Latin Common Turkic

Спартак - 13

Total number of words is 3934
Total number of unique words is 2051
34.9 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
де жауып тастауды бұйырды да, өзі екі жүз алпыс кісілік басты күшті
ұстап, сол қақпаның аузында тұрды.
Бұл бұйрықтар орындалып болғанша, гладиаторлар арасында күшті
өрекпулер басталды. Олар лек-легімен қора ішіне жиналып, өзара
дабырласып жүр.
— Қару-жарақ қоймаларын бекітіп жатыр!..
— Демек, бізді əлдекім сатқан екен!
— Бəрі де енді белгілі!
— Біткен жеріміз осы!..
— Тым құрмаса мұнда Спартак та болмады!..
— Ол да, Эномай да əлі келіп жеткен жоқ; оларды Римде креске
керіп өлтірген болды ғой!..
— Бесенеміздің ашылмай-ақ қойғаны-ау!
— Қақпаларды жауып жатыр!
— Бізде қару-жарақ та жоқ!..
— Қару керек! Қару!..
— Бізге қаруды кім бермек?
Бұл оп мыңдаған адамның қарғап-сілеп, күңіренген даусы аз
уақыттың ішінде-ақ күндей күркіреп, дауыл күнгі теңіздің гуіліндей
тебіреніп кетті. Тек легиондар мен когорталардың, Спартак белгілеген
бастықтарының жұмыла күш салуы арқасында ғана гладиаторлар
тыныштанып, əрқайсысы берілген бұйрықтар бойынша өздерінің
когорталарына қайтты.
Сөйтіп, түн қараңғысы жер бетін торлап алған шақта, əлгінде ғана
ығы-жығы, ашулы айқай-қиқу кеулеп кеткен бұл жиырма қораның іші
енді тиыштанып, жым-жырт бола қалды.
Қоралардың əрқайсысына гладиаторлардың когортасы жиналды;
олардың бəрі де үн-түнсіз, дағаты қалмай бұйрық күтуде; бұларды дəл
осы шақта, найзаласу залдарының бірінде маслихатқа бас қосып
жатқан бастықтар бастап алып шығуға тиіс болатын.
Соншалық қиыншылықтар мен қауіп-қатерді бастан кешіре отырып,
Лентул мектебіне келіп жеткен Спартак пен Эномай дəл жандарынан
түнгі факелдің сəулесімен жарқ-жұрқ еткен найзаларды, семсерлер мен
дулығаларды көріп тоқтай қалған, шақта, осы сияқты шаралар
жүргізіліп жатты.
— Бұл легионерлер екен!- деп сыбырлады Эномай Спартакқа.
— Солай,— деді ол бұл көріністі көргенде жүрегі жарылып кете
жаздап.
— Тым кешіккен екенбіз... Мектеп қоршауда қалған.,.: Енді не
істедім?
— Сабыр ет!
Спартак зəредей болса да алыстағы дауысты немесе сыбысты
ұстамақ болып құлағын түре, бірте-бірте алыстап барып, көзден таса
болған факелдің қозғалысын аңдып қадағалаумен тұрды.
Сол сəтте Спартак Эномайға:
— Үн-түнсіз осылай тұра тұр,— деді.
Асқан сақтықпен ол осыдан бұрын Рим легионерлері өткен жерге
қарай беттеді. Алты немесе жеті қадамдай барған соң фракиялық, тың
тыңдады, құлағына болар-болмас бір сыбыс тиген соң, оң қолымен
көзін қалқалай қалды. Көз жанарын барынша тіге тұрып, ол зорға
дегенде көшенің ұшығында қарауытып кетіп бара жатқан топты көрді.
Ептеп бұрынғы орнына қайтып келді де, ол Эномайды қолынан
жетелеп алып, сол көшеге келіп түсті. Осыдан соң солға бұрылып, бұл
жаңа соқпақпен он қадамдай жүріп келіп тоқтады да, жанындағы
жолдасына асыға-үсіге:
— Бұлар мектепті жаңа ғана қоршай бастаған екен, бірақ оны əлі де
толық аяқтаған жоқ; олар қазір отрядтарын əрбір мүйіске таратып
қойып жүр; біз бұл шым-шытырық өткелектерді жақсы білеміз жəне
олардың қорғанына он минуттай бұрын ілігеміз. Қорғанның ол тұсы
ескі болатын, жиырма сегіз футтан биік те емес, біз сол арадан
мектепке өтеміз,— деп сыбырлады.
Сөйтіп, адам таң қалғандай сабырлы жəне қайтпас жүректі, сирек
кездесетін бұл адам, қарысқан тағдырға қарсы жанкештілікпен
осылайша күреспек болды.
Шынында, бəрі де дəл соның айтқанындай болып шықты, Спартак
пен Эномай қараңғыда ығы-жығы соқпақтармен тез жылжып отырып,
қорғанның айтылмыш жеріне лезде-ақ келіп жетті.
Бұл араға келген соң Эномай, өзінің рабайсыз алып денесіне
сыйғылықсыз ептілікпен, қорған қабырғасының ойдым-ойдым
жерлерімен ербиіп-сербиіп тұрған тастарды сипалап таба отырып,
қорғанға өрмелеп шыға бастады. Айтқанша-ақ қорғанның қыр үстіне
шығып, одан арман қарай төмен сырғып түсіп бара жатты.
Германдық өз көзінен таса болысымен, Спартак та оң қолымен
қорғанның ербиіп тұрған бір тасының шетінен ұстап, бұл қолайсыз
сатымен жоғары өрмелей бастады. Сол қолының шығып кеткенін
ұмытып, қысылшаң уақытта оны да іске қосам дей бергенде, қатты
ауырсынып айқайлап жіберген күйі етпетінен құлап түсті.
— Не болды, Спартак?—деп сұрады, Эномай ақырын ғана. Бұл
уақытта ол қорғаннан секіріп мектептің қорасы ішіне түскен еді.
— Ешнəрсе емес...— деді рудиарий. Құп болып ісіп кеткен қол
мейлінше сырқырап, ауру жанына батқанына да, қарамай ол киіктейақ тағы да жоғары өрмелей бастады.— Ешнəрсе емес... Менің мына
шыққан қолым ғой...
— Тозақтың барлық жалындарына аян! — деді Эномай.. дауысын
тежеп.— Сенікі рас!.. Бұл біздің есімізге келсейші... Мені күте тұр,
қорғанның үстіне қайта шығып, саған көмектесейін.
Осыны айтып, ол шынында да қамдана бастаған еді, бірақ
Спартактың қайталаған мына сөздерін тағы да есітті:
— Ешнəрсе... Дəнеңе етпейді... Тырп етуші болма.., Мен саған қазір-ақ
барамын... ешқандай көмек керек емес...
Ауызды жиып алғанша, айтқандай-ақ, оның алып тұлғасы
қорғанның үстінен қарап етіп көрініп те қалды, Эномай Спартактың
қабырғадағы тастан-тасқа, қуыстан-қуысқа жылысып төмен түсіп келе
жатқанын, ақырында жерге қарғып түскенін көрді.
Эномай Спартактың халын білейін деп қасына жетіп келген еді,
оның өңін көргенде шошып кетіп, тоқтай қалды. Жүзі қу шүберектей
болып, көздері аларып кеткен адамнан да гөрі аруаққа ұқсады.
— Спартак!.. Спартак!..— деді германдық сыбырлай сөйлеп. Нақ сол
сəтте бұл адамның түксиген түріндегі байқалған егіле еміренушілікті
ешуақытта да оның басында бола қояды деуге сиғылықсыздай еді.—
Спартак!.. ешбір жан төзбестей күйге түсіп... қатты қиналдың-ау!
Спартак, сен талып кетерсің... Мұнда отыршы.
Осыны айтты да Эномай фракиялықты құшақтап алып, арқасын
қорғанға сүйей, ептеп бір тастың үстіне отырғызды.
Жан мен тəннің соңғы бес күн бойғы тартқан азабы шынында да
Спартакты əбден дендеткен еді. Өліктің өңіндей құп-қу болған жүзінен
шып-шып тер шыға тұра, маңдайы мұздай болып суып кеткен;
көгерген еріндері зордан қыбырлап, ол ауық-ауық баяу ыңыранып
қояды, Эномай арқасын қорғанға сүйеп отырғыза бере-ақ Спартак
басын бір жақ иығына қарай қисайтып қылжия кетті.
Ол жансыз қалған сияқты.
Ойламаған жерде ем-домшы болған қатыгез германдық не істерін
білмей, досының жүзіне қарай берді. Бір мезетте, ол Спартактың сол
қолын білегінен ұстап ептеп сəл көтерді де оның туникасының жеңін
түріп жалаңаштай бастады. Қолы күп болып ісіп кеткен екен. Эномай
оны дереу танып тастамақ болып, плащының етегін жырта бастады.
Абайсыз ұстағандықтан Спартактың қолы қатты ауырып кетті; ол
бебеу қағып барып, көзін баяу ашқан болды.
Есін əрең жиған ол жан-жағына қарады да, орнынан ұшып тұрып,
əзілмен:
— Бүйткен батырлыққа болайын! Олимп Юпитері куə, Спартак
дəрменсіз қатын кейпіне түсті! Біздің бауырларымызды өлтіріп
жатады, ісіміз біржолата құлағалы тұрады, ал мен талып жатамын!
Қоян жүрек қорқақ болғаным да!— деді.
Эномай оған айналаның тыныш екенін, оның талықсуы екі-ақ
минутқа созылғанын жəне қолының өте мүшкіл халде екенін айтып
əзер иландырды.
Германдық осылай дей отырып, Спартактың қолын мықтап таңумен
болды. Шарфтың ұзынырақ ұшын мойнынан шалып əкеп, қолды
кеуденің деңгейіне көлденең асты да:
— Енді аз да болса жаның байыз табады. Жалғыз оң қол аман тұрса,
Спартак сонымен де ешкімнен жеңілмейді,— деді.
— Тек қолға семсер түссін десейші!—деді фракиялық, таяудағы үйге
қарай бет қойып.
Ауыздағы зал бос екен; олар мұнан өтті де қораға барып енді.
Онда бір когорта болып жиналған бес жүз гладиатор үн-түнсіз тұр
еді. Олар ойда жоқта Спартак пен Эномайдың келе қалғанын көргенде
бірден шу ете қалды.
— Ақырын! — деді Спартак, қатты дауыспен.
— Ақырын! — деді Эномай, оны қайталап.
— Үндемей, саптарыңды сақтап тұра беріңдер, қазір бос айқайдың
уақыты емес,— деді рудиарий.
Тыныштық қайта басталысымен ол:
— Трибуналар, дентуриондар, бастықтар қайда? — деп сұрады.
— Көршілес Аврора үйінде бұдан былай не істейтіндіктерін
ақылдасып жатыр,— деді декандардың біреуі,— мектепті Рим
когорталары қоршап алып қойды, қару-жарақ қоймаларын
легионерлердің толып жатқан отрядтары күзетуде.
— Білемін,— деді Спартак, сөйтті де Эномайға қарап тағы былай
деді:—Жүр Аврора мектебіне баралық.
Бұдан соң гладиаторларға дауыстап ол:
— Көк пен тамұқтың құдай біткені үшін, мен сендерге тəртіппен
тыныштық сақтауды бұйырамын,— деді.
Ескі мектептен шығып (осы соңғы бірнеше минуттай бұлар аялдап
қалған үй осылай деп аталатын) олар Аврора деп аталатын үйге келді
де, оның найзаласу залына кірді, мұнда гладиаторлардың екі жүзге
жуық басшылары — трибундар, центуриондар жəне езілгендер
Одағының жоғарғы штабының мүшелері қазіргі қатерлі кезеңде
істелетін істердің жоспарын ақылдасып отыр екен.
— Спартак!—деп бірнеше дауыс бірден шу ете қалды, рудиарий
кіріп келгенде.
— Біз енді қырылдық! — деді жиылысты басқарушы гладиатор.
— Жоқ,— деді фракиялық,— тым болмағанда, қару-жарақ
қоймаларының бірін қолға түсіре алатын болсақ, əлі де қырыла
қоймаймыз.
— Ол үшін біз не істей аламыз?
— Бізде факелдер бар ма? — деп сұрады Спартак.
— Үш жүз елу немесе төрт жүздей факел бар.
— Ендеше, міне, біздің қаруымыз осы болады! — деді қуанған
Спартак, көздері оттай жайнап.— Осы мектепке жиналған он мың
гладиаторлардың ішіндегі ең сорпаға шығар батылы сендерсіңдер.
Өздеріңді қинап сайлағанда жолдастарыңның қателеспегенін сендер
бүгінгі кеште ерліктеріңмен, арыстандай қайрат жұмсаумен көрсетуге
тиіссіңдер. Қандай қиын іске болсын əзірсіңдер ме?
— Əзірміз!—деп батыл жауап берді, екі жүз гладиатор бірауыздан.
— Керек бола қалған жағдайда, мұздай қаруланған жауға қарсы
қарусыз алыса жүріп, қойдай бауыздалып қалуға дейін барсыңдар ма?
— Бəріне де əзірміз!—деді екі жүз гладиатор бір дауыспен.
— Олай болса, тұрмаңдар!.. Барлық факелдерді жинаңдар... қолдан
келсе, олардың санын екі — үш есе көбейтіп жағып аламыз да,
сонымен қаруланамыз. Жақындағы қойманың күзетіне лап қойып,
оларды айдап шығамыз да есікті өртейміз, біржолата жеңіп шығу үшін
өзімізге қару-жарақ қанша керек болса, оны сонша алып шығамыз.
Жоқ, Олимптің құдайлары куə, іске деген сенім, бойда қуат барда
үміттен күдер үзуге болмайды... Қайта, соның керісінше, жеңуге немесе
өлімге басты шын тігетін болсақ, онда жеңістің қамтамасыз етілгені.
Рудиарийдің жайнаған көздері оның нұрлы жүзіне ерекше шырай
беріп тұрғандай еді. Екі жүз гладиатордың жүрегінде сенім мен жігерлі
үміт оты бірден тұтана қалғандай болды. Көзді ашып жұмғанша, олар
əралуан — қарамай мен тоңмайға батырылған кендірден, қарамай мен
балауызға батырылып ширатылған жіптен жəне іші қуысталып
жанғыш зат толтырылған май ағаштың жаңқаларынан жағылған
факелдерді жинап жіберіп, оларға от берді де, семсердей жалақтатып,
барлық қатерді осы сияқты болымсыз қарумен қарсы алуға əзір болды.
Бұл сəтте центурион Попилий қала қақпасы алдындағы күзетті
күшейтіп, үш жүзден астам легионерлерді мектепке бастап келді де,
солармен бірге трибун Тит Сервилианның командасына қосылды. Сол
уақыттың ішінде префект Меций Либеонның тікелей бастауымен
Капуяның қалалық милициясының жеті жүзге жуық солдаты да
Фортуна қақпасына келіп жетті.
Префект — жасы елудің шамасындағы, ұзын бойлы, рабайсыз жуан
адам болатын, үлбіреген қызылшырайлы жүзінен оның бейбіт
тиыштықты тілейтін, тəтті-дəмді тағам мен шарапқа құныққан көп
жылдар бойы Капуя префектурасын басқарып, кім көрінгеннің қолына
түсе бермейтін бұл сияқты мəртебелі қызметтің игіліктерін əбден
көріп келе жатқан адам екенін бірден аңлауға болатын еді. Бейбітшілік
кезде оның қызметі де жеңіл болатын. Сондықтан қала үстіне төніп
келіп қалған найзағай бұлты оны қапылыста шырт ұйқыдан оятып
жібергендей болды. Сөйтіп байғұс чиновник сасқалақтап, торға түскен
торғайдай шырмалды да қалды.
Алайда жағдайдың ауырлығы, жазалану қорқынышы, керазу жəне
баққұмар əйелі — Домицияның əмірі, ақыр аяғында, ержүрек трибун
Сервилианның кеңесі бел алып кетті де, Меций тіпті не болып, не
қойып жатқанын, өзі берген бұйрықтардың немен тынарын жақсы
білмесе де, ондай-мұндай далбаса жасап, кейбір жарлықтар беруге
белбайлады. Бұл жарлықтардың нағыз бір болжалсыз нəтижесі —
жаушы-жалам жиналып, қаруланған қала милициясы солдаттарының
бізді ұрысқа префектің өзі бастап алып жүрсін, біз тек соған ғана
сенеміз деп бірден шу ете қалуы болды.
Алғашта ол, қорқыныштың əсерімен, милицияның талабын
орындаудан ат-тоңын ала қашып-ақ бақты, мен— семсер қолды емес,
тоганың адамымын, бəрін де алдын ала ойластырып, қам илеу жəне
жарлықтар беру үшін мен префектура үйінде болуым керек деп те
көрді; бірақ ол байғұс Капуя Сенаторларының зорлауына, милицияның
айқайы мен өз əйелінің жер-жебіріне жетуіне төтеп бере алмай көнді
де дулыға, сауыт кию, семсер байлануға мəжбүр болды. Сөйтіп, ол
жауға қарсы күресетін əскердің бастығы сияқты емес, бөріге байланған
лақтай болып, Капуя милициясын бастап гладиаторлардың мектебіне
қарай жол тартты.
Капуя солдаттары Фортуна қақпасының аузына жете бергенде,
қасына Попилий мен Лентул Батиатты ерткен трибун Сервилиан
префектің алдынан шығып, жуық маңдағы қимылдың жоспарын
талқылау үшін мəслихатқа бас қосу қажет екенін айтты.
— Солай... мəслихат, мəслихат... ақыл айтумен — іс біте қоя ма... онан
соң көре де білу керек... жұрттың бəрі біле ме... қолдарынан келе ме...—
деді не айтып, не қоярын білмей шатысқан Меций, өзін əбден
меңдеткен қорқынышты басқалардан жасыруға əрекеттенушілік оның
халін мүлде мүшкілге айналдырған еді.
— Неге десеңіз... сайып келгенде...— деді ол бұдан əрі, бір минуттан
соң, өзінің не ойлағанына басқалардың көзін жеткізбек болып.— Мен
республиканың барлық заңдарын білемін, басқа түсе қалса семсер
ұстап шығу да қолымнан келеді... жəне отан үшін керек бола қалса...
жанымды да қия саламын... бірақ тіпті кімге қарсы... қайда... қашан...
білмей жатып... бұлайша аяқ астынан... милицияға басшылық етуге...
неге десеңіз жалпы алғанда... егер мəселе белгілі жауға қарсы... ашық
майданда болса бір жөн... мен не керек екенін не істей алатынымды
білер едім... бірақ...
Оның шатты-пұтты сөзуарлығының аяғы сиыр құйымшақтап барып
құрыды. Алдымен құлағын, онан кейін мұрнын қаси тұрып, өз сөзін
аяқтау үшін тағы да ананы-мынаны қарастырып көріп еді, бірақ
аузына ештеме түспеді; сонымен грамматикалық ережеге қайшы бола
тұрса да, байғұс префект өз сөзін осы «бірақпен» аяқтап тынды.
Трибун Сервилиан жымиып күлді; ол префектің мінезін жақсы
білетін жəне оның неліктен қиналғанын да түсінді. Префекті құтқарып,
сонымен бірге өзінің белгілегендерін жүзеге асыру үшін трибун:
—Менің ойымша, бұл сүрең топтың заговорын жою үшін тек
мынадай бір ғана жоспарды қабылдау керек: қару-жарақтар қойылған
залдарды қоршап алып, бекем қорғап жəне гладиаторлар қаша алмас
үшін мектептің қақпасын тас бекітіп, алдына күзет қойып, барлық
көшелер мен қалаға кіреберіс ауыздарды бітеу керек. Мен осының
бəрінің де қамын алдын ала ойластырып қойдым,— деді.
— Бұл туралы қам ойлауың өте жақсы болған, ержүрек Сервилиан,—
деп маңғазданды префект, осындай сақтығы арқылы өзін жарлық беру
ол үшін жауапты болу мехнатынан құтқарған трибунаға өте риза
болып:
— Қазір,— деді Сервилиан сөзін аяқтай түсіп,— менде жүз елуге
жуық легионер қалды. Оларды қаланың ержүрек милиционерлеріне
қосамын да жанжалшылдарға қарсы батыл қимыл жасай аламын,
оларды торғайдай тозғындатып, үйшіктеріне қуып тығамын.
— Өте дұрыс, бұл табылған ақыл. Мен де нақ осыны ұсынбақ едім!
— деп қуанды Меций Либеон. Сервилиан соғыс қимылына басшылық
етуді өз міндетіне алады деген префектің үш ұйықтаса ойында жоқ
болатын.
— Сенің жөніңе келетін болсақ, ақылгөй Либеон, ұрысқа тікелей
қатнасуды қалайтынын да, əрине, күмəн жоқ...
— О... мұнда ұрыста алғыр жəне тəжрибелі... сен тұрғанда... маған не
жоқ... атай көрме... мені... ешуақытта да болмайды...
— Сенің тілегің осы болғандықтан,— деді трибун, префектің сөзін
бөліп,— қасына мына Капуя солдаттарының жүздігін алып, онда
қойылған легионерлермен бірге шығар ауызды қоршау үшін, осы
арадан екі шөке атымдай жердегі Геркулес мектебі қақпасының
аузында боласың...
— Алайда... өзің де білесің... мен тоганың адамы ғой... бірақ сонда да...
егер сен...
— Сені түсініп тұрмын: алда-жалда басқа түсе қалғандай болса... бұл
сүрең тобырға қарсы шайқасқа кірсем дейсің ғой, бірақ солай
болғанымен бұл қақпалардың аузын күзету де маңызды іс, сондықтан
мен бұл тапсырманы өз міндетіңе алуыңды сұраймын.
Осыны айтты да ол Либеонның құлағына:
— Сен онда
сыбырлады..
ешқандай
қауіп-қатерге
ұшырамайсың,—
Бұдан əрі ол даусын шығарып, тағы да:
— Ал егер, сен өзің басқаша басқарамын десең...— деді.
деп
— Жоқ... атай көрме...— деді Меций Либеон сəл уыттана түсіп.—
Алғыр, жас түлек сен бар, сал ойранды жанжалшыларға, мен жаныма
жүз жауынгерді ертіп айтылмыш күзетке кетейін, егер олар сол
ауыздан шықпақшы болса... маған тап бере қалса... көрерсің... өздері де
көpep... бəрібір, мен тоганың адамы болғаныммен... олардың соры
қайнайды... Жас кезімдегі жауынгерлік ерліктерім əлі есімде... бұл
сорлыларға ақырзаман орнайды.
Осылайша батырсынып, даурыққан префект Сервисланның қолын
қысты да, осынау он мың көтерілісшінің есуастық сандырағымен өзі
душар болған уайымды арқалаған күйі, қарамағына берілген
солдаттарды ертіп алып, өзіне сеніп тапсырылған күзетке бет қойды.
Бұл уақытта үміт пен өлермендік талқысында дел-дал болған
гладиаторлар факелмен қаруланған басшыларының бұйрығын күтіп
қора ішінде тұрды, олар Геркулес мектебіндегі қару-жарақ қоймасын
қалай да басып алуға əзір. Бұл қойманың аузын бүлікшілерден өлімге
бас тігіп қорғауға белбайлаған елу құл мен легионерлер күзетіп тұрды.
Бірақ Спартак пен Эномай жəне олардың жолдастары қару-жарақ
қоймасына бастап баратын коридорға лап қоюға əзір болған минутта,
түн тыныштығын бұза сарнаған керней даусы байғұс гладиаторлар
тұрған қораларға жетті.
— Сабыр! — деді Спартак, жолдастарын тежей, құлағын түріп.
Керней даусынан кейін іле-шала қоғам жаршысының айқайы да
естілді, ол Рим Сенаты атынан жанжалшылардың өз камераларына
қайтуын талап етті, егер мұны тыңдамайтын болса, республиканың
соғыс күшімен талқандалатынын ескертті.
Жаршының хабарлауын, төңіректегі бейнебір тау жаңғырғандай
болып, гладиаторлар тұрған барлық қоралардың кіреберісіндегі басқа
жаршылар қайталады.
Өңі-түсі бұзылып, түнеріп кеткен Спартак, қабырғасына кеңескен
адамдай, төмен қараған күйі сəл ойланып тұрып қалды. Сонан соң ол
жолдастарына қарап, олардың бəрі де естісін дегендей:
— Егер қару-жарақ тұрған көршілес қоймаға өту үшін жасалатын
шабуылымыз сəтті болып шыға қалса, ондағы семсерлер мектептің
басқа қару-жарақ қоймаларын басып алуымызға да кəміл жетеді, сонда
біз жеңіп те шығатын боламыз. Ал егер шабуыл сəтсіздікке ұшыраса,
онда бастаған ісімізді біржолата мерт етпес үшін бізге бір ғана лаж
қалады. Көтеріліс. жасаушы екі легионның аға центуриондары дереу
бұл арадан кетіп, біздің жолдастарға қайтып барулары керек. Сөйтіп,
ширек сағатқа дейін біздің азаттық гимннің дабылы естілмесе,
олардың бəріне де үн-түнсіз тарап, камераларына қайтып баруды
бұйыратын болсын; бұл біздің қару-жарақты қолға түсіре
алмағандығымыздың белгісі болады. Солай болған күнде біз Геркулес
мектебі қақпасынан шөке атым жердегі қақпаны құлатып өртейміз де,
Ганимед трактиріне жетіп алған соң, сонда қолымызға не түссе,
сонымен құралданамыз, алдағы кез келген тосқауылдың бəрін бұзып
өтіп, жүз, алпыс, отыз адам болсақ та — қысқасы, тірі қалғанымыз,
тегіс Везувий тауына барып лагерь ашып, сонда азаттық туын тігеміз.
Біздің барлық туысқандар мейлі қарулы немесе қарусыз болсын,
тобымен немесе жалғыз-жарымдап болсын, төте жолмен сонда келіп
жинала берсін; езілгендердің езушілерге қарсы соғысы сол арадан
басталады.
Алдыңғы екі центурионның дəл қазіргі уақытта зор қауіп төніп
тұрған бұл арадағы орындарын тастап кеткілері келмей қобалжып
тұрғанын көре сала, Спартак:
- Армодий, Клувиан, жоғары штабтың атынан, сендерге дереу кетуді
бұйырамын! — деді.
Екі бірдей жас түлек бастарын иді де, жүректері сыздап, өз
жөндеріне кете барды.
Сол мезетте Спартак жолдастарына қарап:
— Ал енді... ұмтылыңдар! — деді.
Қару-жарақ қоймасына кіреберістегі коридорға Эномай екеуі
басқалардан бұрын келіп кірген Спартак, есік күзетіндегі
легионерлерге аш бөрідей тигенде, олардың бастығы — бір көзі жоқ
жəне жалғыз қол ветеран:
— Алға!.. Ұмтылыңдар!.. Жексұрын гладиаторлар келіп қалды!..
Ұмт...— деп аттан салып қоя берді.
Бұдан əрі оның үні де шыққан жоқ, лапылдаған ұзын факелмен
қаруланған Спартак оны бар құлашын соза, дəл ауыздан көміп өтті.
Ащы даусы бір-ақ шыққан қарт ветеран сыбағасын алып қала берді.
Солдаттар, қолдарындағы бұрын-соңды ешкім көрмеген қаруларын
жанкештілікпен сілтеп өздерін тықсыра, қойма есіктерінің аузынан
түріп айдап келе жатқан Спартак пен Эномайды жайратуға тырысыпақ бақты.
Сонша болған жоқ, Тит Сервилиан бастаған легионерлер, Капуя
милиционерлерінің центуриондар бастаған екі отряды бірден үш
қораға лап қойып, құралсыз гладиатор тобына сүшгілерді зулата
бастады.
Бұл нағыз жантүршігерлік кезең еді. Жаңбырдай жауған сүңгі
астында қалған гладиаторлар айқай-қиқумен шыға беріс есіктерге
қарай шегіне, барлығы бір дауыспен:
— Қару!.. Қару!.. Қару!..— деп шуласты.
Бірақ сүңгілер тұс-тұстан жауа берді. Гладиаторлардың шегінуі көп
ұзамай-ақ үрейге айналып, олар тоз-тоз. болып қаша бастады.
Шыға беріс есіктерде, тар коридорларда бастығырылыс, сапырылыс
басталды да кетті; гладиаторлар камераларға тығылып, бірін-бірі
баса-көктей таптап, жаншып кетіп жатыр; балағат сөздер, ащы
дауыстар, жалынышты, жалбарынышты сөздер, жаралы болғандар
мен өліп бара жатқандардың ыңыранған үндері естіледі.
Алғашқы үш қорадағы гладиторлардың таяқ жеп, қаша бастауы
басқа қораларға жиналған когорталардың арасында да тікелей үрей
жəне онжорғалаушылық туғызды; гладиаторлардың қатары тез
селдіреп тозғындай бастады. Қолдарында қару болса, гладиаторлар
бірі қалғанша немесе толық жеңіп шыққанша аянбай шайқасқан болар
еді, ал қарусыз, тек таяқ жеуге душар болған бұл адамдар орындарына
ширек сағат та қала алмады жəне қалғысы да келмеді, тек бас
сауғалауды ғана ойлады.
Қастарында тағы да екі жолдасы бар Спартак пен Эномай
жолбарыстай жұлқысып келе жатты — коридордың тарлығы төрт
кісіден артыққа қатар тізе қосып шайқасуға мүмкіндік бермейтін еді —
олар аз уақыттың ішінде-ақ легионерлерді қойманың аузынан түріп
айдап шықты. Солайша батыл қимылдай отырып, олар легионерлерді
тықсырған күйі атриумға апарып тықты, ол араға барғанда
қолдарында факелдері бар жүзден аса гладиатордың басы қосылып
қалды. Олар легионерлердің кейбіреулерін жерге ұрып, қаруларын
сыпырып алып жəне өлтіріп те жүр, бет-аузы күйіп, көздері шыққан
легионердің басқалары тоз-тоз болып қашып жатыр; дəл осы сəтте
коридордың бойын алып қалған гладиаторлар, қару-жарақ қоймасына
өту үшін оның есігін өртемек болып, факелдерін оның есігіне
арпалысып үйіп жатты.
Спартактың сұрапыл шабуылына төтеп бере алмаған легионерлер
азан-қазан болып тозғындап қашумен болды, олардың кейбіреулері,
қашқан гладиаторларды шеп құра қуып жатқан Сервилианның,
Попилий мен Солопийдің когорталарына — оларға берілген бұйрық
осылай болатын— барып қосылды.
Сөйтіп, трибун мен центурион өздеріне төнген жаңа қатер туралы
хабар алды. Сондықтан Попилий Геркулес мектебіне қарай төпеді, ол
келе қару-жарақ қоймасының есігі жанып жатқан коридорға ұмтылды,
бірақ гладиаторлардың факеліне қарсы семсермен шайқасуға
болмайтынын көрген соң, дұшпанға қарсы топтап сүңгілер жіберуді
бұйырды. Бұл қарудың жұмсалуымен мұнда да гладиаторлардың ерлік
қимылы толық жеңіліс тапты.
Спартактың отряді кері шегіне берді, бірақ мұндағылар ең алғыр
жəне күшті гладиаторлар еді, өз қатарын шашыратпастан,
римляндарға факелдер лақтырып, жаралы болғандардың жəне өліп
жатқандардың денесіне қадалған сүңгілерді суырып ала отырып қаша
ұрыспен келе жатты.
Коридорды бойлай атриумға қарай жылыса, қолға түскен сүңгілерді
семсер өкімінде жұмсай отырып, олар коридордан шыға беріс есікке
таласып легионерлерге қарсы жанкештілікпен алысты.
Қасында Эномай мен жүз гладиаторы бар Спартак атриумнан
қораға шыға келе-ақ, гладиаторлардың тоз-тоз болып қашып
жатқанын көрді. Айқай-қиқуға, күңіренген дауыстарға қарап, қора
ішінде үміттенерлік ешнəрсенің қалмағанын, бас сауғалауға қалған бір
ғана жол— Везувий тауына барып паналау екенін аңғарды. Сондықтан
ол атриумға қайтып келді де, күндей күркіреген үнмен айқай салды,
оның бұл дауысы айқас кезіндегі жаналыс-жанберіс қиқуларды басакөктей айқын естілді.
— Қолдарында семсері барлар осы арада қалып, мына шыға беріс
ауызды легионерлерге қарсы табан аудармай неғұрлым ұзақ
қорғайтын болсын!
Легионерлерден түсіріп алған семсер жəне найзалармен қаруланған
бірнеше гладиатор шыға беріс ауызға иін тіресе қасқайып тұрып алды,
бұл ауызды алуға Попилий де жан сала кірісті.
— Менің соңымнан еріңдер! — деп дауыстады Спартак басқа
гладиаторларға белгі бере, факелді аспандата бұлғап.
Ол Эномай екеуі дереу мектепті айналдыра қоршаған қорғанның,
қашаннан бергі тарс бекітулі жатқан жаяу-қақпа бар тұсына қарай
тартты, гладиаторлардың жан сауғалауы үшін ендігі қалған бірден бір
жолдың өзі де— осы қақпа еді.
Бұл қақпаны өртеу үшін кемінде екі сағаттай уақыт керек. Жеңген
дұшпан барлық жолдармен ілгері баса отырып, гладиаторларға мұнша
уақытты пайдаландырмауы сөзсіз еді; оның бер жағында,
гладиаторларда есік бұзатын балға мен сүймен де жоқ. Не істеу керек?
Бұл есік қайтсе жылдам ашылады?
Жұрттың бəрі дағдарып, əркім мақсатқа жету шарасын іштей ойлап
тұрған шақта, қорғанның іргесінде жатқан үлкен бір мрамор тасты көзі
шалып қалған Эномай жолдастарына қарап:
— Ең қарулыларың бері шығыңдар!—деп дауыстады.
Айтқанша-ақ аршынды жəне күшті жеті-сегіз гладиатор топтан
шыға оның жанына жетіп-жетіп келді. Ол тəжрибелі көзбен
тұрғандарды бір шолып шықты да, дəл өзіндей алып, еңгезердей бір
самнитті таңдап алды. Еңкейіп тастың бір басынан ұстап тұрып, оған:
— Кəне, енді сенің күшіңді көрелік: ұста, ана басынан,— деді.
Эномайдың не істемек болған ойын бəрі де түсіне қалды. Германдық
пен самнит зілмауырдай тасты жерден лып еткізіп көтеріп алды да,
біраз ырғап-ырғап тұрып, онымен қойып кеп қалғанда тегеуірінді
соққы тиген есік сықыр-сықыр етті.
Екі гладиатор осылайша екі рет ұрды, үшінші рет ұрғанда есіктің
күл-талқаны шықты. Қолдарындағы факелдерін сөндіріп, лақтыралақтыра тастаған гладиаторлар лəм-мимсіз қорғанның сыртына
шықты да, Спартактың соңына еріп Ганимед трактиріне қарай бет
қойды.
Мұның өзі Лентул мектебіне жақын жəне гладиаторлар өте-мөте жиі
барып тұратын трактир еді. Оның иесі рудиарий, Спартакпен дос жəне
заговорға да қатынасы бар адам.
Маңдайшасында, жексұрын Ганимедтің өзінен де өткен жексұрын
Юпитердің керсеніне нектар құйып жатқан суреті салынған оспадар
жарнамасы бар бұл трактир, ойында дəнеңе жоқ, жуан қарын префект
Меций Либеонның басқаруындағы солдаттардың күзетте тұрған
тұсынан арқан бойындай ғана жерде болатын.
Спартак бастаған екі жүз гладиатор бірінің соңынан бірі тізбектеле,
лəм-мимсіз келе жатты. Сыбырмен берілген бұйрық бойынша
бұлардың бəрі де тоқтай қалысты.
Фракиялық пен германдық жəне тағы басқа бірнеше гладиаторлар
трактирге келіп кірді. Трактирдің иесі, рудиарий мектепте болып
жатқан айқай-қиқуды естіп, көрсе немен тынар екен деп мейлінше
қатты дегбіреу үстінде еді, бұлардың алдынан жүгіре шығып, мəнжайды сұрастыра бастады:
— Ал, немене?.. Қандай жаңалық бар? Шайқастың аяқ алысы қалай?..
Бірақ Спартак оның сұрауларын қатулана:
Вибиний, сен өзіңдегі бар қаруларды бізге бер,сондай-ақ жанкешті
адамдарға қару боларлық не болса, соның бəрін де жина,— деп оның
сөзін бөліп жіберді.
Осыны айтты да, Спартак пеш жанына жүгіріп барып үлкен бір
істікті алды, сол мезетте Эномай да қабырғада ілулі тұрған балтаға
жармасты. Сондағы істік, пышақ жəне шалғы біткенді құшақтап алып,
бұларды жолдастарына үлестіріп бермек болып тысқа шықты. Оның
мұнысын басқалар да істеді. Сонымен, олардың бəрі де қаруланып
алды.
Олар ешбір дыбыс шығармастан рим солдаттары күзетіп тұрған
көшеге қарай беттеді.
Гладиаторлар долы екпінмен лап қойып, жүндей сабап кеп
бергенде, күзет адамдарының аттандап дабыл көтеруіне ғана
мұршасы келді. Бұл шайқастың бас-аяғы бірнеше минутқа ғана
созылды, гладиаторлардың ашына қимылдаған тегеуріні Капуя
милициясы мен ат төбеліндей легионерлердің ə дегенше тас-талқанын
шығарды.
Милиция центурионы, жас жігіт Квинт Волузий солдаттарды
ұрысқа шақырып айқай салды:
— Алға ұмтылыңдар, капуяндықтар... Тифатин Юпитерінің аруағы
үшін, тартынбай қимылдаңдар! Меций, қайдасың... Ержүрек Меций,
солдаттарға дем бере көр.
Гладиаторлардың ə деген беттегі жойқын тегеуіріні кезінде-ақ үрейі
ұшып, шоқтай болған аз отрядтың ең соңында бұқпантайлап қалып
қойған Меций Либеон, өзін қызмет борышыңды өте деп қоярда қоймай
шақырып жатқанын естіген соң, не айтқанын өзі де білмей, құр
дақпыртпен айқайлай берді:
— Дұрыс айтады... əрине... капуяндықтар, тайынбай қимылдар!
Бағытты мен беріп бағайын... ұрсуын өздерің ұрсыңдар...
қорықпаңдар... дəнеңе етпейді... ұрыңдар... қыра беріңдер!..
Аузынан əрбір сөз шыққан сайын ол бір қадам кейін шегіне берді.
Спартак дəл өңменнен істікпен қойып өткенде өжет Квинт Волузий
ұшып түскен еді, лап қойып əрі қарай өте шыққан гладиаторлар, байғұс
префектің дəл жанымен жүгіріп өтіп жатты, бұл кезде ол жер тізерлеп
отыра кеткен күйі зар еңіреп, қалтыраған дауыспен айқайлап берді.
— Мен тоганың адамы... Мен сендерге ешқандай жаманшылық
істегем жоқ... рақым күтемін... о, батырлар!.. Сауға!..
Осы сəтте жақын келіп қалған Эномай, оны дəл жүректің басынан
келістіре бір теуіп өткен еді, ол жалбарыну сөздеріне бұдан əрі тілі
келмей, бүктетіліп түсті.
Гладиаторлар үш жүз қадамдай жерге жүгіріп барған шақта, Спартак
тоқтай қалып, Эномайға:
— Біздің жартымыз осында қалып, олар басқамыздың қала
қорғанынан өтіп алуымызға мүмкіндік беру үшін, қуғыншыны жарты
сағаттай уақытқа болса да бөгей тұратын болсын,— деді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 14
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.