Latin Common Turkic

Спартак - 02

Total number of words is 3994
Total number of unique words is 2133
34.9 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
артында қалған орасан байлыққа келгенде, оны бақырайта аша
қойған-ды.
Осыдан соң көп кешікпей Катилина өзінің туысқанымен
жанжалдасып қылыш суырысты, бірақ Сергий Катилина өзінің аса
қарулы екенімен қатар, найзагерлік жөнінен бүкіл Римнен асқан адамды. Ол туысын да өлтіріп, бар мүлкін басып қалды да, осы əрекетінің
арқасында дүние шашумен, дыр-думанды ішкілікке салынумен душар
болған күйзелістен құтылды. Сулла бұл жолы да туысқанын өлтірген
адамға немқұрайды қарады, сондықтан оған квесторлар да ештеңе дей
алған жоқ.
Катилинаның əлгіндей батыл сөздерін естігенде, Сулла оған
жайымен бұрылып қарады да:
— Катилина, өзің сияқты батыл, ізгілікке болсын, жаманшылыққа
болсын төтеп бере алатын азаматтар Римде көп деп ойлаймысың? —
деп сұрады.
— Аяулы Сулла,— деді Катилина,— мен адамға жəне затқа сенің
құдіреттілік дəрежең тұрғысынан қарай алмаймын. Өзімнің азаттықты
сүю үшін, сондай-ақ ізгілік атын жамылып немесе отанның игілігі үшін
деп екі жүзділікпен əрекет істей тұрса да, əйтеуір тиранға деген
өшпендік үшін тудым дейтінімді жасырмаймын. Халық арасында
олқынды-толқынды жағдай, ішкі аламандық бола тұрған күннің өзінде
де, көптің қолындағы сол игілік бір ғана адамның деспотизм
тұсындағыдан əлде қайда берік болатынын да айтуға тиіспін.
Əрекеттеріңді талдамай тұрып айтайын, сенің өктемдігіңді бұрын
қандай сөккен болсам, қазірде де сондай ашық сөгемін. Жалғыз ғана
адамның өктемдігіне қайтадан бас ұрмас үшін, оның бер жағында, ол
адам Луций Корнелий Сулла болмас үшін, ол да жүздеген
шайқасуларда сен сияқты талай даңққа бөленіп, жұлдызы оңынан
туып жүрген біреу болмас үшін, қандай іске болсын əзір азаматтардың
Римде əлі де бар екеніне мен кəміл сенемін жəне сенгім де келеді.
— Олай болса,— деді Сулла жай ғана, бірақ кекесінмен езу тартып.—
Онда сендер мені азат халықтың алдында сотқа неге
шақыртпайсыңдар. Мен диктатурадан бастартқан екем; маған неге
кіна тағылмады, сендер менің əрекетім жөнінде менен неге жауап
талап ете келмедіңдер?
— Он жыл бойы Римді əбден тұралатып болған кескілесті, өзара
қырқысты енді қайтып көрмес үшін де... Бұл туралы тіпті сөз етпей-ақ
қоялықшы, өйткені мен де сені айыптайын деген ниет те жоқ; сенің
мейлінше қателесуің де мүмкін еді, бірақ сен тек даңқты ерлік істер
жасадың, ол ерліктер сен сияқты даңқты, құдіреттілікті аңсаған менің
де жанымды күндіз-түні жай таптырмайды. Алайда, өзің-ақ айтшы,
азаттықты сүйген ұлы ата-бабаларымыз сияқты халқымыздың
бойындағы күш-қуат аз ба? Осыдан бірнеше ай бұрын курияда,
сенаттың қатысуымен, диктаторлықтан өз еркіңмен бастартып,
ликторларды босатып қоя бергеннен кейін, қасыңа достарыңды ертіп
үйіне қайтып бара жатқаныңда Римді еркінен айырып, кескілескен
талаумен ойрандағаның, сөйтіп оның азапшысы болғаның үшін өзіңді
бір жас жігіттің қатты сөккенін есіңе түсірші. Мұндай іске бару тек өте
шыңдалған адамның ғана қолынан келеді — сол сөзі үшін жігіттің
табанда өліп кетуі мүмкін де емес пе еді? Мұны мойындауың керек,
Сулла. Сен онда ізгілік жасадың, мен мұны жарамсақтанып айтып
отырғаным жоқ, Катилина ешкімге, тіпті құдіреті күшті ұлы
Юпитердің өзіне де жарамсақтануды білмейді, айттым ғой, сен шын
ізгілік жасап, оған тимедің, алайда, сен менімен келісуге тиіссің, егер
қолынан осындайлық іс келетін, плебей текті белгісіз жігіт,— əттең не
керек, оның аты-жөнін білмеймін,— кездесіп отырса, онда отанды да,
республиканы да сақтаудан үміттенуге əбден болады.
— Рас, оныкі шын батылдық болды, мен əрқашан ерлікке сүйсінетін,
өжеттікті жақсы көретін адам болғандықтан, жігіттің сол ерлігі үшін,
одан өш алуды қажет деп таппадым, оның ұрсып, сөккен жəбірінің
бəрін көтере бердім. Бірақ сол жігіттің қиянаты мен сөздерінің салдары
қандай болғанын білемісің, Катилина?
— Қандай болды? — деп сұрады Сергий, бақытты диктаторға
ентелей, ынтыға қарап.
— Содан бастап,— деді Сулла,— республикада өкіметті басып алу
қолымнан келеді деген адам енді қайтып одан айнымастай болды.
Катилина сəл ойланып, төмен қарады.
Осыдан соң басын кенет көтеріп алып, аптыға:
— Жоғарғы өкіметті басып алуға ұмтылатын кім бар жəне оны
басып алу қолынан келетін кім қалды? — деді.
— Жарайды,— деді де, Сулла мысқылмен, жарайды...— Мына құлдар
тобы ше, ол адамға лық толы амфитеатрды нұсқады. Төрелер де
табылады!
Леквеаторлар мен секуторлардың арасында болып жатқан жəне
кешікпей-ақ жеті лаквеатордың, бес секутордың жусап қалуымен
аяқталған қантөгіс қырқыстың қызығына түсіп алған жұрттың екілене
қолшапалақтауы, айқай-қиқуы үстінде осындай əңгіме де болып
жатты. Өне бойында сау тамтық жоқ тек сүлдері ғана қалған алты
гладиатор өлекселерін сүйретіп қапасқа қарай кетіп бара жатқанда,
жұрт та екілене қол шапалақтады.
Лорарилер цирк алаңынан он екі адамның өліктерін жинап алып,
алаңды аққан қаннан тазартып жатқан кезде, өзіне тұспа-тұс отырған
Суллаға көз қиығы түскен Валерия орнынан тұрып, диктатордың сырт
жағынан келді де, оның жүннен тоқылған хламидасының бір жібін үзіп
алды. Бұған таң тамаша болған Сулла артына жалт бұрылып, оған оқты
көзімен ата қараған еді, Валерия жымиып тұрып:
— Айыпқа бұйырма, диктатор, бұл жіпті мен сенің бақытыңа
ортақтас болу үшін алдым,— деді.
Дəстүр бойынша, əдеппен иіліп тəжім етіп, қолын ерніне тигізді де,
сұлу өз орнына қайтып барды. Мұндай жылы сөз жанына жағып
дандайси қалған Сулла, оны ізетпен ұзатып салып, көз қиығын
алмастан қарап жəне онысына ықлас, ниет шырайын беруге тырысты.
— Бұл кім? — деп сұрады Сулла Долабелладан.
— Валерия,— деді анау,— Мессаланың қызы.
— Солай ма!—деді Сулла,— Квинт Гортензийдің қарындасы екен
ғой?
— Дəл өзі.
Сулла Валерия жаққа тағы көз тастаған еді, сұлу да бұған көрген
жанды ынтықтыра өзіне тартқандай, сүйіспендік шыраймен жымия
қарады.
Валерияның ағасы Гортензий орнынан тұрып, өзінің сараңдығы
жəне даңқ құмарлығымен аты шыққан, бірақ бір-біріне қарама-қарсы
осы екі қасиет те өз бойына сыйып, орайласып тұратын аса бай
патриций Марк Красстың жанына барды.
Красс тал бойында бір мін жоқ асқан бір сұлу қызға таяу отыр екен.
Бұл қыздың аты Эвтибида болатын, үстіндегі киім үлгісіне қарағанда
грек қызы екені байқалып тұр, үзілген қыпша белді, тартқан сымдай
мінсіз сұңғақ бойлылығымен ерекше көзге түскендей. Қыздың бет
ажары адам таңқалғандай еді: аппақ қардай жүзінде сыпайы ғана
қызыл шырай бар, керілген ақ маңдайын толқынды сарғыш шашы
көмкеріп тұр, теңіз суындай көкпеңбек мөлдір, жалт-жұлт еткен үлкен,
дөңгелек көздері, ықшам келген сəл делдектеу пісте мұрны оның
жүзіндегі асқан өжеттік кейіпті айқын көрсетіп тұр.
Гортензий Марк Красстың жанына келгенде, оның есіл-дерті
Эвтибида болып елітіп отыр еді. Зеріккендіктен болу керек, дəл осы
сəтте сұлу да өзінің оймақ аузын барынша аша бір есінеп қойып,
омырауындағы сапфир жұлдызшасын оң қолымен қақшып ойнай
бастады.
Красстың жасы отыз екіге шыққан-ды; ол орта бойлы еді, дене бітімі
нық та болса, толықсып семіздікке бейімделген. Денесіне сай, қауғадай
үлкен басы күжірейген жуан мойнымен тұтаса біткеніне қарамастан,
оның қоңырқай-сарғылт жүзі тым ашаң болатын. Римляндер бəденді
бет-пішіні де сесті еді; құс мұрынды, иегі сидиып сүйір біткен. Шeгip
кездері бірде оттай жайнап бірде сөніп, жанарсыз қалған сияқтанатын.
Тектілік, тамаша шешендік талантты, кішіпейілділік пен
сыпайгерлік, орасан зор байлық оның атағын шығарып қана қойған
жоқ, сонымен бірге даңққа бөлеп, зор ықпалға да ие етті: біздің
əңгімеміздің тұсына дейін, ол өзара сайыстарда Сулланы жақтап
соғысып, сан рет ерлік көрсеткен жəне əралуан мемлекеттік
қызметтер атқарып келген-ді.
— Саламат па Марк Красс,— деп Гортензий оның ойын бөліп
жіберді.— Есі-дертің жұлдыз болып, елітіп кеткенбісің, немене?
— Геркулеске аян, сен дəл таптың,— деді Красс,— сонау...
— Анауың... қайсы?
— Анау отырған сұлу грек қызын айтам... бізден екі қатар жоғары...
əне отыр ғой...
— Анау де, көрдім... Эвтибида ғой, ол.
— Эвтибида деймісің? Ол не дегенің?
— Мен саған сол қыздың атын айтып отырмын... Шынында, ол грек
қызы... Куртизанка...— деді Гортензий, Красстың жанына отырып
жатып.
— Куртизанка!.. Періште десең болмай ма, онан да!.. Нағыз Венера
емес пе! Геркулеске аян, мен дүниеде бұдан асқан сұлулық бар деп
білмеймін! Өзі қайда тұрады екен?
— Священная көшесінде... Янус Верхнийдың шеркеуінен онша алыс
та емес.
Бұлар грек қызы туралы əңгіме құрып, ал осыдан бірнеше ай бұрын
өзінің төртінші əйелі Цецилия Метелладан айрылған Сулланы Валерия
сұлуға деген ізгі сүйіспеншілік сезімдері желіктіріп отырған шақта,
керней даусы отыз фракциялық пен отыз самниттың нақ сол сəтте
сайысы басталатынын хабарлады.
Əңгіме, айқай-қиқу тиыла қалды. Жұрттың бəрінің назары сайысып
жатқандарға ауды.
Сайысшылардың алғашқы айқасы жаншошырлық болды: темір
қалқандар мен семсерлердің шыңғырлаған ащы даусы цирктегі меңреу
тиыштықтың ойранын шығарды; кешікпей-ақ дулығалардың
қауырсындары мен жаңқалары, күл-талқан боп қаусаған қалқандардың
сынықтары алаңға ұшып түсіп жатты; екілене ұмтылысқан
гладиаторлар аптыға-үптіге, бір-бірін тықсырып, жайпаумен жүр.
Арада бес минут та өткен жоқ алаңда қан судай ақты; өлім халіне
келген үш гладиатор ұрыстағы жауынгерлердің аяғы астына тапталып
жан тəсілін берер алдындағы ауыр азапты бастан кешіруде. Бұл
қантөгіс сайыстың қызғылықты көріністерін жұрттың соншалық
тықырши қадағалауын ауызбен айтып жеткізу былай тұрсын, тіпті
ақылға сыйғызу да қиын еді, неге десеңіз, сонда отырғандардан
кемінде сексен мың адам қызыл киімді фракиялықтар үшін немесе
көкшіл киімді самниттер үшін бəстесіп, əркім өздерінің шамаларына
қарай, он сестерциядан, енді біреулер жиырма, тіпті елу таланттан
тіккен.
Гладиаторлардың қатары сиреген сайын, жұрттың қол шапалағы,
көтермелеген айқай-қиқуы жиілей түседі.
Арада бір сағаттай уақыт өткен соң қырғын сайыс аяқталуға
жуықтады. Өлімші болған елу гладиатор алаң жүзін қанға бояп.
ыңыранумен жатыр.
Самниттер үшін бəс тіккендер ұтатындықтарына сенімді еді, тірі
қалған үш фракиялықты жеті самнит араға алып, тықсырумен жүр, ал
аналар бір-біріне арқаларын сүйеп, үшкілдене тұрып алып, басы асқан
жауымен жанталаса қарсыласуда.
Бұл фракиялықтың бірі Спартак еді. Жиналған жұрттың назары
оның тұтас біткен алып тұлғасына, қажымас қайратына ауған. Оның
бұл қасиеттері, күш-қайрат адамның ең басты сапасы болып
саналатын тап сол заманда мұны қарапайым адамдардың арасынан
үздік алға шығаруға тиіс болған еді. Мұның үстіне ол білімді, ақылойлы, парасатты жəне кешірімді адам болды.
Спартактың жасы сол кезде отыздың шамасында болатын. Ұзын
сарғыш шашы, қою сақалы оның мінсіз келбетті жүзін дөңгелете
көмкеріп тұратын, жанарлы үлкен көкшіл көздері, жай тыныш
отырғанда оның жүзіне қайырымдылық шырай беретін. Бірақ ол дəл
қазіргі сайыс үстінде бұл күйіне ұқсамайтын: кездері оттай жайнап,
өне бойын ашу-ыза кернеп, жауатын күндей тұнжырап кеткен.
Спартак Фракиядағы Родоп тауында туған. Өзінің туған жеріне
римляндер шабуыл жасаған уақытта оларға қарсы шайқасқан. Сол
сапарда қолға түсіп, тек өзінің күші мен алғырлығы арқасында ғана
легионға алынды, онда үлкен ерліктер көрсетіп, Митридатқа қарсы
соғыста үздік шыққандығы үшін декан болып, яғни он кісілік
отрядтың басшысы болып тағайындалды, сөйтіп құрметті награда —
азаматтық венок алды. Бірақ римляндар фракиялықтармен қайта
соғысқанда Спартак қашып кетіп, өзінің туған жері үшін, римляндарға
қарсы соғысты. Сол жылы жаралы болып тағы да римляндардың
қолында қалған Спартак, қашқындарға берілетін өлім жазасы орнына
гладиаторлыққа берілді, сондықтан ол бір ланистаға сатылды, кейінде
одан Акциан сатып алды.
Спартак гладиатор болғаннан бері екі жыл өтті; алғашқы
ланистамен бірге ол Италияның барлық қалаларын түгел дерлік
аралап, жүзден аса сайысқа қатысты жəне бұл сайыстарда денесіне
бірде-бір елеулі дақ түсірген жоқ. Басқа гладиаторлар қаншалық
ержүрек жəне күшті бола тұрса да, Спартак олардан əлде қайда басым
түсті, тіпті қандай шайқаста болсын үнемі жеңіп шығып, Италияның
амфитеатрлары мен цирктерінде өзінің ерлігімен зор даңққа ие бола
берді.
Ланиста Акциан Спартакты аса қымбатқа — он екі мың сестерцияға
сатып алды жəне иемденгеніне алты айдың жүзі бола тұрса да өз
мектебінде Спартак найзагерліктің, күрестің жəне гимнастиканың
ұстазы болған соң оны бағалағандықтан ба немесе қымбатқа түскен
оның өмірін сайыс қатеріне салғысы келмегендіктен бе, əйтеуір ол
бұған дейін оны Римнің амфитеатрына бірде-бір рет сайысқа жіберген
еместі. Егер ол өліп кетсе, ланистаның шығыны төленбей, зиянда
қалар еді.
Акциан бүгін цирктегі қанды қырқысқа Спартакты бірінші рет əкеп
салды: бүгінгі сайысқа түсуге тиіс жүз гладиатор үшін екі жүз мың
сестерцияны бірден төлеген Сулланың жомарттығы Спартакқа өле
кеткен күнде де оған шыққан шығынды толық өтерліктей болған.
Дегенмен, сұры қашқан Акциан қапастардың бірінің есігіне арқасын
сүйеп, ұрыстың соңғы кезеңінің аңғысын аңдап, қауіп илеумен тұр; егер
оған қадағалап назар аударған адам болса, ол Спартак үшін оның
қандай уайым жеп тұрғанын, сөзсіз, аңлаған да болар еді. Спартактың
өзі жұмсаған немесе дұшпанына тойтарыс берген əрбір соққысын ол
қылп еткізбей бағып тұр, өйткені қырқыстан кейін гладиторлардың,
тек халық өмірін өзіне қиғандары болмаса, басқасының бəрі де
ланистаның меншігіне қайтарылатын.
— Батылырақ қимылдаңдар, самниттер, батылырақ—
дауыстайды, самниттер үшін бəс тіккен мың сан адам.
деп
— Өлтіріңдер, кескілеңдер, мына үш варварды!— деп тағы біреулер
қыздырмалатады.
— Сілейт, Небулиан, ұр деймін Крикс, сұлатсайшы Порфирийау!—
деп өңештейді, қолдарында гладиаторлардың аттары жазылған
таблицасы барлар.
Фракиялықтарды жақтаушылар да бұлардан кем соғып жатқан жоқ,
ұтатындықтарына олардың сенімі азайғандай, бірақ сонда да
Спартактың жеңетініне үмітті: əлі до болса жарақаттан аман, дулығасы
мен қалқаны бүтін жүрген Спартак нақ сол сəтте өзін қамалап жүрген
жеті самниттің біреуін жайратып та тастады. Сол-ақ екен цирктегі
мыңдаған адам қолшапалақтап, дуылдап қоя берді:
— Қимылда, Спартак! Ерлігіңе болайын, Спартак! Жаса Спартак!
Қалған екі фракиялық ауыр жаралы болған, олар қаруды баяу
жұмсап, дұшпанның соққысын жөнді тойтара алмай, қалдері нашарлап
бара жатты.
— Менің ту сыртымды қорғаңдар!—деп дауыстады Спартак оларға,
өзінің қысқа семсерін жай оғындай жарқылдатып үйіре, өзіне тізе қоса
жабылған самниттердің соққысын тойтара жүріп.— Ту сыртымды
қорғай беріңдер... енді кішкене шыдаңдар... жеңіп шығамыз...
Оның даусы тына қалды, сұры қашқан жүзінен тер бұршақтап,
көздерінде жеңісті аңсаудың, ашу мен ызаның ұшқыны ойнайды.
Дəл өңменінен қатты соққы тиген екінші бір самнит циркті қанға
бояп, өлер алдындағы жан ашуымен лағнат-қарғысты жаудыра бір
шыңғырып, Спартактың жанында қорқырап қала берді. Сол минутта
Спартактың сыртын қорғап жүрген екі фракиялыктың бірінің бас
сүйегі күл-талқан болып, ол да құлап түсті.
Қол шапалақтау, көтермелеп дем беруші айқай-қиқу циркті
дүрліктіріп кеулеп кетті; жұрттың көзі сайысшыларда Фракиялықтар
үшін бəс тіккен Луций Сергий Катилинаның көзіне осы қантөгіс
қырғыннан басқа ешнəрсе көрінбей кетті. Өзінің бүкіл өмірінің
тағдыры бейнебір Спартактың семсерінің жүзінде тұрғандай, ол содан
көзін айырмады.
Спартактың семсері дəл бауыздауынан тиген үшінші самниттың
құлағаны сол еді. Спартактың қалған жалғыз серігі фракиялық та
бірнеше жерінен соққы тиіп табанда жан берді.
Дүрліккен дауыс бүкіл циркті басына көтерді; осыдан соң жан алып,
жан беріп жүрген гладиаторлардың ырсылдап, алқынған үні анық
естілердей меңіреу тыныштық орнай қалды. Жиналған жұрттың
дегбірі қалмай шұқшия берілуі соншалық, егер Римнің тағдыры осы
сайысқа байланысты бола қалса, нақ сонда да ол тап мұндай дəрежеге
көтеріле қоймас-ты.
Қанжарласуға өзінің орасан шеберлігі, икемділігі арқасында бір
сағаттан аса уақытқа созылған бұл сайыста Спартактың үш жерінен
ғана жеңіл жара, тіпті жара да емес-ау, сызат түсті; ол енді əндемді төрт
адамға қарсы бір өзі қалды, жараланып қанға бояла тұрса да, олар
өздерінің төртеулігімен қорқынышты еді.
Қаншалықты күшті жəне алғыр болғанмен, Спартак соңғы қалған
жалғыз жолдасы құлағаннан кейін өлімге басын байлаған-ды.
Бір мезетте оның көздері кенет жайнап кетті: Горацийдің
Куриацилерге қарсы қолданған бағы заманғы тəсілін қолданып
көрейінші деген бір ой келе қалды.
Ол қаша жөнелді. Самниттер оның соңына түсіп кеп берді.
Спартак елу қадамдай жерге бармастан кенет жалт бұрылып, өзіне
таяп келіп қалған бір самниттің өңменінен имек семсерін сыр еткізіп
салып та жіберді. Самнит өзіне таяныш іздегендей қолын ербеңдете,
теңселіп барып, құлап түсті; сол екі арада екінші самнитті қуып жеткен
Спартак, оның семсерін қалқанымен қағып жібеpiп, оны да табанда
сұлатып кетті. Түгел дерлік фракиялықтарды қостаған жұрттың
айқайы естіледі.
Осы кезде, өнбойында жарадан сау жер жоқ, үшінші самнит тақап
келген еді. Спартак, сірə, өлтіргісі келмеген болу керек, семсерді
жұмсамастан, оны қолындағы қалқанымен тас төбеге бір көміп етті.
Есеңгіреп қалған самнит, шыр көбелек айналып барып, топ ете түсті.
Жолдастарының қалған ең соңғы біреуі оған жəрдемдесуге ұмтылды.
Спартак оған да уыттана тап берді, бірақ өлтіргісі келмеді де, оның
қолындағы семсерін қағып түсіріп, қарусыз қалдырды. Іле-шала оны
қапсыра құшақтай алған күйі алып ұрып, құлағына:
— Қорықпа, Крикс, мен сені мүмкін аман алып қалармын,— деп
сыбырлады.
Осыны айтты да ол бір аяғымен Крикстің кеудесін, ал екінші
аяғының тізесімен өзі қалқанмен ұрып жығатын самниттің кеудесін
басып тұрып, көптің үкімін күтті.
Жұрт жер сілкінгендей, жұмыла қолшапалақтап, қиқулап қоя берді:
бəрі дерлік сұқ жəне ортан қолдарының басын жоғары шошайтты,
сөйтіп екі самниттің де жандары өздеріне қиылды.
— Неткен күшті адам!— деді Суллаға, маңдайынан тері бұршақтаған
Катилина.— Қандай күшті адам! Римлян болып туатын жөні бар екен.
Осы екі арада жүздеген дауыс:
Ержүрек Спартакқа азаттық берілсін!—деп айқайлады.
Көздері оттай жайнап, өңі бұрынғыдан бетер қашқан, гладиатор
тулаған жүрек серпінін тежейінші дегендей көкірегін ұстады.
— Азаттық берілсін, азаттық!—деп шулайды, мың сан дауыс.
— Азаттық!—деп күбір ете қалды гладиатор.— Азаттық деседі! Я!
Олимптің құдайлары, бұл тек түсім болып жүрмегей!— Ол кірпіктерін
жас шылай бастағанын сезді.
— Ол біздің легиондарымыздан қашып кеткен жоқ па еді!—деген
дауыс саңқ ете қалды.— Қашқынға азаттық беруге болмайды!
Сол-ақ екен, Спартактың асқан қаһармандығы салдарынан бəстерін
ұттырған көптеген адамдар езеурей шулап қоя берді:
— Жоқ, азаттық берілмесін, ол — қашқын!
Фракиялықтың түсі бұзылып кеткен еді, ол өзін айыптаушы
алғашқы дауыстың шыққан тұсына қарады. Өшпенділік оты лаулаған
көз қиығымен əлгі дауыстаған кім екенін іздестіре бастады.
Бірақ, мыңдаған адамдардың:
— Спартакқа азаттық берілсін, азаттық!— деген үні тағы да үдей
түсті.
Байғұс гладиаторды билеген тап осы кездегі сезімді суреттеп
жеткізуге болмайтын еді. Ол үшін өмірдің өзінен де гөрі басымырақ
мəселе шешілуде еді, сондықтан да оның қу шүберектей жүдеу өңінде
зілді күдіктің ізі тұрды. Оның жыбыр қағып бүлкілдей ойнаған бұлшық
еттері мен от шашқан көз жанары қорқыныш пен үміт арасындағы
күресті айқын сездіргендей.
Біржарым сағаттай əліммен ойнап, төрт бірдей дұшпанына қарсы
жапа жалғыз қалғанда да ешқандай қажығандық сыр білдірмеген бұл
қайратты адам, тізелерінің сəл бүгіліп бара жатқанын сезді, цирк
алаңында естен айрылып құлап қалмас үшін, алаңда өлген
гладиаторлардың денелерінен тазартуға келген лорарийлардың
біреуінің иығына асыла кетті.
— Азаттық берілсін, азаттық!—деген дауыстар қалың жұрттың
арасынан əлі естіліп тұр.
— Шынында да, ол азаттық алуға лайық адам,— деп сыбырлады
Катилина, Сулланың құлағына.
— Ол бұған тұрарлық адам!—деп дауыстады Валерия, дəл осы
минут оған Сулланың ынтығы құрып елітіп отырған да шақ еді.
— Жарайды,— деп Валеряға сыр тарта қараған Сулла, сұлудың.көз
жанарынан гладиаторды мүсіркеуді сыпайылықпен сүйіне, жалбарына
тілейтіндіктің белгісін аңлады,— жарайды... Солай-ақ болсын!..
Осыны айтты да Сулла басын иіп, келісім бергендігін білдірді.
Жұрттың қолшапалақтауымен Спартак бостандық алды.
— Сен азат болдың,— деді лорарий Спартакқа.— Сулла сені азат
етті.
Спартак жауап қатпастан, сілейіп тұрып қалды. Оның көздері
жұмулы еді, оны ашқысы да келмеді, осыншалық ұзақ зарыға күткен
жəне жүзеге асқанына өзі де сене алмай тұрған арманынан ада-күде
айрылып қаламын ба деп шошыды.
— Сен батылдығыңмен түбіме жеттің, жауыз!— деп біреудің
күбірлегенін естіді гладиатор.
Мұны естіген Спартак көзін ашып алды. Қарсы алдында ланиста
Акциан тұр екен. Ол Спартак бұрынғыдай өз меншігімде қалады деп
ойлап, оны құттықтау үшін қасына лорарийлерді ертіп цирк алаңына
келген-ді. Енді міне Спартактың ерлігін даттап тұр. Өзінше, Сулланың
орынсыз ізгілігі мен жұрттың есуастық қайырымы маған он екі мың
сестерцияға түсті деп тұр.
Ланистаның осы сөздерін естігенде барып, фракиялық өзінің есі
дұрыс екенін білді; ол өзінің алып денесін жазып, кеудесін кере,
алдымен Суллаға, одан соң халыққа бас иді де, көптің тағы да
сатырлата қол соққан қошеметімен, цирк алаңынан шығып кете барды.
— Жоқ, дүниені құдай жаратқан жоқ,— деді дəл сол минутта Тит
Лукреций Кар, өзінің таңдаулы досы, искусство мен философияға,
əдебиетке бейім жас Кай Мемий Гемелмен жəне кішкентай Кассиймен
арадағы əңгімесін қайта бастап. Лукреций осы кезде ойға алып
жазғалы жүрген «Заттардың тегі» дастанын кейін де осы досына
арнаған-ды.
— Ал, дүниені сонда кім жаратқан? — деп сұрады Кассий.
— Материяның мəңгілік қозғалысы жəне көзге ілінбес ұсақ
молекулалардың ұласуы — міне, дүние дегеніміз осы. Сол жер бетінде
жəне астында пайда болған заттарды көресің де, оларды дүниеге
келтіруші себептердің сырын түсінбейсін де, бұларды құдай жаратты
деп есептейсің. Еш уақытта да жоқтан бар пайда болған емес: жəне
пайда бола да алмайды.
— Онда Юпитер, Юнона, Сатурн дегендеріміз не болғаны?. —деп
сұрады Кассий, таңырқап.
— Олар адам баласының мəдениетсіздігі мен қорқыныш
сезімдерінен туған. Шырағым қаласаң, мен сені сатырлаған аспаннан
да, жер бетіне қорқыныш туғызушы жер сілкінуден де, құдайлардың
құдіретінен жəне олардың болжалды найзағайларынан да ешбір
жасқануды білместен, табиғаттың толып жатқан құпия сырларын
ақтарып, заттардың шығу тегі мен себептерін ашуға бел байлаған
бірден-бір
дұрыс
ғылыммен,
ұлы
Эпикурдің
ғылымымен
таныстырайын.
Осы минутта Кассийдің тəрбиешісі оны цирктен енді кетейік деп
үгіттеді. Бала бұған көніп кетпек болды; олардан соң Лукреций мен
Меммий де орындарынан тұрды. Олар Сулланың баласы Фауст
отырған тұстан өтіп бара жатып, онымен ұлы Помпейдің шүйіркелесе
əңгімелесіп тұрғанын көрді. Кассий тоқтай қалды да, Фаустқа:
— Фуст, сен мына ұлы Помпей сияқты атақты азаматтың алдында,
осыдан үш күн бұрын мектепте, менің əкем римляндарды
бостандықтан ада етіп, отанымыздың тираны болумен аса бір жақсы іс
істеді деген есуастық сөзіңді тағы бір қайталашы. Мұның маған қажет
болып тұрған себебі: мына Помпейдің алдында, осыдан үш күн
бұрынғыдан да бетер мұрныңды тағы да бет жасайыншы деген едім,
бетіңе сондағы түскен таңба, əні, əлі тұр,— деді.
Осыны айтты да Кассий енді Фаустың жауабын күтіп сақадай
сайланып тұрды. Бостандықты жалындап сүйетіндіктен Римнің
əміршісінің баласын ұрып жіберуге белбайлаған жас баланың бұл
таңқаларлық ерлігі алдында анау бас иіп, лəм дей алмады.
Кассий де Помпейге иіліп тəжім етіп, Меммиймен, Лукрециймен
жəне тəрбиешісімен бірге цирктен шықты.
Осы сəтте Ажал қақпасынан жоғарырақ тұстағы қатардан жасы
жиырма алтылардың шамасындағы бір жас жігіт те орнынан тұрды.
Ол бет-ажарының солғын, жүдеулігіне қарамастан байсалды, келбетті
келген, маңғаз жігіт еді.
Қош, Галирия — деді ол, бір сұлу жас əйелдің қолынан сүйіп.
— Қош бол, Марк Туллий,— деді Галерия,— бүрсүгіні Аполлон
театрында менің қатысуыммен болатын Софоклдің «Электрлер» деген
ойынына келуіңді күтемін.
— Келемін, алаң болма.
— Қош, Туллий, cay бол!—деген, бірнеше дауыс бірден естілді.
— Қош Цицерон!— дейді жасы елу бестер шамасындағы байсалды,
жұмсақ мінезді, таздай таранған біреу жас жігіттің қолын қысып.
Талиядан қайтсын, аяулы Эзоп,— деп Цицерон да ұлы актердың
қолын қыса түсті.
Валеримның жанында отырған, жасы қырықтар шамасындағы аса
əдемі адамға да жақын келіп, Цицерон қолын ұсынып:
— Саған да тоғыз музаның нұры жаусын, теңдесі жоқ сүйікті
достым, квинт, Росций, — деді.
Цицерон көптің арасынан сыпайыгершілікпен ептеп өтіп, шығып
бара жатты.
Алғыр, ақылды, асқан зерек жəне дарынды шешен Цицерон өзінің
табан аумас, қажырлы еңбегімен жиырма алты жасында философ,
шешен жəне əйгілі ақын деген зор даңққа ие болған.
Цицерон Катон мен Цепионды өзінен бөліп тұрған қатарлардан өтіп,
бұлардың жанына келді де, өзі тым жақсы көретін Катонмен əңгімеге
кірісті.
— Жұрттың сен туралы айтып жүрген əңгімесі рас па? — деп сұрады
ол жас Катоннан.
— Рас,— деді бала.— Менің оным қате ме?
— Əңгіме қалай басталды, сонымен...
— Сулланың əмірі бойынша болып тұратын күнделікті кісі
өлтірулермен байланысты,— деді Цицеронға тəрбиеші,— мен бұл екі
баланы алып диктаторға айына бір рет көрініп тұруға тиіс болдым,
ондағы ойым: балаларға қайырымды, дұрыс ниетпен қарап, өзінің
достары санатына қоссын жəне бұларды жер аудару жөнінде
оған.ешқашан да əзəзіл ой келмесін деген едім. Бір күні біз оның үйінен
шығып, Форумнан өтіп бара жатқанда, Мамертин түрмесінен жан
түршігерліктей шыңғырған дауыс естідік...
— Мен Сарпедоннан,— деді Катон оның сөзін бөліп,— бұл
айқайлаған кім деп сұрадым. «Сулланың бұйрығы бойынша өлтіріліп
жатқан азаматтар»,— деді ол, маған.— Оларды не үшін өлтіреді? —
дегенімде:—«азаттыққа берілгендіктері үшін»,— деп жауап берді,
Сарпедон...
— Сол уақытта бұл есуас,— деді Сарпедон, Катонный сөзін бөліп,—
бұл есуас, төңірекке естірте айқай салып: «Отанның сол жауыз
азаптаушысын ту баста-ақ өлтіріп тастайтын едім, маған семсер неге
бермедің?»... дегені бар емес пе.
— Сондағы сөзімді мен сол адамның өз көзінше-ақ айтар едім.
Олимптың құдайлары куə, жұрттың бəрін жатқызып өргізеді екен деп,
мен одан бала да болсам қорықпаймын!—деді Катон қабағын шытып.
Бір минуттан соң Цицерон мен Сарпедон баланың иығынан аса
біріне-бірі таңырқай қарап тұрғанда, бала бар перменімен:
— Əттең, жасым жеткен болар ма еді!—деп дауыстап жіберді.
— Ал, сонда не істер едің, есуас неме? — деп сұраған Цицерон ілешала:— өшір үніңді!—деді.
— Мен онда Луций Корнелий Сулланы сотқа шақыртып, жұрт
алдында айыптаған болар едім...
— Өшір деймін үніңді!—деді Цицерон.— Біздің бəріміздің
басымызды пəлеге қалдырайын деймісің. Қорқыныш римляндардың
ежелгі қызу қанын мұздай қатырған жоқ па, Сулла шынында да
бақытты, құдіретті адам.
— Бақытты болудың немесе солай деп атанудың орнына, ол əділетті
болуға тырыссайшы,— деп күбірледі Катон. Цицеронның тізгіндеп
тұқыртуына мойыған ол біраз күбірлеп барып, басылды.
Сол екі арада цирк алаңында жаңа сайыс басталып андабаттар
халықтың назарын өздерінің қантөгіс ойынына аударды, бұл жолы
бақытсыз жиырма гладиатор өмірмен қош айтысуға тиіс еді.
Бұл тамаша Сулланы зеріктіруге айналды. Өзін осыдан бірнеше
сағат бұрын əбден меңдетіп алған бір ғана ойдың соңында отырған ол,
орнынан тұрып Валерияның отырған жеріне қарай жүрді. Сұлуға
жылы шыраймен амандасып, оны көз қиығымен торуға жəне оған
сүйіспендік, сыпайыгершілік ірең беруге барынша тырысып баққан
Сулла одан:
— Сенің басың бос па, Валерия? — деп сұрады.
— Осыдан бірнеше ай бұрын күйеуім менен жеріп кетті, бірақ бұл
жөнінде менің тарапымнан ешқандай оғаштық мінез болған жоқ еді,
қайта...
— Біліп отырмын,— деді Сулла, мөлдірей қараған қара көздерінің
жанары арқылы өзінің сүйіспеншілік ниетін сездіріп тұрған Валерияға.
— Мені,— деді онан əрі, сəл үндемей отырып қалған, эксдиктатор
сынық үнмен,— мені сен сүйер ме едің?
Шын жүрегіммен сүйемін,— деді Валерия, күлімдей, төмен бұға
қарап.
Мен де сені сүйемін Валерия, бұрын-соңды ешкімді нақ бұлайша
сүйіп көрмеген де болармын,— деді Сулла, дауысы дірілдеп.
Аз тым-тырыстан соң, Римнің эксдиктаторы сұлу əйелдің қолынан
сүйіп, оған:
— Бір айдан кейін сен менің əйелім боласың — деді.
Өзінің қошеметші достарын ертіп, ол цирктен шықты.
III ТAРАУ. ВЕНЕРА ЛИБИТИНАНЫҢ АСХАНАСЫ
Эсквилиннің, Сервий Туллин заманынан бері қарай келе жатқан ескі
қорғанға таяу, шет жағындағы тарлау, лас көшелерінің бірінде Венера
Либитинаға яғни жаназа мен молаларды басқаратын Венера
Погребальная құдайға арналған, күндіз-түні бірдей,— көбінесе түнде,
— ашық тұратын асханасы болатын. Бұл асхана қарапайым адамдар
қойылатын мола мен құл-құтандардың жəне өте-мөте жеккөрінішті
адамдардың сүйегі тасталатын даланың аралығында болғандықтан,
осылайша аталып кеткен болуы ықтимал. Бұдан жарты ғасыр өткен
соң Меценат дейтін бай осы далада өзінің айтулы бақтарын өсірді, жері
кедей кепшіктердің сүйегімен тыңайтылған бұл бақ оның кең
дастарханына ең тəтті-дəмді овощтар мен таңдаулы жемістер беріп
тұрды.
Асхананың кіреберіс есігінен жоғарырақта Венераның сұлулық
құдайынан да гөрі шайпау мегераға ұқсас суреті қыстырулы тұрады.
Бұл суретті əлде қандай бір мас сыршы салыпты. Желдің екпінімен
тербелген фонарь сəулесі Венера бейбаққа түсіп тұр, бірақ өзінің жүзін
жұрттың айқынырақ көруінен оған келіп жатқан пайда шамалы. Алай
да, асхананың кіреберіс есігінің маңдайшасына шаншылған қу бұтаққа
өткен-кеткеннің назарын аудару үшін осы болымсыз жарықтың өзі де
жеткілікті болатын.
Келген адамдар аласа кішкентай есіктен кіріп, бірінің үстіне бірі
қалай болса солай қаланған басқыш сияқты бірнеше тастармен төмен
түсіп, ыс шалған сызды бөлмеге енеді.
Кіреберіс есіктің оң жағында пеш, оның ішінде от маздап тұрады,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 03
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.