Latin Common Turkic

Спартак - 21

Total number of words is 4012
Total number of unique words is 2114
35.0 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жанына келіп сенің нұрлы жүзіңе қарап, жас төгумен болдым. Саған
деген үмітсіз ғашықтық меңдетіп, ақылынан адасқан кəріп жандай
болғалы, міне бес жыл болды. Сен сыртқа тепкен мен бейбақ,
шамамның келгенше бейнеңді ойымнан мүлде шығаруға тырысып
бақтым. Онымнан ештеме шықпады. Мүсірке мені!.. сыртқа теппе,
Спартак; егер менен жеріп, тағы да сырт айналатын болсаң, онда мені
неден де болса тайынбай, нағыз тағылық, нағыз сұрқиялық іс істеуге
душар етесің!..
Ғашық қыз Спартактың қолын ұстай алып, оны үсті-үстіне сүйе
бастады. Бұл сияқты күшті ашналық пен отты сөздердің жалыны
шарпыған Спартактың жүзі бір жанып, бір қуарумен тұрды: өнебойы
шымырлап кеткен ол, Валерия мен Пастумияның шаштары түйілген
медальонды барынша қыса түсті; асқан сұлу грек қызының сиқырлы
арбауына төтеп берерлік күшті ол тек бойтұмардан ғана тапқандай еді.
Ақырында, ол қолын ақырын тартып алды да, басалқалық мейріммен
қызға:
− Сабыр... сабыр ет... бейкүна жан... Менің сүйген жарым, онан туған
балам бар. Ал, Спартакта бір ғана тілек бар екенін өзің білесің, ол
өмірін езілгендер ісіне берген жəне сол істің жолында өледі. Сондай-ақ
ол ешуақытта да басқа əйелді сүймейді... Сондықтан мен туралы ойдың
қандайынан болсын без, ғашықтықты сөз етуді доғар.
− О, хорсымбатты Эринния!—деп дауыстап жіберді долданған
Эвтибида, тістерін қайрай түсіп, дəл осы сəтте Спартак та одан
жайымен сытылып шыға бастаған еді. Ол Валерия ғой, өркенің өспегір,
Валерия... Сені менің құшағымнан айырған сол...
— Бикеш! — деді ашулы Спартак, ызғарлы пішінмен.— Шық
шатырымнан жəне енді қайтып бұлай қарай қия басушы болма;
ертеңнен бастап сен басқа да контуберналийлермен бірге Эномайдың
қарамағына барасың.
Куртизанка қыз басын төмен салбыратып, өксігін сыртқа шығармас
үшін өз қолын өзі тістеген күйі, аяқтарын баяу басып шатырдан
шығып жүре берді. Спартак медальонды ашып, ондағы екі жөргем
шашты қайта-қайта сүйіп, мауқын басты.
XVI ТАРАУ. ҚЫЗ АЯҒЫНА БАС ҰРҒАН АРЫСТАН. САЗАЙЫН
ТАРТҚАН ҚАНІШЕР
Эвтибида анау-мынау əйел емес-ті; ондағы ақыл-ой нəпсіге
бағынатын, ал нəпсі дегеніңізде шек болмайтын. Балаусадай жас
кезінен-ақ жүгенсіз кеткен патрицийдің əмірімен, барып тұрған
жиіркенішті думанқой былапыт жолға түсіп, əйел жүрегін сақтаушы
өте-мөте бекем екі бірдей қасиеттен — ұстамдылық пен бой бағудан
жұрдай болған-ды.
Ол нəпсіге тиымсыз жан еді: ақыры немен тынарына да қарамастан,
ойына алғанын не де болса істеп тынатын; басқаларға зияны тие тұрса
да, өз тілегін орындауды сыйғылықты нəрсе деп білетін де, мызғымас
табандылықпен, қайтпас жігермен əрқашан өзінің дегеніне жетпей
қоймайтын.
Өмірдің рақатын армансыз көрген, асқан дəулетті, Римнің бай
патрицийлері мен өте-мөте тыраш мырзалардың еркесі болған бұл
қыз, Спартакты күш-қайраты мен ерлігі əбден кемеліне келіп, цирктегі
қанды қырқыстарда жеңіп шығып жүрген шағында көрді. Нақ сол
кезеңде ол үшін өмір ешқандай игі шексіз, көңілсіз тартып, оған
қуаныш атаулыдан күдер үздірген-ді. Спартакты көргеннен-ақ мұның
оған көңілі кетті, ашыналық арманыма жете қоярмын деп ойлады,
сөйтіп алабыртпа сезім толқынында, өзін əбден ығыр еткен сүрең
өмірдің шырқын бұзуға дөп келген бұл жаңа махаббат күшіне елти
бастаған болатын.
Бірақ ойда жоқта бұл бағытта кедергілер кездесіп, өзіне Спартактың
бұйырмайтынын көріп, сүйген адамына басқа бір əйелдің таласып
жүргенін білген соң, куртизанканы күшті қызғаныш билеп алған-ды;
оның қаны қайнап, соқпалы көңіл күйі өлердей құштарлыққа айналды
да, Эвтибида сияқты сайқал, уытты жəне тайынбас жанның басындағы
ол құштарлық асқына-асқына өзінің ақырғы шегіне жетті.
Бұл адамды мүлде ұмытпақ болып куртизанка сапар да шегіп көрді.
Бірақ тиымсыз бетімен кеткендік думан да, сапар да оны сəтсіз
ашыналықтан құтқара алмады. Спартак туралы ой қайда барса да оның
қыр соңынан қалмай, жанын улаумен болды. Сонан соң гладиатордың
жүрегін тағы да бір сынап көруге бел байлаған-ды.
Олар алғаш кездескеннен бері төрт жыл өтті; Валерияны Спартак
ұмытатындай болды, бəлки ұмытқан да болар, сондықтан Эвтибида
фракиялықты өзіне қаратып, барлық байлығын алды да, салып
отырып гладиаторлардың лагеріне келді, жүрегіне соншалық күшті от
салған адамға шығыстың күңі өкімінде бүтіндей берілмек болды.
Егер Спартак құшақ жайып қабыл ала қалса, ол бақытты болар еді,
жəне кім біледі? Бұл адамның сүйіспеншілігіне ие болу үшін қандай да
болса ізгілік жəне өжеттік іс істеуге қабілетім жетеді деп сенгендіктен
ол жақсылық жағына бəлки ауыса да салар еді.
Ол күтті, үміттенді, бірақ алдайды да... Спартак оның тауанын
екінші рет қайтарды... Ашулы қыз гладиатордың көсемінің шатырынан
жас жуған өңі бұзалаңдап, жүрегі сыздап, көздері шатынаған пішінде
сенделіп шықты.
Ол мең-зең болған күйі, үн-түнсіз меңіреу лагерьді кезді,
шатырлардың тіреулеріне сүрініп, мұны да сезбестен, аттар тұрған
жерлерді қоршай құрып тастаған кермелерге барып соғылумен болды.
Қыздың аппақ қардай денесін тітіренте түршіктірген таңертеңгі
ызғырық жəне өкпек жел оны бұрынғы қалпына келтіріп, есін
жинатқандай болды. Пеплумына орана түскен Эвтибида сандырақтап
немесе есінен танып тұрғандай-ақ, айналасына қарап, өзінің қайда
тұрғанын бағдарлауға тырысты. Қолының қанап қалғанын көріп, оны
өзінің аямай-ашымай тістелей бергенін түсінді. Эвтибида тоқтай
қалып, көгілдір көздерін көкке қадап, қан болған қолын жайып, бұл
сияқты қорлау мен азап үшін өзіндегі қайнаған өшпенділіктің барлық
күшімен кек алуды көктің құдайлары алдында ант етті. Қолын жуған
қан үшін ол, Спартактың басын кектің жəне тамұқтың құдайларына
бағыштады.
Келесі күні Спартак Эномайға өзінің контуберналийлерінің бірін
оған қызметке жіберетінін хабарлады.
Эномай бұған таңырқаған жоқ бірақ өзінің қарсы алдына келіп
тұрған Эвтибиданы көргенде германдық қайран болды, өйткені мұны
Спартактың сүйгені деп санайтын.
— Қалайша? Сенбісің? — деп дауыстап қоя берді, айран-асыр болған
германдық Спартактың менің қарамағыма жібердім деген
контуберналийі сен бе едің?..
— Мен... нақ менің өзім! —деді жүдеу жүзінде ауыр жапа мен ашу ізі
сайраған қыз.— Соншалық неменеге таңырқадың?
— Өйт... өйткені сен Спартак үшін бағалы адамсың...
— Эһ!—деді қыз кекесіндей езу тартып.— Спартак— ізгі адам емес
пе, тек біздің ісіміздің салтанат құруынан басқа ештеме ойламайды.
— Дегенмен, сенің шын ару, Греция топырағында дүниеге келген
əйел аттының ішіндегі ең аруы екеніңді оның түсінуіне мұның кедергі
болуы тиіс емес қой.
Эвтибиданың сұлулығы Эномайды есінен тандырса керек: аю қолға
үйреніп, тұрпайы, тағы адам қайрымды жанға айналып сала берді.
— Сен маған өзіңнің махаббатыңды ұсынбас па екенсің? Мен мұнда
өзімізді қанаушыларға қарсы шайқасуға келдім жəне осындайлық
қасиетті іс үшін өзімнің бүкіл дəулетім мен махаббатты
алданыштарымды қалдырып шықтым, Сергектік пен ұстамдылықты
Спартактан үйрен.
Бұл сөздерді асқақтай айтқан қыз, жалт бұрылған
контуберналийлер тұратын көршілес шатырға қарай беттеді.
күйі
— Əлемге ана болған хорсымбатты Фреяның аруағына аян, мына
қыздың сұлулығы мен токоннарлығы ең сұлу жəне тəкаппар деген
валькириялардан бір де кем емес екен! — деді Эвтибиданың сұлулығы
мен қылығына таңқалған Эномай.
Эвтибиданың бұл арада германдықтың сүйіспеншілігіне ие болуға
тырысатынын түсіну қиын емес. Алайда, мұны қандай мақсатпен істеп
жүргенін кім айтып бере алады? Бəлки бұл махаббат оның ойға алған
кек алу əрекетінен аулақ та емес болар? Бірақ қалай дегенмен де, асқан
сұлу жəне еркекті өзіне тартуға келгенде, соншалық сайқал Эвтибида
сияқты əйелге, ақкөңіл, аңға германдықты қақпанға түсіру қиын емес
екені айқын еді. Азғантай ғана уақыттың ішінде Эномайды кəміл
игеріп, билеп-төстеді де кетті.
Бұл мезгілде Спартак Венузия жанындағы лагерьде жаңадан
құрылған екі легионды тыным алмастан соғыс өнеріне үйретумен
болды. Консул Марк Теренций мен Спартактың арасында болған
əңгімеден соң он сегіз күң өтісімен, тұтқындағы төрт мың солдаттың
төлеуі — он мың сауыт-сайман, қалқан, семсер мен сүңгі
гладиаторлардың лагеріне жеткізілді.
Соңғы екі легионды қару-жарақтандырып болысымен, Спартак
Венузиядан шығып, Апулияға аттанды. Одан Римнің Адриат
теңізіндегі ең маңызды жəне үлкен соғыс порты Брундизиумға дейін
барды.
Екі айға созылған бұл жорық кезінде римляндар мен гладиаторлар
арасында айтарлықтай бірде-бір шайқас болған жоқ, өйткені Спартак
келіп енгенде кейбір қалалардың көрсеткен болымсыз қарсылығын
елеулі шайқас деуге тұрмайтын еді, бұл қарсылықтарды ол лезде-ақ
басып тастап отырды.
Өте берік бекіністі Брундизиумды алуға əрекет жасамай-ақ, Спартак
Гнатия маңынан лагерь ашып жатып қалды. Өз əскерін құнарлы, өрісі
кең, мыңғырған малды бұл провинцияны ол қыстап қалмақ болды.
Бұл кезде гладиаторлардың көсемі соғыстың барысын мүлде
өзгерту үшін не істеу керек екенін ойластырумен болды. Өзі əбден
қабырғасына кеңесіп болған соң, өзіне тікелей бағынатын
əскербасыларды соғыс кеңесіне шақырды. Гладиаторлар лагерінде бұл
маслихаттың сырын бірде-бір жан сезе алмауына қарағанда, онда аса
маңызды қарар қабылданғаны даусыз сияқты.
Маслихаттан соң сол түні қару жарағын тастап, пеплумге жартылай
оранып алған Эвтибида, арқасы мен омырауын жартылай жалаңаштап
өзінің шатырындағы скамейка үстінде отырды.
Тіреуге қыстырылған кішкентай мыс шырағдан шатыр ішіне боларболмас сəуле беріп тұр.
Сонша болған жоқ, шатырға кіреберіс есіктің алдынан
германдықтың еңгезердей алап денесі де көрінді. Венераның
шіркеуіне, ол Эвтибиданың шатырын осылай деп əзілдейтін, тұқыра
еңкейіп кіріп келе жатты.
Шатырға кіре бере, грек қызының алдына жүгініп отыра кеткен
алып, оның қолдарын ерніне төсеп тұрып:
− О, хорсымбатты Эвтибида! – деді.
Біріне-бірі қарама-қарсы жақын келген бұл екі адамның бас бітімі
бір-біріне ұқсамайтын еді: Эвтибиданың реңсіз, тотықты бет пішініне
үйлесер емес; Эномайдың дудыраған шашы мен қаба сақалы асқан сұлу
куртизанканың сарғыш бұрымдарының шырайын бұрынғыдан бетер
арттыра түскендей.
— Мəслихатта ұзақ əңгімелестіңдер ме?— деді Эвтибида, аяғына бас
ұрған, еңгезердей германдыққа жылы шыраймен, жайраңдай қарап...
— Көп əңгімелестік... бірақ,— деді Эномай,— маған сенер болсаң, осы
мəслихат деген-ақ мазамды əбден кетірді: мен — ұрыстың адамымын,
Тордың найзағайы куə, осы жиылыс дегендерді суқаным сүймейді.
— Спартак та ұрыстың адамы емес пе, егер ерлікке сақтық серік
болса, бұл біздің ісіміздің салтанат құруы үшін пайдалы да болмақ.
— Пайдалысы пайдалы, мен бекер демеймін... бірақ маған салатын
болса, мен Римге тура тартқан артық дер едім...
− Бұл есуастық қой!.. Мұндай тəуекелді біз санымыз екі жүз мыңға
жеткенде ғана жасай аламыз.
Екеуі де сəл уақыт тым-тырыс қалды. Эномай грек қызына емірене,
жылы жүзбен қарады. Эвтибида да сүйетін адамсып, оны ойнақы
мінезбен арбап аялай түсті.
— Сөйтіп, сендер,— деп сұрады Эвтибида, бейхабарсып,— бүгінгі
кеңесте маңызды жəне зор істі талқыға салған боларсыңдар?
− Солай... маңызды жəне үлкен мəселе... Спартак, Гранин, Крикс...
сөйледі...
− Əлбетте... сіздер көктемгі соғыс қимылдары жоспарын талқылаған
болдыңдар ғой?
— Олай да емес... Бірақ, біздің шешкендеріміздің бұған тікелей
байланысы бар. Талқылағанымыз... ой! — Ол сөзін кенет тоқтата
қойды.— Айтпақшы, не шешілгенін ешкімге айтпау жөнінде біз бірбірімізге қасиетті ант беріскен едік-ау. Ал, мен қазір, саған бəрін де
бастан-аяқ көкіп қоя жаздаппын...
— Несі бар, сен өздеріңнің жоспарларыңның жайын, менімше, жауға
айтып отырған жоқсың ғой деп ойлаймын?
— О, қадірлі Венерам... Мен саған өзіміздің не шешкенімізді
айтпағанда, сенбегендігімнен дейсің бе, мұны?
— Қалғаны сол ғана еді! — деді грек қызы.— Дельфа Аполлоны куə!
Езілгендер ісі үшін қолда бар байлығымды сарп етіп, бостандық
жолындағы күрескер болу үшін лəззатқа лық толы сəн-салтанатты
тұрмысты тастап келгеннен соңғы жерде, сен менің берілгендігіме
қалайша күдік тудырмақсың!
− Бұдан мені Один сақтай көрсін!.. Мен сені періштедей сұлулығың
үшін ғана емес, сонымен қатар ізгілік қасиетің үшін де есі-тұсым
қалмай, жалындап сүйетініме сенуіңе болады. Сені сыйлайтынымды,
құрметтейтінімді содан біл, тіпті берілген антқа да қарамастан, болған
істі саған ету мен үшін дəнеңе де емес.
− Қой, айта көрме, керек емес! — деді қыз германдықтың сылапсипауынан суси, бұрынғыдан да бетер шамданғансып.— Сендердің
құпияларыңда менің не жұмысым бар? Бұл жөнінде бірдеңе білейінші
деп отырғаным жоқ, ештемеңнің де керегі жоқ. Мен антыңды
бұзуыңды, біздің ісімізге опасыздық жасап алуыңды тілемеймін. Егер
сен маған сенген болсаң... сыйлаған болсаң... өзін айтқандай, сүйген
болсаң... бұл антың сен үшін, өз аузыңнан менің жанымның тынысы,
өмірімнің өзегісің деген адамың үшін емес, басқалар үшін екенін
түсінген болар едің. Сен менің адыра қалған ажар-көркімді ғана сүйеді
екенсің... Менің аймалап сүйгеніме ғана ынтықсын... сенен тұрақты,
таза махаббат табамын деген үміт алдамшы... бір көрген түс екен!
Эвтибиданың даусы бірте-бірте дірілдеп, ақырында өтірік өксіп,
ағыл-тегіл болып жылауға басты.
Осы сияқты сиқырлы əдіс-айлалармен Эвтибида ақыры дегеніне
жетті. Қыздың буына жығылған алып оның қолынан, аяғынан түк
қалдырмай сүйгілеп, кешірім сұрады жəне одан күдіктенбейтінін
айтып, ант-су ішті; шын жəне жалынышты сөздермен алғаш
көргеннен-ақ оны өз басынан артық жақсы көргенін айтып бəйік
болды. Грек қызы мені қорладың деп қасақана бұлан-талан болып,
ешнəрсені білгім келмейді деп қарысып болмаған соң, оған мені тыңда
деп жалынып жігі-жаппар болды. Бұдан былай өз басы жасырын
сақтауға ант берген құпияның қандайы болсын, өзімен бір жан, бір тəн
Эвтибидадан басқалар үшін ғана құпия болатынын айтып сендірмек
болды.
Бұдан ары ол мəслихатта не талқылағанын қызға қысқаша баяндап
та шықты. Спартак борышқа белшеден батқан, өзгеріс туғызуға, бүлік
шығаруға əзір отырған рим жастарының бір бөлегін гладиаторлар
жағына арту қажеттігін дəлелдеді. Гладиаторлардың қолын басқа руды
сұрап Катилинаға ертеңнен бастап сенімді елші жіберілмек болды, бұл
тапсырманы орындауды Рутилий өз міндетіне алды.
Дегеніне жеткен Эвтибида, бұдан əрі тағы да біразға дейін
торсаңдай келіп, бір мезетте күлім қағып Эномайға қарады. Бұл
уақытта Эномай жермен жексен болып жатып қалған еді;
Эвтибиданың аяқтарын өзінің басына қойып:
- Міне... Эвтибида... көрдің бе, мен сенің құлыңмын... таптай бер
мені.... басымды аяғыңа жастық еттім...
- Тұр... түрегел, сүйікті Эномай,— деді куртизанка дегбірегенсіп,
сайқал үнмен,— тұр, сенің орның бұл ара емес... тұр, бер таман, менің
жүрегіме жақын кел.
Осылай деді де, гладиаторды аялап, өзіне қарай тартты. Орнынан
атып тұрған алып, қызды үсті-үстіне құшырлана қысып сүйген шақта,
куртизанка булығып өліп кете жаздады.
Тіл қатуға дəрмені келісімен-ақ Эвтибида:
- Енді... мені босат... күндегідей аттарымды көріп жəне оларды
Ксенократтың
қалай
күткенін
байқауға
барайын.
Лагерь
тыйышталғаннан кейін... тағы да көріселік... Түннің тыныш мезгілінде,
əдеттегідей осында соғарсың... Бірақ, есіңде болсын, біздің
махаббатымыз жайында тірі жанға жақ жазушы болма. Ешкімге де...
Əсіресе, Спартакқа сездірме.
Эвтибиданы құшырлана соңғы рет сүйді де, Эномай өзінің
шатырына қарай кетті.
Бірнеше минут өткен соң, қыз да тысқа шықты. Бүкіл өмір бойы
өзіне біржолата берілген екі қызметшісінің шатырына беталған қыз
өзіне өзі:
— Несін айтасың!.. Табылған ақыл екен!.. Алпыс мың құлды бастауға
Катилинаны қою, қолды да жəне көтерілістің өзін де кемеліне келтіру
деген сөз... Онда Римнің атақты жəне батыл патрицийлары да онымен
ере келеді... Бəлки Тибр жағалауларындағы бүкіл қарашоғыр онымен
бірге көтерілер де... Сөйтіп, құлдардың сəтсіздікке байланған көтерілісі
аса қауіпті азамат соғысына айналып, оның ақыры мемлекет
конституциясын түбірімен өзгертіп тынуы да ықтимал... Катилина
тұрғанда Спартак ықпалдан қол жуулы болады деп ойлауға да
болмайды, өйткені Катилина ақылға кемеңгер адам, бұл тағы топқа
Спартаксыз бір күн де басшылық ете алмайтынын ол түсінеді. Жоқ!..
Жоқ!.. Бұл менің жоспарыма келмейді екен... жəне онда Спартак та
дегеніне жете алмайды! — деп келе жатты.
Осы сияқты сан-сапалақ ой соңында өз қызметшілерін шатырына
келді де, Кеснократты оңаша алып шығып, онымен грек тілінде
сыбырласып сөйлесе бастады.
Келесі күні алакөбеде астында апулий жылқысының тегі ұшқыр
торы аты бар, үстінде қарапайым шұға туника, оның сыртынан кең
қоңыр плащ киген, басында шұға қалпағы бар, əрі көрікті, əpi келбетті
бір жас жігіт Гнатиядан Бариумға қарай консул жолымен желе жортып
келе жатты. Кездесе қалғандар болса, мұны үстіндегі киіміне жəне
сырт бейнесіне қарап, Бариум базарына кетіп бара жатқан ауқатты
дихан деп түсінгендей еді.
Жолаушы үш сағаттай жол жүріп келді де, ат шалдырмақ болып
тоқтады.
— Аманбысың, дос,— деді ол станция иесінің малайына, атының
шаужайынан ала бергенде. Бұдан кейін ол үйден шығып келе жатқан
екі беті шиқандай, жуан қарын біреуге де:
— Сені жəне үйіші, бау-шарбағыңды құдайлар желеп-жебей берсін!
—деді.
— Сенің де жортқанда жолың, қыдыр жолдасың болсын! Ұзақ
жолдан соң аздап ат шалдырып демалатын боларсың?.. Асыл текті,
мына апулий атыңның алыс жол танабын қуырып келгені көрініп-ақ
тұр.
— Мұның тынбастан жортқанына алты сағат болады,— деді
жолаушы. Бұдан кейін іле-шала ол тағы да:— Менің апулий атым саған
ұнады ма? Сұлу-ақ жылқы емес пе? — деп сұрады.
— Құрметті Пегастың қанаттарына аян, бұдан өткен келісті атты
ешқашан көрген емеспін!
- Жануар... Бір айдан соң қандай күйге түсеріңді кім білсін!—ден
күрсініп қойды жолаушы, станция иесінің үйіне кіріп бара жатып.
Үй иесі оған бөлменің қабырғасын іргелей тұрған столдардың
бірінің жанынан орын алуды ұсынды.
— Бірдеме жеп қарбытатын боларсың? Атыңды соншалық неге
мүсіркедің?.. Жасамыс формий шарабын ішерсің? Юпитердің
нектарымен парапар шарап... Қойдың сұр санынан қуырдақ қуыртсам
қайтеді? Бұл əрі жұмсақ, əрі ғазиз енесінің емізген сүтіндей тəтті ет...
Үй иесінің бұл мылжың сөздерін жаңадан тағы бір жолаушының
келуі бөліп жіберді. Бұл жасы қырықты қусырған, қоңырқай жүзді,
бойшаң нық денелі, көсе біреу еді. Киім бейнесіне қарағанда, дегдары
жəне бай семьның қызметшісі немесе еркіне қоя берген адамы деуге
болатындай.
— Жортқанда жолың болсын!—деді станция бастығы үйге кіріп
келе жатқан жолаушыға.— Алыстанбысың? Аялдап тамақ ішетін
шығарсың?.. Қойдың сүбесінен қуырылған қуырдаққа қалай
қарайсың?.. Енесі пақыр жайылған балаусадай жас ет? Сен ұзақ жəне
суыт жүріп келгенсің ғой? Тəрізі алыстан келе жатқан боларсың?
Құдіреті күшті Юпитердің дастарқанындағы нектарынан кем
түспейтін, көптен бері жатқан жасамыс формий шарабын келтірейін...
Отыршы, өзің де өте шаршаған шығарсың...
Соңғы келген жолаушы стол басынан орын алып, үй қожасы ас үйге
кетті.
− Мына префиканың құлақты сарсытқан езбалдағынан құтқарғаны
үшін ұлы азат етуші, құдіреті күшті Юпитерге рақмет,— деді алғашқы
жолаушы.
— Шын, нағыз барып тұрған көк мылжыңның өзі екен,— деді еркіне
босатылған адам.
Екі жолаушының арасындағы сөз осымен тынды.
Дəл сол мезетте, еркіне жіберілген жолаушы əлдеқалай бір ой
соңына еріп кеткендей еді, апулий диханы, стол үстінде жатқан
пышақты секіртіп ойнай отырып, ананы бастан-аяқ бажайлап қарап
шықты.
Бір мезет болғанда, айтылмыш қуырдағын алып үй иесі келді, екі
жолаушы қуырдаққа оптыға бас қойды.
— Сөйтіп,— деді апулий аттың иесі қуырдақты жайғап болған соң,—
менің атым саған ұнады ғой?
— Геркулес куə! Ұнады ма қалай? Əрине, ұнады: қабырғасы делдек
келген нағыз қаз мойын, желаяқ, əрі мүсінді, əрі уытты, апулий
жылқысының тегі көрінеді... Есіңде болсын...
— Атымды саған тастайын, жиырма аттан бір ат таңдатамысың?
— Қырық аттан таңдатайын, мырза, қырық аттан, өйткені менің
станциям сорлы станция емес, маңдайалды станция... есіңде болсын...
— Ат қораңдағы қырық, жүз, тіпті мың аттан бір ат беремісің дедім
ғой мен саған? — деп ақырды апулий адамы ашуланып.— Эскулап
тіліңді кескір екенсің, бір!
− Аһ!.. Солай ма... ендеше мен айтайын... байырғы атымды... əдемі
екен деп... өзім сырын білмейтін атқа... айырбастау, - деді станция иесі
ұнатпаған пішінмен, құлағының түбін қасып, − маған онша тиімді соға
қояр ма екен... айтпақшы, есіңде болсын, осыдан бес жыл бұрын дəл
осындай бір оқиғаға кездесіп, аузымның күйгені бар еді...
— Мен де атымды саған берейін деп отырған жоқпын. Мен оны
кепілге қойып кеткім келеді... Осыдан келесі станцияға дейін бару үшін
сен маған аттарыңның бірін бересің, ол атты сол станцияға тастай
беріп, одан басқа ат мінсем, сөйтіп өзімнің ойға алған жеріме жеткенше
осылайша ат алмастырып отырсам деймін. Сонда мен Аяқсымды
қайтқан сапарымда алар едім. Менің торымның аты осылай.
— Ендеше, ол үшін зəредей де қам жеме! Өзің қайтып келгенше,
атың семіріп, жұнттай болады да тұрады, Аттың бабын мен жақсы
білемін... Ал сен тым асығыс көрінесің, сапарың алыс болды ғой?
Беневентум барарсың?
— Мүмкін,— деді жолаушы, жымиып.
— Немесе, тіпті Капуяға барарсың?
— Мүмкін!
— Кім біледі, сен əлде Римнің өзінен барып бір-ақ шығарсың?
— Мүмкін!
Осыдан соң екеуі де тына қалды.
— Кəне, одан да достық үшін мынадан ауыз тиші,— деді дихан
жымия күліп, қайрымды адамға өзінің шарапқа толы ыдысын ұсына
беріп.
− Сапарың оң болсын, есен барып сау қайтуың үшін,- деп станция
иесі шараптан бір-екі рет қылқ еткізді де, ыдысты қонағына қайта
ұсынды.
Ыдысты оның қолынан алмастан анау:
— Енді ана жолаушыға ұсын, оның денсаулығы үшін алдымен өзің
іш,— деді.
Бұдан əрі ол жолаушыға қарап:
— Менің байқауымша, сен еркіңе жіберілген адам боларсың? — деді
сөзін жалғап.
— Дұрыс айтасың! — деп мақұлдай кетті еңгезердей жолаушы.—
Манлий Империоз əулетінің босатқан адамымын.
− Ежелгі аты шулы тұқым ғой, ол!—деді станция иесі.
− Көтеріліс жасаушы гладиаторлардың келуімен байланысты
Брундизиум жанындағы вилласының тартқан зиянын Тит Манлийға
хабарлау үшін Римге кетіп барамын.
− Ал!.. Гладиатор деймісің! — деп күңк ете қалды, тұла бойы түршіге
жөнелген станция иесі.— Статор Юпитер үшін... Соларды ауызға ала
көрмеші. Осыдан екі ай бұрын Брундизиумға қарай, осы арамен өтіп
бара жатып, олардың үрейімді ұшырғаны əлі есімде.
- Қарғыс атқан көсемімен қоса оларға лағнат жаумас деймісің! —
деді апулий адамы столды қойып қалып, содан соң ол станция иесінен:
− Олар саған көп зиян шектірген екен ғой?—деп сұрады.
− ІІІынына келсек, көп те емес... Тіпті, нанар болсаң олар маған жəне
менің үй ішіме сыпайгершілік жасады. Олар менен қырық ат алды...
Бірақ құнын толық етіп алтын ақша төледі... Олардың бұл арамен
өткендегісін көрсең! Əскер дегенінде жік жоқ!.. Легиондар сапында
зəредей мін болсайшы!.. Бұл қарақшыларды біздің даңқты
солдаттарымызбен салыстырудың бойға мін екендігі болмаса, мен
олардың легиондары біздікінен бір де кем емес деп кəміл айта алар
едім...
− Одан да, − деді еркіне босаған адам, оның сөзін бөліп, Спартак —
ұлы қолбасшы, ол алпыс мың құл мен гладиаторды ержүрек жəне
тəртіпті алпыс мың солдаты бар армияға айналдырды деп айтпайсың
ба?
— Ах!.. Римнің мейрімді ынтымақ құдайлары сақтасын! — деді
ызалы пішінмен, мұны жақтырмаған дихан, еркіне босап шыққан
адамға қарап.— Қалайша?.. Бұзақы гладиатор жарылқаушы төреңнің
вилласын шапқанын ұмытып, сен оңбаған, оның қылықтарын қостап,
ерлігін мадақтамақ болдың ба?..
— Юпитерге аян, олай дей көрме! —деді босап шыққан адам,
мойыған, сынық жүзбен.— Мен бұлай дегенім жоқ... Сонымен қатар,
есіңізде болсын, гладиаторлар біздің қожайынның вилласын да
шапқан емес.
— Ендеше гладиаторлардың шектірген орасан зор зиянын Тит
Манлий Империозға хабарлау үшін Римге кетіп барамын деп неліктен
айттың?
— Менің мырзамның сарайына да мекеніне де ешқандай зиян
келген жоқ... Мен оған вилладағы алпыс құлдың елу төрті қашып
кеткенін хабарламақпын. Сеніңше, бұл аз зиян ба? Жұмысты енді кім
істемек, жерді кім жыртады, тұқымды кім себеді, жүзім ағаштарын кім
отайды, өнімді кім жинайды?
— Спартак пен гладиаторлардың жамы Эребке кетсін! — деді дихан
ызалы жəне жиренішті кейіппен.— Қане, олардың тамтығы қалмай
құруы, өзіміздің көркеюіміз үшін көтеріп қоялық!
Еркіне жіберілген адам ішкен тамағы үшін тиісті ақшасын төлеп, ат
қораға барып, ат таңдап алмақ болып, орнынан тұра берген еді, оны үй
иесі тоқтатып:
— Сəл кідіре тұршы, қымбатты азамат — деді ол,— Азеллион
станциясына бір жақсы адам соққан екен, ол меймандостықтың
белгісінсіз құралақан аттаныпты деген жаманатқа қалып жүрермін.
Осыны айтты да, ол дихан мен еркіне босатылған адам отырған
бөлмеден шығып кетті. Бұлардың соңғысы:
— Тəрізі, өзі шын жақсы адам болса керек,— деді.
— Сөз жоқ.
Сол екі арада, өзінің аты жазылған бір тақтаны алып Азеллион да
келді, ол тақтаны ортасынан қақ бөлді де, оның «...лион» деген жазуы
бар сынығын апуллий адамына беріп:
− Тақтаның осы жартысы басқа да жол станциясы иелерінің сені
ықласпен қарсы алуына көмектеседі; осыны қалай көрсеттің солай,
саған аттарының ішіндегі ең таңдаулысын беретін болады, менен
меймандостық тақтасының сынығын алып барғандардың бəріне де
олар осылайша сый көрсетіп отырады. Есіме түсіп келе жатыр, осыдан
жеті жыл бұрын даңқты Сулланың еркіне босатқан адамы Корнелий
Хризогон өтіп бара жатып...— деді.
— Бұл жақсылығың үшін,— деді апулий адамы, Азеллионның сөзін
бөліп,— шын жүрегімнен алғыс айтамын. Езбалдақ болғаныңмен,
есіңде болсын, Гнатия азаматы Порций Мутилий сенің істеген бұл
қайрымыңды ешуақытта ұмытпайды, бұдан былай сенімен шын дос
болады.
Сол мезетте тағы да бір жолаушы келді, киім əлпетіне қарағанда,
малай болуға лайық ол атын жетелеп ат қораға əкелді, онда Порций
Мутилий өзінің таңдап алған атын атшы қалай ерттеп жатқанын қарап
тұр еді.
Келген адам Порциймен жəне Азеллионмен əдеттегідей «salvete»
деп амандасты да, атын қора ішіндегі ақырлардың біріне əкеліп қойды.
Манилий Империоздың еркіне босатқан адамы да атын көруге
қораға келді. Ол Порций Мутилий мен Азеллионға аңдаусызда жаңа
ғана келген малаймен қас қағысқандай болды.
Малай атын жайғап болып, есікке қарай бет алды; еркіне
босанғанның жанына өте бере, онымен жаңа ғана көрісіп тұрған
болып...
— О!.. Касторга тəуба!.. Лафрениймісің? — деп дауыстады.
— Аналар кім?— деді ол тез сырт айнала беріп.— Кребрик! Сен
мұнда қашан келдің? Қайдан жүрсің?
— Ал, өзің қайда барасың? Мен Римнен Брундизиумға кетіп
барамын.
— Ендеше, мен Брундизиумнан Римге келе жатырмын.
Таныс адамдар осылайша кездесіп, амандасып жатқан шақта,
Порций Мутилий малай мен еркіне босаған адамды анадайдан ақырын
бақылады да тұрды. Олар мұның аңдып, əңгімелерін тыңдап тұрғанын
бірден сезіп, сыбырласа сөйлесті. Алайда, Порций Мутилий олардың:
— Құдық басында! — деген сөзін естіп қалды.
Осыдан соң малай қорадан сыртқа шықты, еркіне босаған адам
бұрынғысындай атын баптаумен болды.
Порций Мутилий қорадан шыға бере Азеллионға:
— Мені осы арада күте тұр... Қазір келемін,— деді.
Сөйтіп ол жүгірген күйі үй сыртындағы құдыққа келді де, оның
бақша жаққа қараған дөңгелек қоршауының аржағына жасырына
қалды.
Бұл арада үш минуттай тұрған соң үйдің оң жағымен келе жатқан
біреудің түсірін жəне сол мезетте оның екінші жағынан тағы біреудің
келгенін естіді.
— Сонымен? — деді Лафрений, мұның даусын Порций бірден
таныды.
— Мен, баурым Марбриктің,—деді анау аптыға, сыбырлай сөйлеп,—
туысқандар лагеріне кеткенін естідім. Мен де мырзамның вилласынан
қашып шығып, сонда кетіп барамын.
− Мен,— деді Лафрений, сыбырлай сөйлеп,—вилладағы барлық
құлдардың қашып кеткенін Тит Манлийға хабарлау үшін Римге кетіп
барамын деген сылтаумен, балам Эгнацийді алып қайтқалы шықтым,
оны езушілеріміздің қолында қалдырғым келмейді. Соны ертіп алып,
мен де ержүрек көсеміміздің лагеріне қашып бармақпын.
— Ал, қош, біреу-міреу сезіп қалып жүрер; əлгі бір апулийлық бізге
сезіктене қарап қалды...
— Мен де ол бізді аңдып жүр ме деп шошимын. Қош. Жолың болсын.
— Тұрақтылық!..
— Жеңіс!..
Босап шыққан жігіт пен малайдың тез екі жаққа айрылысып
кеткенін Порций Мутилий естіп тұрды.
Осыдан соң ол тоспадан шықты да, ашпақ болғаны маңызды құпиям,
ұстамақ болған дұшпаным шынымен осы болғаны ма деп өзінен өзі
таңырқай сұрады. Бұл оқиғаны сəл ойластырды да, басын шайқап,
күлімдей түсіп, станция иесімен тағы да қош айтысты. Подций атына
қонып, бетін Бариумға түзеп кете барды, ал Азеллион оның соңынан
жүгіріп:
— Жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын!.. Қарай гөр! Қалай
жүйткиді!.. Қош, Порций Мутилий!..— деп дауыстаумен болды.
Спартактың Катилииаға жіберген елшісі болып Римге кетіп бара
жатқан Рутилий екені оқушыға бұған дейін əбден қанық болған
Порций Мутилий өзіне тап болған таңқаларлық оқиға жайын
ойластырумен, жол тартып келе жатты.
Келесі күні кешке таман Рутилий алдында шаңдатып кетіп бара
жатқан бір салт аттыны көрді. Жол бойы сақтықпен, əдіс айламен келе
жатқан Рутилий алдындағы аттыны айтқанша қуып жетті; бұл адам
оның өзімен Бариум жанындағы Азеллион станциясында кездесетін
еркіне босап шыққан Лафренийдің нақ өзі екен.
— Сəлем,— деді еркіне босаған адам,. соңынан келгеннің кім екенін
білейінші деп артына мойнын бұрмастан:
— Аманбысың, Лафрений Империоз! — деді Рутилий.
— Сен кім едің? — деп артына жалт қарады еркіне босаған адам.
Рутилий екенін таныған соң, ол көңілі орнына түскендей болып:
— Сен екенсің ғой, сүйікті азамат. Жортқанда жолың жолдасың
қыдыр болсын! — деді.
Баласын ертіп алып, гладиаторлардың лагеріне барып қосылмақ
болып келе жатқан бұл байғұс адамды кергенде, Рутилийдің оған
қабырғасы қайысқандай болды. Бір кезде еркіне босаған адаммен
əзілдесіп көрейінші деген ой келді де, Рутилий оған ызғарлы
дауыспен:
— Сөйтіп, сен Римге барып, ондағы өзіңнің жарылқаушы төреңнің
қолындағы балаңды алып, жексұрын жəне арам ниетті Спартактың
лагеріне қашып бармақшысың ғой?! — деді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 22
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.