Latin Common Turkic

Спартак - 25

Total number of words is 3927
Total number of unique words is 2130
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алмай қалған Эвтибида, ту баста ұрысқа қатысуға мəжбүр болған-ды.
Алғашқы жеңіл жарадан кейін-ақ өліктердің арасына кіріп, өлген
болып жата берді.
— О, Эвтибида... О, сүйгенім...— деп күбірледі жүзі қуарып, кенеуі
кетіп қалған германдық.— Сен тірімісің?.. Бармысың?! Мен енді
өлемін... қуанышпен... қайран, Эвтибида!.. Шөлдедім... бір ұрттам су
бер... ақтық рет сүй...
Жүзі құп-қу болып құныққан қуанышпен өңі бұзылып кеткен
Эвтибида, өліп бара жатқан адамға көз қиығын да салған жоқ. Ол тек
қанды-қасап қырғынға көңілі толғандай болып, оны көзбен шолды да,
Эномай жатқан жаққа қарады.
Көз алдын жапқан бұлың ішінде Эномай өнебойын қан жуған
Эвтибиданы шырамытқанда, оны да өлім құшағында екен деп ойлады,
бірақ орнынан атып тұрған күйі, жолындағы өліктерді басып-жаныша
жүгіре басып кетіп бара жатқанын, оның шатынап от шашқан көздерін
көргенде, жеңіл жараланған болар деп түйді. Жантүршігерлік ой миын
шағып алғандай болды. Алайда ол ондай жаманшылық ойды аластап,
əлсіреген үнмен:
— О, Эвтибида... бір сүйгіз... маған... О, Эвтибида...— деді.
— Асығыспын! — деп грек қызы, өлгелі жатқан Эномайдың
жанынан өте бере, оған немқұрайдылықпен қарады.
— Ah! Ұрар сені... Тордың... Қаһары! — деп ышқына айқайлап
жіберді Эномай ақтық күшін жинап.— Бəрін де жаңа түсіндім... опасыз
куртизанка!.. Спартак нақақ екен ғой... Зұлымдықтың аждаһасы сен
екенсің!.. Көгерме!.. көг...—Соңғы сөзін айта алмай ол үзіліп кетті.
Эномайдың жан тапсырғанын көрді де, Эвтибида қолын бір-ақ
сілтеп қарғыс айтты:
— Жаның жаһаннамға кетсін!.. Сенің өлер алдыңдағы жанталасыңды
көріп тұрғаным сияқты, құдіреті күшті құдайлар, Спартактың да ақтық
демінің біткенін өз көзіммен көруді нəсіп етсін!
Осыдан соң ол жаңа қырғын соғыстың дүмпуі келіп жатқан жаққа
қарай беттеді.
ХIХ ТАРАУ. МУТИНА ЖАНЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫН ҰРЫС. БҮЛІК.
МАРК КРАССТЫҢ ƏРЕКЕТІ
Спартак пен Геллийдің бұл шайқасының бір жайлы болып
тынатынында ешбір күмəн жоқ еді. Өліктерді баса-көктей ұрыс
даласына қарай келе жатқан Эвтибида, гладиатор легиондарының
жойқын тегеурініне қарсы римляндердің шалағай қарсыласуда екенін,
дұшпанға аш бүйірден шабуыл жасамақ болып, гладиаторлар консул
əскері майданын оң мен солдан бірдей орай бастағанын сонадайдан
көрді.
Өжет əйел ұрыстың барысын осылайша бақылап тұрған шақта,
үстінде көкшіл кежімі бар, əсем тұрманды бір ақбоз ат оның жанынан
құйғытып өте берді; қатты шошынып үріккен жануар көздері
шарасынан шыға шатынап, құлақтарын қайшылай түсіп өліктерден
қарғып, сүріне-қабына біресе олай, біресе бұлай кетеді.
Эвтибида атты таныды: бұл Эномайдың жас контуберналийі
Уцилиактың аты еді, таңертеңгі қырғын ұрыс кезінде ең алдымен өліп
кеткендердің бірі сол болғанын Эвтибида өз көзімен керген-ді.
Эвтибиданың да үш атының біреуі боз болатын, сондықтан, өзінің
зұлымдық əрекеті үшін бұл аттың пайдасы тиетінін түсіне қалды.
Ол аттың жүрген жеріне жүгіріп барып,
саусақтарын жыбырлатып ұстап алмақ болды.
оны
ықылықтап,
Есті жануар бұған алданбай, Эвтибидадан үркіп жылыстай берді.
Бірақ ол кенеттен өліктерге сүрініп жығылды. Эвтибида жетіп барып,
атты шаужайынан ұстай алды.
Жануар осқырып, Эвтибиданың қолынан жұлқынып, аласұрумен
болды, бірақ мықтап ұстап алған қыз шамданған атты ықылықтап
сылап-сипап аздан соң бойына үйретіп те алды. Еселеп артқан
гладиаторлар күшінің қоршауына түскен римляндер сапы ыдырап,
таңертең өздері германдықтарды талқандаған жазыққа қарай бейберекет шегіне бастады; оларды талқандап жойып, қырғын тапқан он
мың жолдастарының кегін алмақ болып өкшелей қуған Спартактың
солдаттары үрейді алатын «барраға!» басып, қиқуды сала римляндерді
тұс-тұсынан қыспаққа алып кеп берді.
Ұрыстағылардың еһелескен айқайы барған сайын жақындай түсті.
Ұрыстың барысын оқты көзімен атып тұрған Эвтибида:
— Аһ!.. Олимп Юпитерінің ұлы аруағына аян!.. Бұл əділет емес!
Гладиаторлардың лагерінен германдықтарды кетіруге күш салғанда,
олардың соңынан галлдар да ерер деп үміттенген едім, бірақ галлдар
қалып қойды; солай болғанда, бұл он мыңды Геллий қырып салар да,
Спартакты екі бірдей консул темір құрсауға алар деп үміттенген едім,
енді міне ол өзінің барлық күшімен Геллийді талқандауға келе жатыр,
мұны жайғаған соң, Лентулға ұмтылады, егер бұған дейін оған тимеген
болса!.. О, кек иесі Юпитер, мұның шынымен-ақ жеңілмегені ме?
Жеңгізбей-ақ қойғаны ма?..— деп күбірледі.
Гладиаторлар өкшелей қуған римляндер қаша ұрыс сала отырып,
өздерінің таңертеңгі соғыс ашқан жеріне жақындады. Долданып жүзі
қу шүберектей болған Эвтибида Уцилиактың боз атын жетелей
Эномайдың өлі денесі жатқан жерге қарай келе жатты; сол араға келіп
тоқтап, кішкентай өткір семсерін қынабынан суырып алды да, онымен
қолындағы жазықсыз жануарды дəл өкпеден көре еткізіп қойып
қалды. Жараланған ат жан- ұшыра шыңғырып, қарғып-қарғып барып,
етпетінен түскен күйі өліп кетті.
Сол мезетте грек қызы атпен қоян-қолтық жата кетті де, бір аяғын
оның мойнының астына жіберді, ондағы ойы адам да, ат та жау
қолынан жазым болған екен, бұлардың əуелгісі ауыр жаралы болып,
соңғысы — өлген екен деп айтсын дегені еді.
Ұрыстың дүмпуі Эвтибиданың жатқан жеріне жақындай түсті;
галлдардың ақыруына жəне римляндердің байбалам даусына қарап,
римляндердің біржолата жеңілгеніне оның кезі жете бастады.
Римляндер көп кешікпей-ақ үрейлене қашты; гладиаторлар
германдықтардың өліктері жусап жатқан ұрыс даласын көргенде онан
əрі өршелене тықсырды. Римляндер толық талқандалды: олардан он
төрт мыңнан аса адам қырылды: Геллийдің армиясы толық жойылды,
оның өзі де жаралы болып, тек атының жүйріктігімен ғана құтылып
кетті. Римляндер жүктері мен туларын тастап жан-жаққа торғайдай
тозғындап қашты.
Гладиатор легиондарының айта қалғандай бұл жеңіс жөніндегі
қуанышын германдықтардың қырылуымен байланысты қайғы жуып
кетті. Спартак жеңісті мереке деуге тыйым салып қана қоймай,
сонымен қатар əскер бүгінгі күнді қаралы қайғымен өткізсін, деп
бұйырды.
Осы қат-қабат соғыстан соң, келесі күні таңертең гладиаторлар
өздерінің қаза тапқан бауырларының сүйектерін өртеуге кірісті:
көптеген ошақтар жағылып, оларға жүздеген гладиаторлардың өлі
денелері жағылды.
Эномайдың сүйегін өртеуге арналған ошақтың айналасына қайғы
басып түнерген қолбасылар жиналып, легиондар төрт бұрыштана
сапқа тізілді.
Ержүрек германдықтың алып денесі жуылып, майланып жəне
Спартактың талап етуі бойынша, көрші қаланың тұрғындары жіберген
хош иістер құйылған соң, биязы жүннен тоқылған ақ кебінге оралды,
үстіне гүлдер қойылып, сонан кейін ошаққа салынды. Өң жоқ, түс жоқ,
қатты қайғырған Спартак жылап тұрып сөз сөйледі. Ол Эномайдың
батырлығын, қайтпас қажырлылығын, асқан адалдығын еске түсірді.
Содан кейін тұтанған факелді қолына алып, өзі бірінші болып от
қойғанда, будақтаған хош иісті түтін арасынан мыңдаған жалын
тілдері жалақтай жөнелді.
Эномайдың денесінің отқа жанбайтын матаға жиналған күлі
кішкентай қола сауытқа салынып, Спартак оны сол күннен бастап
мейлінше ардақтап бой тұмардай сақтады.
Эномаймен бірге ұрыс даласында болған он мың германдықтан
жаралы болған елу жеті-ақ адам табылды, бұлардың ішінен тоғыз кісі
қатарға қосылды. Тірі қалғандардың бірі —Эвтибида еді.
Қыздың ерлігіне жұрттың бəрі сүйсініп қайран қалды. Бұған Спартак
та ортақтасты: өзі мархаббатты жəне ізгі адам болғандықтан басқаның
басындағы осындай қасиеттерді де ол қатты бағалайтын еді;
сондықтан легиондар қолшапалақтап, қошаметтеп тұрғанда грек
қызына өз қолымен əкеп венок тапсырды.
Бұл ерекшелік белгіні қыз қатты қысылып қабылдады. Оның өңі
қуарып, тұла бойы шымырлап кетті. Бұл ар-ұяттың азаптау белгісі
екенін қайдан білсін, қыздың қысылуын гладиаторлар сыпайылыққа
жорыды.
Эвтибида жарасынан онша айыға қоймаса да, əлі де қолын таңып
жүретін-ді, өзін Крикске контуберналий етіп тағайындауды қалаған
еді, оның бұл тілегін Спартак пен Крикс бірден қабылдады.
Нурсия жанында болған шайқастан соң, жиырма бес күн өткеннен
кейін, Спартак əскеріне ес жинатып алып, тағы да Падусқа қарай
тартты, өйткені ол Галлияға асу үшін, осы өзенді кесіп өтуге тиіс еді.
Он төрт күнде ол Равеннаға келіп жетті, мұнда келген соң соңғы
уақыттың ішінде қашып келіп қосылған он мың құл мен
гладиаторлардан жаңа үш легион құру үшін, қаладан бірнеше мильдей
жерде лагерь ашты.
Бұл жаңа легиондардың бастығына: азаттықта туып өскен Кай
Ганник, галл Каст жəне Камеринум мен Нурсия жанында болған
соғыстарда
ерекше
ерлік
көрсеткен
фракиялық
Идомей
тағайындалды.
Жетпіс бес мың адамнан құралған қалың қолмен Спартак Падусқа
қарай жорыққа аттанды.
Өткен жылы консул болған, ал қазір Цизальпия Галлиясының
преторы Кай Кассий консулдар Лентул мен Геллийдің əскерлері
жеңілгенін, Спартактың зор қауіп төндіріп келе жатқанын естіп, дереу
жиырма мың солдат жинады. Гладиаторлардың бұдан əрі ілгері
басуына бөгет жасау үшін ол осы əскер мен Плаценция тұсынан Падус
өзенін кесіп өтті.
Бұл екі арада гладиаторлар ара қонып Бононияға барды да, қала
жанынан орын теуіп жата берді, оған шабуыл жасайын деген ойлары
да болған жоқ. Спартак өзінің жіберген атты барлаушылары жау
əскерінің жай-күйі, оның басшыларының ойға алған əрекеттері
жайында мағлұматтар əкелгенше, осы арада аялдай тұрмақ еді.
Келесі күні таң ата, гладиаторлар лагерь ішінде əдеттегідей
жаттығулар жасап жатқан мезгілде, Эвтибида жоғарғы қолбасының
шатырына келіп, Мирцадан рұқсат сұрады.
Мирца оны ықласпен қуана қарсы алды, өйткені өзі де əйел
болғандықтан Эвтибиданың ерлігіне еркектерден де гөрі басымырақ
сүйсінген.
Мирцаға грек қызы оны өзінің ұнататынын, бүкіл əскерде əйел заты
тек екеуі ғана болғандықтан, бұдан былай шын дос болулары керек
екенін айтты.
Эвтибиданың бұл сөзін Мирца қалтқысыз жүрекпен қабыл алды,
сөйтіп олар біріне бірі салтанатты ант берісіп, өлсек те, тірілсек те бір
боламыз деп сөз байласты. Мирцаменен достасу куртизанкаға
əлдеқандай бір сұрқиялық жаңа іс істеу үшін керек болған еді. Бірақ ақ
көңіл қыз ешнəрсе сезген жоқ, өзінің жаңа досын шын ықласымен
ұнатты.
Мирцамен қош айтысқан соң Эвтибида лагерьдің галл шатырлары
тігілген бөліміне қарай кетті.
Қатар-қатар тігілген шатырлардың арасындағы тар көшелерде бес
мың галл сапқа тұруды үйренуде еді, бұлардан Сеннон
провинциясында жасақталған он төртінші легион құрылған болатын.
Жаңадан келген əрбір солдатқа қарама-қарсы қолдарына ағаш
семсер ұстаған ветеран тұр, ол жаңа келгендерге ұрыс жəне сайыс
тəсілдерін үйретуде. Команда берген дауыстар үздіксіз естіліп тұр:
— Оңтайлан!
— Қалқанды көтере ұста!
— Семсердің жүзін төмен қарат!
— Менің көзіме тура қара!
— Көтер басыңды!
— Тайлықпай қара!
— Басыңа тиетін соққыны қалқанмен қақ, семсермен ұр!
— Жылдамырақ, Таран үшін... қолындағы семсер ме, ұршық па!
— Бір қадам алға!.. Бір қадам кейін!.. Гез үшін, тезірек, құлшына!
— Оңтайлан!
— Семсердің жүзімен бастан ұрғанда тойтарыс бер!
— Оңға секір!
— Ұр!
— Семсеріңді солға қырындат!
— Оңтайлан!
— Кейін секір!
— Шапшаң! Алға!.. Маған ұмтыл!.. Алға деймін!..
Бес мың адамның жауынгер жəне батыл дауыстары соғыс
командасына тəн, жігерлі ырғақпен бірден қосыла шығады. Он мың
адамның жиырма мың қолы бір мезгілде сілтенеді. Осының бəрі
галлдардың лагерін əдеттегіден тыс жанды қозғалысқа келтіріп тұр.
Эвтибида бұл сияқты ерекше көріністі тамашалап тұра қалды. Бір
мезетте оның құлағына таяудағы шатырдан шыққан бірнеше дауыстар
шалынды, бесінші легионның туы тігулі тұрғанына қарағанда, бұл осы
легионның бастығы галл жігіті Арвинийдің шатыры еді.
— Сайып келгенде,— дейді қарлыққан, төмен дауысты біреу, бұл
нумидийлықтар мен африкалықтардан құрылған он бірінші
легионның бастығы Орцилдың даусы екенін Эвтибида тани кетті,—
сайып келгенде, осылайша сонымызға түсіп қуа бергендей біз қой
емеспіз ғой!..
— Ал, бізсіз ол қандай күйге түсер еді? — дейді тағы біреу, Эвтибида
мұның да кім екенін білді, бұл он үшінші легионның бастығы,
еркіндікте туып өскен Кай Ганник болатын.
— Қарапайым ғана адам... тіпті қарапайым адамнан да төмен...
жексұрын, сорлы гладиатор болар еді де қояр еді,— деді Брезовир
күйгелектеп.
— Мен өзімнің африкандарымды алып Галлияға бармасқа, Ваалдың
атымен ант етемін!.. Бармаймын деп сендерге де ант беремін! дейді
Орцил.
— Эномайдікі дұрыс еді! —дейді он төртінші легионның бастығы —
сайыс өнерін үйреніп жатқан бес мың галлдың бастығы Каст, өзеуреп.
— Сорлы Эномай! Көрер көзге Спартактың екіжүзділігінің құрбаны
болды-ау!дейді сегізінші легионды басқаруды Рутилийден қабылдаған
самнит Онаций.
— Апыр-ай! Спартакты екіжүзді дедіңдер ме? — деді жетінші
легионның бастығы эпирот Фессалоний ашулы қатты дауыспен.—
Алып ананың ақ сүтіне аян! Бұл артық сөз!.. Тым орынсыз сөз!..
— Не деп отырсың, ол жəне онымен бірге Крикс пен Гранин бізді
Рим Сенатына сатқалы жүрсе...
— Бізді Римнен ұзатып, Альпінің арғы бетіне əкетем деушілер
атаулы, бəрің де опасыз екіжүздісіңдер!
— Римге, Римге тартамыз біз!..
— Мен адам біткеннің абзалы жəне адал Спартакқа сенемін, Крикс,
Граникке де сенемін, сондықтан, мен өзіме тапсырылған легионымды
алып, сендердің емес, солардың соңынан еремін.
─ Мен де,— деді Боpтopикс.
Онда соларға-ақ еріңдер, ал біз өзіміздің жеті легионымызбен,—
деді Кай Ганник күш көрсетіп,— ертең Равеннаға қайтамыз да, одан
Римге тартамыз!
— Па шіркін! Спартаксыз сендер ұлы істер істей қоярсыңдар! —деді
Борторикс кекеп.
— Сендерді алғашқы кездескен претордың өзі-ақ турап салар,— деді
бұған қоса Фессалоний.
— Олай деме, бұлар да — адам, бостандықты жеңіп аламыз деп
қолдарына қару ұстап шыққан,— деп Кай Ганник өзеуреді.— Бұлар сол
сияқтылардың күні кеше құлы болған адамдар.
— Егер сендер тəртіпсіздікті, дау-жанжалды, бассыздықты
бостандық деп түсінетін болсаңдар, ондай бостандықтың бізге керегі
жоқ! — деп ақырды Фессалоний.— Біз ұйымшылдықты, тəртіпті
қолдаймыз, екі жылдан аса уақытқа созылған соғыста өзінің
данышпан, айбынды көсем екенін көрсете білген адаммен бірге
боламыз.
Осы мезетте үшінші легионды қарулануға шақырған керней даусы
гладиаторлардың таласын бөліп, мұны қуана-қуана тыңдап тұрған
Эвтибиданың да көңілін ayдарып əкетті.
Аттаныс дабылын іле-шала төртінші, одан соң бесінші легионның
кернейшілері, ең соңында лагерьдің бүкіл духовой оркестрі де
қайталады.
Жауынгерлер шатырларына қарай ұмтылысты, сауыттары мен
дулығаларын киіп, қолдарына қаруларын ала сала, взводқа,
манипулаға, которгаға сапталып тұра бастады. Үшінші легионнан
берілген, басқа легиондар қайталаған жаңа дабыл қос-қолаңды жық
деген бұйрықты хабарлады.
Екі сағаттан кейін бəрі де буылып-түйіліп, легиондар жорыққа əзір
болды.
Бұдан соң, легион бастықтарын бұйрықтар
қолбасшыға шақырған үшінші дабыл тартылды.
алу
үшін
ұлы
Бастықтардың бəрі аттарын тебіне түсіп, преторияға қарай жөнелді,
мұнда Спартак оларға: претор Кай Кассийдің өздеріне қарсы аттанып
келе жатқанын, сол күні кешке жақын оның Мутинаға келетінін
хабарлады. Кай Қассийге басқа отрядтар келіп қосылып,
гладиаторлардың Падуе өзенінен өтетін жолын алып қоймай тұрып,
оған ертеңнен қалмай шабуыл жасау үшін кідірмей аттану қажет
екенін айтты.
Спартак сөзін бітірген кезде, тұрғандар тым-тырыс бола қалды.
Кай Ганник бірнеше секундтай қипақтап жерге мөлие қарап тұрды
да, қысыла-қымтырыла:
— Біз, əрине, Кассийге қарсы ұрысамыз, бірақ Падустен өтпейміз,—
деді.
— Қалайша? — деп Спартак түсінбеген адамша қайыра сұрады.—
Сен не айтып тұрсың?
— Ол саған еріп Падустың аржағына өтпейміз дейді!—деп жауап
берді нумидиялық Орцил Спартакқа бедірейе қарап.
— Жеті легионның,— деді Кай Ганник,— өз елдеріне қайтып
барғысы келмейді, Римге аттанамыз деседі...
— О! — деді Спартак ызамен.— Тағы да бүлік десейші... Эномайдың
басынан кешкен аянышты іс сендер үшін жетерлік болған жоқ па еді?..
Оның сөздеріне жауап ретінде не екені белгісіз күңкіл сияқты
бірдемелер ғана естілді.
— Барлық құдайлар куə!—деді. Спартак күрсініп, сəл үзілістен соң.—
Сендерде ес жоқ немесе барып тұрған екіжүзді опасызсыңдар!
Бүлік шығарушы бастықтар бұрынғысынша лəм-мимсіз тұр. Бір
минуттан соң фракиялық сөз аяғын сабақтай түсіп:
— Қазір қарсы алдымызда жасанған жау тұр. Кассийді қашан
талқандағанша, бəрін де маған бағынасыңдар; содан кейін маслихат
құрамыз да, өз игілігіміз үшін ие істейтінімізді сонда шешеміз. Ал, енді
тұрмаңдар! — Ол мұны бастықтарға қолын сермеп бұйыра айтты.
Бастықтар аттарына мініп жатқанда, ол сесті кейіппен тағы да:
— Жорықта, соғыста иненің жасуындай да ауа жайылушылық
болмасын! Ұлы Юпитерге аян! Іріткі сөз сөйлеген немесе теріс əрекет
жасаған адам, менің жаза сілтеніп көрмеген семсеріммен туралады! —
деді.
Спартак тағы да қолын сермеп əскербасыларға аттануды
ишараттады. Олар лəм-мимсіз мойынсұнып қызметтеріне тарады.
Мутинаға аттанған гладиаторлар армиясы, түнімен суыт жүріп
отырып, онда таңға бір сағат қалғанда келіп жетті.
Кассий екі бірдей биікті алып, сол арадан лагерь ашып, оның
айналасын тосқауылмен жəне үлкен ормен нығайтып бекіндірген еді.
Сəске кезінде Спартак алты легионды алып преторға қарсы
шабуылға шықты. Претордың тау бөктерінен алған тұрғысы
римляндер үшін өте қолайлы еді, бірақ гладиаторлардың сан жағынан
басымдығы мен шабуыл екпінінің қаттылығы, дені Марий мен
Сулланың ветерандарынан жасақталған жиырма мың римляндерді
қашуға мəжбүр етті.
Бұл соғыста римляндерден бас-аяғы бірнеше сағат ішінде, он мыңға
жақын адам қырылып, қалғандары қашып жəне сол айналаға
торғайдай тозғындап бітті. Қашқындардың арасында астындағы аты
оққа ұшқан претордың өзі де қоса кетті. Сөйтіп римляндердің қосқоландары мен ұрыс жабдықтары бұл шайқастан шамалы шығынмен
шыққан гладиаторлардың қолында қалды.
Бір айға жетер-жетпес уақыт ішінде римляндерді Спартак үшінші
рет жеңген осы шайқастың ертеңіне, гладиатор легиондары Панарус
өзені жағасындағы жазықта сапқа тұрғызылды. Падус өзенінен əрі өтіп
гладиаторлар елді-еліне тарау керек пе немесе кері қайтып, Римге
шабуыл жасау керек пе, міне осыны шешу қажет болды.
Спартак сөз бастады. Ол алғашқы жоспардың пайдалылығын, ал
екіншісінен туатын төтелей зиянды қызу сыпаттады, өз өмірінің он
жылын сарп етіп езілгендер ісіне сіңірген еңбегін еске түсіріп, не істеп,
не қойғанын атап өтті. Ол мұны еске түсіргенде мақтан үшін емес,
Италиядан кету керек деген өз кеңесі бұл ел Бренн галлдарын, Пирр
гректерін, карфагендіктер мен кимврларды, тевтондарды, қысқасы,
Италияға шабуыл жасап, оның жерінде соғыс ашам дегендердің бəрін
жермен-жексен еткен болса, гладиаторларды солай жермен-жексен
етеді деген сенімнен туғанына жолдастарының көзі əбден
жеткізейінші деген оймен айтқан еді.
Спартак бұл жоспарды тек гладиаторлардың, өз игілігі үшін
қорғайтынын айтып, салтанатты ант берді; ендігісін солардың өздері
шешсін, мен көпшіліктен аспайын дегенді айтты. Көсем болсын немесе
тіпті солдат болсын, əйтеуір ол өзінің солармен бірге соғысатынын,
егер тағдырда солай жазылған болса, тіпті жолдастарымен бірге өлуге
де əзір екенін білдірді.
Спартактың сөзінен кейін жұрт ду қолшапалақтап қоя берді, егер
сол мезетте дауысқа қойылған болса оның ұсынысы көпшілікпен
бəлки қабылданған да болар еді. Бірақ өткен екі жыл ішінде қол
жеткен жеңістер гладиаторларды дестендіріп, дандайсытып жіберген
еді, ал көптеген қолбасылар Спартакты жақтағанымен оның ұрлыққа,
зорлық-зомбылыққа ерік бермей қойған өмір тəртібіне əрең шыдап
келген болатын. Жеке адамдардың арасынан наразылық күңкілі
естілген еді, ол бірте-бірте бүтіндей легиондарға тарады.
Өзін гладиаторлыққа сатқанға дейін Форумда болып, əбден
ысылған жəне сөзуар Кай Ганник жұрттың осы ауқымын пайдалана
қойды. Ол Спартактан соң шығып сөйлеп, Спартакқа қарсы жаман ойы
бар деп ешкім ойламасын деп, оның батырлығы мен көрегендігін көп
дəріптеді. Бірақ сонан кейін Ганник римляндердің халі нашар екенін,
қазір олар жетпіс мың айбынды жауынгері бар гладиаторлар қолының
қаруына төтеп бере алмайтынын майын тамыза суреттеді.
Легиондарды Римді бағып алу үшін сəті түсіп тұрған мұндай қолайлы
жағдайды қолдан шығармау керек деп иландыра келіп, ол сөзін
ертеңнен қалмай Тибрға қарай аттануымыз керек деген ұсыныспен
аяқтады.
— Римге! Римге! — деген елу мың адамның даусы күндей күркіреді,
Ганниктің сөзінен кейін:
— Римге! Римге!
Дауысқа қойған кезде жеті легион Ганниктің ұсынысын бірауыздан
қостап, қалған алты легион оған қарсы шықты, Спартактың ұсынысын
түгел дерлік тек атты əскерлер ғана қостады; сонымен елу мыңнан аса
гладиатор Римге аттануды тіледі де, фракиялықтық кеңесіне құлақ
қойғандар жиырма мыңға да жетпей қалды.
Бұл дауысқа салудың үш ұйықтаса ойда жоқ нəтижесінің Спартакты
аса қатты жабықтырғанын түсіну қиын емес еді; ол мұның барлық
жоспарларын астын-үстіне шығарып, гладиаторларды өздерінің
түпкілікті мақсатынан — Римнің тирандық өктемдігін құлатудан
алыстатып жіберді.
Еңсесі түскен Спартак түнерген күйі көпке дейін лəм-мимсіз тұрды;
бір мезетте өзінің айналасында тұнжырай топталып тұрған Крикс пен
Граникке, Арторикске сұрланған, жабырқаң жүзбен мысқылдай езу
тартып:
─ Олимптің құдайлары куə! Гладиаторлар үшін көп еңбек сіңіріп,
азап, қиыншылық тартқан болсам да, олардың ішінен мені
жақтаушылар шамалы болып шықты! Қайтеміз, солай-ақ болсын...
Геркулеске аян!., Өте жақсы!..— деді.
Осыдан соң ол үн-түнсіз бұйрық күтіп тұрған легиондарға дауыстап:
— Жақсы, мен сендердің ұйғаруларыңа көне-ақ қояйын: бірақ Римге
сендер басқа адамның бастауымен барасыңдар, маған өздерің бір емес,
екі рет берген ұлы басшы атағынан қазірден бастап бас тартамын жəне
ол атақты енді менен де гөрі лайықты біреуге берулеріңді сұраймын,—
деді.
— Жоқ! Құдай сақтасын!—деп он екінші легионның бастығы
самнит, Линий Грандений айқай салды.— Қашан да болса біздің ұлы
басшымыз сенсің, біздің ішімізде саған тең ешкім жоқ!
— Спартак — Ұлы басшы! Спартак — Ұлы басшы болады!— деп
шулады жетпіс мың гладиатор бір кісідей, қалқандарын жоғары үйіріп.
— Жоқ, ешуақытта да бола алмаймын! Мен Римге аттануға
қарсымын, сондықтан сендерді бастамақ та емеспін! Жауды жеңетініне
сенімділердің бірін сайлаңдар.
— Сен—басшысың! Басшы сен! Спартак! Сен басшымыз боласың! —
деп қайталады отыз немесе қырық мыңдаған дауыс.
Айқай-шу басыла бергенде Крикс сөз сөйлеуге ишарат білдірді.
- Осы арада қазір қарулы жүз мың гладиатор тұрмыз. Тіпті біз жүз-ақ
болайық, сонда да біздің қолбасымыз болуға тиіс жəне бола алатын
адам біреу ғана... Аквинум, Фунди, Камеринум, Нурсия мен Мутима
жанында жеңіске жеткізген адам ғана біздің қолбасшымыз бола
алады!.. Спартак жасасын!
— Спартак жасасын! — деген күңіренген қалың дауыс бүкіл алқапты
сілкіндіргендей болды.
Фракиялық
достарының
қоярда-қоймай
білдірген
тілегін
орындаудан құтылып кетуге күш салып-ақ баққан-ды, бірақ жұрттың
бəрі легион бастықтары, бəрінен де бұрын Арвиний, Орцил мен Кай
Ганник, барлық соғыс трибундары мен центуриондар, декандар мен
бүкіл əскер оның сайлануын талап етіп тұрып алды. Алғашта
бағынбаушылық білдіргенімен де қазір қиылып сұрап тұрған
жолдастарының бұл сияқты сүйіспендігі мен сыйына көзі жеткен соң,
жүйесі босаған Спартак ақырында:
— Сендердің тілегендерің осы ма?.. Ендеше, солай-ақ болсын. Мен
ықтиярмын, өйткені менің орныма басқа біреу сайлана қалса, мұның
ақыры өз араларында қантөгіс қырқысқа əкеп соғатынын мен
түсінемін: сендермен тізе қосып соғысуға жəне сендердің алдыңғы
саптарыңда жүріп жан беруге əзірмін,— деді.
Дəл осы уақытта оған бəрі де алғыс айтып, біреулер оның
батырлығын, сіңірген еңбегін мадақтап, киімінен, қолдарынан сүйіп
жатқанда, ол аса жабырқаң жүзбен мынаны айтты:
— Мен сендерді жеңіске жеткізем деп уəде бергенім жоқ: ойланыптолғанылмаған соғыс сəтті болады деп айта алмаймын. Не дегенмен де
Римге жорық жасап көреміз. Ертең Бононияға аттанамыз.
Сөйтіп, Спартак өз ойынша іске аспайды деп санаған жұмысты өз
қолына алуға мəжбүр болды, келесі күні армия Бонония арқылы
Ариминумға тартты.
Алайда бұл бұрынғы армия емес еді. Тəртіп босаңсып, гладиаторлар
арасында бағынбаушылық етек ала берді. Сөйтіп, Спартактың
бастауымен сан рет айта қалғандай жеңістерге жеткен бұл айбынды
қол шашыpaп, ел тонауға құныққандық себепті əлсірей бастады.. Бір
легион, кейде екінші легион немесе тіпті бірнеше легион жүрген
жолындағы қалаларды бас салып талауға алатынды шығарды. Мұның
екі жақтан бірдей зияны болды жақсы ұйымдасқан гладиатор
легиондары жүгенсіз қарақшылар тобына айналып, зорлық-зомбылық
көрген халықтың назасына ұшырады; сонымен қатар, жол-жөнекей
жиі-жиі бөгеліп қала беретін болғандықтан əскердің жүрісі өнбей
қойды, ал Спартак жеңістерінің басты сыры суыт жүрісте болып
келгені мəлім.
Спартак бұған қаншалық тыйым саламын дегенімен, одан ешнəрсе
шықпады. Алғашта ол ел тонауды ең алдымен бастаған Кай Ганниктің
он үшінші легионына ашуланып, оны қарғап-сілеумен болды. Бірақ
мұнымен бейбастақтықты шамалы азайтқаны болмаса, оған үзілдікесілді тыйым сала алған жоқ: арада екі күн өткен соң, Спартак
Фавенцияға өктеп келе жатқанда, колоннаның ең соңында келе жатқан
бесінші жəне алтыншы легиондар Имолаға басып кіріп, оны да тонауға
салды. Фракиялық қасына Криксті ертіп, фракиялықтардың үш
легионын алып, бұл тонаушыларға тыйым салу үшін жарым жолдап
кері қайтуға мəжбүр болды.
Бұл екі арада, екі консулдың жəне Цизалиня Галлиясы преторының
жеңілгендіктері туралы Римге хабар жетті. Аласапыран əбігершілік
басталды. Оның үстіне, гладиаторлар Римге аттануға бел байлапты
деген хабар Рим халқы мен Сенаттың үрейін бұрынғыдан да бетер
ұшырды.
Келесі жылға консулдар сайланатын комициялар өткізілмеген еді,
Лентул Геллий жеңілгеннен кейінгі жерде, бұл жоғарғы мəртебелі
қызметке сайлануға ұмтылушылар саны азайып кетті. Солай бола
тұрса да, Кай Анфидий Орестің консулдықты сұрауына себепші болған
да сол жеңілістер еді. Фунди жанындағы жеңіліс үшін мені
кінəламаңдар, онда Спартакқа қарсы аз күшпен соғысқандықтан
жеңілдім, мен түгіл алпыс мың əскермен екі бірдей консул да
талқандалды, деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Камеринум мен Нурсия
жанындағы шайқастар бұған айғақ еді, өйткені, деді ол Фунди
жанындағы жеңіліс Камеринум мен Нурсия жанындағы жеңілістерге
қарағанда римляндер үшін анағұрлым жеңіл жеңіліс болды.
Бұл пікір сəл түсініксіз жəне шындыққа да қайшы еді, өйткені оның
басқаларға қарағанда мен аз зиян шектірдім, деуі Анфидий Орестің өз
басының ерлігін көрсетпек емес. Алайда, гладиаторларға қарсы соғыс
жайына келгенде Римдегі ақыл-ойдың алжасуы жəне консулдыққа
кандидаттардың тапшы болғаны соншалық келесі жылы бұл жоғары
дəрежелі қызметінің басын ұстауға көптің ұйғаруы бойынша Анфидий
Орест пен Публий Корнелий Лентул Сура сайланды.
Ту баста Римге жорық жасауды тілеп шулап отырып алған
легиондардың
ендігі
жердегі
басбұзарлығы
жəне
мойынұсынбаушылығы себепті, Спартак бұл жорықты онан ары
өрістете алмады; сондықтан Ариминумда бір айдай бөгеліп қалды.
Қолбасылықтан бастартқан ол жұрттың қаншама тілек білдіргеніне
мізбақпастан, көп күндер бойы шатырынан шықпай жатып алды. Бір
күні бүкіл қол преторийге жиналып, жер тізерлеп отырып алып,
өздерінің оңбағандық қылықтарын өздері сөгіп, кешірім сұраған соң, ол
шатырынан шықпақ болды.
Фракиялық əбден жүдеген еді. Оның жарқын жүзінде азап-құса
белгісі сайрап тұрды. Шаршап, қажығандығы оның ажарынан айқын
көрінгендей, жылай-жылай көздері де қызарып кеткен. Мұны
көргенде дүрлігу күшейіп, сені сүйеміз, жаздық-жаңылдық деген
дауыстар естілді.
Ол өзінің сөйлегісі келетінін ишараттады. Айнала тым-тырыс бола
қалған шақта қаһарлы, өткір үнмен тіл қатты. Легиондардың жат
мінездерін сөгіп, өздерінің бұзықтық əрекеттерімен олар бостандық
іздеген адамдарға емес, нағыз жүгенсіз кеткен қарақшыларға
ұқсайтынын дəлелдей келіп, халықты талауға мұрындық болғандарды
жұрт алдында жазалау жөнінде өзіне толық жəне шексіз право
берілмейінше, гладиаторлармен бұдан əрі қадам баспауға бел байлаған
сертінен айнымайтынын білдірді.
Оның бұл қойған талабын легиондар бірауыздан қабылдады.
Спартак əскерді басқару ісін қайта қолға алып, қатаң шаралар қолдану
арқылы өшіп кеткен темір тəртіпті, борышты түсінушілік сезімін
гладиаторлар арасында қайтадан орната бастады.
Əскербасылардың ішіндегі ең бас бұзары, Бертинорумда ауыр
қылмыстар істеп, өз атына кір келтірген нумидиялық Орцилды
Спартак өлім жазасына үкім етті, оны барлық легиондардың көзінше,
креске керіп өлтіру нумидиялықтардың өздеріне бұйырды; оның
нұсқауы бойынша, екі легион бастықтарына — галл Арвиний мен
самнит Кай Ганникке дүре соғылып, лагерьден қуылды халықты
тонаған кезде өте-мөте айуандық істеген гладиаторлардан екі жүзден
астам адам креске керіліп өлтірілді.
Осыдан кейін Спартак барлық легиондарды қайта құрды. Бұрынғы
ұлттарына қарай жасақталған легиондардың орнына, əрбір
манипуласы мен когорталарына əртүрлі ұлтқа жататын солдаттарды
белгілі мөлшерде араластырып бөлген жаңа легиондар жасады. Жүз
жиырма кісілік əрбір манипула қырық галлдан, отыз фракиялықтан,
жиырма самниттен жəне он иллириялықтардан гректер мен
африкандықтардан жасақталды.
Осылайша қайта құрылған қол он төрт легионға бөлініп, Спартак
оларды үш корпусқа орналастырды: алты легион қараған бірінші
корпусты Крикстің, төрт легион қараған екінші корпусты Граниктің
басқаруына берді; қалған төрт легионнан құрылған үшінші корпусты
Арторикс басқарды.
Мамилий сегіз мың кісілік атты əскердің бастығы болып қалды.
Əскерді осылайша қайта құра отырып, Спартак жаңа легиондарды
Римге аттанбай тұрып, əбден топтастыру қажет деп санады.
Сондықтан ол Ариминумнан шыққан соң, жыла-қона отырып,
Умбрияға келіп тоқтады да, солдаттардың бірін-бірі танып білуіне,
жаңа əскербасыларымен үйренісуіне мүмкіндік берді.
Римде гладиаторлардың сениондарды тонағандығы туралы алып
қашты лақаптар тарағанда, римляндердін ес-түсі қалмай қорықты.
Халық трибундары қатерде тұрған отанды қорғайтын уақыт жетті деп
Форумда жар сала бастады.
Сенат кеңеске жиналды. Біреулер бұл істі жою үшін бұрынғы
жіберілген қолбасылардың қабілетсіздігі себепті гладиаторлардың ту
баста кісі күлерлік болып басталған бүліншілігі үлкен соғысқа
айналып, енді Римнің өзіне зор қауіп туғызған кезде, мəселені сенатор
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 26
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.