Latin Common Turkic

Спартак - 12

Total number of words is 3935
Total number of unique words is 2229
33.9 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
солардың жағында болады. Сенің ерлігің, табандылығың мен ұшан-
теңіз ақылың əралуан елден шыққан сыңар езу, ұзын сойыл ұрда-жық
варварлар тобында тəртіп, о неге орнатуға ғана жетеді. Мен солай
болады деп тек долбармен айтып отырмын, тіпті мұның өзі де қолдан
келмейді. Сен өзіңнің қайыспас қайрат, ақыл жағынан алғанда
қолбастарлық қабілетің бар адамсың — мұны мен мойындаймын —
бірақ сенің мұршаң жаудың жеңіске деген үмітін əлсірету үшін,
денедегі жанды жарадай-ақ, өз қолыңның кемшіліктерін бүркемелеуге
ғана жетеді. Алайда, алғырлық, ақыл мен ерліктің не кереметтерін
көрсете отырғанның өзінде де, жеңіске ие бола қояр ма екенсің?
— Оның несі бар! — деді Спартак, ұлы адамдарға тəн қаперсіздікпен.
— Ақ іс үшін ерлік өлімді қарсы аламын, біздің төгілген қанымыз
бостандық даласын ұрықтандырып, езушілердің маңдайына жаңа
қарғыс таңба болып басылады, кек алушылардың сан жетпес жасағын
туғызады. Miнe, үрім-бұтаққа қалдырып кетуге тұрарлық нағыз асыл
мирас — енеге боларлық іс осы болады.
— Мұның асқан жангештілік, бірақ пайдасыз жəне керексіз қырғын!
Сенің қолыңнан келетін күш, мақсатыңды орындалу үшін жеткіліксіз
соғатынын дəлелдеп болдым, енді сол мақсаттың өзі де — өрекпіген
қиялдың жемісі, адам баласының қолына түсе қоймайтын елес екенін
— сен неғұрлым жақындаған сайын, ол солғұрлым алыстай түсетінін
дəлелдейін; сен оны əне ұстаймын, міне ұстаймын деп жүргенде, ол
көз алдыңнан ғайып болады да кетеді. Адамзат орманды тастап,
қоғамда тіршілік еткеннен бастап-ақ азаттық ойлап, құлдық пайда
болды. Тіпті халық өкіметіне негізделген біздің Рим Республикасының
өзінде де бүтіндей өкімет билігі барлық байлықтың, демек, барлық
күштің иесі жəне Республиканы билеп-төстеуді өзіне мирас етіп алған
ат төбеліндей патрицийлардың уысында екенін өзің де көріп отырсың.
Айта берсек ішсе тамаққа, кисе киімге жарымай отырған үйсіз-күйсіз
төрт миллион Рим азаматтарының өзін де азат деуге сияр ма? Олар
өздерінің дауыстарын кім бұрын сатып алса, соның құлы: «əлемді
жатқызып өргізуші» бұл қайыршылардың үлесіне тиген бір ғана енші,
бір ғана байлық сол дауыс беру правосы. Сондықтан да «азаттық»
дегеніміз - өз мəнінен айрылған сөз, бұл қашан да болса бұқаралық
көкірегінде сайрап тұратын күй пернесі, егер оны сөйлете білсең,
көбінесе тиранға көмектеседі. Мен — мұны өзің де көріп жүрсің,
Спартак — осы өшпенді патрицийлардың асқақтаған тізе қақпайынан
қорлық көріп жүрген адаммын, кедей-кепшік плебейлердің шеккен
қайғы-қасіреті арқама аяздай батады. Бұлардың алғашқысы құрымай,
соңғысының бағы ашылмайтының да көріп отырмын; олигархтар
үстемдігін құрту үшін халық қауымына жанаса білу керек, оны
тізгіндеп ұстап, оған темірдей берік қажырмен, асқан ұлы беделмен
басшылық ету керек. Сонымен, адамға адам қасқыр болғандықтан,
адам нəсілін тағдыр қасқырлар мен қозыларға, күшігендер мен
көгершіндерге, домалатып жеушілер мен желінушілерге бөліп қойған
соң мен де осының бірін таңдап алып, өз алдыма қиын міндет: өкіметті
қолыма алып, езушілерді — езілуші, аунатып жеушілер - желінушілер
етіп, екі жақтың тағдырын ауыстыру міндетін қойдым.
— Цезарь, сен, бұған қарағанда, əлі де болса, менің ойларымнан əсер
алған болдың ғой.
— Солай, мен құлдарды аяймын, оларға əрқашан қайырымдылық
істеймін, гладиаторларға қабырғам қайысады. Мен халыққа сауықсайран көрсеткенде плебейлердің тағылық құмарын тарату үшін
гладиаторлардың бірін-бірі варварлықпен өлтіруіне ешуақытта да жол
берген емен; бірақ өз алдыма қойған мақсатқа жету үшін, егер оған
қолым жете қалатын болса,— маған зорлықтан да гөрі айла, күштен де
гөрі икемділік, қатерлі жолда біріне бірі серік болатын батылдық пен
сақтық керек. Маған биік шыңға шығудың жазмышта жазылған нəрсе
екенін білемін, оған шыққым келеді жəне шығамын да. Маған барлық
тасқындардың ағынын өз арнасына жинап алып теңізге долы күшпен
барып құятын ағынды өзен сияқты жол-жөнекей кез келген күштерді
пайдалану дұрыс болғандықтан, Спартак, саған мынаны айтпақпын:
іске аспайтын есуастық, қиялды тастап, оның орнына Цезарьға
жəрдемші, серік бол. Аруақты үлкен анам, бақыт жұлдызым — Венера
мені өмірдің соқпағына салып, болашақ, үлкен мəртебеге не
болатыныма аян беріп тұр. Ерте бола ма, кеш бола ма, əйтеуір бір
провинцияны басқарып, легиондарға басшы боламын, жеңіске, даңққа
қолым жетеді, консул боламын, тəж бен тақты талқандап, халықтарды
өзіме қаратып, мемлекеттерді бағындырамын.
Цезарь өлшеусіз алабыртып, тасып кеткен еді; оның оттай жанған
көздерінің сəулесі жүзіне түскен екпінді үні мен тепсе темір үзгендей
зор сенімді кейпі əп-сəтте Спартакты өзіне тартып əкетті.
Цезарь сөзін тоқтатты, өзімен əңгімелесіп тұрған бұл адамның
асқақтаған еспелі сөздерінің шырмауынан босаған Спартак, зəрлі
үнмен:
— Ал, сонан соң? — деп сұрады.
Цезарьдің көздері ұшқын атып қоя берді, өңі қашып, қалтыраңқы,
бірақ батыл дауыспен:
— Сонсоң... бүкіл дүние жүзін билеу! — деді.
Бұл сөздерден кейін, аз уақытқа созылған тым-тырыс басталды.
— Сөйтіп, бұл істі таста,— деді бірнеше секунд өткен соң, əбден
тыныштап, жайғасқан Цезарь.— Бұл ту бастан-ақ сəтсіздікке жазылған
ic. Осының бəрі туралы қазір консулдарға хабар жетеді. Жолдастарыңа
өз праволарын қарулы күшпен емес, заң жолымен жеңіп алудан
үміттерін үзбестен, басқа түскен іске шыдай беру керек екенін
түсіндір. Менің досым бол, жорықтарда соңымнан ер; қарамағыңа
алғыр жауынгерлер беремін, сол уақытта сен жаратылыстың өзіңе
берген өлшеусіз қабілетін толық келбетінде көрсете аласың...
— Мүмкін емес! Бұл мүмкін емес!..— деді Спартак.— Маған берген
зор бағаң, достық ұсыныстарың үшін саған рақмет, Кай Юлий; мен
тағдырдың жазған жолымен кетуге тиіспін, құлдық жағынан өзіме
бауырлас адамдарды тастап кете алмаймын жəне тастағым да
келмейді. Егер Олимптегі құдайлардың адам тағдырын басқарып
отырғаны, сонау жоғарыда — жер бетінде жоқ болғанымен, - əлі де
болса əділеттің бар екені рас болса, онда біздің ісіміз өлмейді. Ал егер
адам да, құдай да маған қарсы шайқасатын болса, онда Аякс сияқты,
бас иместен ерлікпен өліп кету қолымнан келеді.
Бұл адамға Цезарь тағы да қайран қалды. Ол Спартактың қолын
алып, оны қатты қысып тұрып:
— Ендеше, жолың болсын! Сен қорқынышты білмейтін адам
болғандықтан мен саған бақытты жөн сілтейін, өйткені мен жанның
қорқынышсыз болуы бақытсыздықтан құтылуға жəрдемдесетінін
білемін. Барлық, істе де үлкен роль атқаратын бақыт соғыс істеріңде
өзінің сиқын тым тез өзгерте салады. Сенің ойға алған ісің дəл бүгін
кеште біржолата құлағалы тұр, бірақ Фортуна шын назарын аударса,
оның оңалып, күні ертең табыс пен даңққа жақын баруы қиын емес. Ал,
енді тез Капуяға жөнел: сендерді тыңдаған сонау адамның консулдарға
барып, жасырын əрекеттеріңді ашуына ара тұру менің қолымнан
келмейді жəне ара тұруға тиіс те емеспін. Жұлдызың оңыннан туа
қалса, Капуяға Сенаттың шапқыншысынан бұрын жетуге ұмтыл...
Қош...— деді.
— Құдайлар сені желеп-жебей берсін... Кай Юлий.., жəне... қош...
Понтифик пен рудиарий бірінің қолын бірі тағы да қысты да, үнтүнсіз иесіз көшені бойлай Венера Либитинаның қабағына қарай
жүрді.
Цезарь ішкен шарабы үшін ақша төледі де, құлын ертіп үйіне
қайтты.
Спартак өзінің жолдастарын жиып жіберіп, олардың əрқайсысына
өте тығыз тапсырмалар берді: Крикске Рим гладиаторлары арасында
заговордың ізі-түзін білдірмей жоюды, Арторикске—Равеннадағы
Граникке жедел жетуді тапсырып, ал Спартактың өзі Эномай екеу екі
мықты атқа мініп, жол жөнекей тың ат сатып алу үшін езілгендер
Одағы кассасынан бес талант алды да, Капуан қақпасы арқылы
Капуяға қарай төпеп кете барды.
Цезарь үйіне қайтып келсе, үстеп ішкен фалерн шарабының əсері
мен отанды жалындап сүйген жəне Цезарьдің кешігуінен секем алған
Метробий республиканы сақтап қалмақ болып өзінше тұпа-тура, ал
привратниктің айтуынша— аяқтарын бұраңдата басып, консул
қайдасың деп тартып отырған екен.
Терең ойға кеткен Цезарь көп уақытқа дейін сілейіп тұрып қалды.
Бір мезетте ол ішінен:
— Гладиаторлар мен Сенат шапқыншылары біраз жерге жарысып
көретін болған екен, қайсысы бұрын барарын кім білсін,—деді.
Аз ойлаған соң ол тағы да:
— Нағыз зор оқиғалардың тағдыры көбінесе болымсыз жағдайларға
байланысты болатыны-ай!.. Бұл арада бəрін де ат шешеді-ау! —деді.
X ТАРАУ. КӨТЕРІЛІС
Италияның ең көрікті, ең құнарлы жəне ең əсем провинциясы —
Кампаньяның көңілді жəне бай астанасы, Ганнибалдың Италияға
жасаған жорығына дейін Карфагенмен жəне Риммен терезесі тең
түскен Капуя, баяндалып отырған оқиға тұсында өзінің бұрынғы күшқуаты мен көркінің бірсыпырасынан айрылып қалған еді.
Ганнибал римляндарды Требия жəне Тразимен көлі жанында жеңіп,
Канны маңында оларды біржолата талқандағаннан кейін, Капуяны
өзіне қаратып, бұл тамаша, көрікті қаланы өзінің болашақ соғыс
қимылдарының базасына айналдырған. Бірақ көп кешікпей-ақ,
Ганнибал жеңіліс тауып, сонымен қоса Капуяның да жұлдызы сөнген
болатын. Римляндар қала халқының бірсыпырасын қырып,
бірсыпырасын бостырып жəне құлдыққа сатқан, ал қаладан Римге
берілген колонияшылар таулықтар мен егіншілер орын тепкен.
Содан бері жүз отыз сегіз жыл өткен еді. Сулланың қыруар күш
жұмсауы арқасында, Капуяның төңірегінде ол ұйымдастырған
легионерлер колониялары қаланың бұрынғы сəн-салтанатын
бірсыдырғы қайта қалпына келтірді. Мықты қорғандар құрсанған, əсем
көшелері, зəулім жақсы шіркеулері, үлкен портиктері, сарайлары,
термо жəне амфитеатрлары бар, тұрғын халқының саны жүз мыңға
жуық Капуя қаласы, өзінің сыртқы көркі жағынан Риммен тайталас
түсіп қана қойған жоқ, қайта одан басымырақ болды. Капуяны
құшағына алған мөлдір аспан, қоңыр салқын ауа оның көркін арттыра
түседі. Бұл жөнінен алғанда Ромулдың мəңгілік салтанатты қаласы
тұрған жеті төбеге де табиғаттың мұншалық мейірі түскен емес.
680 жылдың жиырмасыншы февралында, қалың бұлтқа оранып,
қызыл-жасылды шапаққа бөленген күн таудан асып, ұясына міне
Капуяда халықтың да əдеттегідей кешкілікті сан-сапалақ сапырылысы
басталды. Жұмысшылар жұмысын аяқтап, дүкендер жабылып жатты.
Əдемі Албан көшесінің бойындағы жұрт Аппий жолы жақтан
декурионның бастауымен ағызып шауып келе жатқан аттылардың он
кісілік отрядын көргенде таңырқасып тоқтай қалысты. Аттардың үстібасын тер жауып кеткен, танауларынан құшақ-құшақ бу ақтарылып,
сулықтарынан көбік бұрқырайды, осының бəрі де отрядтың
əлдеқандай бір өте маңызды тапсырмамен суыт жүріп келгенін
аңғартқандай.
— Тифатин Юпитерінің скипетріне аян,— деді бір азамат қасында
келе жатқан адамға,— бұл сияқты суыт жүрісті осыдан көптеген
жылдар бұрын, осындағы Диана Тифатинскаяның шіркеуі маңында,
Марийді жақтаушы консул Норбанды Сулланың жеңгені туралы
шапқыншылар хабар жеткізе келгенде көрген едім.
— Өздері Римнен келген бе деймін?—деді бір ұста, үстіндегі тері
алжапқышын шешіп жатып.
— Əлде қандай бір жаналық бар болса керек?
— Немесе біздің ісіміз ашылып қалған болар? — деді өңі қашқан жас
гладиатор, қасындағы жолдасына.
Аттылар римляндардың атынан қаланы басқаратын префект Меций
Либеонның үйінің жанына келіп тоқтай қалды. Аттан қарғып түсе сала
портикке барып енген декурион Рим Сенатының өте маңызды бір
хатын тапсыруға тиіспін, мені дереу префектке жібер деп талап етті.
Тамашалаған жұрт аттылардың төңірегіне жиналып ем: біреулері
атты да, адамды да қансорпаға салғанын мұншама неге шапты екен
деп тамсанды, біреулері бұл қарулы отрядтың мұнда келу себебін сөз
етісті, енді біреулері келгендерден сөз тартпақшы болды.
Бірақ еріккен капуяндықтардың əрекеттері мен жорықтарының
бірде-бірінен еш нəтиже шықпады: олар салтаттылардың аузынан
анда-санда, бірлі-жарымды шыққан сөздерден бұлардың Римнен
келгенін ғана түсінді; жұрттың назарын аударған, бірақ сонда да
жұмбақты шешіп бере қоймаған факты осы болды. Сол уақытта
префектің үйінен шыққан бірнеше құлдар зыр қағып жүгірген күйі əр
жаққа тарап кетіп те жатты.
- Oһo! — деді бір капуялық.— Істің жайы насырға шапқанға ұқсайды.
- Осының,— дейді опа-далап сатушы, екі беті шиқандай жуан қарын
біреу,— мəн-жайын білу үшін ең таңдаулысынан он сауыт далапты
қолма-қол берер едім.
- Құдайлардың, хабаршысы Ирида періштенің қанаттары сақтасын.
Сонау немене?
- Қайда? Қане?
- Сонау, Албан көшесінің бұрышындағы...
- Жаббар ие сақтай көр! — деп дауыстап жіберді сатушы, өңі қашып.
— Соғыс трибуны ғой!
- Ия, əлбетте!.. Соның өзі... Тит Сервилиан...
- Бұл не керемет?
- Диана жар бола гөр!
Соғыс трибуны префектің үйіне келіп кірген мезетте, маңайдағы
адырлардан Капуяға су келтіретін акведуктың бойымен, өне бойларын
шаң-тозаң жауып, өкпелері өшкен алып денелі, еңгезердей екі жаяу
ентелей басып келе жатты, үстіндегі киімдері мен қару-жарақтарына
қарағанда —гладиаторға ұқсайды.
Бұлар Спартак пен Эномай болатын. Февральдің 15-нен 16-на
қараған түні Римнен аттанып кетіп, əрбір почта станция сайын
аттарын алмастыра отырып, олардың төпеп келе жатқан беті еді.
Дайындалып жатқан көтеріліс туралы префектте хабарлау үшін
жанына он солдат ертіп, Капуяға төпеген декурион оларды қуып
жеткен. Сондықтан екі гладиатор ат айырбастау мүмкіндігінен
бастарту былай тұрсын, тіпті кей жерлерде Аппий жолын тастай беріп,
жанама жолдармен жүруге тиіс болған-ды.
Сөйткенмен, олар бір колоннан екі ат сатып алып, бұдан əрі қарай
жалғызаяқ жолдармен төпеді. Кейде адасып, кейде жолсыз тіке
тартып, жер танабын ұта отырып гладиаторлар Ателладан шығып
Капуяға баратын жолға түсіп үлгірді.
Олар Сенатты шапқыншыларынан бүтіндей бір сағат озық келе
жатқан еді, Капуяға жеті мильдей жер қалғанда Спартактың астындағы
босаңсыған ат омақата құлады; ойламаған жерде ат-матымен
жығылған рудиарийдің сол жақ қолы шығып кетті.
Спартактың қолының ауруы оның жанын жегідей жеген
жарақаттардың қасында түкке тұрғысыз еді, болжалсыз тап болған бұл
уайым оны қатты күйзелтті; ол Лентул Батиаттың мектебіне өзінің
дұшпандарынан жарты сағат бұрын барамын деп үміттенген еді, енді
міне олардан соң жетіп, бес жыл бойы тынымсыз қажырлы еңбекпен
өзі қалаған үйдің талқандалуын көзімен көргелі тұр.
Жаралы арыстандай орнынан түрегелген Спартак назалана:
— О, Эребом сақтай гөр!.. Бəрі де бітті! — деп дауыстап жіберді.
Бір жері жазым болып қалды ма деген кісіше, Эномай Спартактың
ол жер, бұл жерін сипалай бастады.
— Сен не айтып тұрсың?..— деді Эномай.— Бұғаудан бос, семсеріміз
қолымызда тұрғанда, іс қалайша біте қоймақ?
Спартак біраз үн-түнсіз тұрды; бір мезетте Эномайдың атына көзі
түсіп:
— Жеті миль... Бізге жеті мильдей ғана жер қалған еді, не пайда,
бізге құдай да қасарысқан екен. Енді міне дер кезінде барудан күдерді
үзіп тұрғанымыз... Сенің атың екеумізді енді үш-төрт мильдей жерге
жеткізе алатын болса, арғы жағына жаяу-ақ жетер едік, дұшпаннан
біздің бүтіндей бір сағат озықтығымыз бар, оның үстіне
шапқыншылар келіп түскеннен кейін де, бізге қарсы шара қолдану
үшін оларға ең кем дегенде, бір сағаттай уақыт керек болады.
— Сенің бұл ойың дұрыс екен,— деді германдық,— Бірақ бұл жануар
бізді, желе-жортумен, ең болмағанда екі мильге апара алса?..
Көре келе аттың еш нəрсеге жарамайтынына олардың көзі жетті. Ат
кеттім-бардымдап тұр. Буы аспанға шығып, бүйірлерін əрең соғады.
Мұның да ана аттың аяғын құшатыны мəлім болған соң, аз кеңестен
кейін атты тастай беріп, Капуяға жаяу тартуға бел байлады.
Бірнеше күн бойы ас ішпей бұрауы қашып, діңкелеген бұл екі
адамның үкідей ұшқаны сонша, арада бір жарым сағат өтпей-ақ қала
қақпасына келіп жетті.
Сол араға келіп сəл кідірді де, қақпа аузындағы күзетті
сезіктендірмес үшін, тыныстап өздеріне өздері келмек болды, өйткені
күзетшілердің қалаға кіріп келе жатқан адамдарды бақылап,
сезіктілерін тұтқындау жөнінде бұйрық алған болуы да ықтимал еді.
Олар одан əрі тағы да ілгері жүрді. Екеуінің де жүректері тайдай
тулап, денелері түршігеді, ішкі жан дүниесін бұлан-талан етуші
ауызбен айтып жеткізгісіз қауіп-қатердің нышаны — мұздай суық тер
маңдайларынан бұршақтай домалағанын да сезіп келеді.
Қақпа алдына жақындап келген сəтте, қандай қиын-қыстау
қатермен бетпе-бет келгенде де ешбір түршігіп көрмеген Спартактың
жүрегінің тулағаны соншалық, ол тіпті жарылып кетер ме екен доп
шошыды. Күзетшілердің екеуі ағаш скамьялардың үстінде ұзыннан
түсіп ұйқтап жатыр; үшеуі асық ойнап, қалған екеуі қалаға келгенкеткен жүргіншілерді ажуалап, бірімен-бірі ауыздарына не келсе соны
көкіп отыр.
Тал шыбықтан тоқылған кішкентай дөңгелек корзинкаларға сыр
салып алып жатқан бір байғұс кемпірді легионерлердің бірі:
— Базарға тым ерте аттанған екенсің, сиқыршы қақбас!.. — деп
тəлкектейді.
— Құдайларың пана болсын, сендерге! — деді момақан қарт, өз
жөнімен кетіп бара жатып.
— Сиқына қараңдаршы өзінің,— деп даурықты екінші бір легионер
кекесінмен,— үш бірдей Парканың ішіндегі ең алжығаны жəне шайпау
Атропостан айна қатесі бар ма осының, айтыңдаршы!.. Беті отқа күйіп
бырысып қалған папирусқа ұқсамай ма?..
— Үстіне жиырма сестерция қосып берсе де, мен осының сонау
сырын аузыма алмас едім!
Осы сəтте жүректері тулап, өңдері қу шүберектей болған Спартак
пен Эномай, бойларын жасыра, қақпа табалдырығын аттай берген еді,
легионерлердің бірі:
— Парканың мына құрметті атқосшыларын қара!..— деді.
— Юпитер Статор куə, үсті-басы кір-кір, бұл өлімтік екі гладиаторды
Стикстің нақ өзінен шықты десе де болғандай екен!
Спартак пен Эномай лəм-мимсіз ілгері қарай келе жатты,
қақпалардың іштен шынжыр арқылы төмен түсіріп жіберетін темір
құрсау бар арқасынан өтіп, үйіндіге жəне қарауыл үйіне бастап
баратын баспалдақ бар өткелекті кесіп өтіп, қалаға кіретін қақпаға
апаратын екінші арқаның астына қарай кіре бергенде, шлем, лата киіп
қалқан асынған, найза, семсер жəне сүңгілермен мұздай қаруланған
отыз легионерлерін ертіп, қала жақтан центурион шыға келді. Ол
қолына лауазымының белгісі— сайғағын ұстап келеді. Қақпаның
арқасына кіре бере-ақ, соғыс кезінде команда берілетін дауыспен:
- Қаруларыңды алыңдар!—ден ақырды.
Күзет
легионерлері
өздерінде
бұрын
болып
көрмеген
шапшаңдықпен атып тұрып, қатарынан сап түзеп тұра қалды.
Центурионның берген белгісі бөгеу болып, бірнеше қадамдай кері
шегінген Спартак пен Эномай біріне-бірі: қарасып қойды.
Германдықтың оң қолы семсерінің сабына тиіп-ақ қалған еді, рудиарий
шап беріп ұстай алды.
— Күзетті осылай атқара ма екен, сұмпайылар! — деді центурион
қатуланып. Қақпа аузы жым-жырт бола қалды.— Осылай қарауылдай
ма екен оңбаған немелер-ау?
Осыны айтты да, центурион скамейкада ұйқтап қалған
легионерлердің бірін қолындағы сайғағымен көміп қалды, ол өзінің
жолдастарынан гөрі шабан қимылдағандықтан саптағы орнына тұрып
үлгіре алмай қалған еді.
— Ал сен,— деді ол бұдан ері, саптың сол жақ қанатында қатты
сасқалақтап тұрған күзет бастығына,—ал сен, Ливий, өз міндетіңді өте
жаман атқарып, тəртіпті бақыламайды екенсің; сені бұл күзеттің
бастығынан түсіремін, бұдан былай жаңа отрядтің командирі Луций
Мединиге бағынатын боласың, осы қақпадағы күзетті күшейту үшін
оны мен өзім əдейі ерте келдім. Гладиаторлар,— деді центурион бұған
қоса,— көтеріліс жасау қаупін төндіруде, Сенат шапқыншыларының
айтысына қарағанда, мұның өзі күшейіп, етек алып кетуі де мүмкін.
Сондықтан
қоршауды
түсіріп,
қақпаны
бекітіңдер,
соғыс
уақытындағыдай сақтықпен күзетшілер қою керек.
Күзеттің жаңа келген бастығы өзінің жиырма төрт адамын екі сапқа
бөліп жатқан шақта, центурион Спартак пен Эномайға қарап, қабағын
түксите қалып:
— Сендер гладиатор емессіңдер ме? — деп сұрады.
— Гладиатормыз,— деді Спартак байсалды дауыспен, іштегі қауіп
пен кекті əрең тежеп.
— Əлбетте, Лентул мектебінен боларсыңдар?
— Қателесіп тұрсыз жауынгер Попилий,— деді Спартак,— біз
префект Меций Либеонның қолында қызмет істейміз.
— Сен мені біледі екенсің ғой онда? — деп сұрады центурион,
Спартактан.
— Сені өзіміздің мырзаның үйінде сан рет көргенім бар.
— Шынында да,— деді Попилий гладиаторларға үңіле қарап. Бірақ
кешкі қаракөлеңкеде олардың еңгезердей бойын ғана көрді де, бетжүзін еркін ажырата алмады,— бəсе, менің байқауымша...
— Біз, Мецийдің жары аяулы матрона Лелия Домицияға қызмет
етуге тағайындалған германдықпыз, əруақыт оның носилкасын алып
жүреміз.
Спартак өзі Капуяда өткізген төрт жыл ішінде қаладағы
патрицийлар семьясына жататын бірнеше гладиаторларды езілгендер
Одағына тартқан болатын, сондықтан да префект Меций Либеонның
меншігі болып кеткен зор денелі екі бірдей германдық
гладиаторларды жақсы білетін.
— Дұрыс! — деді центурион.— Сенікі рас. Сені жаңа таныдым...
— Тіпті... сені,— деді Спартак қаннен-қаперсіз пішінмен,— түн
ортасы мезгілінде трибун Тит Сервилиаи үйінің кіреберіс алдынан
кездестіргенім де есімде, онда біз екеуміз Домицияны носилкаға
отырғызып алып, сонда əкеле жатқан болатынбыз. Біздің ханымның
осы сияқты түнгі жұмбақты жортуларының өзі мезгілсіз уақыттарда
жиі-жиі...
— Өшір үніңді, варварлық құдайларың үшін, оңбаған кимвр!—деді
Попилий, легионерлердің көз алдында префекттің əйелінің тиюсыз
кеткен мінезі туралы бұлайша сөз етіп жатуды жақтырмай.
Арада сəл уақыт өтісімен,— бұл мезгілде екі гладиатор да есін жиып
қалған еді,— центурион Спартактан:
— Осы беттеріңде қайдан келе жатырсыңдар? — деп сұрады.
Спартак а дегенде қысылыңқырап қалса да, соңынан байырғы
салмақты пішінмен:
— Мырзамыздың Кумадағы вилласынан келеміз, онда қымбат
бағалы бұйымдар тиеп апарған едік,— деді.
Центурион бір минуттай үнсіз тұрды да, соңынан гладиаторлардан:
— Лентул Батнат мектебінде болмақшы осы көтеріліс туралы
білетіндерің бар ма? — деп сұрады.
— Оны біз қайдан білмекпіз,— деді Спартак бейхабарсып, өзі
білмейтін нəрсені сөз етіп жатуды жақтырмағандай.— Лентулдың
шалдуар шəкірттері əлдеқандай бір сотқарлық істей қалатын болған
күнде де, олар бізге келіп ақылдаспақ емес қой; неге десеңіз олар біздің
тұрмысымьмды көре алмайды. Біздің аяулы мырзамыз өзімізге өзгe
жайлы.
Мұның өзі өтірік те болса, шынға бергісіз болып шықты да,
Спартактың бұл сөздерінің орындылығы сондай, бұған центурион
иланбай тұра алмады.
Алайда, ол мынаны айтуды қажет деп санады:
— Гладиаторлар көтеріліс жасайды дегенге мен нанбаймын, бірақ
менің міндетім — сақтықтың өз қолымнан келген барлық шараларын
қолдану. Сондықтан сендерге қолдарыңдағы семсерлеріңді тапсыруды
бұйырамын... Қалай дегенмен де, гладиаторлар, сендер, неден болса
тайынбайтын бұзық жансыңдар... Семсерлеріңді əкеліңдер, бер!..
Бұл бұйрықты есіткенде, аңғал жəне əпер-бақан Эномай Спартактың
еңбегін еш етіп, барлық істі бүлдіріп тынуға сəл ғана қалды.
Германдық семсерін суырып-ақ алған еді, Спартак оның жүзінен оң
қолымен ұстай алып, оған қоса екінші қолымен өз семсерін де
қынабынан шығарып, екі семсерді ишаратпен центурионға берді;
Эномайдың əлде қалай ашумен кимелеп кетуіне жол бермеу үшін ол
былай деуге асықты:
— Бізге шүбəленуің дұрыс емес, Попилий, бұл сияқты сенімсіздік
білдіруіңді біздің мырзамыз префекте мақұлдай қоймас; ұзын сөздің
қысқасы, алмағың біздің семсеріміз болса, мінеки, енді бізге
Мецийдікіне қайтып баруға рұқсат ет!
— Жексұрын гладиатор, сенің мырзаңа жауапты өзім беремін, ал
енді екеуің де осы арадан қараларыңды батырыңдар!
Ашуға булыққан Эномайдың оң қолын қатты қысып ұстап алған
Спартак центурионға басын иді де, германдықты ертіп қалаға кірді.
Адамдар сапырылысып жатқан Албан көшесі бойымен ілгері жүрген
сайын, бұларды қаншалық күш салғанымызбен гладиаторлар
мектебіне тым кеш барамыз, енді жоспар бұзылды деген ой меңдете
түсті.
Қақпадан садақ тартым шыға бере-ақ олар Лентул Батиат мектебіне
қарай жүгіре жөнелді.
Бұл мектеп қаланың еңбір шеткі кварталында, қала қорғанының дəл
іргесінде болатын.
Мектеп, сырт көрінісі бір-бірінен ажыратқысыз, толып жатқан
біркелкі үйлерге орналасқан. Бұл үйлерде атқарылатын жұмыстар
біртектес болғандықтан, олардың бəрі де өздерінің ішкі кең
аулаларымен
төртке
бөлінген,
жауын-шашынсыз
күндері
гладиаторлар онда жаттығулар жасайтын; ал жауын-шашынды
күндері арнаулы залдарда гимнастикамен жəне найзагерлік өнерімен
шұғылданады. Əрбір үйдің төрт бөлімінде де ұзын коридордың
бойында əр қайсысына бір кісі əрең сиятын толып жатқан кішкентай
бөлмелер бар, бұл үйшіктердің ішіндегі кепкен жапырақтар немесе
сабан төселген ложаларда гладиаторлар жатып ұйықтайды. Əрбір үй
бас сайын найзагерлік үйренетін залдардан басқа, гладиаторлардың
қару-жарақ қоймаларына арналған кішкентай зал бар. Темір құрсаумен
бекітілетін, батпан есікті бұл залдарда семсер, қалқан, пышақ жəне
шанышқы—қысқасы, гладиаторлар амфитеатрларға шығарда ланиста
оларды жабықтауға тиіс болатын əралуан қару-жарақтар сақталады.
Мектептің он сегіз немесе жиырма үйі бірі мен бірі соқпақпен,
жалғасады. Бір кезде мұның бəрі қаланың бір бөлегі болып
есептелетін, бірақ жазылып отырған оқиғадан жиырма сегіз жыл
бұрын, гладиаторлардың көтеріліс жасамақ болған əрекеттерінен соң,
Римнің бір салт аттысы Вецийдің немесе өзінің айтуынша, Минуцийдің
бастауымен мектептің бүкіл территориясы қорғанмен қоршалды —
Рим Сенатының бұйрығы осылай болатын. Қорғанның кей жерінің
биіктігі жиырма сегіз, ал кейбір жері — отыз фут келетін, сонда мектеп
үлкен қаланың ішіндегі қамал өкімінде болатын.
20 февраль күнгі кеште, əдетте болып көрмеген таңқаларлық бір
нəрсе — гладиаторлар түгел дерлік үйде болды: біреулері найзагерлік
үйренетін залдарда өздерінің ұстауына рұқсат етілген бірден-бір
зиянсыз қару-ағаш семсерлермен шабуыл жасау жəне сақтану
тəсілдеріне жаттығуда; кейбіреулері қора ішінде гимнастика ойнайды,
енді біреулері өздерінің күзетшісіне түсініксіз жұмбақ өлеңдер айтып,
үй арасындағы жолдардың бойында топталып серуендеп жүр; бағзы
біреулері коридорға жиналып алған немесе өздерінің үйшіктеріне
барып жатып қалған.
Бұл бақытсыз адамдар қаншалық ештеңемен ісі жоқ бейхабар
адамдар болып көрінуге тырысқанымен де, олардың жүріс-тұрысын,
реңін қадағалаған адам болса, бəрінің де əлде қандай бір төтенше жəне
елеулі оқиғаны күтіп тықыршу үстінде екенін аңлау қиын да емес еді.
— Гладиаторлар бүгін бой жазуға шықпайтын ба еді? — деп сұрады
бір күзетші.
— Кім білген, соларды? Тəрізіне қарағанда, бүгінгі кешті əдеттегідей
емес, мектеп ішінде өткізуге жиналып жүрсе керек.
— Онда бұл олардың жексұрын көзойнақтары үшін көңілсіз кеш
болайын деп тұр екен, бұларды осы маңдағы қабақтар мен
трактирларда текке тосады десейші, ол сұмырайлар.
- Корнелий Сулланың аруағына аян, мұның өзі шынында да,
түсініксіз нəрсе екен!
— Түсініксіздігі сол, бұл арада бөтен кісі жоқ осыныңнан мен
сезіктенейін деген сияқтымын.
— Əлде қандай бір көтеріліс шығып қалады деп қорқамысың?
— Не деуге болады... оның болатынына мен сенбеймін... Бірақ əлде
қандай бір жанжал... Кім біледі?.. Бір сыбыс бар... саған шынын
айтайын, қорқу былай тұрсын, тіпті мен соның өзін күтудемін.
— Тамұқтың фурийларына аян, менің де қолдарым қышып отыр!
Егер осыдан бір...
Нақ осы араға келгенде легионер тына қалды да, өзінің жолдасына
«үніңді өшір» деген ишарат білдірді. Өйткені ол ананың желке
тұсынан мектептің директоры жəне иесі Лентул Батиат келе
жатқанын көрді.
Лентул жақын келгенде легионердің екеуі де иіліп сəлем берді.
— Мектеп іші бос тұратын қазіргі сағатта,— деді Лентул,—
гладиаторлардың бəрі дерлік не себепті мектеп ішінде қалып
қойғанын білетінің бар ма, сендердің?
— Білмедім...— деп міңгірледі легионерлердің бірі.
— Өзіміз де сізден бетер аң-таңбыз,— деп жауап қайырды екіншісі.
— Сонда не болғаны, мұнда? — деп сұрады Лентул қабағын түксите
түсіп.— Əлде бірдеме жасалып жатпады ма екен?
Бұған жауап қайтпады, бірақ гладиаторлармен сауда жасаушыға
мұның жауабын префектің азат еткен адамы əкелді; оның қожасы
мектепке ғана емес, сонымен бірге қалаға жəне республикаға төнген
қатерді Лентулға ескертіп қою үшін жіберген екен. Лентулға префект
қару-жарақ қоймаларын ықтиятты күзетіп, мектептің барлық
қақпаларын тас-табандатып жауып тастауды тапсырған, енді жарты
сағаттан кейін екі когорта əскермен жəне қала милициясының үлкен
отрядымен трибун Тит Сервилианды жіберуді уағда еткен.
Бұл хабарды естіп айран-асыр болған Лентул Батиатта ес-түс
қалмады; ол тұяқ серппей, лəм-мим деп тілге де келмей, есінен танған
адамша сілейді де қалды; егер төңірегіндегі адамдар оған есін
жиғызып, төніп келген қатерге қарсы батыл шара қолдануды талап
етпеген болса, кім біледі, сол күйінде ол ұзақ уақыт қалып қояр ма еді,
əлде қайтер еді.
Есін жиып өзіне-өзі келген Лентул мектепті қамтып қызмет етуге
қойылған екі жүз елу легионерлер мен екі жүз елу құлға дереу
қарулануды бұйырды. Олар мұны гладиаторларға сездірмей істеуге
тиіс болды. Осыдан соң олар мектеп пен қаланың Фортуна
Кампанскаяның шеркеуі тұрған бөлегіне қатынайтын Фортуна
қақпасына қарай ұмтылды. Мұнда келген соң Лентул өзінің бұдан арғы
бұйрықтарын берді.
Есі шыға қорыққан Лентул осы сияқты сақтану шараларын
қолданып жатқан шақта, Тит Сервилиан да келіп жетті, бұл жасы
жиырма сегіздегі шымыр денелі, қауіп-қатерге рақымсыздықпен
қарайтын мінезі бар, бірақ өзіне-өзі тым сенімді жəне ұрда-жық жігіт
еді; ол префектің барлық қажеттерін өтеу үшін өз қарамағына берілген
екі когортаның бірін бастап мектепке келді.
— Уһ — деді Лентул көңілі орнына түскендей қатты күрсініп.—
Юпитер шылауына алып, Марс қолдай көрсін сені!.. Хош келдің!..
— Кəне, айтшы маған, бұл уақытқа дейін анда не істеліп, не қойды,
айта бер!.. Жанжалшылар қайда?
— Бұл уақытқа дейін селт еткен қимыл, жанжалдың ешбір белгісі де
бола қойған жоқ.
— Бұған дейін сен не істедің? Қандай бұйрықтар бердің?
Лентул өзінің қандай бұйрықтар бергенін трибунға қысқаша
хабарлап болды да, сен не айтасың, соны екі етпей орындауға əзірмін
деумен оған толық сеніп үміт ететінін білдіреді.
Тит Сервилиан не істеу керек екенін сəл ойланды да, бұған дейін
қару-жарақтар мен қақпаларды күзетуге Лентул жіберген
отярдтардың əрқайсысын күшейту үшін оларға өзінің жиырма
легионерін жіберді. Ол Фортуна қақпасынан басқа қақпалардың бəрін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 13
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.