Latin Common Turkic

Спартак - 23

Total number of words is 3993
Total number of unique words is 2199
34.9 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ағасы Клодийдің жанында тұрған Клодия сұлуға қадады.— Қандай
сұлу еді!.. Хор қызындай көріктісі-ай, өзінің!
— Егер оның сүйіспеншілігіне ие болуға бел байлағаның рас болса,
— деді Лукреций жымия түсіп,— оны дөңгелетіп алу қиын емес,
Кассий!
— Əлбетте, есіңде болсын, онымен көп тəжкемдесіп жатудың керегі
жоқ!— деді Метробий мұны жөптей түсіп.
Осы мезетте дүрмек тоқтап, Кассий ғашықтық көз жанарын тігіп
тұрған əйелді Арторикс те көрді.
Оның жасы жиырмаға да келе қоймаған еді; мінсіз, сұңғақ бойлы,
үстіндегі биязы ақ трикодан тіккен келте туника Клодияның
сымбатты дене құрылысының сұлу мүсінін ешбір жасыра алып тұрған
жоқ. Оның аппақ қардан еті сəуле шашқандай жарқырап көрінеді, жүзі
одан да өткен ақ еді, тек екі бетінің ұшын ғана болар болмас
қызылшырай шарпыған; егер осы бір қызылшырай демесек,
Клодияның беті, мойны, иығы мен көкірегі барып тұрған мөлдір жəне
таза паросс мраморынан даңқты зергер Фидий жасаған статуя десе
болғандай. Ойнақшыған, өткір көкшіл көз жанары шырай берген aппақ
қардан жүзін жұмсақ жирен шашы көмкеріп тұр.
Алғашқы күйеуі тастап кеткен, бұл жас сұлудың жанында жасы он
төртке жаңа ғана келген, болашақ керазу халық трибуны Клодий тұр.
Шайдай ашық балалық жүзіне қарай, оны енді бірнеше жылдардан соң,
Римді ылан мен кісі өліміне бөктіретін безбүйрек қаныпезер адам
болар деп ешбір жан ойламағандай еді.
— Неге болса соған нанымпаз халықтың түсінігіндегі Венера немесе
Диана дегендер де тап осыдан сұлу емес шығар-ау!— деді Кассий, үнтүнсіз біраз уақыт таңырқап тұрғаннан кейін.
− Венера десе Венераның өзі,— деді Тит Лукреций Кар жымия күліп.
— Диананы қозғамай-ақ, қойсаң да болады, онымен бұл
квадрантарияның арасы жер мен көктей!
— Клодияға осы сияқты жаман атты кім тақты екен? Оның беделін
түсірмек болған кім?—деп сұрады Кассий ашуланып.
— Бұзықтық жағынан кем түспейтін, бірақ сұлулығы мен
бетбақтығы бұдан əлдеқайда төмен күншіл матроналар да; олар мұны
күндейді, сондықтан да бұған өшігіп, мұқатпақ болады.
— Əне!— деді Метробий.— Клодияны ту баста квадрантария деп
атаған анау!
Осыны айтып, ол патрицийлерше киінген, əдеміше келгенімен, бет
пішіні бедірейіп, сазарып тұрған бір əйелді нұсқады.
— Қайсысы?.. Теренция ма?.. Цицеронның əйелін айтамысың?..
— Нақ соның өзі... көрдің бе, тұр ғой, əне, ынжық байының жанында!
— О, барлық сорақылық пен бұзақылықты жөндеу,— деді Лукреций
мысқылдап күліп,— осыған Катилинамен арасындағы күнақарлық
байланысы бүкіл жұрттың бəріне аян болған весталка Фабияның
сіңлісіне, қалған екен ғой! Геркулеске тəуба еттік онда!
— Эһ!— деді Метробий қынжылған пішінмен басын шайқап,—
қазіргі уақытта біз барлық рим цензорларының ішіндегі ең қайыспас
қатыгезі, бір бетінен жазбайтын Катон біздің заманымызда өмір
сүрген болса, соның өзі де тыйымсыз белгімен кеткен əдетті жөнге
салу үшін істі неден бастарын біле алмастай халге жеттік емес пе. Егер
ол Римде тұрғызуға болмайтын қатын біткенді аластап қудыра қалса,
Кастор мен Поллукс куə, бұл қалада тек саудыраған еркектерден басқа
тірі жан қалмаған болар еді. Квирин тұқымын алмас үшін тағы да
сабинянкаларды алып қашуға тап болар едік. Айтпақшы, бүгінгінің
сабинянкалары алып қашуға да тұрар ма екен?
— Аяулы Эпикурге аян, қышыған жеріме қол тигенін көрдіңдер ме!
—деді Лукреций.— Əдет-ғұрыптың бұзылуына қарсы сөз сөйлеуші
Метробий болыпты! Ең алғашқы сайлауда-ақ саған даусымды бере
отырып, сенің цензор болып сайлануыңды жақтап насихат
жүргізермін-ау!
Осы сəтте қалың топ ілгері қарай жылжып, өзінің достарымен бірге
Веста шеркеуі портигінің баспалдағы тұсына келген Кассий Клодияға
жақындай түсіп сəлем берді. Ол оң қолын ерніне төсей:
— Римнің барлық сұлулары ішіндегі ең аруы, Клодия, есенбісің! —
деді.
Жас сұлу сəлемге басын сəл не, аса сүйкімді реңмен жауап берді де,
Кассийге отты көздерімен тесіле қарады:
— Мынау бір үміт артарлық мағналы көзқарас екен! — деді
Кассийге, Лукреций езу тартып.
— Сенің ынтығуың өте орынды, Кассий,— деді Метробий,— өйткені
мен, грек қызы куртизанка Эвтибида болмаса, нақ бұдан асар сұлуды
ешуақытта да көрген, емен!..
— Эвтибида! — деді бұл есімді құлағы шалып селт ете қалған
Лукреций. Аз тым-тырыстан соң, ол баяу күрсініп қойды.
— Эвтибида сұлу қыз еді-ау! Ол қазір қайда екен?..
— Сен маған нанбассың сонда да нағыз шынды айтайын. Ол —
гладиаторлар лагерінде!
— Оның несі бар, қайта мен мұны табиғи нəрсе деп санаймын,— деді
Лукреций.— Оған ен лайық орын сол ара:
— Бірақ, есіңде болсын! Эвтибида ол қарақшылардың жасағында
болса, онда оның мұнысы тек олардың біреуінің махаббатына ие болу
үшін ғана; ол Спартакқа өлердей ғашық...
Үшеуі де сəл уақыт үн-түнсіз қалды.
— Айта берсең,—деді Лукрецийге Метробий, сөз аяғын жалғай түсіп,
— Эвтибида сұлу маған гладиаторлардың лагеріне баруды сан рет
ұсынған-ды...
— Неге? — деп сұрады бұған таңырқаған Лукреций.
— Онда барып маскүнемдік құру үшін бе?—деп қағытты Кассий. Бірақ менің байқауымша, сен мұны Римде де жаман орындап жүрген
жоқсың...
— Сен екеуің күлкіге айналдырасыңдар... Ал мен онда барған да
болар едім.
— Қайда?
— Спартак лагеріне. Мен аты-жөнімді, киімімді өзгертіп, оның
ықласын өзіме аударар да едім, оның жоспарлары мен шараларын
толық барлап алып, сонсоң бəрін де астыртын түрде консулдарға
хабарлар едім.
Патрицийлердің екеуі де бұған шек-сілесі қатқанша күлді. Метробий
ашуланып қалды.
— Сендер тағы да күлдіңдер ме? Ендеше, бұдан екі жыл бұрын,
кешікпей гладиаторлар көтерілісінің болатынын консул Луций
Лициний Лукуллға ескерткен мен емей, кім деп едің? Фуррнна
құдайдың орманында болған астыртын əрекетті ашқан мен емей, кім
еді?
— «Жақсы, есте болсын!» — деді Арторикс ішінен, Метробийді отты
көзімен атып.
Осы мезетте дүрмек құдайға құрбандықтар беретін орынға, заңдар
мен мемлекеттік қазна сақталған сəулетті үй — Сатурн шеркеуіне
келіп тірелді; бұл арадағы адамның тығыздығы мен сендей соғылысуы
тым күшейіп, дүрмекті тобырдың қозғалысы баяулай түсті.
Ақырда тағы да ширек сағат бойы сендей соғылысып мең-зең
болған Метробий, Лукреций мен Кассий, ал олардың соның ала
Арторикс шеркеуге келіп енді. Олар мұнда Сатурн құдайдың қоладан
жасалған суретін көрмей, ол қолына бақша отайтын қайшы ұстап тұр,
айналасына бақташылық пен дала жұмысын бейнелеуші егіншілік
саймандары қойылған. Суреттің іші қуыс екен, онда молшылықтың
белгісі — олив майы толтырылыпты.
— Ананы қара,— деді Метробий,— құдайдың құрметіне жаңа ғана
садақа бере салысымен, үстіндегі сопылық киімдерін шешіп тастап,
шеркеуден шығып кетіп бара жатқан ұлы əулие Цезарьды қара!
— Өзі Семпронияға, əрі сұлу, əрі ақылды Семпронииға қалай-қалай
қырындайды!
— Бұған қоса — тыюсыз кеткен Семпронияға десе де болар еді!
— Көрдің бе, оның құмартқан отты қара көздерінің ұшқын атуын!..
Сымбатты Юлийге қылымсып... күлімдей қарайды!..
— Басқа матроналар мен бойжеткендер де Цезарьға ынтығы құрып,
оны көздің қиығымен шалып тұр емес пе?
— Ана жиренбас Фаустаны қара...
— Ол менің мəңгі бақи есімнен шықпайтын досым ұлы Луций
Корнелий Сулланың қызы ғой.
— Сен ол дажалдың досы, онда да ұятсыз досы болғаныңды білеміз,
бірақ мұны қымс етсе қайталап айта беруіңнің біз үшін қажеті жоқ-ақ.
—Бұл тағы қандай əбігерлік?
Бəрі де жалт бұрылып, Сатурн құрметіне деген дауыстар күшейе
естілген шеркеудің кіреберіс есігіне қарас-ты.
Өң жоқ сұр жоқ, жүдеу адамдар тобы қала преторын қан көтеріп
келеді екен.
— А! А!.. ұқтым... бұлар Мамертин түрмесінде үкім күтіп отырған
қылмыстылар. Салт бойынша, кешірім алған екен,— деді Лукреций.
— Салт бойынша, бұлар қолдары бұғауланып келген
шынжырларын Сатурн құдайдың садақа орнына қыстыру үшін келе
жатыр,— деп түсіндірді Метробий.
— Əне, Катилинаны қараңдар, түсі қандай суық! — деді Кассий
садақа орны жақты нұсқап, ол тұста жас песталкалардың біріне көз
қиығын салып, тарпаң мінезді патриций тұр еді.— Бұл адам тіпті
махаббатқа да қатал-ау. Теренцийдің қарындасына қасқырша сұқтана
қарауын көрдің бе.
Патрицийді көргенде Арторикстің көздерінен қуаныш оты лay ете
қалғандай болды. Катилинаға жақын бару үшін бар күшін салып,
қалың топты кимелей ұмтылды. Бірақ нені де болса ойға алу бар да, ал
оны істеп тыну басқа ғой: арада жарты сағат өткен соң, Луций
Сергийдің жанына зорға келіп жетті. Ол оның құлағына:
— Сəуле жəне азаттық,— деп сыбырлады.
Селк етіп, жалт бұрылған Катилина қабағын түксите қалып,
сиқыршыдан:
— Бұл не деген сөз? — деп сұрады.
— Спартак жіберген еді,— деді Арторикс ақырын ғана.—Өте
маңызды жұмыс жөнінде сөйлеспек болып, Апулиядан сені іздеп келіп
тұрмын, Катилина!
Галл жігітіне шұқшия қарай түсіп, патриций:
— Жарайды тыңдайын... шеркеуден шығайық... сонан соң... бір
далдалау жерге барып жеткенше, соңымнан ер де отыр,— деді.
Өзіне тəн адамға жаны ашымайтын қатыгездікпен Катилина қалың
топты күшті шынтақтарының тегеурінімен киіп-жара шеркеуден
шықты, оның соңынан өкшелей Арторикс келе жатты.
Катилина Геркулес шеркеуінен ағып өтіп, ізгілік құдайына арналған
бір кішкентай шеркеудің жанына келіп тоқтай қалды.
Арторикс Спартактың өзіне жүктеген тапсырмасын баяндап шықты,
гладиатор легиондарының күш-қуатын суреттеп, Катилинаның
абройын дəріптеп, көтермелей білді; сап майданда сыннан өткен бұл
алпыс мың құлға Луций Сергий Катилина көсем бола қалса, олардың
ерлігі өлшеусіз артып, қысқа уақыттың ішінде қатарының екі есе
өсетінін, жеңістен жеңіске жете отырып, бір жылдың ішінде-ақ
қайыспайтын күшпен Рим қақпасының аузына келе алатынын
дəлелдеп өтті.
Бұл сөздерді есіткенде Катилинаның қанды көздері жайнап кетті;
оның сесті жəне зəрлі жүзінің бұлшық еттері бүлкілдеп ойнап тұрды;
күшті жұдырықтарын ауық−ауық тас түйіп, аш арыстандай ыңырана
күрсінеді.
Арторикс сөзін аяқтаған соң, Катилина тығыла сөйледі:
— Сенің ұсынысың делебені қоздырғандай...- жігітім... бірақ сенен
сыр жасырмайын, римлянин жəне патриций болғандықтан
құлдардың... қаншалық ержүректі болғанымен, жанжалшыл құлдардың
қолын бастауды суқаным сүйіп, оған жүрегім дауаламайды. Дегенмен,
мұншалық күшті қолға ие болып, оны жеңіске бастау оны... ұлы істер
істеу үшін туып, бірақ бір провинцияны басқаруға осы уақытқа дейін
қолы жетпей келе жатқан мен сияқты адамға бұл ой...
— Ол ой өзіңнің римлянин екеніңді, патриций болып туғаныңды
мүлдем ұмыттырып, сені алжастыруға тиіс емес, өзімізге өктемдік
жүргізуші олигархияны құлату керек болса, оны құлдардың
дұшпандық көмегімен емес, азат азаматтардың қолымен, Рим қару-
жарағының күшімен жою керек.
Шеркеудің бұрышынан шыға келген бір патриций осылай деп дүрсе
қоя берді. Бұл жасы отыздан асып кеткен, шынар денелі, асқақ жүзді
кейпін сақтап қалған адам еді.
— Лентул Сурамысың? — деді қайран қалған Катилина.— Мұнда
қайдан жүрсің?
— Ия, мен мынау адамнан сезіктеніп, сенің соңыңнан ерген едім.
Римге үш Корнелий өктемдік жүргізетін тағдыр ту баста жазып қойған
деп, саған сан рет айтқан жоқ па едім. Корнелий Цинна мен Корнелий
Сулла өктемдік етіп өтті, үшінші кезекте Римді басқаруға тағдырдың
ұйғарған адамы сен тұрсың. Мен бүгін сенің теріс қадам басуыңа ара
тұрмақпын, өйткені бұл қадам сені мақсатқа жақындатпайды, қайта
алыстата түседі.
— Демек, Лентул сен, бір кезде маған осындай қолайлы жағдай тағы
да тап болады деп ойлайсың ғой? Ойға алған жоспарларымызды
жүзеге асыру үшін күндердің күнінде біз де гладиаторлардың
əскеріндей əскер жасақтап ала аламыз дейсің ғой?
— Мен гладиаторлардың көмегін пайдаланумен өзімізге Рим
халқын өшіктіріп аламыз, бүтіндей Италияға жексұрын боламыз деп
ойлаймын. Онда біз рим плебісінің игілігі үшін де емес, мирастан жəне
праводан жұрдай болғандардың, борышқорлардың мүдделері үшін де
емес, тек варварлардың, Рим аруағының жауларының пайдасы үшін
шайқасқан болар едік... сол қанішерлер Римнің қожасы бола қалған
күнде, сен оларды қандай болсын заңға немесе ережеге жүгінеді деп
ойлаймысың? Бізге тізгін береді деймісің? Əрбір азамат олардың
көзіне жау болып көрінеді, сонан барып, олар бізді шабылыпшапшылуға, қырқысқа душар етеді.
Алғашта Катилинаны меңдетіп əкеткен екпіннің Лентул сөйлеген
сайын, бірте-бірте басыла бергені, оның əрбір қимылынан айқын
сезіліп тұрды. Сура сөзін аяқтаған мезетте Гратиданың құныкері
мұңды пішінмен басын төмен салбыратып, ауыр күрсінді де:
— Сенің сөз төркінің бəрін де жеріне жете қайралған алдаспандай
сыпырды-ау,— деді күбірлеп.
Арторикс Лентулға бірдеңе деп салсам қайтеді деген еді, бірақ анау
қолын қатулана сермеп оған:
— Ал, сен жүре бер, Спартакқа айта бар, біз сендердің ерліктеріне
сүйсінуіміз, бірақ римлянин екенін ұмыта алмаймыз. Отанға елеулі
қатер төнген шақта, Тибр бойындағы сүргін бəсеңдей түсуде. Айта бар,
сəті түсіп тұрған жағдайды пайдаланып қалсын. Сендерді Альпіден
ары алып өтіп, əрқайсыңды өз елдеріңе апарсын. Италиядағы бұдан
былайғы соғыс сендер үшін қаратүнек болады. Бар, құдай алдыңнан
жарылқасын.
Осыны айтты да, Лентул Сура ауыр ойға шомған Катилинаны
қолтығынан алып, қаланың орталығына қарап тартып отырды.
Кетіп бара жатқан патрицийларды көз ұшынан ұзатып салып,
Арторикс ой соңында бірсыпыра тұрды. Оның ойын Эндимион бөліп
жіберді, ит иесінің үстіне шаншып, қолын жалай бастады, жалған
сиқыршы аяқтарын жалай басып Термален куриясына қарай жүрді.
Сураның сөздері Арториксті аса ауыр ойларға душар еткен еді,
бірсыпыра уақыттан бері Метробий соңына түсіп, аңдып жүргенін
сезген де жоқ. Ол мұның біресе соңынан еріп, біресе алдын орағытып,
əбден танып біліп алуға тырысты. Тек Термален куриясының кең
алаңына шыққан шақта ғана Арторикс мимды көріп қалды да, бірден
тани кетті. Сулланың гладиаторы екенімді Метробий де танып қойдыау, деп қатты абыржыды. Сондықтан аз ойланды да, аяқтарын тездете
басып, Метробийге көп ішінде көз жаздырып кетпек болды.
Сол арадағы бір патриций үйінің кіреберіс есігі алдында
қолдарында шырақтары бар бір топ клиенттің тап бола кетуіне
қарағанда, тағдыр Арторикске көмектесіп тұрғандай еді. Бұлар
сенатордың клиенттері болатын. Олар бұл шырақтарды, салт
бойынша, сатурналийдің құрметіне байланысты өздерінің патронына
əкелген.
Осы клиенттер тобына келіп араласып кеткен Арторикс солармен
бірге патрицийдің үйіне кірді. Үй күзетшісіне ол əкелген тартулары
үшін алғыс ретінде клиетеріне ойын көрсетуді ұй иесінен сұрайыншы
деген едім деді.
Күзетші оны клиенттермен бірге ауызғы бөлмеден атриумға
кіргізіп қоя берді. Бай римляндардың үйлерінің бəрі де бip жобамен
салынатынын жақсы білетін Apторикс, бақшаның apғы бетінде бұл
үйдің сыртқа шығатын басқа есігі бар ма екен деп көз жіберді. Ондай
есік бар екенін көрген соң, Арторикс клиенттердің келуімен
байланысты үй іші абыр-сабыр болып жатқан шақта, лып беріп
атриумге, одан жабық галерея мен коридор арқылы бақшаға барып
енді, ал шығар ауызға келгенде екінші күзетшілерге сіздің
қожаңыздың көзінше ойын көрсетіп шықтым; тағы бір жер күтіп отыр
еді, басқы кіреберіс ауызды жұрт кернеп кеткен көрінеді, мені осы
есіктен шығарып жіберіңіз, деді. Күзетші сенді. Есікті ашып, жылы
шыраймен қош айтысты да, оны көшеге шығарып қоя берді.
Күн кешкіріп, ымырт жабылып бара жатты, сондықтан Арторикс ең
жақындағы қақпа арқылы тезірек қала сыртына шығып кету керек
екенін түсінді. Тибрдің сол жақ жағалауын қуалай жатқан үлкен көшені
бойлай Тройна қақпасына қарай тартты.
Қаланың орталығынан шеткері жатқан бұл көше иесіз еді. Оның
бойындағы меңіреу тиыштықта жақында ғана болып өткен жауыннан
соң иіндеп, лайыта ағып жатқан тек өзен арнасындағы судың сылдыры
ғана бұзып тұр.
Жүз қадамдай жер жүрген соң, Арторикске соңынан əлдекімнің
жедеқабыл келе жатқан сыбысы естілгендей болды. Ол тоқтай қалып,
құлағын түрді. Адамның тысыры жақындай түскен соң, бешпетінің
ішіндегі қанжарын суырып алды да, тағы да суыт басып жөніне жүре
берді.
Көшенің бір бұлтарысын пайдаланып, Арторикс жағалаудағы
емендердің бір жуанының тасасына жасырына қалды. Бұл келе
жатқанның Метробий екенін немесе өз румысымен асығып кетіп бара
жатқан басқа адам екенін анықтап алмақ болды.
Сонша болған жоқ, ол жақындап келіп қалған адамның ентіккен
дыбысын естіді, жүзін де көрді... Метробий екен.
Алда кетіп бара жатқан Арторикстен көз жазып қалған Метробий,
тоқтай қалып, жалма-жан жан-жағына қарады да, өзінен өзі:
− Əлгіні жер жұтып кетті ме? — деп сұрады.
− Мен мұндамын, сүйікті Метробий,— деді Арторикс, жасырынған
жерінен шыға келіп.
Метробий өзен мен көшенің арасын бөліп тұрған, биіктігі адамның
кіндігінен келетін құймаға қарай орғып кетіп, көлгір дауыспен:
— А! Айтқанымдай-ақ сен екенсің ғой, сүйікті гладиаторым... Мен
сені таныдым... Сондықтан соңыңнан еріп келемін... Екеуміз Сулланың
Кумадағы вилласында танысқан болатынбыз... Сенімен бірге отырып
дəмдес болсам деп едім... Тамаша жақсы фалерн шарабын сімірсек
болар еді.
— Сен мені Мамертин түрмесіне ертіп барып сыйларсың əлде,
екіжүзді қақпас,— деді Арторикс салмақпен, комедиантқа таяна түсіп,
менің креске керілген денем Эсквилин жоталарында қарға-құзғынға
жем болсын дейсің ғой...
− Aтай көрме! Қайдағы сұмдықты айтқаның не?— деді Метробий
қалтыраған дауыспен əлгінде ғана келген жағына қарай шегіншектей
түсіп,— сені тамаша жақсы фалерн шарабымен сыйлаудан басқа бөтен
ой болса, төбемнен Юпитердің найзағайы түссін...
— Жоқ, сен жалғаншы маскүнем, осы кештен қалмай, сары Тибрдың
лай суын сіміретін боласың!— деп күбірлесіп гладиатор, қарт
комедиантқа тап берді.
− Аттан!.. Жəрдем бере көріңдер!.. Достар қайдасың? Мынаған мені
өлтіртіп қоясыңдар ма?..— деп айқай салды комедиант Новая
көшесінің бойына қарай тұра қашып. Бірақ қанжарын аузына тістей
қосылған Арторикс оны қуып жетіп, күшті қолдарымен кеңірдектен
ала түсті.
— Ал, мені шақырған асыңа... сен қорқақ... достарыңды да шақыр!
Əне... өздері де келе жатыр...
Арторикс əлгінде ғана өзі қашып шыққан үйдегі құлдар мен
клиенттер тобы қолдарына шырақ алып, көшенің басынан шұбырып
келе жатқанын көрді.
Комедианттың ащы айқайын естігенде бұл топ өлер-тірілерін
білмей ұмтылған-ды.
Сол мезетте, Арторикс Метробийдің өңменінен қанжарын салыпсалып алып, ашулы үнмен:
— Олар мені ұстап, сенің жаныңды алып қала алмайды... қанқұйлы
жексұрын! — Өңменінен қаны сорғалаған шалажансар комедиантты
ол көтеріп алып, өзенге атты да:
— Сенің ішкен суыңның алды-арты осы болады, маскүнем қақпас!..
— деді.
Осы сөзден соң, іле-шала судың шалп еткен сыбдыры мен
Метробийдің жанұшырған даусы бірге шықты да, ылайытқан
толқынға көміліп кете барды.
— Міне біз келіп қалдық, Метробий!.. Қорықпа!..
— Жексұрын гладиаторды креске қақтырамыз!
— Ол бізден құтылып кете алмайды! — деп даурығады жүгіріп келе
жатқан құлдар мен азаматтар Арторикске елу немесе алпыс қадамдай
жақын келген шақта:
Гладиатор өзінің үстіндегі жамылғысын жұлып тастап, Эндимионды
көтеріп алып суға лақтырды. Содан кейін құйманың үстіне қарғып
шығып алып, өзі де суға атылды.
— Тез жетіңдер!.. Өлдім!.. жете кө...— деген Метробийдің даусы тағы
да бір естіліп жоқ болды.
Көмекке ұмтылғандар қанды оқиғаның болған жеріне келіп жетті.
Олар құйманың бойын қуалай əрлі-берлі жүгіріп шарқ ұрып,
комедиантты іздеумен болды; бірақ оны аман алып қалу үшін олардың
ешқайсысы ешнəрсе істей алған жоқ.
Арторикстің жайына келсе, ол арғы қабаққа қарай бетін түзеп,
ағынға қиғаштай жүзіп келе жатты.
Бергі жағадағылар бұған лағнат жаудырып, Метробийді жоқтап
жатқанда, гладиатор есен-аман арғы бетке өтті де, адымдай тез басып,
Яникуль жотасына қарай бетін түзеп, мəңгілік қаланың үстіне төнген
түн қараңғылығына сүңгіп кете барды.
XVIII ТАРАУ. СОҒЫСТАҒЫ КОНСУЛДЕР. КАМЕРИН ШАЙҚАСЫ.
ЭНОМАЙДЫҢ ӨЛІМІ
Сергей Катилинаны көсем етіп алудан үмітті мүлдем үзген соң,
гладиаторлар Спартактың алдағы көктемде Альпіге қарай бет түзеу
керек, одан асқан соң көтерілісшілер қолы таратылып, олардың
əрқайсысы өз елдеріне қайтып барып, онда халықты римляндарға
қарсы көтерілдірудің қамына кірісетін болуы керек деген ұсынысын
қабылдады. Өзінің алғыр ақылы мен көрегендігі арқасында, өз
заманының аса ірі қолбасыларының бірі болған Спартактың Римге
қарсы неғұрлым ұзаққа созылған соғыс Италияда квириттердің
жеңуімен тынатынына көзі кəміл жеткен еді. Сондықтан 682 жылғы
февраль айының аяқ шенінде Спартак Апулиядан шықты да, тамаша
жақсы үйретіліп, мұздай құрсандырылған жетпіс мыңнан астам
солдатты бастап, теңізді жағалай Самниумға қарай тартты.
Он күндік жорықтан соң фракиялық гладиаторлардың Падусқа
қарай ететін жолын кесіп тастамақ болып консул Лентул Клодианның
Умбрияда отыз мыңға жуық əскер ұйымдастырғанын дəл сол мезетте,
гладиаторлардың Апулияға қарай шегінуіне мүмкіндік бермеу үшін
тағы да сондай күшпен екінші бір консул — Геллий Публикоданың
Лациумнан шығып ту сыртынан ұмтылғалы жатқанын естіді.
Гладиаторларға қарсы соғыстың қатерлі қаупін түсініп, тыйышы
қашқан Сенат, екі бірдей консулдың қарамағына күрделі екі армия
беріп, аса қиын-қыстаулы жорық ретінде Спартакқа қарсы
аттандырды.
Өздерінің міндетін орындауға кіріскен екі консул бірнеше күн өткен
соң армияларын жинастыра бастады: бұлардың біреуі армиясын
Лациумде, екіншісі — Умбрияда жасақтады. Алайда бұл соғыстың
тəжрибесі претор Варинийдің, квестор Коссинийдің жəне Орестің
өзінің де жеңіліс табуы Лентулді де, Геллийді де ешнəрсеге үйретпеген
болып шықты; консулдар — өзара бақ таластықтан ба, тактикалық ой
қайшылығынан ба, əйтеуір Спартакқа қарсы тізе қосып қимылдауды
ойластырмады.
Дұшпандарының қандай ойы бар екенін топшылап білген Спартак,
Самниум арқылы суыт етіп, ең алдымен өзі Корфиниум мен
Амитернум аралығында кездестірермін деп үміттенген Геллиймен
айқасуға белбайлады.
Мұнда келген соң ол, гладиаторлар лагеріне қашып кетуге батылы
жетпей, бірақ фракиялыққа өздерінің тыңшылығымен зор көмек
беруші сол айналадағы қалаларда тұратын құлдардан: Геллий əлі де
болса өзінің атты əскерлерін тосып, Анагния қаласында жатқанын,
одан енді он бес күннен бергі жерде аттанбайтынын естіді.
Гладиаторлардың көсемі енді Умбриядан шығып келе жатқан
Лентулді қарсы ұшыратып, оны талқандау ниетімен ілгері жүрмек
болды; бұдан соң ол сəл қайта оралып келіп Геллийді талқандап,
Падуска қарай өтіп немесе онымен шайқасудан бойын аулақ салып,
Альпіге тіке тартып кеткендей де еді.
Аскулумға келгенде ол өзінің толып жатқан барлаушыларынан
Лентулдың Перузиядан шығып, бұған шабуыл жасау үшін
Камеринумға беттеп келе жатқаны туралы хабар алды. Сонан соң
Спартак сол араға тоқтап, енді төрт-бес күннен қалмай келуге тиіс
консулды тосты. Ол қолайлы тұрғыдан лагерь ашып, оны бірсыпыра
нығайтуды бұйырды. Лагерь ашылып болған соң, Спартак мың атты
əскерді бастап, төңіректі барлап келуге шықты. Ауыр ойға шомып
отрядының алдында оқ бойы жалғыз келе жатқан оның қабағы қатып,
түсі түнеріп кеткен еді.
Ол не ойлады?
Біраздан бері Эномайдың кейпі өзгеріп, ол өзінің Спартакты
бұрынғыдай сыйлап, жақсы көрмейтінін сездірген. Катилина
гладиаторларды бастаудан бастартқаннан кейін, əскер басылардың
Гнатия түбіндегі лагерьде болған соғыс советінде, Альпіден ары өтіп,
сонан соң əркім өзінің туған еліне қайтып баратын болсын деген
тоқтамға тек жалғыз Эномай ғана қарсы болды. Спартактың
ұсынысымен келіспейтіндігін білдіре отырып, ол гладиаторлардың
көсеміне арнап теріс-қағыс жəне оспадар сөздер айтты, түсініксіз
тирания бар, бұдан ары төзіп болмайтын басшылық бабын
пайдаланып қиянат жасайды, гладиаторлар тең праволық үшін қолына
қару алып дұшпанға қарсы шыққан еді, бірақ мұның өзі де əлде
біреудің үстемдігі тұсында барлық мəнін жойып болды; ұстазы
алдында қол қусырған балаларша, оның алдында құрдай жорғалап, бас
июден тоқталатын мезгіл жетті-мыс деген сияқты тұспал пікірлердің
шетін шығарған.
Германдықтың бұл сияқты ұрт мінезіне шыдай алмай, Спартак
орнынан атып тұрған еді, бірақ өзін-өзі ұстап, соншалық қымбатты бұл
адамды жұбату үшін оған достық жылы сөздермен жауап қатты. Бірақ
Крикс, Граник жəне басқа да əскер басылар — бəрі де Спартактың
ұсынысына қосылатынын көрген соң, бұрқан-талқан болған Эномай,
қарулас бауырларының кеңесіне енді қайтып қатыспастай болып,
шатырдан шығып жүре берген.
Сондықтан Эномайдың мінездері көптен бері-ақ фракиялықтың
көңілін алаңдатып келген-ді. Əлде қандай бір кездесе қалғанда,
Эномай ұялып үндемейтін жəне жөн айтудан тайқып кете беретін.
Эвтибиданың айтқанына азып, беттен алғыш жəне шамшыл болып
алған Эномайдың соншалық жайдары, қайрымды ұлы адам да болса,
өлшеусіз кішіпейіл Спартакпен бетпе-бет кездескенде ашуы тарқап
сала бергендей болатын; ұлы көсемді көрген сайын германдықтың
қалтқысыз адал жаны грек қызының шақшағына қарсы тұратын.
Спартак қаншалық тырысқанымен Эномайдың аяқ астынан
мұншалық
өзгеруінің
себебін
таба
алмады.
Эвтибида
германдықтардың бастығымен өзінің қылмысты байланысын аса
құпия сақтағандықтан, адал ниетті жəне ізгі Спартак куртизанканың
Эномайды мықтап уысына алған сиқырлы алдап салуы туралы
ойлаған да жоқ. Досының мұншалық түсініксіз кейпін де Эвтибиданың
əлде қандай ықпалы бар деп, ол күдіктенген емес; Эвтибиданы ол
ұмытқан еді, өйткені куртизанка онымен кездеспей сырттап кеткен-ді.
Аскулум алабын барлай шыққан сапарынан қайтып келісімен, ауыр
ой соңына еріп түнеріп алған Спартак шатырына барды да,
контуберналийлердің біріне Эномайды шақыр, маған келіп кетсін деп
тапсырды.
Контуберналий өзіне берілген тапсырманы орындамақ болып
шатырдан шығып кетті; бірақ жұмсаған адамның қайтып оралуын
күткен Спартак, орындыққа енді отыра берген еді, сонша болмай анау
қайтып та оралды.
- Мен Эномайды іздеп бара жатсам,— деді ол,— оның өзі де сізге
келе жатыр екен, жолшыбай кездестірдім... Міне келді.
Осыдан соң контуберналий бір жағына қарай ығысып Эномайға жол
берді, ол терісіне сыймай, Спартактың алдына келіп тұра қалып:
— Амансыз ба, гладиатордың бас көсемі! Мен сенімен сөйлесуім
керек еді жəне...— деді.
— Ия, мен де сенімен сөйлеспек едім,— деп Спартак оның сөзін бөле,
орнынан тұра берді де контуберналийге шыға тұр деп ишарат білдірді.
Анау шығып кеткен соң, ол Эномайға жылышыраймен:
— Қош келдің, бауырым Эномай, не айтпақ едің маған, ал енді айта
бер? — деді.
— Менің айтайын дегенім...— деп бастады германдық зілді
кейіппен, бірақ сонда да оған тура қарай алмай,— мен сенің қасақы
əңгімеңе... ойыншық бола-бола шаршадым.... бұл мені... əбден
жалықтырды. Құлдық десе құлдықтан да қашпаймын! Бұдан да
римляндердің құлы болғанымның өзі артық... Мен ұрысты тілемеймін,
ешкімге қызмет еткім келмейді.
— Юпитердің найзағайына аян! — деді Спартак қатты күйзелген
пішінмен, көкке қарап.— Сен мүлде ақылыңнан танған боларсың,
Эномай...
— Фреяның жібек бұрымдары куə! — деді германдық оның сөзін
бөліп, басын жоғары көтере, өзінің оттай лаулаған шүңірек көздерін
Спартакқа тесе қарап.— Менің ақылым дұрыс, есім сау.
— Құдай сақтасын? Сен менің қандай қасақылықтарым туралы
айтып тұрсың, сені болсын немесе бақытсыздық жəне күрес
табыстырған жолдастардың қайсысын болсын, менің ойыншық етпек
болған жерім бар ма еді?
— Мен олай деп тұрғаным жоқ... білмеймін, сенбісің....— деді Эномай
тағы да қысылып төмен қарап:— ия, білмеймін, сенбісің... бірақ менің
білетінім сол, сайып келгенде, мен де адаммын...
— Сен бұған дейін қандай адал жəне ержүректі болсаң, келешекте де
сондай бола алатын адамсың!—деді Спартак Эномайға отты
көздерімен тесіле қарап.— Бірақ мұның маған айтып тұрған
сөздеріңмен қандай байланысы бар? Біздің лагерьде сенің беделіңе
мен қашан нұқсан келтірмек болған екем?.. Сенің бұлайша күдіктенуіңе
себеп болған не? Маған деген бұл сияқты түсініксіз көзқарас қайдан
пайда болған?.. Сені нендей мінезіммен жəбірлеген едім? Саған немесе
өзім жүзеге асырмақ болып қолға алған жəне жолына бүкіл өмірімді
сарп етуге басымды байлаған ортақ ісімізге жазған жазығым бар ма?
— Жəбірлендім... өкпем бар... шын мəнін... дəл айтсам, жоқ... сен мені
жəбірлеген жоқсың... Біздің ісімізге сен ешқандай жазықты емессің...
Қайта, қабілетті көсемсің... мұны іc жүзінде көрсеттің. Сен қашқанпысқан гладиаторлардың басын біріктіріп, тəртіпті жəне айбынды
əскер еттің... жəне... сайып келгенде... саған ешқандай кіна тағар жерім
жоқ...
Эномай осылайша жауап берді. Оның сөздері алғашта тым зілді,
қытымыр болып басталғанымен бірте-бірте қыры сынып, сабасына
түсе келе, достық лебізбен аяқталды.
- Онда сенің осылайша өзгере қалуың қалай? Маған неге мұнша
ашуланасың? Бас көсем болып, өз ықтиярымсыз сайланған мен барлық
жолдастарымды, əсіресе сені, қашан да болса туысқан, дос, серік
тұтпайтын ба едім?
─Жоқ, Спартак... сен маған бұлай деме... бұлай деп қарама,— деді
Эномай торсаң бірақ, сонымен қатар тебіренген үнмен.— Мен олай
дегенім жоқ... Менің олай дейін деген ниетім жоқ...
— Егер мен елді-елімізге қайту жоспарын жақтасам, Италия жерінде
шайқаса отырып, Римді жеңе алмайтынымызға əбден ойланыптолғанып болғаннан кейінгі жерде, көзім кəміл жеткендіктен
жақтаймын. Рим! Римді жеңіп алу! Оның құдіретін жойып, тирандар
өктемдігін құлату!.. Күндіз күлкі, түнде ұйқы бермей мені мазалаған
осы ой екенін сен түсінбейсің? Бреннен, Пирр мен Ганнибалда да асып
түсу! Осы даңқты қолбасылардың қолынан келмеген істерді игеру!
Ондай атты күнге жетсек, бұл даңқты ұлы іс болмас па еді? Бірақ біздің
қол салған Риміміз Италияда — Геркулес жеңіп шыққан Антейдей-ақ,
ол бір жатқан алып; ол бұрынғысынан да басым күшпен қайта
көтеріледі. Бір армиясы — əбден, қансырап талқандалса, Рим санаулы
күннің ішінде-ақ екінші армиясын аттандырады, одан соң үшінші
армиясын жібереді, ақырында, тіпті алпыс-жетпіс легионды бірден
жауып бізді біржолата ұйпап салады. Антейді жеңу үшін құдіретті
Геркулес оның денесін жерге тигізбей, өзінің қуатты қолында ұстап
тұрып өлтірді; Римді жеңу үшін біз оның езуіндегі барлық халықтарды
оған қарсы тік көтерілдіруге, Италияға тұс-тұстан төніп, Сервий
Туллий қорғанын айнала бүре түсуге, сөйтіп алты-жеті жүз мыңдай
қолмен баса-көктей еніп, бұл азапты қаланың, бұл қанқұйлы халықтың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 24
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.