Latin Common Turkic

Спартак - 09

Total number of words is 3973
Total number of unique words is 2265
31.0 of words are in the 2000 most common words
44.8 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қатты ашу буып қалжыраған Сулла да, бассейнге етпетінен түсті де,
ешқашан аузынан шығып көрмеген əлжуаз үнмен, қырылдап:
— Жəрдем етіңдер... үзіліп барамын!.. Жəрдем!..— деді.
Күні кешегі диктатордың жүзі қуарып, қас-қабағы жабылып,
қайнасқан тістері шықыр-шұрық етті де аузы-басы малжаңдап
қисайып кетті.
Хризогон мен құлдар əбігерге түсіп Сулланың есін жинатудың
əрекетін жасап жатқан уақытта, кенеттен ұстаған күшті жөтел
диктаторды селкілдетіп ала жөнелді, арада азғантай ғана уақыт
өтісімен аузынан қан ақтарылып, тынысы тарылып, жұмулы көздерін
аша алмаған күйі жан тапсырды.
Сөйтіп, ұлылығына қаныпезерлігі сай бұл адам, алпыс жасында
осылайша дүние салды. Оның зор таланты мен адамгершілігінен
қатыгездігі мен пітнəлығы басым болды. Ол ұлы істер істеді, бірақ
сонымен бірге өз отанын көптеген бақытсыздыққа ұшыратты, ұлы
көсем болып даңқы шыққанымен тарихта өзін нашар азамат деген із
қалдырды; сондықтан оның өз өмірінде істеген істерін зерттегенде,
онда ерлік пен қайраттың, қанқұйлылық пен жырындылықтың
қайсысы басым болғанын ажырату қиын еді.
Ұзақ уақыт бойы Суллаға қарсыласқан, Марий партиясынан шыққан
консул Кней Папирий Карбонның,: Сулланың кеудесіне ұялаған
арыстан мен түлкіге қарсы күрескенде маған арыстаннан да гөрі
түлкіні түсіру қиынырақ болды дейтіні де сондықтан-ды.
Сулла жантəсілім қалай берді, солай дəрігер Сирмионды ертіп ванна
бөлмесіне енген Диодор құл табалдырықтан аттай бере-ақ:
— Римнен шапқыншы келді... қолында аса маңызды Киты бар, əлгі...
— деп дауыстап қоя берді.
Бірақ дəл осы араға келгенде құлдың сөздері көмейінен көлденең
тұрды да қалды: Сулланың қазасына тап болған жұрттың сасыпсабдырап жүргенін көрді.
Бөлмеге қарай ұмтылған Сирмион өліктің сүйегін дереу ваннадан
шығарып алып, еден үстіне төселген жастық ложаға əкеп салуды
ұсынды, сонан соң зерттей бастады, тамырын ұстады, жүрегін
тыңдады, сөйтті де қайғылы пішінмен басын шайқап:
— Əлбетте... Өлді!—деді.
Диодордың соңынан ілесе Эвтибиданың хат əкелген құлы да ванна
бөлмесіне келді; тап болған оқиғаны көріп үрейленіп, таң-тамаша
болған күйі көпке дейін бұрышта сілейіп тұрды да қалды; сонан соң
өзіне бір белді адам болып көрінген Хризогонның жанына келіп оған
хатты беpiп:
- Біздің бикеш, Эвтибида сұлу, осы хатты Сулланың өз қолына табыс
ет деген еді, бірақ құдай мені жұрттан асқан ұлы адамның қазасының
үстінен шығуға душар еткен соң амалым не, оның атына жазылған
хатты енді саған берейін,— деді.
Басына қайғы түсіп есі шыққан Хризогон, хатты лып еткізіп алды да,
оған ешқандай мəн де берместен, көйлегі мен туникасының арасына
тыға салып, қожайыны жəне қамқоршысының өлі денесімен əурелене
берді.
Сулланың қазасы туралы хабар үйдегілерге де жетті. Жұрт əбігер
болды да қалды. Құл атаулы тегіс дүрлігіп ванна бөлмесіне жиналып
азан-қазан болды. Арада бірнеше секунд өтісімен асыға-аптыға
комедиант Метробий да келіп жетті. Оның басқа көзге төпеп Римнен
келіп күткен беті осы еді.
Үстіндегі киімдері алқам-салқам, өңі қашып, көз жасы сорғалаған
бойы, ол да ванна бөлмесіне келіп кірді.
— Жоқ... бұл мүмкін емес!— деп сұңқылдады, ол.— Жоқ... жоқ... бұл
өтірік...
Сулланың өлігін көрген жерден өкіріп қоя берген ол, жансыз дененің
жанына келіп отыра қалды да, оны екі беттен ерсілі-қарсылы
сүйгіштеп:
— Теңдесі жоқ жан досым-ай, өліміңді көзіммен көре алмадым...
Ақтық сөздеріңді естіп, ақырғы рет сүйгізе алмай арманда кеттім,
Сулла, жан досым, қымбаттым, қайран Сулла!—деп өксіп жылай берді.
VIII ТАРАУ. СУЛЛАНЫҢ ӨЛІМІНІҢ АҚЫРЫ
Сулланың өлімі туралы лакан Италияға өте тез тарады, барлық
жерлерде, əсіресе, Римде күшті əбігер туғызды.
А дегенде жұртта жалпы аңырушылық қана болса, одан кейін
тасқаяқтай қағыстырып сұрастыру, зерттеу басталды; кенеттен келген
өлімнің неліктен, қалай қашан сап ете қалғанын жұрттың бəрі де білсек
дейді.
Олигархтар партиясы, патрицийлар мен байлар ұлы адамның өлімі
халық басына түскен ауыртпалық, орны толмайтын қаза деп
қайғырды: олар жар салып батырды жерлегенде оған императорлық
құрмет көрсетілуін, республиканы сақтаушы жəне пайғамбар деп
санап, оған ескерткіштер орнатып, шеркеулер салуды талап етті.
Бұларды Сулланың қолынан азаттық алған он мың құл қостады;
Сулла оларға проскрипцияның құрбаны болғандардың мүлкінің
бірсыпырасын таратып берген-ді.
Бұл он мың адам қай жағынан болсын Суллаға борышты еді жəне
одан қол үзіп кете алмайтын себебі сыйлағандықтан да емес, сонымен
бірге Сулла өлген соң оның өзімізге жомарттық істеп беріп
кеткендерінен айрылып қаламыз деп қорықты.
Митридатқа қарсы соғыстарда жəне Марийге қарсы азаматтық
соғыста Сулланың жасағында болған бұлардан басқа, Италияда тағы да
жүз жиырма мың бұрынғы легионерлер бар. Бұл легионерлер көбінесе
қалаларда тұрады, ал ол қалалардың бұрынғы тұрғын халқын Сулла
Марийға қарсы соғыста қырғанын қырып немесе босатып жіберген.
Диктатор жеңілген дұшпанының мүліктеpiн легионерлеріне бөліп
берді, соның үшін бұл жүз жиырма мың оны төбесіне көтерді.
Сондықтан бұлар да Сулла не істеп кетсе, соның бəрін жан сала
қорғауға əзір.
Сөйткенмен, бұл күшті партияға жүз мыңдаған айдаушылар,
Сулланың рақымсыздығының құрбаны болған туындаған басқа да
адамдар, Марий партиясының сансыз көп жəне күшті қалдықтары
қарсы тұрды. Сулланың барлық дұшпандары өздерінің туысқандарын
достарын өлтірген, олардың тұрмысын шайқалтқан адамға ашықтанашық лағнат айтып, жаңа өзгеріс болуын тіледі, үмітпен кек алуға
шақырды.
Бұларға келіп плебейлер қосылды, Сулла оларды да толып жатқан
праволарынан, дербестігінен айырған; демек, олар да сол
праволарының қайтарылуын тілейді.
Міне, сондықтан да экс-диктатордың қазасы туралы хабар Римде
көп жылдардан бері болып көрмеген толқын, даурығыс, алып-қашты
əңгімелер, өрекпулер туғызды.
Форумда, базиликаларда, портиктардын астында, сарайларда,
көшелерде, дүкендерде, базарларда — жерлердің бəрінде де топталған
əралуан жастағы, əртүрлі жағдайдағы адамдар, бəрі жаңалық хабарды
естіп біліп, мим біріне-бірі жеткізуде, тап болған бақытсыздыққа
ақырында республиканы құлдық бұғаудан құтқарған құдайға одан да
бетер күшті алғыс жаудырды. Ұрыс-керістер шығып өзара
қоқанлоқылар естіледі, ішке бүккен ежелгі ашу-кектің ұшқыны кейде
сыртқа да тебеді.
Бұл толқын барған сайын күшейе түсті. Əртүрлі партиялардың
консулдары бұған дейін өзара жасырын күресіп келген болатын. Енді
шабыт күшейіп ұстасқан дұшпандар сапқа тұрды, енді екі партияның
да қызметі жəне беделі жағынан теңбе-тең көсемдері бар.
Көптеген сенаторлар, азаматтар мен еркіндік алғандар
күйінгендіктің белгісі етіп сақалдарын өсіріп қоя беріп, үстеріне қара
тогалар киіп қаралы түрмен қала ішінде жүрді; кептеген əйелдер де
қара жамылып, шаштарын жайып Сулланың өліміне байланысты
Римге аса зop қатер төнгендей-ақ, құдайдан рақым тілеп шеркеуден
шіркеуге жүгірді.
Сулланың əліміне қуанған дұшпандары Форумдар мен көшелерді
қыдырып жылағандарды қағытып, тəлкек етіп, мазақтаумен жүрді.
Қаланың орта шеніндегі заңдар қағылатын ерекше тақталардан
Сулланың өлімінен үш күн кейін, мынадай эпиграммаларды оқуға
болатын еді:
Диктатор Сулла дандайсып
Римге қожа мен, деді;
Есуастық желікке
Жібермес тəңір пендені:
— Салмақ еді Римді
Көз көрмеген азапқа,
Сол үшін енді болсын ол
Құрт-құмырсқаға жем, деді.
Кей
жерлерде
мынадай
жазулар
жазылып
қалған.
«Тойға
жұмсалатын шығындар туралы заңдар жойылсын! Трибундардың
ешкім қол сұқпайтын дербестігін талап етеміз!» Сулланың жексұрын
деспоттығын өте-мөте əйгілейтін осы заңдар болатын. Кей жерлерде:
«Кай Марийдің даңқы арта берсін!» деген жазулар да тұр.
Бұл фактілер, тіл тигізулер жұрт ойының ауқымы өзгергенін даусыз
сыпаттайтын еді; Сулланың тірі кезінде-ақ оған өзінің қырғи
қабақтығын жасырмайтын консул Марк Эмилий Лепид жəне халық
Марий партиясы енді өз жағымда деп сеніп, тартынбай қимылдады.
Екінші консул, Лутаций Катул, мұның керісінше өзінің Сенат пен
заңдар жағына табан тіреп тұрып қалатынын білдірді.
Бұл аласапранға, əрине, Катилина да араласты. Сулламен əрдайым
жақсы қатынаста болып келгенімен, ондағы арман, борыш пен шабыт
оған жаңаны іздетті, өйткені бұл жаңадан ол ешқандай шығын
шығармай-ақ көп пайда таба алатын еді. Сондықтан да Катилина мен
оның достары наразы адамдардың арасында үгіт жүргізіп,
олигархияға деген өшпенділіктің онсыз да тұтанғалы тұрған отына
май құюмен болды.
Тек Кней Помпей мен Марк Красс қана қандай жолы мен болсын
жұрттың олқын-толқынды ойын басуға, оларды заңды сыйлауға
ұйытып жəне жаңа азамат соғысы нұсқан келтіруі мүмкін, отанға,
республикаға жанашушылыққа мойыту үшін өздерінің зор атағы мен
беделін жұмсап Митридатты жеңген даңқ иесі марқұмға қандай құрмет
көрсету мəселесін талқылау үшін Сенат Гостилий куриясында бас
қосты.
Курияның галереялары, онымен жапсар үйлер халыққа лық толды.
Сенаторлар отыратын орындарда өрекпі абыржу, үздіксіз қимыл
қозғалыстар бар екені байқалады.
Жиналыс председателі өзінің ерлігімен жəне данышпандығымен
үздік шыққан бұрынғы консул Публий Сервилий Изаурик болды; ол
мəжілісті ашты да, Квинт Катулға сөз берді. Катул өзінің қарапайым,
əрі қайрымды сөздерінде Сулланың дұшпандарына тіл тигізбестен,
марқұмның қолымен жасалған даңқты істер туралы —Африкада қолға
түсірілген Югурт туралы да, жанында талқандалған Архелай туралы
да, жеңілгеннен кейін Азияның қойнауына қарай қуылып тасталған
Митридат туралы да, Афинының алынуы жəне азамат соғысының
апатты өртінің сөндірілуі туралы да— түгел еске сала келіп, Сулланың
батылдығы мен ерлігін көрсетіп, сенаторлардан бұл адамға оның жəне
ол қолбасы, көсемі болған Рим халқының атағына сай жерлеу құрметін
көрсетуді өтінді.
Сөзінің қорытындысында ол Сулланың сүйегін үлдемен бүлдеге
орап, салтанатты түрде Кумыдан Римге əкеліп, Марс алаңына жерлеуді
ұсынды. Катулдың бұл қысқаша сөзін сенаторлар түгел мақұлдады,
бірақ галереядағылардың арасынан мұны жактырмаған наразылық
дауыстар естілді.
Курттың айқай-шуы басылған сəтте, Ленид орнынан тұрып:
- Уа, сенатор отағасылар, мен өзім істес болған, атақты ержүрек, əрі
мархабатты жан деп бағалаған адам Катулмен пікірімнің бүгін
қосылмайтын болғанына қатты қынжыламын; бірақ ол менің
байқауымша, бұл сияқты орынсыздығы былай тұрсын, сонымен бірге
зиянды да, белгісіз де ұсынысты мемлекеттің мүддесі, отанымыздың
абыройы үшін емес, дəлірек айтқанда, өзінің мархабатты жүрегінің
ықпалымен көлденең тартып отыр ма деп ойлаймын. Ол Луций
Корнелий Сулланың пайдасы үшін оның сүйегіне императорлық
құрмет көрсетіп Марс алаңында патша ағзам дəрежесінде жерлеуге бұл
сияқты мəртебелі жиналыстың назарын аударуға тиіс дəлелдердің
бəрін келтіріп өтті. Бірақ Сулланың отанға келтірген күйзелістері,
отанның сағын сындырған кісі өлтірулері туралы, оның бер жағында
— қысылып-қымқырмастан, жасқанбастан ашық айталықшы —
бұзақылық істері өз атына кір келтіргені туралы айтуды ұмытты
немесе əдейі айтқысы келмеді,— деді.
Осы мезетте сенаторлар арасынан бұған наразылық білдірген
дабыр көтерілген еді, галереядағылар қайта оны қостап сатырлата
қолшапалақтап қоя берді.
Ватия Изаурик кернейшілерге ишарат білдіріп еді, олар
кернейлерін боздатып, сонымен жұртты тиыштық, у сақтауға
шақырды.
— Осы, ашық айталық та,— деп Эмилий Лепид сөзін одан əрі
сабақтай түсті,— Сулланың есімі Рим үшін жаншошырлық нəрсе. Эксдиктатордың атына кір келтірген қылмыстар мен бұзақылықтар
істегені себепті бұл есім тек отанның, қадірі кеткен заңдарын,
трибундардың түскен беделін, консулдардың аяққа басылып сынған
сағын, ел басқарудың ережесіне айналған деспотизмді, мың-мыңдаған
жазықсыз нақақ адамдарды қалай болса солай қыруды, масқаралық
проскрипцияларды талауды, зорлауды, ұрлықты жəне отанға зиян
тигізіп, республиканы құлату үшін ол адамның атынан жасалған басқа
да жолсыздықтарды еске түсіреді. Міне, есімі əрбір адал ниетті
азаматтың ойына тек қайғы салатын бұл адамға, өзінің ойына не келсе
соның бəрін заңға айналдырған адамға біз бүгін құрмет көрсетіп,
салтанатпен жерлеп, оның қазасын бүкіл халықтық қаралы күн
етпекпіз.
Бұл не болғанымыз?.. Республиканы бүлдіруші Луций Сулланы, сол
республиканың негізін салушылардың бірі Публий Валерий
Публиколаның қасиетті зираты тұрған Марс алаңына жерлемекпіз! Ол
араға Сенаттың арнаулы қаулылары бойынша, өткен уақыттың асқан
ержүрек, даңқты адамдарының сүйегі қойылған жерге, заманымыздың
игі жақсы, үздік адамдарын жер аударған немесе өлімге душар еткен
адамның сүйегін қалай қоймақпыз? Өткен заманда атабабаларымыздың ізгілік үшін награда етіп жасағандарының бəрін
аяққа баспақпыз ба? Өзіміздің бойымыздағы қасиетімізге, ар
инабатымызға қонымсыз осыншалық жаман іске неге басамыз?!
Əлде, мұнымыз Сулланы жақтап шайқасқан жəне қазіргі уақытта
Италияның өте-мөте шұрайлы жерлерінде, Сулланың өте-мөте аюдай
ақырып рақымсыздық барын бəрінен күштірек төккен жерлерінде
орын теуіп отырған жиырма жеті легионнан қорыққандық па? Немесе
Сулла өзінің қалауы, есуастығы бойынша біздің салтымыз бен
заңдарымызды бұзып, ерік берген, ең қасиетті жəне құрметті атаққа ие
қылған, оның барып тұрған арам ниетті он мың құлынан қорыққандық
па?
Онжорғалаушылықтың əсерінен жəне барлық жерде Сулланың
құдіреттілігі сепкен қорқыныш үрей салдарынан халық пен Сенатты
отанымыздың заңдарын қорғауға шақыруға бірде-бір жанның батылы
бармай айтпай-ақ қояйын; алайда, Римді желеп-жебеуші құдайлар
үшін, сенатор отағасылар, айтыңдаршы, қиянатшыл адамды əділетті
деп тануға, барып тұрған кесепатты жəне жалғаншы адамды ұлы жан
деп дəріптеуге, аса көрнекті жəне дегдары ерлерге ғана көрсетілетін
қасиетті, құрметті Римнен туған ұл атаулының ішіндегі ең
жексұрынына, ең арам ниеттісіне көрсетуге сендерді душар етіп
отырған не?
О, сенатор отағасылар, отанымыздың болашақ тағдырымнан мүлде
торығып кетпеуіме мүмкіндік беріңіздер, бұл мəртебелі жиылысқа əлі
де болса ерлік, ізгілік, əркім өз қасиеті мен ар-инабатын сезушілік
лайық деп үміт артуыма рұқсат етіңіздер; рим сенаторларында бас
көтермес қорқақтық емес, өзінің ұлылығын мейлінше сенушіліктің
басым екенін көрсетіңіздер.
Луций Корнеллий Сулланың сүйегін ұлы азаматқа жəне атақты
императорға арналған құрметпен Марс алаңына апарып қою туралы
жасалған ұсынысты азаматтық жаңа алжасудың белгісі, орынсыз жəне
əділетсіз декрет деп тауып оны ада-күде аяқсыз қалдырыңыздар.
Консул Марк Эмилий Лепидтің батыл жəне күшті сеніммен айтқан
сөздерін жұрт ду қолшапалақтап қабыл алды. Қолды галереяға
жиналған жұрт қана емес, сонымен бірге, көптеген сенаторлар да
шапалақтады.
Жұрт тыныштала бергенде, Римдегі ең жас жəне сүйкімді, сонымен
бірге өте-мөте білікті де сенаторлардың бірі Кней Помпей Великий
орнынан тұрды; ол өзінің тым жатық жəне сырлы болмағанымен —
онша сөзуар адам емес болатын, тереңнен тартып шын көңілден
айтқан сөздерінде қаза болуымен байланысты Луций Сулланы
мақтады. Ол оның тамаша ерліктері мен ізгі істерін асыра мадақтап
жатпады, ол сияқты сөгуге тұрарлық өрескел істері мен масқаралық
мінездерін де бүркеген жоқ, бірақ бұл жаман атақтарды Сулланың өз
басына емес, мемлекет басында отырған уақыттағы жаншошырлық
ісіңнен туған өктемдік қажеттігіне, аласапыранға ұшыраған
республиканың қолайсыз жағдайларына əкеліп таңды.
Помпейдің əрі қарапайым, əрі мəнді, қалтқысыз сөздері жұрттың
бəріне де, əсіресе, сенаторларға қатты əсер етті. Одан соң, Лентул Сура
мен Квинт Курион жиналысты консул Квинт Лутаций Катулдың
ұсынысына қарсы бағыттаймыз деп текке арам тер болды.
Катулдың ұсынысы дауысқа қойылғанда, оны бұл жиылысқа
қатысып отырған сенаторлардың бестен төрті жақтап шықты.
Кейбір сенаторлардың талап етуі бойынша, жүргізілген жасырын
дауыс берудің нəтижесі мынадай болды: Катулдың ұсынысын
жақтаушылар үш жүз жиырма жеті, ал оған қарсы шыққандар тоқсан
үш-ақ болды.
Сонымен Сулланың партиясы жеңіп, қызу наразылық үстінде
жиналыс жабылды, бұл наразылық Гостилий куриясынан
комицияларға тарады, əралуан қызу қыр көрсетулердің шығуына
себепкер болды; біреулер Лутаций Катулды, Ватий Изаурикті, Кней
Помпейді, Марк Крассты қолшапалақтап қарсы алды, бұлар Сулланы
жақтаушылар еді; енді біреулер жұрттың бəріне мəлім Катулдың
ұсынысына қарсы табандылықпен күрескен Марк Эмилий Лепидті,
Сергий Каталина мен Лентул Сулланы одан да бетер қызу
қошеметтеді.
Помпей мен Лепид жиналыста болған айтысты қылу əңгімелей
отырып, куриядан шыққан мезетте, жиналған жұрттың арасынан
жанжал шығып қала жаздады. Егер Помпей мен Лепид халықты қақ
жара жүріп əрқайсысы өз жағындағыларын тыныштық, тəртіп сақтауға
шақырып, олардың бəріне де үйді-үйлеріне тараңдар деп қатты
айтпаса, мұның ақыры қантөгіспен тынуы сөзсіз еді. Алайда, бұл
сияқты ақыл айту асханаларда, қаланың халық көп жиналатын
көшелерінің иіндерінде, Форум да, базиликалар мен портиктарда
ұрыс-керіс, қантөгіс төбелестердің болуына ара тұра алған жоқ —
əйтеуір сол күні түнде талай адамдар өліп, көптеген адамдар жаралы
болып, жұрт қан қақсады. Халық партиясының өте-мөте берілген
адамдары Сулланың ең білікті деген дос-жарандарының үйлерін
өртеуге де əрекет жасады.
Римде осы сияқты оқиғалар болып жатқан шақта, біздің əңгімеміздің
желісі үшін маңызы одан кем емес оқиғалар Кумыда да болып жатты.
Диктатордың кенеттен қайтыс болуынан бірнеше сағаттан соң,
оның вилласына Капуя жақтан үстіндегі киімінің əлпетіне қарағанда,
гладиатор сияқты біреу келіп Спартакқа жолығуыма болар ма екен,
деп сұрады.
Бұл келген жасы қырықтар шамасында, бойы еңгезердей алып
тұлғалы адам еді. Бір көргеннен-ақ мұның өлшеусіз мол күштің иесі
болуға тиісті адам екенін аңғару қиын емес еді. Оның жиі шыққан
шешек дақтары или əлі тұрған ашаң бет-пішіні реңсіз, қас-қабағы
түксие біткен екен.
Батылдық, өжеттік оты жанған қысықтау қара көздеріне ашулы
арыстандай дерлік, əлдеқандай бір тарпаңдық нышаны бар.
Жалбыраған қою шашы мен қаба сақалы оның түсін онан бетер
суытып тұр.
Бірақ сырт-пішінінің суықтығына қарамастан, бұл адам бірден-ақ
назар аударарлықтай еді. Оның жүзінен аңқылдаған ақкөңілділік, аңғал
адалдық, көз жанарынан əрбір қимылынан сүйекке біткен десті мінез
ceзіліп тұр.
Сулланың вилласындағы гладиаторлар мектебі басқа үйден тым
алысырақ орналасқандықтан, Спартакты; шақыра кеткен құлдардың
біреуі онда барып жеткенше, алып адам мектеп пен Сулланың сарайы
арасындағы аллеяда ерсілі-қарсылы жүрді де қойды.
Құл қайтып келгелі ширек сағатта өткен жоқ-ты. Оның соңынан
Спартак та жедел басып келе жатты. Ол өзінің қонағына құшағын жая
келді.
Екі гладиатор бірін-бірі сүйіп, мауқын басты. Алдымен Спартак тіл
қатты:
- Ал сөйле, не жаңалық бар, Эномай?..
- Айтайын деген соны жаңалығым жоқ,— деді гладиатор, ашық жəне
ұнамды үнмен.— Кімде-кім талпынса, əрекеттенбесе, ол адам барып
тұрған жалқау дегім келді, сүйікті Спартак, меніңше, қолға семсер
ұстап, туын көтеретін мезгіл жеткен сияқты.
- Үндеме, Эномай! Германдықтардың қолдаушы құдайы сақтасын,
біздің ісімізді сəтсіздікке ұшырасын дегенің бе, мұның!
Олай емес, мұным сол істің айта қалғандай нəтижесі болуын
тілегендік.
- Солай да шығар, бірақ сен қызбалау адамсың, біз табысқа айқаймен
емес, абаймен кең толғау арқылы жетеміз.
Табысқа қолымыз жете ме? Жетсе, қашан жетпек? Менің білейін
дегенім де осы!..
— Заговор əбден пісіп жеткенде...
— Бəрі де қалыпқа келе жатады! Алайда, біздің көтерілісіміз сияқты
жемістердің қалай пісетінін білемісің, сен?.. Батылдық, ерлік, өжеттік
керек. Алға ұмтылып тез бастап жіберелікші, көшеге шығайықшы,
көрерсің — іс өзінен-өзі-ақ, қалыптасып жүре береді.
— Тыңдай қал!.. Сабыр етші! Үш айдың ішінде біздің Одағымызға
Лентул Батиат мектебінен неше адам кірді?
— Жүз отыз адам.
— Он мың гладиатордан жүз отыз-ақ адам... Сөйтіп отырғанда біздің
еңбегіміздің жемісі пісті дейсің-ау!
— Гладиатордың көтерілісі басталып көрсінші жұрт шиедей
сабақталып жүре береді.
— Істің мəн-жайын, біздің кім екенімізді, қандай мақсатты
көздейтінімізді, ойға алғанымызды айта қалғандай орындап шығу
үшін қандай күштеріміздің бар екенін білмесе, олар бізге қалай қосыла
кетпек? Тар жолдағы тағдырлас жолдастарымыздың көкейіне өзіміз
құятын неғұрлым күшті болса, жеңіп шығатынымыз да соғұрлым
ақиқат болмақ.
Тарпаң мінезді Эномай Спартактың сөздерін таралап тұрған
минутта, анау сөз аяғын одан əрі сабақтай түсті:
— Лентул Батиат мектебіндегі он мың гладитордың ішіндегі ең
күштісі сен едің, бүгінгі күнге дейін өзін не істедің, Эномай? Солардың
арасында өзіңнің күшіңмен ержүректілігіңмен ие болған ықпалыңды
қалай пайдаланасын? Біздің жауынгер Одағымызға қанша адамның
басын біріктірдің? Өзіңе онша сене қоймайтын, періп кеп пе жəне аңғал
мінезіңнен шошынатындар жоқ па? Біздің ойға алған ісіміздің жайжапсарын білетіндер қанша? Мені, олай болмаған күнде, Криксті
білетіндер көп пе?
— Сен сияқты білімді, жұртты ұйыта сөйлейтін сөзyap адам
болмағандықтан да, мен əдейі сені найзагерлікке үйрететін мұғалім
етіп шақыртып алуға өзіміздің Ланиста Батиатты көндіруге күш
салдым. Бұл дегенім жеттім де: міне, мына хатында ол саған Капуяға
кел деп жазып отыр.
Эномай қойнынан бір тарақ папирусты алды Спартакқа берді.
Спартак хатты дереу ала салып, құштарлана оқып Патиат
Спартактың өнері мен ерлігіне сырттан оны өзімнің шəкірттерімді
найзагерлікке баулып болып Капуяға кел деп шақырыпты жəне қанша
қалсаң, кең дастарқанға, мол жалақыға ие қыламын деп жазыпты.
Мұның не,— деді Спартак хатты қойнына тығып алып,— алақұс-ау,
бағанадан бергі езбалдақты қойып, хатты маған келген бетте бере
қойсаң болмай ма? Көп үміт артып сене қоймасам да, менің күткенімнің
өзі осы емес пе? Менің орным Капуядағы он мың жолдастарымның
арасы! — деп серпіле түсті рудиарий саңлақты пішінмен.— Онда
барған соң мен олардың əрқайсысымен жастана сөйлесіп, өз
кеудемдегі лапылдаған сенім олардың көкейіне құятын боламын.
Берілген белгі бойынша, айтылмыш күнде ол арадан он мың қол, оның
құл,
тік
көтеріліп,
бұғауларын
талқандап,
езушілердің
шығыршықтарымен маңдайға ұратын болады; менің құл өздерін
азаптаған бұғаудан мұқалмас семсері соғады... Ақырында, мен үлкен
ордаға барып, Рим радиарының топшысын қиятын зəрлі күштер
əзірлейтін боламын!
Қатты қуанған рудиарий, біресе адымдай басып Эноадан сонадай
ұзап кетіп, біресе оған қайта оралып кетсе бейнебір есі ауысқан
адамдай, бас жоқ, аяқ жоқ əлденелерді сөйлеумен болды.
Спартакқа қуана қарап тұрған Эномай, ол сəл басылған кезде:
Сенің қуанышына мен де ортақпын, біздің Одағымыздағы жүз отыз
жолдасымыз бұған менен де бетер ойлады: олар сені дағат таппай
күтеді жəне зор істер істейді деп сеніп отыр...— деді.
Олардың бірден тым зор іс күтуі дұрыс емес... Сен онда барып, ол
əумесерлердің арасында тыныштық орнатсаң, мұның үлкен пайдасы
тиеді...
- Рас айтасың, сенің ең жақын достарың болғандықтан, олар да өзің
сияқты жүгенсіз кеткендер болуы ықтимал. Солай, түсініп тұрмын!
Міне сол себептен де біздің ісіміз үшін менің Капуяға баруымның
пайдасы бар. Қатерге ұрындыруы мүмкін, кейбір кездейсоқ бүліктерге
ара-тұру да менің қолымнан келеді.
- Спартак, сенімен əрдайым тізе қосып ақылыңды айтқаныңды екі
етпей орындаймын деп мен сендіре аламын.
Екеуі де аз уақыт үн-түнсіз тұрды.
Эномай мінезі қаншама қатыгез, шəлкес бола тұрса да, Спартакқа
соншалық егілген сүйіспеншілік шыраймен қарады. Сонан соң, бір
мезетте:
— Спартак, осыдан бір айдан аса уақыт бұрын, алғаш рет
көргендегімнен əлдеқайда мінезді де, келбетті де болып кеткен
сияқтысың? Ғафу ет, тіпті қыз мінездісің десе де болар еді... бірақ əттең
бұл сөз саған онша қонымды емес... деді.
Осы сəтте Спартак кенет қанын ішке тарта сұрланып, ақырын
күбірлей бастаған соң, Эномай сөзін тоқтата қойды. Алыптың құлағына
күмілжіген бір үн естілгенмен, ол: — О, тəңірім! Ол байғұс сонда не
болмақ? — деген сөзді аңламай да қалды.
Азаттық жолына берілгендік, езілгендермен туысқандық ниеті,
жеңіске деген үміт, байғұс рудиарийге басқаның бəрін де аз уақыт
ұмыттырып, кенеттен келе қалған ой зілі меңдеткен ол, сілейіп тұрып
қалды.
Тым-тырыс көпке созылды. Азапты ой соңында тұрған Спартак,
лəм-мим деп тіл қатпады. Рудиарийдің кейісті кейпіне Эномай
қабырғасы қайыса қарады.
Ақырында, өзінше қалай да сыпайы жəне жылы сөйлеуге тырысқан
Эномай:
— Сөйтіп, сен бізді тастап кетпексің бе, Спартак!..— деді.
— Атай көрме, ешуақытта да тастамаймын!.. Ешуақытта да!..— деді
фракиялық, қалтыраңқы дауыспен, жасқа толы мөлдір көкшіл көздерін
Эномайға қарай төңкеріп. — Мен өзімнің қарындасымды, оны да...
Осы араға келгенде ол сəл кідіріп қалды да, тағы да:
— Мен бəрін де тастап кетуге бармын... бірақ езілгендердің ісін,
аласталған құлдардың ісін ешуақытта да тастай алмаймын!..
Ешуақытта да!..— деді.
Біраз кідірістен соң тағы да:
— Өбектеудің керегі жоқ, Эномай, менің соңымнан ер. Сулланың
шаңырағы үшін бүгінгі күн аса қаралы күн болғанымен, оның ас үйінен
сен қарбытатын бірдеңе табармыз да, бірақ Одағымыз туралы тірі
жанға жақ жазба, ашу, балағаттау деген болмасын,— деді. Спартак
осыны айтты да, гладиаторды сарайға қарай ертіп жүрді.
Сенаттың Луций Корнелий Сулланы мемлекет есебінен патша
ағзандық салтанатты құрметпен жерлеу туралы қаулысы шыққаннан
он екі күн кейін, сүйекшілер шеруді диктатордың вилласынан шығып,
Римге қарай жол тартты.
Марқұмға топырақ салып, қоштасып қалу үшін Италияның төрт
бұрышы түгел жиналды. Сүйек шығарушы жолға түскен уақытта оның,
соңынан консул Лутация Катулдан басқа екі жүз сенатор жəне сол
шамалас
всадниктер,
Кумыдағы,
Кануядағы,
Баийдағы,
Геркулавумдағы,
Неапольдағы,
Помпейдегі,
Путеслыдағы,
Литернумдағы
жəне
Кампаньяның
басқа
қалалары
мен
деревнияларындағы патриций атаулы ерді. Италияның барлық
муниципалары мен қалаларының өкілдері, жиырма төрт ликтор,
консул ту ұстаушылары, Сулла үшін шайқасқан барлық легиондардың
жауынгерлері өздерінің жеңімпаз көсеміне ақтық рет құрмет көрсету
үшін мұздай қару құрсанып шыққан елу мыңға жуық, легионер,
үстеріне қаралы киім киінген Римнің азаттық алған адамдары,
кернейшілердің, сыбызғышылардың толып жатқан отрядтары, аса
қаралы күйге түсіп, үстіне қара тога киген матроналар, сол сияқты
Италияның əр тарапынан Кумыға келген халықтың қалың дүрмегі
жөңкіліп келеді.
Əртүрлі əтір майлар жағылып, қош иістер себіліп, императорлық
алтынды қара күрең кебінге оралған диктатордың денесі жатқан арба
соңынан Сулланың Цецилия Метелладан туған балалары — үстеріне
қара тога мен Фауст пен Фауста, Валерия мен Гортензий, тағы басқа да
туысқандары, толып жатқан қызметшілері мен еркіндік алған
адамдары келеді; бəрі де өздерінің аса қайғы үстінде екенін көрсетіп
қалуға тырысады.
Жыла қонған бұл шеру он күнге созылды. Жолшыбай бұларға əрбір
село мен қалада адамдардың жаңа топтары қосылып шерудің
салтанаты мен сəулетін күшейте түсті.
Римнің он мыңға жуық тұрғын халқы Сулланың сүрінін алып келе
жатқан қабыршылар шеруін қарсы ала, қайтадан Аппий жолы бойына
шықты.
Дүрмек Капуан қақпасына жете бергенде, жерлеу ісін басқарушы
салтанатты шерудің жойқындығын арттыру үшін, халықтың бұл
қалың бұқарасын тəртіпке келтіре бастады. Арада бірнеше сағат өткен
соң, жерлеуші дүрмегі қалаға мынадай қалыпта енді:
Жұрттың ең алдында, қасына қара киінген он екі ликторды ертіп,
десигнатор яғни жерлеу ісін басқарушы келеді. Одан кейін ұзын
флейталарын күжілдетіп музыкашылар тобы, ал оның соңынан қара
киінген бес жүзден астам дауыс айтушылар келеді. Олар көздерінің
жасын селдете төгіп, өз шаштарын өздері жұлып, өліктің ерлігі мен
ізгілігін мақтап сұңқылдайды.
Бұл жерлеуден мемлекеттік қазына ешнəрсе аямайды деп дауыс
айтушыларға десигнатор алдын ала ескертіп қойғандықтан Сулла
үшін деген олардың көз жасы сел болып шын жан жүректері егіле
жылап келе жатқандай, дауыс айтушылардың сөздеріне қарағанда,
Римнің экс-диктаторының ізгілік қасиеті, Камилл мен Цинциннаттың,
Фабрицийдің Фабий Максим мен Катон Сципионның ізгіліктерін қоса
алғанда, одан əлдеқайда асып жатыp.
Музыкашылардың жаңа тобы дауыс айтушылардың соңынан ере
төңіректі қаралы күйге бөлеп келеді, ал музыкашылар соңынан тығылтаяңда жасалған екі мың алтын веноктар жəне Сулланы жақтап
соғысқан қалалар мен легиондардың сыйлықтары келеді.
Бұдан соң виктимарилар келеді, олар марқұмның ең жақсы көретін
малдарын ошақ басында құрбандыққа шалуға тиіс. Виктимариялар
соңында қызметшілер Луций Корнелий Сулланың ата-бабаларының
бейнелерін, оның Грециядағы, Азиядағы жəне Италия соғыстарындағы
жеңістерінен түскен олжаларды, алған жауынгерлік наградаларын,
веноктары мен шынжырларын алып келеді.
Осылардан соң музыкашылардың тағы бір жаңа тобы, ал одан кейін
— Метробий келеді, ол бет-жүзін өзінің өлген досына барынша ұқсата
бояп, оның айрықша белгілерін тағынып, киімдерін киіп алған; оған
өліктің тірі күніндегі келбетін айнытпай көрсетуші актердің міндеті
жүктелген.
Жол бойындағы қарақұрым халық көз алмай қарап тұрған
Метробийді өкшелей, сабы алтынмен, асыл тастармен əшекейлеген
носилкалар келеді. Оларды əлмек-сəлмек ауысып, ең жас, қарулы деген
сенаторлар иықтарына салып əкеледі. Бұл носилкада Луций Корнелий
Сулланың императордың туларға оралған сүйегі жатыр; носилка
соңында өліктің ең жақын туыстары, жақсы көретін қызметшілері.
Сулланың туыстарынан кейін Митридатты жеңген адамның денесін
шығарып салушы хазіреттер.
Хазіреттердің соңын ала Сенат, всадниктер, ең білікті деген
патрицийанкалар мен қала əйелдері, сансыз көп азаматтар тобы, оған
тіркес марқұмның қызметшілері, құлдары келеді. Қызметшілер
Сулланың төл атын, иттерін жəне өліктің сүйегін өртеу кезінде
құрбандыққа шалынуға тиіс оның өзінің өте-мөте жақсы көретін басқа
да жануарларын жетелеп алған.
Ең соңында — Сулланың басқаруымен ұрыстарда болған жəне нағыз
сесті, тəртібі күшті қол болып саналған легиондар.
Шеру Форумға келіп енді, ондағы курияда мінбеге қарама-қарсы
Сулланың саркофагі қойылды. Осы арада шешендер өздерінің қабыр
басындағы сөздерін сөйлеп; бұл сөздерге олигархия партиясына
жататындардың жылау, жоқтауы араласты. Осыдан кейін салтанатты
дүрмек сол қалыппен одан əрі Марс алаңына қарай беттеді.
Онда өлікті жерлеу салтанаты үшін керекті жағдайдың бəрі де əзір
еді; носилка ошақ жанына түсірілген соң, Валерия өліктің жанына
келіп, дəстүр бойынша, оның көздерін жауып, Ахерон толқынынан
өткенде Харонға төленетін ақыға бағышталған мыс теңгені оның
аузына салды да, ернінен сүйіп, былай деді: «Қош! Тағдырдың жазуы
бойынша біздің бəріміз де сенің соңыңнан барамыз».
Осы кезде барлық музыкашылар бірден күңіренткен азалы күй
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 10
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.