Latin Common Turkic

Спартак - 31

Total number of words is 3656
Total number of unique words is 1938
24.8 of words are in the 2000 most common words
35.7 of words are in the 5000 most common words
42.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Аурея — Римнің алтын ақшасы.
Ахерон — гректердің нанымы бойынша, жер астындағы
патшалықтың бір өзені, Харон (əзірейіл) өлгендердің жанын сол өзен
арқылы алып өтеді.
Ахилл немесе Ахиллес—Гомердің «Илиадасында» сипатталатын
Троян соғысының геройы. Ол грек əскербасыларының ішіндегі ең
батыры екен. Ахиллдің анасы Фетида құдай баласының денесіне
ешнəрсе дарымас үшін оны жер астындағы патшалықтың— Стикс
өзені суына шомылдырған екен, сонда Ахиллдің анасы ұстаған
өкшесіне қасиетті су тимей қалыпты. Троян қаласы үшін болған
қырғын ұрыс кезінде Троян патшасының баласы Парис оны дəл осы
жалаңаш өкшесінен атып өлтірген. «Ахиллестің өкшесі» яғни адамның
ең нəзік талмау жері деген ұғым осыдан қалған.
Аякс — Троян соғысындағы грек геройы.
Базилика — көлденең колонналармен бірнеше жердей бөліп
ұзыннан-ұзақ салынған кең үй. Рим қалаларында базилика биржа, сот,
жабық базар сияқтылардың орны болған.
Баллиста—ерте заманда шабуыл кезінде оқ тартып, тас, сүңгі
лақтыру үшін қолданылған машина.
Бахус— Вакх деген сөзді қараңыз.
Белен — галлдарша күн құдайы.
Букциндер—Римнің сырнай-сыбызғы аспабы, қазіргі тромбон
мəнзелде.
Ваал—Финикия мен Карфагенді мекендеген халықтардың бас
құдайы.
Валъкирлер—ертедегі германдықтар аңызы бойынша — Вотанның
(Одинның) қыздары, жауынгер періштелер; бұлар ұрыстарды
басқарып, құдайының əмірі бойынша жауынгерлерге ажал жеткізіп
тұрады.
Вакх (Бахус) — римляндерше, ішкілік пен сауық-сайранның құдайы.
Вампир—халықтың нанымынша, қабырдан шығып кеп ұйқтап
жатқан адамдардың қанын соратын аруақ.
Велиттер — жеңіл-желпі қаруланған рим жаяу əскері; олардың
бойында садақ жəне сүңгі ғана болады.
Весталкалар— шаңырақ құдайы Вестаның алты əулиесі.
Бұл құдайдың Форумдағы (Римдегі басты алаң) шеркеуінде өшпес
от лаулап тұрады. Əулис əйелдер осы отты үзбеуге міндетті. Бұлар
текті тұқымдардан бала күндерінде іріктеліп алынады жəне өздері
құдайға қызмет етуге тиіс, отыз жыл бойы күйеуге шыға алмайды. Бұл
шартты бұзғандары қатаң жазаланады: тірідей жерге көміледі.
Ветеран — əскер қатарындағы қызмет мерзімін өтеп шыққан, еңбегі
сіңген жауынгер.
Фенрис қасқыр — германдықтардың аңызы бойынша, өліктер
дүниесін жайлаған дажал.
Вотан немесе Один — германдықтардың бас құдайы; римляндердің
Юпитері сияқты.
Вулкан — римше оттың жəне ұсталық шеберлігінің құдайы; бұл
құдайдың бейнесі қолына балға мен қысқаш ұстап тұрады.
Гай Меммий Гемелл— біздің заманға дейінгі I ғасырда болған рим
қайраткері. Қарадан шыққан Гемелл аса білімді ақын жəне шешен адам
болған.
Цизальпия Галлиясы (яғни Альпі тауының бергі беті) — Галлияның
Солтүстік Италиядағы бір бөлігі. Ал Галлияның Альпі тауы бөліп
тұрған екінші бөлегі — бүгінгі Франция—Трансальпия (Альпінің арғы
беті) деп аталатын.
Галлдар — Галияны (Қазіргі Франция мен Солтүстік Италияны)
мекендеген халық.
Ганимед — грек-рим мифологиясынша, құдайдың шарапшылары.
Ганнибал (Аннибал) — Қарфагеннің данышпан қолбасшысы
(Карфаген — Африкадағы мемлекет, ертеде қазіргі Тунис иен
Алжирдің орнында болған). Ол біздің заманға дейінгі 247 жылдан 183
жылға дейін өмір сүрген. Римляндерге қарсы жорық жасаумен аты
шыққан. Ол Италияның өз ішінде рим əскерлерін сан рет келістіре
жеңген, бірақ Карфагеннен көмек ала алмай Африкаға лажсыз қайтып
келген жерінде оны Рим қолбасшысы Сципион Африканский жеңген.
Римляндер Ганнибалды қолымызға бер деп талап еткен кезде, ол
Азияға қашып барып, Антиох жағына шығып, Римге қарсы күрескен.
Антиох жеңілгеннен кейін у ішіп өлген.
Гез немесе Гезус — бағы заманғы галлдардың соғыс құдайы.
Гемония — Авентин тауының Тибрге қарай құлайберіс биік асуы,
өлім жазасына кесілгендердің сүйегі осы арамен əкелініп өзенге
тоғытылатын.
Геркулес (римше), Геракл (грекше) — грек-рим мифологиясының
атақты геройы. Жөргекте жатқан күннің өзінде-ақ, өштескен құдай
мұны өлтірмек болып екі бірдей жылан жіберген екен, бұл оның екеуін
де уысында қысып өлтіріпті. Өз өмірінде ол он екі ерлік істеген: азулы
арыстанды қылқындырып өлтіреді, тоғыз басты жалмауызды
жеңеді,жерасты патшалығының жетібасты Цербер төбетін ұрлап
əкетеді, алып Антейді жеңеді, тағы басқалар. Гладиаторлар Геркулесті
қуатты күш пен ерліктің иесі, өздерінің қолдаушысы деп есептеген.
Горация — Римнің атақты руы. Аңыз бойынша, біздің заманға
дейінгі VII ғасырда, Рим өзіне көршілес Альба-Лонга қаласымен
соғысқан кезде таласты жекпе-жек сайыспен бітіруге тоқтам болған.
Римляндерден ағайынды үш бірдей Горация, ал альбандықтардан —
ағайынды үш бірдей Куриация шығады. Горацийдің екеуі өліп,
Куриацийдің үшеуі бірдей жараланған кезде, тірі қалған Гораций қаша
жөнеліпті. Куриацийлер оны тұра қуады. Гораций қашып келе жатып.
Куриацийдің алдымен келіп жеткенін қайрыла бере қылышпен шауып
өлтіреді де, қалған екеуін жеке-жеке алысып өлтіреді.
Азаматтық венок — жаңғақтары аралас емен жапырақтарынан
жасалады; мұнымен жолдасын аман алып қалумен бірге жауын да
өлтірген рим жауынгерлері наградталатын болған.
Гракхи — Тиберий жəне Кай атты ағайынды екі жігіт, біздің заманға
дейінгі II ғасырда болған Римнің белгілі саяси қайраткерлері. Трибун
боп тұрған кездерінде ағайынды Гракхилар ауыл жəне қала
кедейлерінің пайдасына: жер беру, астықты арзандату, əскерлік
қызмет міндетін жеңілдету сияқты өзгерістер жасамақ болған. Бұл
шараларды іске асырам деумен олар өздеріне бектер мен Сенатты
өшіктіріп алады. Сол себепті Тиберий 133 жылы өлтіріледі, ал Кай
Гракхи 121 жылы өлген.
Он екі таблица — біздің заманға дейінгі 451—450 жылдарда Римде
он кісіден (децемвирлер) құрылған комиссия, бұрынғы рим
правосының негізі боп қалған заңдарды жасаған. Бұл заңдар он екі
қола тақтаға немесе таблицаға жазылып Форумға (Римнің мемлекеттік
өмірінің орталығы) қойылған.
Декан немесе декурион — рим əскерлеріндегі əр он жауынгердің
бастығы, онбасы.
Диана — ертедегі римляндердің аңшылық құдайы.
Динарий — ертедегі рим күміс ақшасы; 15 ассадан тұрады.
Дионис — ертедегі гректердің ішкілік жəне сауық-сайран құдайы
(римляндерше Вакх немесе Бахус).
Долон — трояндық, шпиондық мақсатпен гректердің Троя
жанындағы лагеріне енген жерінде Одиссея мен Диомедтің қолынан
өлген.
Ертедегі Рим эрасы (заманы) — римляндер жыл санауды біздің
заманнан 753 жыл бұрын, Римнің негізі қаланған шамадан бастап
жүргізген.
Иды — римляндарша айдың он үшінші немесе он бесінші күні.
Иллириялықтар — Адриат теңізінің терістік-шығыс жағалау өңірі —
Иллирияны мекендеушілер. Біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырда
римнің провинциясы болған.
Император — қолбасыға жауды жеңгеннен кейін солдаттар (біздің
заманға дейінгі VI ғасырдан бастап) немесе Сенат беретін атақ.
Император өзіне халықтың салтанатпен қошемет көрсетуі правосына
ие болады. Сенат бұл атақты Цезарьға бүкіл өмір бойына берді. Келекеле бұл Рим мемлекеті басшысына берілетін ресми атақ болып кетті.
Италиялық соғыстар — Италияның басқа облыстары мен Римнің
арасында болған соғыстар; осы соғыстардың арқасында Рим бүкіл
Италияны (біздің заманға дейінгі II ғасырда) біріктіріп, өзіне қаратты.
Календа — римляндерше əр айдың алғашқы күнінің аты.
Камилл Марк Фурий — Римнің қолбасшысы жəне диктаторы. Біздің
заманға дейінгі IV ғасырда галлдармен болған соғыста атағы шыққан.
Өзінің сіңірген еңбегі үшін сан рет салтанатты даңққа ие болып.
Римнің негізін қалаушы екінші адам деген атақ алған.
Капитолий — ерте кездегі Римдегі Капитолий
орнатылған қамал. Юпитердің шеркеуі сонда болған.
жотасына
Карфаген — Африкадағы финикиялықтар құрған мемлекет.
Ол мемлекет бүгінгі Тунис пен Алжирдің орында болған. Орталық
қаласы Карфаген деп аталған, Карфаген Риммен туника соғысы деп
аталатып қатты соғыстар жүргізіп, бұл соғыстар Сципион
Африканский дейтін рим қолбасшысының біздің заманға дейінгі 146
жылды Карфагенді талқандаумен аяқталған.
Кастор — грек құдайы Зевстің егіз ұлының (Кастор жəне Поллукс)
бірі, бұлардың өзара татулығымен аты шыққан.
Катапульта — ертедегі халықтардың
лақтыратын, от шашатын машинасы.
жауға
оқ
атып,
тас
Катилина — римнің саяси қайраткері, біздің заманға дейінгі 1
ғасырда өмір сүрген. Консулдар мен Сенатқа қарсы астыртын əрекет
жасаумен аты шыққан. Катилина қалың бұқараның көмегімен өкіметті
өз қолына алуға талаптанған, римнің байлары мен бектерінен жерді
тартып алып, халыққа əпермек болған. Катилинаның бұл əрекетін
біздің заманға дейінгі 63 жылы Цицерон ашады. Катилина өзіне қарсы
жіберілген əскермен соғыста өледі.
Кіші Катон—(біздің заманға дейінгі 95—96 жылдарда болған)—
Үлкен Катонның шөбересі. Юлий Цезарьдің өкіметіне қарсы күресуші
республикалық партияда болған. Республикалық əскер жеңілгеннен
кейін ол республиканың құлағанын көргісі келмей, өзін өзі өлтірген.
Үлкен Катон (біздің заманға дейінгі 287—149 жылдарда болған)—
рим қайраткері, жазушы. Шексіз адалдығымен, ұстамдылығымен аты
шыққан адам. Цензор боп тұрған кезінде рим бекзадаларының шектен
асқан аса тыраш мінездеріне қарсы күрескен. Карфагеннің қас жауы.
Ол өзінің Сенатта сөйлеген сөздерін үнемі: «Карфаген талқандалу
керек»— деумен аяқтайды екен.
Квадрантария (Квадрант — мыс ақша дегеннен шыққан) —
квадрантқа сатылғыш əйел. Цицеронның айтуынша, өзінің
бұзылғандық жүріс-тұрысы үшін рим матроналары Клодияны осылай
деп атап кеткен.
Квесторлар — ертедегі Римде болған қызмет адамдары. Олардың
біреулері Римде мемлекет қазынасын меңгерген, енді біреулері
жорықтар кезінде қолбасшының қасына еріп, əскер қазынасына ие
болған.
Квириттер — ерте кездегі Римдегі толық праволы азаматтар
осылай аталған («квирит»— Римнің негізін салушы болып саналатын
Квирин құдайдың ұрпағы деген ұғымда).
Кибела — Кіші Азияда, Грецияда жəне Римде барлық жан біткеннің
«ұлы анасы» атанған құдай.
Кимврлар — герман нəсілінен шыққан халық, əуелгі кезде Солтүстік
теңіздің жағасын мекендеген. Біздің заманға дейінгі 113 жылда алғаш
рет Шығыс Альпіге келген (кимврлар римляндерді талқандап
Галлияға, Иберияға, Испанияға өткен) барлық жерлерде де
римляндермен күрес жүргізіп, өздеріне бауырлас тевтон нəсілдерімен
бірге Италияға басып кірген, бірақ сол кезде оларды 101 жылы Марий
талқандаған.
Киприда — гректерше махаббат құдайы Афродитаның
(римляндерше Венера) екінші аты, бұл ат оның тұрағы деп саналған
Кипр аралы атына қарай қойылған.
Кир (біздің заманға дейінгі 558—529 жылдар) — Персияның
патшасы. Ертедегі Персия патшалығының негізін салушы. Вавилонды,
Мидияны, Лидияны жəне басқа да кіші азиялық гректердің көптеген
мемлекетін бағындырған.
Клепсидра — ерте кезде қолданылған су сағаты; құм сағаты сияқты
жасалған.
Клиент — патрон деген сезді қараңыз.
Когорта — рим армиясының бес жүз адамнан құрылатын тобы. Он
когорта бір легион болып есептелген.
Комиция — ерте кезде Римде жаңа заңдарды талқылайтын жəне
қызмет адамдарын сайлайтын халық жиылысы.
Конклав — рим матроналарының кітап оқитын жəне досжарандарың қабылдайтын бөлмесі. Əдетте, ол ұйқтайтын бөлменің
жанында болады.
Консул — Рим Республикасындағы жоғары дəрежелі қызмет адамы.
Əуелгі кездерде, əдетте, тек патрицийлерден бір жыл мерзіммен екі
консул сайланатын. Консулдың саяси жəне əскери əмірі əуелгі кезде
патшамен тең болған, бірақ бері келе шектеліп қалған.
Контуберналий — шабарман, қосшы.
Красс Марк Лициний— (біздің заманға дейінгі 115— 53 жылдарда
өмір сүрген) римнің саяси қайраткері. Сулланы жақтаған адам,
Сулланың тұсында жер аударылғандардың жəне өлім жазасына
кесілгендердің мал-мүлкін талаумен аса зор дəулетке ие болған. 71
жылы ол Спартактың көтерілісін басқан. Екі рет консулдыққа
сайланған. 60 жылы Помпеймен жəне Цезарьмен бірігіп, мемлекет
билігін өзара бөлісу мақсатымен триумвират (үш адамның саяси
одағы) жасаған. 53 жылы парфяндерге қарсы Азияда жорықта жүріп
өлген. Мынадай бір аңыз бар: парфян патшасы Красстың басын кесіп
алып, оның көмейіне алтын ерітіп құюды бұйырыпты. «Өмір бойы
алтын-алтын деп өтіп ең,— депті ол,— бұл металға енді сен де бір
тойшы».
Курия — Римде, патшалар дəуірінен бастап, барлық патрицийлер
разрядқа немесе курияға бөлінген: əрбір он ру бір курия деп
есептеледі. Римде барлығы отыз курия болған, халық жиылыстарында
азаматтар сол өз куриялары бойынша дауыс береді екен жəне əрбір
курия белгілі мөлшерде атты жəне жаяу əскерлер беруге міндетті
болған. Сенаттың мəжілістері болатын үй де курия деп аталып кеткен.
Куруль креслосы — ертедегі римляндердің құрметті орны, онда
əуелі патша, одан кейін жоғары дəрежелі қызмет адамдары отыратын.
Ланиста— гдадиаторлардың ұстазы, гладиатор мектебін ұстаушы
адам.
Лара — римляндер адам жаны денесімен бірге өлмейді, үй ішінің
басқа адамдарының тағдырына қатысып, сол үйде тұрады деп сенген.
Осындай өлген ата-бабаның рухын олар лара, мана жəне пенат деп те
(өйткені олар үйдің латынша «Пенетралия» деп аталатын ішкі
бөлігінде тұрады.) атайтын. Лара — үй ішінің данышпан қолдаушысы
болып есептелген. Үй ішінің тіршілігінде елеулі оқиғалар болған кезде
(бала туғанда, үйленгенде, сапарға шыққанда немесе одан қайтқанда)
Лараға садақа берілетін болған. Əр үйдің ғана емес, əр жердің де аз
Ларасы бар. Мүйістерде лараларға арнаған шеркеулер болатын.
Латиклава — қызғылт
сенаторларының киімі...
таңдайлары
бар
ақ
тога

рим
Лациум — Орталық Италиядағы латындар мекендеген өңір. Əуелгі
кезде Рим Лациум қалаларының бірі болған, бірақ біздің заманға
дейінгі IV ғасырда Рим бұл өңірді түгел өзіне қаратқан.
Легион — ерте кездегі рим əскерінің бес-алты мың адамнан
құрылған ең ірі тобы. Легион он когортаға бөлінеді.
Ливии Друз—Римнің халық трибуны; ол Гракхтардың шаруаларға
жер бөліп беру, астықты арзандату жөніндегі заңдарын қалпына
келтіруге талпынған. Сонымен қатар, ол римнің одақтастары рим
азаматтары болуға право алсын деп ұсыныс жасаған. Бірақ Сенат
қарсы болғандықтан оның реформасы іске аспаған. Друз өзінің бұл
ұсынысы Сенатта дауысқа қойылардан бірнеше күн бұрын кісі
қолынан өлген.
Ликторлар — Римдегі жоғары дəрежелі қызмет адамдары алдынан
жүріп отыратын болған. Бұлар қызмет адамдарының бұйрығы
бойынша, қылмыстыларды ұстап жазалайды. Ликторлар қызметінің
айрықша белгісі: ішіне балта қосып бұған бір будам шыбық болады
екен.
Лукреций Тит Кар — біздің заманға дейінгі I ғасырда өмір сүрген,
римнің атақты материалист-ақыны. Ол «Заттардың тегі туралы» деген
дастан жазған, ол дастанында философ Эпикурдің ғылымын
баяндайды, соның жолын қуады.
Лукулл Лудий Лициний — рим қолбасшысы, біздің заманға дейінгі 1
ғасырда өмір сүрген, Митридат Понтийскиймен сəтті соғыстар
жүргізген. Өмірінің соңғы жылын өзінің əсем вилласында өткізіп, онда
дүние шашумен, сауық-сайранмен атын шығарған.
Мамертин түрмесі немесе Туллианум — мемлекет алдындағы
қылмыстыларға арналған Римдегі түрме.
Манигармор — ертедегі германдықтардың иланымы бойынша,
Нифльгеймде (жаһаннамда) күнəқар адамдарды талайтын гректің
Цербері сияқты қабаған төбет.
Манипула — рим əскеріндегі ротаның аты. Легион (5—6 мың
жауынгері бар) 10 когортаға, ал когорта — 3 манипулаға бөлінетін.
Марий Кай—(біздің заманға дейінгі 156—86 жылдар) — рим
қолбасшысы, шаруаның баласы. Марий өзінің əскер ісінде үздік
талаптылығы арқасында жай легионерден бастап, жоғары дəрежелі
қызметтерге қолы жеткен. Ол Иберияның (Испания) преторы болған.
Нумийди патшасы Югургтаны жеңеді. Варварларды — кимбрлар мен
тевтондарды талқандайды. Өкіметке таласып, Суллаға қарсы күреседі.
Италиядан қуылады. Одан қайтып келіп, өзіне қарсы адамдарға
білгенін істейді. Жетінші рет консул болып сайланғаннан соң, бірнеше
күннен кейін дүние салған.
Mapс—римляндердің соғыс құдайы. Əуелгі кезде көктем құдайы,
түліктердің қамқоры болып есептелген; көктемнің алғашқы айы март
соның атымен аталған. Марстың құрметіне арналған көктемгі
мейрамдар əскери билермен өткізілетін. Ерте кездегі римляндердің
аңызы бойынша, Марс Римнің негізін қалаған Ромул мен Реманың əкесі
болғандықтан рим халқының арғы атасы деп есептелген. Оның бір аты
Квирин — Римнің толық праволы азаматтарының квириттер деп
аталуы осыдан қалған.
Марс Гиперборейский — яғни терістіктегі Марс. Фракиялықтардың
соғыс құдайы.
Mapс даласы — Тибр өзенінің Римге жақын сол жағалауында
жазықтың Марсқа арналған бір бөлегі. Марстың құрметіне арналған ат
жарыстары, халық жиылыстары сонда өткізілетін. Марс даласы Римнің
ең даңқты қайраткерлерінің зиратына айналған.
Матрона — тұрмысқа шыққан білікті əйел.
Мегера — Эринния, Эвменида немесе Фурия деген мағынада.
Медея — грек мифологиясындағы сиқыршы əйел, көптеген
қиссалардың батыры Язонның əйелі. Ері тастап кеткен соң, өз
балаларын өзі өлтірген. Оның образы ерте күннің драмалық
əдебиетінде сан рет пайдаланылған.
Меркурий — кейбір қиссалар бойынша, өлгендердің жанын
жаһаннамға бастап апарушы құдай. Кейінде — сауда мен теңізде жүзу
ісінің желеп-жебеуші құдайы.
Меценат — Римнің алғашқы императоры Августың тұсында (біздің
заманға дейінгі 1 ғасырда) болған қайраткер, жазушы. Келе-келе
Меценаттың аты суретшілер мен ақындардың дəулетті желепжебеушісі деген ұғымға ие болып кеткен. Меценат ақы беру арқылы
ақындардың творчествосына ықпал жүргізіп, император мен өзін
мадақтауға оларды мəжбүр еткен.
Мидгард — ертедегі грек аңызы бойынша, үлкен жылан. Один
құдайы оны теңізге тоғытқан. Теңізде ол үлкейіп кетіп бүкіл жерді
орап алған. Мидгард тамұқ құдайы деп те есептелген.
Милиция — бұрынғы Рим республикасында тұрақты армия
қатарына жатпайтын, тек соғыс кезінде ғана шақырылатын əскерлер
осылай аталған.
Мим — ертедегі римляндердің халықтық шағын комедиясы, ол
тұрмыстағы əралуан көріністерден алынған. Тұрпайы жəне бейпіл
сықақты, шапалақтасу сияқты алысы аралас ойындардан құралады.
«Спартак» хикаясында мимдар деп осы комедияларды ойнаушыкүлдіргі актерлер айтылады.
Минерва—римляндерше (гректерше Афина—Паллада) Юпитердің
сүйікті қызы, зеректіктің, ғылымның құдайы, қалалардың жеңімпаз
қорғаушысы, ұсақ кəсіптің құдайы.
Минос — гректердің нанымы бойынша, Зевстің баласы, Кипр
аралының патшасы, өлгеннен кейін жерасты пашалығының биі
болған.
Ұлы Митридат — Понтий жəне Босфор патшалығының (Қара теңіз
жағалауы) патшасы. Біздің заманға дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген. Кіші
Азия, Кавказды жаулап алған. Ұдайымен 27 жыл Римге қарсы соғысып,
ақырында 63 жылы Помпейден жеңілген жəне өз баласы сатылғаннан
кейін семсерге түсіп өлген.
Мом — ертедегі римляндердің нанымы бойынша, күлдіргіштер
кейпіндегі комедианттарды қолдаушы құдай.
Муций Сцевола (солақай) — римляндердің аты шулы батыры. Біздің
заманға дейінгі 507 жылы Этрусс патшасы Порсена Римді қамаған
кезде, Порсенаны өлтіру үшін Муций жаудың жасағына барады, бірақ
сол жерде қолға түсіп, патшаның алдына алып келінеді. Өлтіреміз деп
қорқытқан кезде, ол өзінің қорықпайтындығын көрсету үшін қолын
отқа ұстап, əбден күйгенше шыдайды. Римнің сондай үш жүз жігіті
Порсенаны өлтіруге бел байлағанын естіген соң, ол қамауды қойып
кері қайтқан.
Нектар — құдайларға өлмес өмір беретін сусын.
Нифмалар — ертедегі гректердің нанымы бойынша, теңізді,
өзендерді, көлдерді, таулар мен үңгірлерді мекендеуші — періштелер.
Ниобея немесе Ниоба — гректердің аңызы бойынша, патша ханым.
Ниобея əйел құдай Латонаны қу бассың деп сөккен, өйткені Латонаның
екі-ақ баласы болыпты да, ал Ниобеяның жеті сұлу қызы жəне жеті ұлы
бар екен. Осы сөзі үшін Латонаның балалары — Аполлон мен
Артемида — Ниобеяның өз көзінше оның барлық балаларын садақпен
атып өлтірген. Сол себепті, Ниобея қайғыдан тасқа айналыпты.
Нифльгейм — ертедегі германдықтардың нанымы бойынша, тамұқ
деген сөз.
Нума Помпилий — Римнің атақты патшасы, оның патшалық құрған
дəуірін Рим тарихшылары, біздің заманға дейінгі 715— 672 жылдар
деп шамалайды.
Овация — жеңіске ие болғаны үшін қолбасыға көрсетілетін құрмет.
Олигархия — мемлекетті басқару түрі, мұнда өкімет билігі ат
төбеліндей ғана адамдардың қолында болады. Олигархиялық билептөстеу Сулла диктатурасының тұсында болған, өйткені оны
біліктілердің шағын партиясы ғана қолдаған.
Олимп —Балкан түбегіндегі ең биік (2985 метр) тау. Ертедегі
гректер оны құдайлардың мекені деп ұққан.
Опцион — центурияның кіші офицері.
Осса жəне Пелион — Фессалиядағы тау аты.
Остиарий — күзетші.
Палатин, Палатин қырқасы — ертедегі Римнің жеті қырқасының
бірі. Аңыз бойынша, Рим қаласының алғашқы үйлері осы қырқаның
үстінен салынған. Кейініректе онда рим бекзадаларының үйлері мен
сарайлары ғана болған.
Палла — əйелдердің төрт бұрышты жамылғысы, мұны білікті рим
əйелдері стола сыртынан жамылатын болған. Палла дененің кеуде
жағын əдемі қатармалармен жауып тұрады. Ал жауын-шашын
уақыттарда оны басқа да бүркенеді.
Пан — ертедегі гректердің нанымы бойынша, шабындықтық орман
мен даланың, мал түліктерінің құдайы. Ол теке сияқты мүйізі, сақалы
бар, қолына сыбызғы ұстаған бейнеде болады екен, ал сыбызғы —
соның шығарған аспабы делінеді. Ертедегі гректер ормандағы,
таудағы адам қорқатын белгісіз үндерді осы Пандыкі деп түсінген.
Кенеттен қатты шошуды «үрей» деу осыдан шыққан.
Папирус — жазу жазатын, қағаз сияқты ширатпа қағанақ. Папирус
біздің заманнан 2500 жыл бұрын шыққан. Мұның аты папирус деген
өсімдіктен алынған, өйткені ол соның сабағынан жасалатын болған.
Папирустардың тарақтары бірімен-бірі ұзыннан-ұзақ жалғастырылып,
ширатылып жасалады екен.
Парки — ертедегі римляндердің нанымы бойынша, адам өмірін
басқаратын үш бірдей əйел құдай. Олардың біреуі адам өмірінің
арқауын иіріп, екіншісі жіптердің шатысын жазып, үшіншісі қырқыпмінеп отырады екен дейді. Бұлар қолдарына ұршық жəне қайшы
ұстаған бейнеде болған.
Патриций — ертедегі Римде болған үстем тап. Біздің заманға дейінгі
VI ғасырда Рим республикасы құрылған кезде, «патриций» деген сөз
қазақша мықты атаның баласы деген мағынада болған.
Патрон — ертедегі Римде болған патрицийлер осылай аталған,
толық правосы бар азаматтар осыларға «Спартак» романында
Метробий Мома құдайды патроным дейді, себебі ертедегі
римляндердің нанымы бойынша, ол комедианттардың қолдаушысы
деп есептелген.
Пегас — ертедегі гректерше тұлпардың аты.
Пеплум немесе Пеплос — гректерден римляндерге ауысқан, шапан
бейнелес жеңсіз, иығынан түймеленетін əйел желбегейі.
Киликия пираттары - Киликиядан ертеде Кіші Азияда болған тау
елінен шыққан теңіз қарақшылары.
Пирр — Эпирдің патшасы 280 жəне 278 жылдары Геракл мен
Аскулум тұсында рим əскерін талқандап, бірақ сонымен бірге оның өз
əскері де орасан шығынға ұшырап, əбден тұралап қалған. Сондықтан
оның римляндерді бұл жеңуі ешқандай нəтижеге жеткізген жоқ.
Плебейлер – өз басына ерікті болғанымен, саяси өмірге қатыса
алмайтын, толық провсыз азаматтар бағы заманғы Римде осылай деп
аталған. Патрицийларға қарсы табанды күрес арқасында, плебейлер 3
ғасырда азаматтық тең правоға ие болған.
Плутон, Меркурий, Лорарий — цирк қызметшілері. Лорарий өлген
гладиаторлардың денесін қайыс дұзақпен дұзақтап цирк алаңынан
алып шығады. Қалған екі қызметші өліктер дүниесінің құдайы
Плутонның, өлгендердің жанын кейбір қиссалар бойынша, ол дүниеге
бастап апарушы құдай – Меркурийдің кейіптерінде болады.
Поллукс – Кастор деген сөзді қараңыз.
Ұлы Помпей – рим қолбасшысы жəне мемлекет қайраткері, бəздің
заманға дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген. Рим консулы болған, Митридат
Понтийскиймен соғысқан. Мемлекетті бірлесіп басқару үшін Красспен
жəне Юлий Цезарьмен өкіметке таласып Фарсал жанындағы ұрыста
жеңілген соң, Египетке қашып барған, біздің заманға дейінгі 48 жылы
сонда өлтірілген.
Помпея – Италиядағы, Неопольге жақын, Везувий жанартауының
бөктеріндегі ескі қала, біздің заманға дейінгі 79 жылы жанар тау
бұрқанған кезде күл-көсірдің астында қалған, Помпея қаласын ақтару
1748 жылы басталды. Қазіргі уақытта қала толық дерлік аршылып
алынған. Ертедегі Рим тұрмысымен танысуға боларлықтай əлеуметтік
үй-жайлар, статуялар, қабырғаларға салынған суреттер сақталған.
Помпея ертедегі Римнің тамаша музейі.
Понтифик – бас қазірет.
Портик – төбесі жабық галерея, оның төбесін тіреулер ұстап тұрады.
Ерте кездегі Греция мен Римде мұндай протиктер сауда алаңының
айналасына жəне бай адамдардың үйлерінің кіреберісіне орнатылатын
болған.
Претор – ерте кездегі Римнің консулдан кейінгі, дəрежелі үкімет
адамы. Сот міндетінде болған, консул жоқта претор оның орнын
басатын.
Преторий – Римнің соғыс лагеріндегі бас қолбасшысының
(претордың немесе консулдың) көшпелі шатыры тігіліп, штаб
орнатылатын жер.
Префект – бастық. Ерте кездегі римляндер қаланың, облыстың
(провинцияның) жеке əскер бөлімінің, мысалы атты əскерлердің
бастығын префект деп атаған.
Префикалар – өлген адамды
жалданатын жоқтаушы əйелдер.
мадақтап
жоқтау
үшін
əдейі
Презерпина – ертедегі римляндерше, жерасты патшалығының
патшасы, Плутонның əйелі.
Проскрипция – азаматтарды барлық проваларынан жəне заңның
қорғауынан айрылды деп жариялау. Жұртқа əйгілеу үшін ондай
азаматтардың тізімі ілініп қойылатын болған. Ертедегі Римде бұл
шара саяси айыпты адамдардың көздерін жойып, мал-мүлкін
сыпырып алу үшін қолданылған.
Регул Марк Аттилий – рим қолбасшысы, бірінші туникалық соғыста
карфагендіктер қолында тұтқында қалып, сонда өлген.
Родопея – родопалық, басқаша айтқанда, Фракиядағы Родопа
аймағынан шыққан əйел.
Ромул мен Рем – егіз туған екі адам, рим аңызы бойынша, Платин
қырқасынан қала салған. Кейін Ремді өлтіріп, Ромул бұл жаңа қалаға
патша болған, қала соның атымен Рим (латынша Рома) деп аталған.
Аңыз бойынша, бұл екеуі қаншық қасқырдың сүтімен ауызданған.
Ростра — ертедегі Рим алаңындағы шешендер мінбесі (бұлай
аталатын себебі мінбе coғыста қолға түскен кеме тұмсықтарымен
əшекейленген; рострум – кеменің тұмсығы).
Росций — Квинт Росций Галл Цицеронның достарының бірі, актер.
Рудиарий — бостандық, алған гладиатор.
Сабина — орта Италиядағы сабинян руы мекендеген облыс.
Самниттер — бұрынғы Италиядағы Саминум атты таулы жерді
мекендеген нəсіл. Римляндермен ұзақ соғысқаннан (самнит
соғыстары) кейінгі жерде самниттер оларға біржолата бағынған
(біздің заманға дейінгі III ғасыр). Біздің заманға дейінгі I ғасырда
Сулланың əскері оларды көтеріліс кезінде мүлдем жойып жіберген.
Сатиралар – ертедегі римляндердің нанымы бойынша, орман мен
даланың шала құдайлары, арақ пен сауық-сайранның құдайы Вакхтың
серіктері. Бұлар істік мұрын, ешкі мүйізді, ешкі аяқты, ешкі құйрықты,
қолдарына сырнай ұстаған бейнеде көрінеді.
Сатурн – ертедегі римляндердің нанымы бойынша, диқаншылық
құдайы, өзінің баласы Юпитер оны аспаннан қуып, сонан соң ол
Италияға келіп мекендегенде жұртты егіншілікке үйреткен.
Сатурнин Луций Апулей – Марий басқарып тұрған кезде халық
партиясының көсемі, рим халқының трибуны болған. Біздің заманға
дейінгі 100 жылы ол астық бағасын арзандату туралы халыққа тиімді
заңдарды іске асырған. 99 жылы көшеде болған бір шайқаста өліп
кетіпті.
Секутор (латынша «тықсырмалаушы») – жалаң семсермен жəне
қалқанмен қаруланған гладиаторлар осылай аталған. Бұған қарсы
сайысатын гладиатор – торшы, үш тілді шанышқымен жəне тормен
қаруланды. Торшы дұшпанын торға түсіре алмаса, қашады да, қашады
да, секутор оны тықсырып қуа береді.
Сенат – ертедегі Римнің мемлекеттік жоғарғы органы. Оның аты
латынша senex – отағасы деген сөзден шыққан, өйткені əуел баста
Сенат мүшелігіне егде тартқан патрицийлар сайланатын болған.
Алғашқы кезде Сенат 300 адамнан сайланады екен. Юлий Цезарьдің
тұсында ол 960 адамға жеткен.
Сервий Туллий – Римнің алтыншы Цезарі (біздің заманға дейінгі IV
ғасыр). Римнің мемлекеттік құрылысына өзгеріс енгізген осы болып
саналады.
Сессор даласы – Римнің Эсквилин қақпасының арғы беті, масқаралау
орны болған жер; айыпты болған құлдар сол арада креске керіліп
өлтірілетін.
Сестерций — ерте кездегі рим күміс ақшасы.
Софокл (біздің заманға дейінгі 495—406 жылдар) —гректің ұлы
жазушысы; ол жүзден артық трагедия жазған, солардан біздің
тұсымызға келіп жеткені жетеу: «Аякс», «Антигона», «Электра». «Эдиппатша», тағы басқалар.
Стабия — Қампаньядағы (Италия) ескі қала, біздің заманға дейінгі
79 жылы Везувий жанар тауы бұрқайған кезде Помпея қаласымен
қатар бұзылып қалған.
Стадия — гректердің ұзындық өлшеуі, 125 қадамға тең.
Стикс — ертедегі гректердің нанымы бойынша, жер астындағы
өліктер дүниесін жеті орап алып жатқан өзен.
Стоиктер— ерте кездегі гректердің Зенон атты философының
ғылымын жақтаушылар. Олардың бұлай аталу себебі, ғылым жөнінде
əңгіме жасау үшін портикке (грекше—«стоа») жиналады екен.
Стоиктер тіршіліктегі ең басты нəрсе—данышпандық деп санағанда,
өмірдегі игіліктерге қызықпаған. Қандай да болсын бақытсыздық пен
кемтарлыққа қажымай төтеп берген адамды сипаттаушы «стоикше»
деген сөз осыдан қалған.
Стола — қос белдікпен қынаған, қатармалы ұзын киім. Мұны Римнің
ерте шыққан əйелдері туника сыртынан киген.
Субурра - ертедегі Римде қаланың жарлы-жақыбайлар мекендеген
жері осылай деп аталған.
Сулла Луций Корнелий — Римнің қолбасшысы, біздің заманға
дейінгі 138 жылы туған; консул болған. Біздің заманға дейінгі 83 жылы
Понтий патшасы Митридатты жеңіп, Италияға қайтып келген. Бір
жылға созылған азаматтық қатты соғыстан кейін Римді басып алған,
Марийді жақтаушыларды, саяси жағынан өзіне дұшпан адамдарды
проскрипция қолдану арқылы қырып-жойып диктатор болған. Ақсүйек
бекзадаларға пайдалы бірнеше заңдар шығарып, жүзеге асырған.
Біздің заманға дейінгі 79 жылы өкімет билігінен бас тартып, осыдан
бір жылдан соң дүние салған.
Үлкен Сципион Африканский — (Публий Корнелий) (біздің заманға
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 32
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.