Latin Common Turkic

Спартак - 05

Total number of words is 4055
Total number of unique words is 2241
33.9 of words are in the 2000 most common words
47.4 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дейтінмін. Мен де езілгендер əулетіненмін.
Ол осыны айтты да, Спартактың добалдай қолын ұстап, жылы
жүзбен жымия күліп тұрып, оны өзінің үлбіреген, сүйріктей
саусақтарымен қыса түсті.
..
Өне бойы тағы да шымыр ете қалған гладиатор қайран болған күйі:
— Мұның айтып тұрғаны рас екен. Біздің құпия белгімізді де білетін
көрінеді, — деп күбірледі.
— Мен Священная көшесінің бойында, ұлы Янустың шеркеуіне
жақын тұрамын; кел, өзің қолға алған ардақты іс жөнінде мен саған көп
көмек бере аламын.
Спартактың не деп жауап беруді білмей тұрғанын аңдаған ол майда
сөздермен оның асты-үстіне түсіп, сенетіндік жəне қиылғандық
білдіріп құлдық ұрды:
— Кел!..
— Келейін,— деп жауап қатты Спартак.
— Қош!—деді куртизанка латын тілінде, екі гладиатормен қош
айтыса қолын сермеп.
— Қош бол!—деді Спартак.
— Қайыр, қош, барлық періштелерден де өткен хор сымбатты сұлу!
—деді Крикс, жанында тұрған сұлудан көзін ала алмай.
Ол сілейіп тұрып қалған күйі, кетіп бара жатқан Эфтибидаға ұзақ
қарады. Егер Спартак оны түртіп қалып:
- Крикс-ay, осы арадан қозғалу ойында бар ма, сірə?- демеген болса,
оның осы елтіген күйі қанша уақыт тұрары белгісіз де еді.
Жалт қараған галл, есін жиды да, артына əлсін-əлі қарай түсіп, кете
барды. Үш жүз қадамдай барған соң:
- Сені Фортунаның шын сүйген ұлы десем, онымды тағы да
жаратпас па екенсің? Ай, қарарсызсың-ау!.. Үстіңе қанатын жайып
төніп тұрған бұл ойнақы періштеге ескерткіш соғып берсең де рауа
емес пе!— деп дауыстап жіберді.
— Бұл бейбақтың маған не үшін ықласы түсіп, тілге келе қалды
екен?
— Оның кім екенін мен білмеймін жəне білгім де келмейді; менің
білетінім — ол Венера, егер дүниеде бар екені рас болса, оның
сұлулығы тап əлгі қыздан бір де артық емес.
Тап осы мезетте бағана Валерияның жанында кетіп бара жатқан
құлдарының бірі гладиаторларға жетіп келiп:
— Спартак қайсың? —деп сұрады.
— Мен,— деді фракиялық.
— Қарындасың Мирца бүгін, түн ортасы шенінде сені Валерияның
үйінен күтем деді: сенімен тығыл-таяң бір іс жайында сөйлесуге тиіс.
Құп, барайын.
Осыны айтты да құл кері кайтты, ал өз жөндеріне тартқан екі дос
көп кешікпей Палатин жотасынан асып көзден таса болды.
V ТАРАУ. КАТИЛИНАНЫ ТРИКЛИНИЙІ, ВАЛЕРИЯНЫҢ ҚОНАҚ
ҮЙІ
Катилинаның Палатин жотасының оңтүстік сілеміндегі үйі ол
күндерде Римдегі ең үлкен жəне əсем үйлердің бірі болатын, жарты
ғасыр өткен соң ол Гортензий шешеннің үйімен бірге Августың үйлері
санатына қосылған-ды. Өзінің ішкі салтанаты, мүлік-жабдығы
жағынан да үй басқа көрнекті патрицийлардың үй-жайынан ешбір кем
түспейтін, ал нақ сол күні кеште достары мен Катилина ложаларында
шынтақтай жатып, сауық-сайран құрған оның триклинийі ол уақытта
Римдегі ең бай жəне салтанатты триклинийлердің бірі.
Ұзыннан ұзақ, бұл аса кең зал тиволий мраморынан жасалған алты
діңгекпен екіге бөлініп, оларды айнала қойылған əртүрлі гүлдер
бөлмені хош иіске бөлеп тұрады.
Залдың қабырғасы бойын қуалай, гүл өрімдері мен діңгектердің
арасында əдеп, ұят жағынан жұрдай болғанымен, аса шебер жасалған
мрамор статуялар көрінеді.
Үйдің əшекейлі еденіне нифтердің, сатирлердің жəне фавндардың
тағылық билерінің бейнесі салынған: олар бірімен-бірі мидай
араласып, бидің артист қиялынан туған не бір керемет иіндерін
көрсетіп тұр.
Залдың түкпірінде, мінсіз жақсы дөңгелек мрамор столды айнала
бронзадан жасалып, мамық төселген жəне биязы пурпурдан
жамылғысы бар ас ішетін биік үш ложа тұр. Төбеде салбыраған алтын
жəне күміс лампалар тек залға жарық беріп қана тұрған жоқ, сонымен
бірге, жаныңды жай таптырып, тұла бойыңды қорғасындай балқытқан
аса күшті хош иістер аңқытып тұр.
Қабырғаға таяу гүл өрімдерімен, жапырақтармен жаппай
əшекейленіп жасалған, іші үлкенді-кішілі, əртүрлі күміс ыдыстарға лық
толы үш қола шкаф тұр. Қоладан жасалып меруерт-маржанға, асыл
тастарға бөленген он екі эфиоптың статуялары ұстаған күміс
шырағдандар залдағы жалпы жарықтың сəулесін күшейте түседі.
Ложаларда манаурап, Курион, кейінде халық трибуны болған
албырт жас Луций Бестия жəне борышқа белшесінен батқан, енжар
жас патриций, 691 жылғы заговорда Катилинамен, ал одан соң
консулдық жағынан Цицеронмен жолдас болған Кай Антоний жатыр.
Цицеронның қажырлылығы арқасында Кай Антоний сол жылы ақ
өзінің бұрынғы сыбайласы Катилинаны жоқ қылып тынды. Мұнда
бетімен кеткен бұзақы патриций Луций Кальпурний Пизон Цезоний де
болатын, бұл да борышы басынан асқан адам, 691 жылы бұл
Катилинаны сақтап қала алмады, бірақ мұның есесіне 696 жылы ол
үшін кек алуды тағдыр осыған бұйырған болып шықты, өзі консул
болды да Цицеронды аластатып қуып тынды.
Пизонның жанында əйел пішінді қызыл шырайлы, бұйра шашты,
жағы қушиған, даусы мас адамша қарлығып шығатын жасы
жиырманың шамасында бір жас жігіт жатыр. Ол Катилинаның шын
досы — Авл Габиний Нипот дейтін, бұл да 696 жылы консул болған,
Пизонмен тізе қосып Цицеронды аластауға қызу атсалысқан-ды.
Габинийге құрметті орын тиіпті, ол ортадағы ложаның асханаға кіре
берістің оң жағына қараған шетін ала отыр; демек, осы тойдың
патшасы сол болуға ұқсайды.
Оның қатарындағы ложада жас патриций Корнелий Лентул Сура
отыр; бұл да нағыз бұзылғанның өзі, дүние шашуға келгенде
басқаларынан кем түспейтін, бірақ алғыр, қарулы жігіт; 691 жылы ол
өзі үлкен рөл атқаруға тиіс болған Катилинаның көтерілісі бұрқ еткен
күннің дəл қарсаңында, Цицеронның бұйрығы бойынша қапаста
тұншықтырылып өлтірілді. Оның жанында шалдуар өжет жігіт Цетег
отыр. Сол ложада, ең соңында баққұмар, қатыгез жəне нысапсыз Кай
Веррес қисайып жатыр.
Шақырылғандардың бəрі де ақ түбіттен тоқылған стол басы киімдер
киген, бастарында əртүрлі гүлдерден жасалған веноктары бар.
Катилина өзінің достарына тартқан тəтті-дəмді кешкі ас ішіліп болуға
болуға жуықтаған. Бұл тоғыз потрицийдің арасында болып жатқан
əзіл, күлкі, ыдыстардың сыңғыры, гу-гу сөздер бүкіл залды басына
көтеріп, Катилинаның аспаздарының, əсіресе, шарапшылардың асқан
шеберліктерін айқын сипаттағандай.
- Маған фалерн шарабын құйыңқырай түсші!—деді мас болып даусы
қарлыққан сенатор Курион қолындағы күміс кесесін шарап
құюшылардың біріне ұсына беріп. - Құй маған фалерн шарабынан,
Катилинаның жомарттығын мақтағым келіп отыр, қуса құмалақ
түспейтін сараң Красс өзінің бүкіл байлығымен қоса мүрдем кетсін!..
— Красс!.. Красс!.. Менің жанымды жегідей жеп, түнде түсімнен,
күндіз ойымнан шықпайтын бір ғана пəле осы!..— деп күрсінді Кай
Веррес.
- Саған ұйқы бермейтін оның ұшы-қиырсыз мол байлығы ғой, байғұс
Веррес?—деді жанындағы көршісін сынап, оған кекесінмен қараған
Авил Габиний, əсем бұйра шашының білтелерін ақ саусақтарымен
түзей түсіп.
— Теңдік түні шынымен-ақ тумай кеткені ме? — деді Веррес
күрсініп.
— Əлгі есуас Гракхи мен жарымес Друздың плебейлерге жер бөліп
беру мақсатымен қаланы тік көтерілдірмек болғанда не ойлағанын
түсінбеймін,— деді Кай Антоний.— Олар кедей патрицийлар туралы
атымен ешнəрсе ойламаса керек! ІІІаруашылығымыздың табыстарын
нысапсыз обыр банкирлердің көзімізді бақырайтып қойып еміп
жатқанын көріп отырған бізден де сорлы бар ма екен? Өзімізге
қарызға берген ақшадан олар процент алуды сылтау етіп, бересімізді
төлеу мерзімі жетпей жатып, кірістерімізге тоқтау салады.
— Əкелеріміздің адам айтқысыз сараңдығы жəне заңның мойын
бұрғызбайтын қатыгездігі себепті жастық дəуреніміздің қызықты
күндерін іске аспайтын арманның азабында, кемтарлықта өткізуге
душар болған бізден сорлы кім бар? — деді Луций Бестия тістерін
қайран əлгіде ғана ішіп босатқан кесесін құшырлана қыса ұстап.
— Патриций болып мазақ үшін туған, тек əйтеуір атағымыз үшін
қара халық қана құрметтейтін бізден сорлы кім бар дейсің? — дейді
Лентул Сура, мейлінше жабыққан пішінмен:
— Тога жамылған жалба тайлақтармыз ғой біз...
— Ценздан жұрдай болып, пурпур кигендерміз!
— Римнің бай республикасының сауық-сайранынан орын тимейтін,
езілген қайыршылармыз!
— Өсім алушылар мен банкирлерге өлім келсін!
— Он екі таблицаның заң біткені тамұққа күйсін!
— Преторлық бұйрықтар да сонымен қоса кетсін!
— Атамыздың өкіметі Эрбке түссін!
- Сенаттың шаңырағына Найзағайлы Юпитердің жайы түсіп, күлін
көкке ұшырсын!
- Бірақ сол күні Юпитер алдын ала ескертіп қойсын, мен онда
бармай қалатын болайын!—деп міңгірледі, əбден мас болып
қалжыраған Курион.
Мастық күтпеген жерден тауып айтқан бұл сөзіне жұрт ду күліп,
бағанадан бергі қарғап-сілеу, балағаттау сөздер де осымен аяқталды.
Осы сəтте триклинийге бір құл жетіп келді де, үй қожасының
құлағына сыбырлап бірдемелер айтты.
- Ия, тамұқтың құдайларына тəуба!..— деп дауыстады Катилина
қуанып.— Келді ме! Оны қасындағы көлеңкесімен бірге дереу осында
ертіп келіңдер.
Құл құлдық ұрып, енді жөнеле берем дегенде, Катилина оны
тоқтатып алып:
Сый көрсетіңдер. Аяқтарын жуып, сүртіп, майлаңдар,стол басына
киетін киімдер, веноктар беріңдер,— деді.
Құл тағы да тағзым етіп шығып кетті.
Катилина триклинийға дауыстап:
- Эпафор, столды ас-судың қалдықтарынан босатып, келетін
достарым үшін басқы ложаға қарама-қарсы екі орындық қой; бөлмені
музыканттардан, ойыншылардан, құлдардан арылт та, біразға
созылатын, көңілді жəне сүйсінерлік ойын-сауық үшін не керектің
бəрін көрші бөлмеде əзірлеп қой,— деді.
Асхананың іші жиналып тəртіптелген соң, күміс шараларға көбігі
бұрқыраған елу жыл жасамыс фалерн шарабын жайымен сіміре түсіп
отырған бұрынғы қонақтар жаңа қонақтың келуіне ерекше назар
аударып, оларды тықырши күтті. Құл бастаған қонақтар венок салып,
ақ того киіп үйге кіріп-кіріп келді.
Бұлар Спартак пен Крикс болатын.
-Осы үнді, оның абзал қонақтарын құдайым желеп-жебей берсін!деді Спартак бөлмеге кіре бере.
- Бəріңізге де сəлем! – Крикс оған қоса.
- Өзіңнің де, досыңның да мерейлерің үстем болсын, Ержүрек
Спартак! – деді Катилина рудиарий мен гладиаторды қарсы алып.
Осыны айтты да, ол Спартакты қолынан жетелеп, бұрынғы өзі отырған
ложаға апарып отырғызды; Криксті құрмет ложасына қарама-қарсы
қойылған екі орындықтың біріне отырғызып, онымен қатар екіншісіне
өзі отырды.
- Сонымен, Спартак, бүгінгі кешті менің дастарханымның басында
мына сияқты бекзада, өжет жастармен бірге өткізгің келмеген болды
ғой? — деді Катилина, қонақтарын нұсқап.
— Неге өйтейін? Оралым келмей қалды, Катилина, егер остиарийің
менің. аманатымды адал ақтаған болса, мен саған бұл жөнінде
ескерткенмін.
- Солай, сенің мұнда кешкі асқа келе алмайтының туралы хабардар
еткенім рас...
- Остиарийдің қарапайымдығына сене алмай, онымның себебін
неліктен хабарламағанымды біле алмаған болдың ғой. Гладиаторлар
бас қосатын осындағы бір асханаға барып, бұл сорлы жандар арасында
үлкен ықпалы бар кейбіреулерге жолығуға тиіс болдым.
— Сөйтіп,— деді бір мезетте Луций Бестия кекесінмен,— сөйтіп, біз
гладиаторлар, өзіміздің азаматтығымызды ойлап жəне өз
праволарымызды сөз еткенде, сол правоны қолға алып қорғамақ
екенбіз ғой?..
Спартактың өңі бұзылып кетті, ол столды қойып қалып, орнынан
тұра бере:
— Əрине, солай, Юпитердің найзағай біткені куə, тек...— деді.
Осы сəтте ол өзін-өзі кенет тоқтата қойып, кейпін өзгерте, сөз аяғын
байсалдылықпен сабақтай түсті:
— Тек құдіреті күшті құдайлар, тілекті беріп бекзада патрицийлер,
сіздер қош көретін болсаңыздар, езілгендердің азаттығы үшін қару
ұстап шығуға біз əзірміз!
— Мына гладиаторларың өгізше өкіре ме, қайтеді,—деп міңгірледі,
осы кезде қалғи бастаған Курион, қасқа басын біресе оң иығына, біресе
сол иығына жығып.
— Бұл сияқты өркөкіректік Бақытты Луций Корнелий Сулла болам
деушілік те,— деді оған қосылып Кай Антоний.
Қонақтардың кекесіндері бұл əңгіменің ақыры неге апарып
ұрындыратынын сезген Катилина орнынан тұрды да былай деді:
— Тектеріңнің құдіреттілігіне қарай, өздерің сөзсіз праволы болған
— байлық, өкімет, азаттық сияқты нəрселерден рақымсыз тағдыр
қолжулы еткен Римнің бекзада патрицийлері, сендерге; ізгілік жəне
ержүректілік қасиеттерің өзіме мəлім, адал достарым, сендерге мынау,
отырған қайтпас ер рудиарийді, тəнінің күші, жанының оты жағынан
фракиялық емес, Рим азаматы жəне патриций болып тууға кəміл
лайық Спартакты таныстырғым келеді. Бұл біздің легиондарымызда
жаумен шайқаса жүріп, өзінің ерлігін іс жүзінде көрсеткен, азаматтық
венок пен декандық дəрежесіне ие болған адам...
- Сонысына қарамастан, сəті түсе қалған шақта біздің əскерлерімізді
тастап қашып отырған,— деп қосарлана қағытты Луций Бестия оның
сөзін бөліп.-Е, оның несі бар!—деді мұны жақтырмаған Катилина жұлып
алғандай жəне екілене түсіп.— Туған еліне қарсы шайқасқан бізді
өзінің отанын, өзінің бауырларын қорғау үшін тастап кетсе оның иесі
айып. Егер сендердің біреулерің Митридаттың қолына тұтқынға түсіп,
оның армиясы қатарына қосыла қалсаңдар, сол уақытта, рим
қырандары алғаш кездескенде-ақ жаудың өшпенді туын тастай беріп,
өз жерлестеріңнің туы астына келуді құрметті борышым деп санамас
па едіңдер?
Осы сөздер айтылғанда оны мақұлдаушы күбірлер,емеуріндер
сезіле бастады, тыңдаушылардың бұл сияқты саңлағын пайдаланған
Катилина əңгімесін онан ары сабақтай түсті:
- Бұл алып күшті адамның ешбір тайлықпастан жəне жеңілуді
білместен циркте сайыса жүріп, гладиаторға да емес, қабілетті
командирге лайық ерліктер жасағанын бəріміз де көрдік жəне бүкіл
Рим көріп, ішкен асын жерге қойып отыр. Өзі тап болған жағдайдан
жəне бақытсыз тағдырдан шоқтығы анағұрлым биік тұрған бұл адам
бірнеше жылдан бері өзінің бүкіл ақыл-ойын қауіп-қатерді, бірақ
қасиетті іске бөлуде, бұл гладиаторлар арасында астыртын заговор
жасады. Қасиетті ант біріктірген бұл жандарды ол бір сəтті күні
өздерін азапқа жəне өлімге душар етуші тиранға қарсы күреске алып
шығып, олардың қолын азаттыққа жеткізген соң туған елдеріне
қайтармақ.
Катилина осыдан соң аз үндемей тұрды да, тағы да мынаны айтты:
- Сіздермен менің де көптен бері ойға алған ісіміз осы емес пе?
Бостандықтан бөтен гладиатордың тілегені бар ма? Біздің тілейтініміз
не? Біз сол олигархияға емей, енді кімге қарсы көтерілмек едік?
Республика олигархтардың билеп-төстеуіне түскеннен бері патшалар,
тетрархилар мен халық соларға ғана алым төлеп келеді, ал тепсе темір
үзгендей басқа азаматтар – тектісі бар, тексізі бар – біздің бəріміз де,
қоғамның бақытсыздықта езілген, өз қатарынан кем қалған,
жеккөрінішті сілімтігі болып барамыз.
Жас патрицийлердің арасында серпілу пайда болып, өшпенділік ыза
, кек алуды аңсай сезімдері билеген олардың көздеріне от
ұшқындайды.
Катилина сөз аяғын жалғай түсті:
- Отымыздың басын қайыршылық жайлаған, түзге шықсақ
борыштан бас ала алмаймыз, қазіргі күніміз қасіретті, келешегіміз
одан да бетер түнек.Мұндай сұр өмірді малданып не керек? Серпіліп
оянар күн жеткен жоқ па?
— Ояналықшы!—деді қарлыққан дауыспен, қалғып отырған Курион
көздерін уқалай түсіп, ол Катилинаның соңғы сөзін естігенімен, бірақ
оның байыбына əлі де бара қоймаған еді.
Заговоршылар Сергийдің сөзін қаншама беріле тыңдап отырса да
Курионның бұл сөзін естігенде олардың бір де бірі күлмей қала
алмады.
— Миностың қаһарына ұшырап, қылығыңа қарай сазайыңды алғыр,
нəжіс пен шараптың күбісі болған жексұрын жанды қуыршақ!— деп
күжілдеді жұдырығын тас түйіп алған Катилина езбалдақ маскүнемнің
жер-жебіріне жетіп.
— Өшір үніңді, ұйықтай бер, сұмпайы!—деп ақыра түрегелген
Бестия Курионды түйіп қалғанда анау ложаға ұзынынан түсіп сұлай
кетті.
Фалерн шарабынан жайымен бірер қылқ етті де Катилина аз
тымтырыстан соң сөзін аяқтай берді:
— Сонымен, құрметті азаматтар, бүгін сіздерді шақырып алғандағы
мақсатым: Спартак пен оның гладиаторларын өз ісімізге тартуымыз
қолайлы ма, жоқ па, осыны шешу еді. Егер біз жоғарғы өкімет,
мемлекеттік қазына мен айбынды легиондар қолында отырған
олигархтар мен Сенатқа қарсы көтерілісті жалғыз жасайтын болсақ,
онда, əлбетте, мұнымыздан ешнəрсе шықпайды, бəрібір бұл істің
кəдесіне шын аса алады деген адамдардан жəрдем іздеуімізге тура
келеді; қолында түгі жоқтардың төрт құбыласы түгел адамдарға қарсы
соғысы, құлдардың төрелерге қарсы, езілушілердің езушілерге қарсы
соғысы біздің де төл ісіміз болып саналуы тиіс. Сондықтан
гладиаторды біздің серікке алмайтын, өзіміз басшылық етіп, оларды
рим легиондарына топтастырмайтын неміз бар? Мен мұны ешбір
түсіне алмаймын. Олай емес десеңдер, бұған менің көзімді жеткізіңдер,
онда ойға алған ісіміздің жүзеге асырылуын қолайлы уақытқа дейін
қалдыра тұралық.
Катилинаның сөзінен кейін ығы-жығы күбірлер естілді, тəрізіне
қарағанда, отырғандардың көпшілігіне оның сөзі ұнамағандай. Үй
иесінің сөзі кезінде патрицийлердің сыңайын аңлып бағып отырған
Спартак, қанын ішіне тартып сұрланып алған еді, сонда да байсалмен
сөз бастады:
- Катилина, мен мұнда келуге бел байлағанда, мына сияқты бекзада
патрицийлар сенің сөзіңе ұйып тоқырай қалар деп онша
үміттенбегеніммен өзімнің сыйлайтын адамым болғандықтан сенің
кəдеңе жарасам-ау деген едім. Енді, мына өзің бар, достарың бар,
пұрсат етсеңдер мен бар сырымды алдарыңа салайын. Халыққа, өжет
адамдарға, жаңалық табушыларға қас өкіметі жүз жылдан астам
уақыттан бері Римді дау-жанжалдың, бүліктің ұясына айналдырып
келе жатқан олигархтар тобы білікті тектің ерікті азаматтарын,
сендерді, мемлекеттік іс басқарудан сырт қалдырып, байлықтан
қолжулы етіп отыр. Сондықтан көтеріліс сендерге қазіргі Сенатты
құлатып, қаһары қатал заңдарды халыққа əділетті жəне байлық пен
правоны тең бөлетін заңдармен өзгерту, сенаторлардың орнына өз
араларыңнан шыққан адамдарды қою үшін керек. Бірақ қазіргі билептөстеушілер сияқты сендер де Альпінің арғы бетіндегі жəне теңіздің
арғы жағалауындағы халықтар варварлар күйінде қала берсе екен,
олар Римнің тепкісінде болып, өзімізге алым төлеп тұрса екен
дейсіңдер, амфитеатрларда қазіргідей гладиаторлардың қантөгіс
қырғыны болып тұрса екен дейсіңдер; бұл жеңушілер, сендер үшін күні
ертең өздерін шұғылданатын мемлекеттік қиын-қыстау істерден
кейінгі демалыс болмақ. Міне, сіздер бұдан басқаны көксеуге тиіс
емессіңдер жəне осының бəрі де, қысқасын айтқанда, сендер үшін бір
ғана нəрседен – қазіргі билеп-төстеушілердің орнын өзіміз бассақ
деушіліктен туған.
Ал, біз сияқты бақытсыз гладиаторлар үшін мəселе мүлдем басқада
жатыр. Жұрттың бəріне бірдей жеккөрінішті, азаттықтан да, отаннан
да айрылған, кім көрінгеннің ермегі болып бірімізді-біріміз өлтіруге
душар етілген біздің іздейтініміз азаттық, онда да толық жəне ақтық
азаттық, біз өз отанымызға өз босағамызға ие болғымыз келеді,
сондықтан да біз көтерілгенде тек қазіргі билеп-төстеушілерге ғана
емес, сонымен қатар олардың орнын басушыларға да қарсы күресеміз,
олардың аты мейлі Сулла немесе Катилина болама, Цетег немесе
Помпей болама, Лентул немесе Красс болама, бізге оның бəрібір.
Екіншіден, Римнің қайыспас қалың күшіне басқаның көмегінсіз бір
өзіміз ғана қарсы тұрғанда біз, гладиаторлар, жеңіске жетеміз деп сене
аламыз ба? Жоқ, жеңуіміз мүмкін емес жəне ойға алған ісіміздің өзі де
үмітті үздіруге айналып барады. Мен бұл уақытқа дейін өз ойымша,
Катилина, сені жəне сенің достарыңды біздің адал басшыларымыз
болар, консул атағы бар адамдар мен патрицийлар гладиаторлардың
легиондарын бастап, əскерге өздерінің қасиеті мен атағын берер деп
үміт артқан едім, сөйтіп көптеген жолдастарымның үмітін өз
басымдағы осындайлық жалған үміттің шалығымен оятқай едім; бірақ
дəл қазір, сендердің бойларыңа сіңген тəрбие-ғұрыптарың ешуақытта
да бізге басшы болуларыңа жол бермейтінін көрген соң, өзім арман
еткен, жанымның тұңғиық түкпірінде сақтаған ісіміздің өрге
баспайтынына көзім жеткендей болды. Енді мұны нағыз барып тұрған
есуастық деп біліп, шексіз өкініш сезімімен, бұдан біржолата бас
тартамын. Біз бес, он мыңдаған адамдарды көтерілдіре қалған күнде
де біздің сол көтерілісімізді бұдан басқаша атауға болар ма? Сонда,
айталық, менде немесе менің табымның басқа да адамдарында қандай
бедел, аброй болмақ? Біздің екі легионымыз, Минуций немесе Веций
дейтін римнің бір ержүрек всаднигі осыдан жиырма жыл бұрын Капуя
жанында жасақтаған мыңдаған гладиатордың кебін киіп, он бес-ақ
күннің ішінде сап болар еді.
Спартактың, қонақтардың пікірінше, бұл жексұрын варвардың,
сөздерінің əсерін ауызбен айтып жеткізу қиын еді. Біреулер оның
сөзшеңдігіне, кейбіреулер — ондағы ақыл-ойдың тым өрістілігіне, енді
біреулер— оның саяси идеясының тереңдігіне қайран қалысты,
қойшы, əйтеуір, олардың бəрі де құдіретті Рим аруағына көрсеткен
оның сынына мейлінше-ақ тояттағандай болды. Сөйтіп кешегі құлдың
шебер қытықтай білуімен римляндардың қанағат алған намысы
ержүрек фракиялықты ашықтан-ашық жаппай мақтаудың арнасына
тоғысып, енді бəрі де ең алдымен, Луций Бестия оны өзінің
қолдайтынын жəне достығын білдірді.
Мəселе ұзақ талқыланды. Əралуан көптеген пікірлер де айтылды,
ақырында олар ойға алған істі қолайлы күндерге дейін қалдыра тұруға
бел байлады: уақыттан тиімді ақыл, ал Фортунадан — батыл қимыл
үшін сəт сағатын күтпек болды.
Спартак өзінің, өзіне сенетін жəне сыйлайтын аз ғана
гладиаторлардың күшін, ол өнебойы азғана деген сөзге жанамалай
соғып отырды, Катилинаның жəне оның достарының қарамағына
ұсынды. Бұдан кейін, Крикс екеуі жағалай айналып, қонақтар венок
гүлінің жапырақтарын шашқан достық шарасын көтерген соң, Спартак
үй иесімен, оның қонақтарымен қош айтысты да, Криксті ертіп
патрицийдің үйінен шықты.
Көшеге шығысымен олар Сулланың үйіне қарай беттеді.
Сөзді алдымен Крикс бастады:
- Маған түсіндірші осыны, мен...
- Өшір үніңді, Геркулес үшін!— деді Спартак оның сөзін бөліп. –
Бəрін де кейін білесің.
Олар осылайша үн-түнсіз үш жүз қадамнан аса жер жүрді. Бір
мезетте рудиарий сөз бастады. Ол галлға мойын бұра жан-жағына
қарап алды да:
- Əлгі жерде адам тым көп болды, олардың бəрі бірдей біздің
жасымыздағылар емес жəне бəрі бірдей ақыл сабасында да отырған
жоқ, ол отырған жастарға сенуге де болмады. Сен байқадың ба, олар
біздің заговор жойылды деп түсінді, енді алжасудың сандырағы
сияқты жоғалып кетуі де тиіс. Сен қазір Акцианның гладиатор
мектебіне қайт, өзіміздің амандасу пароліміз бен қол қысысу кезіндегі
құпия белгіні өзгерт. Пароліміз бұрынғы «сəуле жəне бостандық»
орнына «тұрақтылық жəне жеңіс» болсын. Құпия белгіміз қол
алысқанда қолды үш дүркін жүремете қысу емес, енді оң қолдың сұқ
саусағымен анау адамның оң алақанына үш дүркін нұқу болсын.
Спартак Крикстің оң қолын ұстап тұрып, сұқ саусағымен оның
алақанына үш рет нұқып:
- Міне, осылай. Ұқтың ғой? – деді.
- Ұқтық, - деді Крикс.
- Ал енді, уақытты оздырмай жөнел, əрбір звено бастығы өзінің бес
гладиаторына осыларды ескертіп қоятын болсын. Біздің заговорымыз
ашылып қалу қалпында тұрғанын, кімде –кім бұрынғы парольді
айтып, бұрынғы белгіні қолданатын болса, мұнымен біздің ісімізді
біржолата құлататынын жəне қиын-қыстаулы ісімізді жүзеге асыру
əрекетінен де ада –күде бас тартуға біздің душар болатынымызды
бəріне де айтып түсіндіргейсің. Ертең ертемен Юрий Рабеций
мектебінде табысалық.
Спартак Крикстің қолын қысты да, жедел басып Сулланың үйіне
қарай кетті. Ол есік қақты; есік ашылып, Спартак ауызғы бөлмеден
өзінің қарындасы тұратын кішкентай бөлмеге енгізілді. Қожасына
мейлінше жаққан Мирца Валерияның туалетінің меңгерушісі болып
басты қызмет атқарып жүрген-ді.
Ол ағасын тағаты қалмай күтуде еді, есіктен кіріп келе жатқаннан-ақ
оған тұра ұмтылып, мойнынан құшақтай алып, бетінен қайта-қайта
сүйді.
Содан соң Мирца аса көңілді пішінмен Спартакқа, егер Валерия
тапсырмаған болса, оны өзінің мұндай мезгілсіз уақытта
шақырмайтынын, өзімен оның Спартак туралы жиі əңгімелесіп, жайжапсарын сұрай беретінін, ақырында өзімен терезесі тең емес
рудиарийге бұл сияқты білікті матронаның ерекше ықыластылығын
баян етті; рудиарийдің əлде де болса ешбір қызметке орналаса
қоймағанын білген Валерия оған жуырда Сулла Кумыдағы өзінің
дачасы жанынан ашқан гладиаторлар мектебін басқаруды ұсыну
ниетімен дəл бүгінгі кеште оны осында шақыруды бұйырғанын айтты.
Мирцаның бұл сөздерін естіген Спартактың қуанышын ауызбен
айтып жеткізу қиын еді. Спартак əлде қалай бір албыртқан өрекпі
ойды серпілтейін дегендей басын қатулана бір сілкіп қойды.
— Егер, мен сол шағын мектепті басқаруға ризалық білдірсем,
Валерия маған қайтадан сатыл деп жүрмей ме, əлде еркіндікте
қалдыра ма екен? — деп сұрады ол, ақырында, қарындасынан:
— Бұл жөнінде маған ол ешнəрсе айтқан жоқ,- деді Мирца, бірақ
саған деген оның ықыласы тым күшті, бəлки, ол еркіндікте қалдырар
да.
— Демек, Валерия өте қайырымды адам болды ғой?
— Ажар-көркі қандай болса, қайырымы да сондай.
— Ойбой, онда оның қайырымдылығында шек жоқ болды!
- Менің байқауымша, оған сен өте ғашықсың ба деймін?
- Мен бе? Ғашықтығымда шек жоқ, сонымен қатар ол сияқты атақты
ару матронаны менің пақыршылық дəрежемдегі адам қандай ардақтап,
жалындап сүюге құштар болса, мен де сондаймын да.
- Ал, ендеше есіңде болсын... сен оған өз тұсыңнан жалғыз ауыз сөз
қатушы болма, неге десең, ол маған бұл мəселе жайында Спартакқа
лəм-мим деуші болма деген... Оған деген сүйіспендік сезімді құдіреті
күшті құдайым саған өз рақымының аманаты етіп жіберген екен, неге
десең, циркте Сулланы саған еркіндік беруге көндірген де сол Валерия.
- Қалайша?.. Сол ма еді?.. Осының рас па? — деді, өнебойы дірілдеп ,
қанын ішіне тартқан Спартак.
- Рас, рас... Бірақ, тағы да айтып қойғаным, мұны өзіңнің білетіндігің
жайында сыр беріп алма.
Спартак басын төмен тұқыртып, ойға кетті.
Ал, енді, одан рұқсат алып, сені сонда ертіп баратын болу үшін, мен
оған сенің келгеніңді хабарлайын. Көбелектей ұшқан Мирца кішкентай
есіктен лып беріп шығып та кетті.
Ойға шомған Спартак тіпті мұны да байқамай қалған еді.
Рудиарий Валерияны алғаш рет осыдан бір жарым ай бұрын көрген.
Өзінің қарындасымен көріспек болып Сулланың үйіне келген жолы,
Валерияны күймеге қарай келе жеткен бетінде кездестірген.
Валеряның ақшыл жүзін, жалт-жұлт еткен қарақат көздерін,
мақпалдай қара шашын алғаш көргенде алған жері Спартакқа тым
күшті, найзағайдай өткір тиген. Сонда ол сүюдің ой шенеп, тіл түйгісіз
толқындарының бірін бастан кешіріп, оның ырық бермес ықпалды
күшін сезген-ді; нақ сол арада өзіне Венерадай ару көрінген осы
əйелдің тым болмаса туникасының етегінен сүйер ме едім деген
ынтызарлық батыр бір сезім бас көтерген-ді.
Спартак пен Валерияның арасында, ауызбен айтып болмайтын
əлдебір сыйқырлы ұшқын тұтанып қалғандай. Дəрежесі жəне шыққан
тегі Валерияға аяғын тата бастыруға тиіс болғанымен, ту баста-ақ,
гладиатордың жанын тебіренткендей сезім оған да пайда болғаны
байқалған-ды.
Алғаш кезде фракиялық өз жүрегіндегі осындай жаңа сезімді
аластамақ та болды. Ой таразысы оған: сендегі ғашықтық ешуақытта
да мұратқа жете алмайтынымен қатар, дүниеде болып көрмеген
есуастық, сендегі ғашықтық — жындының ісі, сендегі ғашықтық оты
мызғымас кедергілерге кездеседі, деп болмаған-ды. Бірақ бұл əйел
туралы ой Спартактың басқа да ой-əрекеттері арасында мызғымастай
болып орнап, бірте-бірте оны бүтіндей меңдетіп алды.
Кейде əлдеқандай бір құпия күштің айдауымен, ол Сулла үйінің
портигіне келіп, ондағы колоннаның сыртында жасырынып тұрып
Валерияның сыртқа шығуын күтетін. Жасырынып тұрып, ол
Валерияны сан рет сыртынан да көрді, көрген сайын оның сұлулығы
арта берді.
Бір жолы ол Валерияның көзіне түсіп те қалды, байғұс рудиарийға
сұлу қадағалап жылышыраймен көз тастағандай болып көрінді, ол
тіпті сүйіспеншілікпен қарады деп те ойлап қала жаздады, бірақ сол
сəтте-ақ бұл ойды ауған көңілдің алдамыш қиялы екен, дəл қазіргі
күйінде бұл оны жақсы түсінді, жындандырып жіберерлік ой екен деп,
серпіп тастады.
Мирцаның айтқан сөздері байғұс гладиаторды қандай күйге
салғанын түсіну қиын емес еді.
Гладиатор Сулланың үйінде, өзінің жанын, өмірін, абройын сарып
етуге бел байлаған əйелге — жоқ, əйелге емес, хор қызына бірнеше
қадамдай ғана жерде тұр. Рудиарий қазір онымен бетпе-бет кездеседі,
бəлки, оңашада оның лебізін естіп, дидарын, күлімдеген көздерін
көріп, күлкісін де естір... Өз басы өмірбақи көрмеген көктемгі аспан
лебіндей жылышырайлы күлкіні естір. Ол осында тұр, тап болармын
деп үміттену былай тұрсын, тіпті арман етуге де батылы бармаған
теңдесі жоқ шексіз қуанышқа бірнеше секунд қана қалды... Алайда,
осының өзі неге ұқсайды. Бəлки, ол асқынған ынтызарлық қиялды
елестер арасында, тəтті түйсіктер құшағында тұрған болар? Немесе,
əлде, ол ақылынан адаса бастады ма екен? Əлде пақыр жан есінен
танып кеткен болар ма?..
Осы ой келіп түйрегенде селк ете қалған Спартак айналаға
жаутаңдай қарап, қарындасын іздеді... Бірақ қарындасы маңайында
жоқ еді.
Самайын шертіп соққан ыстық қан лебін басып, миын шаңытқан
тұмақ зілін сейілтейінші дегендей, ол қолын маңдайына қойды да, баяу
ғана:
- 0, құдайым, ақылымнан тандыра көрме...— деп күбір етті.
Ол біртіндеп есін жиып, өзінің қайда тұрғанын енді түсіне
бастағандай болды.
Оның бұл тұрған жері, əлбетте, қарындасының бөлмесі болатын:
бөлменің бір бұрышында шағындау ложа, қабырғаға таяу алтын
жалатқан кішкентай екі ағаш орындық көрінеді. Қыштан кесерткі
бейнелес жасалып, білтесі соның аузынан шығарылған жасыл түсті
май шам бөлмеге жарық беріп тұр.
Əрең есін жиған, түс көруде екенін немесе есінен танып қалғанын
əлі де біле алмай, ой соңында есеңгіреп тұрған Спартак, сол қолының
сұқ саусағын шамның отына тигізіп алды. Қолы дыз етіп күйгеннен
кейін ғана ол өзінің ұйықтап тұрмағанын түсінгендей болды.
Осыдан соң ол қан тасқынын тежеп, ішкі сезім дүниесін толық
игеріп алуға күш салды. Осылайша бірте-бірте өзін-өзі билеп алған еді,
бірнеше минут өткен соң Мирца қайтып келіп, оны Валерияның қонақ
үйіне шақырғанда, бұл хабарды салмақты сабырмен, сыр білдірмей
қарсы алды. Бірақ оның өңі қу шүберектей болып кетті.
Mұны байқап қалды да Мирца:
Саған не болды, Спартак? Қатты қобалжыған адамдайсың ғой?- деп
сұрады.
- Жоқ, жоқ... дəл қазіргімдей ешуақытта да жақсы күйде болған емен,
- деді рудиарий.
Қарындасының соңынан ерген ол қысылшаңдау баспалдақпен
төмен түсіп (Рим үйлерінде үстіңгі қабатта тұратын, Валерия өзін күтіп
отырған қонақ үйге қарай беттеді.
Қонақүй деп Рим матроналары оңаша отырып кітап оқитын, жақын
дос-жарандарын қабылдап, жүрек сырын шертетін бөлмені айтады.
Валерияның қысқы үйіндегі (патрицийлердің үйінде əдетте
жылдың мезгілі қанша болса, бөлек бөлмелердің саны да сонша
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 06
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.