Latin Common Turkic

Спартак - 10

Total number of words is 4000
Total number of unique words is 2246
33.2 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үстінде, құрбандыққа қыруар мал шалынып та қалды. Олардың сүтпен,
балмен, шараппен араластырылған қаны айналаға шашылды. Ошақ
басына таяу тұрғандар онда əртүрлі майлар, əтірлер мен хош иісті
əралуан заттар, гүлдерден жəне лаврлардан жасалған веноктар
лақтырды, бұл заттардың көптігі сонша, олар ошақты ғана емес бүкіл
төңіректі жауып, көл-көсір болып жатты.
Сол уақытта, Суллаға қарайтын мектептің гладиаторлары ошақ
басында сайыс ашты, мұнда тек Арторикс қапа жоқ болатын, оны
Спартактың сұрауы бойынша, Валерия Кумыда қалдырып кеткен-ді,
арада біраз уақыт өткен соң, олардың бəрі түп-түгел қырылып бітті,
өйткені қабыр қасында болатын сайыстарда бұл бақытсыздардың
бірде-бірі үшін шыбын жанға сауға жоқ болатын.
Осы сияқты дəстүрлі салтанат біткен соң, Ұлы Помпей салт
бойынша, от тұтатуға тиіс хазіреттің қолынан шырақты алып, өзінің
опат болған досына үлкен құрмет көрсету мақсатымен, үстінде
кебіндеулі Сулланың денесі жатқан тұтанғыш заттарға отты өз
қолымен қоймақ болды.
Марқұмға Африканы аузына қаратқан жас жеңімпаздың тарапынан
болған бұл сияқты құрмет белгісі берілген шақта, бүкіл алаңды басына
көтере шапалақталған қолдардың сатыры, айнала төңіректі
дүрліктіріп жіберді, көзді ашып-жұмғанша лап ете түскен жалын
лаулап, хош иісті қою түтін ішіндегі ошақтың өнебойына түгел
жайылды.
Арада жарты сағат өткен соң, талай жылдар бойы Рим мен
Италияны бір шыбықпен айдаған, атағы жер жарған адамның ұлы
денесіне дауыс айтушылар ұқыптылықпен жинап күміспен
оймышталып, алтынмен əшекейленген қола урнаға салған бір шөкім
сүйек пен күл ғана қалды...
Сулланың денесінің күлі, содан бірнеше жыл бұрын оның өзінің
бұйрығы бойынша, Марийдің қолын жеңген жерде салынған шіркеуге
қойылды. Бұл шіркеуді ол жеңімпаз Геркулеске арнаған болатын. Құл
кейінде бұл шіркеуден əкетіліп, Марс алаңының дəл ошақ жағылатын
жерінен мемлекет есебіне салынған аса сəулетті бейітке қойылды.
Сулланың қолында қызмет атқарушы ланиста болғандықтан
Спартак та қара киініп, шіркеуге қатынасуға жəне тек найзагерлік
өнерге ғана емес, сонымен бірге езілгендер Одағының ісіне де
əзірлеген бейкүнə шəкірттерінің кескілесуін өз көзімен көруге тиіс
болды. Сондықтан ол жерлеу біткенде уһ деп дем алып, бір жеңіліп
қалғандай болды. Енді ол бос, қайда барса өз еркі.
Спартак жерлеуден қайтқан қалын топты қақ жара келе жатты.
Жұрттың бүкіл ойын бөлген бүгінгі оқиғалар туралы ойлы-қырлы
əңгімелер үздіксіз естіледі.
— Сен қалай ойлайсың, осы табыт жеңімпаз Геркулестің шіркеуінде
ұзақ тұрады деймісің?
Мен Римнің аруағы мен халықтың намысы көптің ашулы күші оны
тас-талқан етіп лақтырады, сөйтіп күлін көкке ұшырады, деп
үміттенем.
— Олай емес, біз Римнің игілігі үшін бəрінен де бұрын Туллианумде
мариан сілімтіктерін, сендер сияқтыларды, тезірек құртады деп
үміттіміз.
Онан əрірек екінші бір жерде мынадай əңгімелер болып келеді.
— Рим қараң қалды, айттым ғой əлгінде, біз сорладық! Оның тірі
шағында, тіпті сыртта жүргеннің өзінде де, тірі жан ешбір өзгеріс
жасаймын дей алмайтын еді.
— Оның есесіне енді... Бірақ Юпитер бұған жол бере қоймас... Адыра
қалған есіл заңдар-ай!..
— Қандай заңдар? Ол неткен заң? Естідің бе, Вентудей, мына
баланың не айтып тұрғанын? Сулла шариғаттан адам праволарынан
түк қоймай бұзса, оны заң дейді.
- Заң дейді? Сол заңды сөз етіп тұрған кім?.. Біз ненің не екенін
білмейді дей ме?.. Ол өрмекшінің торы! Оған шіркейлер тұтылғанымен,
ара тұтылмайды.
Олигархтарға қарсы осы сияқты əртүрлі кекесін, қыршаңқы сөздер
үздіксіз айтылып жатты.
Жұртты омыраулап кимелеп келе жатқан Спартак шебіне ең
алдымен келіп іліккен адамдардың бірі болды. Римнің əдетте адамдар
құмырсқадай қайнап жүретін көшелерінің сол минутта қаңырап бос
қалғаны соншалық, қалаға келіп кірген Спартак, бейнебір қалың
молаға келіп енгендей болды.
Сондықтан Спартак өзінің Крикспен уəделескен жері Юлий
Рабецийдің гладиаторлар мектебіне тез келіп жетті.
Екі рудиарийдің əңгімесі достық негізінде, əрі ұзақ, əрі қызу да
болды. Спартак сияқты Қрикстің де Сулланың сүйегі өртелген жердегі
гладиаторлар қырғынына қатты қаны қайнаған-ды.
Бұл оқиғаға ықтиярсыз қатысқан Спартак та ашу билеген күйі əлі де
өзіне-өзі келе алған жоқ-ты. Крикс оған ойға алған істі енді
кешеуілдетпе, өз ісімізді жақтайтын адамдарды Лентул Батиат
мектебіне көбірек жинау үшін оның ұсынысын дереу қабыл ал, деп
жігі-жапар болды.
Біздің ісіміздің жемісті болуы,— деді галл өзінінің дөрекі, бірақ
сонымен бірге жалынды да сөздерінің қорытындысында,— енді сенің
өз қолыңда, Спартак, ал егер сені құлдарды азат eтy сияқты ардақты
істен де басымырақ басқа бір сезім билейді екен, онда біз ұлы ісіміздің
салтанатын көреміз деген үміттен мүлде айрылғанымыз.
— Тыңда, Крикс, жанымды қандай сезім билесе де, қасиетті ісімізге
қызмет етуден мені ешнəрсе,— естіп тұрмысың— дүние жүзінде
ешнəрсе айныта алмайды; өзім ұстаған жолдан, ойға алған ісімнен
ешкім жəне ешнəрсе мені бір минутта тайдыра алмайды.
Əңгіме бұдан кейін де бірсыпыраға созылды. Крикспен барлық
жайды ақылдасып келісіп алған Спартак, Юлий Рабецийдің мектебінен
шықты да, дереу Сулланың мирасқорларының үйіне қарай беттеді...
Ол табалдырықты аттай бергенде, привратник оған: сені ханымның
қабылдау бөлмесінің ауызғы үйінде Мирца күтіп отыр деп ескертті.
Əлде қандай бір жаманшылықты сезгендей, жүрегі тайдай тулаған
Спартак жүгіре басып Валерияның бөлмесіне келді. Мирца оны көре
сала-ақ.
— Келдің бе! Ханымның сені күткеніне бір сағаттай уақыт болды! —
деді.
Ол рудиарийдің келгенін Валерияға хабарламақ болып жүгіріп кетті
де, арада бір минут өткен соң қайтып келіп, оны қабылдау бөлмесіне
əкеп енгізді.
Қаралы тога киіп, күңгірт жамылғы салған, аппақ шөлмектей
Валерия бұрынғысынан да көрікті, əдемі көрінді.
Оның манаурауы өзіне жарастықты да еді.
— Спартак! Менің Спартагім! — деді Валерия, ложадан түрегеліп,
оған қарай секемалдана бірнеше қадам ілгері басып.— Сен мені
мəңгілік сүйемісің?.. Сен мені дүние жүзіндегінің бəрінен де артық
сүйемісің?..
Бұл сияқты тұтқиылдан қойылған сұрауға а дегенде қысылыңқырап
қалған Спартак, аз кідірістен соң.
— Валерия, бұл сұрауды маған неге бердің? Əлде сенің көңіліңді
қалдырған жерім болды ма? Саған деген ықыласым, берілгендігім, бас
июім жөнінде сен күдіктенерліктей сыр алдырған күнім болды ма? Сен
менің бұл ғаламдағы жарық сəулемсің... сенсіз дүние маған қарап, менің
жүрегімнің барлық тəтті сезімдері тек саған ғана арналған...— деп
жауап қатты.
— Ах,— деп оның сөзін бөліп жіберді, көздері оттай жайнап кеткен
Валерия — Өзім де дəл осындай сүйікті жар болсам дейтін ем. Сен мені
мəңгі-бақи тап солайша сүйесін ғой, Спартак, солай емес пе?
— Ия, солай! Əрқашан солай сүйем! — деді қалтыраған дауыспен
рудиарий, матронаның алдына тізе бүгіп, сөйтті де оны қолынан
құшырлана үсті-үстіне сүйе берді.— Мен сені əрқашан періштемдей
қадір тұтам, тіпті маған десе...— ол бұдан арғы сөзін аяқтай алмай,
ағыл-тегіл болып ыстық жас төкті.
— Не болды саған?.. Неге жылайсың? Не болды? Спартак, айтшы...
мұның не? —деді Валерия тағаты қалмай, рудиарийді маңдайынан
сүйіп, көкірегіне қыса түсіп.
Осы сəтте біреу ептеп есік қаққандай болды.
— Түрегел!— деді Валерия жұлып алғандай, содан соң əдеттегі
дауыс сарынын қалыбына келтіруге тырыса:
— Бұл кім, Мирцамысың? — деп сұрады.
— Ағаң Гортензий, келіп тұр, сені сұрайды,— деген күңнің даусы
естілді, есік сыртынан.
— Келіп-ақ қалғаны ма? — деді Валерия.
Сонан соң тағы да:
— Сəл күте тұрсын...— деді.
— Жарайды.
Валерия құлағын түріп тыңдай қалды. Əрі қарай кетіп бара жатқан
Мирцаның тықыры естілмей кеткен шақта, ол асыға-аптыға:
— Міне... ол келіп те қалды... сені менің осыншама тағатсыздана
күткенім де сондықтан-ды... сенен дүниеде бəрін менің жолыма сарп
етуге əзірмісің деп сұрағаным да сондықтан. Сен екеуміздің біреуіміздібіреуіміз сүйетіндігімізді... Гортензий... бастан-аяқ... біледі, есіңде
болсын,— деді.
- Не дейсің, жаным-ау!.. Ол қайдан біле қалды?— деп сұрады айранасыр қалған Спартак.
Үндеме, өзім де түсінбеймін... Бұл жөнінде ол менімен азғантай ғана
сөйлесті... бүгін кешке келемін деді... Сен жасырын... мұнда... мына
бөлмеге...— Валерия бір есіктің пердесін көтере берді.— Сен осында
көрінбей отырып бəрін де естисің... Валерияның қалай сүйетінін
білетін боласың.
Гуднарийді ішкі бөлмеге енгізіп жіберді де, ол сыбырлап сөйлеп:
Өзім қашан шақырып алғанша, ешбір сөз, ешқандай сыбыс
сезілмесін.
Ол пердені түсіріп жіберді, сонан соң аттай тулаған жүрегінің
дүрсілін басайыншы дегендей, қолын көкірене төсеген күйі ложаға
келіп отырды. Кешікпей өзіне- өзі келді де ол бейхабар кейіпке түсіп
отыра берді! Сонан кейін барып əдеттегі дауыспен:
— Мирца бармысың! — деп шақырды.
Қыз есік көзіне жетіп келді.
— Сен Гортензийге мені өзінің қабылдау бөлмесінде жалғыз отыр
дедің бе?
— Бұл əміріңді орындадым.
— Жарайды, онда ертіп келе бер.
Арада бір минут өтісімен үстінде күңгірт туника, қоңыр тогасы бар,
сақалы он бес күннен бері қырылмаған өсіп кеткен, атақты шешен,
түксиген ызғарлы пішінмен қарындасының қабылдау бөлмесіне келіп
кірді.
— Саламатсың ба, қадірлі Гортензий! — деді Валерия.
— Өзің де аманбысың, қарындасым,— деді ол салқын жүзбен.
— Отыр, маған ашуланба, аға, айтарыңды қалтарыссыз, ашық айт.
— Сүйіктіміз Сулланың қазасы тақырыпты менің сыма тек бір ғана
қайғы орнауға тиіс еді, бірақ оның үстіне мен басқа бір үш ұйықтасам
ойымда жоқ орынсыз қасіретке душар болдым. Анамның тар
құрсағынан шыққан қыздың өзін-өзі, мені, Мессаланың əулетін,
Сулланың некелі төсегін сыйлауды ұмытып, жексұрын гладиатормен
сүйіспендік байланысын жасап, өз басын масқара еткенін көрдім. Ой,
Валерия, Валерия-ау!.. Бұл не сұмдығың?..
Өзі отырған орындығының арқасына шалқайды да қолын
маңдайына төсеп, ол қайғылы жəне ойлы пішінмен үндемей қалды.
— Ия, Гортензий, сен маған өте ауыр айып тағасың өзімді-өзім
ақтамас бұрын, алдымен сенен сұрайыншы осы сөз қайдан шықты?
Гортензий басын көтеріп, маңдайын сипай түсіп бұған үзіп-үзіп:
— Ол көп жерлерден шыққан... Сулла өлгеннен соң алты немесе жеті
күн өткеннен кейін Хризогон маған мына хатты берді,— деп жауап
берді.
Осыны айтты да, Гортензий умашталған папирусын Валерияға
ұсынды. Валерия хатты ашып, оқи бастады. ИМПЕРATOP ДИКТАТОР,
БАҚЫТТЫ АНАФРОДИТ, ЛУЦИЙ КОРНЕЛИЙ СУЛЛАҒА ДОСТЫҚ
СƏЛЕМ.
Сен енді əдеттегідей, үйіңнің сыртқы қабырғасына:- «оттан
сақтаныңдар!» деудің орнына «жыланнан сақтаныңдар!» деп жазсаң да
болады, өйткені оның үйінің шатырына бір емес, екі бірдей жылан:
Baлерия мен Спартак ұя салыпты.
Кенеттен келген ашудың ырқына кетіп қалып жүрсе, құлқын сəріде
аңдып көр, дүние жүзіндегі ең азулы адамның атағы мен некелі төсегі
қалай қорланғанын сонда көресің.
Құдайым сені бұдан былай мұндай пəледен қақас, сірə.
Хаттың алғашқы жолын оқығанда, Валерияның жүзі қып қызыл
болып кеткен еді, оқып шыққан соң қуарып сала берді.
- Бұл хатты Хризогон қайдан алған екен?—деп сұрады ол тістеніп.
Қайдан алғанын есіне түсірмек болып қанша əрекеттенсе де, не
пайда, ешнəрсе шығара алмады. Ол тек бұл хатты əкелген құлдың
Кумыға Сулланың қайтыс болғанын бірнеше сағат өткен соң келіп
жеткенін ғана біледі.
- Дерексіз шағым,— деді Валерия салмақты дауыспен минут
кідірістен соң,— ағайым, Гортензий, мені, Сулланың жесірі Валерия
Мессаланы айыптауың үшін біз бола алмайтынына сенің көзіңді
жеткізіп жатпай-ақ қояйын...
Бірақ досының өлімі үшін ауыр қасіретке батқан, аяққа басылған
атағы мен намысы үшін кек алуға өзіне іспетті борыш санаған
Метробий де Луцийдің бірнеше күн кейін маған келіп Спартакпен
Луциймен байланысың туралы дəделдер келтірді ғой. Метробий сенің
қабылдау бөлмеңмен есіктес бөлмеге күңді маған алып келді, ол сонда,
түнде сенің бөлмеңе кіріп бара жатқан Спартакты көріпті.
- Болды, жетеді енді! — деп айқайлап жіберді Валерия түсін бұзып,
ол сенің сүйгенің, сөзің, махаббат сырын күңге Метробий сияқты
жексұрын жанға мəлім болған қатты шамданған еді.— Жетерлік
болды, Гортензий маған тағар айыбыңды тақтың ғой, енді маған сөз
бер.
Ол орнынан тұрып, ашулы жүзін ағасына қаратты да, қолдарын
айқастыра кеудесіне қойып, көздері шатынан, дестене:
— Рас, мен Спартакты сүйемін. Мендегі жүректің барлық отжалынымен сүйемін! Оның несі бар? — деді.
— О, құдайым, құдіреті күшті құдайым! — деп дауыстап жіберді
сасқан Гортензий орнынан тұра бере, қолдарымен бетін басып.
— Құдайлардың басын ауыртпа! Оларға сенің үнін жетпейді! Одан
да өзі де сөз айтып тұрған мына мені тыңда...
— Айта бер...
— Рас, мен оны сүйдім жəне бұдан былай да сүюден танбаймын...
— Валерия! — деді оның сөзін бөліп, не істерін білместен
Гортензий.— Семен менің жаным шошыды... Сем мүлде жынданған
əйелсің...
— Жоқ, мен тек қана əйелмін, сендердің жүгенсіз кеткен
заңдарыңды бұзуды, дүние жүзін аузына қаратқан сендердің өз
əйелдеріңнің қол-аяғын торлаған азапты бұғауларыңды талқандауды
жаһат еткен əйелмін. Міне, менің ойға алғаным осы, ал мұным
жынданғандық белгісі емес, оның керісінше, ақыл, сананың қайта
қонуының сипаттамасы бола алады деп, аға, сені сендіремін! Мені
Метробий, ерлері онымен бірге жүретін əйел біткенге қызғаныш
туғызатын, арам пиғыл, жалғаншы тантық айыптайтын болыпты!
Метробийдың маған таққан айыбына мұншама маңыз беруші сенің,
Гортензий, оны цензор етіп сайлауды Сенатқа неге ұсынбай жүргеніңе
қайранмын... Ол Рим салтына лайық цензор болар еді ғой! Күнəдан пəк
весталкалардың қорғаушысы Метробий болыпты! Қозы жая шыққан
қасқыр десейші! Қаланы өлікке толтырған, он екі таблицаның
көлеңкесінде барлық түнді менің көз алдымда ішкілік дырдумен
өткізуіне пұрсат берілген Суллаға статуйлар мен шеркеулер соғылып
жатқан жексұрын Римнің жетпей тұрған бір нəрсесі осы ғана еді. О,
отанның заңдары, неткен əділ едің!.. Маған да там-тұмдап үлес берген:
осының бəрін көзбен көріп үнсіз айғақ болу правосын жəне тіпті жесір
төсегінің жастығына, жасырын болса да, жас төгу правосын, ақырында
бір ғана себеппен — өзімнің мырзама жəне қожайыныма перзент
бермегенім үшін екі күннің бірінде сыртқа тебіліп қалғанымды бір-ақ
білу правосын берген де сендер едіңдер ғой!
Күшті сезім тебіренткен Валерияның жүзі жайнап кетті. Ол аз уақыт
үндемей тұрды да, содан соң таң-тамаша қалған пішінмен өзіне
жапақтай қарай берген Гортензийге бұрылып, сөз аяғын тағы да
сабақтай жөнелді: - Əрине, мен мұндай заңдардың алдында өзімнің
борышымды орындай алмадым... мен мұныңды білемін... мен мұны
мойындаймын да... бірақ өзімді ақтағым да, қорлағым да келмейді:
менің борышты орындамаған бір жерім — Спартакпен бірге Сулланың
үйінен шығып кете алмадым. Алайда мен ол адамды сүйгенім үшін
өзімді қылмыстымын деп есептемеймін, қайта бұл махаббатты мақтан
етемін. Онда ұлы істер қолынан келетін ақыл, мархабатты, асыл жүрек
бар. Егер ол Фракияда Рим легиондарын жеңіп шыққан болса, Сулла
мен Марийден де гөрі оның даңқы басым түсіп, Ганнибал мен
Митридаттан да гөрі жұрт онан қаттырақ қаймыққан болар ... Бірақ не
пайда, жеңіліс тапқан соң сендер оны гладиатор еттіңдер.
— Сонымен сен біздің отанымыздың заңдарына, біздің салтымызға
ізет сақтаушылықтың қандайына болсын қарсы екенсің ғой?—деп
сұрады ұлы шешен, қатты таңырқаулы күйінішті кейіппен.
— Ия, солай, дəл солай... Мен қарсымын... мен Римнің қоластынан,
мекенімнен, туысымнан беземін... Кез келген бір оңаша виллаға барып
тұрамын, Спартакпен бірге Родоп тауларына қарай жол тартамын,
барлық туысқандарым, сендер, енді қайтып ізі-түзімді де білмейтін
боласыңдар!
Осыдан соң Валерия өңі қашып, талықсыған күйі лопата барып
құлай кетті.
Валерияның ісі нақ өз ойындағыдай, бəлки, дұрыс та емес болар.
Оның өткен өмірі де оншалық жіптіктей емес-ті, тіпті Спартакқа деген
махаббатқа — өзінің жүрегін тебіренткен бірден-бір нағыз шын
махаббатқа да ол тым жеңіл-желпі қараған-ды. Дегенмен, оның аса
жымдасып жатпағанымен де, тым күшті айтылған бұл сөздері,
əйелдерді рим заңдары душар еткен қайғы-қасірет пен қорлықтың
шын бейнесін сыпаттайтын еді.
Əкелердің шексіз құзырындағы перзенттерге қарашада, одан
анағұрлым нашар күйдегі əйелдердің аянышты халі, барған сайын
үдей түскен некесіздік пен азып-тозу дерті, адамдардың еңбексіз,
толғақсыз күн өткізуіне бастаушы құлдықтың етек алуы, міне Римнің
құлауының шын себептер де осы сияқты жағдайлардан іздеуге
болатын еді.
Қарындасына қабырғасы қайыса қараған Гортензий оған сыпайы,
жылы үнмен:
— Қарағым Валерия, сенің қазір нашар халде екеніңді көріп
отырмын... — деді.
- Мен бе? - деді матрона, басын жұлып алып.— Мен өте жақсы
халдемін!.. Мен...
— Жоқ, жоқ, Валерия, илан маған, сен нашар халдесің... сен
ашулысың... осы сияқты күрделі тақырыпқа əңгімелесу үшін қажетті
ақылды шаңытып, тиыштықты қашырушы, шамадан тыс алабұрту
үстіндесің...
— Бірақ мен...
— Жоқ, бұл мəселені талқыға салуға қолайлы мезгілде қайта
оралалық...
— Есіңде болсын, мені райдан қайтады екен деме...
— Жақсы... жақсы... бұл туралы сөйлесерміз.., тағы да көрісеміз ғой...
Ал, əзірше бір құдайға тапсырдым, сен мен енді кетейін. Қош, Валерия,
қош!
— Қош, Гортензий!..
Сонымен, шешен қарындасының қабылдау бөлмесінен шығып кете
барды. Арада бірнеше секунд өткен соң үйге Спартак келді. Ол
Валерияның аяғына бас ұрып, оны сүйе берді, махаббатқа толы ізгілік
сөздері, терең сезімі үшін оған жан алғысын жаудырды-ай келіп.
— Солай, парасатты, Спартак, менің сенімен бірге өмір сүргім келеді,
саған жар боламын, меймандос Фракияның таулары — біздің
махаббатымыздың тұрағы болады,— деді Валерия Спартакты
көкірегіне қыса құшақтап тұрып.
Осындайлық сүйіспеншілік лебіне елтіген Спартак, өзін де, бүкіл
дүниені де ұмытып, баяу үнмен күбірлеп сөйлей берді:
— Ия... сендікпін... сендік... мəңгі-бақи... құлыңмын... малайыңмын...
сендікпін...
Бір мезетте қанын ішке тартып, артына жалт қараған Спартак,
Валерияның құшағынан сытылып шықты да, жан-тəнін сала құлағын
тіге қалды.
— Саған не болды? — Деп сұрады секем алған Валерия.
Үндемеші!—деп күбірледі рудиарий естілер-естілмес үнмен.
Сол мезетте бұлардың екеуі де меңіреу тыныштықтық жара
варварлық тілде — грек жəне фракия тілдері аралас — төмендегі
өлеңге қосыла шырқаған жастардың мыңғырлаған күшті даусын естіді.
Бостандық! Бостандық! Құдіретті тəңірім
Ерлікке құлшынтып, айнымас жігер бер,
Əлсізді ажалдан сақтап қал, қолдай көр,
Бостандық! Бостандық! Құдіретті тəңірім!
Қанатыңның астына ап желе де, жебей бер,
Қабырғадан қан жауып, тебінгіден ақса тер;
Жарақты жау қолы қайыса қаптаса,
Құлдардың бұғауын майрылмас ет семсер.
Құлдықта, азапта еңіреген елдерде,
Жетесіз ынжық та серпілер кез келді,
Қас қорқақ қасқая теңдесер ерлерге
Бостандық! Бостандық! Құдіретті тəңірім!
Болса да ажарсыз біздің бұл əніміз,
Артсыншы екі есе күшпен зəріміз.
Қуат бер денеге қасіретке шалдыққан,
Қару aп қаптайық! Шақырам осыған!
Тазарсын залымнан зұлматты бұл жалған!
Өмірінің тағдыры бейнебір осы өлеңде тұрғандай-ақ, Спартак
естілген үннен басқаның бəрін де ұмытты, ал Валерия бұл өлеңнен тек
грекше бірнеше сездерді ғана аңлады.
Лəм-мимсіз тұрған оның аппақ қардай жүзінде рудиарийдің
кейпінде алаңның ізі бар еді, бірақ ол мұның себебін біле де қойған
жоқ.
Алыстағы гладиаторлар əні қашан тынғанша, бұлар да үн түнсіз
тұрды. Сонан соң Спартак Валерияның қолынан сүйіп, кемсеңдеген
дауыспен:
— Ғафу ет... Валерия... Лажым жоқ... мен біржолата сенікі бола
алмаймын. Өйткені бұдан былай менің өз билігім өзімде емес...— деді.
— Спартак!.. Сен не айтып тұрсың?.. Не дедің?.. Сенің жүрегіңді менің
игеруіме басқа қандай əйел ара тұрмақ?
— Жоқ, əйел емес,— деді жабыққан гладиатор, басын шайқап,—
менің бақытыма кесе-көлденең тұрған əйел емес. Жоқ! Бірақ мен...
оның не екенін айта алмаймын... Аузым бармайды... Бұл жөнінде мен
бұзылмастай, қасиетті ант бергемін. Бұдан былай менің өз тізгінім,
өзімде емес. Сондықтан,— деді ол ең ақырында қалтыраңқы дауыспен,
— сенен шалғай алыста, сенің отты лебіңнен айрылып мейлінше
бақытсыз, нағыз сорлы жан болатынымды біл де қой!..
— Не деп тұрсың? деді шошынған Валерия, сүйріктей қолдарымен
Спартактың жүзін өзіне қарай бұра түсіп. - Ақылыңнан таңғанбысың?..
He айттың жаңа? Сандырақтап тұрмысың? Сені менен кім айырмақ?..
Айт деймін! Азаптама мені, айт кəне, кім!..
Құлақ ас маған, сүйікті Валерия, тыңда,— деді Спартак дірілдеген
үнмен, оның бұзылып кеткен өңінен көкірегінде бұрқ-сарқ етіп
қайнаған бүтіндей ішкі сезім қайшылықтарын түсінуге болғандай еді,
— сөз тос... Айтуға аузым бармайды... Сенен мені алыстатушы қандай
себеп екенін айтуға менің дəрменім жоқ... Сен тек біліп қой - ол əйел
емес... Түсінуің керек... Сенен мені айыру басқа əйелдің қолынан келер
ме? Сенің өмірің мен аяулы атыңды, өзімнің өмірім мен атымды ауызға
алып ант етейін, ерте ме, кеш пе мен — сендікпін, əрқашан сендікпін,
сенің кейпің жəне тұлғаң менің бірден бір сыйлайтын, табынатын
нəрсем...
— Саған не болған? — деп сұрады, əйел көз жасын əрең іркіп.— Онда
сен маған бұл сырыңды неге ашпайсың! Шынымен-ақ менің
махаббатыма, сөзсіз берілгендігіме шүбəланамысың? Мен бұған көзіңді
жеткізбедім бе? Сенің əлі де басқа қалайтындарың бар екен ғой!.. Айт...
бұйыр... маған не істе дейсің?..
— Айта алмаймын, айта алмаймын? — деп бақытсыз Спартак
дауыстап жіберді.— Айтуға правом жоқ!
Валерия оны жылап тұрып, құшағына алды. Спартак сөзін аяқтай
берді:
— Бірақ, сен үшін өзімнің антымды бұзуға рұқсат алысымен қайтып
келемін... мен орайы келсе, ертең бүрсүгіннен қалмаймын. Егер
екеуміздің арамызда, қазірде бірімізді-бірімізге қосушы махаббаттан
да күшті махаббат тұра алатын болса... сен мені кешіресің жəне
бұрынғыдан да бетер сүйетін боласың... Қош енді... Қош.., ардақтым,
Валерия!
Спартак байғұс жанға бітпеген жігермен өзін-өзі күшпен, сүйікті
арудың қолынан сытылып, қабылдау бөлмесінен шығып жүре берді.
Алабыртып, қапаланған Валерия есі-түсін білместен сұлқ құлап түсті.
IX ТАРАУ. РЕСПУБЛИКАНЫ МЕН САҚТАП ҚАЛДЫМ ДЕП БІР
МАСКҮНЕМ ҚАЛАЙ ОЙЛАДЫ
Римнің негізі салынуынан бергі өткен 680 жылдың март
календарынан (15 февральда) он бес күн бұрын, Луций Корнелий
Сулланың қайтыс болғанынан төрт жылдан соң, римляндар Ромул мен
Римнің өздерінің анасы Луперканың, жерге жеміс беруші Пан
құдайдың құрметіне жəне ағайынды екеуінің тамаша балалық шағын
есте қалдыруға арнаған Луперкалий мейрамын мерекелеп жатты.
Луперкалий деп Пан құдайға арналған орман ішіндегі, Палатин
белесінің төскейіндегі, үңгірді айтатын. Ертедегі аңыз бойынша, Ромул
мен Ремді сол арада қаншық қасқыр өзінің сүтімен асыраған екен
дейді.
Танертең ертемен луперктер — патрицийлер тегінен шыққан өтемөте білікті жас жігіттердің арасынан сайланатын əулиелер, луперк
үңгірінің аузына жиналды. Олардың бəрі хазіреттерше киінген. Көп
кешікпей бұларға бекзада жас жігіттердің тағы бір тобы қосылды.
Құрбандық шалуда басты роль атқаруға тиіс болғандықтан, олардың
ішінде екі адам ақ тога киіп, мауыты венок асынып алған.
Бұл топ келісімен виктимарийлер қолдарына пышақ алып, он екі
теке, тағы соншалық күшіктер шалды. Құрбандық шалудан соң
луперктардың бəрі қолына семсер алып, оны шалынған құрбандықтың
қанына малды да, екі жас патрицийдің маңдайына тигізді. Сол-ақ екен
басқа луперктар олардың маңдайына жұққан қанды сүтке матырылған
жүнмен сүрте бастады. Қанның ізі маңдайларынан сүртіліп болған
шақта, ежелгі ресім бойынша, жігіттер ішек−сілесі қатқанша күлді.
Бұл ресім, тəрізі, малшыларды пəк ету салтын бейнелейтін болса
керек.
Осыдан соң салт бойынша, жуынып дəрет алу болды, ал мұнан кейін
луперкта күнəдан пəк жас жігіттермен, олардың дос-жарларымен бірге
салтанатты той-думан құрды.
Луперктар стол басында отырған шақта, үңгір халыққа лық толды.
Орман ішін жəне маңайдағы жолдардың бойын жұрт кернеп кетті.
Олардың арасында əйелдер өте көп еді.
Бұл дүрмектің күткені не? Мұның мəнісі тек көңілді аулау əсерлі
луперктар стол басынан тұра сала, сойылған малдардың терісінен
туникаларының сыртына белбеу буынып, қолдарына сол есрілерден
өрілген қамшы алып үңгірден дүркірей көшелерге жүгіре шыққан беті
кез келгеннің бəрін қамшының астына алып кеп бергенде ғана мəлім
болды.
Қыздар құрбандық қамшысының тиюі — күйеуге шығуды, ал
əйелдер— жүкті болуды тездетеді, деп сенетін болғандықтан, барлық
көшелердің бойында қолдарын төсеп луперктарға қарама-қарсы қуана
жүгіріп келе жатқан матроналар мен бойжеткендерді көруге болатын
еді.
Қазіргі дін сияқты, бағы заманның дінінде де діни ғұрыптың бəрі тез
иланатын аңқаулар есебінен көбінесе қулар өткізетін бірсыдырғы
құпия көңіл көтеру жиыны үшін сылтау болатын. Бұл жолы мереке
шығындарын мақтаншақ луперктардың өздері көтерді, демек, əулие
атану, сұлу қыздар мен көрікті матроналарды қамшымен шықпыртып,
ол үшін олардың назды сөздерін естіп, сүйкімді күлкілеріне бөлену
үлкен құрмет жəне зор ғанибет болып табылады.
Соңынан қалың дүрмек ерген луперктардың бір тобы Тибрдегі
аралға қарай жүгіріп кетіп қалды. Ол кезде жұрт мекендей қоймаған
бұл аралда үш күмбез: Эскулап, Юпитер, Фавн шіркеулері болатын.
Фаин шіркеуі портигінің колонналарының біріне сүйеніп,
луперктардың əрлі-берлі жүгірісіне самарқаулана қарап, еңгезердей
ұзын бойлы, сымбатты бір жігіт тұрды. Гректердің статуясындай
сұңғақты мойынына сесті бас бітімі үйлесіп тұр; қап-қара көмірдей
жылтыраған шашы биік маңдайына, мағналы өткір көздеріне
жарастықты өң беріп тұр. Бұл жас жігіттің мұрын бітімі де пістедей
əдемі келген; қалыңдау қайқы ерінді, оймақ аузы ондағы сезімталдық
жəне əкімдік шабыттарын аңлатқандай. Етінің аппақтығы сирек
кездесетін бұл сымбатты адамның жүзіне сүйкімді қажырлы шырай
беріп тұр.
Бұл Кай Юлий Цезарь еді.
Ол гректерше сəнді киінген. Қызылмен көмкеріліп, белінен қыпқызыл баумен тартып қойған аппақ қардай жібек туника сыртынан,
айналасын көкпен əдіптетіп биязы ақ шұғадан тога киген.
Сол уақытта Юлий Цезарьдің жасы жиырма алтыда еді. Ол өзінің
талаптылығы, білімділігі, сөзшеңдігі, сүйкімділігі, алғырлығы,
рухының күштілігі мен жұрттан асқан кербездігі арқасында бүкіл
Римге мəшһүр болған.
Нағашы апасы Юлия жағынан келгенде Кай Марийдің бөлесі жəне
өзінің байланыстылығы, жеке басының ниеттестігі жағынан
марийшыларға жататын. Кай Юлий Цезарь он сегіз жасында
Корнелияға үйленген. Корнелияның əкесі, Луций Корнелий Цинна,
төрт рет консул болған жəне тевтондар мен кимврлерді жеңушінің
нағыз жақтаушысы болып саналатын. Өзінің дұшпандарын жермен
жексен етіп диктаторлыққа қолы жетісімен-ақ Сулла Юлилер
семьясының Марийді қолдаушы екі адамын өлтіруге бұйрық беріп, ал
жас Кай Юлий Цезарьға əйелі Корнелиядан айрыл деп қиғылық салды;
сол уақыттың ішінде-ақ аса жігерлі жəне қайсарлығымен ауызға
іліккен Цезарьдің бұған көнгісі келмеді де, сонысы үшін Сулла оны
өлім жазасына кесті: тек Сулланы жақтаушы ықпалды адамдардың
жəне весталкалар коллегиясының қорғауы арқылы ғана ол өлімнен
аман қалды.
Римде Сулланың өктемдігі жүріп тұрған шақта, Цезарь өзін
қауіпсізбін деп санай алмады. Цезарьдің өмірін өзіне қиюды
сұрағандарға диктатор: «Бұл жас Юлийдің бір өзі көптеген марийларға
татиды деп тектен тек айтқан емес-ті.
Цезарь Сабинаға кетіп қалды да, онда қашан Сулла өлгенге дейін
Лациум жəне Тибертин тауларында жасырынып жүрді.
Римге қайтып келісімен, ол соғысқа аттанып өзінің ерлігімен көзге
түсті.
Соғыс жорықтары аяқталған соң Цезарь Грецияға жол тартып, онда
көрнекті философтардан тағлым алып, үздік шешендер мектебіне
қатыспақ болды. Бірақ оның мінген кемесі Формакуза жанында
қарақшылардың қолына түсіп, Цезарь өзінің барлық нөкерлерімен
тұтқында қалып қойды. Бұл сапарда ол өлшеусіз ерлік қана емес, өзінің
сүйегіне біткен əр мінезділік қабілетін де көрсетті, бұл қасиеті кейінде
оны бүкіл дүние жүзіне үстемдік етуге жеткізді. Ол қарақшылардан
менің басымды босату үшін қанша ақша сұрайсыңдар дегенде, аналар
жиырма талант талап етті; сонда жас жігіт такаппарлана сөйлеп, өзінің
құны елу таланттан кем емес екенін жəне бұл сома оларға төленетінін
айтты, ал өз басын босатып алған соң, бұларды қуып жетіп ұстап, бəрін
де креске керіп өлтіруге бұйыратынын ескертті4.
Жұрт юлилер тегінен шыққан адамның сəлеміне сенетініне көзі
жеткен Цезарь, бірнеше нөкерлерін Эфес, Самос тағы басқа да көршілес
қалаларға аттандырып, олардан елу талант алдырып, оны
қарақшыларға берді. Өз басын босатып алысымен-ақ іле-шала,
маңайдағы
порттардан
бірнеше
триремді
жинап
жіберіп,
қарақшыларды жатып кеп қуды, оларды қуып жетіп, тұтқынға алды да,
креске керіп өлтіру үшін претордың қолына берді. Претор оларды
құлдыққа сатпақ болғанын естіген Цезарь, өз құзырымен олардың
бəрін де керіп өлтіруді бұйырды, бұл бұйрығы үшін Сенат пен Рим
халқы алдында жауап беруге əзір екенін білдірді.
Осының бəрі Юлий Цезарьдің атағын бүкіл Римге жайды, оның
алапаты, əсіресе ол Кней Корнелий Долабелланы өз қарауындағы
Македония провиициясын басқарудағы жолсыздықтары үшін
ашықтан-ашық жəне батыл айыптаған шақта, мейлінше шарықтап
арта түсті. Цезарьдің бұл айыптау сөздерінің аталылығы жəне
мейлінше шешендік шеберлігімен айтылғаны соншалық, тіпті үздік
ділмар деген Цицеронның өзі де Долабелланы зордың күшімен əрең
ақтап қалды.
Фавн шеркеуінің портигінде тұрып, айнала толқыған шоғырға
сырттан қарап тұрған адамның жайы осындай еді.
— Кай Юлий Цезарьға сəлем!—деді Тит Лукреций Кар, оның
жанынан өтіп бара жатып.
— Саламатпысың, Кар,— деді Цезарь, «Заттардың жаратылысы
туралы» дастанының болашақ авторының қолын қысып.
— Парасатты Юлийдің мерейі үстем бола берсін!— деді мим
Метробий, күлдіргі ойыншылармен жəне акробаттармен бірге
жақындап келіп.
— А, Метробиймісің!— деді Юлий Цезарь мысқылдай күліп.— Сен
өміріңді текке өткізбейсің білем? Бірде-бір мейрамды, ақыры, көңіл
көтерудің бірде-бір болымсыз түрін де құр жібермейсің.
— Ой, сымбатты Юлий-ай! Құдай беріп тұрғанда өмірдің қызығын
көріп қалайық та... Эпикур айтқан жоқ па еді...
— Түсінікті, түсінікті, — деді Цезарь Метробийдің сөзін бөліп, соған
Эпикурдің сөздерін мысалға келтіртіп жатпай-ақ қояйыншы дегендей.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 11
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.