Latin Common Turkic

Спартак - 06

Total number of words is 4115
Total number of unique words is 2178
34.5 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болатын) кісі қабылдайтын бөлмесі шағын ғана келген, салтанатты
бөлме еді. Қаңылтырдан жасалған бірнеше мұржадан, тыстағы суық
неғұрлым күшті болса, соғұрлым жанға жайлы тиетін жылу лебін
желпіп тұр. Бұл мұржалар үйдің бүкіл қабырғаларына тұтылған
қымбат бағалы шығыс матасының қатармаларымен шебер жабылған.
Бөлменің төбесінен еденіне дейін қабырғаларына шұбалта əшекейлеп
қатарып, шалмалап жиырған көкшіл жібектер тұтылып тасталған,
бұған бейнебір бұлт сияқты, толқынды ақ бөз жабылып, оның бойына
шашылған жас гүлдер бөлменің ішін хош иіске бөлеп тұр.
Бөлменің төбесінен төмен қарай грек шеберінің қолынан шыққан
роза гүлдің шешек атқан бұтағы бейнелес, үш тармақты əдемі алтын
шырағдан төніп тұр. Шырағдан бөлмеге жартылай ғана жарық беріп,
үй ішіне одан күлдібадам сəулемен бірге білте тартатын майға аралас
араб əтірінің тамаша исі аңқиды.
Шығыс елдерінің салтымен жиналған бұл əсем бөлмеде ақ жəне
көгілдір жібекпен тысталып, жұмсақ мамық төселген ложадан немесе
арқалығы ғана бар кушеткалардан басқа ешқандай жиһаз жоқ еді, тек
нақ сондай жібектермен қапталған бірнеше орындықтар, жатаған
келген қымбат бағалы күміс комод қана бар, оның кішкентай төрт
жəшігі үстінде Сулланың төрт жеңісін бейнелейтін суреттер тұр.
Түн ортасы ауған мезгіл, оңаша, жым-жырт жұпар иістер аңқып
тұрған осы бөлмедегі жұмсақ орында, үстінде көк таспамен əдіптеген
туникасы бар Валерия сұлу шынтақтай жантайып жатыр. Оның
мүсінді иықтарын, сүйріктей мінсіз қолдарын, жартылай ашық аппақ
қардай төсін жадағай тарқатып жіберген қою қара шашы жауып тұр.
Ол жастықты шынтақтай, сəбидің қолындай кіп-кішкентай үлбіреген
аппақ қолымен жағын таянып отыр.
Валерияның көздері кілмиіп, жүзі сазарыңқы тартқан. Қалғып
отырған адам тəрізді. Ол жүрекке жылы, тəтті ойдың аумалы-төкпелі
толқынына шомып кеткен болу керек, тіпті, айналасында не болып, не
қойып жатқанын да сезер емес. Мирцаның Спартакты ертіп келіп есік
ашқан сыбдырына да селт етпеген Валерия, күні сыртқа қайта шығып,
есік жапқанда да сол қалпынан жазған жоқ.
Өңі паросс мраморындай сұп-сұр болып, ұшқын атқан отты көздерін
ару матронаға қадаған күйі Спартак бірсыпыра уақытқа дейін лəммимсіз, сілейіп тұрып қалды, жан сусындатқандай бұл тамаша
көрініске деген шексіз сүйініш, оның ішкі жан дүниесінде тағат
қалдырмай ой-сезімді билеп əкетіп барады, ол нақ мұндай əсерлі
минутты бұрын-соңды бастан кешіріп көрген емес.
Осылайша бірнеше минут өтті. Егер дəл сол сəтте Валерия есін
жиып өзіне-өзі келген болса, ол рудиарийдің ентіге демалғанын айқын
естіген де болар еді. Бір мезетте өзін Спартак келіп тұр деп əлде кім
шақырғандай болған еді. Сулланың жары кенет селт ете қалды. Басын
көтеріп орындыққа түзеліп отыра бере, қарсы алдында тұрған
фракиялықты көргенде оның жүзіне қызылшырай жүгіре қалды, көңілі
орнына түскендей бір күрсініп алып, биязы дауыспен:
- Аһ! Сен осында ма едің? — деді.
Осы сөз қалай естілді солай Спартактың жүзі жалын шарпығандай
ду ете қалды; ол Валерияға қарай бір адым ілгері басты да, оған əлде
бірдеме деп тіл қатпақшы болғандай еріндерін жинай берген еді, бірақ
одан не екені белгісіз, түсініп болмайтын бір лебіз естілді.
- Құдайлар сені желеп-жебей берсін, ер Спартак! — деді өзіне-өзі
келе бастаған Валерия, сүйкімді шыраймен. Ал... енді... отыр,— деді ол
тағы да орындықтардың бірін нұсқап.
Бұл уақытта Спартак та есін жиған еді, сонда да қалтыраңқы жəне
баяу үнмен:
- Құдайлар мені жазмыштағыдан да басымырақ жебеуде,
хорсымбатты Валерия! Өлімге басы байлаулы мен сияқты адамға
құдайдың дəл қазіргі минуттағы мейірімінде шек жоқ; ол маған сенің
ықыласыңды аударды,— дейді.
- Сен тек батыр ғана емессің, оның үстіне сүйікті де адамсың,- деді
көздерінде қуаныш оты жарқ еткен Валерия.
Бұдан соң грек тілінде:
- Тұтқынға түскенге дейін, өз еліңде халқыңның көсемдерінің бірі
болғаның рас емес пе? – деп сұрады.
- Солай,- деді грекше, бұл тілде аттикалықтай болмас да,
александриялықтай шеберлікпен сөйлейтін Спартак, - мен Родоп
тауындағы фракиялық нəсілдердің ең күштілерінің бірінің көсемі едім.
Менің үй-жайым, қора-қора қойларым мен сиырларым, аса шұрайлы
өсірім болды. Мен бай едім, құдіретті, бақытты едім – маған сенер
болсаң, хорсымбатты Валерия! – Əділетті де, қайырымды да жан едім...
Сəл кідіре қалған ол содан соң ауыр күрсініп қойып, албыртқан
қалтыраңқы дауыспен сөз аяғын сабақтай түсті:
— Мен варвар да емес едім, жексұрын жəне сорлы гладиатор да емес
едім!
Валерияны аяныш сезімі, сүйіспеншілік билеп кетті, ол рудиарийге
сүйкімді жылышыраймен қарап:
— Мен сүйкімді қарындасым Мирцамен жиі-жиі əңгімелесіп тұрам;
сенің асқан алғыр адам екеніңді де білдім; өзіңмен тілге келіскен нақ
қазіргі минутта, сенің ешқашан да варвар болмағаныңды, ал біліміңе,
тəрбиең мен кейпіне қарағанда варварға емес, грекке ұқсастығыңды
көріп тұрмын,— деді.
Шексіз жылы үнмен естілген бұл сөздердің Спартакқа қаншалық
əсер еткенін айтып жеткізуге болмайтын еді; көздеріне ыстық жас
іркілген ол дірілдеген дауыспен:
— О, барлық əйел біткеннен асқан қайрымды ғазиз жан... Осы айтқан
жанашыр сөздерің үшін... өркенің өссін... құдыретті құдайым, жан
біткеннің алдында мерейіңді үстем етіп, жұрттан асқан бақ берсін,
бұған сен лайық жансың, —деді.
Валерия да қатты тебіреніп кетті: мұнысы шатынай жайнаған
көздері мен демігуінен сезіліп тұрды.
Спартак жайына келсек, ол өзін-өзі ұмытқандай күйде еді.
Валерияға шын берілгендік, қадір тұтқандық пішінмен саңлақтана
қарап, өзіне Аполлонның арфасының сазды үніндей естілген оның
əсерлі дауысын ынтыға тыңдауда есіл-дерті сұлудың айтып жеткізгісіз
махаббат қуанышы нышанын хабарлағандай от шашып, құмартқан
көздерінде болды. Бұл көздердің жəне өзіне алабыртқан ой-сезімнің
елесіндей болып көрінген сол бір нышанға сене алмағанымен жəне
сенбегенімен де, ол жанартаудай от шашқан сүйіспенді көз жанарын
Валерияның сүйкімді көздерінен айырған да жоқ.
Спартактың соңғы сөздерінен кейін біразға созылған тым-тырыс
тыныштық басталып, оны тек матрона мен фракиялықтың
тыныстаған сыбысы ғана бұзып тұр, олардың жүректерін бір беткей
сезім мен ойдың əлде бір əсерлі арқауы жалғастырып, екеуіне де дағат
таптырмай қалтыратып, қысылып-қымтырылумен күрмеп тастаған.
Бұл сияқты қатерлі күрмеуден шығудың қамын алдымен Валерия
ойлады.
— Қазіргі бос уақытыңда алпыс құлы бар мектепті басқару ісін
атқармас па екенсің? Сулла өзінің Кумадағы дачасында оларды
гладиаторлыққа үйретпек.
- Өзің неге ұйғарсаң, мен соны істеуге даярмын, өйткені мен сенің
құлыңмын,— деді Спартак, естілер-есітпес үнмен, Валерияға шексіз
берілгендік жəне сүйіспендік шыраймен қарап.
Валерия Спартакқа бірсыпыра уақытқа дейін лəм-мимсіз тесіле
қарады да, орнынан тұрып, аяқтарын теңселе басып үй ішінде əрліберлі жүре бастады. Сонан соң рудиарийдің жанына келіп, оған тағы да
үн-түнсіз, ұзақ қарап тұрды. Ақырында, баяу ғана:
- Спартак, маған шыныңды айтшы: осыдан көп күндер бұрын осы
үйдің портигінің колоннасына жасырынғанда не істемек болдың? —
деп сұрады.
Гладиатордың өңсіз жүзін жалын жауып кеткендей болды. Oл ешбір
жауапсыз басын төмен иіп, Валерияға тіл қатпақ болып екі рет
оқталды. Соның екеуінде де ұят – енді менің сырым ашылды, мен
сияқты жексұрын гладиаторды Римнің атақты сұлу патриций
əйелдерінің бəріне сөз салуға бастаған есуастық желікті Валерия күлкі
етеді-ау деген күдік оны қатты ұялта түсті. Жазықсыз да болса өзі
душар болған масқаралық жағдайының құсасына ол қатты күйінді,
соғысқа жəне Римнің зорлық-зомбылықты құдіретіне ішінен лағнат
айтумен болды. Қасірет, ашу-ыза буған ол қалш-қалш етті.
Бірнеше секунд өткен соң, Спартактың неге үн-түнсіз қалғанына
түсіне алмаған Валерия оның жанына тағы да бір қадамдай жақындай
түсіп, бұрынғыдан да жылы жүзбен:
- Не істеп едің, айта ғой? – деп қайта сұрады.
Рудиарий оның аяғын құша құлап:
- Кешір! Кешіре гөр! Қызметшіңе əмір ет, маған дүре соғуға əмір
бер!.. Маған осы лайық...
- Тұр! Не болды саған? – деді Валерия Спартакты қолынан ұстай
сүйемелдеп.
- Валерияны, Юнонаны жұрт қандай құрметтесе, сені өзімнің де
сондай қадір тұтқаныма ант ішемін...
- Солай ма! — деп дүрсе қоя берді көңілі орнына түскен матрона. Сен
мені көру үшін келген екенсің ғой...
- Кешір мені... кешір... Саған жалбарынып, тауап үшін келгенмін...
- Түрегел, ғазіз жанды Спартак,— деді қалтыраған дауыспен,
тебіреніп кеткен Валерия, Спартактың қолын қатты қыса ұстап.
— Жоқ, жоқ, менің орным осы... сенің аяғыңның асты, хорсымбатты
Валерия...
Осыны айтты да ол Валерияның туникасының етегін құшырлана
сүйе берді.
— Тұр, түрегел, саған лайық орын бұл емес,— деп күбірледі өнебойы
дірілдеп кеткен Валерия. Валерияның қолын үсті-үстіне жалындап
сүйген Спартак орнынан тұрып, оның бетіне ғашықтық құштармен
қараған күйі, сандырақтап тұрған адамдай булығып, қарлыққан үнмен:
— О, хорсымбатты!.. хорсымбатты!.. хорсымбатты Валерия!.. дей
берді.
VI ТАРАУ. ҚОҚАНЛОҚЫ, АРБАУ, ҚАУІП
— Сонымен, сен өзің айтшы,— деді өз үйінің экседрасында мамық
жастықтардың үстінде шынтақтай жатқан Эвтибида,— ешнəрсе білдің
бе, жоқ па? Сенің қолыңда осы шым-шытырықты ашатын тетік бар ма?
Оның бұл əңгімелесіп отырғаны жасы елулерді қусырып қалған,
бетіндегі айқыш-ұйқыш əжімнің ізін жұқалап жаққан ақ жəне қызғылт
бояулар да емін-еркін жасыра алмаған, əйел жүзді көсе біреу еді.
Үстіндегі киіміне қарағанда, оның актер екенін білу қиын емес-ті.
— Сен туралы менің қандай пікірде екенімді тыңдағың келе ме,
Метробий? Meн сені əрқашан кем бағалайтын едім, ал қазір сені тіпті
адам санатынан да шығарып қойдым.
— Өзімнің желеп-жебеушім Момның маскасына аян!—деді актер
шіңгірлеген дауыспен.— Егер мұны сұлулығың Дианадан, керімкербездігің Кипридадан асқан, Эвтибида, сен емес, басқа біреу айтқан
болса, Корнелий Сулланың жан досы Метробий болғандықтан адал
сөзімді айтайын — онда қатты ашуланған болар едім. Бұл сөзді маған
сенен басқа біреу айтса, жеңімпаз Геркулес куə, мен оған: барар жерің
Стикстің жағалауы болсын деп, жайыма жүре берер де едім!
— Бəрін айтта бірін айт, өзің не бітірдің? Олардың жоспары туралы
не біліп, не қойдың?
— Тыңдай бер... мен саған айтайын... Менің білгендерім көп жəне
дəнеңе де емес...
- Бұл не деген сандырағың?
- Сабыр ет — мен бəрін де жайғастырып берейін, Ымды рөлдердің
шебері, халық жиналған ойындарда отыз жылдай əйел ролін атқарып
келе жатқан қарт актер менің жұртты алдап-арбау өнерін игерген адам
екеніме, онда да ол жұрт — варварлар мен құл-құтандар немесе надан
гладиаторлар болса жəне ойға алған мақсатыма жету үшін
қарамағымда алтын сияқты сенімді қаруым тұрса, мұның маған
ешқандай қиындығы жоқ екеніне сен күманданбасаң да болар деп
ойлаймын...
- Мен сенің айлакерлігіңе шүбаланбағандығымнан ал сондай
тапсырма бердім емес пе, бірақ...
- Бірақ... бірақ... есіңде болсын, сүйкімді Эвтибида, менің
айлакерлігім гладиаторлардың заговорын ашумен танылады десең,
онда ол айлакерлікті басқа іс жөнінде сынап көруіңе тура келер,
өйткені гладиатордың үш ұйықтаса ойында болмаған заговорды мен
аша алмаймын.
- Олай болуы мүмкін де емес!
- Солай мұнда күман жоқ, сұлу бикеш.
Бірақ осыдан екі ай бұрын гладиаторлар заговор жасаған, астыртын
ұйым құрған өздерінің паролі, белгілері мен гимндері бар болатын,
Сицилия құлдарының жанжалы сияқты, көтеріліс жасау ойларында
болса керек-ті.
- Гладиаторлар көтеріліс жасайды екен деп шын сендің бе, сен
сонда.
- Сенбейтін несі бар?.. Олар шайқаса, өле білмейді деймісің?
- Онысы амфитеатрларда ғана емес пе, тəйірі...
- Жұрттың көңіл көтеруі үшін сайыса, өле білсе, өздерінің азаттығы
үшін сайысу, өлу де олардың қолынан келеді.
- Не керек?.. Тіпті солар бір кезде қаскүнемдік жасаған-ақ болсыншы,
оларда қазір ондай ештеңе жоқ екеніне мен сені сендіре аламын.
- Əттең! – деді ойға шомған грек сұлуы, жеңіл күрсініп қойып. - Мен
мұның себебінің екенін біле алмаймын... тіпті білуге де қорқамын.
- Онда тіпті жақсы! Оны мен де білмеймін жəне тіпті соны білейін
деген құлқым да жоқ.
- Егер қазіргі заңдар мен Сенаттың дұшпаны Рим патрицийлары
гладиаторларға басшылық етуді өз қолдарына алатын болса, онда
олар ұйымдасып көтеріліс те жасай алар еді.
Бірақ ол патрицийлар, қаншалық екі жүзді десек те, гладиаторларға
басшылық етіп төрдегі басын есікке сүйрей алмайды...
— Дегенмен, бір кезде мұның да орайы келген еді-ау... Жарар енді,
бізге мұнымен əуестеніп жатудың қажеті де жоқ. Сен айтшы,
Метробий...
— Алдымен менің көңілімді тындыр,— деді актер,— сен осы
гладиаторлардың заговоры туралы мағлұматты қайдан алып жүрсің?
— Өзімнің жерлесім... бір гректен... ол да гладиатор...
— Көктегі Юпитерден жердегі сен күштісің-ау, Эвтибида. Бір
аяғыңды олигархтар Олимпына, екінші аяғыңды сүрең топтың лас
батпағына артып қоясың...
— Мен мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бəрін де істеймін...
— Ол нендей мақсат, не үшін?
— Өктемдік алу үшін! —деді Эвтибида орнынан атып тұрып, ашу
кернеген оның өңі бұзылып кеткен еді, көздері жан шошырлықтай
болып шатынап сыпайы жəне мінезі сұлу қыз басынан кездеспейтін,
зілді өшпендіктің, батылдық пен уытты қайраттың зəрін шашып қоя
берді.— Ия, өктемдік алып, дұшпаным күйінерліктей болып баю,
құдіретті болу үшін...— сөйтті де бұрынғыдан да бетер зілмен тағы да
былай деп күбірледі: — кек аларлықтай болып кемелге келу үшін.
Сахнадағы не алуан сайқалдықтың бəрін де үйренген адам болса да,
Метробий Эвтибиданың бұзылып кеткен өңін көргенде таң-тамаша
болды, ал өзіне-өзі келіп кенеттен сықылықтап күліп қоя берген қыз:
— Мен Медеяның рөлін тақпақпен орындар болсам тап Галерия
Эмболариядай болмағанмен, одан кем де түспес едім. Сен аузыңды
ашып, қалыпсың ғой, байғұс Метробий, сен тəжрибелі, қарт актер
болғаныңмен, өмір-өміріңше əйел мен баланың ролін атқарудан ұзап
ешқайда бармайсың.
Эвтибида бұдан соң шындап күліп, Метробийді одан бетер аң-таң
қалдырды.
— Неге жету үшін? — деді куртизанка аз тыныстан соң: — Не үшін,
деймін, мияқы кəрі қақсал?
Осылай деп сұрай тұра, оны мұрынға шертіп қалды да, күлкісін
тыймастан былай деді:
— Сулланың сүйген ғашығы Никополиядай, қарт куртизанка
Флородай бай болу үшін. Бай болу үшін, асқан бай болу үшін, ұқтың ба
енді, мияқы қақпас?— Өмірдің бар қызығын көріп, игілігіне бөлену
үшін істеймін,— бəрі де көзің жұмылғанға дейін, одан соң дəнеңе де
жоқ деп үйретбеп пе еді, пайғамбар сынды Эпикур. Өзіме жаратылыс
берген арбауыштық қасиеттің барлық, амал-айласын не үшін
қолданып жүр деп едің? Бір аяғымды Олимпке, екінші аяғымды
батпаққа арту үшін емес пе...
- Бірақ, батпаққа былғанып қалу да қиын емес қой...
- Былғанған соң, оны жуып тастауға да болады. Римде монша мен
душ аз ба? Менің үйімде ванна жоқ па? Құдіреті күшті құдайым, көрдің
бе, маған адамгершілік туралы ақыл айтып тұрған кім екенін? Бүкіл
өмірін тек қана арамдықтың, қара ниеттіліктің батпағына былғаумен
өткізіп келе жатқан мына сияқты адам ба?
- Жарайды, менің пішінімді мұндай ажарлы бояулармен бояуды
доғара тұралық: сен оны өте ұқсастырып жəне менің сондайлық
жиренішті пішінімнен аулақ қашуға жұртты мəжбүр етуге бел
байлаған көрінесің. Мен əншейін əзілмен айтам. Сенің қалағаның не,
маған не істе демексің сонымен.
Осыны айтты да Метробий Энтибиданың жанына келiп, оның
қолынан:
- Сенің ықыласыңа ие болар күнім бар ма, жоқ па? — деп сүйе
бастады.
— Ықылас? Оны не үшін алмақсың, кəрі жыны құсау деп Эвтибида
қолын жұлып ала бере Метробийді беттен салып жіберді.—
Гладиаторлардың ойға алған сырын біліп келген бе едің?
- Қайт дейсің, сымбатты Эитибидам-ау,— деді шал жалынышты
дауыспен, бөлмені кезіп ерсілі-қарсылы жүре бастаған грек қызының
соңынан сүмең қағып,— атымен жоқ нəрсені маған қалай аш дейсің? Ол
менің қолымнан келер ме?.. Сүйікті сəулем-ау! Келер ме?..
— Онда жарайды,— деді қыз, артиске жылы шыраймен күлімдей
езу тартып,— егер сен менің мархабатыма не болып, ықыласымды
аударам десең...
— Сонда не істе дейсің, берші бұйрығыңды періштем...
— Сен əлі де ізге түсіп аңди беруің керек, гладиаторлар көтеріліс
туралы ойдан біржолата күдер үзді дегенге мен иланбаймын.
— Мен оларды Кумыда да аңдиын, Капуяға да барып қайтайын.
— Егер сен бірдеме шығарам десең, ең алдымен Спартакты аңдуың
керек.
Осы есімді аузына алғанда Эвтибиданың жүзіне қан жүгіре қалды.
— Спартак жөніне келетін болсақ, онда тек сен үшін ғана емес, өз
намысым үшін, тіпті Сулланың намысы үшін де оның ізіне түскеніме,
міне бір ай болады.
— Немене?.. Қалай?.. Немене дедің?...— деп қадағалады куртизанка,
Метробийге жақындап төне түсіп.
Біреу-міреу естіп қала ма дегендей Метробий жан-жағына қарап
алып, оң қолының сұқ саусағымен аузын қалқалап тұрып ақырын:
— Бұл менің өз басымдағы күдік... құпия сыр еді..Я қаталасып
қалуым, сонымен Сулланың ісіне қол сұғуым мүмкін болғандықтан...
қашан көзім жеткенше, бұл туралы тірі жанға тіс жарып, түк айтпақ
емеспін,— деді.
Өзінің сөзін тыңдап тұрған шақта, Эвтибиданың жүзінде пайда
болған алуан құбылыстың байыбына Метробий бара алған жоқ.
— Біздің Метробий жақсы ғой, ол маған қазір бəрін де айтады, солай
емес пе? — деді ол бір қолымен актердің қолын ұстап, екіншісімен оны
бетінен сипап.— Сені маған күдікті көзбен қарай алармысың? Менің
басқа əйелдер сияқты емес, сабырлы екенімді іс жүзінде біліп болдың
да емес пе?.. Грецияның сегіз сəуегейінің бірі боларлық адамсың деп
маған өз аузыңнан сен айтқан да едің ғой... Желеп-жебеушім Аполлон
Дельфийский куол сенің айтқаныңды тірі пендеге тіс жарып айтпауға
ант берейін. Айтшы, енді! Кəне, айта ғой, Эвтибида қайрымды,
Метробий,— онда менің саған деген мархабатымда шек болмайды.
Сиқырлы күлкісімен, ойнақшыған сайқал көз жанарымен шалды
арбап алған ол, көп кешікпей дегеніне жетіп тынды.
— Дегеніңді орындамай сенен құтылып кету қиынды,— деді
Метробий ақыр-аяғында.— Есіңде болсын, Спартак пен Валерия бірбіріне ғашық па деп күдіктенем, бұған толып жатқан дəлелдерім де
бар.
— Кек құдайы Эринаның шырақтарына тəуба!— деп дауыстап
жіберді, жүзі кенет қу шүберектей болып, жұдырықтарын тас түйіп
алған Эвтибида.— Жаным-ау, бұл мүмкін бе?
- Дəлелім жоқ та болса, осындай бір күдік ой жатсам-тұрсам
қалмайды. Бірақ есіңде болсын, ешкімге жақ жазушы болма...
- Апыр-ай! — деді Эвтибида ойға шомып, өзімен-өзі сөйлескен
адамша — Бəсе, неге десем... əрине, басқаша болуы мүмкін де емес.
Басқа əйел екен ғой... басқа! — деп айқайлап жіберді Эвтибида
долданып.— Мен сияқты ақылсыз сорлыдан өзінің сұлулығымен асып
түскен кім, жеңген кім десем, əне сол екен!
Осыны айтты да ол бетін басып, ағыл-тегіл жылай берді.
Эфтибидадағы ғашықтықтың сырын ашушы бұл жылау мен
сандырақтай байланыссыз сөз төркінін танығанда Метробий өте
қайран болды. Əрі атақты, əрі асқан дəулетті деген патрицийлар
ынтық болған, бұл уақытқа дейін ешкімді менсінбей келген Эвтибида
сұлу ержүрек гладиаторға өлердей ғашық екен. Өзін пірдей тұтынушы
жоғары мəртебелілердің бəрін аяғына отырғызбай жаман үйренген
сұлудың тауаны болымсыз рудиарийден қайтты.
- Обалы кəне, Метробий бұл бақытсыз əйелге жаны ашып қатты
күйзелді де, жанына келіп оны жұбата бастады.
- Алайда, кім біледі... бекер де шығар... Мен, бəлки, қателескен
болармын... Бұл əлде менің қиялымнан туған шығар.
- Жоқ, сен қателескен жоқсын... Жоқ, бұл қиял емес... Бұл ақиқат, мен
білемін, түсінемін,— деп қыз бет бақтырмады, жамылғысының
етегімен көзін сүрте беріп, əп-сəттен соң зілді, күңгірт үнмен тағы да:
- Не дегенмен мұны білгенім теріс емес... айтқаның жақсы болды, деді.
- Бірақ, тəңір жарылқасын, мені ұстап бере көрме...
- Қорықпа, Метробий, қорықпа, қайта саған бар шын ниетіммен
алғыс айтамын жəне егер сен ойға алғанымды ақырына дейін орындап
шығуға көмектесетін болған Эвтибиданың ықыласының мархабаты
қандай екенін сонда көресің.
Арада бір минуттай өткен соң ол аптыға былай деді:
Отырма, дереу Кумыға аттан... қазір бүгіннен қалмай, олардың əрбір
басқан қадамын, қыбыр еткенін, əрбір алған деміне дейін аңды...
қолыма айғақ тигіз, сонда біз Сулланың, абыройы үшін де, менің
əйелдік сағымның сынғаны үшін де кек алатын боламыз.
Осыны айтты да, долданған қыз бөлмеден шыға жүгірген бойы есі
шыққан Метробийге:
— Мені сəл күте тұр. Қазір келемін...— деді.
Бір минуттан соң, Экседраға қайтып келді де, Метробийге
зілмауырдай бір былғары сумканы ұстата беріп:
— Ал мынаның, ішінде бір мың аурея бар. Күңдерді азғырып,
құлдарды сатып ал, əйтеуір айғақ əкел, түсіндің ғой... Егер тағы да ақша
керек бола қалса...
— Осының өзі де жетеді...
— Ендеше, жарайды! Ірікпей жұмса, есесін толтырамын... Ал,
жөнел... бүгіннен қалма, жолшыбай бірде-бір жерге аялдаушы болма...
Қалайда тез айғақ алып қайт.
Осыдан соң ол Метробийді экседрадан итермелей шығарып,
коридорды бойлай, үй құдайларына арналған алтарьлардың жəне
жауын суы үшін жасалған бассейннің жанымен, атриум арқылы ауызға
дейін ертіп келді де, есік күзетушінің міндетін атқарушы құлға:
— Мермоген, мына кісіні көрдің ғой... Бұл қашан келсе де, тоқтаусыз
менің бөлмелеріме ертіп кел,— деп ескертті.
Метробиймен қош айтысқаннан кейін ол дереу кабинетіне келді де,
есікті бекітіп алды. Бөлмені кезіп ұзақ жүрді: оның түтеген жүзінде,
нақ сол кезде құтырған қасқырдың көзіндей ақшия от шашқан
қорқынышты көздерінде саналуан ойдың, аумалы-төкпелі сезім
серпінінің ізі сайрап тұрды. Бұдан соң тағы да ағыл-тегіл жылап,
диванға келіп құлай кеткен бойы аппақ қардай қолдарын тістелеп,
күбірлеп сөйлей берді:
— Эвменидалар... кегімді қайтара көріңдер, мен сендерге сəулетті
алтарь орнатайын!.. Менің аңсағаным кек, кек алғым келеді! Кек...
Сүйкімді Эвтибиданың бұл ашуын түсіндіру үшін, Спартакқа деген
махаббат жетегінде болған Валерия оған берілген күннен бері қарайғы
соңғы екі айда болған оқиғаны оқушыларға аз сөзбен əңгімелеп өтелік.
Гладиатордың ер тұлғалы денесінің адам таңқалардай мінсіздігімен
бірге, аса қайрымдылық пен сүйкімді күлкі нышанынан ірең алған бет
пішіні де көрікті еді; оның үлкен көкшіл көздерінен қисапсыз күшті
сезім тасқыны байқалғандай. Өз көкірегіндегідей Валерияның
жүрегіне де оның аса күшті ғашықтық отын тұтатуы таңқаларлық та
нəрсе емес-ті. Жас адамның парасатты жүрегінен сағат санап жаңа
ізгілік, жаңа қасиеттер тапқан - атақты матрона оған тым тез-ақ
бүтіндей беріліп кетті. Оны есі-тұсы қалмай жалындап сүйіп қана
қоймай, сонымен бірге қатты сыйлап, оған құмарта қызықты да, ал
осыдан бірнеше ай бұрын, Луций Корнелий Сулланы сүймеген күнде
де мұны осылайша сыйлап, құрметтей алармын деп ойлаған-ды.
Спартак шексіз бақытты еді. Махаббатқа елітіп, осындайлық зор
қуаныш тойын тойлаған ол өз басының осы əуенімен кетті,
жолдастарын, күні кешеге дейін қол-аяғын буып келген құлдық
бұғауын, талайдан бері ойын бөлген жəне қайткен күнде де ақырына
дейін апарамын деп өзі ант берген азаттықтың қасиетті ісін ұмыт
қалдырды.
Дəл сол мезгілде, Спартак өзін ғаламдағы ең бақытты адам санап,
көңілі көтеріңкі жүрген уақытта, Эвтибидадан бірнеше рет шақыру
алды. Ол гладиаторлардың заговоры жайындағы іс туралы-мыс деп
қоярда-қоймай шақырды. Спартак куртизанкаға жолықпақ болып
жолға шықты.
Жасы жиырма төртке жете қоймаған бұл қыз Афина төңірегінде
туған еді: Римнің негізі қаланғанынан бергі 668 жылы, яғни, осы
баяндалып отырған оқиғадан сегіз жыл бұрын қаланы Сулла жеңіп
алғанда, он төрт жасар Эвтибида күңдікке душар болды.
Өзінің жаратылысында күңшіл, такаппар жəне жаманшылыққа үйір
Эвтибида бір бұзылған патрицийдің қолына түсті де, көрсе қызар
құмарлықтың əуезесінде ұят дегеннен ада-күде айрылып болды. Дырдуманға белшелей еніп, қарт бұзақының сүйіспеншілігі арқасында
басына бостандық алған бұл қыз аз уақыттың ішінде бейсауат өмірге
бүтіндей берілді де, сонымен күш алып, ықпалға жəне дəулетке ие
болды. Жаратылыс бұл əйелге сирек кездесетін сұлулықпен қоса
ақылды да аямай-ақ берген еді, бірақ ол мұны əралуан сұрқиялық істер
істеу жолына сарп етумен болды. Бұзақылықтың барлық сыры (міне
мəлім болып, қызбалық нəпсі əбден тояттап сер құмардан əбден
шығып болғаннан кейін Эвтибида сол бұзықтық тұрмысқа
жиренішпен қарай бастады. Ол Спартакты алғаш рет нақ осы шақта
көрді; Спартактың алып күшіне орай асқан сұлулығы Эвтибиданың
жүрегінде ашынған ынтықтық пен нысапсыз нəпсі күйінен түйілген
ұры үміт туғызған еді; бұл үмітінің оп-оңай орындалатынына ол
шүбəлəнған да жоқ.
Бірақ амал-айламен Спартакты үйіне келтіріп, өзі білген
сайқалдықтың не түрін жасап баққанымен онысынан ешнəрсе
шықпайтынын, рудиарийдың ешқандай дұзаққа түсе қоймайтынын
көргеннен кейін, бір сөзбен айтқанда, дүние жүзінде өз махаббатын
қабыл алмаған бірден-бір адамға тап болғанына көзі жеткеннен кейін,
куртизанканың құйтың желігі бірте-бірте жəне оның өзінде де белгісіз
шын ашыналыққа, сонымен бірге бұл əйелдің саппастығы себепті
нағыз асқынысты ашналыққа айнала берді.
Сулланың гладиаторларының ұстазы болып белгіленген соң, көп
кешікпей Спартак Кумыға жүріп кетті; диктатордың тамаша əсем
вилласы соның жайында болатын. Сулла өзінің бау-шарбағымен, үйішімен сонда көшіп барған-ды.
Намыс азаптап, сағы мейлінше сынған Эвтибида Спартакты өз
құшағынан айырған басқа бір əйелдің махаббаты, соның бейнесі екенін
ешкім айтпай-ақ тұспалмен сезді. Ол рудиарийді ұмытуға, көкірегіне
ұялаған оның бейнесін мүлде аластауға тырысқанымен, онысынан
ешнəрсе шықпады! Адам жүрегі дегеніңіз қолдан келмеске ұмтылады,
— əрқашан солай болып та жүр — ойға алғанын орындау жолындағы
кедергілер неғұрлым күшті болса, ол дегеніне жетем деп солғұрлым
өршелене түседі! Бұл күнге дейін қаннен-қаперсіз жəне бақытты өмір
сүріп келген Эвтибиданың, ежелден шексіз байлықпен бақытты өмір
сүруші пенденің басына бергісіз, аса ауыр күйге түсуі де, міне
сондықтан.
Əрі сүйіп, əрі қастасқан адамымен бақытқа қолы жеткен күндесінен
бірден кек алу мүмкүндігіне Эвтибиданың соншалық қуана
жармасқанын оқушыларымыз көріп отырған болуы тиіс.
Эвтибида тізгінді өзінің жалғаншы ойының ырқына беріп
кабинетінде отырған шақта, Метробий бір сайгүлікті мініп Кумыға
төпеп бара жатқанда, Венера Либитинаның асханасында елеулі бір
оқиға болып жатты.
676 жылдың апрель календасының (16 март) он жетісі күні ымырт
жабыла, гладиаторлар шұжық, шошқа етінен қуырдақ жеп, велитерн,
тускулан шараптарын сіміру үшін Жалғызкөзді Лутацияға келді.
Стол басында бұл сайранның төр ағасы болып гладиатор галл Крикс
отырды. Ол күші мен ерлігі арқасында өз жолдастарының арасында
беделді, Спартакқа да сенімді жəне сыйлы болатын.
Гладиаторлар айнала отырған стол асхананың екінші бөлмесінде
жабдықталған-ды. Сондықтан гладиаторлар өздерін емін-еркін оңаша,
əрі қолайлы жерде отырмыз деп, қаннен-қаперсіз əңгімелесе
берулеріне болатын еді, оның үстіне ауызғы бөлмеде адамдар аз
болатын. Мұнда мезгілсіз уақытта келген некенсаяқ адамдар тускулан
шарабынан бір шараны жүре тартып, өз жайларына кетіп жатты.
Өзінің жолдастарымен стол басында отырған Крикстің көзі үсті
тамақ қалдықтарына толы, бөлменің бір бұрышында тұрған кішкентай
столға түсті, онда əлгінде ғана біреу отырып кеткенге ұқсайды.
Құдайлардың анасы Лутация Кибела,— деді Крикс стол үстін
жинастырып жүрген үй иесіне қарап.— Сонау столда отырып тамақ
ішкен кім, осыны айтшы маған?
Лутация жалт қарада да, баж ете қалды:
- Қайда ғана жоқ боп кетті? Miнe, қызық!..
Соның ізінше ол тағы да:
- Қап... Юнона Лунина өзің жар бола көр...— деді. Мысығына кең
толғақ бер...— деп күбірледі гладиаторлардың бірі.
— Ақшасын төлеместен, мені жер соқтырып кеткені-ау, оның.
Осыны айтып Лутация əлгі столға жүгіріп барған еді, Крикс одан:
— «Ол» деп бүркемелеп жүрген бұл белгісіз адамың кім? — деп
қайыра сұрады.
— Ах!—деді Жалғызкөзді көңілі орнына түскендей.— Текке
кінəлаған екем... Оның адал адам екенін білген едім. Ол ішкен-жегені
үшін стол үстіне сегіз сестерция қалдырып кетіпті... Бұл берешегінен
де артық, бұдан оған төрт жарым асса қайтаруым керек.
— Қағыңды алғыр-ау, айтамысың, жоқ па!..
— О, сормаңдай,— деді Лутация стол үстін жинастырып жатып,—
жазу тақтасы мен қаламын да ұмытып кетіпті.
— Бүгін кештен қалдырмай тіліңді Прозерпина кессін, алжыған
көкайыл! Мұнда келген белгісіз адамның атын айтамысың, жоқ па! —
деп ақырды Крикс, Лутацияның езбалдығына шыдай алмай.
— Оның аты не керек сендерге... түртіншек мұндарлар қатыннан да
бетер көрсе қызарсыңдар-ау,— деді Лутация ашуланып. Бұл столда
отырып тамақ ішкен сабиннің астық саудагері, өз жұмысымен Римге
келіпті; бірнеше купит бері мұнда дəл осы мезгілде келіп-кетіп жүр.
- Кəне, маған көрсетші,— деді Крикс, стол үстінде қалған бетінде
балауыз баттасып тұрған кішкентай ағаш тақта мен сүйек қаламды
Лутацияның қолынан ала беpiп. Сөйтті де ол саудагердің тақтадағы
жазуларын оқи бастады.
Шынында да тақта да астық түрлері көрсетіліп, оның өкпе тұсынан
бағалары жəне астық иелерінің аты-жөндері жазылған, тəрізі олар бұл
саудагерден алдын ала ақша алған болу керек, өйткені адам
аттарымен қатар əртүрлі цифрлар да тұр.
Тіпті түсінбеймін,— деді Жалғызкөзді Лутация,— қай уақытта кетіп
қала қойды... сендер осында келіп кіргенде, оның дəл осы арада
отырғанын көрген едім... А... түсіндім! Мен сендерге шошқа етінен
шұжық əзірлеп жатып, оның шақырғанын естімеген екем ғой, сонан
соң күтіп отыра алмай, əлденеге асықты ма адалдық істеп ақшасын
тастаған да, жүре берген болды.
Бұдан соң Лутация тақта мен қаламды қайтып алды да, жүре сөйлеп
кетіп бара жатты:
— Ол ертең келетін болса, еншалла келер деймін, оның өзіне
тиесілерін қайтып берейін.
Гладиаторлар ешбір үн-түнсіз тамақ ішіп жатты, біраздан соң тек
олардың біреуі:
— Күннен1 ешқандай хабар жоқ па?—деп сұрады.
— Ол бұлттан2 шықпай тұр,— деді Крикс.
— Алайда, мұның өзі таңданарлықтай екен,— деді біреуі.
— Түсініксіз де,— деді екінші біреуі.
- Ал құмырсқалар ше?3 - деп сұрады үшінші біреуі Крикске қарап.
- Олар сан жағынан өсуде, жаздың4 келуін күте отырып, өз істерімен
қызу айналысуда.
- Жаз тезірек шықса екен, мейлінше шыжыған күн еңбек сүйгіш
құмырсқаларды қуантып, мейрімсіз аралардың5 қанатын күйдірсе
екен.
- Көзге көрініп тұрған жұлдыздар6 қанша, соны айтшы маған Крикс?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 07
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.