейтін құдай деген басқа адамдар да
Римнен табылады, сөйтіп бұдан бұрынғы өткен жылдардағыдай,
Сатурнға адамнан құрбандық берілетін болады.
— Солай!.. Бəрі де дұрыс!— деді күйінішті дауыспен Эдиоктың
қожасы.— Бірақ өте қызықты тамашаны — гладиаторлар сайысын
бізге, халыққа кім көрсетпек?
— Бəсе, мұны бізге кім көрсетпек? — деген бірнеше күйінішті дауыс
бірден естілді.
Бір минуттай тым-тырыс бола қалды. Өзінің адам нəсілі екенінен
ұялған Арторикс қолымен бетін баса қалды.
— Мұны бізге алдағы жылдың консулдары көрсететін болады,
айбынды консулдарымыз Геллий Публикола мен Кней Корнелий
Лентул Клодиан екеуі, отыз мыңнан солдаты бар екі армияны бастап,
қар жылт етісімен гладиаторларға қарсы аттанады,— деді патриций.—
Мал талаушы варвардың төрт бірдей консул легиондарына, оның
көмекші бөлімдері мен одақтастарына төтеп берген-бермегенін
жеңімпаз Геркулеске аян, сонда біз көзімізбен көретін боламыз!
— Фунди жанында,— деді каппадокиялық кедей күбірлеп,— құлдар
талқандаған легиондар консулдікі еместей-ақ!
— Жоқ! Претор қолы мен консулдық екі армияның арасында
айырма бар, оны, сен варвар, түсіне алмайсың! Марс құдайдың
құдіретті семсері куə, гладиаторлар тез талқандалады, сөйтіп олардың
біздің түрмемізге түскендері мың-мыңдап циркке апарылады да
сайысқа салынады!
— Қанішер қарақшыларға ешқандай рақым болмау керек!
— Гладиаторлардың сайысын көптен көрмегеніміздің есесін сонда
алатын боламыз.
— Онда қандай зор мереке, шат-шадыманды қуаныш болар екен
десейші!
— Шын тамаша сонда болады! Серғұмардан бір шығар едік!
— Көрерміз оны,— деп тістенді ашулы Арторикс қалш-қалш етіп.
Жыртқыш аңдар кейпіне түскен бұл малғұндар, болашақ қырқысты
осылайша арман етісіп отырғанда, сиқыршы ішкен шарабы үшін
ақшасын төледі де, Палатинға қарай бет қойды. Арторикс
шынтақтарымен жұртты қаға-маға отырып, Катилинаның үйіне əрең
жетті.
Үйдің портигі Сергийдің клиенттеріне, еркіне босатылғандар мен
құлдарына лық толы еді, бəрі де қомағайлықпен ішкілікке белшеден
батып, сауық-сайранда отыр.
Қаһарлы сенатордың үйін қонақтар мейлінше кернеп алғанын,
сонадайдан естілген өлең мен дабырдың өзі-ақ сипаттағандай.
Сиқыршыны көрген жұрт ес-түсі қалмай қолшапалақтап қоя берді,
сондықтан ол осыдан үш сағат бұрын алаңдағы халықты қызыққа қарқ
қылған ойындарын, дереу осы мастар тобының алдында қайта
көрсетуге тиіс болды.
Катилинаның қонақтарының бірі отырған жұртты жағалап
сиқыршы үшін ақша жинай бастағанда, Арторикс үй басқарушысына
бұрылып, өзінің келгені туралы үй иесіне хабар беруді сұрады.
Үй басқарушы оны басынан аяғына дейін қадағалап қарап шықты
да, бейхабар жəне жақтырмаған пішінмен:
— Біздің мырза үйде жоқ,— деді.
Сөйтті де, бұған сырт айналып кетуге оңтайланды.
— Ал егер мен тускулан тауларынан шығып, оған Аврелия
Орестилладан тапсырма əкеліп тұрсам қалай болады?—деп сұрады үй
басқарушыдан Арторикс, сыбырлап.
Анау кілт тоқтай қалды да сиқыршыға қарап, ақырын ғана:
− Солай ма?.. Сені сол жіберген екен ғой? — деді.
Осыдан соң қулана жымия түсіп, тағы да:
− Түсінікті... Катилинаға жолыққың келсе, Форумға түс оны сол
арадан кездестіресің.
Осыны айтты да ол жайына кетті.
Арторикс өз өнеріне ынтығушы жаңа адамдардың алғысынан
құтыла салысымен, Палатиннан түсті де, жедел басып, жұрттың
сапырылысы мен айқай-қиқуы қаланың қай бөліміндегіден де болсын
басым Форумға қарай тартты; мұнда əралуан жастағы жəне əртүрлі
ауқаттағы үш жүз мыңнан астам ер, əйел ерсілі-қарсылы баяу ағылып
жүріп жатыр. Құрмет көрсетіп жалбарынған құдайына тауап ету үшін
Сатурн шеркеуіне барған топтар, одан қайта шығып келе жатқан
адамдарға қарсы ұшырасады. Адамдардың əрбір тобының алдында
ойыншылар, кернейшілер, əншілер мен сыбызғышылар келеді: бəрі де
ұлы бабалары Сатурнның құрметіңе гимндер айтып, оның есімін атап,
екілене айқайлайды.
Бұл сияқты ауызбен айтып жеткізгісіз дүрліккен шуды ойыншық
пен түрлі тағамдар сатушы мыңдаған адамдардың толып жатқан
ойыншылардың, күлдіргілердің, бақал қыдыртушылардың айқайқиқуы онан бетер күшейтіп тұр.
Адамдардың осы тасқынына іліккен Арторикс, баяу да болса,
ықтиярдан тыс дедектей басып, халық құрмет көрсетуші құдайдың
шеркеуіне қарай келеді.
Жас гладиатор Катилинаны іздеп, оң мен солға көз жүгіртіп
қараумен болды.
Галлдың алдында талдырмаш екі жас жігіт пен бір шал бірнеше
қадамдай озық келе жатыр. Үстіндегі киімі тым əшекейлі жəне асыл
болғанымен, шалдың мим екенін Арторикс бірден таныды. Ол сырт
пішініне қарағанда, жасы елуден асқан, орта бойлы ғана адам екен;
оның сай-сай болып қазылып жатқан ажымдарының ықпылжықпылын болу еркін жасыра қоймапты, жып-жылмағай көсе жүзінде
мейліңше зымияндық, бұзылғандық нəпсінің ізі сайрап тұрғандай.
Миммен қатар келе жатқан екі жігіттің патриций табынан екені
олардың қып-қызыл матамен көмкерілген туникаларынан да көрініп
тұр. Олардың біреуінің жасы жиырма екі немесе жиырма үшіне жаңа
ғана келген дерлік, орта бойлыдан биік, сұлу жəне нық денелі еді,
жүдеу жүзінде болар-болмас кірбең бар. Екіншісінің жасы он жетілер
шамасында, аласа бойлы жəне қағылез келгенімен бет-пішінінде
өжеттік белгілері тұр.
Бұл шал Метробий еді, ал жігіттер — Тит Лукреций Кар мен Кай
Лонгин Кассий болатын.
— Мəңгі-бақи есімнен шықпайтын досым Луций Корнелий
Сулланың аруағына аян,— деді комедиант қасындағыларына айтып
келе жатқан əңгімесінің аяғын жалғай түсіп,— тап Клодиядан асқан
сұлу əйелді ешқашан көрген емен!
— Сен, кəрі сайтан, өзіңнің тиымсыз кеткен былапыт өміріңде,—
деді Лукреций,— тіпті ондай сұлу əйелді көрген болсаң да, бірақ нақ
одан өткен салдақыны көрмеген боларсың?
— Ақыным, мені ажуалап қайтесің,— деді комедиант, Лукрецийдің
бұл сөзіне масаттанып,— Геркулес Музагетке шүкір, сен туралы біз де
анау-мынау игі нəрселерден хабардармыз!
— Апырай, Юнона Монетаға тəуба, мен мүлде есімнен тана бастасам
керек! — деді Кассий; сол сəтте төңірегіне жұрт жинала қалған, Веста
шеркеуінің портигіне қарай қалып. Ол өзінің отты көздерін портикте
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 23
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.