Latin Common Turkic

Спартак - 16

Total number of words is 4035
Total number of unique words is 2072
31.0 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
51.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бір күннен соң гладиаторлардың екі отряды Клодий Глабр
лагерінде бас қосып, оған тышқаннан қашқан мысық деген ат қойып,
тəлкектің астына алды. Олар мына төмендегідей күлкілі өлең
шығарып, оны қосылып айтатын болды:
Болыпты бір қақсал мысық,
Епті екен ол, асқан пысық.
Тышқан аулай шықты бір күн.
Ұйықтаған болып қалды қатып,
Желкесінде іннің жатып,
Шығармастан зəредей үн...
Жаза баспас жау да жорға,
Түспей кетіп мұндай торға,
Желкесіне мінді атып,
Дұшпанды сөйтіп жесем деген,
Мысық пəле алды сатып.
Бір жіпті алды тышқан сайлап,
Ұшына оның қоңырау байлап,
Құйрығынан таңды мысық.
Салдырлардан қалған сасып,
Зытып барады мысық қашып,
Тышқандар тұр шаттанысып.
Сол қарсаңда Капуядағы Лентул Батиат мектебінің гладиаторлары
топ-тобымен қашып кетіп жатты. Везувийдегі лагерьге күн сайын,
тіпті сағат сайын жүздеген жаңа жауынгерлер келді. Клодий Глабрды
Спартак талқандағаннан кейінгі жиырма күннің ішінде жаңадан келіп
қосылғандардың саны төрт мыңнан асты; олар римляндардан
түсірілген найзалармен, қалқандармен, семсерлермен қаруланып,
фракиялықтың бастауымен, соғыста болған мың екі жүз жауынгерге
қосылды да, бұлардан езілгендер армиясының тұңғыш легионы
құралды.
Римляндар бұдан да гөрі қиын-қыстаулы соғыс істерімен
шұғылданғанымен, Глабрдың жеңіліс табуы бірсыпыра айқай, əбігер
туғызды. Дүние жүзін аузына қаратушы легионерлерді жексұрын
гладиаторлар тобырының талқандап кетуін Сенат жəне рим халқы
римлянин деген атаққа түскен таңба деп санады.
Сол екі арада манипулаларға, когорталарға, легиондарға
жасақталған бес мыңнан аса жексұрындар бір сəтті күні Кампаньяның
халқы көп, салтанатты Нола қаласының дəл іргесіне келді. Олар қала
халқының өміріне, мал-мүлкіне қиянат істемеуге уəде берді де,
олардан өздерін қалаға ықтиярымен енгізуді талап етті.
Төніп тұрған апаттан қорыққан қала адамдары Форумға жиналды;
ұзаққа созылған айқай таластан соң біреулер қаланы беруді, енді
біреулер қорғануды жақтайды — ақырында, өте-мөте батыл адамдар
партиясы жеңді. Сонымен қаланың қақпасы жабылды да, қала
адамдары шабуылшыларды тойтармақ болып қорғандарға қарай
ағылды. Неапольдан, Брундизиумнан, Римнен жедел жəне күшті көмек
сұрай шапқыншылар жіберілді.
Бірақ жіберілген елшілер, тек үлкен жолдардың ғана емес, сонымен
бірге соқпақтарды да қатаң бақылауға алып тұрған Спартактың
қолына түсті. Соғыс ісіне қыры жоқ, нашар қаруланған қала
адамдарының қорғануының бас-аяғы екі-ақ сағатқа созылды.
Қарамағында көптеген сатылары бар гладиаторлар, азын-аулақ
адамдары шығын болғанымен, қорғандарды тез басып алып, қалаға
енді де, қарсылыққа қысас жасап, қала адамдарын жүндей сабап, тонай
бастады.
Спартак өзінің жауынгерлерінен қатаң тəртіп талап етсе де, олар
жалпы барлық солдаттар сияқты қалаға кірген уақытта ұрысуға
мəжбүр болған соң, қан төгуге құнығудан тиыла алмады.
Спартак өзіне біткен жігермен, қаланың көшелерінде бұл қырғын
мен қанжылауды тоқтатуға күш салды. Ақырында бұл талау мен
кескілесуді ол командирлердің көмегімен тек бірнеше сағаттан соң
əрең тиды. Кешікпей букциндер мен кернейлер жиынға шақырып
белгі берді, барлық гладиаторларға: легион жауынгерлік сапқа тұрып,
Спартактың бұйырығы бойынша, өзінің сымбатты сарайларымен,
базиликаларымен, портиктарымен даңқы шыққан Ноланың зəулім
Форумына аттану керек деген хабар тарады.
Арада бір сағат та уақыт өтпей, гладиаторлар легионы шыпшырғасы шықпастан, үш қатарға тізіліп алаңда тұрды, Спартак Церера
шеркеуінің баспалдағына шықты да, қанын ішке тартқан ашулы
пішінмен солдаттарына қарады. Меңіреу тиыштықта, еңсесін төмен
салып, бірсыпыра уақыт бойы, азалы ой соңында тұрған Спартак, бір
мезетте басын көтеріп алды. Оның көздерінен ашу оты лаулап
тұрғандай. Атшаптырым алаңды басына көтере Спартак күшті
дауыспен:
- Қылымыстытағылар, сендердің көксейтіндерің талаушылар, кісі
өлтіруші қарақшылар деген атаққа ие болу ма еді? — деп үн қатты.
Үн-түнсіз өткен бірнеше минуттан соң, ол тағы да былай деді:
— Біздің құлдарға алып бермек болған азаттығымыз, айырылған
праволарымызды іздеп алуға лайық адам болуға қолымызды жеткізеді
деген тəртібіміз, итальяндардың назарын аудармақ болған ізгілік
салтымыз осы болғаны ма? Римнің даңқы мен күшіне қарсы тұру олқы
соғысып, енді Италияның барлық халықтарының ашулы намысын
өршітіп, лағнат карғысын арқаламақ па едіңдер?.. Өлушілердің өзімізге
таңған жаман атынан — варварлар, тонаушылар жəне жексұрын
деуінен шеккен зияндарың аз ба еді; бұл сендерге аз сияқты, өзіміз
нақақтан күйген жаланы ерлік іспен, бекем тəртіппен, үлгілі мінезбен
жуу орнына, сендер оны өздеріңнің масқаралық, жексұрын, сұғанақтық
істеріңмен əлі де күшейтіп, дəлелдегілерің келе ме?
Италиядағының бəрі бізге сескеніп, сезіктеніп, сенімсіздікпен
қарайды; біздің бас тігіп алысып жүрген қасиетті ісіміз жəне туымыз
ешқашан да ұрыс майдандарында бұрын тігіліп көрмеген биік ту, бүкіл
жарты аралдың бойында əлі де ешқандай дос-жарлықпен пайдалана
алмай отыр; осы дос жарлыққа ие болу үшін біз де бір ғана жол бар, ол
тəртіп.
Рим легиондарына ешкімнің тісі батпайтын темір қоршау болған
жəне болып отырған да сол тəртіп; римляндар дүние жүзіндегі
солдаттардың бəрінен де асқан мықты жəне алғыр емес — ерлігі де,
күші де олардан кем түспейтін халықтар бар — бірақ, рим армиясынан
асқан тəртіпті бір де бір армия болған емес. Міне, сондықтан да
римляндар жауларын күні осы уақытқа дейін бет қаратпай жеңумен
келеді. Егер сендер римляндардан өзіміз үйреніп отырған шеп құру
əдісі сияқты, оның тəртібін де үйреніп, оны жүзеге асырмасаңдар, құр
қара күшпен, көзсіз батырлықтан ешнəрсе шықпақ емес.
Егер сендер мені көсемім десеңдер, мен сендердің бағынуларыңды
жəне өздеріңді-өздерің ұстай білулеріңді талап етемін; өйткені
əскердің күші — тəртіпте, ұстамдылықта, айтқанды орындауда.
Əрқайсың өздеріңнің құдайларыңның атымен, ар-намыстарыңмен
дəл осы сағаттан бастап ешуақытта да тəртіп бұзарлық зəредей де
теріс-қағыс мінез шығармаймын деп маған ант берулерің керек.
Егер біз жеңіске жетеміз десек, менде өзіміз тұтынған заңдарды
зəредей де болсын бұзып, кінəлі бола қалған достарымыздың қандай
қымбаттысының болсын басын шауып тастайтындай күш болу қажет.
Сендер де тəртіпті тамсанған тарихшылардың əңгімесіндегідей, алма
ағашының саясынан лагерь құрған рим легиондарынша сақтайтын
болуларың қажет; лагерь келіп орнаған күні алма ағаштарының
басында алма қандай сыңсып тұрған болса, олар қостарын жығып,
көшіп кеткеннен кейін де соның бірде-бірі шетінеместен, сол
қалпында қалған.
Тек осындай жағдайда ғана біз өзіміз жан салып жүрген азаттыққа
лайық адамдар боламыз, тек осындай жағдайда ғана біз дүние
жүзіндегі ең мықты жəне даңқты əскерді жеңіп шыға аламыз.
Спартак осы сияқты жалынды сөздер сөйлеп тұрған шақта,
өздерінің көсемінің, қарадүрсін болғанымен, шын жүректен шыққан
шешендік күшіне көңілі толған гладиаторлар сапынан оны қостаған
дабырлар естіліп тұрды. Спартак сөзін аяқтағанда, жауынгерлер
жамырай дауыстап, сатырлата қолшапалақтап қоя берді.
Осыдан соң Спартак армиясын Ноладан алып шығып, сол маңдағы
адырлардың біріне лагерь құруды бұйырды. Қаланы күзетуге ол екі
когорта бөліп, оларды күн сайын ауыстырып отырды. Ноланың
тұрғын халқынан көптеген қару-жарақ, сауыт жəне қалқандар түсіріп
алған еді, лагерьден оған арнап үлкен қойма жасатты. Көтеріліс туы
астына күн сайын келіп жатқан құлдар мен гладиаторлар қаружарақпен сол арадан жабдықталып тұрды.
Спартак өзінің солдаттарын тынымсыз үйретіп, Нола жанында екі
айдан аса уақыт жатты, бұған дейін оның əскерінің саны үздіксіз өсіп,
сегіз мыңға жеткен еді; сөйтіп ол толық екі легион құрып аларлықтай
халге келді.
Бұл екі арада Римде, көтерілісші құлдар мен гладиаторларға қарсы,
көбінесе, еріктілер мен жаңадан алынған жастардан құрылған
легионды бастатып, претор Публий Варинийді жіберуге ұйғарым
болды, өйткені жауынгерлік мектептен өткен ветерандар мен
легионерлер Серторий мен Митридатқа қарсы соғысқа жіберілген
болатын.
Публий Вариний өзінің алты мың адамы мен үш жүз найзалы
аттылар отрядын алып Римнен аттанардан бірнеше күн бұрын, Аппий
жолы бойындағы Эпициний деп аталатын орманнан кешке таман екі
мыңнан аса адам аттанды. Олар қалай болса солай, деревниядағы
қарулармен, ұшталған қадамен, тек санаулылары ғана — найзамен,
семсермен қаруланған. Бұлар Акцианның, Юлий Рабецийдің жəне
Римнің басқа да ланистары мектебінен шығып келген гладиаторлар
еді; Крикстің бұйрығы бойынша жалғыз-жарымдап осы орманға
жиналып, соның басқаруымен енді Спартактың легиондарына қосылу
үшін Везувийге қарай беттеп келе жатты.
Сол жылдың 15 февралі күні таңертең Метробий консулдарға —
Котта мен Лукуллаға кеткен шақта, Крикс гладиаторлар мектебін
аралап, жолдастарына көтеріліс туралы хабарлады да, оларға
тиыштық сақтаңдар деп кеңес берді.
Оған дейін мынадай оқиға болған еді: бір мектепте галл қолға түсіп,
сол арадан Мамертин түрмесіне жөнелтілді. Түрмеде ол екі айдан аса
ұсталып, сан рет дүреге жығылды, егер гладиаторлар оны босатып
алуға ланистаны мəжбүр етпеген болса, Спартакпен істестігін ада-күде
мойындамай қаншалық табандылық көрсеткеніне қарамастан, оның
креске қағылып өлтірілуі ықтимал еді.
Крикс еркіне босанып шыққанымен, өзін соңына түсіп аңдушылар
бар екенін, мектептер қатаң бақылауда екенін түсінді; сондықтан ол
ешнəрседен хабардарсыз, бейсауат адам болып жүре беруге бел
байлады да, сонымен ланистің жəне өкімет орындарының
күдіктенушілігін аяқсытармын деп үміттенді.
Спартактың талап етуіне қарамастан, байғұс галлдың қауіп пен
үміті, көкіректі кернеген ашу-ызаны ішке бүгіп, не өзі кете алмай, не
Везувийге бір манипула болса да əскер жібере алмай құса болған себебі
де осы еді.
Толып жатқан амал-айладан, еңбектен, елеулі қателерден соң,
көтеріліс басталған төрт айдан аса уақыт өткен шақта, Крикс Римнен
қашып шығып, Эпициний орманына барып жасырынды. Бұл араға ол
өзі табыспақ болған гладиаторлардың бəрі түгел болмаса да көбінің-ақ
келетініне сенді.
Іс жүзінде де нақ солай болып шықты. Бұл иесіз орманның саялы
құшағында екі күн бекінгеннен кейін, галл жиырма манипуланы
бастап Везувийге тартты.
Бұлардың Нола маңындағы лагерьге келуімен байланысты қуаныш
пен мерекені сипаттап айтып жеткізу мүмкін емес. Спартак Криксті
өзінің барлық жолдастарынан артық көріп, бағалайтын еді, сондықтан
оны бірге туған бауырындай қабылдады.
Крикспен бірге келген екі мың гладиатор тегіс тез қаруландырып,
екі легионға тең бөлінді, олардың біріншісін Эномай басқарды,
екіншісін басқару Крикске тапсырылды. Жұрттың бірауыздан ұйғаруы
бойынша, Спартак тағы да бүтіндей армияның жоғарғы қолбасшысы
болып жарияланды.
Крикс келгеннен соң екі күн өтісімен, барлаушылар Спартакқа
Аппий жолымен Публий Варинийдің суыт келе жатқанын хабарлады.
Гладиатордың көсемі лагерьден шығып, түн қараңғысын жамыла
жауға қарсы аттануға бұйрық берді.
XIII ТАРАУ. КАЗИЛИНДЕГІ ҰРЫСТАН АКВИН ҰРЫСЫНА ДЕЙІН
Публий Варинийдің жасы қырық бесте еді. Шыққан тегі плебей,
алып денелі, тарпаң, такаббар мінезді, рим солдатына тəн барлық
қасиеттерді өз бойына жинаған адам-ды. Тамаққа жəне сусынға асқан
сыпайы, нəпсіге берік, жаттыққан, ыстық пен суыққа, жорыққа, ұйқыға,
əскери ойындарға төзімді, ұстамды жəне алғыр адам болатын. Егер
осы сияқты аса бағалы қасиеттеріне сай, Варинийдің бұдан да гөрі
шенемді ақылы, кең көлемді терең білімі болса, консул, қолбасшы, даңқ
иесі болу үшін ең қажеттің бəрі де оның өз басынан түгел табылған
болар еді. Бірақ, Публий Варинийде оншалық өрелі ақыл жоқ болатын,
жиырма сегіз жылдық жауынгерлік қызметінде оның қолы тек
преторлық атаққа əрең жетті жəне оның өзі де қандай сындарға болсын
сабырлылығы мен ерлігі, тəртіптілігі жəне соғыс істерінің тағы басқа
салаларын жақсы білетіндігі үшін берілді.
680 жылдың июль календасы алдындағы 18 күні (14 июнь) Римнен
аттанып кетіп, Аппий жолымен алты мың легионерді, бір мың велитті,
алты жүз сақпаншы мен үш жүз аттыны бастап сапар шеккен адам,
міне осындай еді. Жалпы алғанда оның қарулы жастардан жасақталып,
үздік жақсы қаруланған сегіз мыңға жуық əскері болды. Публий
Варинийдің квесторы — Кней Фурий, бұл да жасы отыз бес
шамасындағы, жігерлі, ақылды жəне соғыс өнеріне жетік, бірақ
дырдулы ішкілікке, бұзақылыққа белшесінен батқан адам болатын.
Публий Вариний суыт жүріп Гаэтаға үш күнде келіп жетті де лагерь
ашып жатып қалды. Ол атты əскерін префекті Павл Эрдений
Тибуртинді шақырып алды да, оған тез Капуяның ар жағына өтіп,
көтерілісшілердің жатқан жері, олардың саны, қару-жарақтары, егер
орайға келе қалса, олардың ойға алған əрекеті жайында дəлме-дəл
нақты мағлұматтарды жинап қайтуды тапсырды.
Жас жігіт Тибуртин өзіне берілген бұл тапсырманы үлкен
байсалдылықпен, ептілікпен орындады, тек Капуяда ғана болып
қойған жоқ, сонымен бірге Кумыда, Байидыда, Путеслыда, Геркуланум
мен Неапольда, тіпті Помпея мен Ателлада да болды; барлық, жерде де
рим өкімет орындарынан, қала адамдары мен бақташылардан дұшпан
жайындағы мағлұматтарды жинап алып, арада төрт күн өткен соң
Вариний лагеріне қайтып оралды. Преторға ол жанжалшылардың
саны қазірдің өзінде он мыңға жеткені, олардың рим əскерлері
үлгісімен қаруландырылып, үйретілгені, лагері Нола маңында екені,
төңіректі шауып алып тұратыны жəне сол арадан əзір ешқайда кете
қоятын ойлары жоқ, екені туралы хабарлады; лагерь құрып мұқият
бекінулеріне қарағанда. олар римляндардың шабуылын сол арадан
табан аудармай күтетін түрлері бар дегенді айтты.
Бұл мағлұматтарды алған соң Вариний қалай қимылдаса дұрыс
болатынын көп ойластырды. Ақырында, өз қолын екіге бөліп, оларды
жарыса жатқан екі жолмен гладиаторлардың лагеріне алып барып, екі
бүйірден соқпақ, болды; осындай əдіс-айламен гладиаторларды
біржолата, толық жеңіп шығамын деп ойлады.
Ол квестор Кней Фурийдің қоластына легионердің төрт когортасын,
үш жүз велит, екі жүз сақпаншы, жүз кісі атты əскер берді де, оған
Аппий жолымен барып, теңізді жағалай отырып Суррентумға қарай
шығатын Домиций жолына түсуді бұйырды; Байиға дейін барып,
Фурий сол арада жеті күн аялдауға, сонан кейін Ателлаға барып
тоқтап, Варинийдің келесі бұйрықтарын күтуге тиіс болды.
Фурий бұл жорықты жүзеге асырып болғанша, Варинийдің өзі
Лириса өзенін жағалап Интерамнаға дейін барып, одан Латин жолына
шығып алмақ болды; Алиф тұсына барған соң ол, Латин консул жолын
тастай беріп, Кавдия аңғарын орағыта Кавдиумға баратын претор
жолына түседі де, гладиаторлардың ту сыртына шығады. Мұнда бір
күн бекініп жатады; сонан соң өзінің квесторына Ателладан шығып
көтерілісшілерге тіке шабуыл жасауды бұйырады; сан жағынан
өздерінің Фурий легионерлерінен басым екенін көрген гладиаторлар
оған қарсы барлық күшімен лап қояды; сонда бұл жауға ту сыртынан
түре қосылады да, талқандап шығады.
Соғыс қимылдарының претор Публий Вариний жасаған жоспары
осындай болатын, былайша бұл өзі жаман да жоспар емес-ті. Бірақ, бұл
жоспар тек гладиаторлар орындарынан қозғалмай, римляндарды Нола
жанында күтіп жатып алған күнде ғана табысты болуы ықтимал,
Спартакты адам емес, əлде қандай бір пасық хайуан деп санаған
Варинииге тиянақ болған жағдай осы еді.
Претор өзіне қарсы аттанғанын, оның Гаэтаға келіп түскенін
естісімен-ақ, фракиялық дереу Домиций жолымен Литернумға
аттанды, жолшыбай екі-ақ жерде тыныс алып, мұнда суыт келіп түсті.
Осы Домиций жолымен өктеп келе жатқан квестор Кней Фурий
барлаушылар арқылы Спартак өзінің бүкіл қолымен тұтқиылдан
Литернумға келіп, одан бір күншілік жерге барып жатқанын білді.
Егер Кней Фурий жай ғана солдат болса, гладиаторларға қарсы
жекпе-жек аттанар да еді, бірақ белгілі бұйрық алған əскербасы
болғандықтан ол өзінің жеңіп шығары екіталай дұшпанның басым
күшіне қарсы ұрысқа шығуға өзін пұрсаттымын деп есептемеді. Кері
шегіну оған, тіпті сақтанушылық ойымен де жанаспайтын қорқақтық
болып көрінді, өйткені ол Лациумға қарай қаша қалған күнде де,
Спартак оны айтқанша қуып жетіп, талқандап кетеді. Сондықтан ол
консул жолын тастай бере, солға қарай жүріп, Каленумға дейін
көтерілуге, одан бірнеше сағат ішінде Капуяға барып түсуге бел
байлады. Онда барған соң, мұның екі мың сегіз жүз солдаты бұл
қаланың күшейтілген горнизонымен тізе қосып, гладиаторларға күшті
қарсылық көрсете алатын болады.
Егер Спартак Лациумға аттанатын болса, онда Кней Фурий тез
Вариниймен хабар тасып, оған қосылады да, басбұзар көтерілісшілерге
екеуі біріге ту сырттан соққы беріп, жойып жібереді.
Ал, егер Спартак кері қайта қалса, Фурий Домиций жолымен қайтып
келіп, өзіне берілген бұйрықты орындап үлгіретін болады.
Бұл сияқты даналық топшылаулар жəне одан да өткен дана шешім
Фурийдің ақылы мен қабілетін сипаттайды; Помпей Великийдің өзі де
нақ осылай істеген болар еді.
Сондықтан Фурий таңға екі сағат қалғанда лагерьден аттанып
кетуді бұйырды да, ешбір сыбыссыз, жылысқан күйі Каленумға қарай
тартты.
Ол үш барлаушыны шаруаларша киіндіріп, консул жолымен алға
қарай жіберді, бұлар өлімге бастарын тіге, дұшпанға барып Кней
Фурий туралы жалған мағлұмат беріп, ол Газтаға қарай шегінді яғни
кері қайтып кетті демек болды.
Алайда, Спартак жау əскерінің бір бөлімі Трифанумда лагерь құрып
алып жатқанын барлаушылардан есіткен соң, көтерілісшілерді екі
бүйірден қыспаққа аламын деп претор Варинийдің өз қолын екіге
бөліп өте есуастық істегенін бірден түсінді; оның жоспары мен
маневрін кемеңгер адамға тəн терең ойлылықпен əбден шешті де, енді
жау қолының екі бөлімнің аралығынан барып килігіп, тұтқиылдан
бірінен соң біріне уытты шабуыл жасап, басын біріктірмей талқандау
керек деп топшылады.
Спартактың өзінің соншалық атағын шығарған бұл соғыстарда
көрсеткен аса үздік əскери қасиеттерінің бірі тез қимылдау болды. Ол
жағдайды талдап, оқиғаны алдын ала көре жəне шеше білуге, сондайақ ойға алған істі жүзеге асыруға келгенде күрмеліп қалмайтын. Өзінің
дарындылығының сыпаты жағынан көп жағдайларда Наполеонға
ұқсас Спартак, өз əскерлеріне римляндардың соғыс тəртібін енгізе
тұрса да, олардың əскер басыларының белгілі ережелерден, қалыптан
ауытқуға болмайды деген педантизмін алған жоқ. Өзінің шешімдерін,
қимылы мен жата тастама əдіс-айлаларын жер жағдайына, жаудың
күйі мен тұрғысына қарай бейімдей отырып, қарапайым, сонымен
бірге нағыз көңілге қонымды жəне ұтымды тактиканы — Кай Марий
енгізген, кейінде дүние жүзін билеуге Юлий Цезарьдің қолын
жеткізген шапшаң қимылдау тактикасын жасап, оны іс жүзінде
қолдана бастады. Спартактың жеңуімен аяқталып, оны бағзы
заманның7 ең атақты қолбасшылары қатарына дейін жеткізген ірі
соғыстардың бəрін де, ол өз əскерінің тек күштілігімен ғана емес,
сонымен бірге оның тез қимылдайтын икемділігімен де жеңіп шығып
отырды.
Əңгімемізге қайта оралайық. Спартак ойға алғанын істеді. Ол өзінің
жауынгерлеріне ортақ істің табысты болуы үшін тоқтамай, үдіре
тартқан шерудің қиыншылықтарына төзу қажеттігін бірнеше ауыз
сөзбен түсіндіріп, олардың рухын көтерді де, лагерьді жығып жолға
аттануды бұйырды. Домиций жолын тастай беріп, ол Купуядан сонау
теңізге дейін созыла жатқан адырлардың арасындағы қиын-қыстау
жалғыз-аяқ жолдармен бұқпантайлай тартып отырып, асау толқын
атып бұрқанған Вольтурнға бет түзеді.
Бұл айланың нəтижесінде таң сарғая, квестор Фурий Каленумға
қарай өктеп келе жатқан шақта, Спартак та Капуяға үш мильдей
жақындап келіп, өзінің солдаттарына бірнеше сағат демалуға рұқсат
берді. Түске таман ол тағы да аттанып кетті, қақпаларын бекітіп,
жылжымалы темір шарбақтарын түсіріп, топырақ бөгетке жиналып
жəне сол арада шабуыл қашан басталар екен деп үрей болған
Капуяның қорғаушыларына күле түсіп өте шықты. Спартак енді
Казилииумға бұрылды да онда кешке таман, квестор Фурий Каленумға
іліккен сағатта келіп жетті.
Кішкентай болғанымен, халқы көп жəне думанды Казилинум
қаласы Вольтурнның оң жақ жағалауында тұрады. Дұшпан
əскерлерінің қазіргі орын тебіс жағдайына қарағанда, Казилинум өтемөте маңызды пункт екені белгілі еді: болашақ ұрыстар соның
төңірегінде өрістеуге тиіс болды. Спартак үшін Казилинумды алудың
зор маңызы бар, өйткені оған сол арадан Вольтурнның бүкіл ағысымен
екі жағалауына бірдей үстемдік етуге мүмкіндік туады. Өз
легиондарымен сол арадан лагерь ашып, орын теуіп алған соң,
дұшпанның екі отрядының басын біріктірмей, олардың Капуяға
бекінуге мұршасын келтірмей қояды да, қуып жетіп, əрқайсысын жекежеке талқандауға мүмкіндік алатын болады.
Гладиатордың ойда жоқта сап ете қалуынан қорыққан Казилинум
халқы, Спартактың алдынан қала өкімет орындарының өкілдерін
жіберіп, мойынұсынғандық білдірді. Қаланы күшпен алудың қажеттігі
болмай қалды. Қақпа аузына күзет қойып, бір когортаны қала ішінде
қалдырды да, фракиялық өз легиондарын қаладан алып шығып кетіп,
Каленум жаққа қараған қақпаға жақын бір жонның үстінен лагерь
ашты.
Клодий Глабрдың жеңілуінен Публий Варинийдің жорығына дейінгі
өткен уақыт ішінде, бүкіл Кампаньяны емін-еркін шыр айналуға
мүмкіндік алған Спартак, əскердегі ең атбегі, ілкімді жігіттерге сол
провинцияның шұрайлы, кең өрістерінен ұстатып алған құр
айғырларды үйрете беруді тапсырған. Сөйтіп ол алты жүз кісілік атты
əскер отрядын жасады. Бұл отрядты басқаруға ержүрек Борторикс
тағайындалды, ол екінші легионды басқаруды жаңада келген Крикске
берді.
Лагерь ашылып болған соң, Спартак Домиций жолымен келе жатқан
квестор Фурий Литернумға жетпей тұрып, əскерлерімді бірнеше
күндей тыныстатып алайын деген оймен, шаршаған легиондарына
демалуға бұйрық берді. Бұл арада Спартак оның когорталарын ту
сыртынан араласып талқандармын деп ойлады.
Əрқашан өте сақ отыратын Спартак, Борториксты шақырып алды
да, оған түн ортасына таман аттыларды екі отрядқа бөліп, барлау
жүргізуді бұйырды: бір отряд— Домиций жолымен Трифанумға дейін
барып, дұшпан жайында мағлұматтар жинап келсін, ал екінші отряд
сақтық үшін Аппий жолымен Каленумға дейін барып, жер жағдайымен
танысып қайтсын деп тапсырды; отрядтың екеуі де таң ата қайтып
оралып, өздерінің жүргізген барлауының нəтижелерін хабарлауға тиіс.
Күн шығардан бір сағаттай ғана бұрын ең алдымен Каленум жаққа
жіберілген отряд қайтып келіп, дұшпанның бұл тұстан тіке
Казилинумға беттеп келе жатқанын хабарлағанда, Спартак таң-тамаша
болды. Гладиаторлардың көсемі бұл хабарға нанбады, бірақ отряд
бастығынан жай-жапсарды тəптіштей сұрап, алынған мағлұматтарды
ақыл таразысына сала келе ол оқиғаның байыбына барғандай болды;
Фурийді өткізіп жіберіп, оған ту сыртынан араласу үшін оның өзі
Домиций
жолын
тастап,
оңға
бұрылған-ды;
сондықтан
гладиаторлардың торынан құтылып, Капуяға барып бекіну үшін
римлянин де бұл жолдан шығып, солға қисая кетті; сөйтіп екеуі де
бірінен-бірі сырғып жылыса отырып, консул жолынан шығып кетіп,
претор жолында кездесті.
Спартак дереу дабыл қағуды бұйырды; бірінші легионды лагерьден
алып шығып, жауынгерлік екі сапқа тізді. Алдыңғы шепке екі мың
велиттер мен сақпаншыларды қойды, бұлар жау қарасы көрінісімен-ақ
оларға жамырай ұмтылуға тиіс болды; бұдан соң легионның найзамен,
сүңгімен қаруланған екінші бөлегі тұрды.
Екінші легионды Спартак екіге бөліп, жүзім ағаштары мен егін
даласы арқылы бұлардың бірін — оңға, екіншісін — солға аттандырды.
Бұларға əрі таманырақ барып жасырынуды, ал шайқас қызған сəтте,
римляндарды орағыта ту сыртынан жəне екі бүйірден қоршай
қыспаққа алуды бұйырды.
Римляндардың ең алдыңғы аттыларының қарасы көрінгенде күн
жаңа ғана шашырап шығып, айналадағы адырларға, шешек атқан
жүзім бақшаларына, сарғыш тартқан егін даласы мен көкорай аймаққа
алтын нұрын төге бастаған еді. Жасанып жатқан сақпаншылар шебі
жаудың аттыларына тас пен қорғасын доптарын бұршақтай
жаудырғанда аттылар дұшпанның келіп қалғанын квестор Фурийге
хабарлауға асығып, дереу кейін қарай жалт бере жөнелді. Бұл жорықты
өзінің жолдастары қатарында жаяу жасаған Спартак ұрыс қимылдарын
бастағанда өзінің жүйрік қара атына мініп алды. Жауды неғұрлым тез
бүріп əкетуді көздеген ол, жаудың жауынгерлік сапқа тұрып үлгіруіне
мүмкіндік бермеу үшін, лап қойып жүгіре шабуыл жасаудың дабыл
белгісін беруді бұйырды.
Гладиаторлардың келіп қалғандығы жайында тұтқиыл хабарды
есіткенде, Кней Фурий өзінің легионерлері колоннасын тоқтатты да,
ешқашан да асып-сасуды білмейтін нағыз ержүрек адамдарға тəн
сабырмен велиттер жəне сақпаншылар дереу қанаттарын кең жая шеп
құрсын деп бұйырды. Майдан шебін барынша ұзартқанда ол басы
асқан жау когорталарымды қоршап алмасын деген еді. Легионерлерге
жол жиегіне қарай төне жатқан адырды жастану тұрғысын алуды
бұйырды, велиттер мен сақпаншылар бұл арада гладиаторлардың
алғашқы тегеуірінін бөгеп тұрған уақытта когорталар жауынгерлік
саптарын түзеп алсын деп ойлады.
Бірақ бұл маневр аяқталмай жатып-ақ, гладиаторлар рим
сақпаншыларының шебіне лап қойды. Бұлар ерлікпен шайқаса
отырып, күші басым дұшпанның тегеурінімен шегіне-шегіне адырдың
етегіне дейін барды, бұл арада Фурий төрт когортасын жауынгерлік
сапқа əрең қойып үлгірген еді. Рим сыбызғышылары тіке шабуылға
шақырып белгі берді, Фурий бастаған легионерлер де дұшпанның
велиттеріне аса қатты күшпен дүрсе қоя берген еді, қарсы жақ кері
шегінуге тиіс болды. Спартак кері шегінуге белгі беруді бұйырып,
жеңіл қаруланған екі мың, гладиатор ең соңғы сүңгілерін жауға атты
да, иін тіресе келіп қалған гладиаторлар когорталықтарының арасына
сүңгіп-сүңгіп кетті. Бүкіл сол өлке мен маңайдағы адырларды
жаңғырықтырған «барр!» дабылын сала гладиаторлар римляндарға
лап қойды. Сонша болған жоқ, қалқандардың сартылы, семсерлердің
шыңылы мен жауынгерлердің ашынған айқай-қиқуынан басқа
ешнəрсені болжауға болмай кетті. Екі жақты теңбе-тең ерлікпен,
уытпен жарты сағаттай шайқасты, бірақ гладиаторларға қарағанда,
римляндар тым аз еді. Олардың екілене қимылдаған тегеуірініне ұзақ
төтеп бере алмады, Фурийдің тұс-тұстан тықсырылып, ығысқан
легионерлерінің апшысы құрыла бастады. Дəл осы мезетте тоспадағы
екінші легионды бастап Крикс ұмтылған еді, ту сырттан жəне қос
өңменінен қусыра шабуыл жасалған римляндар əп-сəтте-ақ, тозғындап,
қаша бастады. Бірақ, қашып құтылғаңдар өте аз болды, семсерлердің
бұл сияқты торына түсіп бас-аяғы бір уыс болған олардың бəрі дерлік,
басы Фурийдің өзі болып, ерлікпен өліп кетті.
Сонымен, ұрыс деуден де гөрі Казилинум жанындағы қанды қасап
деуге боларлық бұл шайқас бас-аяғы екі сағатқа жетпейтін уақыт
ішінде осылайша аяқталды.
Римляндарға қарағанда, гладиаторлар аз шығынмен не болған бұл
жаңа жеңістің ертеңіне Спартак Казилинум жанынан дереу аттанып
кетіп, Апенниннің сілемінен суыт өтті де Сидициумға тартты. Мұнда
ол лагерь ашып алды да, претор Публий Вариний жайында мағлұмат
əкелу үшін сол арадан бірнеше миль тұратын Теанумға аттылар
жіберді. Спартактың есебі бойынша, ол Алифыға аттанған бетінде
осыдан екі немесе үш күн бұрын сол қаланы басып өткен болуы тиіс
еді.
Барлаушылар шолудан қайтып келген соң, Спартак олардың
əкелген мағлұматтарына қарап, өзінің қателеспегенін, Публий
Варииийдің осыдан бір күн бұрын Теанумнан шығып, Алифыға қарай
кеткенін білді. Сонан соң гладиаторлар барлық мүмкіндіктерді əбден
таразылап, кең ойластырып алды да претор Варинийдің жолын тосып
алуға жəне қалалар мен одақтастарынан келген көмек оның
когорталарын талқандап жеңуді қиындатпай тұрғанда, онымен соғыс
ашуға бел байлады.
Сондықтан фракиялық ертеңіне Сидициумнан шығып, Вольтурнды
темен аға, оның оң жағалауымен жүpіп отырып Кандий аңғарына дейін
барды, бұл араға сегіз сағатқа созылған ұзақ шерумен келіп жеткен соң,
өзен жағасына лагерь тігіп жатып қалды. Ал келесі күні таңертең, ол
ағашты мол етіп кескізді де, сол кезде тайыз тартып қалған өзенге кесе
көлденең төсетіп, сол көпір арқылы өзінің легиондарын алып, сол жақ
қабаққа өтті де, Кавдий аңғарына таяу жерден бүкіл Латин жолы
бойына үстем боларлық күшті тұрғыға не болды; мұнда тағы да лагерь
ашып алып, дұшпанның келуін тосты.
Ол да кешікпеді: түске таман Публий Вариний өзінің когорталарын
бастап Алифы жақтан шыға қалды. Спартак легионерлерін дереу сапқа
тізіп үлгірген еді, кешікпей ұрыс та басталды.
Шайқас өте қатты, қантөгісті болды; ұрыс кешке дейін толас
таппады. Римляндар, қалай мақтаса да тұрарлықтай аса ерлікпен
соғысты, бірақ күн ұясына міне, олар бейберекет шегінуге тиіс болды,
тағы да еселеген тың тегеуіріннің күшімен бұл шегінудің аяғы алдыартқа қарамай үрей болып қашуға апарып соқты. Алғашта оларды
гладиаторлардың жаяу əскерлері өкшелей қуа сабаған еді, бірақ
қорқыныштан қанат байлаған адамдар қуғыншыларға жеткізбейтін
болған соң Спартактың бұйрығы бойынша, кернейшілер ұрыс
қимылдарын тоқтатуға белгі берді. Ұрыс алаңы гладиаторлардан
арыла бере-ақ қашқан жаудың соңына түсіп берген атты əскерлер
оларды емін-еркін қынадай қыра бастады.
Кавдий аңғарында болған бұл шайқаста римляндардан екі мыңнан
аса адам өліп, мың бес жүзден аса адам жаралы болды. Жаралылардың
ішінде Варинийдің өзі де бар. Жаралылардың бірсыпырасы жеңген
жақтың қолына түскен еді, бірақ көптеген қалаларды қашан өз жағына
қаратып алғанға дейін тұтқын ұстағысы келмеген Спартак, олардың
қаруын сыпырып алып, еркіне қоя берді, оның үстіне лагерьде
тұтқындар ұсталуының өзі кейбір жағдайда қауіпті де еді.
Бұл сұрапыл соғыста гладиаторлардың да шығыны аз болған жоқ:
екі жүз елуден аса адам өліп, жараланғандар саны одан екі есеге жуық
көп болды.
Есі шыққан Публий Вариний Алифы қаласына қашып барып
паналаған еді, квесторының тып-типыл болып талқандалғанын да
сонда барған соң естіді. Жеңушілер жаңадан шабуыл жасайды-ау деп
қорыққан жəне оған өзінің қарсылық көрсетерлік дəрмені қалмағанын
түсінген ол, тамұқ пен көктің қарысқан құдайлары мен жексұрын
гладиаторлардың тамтығын қоймай қарғап-сілеп, Кампаньяны тастай
бере суыт шеру тартқан күйі Апеннин аңғарынан асып, Бовианумға
барып тығылды.
Спартактың үш күн ішіндегі екі бірдей тамаша жеңісі оны бүкіл
əскердің сүйіспеншілік құрметіне бөледі, оңтүстік Италияның барлық
провинцияларына оның атағы мен айбарын онан əрі арттырды.
Спартак, уақытты өткізбей, тез Кавдий аңғарынан шығып
Кавдиумға келіп түсіп, мұнда ол гладиатор-галл Брезовирді тауып
алды (оқушылар мұнымен ертеректе Римдегі Венера Либининаның
қабағында, езілгендер Одағының жоғарғы соты шпион Кай Верресті
өлім жазасына кесетін күні танысқан болатын). Бұл қасында елу
жолдасы бар Брезовирдің Капуядан қашып шығып, Спартак лагеріне
келе жатқан беті екен.
Мұның кеңесі бойынша фракиялық Капуядағы Лентул Батиат
мектебінде қалып қойған бес мың гладиаторды босатып аларлықтай
əрекет жасап көруге белбайлайды.
Кавдий аңғарында болған шайқастан үш күн кейін, Спартак өзінің
он мың кісілік қалың қолын бастап, Капуяның дəл іргесіне келді. Ол
қалаға хабаршы жіберіп Сенат пен префекттен ондағы бес мың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 17
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.