Latin Common Turkic

Спартак - 14

Total number of words is 3932
Total number of unique words is 2166
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
52.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Мен қалайын! — деп Эномай дүрсе қоя берді.
— Жоқ, сен мыналарды Везувийге бастап барасын, мұнда мен
қаламын...
— Ешуақытта да сенің мұнда қалуына болмайды! Егер мен өліп
кетсем, соғысты жүргізе беру сенің қолыңнан келеді, ал сен жазым
болсаң, онда істің біткені.
— Ұмтыл, Спартак! — деп шулады бірнеше гладиатор,— мұнда
Эномаймен бірге біз қаламыз.
Жанкештілік пен сүйіспеншіліктегі бұл сияқты ізгілік тайталасына
сүйінген Спартак көзінің жасын іркіп алды, досының қолын алып, оған:
— Қош... Мен сендерді Везувийде тосамын...— деді.
Сөйтті де ол гладиаторларды бастап қала қорғанына қарай
шығатын шым-шытырық жалғызаяқ жолға түсіп көзден таса болды.
Эномай өз қасында қалғандарға жақындағы үйлердің орындық,
кереует тағы сол сияқты жиһаздарын сыртқа шығаруды бұйырды,
сөйтіп ол үй мүліктерімен көшені баррикадалады да, тақап келіп
қалған Рим когорталарына қарсы табан тірескен, ұзақ шайқасқа
əзірлене берді.
XI ТАРАУ. КАПУЯДАН ВЕЗУВИЙГЕ ДЕЙІН
Баррикадаға бекінген Эномай Рим легионерлеріне қарсы алысып
жатқан шақта, Спартак пен оның жолдастары қала қорғанына келіп
жетті. Түн қараңғысын жамылып, трактирден алып шыққан үш қол
сатыны, жіппен жалғап пайдалана отырып, олар қорғанның өз үстіне
шығып алды да, сатыны енді қорғанның сыртқы қабырғасына қойып,
сонымен жерге түсті. Бұдан соң жібін шешіп, сатыларды суға толы
жəне мибатпақты терең ордың үстіне төседі, одан өтіп алған соң
сатыларды орға лақтырды да үлкен екі жолдың — Ателла жəне Кума
жолдарының аралығымен төте бағыт ұстап, жазық даламен суыт кете
барды. Түн ортасына таянған мезгілде отряд Корнелий Долабелланың
Капуядан сегіз мильдей жердегі көз тартатын жота үстіндегі
вилласының жанына келіп тоқтады.
Долабелла вилласының темір шарбағына келе, Спартак темір
қақпаны қағып-қағып жібергенде, қарт күзетші фессалиялық құл
оянды. Ұйқылы ояу күзетші, мыс шамдалды қолымен қалқалай ұстап,
шарбаққа жақындап келіп, грек тілінде міңгірлеп сөйлей бастады:
— Сазаңды Юпитер бергір қасақы!.. Түн ортасы ауғанда мезгілсіз
уақытта сандалып жүрген кім, өзі?.. Дəл ертең-ақ жеткізермін-ау
осыңды, үй басқарушыға!..
Осылай деп шал шарбақтың дəл жанына келе бергенде, оның
соңынан екі бірдей бульдог арсылдап, шабалана ұмтылды.
— Саған Олимп Юпитерінің рахманы жауып, сені Пегас Аполлоны
əрқашан қолдай берсін,— деді Спартак та грек тілінде,— біз
гладиатормыз, өзің сияқты бізде, пақыр гректерміз, Капуядан қашып
келеміз. Күш жұмсатпай-ақ, есік аш, əйтпеген күнде өзіне де жақсы
тимейді.
Əбден шаршаған жəне қолына не түссе сонымен қаруланған бір топ
адамды көргенде, күзетшінің есі шығып сілейген күйі тұрды да қалды.
Тек иттердің үргені демесек, аз уақытқа созылған тым-тырыстан
соң, Спартак шалдың зəресін ала ақырып қоя берді:
— Осса мен Пелионның мəңгілік қасиетті ормандары куə, есікті өз
еркіңмен ашып, мына заржақ иттеріңді қойғызамысын немесе бізді
балта жұмсасын деймісің?..
Бұл сөзден кейін ойланып-толғануға мұршасы келмеген күзетші
есікті аша бастады:
— Кет, Пирр. Жат, Алкид!.. Құдайлар рақымын салар сендерге, өжет
жандар... қазір ашайын... жат, арсылдаған неме!.. Жақсылап
жайғасыңдар осында... Қазір үй басқарушыға жолығындар... ол да
грек... тəуір адам... бұл үйден не іздесеңдер де табылады,— деді.
Гладиаторлар вилланың қақпасына кіре бере-ақ, Спартак шарбақты
жабуға бұйрық берді де, есік алдына өзінің бес адамын күзетке қойды;
осыдан соң басқаларын бастап қалың ағашпен қоршалған үлкен алаңға
келіп қарулас жолдастарын түгендеп еді, олардың саны өзін қосқанда
жетпіс сегіз адам болды.
Спартак төмен қарап ойға кетті. Бірнеше секундт өткен соң ол қатты
бір күрсініп қойып басын көтерді де өзінің қасында тұрған ұзын бойлы,
жігер-қайраты судай тасыған, көкшіл көзді, жирен бас жас галлға:
— Е, Борторикс!.. Егер бақыт біздің ерлігімізге күле қарайтын күн
болса, осы ат төбеліндей адамдардың өзі де үлкен соғысқа жəне ізгі
іске жол сала алар еді- ау!..— деді.
Соның ізінше ол тағы да:
— Əттең, тарих істің ізгілігін оның сəттілігіне қарай бағалайды ғой!..
Бірақ кім біледі! Тарих бетінде бұл жетпіс сегізге Фермопил
жанындағы үш жүздің қатарынан орын қалмағанын... Қайдан білейін!..
— деп жалғады сөзін.
Ол өзінің ойын бөле тұрып, барлық кіреберіс есіктерге дереу күзет
қоюды бұйырды; осыдан соң, Долабелланың үй басқарушысын
шақыртып алып, табылған қару-жарақтарды ғана алатынын, оның өзі
де жəне жолдастары да үй иесіне ешқандай зəбір тигізбейтінін уағда
етті. Бұдан ары Спартак, үй басқарушысын егер күш жұмсамасын десең
менің жолдастарымды барлық керек заттармен өз ықтиярыңмен
жабдықта деп көндірді.
Сөйтіп гладиаторлар естерін жинау үшін дереу тамақ, шарап алды,
оларға Спартактың бұйрығы бойынша үш күндік жол азық берілді.
Виллада тұратын тоқсан құлдың ішінде Дионисий Эвдней дейтін бір
дəрігер грек бар екен. Оның тек өз қызметі саласында ғана жұмыс
істеуге, басқаша айтқанда, құлдар ауыра қалса соларды ғана емдеуге
пұрсаты болатын.
Бұл дəрігер рудиарийдің қолын емдеуге барлық ынтасымен кірісті.
Шыққан қолды ол орнына салды да, оны муйеттеп танып, осыдан соң
Спартакқа аздап болса да ұйқтап жəне дей алып есіңді жи, əйтпеген
күнде сынық ушығып кетеді де азап тартасың деп ескертті.
Борторикске нақты бұйрықтар беріп болған соң, Спартак жайлы
төсекке жатты да, оған таң рауандап келе жатқанда оят деп, тапсырды.
Дионисий Эвдней дəрігердің кеңесі бойынша, Борторикс қашан өзі
оянғанша Спартакқа тиген жоқ.
Спартак сол ұйықтағаннан, бойына əбден күш-қуат жаннан келесі
күні таңертен бір-ақ оянды. Виллаға жəне айналадағы адырларға күн
сəулесін төккелі үш сағаттай уақыт болған еді.
Спартак ояна сала, Долабелланың барлық құлдарын вилла алаңына
жинап жіберді де, үй басқарушысы мен түрме күзетшілерін қасына
ертіп алып, барлық виллалардың жəне римляндардың селодағы
сарайларының меншігі болып табылатын түрмеге қарай беттеді; бұл
түрмелерге бұғауда ұсталатын жəне қол-аяғы кісендеулі жүріп жұмыс
істейтін құлдар қамалатын. Спартак түрмеге қамалған жиырмадан аса
сорлыларды босатып, оларды да алаңдағыларға əкеп қосты.
Құлдардың бұл тобына ол өзінің жəне жолдастарының не себепті
қашып шыққаны жəне өзі ойға алған іс туралы түсінікті етіп баяндады,
көтерілісшілердің қандайлық ізгі мақсат үшін— езілгендерге право
əперу, құлдықты жою, бүкіл адамзатты азат ету мақсаты үшін
күресетінін Спартак бастан-аяқ суреттеді.
- Азаттық тілейтіндерің жəне осындай азапты құлдық өмірден де
қолға қару ұстап ұрыс майданында жан беруді артық көретіндерің,
өздеріңді батылмын, қайраттымын деп санап, езушілерге қарсы
соғыстың барлық ауыртпалығы мен қауіп-қатерін көтеріп алуға
əзірлерің, азапты бұғаудың бүтіндей масқаралық азабы намыстарыңа
тигендерің таңдаған қару-жарақтарыңды алып, біздің соңымыздан
еріңдер.
Спартактың жалынды, иланымды сөздері құл да болса əлі де əбден
шынына жете тұралап қала қоймаған бұл сорлыларды аса қатты
тебірентті. Долабелланың сексеннен аса құлы да қолдарына балта,
шалғы, айыр алып, табанда езілгендер Одағына кірді.
Вилладан табылған азын-аулақ семсер жəне найзалармен Спартак,
Борторикс жəне ең əдемді деген гладиаторлар қаруланды. Одаққа жаңа
кіргендерге гладиаторлар жігер-күш беру үшін Спартак Долабелланың
құлдарын олардың арасына таратып қойды. Жүз елу кісіден астам
өзінің когортасын қатаң тəртіппен шептеп, ұлы сəскеде
Долабелланның вилласынан аттанып кеткен Спартак, бетті Неапольға
түзеп, жазық дала мен жүзім ағаштарын баса, соқпаққа түсіп тартты да
кетті.
Жол-жөнекей ешқандай кездейсоқ оқиғаға кездеспестен, суыт
тартқан гладиаторлар отряді Неапольға түнде келді. Қалаға бірнеше
миль қалғанда, Спартактың бұйрығы бойынша, бір патрицийдің үйінің
жанына аялдады. Фракиялық қандай да болсын зорлық-зомбылық,
озбырлық жасауға тыйым салды. Ол тек тағы да үш күнге жететін
азық-түлік жəне үйдегі тығулы жатқан қару-жарақтарды алуға ғана
рұқсат берді.
Ол тағы да елу құл мен гладиаторды жасағына қосып алып, бұл
арадан екі сағаттан кейін жүріп кетті, бұлар Спартакпен тізе қосып,
азаттық жолындағы қасиетті күресті жүргізу үшін патрицийдің
вилласындағы түрме мен үйшіктерін тастап шықты.
Спартак аса шебер қолбасыға тəн сақтық жəне ептілікпен Неаполь
жəне Ателла арасындағы бəйшешекті дала мен белестер арқылы
бұралаң соқпақпен түні бойы жүрді. Ол жолшыбай кездескен
виллалардың бəріне де тек қару-жарақ алып жəне құлдарды
көтеріліске шақырып үлгірерліктей ғана уақыт аялдап отырды. Таң
capғая Везувий етегіндегі, Помпеядан шығып патрицийлардың
далалары мен сауық-сайранды қоныстарына баратын жолдың бойына
өтті.
Помпеядан екі миль шамасындай жерге келгенде Спартак тоқтап,
жол жағасындағы бірнеше бау-бақшаларға енді де, сол кезде ұзын
саны үш жүзден асқан жолдастарын, самсаған түрлі ағаштардың
саясына орналастырды. Сол арада ол күннің шығуын күтті.
Төбесі көк тіреп, аспанмен астасып жатқан биік құздардың басынан
бір кезде сұрғылт жəне ақшудан бұлттар көріне бастады; олар біртебірте бозара келіп, жапсарлас Апениннің жəне екінші жатқан
Везувийдің деңгейлерінен шыққан өрт түтініндей болып көрінді.
Ақшыл бұлттар бара-бара қызғылт тартып, одан күреңіте қалды.
Бұдан кейін жарқыраған алтын шұғыла пайда болды, сол уақытқа
дейін тастары қарауыта шоғырланып жатқан таудың иығына кенеттен
күн нұры құйылып, оның айбынды кескінін: қою қара орманды шың
шоқтығын, қоңырқай күлгін жақпарлардың арасында қарауытып
жатқан шыңырау шатқалдарды, бірнеше миль бойына көкмайса мен
бəйшешектен тоқып такаббар алыптың аяқ астын төсеп тасаған қалың
кілемдей бөктерлерді жайната түсті.
Ол кезде Везувийдің пішіні қазіргідей болмайтын жəне бұрқанып та,
бұрсанып та жатпайды. Баяғы заманда онда жанартау от шашып
жататын болса, біз əңгімелеп отырған кезеңде ол мүлде ұмыт болып
кеткен-ді. Жаратылыстың сол сияқты өткендегі көріністерін тек
Стабия, Геркуланум, Помпея қалалары орнаған жердегі тауды айнала
қатпарланып жататын қабыршақ сірнелер ғана баяндағандай.
Баяғы заманнан бері жанартаудың қазанында бүлкілдеп қайнаған
от, бұл тамаша жердің жəннеттей жайнаған көркін бұза алған жоқ. Бұл
рақатты жерлердің тұрғын халқын ақындар Элизиум жапсарының
еркін жандары деп дəріптейтін. Шынында да, ақындар Элизиум
жапсарындағыдай тамаша көріністі жер бетінде ешқайдан
кездестірген емес жəне олардың алып ұшқан еркін қиялдары одан асар
сырлы, сымбатты дүниені тапқан да емес.
Кампанья халқының мазасын тек жер сілкінуінің серпіні ғана
алатын еді, бірақ бұл серпіндердің жиі болып тұратыны жəне
зиянсыздығы себепті, ондағылар бұған əбден үйреніп кеткен, тіпті ол
ойына кіріп те шықпайды. Сол себепті де Везувийдің бөктерлерін алып
жатқан таяқ тастам бау-бақшалар, жүзімдіктер, алуан түрлі гүл
бəйшешек, толып жатқан виллалар мен сарайлар тұтаса келіп, үлкен
бір бақ, үлкен бір қала сияқты болып тұратын.
Таңертеңгі жаңа шығып келе жатқан күн нұрына бөленген Везувий
мен бүкіл Байскі немесе Неаполитан қолтығының көрікті шырайы тым
өзгеше еді, мұны көргенде шу ете түскен гладиаторлар аздан соң, əсем
дүние көрінісіне тамсана тамашалап үн-түнсіз тұрып қалды. Олар
бейнебір теңіз толқынына шомып тұрғандай, сəн-салтанатты
Помпеяны көрді. Бұл қаланың бекіністен жұрдай болған қорғандары
оның халқының бұдан он сегіз жыл бұрын римляндарға қарсы
жүргізілген азамат соғысына қатысқанын баяндағандай: Сулла жаны
ашығандықтан Помпеяның тек қорғандарын ғана құлаттырған
болатын. Ал, оған жақын жердегі талқандалған жəне өртелген Стабия
Сулланың басқа қалалардың халқына деген рақымсыз қатыгездігінің
қандай күшті болғанын көрсетеді.
Спартак сиқырлы таң көріністерінің шырмауынан кешікпей-ақ
арылды. Ол тау жотасына көз жіберіп, жанартау төгіндісі төселген
жолдың жоғары қарай қанша жерге баратынын жəне шың басына
жететін-жетпейтінін бағдарлаумен тұр. Бірақ шың басын бүркеген ну
орман, бұл жолдың қай жерге барып тірелетінін білуге мүмкіндік
берер емес. Сондықтан аз сарапқа салғаннан кейін, қасына сенімді
отыз жігіт қосып беріп Борториксті жол барлауға аттандырды; оның
өзі отрядтың басты бөлімін алып көршілес виллалар мен сарайларды
аралап қару-жарақ іздеуге жəне құлдарды босатуға бел байлады.
Тағы бірсыпыра қару-жарақ жинап, отрядына маңайдағы
виллалардан тағы да екі жүздей құлдар мен гладиаторларды қосып
алған Спартак, өзінің бес жүз адамынан бес манипулалы бір когорта
жасақтады. Ең жас жəне қарулы деген сексен гладиатордан құрылған
бір манипуланы жеткенінше найзамен жəне шанышқымен
қаруландырды, Рим əскерлерінің үлгісі бойынша оларға «гастаттар»
яғни найзагерлер деп ат қойды да, бұларға Борториксті басшы етіп
белгіледі. Ол əрбір он кісіге бір декан, ал əрбір манипулаға—екі
центурионнан тағайындады; декандарды да, центуриондарды да
Капуядан өзімен бірге қашқан жетпіс сегіз гладиатордан — ерлігіне
өзінің көзі жеткен, сондықтан да өзі кəміл сене алатын адамдардан
сайлады.
Борторикстің əкелген мағлұматы бойынша, Спартак өздері тұрған
жолдың енді екі мильдей ұзап барып, одан əрі соқпаққа айналып,
орман ішімен шың басына қарай кететінін білді; бірсыпыра жерге
дейін жоғары өрлеп, ақырында жол жақпарлар мен шатқалдардын
арасында жоғалып кететін болғандықтан, шың басына шығу өте
қиынға айналды.
— О, толып жатқан сəтсіздіктерден кейін,— деді қуанған Спартак,
жүзі нарттай ойнап,— құдіреті күшті құдайлар біздің ісімізге жəрдем
қолын созайын деген екен! Қыранға ұя, тағыға мекен болған құз
қойнындағы нуға барамыз — сол араға азаттық туымызды тігеміз!
Тағдыр бізге бұдан қолайлы жерді жазған жоқ. Кеттік, сонда!
Гладиаторлар когортасы Везувий шыңына қарай бет алғанда,
(Спартак Лентул мектебінен шыққан тоғыз гладиаторды ақшамен
қамтамасыз етті де, оларды үш-үштен бөліп Римге, Равеннаға, Капуяға
аттандырды. Бұлар осы айтылған қалалардың мектептеріндегі
гладиаторларға Спартактың бес жүз кісімен Везувий тауында лагерь
ашып жатқанын хабарлап, азаттық күресі үшін ыңғайына қарай
жалғыз-жарымдап, манипуллалап, легиондап болсын, сол араға бірі
қалмай неғұрлым тез жетуді ескертуге тиіс болды.
Аталған
қалалардың
əрқайсысына
үш-үштен
шапқыншы
жібергенде, Спартак оларды кейбіреулері жазатайым қолға түсе
қалғандай болса, тым болмағанда, тоғыздың үшеуі жіберген жерлерге
барып жетер деп шамалады. Тоғыз гладиаторға мейлінше сақ болуды
тапсырып, Спартак шығарып салды. Олар тау етегіне қарай беталып
жүріп кеткен шақта, Спартак суыт шерумен жотаға шығып бара жатқан
саптың алдыңғы отрядын қуып жетті.
Гладиаторлардың когортасы кешікпей-ақ толып жатқан баубақшаларды, үйлер мен жүзімдіктерді бойлай шыққан жолды тастай
беріп, таудың орманды деңгейіне келіп ілікті; асу неғұрлым биіктеген
сайын ол өңір де оңашаланып, ормандағы тыныштық та меңіреу тарта
бастады. Жоғары көтерілген сайын, бұталар мен аласа ағаштардың
орнын бірте-бірте ту емендер, бəйтеректер баса берді.
Тауға алғаш рет көтеріле бастағанда гладиаторлар Помненный,
Геркуланум мен Неапольдің базарларына есекке артып жеміс-жидек
апара жатқан көптеген диқандар мен шаруаларды кездестірген еді;
қаруланған адамдардың бұл отрядына олар тамашалап, үрейлене
қараған-ды. Ал гладиаторлар орманға қойнауларына келе, жақпардағы
бұталардың арасында азын-аулақ қой-ешкілерін жайып жүрген
жалғыз-жарым қойшыларды ғана кездестірді.
Екі сағат бойы биікке өрмелеумен болған Спартак когортасы, қатқабат қарлары үлкен ақ жаймадай болып жатқан Везувийдің ең биік
шыңынан бірнеше қадамдай төменде, жанартаулы құздағы бір кең
алаңға келіп ілікті.
Солдаттарын осы араға тоқтатқан Спартак, олар дем алып жатқан
уақытта, алаңды бір айналып шықты. Алаңның бір жағында — қияны
жалдай төмен қарай ирелеңдеп, əлгінде ғана гладиаторлардың өздері
жүріп келген соқпақ жатыр; екінші жағы — найзадай тіп-тік қия;
үшінші жағы — қарама-қарсы шаршы беткей. Таудың бұл жағынан
түсіп-шығу жолдары Помпея жағына қарағанда əлде қайда тік еді,
мұның өзі бұл араға қандай да болсын шабуыл жасауға мүмкіндік
бермейтін еді.
Спартактың лагерьге белгілеген орны оңтүстіктен, Салернум
жағынан, ешкім аяқ басып келе алмастай, қауіпсіз болды. Алаң тұрған
қияның онтүстігі зəулім жақпармен қоршалған түпсіз шыңырау. Бұл
жақпарлар шықырауға апан бейнесін беріп тұр; оның ішкі
қабырғаларымен адам былай тұрсын, ешкім де аяқ баса алмайды.
Жақпарлардың арасындағы саңлаулардан шыңырауға болар-болмас
күн сəулесі түсіп тұр. Шыңырау таудың бірнеше мильге созылып, сонау
етекке дейін баратын бəйшешекті сілеміне қарай шығатын үңгірмен
бітеді.
Алаңды қадағалап қарап шыққан соң, лагерь үшін бұдан қолайлы
орынды ешқайдан да табуға болмайтынына Спартактың көзі жетті. Ол
балта жəне сүйменмен қаруланған бір манипулаға маңайдағы
орманнан отқа жағатын ағаш кесуді тапсырды: биіктің бұл тұсында
февраль айының орта кезінде аса қатты болатын түнгі аяздан
гладиаторларды сақтау үшін от жағу керек болды. Бұдан соң алаңның
ешкім келе алмастай, шығыс беткейге қараған жағына азғантай
адамнан күзет қойды да, ал Помпея жағына — бүтіндей бір күзет
отрядын бөлді; осыдан бастап бұл ара ұзақ уақытқа дейін
гладиаторлардың лагері атанып кетті.
Орманға жіберілген адамдар жағатын ағаш, күрке тігіп, бөгеттер
жасайтын бұтақтар мен шіліктер əкелді. Спартак бастаған
гладиаторлар, өздері келген жолдың аузына кесе көлденең жуан
салдаулар мен тастар тастап, үстіне топырақ үйді де, оның іргесінен
кең ор қазды. Сөйтіп, олар шабуыл болады-ау деген жақтан бас-аяғы
бірнеше сағаттың ішінде осындай тосқауылдар жасап, өздерінің
лагерін мейлінше бекітіп алды. Бұл тосқауылдың сыртына күзет
атқаратын манипуланың жартысын орналастырып, одан əріректе бірі
мен бірінің аралығы белгілі мөлшерде күзетшілер қойылды, сонда ең
шалғай тұр деген адам гладиаторлар лагерінен жарты мильдей болып
шықты.
Жұмыстан сілесі қата шаршаған гладиаторлар кешікпей ұйқыға
кетті. Алаңда жым-жырт тыныштық басталды. Əлі де сытырлап
жанған оттың шалқыған жалыны тұяқ серппестен жатқан
гладиаторларға фантазиялық осы көріністің көлеңкесіндей жылт-
жылт еткен жақпарларға сəулесін түсіріп түр.
Ояу жүрген тек Спартак қана; оның от сəулесі түскен сымбатты,
алып тұлғасы ертегі əңгімедегідей Юпитерге қарсы соғыс жариялап
жəне тауды тауға үйіп, аспанды барып алу үшін Везувий жанындағы
Флегрей даласында лагерь ашқан алыптардың біріндей-ақ, қараңғыда
елден ерекше көрінеді.
Дүниені құшағына алған осынау меңіреу тиыштыққа шомған
Спартак, мойнына асулы сол қолын оң қолымен сүйемелдей тұрып,
төменде жатқан теңіз жаққа сəл түсіп, Помпея гаванындағы кемелердің
бірінің жарқыраған отынан көзін алмай қарады.
Бірақ көздері бұл сияқты көріністі ішіп-жеп тұрғанымен, Спартак ой
соңында еді, сол ойлар оны жетелеп тұрған жерінен бірте-бірте ұзатып
алып та кетті. Ол ойдан ойға, оқиғадан оқиғаға ере отырып, өзінің
туған жері— Фракии тауларынан барып бірақ шықты, өзінің балалық
шағының алғашқы жылдарына тоқырады. Оның бұл сияқты еске
алулар кезінде жадыраңқы тартқан жүзі бір мезетте кенеттен бұзыла
қалды: римляндардың шабуылы, қантөгіс ұрыстар, фракиялықтардың
жеңілуі, өзінің мал-мүлкі қанталауда кетіп, туыстарының құлдыққа
салынғаны есіне түсті...
Екі сағаттан аса уақыт осындай ой толқынына шармаған
Спартактың өнебойы кенеттен тітірей қалды, ол соқпақ жаққа қарап,
əлде қандай бір сыбыс естігендей болды. Бірақ айналаның бəрі тыптыныш, ағаш басын ауық-ауық тербеткен баяу желдің екпінінен басқа
ол ешнəрсені бағдарлай алмады.
Сондықтан ол жолдастары жасап берген ықтырмаға барып
ұйықтамақ болды. Бірақ бірнеше қадамдай жерге барды да, Спартак
тағы да тоқтады, тағы да құлағын түрді де:
— Əлде... Тау басына солдаттар шығып келе жатқан болар...— деп
күбірледі.
Сол күнгі кеште жасалған тосқауылдың қасына қайтып келіп,
бейнебір өзімен-өзі сөйлескендей, ол тағы да:
— Келіп-ақ қалғаны ма? Мұншалық тез келе қояр деп ойлаған да
емен...— деп күбірледі.
Спартак гладиаторлар манипуласының жарым-жартысы ұйықтамай
сақ-сақ болып тұрған күзетке келіп жетпестен-ақ ең шеткергі тұрған
қарауылдың түн тыныштығын қақ жара шыққан қатты даусы да
естілді:
— Бұл қайсының?
Осыдан соң:
— Қаруланыңдар!..— деген бұдан да қатты айқай шықты.
Бөгеудің арғы беті айтқанша-ақ абыр-сабыр болды да қалды:
ұйқыдан ояна келген гладиаторлар тосқауыл сыртында қаруланып,
жауынгерлік сапқа тізілді.
Осы сəтте қолында семсері бар Спартак күзет қарауылшысына жетіп
келіп, асықпай-саспай:
— Бізге шабуыл жасай келе жатқан болды... Бірақ бұл жақтан ешкім
де шыға алмайды,— деді.
— Шыға алмайды! — деді гладиаторлар жамырай дауыстап.
— Сендердің біреуің лагерьге барып дабыл көтерсін де, менің
атымнан тəртіп жəне тыныштық сақтауды бұйырсын.
Декандардың біреуі қасына бірнеше гладиаторды ертіп алып, бұл
келе жатқандардың кім екенін білу үшін олардың алдынан шықты. Бұл
екі арада лагерь де түгел оянып аяғынан тік тұрды. Əрбір гладиатор
сасып-сабдырамай, бас-аяғы бірнеше секунд ішінде қаруланды да, өз
манипуласынан келіп орын алды. Марий мен Сулланың қарт
легионерлерінің жасағындай-ақ сапқа тізіле қалған когорта, қандай
жаудың болсын шабуылын қарсы алуға əзір.
Қасына күзет манипуласының жартысын алып тосқауылдың
сыртында тұрған Спартак, не болып, не қойып жатқанын білейінші
деген оймен үн-түнсіз соқпақ жаққа назар аударған еді. Кенеттен
деканның:
— Эномай! — деген қуанышты дауысы естілді.
Оның қасындағы гладиаторлар да іле-көтере:
— Эномай! —деп шуласты.
Мұның соңынан германдықтың:
— Тұрақтылық жəне жеңіс! — деген алып дауысы естілді.— Бұл мен,
жолдастар, қасымда жалғыз-жарымдап Капуядан қашып шыққан
өзіміздің тоқсан адам бар.
Спартактың осы сəттегі қуанышын ауызбен айтып жеткізу қиын еді.
Ол тосқауылдан қарғып түсе Эномайға ұмтылды, екі гладиатор
сағынысып көрген бауырдай-ақ құшақтасып көрісті.
— О, Эномай! — деді қатты қуанған фракиялық — Сені мұндай тез
уақыттың ішінде көремін деп ойлаған ба едім.
— Мен де,— деді германдық, добалдай қолымен Спартактың
сарғыш шашын сипап, маңдайынан сүйіп жатып.
Көрісіп амандасқан соң Эномай өз отрядының Рим когорталарымен
бір сағаттан аса уақыттай белдескенін баяндады. Римляндар екіге
бөлініп: бір бөлігі соғысып жатқанда, екіншісі — Капуя көшелерімен
орағытып барып, ту сырттан тиіспек болған екен. Олардың бұл əдісін
біле қойған Эномай, жол аузына кесе көлденең жасалған тосқауылды
тастай бере, өзімен бірге шайқасып жүрген гладиаторларға тоз-тоз
болып тарап, түні бойы əр жерге бас сауғалауды, сонан соң жалғызжарымдап қаладан шығып кетіп, акведук даласына келіп бас қосуды
бұйырған. Бұдан əрі ол Лентул мектебі жайында сол түнгі болған
қырғын ұрыста жиырмадан аса жолдасының жан бергенін,
римляндарға қарсы өзімен бірге шайқасқан жəне өзінің айтқан ақылы
бойынша тозғындап қашып отырған жүз жиырма адамның акведук
түбіне тоқсан үші рака келгенін айтты. Олар өткен түн аттанып кетіп,
орағыта отырып Помпеяға келгенде, Спартактың Капуяға бара жатқан
шапқыншыларының біріне кездесіп, гладиаторлардың лагерь құрып
жатқан орнын содан сұрап білді. Бұл алтыншы манипуланың келуімен
байланысты қуанышта шек болмады. От жағылып, барлы-жоқты
тамақтар əзірленді: келгендерге нан, сыр, жеміс-жидектер мен жаңғақ
тартылды. Тамақтан соң бұлардың бəрі бірімен-бірі мидай араласып
кетті; жарыса шыққан қуанышты дауыстар естіледі, бірін-бірі іздеп
тапқан таныстар құшақтасып көрісіп жөн сұрауда: «О, сен де осында
келіп қалып па едің?» — «Халың қалай?» — «Сендер қайдан
жүрсіңдер?» — «Мұнда қалай келдіңдер?» — «Қорғану үшін
таптырмайтын жер екен...» — «Бізді енді ешкім де ала алмайды». —
«Капуяда не болып жатыр?»
Бұл сияқты сұраулар мен жауаптар əр тараптан-ақ естіліп жатты.
Көтерілісшілер лагері тек таңға жуық қана тиыштық алды.
Таң ата дабыл қағылып, гладиаторлар да дереу жауынгерлік сапқа
тұрды. Спартак пен Эномай оларды аралап көре жүріп, жаңа
бұйрықтар беріп, бұрынғыларына өзгертулер енгізді, əрбір солдаттың
саңлағын көтеріп, оларды қару-жарақпен жабдықтады. Бұдан əрі
қарауылдар алмастырылды да, лагерьден екі манипула, бөлініп
олардың бірі азық-түлік, екіншісі ағаш дайындауға аттандырылды.
Алаңда қалған басқа гладиаторлар Спартак пен Эномайдың
бастауымен қолдарына балта жəне басқа да қарулар алып, жауға
ататын тас аударуға шықты. Гладиаторлар бір жағын мұқият ұштаған
бұл тастар, лагерьдің Помпеяға қараған жақ шетіне үйілді, өйткені бұл
бағыттан шабуылдың болуы мүмкіндігімен қатар, сөзсіз де еді.
Гладиаторлар күні бойы осы жұмыстармен болды. Келесі күні таң
сарғая гладиаторлар күзетшілердің дереу қару ұстап шығуға шақырған
айқайымен оянды. Помпея жақтан римляндардың трибун Тит
Сервилиан бастаған, мың кісіге жуық екі когортасы жоғары өрлейөрлей келіп, гладиаторларды жатқан жерінде бас салуға əзірленуде еді.
Сервилиан Лентул мектебінің он мың гладиаторының көтерілісін
өзі бөгеген түннен кейін, екі күн өтісімен Спартак пен Эномайдын
бірнеше жүз көтерілісшілерді бастап Везувий тауына қарай кеткенін
естіп білген-ді. Олар виллаларды тонап, (бұл өтірік — əдетте
түймедейді түйедей етіп əкететін жалған лақап болатын) жол-жөнекей
кездескен құлдар мен малшыларды қолдарына қару ұстап азаттық
жолындағы күреске шығуға шақыруда. Сондықтан ол Капуя Сенатына
келді де көтерілісті етек алмай тұрған кезінде басу үшін не істеу керек
екені жөнінде өз пікірін айтуды өтінді.
Бұл көтерілісті басумен зор абройға не болып, жоғарылаудан
үміттенген уытты жас жігіт, рұқсат алған соң, Спартак пен Эномайды
тірі қалдырып, бір күн де болса оларды емін-еркін жіберіп қойып қарап
отырудың өте қауіпті екенін, өйткені оларға құлдар мен
гладиаторлардың сағат сайын жан-жақтан қосылып жатқанын
дəлелдеп берді. Сондықтан бір минутты босқа өткізбестен,
қашқындарды ізін суытпай қуып жетіп, быт-шытын шығару туралы,
басқаларына үрей болу үшін Спартак пен Эномайдың басын найзаға
түйреп Лентул Батиат мектебіне əкеп қою керек, деді ол.
Гладиаторлардың көтерілісінен үрейі ұшып, мазасы кетіп отырған
Капуя Сенатына бұл кеңес қатты ұнады; олар Тит Сервилианның
ұсынысын қабылдап декрет шығарды, онда Спартак пен Эномайдың
басын алғанға екі талант награда жариялады. Екі бірдей көсемді
қастарындағы жолдастарымен қоса креске керіп өлтіруге үкім
шығарылды да, ерікті адамдар мен құлдар тарапынан оларға қандай да
болсын көмек берушілікке қатаң жазаның күшімен тыйым салынды.
Капуя Сенаты екінші декретінде Капуядағы легионерлердің екі
когортасының бірін басқаруды трибун Тит Сервилианға жүктеп,
центурион Попилий басқарған екінші когорта Лентул мектебін
бақылау үшін қалдырылатын болды. Көршілес Ателла қаласынан
Сервилианға тағы да бір когорта алуға, сөйтіп осы күшпен есуас
жанжалшыны біржолата талқандауға аттану правосы берілді.
Бұл декреттер қатты қорқып, Эномайдың текпісінен əлі де есін жия
алмаған префект Маций Либеонның бекітуіне берілді. Ол екі күндей
есі-түсін білмей төсек тартып жатып қалған болатын. Сондықтан ол
тек жанжалшылардың қорқынышынан құтылғаны үшін екеу емес,
тіпті он декретке болсын қол қоюға əзір еді.
Сонымен, Тит Сервилиан сол түні Ателлаға келіп, ондағы екінші
когортаны алды да, бір мың екі жүз кісіні бастап, төте жолмен Везувий
тауына келді. Түнді төскейде өткізіп, ол таң сыза шыңға қарай
аттанды. Ал күн көтеріле лагерь жанындағы иек артпаға келіп жетті.
Дұшпанның
когорталары
қаншалық
бұқпантайлап
келе
жатқанымен, гладиаторлардың қойған күзеті оларды садақ тартым
жерге келтірместен біліп қойды. Күзетші; дұшпанды бойына
дарытпастан, дабыл салған күйі өзіне жақын тұрған күзетшіге қашып
барды, одан барлық күзетші біткен тез жылысып тосқауылдың арғы
бетінде римляндарды лақтырып ұратын снарядтармен қарсы алуға
əзір тұрған күзет манипуласындағы гладиаторларға барып қосылды.
Гладиаторларға дереу жауынгерлік сапқа тұрып үлгіргенше лап қоя
ұмтылған Сервилиан бірінші болып шабуылдың ащы айқайына
басқанда, бұған барлық легионерлер қосылды, бұл қиқу құлақ
тұндырып, үрей ұшыратын «барраға» — піл айқайына ұласты; Рим
легиондары шабуылға шыққанда, əдетте, осы айқайды қолданатын.
Сервилиан жəне бірінші когортаның алдыңғы сапы дұшпанның
тосқауылына іліге бергенде, тосқауыл сыртында елу гладиатор
римляндарға тасты жаудырып кеп берді.
— Ұмтылыңдар! Статор Юпитері үшін алға ұмтылыңдар!
Батылырақ! Тайсалмаңдар!— деп айқайлады трибун қатулана алға
ентелеп.— Айтқанша-ақ бұл қарақшылардың лагеріне еніп, оларды
бірін қалдырмай турап шығамыз.
Римляндар жараланғанына да қарамастан, тосқауылға ұмтылды,
оған іліге бере-ақ қару жұмсап, бой тасалай алмай қалған
гладиаторларға сүңгі жаудырды.
Айқай-қиқу үдеп, айқас қантөгіс қырғынға айналып сала берді.
Спартак өз əскері орын тепкен зəулім жартастың басында тұрып
римляндардың басшысының өрескел қатесін Ганнибалға немесе
Александр Македонскийге тəн алғырлықпен бірден түсіне қойды.
Сервилиан өзінің солдаттарын майданды кеңейтуге мүмкіндік
бермейтін қысылшаң соқпақпен топтап əкеліп ұрысқа салды,
сондықтан римляндардың ұзыннан-ұзақ созылып жəне тығыз
топталған сапы, бұршақтай жауған тастың астында қалды. Спартак бұл
қатені түсінді де жəне оны өзінің алған тұрғысының ұрымталдығына
орай дереу пайдалана қойды. Өз солдаттарын ілгері түсіріп, оларды
бүтіндей алаң бойына қанат жайдыра, шабуыл болып жатқан жақтан
екі қатарға бөлді де, жауға ешбір толассыз тас жаудыруды бұйырды.
— Ширек сағаттан соң,— деді алаңның ең шетінде тұрған Спартак
римляндарға тас ата беріп,— бұлар қаша бастайды, біз оларды
соңынан түре қуып, тамтығын қоймай тураймыз да отырамыз!
Шынында да, оның айтқаны келді. Өжет трибун Сервилиан жəне
онымен бірге бірнеше жаужүрек легионерлер тосқауылға келіп
жеткенімен, олардың соңынан найза, семсер жұмсауға мүмкіндік таба
алмай келе жатқан əскерлерді минут сайын үдей жауған тас төзбестік
күйге ұшыратты. Бораған тас дулыға мен сауыттарды талқандап жара
салуда, басынан тас тигендер мұрттай ұшып құлап та жатыр. Көп
кешікпей шабуылшылар колоннасы толқып, ыдырай бастады.
Дауылдай ескен тасқа тайсалмай төтеп беруді солдаттардан талап
етіп, Сервилиан қаншалық даусы қарлыққанша айқай салғанымен,
жаудың алдыңғы саптары соңғыларын жапыра кері шегінді. Кептеліп,
бастырылу басталды. Легионерлер бірін-бірі баса-көктей, тапап
қашып берді.
Сол кезде гладиаторлар тосқауылдан өте, римляндардың соңына
түсті. Көкірегінде кек қайнаған гладиаторлар андыздап шығып жатқан
тосқауылдан басталып, римляндар сапының соңғы ұшығына дейін
созылған осынау адамдар тізбегі сырттан қарап тұрған адамға тау
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 15
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.