Latin Common Turkic

Спартак - 03

Total number of words is 3975
Total number of unique words is 2161
34.0 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
отқа қойылған қалайы ыдыстарда əртүрлі тағамдар, оның ішінде үнемі
үзілмейтін шошқаның қан соқта шұжығы мен неден істелгені де
белгісіз биткилер пісіріліп жатады. Бұл тамақтарды осы лас үйдің иесі
Жалғыз көзді Лутацияның өзі даярлайды.
Іргені қуалай бірнеше салаба ас столдары тұр; оларды айнала
рабайсыз ұзын орындықтар мен шойнақ табуреткалар қойылған.
Кіреберіс есікке қарама-қарсы қабырғада екінші есік тұр, ол ауызғы
бөлмедей онша лас емес, одан гөрі сəл кішіректеу, екінші бөлмеге алып
барады. Арсыз суретші оның да барлық қабырғаларын шатпақтап,
ойына келген жексұрын суреттермен сірестірген еді.
Сол күні түнде (сағат бірдің шамасында) Венера Либитинаның
асханасы кісіге лық толы еді, олар ауыздарына келгенін көкіп, айқайқиқуға басып, тек сол лашықты ғана емес, тіпті оның тұрған көшесін де
бастарына көтерді.
Жалғызкөзді Лутация "мен оның қаралығы қазанның түп
күйесіндей эфиоп-күңі екеуі жан-жақтан анталай жалақтаған
адамдардың аранын алуға жан сала кіріскен-ді.
Венера Либитинаның асханасына Римдегі ең жексұрын, төменгі
адамдар келетін.
Балташылар, ұсталар, ыдысшылар-қабыршылар, цирктің атлеттері,
комедианттар жəне ойыншылдар, гладиаторлар мен қайыршылар,
жалған жарым-жандар, бұзық əйелдер Лутацияның байырғы
қонақтары осылар болатын.
Əрине, мұндай жерде банкирлердің, всадниктер, атрицилердің
болуы мүмкін емес. Алайда, жалғызкөзді Лутация ұсақ түйек кəсіптің
адамы емес-ті. Сонымен қатар, Бұл момын əйел Юпитер күнді аспанға
шығарғанда нұрын байларға қандай төксе, кедейлерге де сондай төгу
үшін шығарған, байлар үшін шарап сататын жерлер, тағамдар дүкені,
ресторандар мен қонақ үйлер болса, кедейлердің де өздерінің асханасы
болуға тиіс деп ойлайтын. Сондай-ақ Лутация құлдар мен кедейкепшіктің квадрансы мен сестерциясының қаладағы ауқаттылар мен
тəкаппар патрицийлардың ақшаларынан ешбір айырмасы жоқ деп
есептейтін.
- Мына адыра қалғыр биткилеріңді берушіме едің, жоқ па?- деп
күжілдеді, беті мен кеудесін тыртық қаптаған қарт гладиатор.
- Бұған қабірші Лувений Эсквилин даласында қарғаларға жемге
тасталған еттен аздап үлес əкеп бергеніне мен бір сестерция бəс
тігейін. Бұл өзінің сонау арам биткилерін тап сол еттен жасап жатыр!
—деп дауыстады, қарт гладиатордың жанында отырған қайыршы.
Жоқ ауруды сылтау етуші қайыршының бұл əзіліне жұрт ду күлді.
Тапалтақ, ебдейсіздеу келген, етженді қабыршы Лувенкийге
қайыршының əзілі ұнамады. Ол қарлыққан дауыспен:
- Адал қабыршы болғандықтан айтайын, Лутация, сен мына ынжық
Велинийге (қайыршыны солай деп атайтын) арнаған биткийіңе мұның
көңілшек азаматтардан түсірмек болып, оларға жара деп көрсету үшін
өзінің жіпке байлап көкірегіне тағып жүрген етін қосқаның мақұл еді,деп ақырып қоя берді.
- Оның осыны айтуы-ақ мұң екен, жұрт тағы да қыран-күлкіге батты.
- Егер Юпитер ұйқыдан бас алмайтын, соншалық жалқау болмаса,
мынау. отырған түпсіз обыр, қабыршы Лувений сасықты өзінің:
найзағайымен күл қылып ұшырса, үлкен сауап болар еді.
- Плутонның қара скипетріне аян сенің анау дозақы бет-аузыңды
быт-шыт қылып, көрген жұрт мүсіркерлік етіп қояйын ба!—деп,
ашулы қабыршы орнынан ақыры түрегелді.
— Кəне, кел, келіп көр, ақымақ!—деп Веллений де жұдырығын тас
түйе түрегелді.— Келіп көр, мен сені Харонға жіберейін!
— Қойыңдар енді, кəрі қақсалдар! — деп ақырды цирктің атлеті, зор
денелі Кай Тауривий.— Қоясыңдар ма, жоқ əлде, Римнің құдай біткені
куə, біріңді-біріңе соғып құрт жеген қу сүйектеріңді тозығы жеткен
мочалка жасайын ба?
Сол минутта, сəт беріп, Лутация мен оның қара күңі — Азур, буы
аспанға шыққан екі нəн табақ биткиді стол үстіне əкеп қоя салғаны бар
емес пе! Отырғандар алға келген асқа оптыға бас қойды.
Ондағылардың басқа бір тобы сол күнгі болған қызықты тақырыпты
—цирктегі гладиаторлардың ойындарын əңгімелеп жатты. Ойынға
қатысқан ерікті адамдар цирк ауласына өтуге правосы жоқ құлдарға
бұл оқиғаны бір ғажайып етіп баяндайды.
Бəрі де Спартактың ерлігін, күшін айтып ауыздарының суы құриды.
— Егер ол римлянин болып туса,— деді римлянин атлет Кай
Тауривий қостай түсіп,— нағыз батыр болу үшін не қажет болса, соның
бəрі де оның басынан табылған болар еді...
— Не пайда, ол — ворвардың нағыз өзі!—деп дүрсе қоя берді,
жеккөрушілік зілмен, жасы жиырманың шамасындағы, əдеміше
келген, бірақ жүзінде бұзақылық пен күн кешкендіктің, жасына жетпей
қартайғандықтың белгісі — əжімдері сайрап тұрған жас жігіт Эмилий
Варин.
— Не дегенмен де, сол Спартактарың өте бақытты!— деді,
маңдайында үлкен тыртығы бар, Африкадан келген қарт легионер.
— Қашқын бола тұрса да, ол еркіндік алды! Мұндай да құлақ естіп,
көз көрмеген нəрсе бола береді екен! Не керек!.. Мұндай жомарттыққа
бел байлауына қарағанда, сол минут Сулланың бір көңіл қошы келіп
отырған шақ болды ғой.
— Ланитса Акцианның күйінгені де сондықтан емес пе!— деді қарт
гладиатор.
— Бəсе десе! Мені құртты, тонады, өлтірді деп зар илеген жоқ па, ол
кетіп бара жатып...
— Сулла оның товарына онсыз да құнды мол төлеген жоқ па.
Жас шағында,— деді атлет,— Сулла да мейлінше кедей болыпты,
оның үстіне əрі ауру ол, жылына үш мың сестерция төлеп, көп жылдар
бойы үйінде тұрған бір азаматты да білетін едім. Кейін де Митридатқа
қарсы соғысқа жəне Афинды қоршап алу кезінде ол өзіне өлшеусіз көп
олжа түсірді. Мұның соңынан проскрипция уақыты келіп жетті.
Сіздерге өтірік, маған шын, оның бұйрығы бойынша, бұрынғы он жеті
консул, жеті претор, алпыс эдил жəне квесторлар, үш жүз сенатор, бір
мың алты жүз всадник жетпіс мыңдай жай адам өлтірілді, осылардың
бəрінің де мал мүліктері қатталып алынды. Осы кезде Сулланың өз
қолына ешнəрсе түспеді ғой деймісің?
- Менің қолыма проскрепция кезінде оған түскен олжаның
болымсыз бір бөлегі тисе де жетер еді-ау!
- Алайда,- деді осы кеште философияға бір басып қалуға шабыты
келген Эмилий Варин,— сіңірі шыққан кедейден қисапсыз бай болған,
елеусіз адамнан – Римнің қожасы жəне даңқ иесі болған Ростралар
алдында алтыннан ескеркіш қойғызып, оған «Бақытты Корнелий
Сулла - император» деп жазғызған сол құдіретті адам да ешбір алтын
да, дірі-дəрмек те ара-тұра алмас дертке душар болған екен-ау!
Мұны ол өз пиғылынан тапты!—деді африка coғыстарына қатысқан
адам болғандықтан Кай Марийдың аруағын қадір тұтатын ақсақ
легионер.— Ол тағыға, адам бейнесіндегі жыртқышқа сондай дерт
керек! Өмірлерің сақталады деген шартпен өздігінен алты мың
самниттің бірін қоймастан циркте садақпен қыруға бұйрық берген сол
емес пе еді? Олардың қаны жіберер ме, оны; Гостилий куриіңде
жиналып отырған сенаторлар бұл бақытсыз адамдардың аянышты
ащы дауыстарын естіп орындарынан шошына, ұшып-ұшып тұра
келгенде, жүзі шімірікпестен: «отыра беріңдер, сенатор отағасылар,
бұл менің бұйрығым бойынша бірнеше қаскүнемнің жазалануы ғой?
Мəжілістеріңді жүргізе беріңдер» демеді ме ол.
- Пронес қаласының өзі қонақта отырған бір ғана азаматтан басқа,
12 мың адамның бір түннің ішінде жынысына, жасына қарамастан
тегіс құртып жіберу жөніндегі оның бұйрығы бойынша болған
сұрапыл қырғынды қайда қоясың?
Ей, жігіттер!—деп дауыстады Лутация, менің байқауымша, сендер
диктатор Бақытты Сулланы қайбаттап отырсыңдар. Екі елі ауызға бір
елі қақпақ деген де теріс болмайтын,— менің асханамда отырып,
Римнің асқан ұлы азаматының атын атап балағаттауды менің есіткім
келмеді.
— Мəссаған, безгелдек! Мына ант ұрған қыликөз қатын Сулланың
партиясында екен ғой! — деп дүрсе қоя берді, қарт гладиатор.
— Эй, Меций, сен,— деп дауыстады оған қабыршы Лувений жұлып
алғандай,— біздің қымбатты Лутация жөнінде тіліңді тарта сөйле!
Бір мезетте сыртта əйелдердің қосылып салған дарылдақ əні естілді.
Жұрттың бəрі асхананың кіреберіс есігі жаққа қарасты. Үстерінде
тылтиған шолақ көйлек, беттерін бояп, иықтарын жалаңаштап
тастаған бес қыз əндете, билей кіріп келді. Өздерінің қарсы алдынан
шыққан үйдегілердің айқайына қыздар бейпіл-былапыт сөздермен
жауап берді.
Лутация мен күңі екінші бөлмеде, тəрізіне қарағанда, мол етіп тамақ
əзірлеуде еді.
— Қоян деп қуырып жатқан мына мысықтарыңды тарту үшін
бүгінгі кеште асханаңа кімдердің келуін күтіп отырсың?—деп сұрады
одан, қайыршы Веллений.
— Əлде, тіпті сен кешкі тамаққа Марк Крассты күтіп отырған
шығарсың?
— Жоқ, ол Ұлы Помпейді күтіп отыр.
Осы шақта, шаштарына ақ кіріп қалғанымен əлі де болса өңі
таймаған, шомбал денелі еңгезердей біреу есіктен кіріп келе жатты...
— Требоний ғой...
— Саламат па, Требоний...
— Қош келдің, Требоний!— деген бірнеше дауыс ду етіп, бірден
шықты.
Требоний ланиста болатын. Ол мектебін бұдан бірнеше жыл бұрын
жауып тастаған, қазіргі уақытта сол пайдалы кəсіптен түскен жиғантергенімен күнелтеді. Бірақ сонда да дағды бойынша ол
гладиаторларға бойұрып тұратын, сондықтан бұл бейбақ адамдардың,
əдетте, бас қосатын жерлеріне — Эсквилин мен Субурраның
арзанқолды барлық ресторанына, асханаларына үнемі келіп жүреді.
Сонымен бірге, азаматтық бүлік кезінде ол патрицийлердің арқа
сүйейтін адамы болыпты, оған гладиаторларды көп тарту
тапсырылыпты деген бықсық əңгіме де болып жүретін. Оның
қоластында бір топ гладиаторлар болған, ол Форумда немесе
комицияда əлде қандай бір маңызды мəселе талқылана қалғанда,
ондағы судьяларды қорқыту, əбігершілік туғызу үшін, кейде тіпті
жанжал шығару үшін керек бола қалғанда, сол топты бастап уəделі
уақытта жетіп келеді екен десетін. Требоний өзінің гладиаторлармен
таныстығынан үлкен пайда көреді екен деп те қоятын, жұрт.
Қалай дегенмен де, Требоний олардың досы, қамқоршысы еді,
сондықтан да сол күні, цирктегі сайыс аяқталған соң, шығар ауызда
Спартакты тосып алып, құшақтап сүйді де оны Венера Либитина
асханасына қонаққа шақырды.
Лутацияның асханасына ол Спартакты жəне бір топ гладиаторды
ерте келді.
Асханада отырғандар үстеріне келгендермен жабырлап амандасты.
Цирктегі сайысты көргендер бақытты жəне ержүрек Спартакты сол
күнгі жеңген батырды білмейтін адамдарға мақтанышпен нұсқап
көрсетіп те жатыр.
- Мұнда, мұнда жүріңіз,аяулы гладиатор,— дейді Лутация Спартак
пен Требонийді екінші бөлмеге қарай бастап, - мұнда сіздерге арналып
ас даярланған.Жүріңдер, жүріңдер,- деп қояды ол онымен де тұрмай, Лутация сенің жайыңды ойламай қойсын ба, Требоний жəне ол өзі
əзірлеген мынау қоян етінен жасалған қуырдақ тіпті Марк Красстың
дастарханынан да кездесе қоймайтын болар деп ойлайды.
- Не əзірлегеніңді қазір көреміз ғой, сайқалым,—деді Требоний ас
иесін арқаға қағып,-əзірше бізге велитери шарабынан бір құмыра əкеле
тұршы! Жасамысы бар ма еді?
Көңілді əзіл, қызу əңгіме бөлмені кеулеп, дуылдата жөнелді.
Жұрттың бəрі таңырқап жəне аялап отырған Спартак, сол күнгі бастан
кешірген оқиғаларының əсерінен бе, əйтеуір, жайраңдап көзге түспей
тамақты да самарқау ішіп отыр. Ол жауар күндей түнеріп алған. Жылы
шырай да, əзіл де, көңілді күлкі де оны бұл қалыптан сергіте алар емес.
- Геркулеске аян... мен сені түсінбеймін,— деді ақыр аяғында
Требоний, Спартактың бокалы сол күйі толып тұрғанын көріп.— Саған
не болған? Ішпей отырсың ғой...
Мұнша неге жабығасың?
келгендердің бірі.

деп
те
сұрады,
шақырылып
— Құдайлардың анасы, Юнона куə!—деп дауыстады, сөз əлпетіне
қарағанда самнит болуға ыңғай, бір гладиатор,— біз достық сауықта
емес, əлде кімнің бата оқырында отырмыз ба деймін, сен өзіннің
азаттық алғаныңды мерекелеп емес, өлген шешеңді жоқтап
отырғаннан аманбысың.
— Менің шешем! — деді бұл сөз жанына батқан Спартак ауыр
күрсініп. Шешесі есіне түскен соң ол бұрынғыдан бетер жабығып,
түнере түскен еді, бұрынғы ланиста Требоний бокалын қолына ала,
орнынан тұра келіп:
— Азаттық үшін көтеруді ұсынамын! —деді.
— Азаттық жасасын! — деп дауыстады көздері оттай жайнап,
орындарынан ытып-ытып түрегелген гладиаторлар.
— Көзіңнің тірісінде азаттыққа қолын жеткен сенен бақытты жан
жоқ, Спартак, — деді аққұбаша келген жас гладиатор мұңды пішінмен,
— біздің қолымыз оған тек өлгенде ғана жетеді.
«Азаттық!» деген алғашқы үн шыққанда-ақ Спартактың шырайы
еніп сала берді; көңілді пішінмен орнынан тұрып, бокалын көтерді де,
саңқылдаған күшті үнмен:
— Азаттық жасасын! — деді.
Бірақ гладиатордың мұңды сөздерін естігенде ол аузына апарған
бокалын қайтып алды. Бокалдағы арақты түгел ішіп болмастан, қайғы
мен ашыну тебіренте жөнелген Спартак тағы да басын төмен тұқырта
түсті. Бокалын жерге қойып, еріндерін тас тістеген күйі, ол терең ойға
шомып жүре берді.
Тым-тырыс. Ондаған гладиатордың күндеу мен қуаныш аралас
назары өздерінің бақытты жолдасына ауған.
Бұл тым-тырыс тыныштықты Спартак бұзды. Жапа жалғыз қалған
немесе өзін-өзі ұмытып кеткен адамдай, бедірейген жəне ойлы көз
жанарын столдан алмастан отырып, ол Акциан мектебіндегі
гладиаторлардың жаттығу кезінде айтатын өлеңінің мынадай бір
шумағының əрбір сөзін нақтап айтып, баяу сызылтып əндете бастады:
Əуелде азат туған ол,
Жан біткенше жасқанбай;
Жат жерде бұғау тап болды
Қапыда шапқан қақпандай:
Қанға батып қып-қызыл,
Бəйгіге тіккен бір өзін.
Гладиатор сорлының
Жаралар асау жүрегін
Отанға да, құдайға,
Пайдасы жоқ сұм өлім.
— Біздің əніміз ғой! — деп күбірледі, кейбір гладиаторлар таңырқай,
сүйсінген пішінмен.
Спартактың көз жанары бірден жайнап сала берді, бұдан оның аса
қуанышты екенін сезу қиын да емес еді. Бұдан соң ол тағы да
енжарлана, түнере бастады, самарқау түрмен өзінің мұңдас
жолдастарынан.
Сендер қай мектептенсіңдер? — деп сұрады. Паписта Юлий
Рабецийдің мектебіненбіз.
Спартак бокалын көтеріп оның ішіндегісін ішіп салды да, дəл сол
мезетте есіктен кіріп келе жатқан күнге қарағанси отырып
жайбарақат:
- Сəуле!- деді.
Гладиаторлар біріне-бірі жаутаңдаса қарасқан еді, аққұба жігіт
əңгімені аяқтай түскендей:
- Жəне азаттық...Ержүрек Спартак, сен оған ие болдың,- деді.
Спартак оған көзқиығымен сыр тарта қарады.
Дəл осы мезетте есіктен кіріп келе жатқан біреудің:
- Ия, сен азаттыққа ие болдың, жеңімпаз Спартак!- деген жуан даусы
естілді.
Жұрттың бəрі есік жаққа жалт қарасты. Есік көзінде далбағай сұр
плащ жамылған ер тұлғалы Луций Сергий Катилина тұрды.
Катилинаның нықтаңқырай айтқан «азаттық» деген сөзін естігенде
гладиаторлар мен Спартак келген адамға таңырқаса қарасты.
- Катилинамысың!- деп дауыстап жіберді, ту сыртын есікке бере
отырғандықтан оның келгенін бірден көре қоймаған Требоний. Ол
дереу оның алдынан шығып, салт бойынша саусағын ерніне апарып,
сəлемдесу ишаратын білдіре, құрметпен тəжім етті де:
— Саламатсың ба, айбынды Катилина... Сені біздің арамызға айдап
келген желеп-жебеуші қай құдайға қандай тəуба келтірсек екен? —
деді.
— Мен сені іздеп келдім, Требоний,— деді Катилина.
— Сол сияқты,— деді ол тағы да, Спартакқа қарап, — сені де іздеп
келдім.
Өзінің қатыгездігімен, кісі қазасын арқалаумен, күшімен, ерлігімен
бүкіл Римге даңқы шыққан Катилинаның атын естігенде таңырқап,
қорыққан гладиаторлар біріне-бірі үрпиісе қарады. Кейбіреулерінің
тіпті өңі де қашып кеткен. Патрицийдің айбарлы аты құлағына
шалынғанда, қандай қорқыныштан болсын жүрегі шайлығып
көрмеген Спартактың өзі де тітіркене қалды. Ол қабағын түйіп
Катилинаның көзіне тесіле қарады.
— Мені ме? — деді ол, таңырқаған пішінмен.
— Ия, дəл сені,— деді Катилина салмақпен ұсынған орынға отыра
беріп жəне басқаларға да отыр деген ишаратпен.
— Сені мен дəл осы арада жолығармын деп ойлаған да жəне солай
болар деп үміттенген де емес едім, бірақ Требоний сені осынан
кездестірермін, сонан соң бұл ержүрек батыр адамды іздеп табуыма
сен жөн сілтер деп ойлаған едім.
Спартак Катилинаға бұрынғыдан бетер таңырқай, сұқтана қарады.
— Саған азаттық берілді, сен бұған тұрарлық та адамсың, бірақ,
қашан ақша түсірудің жолын тапқанға дейін күнелте тұруың үшін
саған ақша берілген жоқ. Сенің ерлігің арқасында бүгін маған
дығырдай он мың сестерция түсті, мұны мен Кней Конелий
Долабелламен бəс тігісіп, содан ұттым, сені іздегенде осы ұтысымның
бір бөлегін берейінші деп іздеген ем. Шынтуайтқа келгенде, бұл саған
тиісті ақша: мен ұтысқа тəуекел етіп ақша тіксем, сен екі сағат бойы
жаныңды қылыштың қырында ұстадың.
Отырғандардың арасынан бұл төренің сөздерін мақұлдап, жөптеген
сыбыстар естілді.
Көптен бері тірі жаннан жақсылық, қайырым көрмеген Спартакқа
мұндай ықылас ғажап əсер етті.
— Бұл ізгілік ұсынысыңа өте ризамын, даңқты Катилина, бірақ
мұныңды қабыл ала алмаймын жəне алуға тиіс те емеспін. Мен өз
еңбегіммен күнелте аламын, күреске, гимнастикаға, найзагерлікке
үйрету қолымнан келеді.
Велитерн шарабына су қостырмақ болып бокалын Требонийға
ұсынған Катилина, оның көңілін осыған бөле беріп, Спартактың
құлағына:
— Олигархтардың қастандығынан мен де қорлық көрудемін, мен де
мынау бүлініп-жарылған жəне жексұрын рим қоғамының құлымын,
мен де — патрицийлердің арасындағы гладиаторымын, мен де
азаттықты аңсаймын..? маған бəрі де мəлім...— деп сыбырлады.
Спартак Катилинадан көз алмай, ішіп-жей тітіркене қараған соң,
анау тағы да:
— Мен бəрін де білемін... Мен сендермен біргемін... сендермен бірге
боламын,— деді.
Осыдан соң сəл көтеріліңкірей түсіп, жұрт тегіс естісінші дегендей
дауыстаңқырап:
— Сол үшін, сен енді мына кішкентай əмияндағы екі мың
сестерцияны алудан бастартпашы,— деді.
Ол Спартакқа кішкентай ғана келген əдемі əмиянды усына беріп
тағы да:
— Айттым ғой, мен мұны саған сыйлыққа тартып отырғаным жоқ,
өз еңбегіңмен табылған нəрсе, бұл — сенікі. Біздің бүгінгі олжамыздан
саған тиген үлес,— деді.
Отырғандардың бəрі Катилинаның жомарттығына риза болып, оны
мадақтасып жатқанда, ол Спартактың оң қолын ұстай алып қысқан еді,
гладиатордың өнебойы шымырлап кетті.
— Менің бəрін де білетіндігіме енді сендің бе? — деп сұрады
патриций сыбырлап.
Өздерінің кейбір құпия белгілері мен сөздерін Катилинианың
қайдан біліп қойғанына Спартак қайран болды, Бірақ олардың бəрін де
оның түгел біліп алғанына көзі жеткен соң, қол қысуға жауап берді де,
сыйға алған əмиянды қойнына тығып жатып:
Парасатты Катилина, сенің бұл достығың мен ықыласыңның маған
тигізген əсері сондай, тіпті саған қандай алғыс айтарымды да біле
алмай тұрмын. Егер сен құн алсаң, өзімнің бар ризалық ниетімді
білдіру үшін ертең кешке үйіңе келейін.
Спартак соңғы сөздерді анықтап баса айтып, патрицийге оны көз
жанарымен аңғартқан еді, анау құп алып басып изеді.
Менің үйіме қашан келсең де, құрметті қонағымсың, Спартак. Ал
енді,— деді Катилина іле-шала Требонийға, тағы басқа да
гладиаторларға қарап,— егер осы моланың бізге меймандостық істей
алатыны рас болса, фалерн шарабынан тағы да бір алып жіберелік.
Кешікпей фалерн шарабына ауыз тиіп те қалды жəне ол күткендейақ тым жасамыс болмағанымен, бірсыдырғы тəуір де болып шықты.
— Қандай екен, аяулы Катилина?—деп сұрады Лутация.
— Жаман шарап емес.
Бадырайта ашқан көздерін столға қадап, саусақтарының арасына
қысқан қалайы шанышқыны ерсілі-қарсылы секірте отырып, Катилина
құлаққа ұрған танадай болған табақтастары арасында бірсыпыра
уақытқа дейін лəм-мимсіз отырды.
Көздері қанталап, қолдарының дірілдеуіне, бұлшық еттері
жыбырлап ойнап, маңдайын қақжара тұра түскен білеудей тамырдың
лыпып шерте қалғанына қарағанда, Катилинаның ішкі жан дүниесінде
астан-кестең күрес басталып, басына əлде қандай бір зілді ойдың
түйдегі төнгендей еді. Оның соншалық қатты күрсінісін есіткенде:
— Катилина, мұнша неге жабырқадың? Не ойладың?!— деп сұрады
ақырында Требоний, оның ыңыранған тəрізді дем алысын естіп.
— Менің ойлап отырғаным,— деп жауап берді Катилина,—
құмыраға осы шарап құйылған жылы, трибун Ливий Друз өз үйінің
портигінде қастандықпен өлтірілген еді, одан бірнеше жыл бұрын, тап
осылайша трибун Луций Апулей Сатурнин өлтірілді, одан да гөрі
əріректе отанымыздың көркі болған екі бірдей ұлы азамат — Тиберий
мен Кай Гракхи айуандықпен бауыздалды. Бұлардың қайсысы болсын
бір ғана іс үшін — жарлы-жақыбайлардың, езілгендердің ісі үшін өлді;
қай-қайсысы болсын бір ғана қанды қолдап, арсыз ақсүйек төрелердің
қолынан өлді.
Ол аз ойланып отырды да:
— Езілушілер ешқашан рахат, тыным таппасын, жарлыжақыбайлардың аузы ешқашан асқа жарымасын, адам баласы қашан
да болса екі лагерьге — қасқырлар мен қозылар лагеріне, аунатып
жеушілер мен жем болушылар лагеріне бөлінумен болсын деп құдіреті
күшті құдайлардың өсиеттерінде шынымен-ақ көрсетілді ме екен?...—
деп назаланды.
— Жоқ! Олимптің барлық құдайлары куə, олай емес! — деп дауыстап
жіберді Спартак, столды қойып қалып.
Осындай əңгімелер болып жатқан шақта асхананың ауызғы
бөлмесінде ондағылардың сімірген шарабының мөлшеріне сай, айқайқиқу да үдей түсті.
Бір мезетте, Катилина мен оның табақтастары:
— О, Родопея, Родопея!—деген дауыстарды естіді?. Бұл есімді
естігенде Спартак тітіркеніп кетті. Бұл есім оның туған елі —
Фракияны, жер-суды, үй-жайды еске түсірді. Бақытсыз! Есте қалған
сүйінішті, күйінішті елестер қанша ма!
— Қош келдің сүйікті Родопея! — деп жиырма тақты мас жамырап
қоя берді.
Родопея жасы жиырма екілердің шамасындағы, сұңғақты, тал
бойында бір мін жоқ, ойнақы көкшіл көзді сұлу қыз еді. Ұзын сарғыш
шашы əдемі келген дөңгелек көзін көмкеріп тұр. Үстіне кигені күміс
оқа ұстаған көк лентамен кере тартып тастаған. Бүкіл тұла бойынан
римлянка емес, күн екенін аңдауға болғандай еді. Оның қайдай
бақытсыз өмір сүруге душар болғанын да түсіну қиын емес-ті.
Венера Либитина асханасының байырғы шалдуар, бейпіл
қонақтарының оған деген осынша сүйіспендік құрметі, тұрмысының
ауырлығына қарамастан бұл қыздың тым қайрымды екенін, көрер
көзге оттай жанып тұрғанымен өлшеусіз бақытсыз екенін аңғартады.
Бір кезде өз қожайынынан таяқ жеп, өнебойын қан жуған күйі
Лутацияның асханасына келіп, қаталап бара жатқан соң бұл қыздың
жылап тұрып бір жұтым шарап сұрап ішкен күні де болған. Содан
бастап ол, мүмкіндік бола қалса, екі-үш күнде бір рет кешке жақын
Лутацияның асханасына соғып тұрады. Өзі өмір сүруге душар болған
дозаққа қарағанда, мұнда келіп ширек сағат еркін, тыныс алудың өзі де
оған жан рахатындай болып көрінетін.
Шарапқа қызып алған қабыршы Лувений мен оның Арезий дейтін
жолдасы, жалған қайыршы Веллений Катилина туралы əңгіме қозғай
бастаған. Олар Катилинаның екінші бөлмеде отырғанын да біледі. Үш
бірдей мас патрицийлердің атына небір жаман сөздерді жаудырып,
басқалардың аңлап сөйле деген тежеуін де тыңдамай, елеуреп алғанды.
Жоқ,— деп дауыстады, қабыршы Арезий,— жоқ! Геркулес куə, біздің
қанымызды сорушы сүліктердің мұнда келуіне жəне біздің басқосқан
жерімізге баса-көктей еніп намысымызға тиюіне ешбір шыдауға
болмайды.
Дырду ішкілікке, қылмысқа белшесінен батқан осы бір Катилина
деген байларың кім өзі, Сулланың жалдамалы баскесері емес пе еді?
Өзінің əсем латиклавасын киіп келіп, біздің қайыршылығымызға неге
жетеді, біздің бұл күйге түсуімізге себепкер болған осының дəл өзі
жəне оның достары патрицийлер емес пе?
Екінші бөлмеге барып жанжал салмақ болған Лувений осылайша
өзеуреді де, өзін жібермей ұстап тұрған атлеттің қолынан бұлқына
түсті.
— Өшір үніңді, ант атқан маскүнем! Атыңды атап, жөніңді
жөндемеген адамды балағаттап нең бар? Оның жанында он немесе он
екі гладиатор отырғанын, олар сенің теріңді іремей соятынын
білемісің?..
— Гладиаторларға пысқырғаным бар ма... Оларға пысқырмаймын!—
деп жұлқиды, есінен адасқан адамдай мына жақтан Эмилий Варин.—
Сендер — азат адамсыңдар, құдіретті Юпитерге аян, сөйте тұрып біздің
көңіл көтеруіміз үшін бірін-бірі өлтіруге жаралған осы жексұрын
құлдардан қорқасыңдар ма?.. Венера-Афродиттің нұр сəулесі куə, мен
патрицийлердің жəне барып тұрған сұрқия қарақұрықтың барлық
жаманшылық жақтарын өз бойына жинап, əшекейлі тоға киген мынау
сұмпайыға, кедей-плебейдің бақытсыздығын тəлкектеуге бұдан былай
жүрегі дауаламастай етіп сабақ берілсін деймін.
— Кет, Палатинға кет!—деп айқайлады Веллений.
— Мейлің Стикске түсіп кет, жоғал, осы арадан! — дейді, Арезий
қосарланып.
— Көрмегеніміз патрицийлер болсын! Ақсүйек төрелер болсын!
Жоғалт қараңды, Катилина!— деген, сегіз немесе оншақты дауыс
бірден шықты.
Бұл дауыстарды естіген Катилина қабағын тарс түйген күйі
орнынан атып тұрды. Требоний мен бір гладиатор Катилинаны
ұстайын деген еді, бірақ ол бой бермей, ілгері ұмтыла есіктің көзіне
жетіп барды. Екі қолын көкірегіне айқастырып, басын жоғары көтере
ұстап, өзіне біткен зор дауыстың барлық құдіретімен ақырып қоя
берді:
— Ей, есуас бақалар! Не деп бақылдайсыңдар? Құл бастарыңмен,
жиренішті көздеріңмен Катилинаның құрметті атын не үшін
даттайсыңдар? Жексұрын құрт-құмырсқалар, менен күткендерің не?
Оның зəрлі даусын естігенде жанжалшылар су сепкендей басыла
қалған еді, бірақ іле-шала əлде кімнің:
— Біз сенің бұл арадан кетуіңді қалаймыз!—деген даусы естілді.
— Палатинға кет! Палатинға!—деп айқайлады тағы біреулері.
— Немесе гемонияға бар! Сенің орның сол ара! —деп бажылдады,
Эмилий Варин.
— Қане мені осы арадан кетіріп көріңдер. Келіңдер, қайтпаңдар,
бұзақы, сүрең тобыр!—деп күжілдеген Катилина, күреске түсетін
адамдай білектерін сыбана бастады.
Плебейлер арасында қобалжу басталды.
— О, тамұқтың құдайларына тəуба! — деп айқайлады бір мезетте
қабыршы Арезий! — Мен саған Гратидиан емес, ту сыртымнан
қапсыра ұстап, ала жөнелем дейтін шығарсың, Геркулес пе едің, сен!
Осыны айтып ол Катилинаға тұра ұмтылған еді, бірақ анау дəл
жүректің басынан келтіре бір ұрғанда-ақ ол теңселіп барып, арт
жағында тұрғандарға асыла құлап түсті; осы сəтте қабыршы Лувений
де тап берді, бірақ Катилина көз ілеспестей шапшаңдықпен
жалтыраған қасқа бастан жұдырықпен жүремете екі көмгенде ол да
шалқасынан түсті. Зəресі ұшқан əйелдер ойбай салып, Лутацияның
сəкісінің астына барып тығылды. Үлкен бөлменің астан-кестеңі
шықты, орындықтар құлап, ыдыстар қирап жатыр, айқай-қиқу,
балағаттаған боқтық сөздер естіледі. Екінші бөлмедегілер — Требоний,
Спapтак, тағы басқа да гладиаторлар Катилинаға есіктің көзін босат,
төбелеске біз араласайық деп жігі-жаппар болады.
Сол екі арада, қолына қанжар ала ұмтылған қайыршы Велленийді де
Катилина іштен келістіре бір теуіп тоңқалаң асырды.
Ол құлап түскен сəтте, асхананың екінші бөлмесінің есігі алдында
иіріліп қалған Катилинаның жаулары кері серпіле берген еді. Луций
Сергий де қысқа семсерін суырып ала тап берді, мастарды жотадан
шабақтай жүріп, ашулы жолбарыстай:
- Есірік, сүрең тобыр! Сендер əрқашан өздеріңді таптаушының
табанын жалауға, ал жəрдем қолын соза келген болса, оны балағаттап
даттауға əзірсіңдер...— деп күрілдеді.
Катилина есік көзін сəл босата беруі-ақ мұң екен Требоний, Спартак
жəне олардың жолдастары да бөлмеге лап қоя енді.
Катилинаның жүндей сабаған соққысына шыдай алмай онсыз да
ығыса бастаған сүрең топ гладиаторлар алқымға алып бергенде
жөңкіле қашты. Айтқанша-ақ асхана қаңырап бос қалды. Тек анадай
жерде таяққа жығылып есеңгіреген Веллений мен Лувений ғана
жатыр, ал айқасқа ту бастан қатыспаған Кай Тауривий екі қолын
айқастыра ұстап, пеш жанындағы бұрышта бəрін де тек көзбен шолып,
сілейген күйі тапжылмастан қалған.
— Бұзақы малғұндар...— деп айқайлайды екі иығынан демін əрең
алған Катилина, мастарды шығар ауызға дейін тықсыра қуып.
Бұдан кейін Катилина сұңқылдап жылап қоймаған əйелдерге
ақырды:
— Өшіріңдер үндеріңді, оңбаған заржақтар!
— Мə!—деді Катилина тағы да, қираған ыдыс-аяқтарын,
қашқандардың мойнында өтелмей кетіп бара жатқан тағамдары мен
шарабын жоқтап зар илеген Лутацияның сəкісі үстіне бес теңге алтын
ақша тастап.— Ал, соны жексұрын зарлауық. Ол иттің балаларының
бəрінің де бересісін Катилина өтейді.
Сол минутта Катилина мен оның жолдастарынан қорқынышты
көздерін алмай қараған Родопеяның жүзі құп-қу боп кетті де,
Спартакқа тұра ұмытылып:
Қателеспеген екем! Жоқ, жоқ, қателесбеппін! Сен Спартак екенсің,
Спартагім! — деп дауыстап қоя берді.
— Бұл қалай!—деп айқайлап жіберді, дауыс шыққан жаққа жалт
бұрылып, жүгіріп жанына келген қызға ауызбен айтып жеткізгісіз
күймен егіле қараған гладиатор:— Сен? Қой мүмкін емес? Сен Мирца
емессің бе? Мирца!.. Бауырым, қарындасым!..
Аң-таң болған жұрттың көзалдында ағасы мен қарындасы біріне бірі
құшағын жая ұмтылды.
Бірақ алғашқы төгілген жас пен сүйістен кейін Спартак құшағын
жазып, қызды қолынан ұстан, кейін сəл шегіндіре түсті де бас-аяғына
бір қарап, құп-қу боп кетті, қалтыраған үнмен:
— Апырай... сен! — деді ол қынжылған кейіппен қызды өзінен
алыстата ұстап.— Не күйге түскенсің...
— Мен — күңмін! — деді қыз егіле жылап тұрып.— Бір жексұрын
адамның күңімін... Дүре соғады, денеме темір қыздырып басады...
Ұқтың ба, Спартак, естіп тұрмысың?
— Бақытсыз! Сормаңдай!—деді қабырғасы қайысқан гладиатор,
қалтыраңқы дауыспен.— Келші мұнда, келші, көкірегіме басайын...
Ол Мирцаны бауырына тартып, көкірегіне қысып тұрып, бетінен
сүйді.
Арада бір минут өткен соң, жас толып, ашу оты лаулаған көздерін
көкке тігіп тас түйілген шомбал жұдырығын білей қатулана:
Юпитер де найзағай бар дейсіңдер ме? Юпитер де құдай ма? Жоқ,
Юпитер — жынықұс, Юпитер — сиқыршы, Юпитер — нағыз жетесіз
ынжықтың өзі!..— деп дауыстап жіберді.
Мирца бетін ағасының көкірегіне төсеп, солқылдап жылай берді.
Налет жаусын,— деді үн-түнсіз өткен ауыр минуттан соң
фракиялық, адамға бітпеген зəрлі дауыспен,—жанның бəрін еріктілер
жəне құлдар деп екіге бөлген алғашқы адамзатының масқара болған
атағына нəлет!
IV ТАРАУ. ӨЗІНІҢ АЛҒАН АЗАТТЫҒЫН СПАРТАК ҚАЛАЙ
ПАЙДАЛАНДЫ
Бұған дейінгі тарауларда біз əңгімелеген оқиғалардан соң, арада екі
ай өткен еді.
Келесі 676 жылдың январь идалары қарсаңында (19 январь)
таңертең терістіктен тұрған күшті жел Рим көшелерін қуалай соғып,
аспан жүзін торлай томсарған сұрғылт бұлттарды ыдырата айдады.
Өздерінің жұмысымен Форумға қарай беттеген жұрт болып жəне
жалғыз-жарымдап та кетіп жатты. Форумның жəне оның
айналасындағы үйлердің портиктері астына мыңдаған адам жиналған.
Халық, əсіресе, эмилий базиликасына көп жиналған екен, бұл
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 04
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.